Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 тарау. Қағаз ақша айналысының заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қағаз ақшаның пайда болуы және айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің негізгі заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың айналыс заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Қазақстан Республикасындағы қағаз ақшалар және олардың айналысын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Қазақстан Республикасындағы ақшалар және ақша нарығы ... ... ... ... .
2.2.Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Ақша айналысының тұрақтандыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілібір жағын мінездейді.Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі,айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады.Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауарболыр өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар,кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиеті мен ерекшеленеді. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауарлардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын,күміс,мыс) мемлекет заңды түрде баға мастабының тұрақты етіп ұсынады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі-мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылдығымен алтынның тройск унциясына (31,1г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 жылы және 1973 жылдардағы доллардың девольвациялануына децін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасына (1976ж-1978жж). Нәтижесінде арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды.Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетілмейді.Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына, алтын нарығындағы несие ақшалар мен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құны өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Атбаева,Гүлдана. Атауы әріден келген теңге тәуелсіздіктің тарихына айналды: [Қаражат] // Алтын орда. 2005-4-10қараша. -4б.
2. Бағалы қағаздар рыногы туралы. Қазақстан Республикасы Заңының ресми мәтіні. Алматы: Жеті жарғы, 2004. -192б.
3. Байназаров, Ғалым. Теңгенің атасы - бір теңге! Бәрі де содан тарайды: [Қай елдің валютасының тағдыры сол елдің экономикасына, бюджетінің қуаттылығына байланысты болады] // Нұр Астана. -2005. – 17 қараша. -3б.
4. Бисенғазиев, Мұқыш Бейсенғазыұлы. Макроэкономика: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері). Лекция курс /Батыс Қазақстан мем ун-ті. Орал: [Б.Ж.], 2000ж. -170б.
5. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы: Қазақстан Республикасының Заңы / жауапты шығ.: Б.Хайдаров, Г.Емелина. –Алматы: Жеті жарға, 2005. -68б.
6. Ғабжәлелов, Хайрола. Теңге-тәуелсіздігіміздің тірегі: [Оны өзгертудің астарында қандай мақсат бар] /Боқаев, Қуанбек //Қазақ әдебиеті. -2006. 15-21 қыркүйек. -6-7б.
7. Жалпы экономикалық теория : оқулық / ө.Қ.Шеденов; Жұбанов аиын. Ақтөбе мем. Ун-ті. Толықтырылған және қайта өңделген 2-басылым.. –Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы ж.б. Бухгалтерлік есеп принциптері: оқу құралы / Кеулімжаев, Қуантхан Кеулімжайұлы, Эжібаев Зоя Нұртілеуовна, Құдайбергенова, Нұрадин Айыпұлы; рец. Ә.Д. Дәулетбеков, К.А. Тайгашинова.-Алматы: Экономикс С, 2003.-360б: таб.
8. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық /құрастырған: М.Р. Насырова. –Алматы, 2003.880б.
9. Қасен, С.Д., Әсіл, Б.ө. Бағалар және баға құралуы: Оқу құралы/ҚР білім және ғылым министірлігі С Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті. – Астана. -2002. – 143б.
10. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ғ. Жантаева. –Алматы: Экономика, 2001. 330б.: кесте.
11. Мамыров, Нұрғали, Тілеужанова, Манатжан. Макроэкономика: оқулық /ҚР білім және ғылым министірлігі, Т.Рысқұлов атын. Қазақ Экон. Ун-ті. –Алматы: Экономика, 2003. 432б.
12. Оспанов, А. «Ел экономикасының жақсаруымен бірге теңгеміздің де құны артып, тұрақтанып келеді. [15-қараша-ұлттық ақша –Теңге күні.] //Арқа ажары.- 2006. -14 қараша. -1б.
13. Өмір мен ақша: Ақшаны дұрыс қолданудың негізгі ережелері/ құрастырған: Қ.І. Есенберлин; ред.Б.Ж. Жүсіпова. –Алматы: Көшпенділер; 2002. -128б.
14. Самрат, Жақсыбай. Бғсекегеқабілетті болу-стартегиялық мақсат [Парламент палаталарың бірлескен отырысында депутаттар Елбасының Қазақстанды әлемнің бғсекеге барынша 50 елдің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жасалған үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын мақұлдады.] //Егемен Қазақстан. -2006. -17 ақпан. -1-2б.
15. Теңге: шежіре, естеліктер / құраст. Х.Ғабжалелов.-Алматы.: Атамұра, 2003.-212 Төлешова, Гүлнәр Қуанышқызы. Дамыған қаржылық есеп: Оқулық /ҚР білім және ғылым м-тірлігі. –Алматы: Юрист, 2005. 320б.
16. Уоттс, Майкл. Нарықтық экономика әліппесі/ауд. Н.Оразбеков; ред. М.Әкімжанов. –Алматы: Қазақстан, 1995. -96б.
17. Экономкалық саясат: лекциялар /Д.Қ. Қабдиев, Т.Қ. Оралтаев, Ғ.Е. Ескендіров. –Алматы: Экономика, 2002. 170б.
18. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы

Орындаған:
Қабылдаған:.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау. Қағаз ақша айналысының
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Қағаз ақшаның пайда болуы және
айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Ақша айналысының сипаттамасы және ақша
жүйесінің негізгі
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
1.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақшалар, олардың
айналыс
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...

2. Қазақстан Республикасындағы қағаз ақшалар және олардың айналысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.1.Қазақстан Республикасындағы ақшалар және ақша
нарығы ... ... ... ... .
2.2.Қазақстан Республикасындағы ақша
реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Ақша айналысының тұрақтандыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен
туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі
әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілібір жағын мінездейді.Ақша бес
түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі,айналыс құралы, төлем құралы, қор
және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады.Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауарболыр
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның
өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар,кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиеті мен ерекшеленеді. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі
ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауарлардың бағасын
анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын,күміс,мыс)
мемлекет заңды түрде баға мастабының тұрақты етіп ұсынады. Металдың
салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла
бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы,
фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму
барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі-мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылдығымен алтынның тройск
унциясына (31,1г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 жылы
және 1973 жылдардағы доллардың девольвациялануына децін сақталды және 1980
жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасына (1976ж-1978жж). Нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды.Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы
негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынмен көрсетілмейді.Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау
жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына, алтын нарығындағы несие
ақшалар мен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және
несие ақшалардың құны өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын
өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келді.

1 тарау. Қағаз ақша айналысының заңдылықтары
1.1.  Қағаз ақшаның пайда болуы.
Қағаз ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ.
Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель
ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны белгілі шарт, адамдар арасындағы
саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілднрі
ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске
жататындығын айтқан.
Қағаз ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатынасында
қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең
байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие
болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші
ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар
тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал
екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей
сипатқа ие болды:
(1 қойға = 1 қап астық) экв.
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (бір
қап астық) айрбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрінде болғаны, ал бір
қап астық оның эквиваленті болып табылады, яғни эквивалент түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен
жүргізуге алып келді. Айырбаста екі ғана емес, оданда көптеген тауар
түрлері қатысады.
Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек өнімі. Адам
еңбегінің өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра
отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда
болуындағы объективті алғы шарттарды құрайда. Бірақ кез келген зат тауар
бола алмайды. Егер ( нақты еңбепен белгіленген тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарпынан мойындалмаса онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну
құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және
олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір бірін табады және өзара бір
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездесоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (бір балта бес құмыра, бір қой бір қап бидай және
тағы басқа ) тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді.
Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
– барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнының толық немесе кең көлеміндегі формасынан
жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір
тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін
белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп
аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар
айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент
немесе рәсімделінбеген ақша формасын, әртүрлі тауарлар қабылдады. Әрбір
тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде
әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі
эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде
мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың
белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада
айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда- жылқы,сиыр және қой; ал шөп және
шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы; жалпы құндық эквивалент қызметін
атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты
дәлелдер әртүрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған
заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы
поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы
уақыттарда металдан жасалған ақшаларда өгіз деген атау ойып өрнектеліп
жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуня (ақша) пекус (мал) сөзінен
шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы рупя
негізінде жатыр. Ежелгі русьтарда ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін
де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген
біздің жинаған малдарымыз : ерлерден төрт кун, старосталардан он гривен
және боярлардан он сегіз гривеннен тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы,
қазына, қазына жинау орны-малұстайтын орын деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты,өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солстүсік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі т.б.). Құс
жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. Күміс пен 7000 руб жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер
түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі үнді елінде, Қытайда,үндіқытайда,
Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы
ақшалардың қызметін атқарады. Американдық үнділердің белдерінде бақалшақ
ақшалар құстардың жырқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп,
былғары белдіктерге көрік береді.
Бірақ б.э. дейін 13 ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр,марка салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы
белгілі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы-ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.

1.2. Ақша айналысының сипаттамасы және ақша жүйесінің негізгі заңдылықтары.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарлардың өткізудегі делдал болып
табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауысып отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және
сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді.
Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта
асықпайды. Ол тауарды ибір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы
мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай
келмеушілік жойылды.
өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен
мемлекеттік,оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып
алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауа мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес,нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-
ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын)
байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын
нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мімілелеріне қызмет ететін
болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті
саны сонша аз болады. Егер ақшаның айналысындағы массасы тауар массасынан
көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда
қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі.Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығы мен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль- бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында
қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны
белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің
мемлекет иелігінен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес
болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар
айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру
кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие
мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы –ақша айналысы деп
аталады.
Ақша айналысының объективті негізі-тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі
процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан
кейін, айналыстан шығады және тұтынылады, ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы
функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге
жұмсалуы мүмкін. өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу
үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдацым
артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні
түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін
қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі- қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырчсуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп
айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты
өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларла қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр.АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27
пайызы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б.
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын айналымнан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң шектеуді
ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше)
өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен
соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да,
ол бұдан жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар
болып бөлінеді. Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының
экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге
қажетті ақша санына сай болады.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңдеүш фактордың
стихиялы өзара іс-әрекетімен-айналатын тауардың массасымен, олардағы
бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен – анықталады.
Алайда ақша айналым құралы ретінде ғана қызмет жасап қоймай, төлем
құралы қызметін де ақарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған айналым үшін
қажетті ақша саны формуласы (Аа) кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей
түрге ие болады:

Аа =БС-Н+Т-өЕ
Ш

Мұндағы Аа – айналымда болатын ақша саны;
БС- өткерілуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н- несиеге өткерілетін тауар бағасының сомасы ;
Т- мерзімі келген төлемдер;
ӨЕ - өзара есеп айырысу;
Ш- бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы
Тауар массасы мен айналымда болатын ақша бірлігі санының арасындағы
тепе-теңдіктің бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете алмайтын ақша бірлігінің
пайда болуы инфляцияны білдіреді-ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі,
құнсыздануы. Бұл тауар бағасының жасырын немесе ашық өсуіне алып келді.
Эконмикалық тұрғыдан дегеніміз не? Инфляция –қағаз ақшаның
құнсызданумен пайда болатын әлеуметтік–экономикалық процестер жиынтығы.
Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық
бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін
жалпы деңгейі өседі.
Инфляция- кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы
мыналар болып табылады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу
үшін қағаз ақшалар шығарылады; мемлекеттің өндірістік емес шығындар
деңгейінің жоғарылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және адам
еңбегі шығынымен тікелей байланысты; тауар тапшылығы, оның сұранымды
ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының негізінде- бағаның өсуі;
бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдай болуы, олардың өзінің өніміне
тұтыну сапасын арттырмай-ақ немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен
жүзеге асырылуы; жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және
басқада бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты
ұдайы өндірілуін және артық ақша эмисссиясының пайда болуына көмектеседі.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы
тұрғысынан төмендегідей түре бөлуге болады: а) баяу; ә) қарқынды б) ұшқыр.
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%-аздау) өседі. Инфляция 2-3 %
болған жағдайда, нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992-ші
жылы инфляция: Францияда -2,7%Германиямен АҚШ-та 3,8 % болды. Қарқынды
инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу
керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшындырады.Ұшқыр
инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астраномиялық
жылдамдықпен (500-1000% ) өседі. Қоғамның экономикалық тарихында ұшқыр
инфляцияның таңқаларлық мысалдары баршылық. Инфляция Боливияда 1985 жылы
3400 % Аргентинада 1990 жылы 2000 % болған. Аргентина экономикасын ауыл
шаруашылығы құтқарды. Бұл сала бақасына қарағанда елде басым болып,
уақыттың белгілі кезеңін нарықтық қатынастарынсыз-ақ өмір сүруге мүмкіндік
туғызды.
Шетел ғалымдары ойынша, баяу инфляция экономиканы көңілдендіруге
әсерін тигізеді. Және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздар
армиясын жоя бастайды. Американ экономисі А.Манның айтуынша, бағаның
қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады және тұтыну
қабілеттілігін арттырады. Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде, қағаз
ақша қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан қалған кезінде,
арнайы инфляциялық коньюктура пайда болып, тауар бағасы өсуі уақытша
өндірісті ұлғайтып, тауар айналымын ынталандырады. Алайда ақшаны
құнсыздануының деңгейіне қарай инфляция өндіріс пенайналым процесін
ұйымдастыруды тезірек бұзатын әскерлерге (қарқынды инфляция ) тап болды.
Сөйтіп несие қаржы және валюта жүйесінің (гиперинфляция) толық бұзылуына
алып барады. Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрі қабылдануына
байланысты. Инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз.Ашық
инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет
көрсетуге үнемі бағаның өсуі байқатады. Егер макроэкономикалы тепе-теңдік
сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда
бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген тауар нарығында бағаның
кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін
баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық механизмін кәдімгідей өзгертіп, оны
аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол
бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттік бағаны
бақылауы мен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы өнім
сапасының төмендеуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика,
бартерлік іс-әрекетте байқалды.
Басылыңқы инфляция, мемлекеттің тауарлық бағаны сұраным мен ұсыным
тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады. Мұнда ақша
жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі
болуды тоқтатады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым
болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр
инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 % құраса,
1994-те 1258, ал 1995-тің аяғында теңге тұрақтана бастап, инфляция
төмендеді және 60,3 %-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7 % -тың
маңында болса, 1997-ші жылы -11,2 %,1998-ші жылы 1,9-ға, 1999-шы жылы
-17,8%, 2000-ші жылы -9,8 % құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9 %-ға
тұрақтады.
Шетел экономистері сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы ; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе
жиынтық ұсынымының азаюымен болатын ұсыным инфляциясы. Сұраным
инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деуге болады: тауардың өте аз
мөлшеріне өте көп ақша жұмсамақ. Сондай-ақ,сұраным инфляциясы нарықтық
байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік -әміршілдік басқарудың
ұзақ билеуі кезінде болады. Олар бұл жағдайда өзінше ерекше түрді
қабылдайды. Мысалы, біздің экономиканы алатын болсақ, ұзақ жылдар бойы
табиғи емес ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келді. Бұған көптеген
рентабелді емес кәсіпорындар және артық жұмыс орнын сақтау, еңбекті көп
қажет ететін өндірісті консервациялау арқылы қол жеткізіліп, ол еңбек
өнімділігіне теріс әсер етті. Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен
келмесе, онда ол сұраным инфляциясына айналады және бағаны арттыруға
итереді.
Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нәтижесінде пайда
болуы мүмкін.
Инфляцияны баланстану дәрежесі бойынша былай жіктейміз: а)
баланстанған инфляция және ә) баланстанбаған инфляция. Баланстанған
инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне қатынасында баға
өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде - әртүрлі тауар мен қызмет
көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі
пропорцияда өзгереді. ТМД елдерінде әзірше баланстанбаған инфляция барынша
белең алуда, ол шағын және орта бизнестің дамуына белгілі кедергілер
жасауда. Баланстанған инфляцияны алатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің
дамуына аса қауіпті емес.
Инфляция философиясы мынаған саяды: оның тереңдеуінің арқасында
экономиканы уақытша қозғалту факторынан ұдайы өндіріс процесін тежеуге
айналады. өндіріс қарқыны төмендеп, экономикалық өсу пропорциясы бұзылады,
ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бұзыла бастап, елдегі әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс
күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс,
көлеңкелі экономика және т.б.белсенділігін арттырады.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін
инфляция деңгейі төмендегідей болып анықталады. Ағым кезеңіндегі баға
индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып, өткен кезеңдегі баға
индексіне бөлінеді.

Баға индексі = ағым кезіндегі баға- өткен кезеңдегі баға х 100
өткен кезеңдегі баға

Нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып- валюталық нарық болып
табылады. Бұл шетел валютасын сатып алу-сату операциясы бойынша
(банкнот,қазыналық билет пен монета түріндегі ақша белгілері) экономикалық
–қаржы қатынастар жүйесі. Валюталық операцияға қатысу делдалдық брокерлік
биржа арқылы жүзеге асады.
Валюта – бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін
қолданылады. валюта ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша
бірлігі ( Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, Ресей рублі, Жапония иені,
Ағылшын фунт стерлингі және т.б.) және оның әртүрлі типтері-алтын,
күміс,қағаз; ә) шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі
түріндегі несие мен төлем құралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын
–шетел валютасы; б) халықаралық ақша есептеу бірлігі және төлем құралы
(евро).
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:
а) еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және ол кез-келген шетел
валютасына белгілі балама мен шексіз айырбасталады;
ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара конверсияланатын;
конверсияланбайтын – тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын
б) басқа шетел валютасына айырбасталмайды. Еркін конверсияланатын
валютаға: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі және
жапон иені жатады.
Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді.
Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсақ, ол әлемдегі бірден бір
конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасының ғалым-экономистері теңгенің конверсиялануына қол
жеткізуін қарастыруда. Олар экономикалық реформаны тереңдету жолдарын
іздестіруде. Шетел мамандарының ойынша, қазір теңгенің конверсияланбауы
төмендегідей себептермен түсіндіріледі.а) валюталық курстың жоғарылығы; ә)
ішкі бағаның рационалды болмауы; б) тауардың конверсияланбауы. Соңғысын тек
қана тұтыну нарығын баланстандыру жолымен жоюға болады.
Нарықтық экономика жағдайында ұлттық валюта теңге нарықтың
қалыптасуына және онда бәсекенің болуына көмектеседі, ішкі бағаны
нақтылайды, отандық өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді,
дәйекті сыртқы экономикалық мамандануды жүзеге асырады. Осы кезде
капиталдың халықаралық ынтымақтасуының жаңа түрі пайда болып, елдің
халықаралық инвесторға айналуы басталады.
Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан Республикасы- егеменді
мемлекетінің барлық атрибуттарының толық безендірілуінің соңғы қадамы
болады. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында ағашқы рет өзінің ұлттық ақша
бірлігі – теңгеге ие болды. ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс
шешім болып табылады.
Барлық елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде қарастырылады,
прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір
деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны
конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда
интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады. өзінің
тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті
құрудың басты белгісі бола алды.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдыменен – экономиканы әлемдік
нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау, ал валюта – қаржы жүйесін сыртқы
сауда мен валюта – несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта
құру. Қазақстан Республикасында өндірістің тұрақты құлдырауы кезінде
бюджет тапшылығының барынша аса ұлғайуында және үздіксіз инфляцияда
теңгенің қажетті конверсиялау шарты мыналар болмақ: а) өнімнің
технологиялық профилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын
қалыптастыру; ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру; б) инфляцияның
қарқыны төмендету. Мемлекет қандайда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге
тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің конверссиялануына қол жеткізу
мүмкін емес. Экономиканы көтеру керек, себебі ол сыртқы сауданың
технологиялық профилінің негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаның
конверсиялау мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы
тұрақсыздануда және оның тезірек жөнделуі үшін жылдар керек, себебі оның ар
жағында нақты тауар массасы жоқ. Тіпті кезкелген әлем елдеріндегі алтын
қорының болуы ұлттық валютаға абсолюттік кепілдік бере алмайды. Халықаралық
Валюталық Қор (ХВҚ), Бүкіләлемдік банк, Азиялық банк, Еуропалық даму және
қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек
ұлттық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай. Жаңа технологиялы ірі
инвестиция бұл басқа шаруа, себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға
көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақатынасын
анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқаудың ұлғайту немесе өнім
өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды
валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін, себебі соның негізінде елдер
біріктіріледі. Нәтижесінде қандайда болмасын бір килирингтік валюта болуы
мүмкін, сонда біркелкі ұлттық банк құрылады. Бір жағынан – экономикалық
саясаттың жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша – несие
саясатын шектен жүргізілген болса, екінші жағынан- барлық шаруашылық
субъектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.
Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайында жүзеге асады.
Қаржылық – бұл шетел мемлекеті валютасына конверсиялануы.
Тауарлық – бұл кезкелген тауарды шығу тегіне қарамай – ақ алу
мүмкіндігі.
Сондай – ақ валютаны конверсиялануы бойынша – сыртқы және ішкі деп
жіктейміз. Сыртқы конверсиялану – бұл елдің ішінде ұлттық валютаны
қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматтарына да (резиденттер)
солай болуы. Әрине, бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның
(еркін таңдауы бойынша) кез келген валютаға, тауар массасына әртүрлі бағалы
қағаздарға (мемлекеттік және жеке) конверциялану кепілдігін береді.
Сыртқы экономикалық байланыстар бойынша (шетел валютасын сатып алу,
төлем және импорттық іс әрекеттер) резиденттердің валютаның қолдауына
шектеу болған жағдайда онда ішкі конверсиялану орын алады. Алайда
практикада, көптеген конверсиялану түрлері аралас түрінде өткеріледі.
Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің ақша бірлігінде бағасы болады. Бұл
валюталық немесе айырбастау курсы болып табылады. Басқаша айтсақ,
ваюталық курс-бұл ұлттық валюта білігінің саны және ол шетел валютасы
бірлігіне айырбасталу мүмкіндігі. Айырбастау курсының төмендегідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымы туралы түсінік
Ақша айналысы мен заңы
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері
Ақша тауары туралы
Ақша айналымы туралы ұғым
Ақша айналымының құрылымы
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
Ақшаның мәні мен қызметтері
Пәндер