Жылқы – халық медицинасында



Жылқы өнімдерін қазақ тұрмысында әртүрлі ауруларды емдеуге кеңінен пайдаланады. «Жылқының сүті мен еті жақпаған ауру адам, сауықпайды, өледі» деген сөз халық арасында кең тараған. Жылқы өнімдерінің ішінде емге қолданылуы жағынан бірінші орында әрине, қымыз тұрады. Себебі қандай науқас болсын қазақ қымыздың тікелей емдігі болмаса да, ауырған адамды әлдендіру үшін негізгі емімен қатар қымыз беріп отырған. «Қымыз қырық түрлі дертке ем» дейді қазақ мақалы. Негізінде қымызбен өкпе (туберкулез) ауруын емдеу кең етек алған. «Көксаумен ауырған адамға, қайнатылған сиырдың, жылқының майын балға қосып ішкізеді. Мейлінше көп қымыз береді. Өкпесі ауырған адам жүрек майын шикілей аз-аздап жеуі керек». (І) Қымыздан басқа осы уақытқа дейін зерттелмей келе жатқан халық медицинасындағы ел арасынан жинастырған материалдарға сүйене отырып жылқының басқа да емдік өнімдері қарастырылды. Белінен шойырылып жүре алмай қалған адамды ту биенің терісіне түсіреді. Алдымен жаңа сойылған жылқының терісінің ішіне ерменді қайнатып құяды, сонан соң екі адам терінің екі жағынан ұстап бұрайды, бір адам сол мезетте ағаш тоқпақпен теріні тоқпақтайды, сонда тері қызып, ысиды, ыстық теріге науқасты жалаңаш күйінде денесін, басын ғана шығарып орап тастайды. Алдымен адамның денесі 15-20 минут шамасында қалтырап, қалшылдап тоңады, соңынан денесі қызып терлейді, біртіндеп теріге үйрене бастайды. Өстіп науқас адам 1,5-2 сағат тері ішінде жату қажет. Осылай 7 күнде 3 рет түседі, емдеу 21 күнге созылады, науқас осы уақыт ішінде жылы үйден шықпауы керек. Теріге түсудің екінші түрі – үш жылғы ту биенің терісіне күнара небәрі үш рет түсуге болады, одан әрі тері кеуіп, не иістеніп кетеді. (XVІ.) Аса қатерлі ауруларды емдеу үшін бірнеше жылқы сойылатын болған.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жылқы – халық медицинасында (5 бөлім)

Жылқы өнімдерін қазақ тұрмысында әртүрлі ауруларды емдеуге кеңінен
пайдаланады. Жылқының сүті мен еті жақпаған ауру адам, сауықпайды, өледі
деген сөз халық арасында кең тараған. Жылқы өнімдерінің ішінде емге
қолданылуы жағынан бірінші орында әрине, қымыз тұрады. Себебі қандай науқас
болсын қазақ қымыздың тікелей емдігі болмаса да, ауырған адамды әлдендіру
үшін негізгі емімен қатар қымыз беріп отырған. Қымыз қырық түрлі дертке
ем дейді қазақ мақалы. Негізінде қымызбен өкпе (туберкулез) ауруын емдеу
кең етек алған. Көксаумен ауырған адамға, қайнатылған сиырдың, жылқының
майын балға қосып ішкізеді. Мейлінше көп қымыз береді. Өкпесі ауырған адам
жүрек майын шикілей аз-аздап жеуі керек. (І) Қымыздан басқа осы уақытқа
дейін зерттелмей келе жатқан халық медицинасындағы ел арасынан жинастырған
материалдарға сүйене отырып жылқының басқа да емдік өнімдері қарастырылды.
Белінен шойырылып жүре алмай қалған адамды ту биенің терісіне түсіреді.
Алдымен жаңа сойылған жылқының терісінің ішіне ерменді қайнатып құяды,
сонан соң екі адам терінің екі жағынан ұстап бұрайды, бір адам сол мезетте
ағаш тоқпақпен теріні тоқпақтайды, сонда тері қызып, ысиды, ыстық теріге
науқасты жалаңаш күйінде денесін, басын ғана шығарып орап тастайды. Алдымен
адамның денесі 15-20 минут шамасында қалтырап, қалшылдап тоңады, соңынан
денесі қызып терлейді, біртіндеп теріге үйрене бастайды. Өстіп науқас адам
1,5-2 сағат тері ішінде жату қажет. Осылай 7 күнде 3 рет түседі, емдеу 21
күнге созылады, науқас осы уақыт ішінде жылы үйден шықпауы керек. Теріге
түсудің екінші түрі – үш жылғы ту биенің терісіне күнара небәрі үш рет
түсуге болады, одан әрі тері кеуіп, не иістеніп кетеді. (XVІ.) Аса қатерлі
ауруларды емдеу үшін бірнеше жылқы сойылатын болған.
Сүзек науқасты жаңа сойылған жылқының терісіне орайды, бұл
көмектеспесе, екінші жылқыны сойып жіберіп қайтадан орайды. [3.62-б.]
Теріге ерменді қайнатып құю себебі, теріні ысытудың және терінің кейбір иіс-
қоңыстарын кетірудің кепілі екенін информаторлардың мәліметтері дәлелдейді.
Жалпы, ермен қазақтың халық медицинасында жиі қолданылатын өсімдік.
Ерменді жерде ер өлмейді дейді халық мақалы. Теріге түсу тек шойырылманы
емес, денедегі бүкіл жел-тұзды айдап шығарады. Халық емшілері толғатқан
әйелдерді жаңа сойылған жылқы терісіне орап толғағын жеңілдеткен. [2.] Бел
шойырылып, шаншу қадалып, суық тиген адамдар жылқының көңіне де түседі.
Адамды астына көң төсеп, шалқасынан жатқызады да, басынан басқа денесін
көңмен жауып тастайды. Белі шойырылған адамды жылқының жас тезегімен булау
әдісі де кең қолданылған. Жас тезекті езіп тайқазанға қайнатады, қайнап
болған тезекті ағаш астауға салып, үстін бір қабат жеңіл шүберекпен жабады.
Оның үстіне адамды жатқызып, денесін киізбен немесе тонмен жауып қояды. Осы
процесті үш рет қайталайды. (XVІІ) Қатпа, мешел (рахит) баланы тұмса биенің
(қулық бие) шуына орайды. Шудың ішінде, басы ғана көрініп жатқан баланың
екі сағаттай уақыт өткен соң, шөлдеп, қарны аша бастайды. Шуға орау уақыты
2 сағаттан кем болмауы керек. Осылай күнара 4-5 рет қайталайды, онан соң
шудың өзі де қатып, орауға жарамай қалады. (XVІІІ)
Бұрын қазақ отбасыларында жылқының тобығын жинау әдеті болған.
Құлағынан бұлық аққан балаға үш жылдай кепкен тобықты екі жағынан тесіп,
табаға қыздырып, ішіндегі майын құлағына құяды. Баланың, үлкен адамның жағы
іссе (свинка) тобықты ортасынан шағып, суға қайнатып, буымен булайды.(ХІХ)
Буынын сары су алып қалған адамның буыны іскен жеріне жаңа сойылған
жылқының тазқарнын тартады. Қарын ішіндегі құрттар дененің сарысуын сорып
алады. Мұндай науқасқа жылқының майын да тартады, бірақ
Тазқарынға қарағанда майдың ондай шипасы болмайды.
Жылқының қылымен үш нәрсені емдейді. Жылқының қылын күйгізіп, аузы уылған
баланың аузына, адамның отқа күйген жеріне себеді. [2.] Мұны жазба деректер
де дәлелдейді. Шыққан сүйелді жылқы қылымен байлап қояды, сүйел түбімен
кесіліп, домаланып түсіп қалады. [4.144-б.] Қышыма (чесотка) болған адам
биенің жаңа сауған сүтіне түседі, не жылқы сүйегін қайнатқан кезде шыққан
майын жағады. Әйелдер шашы түсе берсе қымызға жуады. Асқазан қыжылдағанда
(гастрит) терлеп келген аттың терін сығып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері
Адыраспан – дәрілік өсімдік туралы ақпарат
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Зиянды және улы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат
Адыраспан-дәрілік өсімдік
Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері
Халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Улы өсімдіктер
Пәндер