Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау



Кіріспе
1 Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қорғаудың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
1.1 Жануарлар дүниесі . құқықтық қорғау объектісі ретінде
1.2 Аңшылық . жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрі ретінде түсінігі мен жалпы сипаттамасы
1.3 Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу
1.3 Балық аулауды құқықтық реттеу
2 Қазақстан Республикасында аңшылық саласындағы экологиялық құқықтық талаптар
2.1 Қызыл кітап және оның жануарлар дүниесін қорғаудағы маңыздылығы
2.2 Жануарлар дүниесін пайдалану барысындағы экологиялық құқықтық талаптар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысы Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған болып отыр. Осыған байланысты зерттеу жұмысының тақырыбы жануарлар дүниесі мен оларды қорғаудың құқықтық тәртібіне және аңшылықты құқықтық ретттеу мәселелеріне арналған
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстардың орасан зор әлеуетіне, фауна түрлерінің сан алуандығына ие. Бірегей Қазақстан фаунасын сақтау мәселелері жыл өткен сайын зор маңызға ие болып отыр. Бұл орайда жануарлар дүниесін қорғауға және өсімін молайтуға жеке капиталды тарту үшін аңшылық шаруашылықтарын дамытуға зор мән берілуде. Бұл үшін республикада жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту саласында құқықтық база құрылды. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы қабылданды және Заңды іске асыру жөнінде Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің нормативтік-құқықтық сипаттағы 30-дан астам актісі әзірленді және қабылданды. Соңғы жылдары барлық 14 облыста шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру және аңшылық-экономикалық тексеру бойынша жұмыстар жүргізіліп, олардың материалдары бойынша облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармалары облыстық атқарушы органдармен бірге аң аулау алқаптарының резервтік қорын бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізілуде. Мәселен, шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша 2006-2007 жылдары конкурстық негізде 200-ден астам аңшылық шаруашылығы құрылды. Қазақстан Республикасында аң аулау алқаптары 243,7 млн. гектар жерді алып жатыр, оның 109,7 млн. гектары 633 аңшылық шаруашылығына бекітіп берілген. Заңның қабылдануымен аң аулау алқаптарын 10 жылдан 49 жылға дейін ұзақ мерзімді негізде бекітіп беру жүйесі өзгерді. Көрсетілген норма аңшылық ісін пайдаланушыларға аңшылық шаруашылығын дамытуға қаржы қаражатын салуға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. 2006-2007 жылдары аңшылық шаруашылығын дамытуға 732,8 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бекітіп берілген аң аулау алқаптарында қорықшылық қызметтің күшімен жануарлар дүниесін қорғау күшейтілді. Аумақтық басқармалардың деректері бойынша 633 аңшылық шаруашылығында қорықшылар саны 1879 адамға жетті, оларға 1114 автомашина бекітіп берілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына сәйкес аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшыларына табельдік қару алып жүру, сақтау және пайдалану, қорықшылық қызметтің арнайы киімі мен айырым белгілерін пайдалану құқығы берілді.
1 Постановление Правительства РК «Об утверждении Программы по сохранению и рациональному использованию водных ресурсов, животного мира и развитию сети особо охраняемых природных территорий до 2010 года» от 8 октября 2007 года № 914 // Справочная правовая система ЮРИСТ 2013.
2 Проблемы экологии в Казахстане //Материалы Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан. – Алматы, 1997. С.24.
3 Охота за браконерами: Экологиялық Курьердің алғашқы нәтижелері 4.04 2002
4 Гладков Н. А. и др. Охрана природы. — М.: Просвещение, 1975. С. 135-136.
5 Аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 725 Қаулысы // «Параграф» ақпараттық құқықтық жүйе 2013
6 Республика Казахстан Об охране, использовании и воспроизводстве животного мира Республики Казахстан: Закон от 9 июля 2004 года //Справочная правовая система ЮРИСТ.
7 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы http://www.vkoem.kz/index.php? option= com_content&view;= article&id=629:ashyly&catid;=
8 Аңшылық http://kk.wikipedia.org/wiki/.
9 Байсалов С.Б., Ильященко Л.В. 200 вопросов и ответов по охране природы. – Алма-Ата: Кайнар, 1987. – 304 с.
10 Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. – Алматы. 2004. – С.33.
11 Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысы // Справочная правовая система ЮРИСТ 2013.
12 Приказ Председателя Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 ноября 2004 года № 246 Об утверждении Правил выдачи удостоверения охотника Республики Казахстан // Справочная правовая система ЮРИСТ 2013.
13 Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 ноября 2004 года № 629 Об утверждении Перечня хозяйственных целей для использования объектов животного мира (кроме охоты и рыболовства) и Правил использования в хозяйственных целях животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства, а также их полезных свойств и продуктов жизнедеятельности //Справочная правовая система ЮРИСТ 2013.
14 Қазақстан Республикасы Үкіметі. Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы
15 Яшин М.И., Оглоблин К.С., Смирнов В.Н. Справочник охотника и рыболова. – М., 2000. С.7.
16 Ожегов С.И., Швецова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М., 1999. С.485.
17 Советский энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1979. С.963.
18 Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года. – Отд. издание. – Алматы, 2003. – С. 25-27.
19 Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года. – Отд. издание. – Алматы, 2003. – С. 180.
20 Лесной кодекс Республики Казахстан от 8 июля 2003 года. – Отд. издание. – Алматы, 2003. – С. 96.
21 Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года // Казахстанская правда. 2007. 23 января.
22 Республика Казахстан. Об особо охраняемых природных территориях: Закон от 7 июля 2006 года // Справочно-правовая система Юрист 2013.
23 Бринчук М.М. Экологическое право (Право окружающей среды). – М.: Юристъ, 1998. – С.559.
24 Уголовный кодекс Республики Казахстан // Справочно-правовая система Юрист 2013.
25 Ерофеев Б.В. Экологическое право России. – М.: Юристъ, 1996. – С.75.
26 Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 24 апреля 2003 года №548-11 // Справочно-правовая система Юрист, 2013.
27 Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. Алматы, 2003 -328с.
28 Шемшученко Ю.С. Юридическая ответственность в области охраны окружающей среды. – Киев, 1978. – С. 30.
29 Самощенко И.С, Понятие правонарушения по советскому законодательству. – М.1963. – С.18.
30 Бушуева Т.А., Дагель П.С. Объект уголовно-правовой охраны природы // Советское государство и право. – 1977. – №8. – С.80.
31 Дубовик О.Л. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. – М.: Наука, 1985. – С.23.
32 Кравченко С.Н. Имущественная ответственность за нарушение природоохранительного законодательства. – Львов, 1979. – С. 75.
33 Петров В.В. Экологическое право России. М., Изд. БЕК. 1995 – 557с.
34 Ерофеев Б.В. Экологическое право. – М.: Новый Юрист. – 1998. – 311 с.
35 Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Караганда: Арко, 2001 – 256 с.
36 Бектурганов А.Е. Қазақстан Республикасында жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті Жарғы. 1997. 240 с.
37 Еренов А.Е., Косанов Ж.Х., Хаджиев А.Х. и др. Совершенствование правовых основ земельной реформы в Республике Казахстан. - А.: Жеті жарғы, 1996. - 210 с.
38 Сулейменова С.С. Правовая охрана вод от антропогенного воздействия. - Дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 2001. – 156 с.
39 Жомарткызы М. Қазақстан Республикасындағы орман қорына меншік құқығы: теория және тәжірибе мәселелері. Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 2004. – С. 24.
40 Байдельдинов Д.Л. Правовая охрана атмосферного воздуха: Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 1986. – 24 с.
41 Природноресурсовое право и правовая охрана окружающей среды: Учебник / Под ред. В.В. Петрова. – М.: Юридическая литература, 1988. – 149 с.
42 Кодекс РК об административных правонарушениях, 2001 г. с изм. и допол. на 1 апреля 2003 г. – Алматы, 2003. – С. 88.
43 Уголовное право Республики Казахстан (особенная часть). Учебник под ред. А.Н. Агыбаева. А.: Казак университет!, 2006.
44 Уголовный кодекс Республики Казахстан – Алматы: Жетi Жарғы, 1997. – С. 54-56.
45 Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства. Обобщение практики применения законодательства об особо охраняемых природных территориях.// Архивный материал за 2005 год.
46 Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан. Обобщение практики применения законодательства об охране окружающей среды // Архивный материал за 2001- 2007 гг.
47 Карабулова Р.Х. Гражданско-правовая ответственность за экологические правонарушения. Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 2000. – С. 24.
48 Еркинбаева Л.К. Правовое регулирование возмещения вреда земле: Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алматы, 1995. – 24 с.
49 Заржевская Т.Д. Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. – М., 1985. – 130 с
50 Осипов Н.Т. Методы правовой охраны окружающей среды // В кн.: Проблемы правовой охраны окружающей среды в СССР. – Л., 1989. – С. 97.
51 Боголюбов С.А. Экологическое право. – М.: Норма-Инфра, 1998. – 209 с.
52 Комментарий к Уголовному кодексу РК. – Алматы, 2003. – С. 89.
53 Верховный суд Республики Казахстан О применении судами законодательства об ответственности за некоторые экологические преступления: Нормативное постановление от 18 июня 2004 года N 1// Справочно-правовая система Юрист, 2007.
54 Бектурганов А.Е. Правовое обеспечение рационального использования орошаемых земель: Автореф. дис. канд. юрид. наук. – Алма-Ата, 1988. – 24 с.
55 Мухитдинов Н.Б., Мороз С.П. Горное право Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2004. 88 с.
56 Байсалов С.Б. Водное право Казахской ССР– Алма-Ата: Наука, 1966. – 400 с.
57 Шемшученко Ю.С. Юридическая ответственность в области охраны окружающей среды. – Киев, 1978. – С. 30.
58 Левченко Г.П. Ответственность за нарушение природоохранительного законодательства // Проблемы правовой охраны окружающей среды в СССР . – Л., 1979. – С.98.
59 Мухитдинов Н.Б. Основы горного права. – Алматы, 1993. – 270 с
60 Хаджиев А.Х. Юридическая ответственность, как средство охраны окружающей среды: Автореф. канд. юрид. наук. – Алматы, 1988. – 22 с.
61 Донцов С.Е., Глянцев В.В, Возмещение вреда по советскому законодательству. – М.: Юридическая литература, 1990. – 119 с
62 Бобылев А.М. Проблемы развития экологического права и законодательства // Право и политика. – 2000. – №9. – С.122-128
63 Советское гражданское право.– М.: Юридическая литература, 1987. –Ч.2. – 383 с.
64 Матвеев Г.К. Основания гражданско-правовой ответственности. – М.: Юридическая литература, 1970. – 137 с.
65 Розовский Б.Г. Правовое стимулирование рационального природопользования. – Киев, 1981. – С.73-74,8
66 Тархов В.А. Ответственность по советскому гражданскому праву. – Саратов, 1973. – 130 с.
67 Абдраимов Б.Ж. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. - А.: Юрист, - 112 с.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысы Қазақстандағы
тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қазiргi және келешек
ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық,
эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар
дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi
объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған болып
отыр. Осыған байланысты зерттеу жұмысының тақырыбы жануарлар дүниесі мен
оларды қорғаудың құқықтық тәртібіне және аңшылықты құқықтық ретттеу
мәселелеріне арналған
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы табиғи
ресурстардың орасан зор әлеуетіне, фауна түрлерінің сан алуандығына ие.
Бірегей Қазақстан фаунасын сақтау мәселелері жыл өткен сайын зор маңызға ие
болып отыр. Бұл орайда жануарлар дүниесін қорғауға және өсімін молайтуға
жеке капиталды тарту үшін аңшылық шаруашылықтарын дамытуға зор мән
берілуде. Бұл үшін республикада жануарлар дүниесін қорғау және өсімін
молайту саласында құқықтық база құрылды. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану туралы ҚР Заңы қабылданды және Заңды іске асыру
жөнінде Үкіметтің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің нормативтік-құқықтық сипаттағы 30-дан астам актісі
әзірленді және қабылданды. Соңғы жылдары барлық 14 облыста шаруашылықаралық
аңшылық ісін ұйымдастыру және аңшылық-экономикалық тексеру бойынша жұмыстар
жүргізіліп, олардың материалдары бойынша облыстық орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық басқармалары облыстық атқарушы органдармен бірге аң
аулау алқаптарының резервтік қорын бекітіп беру жөнінде конкурстар
өткізілуде. Мәселен, шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары
бойынша 2006-2007 жылдары конкурстық негізде 200-ден астам аңшылық
шаруашылығы құрылды. Қазақстан Республикасында аң аулау алқаптары 243,7
млн. гектар жерді алып жатыр, оның 109,7 млн. гектары 633 аңшылық
шаруашылығына бекітіп берілген. Заңның қабылдануымен аң аулау алқаптарын 10
жылдан 49 жылға дейін ұзақ мерзімді негізде бекітіп беру жүйесі өзгерді.
Көрсетілген норма аңшылық ісін пайдаланушыларға аңшылық шаруашылығын
дамытуға қаржы қаражатын салуға және инвестициялар тартуға мүмкіндік
береді. 2006-2007 жылдары аңшылық шаруашылығын дамытуға 732,8 млн. теңгеден
астам қаржы жұмсалды. Бекітіп берілген аң аулау алқаптарында қорықшылық
қызметтің күшімен жануарлар дүниесін қорғау күшейтілді. Аумақтық
басқармалардың деректері бойынша 633 аңшылық шаруашылығында қорықшылар саны
1879 адамға жетті, оларға 1114 автомашина бекітіп берілген. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына сәйкес
аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшыларына табельдік қару алып жүру,
сақтау және пайдалану, қорықшылық қызметтің арнайы киімі мен айырым
белгілерін пайдалану құқығы берілді. Аңшылық шаруашылығы ұйымдары
қорықшылық қызметінің құқықтық мәртебесін айқындау, оларға браконьерлерге
хаттамалар толтыру құқығын беру жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету
ісіне жаңа мүмкіндік ашты. Аңшылық шаруашылығын жүргізу және жануарлар
дүниесін пайдалану мәселелерімен республикада Аңшылар мен балықшылар
қоғамдарының қазақстандық одағы (Қазаңбалықаулауодағы), аңшылар мен
балықшылардың, әскерилердің және т.б. қоғамдық бірлестіктері айналысады.
Аңшылық шаруашылықтары жануарлардың аңшылық түрлерінің саны мен әртүрлігін
көбейту мақсатында оларды қоныс аудару жөнінде практикалық іс-әрекеттер
жасауда. Киіктерді сақтау жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік емес қоғамдық
ұйымдарды тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Seimar Social Fund жеке
қайырымдылық қоры Охотзоопром ӨБ РМҚК материалдық-техникалық базасын
нығайту және киіктер қорғауды насихаттау бөлігінде Жабайы тұяқты
жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері мен
киіктерді сақтау жөнінде 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске
асыруға көмек көрсетуде. Киіктерді сақтау жөніндегі іс-шараларға Ақбөкен
қоғамдық қоры да қатысып, Қызылорда облысында киіктердің Бетпақдала
таралымын қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу үшін өтімділігі жоғары
автомашиналар бөлуде. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында жануарлардың
сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санын оларды кейiннен
мекендеу ортасына шығару арқылы сақтау және көбейту мақсатында жануарлар
дүниесi объектiлерiн жасанды түрде өсiру мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты
және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да
көздердiң есебiнен жүзеге асырылатыны айқындалған. Бұл орайда жыртқыш
құстардың (барлық түрлердің, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген
түрлердің) заңды иелері оларды өз қалауы бойынша пайдалана алады, оның
ішінде басқа иелерге бере алады және сата алады. Қазіргі кезде жыртқыш аңшы
құстарды қолда өсірумен Сұңқар ЖШС және Алматы хайуанаттар паркі
айналысады, олар тиісінше жыл сайын 70-90 және 5-10 құс мөлшерінде ителгі
өсіреді. 2007 жылы мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде Сұңқар ЖШС-да
өсірілген 60 ителгі тұңғыш рет табиғи ортаға жіберілді. Жануарлар дүниесі
ресурстарын қорғауға және өсімін молайтуға жеке капиталды тарту жұмысы одан
әрі жалғасуда.
Бүгінде жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру – жануарлар
дүниесі объектілерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау және
өсіру түрінде, оларды қорғау – жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны
және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін
орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар
кешені ауқымды түрде жұмыс атқаруда деп айтсақ та болады, дегенмен бұл
атқарылып жатқан іс-шаралар оң нәтижелерге қол жеткізбей отыр. Бұл қоршаған
ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы
мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз
еттi.
Баяндалып отырған мән – жайларға байланысты осы дипломдық жұмысты
таңдап алынған зерттеу тақырыбы өте өзекті болып табылады және тәжірибелік
мән – маңызы бар деп айта аламыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жануарлар дүниесін қорғау мен құқықтық
қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды қорғау мәселелері көп жылдардан бері
заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл
мәселені зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С.Б.
Байсаловтың, Д.Л. Байдельдиновтың, Ә.Е. Бектұрғановтың, Ә.Е. Ереновтың,
Л.Қ. Еркінбаеваның, Б.Ж. Абдраймовтың, А.С. Стамқұловтың, Н.Б.
Мұхитдиновтың, Ж.Т. Холмуминовтың, А.Х. Хаджиевтың, Н.С. Байымбетовтың,
П.А. Асылбековтың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты құнды ұсыныстар мен
қорытындылар енгізілген.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасында аңшылықты және аң
аулау шаруашылығының қызметін құқықтық реттеу мәселелерін зерттеу болып
табылады.
Зерттеу жұмысының объектісі мен пәні Қазақстан Республикасындағы
аңшылық қызметті жүзеге асыру мен аталған қызметті құқықтық қамтамасыз
етудегі қоғамдық қатынастар көрініс табады.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін автор келесідей міндеттерді
ұсынады:
- жануарлар дүниесін қорғаудың мазмұнын оқытумен қатар оның экологиялық
нормалар мен талаптарды жүзеге асырудағы рөлі мен орнын;
- нарықтық қатынастар кезеңіндегі жануарлар дүниесінің жекеленген
түрлерін пайдалануды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін;
- Қазақстан Республикасындағы аңшылық қызметті құқықтық реттеу
мәселелерін және аңшылыққа рұқсат алу тәртібі мен шарттарын;
- жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау туралы заңнамаларды бұзғаны
үшін заңды жауапкершіліктің рөлін көрсету.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Дипломдық
зерттеудің әдістемелік негізі қоғам мен табиғаттың арақатынасы туралы,
азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы туралы, азаматтар мен қоғамдық
экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары
мен міндеттері, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
туралы ғылыми ілімдер құрайды.
Зерттеу барысында ғылыми зерттеудің кешенді, жүйелі – құрылымдық,
салыстырмалы - құқықтық талдау жасау және тағы да басқа әдіс – тәсілдер
пайдаланылды. Қолданылып жүрген заңдар, сонымен бірге ведомстволық
нормативтік актілер, құқықты қолдану тәжірибелері, мерзімді баспасөзде
жарияланған материалдар зерттелді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың ғылыми
жаңалығы, зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен тығыз байланысты, өтпелі
нарықтық экономика жағдайында, жаңа құқықтық, саяси, экологиялық және
әлеуметтік жағдайда жануарлар дүниесін қорғау саласында құқықтық жағынан
реттеу мәселелерін кешенді түрде қарастырылған ғылыми еңбек болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде әр өңірде мынадай іс-шаралар
жүргізілу қажет:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі
өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі
ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметін
үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
3) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін
бекіту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
4) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су
тоғандарының (учаскелерін) бекітіп беру жөнінде шешім қабылдау жөнінде
ұсыныстарды әзірлеу.
Жұмыста ұсынылып отырған ұсыныстар бұл саладағы заң актілерін
жетілдіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысында жасалған тұжырымдық
қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар жануарлар дүниесін қорғау саласындағы
қызметті ғылыми тұжырымдау тұрғысындағы экологиялық құқық теориясын
тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы
зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы
кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің
негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш
бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін құқықтық қорғаудың
түсінігі мен жалпы сипаттамасы

1. Жануарлар дүниесі – құқықтық қорғау объектісі ретінде

Қазақстан Республикасы әлемде жер көлемі (272,5 млн. га) жағынан
тоғызыншы орынды иемденетін мемлекет. Бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен
мақтаныш. Осындай ұлан байтақ жердің иесі болып табылатын мемлекетіміз
табиғи ресурстардың орасан зор әлеуетіне, фауна түрлерінің сан алуандығына
ие. Бірегей Қазақстан фаунасын сақтау мәселелері жыл өткен сайын зор
маңызға ие болып отыр. Бүгінде Қазақстан территориясында 830- дан аса
омыртқалы және 50000 омыртқасыз жануарлардың түрлері өмір сүреді [1], оның
ішінде 489 құстар, 3 түрі - дөңгелек ауыздылар, 178 түрі сүткореқтілер,
104 – балықтың түрлері, 49 түрі – қосмекенділер, 12 түрі – жермен
жорғалаушылар болып табылады [2].
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Жануарлар дүниесiн
қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 1- бабының 10-
тармағына сәйкес жануарлар дүниесі – Қазақстан Республикасының аумағын
тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи
ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы болып табылады.
Аталған заңға сәйкес жануарларға – құрғақта, суда, атмосферада және
топырақта табиғи еркіндік жағдайында болатын жабайы жануарлар
(сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар,
моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары) жатқызылады.
Біздің ойымызша жануарлар дүниесі мен жануарлар ұғымына терең мән
беріліп олардың анықтамасын ажырата білуіміз қажет.
Сонымен жануарлар дүниесі – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты
немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы
қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын
жануарлар жиынтығы.
Жоғарыда аталған заңда мынадай ұғымдарда кездеседі: жануарлар дүниесі
объектілерін алып қою - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың негізінде
табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды мекендеу ортасынан айыру
(ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу); жануарлар дүниесі
объектілерін жасанды өсіру – жануарлар дүниесі объектілерін еріксіз және
(немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру; жануарлар дүниесін
қорғау – жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан
алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен
өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және
мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; жануарлар
дүниесін орнықты пайдалану – жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар
дүниесінің түрлік сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның
өсімін молайту мен қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін
қанағаттандыру қабілеті сақталатын тәсілдер арқылы пайдалану; жануарлар
дүниесін пайдалану – жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың пайдалы
қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану.
Бұдан шығатын қорытынды жануарлар дүниесі қорғаудың объектісі ретінде
құқықтық мән мен белгілерге ие болуы қажет.
Біріншіден, табиғи пайда болудың қайнар көзі. Жабайы жануарлар –бұл
алдымен табиғаттың табиғи өнімі, адамның қатысынсыз табиғи жолмен пайда
болатын және өмір сүретін тірі табиғи өнім. Бірақ, қазіргі уақытта жабайы
жануарлардың түрлерін сақтап қалуда адамдардың бақылаулары қажет болып
отыр. Табиғи жабайы фауналарды сақтап қалу заңға сүйенген тәртiппен жүзеге
асырылуы қажет.
Екіншіден, жабайы жануарларды қолға үйрету арқылы олардың түрлерін
сақтап қалу.
Үшіншіден, жабайы жануарлардың түрлерін табиғи жолмен көбейту және
оларды құқықтық жағынан қамтамасыз ету.
Төртiншiден, өмірге қабілеттілігі. Жануарларды өмір сүру ортасына
бейімдеу, қолайлы қоршаған ортасын қалыптастыру, яғни бұл аталмыш жайттар
Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарындағы талаптарды сақтай отырып
жүзеге асырылуы қажет.
Бесiншiден, даралау. Бұл жерде пайдалану мен қорғаудың объектісі болып
жануарлардың жекеленген түрлері болып табылады. Бұл аталған организмдерді
пайдалану экологиялық заңдар арқылы реттеледі. Сонымен қатар Жануарлар
дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы туралы заңда нақты
жануарларды түрлері көрсетілген.
Алтыншыдан, белгіленген аумақтық шекараларда жануарлардың болуы.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңмен
реттеледі, яғни жануарлардң орнын ауыстыру мен қоршаған ортада өмір сүру
қабілеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға
бөлiнедi:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;
2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық
аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;
5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ
экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа
да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян
келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру
қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.
Жануарлар дүниесін санаттарға бөлу маңызды мәнге ие. Әр санатты
пайдалану мен қорғаудың өзіндік тәртібі қарастырылған. Жануарлардың сирек
кездесетін және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау және аң аулау мен
балық аулаудың объектісі болып табылмайтын түрлері Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Аталған жануарлар түрлеріне қол
салу заңмен тыйым салынды және рұқсат етілмейді. Жануарлардың түрлерiн
санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар
дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және
орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.
Жануарлар дүниесінің маңыздылығы мына төмендегі атқаратын қызметтерімен
ерекшелінеді: экологиялық, экономикалық, мәдени-тәрбиелік, ғылыми және
санитарлық-сауықтыру қызметі.
Экологиялық қызметі бірінші кезекте қарастырып отырған себеп, барлық
әлем мемлекеттеріндегі басты мәселе секілді біздің елімізде де маңызды
мәселелердің бірі. Өйткені, белгілі бір табиғи ресурстарды игеруді жүзеге
асырғанда арнайы экологиялық талаптар сақталуы керек. Әрине, табиғи
ресурстарды пайдалану үшін жасалатын келісім-шартта бұл мәселелер алдын-ала
келісілуі керек. Алайда экологиялық талаптардың сақталуы әрқашанда
ойдағыдай болмайды. Мұндай экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін, әрине
жауаптылық көзделген, бірақ көп жағдайда экологиялық зардаптардың орнын
толтыру мүмкін емес айыппұл негізінде алғанда, ешқандай ақша сомалары
көмектесе алмайды, табиғи ресурстардың қалпына келуі жүз жылға не одан да
көп мерзімге созылуы мүмкін, өйткені бұл табиғи процесс. Осыған қатысты
мемлекет тарапынан қатаң түрде жүргізілетін экологиялық тексерулерді
ұйымдастыру қажет.
Жануарлар дүниесінің экономикалық қызметі. Жануарлар дүниесі
экономикалық функциялары азық-түлiк өнiмдерiнiң алуға арналған негiз
болуымен ең маңызды табиғи қордың оның ретiнде болған, өнеркәсiптiк,
техникалық, дәрi шикiзат, басқа заттық құндар айқындалады. Жабайы аңдар (ақ
түлкiлер, күзен, түлкi және тағы басқалар ) қымбат терiлi аңдар қолға
үйретуге арналған көзбен, жеке алғандалар болып табылады.
Жануарлар дүниесінің санитарлық сауықтыру қызметі. Кейбiр оның
өкiлдерiнiң қабiлеттiлiгі жануарлар дүниесінің функциясын санитарлық-
сауықтыруға сырқатта оң әсер етуге негiздеген. Мысалы, дәрiгерлiкте (сүлiк
) малдардың кейбiр түрлерiн қолданылады, малдардың пайдалы қасиеттерi
сонымен бiрге - жыландар және кейбiр зәрлi шыбын-шiркейлер.
Жануарлар дүниесінің мәдение-эстетикалық қызметі. Сонымен бiрге
мәдениеттi - эстетикалық қызметі әдемi әсем көрiнiс ғажайып көбелектер,
құстардың жиынысыз көрсету мүмкін емес.
Жануарлар дүниесінің ғылыми- танымдық қызметі жануарлардың дәрi
препараттарының тестілеу нысаны болатындағы және оларға әртүрлі ғылыми
тәжiрибелердi өткiзумен байланысты болатындығымен пайымдалады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңды
қабылдау нәтижесінде қазіргі уақытта мынадай жетістіктерге қол жеткізіп
отырмыз. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу және қазiргi және келешек ұрпақтың
мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық
және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның
биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты
пайдалану шарттарын қамтамасыз ету. 
Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе
шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың
жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік
жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған
ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу
процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.
Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және
топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар
(сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырмен жорғалаушылар, балықтар,
сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер және т.б.) ғана

пайдалану мен қорғаудың обьектілері болып
табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар
шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен
еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын
жабайы аңдар бұл обьектілер санатына жатпайды [3].
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне
негізделеді.
2004 жылғы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі
Заң) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы
қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.
Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның
биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және
болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі
обьектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.
ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі
Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және
пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.
Жануарлар дүниесі, Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономиалық
аймағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың жиынтығы. Бұл
ретте заң, нақты қандай жануарлардың заңның аясында реттелетінінін де
анықтап берді, яғни олар табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда,
атмосферада және топырақта мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер,
құстар, омыртқалылар, бауырмен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ
моллюскілер, бунақденелілер және т.б.).
ҚР Конституциясының 6 бабына және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану жөніндегі заңға сәйкес – Жануарлар дүниесі
мемлекеттік меншікте болады.
Жануарлар дүниесінің тіршілік ету ортасынан әкетілген, сондай-ақ
еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын
обьектілері оларды тапқан, өсіретін және ұстайтын жеке және заңды
тұлғалардың меншігі болып табылады. Осылайша, ҚР жануарлар дүниесін
қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі заңнамасы табиғи еркін
жағдайда мекендейтін жануарлар дүниесі обьектілерін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейді. Ауыл шаруашылық және үйге
үйретілген басқа да жануарларды, сонымен қатар еріксіз ұсталатын
жануарларды қорғау және пайдалану саласындағы қатынастар басқа заңдар мен
нормативті-құқықтық актілермен реттеледі.
Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан
екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, өсімін
молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі (Заңның 3 бабы).
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды қамтамасыз
ету үшін жануарлар дүниесі түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы,
олардың саны, тұрақты жүргізілетін бақылаулардың нәтижелері, оларды
шаруашылық мақсатта пайдаланудың көлемі сияқты басқа да қажетті
мәліметтердің жиынтығын қамтитын мемлекеттік есептеу, кадастр және
жануарлар дүниесінің мониторингі жүргізіледі (Заңның 11б.) [6].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр
және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық
әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.
Су ресурстары мен басқа да су жануарларын және су ресурстарын, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы жануарлардың басқа түрлерін
қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органды
қоспағанда, жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және
мониторинг жүргізуді жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және
экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым
қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи
өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының
қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін,
табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып
табылады.
Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан
екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, өсімін
молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен
Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр
және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық
әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.
ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
жөніндегі Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің
молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы
беріледі.
Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен
жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түріне-жануарлар
дүниесі объектілері мен олардың тіршілігінің өнімдерін тіршілік ету
ортасынан алып пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға – жануарлар дүниесі объектілері
мен олардың пайдалы қасиеттерін табиғи ортадан алып қоймай пайдалану
жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдаланудың
мынадай түрлеріне жол беріледі:
Аңшылық,балық аулау, бұған омыртқасыз су жануарлары мен су
сүтқоректілерін аулау да кіреді:
аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды
шаруашылық мақсатта пайдалану:
жануарларды ғылыми, мәдени ағартушылық,тәрбиелік және эстетикалық
мақсатта пайдалану:
жануарлардың пайдалы қасиеттері мен олардың тіршілік өнімдерін
пайдалану.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану ешқандай рұқсатсыз, тегін жүзеге
асырылады.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға мерзімі белгіленбейді.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салықтық
заңнамаларына сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.
Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем табиғи еркін жағдайда тіршілік
ететін жануарларды табиғи ортадан алғаны үшін төленеді.
Төлемшілер жеке және заңды тұлғалар, яғни жануарлар дүниесін
пайдаланушылар болы табылады.
Төлем ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Төлем мөлшері жануарлар санына және ставкілерге байланысты анықталады.

2. Аңшылық - жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрі ретінде
түсінігі мен жалпы сипаттамасы

Қазақтарға аңшылық негізгі кәсіп болмаса да, ертеден шаруашылығына
демеу болған. Кедейшілікке ұшыраған бірқатар қазақтар үшін ғана аңшылық
негізгі кәсіпке айналған. Елдің басым көпшілігі онымен оқтын-тектін 
айналысатын. Байлар үшін аңшылық ермек болған.
Ең көп тарағаны – аушы құстар: ақтұйғынмен, қаршығамен, ителгімен,
бүркітпен  саятшылық құру болған.  Бұл құстарды жем тастап тормен немесе
жылқы қылынан жасалған тұзақпен ұстаған, ал балапандарын ұядан екі-үш айлық
кездерінде алған.
Ителгі, қаршығамен қоян, қаз, үйрек, дуадақ және батпақта жүретін, суда
жүзетін басқа да құстарды аулаған. Бүркітті әдетте қыс кезінде түлкі мен
қасқырға ғана салған. Бүркітпен саятшылық құру аса кең тараған, себебі
түлкі мен қасқыр терілерінің ғана кәсіптік маңызы болған, ал оларды тек
бүркіт алатын. Аушы құстарды баптау ісі ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын
ерекше білімді қажет еткен. Құсбегілердің аты  сайын далаға кеңінен танымал
болған, олардан жастар тәлім алған. Ауқатты байлар өздеріне аушы құс
баулитын құсбегі ұстаған. Ал дәулеті шағындау аңшылар құстарды өздері
баптаған.
Еліктерге, қояндарға, түлкілерге және қасқырларға сондай-ақ жүйрік
тазыларды да қосқан. Ірі жануарлар – маралдардың, қасқырлардың ізіне сойыл
ұстап салт атпен түскен. Осы аңшылық түрлерінің барлығында да жүйрік ат
мінген бірнеше салтаттылардан тұратын аңшылар тобы болатын.  Бұрындары,
сондай-ақ садақ пен жебе алып та аңға шыққан. Бірақ ХІХ ғасырдың ортасында-
ақ бұл қару қолданыстан шықты. Қазақтардың аңшылық кәсібінің дамуына оқ
дәрілі қарудың таралуы үлкен әсер етті.
Бірқатар зерттеушілер (Паллас және Ш.Уәлиханов) қазақтардың бұрын білте
мылтықтар жасап шығарғанын айтады. ХІХ ғасырдың ортасында ортаазиялық
хандықтардан ұзын самқал мылтықтар келді.  Кейінірек зауытта өндірілген
пистон мылтықтар әкеліне бастады [7].
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе
өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы
жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны
дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа
қашалған аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті. Аңшылық -
адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен,
уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың
негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының,
дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының
санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық
өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың
күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам
элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтан аң-
құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды.
Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы
дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар
Құдайдың малы, қоңыр аң деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі,
құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз
қыруға жол берілмеді. Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі
алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды
қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен),
түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан
тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау
деген негізгі түрлері бар. Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі
тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен
гөрі, өнер сипатына ие болды. Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: Аңшылықтың
үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта
кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл - салқындап кеткен кәрі
ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген
күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да,
жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен
аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ
болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық
өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп.
Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін өнер, әрі
халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы
еркелері - салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес,
кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты
толып жатқан ырым-тыйымдар жұқанасы (реликтері) күні бүгінге дейін өмір
сүріп келеді. Құсбегілікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше тұз
тағысын қолға үйретіп (дрессировка) жуасыту арқылы бейне бір құс тілін
білетін орнитолог-этолог мамандай немесе цирк өнерпазындай тұз тағысына өз
"әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте
самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға
ғанибет, саятта қүсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс.
Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға
үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен ләззат.
Саятқа топ-тобымен шыққан жұрт бұл тамаша көріністің куәсі ғана болып
қоймай, оған өзінің сақадай-сай әзірлігін сынайды. Өйткені жылы киім, дұрыс
қайырылып үйретілген құс, тазының ұшқырлығы, бапты ат, мықты денсаулық бәрі-
бәрі саятта сыналады. Сондай-ақ серуендеген серілер ақ қар, көк мұз аязды
шақта табиғаттың екінің бірі бажайлай бермейтін қыр-сырына тереңірек үңіле
түседі.
Дегенмен, қазірге дейін мәлім болғандай сұңқаршылыққа қатысты дерек
бағзы дәуірдегі мысырлықтарға барып тіреледі. Көне Мысырдың XVIII
династиясы дәуірінде, яғни б.д.д. 1580-1350 жылдары жазылған магиялық
мәтіндер арасындағы бір кестеде басына томағаға ұқсас "бірдеңе" кигізілген,
тұғырға ұқсас бөрене үстінде отырған, қарақұйрық жотасына "қонған" бірқатар
сұңқардың бірнеше бейнесі салынған. Мысырлықтарда сұңқар патшалық биліктің
рәмізі, Хорус құдайының бейнесі, иероглиф таңбасы орнына жүрді. Түркия
жеріндегі Богазқап қалашығы қиратындылары арасынан саздан жасалған
барельефте бірі қолына сұңқар ұстаған (балақбау тәрізді бауы төмен
салбыраған) қолдарына шабатын қару ұстаған екі жігіт бейнеленген. Ескерткіш
б.з.д. XIII ғасырдікі, хеттер мәдениетінікі, сұңқаршылықтың 3300
жылдықтарихын көрсетеді. Ал Саргон ІІ патша заманындағы (б.з.д. 722-705
жылдары) Ассирия барельефінде осыған ұқсас деректер бейнеленген ескерткіш
Лувр музейінде сақтаулы. Бұлардан шығатын қорытынды сұңқаршылықтың ежелгі
мекені туралы мағлұмат береді.
Адамзат тарихындағы аңшы құстарға қатысты заттық айғақ б.з.д. 2400 жыл
бұрын Месопотамия жерінен Нойон ула тауынан табылған атақты ғұн қазынасы
арасындағы кілем, сырмақтарда тауешкіге түсіп жатқан жыртқыш аңның айқасы,
Есіктегі сақ обасынан табылған Алтын адам қазынасының жәдігерлерінде дәл
сондай көріністі бейнелеген алтын тоға - Орта Азиялықтарда аушы құс
культінің аса көнеден келе жатқандығының айғағы. Ертедегі қазақтар тұлпарды
ғана емес, сонымен бірге құсты да кие тұтып, мәйітпен бірге жерлейтін
болған.
Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері
орта ғасырда адам мүрдесімен бірге қыран бүркітті қоса жерлегендігін
келтіріп отыр. Айталық, Атырау облысы Құлсары кентінің солтүстік
шығысындағы атақты Бекет Ата - Ақмешіт культтік-жерлеу кешенінен алты
шақырым жердегі Аралтөбе қорымындағы үш -қорғанның (II) бірінен еркек пен
әйел мүрдесімен аң стилінде жасалған алтын бұйымдар, бүркіт пен протомалары
бірге жерленген). Үш бөліктен тұратын кеңістікке киелі құс бүркіт адам
жанын көкке алып шығады деген танымнан туған. Шығыс Қазақстан облысындағы
Маңырақ, Тарбағатай арасындағы Шілікті жазығындағы ерте темір дәуіріне
жататын аттас қорғандарынан табылған алтын әшекейлер арасынан бастары артқа
қайырылған шеңгелі мен жанары перуза тастармен көмкерілген 36 дана жыртқыш
құс (бәлкім бүркіт) кескініндегі құйма алтын қапсырмалары ұшырасады. Ал
Алтайдағы әйгілі Берел қорымында жерленген көсемнің табытының төрт
бұрышында мүрдені күзететін грифон бейнесі ертедегі далалықтар өмірінде
жыртқыш құсқа қатысты танымның (бәлкім олардың өмірінде құсбегіліктің)
қаншалықты маңызды болғандығын аңғартады". Өскемен қаласынан қырық
шақырымда Құрық, қорганының (б.д.д. IV—II ғғ.) бірінен мәйітпен бірге
жерленген 4 бүркіт қаңқасының табылуы, атақты Есік Алтын адамының бас
киіміндегі стильденген құс бейнелі фигуралар тәрізді көне археологиялық
жәдігерлердің көптеп ұшырасуы - жыртқыш құстардың қазақ жеріндегі тарихи
тамырының тереңге жайылғандығын көрсетеді [8].
Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен
жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түріне - жануарлар дүниесі
обьектілері мен олардың тіршілігінің өнімдерін тіршілік ету ортасынан алып
пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға - жануарлар дүниесі обьектілері
мен олардың пайдалы қасиеттерін табиғи ортадан алып қоймай пайдалану
жатады. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар
дүниесі обьектілерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық
және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа
меқсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдаланудың
мынадай түрлеріне жол беріледі:
аңшылық;
балық аулау, бұған омыртқасыз су жануарлары мен су сүтқоректілерін
аулау да кіреді;
аңшылық және балық аулау обьектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық
мақсатта пайдалану;
жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық
мақсатта пайдалану;
жануарлардың пайдалы қасиеттері мен олардың тіршілік өнімдерін
пайдалану.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға мынадай мерзімдер бөлінеді:
аңшылық және (немесе) балық аулау шаруашылығы үшін –
биологиялық–экономикалық зерттеулердің, аңшылық алқаптары мен балық
шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру конкурсына
қатысушыларға қойылатын санаттық талаптардың, аңшылық және балық аулау
шаруашылығын дамыту жоспарларының негізінде конкурстық комиссия белгілеген
аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының (учаскелерін)
бекітілген мерзіміне байланысты тоғыз жылдан қырық тоғыз жылға дейін;
қалған түрлеріне – бір жылдан артық емес.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану ешқандай рұқсатсыз, тегін жүзеге
асырылады.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға пайдалану мерзімі белгіленбейді
(Заңның 24-25б.б.).
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салықтық
заңнамаларына сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.
Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем (бұдан әрі – Төлем) табиғи
еркін жағдайда тіршілік ететін жануарларды табиғи ортадан алғаны үшін
төленеді.
Төлем жануарлар дүниесінің келесі категориялары үшін белгіленеді:
аңшылық обьектілері болып табылатын жануарлар түрлері;
балық аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлері;
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері;
басқа шаруашылық мақсаттар үшін (аңшылық пен балық аулаудан бөлек)
пайдаланылатын жануарлар түрлері.
Аңшылық пен балық аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрлерін
пайдалану үшін, осы жануарлардың құнды түрлеріне ғана төлем белгіленеді.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін
пайдалану үшін төлем әрбір бөлек жағдайда, осы жануарларды табиғи ортадан
алуға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленеді.
Төлемшілер жеке және заңды тұлғалар, яғни жануарлар дүниесін
пайдаланушылар болып табылады.
Төлем ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Төлем мөлшері жануарлар санына (су жануарларының кейбір түрлерінің
салмағына) және ставкілерге байланысты анықталады.
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен аң аулау обьектілері
болып табылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері; балық аулау
обьектілері болып табылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері; басқа
шаруашылық мақсатта пайдаланылатын жануарларды пайдалануға төлем ставкілері
бекітілген.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға беру Қазақстан Республикасының
зағнамасында бекітілген тәртіппен, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат
ету негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша ҚР Үкіметінің 2004 жылы 31 желтоқсандағы қаулысымен жеке және
заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдік азаматтарға Қазақстан
Республикасының аумағында жануарлар дүниесін арнайы падалануға рұқсат беру
тәртібін анықтайтын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру Ережелері
(бұдан әрі - Ережелер) бекітілді.
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беретін уәкілетті органдар:
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында,
балық және басқа да су жануарларын қоспағанда, - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
су ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.
Рұқсат беру талаптары және тәртібі. Уәкілетті орган пайдаланудың
мынадай түрлеріне рұқсат береді: аңшылық пен балық аулау обьектілері болып
табылмайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға; жануарларды
ғылыми мақсатта пайдалануға; жануарларды мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және
эстетикалық мақсаттар үшін пайдалануға; жануарлар тіршілігінің өнімдерін
және пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатына.
Аңшылық шаруашылығы ұйымдарына аң аулауға рұқсатты тиісті уәкілетті
органның аумақтық органдары бекітілген жануарларды алу квоталары шегінде
береді. Аңшылық алқаптарының резервті қорында аң аулауға рұқсат беру
уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы ұйымдарына балық аулауға рұқсатты тиісті уәкілетті
органның аумақтық органдары бекітілген жануарларды алу квоталары шегінде
береді.
Саны реттеуді қажет ететін жануарлар түрін алуға рұқсат тиісті
уәкілетті орган анықтаған, жануарлар санын реттеу тәртібіне сәйкес
беріледі.
Әуесқойлық (спорттық) аңшылық пен балық аулаудан бөлек, жануарлар
дүниесін пайдаланудың түріне қарай пайдалануға Рұқсат алуды көздеген
тұлғалар тиісті уәкілетті органға немесе аумақтық органдарға өтінім табыс
етеді.
Өтінім формасы тиісті уәкілетті органмен бекітіледі. Өтінімде:
өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттері, жеке
тұлғалар үшін төлқұжат деректері, шетелдіктер үшін қосымша – келу, кету
датасы көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі, келу мақсаты,
қозғалу бағыты, уақытша тұратын мекен жайлары);
жануарлар дүниесін пайдалану түрі;
алып қою мақсаты;
тіршілік ету ортасынан алып қоюды жоспарлаған жануарлар дүниесі
обьектілерінің тізімі және мөлшері;
жастық, жыныстық құрамы (қажет жағдайда);
алып қою мерзімі;
алып қою көзделген аудан (аймақ) және учаске шекаралары;
алып қою тәсілдері (аулау, ату, жинау) көрсетілуі тиіс.
Өтінімге келесі құжаттар қосылып тапсырылады:
құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе
заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін,
тиісті мемлекеттік орган берген құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелері, (алғашқы өтінім беруде);
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем құжаты;
жануарлар дүниесі обьектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың тізімі;
алып қою және аулау құралдарының, жүзуші құралдардың тізбесі;
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрін алып
қоятын жағдайда Қазақстан Республикасының шешімі;
берілген рұқсаттар туралы есеп (алдын рұқсаттар берілген жағдайда).
Жануарлар дүниесін пайдалану түріне байланысты көрсетілген құжаттардан
бөлек, өтінімге қосымша келесі құжаттар тіркеледі:
аң аулау және балық аулауға (алғашқы өтінім беруде):
облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын
(учаскелерін) бекіткені жөнінде шешімінің көшірмесі;
облыстық атқарушы органның аңшылық алқаптарын бекіткені жөнінде
шешімінің көшірмесі;
балық аулауға келісім шарттың көшірмесі;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге келісім шарттың көшірмесі;
балық шаруашылығын жүргізуге келісім шарттың көшірмесі;
жануарлар дүниесі обьектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен
жүргізілетін жағдайда – аңшылық шаруашылығы ұйымымен шетелдіктердің аң
аулауды ұйымдастыру туралы келісім шартының көшірмесі;
аң аулау мен балық аулаудың обьектілеріне жатпайтын жануарларды
шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін (алғашқы өтінім беруде):
аң аулау мен балық аулаудың обьектілеріне жатпайтын жануарларды
пайдалану арқылы шаруашылық қызмет атқаруға негіз болатын құжат
(лицензиялардың жәненемесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың,
дипломдардың, аталмыш шаруашылық қызметті жүргізуге құқық беретін басқа да
құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
жануарлар дүниесі обьектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар
(биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
жануарларды ғылыми мақсатта пайдалану үшін (алғашқы өтінім беруде):
ғылыми ұйымның ғалымдар кеңесімен бекітілген ғылыми-тақырыптық
жоспардан үзінді көшірмесінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
аймақтық уәкілетті орган бекіткен ихтиологиялық жұмыстар жоспарының
көшірмесі (бақыланатын балық аулау кезінде);
жануарлар дүниесі обьектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар
(биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы);
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындау
кезінде – уәкілетті органмен арадағы келісім шарттың көшірмесі.
Рұқсаттама беру кезінде:
өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық көлемде берілмеуі;
өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі;
экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы рұқсат беруден бас тартуға
негіз болып табылады.
Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өтінім мен оған қосылған
құжаттарды қарап, 10 күн ішінде Рұқсаттама беруді жүзеге асырады немесе бас
тартқан жағдайда себебін түсіндіріп кері қайтарады.
Рұқсаттама өтініш берушіге немесе сенімхат арқылы басқа адамға
рұқсаттама жүргізу журналына қол қою арқылы беріледі.
Рұқсаттаманы басқа заңды немесе жеке тұлғаға қайта тапсыруға жол
берілмейді. Рұқсаттама формасын, соған қатысты түгендеу және есеп жүргізу
тәртібін тиісті уәкілетті орган белгілейді.
Келісім шарттың ережелеріне сай балық аулау бірнеше балық шаруашылығы
су айдындарында жүргізілсе, онда Рұқсаттаманың иесіне уәкілетті органның
аумақтық органымен расталған уәкілетті органның аумақтық органында
тіркелген әрбір учаскеге берілген Рұқсаттаманың көшірмесі беріледі.
Рұқсаттамада:
Рұқсат берген уәкілетті органның аумақтық органының атауы;
заңды тұлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының аты, жөні, әкесінің
аты немесе Рұқсаттама берілетін жеке тұлғаның аты, жөні, әкесінің аты;
жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
алып қою мақсаты;
алып қоюға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі немесе олардың
тіршілік өнімдері, салмағы (биомасса);
жастық, жыныстық құрамы (қажет жағдайда);
алып қою мерзімі;
алып қою тәсілдері (аулау, ату, жинау);
алып қою көзделген аудан (аймақ) және учаске шекаралары;
жануарлар дүниесінен немесе олардың тіршілік өнімдерін алып қою
тәсілдері және құралдары, пайдаланылатын жүзуші құралдар;
жануарлар дүниесі обьектілерін алып қоюға қатысатын адамдардың саны;
аңшының куәлігінің нөмірі мен берілген күні (тек аңшылық мақсатқа
Рұқсаттама берілген жағдайда);
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдер сомасы, төлем
фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасау арқылы көрсетілуі тиіс.
Аңшылық пен балық аулау обьектілері болып табылатын жануарлар түрін
пайдалануға берілетін рұқсаттама марка түрінде де болуы мүмкін. Маркада:
әрекет мерзімі, жануардың бейнесі мен атауы, бір дараққа төленетін төлем
ставкасы көрсетіледі. Пайдалануға берілетін рұқсаттама марка түрінде болуы
мүмкін аңшылық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құқықтық режимі»
Конвенция туралы
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Қазақстандағы кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарлар
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Жануарларды қорғаудағы «Қызыл кітаптың» маңызы
Пәндер