ҚР-дағы 2007 – 2009 жылдарға арналған саяси жүйе



Кіріспе
§ 1 Демография және 2007 . 2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму
1.1 Демографиялық және көші.қон саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.3 Халықты әлеуметтік қамсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
§ 2 2007 . 2009 жылдарға арналған білім беру және кадрлар даярлау
2.1 Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ...6 2.2 Кәсiптiк орта білімді мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 2.3 Жоғары білім беруді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
§ 3 Денсаулық сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
§ 4 2007 . 2009 жылдары мәдениетті, ақпаратты пен спортты дамыту ... ... ..10 4.1 Мәдениет пен ақпаратты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10 4.2 Дене шынықтыру мен спортты дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
§ 5 2007 . 2009 жылдарға арналған гендерлік даму ... ... ... ... ... ... ... ... 12
§ 6 2007 . 2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
§ 7 Кіріс саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Бұл өзіңдік жұмыс қазіргі дамыған елдердің қатарына қосылудағы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi – Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрленген.
“Қазақстан-2030” Стратегия¬сы¬ның 10 жылдығы – мемлекеті¬міздің берік іргетасын құрудың жаңа кезеңі болып отыр. Білім беру, денсаулық сақтау, ана мен баланы қорғау, мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек беру – Елбасының мұ¬раты, елдегі ең басты саясат.
”Бәсекеге қабілеттілік мәсе¬лесі тек экономикаға тірелмейді, бұған адам ресурстарына, бі¬лімге, ден¬сау¬лық сақ¬тау¬ға, эко¬ло¬гияға, сая¬¬сатқа қатысты мә-се¬ленің бәрі кіреді. Осылардың жиынтығынан түпкі нәтиже шы¬ғады”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев журналистермен биыл өткізген кездесуінде.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2007 – 2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалған.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары осы өзіңдік жұмыс аясында қарастырылады.
1. www_akimvko_gov_kz Гендерлiк саясат.mht
2. Назарбаев Н. А. Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана. Новый Казахстан в новом мире // Казахстанская правда, 1 марта, 2007.
3. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент, институты демократии. Алматы, 1996.
4. Касымбеков М. Институт президентства как инструмент политической модернизации. Астана, 2002.
5. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995.
6. Нурмагамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования. Алматы, 2002.
7. Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулегулов А. Эволюция политической системы Казахстана. В 2-х т. Алматы, 2001.
8. Сааданбеков Ж. Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства. Астана, 2005.
9. Егемен Қазақстан газет беттері.
10. Д. Жамбылов «Саясаттану», оқулық. Алматы, «Жеті жарғы», 2007 ж.
11. «АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?» Оразалы Сәбден (2007-10-17), «Егемен Қазақстан» республикалық газеті. №332 (24905) 25 қазан 2007 жыл.
12. «АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ – АШЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ФАКТОР» «Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы (2007-10-19) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті. №332 (24905) 25 қазан 2007 жыл.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: ҚР-дағы 2007 – 2009 жылдарға арналған саяси жүйе

Мазмұны

Кіріспе
§ 1 Демография және 2007 – 2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму
1.1 Демографиялық және көші-қон
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Кедейлік пен жұмыссыздықты
азайту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1.3 Халықты әлеуметтік
қамсыздандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
§ 2 2007 – 2009 жылдарға арналған білім беру және кадрлар даярлау
2.1 Мектепке дейінгі және орта білім беруді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ..6 2.2 Кәсiптiк орта білімді
мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 2.3 Жоғары білім беруді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
§ 3 Денсаулық сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
§ 4 2007 – 2009 жылдары мәдениетті, ақпаратты пен спортты
дамыту ... ... ..10 4.1 Мәдениет пен ақпаратты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...10 4.2 Дене
шынықтыру мен спортты
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .11
§ 5 2007 – 2009 жылдарға арналған гендерлік даму ... ... ... ... ... ... ... ... 12
§ 6 2007 – 2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
§ 7 Кіріс саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6

Кіріспе

Бұл өзіңдік жұмыс қазіргі дамыған елдердің қатарына қосылудағы
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 – 2009
жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрi – Жоспар) Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзімді жоспарларын
әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрленген.
“Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығы – мемлекетіміздің берік
іргетасын құрудың жаңа кезеңі болып отыр. Білім беру, денсаулық сақтау, ана
мен баланы қорғау, мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек
беру – Елбасының мұраты, елдегі ең басты саясат.
”Бәсекеге қабілеттілік мәселесі тек экономикаға тірелмейді, бұған адам
ресурстарына, білімге, денсаулық сақтауға, экологияға, саясатқа қатысты
мәселенің бәрі кіреді. Осылардың жиынтығынан түпкі нәтиже шығады”, – деді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев журналистермен биыл өткізген кездесуінде.
Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2007 – 2009 жылдарға
арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделедi және орталық және
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және
мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-
қимылы айқындалған.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол
жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту
саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу
жолдары осы өзіңдік жұмыс аясында қарастырылады.

2007 – 2009 жылдардағы әлеуметтік саясат және адами капиталды
дамыту
§ 1 Демография және 2007 – 2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму
1.1 Демографиялық және көші-қон саясаты

2007 – 2009 жылдарда демография және көші-қон саласындағы негізгі
мақсаттар елдің геосаяси мүдделерін, әлеуметтік-экономикалық ахуалды,
Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін өңірлердің даму перспективаларын
ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді
шешу қажет:
• Көші-қон саясатының осы заманғы тұжырымдамасын және Қазақстандағы көші-
қон саясатының 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау;
• ұлттық мүдделерді қорғау және біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды
тартумен үйлесімді көші-қон режимін ырықтандыру;
• оралмандарды көші-қон квотасына енгізудің объективті өлшемдерін
әзірлеу;
• оралмандарды бейімдеудің және біріктірудің арнайы орталықтарын құру;
• уәкілетті мемлекеттік органдардың оралмандарды жұмысқа орналасуға
белсенді жәрдемдесуі;
• өздерінің кәсіптік деңгейі бойынша экономиканың жетекші салаларының
қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілігі жоғары шетелдік жұмыс күшін
тарту;
• еңбек нарығындағы ахуалды, аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып және
біліктілігі жоғары жұмыс күшін тарту мүддесінде еңбек көші-қонын
реттеуді жетілдіру.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа елдердің тәжірибесін
ескере отырып, республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз
еңбек мигранттарын ішкі істер органдарында және басқа да органдарда тіркеу
арқылы оларды заңдастыру жөнінде бір жолғы акция жүргізу тетігін әзірленген
болатын.

1.2 Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту

2007 – 2009 жылдары Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту үшін тиiмдi
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс
күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсенді саясат жүргізіле бастады.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
• әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы сипатын күшейту;
• аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кедейшілігін белсенді
еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.
Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру
мақсатында:
• өңірлік орталықтарда өндірісті оңтайлы орналастыру, салалардың
кластерлік дамуы, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту
негізінде жұмыс орындарын құруды;
• кәсіби оқыту, жұмыс берушілердің персоналды ішкі өндірістік оқытуды,
кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын
ынталандыру арқылы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыруды;
• жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша
тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін жүйелі шаралар
қабылданатын болады.
Жастардың кәсiби бiлiм алуына, жеке кәсiп ашуына, жастарды шағын және
орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу
бағдарламасын iске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсендi саясатын
жүргiзу жөнiнде шаралар іске асырылуда.
2007 жылы экономикаға білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен
білім беру жүйесінің бірлескен қызметі жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы
мақсатта Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдік компаниялар мен жеке бизнестiң
әлеуетiн пайдалануды көздейтін кәсiби-техникалық және жоғары бiлiм беру
мекемелерiнің жүйесi арқылы ұлттық кадрларды оқыту және кәсiби жағынан
даярлау жөнiндегi шаралар қабылданған.

1.3 Халықты әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін
мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне қарай арттыру мақсатында
2007 – 2009 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделген:
• мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге
негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ
мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды әзірлеу;
• міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту.
Базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне
барабар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру саясаты жалғасатын болады.
Міндетті деңгейде халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен
және жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту; сақтандыру (оның
ішінде зейнетақы) жинақтары мен инвестициялық кірістің өсуі үшін жағдай
жасау керек. Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі
шаралар әзірленетін болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және
сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар
қабылданатын болады.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды
күшейту және олардың қоғамға пәрменді кірігуі үшін жағдай жасау жөнінде
шаралар қабылданатын болады.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызмет көлемін кеңейту
және олардың сапасын арттыру мақсатында кепілдендірілген және әлеуметтік
қызмет тізбесін және оларды көрсету тәртібін көздейтін Әлеуметтік
қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу көзделіп
отыр.

§ 2 2007 – 2009 жылдарға арналған білім беру және кадрлар даярлау

2.1 Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту

2007 – 2009 жылдары мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуда
мынадай міндеттерді шешу қажет:
• барлық балалардың мектепке дейінгі білім алуға бірдей қол жетімділігін
қамтамасыз ету;
• мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту және жалпы орта білім беруді
ұйымдастыру;
• балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi
дағдыларды алуға жағдай жасау;
• мемлекеттік тiлдi үйрену, балаларды зияткерлiк және эмоциялық дамыту;
• орта білім беру жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
• жалпы білім беретін мектептегі материалдық-техникалық базаны физика,
химия, биология, мультимедиялық кабинеттерімен жарақтандыру арқылы
жаңарту;
• балалардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
• оқытушы кадрларды ықпалдасу мен бейінді оқытуды ескере отырып қайта
даярлау;
• жалпы орта білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру, бағдарламалық-
әдістемелік құралдарды, білім беру стандарттарын және білім беру
технологиясының жаңа буынын әзірлеу есебінен білім берудің мазмұнын
сапалы жаңалау;
• әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті деңгейлерін ескеретін білім
берудің өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру;
• 12 жылдық жалпы орта білімге көшуге байланысты жалпы білім беретін
мектептердің жоғары баспалдағына оқуға бейімдеу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар қабылданады:
• мектепке дейінгі ұйымдарын және жалпы орта білім беру ұйымдарын салуды
жүзеге асыру;
• мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдарда аз қамтылған отбасылардың
балаларын тәрбиелеу және оқыту;
• мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейін ұлғайту;
• жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған ұстанымдарды айқындау және
бастауыш пен кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін
жағдайлар жасау;
• оқу процесін ұйымдастырудың қашықтықтан және инновациялық оқыту
нысандарын енгізу;
• отандық, оның ішінде электрондық оқулықтар әзірлеу және енгізу.
2008 жылға қарай оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілу ара
қатынасын 20 оқушыға 1 компьютерге дейін жеткізу.

2.2 Кәсiптiк орта білімді мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау
жүйесін дамыту

Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек нарығының қажеттілігіне
сәйкес техникалық және кәсіби білім беру саласында оқып жатқандарды тиімді
кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшін 2007 – 2009 жылдары
мынадай негізгі міндеттерді шешу:
• бiлiм берудiң халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес
бастауыш және орта кәсіптік білім беру және кадрлар даярлаудың жүйесін
қайта құрылымдау;
• халықтың барлық жігінің техникалық және кәсіптік білімге қол жеткізуін
қамтамасыз ету;
• оқитындардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
кәсіптік дағды алуы үшін жағдайлар жасау қажет.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
• техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін құрылыс,
материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы дамыту және кеңейту;
• техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ақпараттандыру;
• техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын оқытудың кредиттік
жүйесі негізінде үйлестіру;
• кәсіби даярлықтың сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі
мамандықтары бойынша біліктілік беруді және растауды тәуелсіз бағалау
жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
• дамушы экономиканың мұқтаждарына сәйкес кәсіптік білім беру жүйесіне
әкелуге мүмкіндік беретін мемлекет – оқу орны – жұмыс берушілер өзара
іс-қимылының жаңа үлгісін құру қажет.

2.3 Жоғары білім беруді дамыту

2007 – 2009 жылдары мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін және
жоғары кәсіби білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында:
• құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларды одан әрі
жетілдіру,
• білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және икемді ету;
• жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және академиялық еркіндікті
кеңейту;
• білім берудің кредиттік жүйесін дамыту;
• студенттердің өндірістік практикадан, тағылымдамадан өтуін, зертханалық
және практикалық сабақтар жүргізуді, әлеуметтік әріптестерді тарта
отырып, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
• білім беруге кредит беру жүйесін жетілдіру жолымен жоғары білімге қол
жетімділікті қамтамасыз ету;
• жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеу моделіне көшуін жүзеге
асыру;
• ғылым мен білімнің одан әрі ықпалдасуын жүргізу және білім беруге жаңа
білімдер трансфертін жүзеге асыру;
• техникалық мамандықтарға арналған жаңа магистрлік және докторлық
бағдарламалар енгізу;
• ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды
тарту қажет және осы бағыттар бойынша даярлауды ұйымдастыру.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру үшін:
• елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдық маңызы бар бірқатар
перспективалы ғылыми бағыттар мен мамандықтарды дамыту;
• жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын
жаңарту қажет.
Болашақ бағдарламасы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстанның
3 мың азаматы жыл сайын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына
жіберілуде.
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді университет құрылатын
болады.

§ 3 Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы саясатты iске асырудың мақсаты мемлекет
пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершілік
қағидаттарына, бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басымдықпен дамытуға
негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру жолымен халық
денсаулығының жай-күйiн жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен
дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру халық денсаулығын және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі
тұрақтандыруға ықпал етеді.
2008 жылға қарай бастапқы медициналық санитарлық көмек (бұдан әрі –
БМСК) ұйымдарының қолданыстағы желісін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысымен бекітілген БМСК желісінің
жаңа мемлекеттік нормативіне кезең-кезеңімен сәйкес келтiру жүзеге
асырылатын болады.
2007-2009 жылдары барлық жеке және заңды тұлғалардың халық
денсаулығының жай-күйі және медициналық қызметтерді пайдалану және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастарға арналған бағдарламалар
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Қазақстан Республикасы деңгейіндегі орта мерзімді жоспарлау мәселелері
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштер негізінде (Арқалық қ. мысалында)
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Пәндер