Ежелгі грек жазба деректері



Кіріспе
1) ЕЖЕЛГІ ГРЕК ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ
2) ГРЕК ӘДЕБИЕТІ
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ГРЕК ақпарат хабарлары б.д.д. II-I ғасырларда жергілікті европеоидтерді, иран тілдес көшпенділерді ығыстырып, немесе олармен кан араластырып, қазіргі бүкіл Қазақстан аумағын мекен қылған көшпелі түркі халқы-хұндардың (сюнну) мемлекеттік идеологиясымен танысуға мүмкіндік береді. Хұнну державасының негізін қалаушы шаньюй (патша, хан) Мөде болды. Ол қарауындағылардың өзіне сөзсіз бағынуын қамтамасыз етіп, бұйрық берсе, арғымақ агын, аруәйелін, тіпті үлкен үлынатағын қимаған әкесі Тұмын (Бұмын) шаньюйді атып тастауға да мәжбүр етті. Мөденің қарауындағы жақын жүргендерді бұлайша қатал сыннан өткізуі карақан басының мүддесін ойлап, даңқын асыру емес, өз табандылығын танытып, бағынышты елінің қамын жеуден туған каталдық еді. Ол өз адамдарынан қалтқысыз беріліендікті, кажет болса қасықтай қанын қиюды талап етті. Онсыз елдің де, халықтыңда кұдіреті артпайтынын жақсы білді. Сөйтіп, Мөде хан өзін мемлекеттің кепілі етіп көрсетті. Демек, хүндардың мемлекеттігінде алғашқы орында халқы қалтқысыз бағынуға тиіс ақылды да көреген елбасы тұрды.
Хұндар мемлекеттігінің іргетасы -кәдімгі жер болды. Мөде таққа отырған тұста хұндардың көршілері моңғолдардың арғы тегі -дун-хуалардың құдіреті тасып тұрған болатын. Бірде олар Мөдеден сайгүлік атын, сүйікті жарын қалайды. Кеңесшілерінің қарсылығына қарамастан, Мөде олардың талабын орындайды. Дандайсыран дун-хуалар енді Мөдеден іргелес жатқан жердің бір БҰРЫШ ОРЫН сұрайды. Бұл жолы кеңесшілерінің дұшпанның талабын орындап, сұрағанын берейік деп ақыл қосқанына қарамастан, түйінді бір-ақ кеседі. Ашуға булыққан ол: жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны басқа біреуге қалай киюға болады, одан да атқа қону кажет дейді. Жерді берейік деп ақыл айтқандардың басын алып, тұтқиылдан шабуыл жасап, дунхуаларды тас-талқан етеді.
1. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990 (23-25 бет)

2. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(26 бет)

3. И.Е.Баренбаум
И.А.Сомракова «Книга и книжное дело в капиталических странах».
Л. 1990-(27 бет)

4. Интернет мәліметтері:www.google.ru
www. vikipedya.ru

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1) ЕЖЕЛГІ ГРЕК ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ
2) Грек әдебиеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ

ГРЕК ақпарат хабарлары б.д.д. II-I ғасырларда жергілікті европеоидтерді,
иран тілдес көшпенділерді ығыстырып, немесе олармен кан араластырып,
қазіргі бүкіл Қазақстан аумағын мекен қылған көшпелі түркі халқы-хұндардың
(сюнну) мемлекеттік идеологиясымен танысуға мүмкіндік береді. Хұнну
державасының негізін қалаушы шаньюй (патша, хан) Мөде болды. Ол
қарауындағылардың өзіне сөзсіз бағынуын қамтамасыз етіп, бұйрық берсе,
арғымақ агын, аруәйелін, тіпті үлкен үлынатағын қимаған әкесі Тұмын (Бұмын)
шаньюйді атып тастауға да мәжбүр етті. Мөденің қарауындағы жақын
жүргендерді бұлайша қатал сыннан өткізуі карақан басының мүддесін ойлап,
даңқын асыру емес, өз табандылығын танытып, бағынышты елінің қамын жеуден
туған каталдық еді. Ол өз адамдарынан қалтқысыз беріліендікті, кажет болса
қасықтай қанын қиюды талап етті. Онсыз елдің де, халықтыңда кұдіреті
артпайтынын жақсы білді. Сөйтіп, Мөде хан өзін мемлекеттің кепілі етіп
көрсетті. Демек, хүндардың мемлекеттігінде алғашқы орында халқы қалтқысыз
бағынуға тиіс ақылды да көреген елбасы тұрды.
Хұндар мемлекеттігінің іргетасы -кәдімгі жер болды. Мөде таққа отырған
тұста хұндардың көршілері моңғолдардың арғы тегі -дун-хуалардың құдіреті
тасып тұрған болатын. Бірде олар Мөдеден сайгүлік атын, сүйікті жарын
қалайды. Кеңесшілерінің қарсылығына қарамастан, Мөде олардың талабын
орындайды. Дандайсыран дун-хуалар енді Мөдеден іргелес жатқан жердің бір
бұрыш орын сұрайды. Бұл жолы кеңесшілерінің дұшпанның талабын орындап,
сұрағанын берейік деп ақыл қосқанына қарамастан, түйінді бір-ақ кеседі.
Ашуға булыққан ол: жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны басқа біреуге
қалай киюға болады, одан да атқа қону кажет дейді. Жерді берейік деп ақыл
айтқандардың басын алып, тұтқиылдан шабуыл жасап, дунхуаларды тас-талқан
етеді. Көріп отырғанымыздай, әулетті дұшпанмен соғысудың қатер екеніне
қарамай, тәуекелге бел буған Мөденің шешімі мемлекеттің мүддесін ойлаудан
туғаны айдан анық. Ал, ортақ мүддеге ол жеке басының мүддесін құрбан ете
білді. Ер қанаты атын, сүйікті жарын қиған ол, жерге келгенде бүгежектеп,
кипақтамай төтеден кетті. Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі деген
Мөденің жалынды сөзі мемлекеттіктің мәнін ерекше терең түсінетінін аңғартса
керек.
Хұндар мемлекеттігінің өзіндік ерекшеліктері мемлекеттің тетігінен де
айқын байқалады. Мәселен, оларда тұрақты әскер болмаған, бірақ оны жаппай
әскери міндеттілік (халық жасағы) алмастырды. Сол сияқты, олардың сайламыш
шенеуініктері мен қазылары, полициясы мен түрмелері де болмаған. Ақсүйектер
мен Карапайым көшпенділердің арасында өткел бермес мүліктік шыңырау болмай,
қарапайым қоғамдық қатынастар өріс алған. Ал, мұндай мүліктік айырмашылық
мол болған жағдайда Еуропа мемлекеттері сияқты қуатты жазалау және атқару
органдарын ұстау қажет болар еді ғой. Дерек көздерінде хұндарда әділ
қазылық жасап, төрелікті кім беріп келгені беймәлім. Бірақ, қылмыскер
жазадан құтылмаған сияқты. ГРЕК деректеріне қарағанда. хұндарда ұзақ
мерзімге бас еркінен айыру жазасы болған жоқ. Сот он күннен артыққа
созылмаған. Мемлекетті тұтас алғанда тұтқындар не бәрі оншақты ғана адам
болған.

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда, яғни ертедегі темір
ғасыры дәуірінде Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен саураматтар
үстемдік құрды. Олардың айрықша қару-жарақтары мен ат-әбзелдері, киім-
кешектері және өнерде хайуанаттар стилі деп аталған өзіндік ерекше
қолтаңба-мәнерлері болды. Қазақстанның бұл ерте дәуір (ежелгі дәуір) тарихы
антикалық (грек, рим) авторлар еңбектері мен ежелгі Иран патшалары
калдырған Ахеменид жазбаларында жақсы сипатталған.
Солардың арасында, керемет көркемдігін былай қойғанда, мазмұны мен дәлдігі
жағынан Геродоттың (б.д.д. 484-425 жж.) Тарихы ең құрметті орын алады.
Сол ерте заманның өзінде-ақ тарих атасы атанған Геродот бүгінде көп
ілтипатына ие. Оның өміршеңдігі - шыншылдығында, әділдігінде, адалдығында.
Маған дейінгінің бәрін жеткізу менің парызым, алайда айтылғанның бәріне
бірдей сенуге міндетті емеспін. Бұл қағиданы мен өзімнің тарих туралы
барлық еңбектерімде ұстанатын боламын дел жазды ол. Геродоттың көпті
мойындатқан танымалдығы-рахымдылығында, нәсілшілдікке бой ұрмауында,
астамшылдықтан адалдығында. Ол Батысты - Шығысқа, эллиндерді варварларға
қарсы қойғанымен де, туралықтан айнымайды. Оның Тарихында эллиндердің
(гректердің) нәсілдік артықшылығы, немесе грек еместерді — варварларды
кемсітушілік жоқ. Б. д. д. IV ғасырда дәрігер-тарихшы Ктесий Геродотты
тарихшы тұрғысынан жазғырмақ болды. Әсіресе, жазушы және тарихшы Плутарх
(45—127) тарих атасын өз отандастары — гректердің саяси өмірдегі орнын
төмендетті деп, қатты кінәлады.
- Грсктср өздерінен басқаларды варварлар деп атады, яғни грекше
сөйлемейтін бөтен халықтарды сөйлегендс тамақтан жануарлардыкіне ұксас бар-
бар-бар деген дыбыстар шығаратын адамдар дсп пайымдады. Бұдан нәсілшілдік
көзқарас айқын сезіледі.
IV ғасырда (б. д. д.) варвар деген сөздің жаңа мазмұны пайда болды; ендігі
жсрде Варвар бұрынғыдай мағынада емес, ол енді дөрекі, мәдениетсіз, арам.
Кұлшылдыққа жаралған адам деп саналды. Бұндай нәсілшілдік көзқарас әсіресе
Платонның еңбсктерінде ксздеседі. Оның ойынша, варварлар — гректердің
табиғи жауы, сондықтан олармен соғысып, варварларды қырып-жою - гректердің
міндсті. Аристотельдің ойы бойынша, варварлар табиғаты тұрғысынан - кұлдар.
Аристотсль Есксндір Зұлқарнайынға жазған бір хатында оны грсктерге
әкесіндей қамқоршы болуға, ал варварлармен қарым-қатынаста оларға мал мен
өсімдік сияқты қарауға шақырады.
Әрине, шовинистік пиғыл қандай залалды болса, сондай ұлтшылдықта пайдалы
емес. Моноцентризм тәрізді этноцентризм де ғылым үшін тәрбиелік түрғыда
зиянды да шектеулі бағдар. Әділ, шыншыл тарих қана көкейге қонбақ, тек сол
ғана әлемдік те, көрші елдік те қарым-қатынастарда сыйластықка сеп болмақ.
Қазақстанның көне тарихы — күрделі, шешілуі қиын түйіндері көп, зерттелуі
кенжелеп калған сала. Шын мәнінде, Қазақстанның казақ елінің тарихы
мыңдаған жылдарға тартады. Ал, соған карамастан қазақ тарихын бірнеше жүз
жылдықтармен ғана шектеп келдік. Қандай қайшылық десеңізші! Бейне бір
Қазақстан жеріне қазақтар тек XIV—XV ғасырларда ғана қоныстандырылғандай
және олардың қайдан, қалай келгені де мәлімсіз тәрізді. Мұндай жағдайда
қазақтың көне тарихы мүлде бұлдыр тартып, КУДІК туғызардай халге түсері
белгілі. Сондай жағдай болып та келді.
Ал, шындығында, казақ халқы тарихының соңғы 5-6 ғасырмен ғана
шектелмейтіні ақиқат. Өйткені, ол осы жерде ерте заманнан бастап өмір
сүрген тайпалар мен халықтардың. тікелей мұрагері, тектік жалғасы, XIV-XV
ғасырларда қазіргі атауымен түбегейлі дербес этнос болып қалыптасқан жұрт
болып табылады. XV ғасырдың екінші жартысында Орталық Азияның саяси
сахнасына Қазақ хандығының шығуы қазақ терминінің халықтың төл атауына
біржолата айналдырды. Осыдан бастап қазақ халқының тек өзіне ғана тән
тарихы басталады. Яғни, Қазақстан тарихы өзіне атын берген халықтың
тарихын қамти келіп, оның бастауы мен жалғастығын ұштастыра отырып,
кеңістік пен уақыттағы тарихи қозғалысының үзіліссіз дамуын құрайды.
Сөйтіп, казақ халкынынң тарихы Қазақстан жерін мекендеген, өз тегі болып
табылатын этникалық топтар мен қауымдастықтардың тарихтары арқылы кәрі
тарихпен ұштасады.
Қазақ халқының, Қазақстан тарихының бастауы тереңде, әріде жатыр. Ол уақыт
ұзақтығында ғана емес, кеністікте де үлкен өңірді қамтиды. Тарихымызды
зерделі зерттеу арқылы шындыққа, ақиқатқа жету - тарихшыларымыздың қарызы
мен парызы. Оны орындау адалдықты, тазалыкты талап етеді. Қазақстанның көне
тарихы күрделі, шешілуі қиын түйіндері көп, зерттелуі кенжелеп қалған сала
дей отыра, мәселені шешетін өзіміз, Қазақстан жастары, болашақ зиялылары,
тарихшылары дегім келеді.
Ал, скиф, сақ тарихына келер болсақ, мұның ғылыми тұрғыда жарыққа шығуында
Геродоттың атқарған рөлі орасан. Ол скиф пен сақтың бір тектен екенін
тұжырымдап, оларды скиф деп атаған гректер екенін дәл атап көрсеткен.
Геродоттың айтуынша, скифтер массагеттермен соғыс кезінде ЫРЫСЫП барып,
киммерліктердің жерін (Қара теңіздің солтүстік беткейін. - Б. Е.) иеленген
Азиядағы көшпелілер. Әсіресе, ертедегі темір ғасырында Қазақстан аумағын
мекендеген тайпалардың орналасу жағдайын түсінуде Геродоттың мынадай
мәлімдемесінің маңызы айрықша: Гиперборейлерден басқа, аримасптерден
бастап, барлық, сақтар ылғи да өз көршілеріне шабуылдаумен болған;
исседондарды өз жерінен - аримасптер, скифтерді исседондар ығыстырса, ал
Оңтүстік теңіздегі (Қара теңіз. - Б.Е.) киммерліктер елін скифтердің
қысымынан тастап кетті.
Геродот бұл қозғалыстарды б. д. д. VII ғасырда өмір сүрген, исседондардың
арасында болған грек ақыны, әрі саяхатшы Аристей заманымен байланыстырады.
Геродоттың айтуынша, Аристей оның уақытынан 240 жыл бұрын өмір сүрген. Ал,
әйгілі географ Страбонньщ жорамалы бойынша, Аристей атақты жыршы Гомердің
ұстазы болған. Осы мағлұматтарды ескерсек, скифтердің Алдыңғы Азияға жорығы
б. д. д. VII ғасырда болған деуге негіз бар. Шынында да, скифтер алғаш рет
Ассирия патшасы Асархаддон (б. д. д. 680-669 жж.) жазбасында аталады, мұнда
патшаның Сақ елінің адамдарын және оларды қорғай алмаған одактасы скиф
Ишпакайдың әскерін жеңгендігі туралы айтылады. Ишпакай опат болғаннан кейін
(673) скифтерді Прототии (Партатуа) бастайды. Оның ұлы Мадий Мидия патшасы
Киаксарға (625-585) тойтарыс беріп, оның патшалығын иемденеді. Мадий
Партатуаның Асархаддонның қызынан туған ұлы болуы мүмкін деген болжам бар.
Геродот бізге парсы патшасы II Кирдің б. д. д. 530 жылы Каспий тенізі мен
Әмудариядан шығысқа қарайғы аумақты алып жатқан массагеттерге карсы
жорығының шынайы тарихын калдырған. Әмудариядан өтіп, Кир массагеттер
патшайымы Томиристің ұлы Спаргапифтің әскери тобын алдап қолға тұсіреді.
Парсы жауынгерлерінің жұртында әдейі қалдырған шарапты ішкен массагетгер
мас болып ұйықтап қалғанда, іріктелген парсы әскері оларды оңай олжалайды.
Болған окиғаны және ұлының тұтқынға түскенін естіген Томирис: Сен,
массагеттер әскерінің Үштен біріне аяусыздық жасағаныңа қарамастан, менің
ұлымды кайтар да, елімнен жазасыз кет. Егер сен мүны орындамасаң, сенің
тойымсыздырыңа карамастан,
мен сені қанға құнықтыратыныма массагетгер тәңірі Күн атынан ант етемін, -
деп, Кирге жаушы жібереді. Кир бұл сөзге қүлақ аспайды. Геродоттың айтуы
бойынша, варварлар соғыстарының ішіндегі ең бір жанкештісі болған ғаламат
кантөгісте парсы әскерінін көпшілігі қырылып, Кирдің өзі де опат болады.
Томирис парсы өліктері арасынан Кирдің денесін іздейді. Оны тауып алғаннан
кейін, басын ішіне адам каны толтырылған торсыққа салып: Сеи ашық соғыста,
майданда емес, ұлымды айламен қолға түсіріп өлтірдің. Міне, енді мен сені
жеңіп, өзіңді өлтірдім. Мен серт бергенімдей, снді сені қанға тойғызамын,
- деген Томирис сөзі Геродот еңбегінде келтіріледі.
Ктесий Кир туралы баскаша баяндайды. Оның айтуынша, Кир сақтармен соғыста
патшайым Сфаретраның күйеуі Аморгты тұтқындайды. Сфаретра 300 мың ер және
200 мың әйелден қүралған әскерді бастап, Кирге қарсы шабуыл жасайды. Кирді
жеңіп, оның анасы Амитиді. інісі Пармизді үш баласымен тұткынға алады.
Соларды құтқару үшіи Кир Аморгты босатады. Ктесийдің мағлүматы бойынша, Кир
массагеттер мекендеген жерден солтүстікке карай орналаскан дербиктермен
соғыста қаза табады.
Тарихшы Трог Помпей (б. д. д. I ғ.) Кирдің өлімі туралы былай деп жазады:
Томирис Кирден кашқан болып, оның әскерін тау шатқалына айдап әкеледі.
Сонда құрылған тосқауылымен 200 мың парсы әскерін патшасымен коса
өлтіреді.
Байқап отырғанымыздай, кейбір сәттерінің өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы
Кир жорығының ауқымы мен нәтижесі туралы деректер бір ізді. Алайда,
солардың ішінде Геродоттың әңгімелері ерекше нанымды. Геродоттың
массагеттер, исседондар жайындағы этнографиялық суреттемелері күні бүгінге
дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Киім киісі, өмір сүру салттарымен
массагеттер скифтерге ұқсайды. Олар - атты және жаяу әскерлер, садақшы,
найзагер, айбалта асынғандар. Олар барлық қажеттеріне алтын мен мыс
тұтынады. Аттарының омырауларына мыстан қаптама жасап, ауыздық пен
тізгіңдерін алтынмен әшекелейді, - деп жазады Геродот. Ал, сақтардың киімі
тығыз киізден тігілген шошақ, тебелі бөрік пен шалбар, карулары садақ,
қысқа кылыш пен өзгеше жасалған айбалта (сагарий) дейтін пікірлер сол
замандардағы тарихшылар еңбектеріндс жиі айтылады.
Қазақстан тарихын, әсіресе оның этникалық жайларын зерттеуде Қазақстан
аумағына хүндардан көп бұрын моңгол тектестердің өтуіне байланысты
Геродоттың аримасп, аргипейлер туралы мағлұматтарының маңызы зор. МОҢҒОЛ
тектестігі туралы Геродоттың шығысында Серикпен (ГРЕКмен. - Б. £.),
онтүстікке қарай Ганга өзенінің сыртындағы Үндінің бір шетімен шектеседі.
Бұл Скифияның солтүстік бөлігін аби-скифтер сонымен қатар гиппофактар
(жылкы жегіштер) мекендейді. Одан әрі Авзакит өңірі созылып жатыр, оған
жалғас - Касия, төменірек- хайт-скифтер қоныстанған. Кейбір зерттеушілердің
пайымдауынша, Касия- қазіргі Қашқар.
Антика авторларынан жеткен деректер қазіргі заманғы археология
жетістіктері, оның ішінде аса көрнекті археолог К. А. Ақышевтің ашқан
жаңалыктарымен (сак пирамидалары, Есік қорғанынан табылған Алтын адам)
дэйектеле түсіп, Қазақстанның ертедегі темір ғасыр кезеңіндегі тарихын
кестелеуге нақты мүмкіндік береді. Көне дәуірдегі сақтар мен саураматтар
Қазақстанның тарихында айкын іздер калдыра тұра, өзінің нәсілі жағынан
европеоидтік, тілі жөнінен иран тектестігіне байланысты қазақ халқының дәл
арғы тегі бола алмайды. Алайда, белгілі антрополог О. И. Смағүловтың орынды
көрсеткеніндей, сақ және саураматтар, арий тайпалары сияқты, қазақ халқының
алыстан косылатын тектері болып саналады.

Аммиан Марцеллин (V ғ.), Приск Панийский (VI ғ.), Иордан (VI ғ.) және
Прокопий Кесарийский (VI ғ.) өз еңбектерінде ғүндар туралы біржақты, тіпті
нәсілшілдікке де үрынғандарына карамастан, аса құнды, сирек мәліметтер
қалдырған.
Каспийдің солтүстік-батыс жағалауын мекендеген ғүндар жөнінде алғаш рет
Дионисий Перигиэт (II ғ.) еңбегінде аталады. Оның пікірінше, о баста
солтүстікті скифтер, оның оңтүстік жағын ғұндар (рүндар. - Б. £.),
ғұндардан әрі каспийлер, олардан әрі жауынгер албандар коныстанған.
Птолемей (II ғ.) бастерндер мен роксаландардың арасында хұндар түрады
деп, ғүндарды Қара теңіз жағалауына жинақтайды. Алайда, сол кезде ғүндардың
негізгі бөлігі Арал мен Оңтүстік Орал маңында мекендеген болса керек, ал
олардың жекелеген шағын топтары Птолемей, Перигиэт атаған жерлерде болуы
мүмкін.
Кейбір зерттеушілер (М. И. Артамонов, Л. Н. Гумилев) жергілікті угро-фин
халкымен қаны араласқан ғұндардың моңғол текті тұрпаты күрт өзгермесе де,
олардың түр-әлпеті угорлыққа біршама ұқсағанын, ал түркі тілі сақталып
қалғанын айтады. Дегенмен, бізге Г.Е.Грумм-Гржимайло,К.А. Иностранцевтің
хұндар мен ғұндардың бір екендігі жөнінде айтқан дәлелдері нанымдырақ
көрінеді. Шынында, ғүндар тілін, дәстүрін; атын, жерлеу ғүрыптарын, салт-
жораларын сақтап қалды. Әлбетте, угро-финдермен араласу хұндардың түр-
түрпатына әсер еткені сөзсіз, бірақ соның нәтижесінде Хұндар мүлдем
өзгеріп, тіпті жаңа халық болып қалыптасты дегенге сену қиын. Бұл арада,
менің ойымша, түріктермен салыстыру артық болмас. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне парсы деректері
Ежелгі Шығыс тарихы
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Ғұндар Саяси тарихы
Сақ тайпаларының орналасуы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Деректанудың даму тарихы
САҚ ӨНЕРІ
Крит - микен өркениеті бойынша деректер
Пәндер