М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 М. ЖҰМАБАЕВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ
1.1 XX ғ. басындағы қазақ еліндегі педагогикалық.психологиялық ой.
пікірлердің қалыптасу жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 М. Жұмабаевтың өмірі мен творчестволық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
І.3 М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері ... ... ... ... ... 26
І.4 М. Жұмабаев еңбектерііндегі педагогикалық психологияның өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

2 М. ЖҰМАБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН
КОНТЕНТ АНАЛИЗДІК ЗЕРТТЕУ
2.1 М. Жұмабаев ұлттық психология терминдерін жүйелеушілердің бірі ... 51
2.2 М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі психологиялық ұғымдарды
контент . анализдік зерттеу мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады.
Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі.
Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.
Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев.
1. Қазақ психологиясының тарихы. //ред.Қ.Б.Жарықбаев. А, 1996.-270б.
2. Қаленова Т.С. Жүсiпбек Аймауытовтың өмiрi мен қоғамдық-саяси қызметi (1889-1931 ж.ж.). К. дисс. автореф. Алматы. 2001.-25б.
3. Аймауытов Ж. Жан жүйесi және өнер таңдау. А., “Рауан”. 1995.-260б.
4. С.Қалиев, Қ.Б.Жарықбаев Қазақ тәлім тәрбиесі А, 1995.-310б.
5. Ш.Елеукенов «Мағжан, өмірі мен шығармагерлігі». А. «Санат», 1995.-157б.
6. А.Т. Ақажанова. М.Жұмабаев сәби тәрбиесі туралы 1993.-58б.
7. Ш.Елеукенов, «Жаңа жолдан әдеби портреттерді зерттеу». А., 1989.-45б.
8. Н. Елікбаев. «Ұлттық психология», А. 1992.205б.
9. Р.Бердібаев. «Ақын тағдыры», Бес арыс. А. 1992. -435б.
10. Н.Е.Дөкенова. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері (5 – 7, 11-сыныптар бойынша) Қазақстан Республикасы Алматы, 2006ж -150б.
11. Ш.Елеукенов «М.Жұмабаев», А. 1995.-230б.
12. Б.Қанарбаева М.Жұмабаев поэзиясындағы фольклорлық дәстүр. Канд.дисс. 2001ж. 185б
13. С.Негимов. «Өлең өмір». А. «Ғалым», 1980.-140б.
14. А.Тамаев "Мағжан Жұмабаев шығармаларын мектепте оқытудың мәселелері" Алматы, 2004ж
15. Қ.Қ.Қоянбаева. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы педагогикалық идеяларын жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне пайдалану Қарағанды,2006ж-135б.
16. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «Жазушы» , 1992.-250б
17. М.Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жиынтығы. А, «Білім», 1995.-370б.
18. Бес арыс. Естелiктер, эсселер және зерттеу мақалалары. Алматы.Жалын. 1992.-435б.
19. М.Жұмабаев. Шығармалары. А. «Ғалым», 1988.-240б.
20. Аймауытов Ж. Тәрбие. Қазақстан мектебi. 1989. 2 наурыз
21. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «Жазушы» , 1992.-250б
22. М.Жұмабаев. Педагогика. А, «Ана тілі», 1992-170б
23. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «Жазушы» , 1992.-250б
24. М.Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жиынтығы. А, 1995.-370б.
25. М.Жұмабаев. Шығармалары. А. «Ғалым», 1998.-240б.
26. М.Жұмабаев. Шығармалар жиынтығы. А, «Білім», 1995.-370б.
27. М.Жұмабаев. Педагогика. А, «Ана тілі», 1998-170б
28. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «Жазушы» , 1982.-250б
29. «Мағжанның ақындығы туралы» Бес арыс. Алматы,1992.-24б.
30. Бес арыс. Алматы.Жалын. 1992.-435б.
31. М.Жұмабаев. Шығармалары. А. «Ғалым», 1998.-240б.
32. М.Жұмабаев. Педагогика. А, «Ана тілі», 1992-170б
33. М.Жұмабаев.Таңдамалы, А. «Жазушы» , 1992.-250б
34. Н.Е.Дөкенова. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері (5 – 7, 11-сыныптар бойынша) Қазақстан Республикасы Алматы, 2006ж -150б.
35. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев. «Қазақ тәлім тәрбиесі», А, 1995.320б.
36. Аймауытов Ж. Тәрбие. Қазақстан мектебi. 1989. 2 наурыз
37. М.Жұмабаев. Педагогика. А, «Ана тілі», 2002-170б
38. Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі тарихынан. А, 1992.-312б.
39. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. //Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Алматы. Рауан 1990.-235б.
40. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. Ана тілі. Алматы, 2005
41. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану, Атамұра, 2004
42. Жарықбаев Қ.Б. Перспектива развития этнопсихологических исследований в Казахстане //Нац. процессы в Казахстане. Алматы.1992.-40б.
43. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі А. 2002
44. Қ.Қ.Қоянбаева. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы педагогикалық идеяларын жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне пайдалану Қарағанды,2006ж-135б.
45. Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» Бес арыс. Алматы,1992.-24б.
46. Ж.Базарбеков «Инабат» (оқу құралы). Алматы, 1995.-250б.
47. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. //Бастауыш мектеп 2002, №1 –
48. Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б.
49. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі, Шымкент,1994ж.
50. Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие қайнары. Алматы Ғылым. 2002

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 М. Жұмабаев педагогикалық психология ғылымының
көрнекті өкілі
1.1 XX ғ. басындағы қазақ еліндегі педагогикалық-психологиялық ой-
пікірлердің қалыптасу
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 М. Жұмабаевтың өмірі мен творчестволық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
І.3 М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология
мәселелері ... ... ... ... ... 26
І.4 М. Жұмабаев еңбектерііндегі педагогикалық психологияның өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

2 М. Жұмабаев еңбектеріндегі психология мәселелерін
контент анализдік зерттеу
2.1 М. Жұмабаев ұлттық психология терминдерін жүйелеушілердің бірі ... 51
2.2 М. Жұмабаевтың Педагогика еңбегіндегі психологиялық ұғымдарды
контент – анализдік зерттеу
мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 61

Кіріспе

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-
әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық
санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген
жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай
жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа
бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-
пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы
мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық
мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы
мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының,
мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан
көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да,
сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының
себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым
толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін
үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық
тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне
сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп
қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып
табылады.
Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір
жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен
заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар.
Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп
өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да
кездеседі.
Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық
рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-
сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле
неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле
отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.
Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани
мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын
ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы
мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының
ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең
мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев.
Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол
тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның
дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу
процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім
мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-
қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол
жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның
өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп
басып, дәл әсер береді.
Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев тәрбие – дене тәрбиесі және жан
тәрбиесінен құралады дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде
оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз
бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала
тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді.
Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық-психология саласындағы
еңбегіне талдау жасап, психология ғылымына қатысты термин, ұғымдарды
саралау.
Зерттеу болжамы: Мағжан Жұмабаевтың мұраларын зерттеу арқылы – 20
ғасырдың бас кезіндегі қазақ психологиялық ой-пікірлерінің даму деңгейін
анықтауға болады.
Зерттеу обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық- психологиялық
еңбегі.
Зерттеу пәні: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық психология саласындағы
көзқарастары және ой-пікірлері мен оның ұлттық психология ғылымына қатысты
термин, ұғымдары.
Зерттеу әдісі: тарихи тұрғыда жазылған педагогикалық-психологиялық
әдебиетке контент-талдау, өмірбаян әдістері арқылы зерттелді.

I М. ЖҰМАБАЕВ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ
1. XX ғ. басындағы қазақ педагогикалық-психологиялық ой-пікірлердің
қалыптасу жағдайлары

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-
әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық
санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген
жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай
жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа
бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-
пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы
мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді.
Бұлардың арасында Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров және т.б бар. Мәселен,
күні бүгінге дейін жарияланбаған қолжазбаларының бірінде педагогика мен
психологияның ғылыми мәселелеріне байланысты құнды пікірлер кездеседі. Ол
сезім мүшесінің қызметі, жүрек пен жанның, жан мен мидың байланысы, ойлау,
қиял қуаттары, түс көру себептері, бала мен ата-ананың өзара қарым-
қатынасы, қыз баланы оқуға тарту жайында қызығылықты да салиқалы пікірлер
айтады.
Адамның ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы айта келіп, еркі күшті адам
алдына қойған мақсатты жолында ештеңеден қайтпай, талабынан бас тартпай,
келешектен ешбір үміт үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай әрекет етеді дейді.
Жігері мен қадір-қайраты мол адам еш уақытта үйде отырып, тыныш өмір сүре
алмайды. Оның бүкіл тыныс-тіршілігі ылғи да талас-тартыс пен күреске толы.
Өйткені, оның бар арманы мақсатқа жету жолына бағышталады. Адамның мінезі
мен психологиясы туралы бұдан басқа да айтқан ғылыми түйіндері баршылық.
Қазақстандық психология ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым
қайраткер Қ.Б.Жарықбаев Қазақстандағы Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы
педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасып, дамуы жайлы сөз
қозғағанда Әліппе (1924-жыл) авторы А. Байтұрсынұлын ерекше ілтипатпен
қазақтың ғылыми тәлім-тәрбиелік жүйесінің көш басшысы ретінде еске алады.
Ғалымның қазақ Әліппесін жасауы, араб жазуының реформасы, қазақ тіл
білімі мен сөз өнерінің негізгі терминдерін түзеп, халқымыздың ойлау
мүмкіндігімен сабақтастыра, олардың әрқайсысына таңба беріп, грамматикалық
категорияларының жүйесін жасағаны, әсіресе, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін,
сөйлем жүйесін жасағандығы, ұлттық тәлім-тәрбие ғылымына қосылған баға
жетпес үлес екендігі даусыз екендігін айтады.
Сондай-ақ, қазақтың аса көрнекті жазушысы, публицист, журналист, ақын,
қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының (1885 – 1935) күрескерлік жолы оның
1906-жылы Санкт-Петербургте Серке атты газеттің шығуына ат салысуынан
басталады. 1922 – 1926-жылдары Орынборда мұғалім болып жүріп, мектеп
оқушыларына арнап Қирағат, кейіннен Қызылорда да Есеп құралы дейтін
кітаптарды баспадан шығарады. Осы еңбектерінде тәлім-тәрбиелік,
дидактикалық әңгімелер, яғни, балаларды ізгілікке, қайырымдылыққа,
имандылыққа баулитын ертегілер мен аңыздарды көптеп жариялайды. Оның
көшпелі қазақ елінің әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-
тәрбиесі мен үлгі-өнегесі жайлы айтқандары: балқыған жас баланың ойына,
қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, оның үйреніп, керекті мағлұмат алып
шығады дегендері қазір де аса зор маңызға ие [1].
1923 жылы сол кездегі Қазақ республикасының астанасы Орынборда Халық
ағарту институтының ректоры В.Я.Струминский (1880 – 1967) жаңа талабына
орай тұңғыш рет Психология кітабын шығарады. Бұл кітап сол кездегі Санкт-
Петербург пен Мәскеудегі ғылыми зиялыларды дүр сілкіндірген оқиға болды.
Өйткені, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Психология ендігі жерде
қандай болуы керек, және оны марксизмге негіздеп қалай жаңғырту керек деген
мәселе сол кездегі ғалымдардың алдында тұрған нөмірі бірінші мәселе еді.
В.Я.Струминский сол кезде жаңа құрыла бастаған мектептер үшін Мұғалімнің
қолына түспейтін кітап (1923) атты еңбек жазды. Соңғысы қазақ мектебінің
жаңа бағытта қаз-қаз басуына методикалық жағынан едәуір себебін тигізді.
Т.С. Қаленова зерттеулеріне сай туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта
көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-
ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді
өндіре жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы. Бас аяғы бес- алты жылдың
ішінде оның осы салада алты кітап жазуы – бұл айтқанымыздың жақсы айғағы.
1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға
арнап Тәрбиеге жетекші (Орынбор, Госиздат, 186-бет), 1926-жылы екі кітап,
бірі – Психология (Қызылорда –Ташкент), екіншісі Жан жүйесі және өнер
тандау (М.Центриздат, 81-бет), 1929-жылы Комплекспен оқыту жолдары
(Қызылорда, Қазгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған Жаңа ауыл
(бастауыш класқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-1930ж.ж) Сауатсыздықты
қалай жою керек? т.б жариялады [2].
Мәселен, оның Тәрбиеге жетекшісінде дидактика мен педагогиканың
психологиялық ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік терминдер
жүйесі сөз болды. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың
Дидактика бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету
әдістері, машықтану жолдары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б).
Жиырмасыншы жылдардағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы
мысалдар терең талданбады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық
психологияның кейбір мәселелері сөз болды. Олар: ұстаз бен шәкірт
ынтымақтарының басты белгілері, қазақ мектебінің өзіндік ерекшеліктері
мұндағы еңбек тәрбиесі, т.б. Әрине, кітаптың құрылымы жағынан жекелеген
олқылықтары да жоқ емес. Ж.Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы
айтқанда, оның Психология атты төл оқу құралы толық жалпы психологияның
мәселелерін қарастырылған.
Психология, - деп жазды автор осы кітаптың беташарында: терең ой, терең
білім, терең пәлсапаға соғатын пән, өзге білімдер затшылдыққа табанын
тіресе де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ. Қарапайым адамға
жұмбақ сияқты көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады. Себептері,
сырлары айқындалады, бұлардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де
болса керек-ті. Бұл кітапты алдымен бала оқушыларға ұсынамыз. Қала берсе,
кімде-кім әлеуметпен, қоғаммен қатынасып, қызмет ететін болса, оның бәріне
де психология пайдалы кітап деп ойлаймыз, хат танитын жәй қазақ, арындамай
оқи алса, едәуір білім алар деп сенеміз. Оқырманына осылай ой сала келіп,
Ж.Аймауытұлы: Психология нені сөйлейді? дейтін бірінші тарауда осы
ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді [3].
Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi барлық тұлғалар өзiнiң
әлеуметтiк ортасымен және уақытымен тiкелей байланысты. Бейнеленген
адамдарды сол дәуiрдiң қоғамдық саяси өмiрiнен, әдет-ғұрпы мен табиғатынан
бөлiп қарауға болмайтыны автор еңбектерiнiң негiзгi қағидасы болып
табылады. Автордың көркемдiк қлемiнде әлеуметтiк-сославиелiк ортаның ықпалы
абсолюттiк дәрежеде болғанмен кейбiр оқиғаларда кейiпкерлердiң iс-әрекетiне
тiкелей үстемдiк ететiнiн байқауға болады. тағдырлары мен iс-әрекеттерi
қлеуметтiк жағдай мен қоғамдық ортаға тiкелей байланысты екiншi қатардағы
кейiпкерлердi айтпағанның өзiнде басты кейiпкерлердiң жүрiс- тұрысы көп
ретте сыртқы ортаның, жағдайдың қысымынан туындап жатады. Кейiпкердiң тек
жүрiс-тұрысы мен iс-әрекетi ғана емес, олардың көзқарастары, ұғымдары,
ойлау үлгiлерi де сыртқы ортаның әсерiнен бола алады. Бұл арада сыртқы орта
белгiлi бiр жағдайлардың тоғысуы ғана емес, негiзiнде материалдық,
сославиелiк мүдделер жатқан қатынастардың күрделi жүйесiнiңде қызметiн
атқарады.
Алайда, Жүсiпбек Аймауытұлының еңбектерiндегi тұлға концепциясын
көтерiп тұрған негiзгi кейiпкерлер-әлеуметтiк сценарийден шықпайтын, сыртқы
ортаның “өкiлi” ғана емес, олар қоғамның, жағдайдың үкiмiне, қысымына
қарсылық бiлдiредi. Өзiнiң әлеуметтiк жағдайына қарамастан, өз бақытына
ұмтылу, бостандық және тұлға мәселелерiмен тiкелей байланысты.
Жүсiпбек Аймауытұлының кейiпкерлерiнiң әлеуметтiк тәуелдiлiгi жеке адам
бойындағы ортаның әсерiнсiз бола беретiн шабыт, құштарлық секiлдi табиғи
психологиялық қасиеттермен үйлесiп отырады.
Тұлға концепциясымен оның автор еңбектерiндегi көркемдiк кейпiнiң
ерекшелiктерiн кейiпкер проблемасымен араластырмай отырып (себебi тұлға
концепциясы кейiпкер проблемасынан әлдеқайда кең ұғым) Қартқожа, Ақбiлек
бейнелерi арқылы адам бойындағы әлеуметтiк сипаттан (социальная
детерминированность) асып түсе алатын күштi көрсеткенiн атап өткенiмiз
жөн. Мұндағы кейiпкерлер тек әлеуметтiк ортаның заңдарымен ғана өмiр
сүретiн адамдар емес, олар өз бойларынан жағдайдың, ортаның ықпалына қарсы
тұра алатын қайрат тапқан, сол арқылы адам мүмкiншiлiгiнiң шексiздiгiне
сенiмдi бiлдiрiп қана қоймайды. Адамның абырой, намыс, жан ашу,
жауапкершiлiк т.б. психологиялық қасиеттердi сақтай отырып, кез-келген
жағдайда жол таба алатынына сенiмдi бiлдiредi.
Автордың кейiпкер таңдау принциптерiнен де гуманизм белгiлерiн байқау
қиын емес. Қоғам мен әлеуметтiк ортаның, жағдай үстемдiгiнiң бiрiншi
екенiн мойындай отырып, автор көркем сөз арқылы мәселенiң екiншi жағы
адамның өз тағдырын өзгерте алатын мүмкiндiгiн дәлелдейдi. Жүсiпбек
Аймауытұлы қоршаған ортаны бiр деңгейден өзгермейтiн әлде бiр оқшау жағдай
деп қабылдайтын ұғымдарға қарсы шыққан алғашқы қазақ қаламгерлерiнiң бiрi
болып саналады.
Біздегі ұлттық психологияның терминдерінің алғаш жүйеге түсуі де
Ж.Аймауытұлы есімімен байланысты. Қай кезде де термин сөздерге ауыр жүк
жүктелген, олардың жекелеген ғылымның өзіндік ерекшелігін бажайлап көрсете
алуы абзал. Ғылыми ұғымдардың ана тілімізде дұрыс түйінделуі аса
мұқтияттылықты қажет етеді, сондықтан да біз әрбір терминнің тұрақты орын
алуына, біртіндеп ширай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. Осы айтылғандарға 20-
шы жылдардың өзінде-ақ Ж.Аймауытовтың ерекше назар аударғаны құптарлық
жәйт.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен
қазақ әйелдерінің арасынан тұңғыш әлеумет өмірінде көрінген кісілердің бірі
– Нәзипа Құлжанова болды.
С.Қалиев, Қ.Б.Жарықбаев сынды ғалымдарымыз Н. Құлжанованың ұстаздық,
тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегін айтады. Оның бірі 1923-жылы
Орынборда шыққан Мектептен бұрынғы тәрбие, екіншісі Ана мен бала
тәрбиесі. Қазақ қоғамы жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің ғылыми
астарлары әлі де болса айқындала қоймаған кезде Н. Құлжанованың осынау тың
жатқан істі өзіне зор міндет етіп көтеруі – оның бала тәрбиесінің сан-
саналы шараларын көрсете алатын біліктілігінде еді.
Айтылған еңбегінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын,
олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз етуімен бірге қоғамдық ортадан
тәрбие алатын жас ерекшеліктеріне қарай, оның қоршаған ортасының ықпал-
әсерінен туындайтын психология-лық өзгерістерді кеңінен баяндайды.
Н.Құлжанованың еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ
елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған
нақты көріністер айқын байқалады [4].
Ш.Елеукенов пікірінше М. Жұмабаевтың 1917–1920-жылдар аралығында өмірі
мен шығармашылығы әлі де қосымша зерттеуді талап етеді. Бостандық туы
газеті Омбыда шығып тұрғанда, ал 1921-жылы осы облыстық газет Петропавлға
көшкенде оның жауапты редакторы болып істеген. 1920–1927-жылдары М.
Жұмабаевтың шығармашылығы ең шырқау биігіне жетеді. 1922-жылы Қазанда, 1923-
жылы Тәшкенде ақынның өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын үсті-үстіне өлең,
поэмалар, әңгіме, очерк, мектеп балалары үшін арнайы шығарма жазуға
қатысты. Мағжанның алып тұлғасын танытқан ең шоқтығы биік шығармасы –
Батыр Баян. Бұнда көркем психологизмнің, алуан түрлері түзілген. Адам
мінезі, әрекеттері, ішкі жан дүниесі, сөзі, адамдардың өз әрекеттерінің
жүректе, жан әлемінде әлдебір өзгеріс, сілкініс туғызуы – осы формалардың
бәрі-бәрі ұласып, жалғасып отырады. Психологиялық талдау, ішкі монолог, жан
әлеміндегі арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының қырлары, бір ойдың екінші
бір ойды теріске шығаруы, ішкі адамның бір мәмлеге келе алмай жанталасуы,
соның нәтижесінде адамдардың соңғы шешімге, әрекетке бой ұруы яғни
диалектикасы дейтініміз міне бұл кең өріс алады [5].
Эпикалық поэма оқиға қызығына құрылатын жанр. Ол адамдардың ішкі
әлеміндегі құбылыстарды тікелей бейнелеуді мақсат етпейді. Кейіпкер
психологиясын, мінезін, біз оның ісіне, әрекетіне қарай бағалаймыз. Бар іші
сыртқа теуіп тұрады. Оқиға жетегінде жүріп әсерленеді. Жалпы көркем әдебиет
– роман, әңгіме, өлеңдердің барлығы адам сезімі, өмірі, ой-санасы, мінез-
құлқын т.б қамтиды. Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер,
қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде
биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік
сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек
қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.
Қазақстандағы ұлттық психология ғылымының негізін салушылардың еңбектері
бүгінгі таңда терең зерттеуді қажет етеді. М. Жұмабаевтың мұраларын
зерттеу жұмыстарының көбейіп келе жатқанын байқауға болады.
Ғалым-зерттеуші А.Т.Ақажанованың М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі сәби
тәрбиесі, психикалық даму және жалпы психология мәселелері туралы
көзқарастарын қарастырып, ғылыми мақалалар жазған. Автор өз мақаласында
жалпы психология ғылымындағы дағдарыстың Қазақстан психологиясына тигізген
әсері және репрессия құрбандарының осы саладағы еңбектерін зерттеуге жаңаша
ғылыми тұрғыдан келу өзектілігін көрсетеді [6].
Қазақстандағы ұлттық психология ғылымының негізін салушылардың еңбектері
бүгінгі таңда терең зерттеуді қажет етеді. Жиырмасыншы ғасырдың бас
кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-
қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі
әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп
құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие,
педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Тұжырымдай келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп,
табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту
мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре
жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен
психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы
баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп
санады.
Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв
жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен
алатын орнын жеткілікті талдайды. Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние,
сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды
зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-
намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен
адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.

1.2 М. Жұмабаевтың өмір жолы мен қызметі туралы жалпы мағлұмат

М. Жұмабаев – қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшін өз
бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі. Қынаптағы семсердей, халқының
игілігіне не істеуге жұмсалса да даяр болған. Мен ақынмын, көкте жүзуім
керек демей, қазақты сөзбен емес, іспен оятуға талпынған. Елінің қамын
жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылар деп армандаған аяулы
ақын енді міне, ел-жұртының арасына қайтып оралуда.
Ш.Елеукенов зерттеу еңбектері бойынша М. Жұмабаев 1893-жылы қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Молодежный совхозында әулетті
отбасында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл М. Жұмабаев атында. М. Жұмабаев өз
заманының ең білімдар адамының бірі болған. 1903-жылы дейін ол әуелі ауыл
молдасынан, содан кейін мұғалімнен оқиды. Бұдан кейінгі жылдар Уфадағы
Ғалия медресесінде дәріс алады, орыстың маңдай алды оқу орындарында білімін
толықтырады. 1913–1917-жылдары Омбы мұғалімдер семинариясын, 1923–1926-
жылдары Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітіреді [7].
М. Жұмабаевтың қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптаса бастаған кезде Ресей
империясының отары Қазақстанның халі мүшкіл еді. Өскен капиталистік
қатынастар жайлай түсті. 1913-жылы Қазан қаласында М. Жұмабаевтың Шолпан
атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Жиырмадан енді асқан жас ақын
бірден жұртшылық назарына ілігеді. Әсіресе қазақ жастары арасында Мағжан
аты кеңінен жайылады. Олар ақын айналысына топтаса бастайды. Омбы қаласында
Бірлік деген қолжазба журналына редактор болады.
Ресейдегі ақпан төңкерісіне байланысты қазақ даласында ұлт-азаттық
қозғалыс жаңа белеске көтерілді. Нағыз таң атты деп есептеген Мағжан 1917-
жылдың көктем-жаз айларында кұрылған Алаш партиясы басшысының Қазақстан
Ресей Федерациясының құрамында автономия алуы тиіс деген ұранына қосылады.
М. Жұмабаев 1917-жылдың көктемінде Ақмола облыстық комитеті халық ағарту
бөліміне енгізіледі. Алаш партиясының съездерінде, Құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат, қазақ мектептері үшін оқулық жасау комиссиясының
мүшесі болып сайланады. Мағжан 1918-жылдың қаңтарынан мамырға дейін абақты
деген сұмдықты басынан өткереді.
М. Жұмабаевтың 1917–1920-жылдар аралығында өмірі мен шығармашылығы әлі
де қосымша зерттеуді талап етеді. Бостандық туы газеті Омбыда шығып
тұрғанда, ал 1921-жылы осы облыстық газет Петропавлға көшкенде оның жауапты
редакторы болып істеген. 1920–1927-жылдары М. Жұмабаевтың шығармашылығы ең
шырқау биігіне жетеді. 1922-жылы Қазанда, 1923-жылы Тәшкенде ақынның
өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақын үсті-үстіне өлең, поэмалар, әңгіме, очерк,
мектеп балалары үшін арнайы шығарма жазуға қатысты. Ақ жол т.б газеттер,
Шолпан журналы, түрлі баспа орындары ақын қаламынан туған дүниелерді
үзбей, сиясын кептірмей жариялап тұрды [7].
Осы кезде ақын аудармашылық, педагогикалық қызметке де қызу араласады.
1923–1926-жылдардың аралығында өзі жазған Бастауыш мектепте ана тілін
оқыту жолы, Педагогика, Бала тәрбиелеу жолдары, Сауатты бол
оқулықтарын әлденеше рет бастырып шығарады. Омбының мұғалімдер
семинариясын, сол кездегі Сібірдің университеті аталып кеткен мәртебелі
оқуын үздік бітірген жас ақын педагогика, психология мамандықтарын музаның
құрбандығына шалмаған. Екі-үш абзал міндетті қатар алып жүруге тырысқан.
Мағжанның өнеріне тән нәрсе – қолға алған тақырыбының тарихи немесе
теориялық бүге-шегесін барынша терең білдіретінінде. Бұған оның алғыр ойын,
ұшқыр қиялы мен сезімін қосамыз.
М. Жұмабаев – М.Горький шығармаларын алғашқылардың бірі болып
тәржімалады. Ол қазақ оқырмандарын пролетариат-тың ұлы жазушының Сұңқар
жыры т.б әңгімелерімен таныстырды. Өз тұстастары оны еуропалық зор
мәдениетті жазушы деп білсе, бұл нәтижеге ол оңайшылықпен жеткен жоқ.
Мағжан өзі сүйген орыс және дүниежүзі ақындарының көп-көп шығармаларын
таңды таңға соғып айтуға бартын.
Көркем шығарма – суреткер дүниетанымының бірден-бір өлшемі. Осы жағынан
да М. Жұмабаев шешуші қадам жасайды. Оның шығармаларында психологиялық
талдау, ішкі монолог деген сияқты бейнелеу жиі кездеседі.
Мағжанның алып тұлғасын танытқан ең шоқтығы биік шығармасы – Батыр
Баян. Бұнда көркем психологизмнің, алуан түрлері түзілген. Адам мінезі,
әрекеттері, ішкі жан дүниесі, сөзі, адамдардың өз әрекеттерінің жүректе,
жан әлемінде әлдебір өзгеріс, сілкініс туғызуы – осы формалардың бәрі-бәрі
ұласып, жалғасып отырады. Психологиялық талдау, ішкі монолог, жан
әлеміндегі арпалыс, тебіреніс, кейіпкер ойының қырлары, бір ойдың екінші
бір ойды теріске шығаруы, ішкі адамның бір мәмлеге келе алмай жанталасуы,
соның нәтижесінде адамдардың соңғы шешімге, әрекетке бой ұруы яғни
диалектикасы дейтініміз міне бұл кең өріс алады.
Эпикалық поэма оқиға қызығына құрылатын жанр. Ол адамдардың ішкі
әлеміндегі құбылыстарды тікелей бейнелеуді мақсат етпейді. Кейіпкер
психологиясын, мінезін, біз оның ісіне, әрекетіне қарай бағалаймыз. Бар іші
сыртқа теуіп тұрады. Оқиға жетегінде жүріп әсерленеді. Жалпы көркем әдебиет
– роман, әңгіме, өлеңдердің барлығы адам сезімі, өмірі, ой-санасы, мінез-
құлқын т.б қамтиды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-
қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол
жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның
өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп
басып, дәл әсер береді.
1927-жылы оқытушылық қызметпен айналысады. Жаңа өлеңдер жазады. Саяси
көзқарасы өзгерген Мағжан шығармашылығының жаңа парағы ашылды. Бірақ тағдыр
бұл беталысымен қалам тартуға жазбады. Ел басын сталинизмнің қара бұлты
торлай бастады. Оның көлеңкесі алдымен қазақтың Мағжан секілді маңдай алды
боздақтарына түседі. Басқа пәле тілден деуші еді. Мағжан Мәскеуде оқып
жүргенінде Алқа деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын. Бұл 1925-жыл
еді. Содан төрт жыл өткен соң осы контрреволюция ұясы болып шыға келді.
Обалы нешік, ақын зауал туды деп жүнжіген жоқ. Ізденді, күресті. Түбінде
әділет жеңетініне кәміл сенді. Солай болды да. Бағына М. Горькийдің көзі
тірі. Сол кісіден Мағжан әйелі Зылиха арқылы хат жолдайды. Ұлы гуманист
жазушының көмегімен Мағжан 1936-жылы қамаудан мерзімінен бұрын босанып
шығады.
Ақын тағы да жан алып, жан берді. Шын көңілден социалистік еңбек еліне
қызмет етпекке барын салды. 1937-жылы мамыр айында Қызылжардан Алматыға
келеді. Мұнысы қаңғалақтап жүріп, құрулы торға өзі түскенмен бірдей болды.
Сол жылдың желтоқсанында Мағжан ежовшылардың қаңды шеңгеліне түседі. Келер
жылдың он тоғызыншы наурыз күні жапон тыңшысы деген айыппен атылды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-
қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол
жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның
өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп
басып, дәл әсер береді.
Қорыта келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп,
табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту
мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре
жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен
психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы
баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп
санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв
жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен
алатын орнын жеткілікті талдайды.
Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі қастерлі міндеті – рухани жағынан
толысқан, жоғары саналы, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу. Себебі,
әдебиет жеке адамды тәрбиелеу арқылы тұтас ұлттың, қоғамның рухани бет-
бейнесін қалыптастырарлықтай күшке ие. Тарихқа жүгінсек, әр қоғам, қоғамдық
құрылыс әдебиеттің осы ерекшелігін терең түсініп, оны өз идеологиясын
насихаттау үшін пайдаланып отырған.
Қазақ халқын жетпіс жыл бойы тоталитарлық бұғауда ұстаған кеңес үкіметі
де өзінің дәстүрлі мәдениетін бойға сіңірген ұлт азаматын тәрбиелеуден
гөрі, "жаңа кеңес азаматын" тәрбиелеу мақсатында пәрменді идеология
жүргізді. Ғасырлар бойы жинақталған қазақ әдебиетінің аса бай мұраларын
халыққа таптық тұрғыдан біржақты түсіндіру нәтижесінде, тұтас ұлтты өз
мұраларынан өзі бас тартуына мәжбүр етті.
Осы орайда, Н. Елікбаев кеңес қоғамының қазақтың ұлт әдебиетіне деген
көзқарасын Коммунистік идеология тарихи, мәдени мұраны жаңа қоғам мүддесіне
пайдалану идеясын сөз жүзінде мойындағанмен, іс жүзінде асырған жоқ. Ол
ерте замандарда жасалған халықтық көркем туындылардың өзін, партиялық,
таптық тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Содан барып, біздің ұлттық әдеби
мұрамыздың көп бөлігі ескішіл, феодалдық, кертартпа, ұлтшылдық идеологияны
жақтайды деген сылтаумен қолданыстан шығып қалды. Саясаттан тыс жасалған
халық әдебиеті саясатқа бұра талданды- деп айқын ашып көрсетеді [8].
Әдеби мұраларға деген кеңестік солақай саясаттың тарихи әдебиетке
тигізген зияны да орасан зор болды. Тұтас ұрпақ Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж .Аймауытов, М. Жұмабаев т.б. әдебиетіміздің
біртуар тұлғаларынан, олардың ұлт рухын көтерген шоқтықты шығармаларынан
көз жазып қалды.
80-жылдардың соңы, 90- жылдардың басы Кеңес үкіметінің күні батып, оты
сөнуімен ғана емес, қазақ ұлтының тәуелсіздікке ие болуымен де тарихи
құбылыс ретінде халық жадында қалды. Зиялы қауым, қалың көпшілік ел ертеңі
қандай болуы керек деген сауалға тынымсыз жауап іздеп жатты. Бұл жағдай
еліміздегі оқу – ағарту саласында да айрықша байқалды. Басы ашық мәселе -
өз ұрпағына сапалы білім, саналы тәрбие бере алған елдің ғана ертеңі
жарқын, көкжиегі кең болмақ. Осы негізде еліміздегі белді ғалымдар мен
тәжірибелі әдіскерлердің, мектеп мұғалімдерінің қолға алуымен болашақ қазақ
мектебінің үлгісі (модел) ізделді. Осы ізденістер нәтижесінде "Жалпы білім
беретін қазақ орта мектебінің концепциясы", бірқатар пәндерді оқытуға
арналған концепциялар (1991 ж) дүниеге келді.
1991 жылы жарық көрген "Әдеби білім тұжырымдамасы" мектеп бағдарламасына
енгізілетін әдеби шығарманы іріктегенде бұрынғыша "буржуазиялық" және
"пролетарлық" белгілеріне емес, керісінше көркем туындының жалпы адамзаттың
игілік тұрғысындағы құндылығын, көркемдік дәрежесін ескере отырып таңдауға
жол сілтеген алғашқы құжаттардың бірі болды. Аталған тұжырымдамада қазақ
мектептеріндегі қазақ әдебиеті пәнін қайта құрудың негізгі бағыттарының
бірі ретінде: "...қоғамдық қажетті түпкі білімді қамтамасыз ететін базалық
программалар, оқушының жеке сұранысын, мүддесін қызығушылығы мен
бейімділігіне қарай негізгі және бағдарлы мектептер үшін вариативті
программалар жасау; программаларда қазақтың ауыз әдебиеті, көне әдеби
мұралары, классикалық әдебиеті...; дүниежүзілік прогресті әдебиет үлгілерінің
ара салмағын дұрыс анықтау; білім, білік, іскерлік дағдыларды нақтылап
белгілеу; программаға шығармалар іріктегенде оның көркемдік-эстетикалық
құндылығына, нақтылы тарихи-әдеби және жалпы адамзаттық мазмұны мен
мағынасына, гуманистік, адамгершілік тағылымына ерекше мән беру деп атап
көрсетілген.
Әдеби білім тұжырымдамасындағы бұл бағыттар мектептегі әдеби білім
мазмұнын қайта қарау, оны жаңарту жолындағы бағдарлама, оқулық жасаушы
әдіскер ғалымдардың ізденіс-әрекеттеріне жаңа серпін берді. Сондықтан да 5-
11 сыныптардың аралығын қамтитын әдебиет бағдарламаларына ақталған
арыстарымыздың шығармаларын іріктеуде жоғарыда атап көрсетілген тұжырымдар
басшылыққа алынды. Әдебиетіміздің бес арысының жас шәкірттерді жоғары
адамгершілік саналылыққа, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейтін, әрі
олардың жас ерекшеліктеріне, оқырмандық және өмірлік тәжірибелеріне сәйкес
келетін таңдаулы шығармалары тұңғыш рет әдебиет пәні бағдарламасына
енгізілді. Шәкәрім Құдайбердиевтің "Қалқаман-Мамыр" (8-сынып), Ахмет
Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш", "Қырық мысал" (10-сынып), Міржақып
Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" (10-сынып), Жүсіпбек Аймауытовтың "Қартқожа"
(11-сынып), Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" (11-сынып) сияқты басты
шығармалары мектеп оқушыларының да рухани азығына айналды.
Соңғы он екі - он үш жыл көлемінде аталған авторлардың шығармаларын
әдебиеттану тұрғысында талдап-таразылаған З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың,
Т.Кәкішевтің, Р.Бердібаевтың, М.Әлімбаевтың, Х.Абдуллиннің тағы басқа
ғалымдардың іргелі еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер тікелей
әдебиетіміздегі ақтандақтарды оқыту мәселесіне арналмағанмен, әдіскер
ғалымдардың, мектеп мұғалімдерінің, халқымыздың қалаулы қалам
қайраткерлерінің шығармашылығындағы авторлық концепцияны, поэтикалық
құндылықтарды оқушыға жеткізу мақсатындағы өзіндік әдістемелік
ізденістеріне жәрдемін тигізгеніне күмән жоқ. Орыс әдістеме ғылымында бір
ғана А.С.Пушкинді, Н.А. Некрасовты немесе М.Ю. Лермонтовты мектепте оқытуға
арналған көптеген іргелі еңбектер бар. Сондықтан А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев
бастаған әдебиет арыстарының әрқайсысының шығармаларын мектепте оқытудың
әдістемелік проблемаларын арқау еткен арнайы еңбектердің қажеттілігінде
күмән жоқ.
Осы орайда оқулықтарымыздың орнын толтыруға септігі тисе деген мақсатпен
Мағжан Жұмабаев шығармаларының мектепте оқытылуының жай-жапсарын арнайы
қарастырып отырмыз. Мағжан шығармалары алғаш рет 1991-1992 оқу жылына
арналған әдебиет пәнінің өтпелі бағдарламасына енгізілді. Бұл жаңадан әдеби
білім мазмұны қайта қаралып жатқан кезең болғанымен де, бағдарлама
авторларының ақынның көркемдік қуаты жоғары, оқушының жас ерекшелігіне сай
келетін шығармаларын сарабдалдықпен таңдап ала білгендігі байқалады.
Аталмыш бағдарламаға Мағжан Жұмабаевтың 15 өлеңі, "Жүсіп хан" және "Батыр
Баян" поэмалары енгізіліп, бұл шығармаларды оқытуға 13 сағат бөлінген.
"Жүсіп хан" ертегі-поэмасы мен "Жазғытұры", "Мен жастарға сенемін", "Мен
кім?", "Жазғытұрым", "Сүйемін" өлеңдерінің 5-7 сыныптарға топтастыруда орта
буын оқушыларының сюжеті жеңіл, оқиғалы, мәнерлеп оқуға, жаттауға қолайлы
шығармаларға деген қызығушылығын, оқырмандық қабылдауын назарға алғандығын
байқау қиын емес. Ақынның өз кезіндегі қоғамдық шындықты, әлеумет
өміріндегі ауыр жағдайларды арқау еткен "Шын сорлы", "Қорғансыз", "Өткен
күн", тағы басқа өлеңдерінің 11-сыныпта оқытуға ұсынылуы жоғарғы
сыныптықтардың орта буындағы әріптестерімен салыстырғанда, ересек оқырман
ретіндегі психологиялық ерекшеліктерін, тарихқа, өнер туындысына реалды
көзқараспен қарайтын талғам-талабын ескергендік деп түсінеміз.
Өтпелі кезеңге арналған бұл бағдарлама 1994 жылы өңделіп, толықтырылып
қайта басылып шықты. Бұл бағдарламаның бұрынғысынан қаншалықты айырмашылығы
бар екендігі жөнінде арнайы түсінік хатта: "Жаңа оқу жылына ұсынылып
отырған әдебиеттің өтпелі кезеңге арналған бұл бағдарламаларында мазмұндық,
құрылымдық елеулі жаңартулар жасалды, көптеген материалдар қайта қаралды.
Әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік, эстетикалық бағытын күшейтуді
қамтамасыз етерлік мүмкіндігі мол жаңа есімдермен, соны туындылармен
толықтырылды,- деп, баға берілді. Бағдарлама авторлары айтып отырған бұл
өзгерістер Мағжанның бағдарламалық туындыларын қайта қарауға да өз әсерін
тигізген.
Р.Бердібаев бойынша әдебиет бағдарламасының ескі нұсқасына (1991 жылғы)
Мағжан Жұмабаевтың орта буын сыныптар үшін енгізілген "Жүсіп хан" ертегі-
поэмасы мен бес өлеңі 1994 жылғы бағдарламада сол қалпында өзгеріссіз
қалдырылған. Айырмашылық тек сағат санында ғана. Соңғы бағдарламада Мағжан
өлеңдерін оқытуға бұрынғыша сегіз сағат емес, он сағат бөлінген. Шеберлікке
таласпайды, бірақ әдеби шығармаларды тиімді оқытуда сағат жетімсіздігі де
кедергі болып жататындығын ескерсек, мұндай пайдалы өзгерістердің ақын
өлеңдерін оқыту сапасын арттыруға өз септігін тигізері ақиқат [9].
Мектептегі жоғарғы буын - әдеби білім берудегі шешуші кезең. Мұнда жас
шәкірттерге әдеби білім беру күрделене түседі. Сондықтан да, жоғарғы
сыныптар үшін шығармалар іріктегенде, олардың қалыптасып қалған талғамы,
көркем шығарманы шығармашылық қабылдау тереңдігі, өмірлік, оқырмандық
тәжірбиелерінің молдығын, көркем туындының поэтикалық құндылықтарына,нәзік
иірімдеріне айқын бойлай алатындығы есепке алынады. 11-сыныпқа арналған
соңғы бағдарламада осы жауапкершілік қатаң ескерілгендігі көрінеді. Өтпелі
бағдарламаның алғашқы нұсқасындағы Мағжанның он өлеңінің төртеуі ("Шын
сорлы", "Қорғансыз", "Жылқышы", "Сүйемін") алынып тасталған. Бұлардың
орнына жаңа бағдарламаға тыңнан "Жатыр" ...,"Қазағым","Мен кім?", "Батқан
күн, атқан таңның жыры", "Өнер-білім қайтсе табылар", "Орал тауы",
"Түркістан", "Туған жерім-Сасықкөл", "Сәрсенбайдың жыры", "Жан сөзі",
"Жазғытұры", "Толқын", "Жұлдызды жүзік, айды алқа ғып берейін", "Сен сұлу"
өлеңдері қосылып,ақынның бағдарламалық туындылары екі есеге, яғни,жиырмаға
дейін көбейтілген. Бұрынғы оқытылып келе жатқан туындылардан өзгеріссіз
қалдырылғаны- "Менің тілегім", "Мен жастарға сенемін", "Жазғы таң",
"Орамал", "Сағындым", "Өткен күн" өлеңдері мен "Батыр Баян" поэмасы ғана.
Мағжан туындылары сан жағынан көбейтіліп қана қоймай, бұрыннан оқытылып
келе жатқан (1991 жылдан) бірқатар өлеңдерінің әлеуметтік өмір шындығы,
отаншылдық,өнер-білімнің қажеттілігі т.б.мәселелері аса өткір жырланған
шығармаларымен ауыстырылуы, ұнаған шығарманы өзі таңдап оқуы үшін мұғалім
мен оқушыға еркіндік берілуі, сағат санына біржақты шектеу қойылмауы,бұл
сынып бағдарлымасының 1991 жылғы нұсқамен салыстырғанда, анағұрлым жақсара
түскендігін көрсетеді.
Еліміз мектептері 2001-2002 оқу жылынан бастап жаңа буын оқулықтарымен
оқытыла бастады. Соған орай пәндерді оқытуда бірқатар өзгерістер мен
өзгертулер, толықтырулар қажеттігіне назар аударылды.
Н.Е.Дөкенова зерттеулеріне сүйенсек, әдебиет бағдарламасының жаңа
нұсқасында Мағжан Жұмабаевтың орта буын сыныптарда оқытылған шығармаларынан
өзгеріссіз қалдырылғаны – 6-сыныптағы "Мен кім?" өлеңі мен 7-сыныптағы
"Сүйемін" атты өлеңдері [10].
Бұрын оқытылған шығармаларының басқа шығармалармен ауыстырылуы – заман
ағымы , өмір талабы. Мысалы , 6-сыныптағы "Мен кім?" "Мен жастарға
сенемін" атты идеялас екі өлеңінің бірін "Мен жастарға сенемін" "Қазақ
тілі" өлеңімен ауыстыру Мемлекеттік тілдің даму қарқыны мен оны жүзеге
асырудағы кемшіліктерді жоюдан туындаса керек .
Ал жоғары сыныптағы "Батыр Баян" поэмасы сол қалпында қалдырылған. Тек
бұрынғысынша 11-сыныпта емес, 8-сыныпта оқытылады .
Жаңа буын бағдарламасының бұрынғы бағдарламалардан ерекшелігі -қосымша
оқуға аса үлкен мән берілгендігінде.
Мағжан шығармалары негізінде оқушыға әдеби білім беру ақын өлеңдері
енгізілген әдебиет оқулықтарының сапалық деңгейінің қаншалықты екендігіне
тікелей қатысты. Әрине, біз, бұл еңбегімізде мектепке арналған әдебиет
оқулықтарының жай-жапсарына арнайы тоқталуды мақсат тұтқан жоқпыз,
мәселенің Мағжанға қатысты тұстарына ғана ішінара көңіл бөлмекпіз.
5-сыныптың оқулық-хрестоматиясына енгізілген "Жүсіп хан" ертегі-поэмасы
аталған сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,оқырмандық қабылдау
мүмкіндіктеріне әбден сай келеді. Бір қарағанда оқиғасы оңай, мазмұндауға
жеңіл көрінгенмен, ақын ертегі-поэмада ел мен ер тағдыры,жақсылық пен
жамандықтың, жауыздық пен адамгершіліктің арпалысы тәрізді аса күрделі
проблемаларды оқушы алдына тартады. Ертегіге қосымша берілген Ә.Тәжібаевтың
"Жүсіп хан" поэмасы турасындағы зерттеуінен үзінді оқушылардың аталған
туындыны шығармашылықпен түсінуіне қызмет етіп тұр.
Жас шәкірттердің әрбір өтілген шығарманың ішкі иірімдеріне, көркемдік
ерекшеліктеріне бойлауы үшін мәтін соңында берілетін сұрау-тапсырмалардың
мәні үлкен.
"Жүсіп хан" ертегісіне байланысты оқушыларға екі түрлі тапсырма
ұсынылған. Бірі-ертегіні мазмұндап айту, екіншісі-кейіпкерлерге жеке-жеке
мінездеме беру. Біздің ойымызша, терең пайымдауға тұрарлық туынды үшін бар
болғаны екі тапсырма ұсыну аздық етеді. Осы негізінде, оқушыға берілер
тапсырмалардың санын көбейте түссе артықтық етпес еді. "Жүсіп хан" ертегі-
поэмасының көлемі, көтерген проблемаларының күрделілігі, көркемдік
ерекшеліктері осыған сұранып тұрғандай. Бұл тұрғыдан алғанда, осы сыныпта
оқытылатын Мағжанның "Жазғытұры" өлеңі үшін ұсынылған сұрау-тапсырмалар
оқушылардың ақын поэзиясының мән- маңызын, көркемдік сөз олжаларын терең
түсінулеріне мүмкіндік жасайтындай сәттілігімен ерекшеленеді. Сонымен
қатар, 5-сынып оқулығына енгізілген Мағжан шығармаларының қаз-қатар беріле
салмай, жанрлық және тарихи-әдебиеттік сипатына қарай "Жүсіп хан" ертегі-
поэмасының әдеби ертегілер қатарында, ал "Жазғытұры" өлеңінің ХХ ғасыр
әдебиеті үлгілері айдарымен берілуі оқулық-хрестоматияда ғылыми
жүйеліліктің қатаң сақталғандығын байқатады.
6-сыныпта Мағжанның "Мен кім?", "Мен жастарға сенемін" өлеңдері
оқытылады. Ақын "Мен кім ?" өлеңі арқылы әрбір жас адамның өжет те өршіл
болуын қалайтындығын аңғартса, "Мен жастарға сенемін" өлеңінде аталған
қасиеттердің елге қызмет ету үшін жұмсалуы ғана жас адамның азаматтық
келбетін айқындайтынын жырына арқау етеді. Сондықтан біріндегі ойды
екіншісі толықтырып, өнегелі жастықтың бет-бейнесін жасауға қызмет етіп
тұрған тақырыптас өлеңдердің оқулықта қатар берілуі құптарлық.
7- сыныпқа арналған оқулық-хрестоматиядағы Мағжанның "Сүйемін",
"Жазғытұры" өлеңдері де ақындық қуатқа суарылған сарабдал туындылар.
Алғашқы өлеңде ақынның өз елін, жерін перзенттік махаббатпен сүюі шынайы
шеберлікпен бейнеленсе, екіншісінде - туған жер табиғаты, дала болмысы бар
әсемдігімен жырланған.
Мектеп оқушысының орта буын сыныптарында алған әдеби білімі жоғарғы
буынға келгенде күрделене түседі. Мұны 11-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті
оқулығындағы Мағжан Жұмабаевқа арналған тараудан да байқауға болады. Ақынға
арналған тарауды жазған М. Базарбаев Мағжанның өмірі мен шығармашылығына
қатысты аса маңызды мәселелерді ғана қамтығандығы көрінеді. Автордың Мағжан
шығармашылығын "Ақын тағдыры", "Ақынның өлеңдері", "Поэмалары" деп жеке
тақырыптарға бөліп қарастыруы оқушының аталған мәселелер төңірегінде дербес
ойлауына, жүйелі қабылдауына мүмкіндік туғызып тұр. Автор "Ақын
тағдырында" Мағжанның дүниеге келген кезінен бастап, өмірінің соңына
дейінгі жүріп өткен жолын, өскен ортасын, азаматтық, ақындық қалыптасуын
сол кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдайлармен байланыста алып сөз етеді. Бас
аяғы екі - үш беттік көлемде қамтылған көл-көсір дүние ұзын -сонар
хронологиялық деректер немесе оқиғалар тізбегі күйінде қалмай, бірін-бірі
толықтырып тұр. Сол сияқты ақынның өлеңдері мен поэмаларын талдауға
арналған тақырыптар да Мағжан поэзиясындағы жалпы адамзаттық ауқым мен
романтикалық пафостың ақиқат сырын жан-жақты ашып көрсетуге тырысумен
құнды. Автор ақынның "Жазғы жолда", "Қысқы жол", "Жел", "Сағындым",
"Тәңірі", "Пайғамбар", "Батыр Баян"(поэма) өлеңдеріне байыпты талдаулар
жасай отырып, Мағжанның ақындық "менін", оның шығармашылығын шоқтығы биік
тосын құбылыс ретінде көрсетіп тұрған жәйттарды қоғамдық-әлеуметтік
жағдайлар, ұлт-тағдыры сияқты проблемалар аясында алып қарастырады. Мағжан
шығармашылығының шығыстық тамыры, Абаймен ұқсастық жақтары, Гете, Гейне,
Пушкин, Лермонтов, Короленко, Мережковский, Бальмонт, Брюсов т.б. ақындар
шығармашылығына қатыстылығына қатысты айтылған ой-толғаулары 11-сынып
оқушысының ғылыми ойлауын, әдеби дамуын қанағаттандыруға әбден сай
келетіндігін атап айтамыз.
Оқушының көркемдік қабылдауын тәрбиелеу – оңайдан қиынға қарай
әдістемелік жұмыстар арқылы сатылап жүзеге асырылатын аса маңызды құбылыс.
Бұл орайда, оқулық соңында берілетін сұрау-тапсырмалардың мәні үлкен.
Әдістемелік заңдылықтарға сүйеніп жасалған ілімді сұрау-тапсырмалар
оқушыны бір шығармашылық күйден екінші күйге ауыстырады, көркем шығарманың
ішкі ырғақтарын "тыңдай білуге", қаламгердің көркемдік сөз олжаларына
бойлауға мәжбүр етеді. Өкінішке орай, Мағжан шығармашылығының соңында
берілген:
"Мағжан Жұмабаев қандай ақын болған?", "Қандай поэмалары бар?"
сипатындағы жеңіл-желпі, жалпылама қойылған сұраулар 11-сынып оқушысының
жас ерекшелігіне сәйкес келмейтіндігі өз алдына, оқушыны ақын
шығармашылығын терең түсінуге жетелейді деп айта алмаймыз.
Мағжан Жұмабаев тәрізді күрделі ойдың ақыны мектеп оқулығы көлемінде
ғана танып- білу оқушының ақынның суреткерлік құпияларын терең меңгеру үшін
аздық етеді. Бұл олқылықтың орнын толтыруда мектеп оқушысының өмірлік
тәжірибесіне, жас ерекшелігіне, әдеби қабілетіне лайықталып жазылған
қосымша зерттеу еңбектердің, оқу құралдарының маңызы өлшеусіз.
Аталмыш жайдың М. Жұмабаев шығармашылығына қатысты жағына келсек, өтпелі
кезеңде жарық көрген бірен-саран дүниелер болмаса, бұл тарап әлі де
қозғаусыз жатыр десек артық айтпағанымыз.
Шериаздан Елеукенов жазған "Мағжан Жұмабаев" атты 11-сыныпқа арналған
қосымша оқу құралы сол аздың бірі. Шериаздан Елеукенов бұл еңбегінде
Мағжанның өмірі мен шығармашылығына қатысты негізгі мәселелерді толық
қамтуға тырысқан. Еңбектегі "Өмірі мен творчествосы", "Творчестволық өсу
жолы", "Өсу кезеңдері", "Мағжан және балалар әдебиеті", "Батыс-Шығыс —
әдеби тоғысу проблемалары", "Мағжанды сүйемін..." деп, аталатын тақырыптардың
өзінен-ақ, автордың 11-сынып оқушысының ойын ғылыми жүйеге салу мақсатын
көздегендігі байқалады.
11-сынып оқулығында Мағжанның азаматтық, ақындық қалыптасуы сол
кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра баяндалса, Шериаздан
Елеукенов еңбегінде бұл мәселе ақынның әр кезде дүниеге келген
өлеңдеріндегі қоғам мен адам турасындағы көзқарастарын салыстыру
нәтижесінде кезеңдерге бөліп қарастырылады. "Мағжан Жұмабаевтың
творчестволық жолы,— дейді, Шериаздан Елеукенов,- үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі—Мағжанның өлең өлкесіне аяқ басқанынан бастап, 1917 жылдың
ақпанына дейінгі уақытты қамтиды. Екінші кезең—ақпан төңкерісі мен 1924
жылдың арасы. Үшіншісі—сол 1924 жылдан өмірінің ақырына дейінгі дәуір".
Қандай да болмасын шығармашылық тұлға өмірін кезеңдерге бөліп қарастырудың
шарттылық жағы болғанмен, зерттеу иесінің бұл әрекеті, Мағжанның
көзқарастар жүйесін, авторлық концепциясын айқын тануға жол ашып тұр.
Шериаздан Елеукенов өз еңбегінің Батыс пен Шығыстың әдеби тоғысу
проблемаларын сөз еткен тұстарында Мағжанды Батыс пен Шығыстың дәстүрлі
мәдениетін терең игерген біртуар тұлға ретінде ақын шығармашылығынан
мысалдар арқылы дәлелдеп отырады. Сонымен бірге бұл жағдайдың ұлттық
поэзиямызға тигізген әсерін де орынды атап көрсетеді. Осы негізде ғалымның
"Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани-эстетикалық тәжірибесіне қанығу, қазақ
поэзиясының бай мүмкіншіліктерінің көзін ашты, ұлттық поэзия дәстүрлерінің
бойына қан жүгіртіп байытты, бұрын әлі алына қоймаған қамалдарды алуға бел
байлатты", - деген байыпты байламдары Мағжантанудағы концепциялық тұжырым
ретінде қабылдануға лайық [11].
Мектеп оқушысының Мағжан шығармашылығын жан-жақты түсінуі үшін, мұндай
еңбектердің ауадай қажеттігін атап көрсете отырып, қандай да болмасын
мектепке арналған оқу құралдарының да кіші оқырмандарымыздың оқырмандық
тәжірибесіне бейімделуін, әдістемелік сипаттарының мол болғандығын қалар
едік.
Соңғы жылдары М.Жұмабаев шығармашылығы әдебиеттану ғылымы аясында жан-
жақты зерттеле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
Пәндер