Банктің қаржылық күйін талдаудың әдіснамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ... 5
1.1 Коммерциялық банктердің қаржылық күйін талдаудың мақсаты және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономикалық нормативтер түрлері және оларды коммерциялық банктердің
орындауын талдауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ ТАРАУ. БАНКТІК ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ..13
2.1 Банктің қаржылық күйін талдау мен бағалаудың құрамы,
«Казкоммерцбанк» туралы жөніндегі мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 2.2 Қашыктан талдауды автоматтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Банк жүие.Ақша.несие саясатынын табыстау механизомы ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Банк жүйесінің қазіргі даму этапы тұрақтылық орнаумен, және бірнеше жүйені дағдарыстан соң бірқалыпты дамумен сипатталады. Бұл этапта банктер барлық тәуекелді бағалауға, соның ішінде банкаралық несиелендіру, операцияларды ашу және басқа банктердің ностро шоттары арқылы жүргізу, басқа банктерде депозит шоттарны ашу, басқа банктердің бағалы қағаздарымен операциялар жүргізу сияқты банкаралық операциялар тәуекелін бағалауда байсалдылық танытады. Басқа жағынан алғанда банк клиенттері, заңдытұлғаларда, жеке тұлғаларда қазір өздеріне қызмет көрсетуші банкке жауапты қарайтын болды. Осы факторлар банктің қаржылық күйін талдау әдістемесінің даму және жетілдіру өзектілігін көрсетеді.
Банктерді қашықтан талдау тақырыбы бір жақты талқыланды, негізгі көңіл бөлінгені-банк рейтингілері. Көптеген баспаларда банк рейтингі деп банкілерді бір көрсеткіш капитал, актив, пайда бойынша қарапайым рангілеуді түсінеді.
Банкілердің қаржы тұрақтылығын талдайтын іргелі нағыз рейтингтер бастапқыда аз болды, бірақ соңғы кезде банк талдауын тереңдету және рейтинг құрайтын факторлар саны кеңеюі жөнінен рейтингілер жақсарып келеді. Екінші жағынан, біздің ойымызша қаржы күйін талдау проблемасының контрагент банкке лимитін есептеу техникасы, банктерді қашықтан талдау әдістемесін құрудың әдіснамалық негіздері сияқты аспектілері кеш ашылған. Сондай-ақ банк қаржылық күйін талдаудың теориялық негіздері; сенімділік түсінігі, несие ұйымының қаржылық тұрақтылығы т.б. ақырына дейін зерттелмеген күйде банктің қаржылық тұрақтылығы түсінігін бірыңғай түсіну жоқ. Сөйтіп, зерттеліп отырған тақырыпты дұрыс зерделенбеген сұрақтар жеткілікті, осы жұмысты жазу барысында оларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл проблеманы әзірлеу мына көздерге негізделген :
• Панова Г.С., Полищук А.И., Масленченкова Ю.С. Фетисова Г.Г. монографиялары;
• банктердің қаржылық талдауы проблемалары жөніндегі; диссертациялар Новикова В.В., Живалов В.Н.;
• мерзімдік басқа мақалалары;
• контрагент-банктерді талдау жөніндегі банкілердің әдістемесі;
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал қаржы рыногының өте тұрақсыздануына жетелеп, банктердің банкроттыққа ұшырау процесін күшейтті. Қазақстанның қаржы рыногында соңғы уақытта болып жатқан уақиғалар Әлемдік банк мамандарының, солардың ішінде коммерциялық банктің қаржылық күйіне сауатты түрде баға беру проблемасына кезігеді деген қорытындысының дұрыстығын растайды.
Қаржы рыногында қалыптасқан ахуал коммерциялық банктердің төлем жасауға қабілетсіздігі артумен, нақты капитал дамуына ұзақ мерзімді несие бере алмауымен қиындап тұр, ал бұл жағдай кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсер етіп, өндірістік құлдырауын туғызуы мүмкін. Экономикалық құлдырау жағдайында коммерциялық банктер тәуекелі де жоғары. Банктердің банкротқа ұшырауына көбіне - көп себеп болатын мына жағдайлар осыны дәлелдейді:
• жаңа капиталға қатысушыларды іздеу сәтсіздігі;
• «нашар» несиелер беру;
• кепілге берілген бағалы қағаздармен дұрыс сауда жасай алмау;
• облигациялармен сауда - саттық жасау операциялары;
• жоғарғы менеджмент қатарындағы сыбайлас жемқорлық;
• біліксіз басшылықтың активтерден айырылу тәуекелін дер кезінде тани алмауы;
• банк шығындарының өсуі;
• мүмкіндіктерінің сұраныстан артық болуы;
• қаржы рыногындағы ахуал және банк клиенттері туралы ақпаратты сапасыз талдау;
1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004.
3. Мамонова И. Д. Экономический анализ деятельности банка. М.: Инфра-М, 1996
4. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2007г. №10.
5. www.kkb.kz
6. Шеремет А. Т., Щербакова Г. Н. Финансовый анализ в коммерческом банке. М.: Финансы и статистика, 2000
7. Экономический анализ деятельности банка. М.: Инфра-М, 1996
8. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы Заң.- Алматы: Дәнекер, 2002.
9. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.- Алматы: Экономика, 2000.
10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша,несие, банктер.- Алматы: Экономика, 2001.
11. Казкоммерцбанктің 2000 жылға арналған жылдық есебі.- Алматы, 2000.
12. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.
13. А.Т. Бохаев. «Коммерциялық банктердің несие нарығын сандық салыстырмалы талдау». Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция. 2006 жыл.
14. «Банки Казахстана». Статистикалық мәліметтер. №2, 2002 год. №7, 2007 год. №14 2008 год.
15. Мамыров Н.К. Тілеужанова М.А. Макроэкономика- Алматы, 2003

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ. БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ ... 5
1.1 Коммерциялық банктердің қаржылық күйін талдаудың мақсаты және

түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономикалық нормативтер түрлері және оларды коммерциялық банктердің
орындауын талдауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.8
ІІ ТАРАУ. БАНКТІК ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ..13
2.1 Банктің қаржылық күйін талдау мен бағалаудың құрамы,
Казкоммерцбанк туралы жөніндегі
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..13 2.2 Қашыктан
талдауды автоматтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..19
2.3 Банк жүие.Ақша-несие саясатынын табыстау
механизомы ... ... ... ... ... ... . ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Банк жүйесінің қазіргі даму этапы тұрақтылық орнаумен, және бірнеше
жүйені дағдарыстан соң бірқалыпты дамумен сипатталады. Бұл этапта банктер
барлық тәуекелді бағалауға, соның ішінде банкаралық несиелендіру,
операцияларды ашу және басқа банктердің ностро шоттары арқылы жүргізу,
басқа банктерде депозит шоттарны ашу, басқа банктердің бағалы қағаздарымен
операциялар жүргізу сияқты банкаралық операциялар тәуекелін бағалауда
байсалдылық танытады. Басқа жағынан алғанда банк клиенттері,
заңдытұлғаларда, жеке тұлғаларда қазір өздеріне қызмет көрсетуші банкке
жауапты қарайтын болды. Осы факторлар банктің қаржылық күйін талдау
әдістемесінің даму және жетілдіру өзектілігін көрсетеді.
Банктерді қашықтан талдау тақырыбы бір жақты талқыланды, негізгі
көңіл бөлінгені-банк рейтингілері. Көптеген баспаларда банк рейтингі деп
банкілерді бір көрсеткіш капитал, актив, пайда бойынша қарапайым рангілеуді
түсінеді.
Банкілердің қаржы тұрақтылығын талдайтын іргелі нағыз рейтингтер
бастапқыда аз болды, бірақ соңғы кезде банк талдауын тереңдету және рейтинг
құрайтын факторлар саны кеңеюі жөнінен рейтингілер жақсарып келеді. Екінші
жағынан, біздің ойымызша қаржы күйін талдау проблемасының контрагент банкке
лимитін есептеу техникасы, банктерді қашықтан талдау әдістемесін құрудың
әдіснамалық негіздері сияқты аспектілері кеш ашылған. Сондай-ақ банк
қаржылық күйін талдаудың теориялық негіздері; сенімділік түсінігі, несие
ұйымының қаржылық тұрақтылығы т.б. ақырына дейін зерттелмеген күйде банктің
қаржылық тұрақтылығы түсінігін бірыңғай түсіну жоқ. Сөйтіп, зерттеліп
отырған тақырыпты дұрыс зерделенбеген сұрақтар жеткілікті, осы жұмысты жазу
барысында оларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл проблеманы әзірлеу мына көздерге негізделген :
• Панова Г.С., Полищук А.И., Масленченкова Ю.С. Фетисова Г.Г.
монографиялары;
• банктердің қаржылық талдауы проблемалары жөніндегі; диссертациялар
Новикова В.В., Живалов В.Н.;
• мерзімдік басқа мақалалары;
• контрагент-банктерді талдау жөніндегі банкілердің әдістемесі;
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал қаржы
рыногының өте тұрақсыздануына жетелеп, банктердің банкроттыққа ұшырау
процесін күшейтті. Қазақстанның қаржы рыногында соңғы уақытта болып жатқан
уақиғалар Әлемдік банк мамандарының, солардың ішінде коммерциялық банктің
қаржылық күйіне сауатты түрде баға беру проблемасына кезігеді деген
қорытындысының дұрыстығын растайды.
Қаржы рыногында қалыптасқан ахуал коммерциялық банктердің төлем жасауға
қабілетсіздігі артумен, нақты капитал дамуына ұзақ мерзімді несие бере
алмауымен қиындап тұр, ал бұл жағдай кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне
әсер етіп, өндірістік құлдырауын туғызуы мүмкін. Экономикалық құлдырау
жағдайында коммерциялық банктер тәуекелі де жоғары. Банктердің банкротқа
ұшырауына көбіне - көп себеп болатын мына жағдайлар осыны дәлелдейді:
• жаңа капиталға қатысушыларды іздеу сәтсіздігі;
• нашар несиелер беру;
• кепілге берілген бағалы қағаздармен дұрыс сауда жасай алмау;
• облигациялармен сауда - саттық жасау операциялары;
• жоғарғы менеджмент қатарындағы сыбайлас жемқорлық;
• біліксіз басшылықтың активтерден айырылу тәуекелін дер кезінде тани
алмауы;
• банк шығындарының өсуі;
• мүмкіндіктерінің сұраныстан артық болуы;
• қаржы рыногындағы ахуал және банк клиенттері туралы ақпаратты сапасыз
талдау;

І. ТАРАУ. БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ

1.1 Коммерциялық банктердің қаржылық күйін талдаудың мақсаты және түрлері

Коммерциялық банктің қаржы күйін талдауды ҚР орталық банк тарапынан,
тәуелсіз рейтинг агенттігі, әлеуетті клиенттер (салымшылар, акционерлер)
тарапынан, яғни сыртқы талдау және банктің ішкі аналитикалық қызыметтері
тарапынан, яғни ішкі талдау деп бөлуге болады. Осы екі түрдің арасынан жік
өткізу қиын себебі, бір ғана ақпарат пайдаланылады (бірақ нақтылануы
әртүрлі) және ортақ мақсат қойылады.
Рыноктағы тұрақсыз ахуалды, банктер дағдарысын ескерген банктің
қаржылық күйін бағалау проблемасы өте маңызды болып тұр.
Банктің қаржылық күйін талдау жасаған кезде рыноктың әрбір субъектісі
(Орталық банк, коммерциялық банктер, кәсіпорындар мен ұйымдар, аудиторлық
фирмалар, жергілікті және орталық билік органдары және тұлғалар) өздерінің
жеке мақсаттарын көздейді. Бірақ барлық субъектілер үшін талдаудың ортақ
мақсаты-банк қызметінің тиімділігін және сенімділік дәрежесін анықтау.
Банк сенімділігі деп оның өзіне алған міндеттемелерін кідіріссіз және
рыноктағы кез келген жағдайда да орындау қабілетін атайды яғни банк
сенімділігі оның төлем қабіліттілігімен, қызмет тұрақтылығынмен және баланс
ликвидтілігімен сипатталады. Банк сенімділігі көбіне оның қызмет
тиімділігіне, соның ішінде баланс ликвидтілігінің тұрақты жоғары деңгейіне
байланысты. Бірақ сенімді банк деген атақ алу үшін банк бірқатар талаптарға
сай болуы тиіс олар; жарғылық қор мен баланс валютасының үлкен мөлшері,
қаржы рыногында ұзақ қызымет ету, тиімді басқару құрылымы, сенімді
клиеттермен жалға қойылған әріптестік қатынастар, пайдалылық деңгейі
жоғары және тұрақты болуы т.б.
Банктің төлем қабілеттілігі деп банктің өз қаржы міндеттемелерін
төлем мерзімі келгенде дер кезінде өтеу қабілетін атайды. Банктің
тұрақтылығы деп оның қызметінің орташа және ұзақ мерзімді перспективадағы
тұрақтылығы аталады, ол актив сапасымен, капитал жеткіліктілігімен және
оның қызмет тиімділігімен бағаланады.
Банк ликвидтілігі деп (жоғарыда аталғандай) егер міндеттемелерін
төлеу үшін қолда бар төлем қаражаты жеткіліксіз болса, банктің активтерін
ақша немесе басқа төлем қаражаттарына айналдыру қабілетін атайды.
Талдаушы (немесе банктің әлеуетті клиенті) банктің қаржы күйін талдау
мақсатында қандай ақпарат көздерін пайдалана алады.
Банктердің қаржы күйінің сипаттамасы. Коммерциялық банктердің қаржы күйін
капиталы жеткілікті болуы, активтер сапасы, баланс ликвидтігі, қызметінің
тиімділігі және банкті басқару деңгейі (менджменті) спаттайды. Коммерциялық
банктің капиталы банктің ұзақ мерзімді өміршеңдігін қамтамасыз етудегі
күнделікті жұмысында бірнеше маңызды функция орындайды.
Біріншіден, капитал ағымдағы шығындарын проблемалары шешілгенше өтеп
банкті банкрот болудан қорғау үшін қолданылады.
Екіншіден, капитал жеткілікті мөлшердегі депозиттер тартылғанға дейін,
банкті құруға, ұйымдастыруға , қызмет істеуіне қажетті қаражатпен
қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, капитал клиенттердің банкке деген сенімін қуаттап, несие
берушілерді өзінің қаржы күшіне сендіреді. Капиталдың өте мол болуы заем
алушылардың несие мұқтажын қанғаттандыруда банктің қабілеттілігіне сенімін
арттырады.
Төртіншіден-капитал банктің ұйымдық өсуі, жаңа қызмет көрсету, жаңа
бағдарламалар енгізіп, жабдық сатып алуы үшін қаражатпен қамтамасыз етеді.
Өсу кезеңінде жаңа қызметтер көрсетіп, банк дамуына байланысты
тәуекелдерден қорғау үшін банк қосымша капиталға зәру болады.[1.54]
Бұдан басқа капитал банк қызметінің бақыланатын көрсеткіштерін анықтайтын
нормативтер реттеуші органдардың белгілеуі үшін негіз болады. Банктің
меншікті қаражатының негізін құратын оның жарғылық қоры. Қаржы нарығында
жұмыс істеу жағдайы коммерциялық банктен оны үнемі өсіріп отыруды талап
етеді. Қазақстан Орталық банкінің саясаты осыны көздейді. Соңғы уақытта
Орталық банк жаңа ашылып жатқан банктер үшін ең аз капитал мөлшерін бірнеше
рет өзгертті. 1994 жылға дейін – 2,2 млрд. теңге, 1995 жыға дейін – 4 млрд.
теңге, 1996 жылдың мамырынан қаражаты халықаралық деңгей – 5 млн.
Банк капиталының қажетті мөлшерін анықтаған кезде әуелі ең аз шекті
капитал мөлшерін және реттеуші органдар белгілеген нормативтерді ескеру
керек. Оларды есептеу кезінде банктің меншікті қаражатының шамасын
пайдаланады. Сондай нормативтердің бірін банктің капиталының оның тәуекел
активтеріне қатынасы ретінде анықтайды, ол бүкіл әлем банктері үшін де банк
капиталы жеткілікті болуының негізін қалаушы норматив болады. Қазақстан
Республикасының Орталық банкі туралы Заңда банк капиталының мөлшеріне
байланысты басқа да нормативтер тізімі берілген, оны Қазақстан банкі несие
ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін белгілейді.
Активтер сапасы олардың (несие қоржыны үшін) қайтарымдығы тұрғысынан және
дер кезінде шығынсыз төлем құралына (бағалы қағаздар мен негізгі
құралдарға) айналу қабілеттігіне қарай бағаланады.
Қарыз беру банктің белсенді операцияларының негізі болатындықтан олар
(қайтарылуы барысында) клиент алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін негізгі
көз болып табылады. Сондықтан қаражаттарды банкке қайтару кезіндегі
қиындықтар оның жұмысын тұрғызып тастауы мүмкін. Сөйтіп, банк сенімділігі
екі шамаға – несие қоржынының (негізгі тәуекел көзі ретіндегі) мөлшеріне
және мерзімі өткен қарыз (жойылған активтер) көлеміне байланысты. Өкінішке
орай, бұл көрсеткіш нашарлай түсуде. 1994 жылы тамыз айында мерзімі өткен
қарыз 4 есеге өсті де 1996 жылы қаңтарында 43,9 млрд. теңге болды, жалпы
банктік несие қоржынының қарызы 25% астам, бұл кезде нақты мерзімі өткен
қарыз одан да көп сома болуы мүмкін, кейбір банктер үмітсіз келісім
шарттарды ұзартуға мәжбүр болады. ҚР Орталық банкі мамандарының бағалауы
бойынша ұзартылған (пролонгацияланған) келісім – шарттар саны жалпы
банкілік несие қоржынының 22% құрайды. Осыны ескерсек нақты төлемдер
(жұмысшы келісім – шарттар) мөлшеріне жалпы банкілік несие қоржынының 40-
50% деп бағаланады.
Ликвидтік дегеніміз егер қолдағы бар төлем қаражаттары жеткіліксіз болса,
міндеттемелерін төлеу үшін өз активтерін ақша қаражатына немесе өзге төлем
қаражатына айналдыру қабілетінің негізінде бағаланады. [2.87]
Банктерде қолма-қол ақшаға тез айналатын ликвидті активтер болуы керек,
немесе міндеттемелерін орындауды талап еткен кезде қорларын ұлғайту
мүмкіндігі болуы керек.
Банк ликвидтігін басқару дегеніміз ликвидтігін тез ұлғайтуға арналған
ресурстар бар болғанда активті де, пассивті де операцияларды жүргізуді
атайды, мұндай ресурстар көзі болушы – дәстүрлі банк аралық рынок, бірақ
онда қажетті ережелерді сақтамау, оған қатысушылардың банк аралық несиені
мақсатсыз жұмсауы 1995 жылы тамызда дағдарысына және осы рыноктың толық
жойылуына әкелді. Дағдарыстың терең болғандығы сонша, жыл өтсе де оның
қалыпты функциясы орнына келмеді. Қазіргі кезде тек рыногы қалды, оның
сенімділігі мемлекеттің өзіне алған міндеттемелерін орындауға әзірлігіне
байланысты. Сөйтіп, егер қандйа да бір себептерден мемлекет өз
міндеттемелерін өтеуден бас тартса, банктер тек өз меншікті қаражатына және
берген саудаларының (несие қоржыны сапасының) қайтарымдылығына сенуі тиіс.
Банк қаржысын басқарудың бір құрамды бөлігі болып табылатын активтер мен
міндеттемелерді басқару мақсаты салымшылар мен несие берушілердің банкке
салған қаражаттарының ликвидтігін қамтамасыз ете отырып және реттеуші
органдардың белгілеген нормативтерін орындай отырып, пайда алу болып
табылады.
Банк кірістілігі. Банк тиімділігі оның кірістілік деңгейінен көрінеді
және банктің барлық шаруашылық – қаржы және коммерциялық қызмет
салаларындағы жұмыс нәтижелерін бейнелейді. Банк кірісі есебінен оның
операциялық шығыстары. Әкімшілік – басқарушы шығыстары өтеледі, мөлшерін
дивидент деңгейі, меншікті қаражаты ұлғаюы, пассивті және активті
операциялар даму айқындайтын банк пайдасы құралады.
Банк кірістілігі оның актив және пассив бөлігіндегі балансының оңтайлы
құрылым нәтижесі, банк персоналының осы бағыттағы мақсатынан таймауы.
Кірістілікті қамтамасыз ететін тағы бір маңызды жағдайлар кіріс және
шығыс құрылымын орынды ету, пайыздық маржаны есептеу және сауда
операцияларының кірістілігіндегі үрдісті анықтау, активті және пассивті
операцияларға қатысты пайыз деңгейін шамамен болжау үшін ең аз кірісті
маржаны жоспарлау.[3.145]

1.2 Экономикалық нормативтер түрлері және оларды коммерциялық банктердің
орындауын талдауды ұйымдастыру

Банк жүйесі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚР Орталық банкі
бірқатар экономикалық нормативтерді, яғни деңгейі берілген белгілі бір
коэффиценттерді белгілейді. Орталықтан белгіленген экономикалық
нормативтерге мына көрсеткіштер кіреді.
1. Капитал жеткіліктілігінің нормативті;
2. Несие ұйымы балансының ликвидтілік нормативі;
3. Ресурстарды талдау және орналастыру саласының ірі тәуекелдерін шектеу
нормативі;
Экономикалық нормативтер арқылы, біріншіден несие ұйымының меншікті
капиталынан абсолюттік және салыстырмалы деңгейі, екіншіден-баланс
ликвидтігі, үшіншіден-несие ұйымы активті және пассивті операцияларының әр
тараптануы, төртіншіден-банк жүйесінің жалпы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз
ету үшін әр несие ұйымдарының орталықтандырылған резервтер құруы реттеледі.

Аталмыш экономикалық нормативтерді сақтау үшін несие ұйымдарында талдау
мен бақылау жүйесі құрылады. Бұл жұмыскен талдаушылар тобы айналысады, олар
арнайы талдау әдістерін әзірлейді.
Бірқатар экономикалық нормативтер мына бағыттарда жүзеге асады;
• нақты көрсеткіш мәндерін нормативтікпен салыстыру;
• талдаушы көрсеткіштің өзгеру динамикасының қарау;
• көрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтау;
Талдаудың бірінші этапында экономикалық нормативтердің нақты деңгейін
оның шекті мәндерімен салыстыра сипаттайтын кесте құру керек. Екінші этапта
әр көрсеткіштің нормативтік деңгейге сәйкестігі тексеріледі. Бұдан әрі,
жағдайдың тұрақты немесе кездейсоқ екеніне көз жеткізу үшін көрсеткіштердің
динамикада қарау керек.
Келесі этапта елеулі ауытқулардың әр факторына талдау жасалады. Ауытқу
себептерін табу үшін талдау бірнеше күндерге арналып жүзеге асырылады.
Капитал жағдайын талдау капитал жеткіліктілігін сыпаттайтын көрсеткішті
талдаумен өзара байланыста қаралады.
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті оның екі құрамына: меншікті капитал
көлеміне және активтердің жиынтық тәуекел сомасына байланысты. Бұл құрамды
бөлектердің қаралушы нормативтік коэффициенттерге әсері қарама-қарсы:
капитал көлемі өскен кезде ұлғайды және активтер тәуекелі ұлғайғанда
азаяды.[4.68]
Ликвидтік коэффециенттін талдау көрсеткіштен басталады. Оның деңгейі
жалпы ликвидтік актив сомасы көлеміне (ақша қаражаты мен 30 күнге дейінгі
активтер) және талап ету және 30 күн мерзімге дейінгі шоттар бойынша
міндеттемелер сомасының көлеміне байланысты.
Ағымдағы ликвидтік көрсеткішінен басқа лездік ликвидтік көрсеткіші
енгізілді, ол жоғары ликвидті (қолма қол және қолма қолсыз түрдегі ақша
қаражаты) активтердің тез айналатын талап ету депозиттеріне қатынасы
түрінде анықталады.
Банктің ұзақ мерзімді ликвидтігін көрсеткіші сипаттайды, ол ұзақ
мерзімді (мерзімі бір жылдан аспайтын) несиелердің меншікті капиталға және
өтеу мерзімі бір жылдан асатын банк міндеттемелеріне қатынасы ретінде
есептеледі. Ең үлкен мәні 120% шегінде белгіленген.
Ликвидтігі көрсеткіші ретінде көрсеткішін анықтайды, ол ликвидтік
активтің нақты активтердің жалпы сомасындағы үлесін сипаттайды.
Несие ұйымдарының қызмет реттеуші әдістердің бірі-шамасы жөнінен ірі
тәуекелдерді шектеу.
Осыған орай ҚР Орталық банктің 1% нұсқаулығы бірқатар көрсеткіштерді
көздейді, солардың көмегімен несие ұйымдары жекелеген активті, пассивті,
баланстан тыс операцияларды жүргізудің ең үлкен мөлшері реттеледі.
Коэффициенті бір заем алушыға, сондай-ақ өзара экономикалық немесе
заңдық тығыз байланыстарға топтарға келетін тәуекелдің ең үлкен мөлшерін
сипаттайды. Ол бір заем алушыға немесе өзара байланысты заем алушылар
тобына несие ұйымы берген несие жиынтық сомасының және заем алушыға (заем
алушылар тобына) берілген кепілдердің жиынтық сомасының несие ұйымының
меншікті қаражат көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті капитал
сомасы өте ірі банктер бір клиентке немесе өзара байланысты клиенттер
тобына беретін несиенің ең үлкен мөлшерін ұлғайта алады.[5.64]
Коэффициенті барлық ірі несиелердің ең үлкен тәуекелін шектейді. Бұл
кезде ірі деп несие ұйымы меншікті капиталының 5%-нан асатын баланстан тыс
міндеттемелер сомасының 50%-ы ескерілген бір заем алушының (бір топ заем
алушының) ссудық қарызын атайды.
Бұл көрсеткіш банк қоржынындағы барлық ірі несиелер сомасының меншікті
капитал сомасына қатынасы түрінде табылады. Кретерий деңгейі -1996 жылы 12
еседен аспайды, 1997-10 есе.
Қазақстан банк тәжірибесінде алғаш рет №1 нұсқаулық бір несие берушіге
(салымшыға) арналған тәуекелдің ең үлкен мөлшерін реттеуді енгізді бұл
көрсеткіші. Бұл көрсеткіш салым шамасының немесе осы банк алған несиенің,
бір (бірнеше) салымшы шоттары бойынша қалдықтың және несие ұйымның меншікті
қаражатының ара қатынасы ретінде табылады.
Коэффициенттері банктің өз қатысушыларына (акционерлеріне) беретін несие,
кепілдіктердің ең үлкен тәуекелін, ал көрсеткіші өз инсайдерлерінің яғни
не акционер, не директор, не кеңес мүшесі т.б. болатын және несие беру
сұрағына қатысы бар жеке тұлғалардың ең үлкен тәуекелін көрсетеді.
Көрсеткіші банктің бір акционерге (пайшыға) қатыста теңгедегі және шетел
валютасындағы жиынтық талап сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы
түрінде есептеледі.
Көрсеткіші несие ұйымының бір инсайдеріне және оны мен байланысты
тұлғаларға қатысты рубльдегі және шетел валютасындағы жиынтық талап
сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде табылады.[6.105]
Банктердің салымшы-жеке тұлғалар алдындағы жауапкершілігін күшейту үшін
ҚР Орталық банкінің көрсеткішін енгізіп, ол халықтың тартылатын депозит
көлемін банктің меншікті капитал сомасымен шектейді.
Көрсеткіші азаматтардың жалпы ақша салымы (депозиттері) сомасынан және
банктің меншікті капиталының пайыздың арақатынасы ретінде есептелуі- дің ең
үлкен шекті мәні 100% мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстанда алғаш рет банктің меншікті капиталын басқа заңды тұлға
үлестерін (акцияларын) оятып алу үшін пайдалану үлесін шектейтін көрсеткіші
енгізілді. Ол несие ұымының инвестициялайтын және меншікті қаражатының
қатынасы ретінде есептелінеді. Инвестициялау деп банктің басқа заңды
тұлғаларға қатысу үлесін акцияларын сатып алуын атайды.
ҚР Орталық банк №1 нұсқаулығына 1997 жылы хатпен көрсеткіш енгізілген,
бұл меншікті вексельдердің және банк акцептілерінің банктің меншікті
капиталына қатынасы ретінде анықталады.
Банктердің сенімділігіне әсер етуші факторлар. Банк сенімділігі әртүрлі
факторларға байланысты. Шартты түрде оларды сыртқы және ішкі факторлар деп,
ал кейбір әдебиетте – экзогенді және эндогенді деп бөліп қарайды.
Сыртқы факторлар деп, банкке сыртқы ортаның әсер етуіне байланысты
факторларды, яғни қаржы рыногының, ұлттық және әлемдік экономикалық, елдегі
саяси ахуалдың жағдайын анықтаушы факторларды, сондай-ақ форс-мажорлық
жағдайларды анықтаушы факторларды атайды. Егер сыртқы орта салыстырмалы
әсер алғанда тұрақты болса, банктің жағдайы ішкі (эндогендік) факторларға
байланысты болады. Ішкі факторларға персоналдың, соның ішінде жоғарғы
персоналдың кәсіби деңгейі және банк жүргізетін операцияларды бақылау
деңгейі, сондай-ақ; банк стратегиясы, меншікті капиталмен қамтамасыз
етілуі, банктің ішкі саясаты жатады.
Нақты факторлардың немесе олардың жиынтығының банк сенімділігіне
қолайсыз әсер ету ықтималдығын тәуекелдер сипаттайды. Тәуекел деп өз
ресурстарының бір бөлігінен айырылу қаупі, қаржы операцияларын жүргізу
нәтижесінде кірістерді кем алуды немесе қосымша шығындар жұмсауды атайды
(болуы мүмкін шығындар осы операциялар тәуекелінің деңгейін анықтайды).
Тәуекелдер болжамның нақты дамушы оқиғаларға сәйкес келмеуі нәтижесінде
пайда болады.[7.97]
Тәуекелдерді оларды туындататын факторларға қарай жіктеу қиын, себебі
олардың пайда болуына сыртқы және ішкі факторлар жиынтығы ықпал етеді.
Мысалы: ликвидтік тәуекелі өсуінің себебі ақша ресурсын жедел тарта алмау
ғана емес, жоспарлаудағы қателіктер, персоналдық біліксіздігі, несие
қоржынының нашар сапасы да (берілген несиенің көбін қайтармау қатері) болуы
мүмкін. Жалғамада келтірілген факторлар мына ең кең таралған банк тәуекел
пайда болу себептеріне жатады:
• ликвидтік тәуекелі;
• пайыз тәуекелі;
• несие тәуекелі;
• нарық тәуекелі;
• саяси тәуекелі;
• валюта тәуекелі;
• рынок конъюнктурасы өзгеруі тәуекелі;
• ел тәуекелі;
• форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі;
Ликвидтік тәуекелі өз активтерін ақша түріне тез айналдыру мүмкіндігі
немесе міндеттемелерін төлеу үшін қажетті көлемдегі қосымша ресурстар тарту
мүмкіндігі жойылуына байланысты.
Пайыз тәуекелі рыноктағы пайыз ставкасы тербелісіне байланысты. Мысалы:
егер рынокта ставка төмендеуі болса, төмен ставкамен орналастыру болады, ал
банк тартқан қаражаттар келісім-шарттың қолданыс мерзімі ішінде кепілдік
берілген ставкамен орналастырылып, ол ставка өзгермесе, банк зиян шегеді
(немесе пайданы кем алады), себебі тартылған қаражаттар бойынша жоғары
пайыз төлеуге мәжбүр болады.
Несие тәуекелі заем алушының өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамау
(қарызды қайтармау) мүмкіндігіне байланысты.
Нарық тәуекелі бағалы қағаздар құнсыздану мүмкіндігіне байланысты,и ол
ссуда мен пайыз нормасы тербелуі, пайда өзгеруі және эмитент компаниялардың
қаржылық қолайлы жағдайы өзгеруі және ақшаның инфляциялық құнсыздануы
нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Саяси тәуекел – елдегі саяси ахуал тұрақтылығына, жекелеген саяси
күштердің текетіресу деңгейіне, елдің даму бағыты мен басымдықтары күрт
өзгеруі мүмкіндігіне және Қазақстан банкілерінің сыртқы экономикалық қызмет
бойынша контрагент-елдер қатынасына байланысты.
Валюта тәуекелі банк валюта операцияларын жүргізген кезде пайда болады
және валюта бағамының болжамсыз тербелісі нәтижесінде ақша шығынына ұшырау
мүмкіндігіне байланысты.
Рынок конъюнктурасы өзгеру тәуекелі қаржы рыногының жекелеген
сегменттерінде қолайсыз өзгерістер күрт пайда болған кезде туындайды. Егер
банк ірі сегментте ғана маманданған болса және тек осы рынокта ғана жұмыс
істесе, мұндай ахуал банк сенімділігін әлсіретеді. Универсал банктер үшін
жекелеген рыноктардың жойылуы аса қауіпті емес, бірақ оның жұмысына кідіріс
енгізуі мүмкін.
Ел тәуекелі осы банкпен жұмыс істейтін клиент елдердің немесе контрагент
елдердің, импорттаушы немесе экспорттаушы елдердің саяси – экономикалық
тұрақтылығына байланысты. Ел тәуекелінің деңгейін бағалау тәсілінің бірі
Бери (Бери герман фирмасы) Индексі, 100-ге жуық сарапшы осы индексті
анықтаумен айналысады, бұлар түрлі сараптамалық бағалау әдісі көмегімен
жылына төрт рет талдау өткізеді. Осылайша әріптес елдің саяси және
экономикалық жағдайының барлық жақтары талданады.
Форс – мажорлық жағдай тәуекелі төтенше және күтпеген оқиғалар
нәтижесінде пайда болатын дүлей күш салдарына байланысты (Мысалы: апаттық
табиғи жағдайлар, соғыс, эмбарго, валюта шектеуін қою, ереуілдерге
байланысты). Оны Euromony журналымдағы Әлем елдерін инвестициялау
тәуекелі және іскер байланыстар сенімділігі дәрежесі бойынша Интегралды
және жеке баллмен бағалау кестесі бойынша анықтауға болады. Жеке
бағалаудың бірі – форс –мажор жағдайлары туындау ықтималдығы көрсеткіші
болып табылады.
Тәуекелдерді басқару құралдары. Банк сенімділігі банктің қандай тәуекелге
ұшырауына ғана емес, оларды қалай басқару қабілеттілігіне де байланысты
анықталады. Тәуекелдерді негізгі басқару құралдарына (әдістеріне) сабырлы
тәуекел принципін пайдалану; банк клиенттерінің қаржылық күйін, төлем
қабілеттілігін, несие қабілеттілігін жүйелі түрде талдау жасау;
тәуекелдерді бөлу принципін қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
әртараптандыру саясатын жүргізу, банктің жалпы операциялар көлемін сақтап
қалу; несие мен депозиттерді сақтандыру; кепілді (аманатты) қолдану; нақты
дербес және жалған кепілдерді қолдану; валюта мәмілелерін хеджирлеу,
жүргізілетін операциялар спектрін ұлғайту.[8.79]

ІІ. ТАРАУ. БАНКТІК ҚАРЖЫЛЫҚ КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 Банктің қаржылық күйін талдау мен бағалаудың құрамы, Қазкоммерцбанк
туралы жөніндегі мәліметтер.

Қаржылық талдау практика ретінде, басқарушылық қызметтің бір түрі
ретінде қаржы сұрақтары бойынша шешім қабылдап алдында жүргізіліп, шешім
қабылдаудың бір шарты, этапы, операциясы болады, содан кейін қорытынды
ақпарат негізінде шешімдер нәтижелерін пысықтап, баға береді.
Қаржылық талдау ғылым ретінде қаржы категориясымен және қаржы
көрсеткіштерімен көрсетілген қаржы қатынастарын зерттейді. Коммерциялық
банкті басқарудағы оның ролі оның дербес басқару функциясы, қаржылық
басқару инструменті және оны бағалау әдісі болатындығында А.Д.Шеремет өз
монографиясында осындай анықтама береді. Талдаудың мәнін дәлірек көрсету
үшін қаржы күйін талдау түсінігіне өзгеше қарау керек. Банктің қаржы күйін
қашықтан талдауға автордың берген анықтамасы бөлімнің соңында келтіріледі.
Қаржы талдауының түрлерін ішкі және сыртқы талдау деп бөлу маңызды
жіктелу болады. Бұл жерде негізгі ерекше белгісі болатын-талдау субъектісі.
Ішкі талдауда банктің инсайдерлері жасайды, ол сыртқы (қашықтан) талдау
субъектісі-қадағалау органдары; контрагенттік банктер, әлеуетті клиенттер
сияқты банк аутсайдерлері болады.
Субъектілер құрамы жөнінен ерекшеленетін қашықтан талдаудың пайдаланатын
ақпараты (ақпараттар бағасы) жөнінен де ерекшелігі бар.
Бірінші топ-бұл мүдделері банк қызметіне тікелей байланысты субъектілер.
Бұл топ өкілдері:
1. Банк акционерлері. Оларға керегі: банктің даму болжамы, соның ішінде
ұзақ мерзімді даму болжамы, банкті басқару тиімділігі, банктің активті
операциялар кірістілігі мен тәуекелшілдігі, дивидент саясатының
келешегі.
2. Несие берушілер. Несие берушілерді көбіне қызықтыратын қысқа мерзімді
перспективалар. Несие берушілер үшін банк операцияларының кірісті ғана
емес, ликвидтігі де, банктің өз міндеттемелері бойынша дер кезінде
есеп айырысуы да маңызды.
3. Банк клиенттері. Клиенттерді қызықтыратын банк көрсететін қызмет
салалары мен сапасы, бірақ бұл жағдайда клиенттер банктің қаржы
қызметі туралы ақпаратты падаланушылар ретінде қарастырылады. Осы
тұрғыдан алғанда оларды қызықтыратын банктің сенімділігі .[9.57]
Талдау ақпаратың сыртқы пайдаланушылардың келесі тобы-бұл қаржылық
жағдайы банк қызметі нәтижелеріне тікелей байланыста емес субъектілер. Олар
банк пен бірінші топтағы сыртқы пайдаланушылар арасындағы делдал болып
табылады, немесе талдау ақпаратын бақылау және басқару функциясын атқару
үшін пайдаланады. Бұл топтың негізгі өкілдері:
1. Ұлттық банк. Ол мемлекеттің банк жүйесінде жаңылыс болдырмау
мақсатында коммерциялық банктердің талаптар мен нормативтерді
орындауын бақылайды;
2. Аудиторлық компаниялар;
3. Статистикалық және ақпараттық қызметтер, рейтинг агенттіктері ;
Ұлттық банк үшін бұл әдістеменің өзіне тән белгісі, бұл жағдайдағы
талдау мақсаты-қаржылай тұрақсыз, проблемелық банкілерді айқындап, оларға
түрлі пруденциал шараларды лицензиясын кері алғанға дейінгі шаралар
қолдану. Мұндай мақсат өте қисынды, себебі көптеген елдердің орталық
банктерінің міндеті банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржылық
күйі тұрақсыз банкілерді анықтау қадағалау күшін оңтайлы қолдану үшін
қажет. Орталық банктер қолданатын әдістемелердің маңызды белгісі-олардың
аралас сипатта болуы, бұл қаржы есептілігі мәліметтері бойынша таза
қашықтан талдауды да, жергілікті жерде тексеруді де көздейді.
Түрлі банктердің талдау бөлімдері үнемі жүргізетін контрагент-
банктерді талдаудың мақсаты-банктің активті операциялары бойынша несие
тәуекелін оңтайландыру. Талдаудың практикалық нәтижесі-талданушы банкпен
активті операциялар лимитін белгілеу, ол лимиттен аспау керек. Көптеген
әдістемелерге тән тағы бір ерекшелігі-талдау қорытындысы бойынша банктің
қаржылық күйіне жалпы баға қоюдың (рейтингідегідей) қажеттігі жоқ шамалы
мерзімнен (1-3 ай) кейін контрагент банктің төлем қабілеттігіне болжам
жасалса болғаны.
Банктің қаржылық күйіне аудиторлық талдау жасаудың ерекше белгісі-
есепке алудың проблемалық учаскелерін, яғни үлкен көңіл бөлінуі тиіс
учаскелерді айқындауға бағытталуы (аудиторлық процедуралардың үлкен көлемі)
барысында баланс статьяларының ерекше өзгерістері, кейбір есептілік
көрсеткіштерінің ерекше үлес салмақтары т.б. анықталады. Әдістемелер
ерекшелігі олардың аралас сипатында: қаржылық есептілік мәліметтері алдыңғы
тексеру кезінде алынған экономикалық субъект мәліметтерін аудиторлардың
түсінуі тұрғысынан талданады.
Банк туралы 1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк 2004 жылдың 31
желтоқсанындағы жалпы активтерінің көлемі бойынша заңды және жеке
тұлғаларға қызмет көрсететін және басқа да қызметтер ұсынатын Қазақстандағы
ірі жеке меншік банк болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша, аяқталған
2004 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Қаржылық есептілікті талдау әдістемесі
ANGULAR ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПОРТАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
ӘЛЕУЕТТІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ФАКТОРЛАРЫ
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру
Маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
Пәндер