Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі



1. Кіріспе
2. Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
3. Жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштер, және жағымсыз әсері
4. Жергілікті жансыздандыру қолдану тәртібі
5. Ж. Жақ Өткізуші жансыздандыру, және олардың түрлері
6. Таңдайлық жансыздандыру
7. Жансыздндыру кезінде болатын асқынулар
8. Қолданылатын Анестетиктер
9. Қолданылған әдебиет
Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады. Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді: I. Инъекциясыз анестезия: а) физикалық әдістер (хлорэтилмен мұздату); б) химиялық әдістер (аппликациялық). II. Инесіз анестезия. III. Инъекциялық анестезия: а) инфильтрациялық (шоғырландыру); б) өткізгіштік (бағаналық, перифериялық). в) интралегаментарлық (тіс байламына). Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет
Инъекциясыз жергілікті анестезия
а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады. Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы мүмкін.
б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады. Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне жағу, шашу (аппликация). Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады. Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі кездері лидокааинның 10% аэразольі қолданылады
II. Инесіз анестезия
Қазіргі кезде жергілікті жансыздандыру үшін инесіз инъекторларды жиі қолданады. Инъектордың ішкі камерасындағы жоғарғы қысым әсерінен, анестетик сұйығы белгілі бір мөлшерде өте тар өзек арқылы жұмсақ тіндерді (тері беті, кілегей қабаты) тесіп өтіп, таралып жансыздандырады. Стоматология жағдайында БИ-8 инъекторы қолданылады
Жергілікті инъекцияның инфильтрациялық анестезияда тіндерге анестетик енген соң ауру сезімі жоғалады, ал өткізгіштік анестезия кезінде сол нервтің жүйкелеген аймағы толық, не жартылай жансызданады, ал интралегаментарлық жансызданаыруда тіс байламы өрімі жансызданады
Жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштер, және жағымсыз әсері
- науқастың анестетикке идиосинкрезиясының (организмнің анестетикке туа немесе жүре пайда болған өте жоғарғы сезімталдығы) болуы; - көлемді, ұзақ созылатын отаулар кезінде; - ауыз іші отаулары кезінде көп қан кетуінен аспирациялық асфиксия туу қаупі; - отау алдында науқаста қорқыныш сезімінің тууы, мұндай кездерде эндотрахиальды наркоз немесе жергілікті потенцеренген жансыздандыру қолдану қажет.
артикаинге, эпинефринге немесе препараттың қандайда бір басқадай компоненттеріне жоғары сезімталдық; - пароксизмальды тахикардия және жүрек ырғағының басқа да бұзылулары, сондай – ақ глаукоманың жабық бұрышты түрі; - анемия (оның ішінде В-12 тапшылық анемия), метгемоглобинемия гипоксия; - сульфиттерге жоғары сезімталдық кезінде бронх демікпесі;14 - 4 жасқа дейінгі балалар
1. Бернадский Ю.И. Основы хирургической стоматологии /Ю.П.Бернадский.– Киев: Здоровье, 2005.-C.27-92
2. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. – Алматы: «Рауан»
3. Лекарственные препараты в Казахстане: Справочник.- М: АстраФармСервис,
4. Google.kz

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университет

СӨЖ

Орындаған : Бахрамов Д. Р.
Тексерген: Кайырбекова Қ. К.

Қарағанды : 2014 жыл

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
3. Жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштер, және жағымсыз әсері
4. Жергілікті жансыздандыру қолдану тәртібі
5. Ж. Жақ Өткізуші жансыздандыру, және олардың түрлері
6. Таңдайлық жансыздандыру
7. Жансыздндыру кезінде болатын асқынулар
8. Қолданылатын Анестетиктер
9. Қолданылған әдебиет
Жергілікті жансыздандыру түрлері, олардың жіктелуі
Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады. Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді: I. Инъекциясыз анестезия: а) физикалық әдістер (хлорэтилмен мұздату); б) химиялық әдістер (аппликациялық). II. Инесіз анестезия. III. Инъекциялық анестезия: а) инфильтрациялық (шоғырландыру); б) өткізгіштік (бағаналық, перифериялық). в) интралегаментарлық (тіс байламына). Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет
Инъекциясыз жергілікті анестезия
а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады. Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы мүмкін.
б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады. Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне жағу, шашу (аппликация). Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады. Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі кездері лидокааинның 10% аэразольі қолданылады
II. Инесіз анестезия
Қазіргі кезде жергілікті жансыздандыру үшін инесіз инъекторларды жиі қолданады. Инъектордың ішкі камерасындағы жоғарғы қысым әсерінен, анестетик сұйығы белгілі бір мөлшерде өте тар өзек арқылы жұмсақ тіндерді (тері беті, кілегей қабаты) тесіп өтіп, таралып жансыздандырады. Стоматология жағдайында БИ-8 инъекторы қолданылады

Инъекциялық анестезия
Жергілікті инъекцияның инфильтрациялық анестезияда тіндерге анестетик енген соң ауру сезімі жоғалады, ал өткізгіштік анестезия кезінде сол нервтің жүйкелеген аймағы толық, не жартылай жансызданады, ал интралегаментарлық жансызданаыруда тіс байламы өрімі жансызданады
Жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштер, және жағымсыз әсері
- науқастың анестетикке идиосинкрезиясының (организмнің анестетикке туа немесе жүре пайда болған өте жоғарғы сезімталдығы) болуы; - көлемді, ұзақ созылатын отаулар кезінде; - ауыз іші отаулары кезінде көп қан кетуінен аспирациялық асфиксия туу қаупі; - отау алдында науқаста қорқыныш сезімінің тууы, мұндай кездерде эндотрахиальды наркоз немесе жергілікті потенцеренген жансыздандыру қолдану қажет.
артикаинге, эпинефринге немесе препараттың қандайда бір басқадай компоненттеріне жоғары сезімталдық; - пароксизмальды тахикардия және жүрек ырғағының басқа да бұзылулары, сондай - ақ глаукоманың жабық бұрышты түрі; - анемия (оның ішінде В-12 тапшылық анемия), метгемоглобинемия гипоксия; - сульфиттерге жоғары сезімталдық кезінде бронх демікпесі;14 - 4 жасқа дейінгі балалар
орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (дозаға байланысты): естен тануға дейінгі сананың шатасуы, өмірге қауыпті тоқтап қалғанға дейінгі тыныстың бұзылуы, бұлшық ет дірілі және бүкіл денеге таралатын құрысуларға дейінгі бұлшық еттердің дірілдеуі. - жүрек айнуы, құсу; - артериалық қысымның төмендеуі және жүрек тоқтауы; - инъекция орнында ісіну немесе қабыну, тері қызаруы, қышыма, конъюктивит, ринит, жоғарғы жәненемесе төменгі еріннің ісінуімен беттің ісуі, тамақтың батуы мен жұтынудың қиындау сезімімен болатын дауыс байланысының ісінуі, есекжем, анафилактикалық шоққа дейінгі тыныстың қиындауы; - бас ауыруы; - эпинефринге байланысты жағымсыз әсерлері - тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, артериалық қысымның жоғарылауы - аздаған концентрацияда 1 : 100 000 (1,0 мг100мл) сирек кездеседі;

Жергілікті жансыздандыру қолдану тәртібі
Жергілікті жансыздандыру қолдану тәртібі: - дәрігер анестетик жіберілетін жердің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет; - жансыздандыратын дәрі-дәрмек жүйелік әсер ететін болғандықтан, оның мөлшері мен концентрациясы аз болып, ал жансыздандыру әсері толық болуы кажет; - анестетик пен оның енгізу орнын дұрыс таңдау қажет; - анестетикті енгізген кезде науқас ауру сезімін сезбеуі қажет;10 - анестетик ерітінділері тіндерге сыйымды, стерильді түссіз болуы қажет; - флаконды, ампулалы анестетикті ашар алдында, оның дайындалған уақытын, сақталу мерзімін, дәрі-дәрмектің атын мұқият тексеру қажет; - ерітінділердің температурасы дене температурасына жақын, бірақ 35 - 36°-тан жоғары болмауы қажет; - анестетикті жіберу жылдамдығы жоғары болмауы қажет. Анестетиктің қаң тамырлар арасына еніп кетпеуінің алдын-алу үшін, поршеньді әлсін-әлсін кейін карай тартып, тексеріп отыру қажет, себебі, анестетик қан арасына енсе, организмнің жалпы улануы тез дамып, дәрінің әсері азаяды; - ине шаншылатын орын антисептик ерітіндісімен өңделіп қажет болғанда, алдын-ала беткейлік анестезия жасалуы қажет; - қолданылатын инелер жіңішке және ұштары өткір болуы қажет. Тіндерді көп зақымдамай, инені бір жерден бірнеше рет шаншымай, ине бағытын өзгертіп отыру керек (инені кейін тартып, бағытын өзгертеді); - инені мойына дейін енгізбеген жөн, иненің сынып кетуін есте ұстау қажет; - инені енгізген кезде, қиғаш бетін сүйекке қаратып анестетик жібере отырып жылжыту қажет, себебі нерв, каң тамырларын зақымдалуы мүмкін; - анестезия тек операция жасалатын бөлмеде жургізілуі тиіс. Жансыздандырудан кейін науқасты дәрігердің бақылауынсыз қалдыруға болмайды, өйткені анестезиядан кейін иayқаста ортостатикалық коллапс болуы мүмкін; - анестезия жүргізер алдында науқастың күйін бағалап аллергиялык, анамнезін тексеру қажет

Өткізгіштік жансыздандыру және олардың түрлері
Өткізгіштік анестезия кезінде сол нервтің жүйкелеген аймағы толық, не жартылай жансызданады.
Олардың түрлері: Инфраорбитальдық жансыздандыру

1.Туберальдық жансыздандыру 2. Инфраорбиталдық жансыздандыру

3. Таңдайлық жансыздандыру 4. Күрек тістік жансыздандыру

Таңдайлық жансыздандыру
Үлкен таңдай тесігі аймағын жансыздандыру Үлкен таңдай тесігі үшінші үлкен азу тістің сауытынық ортанғы деңгейінде орналасқан, ал егер үшінші үлкен азу тіс болмаған жағдайда, онда екінші үлкен азу тістен артқа және ішке қарай немесе қатты және жұмсақ тандай шекарасынан 0,5 см алға орналасады. Үлкен таңдай тесігінің проекциясын анықтау үшін, қатты таңдай кілегей қабатына өзара қиылысатын екі сызык жүргізеді, оның бірі үшінші үлкен азу тістің деңгейінде қызыл иек қырынан жоғарғы жақтың орта сызығына дейін, екіншісі бірінші сызықтың ортасына және перпендикуляр етіп жүргізіледі. Осы екі сызықтың қиылысқан нүктесі үлкен таңдай тесігімен сәйкес келеді.41 Науқастың аузын барынша ашып, инені кілегей қабатына үлкен таңдай тесігінін проекциясынан 1 см алға және ішке карай шаншады. Инені жоғары артқа және сыртқа жылжытады. Инені сүйекпен жанасқанша енгізіп 0,5 мл анестетик жібереді, 3 - 5 мин кейін аталған аймақ жансызданады. Жансызданатын аймақ қатты таңдайдың кілегей қабаты, альвеолярлы өсіндінің таңдай жағындағы үшінші үлкен азу тістен ит тісі сауытының ортасына дейінгі аймағының кілегей қабаты. Кейде жансызданатын аймақ шеткі күрек тістің ортасына дейін ұлғаяды және үшінші үлкен азу тістің деңгейінде кіре беріс жағына таралады.
Аскынулар: анестетикті (үлкен) көп мөлшерде жібергенде немесе ине каналға тап болғанда, сонымен қатар жансыздандыратын ерітінді үлкен таңдай тесігінің артқы жағынан жіберген кезде жұмсақ таңдайдың қоректендіретін нерв сабақтары зақымдалынады. Науқас бұны бөгде зат ретінде сезінеді, соның салдарынан науқас лоқсып, құсады. Қан тамыры жарақаттанған кезде қан құйылу орны болады. Бет терісінің кейбір жерлерінде тамырлардың рефлекторлык спазмы әсерінен ишемиялық ошақтары пайда болады. Қатты таңдайдың кілегей қабатында некроздың дамуы мүмкін. Анестетикті тез және үлкен кысыммен қатты таңдай кілегей қабатының астына жібергенде нерв талшықтары жаншылып немесе үзіліп кетуі мүмкін, ол бұл жағдайда тіндердің қызметін бұзылуына әкеліп соқтырады. Осы асқынудың алдын алу үшін анестетикті жайлап, аса қысым түсірмей жіберген жөн

Жергілікті жансыздандырудың жалпы асқынулары
Анестетик ерітіндісін жіберген кезінде ауыршаңдык және күйдіретіндей сезімдер болмауы қажет. Егерде инъекция жасап жатқан кезінде күрт ауыршандық сезім пайда болатын болса, онда- бұл қателесіп анестетик орнына баска ерітінділерді енгізудің қауіпті белгісі (формалин, кальций хлориді, этил спирті және т.б.), болып табылады, егерде аталған заттардың біреуі тінге енгізілген жағдайда, онда оны новокаиннің 0,25-0,5% ерітіндісімен инфильтрация жасап, оны тіледі. Бұл қателесіп енгізілген заттың тіндегі концентрациясын азайтып қабыну процесінің алдын алады. Сонымен қатар антигистаминді препараттар және анальгетиктерді, антибиотиктердің кең спектрлі әсері бар түрін тағайындау қажет. Жергілікті сипатты асқынулар инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия кезінде болуы мүмкіи. Жансыздандыру кезінде және кейін пайда болатын жалпы аскынуларға жатады: анестетик ерітіндісімен улану (интоксикация), талма, коллапс,60 анафилактикалық талықсу, жергілікті анестетиктерге идиосинкразия. Талма. Бұл жиі кездесетін жергілікті анестезияның қай сатысында болмасын дамуы мүмкін. Оның пайда болу себебі бас миының жедел аноксиясының салдарынан болады. Талма әсіресе әйел адамдарда, ауасы тар бөлмеде. шаршағанда, қорқыныш сезімі болғанда, қан көрген кезде пайда болуы мүмкін. Талманың басты белгілері басының айналуы, құлағында шуылдың болуы, жүрегінің айнуы сипатымен айқындалады. Тері жамылғысы бозарып, ылғалды болады, көздің қарашығы кеңейеді. Тамырдың соғуы әлсіз, жиі, артериялық қысым төмендейді. Тыныс алуы беткейлік, сирек. Есінен тануы бұлшық еттің тонусының жоғалуынан басталады. Көрсетілетін көмек. Науқасты жатқызып, таза ауа келетіндей етіп, мүсәтір (нашатыр) спиртін иіскетіп, беттің және мойынның терісін суық суға малынған орамалмен сүртеді. Осы карапайым шаралар әсері - нәтижелі болады. Сирек тамырға әсер ететін және тыныс аналептиктерін бұлшық етке терапиялық дозасында енгізу жағдайы (кордимаин, кофеин, эфедрин) тура келеді. Талманың алдын алу шаралары психоэмоциялы қобалжуды бәсеңдету (седативті препараттармен премедикация жасау). Науқастың қысатын киім жағаларын ағытып, ол каротидті синусты тітіркендірмес үшін, басымен күрт қимыл жасауды болдырмау қажет. Инені тыныс алудың биіктігінде шаншады, яғни бұл науқастың назарын аударатын әрекет. Улану (интоксикация). Новокаиннің улы әсері өте төмен, бірақ мынандай аурулар кезінде, қан сары суының холинэстералық белсенділігі темендеген жағдайда (гипептиреоз, аллергиялық реакцияның ауыр түрі, алиментарлы дистрофия), гепатит, бауырдың циррозы кезінде новокаин, лидокаин және тримекаиндердің улы әсері бірақатар жоғарлайды. Жергілікті анестетиктің қан арнасына түскен61 жағдайында жедел жоғарлайды. Сонымен қатар жергілікті анестетиктің улы әсері, оның концентрациясының квадратына пропорциональды. Новокаин және тримекаин дозасын шамадан тыс көбейтіп енгізген жағдайда, науқастың шағымы басының айналуы, әдісіздік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті жансыздандыру
Наркоздың түрлері
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Антигистаминді препараттар
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Иттің сүт безінің ісігінің оперативтік емі
Наркоздың сатысы және дәрежесі
Жергілікті жансыздандыру түрлері (оқу әдістемелік нұсқау)
Артериядан қан кету
Пәндер