Мемлекеттік қызмет жайлы



Кіріспе
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі, түрлері, қағидалары
2. Мемлекеттік қызметші түсінігі.
3. Бос қызметті алу тәртібі.
4. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау.
5. Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі.
6. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік жауаптылық қолдану.


Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады .
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында–ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс» .
1. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы. Алматы, 1997
2. “Қазақстан Республикасының Конситуциясы” Алматы “Жеті жарғы”, 2003ж
3. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы. /Егемен Қазақстан, 1999ж. 6 тамыз
4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері). - //Егемен Қазақстан, 2005 ж. 5мамыр.
1. Концепция разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. Одобрена постановлением Правительства РК от 10 февраля 2003 года №147 // Собрание актов Президента РК и Правительства РК, №7, 2003.
2. Қазақстан Республикасының Статитика Агенттігі Қазақстан 1991-2002. Бет 502.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі, түрлері, қағидалары
2. Мемлекеттік қызметші түсінігі.
3. Бос қызметті алу тәртібі.
4. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау.
5. Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі.
6. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік жауаптылық қолдану.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты
бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030
жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі
ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің
тиімді жүйесін құруды анықтады .
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында–ақ
мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның
заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып,
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол
ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген
нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты
еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық
жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие.
Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері
бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да
басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай
мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту
мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Елбасымыз Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік
саясаттың ең басты мақсаты деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап
көрсеткенiндей: Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның
мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып,
нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту
жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс .

Мемлекеттік қызметтің түсінігі, түрлері
Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы
арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдарды еңбек
ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі
тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да
бір өндірістік – шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік, әлеуметтік
– мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген
мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес,
сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да, сондай-ақ мемлекеттік
мекемелердегі де жұмыс түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған
лауазымды орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына
жататын болды.
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік
қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы
төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде
мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар
мағынада түсіну де болды. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып
қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес
функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында,
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін
адамдардың қызметі танылатын. Мемлекеттік басқару аясына орай
мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік-басқару
қызметін атқаратын қызметкердердің, яғни атқарушы-өкім етушілік сипаты
бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда
тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналды.
Әкімшілік-басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік
қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал
мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни
жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының
реттейтін объектісі болды.
1995ж дейін жағдай осындай болды. 1995ж 26-желтоқсанда ҚР-сы
Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы заң күші бар жарлығы шықты
– бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші
нормативтік-құқықтық акт еді. Ол қазіргі кезде қолданыстағы 1999ж 23-
шілдеде қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы заңмен және оған
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі
дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші – мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері
мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін
атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызмет қазіргі кезде шенеуніктердің қызметіне
тіреледі.
Мемлекеттік қызмет ұғымының келесі бір шектеуі мемлекеттік
қызметші болып танылу үшін тиісті мемлекеттік органда құрылған
мемлекеттік лауазымға орналасу керектігімен байланысты. Бұл жағдайда
шектеу мынадан көрініс табады, қандай да болмасын бір мемлекеттік
органның аппаратында адамның орналасқан кез келген лауазымы
мемлекеттік болып табыла бермейді. Мемлекеттік лауазымдардың реестері
(тізімі) бар. Ал, бұл мемлекеттік органның кез келген қызметкері
мемлекеттік қызметші болып таныла бермейтінін дәлелдейді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген:
- мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ
мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі
жеткіліксіз. Өйткені, мысалы: инженердің, дәрігердің, оқытушының
қызметі де кәсіби болып табылады.
- Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға
орналасу керек. Бірақ бұл белгі жеткіліксіз, өйткені, біріншіден,
мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші
болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мән бар
лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар
өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. Сондықтан, мемлекеттік
қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет.
- Мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың
ерекше санатына орналасудан табады – заңда оларды мемлекеттік
органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшілігі
мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орныдауды қамтамасыз ету
болып табылады.
- Мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген
қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен
көрініс табады.
- Мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан
адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды.
- Мемлекеттік қызмет қызметшінің мемлекеттік лауазымына орналасқан
адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды.

Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге
көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәміпорындар
мен мекемелерде мемлекет құратын лаузымдарға орналасқан және
шындығында мемлекеттік қызметте болатын адамдардың жұмысына
қолданылмайды.
Мемлекеттік қызметтің ұғымы мемлекеттік лауазым ұғымына өте
тығыз байланысты. Мемлекеттік лауазым заңмен мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен
лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі ретінде
айқындалған.
Лауазым деп қызмет орны түсініледі, ол оған орналасқан
адамның құқықтық мәртебесін айқындайды. Бұл оның лауазымдық
міндеттерінің көлемі, оның лауазымдық құқытары, оның өзіне берілген
құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орныдау үшін жауаптылығының
шегі, сондай-ақ осы адамға қойылатын мамандық және біліктілік
талаптары. Шын мәнінде, лауазым мұндай үғымында тиісті мемлекеттік
органның, сондай-ақ Конституцияға және басқа заң актілеріне сәйкес
құрылатын өзге мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыру
жөніндегі тиісті адамның орныдайтын жұмысының мазмұнын айқындауға
қызмет етеді.

Мемлекеттік қызметші түсінігі
Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік қызметші
болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен
республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-ның Ұлттық Банкінің
қыржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің
міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық
өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына
қарай екі топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік саяси қызметшілерге;
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге;
Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы
және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар
мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси
қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органдарда тұрақты кәсіби
негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік қызметшілердің құрамы бірыңғай емес, олардың
мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі
атқаратын қызметтері әр-түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес
жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан, оларды әр-түрлі белгілеріне қарап
топтарға бөлуге болады.
А. Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған
мемлекеттік өкімет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық
және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлуге болады.
Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті
республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет
Кеңесінің, Парламент Палаталарының аппараттарының т.с.с өкілеттіктеріне
негізделген.
Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-
аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына
жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметшілер болады.
Б. Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты
белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырылған
(әскери ұйымдардың әдісін орнату) мемлекеттік қызметшілер бөлінеді.
В. Билікті бөлу принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және
сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылынады
Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі оны
құрайтын мына элементтерден қамтылады: құқықтарын, негізгі міндеттерін,
шектеулерді, кепілдіктерді, көтермелеуді, еңбек ақы төлеуді, зейнетақымен
қамсыздандыру, жауапкершілікті.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, біріншіден, оларға ҚР-ның
азаматы ретінде Конституциямен және заңдармен берілген; екіншіден,
олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу
фактісімен туындайтын; үшіншіден, мемлекеттік-қызметтік жұмыстың
жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалатын құқықтық
мүмкіндіктердің кешені болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 8-б қызметшілердің едәір
көлемде қызметтік құқықтарын бекіткен. Олардың ішінде ең маңызды
мыналар:
- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша
шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды
адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті
ақпарат пен материалдар алуға;
- лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен
ұйымдарда, олардың меншік нысанына қарамастан, болуға;
- басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес
міндеттерін және қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәлдеп
белгілеуді талап етуге;
- біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал
орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарлауға;
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері 9-б:
- Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету,
заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін
қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
- Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен
лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен
нұсқауларын орындау;
- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
сақтау.

Бос қызметті алу тәртібі
Мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 2005ж 8-шілдедегі заңмен мемлекеттік әкімшілік
қызметке конкурссы орналасуға болатын адамдардың тізбесі бекітілген.
Оларға өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын
қоспағанда, және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін
Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат
депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар жатады. Олардың
орналасу тәртібін Президент айқындайды.
Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі
органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі,
салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді
табыс етуге міндетті.
Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы олар
міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы зыңның талабына сәйкес ҚР-сы
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999ж 24-
қарашадағы бұйрығымен және кейіннен енгізілген өзгерістермен қоса
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің
шарттары мен тәртібін айқындайтын қағидасы бекітілген.
Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Президент
шешімі бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган
конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде
хабарландыру жариялағанан кейін өткізіледі.
Конкурс жариялаған мемлекеттік орган үміткерлерді бос
лауазымдарға орналастыруды жүзеге асыратын конкурс коммисиясын
құрады. Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос
лауазымына орналасуға немесе мұндай лауазымға кіруге бас тартуға
негіз болып табылады.
Конкурс жасы 18-ден төмен емес, қажетті білімі, кәсіби даярлық
деңгейі бар және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ҚР-ның
барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлық қылмыстарын саралау
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Пара алудың обьективті және субъктивті мазмұнын анықтау
Салық жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін салықтық бақылау қызметін ұйымдастыру арқылы реттеу
Өлкетану
Кәсіпорынның қызметі
Парламеттік реформа
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Нарықтағы консалтингтік компаниялардың даму деңгейі
Пәндер