«Жамбыл» ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және көлемін қайта орналастыруын анықтау



Аннотация 8
Нормативтік актілер мен сілтемелер 9
Анықтамалар 10
Белгілер мен қысқартылған мәндер 11
Төлқұжат 12
Кіріспе 13
1 Аналитикалық бөлім 14
2 Негізгі бөлім 23
2.1 Шаруашылық туралы жалпы мәлімет 23
2.2 Табиғат жағдайы 23
2.2.1 Климаты 23
2.2.2 Жер бедері 24
2.2.3 Топырақ жамылғысы 25
2.2.4 Өсімдік жамылғысы 26
2.2.5 Гидрология және гидрография 26
2.3 «Жамбыл» ЖШС.нің жер пайдалану сипаттамасы 27
2.4 «Жамбыл» ЖШС.нің ауыл шаруашылығы өндірісінің сипаттамасы 28
2.5 Алқаптар мен ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру 30
2.6 Ауыспалы егістікті алқаптарға орналастыру 33
2.6.1 Суармалы аудандарда жерге орналастырудың ерекшеліктері 33
2.6.2 Суару аудандарда ауыспалы егістікті жерге орналастыру ерекшеліктері 34
2.7 Топырақты бонитеттеу 42
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 48
4 Қоршаған ортаны қорғау 60
5 Экономика 67
6 Бизнес жоспар 72
Қорытынды 82
Қолданылған әдебиеттер 83
Резюме 84
Қазіргі жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғарғы әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастыруды ҚР жер кодексіне сай алып бару болып табылады.
Осы мақсатта жасалатын дипломдық жобаның тақырыбы «Жамбыл» ЖШС ішкі шаруашылық жерге орналастыруы және алқаптардың пішімдерін реттестіру болып табылады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың негізгі бір түрі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісіне тұрақты пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге жалға алу шартына бекітілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер және басқа да шаруашылық құрылымдарына берілген жерлерде ауыл шаруашылығы өндірісін аумақтық ұйымдастыру жатады. [1]
Дипломдық жобаның мақсаты – «Жамбыл» ЖШС жерінде ауыспалы егістікті орналастыру және алқаптарының пішінін реттеу мен шығын жұмсай отырып, жоғары сапалы мол өнім алу, оны уақытысында тұтынушыларға жеткізу, қазіргі және келешек ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақтап, қайтадан өндіру жағдайында адамдардың өмірін жақсартудың маңызды әлеуметтік мәселелерін шешу.
Аталған дипломдық жобаның негізгі міндеті - ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жерлердің әрбір учаскесінің толық, ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ете алатын аумақтық ұйымдастыру формаларын құру, ресурстар мен уақытты үнемдеу мақсатында машина - трактор паркін, өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. [3]
Жобаны жасау барысында «Жамбыл» ЖШС шаруашылығының соңғы жасалған ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы, «Жамбыл» ЖШС соңғы екі жылдық өндірістік кооперативтің жылдық есебі және 1:10000 масштабтағы жер пайдалану планы, 1:50000 масштабтағы топырақ картасы және ауыл шаруашылығы департаментінен алынған ауыл шаруашылық дақылдары туралы мәліметтер қолданылады.
1. Сейфуллин Ж.Т. (жалпы редакциясын басқарған). Жер кадастры. – Алматы: ҚазҰАУ, 2001. – 234 б.
2. Шаруа (фермер) қожалығы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Юрист, 2003. – 12 б.
3. Казақстан Республикасының жер кодексі. – Алматы: Юрист, 2004 – 107 б.
4. Гендельман М.А., Қырықбаев Ж.Қ. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері. – Астана: Фашант, 2004. – 154 б.
5. Спектор М.Д., Байбугина М.К., Хамзин Р.Г. Землеустройство. Крестьянское хозяйство. – Астана, 2004. – 71 б.
6. Закон Республики Казахстан «О защите и поддержке частного предпринимательства» от 4 июля 1992 г.
7. Закон Республики Казахстан «О индивидуальном предпринимательстве» от 19 июня 1997 г.
8. Закон Республики Казахстан «О крестьянском (фермерном) хозяйстве» от 31 марта 1998 г.
9. Клейн Н.И. Предпринимательское право. Курс лекции. – М: Юридическая литература, 1993.
10. Кусаинова Л.А. Право землепользования крестьянских (фермерских) хозяйств в Республике Казахстан (историко-правовой анализ). – Акмола, 1998.
11. Мушатова К.А., Рахметов Е.Ш. Крестьянское хозяйство – форма частного предпринимательства. Методические рекомендации для студентов сельскохозяйственных вузов. – Алматы, 1995.
12. Жаданов Н., Құдайбергенов Н. Еңбек қорғау: Оқу құралы. 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2010. – 200 бет.
13.А.К. Аипов А,К. Тіршілік қауіпсіздігі: Оку құралы. - Астана. - ҚазЭҚХСУ: БПО,2009. - 290 бет.
14.Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы. 1997 ж. 15 шілде
15.Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 1997 ж. 7 мамыр.
16. www.klimatipogoda.kz
17. www.wikipediya.org
18. Бейсенова Ә., Есполов Т., Самақова А., Шілдебаев Ж. Экология негіздері және табиғатты тиімді пайдалану.-Алматы: Ғылым, 1997.
19. Әлімбетов Қ., Оспанова Р. Табиғатты пайдалану және оны қорғау.-Алматы: Ғылым, 2008.
20. Бизнес-жоспарды жасау бойынша әдістемелік нұсқаулық (экономикалық мамандықтар үшін) аға оқытушы, магистр Алдабекова Қ. Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013.-40 бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация 8
Нормативтік актілер мен сілтемелер 9
Анықтамалар 10
Белгілер мен қысқартылған мәндер 11
Төлқұжат 12
Кіріспе 13
Аналитикалық бөлім 14
1
Негізгі бөлім 23
2
Шаруашылық туралы жалпы мәлімет 23
2.1
Табиғат жағдайы 23
2.2
2.2.1Климаты 23
2.2.2Жер бедері 24
2.2.3Топырақ жамылғысы 25
2.2.4Өсімдік жамылғысы 26
2.2.5Гидрология және гидрография 26
Жамбыл ЖШС-нің жер пайдалану сипаттамасы 27
2.3
Жамбыл ЖШС-нің ауыл шаруашылығы өндірісінің сипаттамасы 28
2.4
Алқаптар мен ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру 30
2.5
Ауыспалы егістікті алқаптарға орналастыру 33
2.6
2.6.1Суармалы аудандарда жерге орналастырудың ерекшеліктері 33
2.6.2Суару аудандарда ауыспалы егістікті жерге орналастыру 34
ерекшеліктері
Топырақты бонитеттеу 42
2.7
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 48
3
Қоршаған ортаны қорғау 60
4
Экономика 67
5
Бизнес жоспар 72
6
Қорытынды 82
Қолданылған әдебиеттер 83
Резюме 84

Аннотация

Дипломдық жұмыста Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Дербесек
ауыл округінің Жамбыл ЖШС жерінде егістік алқаптарын орналастыру
қарастырылған. Шаруашылық территориясының жер көлемі 115 га.
Жобаның мақсаты Жамбыл ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және
көлемін қайта орналастыруын анықтау.
Нәтижеде алқаптары пішіні өзгеруімен жылына 76799 теңге таза пайда алуға
мүмкіндік береді. Құрылымдарды пайдалану, еңбекті қорғау, тіршілік
қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, экономика және бизнесті жоспарлау
мәселелері қарастырылған.
Жалпы диплом жұмысы көлемі 84 бет, 26 кестеден, 4 картадан тұрады.

Нормативтік актілер мен сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері. 2010 жыл 1 ақпан
2. Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15
желтоқсандағы Заңы;
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы;
4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы;
5. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы;
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы
Қазақстан – 2030 Жолдауында айтылған Қазақстанның 2030-шы жылғы дейінгі
Даму стратегиясы;
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы
N 735 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспары;
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1161
Қаулысымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы;
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1203
Қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра"
бағдарламасы;
10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 200
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына
патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы;
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы

Анықтамалар

Жер кадастры – жер учаскесі туралы ақпарат және тіркеу жүйесі.
Бағалау – меншіктің нарық құнын анықтау.
Жерді пайдалану кадастры – пайдаланатын жер учаскесін тіркеу.
Жер –жер беті үстіндегі ауа, материалдар және топырақпен байланысты
барлық обьектілер.
Жер учаскесі – меншіктің гомогендік құқығы тарайтын және бірыңғай меншік
болып келетін жер учаскесі.
Жер реформасы – жерді пайдалану, иелену сапасындағы өзгерістермен
байланысты әр түрлі процестер.
Жер кадастры – құқық титулын табыстау туралы құжаттарды тіркеу үшін
пайдаланатын публикалық кадастр.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану – жерді экологиялық және экономикалық
тұрғыда ресурс ретінде пайдалану мен байланысты әрекет.
Жерді иелену – жерді құқықты жүзеге асыру формасы.
Геодезиялық тор – жер бетіндегі орындарды дәл анықталған пунктердің
кеңестік жүйесі.
Геоақпараттық жүйе – кеңестік сипаттамаларын пайдаланып, жер туралы
мәліметтерді жинау, сақтау, тексеру, қорыту және беру жүйесі.
Сервитут – басқаның (сервитутпен ауыртпалықтанған мүлік құқықтығынан
басымдылығы бар жер иеленушінің басым учаске) құқығы, біреудің мүлігін
пайдалану шектеулі құқығы.
Демаркация – әр жер учаскесінің шекарасын жерде белгілеу.
Жерді табыстау – жерге меншік құқығын беру.
Жер құны – әр түрлі әдістермен анықталатын меншік құны.
Жер учаскелерін тіркеу – құқықтық титулды табыстау бойынша құжатты
тіркеу формасында немесе жерге меншіктік құқықты тіркеу жолымен жерге
құқықтарды тіркеу процесі.
Иелену – жерге меншік құқығын жүзеге асыр әдісі.
Шекаралау (описание) – бөлуші сызықтар (межа) бағыттары және
ұзындықтарын, жанама учаскелер аттарының көмегімен жер учаскесін бейнелеу.
Жалға беру құны – жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беру төлемінің
сомасы негізінде анықталатын бағасы.
Жерді бөліп беру – жеке меншікке, иеленуге немесе уақытша пайдалануға
берілген жер учаскесінің межелерін жер бетінде көрсету жөніндегі жерге
орналастыру іс-қимылдары.
Жерге орналастыру жобасы – жерге орналастырулық жобалық шешімдер,
олардың графикалық бейнеленуі, негізделуі және сипаттамасы қамтылған
экономикалық, техникалық және жоспарлау құжатының жиынтығы.
Сот тәртібінде мойындау – жерге және меншікке құқық ресіми түрде
берілетін процесс.
Белгілер және қысқартулар

Осы дипломдық жұмыста пайдаланылған белгілер мен қысқартулар:
ШҚ – шаруа қожалығы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚ – Акционерлік қоғамдар
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
ӨК – өндірістік кооператив
ҚР – Қазақстан Республикасы
ШАЖО –шаруашылық аралық жерге орналастыру
ІШЖО – ішкішаруашылық жерге орналастыру
ШФҚ –шаруашылық фермерлік қожалығы
а.ш – ауыл шаруашылық
ж.т – жерді түгендеу
га – гектар
ц – центнер
км – километр
м – метр
см – сантиметр
мм – милиметр
мс – метрсекунд
т.б. – тағы да басқа
т.с.с. – тағыда сол сияқты

Төлқұжат

Рс Көрсеткіштің атаулары Өлшем бірлігі Көрсеткіштері

1 2 3 4
1 Нысанның орналасқан жері ОҚО Сарыағаш
ауданы
2 Мақсаты Алқаптардың
пішінін реттеу
3 Жалпы жер көлемі га 115
4 Игерілетін жер көлемі га 112,5
4.1 Игерілмейтін жер көлемі га -
4.2 Шабындық га 2,5
5 Аймақтың топырағы
5.1 Оңтүстік-Шығыс сұр топырақ
5.2 Солтүстік Батыс қарапайым сұр
6 Гидрографиялық жүйесі Келес өзені
6.1 Каналдың ағу жылдамдығы мс 3-5
6.2 Каналдың ені м 10 - 15
6.3. Каналдың тереңдігі м 5 - 8
7 Қадастрлық бағалау құны теңге 7668900 тенге
8 Бағалау уақыты ай 5 ай (3 жылда 2
рет)

Кіріспе

Қазіргі жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғарғы әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету
мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде
әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына қолайлы жағдайлар жасауға,
жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды
пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер
қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын
ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы
өндірісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен
байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастыруды ҚР жер
кодексіне сай алып бару болып табылады.
Осы мақсатта жасалатын дипломдық жобаның тақырыбы Жамбыл ЖШС ішкі
шаруашылық жерге орналастыруы және алқаптардың пішімдерін реттестіру болып
табылады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың негізгі бір
түрі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісіне тұрақты
пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге жалға алу шартына бекітілген ауыл
шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер
және басқа да шаруашылық құрылымдарына берілген жерлерде ауыл шаруашылығы
өндірісін аумақтық ұйымдастыру жатады. [1]
Дипломдық жобаның мақсаты – Жамбыл ЖШС жерінде ауыспалы егістікті
орналастыру және алқаптарының пішінін реттеу мен шығын жұмсай отырып,
жоғары сапалы мол өнім алу, оны уақытысында тұтынушыларға жеткізу, қазіргі
және келешек ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақтап, қайтадан өндіру
жағдайында адамдардың өмірін жақсартудың маңызды әлеуметтік мәселелерін
шешу.
Аталған дипломдық жобаның негізгі міндеті - ауыл шаруашылығы
өндірісіндегі жерлердің әрбір учаскесінің толық, ұтымды пайдаланылуын
қамтамасыз ете алатын аумақтық ұйымдастыру формаларын құру, ресурстар мен
уақытты үнемдеу мақсатында машина - трактор паркін, өнімді пайдалану және
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып
табылады. [3]
Жобаны жасау барысында Жамбыл ЖШС шаруашылығының соңғы жасалған ішкі
шаруашылық жерге орналастыру жобасы, Жамбыл ЖШС соңғы екі жылдық
өндірістік кооперативтің жылдық есебі және 1:10000 масштабтағы жер
пайдалану планы, 1:50000 масштабтағы топырақ картасы және ауыл шаруашылығы
департаментінен алынған ауыл шаруашылық дақылдары туралы мәліметтер
қолданылады.

1 Аналитикалық бөлім

Еліміздің мәдениеті, экономикасы мен ғылымының дамуы барлық халық
шаруашылығында, оның ішінде бірінші кезекте агроөнеркәсіп кешені саласында
ғылыми техникалық прогресстің жүзеге асырылуы маңызды өндіріс құрал жабдығы
және табиғи ресурс болып саналатын жерді тиімді пайдаланумен тығыз
байланысты.
Барлық жер ресурстарын, әсіресе ауылшаруашылығы мақсатында ұтымды
пайдалану және жер қатынастарын реттеу - күрделі мәселе. Оны шешу тек жерді
халық шаруашылығы салаларына көптеп тарту, яғни өнімділігі жоғары
алқаптарды ұқыпты пайдаланып, мәдени егіншілікті арттырумен қатар топырақ
эрозиясымен қарқынды күресу және жердің ластануына әкеліп соқтыратын барлық
кері әсерлермен күрес жүргізу жолдарымен жүргізіледі.
Жердің халық шаруашылығы салалары арасында және ауылшаруашылығында,
жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылар арасында бөлістірілуі, жер
массивтерінің өнеркәсіп, энергетика, тұрғын үй құрылысы, жаңа қалалар салу
мен бұрыннан бар қалаларды жаңартуға және тағы басқа қажеттілігі - мұның
барлығы қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жер заңдылықтарының негізінде жер
қатынастарын реттеу мен жетілдірудің қажеттілігін туындатады.
Сонымен, еліміздің барлық жер қорын басқаруда, жер қатынастарын
реттеуде, жердің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуде, жерді жалға
беруде жер заңдары мен актілерінің дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуде
жерге орналастыру маңызды қызмет атқарады.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен
қорғауды ұйымдастыруға бағытталған және Қазақстан Республикасының жер
заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып
табылады. Ол меншік нысанына, тиесілігіне және оларда шаруашылық жүргізу
нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі, сондай-ақ
ландшафттық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді
аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схема, жобаларын
және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын
әзірлеуді;
- қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі
шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде
жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік
құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;
- белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді,
олардың жер - шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
- белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары басқа
да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
- жерге орналастыру, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру
жобаларын, сондай - ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да
жобалар әзірлеуді;
- жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды
пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді
анықтауды;
- топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу,
геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
- жер ресурстарының жай - күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары
мен атластарын жасауды қамтамасыз етеді. [1]
Жерге орналастыру мазмұнының күрделілігіне қарай әртүрге бөлінеді. Олар
объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың
әлеуметтік және өндірістік типтеріне, жерге шаруашылық етудің әртүрлі
формаларына байланысты шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік
жерге орналастыру түрлеріне бөлінеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру бұл әртүрлі шаруашылық құрылымдардың
жер пайдалануларын құру немесе қайта ұйымдастыру арқылы облыстар ішінде
және халық шаруашылығы салаларының арасында оларды бөлістіру жолымен,
сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекараларын, арнайы жер қоры мен
ерекше режимдегі аумақтардың шекараларын анықтай отырып, жерді қорғау мен
ұтымды пайдалануын ұйымдастыруды жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, техникалық және экологиялық шаралар жүйесі болып табылады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру аумақтың әлеуметтік-экономикалық
және табиғи шарттары мен жерге шаруашылық етудің меншік түрлеріне қарай
өндірісті ұйымдастырумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Барлық шаруашылық аралық жерге орналастыру жүйелері техникалық және
заңды сипаттағы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, сондықтан оның
экономикалық және экологиялық жақтары көбінесе нақты көрсетіле бермейді.
Бірақ шаруашылық аралық жерге орналастыру нәтижесінде анықталып, жер
бетінде техникалық, геодезиялық әрекеттер көмегімен дәл түсірілген жер
пайдаланудың ішкі шекаралары жер учаскесін пайдалану құқығының аумақтық
шегі болып табылады.
Қазіргі заманғы шаруашылық аралық жерге орналастыру - мемлекеттік
шаралардың күрделі инженерлі-экономикалық кешені болып табылады. Оның
мақсаты - ұтымды жер пайдалануды ұйымдастырып, жер қатынастарын нығайту. Ол
өндірістің ұтымды дамуына, еліміздің өндіргіш күштерінің орналасуы мен
дамуына, олардың тиімділігін арттыруға қажетті аумақтық шарттарды құру
мақсатында жүргізіледі. Өзінің мәні бойынша шаруашылық аралық жерге
орналастыру әлеуметтік құбылыс болып саналады, себебі ол жердің заңды және
тұлғалар арасында бөлістірілуімен, сондай-ақ жер қатынастарын белгілі бір
шамада реттеумен байланысты.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі болып республикалық
және жекелеген сала, аймақ, халық шаруашылығы кешендерінің әлеуметтік және
экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес белгіленіп, жер пайдаланушылар
мен меншік иелері арасында бөлістірілетін аумақ саналады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жер реформасының маңызды мәселелерін
шешу үшін аумақтық негіз құрай отырып, мынадай іс-әрекеттерден тұрады:
- ауылшаруашылығы және басқа да халық шаруашылығында игеру үшін жаңа
жерлерді анықтау және халық шаруашылығы айналымына енгізілген жерлердің
мақсатына сай пайдаланылуын анықтау, қажет болған жағдайда оларды қайта
бөлістіру;
- азаматтар мен кәсіпорындар, олардың бірлестіктерінің жаңа жер
пайдалануларын құру және бұрыннан барларын реттеу;
- жерге шаруашылық етудің әртүрлі формаларын құрумен байланысты әртүрлі
шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын қайта ұйымдастыру;
- әртүрлі мемлекеттік, жеке шаруашылық және қоғамдық қажеттіліктер үшін
жер бөлу және ауылшаруашылығы емес бағыттағы жер пайдалануларды құру және
бұрыннан барларын реттеу;
- Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу
үшін бау-бақша, өндірістік және өндірістік емес құрылыстары үшін берілген
елді-мекен жерлерін пайдалануды реттеу, жергілікті жерде елді мекен сызығын
анықтау;
- жерге орналастырудың аймақтық схемаларын және жер ресурстарын
пайдалану, жақсарту және қорғаудың бағдарламаларын жасау;
- ерекше табиғат қорғау, рекреациялық, қорықтық тәртіптегі аумақтардың
шекараларын анықтап орналастыру;
- жергілікті жерде әкімшілік аумақтық құрылымдардың шекараларын анықтау;
- жердің меншік құқығын және жер пайдалану құқығын беретін құжаттарды
дайындау.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың негізгі екі түрі бар:
- ауылшаруашылығы өндірісін жүргізумен айналысатын шаруашылық
субъектілерінің жер пайдалануларын құру;
- ауылшаруашылығы емес бағыттағы жер пайдалануларды ұйымдастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың бұл екі түрге бөлінуі бірыңғай
жер қорының негізгі бөліктерінің мақсатты бағытталуындағы ерекшеліктер мен
халық шаруашылығының әртүрлі саласында жердің басты өндіріс құрал жабдығы
ретінде қызмет етуіне негізделеді.
Оның бірінші түрі ауылшаруашылығымен байланысты, мұнда жер - негізгі
өндіріс құралы және топырақ құнарлығы жоғары жерлер жерге орналастырудың
объектісі болып табылады.
Ал, екінші түрі керісінше топырақ құнарлығын есепке алмай, оны
ауылшаруашылығы өндірісіне пайдалануға сақтауға бағыттайды.
Жерге орналастырудың келесі негізгі бір түрінің бірі ішкі шаруашылық
жерге орналастыру. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісіне
тұрақты пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге жалға алу шартына
бекітілген ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары,
серіктестіктер, кооперативтер және басқа да шаруашылық құрылымдарына
берілген жерлерде ауылшаруашылығы өндірісін аумақтық ұйымдастыру жатады.
Қазір әртүрлі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен ірі мемлекеттік
кәсіпорындар, мемлекеттік емес ұжымдық кәсіпорындар және кооперативтер,
жеке шаруашылық шағын және ірі кәсіпорындар айналысады. Сонымен бірге,
ғылыми-зерттеу мекемелерінің, машина сынау станцияларының тәжірибе
шаруашылықтары, жоғары оқу орындарының, колледждердің, кәсіби техникалық
училищелердің, басқа мекеме, ұйым, кәсіпорындардың оқу-тәжірибе
шаруашылықтары да ішкі шаруашылық жерге орналастырудың объектісі болып
табылады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың басты мақсаты - шаруашылық етуші
субъектінің алдына қойған мақсаттарын табысты орындауға мүмкіндік
беретіндей жерге шаруашылық ету, яғни аз шығын жұмсай отырып, көп жоғары
сапалы өнім алу, оны уақытылы тұтынушыларға жеткізу, қазіргі және келешек
ұрпақ үшін топырақ құнарлығын сақтап, қайта өндіру жағдайында адамдардың
өмірін жақсартудың маңызды әлеуметтік мәселелерін шешу.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мақсаты - ауылшаруашылығы
өндірісіндегі жерлердің әрбір учаскесінің толық, ұтымды да тиімді
пайдаланылуын, оны қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендік жерлерден
қорғауды, сондай-ақ еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы үшін қажетті жағдайлар
мен уақытты үнемдеу мақсатында машина - трактор паркін, өнімді пайдалануды
қамтамасыз ететін аумақты ұйымдастыру түрін құру болып табылады. [2]
Аумақты ішкі шаруашылық ұйымдастыру процесінде біршама маңызды мәселелер
шешіледі:
- топырақтың құнарлығын сақтау және арттыру;
- ауылшаруашылығы алқаптарын пайдалануды жақсарту, өндеуге жататын
жерлердің қарқындылығын арттыру;
- топырақ эрозиясының салдарын жою және келешекте эрозиялық процестердің
алдын-алу;
- суармалы жерлердің тұздану салдарын жою және екінші ретті тұздану мен
ирригациялық эрозияның алдын-алу;
- бұрыннан бар мәдени ландшафттарды сақтау және жаңаларын құру;
- шаруашылық жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін енгізу үшін
ұйымдастыру - аумақтық шарттар құру;
- адамдардың еңбек, тұрмыс жағдайын және демалысын жақсарту.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың қазіргі заманғы мазмұны шаруа
қожалықтарының, серіктестіктердің және кооперативтерінің, ауылшаруашылығы
кәсіпорындарының, басқа да ірі, орташа және ұсақ агрофирмалардың
ұйымдастыру - шаруашылық нығайтылуының нақты қажеттілігімен,
ауылшаруашылығы өндірісінің қарқындылығымен, топырақ қорғау бағытындағы
егіншіліктің ғылыми негізделген жүйесін енгізумен, шаруашылық жүргізудің
прогрессивтік жүйесімен анықталады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың теориясы мен практикасы, оның
негізгі әдістемелік ережелері, озық тәжірибелері қалыптасты және ол
нарықтық қатынастардың жаңа шарттарындағы ауылшаруашылығы өндірісінің көп
сатылы экономикасы, технологиясы саласындағы маңызды да күрделі
мәселелердің әсерінен жетілдіру үстінде.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының мазмұны жерге орналастыру
жүргізілетін обьектінің нақты табиғи және экономикалық шарттарына,
шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік және шаруашылық ету түріне
байланысты ерекшеленеді.
Сонымен, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың алты құрамдас бөлігін
көрсетуге болады:
1) өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру.
2) ішкі шаруашылық жолдар мен су жүйелерін және басқа инженерлік
құрылымдарды орналастыру.
3) ауыл шаруашылық алқаптарды орналастыру.
4) ауыспалы егіс торабын орналастыру және оның аумағын белгілеу.
5) көп жылдық жеміс ағаштарын орналастыру.
6) жайылымдық, шабындық жерлердің аумағын орналастыру.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың дайындық жұмыстары далалық және
камералды болып бөлінеді.
Далалық дайындық жұмыстары сызбада жобаның барлық сыртқы көрінісі
көрсетіледі. Түсініктемеде есептеулер мен анықтаулар болады. Жобаның
мазмұны шаруашылықтың өндірісінің түрлеріне, әлеуметтік жағдайына, егістік
жердің құрылуына, оларды тиімді пайдалануға, елді қоныстандыруға, жер
эрозиясының дәрежесіне, олардың қауіптілігіне, жол мен су жүйелеріне,
әлеуметтік жағдайына байланысты болады. [3]
Камералды дайындық жұмыстарында картографиялық ақпараттар дайындалады.
Жер пайдаланудың планы әртүрлі зерттеудің сызбалары, топырақтық, топырақ
эрозиялық, топырақ мелиоративтік, геоботаникалық мәліметтерде жинақталады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру алты іріленген түрге бөлінеді. Осы
жағдайда көрсетілген өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын
орналастырудан бастап, мал азығы егістігінің орналасуы мен жайылымдық пен
шабындықты құрудан аяқталады.
Өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтары шаруашылық құрамының
бір бөліктері. Шаруашылықтың өндірістік бөлімшелері дегеніміз -бөлімшелер,
мал және өндірістік кешендер, егістік, мал бағатын, жем-шөп дайындайтын
бригадалар мен топтар, құрылыстар механикалық шеберханалар.
Өндірістік бөлімшелерін жер массивтеріне орналастыру:
- ұсынылған жер көлемінің сәйкестігі;
- жоспарланған ауылшаруашылық егістік жерінің құрамы, бөлімшенің еңбек
ресурстары, мал басын қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету;
- жер массивтерінің біртұтастығы мен пішінінің дұрыстығы;
- негізгі егістік жерлердің шаруашылық орталығына жақын болуы;
- бөлімшелерге жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.
Ішкі шаруашылық жолдарына шаруашылық орталықтар мен өндірістік
бөлімшелері, мал кешендері мен фермалары, дала қостары мен астық дайындау
және сақтау пунктері, жалпы қатынас жолдарымен байланысатын жолдар жатады.
Шаруашылықтың ішкі тұрақты жолдары төрт топқа бөлінеді:
1) шаруашылықтың ішкі бас жолы
2) кіріс жолдары
3) негізгі далалық жолдар
4) ауылдық елді мекен аумағындағы жолдар мен өтпелер.
Ішкі шаруашылық жолдарын орналастыру барысында мынадай мәселелер
шешіледі: жолдардың бағыты, жамылғы типі мен категориясы, ондағы трассалар
мен жасанды құрылыстардың орналасуы анықталады.
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының аумағындағы жол жүйесі барынша үнемді,
тиімді транспорттық байланысты, жыл бойғы және уақытылы транспорттық
жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- транспорттық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру жолымен ауылшаруашылық
өндірісінің экономикалық тиімділігін көтеру;
- жүк тасымалдау мен жүксіз қозғалыстың бірыңғай жүйесін құруы тиіс,
мәдени - тұрмыстық және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруы
тиіс;
- жол құрылысын және ғимараттарын салуда күрделі қаржылар мен оларды
пайдалану шығындарын азайтуы тиіс;
- аумақтың кезекті ұйымдастырылуы үшін және жердің ұтымды пайдаланылуы
мен қоршаған ортаны қорғауда қолайлы жағдайлар жасауы тиіс.
Жобаның орталық құрамды бөлігі алқаптарды ұйымдастыру болып табылады.
Оның мазмұны химиялық, мелиорациялық, мәдени-техникалық шаралар жүргізу
жолымен әрбір жер учаскесін тиімді пайдаланудың бүгінгі күнгі талабын
бейнелейді.
Алқаптардың әртүрлілігі оның жағдайы, өсімдігі, ылғалдану дәрежесі, жер
бедері элементтерінің орналасуы және олардың өндірісте пайдалану сипаты
бойынша бөлінеді.
Қазіргі жер классификациясы негізгі ауылшаруашылығы алқаптарына бөледі.
Оларға ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде немесе кезекті
пайдаланылатын жерлер: егістік, көп жылдық екпелер, тыңайған жерлер,
шабындық, жайылым жатады.
Егістік дегеніміз көп жылдық шөптер мен пар екпелерін және
ауылшаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын және жүйелі түрде өнделетін
ауылшаруашылығы алқабы.
Егістікке астықты, мал азықтық және техникалық дақылдарды егудің алдынғы
қатарлы технологиясын қолдана отырып, өнім өндіруге кеткен шығыны өтелетін
жер учаскелері жатады.
Көп жылдық екпелер дегеніміз жеміс-жидек, техникалық және дәрілік
өнімдерді алу үшін, сондай-ақ аумақтық декоративті безендірілуі үшін
отырғызылатын ауылшаруашылық алқаптары. Яғни гүл, шай, тұт ағаштарын, эфир
майларын алатын дақылдар, мақта және басқа техникалық дақылдар егілген
жерлер.
Тыңайған жерлер дегеніміз бұрын бірнеше рет егілген, кейінгі бір жылда
егілмеген, парға тасталмаған жерлер.
Шабындықтар дегеніміз әр кезде шөбі орылып, пішендеме салынып, шөп
дайындалып отыратын жерлер. Шабындықтар суармалы, батпақты және түбегейлі
жақсартылған болып бөлінеді.
Әр уақытта мал бағуға пайдаланатын жерлер - жайылымдар. Жайылымдар
батпақты, түбегейлі жақсартылған, таулы, суарылған, шамалы немесе орташа
томарланған болып бөлінеді.
Ауылшаруашылығына пайдаланбайтын жерлер: бұталы өсімдікті жерлер,
батпақтар, өте қатты тұзданған жерлер, тақырлар, жыралар, сайлар, құмдар.
Алаптарды пайдалануды ұйымдастыру үшін арнайы тексерумен зерттелген
топырақтық, геоботаникалық және басқа жерді бағалайтын мәліметтердің
негізінде жерге орналастыруды жобалауға дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың келесі құрамдас бөлімі -ауыспалы
егістің түрін, құрамын, санын анықтау. Яғни ауыспалы егістіктің үш түрі
бар:
1) астық ауыспалы егістігі
2) мал азықтық ауыспалы егістігі
3) арнайы ауыспалы егістігі
Астық ауыспалы егістігінің түрлері: айдалмалы, парлы, мақталы және тағы
басқа.
Мал азығы ауыспалы егістігінің түрлері ферма маңындағы және шабындық -
жайылымдық.
Арнайы ауыспалы егістігіне көкөністі дақылдар, мақта, темекі және
дәрілік дақылдар жатады.
Ауыспалы егістіктің танаптары өзара бірқатар көлемде болады.
Ауылшаруашылық дақылдарын кезектестіріп егуге және осыған байланысты
далалық жұмыстарды атқаруға арналған ауыспалы егістің біркелкі бөліктері -
ауыспалы егістің танаптары деп аталады. Кейбір жағдайда танаптың ішкі
аумағын ұйымдастыру қажет болады, яғни танаптарды жұмысшы учаскелеріне,
егістік алаптарына, бригадалық учаскелерге немесе бір-бірінен бөлек тұратын
контурларға бөледі.
Қорғаныс орман жолақтарын орналастыру, яғни қорғаныс орман жолақтары
танап қорғайтын, ағын суды бөлуші және ағын суды реттеуші болып үшке
бөлінеді.
Егістік жолдарды орналастыруға қойылатын талаптар:
- жолдар барынша қысқа болуы керек;
- төте болуы керек;
- шаруашылыққа пайдалануға ыңғайлы болуы керек;
- жол техникалық талаптарға сай болуы керек;
- жолдың қорғаныс орман жолақтарымен бірлесуі керек.
Дала қостары тұрақты, жеңіл және көшпелі болып бөлінеді. Тұрақты дала
қостары 10 км-ден асқан кезде салынады. Шаруашылық орталығынан дала
қостарының жеңіл түрлері салынады. Дала қостарын жобалауда сумен және ауыз
сумен қамтамасыз ету қаралады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың бесінші құрамдас бөлімі - жеміс-
жидек, яғни көп жылдық ағаштар аумағын ұйымдастыру. Көп жылдық ағаштардың
көлемі шаруашылықтың мамандануына және олардың жобалық орналасуына қарайды.
Көп жылдық жеміс ағаштарын ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру керек:
- жеміс-жидек, жүзімдіктердің биологиялық қасиеттеріне қарап, жер
бедері, топырақтары, жер асты сулардың деңгейі сәйкес болуы керек және жел
өтінен қорғауды ескеру керек;
- шаруашылық ұйымдастыру талаптары, яғни өнімдер өткізетін пункттердің,
су көздерінің жақын болуы;
- жеміс-жидек, жүзімдіктер ең көп еңбекті және тасымалды талап етеді,
сондай-ақ оларды елді мекендегі темір жол бекетіне жақын орналастыруды
қарастыру;
- көп жылдық жеміс ағаштарын біртұтас массивке орналастыруды қарастыру,
өндірістік процестерді механикаландыруды, еңбекті ұйымдастыруды, ішкі
аумақты қорғауды ұйымдастыруға жағдай туғызу.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың соңғы құрамдас бөлімі -шабындық пен
жайылым жерлердің аумағын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы жерінің 75%
шабындық пен жайылымдардан тұрады. Шабындық пен жайылымдар өзінің тұрған
жеріне, жердің ылғалына, топырағына байланысты құрғақшылық, далалық шөптік,
ылғалды шөптік, сортанды, су жағалық батпақты, таулы және басқа да түрлерге
бөлінеді. Шабындықтар мен жайылымдардың жартысынан астамы шөл далада немесе
жартылай шөлді далада орналасады.
Жайылымдарға қойылатын талаптар:
- шөптер піскен кезде малдарды жаю;
- малдарды шөптердің бойы 5-6 см болған кезде бөтен учаскелерге
ауыстырып отыру;
- жайылымның өнімін сақтау үшін кей мезгілдерде орып отыру.
Жайылым аумағын құруға төмендегі талаптар қойылады.
- барлық мал түрлерін көк балауса шөптермен қамтамасыз ету;
- жайылымның өнімділігін көтеру және қалпына келтіру, топырақ эрозиясын
болдырмау;
- малдарды ұзаққа айдап бағуды барынша азайту;
- малдарды бағып семірту:
- жайлау, суару жұмыстарын, мал айдау жолдарын жобаға сәйкес жасау.
Мал айдау жолдары тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты мал
айдайтын жолдар жүз сиырға 20-25 м, уақытша 15-20 м. Олардың ені 10-12 м.
болады. Жобалауда мал айдайтын жолдарға қойылатын талаптар:
- мал айдайтын жолдар жайылым мен учаскелердің шегімен жүргізіледі;
- мал айдау жолдары қысқа болуы керек және сапасыз жайылымдардан өтеді;
- мал айдау жолдарын ылғалды жерлермен жүргізуге болмайды;
- мал айдау жолдарын биік қыраттардың және жыралардың жарымен жүргізуге
болмайды;
- мал айдау жолдарының аумағы мал жайылымы учаскесінің 2-3% құрайды.
Жайылым айналымы жайылым жүйелерін пайдалану, оларды күту, жақсарту,
жайылымдық сапасының өнімділігін арттыру, шөптердің шығымдарын жақсартудың
шараларын ұштастырады.
Жайылым айналымының міндеті: шөптің өсуіне жағдайлар жасау, шөп балансын
толықтыру. [4]

2 Негізгі бөлім

2.1 Шаруашылық туралы жалпы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Дербесек ауыл округінің
Жамбыл ЖШС жерінде егістік алқаптарын орналастыру жобасы кеңшардың
ауылшаруашылық салаларын жоспарлау мен дамыту жүйесіндегі негізгі
құжаттардың бірі болып табылады.
Жоба шаруашылықты дамытудың бесжылдық жоспары мен оны орындау жөнінде
белгіленген іс-шараларды ескере отырып, шаруашылық қызметін экономикалық
талдау негізінде әзірленген.
Жобаны әзірлеу кезінде жерді пайдалануды жақсартуға, табиғи және
экономикалық факторларды біршама толық есепке алуға ерекше назар
аударылған.
Сарыағаш ауданының жер көлемі 7,7 мың шаршы км немесе облыс жерінің 6,6
пайызын құрайды. Ауданның орталық басқару орталығы - Сарыағаш қаласы.
Шымкент қаласынан 95 шақырым жерде орналасқан. Аудан халқының саны 229,7
мың адамды құрап, 1 шаршы км жерге 30 кісіден келеді. Аудан құрамына бір
кенттік, 24 ауылдық әкімшіліккеқарайтын 151 елді мекен кіреді. Ауданның
оңтүстік-шығыс жағынан Келес өзені (241 км) мен оған қабаттаса Құркелес (98
км) өзендері ағып жатыр.
Дербесек ауылдық округі Сарыағаш ауданының солтүстік-шығыс аумағында 23
шақырым жерде орналасқан және солтүстік-шығысында Жолбас ауылдық округі
жерімен, оңтүстік-шығысында Ащыкұдық ауылдық округінің жерімен, оңтүстік-
батысында Шенгелді ауылдық округінің жерімен, батысында Қосқұдық
ауылдық округі жерлерімен шектескен.
Дербесек ауылдық округі өзінің географиялық орналасуы мен климаттық
қолайлы жағдайларына қарай ауыл шаруашылығындағы негізгі екі бағыт – мал
шаруашылығы да, егіншілік те жақсы дамыған. [17]

2.2 Табиғат жағдайы

2.2.1 Климаты

Дербесек ауыл округінің агроклиматтық көрсеткіштер бойынша,
ауылшаруалылық округтің аумағы шөлді, құрғақ ыстық аймақта
орналасқандықтан, табиғи-шаруашылық қатынаста суармалы жерлер болып келеді.

Дербесек ауыл округінің климаттық жағдайы Сарыағаш
агрометеостанциясымен сипатталады, ол метеостанция Дербесек ауыл округінен
23 км жерде орналасқан.
Орташа жылдық ауа температурасы 14,1° С болып келеді.
Ең суық айлары қаңтар (- 17° С) және желтоқсан ( -24° С) айлар болып
табылады. Өте ыстық айлары ( + 28, 2° С) шiлде және ( + 26, 40° С) тамыз
болып табылады. Шілдеде ауаның ең жоғары температурасы + 45, 8 ° С-қа
дейін, ал ең төменгі температурасы каңтар, ақпан айларында - 28, 4° С-қа
жетеді.
Көпжылдық мәліметтер бойынша алғашқы салқынның түсуі қазанның 2-ші
жартысыннан бастап, ал соңғысы наурыздың аяғында байқалады. Аязсыз
күндердің орташа ұзақтығы 170-180 күн.
Қар жамылғысы орнықсыз. Қардың жер бетінде жату ұзақтығы 50-60
күн. Қар жамылғысының биіктігі 10-15см, ал топырақтың қатуының орташа
тереңдігі 15-20см.
Топырақтың физикалық жұмсаруы (21,26% дымқылдылық) 25-30-шы наурызда
түсе бастайды. Бұл мерзімнің ұзақтығы 15-20 күн.
Орташа жылдық ауа-райының салыстырмалы ылғалдығы 50% құрайды. Ең жоғарғы
ауа ылғалдылығы қыста және көктемде 68% көрсетеді, ал төменгі ылғалдылық
жазда 31% көрсетеді.
Орташа жылдық жауын-шашынның мөлшері 411 мм сомасын құрайды, және де ол
жылдың маусымдары бойымен өте әрқалай үлестiредi. Ең жауын-шашынды маусым
қыста-көктемде 78%, күзде 18%, жаздыгүні жинағы 4% құрайды.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 3,2 мсек құрайды. Дербесек ауыл
округіне басым желдер оңтүстiк, оңтүстiк-батыс және солтүстiк-батыстан
соғады. [16]

2.2.2 Жер бедері

Дербесек ауыл округінің жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді.
Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда
жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,
бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Сарыағаш ауданының
рельефінің түзілуі әр уақытта геологияляқ- геоморфологиялы факторлардың
әрекет етуінен қалыптасқан. Олардың сипаты зоналы болып келеді. Геологиялық
геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит
шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы,
бедері, беткейлердің көрінісі, еңістігі жатады. Шеңгелдi, Сарыағаш темiр
жол стансаларының территориясы әкiмшiлiк түрде Оңтүстiк Қазақстан облысына
қарайды. Оның көпшiлiк жерi төбелер мен тау етегi жазықтығынан құралған. Ол
бiртiндеп батысқа және оңтүстiк батысқа қарай теңiз деңгейiнен 250-400
метрге дейiн төмендейдi. Шығысында бұл төбелер 600-800 метрге дейiн
көтерiледi. Ол солтүстiгiнде Қазығұрт тауларына, ал батысында Жаушы құмға
дейiн созылып жатыр. Геологиялық әдебиеттерде бұл үлкен алаң Ташкент маңы
деп аталған шөлдiң құрамына енгiзiлдi. [16]

2.2.3 Топырақ жамылғысы

Дербесек ауылдық округының топырақ жамылғысы Келес өзенінің суы мен
климаттық аридтілігінің ықпалынан, территорияның ағынсыз алаптылығы
әсерінен қалыптасты, нәтижесінде топырақтарға ерекше аймақтық сипат
берілді. Топырақтар әр түрлі дәрежеде және деңгейде кең таралғаннан және
түрлі тұздану сипатта болады. Топырақ түзуші процесс карбонатты түрде
жүреді және сондықтан барлық топырақтар карбонатты ашық-сұрғылт қабатты
болып келеді.
Жайылмалы тоғайлы топырақтар (шифр 641) кең таралған. Олар Келес өзені
аңғарының тегістеу бөлігінде ажырық, қамыс, мия және басқа да алуан шөпті
тоғайлардан (боз, жыңғыл, реже ) тұратын шалғынды шөптер астында
қалыптасқан. Жер асты суы әртүрлі минералдардан және 3м және одан да төмен
тереңдікте жанасады. Сипатталып отырған топырақтар әртүрлі механикалық
құрамдағы (жеңіл саздақтан сазға дейін) тұзданған және карбонатты
аллювияларда дамиды және түрлі қуаттағы қабаттардың кезектілігімен
айқындалады.
Морфологиялық жағынан бұл топырақтар ашық профильді; макроқұрамының
әлсіз су ұстауымен сипатталады. Гидроморфтылық нышандары профильдің барлық
қабаттарынан тұрады, бірақ тереңдеген сайын олар анығырақ болады.
Жайылмалы шалғынды қоңыр карбонатты топырақтар (шифр 658). Бұл
топырақтар барлық жерде кездеседі. Қарашірігі аз, оның 0-30 см қабаттағы
құрамы 0,93% құрайды.
Топырақтың жоғарғы қабатының механикалық құрамы әртүрлі жеңіл
саздақтыдан орташа саздақтыға дейін кездеседі.
Жайылмалы шалғынды қоңыр карбонатты суармалы топырақтар (шифр 658). Бұл
топырақтар біртекті контурлармен ерекшеленген.
Суармалы топырақта тың түрлеріне қарағанда, қарашіріктің мол қорымен
ерекшеленеді. Жыртылған қабаттың 25-30см-де оның құрамы 0,7-1,02% құрайды.
Топырақтың беткі қабатының механикалык құрамы негізінен ауыр саздақты болып
келеді.
Жайылмалы шалғынды қоңыр сор топырақтар (6 шифр 662) кең таралған және
біртекті контурлармен, сондай-ақ топырақтың басқа түрлерімен және сор
топырақтармен кешенді түрде (шифр 662ор) кездеседі.
Жайылмалы шалғынды қоңыр сор топырақтар үшін қарашіріктің құрамы кең
көлемде 1,2 ден 1,3% дейін болады.
Топырақтың беткі қабатының механикалық құрамы әртүрлі: жеңіл саздақтан
ауыр саздаққа дейін кездеседі.
Жайылмалы шалғынды қоңыр орташа тұзданған суармалы топырақтар (шифр 662)
Бұл топырақтар сульфатты типте орташа деңгейде тұзданған. Қарашіріктің
құрамы 0,53 тен 1,40%-дейін кездеседі.
Механикалық құрайы орта саздақтыдан ауыр саздақтыға дейін кездеседі.

2.2.4 Өсімдік жамылғысы

Өсімдік жамылғысы топырақ түзілісінің негізгі факторларының бірі болып
табылады. Өсімдіктер топырақ ылғалдылығын тасымалдай отырып топырақты
кептіріп отырады. Өсімдіктің тамырлы жүйесі топырақ құрылымына, сонымен
қатар топырақтың физикалық қасиетіне әсер етеді.
Өсімдіктердің таралуы сирек әрі селдір келеді. Өсімдіктер құм
төбелерінде, ойпаттарда, беткейлерде, адырларда қалың өседі. Онда жүзген,
мыңжапырақ, түймедағы, аласа келген еркекшөп өседі. Ойпаң, қарашұңқырлы,
топырағы тұщы грунт суларымен шайылған жерлерде бұталар, тап, қызылтал
өседі. Ұсақ шоқылы жерлерде табылған, райхан, изен, сүтінен өседі. Өзен
жағаларында жатаған, бидайық, өседі. Сондай-ақ жазықты жерлерде құм
қараған, қияқ, еркекшөп, жусан, раң, торғай оты, адыраспан, жантақ, селеу
өседі.

Эфимерлердің даму мерзімі қысқа және мамыр айының басынан ортасына дейін
жалғасады. Мамыр айында ауа температурасы тез жоғарылайды және топырақтың
беткі қабаты тез кеуіп кетеді. Бір жаздық эфимерлер жоғалып, көп жылдықтар
пияз түрінде топырақ астында жатады. Шілде айында көп жылдық өсімдіктер
ауысымға келеді.

Климаттың континентальдылығы мен құрғақтығы өсімталдылыққа оның
сиректігі мен түрлік құрамын шарттастыра отырып, ықпал етті.

Аздаған жазықтық жерлеріндегі шаруашылық территориясының өсімдік
жамылғысы топырақ жабыны мен жер бедеріне байланысты болады. Жазықтықты
аймақтарда сортаң топырақ орын алған.

Ауылдық округ аумағында мәдени өсімдіктерден суарылмайтын жерлерге арпа,
күздік бидай, жоңышқа, жүгері, бидай егіледі. Алқаптардың тұздануы жоғары
емес. Таулы өсімдіктерден аса көп жағдайда қышы, гумай, алқапты шырмауық
кездеседі. [17]

2.2.5 Гидрология және гидрография

Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-
батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің
ауданы — 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты
болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен
қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының
жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын
күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті
эрозиялар болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт
түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың
деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы
негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Сарыағаш ауданы көлдерге бай емес. Олар негізінен ауданның солтүстік
бөлігінде орналасқан. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазық
аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны
емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады.
Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі
аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер
ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.

2.3 Жамбыл ЖШС-нің жер пайдалану сипаттамасы

Жамбыл ЖШС жер пайдалануы Дербесек ауыл округінде орналасқан.
Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 115 га.
Соның ішінде егістік жерлер 112,5 га, шабындық 2,5 га жерді құрайды.
Алқаптардың құрамы мен қатынасы шаруашылықтың жалпы жер көлемі мен ауыл
шаруашылығы алқаптарының үлес салмағына байланысты болатын аумақтың игерілу
дәрежесін білдіреді.
Алқаптардың құрамы мен ара қатынасы 1 кестеде келтіріледі.

1 кесте
Алқаптардың құрамы мен ара қатынасы

№ Алқап түрлері Көлемі, гаПайызбен

Жалпы Ауылшаруашылығы
көлемінен алқаптары көлемінен
1 Егістік 112,5 99,2 99
2 Тыңайған жер - - -
3 Шабындық 2,5 0,8 1
4 Жайылым - - -

1 кестенің жалғасы

Ауылшаруашылығы
алқаптары барлығы
Басқа жерлер
Барлық жерлер 115 100

Кестеде көрсетілгендей шаруашылықтың жалпы жер көлемі 115 га, ал
егістік жерлер 112,5 га,шабындық 2,5 га құрайды, яғни шаруашылық жерінің
99,2 % құрайды.

2.4 Жамбыл ЖШС-нің ауыл шаруашылығы өндірісінің сипаттамасы

Жамбыл ЖШС шаруашылығы негізгі өндірістік бағыты мақта шаруашылығы
болып табылады. Шаруашылықта барлығы 115 га суармалы егістік жерлер бар
және екі мақта ауыспалы егістігі игерілген. Көлемдері 112,5 га болатын 9
танапты ауыспалы егістіктер шаруашылықтың солтүстік бөлігінде орналасқан.
Суармалы жерлер массиві инженерлік дайындалған жерлерде орналасқан.
Негізгі суару көзі - Келес өзені болып табылады. Суару көзінен
массивтерде суды бөлу кішкене каналдар арқылы жүзеге асырылады.
Егіншілік жүйесі жерді ұтымды пайдалануға, топырақ құнарлылығын сақтау
және арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғарғы көлемде алуға
бағытталған өзара байланысты агротехникалық, мелиоративтік және
ұйымдастырушылық шаралар кешенін білдіреді және маңызды міндеті ауыл
шаруашылығы алқаптарының көлемін арттыру болып табылады. [10]
Осы мақсатта алқаптар құрылымындағы белгіленген өзгерістер анықталады
(2кесте).

2 кесте
Ауыл шаруашылығы алқаптарының алдын ала жасалған құрамы

Алқап түрлері Жоба жасау Өзгерістер Келешектегі
кезіндегі алқаптардың
алқаптар көлемі, көлемі, га
га

+ -
1 2 3 4 5
Егістік 115 7,0
оның ішінде:
Мақта 84 20,0 - 86,0
жоңышқа 31 10,0 - 32,0

Танаптар пішінін және көлемін көбейту есебіне 30 гектар жерді пайдалану
мүмкіндік бар.
Егістік көлемін келешекте тыңайған жерді егістікке трансформациялау
есебінен көбейтуге болады, яғни шаруашылықта 115 га суармалы жерді
пайдалану мүмкіншілігі бар.
Егіншілік жүйесінің маңызды саласы ауыспалы егістік жүйесі болып
табылады.
Жобаның жасалу кезінде шаруашылықта екі мақта ауыспалы егістігі
игерілген. Шаруашылықтың мамандануы егіс көлемінің құрылымында анықталады.
Eгiс көлемінің құрылымында барынша көп үлес салмақты жетекші дақыл - мақта
дақылы алады. Егістіктің қалған көлемін негізінен көпжылдық шөптер, дәнді
жүгері, сүрлемдік жүгері алады.
Ғылыми зерттеулер мен шаруашылықтар тәжірибелерінің нәтижелерінде
ауыспалы егістіктегі алғы дақыл жоңышқа болып табылатыны дәлелденген.
Мақта ауыспалы егістіктерінде жоңышқа, жүгері егу мал шаруашылығы
дамуының басты шарты - мықты азық базасын құруға мүмкіндік береді.
Егістікті пайдалану құрылымы шаруашылықтың мамандануына, мал басының азық
қажеттілігіне, қазіргі заманғы агротехника талаптарына байланысты болады.
Мақтаға ең қолайлы алғы дақыл – жоңышқа. Топырақты органикалық
заттармен, азотпен байытумен қатар ол сортаң жердің жақсы мелиораторы.
Топырақты екінші рет сортанданудан сақтандырады, сонымен бірге оның үстіңгі
қабатындағы судың буға айналуы біржола тоқталады. [11]
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісінің қосалқы алғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Жамбыл облысы Шу ауданының жер ресурстарын басқару
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Уыз май industry ЖШС-дегі материалдық ресурстарды рационалды пайдаланудың үдерістерін зерттеу нәтижесінде өндірісті метариалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне резервтер іздестіру
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Кластерлік жүйе
Алматы облысының жер ресурстарын пайдалану ерекшеліктері
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені
Пәндер