Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы және оның ҚХР экономикасының дамуына тигізген пайдасы мен туындатқан мәселелері



КІРІСПЕ
1 ҚХР.ДЫҢ ДСҰ.ҒА ӨТУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қытай Халық Республикасының ДСҰ.ға мүше болуының алғышарттары
1.2 Дүниежүзі Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейінгі жылдардағы Қытай экономикасы салаларындағы өзгерістер
1.3 ҚХР.дың ДСҰ.ға мүше болуынан кейінгі индустриалды.инновациялы саясатындағы ғылыми.зерттеу жобалары
2 ДСҰ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚХР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ШЕТЕЛ КАПИТАЛЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
2.1 Тікелей шетел инвестицияларының Қытай экономикасындағы орны
2.2 Шетел инвестицияларының артуы және Қытайдың сыбайлас жемқорлық мәселесінің ушығуы
2.3 Инвестициялардың әркелкі бөлінісінен туындаған аймақтық жіктелістерді жою шаралары
3 ЖАҺАНДЫҚ ҮДЕРІСТЕРДЕГІ ҚХР
3.1 ХХІ ғасырдағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы және оның Қытайға ықпалы
3.2 Қытай экономикасын «қызынудан» алдын алу шаралары
3.3 Қытай өнеркәсібінің даму қарқынының елдегі экологиялық жағдайға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі замандағы экономикалық жаһанданудың өсіп жатқан әлеуеті және шаруашылықтың интернационализациясы Қытайдың өз алдына әлемдік шаруашылыққа және халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне белсенді интеграциялану міндетін қойды. Бұл интеграцияның басты мақсаты ҚХР үшін экономикалық дамудың сыртқы және ішкі қозғаушы күштерін ынталандыру арқылы экономиканың жоғары қарқынмен дамуын сақтап қалу болып табылады. Әлемдік экономика тәртібін ескере отырып, алдағы мақсаттарға тек тауар, қызмет, капитал және зияткерлік меншік өнімдерінің халықаралық қозғалысын реттеп, ұйымдастырып отыратын ДСҰ сияқты ұйымды пайдалану арқылы жету мүмкін.
Қытай Халық Республикасының ДСҰ-ға толыққанды мүше болуы сауда талаптарының жақсарып, экспорт көлемінің артуы мен өнім сапасының жоғарылауын ынталандырды, қызмет көрсету салаларын кеңейтті. Сонымен қатар шетелдік инвестициялардың ел экономикасына көптеп тартылуына жағдай жасалып, алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізу жолы жеңілденген, жалпы, ҚХР-ға халықаралық еңбек бөлінісі шеңберінде өз артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Қытайдың ДСҰ-ға мүше болу жолы батыл, қиындыққа толы, бірақ дұрыс шешім болды. Бұл қадам реформа және ашық есік саясатын жүргізу тарихында өте маңызды кезең болып орын алды. Қытай ДСҰ-ға мүше болған он жыл ішінде жалпы дүниежүзіндегі үдерістердің өркендеп, көркеюіне өз үлесін қосып отырды.
ДСҰ-ға мүше болған соң Қытайдың сыртқы саудасында серпіліс байқалып, қытай экономикасының дамуына жаңа серпін берді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 4900 долл. болса, Қытайға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 700 млрд. долл. жетті.
ДСҰ-ға мүше болып, дүниежүзілік үдерістерге белсенді қатысып, әлемдік экономикаға өз есігін айқара ашу Қытай экономикасына, оның әлеуметтік өміріне қандай өзгерістер әкелгенін, әлемдік аренада орын алып жатқан жағымсыз жағдайлар қаншалықты әсер ететінін қарастырумен қатар осыған байланысты туындаған мәселелерді айқындау және оларды шешу барысында Қытай үкіметі қандай шараларды қолданып жатқанын талдау өзектілігі осы бітіру жұмысының тақырыбын таңдауда негіз болды.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы және оның ҚХР экономикасының дамуына тигізген пайдасы мен туындатқан мәселелерін зерттеу болып табылады.
Кітаптар мен монографиялар:
1. China Statistical Yearbook 2010 [Computer file] / National Bureau of Statistics of China. - Computer data. 120 МБ. – Beijing, 2010.
2. Hou Shu Xin, Zhang Jin Kai. «Zhongguo jiaru WTO de li yu bi», - Changchun: Jin Renmin chubanshi, 1999. – 716 р.
3. Ren Li Ping. «Международная торговля: теория и практика». - Qinghua University Press, 2008. – 375 р.
4. Дин Жуджунь, Ковалев М. М., Новик В. В. Феномен экономического развития Китая: Научное издание.Мн.: Издательский центр БГУ, 2008.– 446 с.
5. Китай: угрозы, риски, вызовы развитию. Колл. авт. под ред. В.В.Михеева. М.: Моск. Центр Карнеги, 2005. – 647 с.
6. Ашимбаева А.Т. Китай в мировой экономике: динамика роста, стратегия и тактика преобразований, факторы конкурентоспособности. – Алматы, 2008. – 640 с.
7. СОВРЕМЕННЫЙ КИТАЙ: экономика, демография и внешняя политика. Колл. авт. под ред. Л.М.Музапаровой. – Алматы: Ин-т мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента РК, Центр по изучению Китая при ИМЭП, 2007. – 680 с.
8. C. Fred Bergsten, Charles Freeman, Nicholas R. Lardy, Derek J. Mitchell. «China`s rise: challenges and opportunities». – Washington, United Book Press, 2008. – 251 p.
9. Doug Guthrie. «China and Globalization». – New York, Routledge. 2009. - 367 p.

Мерзімді басылымдар:
10. Ван Ин. Присоединение Китая к Всемирной Торговой Организации: условия и последствия // Аналитические доклады научно-координационого совета по международным исследованиям МГИМО (У) МИД России. Выпуск 1 (16) – февраль 2007.
11. Завадский М. Гигант микроинноваций // Эксперт. - 2010. - №38. - С. 41.
12. Андрей Островский. Догнать и перегнать Америку. Новые горизонты китайской экономики в XXI веке // Деловой журнал «ChinaPRO». – 2006. - №1.
13. Кузьмичева Д.А. Банковский сектор Китая: анклав или неотъемлемая часть всемирного финансового рынка // Аудит и финансовый анализ. - 2008. – №5. – C. 7.
14. Западный Китай становится одной из серьезных точек приложения зарубежных инвестиций - Минкоммерции Китая // Renmin ribaо. – 2011. - №4.
15. Миграция китайского крестьянства // Вопросы экономики. - 2005. - №7.
16. Н.Приходько, В.Черная, Чан Янь. Экологические проблемы КНР и международное сотрудничество в области охраны окружающей среды // Проблемы Дальнего Востока. – 2009. - №1.
17. Ху Аньган. Чем объясняются высокие темпы развития китайской экономики? // Проблемы дальнего Востока. – 2005. - №1.
18. Я.Бергер. Китай в условиях глобального экономического кризиса // Проблемы Дальнего Востока. – 2009. - №1.
19. В.Н.Тишков. Экономические реформы и деловая среда: опыт Китая // Научный доклад №11 (R) – СПб.: ВШМ СПбГУ, 2010.
20. Шмелёва И.А., Ван Г. Экологическая размерность политики современного Китая // Политэкс – Политическая экспертиза. – 2009. - №7.

Интернет-сілтемелер:
21. Азат Дюшебаев. Коррупция в КНР easttime.ru
22. Доклад о выполнении плана экономического и социального развития за 2010 год и проекте плана на 2011 год // Газета Rеnmin ribao он-лайн http://russian.people.com.cn/
23. Е.В. Бирюлин. Долгосрочные перспективы экологической политики КНР // РАН Институт Дальнего Востока http://www.ifes-ras.ru/
24. Инвестиции в экономику Китая достигли рекордного уровня http://www.bbc.co.uk/russian/business/2011/01/110118_china_invest_record.shtml
25. Марк Завадский. К безопасному уровню коррупции http://www.pravda.ru/world/asia/
26. Китайский информационный Интернет Центр http://russian.china.org.cn/index.htm
27. Роберт Пестон. Китай пострадал от кризиса меньше других http://news.bbc.co.uk/hi/russian/international/newsid_7925000/7925679.stm
28. Эксперты со всего мира обсуждают "горячие" для Китая экономические темы // Агентство Синьхуа http://russian.cri.cn/841/2011/03/09/1s373700.htm
29. Shi Nian. Zhongguo fan weiji zhengzi de zuoyong duo da? [Как велика роль антикризисной политики в Китае] http://theory.people.com.cn/GB/49154/49155/8555006.html
30. Синьхуа Агенттігі http://russian.people.com.cn/
31. ДСҰ ресми сайттары: http://www.wto.org; http:///www.wto.ru

Нормативтік-құқықтық актілер:
32. ВТО, ДОХА И СТРАНЫ С ПЕРЕХОДНОЙ ЭКОНОМИКОЙ // ООН. Комитет по развитию торговли, промышленности и предпринимательства Экономический и Социальный Совет. Справочный документ, - март 2002.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі замандағы экономикалық
жаһанданудың өсіп жатқан әлеуеті және шаруашылықтың интернационализациясы
Қытайдың өз алдына әлемдік шаруашылыққа және халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесіне белсенді интеграциялану міндетін қойды. Бұл
интеграцияның басты мақсаты ҚХР үшін экономикалық дамудың сыртқы және ішкі
қозғаушы күштерін ынталандыру арқылы экономиканың жоғары қарқынмен дамуын
сақтап қалу болып табылады. Әлемдік экономика тәртібін ескере отырып,
алдағы мақсаттарға тек тауар, қызмет, капитал және зияткерлік меншік
өнімдерінің халықаралық қозғалысын реттеп, ұйымдастырып отыратын ДСҰ сияқты
ұйымды пайдалану арқылы жету мүмкін.
Қытай Халық Республикасының ДСҰ-ға толыққанды мүше болуы сауда
талаптарының жақсарып, экспорт көлемінің артуы мен өнім сапасының
жоғарылауын ынталандырды, қызмет көрсету салаларын кеңейтті. Сонымен қатар
шетелдік инвестициялардың ел экономикасына көптеп тартылуына жағдай
жасалып, алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізу жолы жеңілденген,
жалпы, ҚХР-ға халықаралық еңбек бөлінісі шеңберінде өз артықшылықтарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Қытайдың ДСҰ-ға мүше болу жолы батыл, қиындыққа толы, бірақ дұрыс
шешім болды. Бұл қадам реформа және ашық есік саясатын жүргізу тарихында
өте маңызды кезең болып орын алды. Қытай ДСҰ-ға мүше болған он жыл ішінде
жалпы дүниежүзіндегі үдерістердің өркендеп, көркеюіне өз үлесін қосып
отырды.
ДСҰ-ға мүше болған соң Қытайдың сыртқы саудасында серпіліс байқалып,
қытай экономикасының дамуына жаңа серпін берді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ
көлемі 4900 долл. болса, Қытайға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 700
млрд. долл. жетті.
ДСҰ-ға мүше болып, дүниежүзілік үдерістерге белсенді қатысып, әлемдік
экономикаға өз есігін айқара ашу Қытай экономикасына, оның әлеуметтік
өміріне қандай өзгерістер әкелгенін, әлемдік аренада орын алып жатқан
жағымсыз жағдайлар қаншалықты әсер ететінін қарастырумен қатар осыған
байланысты туындаған мәселелерді айқындау және оларды шешу барысында Қытай
үкіметі қандай шараларды қолданып жатқанын талдау өзектілігі осы бітіру
жұмысының тақырыбын таңдауда негіз болды.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы және оның
ҚХР экономикасының дамуына тигізген пайдасы мен туындатқан мәселелерін
зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындады:
• ҚХР-дың ДСҰ-ға мүше болуына шолу жасау;
• Қазіргі кездегі Қытайдың әлем экономикасындағы алатын орнын
айқындау;
• ХХІ ғасырда орын алған дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қытай
экономикасына тигізген әсеріне талдау жасау;
• Инвестициялар бөлінісінің бірқалыпты болмауынан пайда болған
аймақтар арасындағы айырмашылықтарды жою шараларын қарастыру;
• Әлем қауымдастығының басты назарын аударып отырған қоршаған ортаға
Қытай экономикасының салдарларын сараптау.
Зерттелу деңгейі. Қытай дүниежүзі қауымдастығының назарын өзінің
қарқынды дамып келе жатқан экономикасына аудартып отырғандықтан, Қытай
экономикасының даму жолы, экономикалық өсімнің жоғары деңгейіне қалай
жеткені жайлы зерттеу жұмыстары көп жазылған. Жалпы берілген бітіру
жұмысының тақырыбына байланысты жазылған еңбектерді үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады: біріншісі, Қытай ДСҰ-ға мүше болмағанға дейінгі кезең,
осы ұйымға мүшеліктің пайдасы мен кемшіліктері жайлы жазылған еңбектері;
екіншісі, Қытай ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін өтпелі кезең нәтижелерін
сараптап жазған еңбектер, үшіншісі, Қытайдың дүниежүзілік экономикаға
араласуы, оған тәуелділігі, дүниежүзілік қаржы дағдарысының ықпалы жайлы
жазылған еңбектер.
Бітіру жұмысын жазу барысында қазіргі Қытай экономикасының даму
жағдайына және туындап отырған өзекті мәселелерге қатысты материалдарға
баса назар аударылды.
Осы тақырып төңірегінде жазған батыс зерттеушілерінің ішінде Ф.
Бергстен, Ч. Фриман, Н. Ларди, Д. Митчел, Д. Гатридің еңбектерін атап
айтуға болады, олар жалпы Қытайда соңғы жиырма жыл ішінде жүргізілген
реформалардың нәтижесі мен жаһандану үдерісіне Қытайдың ат салысуы елдің
әлеуметтік-экономикалық өміріндегі ықпалына басты назарларын аударған.
ҚХР-дың ДСҰ-ға мүше болуының нәтижелері жайында жазған Хоу Шу Сын,
Жэнь Ли Пин, Қытай қоғамындағы, экономика саласындағы өзекті мәселелерді
қарастырған Цзян Цзин, экономикалық реформаларды зерттеген Дин Жуджунь және
тағы да басқа қытайлық ғалымдардың еңбектері өте маңызды.
Ресейлік авторлар ҚХР тәжірибесін Ресейдің ДСҰ құрамына ену барысында
қолдану мақсатында Қытайдың аталған ұйымға мүшелігінің нәтижелерін кеңінен
қарастыруда, осыған байланысты Ресей баспасөз беттерінде де бірқатар
мақалалар жарық көріп, ғылыми конференцияларда бұл тақырып жан-жақты
талқылануда.
Мәселенің отандық зерттелу деңгейіне келер болсақ, бұл тақырыпқа
тікелей арналған еңбектер жоқ, бірақ басқа мәселелермен бірге қарастырылып
өткен.
Берілген бітіру жұмысы кең дерекнамалық негізде жазылған. Осыған
байланысты дерек көздерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа Қытайдың ДСҰ-ға кіру барысында қабылданған келісім-
шарттар, ортақ декларацияларды қамтитын дипломатиялық құжаттар, ДСҰ-ның
кезекті отырыстарында толтырылған хаттамалар, Қытай үкіметінің осы ұйымның
мүшесі болғаннан кейін өзгертулер енгізілген заңнамаларын жатқызуға болады.

Екінші топты ҚХР-дың Коммерция Министрлігінің ағымдағы мұрағатындағы
ақпаратты-аналитикалық анықтамалар мен сызбалардан тұратын мәліметтері және
қытай тілінде талданған ҚХР Ұлттық Статистика Бюросы құрастырған Қытайдың
Статистикалық Жылнамасы 2010 (China Statistical Yearbook 2010) [1], сонымен
қатар БХӨЖ 4-сессиясының 11-шақырылымында талданған 2010 жылдың
экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының орындалып, 2011 жылға арналған
жоспар нұсқасын қарастыру жайлы баяндамасы құрайды.
Үшінші топқа ҚХР-дың билік өкілдері, саяси қайраткерлерінің, сонымен
қатар ДСҰ-да, жалпы әлем экономикасында маңызды орынға ие экономист,
ғалымдардың берген сұхбаттары мен сөйлеген сөздері кіреді. Мысалы, 2011
жылы Давоста өткен Дүниежүзілік Экономикалық Форумда ДСҰ-ның Бас Хатшысы
Паскаль Ламидің сөйлеген сөздері, ҚХР Мемлекеттік Кеңес премьері Вэнь
Цзябаодың сөздері келтірілген, Қытай Коммерция Министрі Чэнь Дэминнің
Қытайдың ДСҰ-ға кіргеніне он жыл толған мерейтойына байланысты сөйлеген
сөзі.
Төртінші топқа Қытай экономикасындағы ағымдағы үдерістері жайлы бай
мәліметпен қамтамасыз еткен Renmin ribao газетінің Интернет кеңістігінде
жарияланған баспасөз материалдарын, Xinhua Агенттігінің ақпараттық
материалдарын, ДСҰ-ның және басқа да аймақтық ұйымдардың ресми сайттарынан
алынған мәліметтерді жатқызуға болады.
Сонымен қатар бітіру жұмысын жазу барысында қытайлық, ресейлік және
отандық ғалымдар мен экономистердің монографиялары, баспасөз беттерінде
жарық көрген мақалалар негізге алынды.
Қытайдың ДСҰ мүшелігіне енер алдында болжанған нәтижелер мен салдарлар
осы ұйымға мүше болғаннан кейін қаншалықты жүзеге асқанын анықтау
мақсатында Қытай ғалымдары Hou Shu Sen мен Zhang Jin Kai жазған Қытай ДСҰ-
ға мүше болуы қандай пайда әкеліп, мәселелер туындататыны жайлы 2 томдық
Вступление Китая в ВТО еңбегі қарастырылды [2]. Ал Жэнь Ли Пинның
Международная торговля: теория и практика атты монографиясында Қытайдың
ДСҰ-ға мүше болып, жаһандық экономикалық үдерістерге белсене қатысуынан ҚХР
экономикасында болып жатқан нәтижелерді теориялық және практикалық тұрғыдан
баяндалады, яғни теориялық жағынан аспан асты елі осы ұйымға мүше болған
соң ұстанып отырған принциптері мен саяси бағыты айқындалса, практикалық
жағынан халықаралық тауарларды сату және сатып алу келісімі бойынша нақтылы
баптар мен заңнамаларды жүзеге асыру барысын сипаттайды [3]. Қытай
экономисті Ши Миннің ВТО и административное преобразование в КНР
мақаласынан Қытай үкіметі экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
қандай іс-шараларды жүзеге асыруы керек және Қытай ДСҰ-ға мүше болуынан
барынша пайдаға кенелу үшін экономика салаларына қажетті өзгерістерді жазып
өткен.
ҚХР ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін Қытайдың банк саласында, шетелдік
инвестицияларды тарту, ғылыми-техникалық өндірісін дамыту мақсатында
жүргізіп жатқан реформалары жайында белорус экономистері М.М.Ковалев,
В.В.Новик пен Қытайдың экономика ғылымдарының профессоры Дин Жуджунның
Феномен экономического развития Китая атты монографиясында жазылған, бұл
еңбектің құндылығы – бірігіп жазылған еңбек болғандықтан Қытай
экономикасының жағдайын нақты сипаттап, объективтілік дәрежесінің жоғары
болуында. [4]
Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуынан кейінгі жағдайын, экономикалық
мәселелеріне тікелей немесе жанама түрде қатысы бар ресейлік ғалымдардың да
жұмыстары қарастырылды. ҚХР осы ұйымға мүше болғаннан кейін Қытай
қоғамында, экономика саласында туындаған мәселелерді анықтауда В.В.Михеев
басшылығындағы бірқатар ресейлік тарих, экономикалық ғылымдар докторларының
біріккен еңбегі Китай: угрозы, риски, вызовы развитию үлкен көмек
көрсетті [5]. Ресейдің СІМ мен МГИМО халықаралық зерттеулер бойынша ғылыми-
үйлестіру кеңесінде қарастырылған Ван Иннің Присоединение Китая к
Всемрной торговой организации: условия и последствия тақырыбындағы
аналитикалық баяндамасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу Қытайдың
қоғамдық-саяси, шаруашылық-экономикалық өмірінің құқықтық, әкімшілік және
басқа да салаларына тигізген әсері жайлы мәліметтері берілген бітіру
жұмысына арқау болды [10]. Сонымен қатар Ресей Ғылым Академиясының Қиыр
Шығыс Институтының Проблемы Дальнего Востока ғылыми және қоғамдық-саяси
журналында ҚХР-дың экологиялық мәселері, дүниежүзілік қаржы дағдарысының
Қытай экономикасына әсері сияқты өзекті мәселелерді қарастырған
мақалаларына көп көңіл бөлінді.
Отандық ғалымдар А.Т.Ашимбаеваның Китай в мировой экономике: динамика
роста, стратегия и тактика преобразований, факторы конкурентоспособности
[6] және Л.М.Музапарованың басшылығымен жазылған СОВРЕМЕННЫЙ КИТАЙ:
экономика, демография и внешняя политика ұжымдық еңбектерінде келтірілген
мәліметтердің пайдасы зор болды [7].
Берілген бітіру жұмысында жоғарыдағы дерек көздері мен монография,
мақалалар негізінде ҚХР-дың ДСҰ-ға мүше болуының он жылдығына байланысты
Қытай экономикасындағы осы жылдарда болған оң өзгерістер мен әлем
қауымдастығына ашықтық саясатына байланысты туындаған мәселелері
біріктіріліп, қорытындыланды.
Зерттеу пәні – Қытай Халық Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
мүше болуы.
Зерттеу нысаны – ДСҰ-ға мүше болғаннан кейінгі жылдардағы Қытай
экономикасы.
Зерттеу әдістемесі. Бітіру жұмысының міндеттерін зерттеу барысында
жалпыға ортақ әдістемелік қағидалар басшылыққа алынып, экономикалық және
статистикалық сараптау, салыстыру, жинақтау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысын жазу барысында келесі тұжырымдарға келдік:
– Қытайдың ДСҰ механизмі арқылы жан-жақты сауда жүйесіне қатысуы
экономикалық жаһанданудың артықшылықтарын тиімді қолдану
мүмкіндігін берді. Яғни ДСҰ-ға мүше болу елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының басты факторы болып табылады, ол ЖІӨ
көрсеткішінің, сыртқы сауда айналымы, алтынвалюталық қор
көлемінің және ел экономикасына тартылып жатқан шетел
инвестицияның артуымен сипатталады.
– Қытай ДСҰ-ға мүше болғаннан кейінгі жылдарда шетел капиталын
тарту мақсатында жүргізген шаралардың нәтижесінде аймақтық
жіктеліс арта түскені және ел экономикасын қарқынды дамыту
жолында қоршаған ортаға немқұрайлы қараудың зардаптары
анықталды.
– ДСҰ-ға мүше болған Қытайдың қол жеткізген жетістіктері мен
туындаған мәселелерін жан-жақты талдау арқылы аталған ұйымға
мүше болуға талпыныс жасап отырған Қазақстан үшін үлгі боларлық
жақтары айқындалды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысы алдына қойылған
мақсатты орындау барысында қол жеткізілген нәтижелерді Қытай экономикасын
зерттеу барысында, арнайы курстар жүргізуде пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне жету үшін
бітіру жұмысы кіріспе, үш тараудан және қорытыныдыдан тұрады, сонымен қатар
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан құралған.
Кіріспеде тақырып өзектілігіне негізделіп, жұмыстың мақсат,
міндеттері мен зерттелу деңгейі айқындалып, құрылымына талдау жасалды.
Негізгі бөлімнің ҚХР-дың ДСҰ-ға мүше болуы және оның экономикалық
даму жағдайы атты 1-тарауында Қытайдың осы ұйымға мүше болуының басты
мақсаты, оның мемлекеттің экономикалық және қоғамдық дамуындағы маңыздылығы
қарастырылады, Аспан асты елінің дүниежүзілік шаруашылыққа белсене
қатысуына жағдай жасаған ДСҰ-ға мүшелік елдің экономикалық макробалансын
қолдаудың басты құралы және ҚХР-дың сыртқы экономикалық байланыстарының
негізгі құрамдас бөлшегі болып табылатын сыртқы саудаға тигізген әсері
статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талданады. Сонымен бірге экспорт-
импорт үдерістерінің қарқынды дамуымен қатар жүріп жатқан елдің
индустриялық әлеуетінің даму жағдайына тоқталып, ДСҰ құрамына енгеннен
кейін қол жетімді болған жаңа технологияларды импорттаудың Қытай
өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін, өндіріс өнімділігін арттырудағы
маңызды орнына сипаттама берілген.
2-тарау Дүниежүзі Сауда Ұйымы құрамындағы Қытай экономикасының
дамуына шетел капиталының ықпалы деп аталады. Бұл тарауда арзан жұмыс
күші, мемлекеттік қолдау, ішкі нарықтың дамуы, әлемдік шараушылық
үдерістерге жан-жақты қатысуға деген талпынысы сияқты факторлар арқылы
шетелдік инвесторларды тарту және осы инвестициялардың Қытай
экономикасындағы маңыздылығы қарастырылады. Жергілікті билеушілердің ҚХР
Дүниежүзі Сауда Ұйымының мүшесі атанғаннан кейін тоқтаусыз ағылып келіп
жатқан шетел инвесторларын өз аймағына тарту мақсатында жасаған
жеңілдіктері мен артықшылықтары сыбайлас жемқорлықтың артуының көрінісі
екендігі дәлелденіп, аймақтардың дамуының бір қалыпты болмауы сияқты
мәселелерді туындатқаны анықталған.
Жаһандық үдерістердегі Қытай атты 3-тараудың мақсаты ДСҰ-ға мүше
болған Қытай Халық Республикасының экономикасына ХХІ ғасырдағы дүниежүзілік
қаржы дағдарысының әсерін талдау, сонымен қатар әлем қауымдастығын
алаңдатып отырған маңызды жаһандық мәселелердің бірі қоршаған ортаның
ластануына Қытайдың қарқынды дамып жатқан экономикасының қаншалықты зиян
келтіріп отырғандығын анықтап, осы мәселелерді шешу барысында Қытай
үкіметінің қолданып отырған шараларын қарастыру болып табылады
Қорыта келгенде, Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы және оның ҚХР
экономикасына тигізген пайдасы мен туындатқан мәселелері айқындалған, сол
мәселелермен: яғни сыбайлас жемқорлық мәселесі, аймақтық дифференциацияны
жою, экономиканың ысынуы, қоршаған ортаның ластануы сияқты келелі
мәселелермен күресу үшін қолданып жатқан шаралар тұжырымдалып, ДСҰ-ға мүше
болғаннан кейін аз уақыт ішінде қарқынды дамып кеткен Қытай экономикасының
тәжірибесін басқа елдерде қолдану мүмкіндігі анықталған.

1 ҚХР-ДЫҢ ДСҰ-ҒА ӨТУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қытай Халық Республикасының ДСҰ-ға мүше болуының алғышарттары

Қытай экономикасы, оның ширақ өсуі, соңғы жылдардағы экспорт, импорт
және инвестициялардың көлемінің қарқынды дамуы шетелдік экономистер мен
кәсіпкерлердің назарын өзіне аударып отыр.
2001 жылдың желтоқсан айында Қытай үкіметінің күш салуы мен 15 жыл
бойы үздіксіз жүргізген келіссөздері нәтижесінде ҚХР ДСҰ-ның мүшесі болып,
шаруашылық дамудың жаңа сатысына көшті, бұл елеулі оқиға елдің экономика
саласында ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өміріне де үлкен жаңалықтар
енгізді.
Қытайдың ДСҰ-ға мүшелігі қытай реформаларының теориясы мен
практикасына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, Қытайдың құқықтық, әкімшілік,
қаржылық және басқа да қоғамдық-саяси және шаруашылық-экономикалық
салаларына ықпалын тигізді.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің өсуі, сатылып жатқан тауар көлемінің
көбеюі Қытай нарығында шикізат құнының қымбаттауына себеп болды. Шикізат
тауарлары мен азық-түлік өнімдерінің бағамының өсуі біртіндеп қытай
экономикасына қиындық туғыза бастады, себебі шикізаттың өзіндік құны АҚШ,
Еуропа, Жапонияға қарағанда әлдеқайда жоғары.
ДСҰ-ға ену кезінде Қытай әлемдік экономикаға интеграция жасауды ғана
көздемей, сонымен қатар ашық дүниежүзілік сауда жүйесіне ену нәтижесінде
ел экономикасының дамуы үшін айтарлықтай жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие
болуды басты мақсат етті. Толығырақ тоқталсақ, Қытай келесі себептер
бойынша ДСҰ-ға мүшелікке енуді ұйғарды:
Біріншіден, ҚХР-ға ДСҰ-ға толыққанды мүшесі болу халықаралық еңбек
бөлінісі шеңберіндегі салыстырмалы артықшылықтарын, әсіресе сансыз көп
арзан еңбек күшін тиімді қолдануға мүмкіндік берді.
Екіншіден, 1970-80 ж.ж. қабылданған дамыған елдермен екіжақты сауда-
экономикалық келісімдері Қытайды әділетті сауда жағдайларымен қамтамасыз
етпеді. Қытай тауарларына қатысты көптеген кемсітушілік шаралар және
мөлшерлік шектеулер қолданылатын. Қытай ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін оған
екіжақты саудада мерзімсіз Ең Қолайлы Жағдай Тәртіптемесі (РНБ)
ұсынылатынына және де дамушы ел ретінде ерекше қолайлы қарым-қатынас
орнатылатынына сенім білдірген болатын. Дегенмен ДСҰ-ға толыққанды мүше
болу ұйымның басқа да қатысушы-мемлекеттерімен саудада қолайлы жағдай
тәртіптемесін бірден қолдануды қарастырмайды. Бұл қолайлы жағдай
тәртіптемесін келесі жағдайда: егер екі жақ тарифтер бойынша өзара
келіссөздер жүргізбесе немесе келіссөз барысында бір жақ бірден келіспеген
жағдайда қолдануға болмайды. Ал Қытай ДСҰ-ға мүше болған жағдайда да
бірқатар мемлекеттер Қытайға қолайлы жағдай тәртіптемесін ұсынуға асықпады.
[22; 35 б.]
Үшіншіден, Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы сауда шарттарын жақсартып,
өткізу нарығын тұрақтандырып, оның шекарасын кеңейтіп, бірқатар тауар
топтамаларын әлемдік сапа деңгейіне жеткізу мүмкіндігін берді.
Төртіншіден, Қытай фирмаларына қытай экспортының бәсекеге қабілетті
тауарларын (тоқыма, киім, ойыншық, электроника, кермикалық және
пластмассадан жасалған бұйымдар, химия және фармацевтикалық өнеркәсіп
өнімдерін) дүниежүзілік нарыққа шығару жолы жеңілдене түсті. Әлемдік банк
және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ОЭСР) бағалауы бойынша,
Қытайдың ДСҰ-ға енуі қытай экспортын 10 жыл ішінде 38%, ал ЖІӨ-ді 1,8 –
2,5% арттыруға мүмкіндік берді.
Бесіншіден, Қытайдың ДСҰ-ға енуі көрсетілетін қызметтермен сауда
жасауды кеңейтуді ынталандырып, қытай нарығына шетелдік инвестициялардың
тартылуын жандандырады, ұлттық экономиканың ашықтығын арттырып, тиімді
технологияларға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Бұл өнеркәсіптің техникалық
деңгейін жоғарылатып, заңнамалық негізді жаңартуға әкеліп, мемлекеттік
өнеркәсіпте реформа жүргізуді тездете түседі.
Алтыншыдан, әлемдік нарық конъюнктурасынан Қытай экономикасының
барған сайын артып отырған тәуелділігіне, халықаралық бәсекелестікті
қатайтуға байланысты ҚХР-ның ДСҰ-ға мүшелігі дүниежүзілік экономикалық
үдеріс барысына шынайы ықпал етуге және ұлттық экономикалық қауіпсіздікті
жоғары деңгейге жеткізу мүмкіндігін береді. [10, 6 б.]
Ғасырлар тоғысында Қытайдың ДСҰ-ға мүше болуы – бұл мемлекеттің
экономикалық және қоғамдық дамуының ұзақ жолында жасаған өте маңызды
қадамы.
Қытайдың ДСҰ-ға енуі оны күрделі әлем шаруашылығы жүйесінің толық
құқықты мүшесі етті. Қытайдың осы ұйымға мүше болуы елдің ішкі
экономикасында бірқатар артықшылықтар мен қиыншылықтарды да туғызды.
Артықшылықтардың қатарына күрделі әрі өзара байланысты жаһанды экономикалық
жүйеге қатысуы экономикалық өсім мен реформалардың қалыптасқан қарқынына
тигізетін жағымды ықпал етуін жатқызуға болады. ДСҰ-ның өз мүддесін қорғау
бойынша келіспеушіліктерді ретке келтіру жүйесіне сүйене отырып, Қытай өз
экономикасын барлық салаларда бәсекелеік қабілеттілігін арттыру есебінен
дамытуды көздеп отыр. ДСҰ-ға мүше болу Қытай экономикасының жаһанды
шаруашылық жүйесіне интеграциясын тереңдете түсіп, жұмыс басшылық пен
инвестиция саласындағы мүмкіншіліктерін кеңейте түсті. ДСҰ-ға кіргеннен
кейін Қытай беліглі құқықтарға ие болды, сонымен қатар кең ауқымды
міндеттемелерді де өз мойнына алды, ол міндеттемелердің басым бөлігі қытай
тауарын экспорттайтын ірі нарық болып табылатын АҚШ, ЕО елдеріне қатысты.
Қытай экспортына тиімсіз міндеттемелердің қатарында тауарлар мен қызмет
көрсетулерге тарифтердің төмендетілу міндеттемесін атап айтқан жөн. Қытай
қол қойған тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелерді орындау
Хаттамасы мен Орындау Кестесі бойынша өнеркәсіптік өнімдерге қойылатын
тарифтер 25%-7%; америкалық фермерлерге маңызды ауылшаруашылық өнімдерінің
тарифтері 31%-14%-ға түсті. Қызмет көрсетуге қатысты міндеттемелер қызмет
көрсету саласындағы: банк қызметі, сақтандыру, телекоммуникация,
мамандандырылған қызметтер сияқты бірқатар секторлардың ашылуымен
байланысты болды. Қытай сонымен бірге ДСҰ-ның талаптары бойынша айқындық
мәселесінде де реформалар жүргізуі қажет еді. [32; 21 б.]
Дамып жатқан Қытай экономикасы үздіксіз артып жатқан көлемде ішкі
нарықтың сұранысы шегінен шығып артылатын өнімнің түр-түрін өндіреді.
Өндірілген тауар көлемінің мөлшерден тас болуы мемлекеттің тауарды өткізу
саласында сыртқы экономикалық байланыстарын жан-жақты дамытуға итермеледі,
осы себептерге байланысты экономиканың экспортталатын тауар санын көбейтті.
Жаһандық бәсекелестік жағдайында қытай өнімдерінің басым бөлігі
дүниежүзілік нарықта өз тұтынушысын табуда. Қазіргі кезде Қытай экономикасы
тауар айналымының жоғары қарқынды өсімімен сипатталады және осы
көрсеткішпен халықаралық саудада жетекші елдердің қатарына қосылды. Экспорт
пен ЖІӨ-нің ара қатынасы 23%-ды құрайды.
2010 жылы экономикалық өсімнің басты факторы - 32%-ға артып, ЖІӨ
өсімінің 40%-ын экспорт құраған болатын, бұл ел экономикасының сыртқы
нарыққа жоғары тәуелділігін көрсетеді. Қытай экспорттың жалпы көлемі
бойынша шексіз арзан еңбек ресурсы әлеуетін іске қосатын, ірі көлемде
шикізат пен материалдарды сіңіретін алып экспорт машинасы болып, 9 орынды
иеленіп отыр. Қазір Қытай ішкі ресурстар есебінен импорттаудан өз
тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысса да, экономиканың шикізат пен энергия
қорын импорттауға деген тәуелділігі артып бара жатқаны байқалады.
Басты мәселе тұрақсыз жаһандық экономика мен әлемдік нарықта күшейе
түскен қатал бәсекелестік жағдайында Қытай үшін елді қамтамасыз етіп
отырған шикізат көздерін бақылау қиынға соғып, ұлттық экономикаға қауіп
тудыруда.
Екіжақты келісімдерді қолдай отыра ел үкіметі қытай өндірушілерін
қорғайтын қатаң шараларды қабылдап отыр. Оның қатарында: шетелдік, әсіресе
америкалық инвестицияларды блоктау, ауылшаруашылық өнімдерді импорттауды
реттеу, салық жеңілдіктерін тағайындау тәртібін өзгерту, экспортты кедендік
баж салығын арттырып, импортты – төмендету, т.б. 2007 жылы экспортқа
кедендік баж салығын салу 100-ден аса тауар түріне көбейді. Ресми
органдардың бұл әрекеттері энергияны қажет ететін шетелдік
жеткізілімдердің өсу қарқынын төмендетіп, жергілікті индустрияны бұрынғы
қалпына келтіру үшін жасалып жатыр.
Бұл жағдай Қытайдың сауда ұйымы арасындағы қарама-қайшылықтар
ушықтырып отыр. Белгілі салаларда олар ретке келтірілген, бірақ әлі де оның
талаптарына немқұрайлы қарауда. Мамандардың пікірлері бойынша, Қытай ДСҰ-
ның ережелері мен қағидаларын өзіне пайдалы кезде ғана ұстанады. [6; 137
б.]
Қытай үкіметі нарықтық экономикалы ел мәртебесін алуға тырысуда, бұл
жетекші батыс елдерімен қатар пайда болған шиеленістерде тиімді шешімге
келуге жағдай жасайды, әсіресе саудаға қойылатын шектеулері саласында,
өнімді экспорттауға қатысты жазалаушы демпингіге қарсы шараларды өткеру
кезінде.
2008 жылы Брюссельде өткен парламентаралық кездесуде Жоғары заң
шығарушы орган - ұлт өкілдерінің жалпы қытай жиналысының өкілі қазіргі
кезде әлемнің 75 ел ҚХР-ға осы мәртебені берсе де, Еуроодақ қытай
экономикасын рыноктық деп әлі де мойындамай отыр, бұл екіжақты
қатынастардың дамуын тоқтатып тұр.
Сарапшылар халықаралық сауда жүйесіндегі жағдайды тек қытай тоқымасына
енгізген шектеулер болмаса, ҚХР-ға жағымды деп бағалауда. Болашақта Қытай
халықаралық сауда байланыстарын либерализациялау үдерісінде қозғаушы күшке
айналып, нарықтың ашықтығына қол жеткізіп жатқан ДСҰ және аймақтық
ұйымдардың алдын алады деп болжанып отыр.
2001 жылы қабылданған міндеттерге қарамастан, елге кіргізген бірқатар
қаржы ұйымдарының қызметтерін ресми органдар қадағалап, қатаң тосқауылдар
қолдануда. Көптеген әлеуетті тұтынушылардың қатысуына кедергі келтіретін
банк капиталының жоғары деңгейіне байланысты шешімдер қолданып, ұйымдардың
жеке талаптары жойылып, банк операцияларын жүргізуде шектеулер енгізілуде.
[7; 163 б.]
Қытайдың ДСҰ-мен қарым-қатынасының нашарлауына соңғы жылдары орын алып
жатқан шиеленіс жағдайлары айғақ бола алады. Жартылай өткізгіш сияқты
өнімдерге салық жеңілдіктерін енгізу үрдістері шиеленісуде. Қытайдың
халықаралық сауда ережелерін бұзушылықтары ресми тергеу үстінде.
АҚШ, ЕО, Канада Қытайды автомобиль өндірісінде протекционизм жасауда
деп айыптауда. ҚХР-да автомобиль бөлшектерін енгізуге салынатын импорт
тарифтері 60%-ға артты. Олар дайын машиналар тарифінің деңгейіне
жақындаған. Америкалық сауда өкілі Associated Press агенттігіне Қытайда
қытай өндірушілерінің жаңа машина жинақтауы барысында импортты өнімдерді
қолдануға шектеу енгізген деп хабарлады.
Сарапшылардың пікірлері бойынша қабылданған келісімдерді бұзатын
мұндай фактілер қытай экономикасының күшеюіне, кейбір салаларды мемлекеттік
қаражаттандыру, отандық компаниялардың артықшылықтарына байланысты
міндетті түрде жалғасын табады дейді.
Қытай компаниялары зияткерлік жекеменшік құқығын сақтайтын
әрекеттерін жандандыруда. ҚХР-ның премьер-министрі елде халықаралық
стандарттарға сай ұлттық жүйені қорғауды жүзеге асыру үшін уақыт қажет
екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Сауда министрінің ақпараты бойынша
ел ішінде ержелерді қатайтуды бақылау жауапкершілігі 400 мың инспектор мен
полицейлерге жүктелген.
ДСҰ алдында отандық өндірушілердің міндеттері мен құқықтарын
баланстандыруға, әрі әлем сахнасында олардың мүдделерін тиімдірек қорғауға
мүмкіндік беретін сыртқы сауда жөнінде жаңа заң қабылданды. Жаңа заң
заңгерлік саладағы олқылықтарды толықтырып, яғни бұл ұлттық кәсіпорындарға
өз құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға жағдай туғызады.
ДСҰ алдындағы міндеттерін орындай отыра, Қытай шетелдік қаржы
ұйымдарына біртіндеп өзінің банк жүйесін ашуда. Қазіргі кезде 60 шетелдік
банкқа ҚХР-да ешбір аймақтық немесе клиенттік шектеулерсіз шетел
валютасымен операциялар жүргізуге рұқсат етілген, оның ішінде 53 шетелдік
банк жиынтық активі 50 млрд юаньмен рұқсат. [3; 214 б.]
ДСҰ-ға кірудің алғашқы нәтижелері Қытайда оң жағынан бағаланған.
Онымен экономиканың даму қарқынының күшеюі мен сыртқы сауданың айтарлықтай
кеңеюін, сонымен қатар әлемдік экономикадағы мемлекеттің үлесінің артуын
байланыстырады.

1.2 Дүниежүзі Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейінгі жылдардағы Қытай
экономикасы салаларындағы өзгерістер

Жалпы алғанда Қытайдың ДСҰ-да мүшелік етуі ішкі экономикалық дамуына
үлкен ықпал етті. Сыртқы сауданың көлемі 2001 ж. 851 млрд. долл. болса,
2011 ж. 2977,5 млрд. долл. құраған, тікелей шетелдік инвестициялар көлемі
де сәйкесінше 53,5 млрд. долл.-дан 3352 млрд. долл. артқан. [1]
Ішкі нарыққа бағдарланған және әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндіктері
болмаған кейбір салалар қарқынды дами бастады. Әсіресе жылдам екпінмен
автомобиль өнеркәсібі дамып, қысқа мерзім ішінде ірі автомобиль
экспорттаушылардың біріне айналады.
Қытайдың сауда әлеуетінің даму динамикасы өсуінің жоғары
қарқындылығымен сипатталады. Мысалы:
- 1978 жылдан 2009 жыл арасында Қытайдың экспорты: 266,1-ден 1201,61
млрд долл., ал импорт: 243,5-тен 1005,92 млрд долл. құрап, 4 есеге артты.
- Сыртқы сауда көлемі ішкі өндіріс көлеміне қарағанда 4 есе артты
(10-нан 40%-ға дейін);
- Сыртқы сауданың жалпы көлемі 509,65-тен 2207,54 млрд долл. өсті,
яғни бұл экспорт пен импорттың жалпы бағамы қазіргі уақытта Қытай сыртқы
сауда көлемінен дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі 2 орында (оның дүниежүзілік
саудадағы бөлігі 12,56%). [Қосымша А]
Қытай экспортының басты саласы өндірістік тауарлар болып табылады.
Экспорттың жалпы көлеміндегі өндірістік тауарлардың үлесі 2001 ж. 90%-дан
2009 ж. 94%-ға артты. Дәстүрлі Қытай экспортының басым бөлігі көп еңбекті
қажет ететін тауарлар: киім, аяқ киім, мата мен тоқыма бұйымдары,
өндірістік және ауылшаруашылық өнімдердің сан-алуан түрлері, жиһаз,
пластмасса бұйымдары, сонымен қатар теңіз өнімдері, астық, жеміс-жидек және
тағы да басқа өнімдер.
Ал Қытай импортының басым бөлігін арнайы өндірістік құрал-саймандар,
электр құралдары, телекоммуникация жабдықтары, темір, мыс, өңделмеген
пластмасса, мұнай, мұнай өнімдері, тоқыма талшықтары, мата мен тыңайтқыштар
құрайды. Экспорттың жоғары қарқынмен өсуінің себепшісі мемлекеттік
саясаттың ынталандыруы болып отыр.
Сонымен Қытайдың сауда әлеуетінің ары-қарай дамуы мен жүзеге асуының
басты мәселесі оның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру болып табылады,
дәлірек айтсақ: дәстүлі киім, ойыншық, тоқыма экспортын ауыстыру немесе
толықтыруға бағытталған бәсекелестік қабілеттілігі жоғары, көп еңбекті
қажет ететін, көпшілік сұранысындағы бұйымдардың, яғни телевизор,
тоңазытқыш, сонымен қатар қаржы мен ғылымды қажет ететін өнеркәсіптерді
игерудің жаңа тобын құру.
Қытайдың сауда айналымының тез арада дамуына оның Дүниежүзілік Сауда
Ұйымына енуі де айтарлықтай ықпал етуде. Дегенмен кері жақтары да жоқ емес,
мысалы, сауда келіспеушіліктерінің ушыға түсуі, мұнай бағасының өсуі және
басқа да факторлар әлемдік экономиканы мазалауда.
ҚХР-ның ірі сыртқы сауда серіктестеріне Азия мемлекеттері жатады,
оларға сыртқы сауданың жалпы көлемінің 58,3% немесе 1148,42 млрд. долл.
тиесіл, одан кейін Еуропа елдері – 381,35 млрд долл., Солтүстік Америка –
328,11 млрд.долл., Латын Америкасы елдері – 121,86 млрд долл., ТМД – 69,08
млрд.долл. және Африка елдері - 91,06 млрд долл. [1]
Қытайдың экономикалық дамуындағы сыртқы сауданың орны 2001 жылы
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болғаннан кейін айтарлықтай өсті. Бұл
белгілі бір дәрежеде заңдар мен актілерге өзгерістер енгізген ДСҰ-ның
ереже, жарғыларына бейімделуіне байланысты. 2003 жылы жалпы мемлекеттік
құқықтық нормаларды қайта қарау аяқталды. Соңғы екі жылда ҚХР-ның
Мемлекеттік Кеңесінің 30-дан астам ведомствосы 2300 заңгерлік құжаттарды
қайта қарастырды, оның ішінде 830-ы күшін жойып, 325-іне өзгертулер
енгізілді. Олар сауда, сауда саласында қызмет көрсетулер, зияткерлік
меншік, қаржы салу және т.б. салаларды қамтиды. [8; 89 б.]
Құқықтық құрылысқа үлкен мән берген Мемлекеттік Кеңес бес заң шығару
ұсыныстарын жария етті, оның ішіне Банк ісін бақылау және басқару Заңы
бағдарламасы және Сыртқы сауда Заңына өзгертулер енгізу бағдарламасы
кіреді.
ҚХР-ның ДСҰ-ға мүше болуы сыртқы экономикалық байланыстарды басқару
механизміне өзгертулер енгізді. Жаңа Коммерция Министрлігін құру ҚХР-ның
сыртқы және ішкі саудасын бақылау біріктіріліп, азық-түлік және өндірістік
қауіпсіздікті бақылау жүйесі ретке келтірілді. Провинциялық деңгейдегі
үкіметтік құрылымды реформалау негізінен аяқталды.
2006 жылдың екінші жартысында-ақ алғаш рет ҚХР АҚШ-ты басып озып,
экспорттайтын тауар атауы 744-ке жетті. Тауар экспорты мен импорты
қарқынында Қытайдың жетекші орынға шықты. [Қосымша Ә]
Макрокөрсеткіштің жоғары қарқынында экспортты-импортты үдерістер
арқылы қол жеткізген нәтиженің маңызы арта түседі. Шетел тауарларына деген
сұраныс сақталды, бірақ қытай экспорты ширақ дамып, кеңейе түсті. АҚШ пен
Жапониядан келетін тапсырыс азайып, оның орнына Батыс Еуропаға шығарылымның
cаны артты. Бұл Қытайдың сауда саясатының мақсатына жету жолындағы
табандылықты көрсетеді.
Халықаралық сарапшылар америкалық және батыс еуропалық саясаткерлердің
қытай үкіметінің жүргізіп жатқан юаньды тұрақтандыруға бағытталған
валюталық-бағамдық саясатына наразылықтарын білдіргенін бірнеше рет
қозғаған болатын. Осының барлығы ҚХР аумағына қытай экономикасының күшейіп
келе жатқан экспорт әлеуетінің қозғаушы күші болған көптеген жинақтаушы
өнеркәсіптердің көшіп келуін тездетті.
Импорттаудың көлемі бойынша Қытай әлемде 2 орында. BFAI федералды
агенттігінің сарапшыларының хабарлауы бойынша, 2010 жылы қытай экспорты 1,2
трлн долл. құрады.
Қазіргі күнде көптеген елдер Қытайдың сауда серіктесі. Экспортты-
импортты қатынастар барлық континенттерде жандандырылған.
ҚХР импорт өсімінің қарқыны бір жылда Гонконг, Жапония, АСЕАН елдері,
Канада, Мексика, Индия және басқа да мемлекеттерден келетін тауарлар
тарапынан 20-дан 20,8%-ге өсті, ал АҚШ, Корея Республикасы, Тайваньнан
импорттау азайды.
Сыртқы саудада Қытайдың оң сальдосы 2006-2007 жылдары 177,5-26,2 млрд
долл. артты. NAFTA, ЕО елдерімен Гонконг, Сингапурмен сауда жасау арқылы
ұлғайып, Малайзия, Филиппин, Таиландпен сауда тапшылығы өсіп, мұнайды
экспортқа шығарушы елдермен (ОПЕК) сыртқы сауда айналымы азаюда. Ал 2008
жылы сыртқы саудада сальдо 8,6%-ға төмендеді. АҚШ-тың Басты Кедендік
Басқармасының мәліметтері бойынша оның негізгі себебі импорттың тез
өсуінде. Экспорт 22,9%-ға өскенде импорт 30,4%-ға өскен, ол шикізат
мұнайдың (64,1%-ға), жағармай (66,9%), көмір (40,4%) қымбаттауымен
байланысты. [9; 216 б.]
Америкалық импортта ҚХР үлесінің артуы жалғасуда, бірақ бұрынғыдай
жылдам қарқынды емес. Доллардың осалданып, юаньның нығаюы АҚШ нарығынан
қайта бағдарланудың себепшісі болды. Еуроның және басқа да жетекші
валюталардың қымбаттауы бағамдық бәсекеде қытайдың позициясын қолдады.
ҚХР-да экспорт нарығын әртараптандыруға күш салынып жатыр. Шығарылатын
тауар түрі кеңеюде. Дәстүр бойынша жетекші орындарда жеңіл өнеркәсіп
өнімдері, олардың шығарылымы тұрақты түрде өсуде (2006 жылы тоқыма және
тігін бұйымдары 140 млрд долл. құрады, сәйкесінше ол әлем экспортының 25%).
Шет елге жіберілген электронды өндіріс бұйымдарының құны 300 млрд долл.
құрап отыр (дүниежүзі экспортының 20%-ы). Бұл көрсеткіш бойынша Қытай
әлемде бірінші орында болса, екінші – АҚШ (135 млрд. долл.), үшінші –
Германия (70 млрд. долл.) электронды өндіріс бұйымдарын экспорттап отыр.
Электротехникалық өнімдерді шығару ширақ дамуда. 2006 жылы экспорт 40%-
ға артып, 78 млрд. долл. (ФРГ – 64 млрд. долл.) құрады.
Сонымен қатар Қытай әлемде ең ірі ойыншық шығарушы (дүниежүзінде
саудаланатын ойыншықтың 80%-ы). 80-жылдардың басынан осы тез дамитын
секторда 80 мыңнан аса фабрикалар тіркелген (оның ішінде 3000 экспортқа
лицензиясы бар).
Елде шығарылған тауардың 75%-ы экспорт үшін қарастырылған. Олар
негізінен АҚШ, Гонконг, Жапония, Германияға жеткізіледі. Гуандун
провинциясындағы, қытай индустриясының ойыншық өндірісінің негізгі
орталығында, Шэньхай ауданында ғана 14,06 млрд. долл. көлемінде 100 елді
ойыншықпен қамтамасыз етіп отырған 3000-нан астам фабрика орналасқан.
Жоғары пайда бұл саланың дамуын ынталандырып, оның бәсекеге қабілеттілігін
арттырып отыр. Көптеген елдер қытайлық өнімгерлермен бәсекелесе алмай,
өндірісін азайтуға мәжбүр болды. [6; 267 б.]
2005 жылы Аргентинада 6,6 млн. долл. инвестицияға 36 млн. ойыншық
өнімдері шығарылған болатын. Бірақ арзан қытай ойыншықтарының импорты
кенеттен жылдам өсіп, аргентиналық өнеркәсіпті өдірісін төмендетуге
мәжбүрледі. 2001-2005 жж. аралығында ҚХР-ның поставки 10,8 млн. 70,1 млн.
долл. артты. Қытай тауарларына тапсырыс тұрақты түрде өсуде, әсіресе
рождество мен жаңа жылдық мерекелер қарсаңында. Бірақ соңғы уақытта
мамандар бұл өнімде тұтынушылардың денсаулығына зиянды қоспалар тапты. Ол
толымдаушыларда қорғасынның жоғары деңгейде болуы және бояулардың
уыттылығы.
АҚШ, ЕО, австралиялық компаниялар ҚХР сапаны бақылаудағы немқұрайлы
қарайды деп кінә тағуда, бұл елдің жетекші экспорттаушы ел ретіндегі
абыройына нұсқан келтірмей қоймайды. П. Манделсон сауда жөніндегі
еурокомиссар қытайлық өнімдерге айқын қарсы шығып, бұл мәселе тек Қытайға
тиесіл болмаса да, оны әлем қауымдастығының алдында дамып келе жатқан
өндіруші ретінде елдің беделін айқындайтынын атап өтті.
АҚШ-тың тұтынушы тауарлардың қауіпсіздігі бойынша комиссия шешімі
бойынша тек 2007 жылы ҚХР-нда шығарылған 21 млн-нан астам ойыншық кері
қайтарылды. Бұл өнімнің көп бөлігі американдық компания Mattel-ге тиесіл
болды. Кейінгі апталарда жүргізілген бақылау нәтижесінде тағы да жарты
миллион ойыншық құрамында рұқсат етілетін қауіпсіздік нормасынан жоғары
қорғасын көрсеткіші болғаны анықталған. Бұл үдеріс барлық елде қайталанды
десек те болады. Бразилияға аталған Mattel маркасының ойыншықтарын енгізуді
тоқтатты.
2007 жылдың қарашасында Қытайдың ресми өкілдері Bindeez және Aqua Dots
сауда белгілеріндегі ойыншықтарды экспорттауға тыйым салынды, себебі оларды
жасау барысында қауіпті химикаттар қолданылғаны анықталды. Пекинде
ойыншықтардың бірнеше партиясы тәркіленіп, тергеу жұмыстары жүргізілген.
Қытайдың сараптама, карантин және сапаны бақылау жөніндегі мемлекеттік
ұйымының басшысы Ли Чанцзян Made in China (Қытайда жасалған)
затбелгісіне сенімді қайтару үшін ел ішінде қоғамдық қозғалысқа жетекшілік
етті. Ол бұл талапқа сай келмейтін тауарлар, әсіресе заңсыз жолмен
экспортқа шығарылатын тауарлар қытай өнімдерінің беделіне нұқсан келтірді
деп жариялады және заңсыз өндірушілерді қатаң жазаға тартып, бақылауды
қатайтатынына уәде берді.
ҚХР-ның өндірісі оң жағынан бағаланады. Жыл сайынғы өсім 30-40% құрап.
2010 жылы айналым 10 млрд. еуроға жетті. Ауылды жерлерде тұтынушылар 30,2
млн. еуроны құрайтын (бір балаға жылына 2 еуро) дәстүрлі ойыншықтарды
қанағат тұтса, қалаларда 4,78 млрд. еуроны құрайды. ҚХР-ның Әлеуметтік
сұрастыру Институтының ақпараты бойынша 34% тұтынушылар электронды
ойыншықтарды таңдайды, 46% - зияткерлік, 20% - сәндік қуыршақтарды
таңдайды екен. Лицензияланған өнімге деген сұраныс арта түсуде.
Теледүкендер мен интернет арқылы сауда жасау жолдары дамып келе жатыр. [6;
279 б.]
Арзан қытай тауарларына деген сұраныстың өсуі ҚХР-ның сыртқы сауда
балансының оң сальдосының өсімінде байқалады. 2004-2007 жылдар аралығында
бұл көрсеткіш сегіз есеге өскен. Сарапшылар өсімнің тұрақты үрдісін
сараптай отыра, Қытайға ұлттық экономиканың экспортқа тәуелділігін
төмендетіп, сыртқы саудадағы теңсіздіктің өсуін қадағалайтын шараларды
қолдануға кеңес береді.
Қытайда коммерциялық қызмет көрсетулер (көлік, туристік, т.б.) саудасы
белсенді даму жолында. Оларды импорттау және экспорттау соңғы жылдары 20%-
ға артты. Бұл әлем экономикасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі. ДСҰ-ның
эксперттері Қытай 2007 жылы Италияны басып озып, коммерциялық қызметтердің
экспорттаушы жетінші ірі ел болғанын растайды. Қызметтерді импорттаудан бұл
Азия елі бесінші орынға шықты.
ҚХР-ның сауда серіктестерінің көңілдерінің толмаушылықтарына
қарамастан, бұл елдің әлем экономикасында өз орнын нақты тұрақтандыру
барысында жұмсаған қажырлы еңбегі жоғары нәтижелі болды. Жеңіл өнеркәсіп
өнімдерінен бастап, оның ішінде тоқыма өнеркәсібі, күрделі, ғылымды қажет
ететін бұйымдарға көшпек.

1.3 ҚХР-дың ДСҰ-ға мүше болуынан кейінгі индустриалды-инновациялы
саясатындағы ғылыми-зерттеу жобалары

Қатаң бәсеке күресі жағдайында индустриялық әлеуеттің динамикалық
дамуы экспорт-импорт үдерістерінің қарқынды үдеуімен қатар жүріп жатыр.
Сарапшылар сыртқы сауда саласында Қытай сапалы жаңа сатыға
көтерілгенін айтады. 2003 жылдан бері Қытай көптеген өнімдердің нетто-
импортерінен нетто-экспортерге айналды. Financial Times қытай экспортының
құрылымы өзгеріп, 2010 жылы сыртқы саудадағы оң сальдо үш есеге артып, 212
млрд. долл. жеткенін хабарлады. Салыстырмалы оңай жасалатын өнімдерді
шетелде сату біртіндеп азайып, техникалық және технологиялық жағынан қиын
жасалатын өнімдерді сату көлемі ұлғайып жатыр. [4; 198 б.]
Юаньның қымбаттауы мен еңбекақы көлемін арттыруға байланысты Қытай
өндірушілері сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруды тездетіп,
Оңтүстік Еуропа, Корея Республикасының өндірушілерімен бәсекеге түсіп,
Франция, Германия, Жапония, АҚШ елдеріне экспортты ұлғайтып жатыр. Осы
мақсаттарда металлургияны, машина жасау, дәстүрлі тоқыма және тігін
өнеркәсібін, құрылыс құралдарын шығару, авиациялық индустрия, автомобиль
жасау және басқа да салаларды техника-технологиялық модернизациялауға
инвестициялардың көлемі арттырылып жатыр. Бәсекеге қабілеттілігін нығайтуда
ғылыми-техникалық сала басты орынға қойылды.
Ғылыми-зерттеуге тоқталатын болсақ, тәжірибе-құрылымдық жобаларды
дамыту қазіргі заманғы өндірісті қалыптастырудың негізі болып табылады.
Жетекші елдерді ғылым және техника саласында қуып жету үшін
шығарылатын күрделі өнімдерге деген сұранысты қамтамасыз етіп, ҚХР-ның
үкіметі инновациялық-технологиялық әлеуетін үдемелі арттырып, қазіргі
заманғы өндіріс салаларын дамытуды ынталандырып отыр.
1985 жылдың өзінде Батыстың технологиялық паритетіне жету мақсаты
жарияланған болатын. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-құрылымдық жобаларды
инвестициялау 2009 жылы 19,2-ға, яғни 90 млрд. долл. артты. Бұл мақсаттарға
ЖІӨ-нің 1,23%-ы (АҚШ – 2,7, Жапония – 3,3, Израиль – 4,7, Тайвань – 2,3,
Корея Республикасы – 2,9, Сингапур – 2,2, Үндістан - 1%) жұмсалып отыр.
2009 жылы ҒЗТҚЖ қызмет етіп жүрген қызметкерлер саны 1 млн.жетті. [11]
Дамыған елдерде қолданылатын технологиялар ғана белсенді қолданып
жатқан жоқ, сонымен қатар қымбат емес өнімдерді өндіру үшін отандық
технологиялар да жетілдіріліп жатыр. Ел басшылығы дүниежүзілік нарықты
информациялық технологиялар өнімдерімен қамтамасыз ету стратегиясын алға
қойып отыр.
Басымдылыққа ірі көлемді интеграцияланған желілер, программалық
қамсыздандыру және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері ие болып отыр. Бұл
саланың қарқынды дамуына 2004 жылы ақпараттық технологияларды экспорттау
бойынша дүниежүзіндегі жетекші орында болғаны куә болады.
ҚХР-дағы және басқа да Азия елдерінде инновациялық қызметтердің кеңеюі
АҚШ-тың ғылыми-техникалық салада жетекшілігін, академиялық саладағы жоғары
орнын жоғалтуына және ғылыми инновацияларға қаржылай қолдау көрсетуінің
азаюына байланысты. АҚШ-тың Ұлттық ғылым Академиясы Қытай мен Үндістанды
болашағы мол, инновациялық рейтингтерге жетекшілік ете алатын елдер ретінде
атап өтті.
ҚХР-ға арнайы жоғары технологиялық зоналарды және ғылыми парктерді
құруға көптеген шетелдік өндірушілер тартылуда. Қытайда өндірістерін
дамытқылары келетін компанияларға салық жеңілдіктері ұсынылады. Батыс
фирмаларының ғылыми зерттеу институттарын ұлттық ресурстарды тиімді
қолдануды және динамикалық дамып жатқан нарықтарды ұлғайту мақсатында
Қытайға көшіру ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.
Дүниежүзінің барлық ірі концерндері ҚХР-да ғылыми-зерттеу орталықтарын
салуда, себебі ҒЗТҚЖ Батысқа қарағанда 60-70%-ға арзанға түседі. 2001 жылы
финдік атақты компания Nokia Ханчжоу қаласында 300 адам қызмет еткен
бірінші қытайлық орталығын ашқан болатын. 2005 жылы Чэньду қаласында екінші
орталығы ашылды, басшылықтың бағалауы бойынша дүниежүзіндегі ең жақсылардың
қатарына енгізілді.
Осы уақытта ҚХР-да жұмыс істеп жатқан 700-ден астам ғылыми
зертханалардың жартысынан көбі ақпараттық технологиялармен шұғылданды.
Шанхайдың өзінде ғана 203 зерттеу орталықтары жұмыс істеп, оның 72-сі
Siemens, Motorola, France Telecom, Alcatel және AMD сияқты компанияларға
қызмет етіп жатыр. Осы қалада орналасқан өндірістік парктерде электронды
өнімдердің кең көлемді түрлері шығарылады. China Mobile – әлемдегі ең ірі
абоненттік база мен нарықты капиталдандыру операторы. Дүниежүзілік рейтинг
тізімінде үшінші және төртінші орындарда шағын компьютерлер шығаратын
тайваньдық Acer мен қытайдың Lenovo компаниялары тұр.
Сарапшылардың бағалауы бойынша мемлекеттің зиятты әлеуеті өте жоғары.
Жыл сайын ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша 250 мың маман жоғары
оқу орнын бітіреді. [12]
ҚХР-дың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша сыртқы сауда
айналымы 329 млрд. долл. өсті.
Қытай импортының құрылымында электронды құрамдас бөліктері (65%) басым
болып келеді, экспортта - компьютерлер (46%). Бұл қытайлық өндірушілердің
құрастыру операцияларына маманданғанын көрсетеді.
Соңғы жылдары шетелге компьютерлік программаларды шығару артты, 2009
жылы бұл өнімнің экспорт көлемі 930 млн. долл. құрады, ол 2008 жылға
қарағанда 2,7 есеге артық. Ақпаратты технологиялар қызметін жеткізу 950
млн. долл. жетті, компьютерлік программаларды дүниежүзінің 94 елі мен
аймақтарына экспортталды. Қытай бағдарламалық қамтамасыз етуде басты
импортерлері Жапония мен АҚШ. Негізгі өндірушілер – шетелдік мамандардың
қатысуымен құрылған кәсіпорындар.
Жергілікті технологияларды ілгері дамыту, инновацияларға жәрдемдесу –
қытай үкіметінің басты міндеті. Гуандун провинциясында патенттелген
бұйымдарды сатқаннан кейін түскен пайдаға бес жыл бойы бірлескен табыс
салығы салынбайды. Бұл қытай өндірушілерін ДСҰ-ға қосылғаннан кейін
тұрақтылықты сақтауға және шетелдік өндірушілермен бәсекелесу қабілеттерін
арттыруға ынталандырады. Көптеген қытай фирмалары бәсеке күресі барысында
негізгі артықшылық ретінде арзан бағаны қолданады.
Ел ішінде электронды өндірістің дамуын (жылына кемінде 10,1%-ға артып
отырады) профессионалды және тұрақты тұтынушы сұранысының өсуі қолдап
отырады. Нарықтың ықтимал сыйымдылығының кеңейгенін ҚХР-нда 350 млн.
ауқатты тұрғындардың болуы дәлелдейді.
Қытайдың дүниежүзілік электронды өнімдерді өндірудегі үлесі 2000-2006
жылдары 11-ден 23,7%-ға жетті, 2011 жылы бұл көрсеткіш 30% болды. Әлемдік
шаруашылықта Қытайдың орнығуы осы секторда дүниежүзінде жетекші орындағы
АҚШ, Еуропа елдері мен Жапонияға қауіп төндіріп тұр дейге де болады. 2020
жылы болжамдар бойынша Қытай инновациялық-бағытталған мәртебеге ие болады.
Егер бұрын Қытайда арзан, сапасы төмен электроника өндірілсе, қазіргі
жағдайларда сапалы, күрделі өнім, батыс өндірушілеріне қарағанда бағасы да
тартымды өнімдер басымшылыққа ие болып отыр. Бұл дамыған елдермен
бәсекелестікті арттырып, ҚХР-ның нетто-экспортер ретінде позициясын
нығайтады. 2010-2012 жылдар аралығында жыл сайын шетелге шығару 30-40%-ға
артады деп болжанып отыр.
Ғылымды қажет ететін бұл жалпы өндірістік өнім әлі де нарықтың аз
үлесін қамтып отыр, дегенмен оның әлеуеті кеңейіп, дәстүрлі өнімнің үлес
салмағы сарқылды. Жалпы өнеркәсіп өндірісінде электронды индустрияның үлесі
12,4%-ды құрады. Саланың 73% өнімі шетелдік капитал бақылайтын
кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Өндірілетін электронды өнімнің 54%-ы
экспортқа шығарылады. Шетел инвестициялары ұлттық өндірушілердің
қызметтеріне белсенді түрде тартылып жатыр. Осы арқылы америкалық өндірісті
өңдеуші, әсіресе робот шығарушы компаниялар қуаты ҚХР-ға көшіріліп жатыр.
Тұрмыстық электронды техникаларды дүниежүзінде шығару бойынша елдің
үлесіне 2000 жылы 11%, 2006 жылы 35%, ал 2011 жылы 40%-дан асты. Мобильды
телефондарды шығаруда бұл көрсеткіш 40%-ға, дербес компьютерлерді шығару-
44%, санды фотоаппарат - 27%-ға өседі. [1]
Электрондық өнеркәсіп бұйымдары сыртқы сауданың 27%-н құрап, қытай
экспортында маңызды орынды алса да, ал жоғары технологиялық өнімдерді
жеткізу жыл сайын орташа 34%-ға артып отырса да, өндірістік әлеует әлі
толық дамымаған, шетел капиталы қатысқан кәсіпорындар барлық зияткерлік
жекеменшікті, негізгі технологияларды, негізгі құралдардың өндірісін
бақылап, технологиялық экспорттың 80%-ын қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың барлық мемлекеттермен серіктестігі
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Экономикалық реформа нәтижелері
ДСҰ және Қазақстан
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы
Қазақстанның ДСҰ-ға ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ) енуінің проблемалары мен перспкетивалары
Қытай экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі
Пәндер