Иран-Ғайыптың «Хайуандық комедия» атты туындысының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері



Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын-драматургтеріміздің бірі –Иран-Ғайып.
Ақын-драматург ағамыздың отыздан астам драмалық туындылары бар. Тақырыптық тұрғыдан келетін болсақ, автор жалпы өмірде кездесетін сан-қилы жағдаяттарды ала отырып, драма жанрының барлық саласына іштей ене біледі. Рымғали Нұрғалидің «Драма өнері » деп аталатын монографиялық еңбегінде қазақ драмасын мынадай салаларға жіктейді: а) қаһармандық драма, ә) саяси-әлеуметтік драма, б) тарихи-ғұмырнамалық драма.
Иран-Ғайыптың драмаларын, осы классификацияға саятын болсақ, қаһармандық драмаға: «Мауглидің оралуы», «Қашғария», «Хан-Абылай – Сабалақ », ««Тас-Қорған» хикаясы», «Гүл – Нәр» сынды пьесаларын жатқызар едік те, саяси-әлеуметтік драмаға: «Былыққа батқан қала», «Тың Құрбаны», «Бөшке», «Желжуан», «Негізгі Шаруа», «Театр Романы» атты пьесаларын тіземіз. Тарихи-ғұмырнамалық драмаға: «Мен ішпеген у бар ма?», «Жамбылдың Қызыл Жолбарысы», «Қорқыттың Көрі», «Естайдың Қорланы» сияқты пьесаларын жатқызуға болады.
Иран-Ғайыптың драмалық туындыларының жиырмадан астамы тарихи тақырыпқа арналған. Атап айтатын болсақ, «Хайуандық Комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Бөшке», «Керкеткен», «Мауглидің оралуы», «Қорқыттың Көрі», «Алтын – Ажал», «Гүл – Нәр», «Жәбек – Шаған», «Махамбет», «Тың Құрбаны», «Алтын Адам», «Жамбылдың Қызыл Жолбарысы», «Батқан Кеменің Бейбақтары», «Хан - Абылай – Сабалақ», «Қашғария», «Естайдың Қорланы», «Жолайрық», «Киелі күнә»...
Қазіргі қоғамымыз бүгінгінің адамдары үшін өте қиын кезең. Айналамызды жаулап алған сан түрлі адам естімеген сұмдықтар, зұлымдықтар, жауыздықтар . Адамзаттың бір-бірін өлтіруін тек соғыс уақытында ғана еститін шығармыз десек, жоқ.. қазір байлық үшін, мансап үшін, әйтеуір өз қара басының қамы үшін туған бауырын да, туған әкесін немесе анасын өлтіріп жатқандарын естігенде құйқа тамырың шымыр ете қалады. Сол сияқты қара көз қыздарымыздың жаман жолға түсіп, ар-намыс деген ұғымдардың көк тиындық құны қалмағандығы да жүректі ауыртпай қоймайды. Сонда бұлардың себебі не? Неге осыншама құлдырадық? дейтін белі қайысқан сауалдарға жауап іздейтін қаламгерлер де жоқ емес. Міне, осындай ар-ождан, адамгершілікке Иран-Ғайыптың «Хайуандық Комедия» атты шығармасы жауап бере алады.
Иран-Ғайыптың аталмыш әйгілі туындысы – «Хайуандық Комедия» атты Шыңғыс хан жайлы жазылған драмалық дастаны хақында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаев кезінде былай деген еді: «Бізде бір ғана аспапқа – скрипкаға, виолончельге, фортепьяноға, альтқа, трубаға концерт жазатын композиторлар сияқты бір сарын, бір әуенде небір құйқылжыған жырлар туғызып бере алатын ақындар жеткілікті де, ал ың-жың дүниенің шытырман дыбыс әлемін жүйелей саралап, толқымасы мен шалқымасы, серпері мен ақ желеңі, көңіл ашары мен көңіл басар гөй-гөйі бірде арпалысып, бірде айқұшақ қауып табысып жататын көп үнді, көп ырғақты әр сарын, әр ырғақты күрделі симфонияларына бара алып жүрген, бара қалса, олжалы оралып жүрген ақындарымыз кемде-кем.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Иран-Ғайыптың Хайуандық комедия атты туындысының
тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын-драматургтеріміздің бірі
–Иран-Ғайып.
Ақын-драматург ағамыздың отыздан астам драмалық туындылары бар.
Тақырыптық тұрғыдан келетін болсақ, автор жалпы өмірде кездесетін сан-қилы
жағдаяттарды ала отырып, драма жанрының барлық саласына іштей ене біледі.
Рымғали Нұрғалидің Драма өнері деп аталатын монографиялық еңбегінде
қазақ драмасын мынадай салаларға жіктейді: а) қаһармандық драма, ә) саяси-
әлеуметтік драма, б) тарихи-ғұмырнамалық драма.
Иран-Ғайыптың драмаларын, осы классификацияға саятын болсақ,
қаһармандық драмаға: Мауглидің оралуы, Қашғария, Хан-Абылай – Сабалақ
, Тас-Қорған хикаясы, Гүл – Нәр сынды пьесаларын жатқызар едік те,
саяси-әлеуметтік драмаға: Былыққа батқан қала, Тың Құрбаны, Бөшке,
Желжуан, Негізгі Шаруа, Театр Романы атты пьесаларын тіземіз. Тарихи-
ғұмырнамалық драмаға: Мен ішпеген у бар ма?, Жамбылдың Қызыл Жолбарысы,
Қорқыттың Көрі, Естайдың Қорланы сияқты пьесаларын жатқызуға болады.
Иран-Ғайыптың драмалық туындыларының жиырмадан астамы тарихи
тақырыпқа арналған. Атап айтатын болсақ, Хайуандық Комедия, Күшігінен
таланған, Мен ішпеген у бар ма?, Бөшке, Керкеткен, Мауглидің
оралуы, Қорқыттың Көрі, Алтын – Ажал, Гүл – Нәр, Жәбек – Шаған,
Махамбет, Тың Құрбаны, Алтын Адам, Жамбылдың Қызыл Жолбарысы,
Батқан Кеменің Бейбақтары, Хан - Абылай – Сабалақ, Қашғария,
Естайдың Қорланы, Жолайрық, Киелі күнә...
Қазіргі қоғамымыз бүгінгінің адамдары үшін өте қиын кезең.
Айналамызды жаулап алған сан түрлі адам естімеген сұмдықтар, зұлымдықтар,
жауыздықтар . Адамзаттың бір-бірін өлтіруін тек соғыс уақытында ғана
еститін шығармыз десек, жоқ.. қазір байлық үшін, мансап үшін, әйтеуір өз
қара басының қамы үшін туған бауырын да, туған әкесін немесе анасын өлтіріп
жатқандарын естігенде құйқа тамырың шымыр ете қалады. Сол сияқты қара көз
қыздарымыздың жаман жолға түсіп, ар-намыс деген ұғымдардың көк тиындық
құны қалмағандығы да жүректі ауыртпай қоймайды. Сонда бұлардың себебі не?
Неге осыншама құлдырадық? дейтін белі қайысқан сауалдарға жауап
іздейтін қаламгерлер де жоқ емес. Міне, осындай ар-ождан,
адамгершілікке Иран-Ғайыптың Хайуандық Комедия атты шығармасы жауап
бере алады.
Иран-Ғайыптың аталмыш әйгілі туындысы – Хайуандық Комедия атты
Шыңғыс хан жайлы жазылған драмалық дастаны хақында Қазақстанның Халық
жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш
Кекілбаев кезінде былай деген еді: Бізде бір ғана аспапқа – скрипкаға,
виолончельге, фортепьяноға, альтқа, трубаға концерт жазатын композиторлар
сияқты бір сарын, бір әуенде небір құйқылжыған жырлар туғызып бере алатын
ақындар жеткілікті де, ал ың-жың дүниенің шытырман дыбыс әлемін жүйелей
саралап, толқымасы мен шалқымасы, серпері мен ақ желеңі, көңіл ашары мен
көңіл басар гөй-гөйі бірде арпалысып, бірде айқұшақ қауып табысып жататын
көп үнді, көп ырғақты әр сарын, әр ырғақты күрделі симфонияларына бара алып
жүрген, бара қалса, олжалы оралып жүрген ақындарымыз кемде-кем. Сондай
санаулылардың сирек санатына енді әлгіндей кесек шығарма жазып, ақындық
суреткерлік ой сараптау мәдениетінің өрелі деңгейін танытқан И.Оразбаевты
батыл қоса аламыз [10]. Ерді кебенек ішінде таны дейді ғой қазақ,
қаламдас жазушы ағасының дер шағында айтылған осы пікірі Иранбектің ақындық
қуатына қуат қосып – қырандай самғатты.
Жалпы Хайуандық Комедия атты Иран-Ғайыптың драмалық
трагедиясындағы оқиға ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында өтеді.
Бұл трагедияның басты кейіпкерлері өзімізге таныс күллі дүниені
қан қақсатқан Шыңғыс хан мен оның арыстай төрт ұлы Жошы, Шағатай,
Үгедей, Төле. Сонымен қатар жаңа тартыстардың тууына себеп
болатындай ерекше кейіпкерлер де бар. Олар: Есүй-ханым, Бектумыш,
Жамұха сынды шыңдалған бейнелер.
Бұл шығармадағы негізгі тартыс кімнің арасында болатыны
шығарманың соңында мәлім болады. Ол Шыңғыс хан мен Жошы арасындағы
тартыс. Басқа бауырларының (Шағатай, Үгедей, Төле) бұған деген Ит
меркіттің қоқсығы дегендей көзқарасы, Есүй-ханымның :
Төзіміңді сарп еткен,
Сезіміңді тәрк еткен,
Жошыдағы кегіңді
Қайыратын тұс – осы тұс!
Есүй-ханым,
Өзегіне өрт тастап,
Көкірегіне дерт байлап,
Әке мене Баланы
Айыратын тұс – осы тұс!.. [,23]
деген ішіне байланған кегі, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Көркем әдебиеттің тілі
Поэзиялық аударма мәселелері (Иран-Ғайыптың өлеңдері мысалында)
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Пәндер