Қамауға алу деген не, оны кімдер қандай жағдайларда қолданады, тұтқындуадың ең кем мерзімі қанша және кімдер тұтқындалмайды?



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қамау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қамауға алудың тыс тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Қамауға алу деген не, оны кімдер қандай жағдайларда қолданады, тұтқындуадың ең кем мерзімі қанша және кімдер тұтқындалмайды? ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде қарастырылмаған еді.Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіп отыр.Қылмыстық кодекстің 46-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады.Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген.Мысалы: 105-бап-денсаулыққа қарсы қасақана жеңіл зиян келтіру, 106-ұрып соғу, 107-бап, 1-бөлігі-азаптау; 108-бап-денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру,т.б. Қамау сотталған адамды nағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді.Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немнсе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде қарастырылмаған еді.Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіп отыр.Қылмыстық кодекстің 46-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады.Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген.Мысалы: 105-бап-денсаулыққа қарсы қасақана жеңіл зиян келтіру, 106-ұрып соғу, 107-бап, 1-бөлігі-азаптау; 108-бап-денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру,т.б.
Қамау бір айдан алты-айға дейінгі мерзімге белгіленеді.Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу тағайындалуы мүмкін (46-бап,2-бөлігі).
1. Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодесі.
2. А.Н.Ағыбаев Қылмыстық құқық.Жалпы бөлім.
3. Егеменді Қазақстан газеті.
4. Е.Ә.Оңғарбаев,А.А.Смағұлов.Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.
Қамау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Қамауға алудың тыс
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
3. Қамауға алу деген не, оны кімдер қандай жағдайларда қолданады,
тұтқындуадың ең кем мерзімі қанша және кімдер тұтқындалмайды? ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13

Кіріспе

Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде
қарастырылмаған еді.Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа
Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіп отыр.Қылмыстық кодекстің
46-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды тағайындалған
жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып
табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру
болып табылады.Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген
ретте ғана тағайындалады.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген
баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген.Мысалы: 105-бап-
денсаулыққа қарсы қасақана жеңіл зиян келтіру, 106-ұрып соғу, 107-бап, 1-
бөлігі-азаптау; 108-бап-денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян
келтіру,т.б.

1. Қамау

Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде
қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді.Қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немнсе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған
жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде
қарастырылмаған еді.Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа
Қылмыстық кодексінде негізгі жаза ретінде енгізіп отыр.Қылмыстық кодекстің
46-бабы, 1-бөлігіне сәйкес қамау дегеніміз сотталған адамды тағайындалған
жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып
табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру
болып табылады.Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген
ретте ғана тағайындалады.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген
баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген.Мысалы: 105-бап-
денсаулыққа қарсы қасақана жеңіл зиян келтіру, 106-ұрып соғу, 107-бап, 1-
бөлігі-азаптау; 108-бап-денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян
келтіру,т.б.
Қамау бір айдан алты-айға дейінгі мерзімге белгіленеді.Қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу тағайындалуы мүмкін
(46-бап,2-бөлігі).
Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ
жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге
қолданылмайды.Әскери қызметшілер қамауды гауптвахтада өтейді.Қылмыстық
атқаруқұқығы бойыншақамауды өтейтін орын-арнаулы қамау үйлері болып
табылады.Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді.Қамау жазасын
өтейтіндер қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан
бөлек ұсталады.Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару заңдарымен
реттеледі.Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ
алады.
ҚР ҚК- нің 46 – бабының 1 – бөлігіне сәйкес, қамау сотталған адамды
тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшалау жағдайында
ұстау болып табылады.
[1] Қамау Қылмыстық кодекстегі жазалау шараларының жаңа түрі және мәні
бойынша қысқа мерзімдік бас бостандығынан айыру болып табылады. Дәлірек
айтқанда, сотталған адам сот үкімі бойынша бұл жазаны қоғамнан қатаң
оқшалану жағдайында өтейді, яғни арнайы мекемеге орналастырылып, қатаң
режим жағдайларында үнемі қадағалауда болады. Екіншіден, заң қамау
мерзімінің шектерін бекітеді, ол бір айдан алты айға дейін мерзімге
тағайындалуы мүмкін. Яғни, қоғамнан изоляциялану қысқа мерзімдік сипат
алады. Қамау бір айдан артық емес мерзімге айыппұлға, қоғамдық жұмыстар мен
түзеу жұмысына ауыстырылуы мүмкін. Заң қамауды айыппұлға, қоғамдық немесе
түзеу жұмысына ауыстырғанда мерзімнің төмен шегін белгілемейді. Үкімнің
шыққан сәтінде он алтыға толмаған адамдарға қамауды тағайындаудың уақыты
бір айдан төрт айға дейін белгіленген. Бұл жазаның түрін қолдану мүмкіндігі
белгілі бір шеңбердегі тұлғалармен шектеледі. Бұл жағдайда қамау төменде
аталған тұлғаларға қолданылмайды:
- үкімді шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға;
- жүкті әйелдерге;
- кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге.
ҚР ҚК – тің қамаудың өтелу жері тура көрсетпейді. Бұл жағдай ҚР
Қылмыстық – атқару кодексінде белгіленген, яғни ҚР Қылмыстық – атқару
кодексінің 63 – бабының 1 – тармағында қамау жазасы тағайындалған тұлғалар
жазасын қамау үйлерінде өтейтіндігі айтылған.
[2]Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-
ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге
қолданылмайды.
Жалпы әскери қызметінің мерзіміне және әскери атақтарға қамау жазасын
өтеу мерзімі қосылмайды. Жазаны өтеу уақытын да сотталушы қызметке
денсаулық жағдайының жарамсыз деп танылуынан басқа жағдайларда қандай да
бір әскери атақты иеленуге, жоғары лауазымға бекітілуге, жаңа қызмет орнына
ауыстырылуға және әскери қызметтен босатылуға жатпайды.Жазаны өтеу
уақытында ақшалай қанағаттандыру төленбейді.(Қылмыстық-атқару кодексінің
149-бабы).
Әскери қызметшілерге қамауды тағайындаудың ерекшелігі ретінде,
оларға қатысты соттылық іс жүзінде өтеуі бойынша, ал,басқа сотталушыларға
қатысты жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтеуі бойынша жойылады ( ҚР ҚК –
нің 77 – бабы 2 бөлігінің б, в тармақтары).

2.Қамауға алудың тыс тәсілі

Еліміздің заң органдары саласын күрт өзгерістер күтіп тұр. Дәлірек
айтсақ, бүгінгі күні Парламентте құқық қорғау органдары мен прокуратураның
көп міндеттерінің бірін, яғни ең бастысын байланыстырып тұрған санкция беру
мен күдіктіні қамауға алудың ережелерін әлемдік тәжірибеге икемдеуге
негізделген Қамау түрінің бұлтартпау шараларын қолдану туралы мәселелерін
іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы кейбір заңнама актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқылануда. Заң
бірінші оқылымнан өтті. Заң жобасының кері қайтпай, буынының беки түскені
депутаттардың құжатты қолдағаны деп білсек болады.Күдіктіні қамауға алу
туралы санкциясы күні бүгінге дейін прокуратура беріп келеді. Егер заң
екінші оқылымнан мүдірмей өтіп, Елбасы мақұлдап, қол қойса, санкция беру
сот органдарының құзырына өтеді.Заң шығарушылар мұндай шешімге тосыннан
келген жоқ. Санкция беруді сот органдарының міндетіне жүктеу қажеттігі
бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан маңызды мәселелердің бірі.
Қолдаушылар жөн екен деп мақұлдап жатқанда, екінші жақтан Бұларың қалай?
Әлі пісіп-жетілдіруді қажет ететін заңды бекітпек ойларың бар ма? деп өз
ой-пікірлерін айтып, қарсыластар да бой көрсетіп жатты. Бұл, әрине, заңды
құбылыс. Елбасының алдына жетпей тұрып, заң жобасының кемшін тұстарын
сүзгіден тағы бір өткізейік дейді екіншілер. Екіншілер деп отырғаным,
еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен кейбір адвокаттар. Өз ойлары
мен пікірлерін қоғам талқысына салу мақсатымен олар баспасөз жиынын да
өткізді. Олар жаңа заң жобасының қай тұстарымен келіспей отыр? Соған
толығырақ тоқтала кетсек дейміз. Бұл – оңды беталыс, дұрыс шешім.
Халықаралық ережелерге сай, санкция беруді сот құзырына беру – құптарлық
іс. Алайда заң жобасы толықтырылып, жетілдіруді қажет етеді. Әділет
министрлігімен дайындалған заң жобасында санкция беру аудандық сот пен
оларға теңестірілген соттарға жүктелінеді. Өкінішке қарай, заң шығарушылар
соттардың арасындағы бейресми қарым-қатынастарды ескермей отыр. Олардың
арасындағы тамыр-таныстық ертеңгі күні қызметтеріне кері әсерін тигізуі
мүмкін. Сондай-ақ бір ұжымда жұмыс істейтін екі соттың бірі қамау туралы
санкция берсе, оның әріптесі ертеңгі күні сол тұтқынды ақтау туралы шешім
шығаруы әбден мүмкін. Мұндай екі жақты шешім бір ұжымда жұмыс
істейтіндердің араларына салқынын тигізбей қоймайды. Ымыраға келе алмаған
екі пікірдегі соттардың екі жақты әрекеттері қайшылық туғызып, жағдайды
қиындатып жібереді. Сондықтан да шетелдегідей тек санкция берумен ғана
айналысатын арнайы соттар құрамы құрылуы тиіс.
Екінші мәселе, заң жобасында санкция беру жабық сот мәжілісінде
өткізіледі деп қарастырылған. Бұл да сот ісін жүргізудің негізгі
стандарттарына қайшы келеді. Осы бапты міндетті түрде қайта қарап, санкция
беруді ашық сотта қарастыру ережесін енгізу қажет. Үшінші мәселе, сот
қылмыстық қудалау органы емес. Олар айыпталушының да, жәбірленушінің де
мүддесін қорғамай, тек құқықтық негізді басшылыққа алуы тиіс. Соттарда
қаралған істердің әдетте тек бір пайызы ғана ақтау туралы үкім шығарады.
Демек, біздің сот органдары негізінен, айыптауға бейім. Жаңа заң жобасына
сол қалпында қол қойылып, бекітіліп кетсе, оның қаншалықты тиімді болатынын
пайымдаудың өзі қиын. Міне, Парламентте қаралып жатқан жаңа заң жобасына
үкіметтік емес ұйымдардың үрке қарайтындары осыдан екен.Санкция беруді сот
органдарына жүктеудің жөн екендігін дәлелдеп, қағазға түсірген қазақстандық
заң шығарушылар тың жаңалық ашып отырған жоқ. Олар әлемдік тәжірибеге
жүгініп отыр. Атап айтсақ, Англия, Германия, Италия, Франция және АҚШ
сияқты еуропалық елдер де қашаннан бар тәжірибе бұл. Қоғамдық пікірталас
тудырып отырған заң жобасына қатысты төмендегі мамандар былай дейді:
Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің Сараптау басқармасының бастығы
Алмагүл Құсдәулетова:
– Менің ойымша, санкция беруді соттарға жүктеу өте дұрыс. Еліміздің барлық
салалары мен жүйелері заман ағымына қарай ыңғайланып жатқанда, заң орындары
міндеттері мен қызметтеріндегі ескірген тәжірибелерді назардан тыс
қалдыруға болмайды. Бұл дер кезінде қолға алынған бастама дер едім.
Қылмыстық істерге сот бақылауын енгізу арқылы заң саласында сақталып келген
бірқатар кемшіліктерді жоюға болады. Ең бастысы, адам құқықтарының
бұзылмауына кепілдік береді. Сондай-ақ бұл заң барлық жақтың, яғни Ішкі
істер органы қызметкерлері мен қорғаушының және айыптаушының тарапынан
кездесіп жататын заңға қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Мұндай
жаңа форма сонымен қатар күдіктінің қамауға алынған күнінен бастап, үкім
шыққанға дейінгі кезеңдегі барлық процестің қатаң бақылауда болып,
әділетсіздікке жол берілмеуіне ықпал етеді. Тағы бір ұтымды тұсы –
азаматтардың құқықтық сауаты мен белсенділігін арттыруға айрықша септігін
тигізеді. Шенді-шекпенділерге тіке қарамақ түгілі, есігінен сығалауға бата
алмайтын қарапайым жандар енді өз құқықтарын өздері қорғауда батыл қимылдай
алатын жағдайға жететініне күмәнім жоқ . Бұл – әлдеқашан көтерілген мәселе.
Бұған көп дайындалдық.Бүгінгі күні осындай тәжірибе енгізугедайынбыз. .

Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова:
– Бұл – оңды қадам. Барлық демократиялық елдерде санкцияны прокуратура
емес, сот береді. Жасыратыны жоқ, бұрындары прокуратураның санкция беруінде
олқылықтар орын алып жататын. Себебі олар айыптаушы орган болып саналады.
Ал сот бұл мәселеге жан-жақты қарайды. Өз басым санкция беруді сот
органдарына беруге дауыс беремін. Айыпкер болсын, мейлі қылмыскер болсын,
олардың да сөзіне құлақ асып, айтқандарымен санасуымыз керек. Мүмкін, ол
нақақтан-нақақ қамауға алынған шығар? Сот айыпталушы жақтың да, жәбірленуші
жақтың да мүддесін қорғайды. Бұл – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Қазақcтандағы Гулаг жүйесі
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Мұраның қабылдау мерзімі
Қорқытып алу қылмыстарын тергеу
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
Пәндер