Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I. КҮН ШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ГЕОСАЯСИ ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
II. ЖАПОНИЯНЫҢ АЗИЯ . ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ГЕОСТРАТЕГИЯЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
Бүгінгі таңда Жапонияның жетіп отырған жетістігі, оның әлемдік қауымдастықта алатын орны «күн шығыс елінің» экономикалық күш-қуатының мықтылығында. Екінші Дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілген елдердің қатарында қалды. Осыған байланысты әлемдегі ұлы держава АҚШ-тың осы аймақта жүргізген саясаты және жапондық милитаризмнен зардап шеккен елдер (Маньчжурия, Корея және т.б.) XX ғасырдың басында жапондық геосаясаттың дамуына, өзіндік сыртқы саясатының тұрақты қалыптасуына тежеу болды. Бұл әсіресе көрші елдермен геостратегиялық қатынасынан байқалады.
Жапония әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Дәлірек экономикалық саласы жағынан ең қарқынды дамып келе жатқан елдің бірі. Осындай дәрежеге жеткізіп отырған елдегі дұрыс жүргізіліп отырған саяси реформалардың арқасында. Саяси реформалар өз кезегінде дұрыс қалыптасқан саяси жүйесінің жемісі деп айтуға болады. Өз тарихында екі рет қабылданған конституция бірін бірі толықтыра елді дұрыс даму жолына алып келді. Осыдан бастап жаңа геосаяси стратегиялардың әзірленуіне жол ашылды. Елдегі түбегейлі өзгерістер саяси жүйенің де жаңа сипатқа ие болуына соқтырды.
Тақырыптың өзектілігі ең алдымен жапондық геосаясаттың ерекшеліктеріне тоқталып өту, саяси жүйесіндегі негізгі бағыттарды атап өту. Яғни әрбір жыл сайын үкімет басында болып жатқан өзгерістер саяси өмірге енгізіліп жатқан жаңалықтар мен саяси жағдайлардың геосаясатқа тигізер әсері.
Тақырыптың мазмұнын ел тарихында болған оқиғалар толықтыра түсті. Яғни олар жапон халқы мен қытайлар арасында болған қақтығыс, күріш көтерілістері және бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген II Дүниежүзілік соғыс және т.б. Мұндай ірі тарихи жағдайлар жапон қауымына зор әсерін тигізді , сонымен қатар саясаттың басқа белестерге өтуіне де әсер етті. ХІХ ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында Жапония Әлем саясатына әсер ететін мемлекетке айналуына қадам ала бастады. Бұл уақытта үкімет басына келген Мэйдзи кабинеті жаңа реформалар қабылдап, батыс державаларына сай Жапонияның алғашқы конституциясын қабылдаған болатын. Ол енді өзінің ықпалын азия – тынық мұхит аймағына таратуға тырысып отыр.
Қытай мен Жапония арасындағы Корея үшін конфликт жапон – қытай соғысына әкелді. Жапония жеңіп, Тайваньді жаулап алды, бірақ батыстың ықпалымен басқа террторияларды Қытайға қайтаруға міндетті болды. Бұл жапон әскерін және флотты қайта қарулануды тез етуге термеледі. Жаңа конфликт, осы жолы Ресеймен, Қытай мен Маньчжурядағы мүдделер үшін болды. Бұл 1904 – 1905 жылдардағы орыс – жапон соғысына әкелді.
1. Тихонравов Ю.В. Т 465 Геополитика: Учеб. пособие/М., ЮНИТИ.2002.
2. Итоги XV съезда КПК – геополитический подтекст. Журнал
«Международная политика», 2002, №4
3. Нартов Н.А. «Геополитика», Москва 2004
4. Кузнецов Ю.Д. «История Японии», Москва 1988
5. Дергачев В.А. «Геополитика» учебник для ВУЗов – Юнити-Дана
Москва, 2004
6. Мартышев «Систеама современной безопасности в АТР» Москва, 2003

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ГЕОСАЯСАТЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I. КҮН ШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ГЕОСАЯСИ
ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
II. ЖАПОНИЯНЫҢ АЗИЯ – ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ГЕОСТРАТЕГИЯЛЫҚ
МҮДДЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Жапонияның жетіп отырған жетістігі, оның әлемдік
қауымдастықта алатын орны күн шығыс елінің экономикалық күш-қуатының
мықтылығында. Екінші Дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілген елдердің
қатарында қалды. Осыған байланысты әлемдегі ұлы держава АҚШ-тың осы
аймақта жүргізген саясаты және жапондық милитаризмнен зардап шеккен елдер
(Маньчжурия, Корея және т.б.) XX ғасырдың басында жапондық геосаясаттың
дамуына, өзіндік сыртқы саясатының тұрақты қалыптасуына тежеу болды. Бұл
әсіресе көрші елдермен геостратегиялық қатынасынан байқалады.
Жапония әлемдегі ең ірі державалардың бірі. Дәлірек экономикалық
саласы жағынан ең қарқынды дамып келе жатқан елдің бірі. Осындай дәрежеге
жеткізіп отырған елдегі дұрыс жүргізіліп отырған саяси реформалардың
арқасында. Саяси реформалар өз кезегінде дұрыс қалыптасқан саяси жүйесінің
жемісі деп айтуға болады. Өз тарихында екі рет қабылданған конституция
бірін бірі толықтыра елді дұрыс даму жолына алып келді. Осыдан бастап жаңа
геосаяси стратегиялардың әзірленуіне жол ашылды. Елдегі түбегейлі
өзгерістер саяси жүйенің де жаңа сипатқа ие болуына соқтырды.
Тақырыптың өзектілігі ең алдымен жапондық геосаясаттың ерекшеліктеріне
тоқталып өту, саяси жүйесіндегі негізгі бағыттарды атап өту. Яғни әрбір
жыл сайын үкімет басында болып жатқан өзгерістер саяси өмірге енгізіліп
жатқан жаңалықтар мен саяси жағдайлардың геосаясатқа тигізер әсері.
Тақырыптың мазмұнын ел тарихында болған оқиғалар толықтыра түсті. Яғни
олар жапон халқы мен қытайлар арасында болған қақтығыс, күріш көтерілістері
және бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген II Дүниежүзілік соғыс және т.б.
Мұндай ірі тарихи жағдайлар жапон қауымына зор әсерін тигізді , сонымен
қатар саясаттың басқа белестерге өтуіне де әсер етті. ХІХ ғасырдың аяғында
– ХХ ғасырдың басында Жапония Әлем саясатына әсер ететін мемлекетке
айналуына қадам ала бастады. Бұл уақытта үкімет басына келген Мэйдзи
кабинеті жаңа реформалар қабылдап, батыс державаларына сай Жапонияның
алғашқы конституциясын қабылдаған болатын. Ол енді өзінің ықпалын азия –
тынық мұхит аймағына таратуға тырысып отыр.
Қытай мен Жапония арасындағы Корея үшін конфликт жапон – қытай
соғысына әкелді. Жапония жеңіп, Тайваньді жаулап алды, бірақ батыстың
ықпалымен басқа террторияларды Қытайға қайтаруға міндетті болды. Бұл жапон
әскерін және флотты қайта қарулануды тез етуге термеледі. Жаңа конфликт,
осы жолы Ресеймен, Қытай мен Маньчжурядағы мүдделер үшін болды. Бұл 1904 –
1905 жылдардағы орыс – жапон соғысына әкелді. Жапония осы соғысты да жеңіп,
кейбір территориялар мен халықаралық құрметке ие болды. Кейін Жапония
өзінің Кореяға ықпалын күшейтіп, оны өз қол астына алды. Жапонияда бұл
жеңістер ұлтшылдықтың өсуіне әкелді. Мэйдзидің қайтыс болғанынан кейін,
оның орнына Тайсё император болды. Тайсё билігі кезінде саяси қуат
парламент пен партиялар қолына көшті. Жапония Бірнші дүниежүзілік соғыста
одақтастар қатарына қослып, шығыс азиядағы герман әскерлеріне қарсы күреті
. Алайда, Жапония өзінің көздеген мақсаттарынан бас тартпады. Соғысқа
қосылу себебі, Қытайға ықпалын күшейту. Одан кейін тынық мұхиттағы беделді
мемлекетке айналу. Бірақ АҚШ және батыс державалармен болған қарама –
қайшылықтарға байланысты, Жапония Вашингтон конференциясында қабылданған
келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Он жыл өтпей, Жапония бұл конференцияда
қабылднған келісімдерден бас тартты. Нәтижесінде, батыс державалармен
қатынасы одан әрі нашарлап, Жапония сыртқы саяси дәрежеде агрессор ретінде
қаралды.
Заман тарихымен Күн шығыс елінің әлемдік қауымдастықта алатын орны ,
оның көпжақты дипломатиясы мен дұрыс бағыттағы геосаяси стратегиясының
жемісі деуге болады. Жапондық тараптан мұндай талпыныс АТР-ғы саяси,
әскери, қаіпсіздік жүйенің түбегейлі өзгеріп, принципиалды өзгерістерге
соқтырады деген де ой бар. Егер Токио мұндай қарқында дами берсе, АТР
аймағында XXI аяғына дейін үлкен әлемдік держава, әскери күші мол
державаның пайда болуы ғажап емес.

КҮН ШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ГЕОСАЯСИ ҚАТЫНАСЫ

Геосаясаттың негізін қалаушылардың бірі К.Хаусхофер Жапонияны ойлаудың
континентальді типіне жататын аралды елдер қатарына жатқызады. Неміс
ғалымы Жапонияны аралды ел Англияға қарама-қарсы ел деп санаған. Мұндай
ойдың өзіндік себептері де аз емес. Англия өзін Европа елдерінен бөлектеніп
тұрған жеке мемлекет ретінде қарастырылған. Ал Жапония керісінше Азия
елдерімен өте тығыз қатынаста болған, әсіресе Қытай және Кореямен. Өзінің
жазуының қалыптасуынан бастап, бүгінгі таңда жетіп отырған жетістігіне
дейін осы елдердің арқасында деуге болады. Ғасырлар бойы мұндай
ерекшеліктер қалыптасып, жапондық өзіндік ұлттық мінезге айналды. Қазіргі
таңда жапондықтар өздерін күн шығыс елі деп атайды.
Курил аралдары Жапондық геосаясатта өте үлкен рөлді атқарады. Алайда
оның тарихи ашылуы жөнінде біраз пікірталастар бар. Жапон-Орыс қарым-
қатынастары үш жүз жылдық тарихты қамтып жатыр. Ең алғашқы тарихтағы Курил
аралдары туралы мәлімет 1697жылы орыс ғалымы Атласовтың мәлімдемесі бойынша
жеткен екен. 1945 жылы Ресейлік академиялық картаға аралдардың көп бөлігі
енгізілген болатын. Орыс ғалымдары осы аралдарда тұратын айна халқын
кездестіре тұра Ресейлік жалауларды орнатып, шағын ауыл аймақ құра бастаған
болатын. Тарихтан белгілі жапония бірнеше жылдар бойы шет елдер үшін жабық
ел ретінде жарияланған. Әсіресе европалық елдер үшін және көрші ел
Қытайдан басқа елдерге күн шығыс еліне келуге тыйым салынды. Мұндай қатаң
саясатты жүргізу арқылы Жапония өзін өзге елден алшақ ұстады. Яғни ол салт
дәстүрдің, ұлттық сана сезімнің өзге ұлтпен араласып кетуінен қауіптенді.
Бірнеше жылдар бойы жабық тұрған елді ең алғаш болып, американдық крейсер
1854 жылы капитан М.Перридің бастауымен жүргізілген экспедиция ашты.
Жапондық Симода және Хакодате порттары европалықтар үшін ашылды. Кейінірек
Екатерина II арнайы Курил аралдары жөнінде жарғы шығарды. Бұл жарғыда
Камчаткадан оңтүстік Жапонияға дейін созылған аралдарда тұратын халықтан
ешқандай салық алынбайтындығы жөнінде және оларды ешқандай заңдарға
міндетті емес екендігін айтты. 1922 жылы Русская Америка (Аляска), Лисьи
аралдары, Алеут аралдары және Тынық мұхитының солтүстік жағалауларында
орналасқан аралдар тобы Ресей империясының құрамына заңды түрде қосылды.
Алайда 1904-1905 жылдарда болған соғыстағы Ресейдің жеңілісінен кейін және
Портсмут бейбітшілік келісім шартынан кейін АҚШ пен Англияның қолдауымен
бұл төрт аралдар тобы және Сахалин аралы Жапонияға берілді. Портсмут
бейбіт келісім шарты бойынша Ресей Жапонияның Кореядағы мүдделерін мойындай
отырып, Квантун жартыаралындағы Порт Артурды жалға берді және Оңтүстік –
Маньчжурия темір жолын бүкіл артықшылықтарымен қоса қолдану мүмкіндігін
берді.
Ресейде азамат соғысының басталып кетуі империалистік елдер үшін
алып территория иесі, Хартлендтің иегері үлкен қызығушылық туғызды. Қиыр
Шығыс өзінің табиғи потенциалы бойынша ең маңызды геосаяси мүдделердің
шоғырланған аймағы болып саналды.
Антантаның жетекшілері басқарып отырған Париж конференциясының шешімі
бойынша бұл аймақ АҚШ пен Жапонияның көз тігіп отырған аймағы ретінде
қарастырылды. 1918 жылдан бастап Қиыр Шығыстағы интервенцияда Ұлыбритания,
Франция, Италия, Румыния, Польша Қытай және тағы басқа елдер қатысса, ал
1920 – 1921 жылдар арасында тек Жапония ғана қатысты. Мұндағы
жапондықтардың саясаты тек Приморьені ғана емес , сонымен қатар
Забайкальені де жаулап алмақшы еді.
Әскери саяси ықпалымен Жапония өзінің Ресейлік Қиыр Шығыс экономикасының
негізін, Яғни балық аулау шаруашылығындағы бақылауын күшейтуге тырысты.
Күн шығыс елінің әскери интервенциясы 1922 жылы аяқталды. Алайда Токио
Оңтүстік Сахалинді иеленіп қана қоймай сонымен Солтүстік Сахалинді алмақшы
болды. Себебі негізгі табыс көзі, яғни экономиканың негізі осы аймақта
орналасқан еді. Бірақ Ресейлік делегация өкілдері аралдар тағдырын қытай
қаласы Чанчуньда 1925 жылы шешті.
2001 жылы жапон премьер министрі Иосиро Мори Ресей Федерациясының
президенті Путинмен Иркутскіде өткен кездесуінде Ресейге тек екі аралды
беретіндігін мәлімдеді. Ал оның орнына бейбіт келісімге қол қою болған
болатын. 2001 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі бұл ұсынысты кері
қайтарса да, жапон халқы алдымен аралдардың қайтарылуын талап етті. Мұндай
жағдайдың артында жапондықтардың тек қана геосаяси мүддесі ғана емес,
сонымен қатар экономикалық қызығушылық та жатыр. Бұл шешусіз дау сонау
Сталиндік геосаясаттан қалған мәселе.
Портсмут бейбіт келісімінен кейін Жапонияның билеуші топтары өзінің
Қытай мен Кореяда позицияларын тұрақтату үшін келісімнің барлық баптарын
пайдалануға кірісті. Келісім Жапонияға Порт-Артур және Дайрэнді (Дальний),
Куанчэнцзы – Порт-Артур темір жолын және оған қатысты барлық өнеркәчіптер
мен иеліктерін жалға берді.
1944 жылы II Дүниежүзілік соғыстан кейін Премьер министр Додзе
парламенттің 84-ші сессиясында үкіметті тарату керектігін ұсынды. Себебі
Тынық Мұхитындағы жүргізілген операциялар сәтсіз өткендіктен. 1944 жылы 18
үкімет таратылды, өзі қызметтен бас тартты. 20 шілде қайта үкімет құру
туралы императордың заңы шықты. Жаңа үкіметті құруды Ен-Ай мен Койсеға
тапсырды. Нәтижесінде жаңа үкімет құрылды. Осы үкімет 1945 жылы 2
қыркүйекте кепитуляция туралы актіге қол қою мәжбүр болды. Ресми 14
қыркүек 1945 жылы үкімет толық отставкаға кетеді. 1945 жылы қыркүйек айында
парламент ыдырағаннан кейін, қазанда парламенттік сайлау болды. Синдехаро
сайлауда ең ықты болып көрінді. Либерал демократтар мандатын 140 мандат
иеленді. 94 прогрессивті , 93 жапон социалистік партиясы, 14 ұжымдық
партия, 4 коммунистік партия.
Премьер министр болып Катаяма Кетцу тағайындалды. 1947 жылдың шілдесінен
1948 жылдың ақпанына дейін Катаяма билік басында отырды . Токио
процесінің аяқталуымен байланысты үкімет қайта таратылды. Оның орнына 1948
жылдардың наурыз қазан айларында Жапон демократиялық партиясының лидері
Асито Хитоси келді. Катаяма Асито Есидоның реформасын жалғастырды. Таралу
себебі Жапонияның жаңа курсы . Ол курс Батыс тарапынан ұнамаған еді. Қараша
айында Есидо Сигеру билік басына келді. Жаңа үкімет желтоқсанда
тағайындалды. Президенті Есидо. 1949жылдың ақпанында қайта президент
сайлауы Есидоның үш рет басқаруы. Осы кезден бастап либералдық
демократиялық және демократиялық партиялары бірігіп билікті өз қолдарына
алады.
1949 жылдан бастап 2005 жылға дейін парламенттік сайлауға дейін Жапон
либералдық демократиялық партиясы билік басында болды. 1946 жылы 3
қыркүйекте Жапонияның екінші конституциясы қабылданды. Және бұл
конституция тек 1947 жылы 3 мамырда заңды түрде өз күшіне енді.
Конституция 11 тарау 103 баптан тұрды. Үкімет басшылары 1946 жылы жаңа
конституцияның жобасы дайындап, бұрынғы конституцияға аздаған өзгерістер
енгізді. Бұрынғы конституцияға қарағанда жаңа конституция халық
егемендігінің принципінің енгізілуімен ерекшеленді. Бұл ең алдымен
преамбулада жазылған. Саяси биліктегі ең жоғарғы орган – парламент.
Конституция парламент структурасына екі палатаны: 1. өкілдер палатасы 2.
кеңесшілер палатасы. өзгерістер енгізді. Енді бұрынғы пэрлар палатасы
жойылды. Премьер министрді конституция бойынша император емес,
парламенттегі депутаттар сайлайды. Депутаттар мен министрлер бұрынғыдай
императорға емес, парламентке есеп беретін жаңа жүйе қабылданды. Негізінде
заңдағы өзгеріс мемлекеттік билікті бөлуге бағытталды. Яғни биліктің бір
қолда шоғырланбай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония және халықаралық ұйымдар
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Геосаясат
Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары
Геосаясаттың даму тарихы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының Жапония-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Геосаяси жағдай
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Дипломатиялық қызметтің тарихи тамырлары
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Пәндер