Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк



КIРIСПЕ

1. Нарық тепе.теңдiгi туралы түсiнiк

2. Нарықтың тепе теңдік шарттарына салық салу мен икемділіктің өзара байланысы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы, нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын қарастырмақшымын. Сондай-ақ 3-шi бөлiмде осы нарықтың тепе-теңдiгiнiң елiмiз экономикасы үшiн маңыздылығын және бүгінгі таңдағы нарықтық экономикада мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттатрына тоқталдым.
1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
5. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
6. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
7. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
8. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
9. Статистический ежегодник. Алматы. – 2004г. №5.
10. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
11. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
12. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1. Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк

2. Нарықтың тепе теңдік шарттарына салық салу мен икемділіктің өзара
байланысы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі
экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып
табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы
қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің
экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға
өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi
элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу
бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан
14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi
белгiлi.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық
экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп
отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк
деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып
алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына
салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы
реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету
механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне
мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы,
нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын
қарастырмақшымын. Сондай-ақ 3-шi бөлiмде осы нарықтың тепе-теңдiгiнiң
елiмiз экономикасы үшiн маңыздылығын және бүгінгі таңдағы нарықтық
экономикада мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттатрына тоқталдым.

2. Нарықтың тепе теңдік шарттарына салық салу мен икемділіктің өзара
байланысы

Рынок экономикасының қызмет етуі, рыноктың белгілі элементтерінің
болуын және олардың өзара үйлесімділік тепе-теңдігін талап етеді. Осылардың
жиынтығы рынок жүйесін құрайды.
Рынок экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып
табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады.
Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы,
әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады.
Рынок шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және көтерме (толайым) рыноктық келісімдер формасында жүреді.
Рынок экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Рынок экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға рыноктық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Рынок экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, рынок механизмінің өте маңызды
элементтері.
Рынок механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке рынок субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені рыноктың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің –
бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.
Рыноктың маңызды элементтеріне рыноктық инфрақұрылым жатады. Рынок
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке
негiзделедi:
• маржиналдық (шектi) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық;
Маржиналдық талдау принципi негiзiнде рыноктық субъектiлер мiнез-
құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Рыноктың
тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде рыноктық
экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа,
шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде рыноктық экономикаға әсер
етпеуiнен болады. Жетiлген рынок жағдайында үлкен немесе сұраныс пен
шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың
әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол рыноктық
кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен
ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар
өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы рынок ылғи да ұстап отырады.
Балама талдау шығындардың принципi. Балама талдау шығындары
ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне
байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы
түрiнде болады. Рыноктық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер
iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына
негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар
ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.
Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды салыстыруға
негiзделедi. Рационалды таңдау кепiлдi табысты пайданың ең төменгi бөлiгi
көлемiнде қамтамасыз ететiнi шектi болып табылатын өзгермелi нұсқалардың
бiрiнде iске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен
анықталады. Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы
жоғарылатуға тырысады, ал тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға, яғни
бюджеттiк шектеулiгiне байланысты қажеттiлiктерiн максималды деңгейде
қанағаттандыруға ұмтылады.
Көрсетiлген принциптер негiзiнде рыноктық экономиканы құру бiр жағынан
сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi жағынан, нарықтық
бағаларды пайдалануға негiзделетiн рыноктық механизмнiң орталық проблемасы
болып табылатын тепе-теңдiк жағдайға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Сұранысты екi нәрсе сипаттайды:
1) сұраныс көлемi;
2) сұраныс бағасы.
Сұраныс көлемi мен сұраныс бағасы сұранысты бейнелеп өзара қарама қарсы
ықпалдылықта болады. Сұраныс заңы бойынша баға ұлғайған сайын сұраныс
көлемi азаяды. Бiрақ, Роберт Гиффен бұл сұраныс заңына қайшы келетiн
жағдайды айқындаған. Оның айтуынша сұраныс өссе бағада өседi немесе
керiсiнше. Бұл теория Гиффен парадоксы деп аталады. Осы парадоксты Гиффен
XIX ғасырдың ортасында Ирландияда ашаршылық болған кезде картоптың бағасы
өсiп, оның оның сұранысы да өскенiң байқаған. Сонымен қатар сол кезде басқа
тауарлардың да бағасы өскен.
Кей кезде әсiпкерлер осы тәрiздi парадокстарды көбейтуге тырысады, демек
бағамен бiрге сұраныс та өсуi керек. Мұндай құбылыстың себебi Веблен ашқан
әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейңн бейнелегенiне байланысты. Ол
бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгiлi уақыт
аралығында орын алады. Уақыт өтiсi мен сұраныс заңы қайтадан күшiне енедi.

Нарықта ұсыныстың да екi сипаты бар. Олар:
1) ұсыныс көлемi;
2) Ұсыныс бағасы.
Ұсыныс заңы бойынша баға өскен сайын ұсыныс көлемi де артады.
Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын
айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер,
бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын
бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық
тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.

Баға Ұсыныс

P0 Тепе-теңдiк

Сұраныс

0 Q0 Көлем
Сурет-1 – Нарықтың тепе-теңдiгi
Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға
Р0 – нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q0 – қиылысу көлемi – сұраныс пен ұсыныс
бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi 1, 102 бет .
Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал
өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының
көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл
бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың
барлығын қанағаттандырады.
Бiрақ, шын өмiрде ылғи мұндай тепе-теңдiк бола бермейдi, кей кезде
бұл нүктеге жақындауы да мүмкiн. Ендi нарықтық бағалардың тепе-теңдiк
бағадан ауытқуын қарастырайық.
Мысалы, баға деңгейi нарықтық бағадан жоғары деп алайық. Онда келесi
суретегiдей жағдай орын алады 1, 102 бет .

Баға Ұсыныс
Артықшылық
Р2

P0

Сұраныс

0 Сұраныс Q0 Ұсыныс Көлем
көлемi
көлемi

Сурет-2 – Нарықта артықшылық жағдай

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, тепе-теңдiк бағадан ағымдағы
бағаның жоғары белгiленуi, ұсыныс заңы бойынша өндiрiс көлемiн ұлғайтады,
ал бағаның жоғарылауы сұраныс заңына сәйкес тұтынушыларды азайтады. Яғни,
нарықта артық тауарлар қалып қалады. Сондықтан, артық тауарлар өз
шығындарын жабу үшiн тепе-теңдiк баға деңгейiне қайтадан оралады.
Ал ендi керiсiнше нарықтық тепе-теңдiк бағадан ағымдағы баға деңгейi
төмен түстi деп есептесек, онда Р0 тепе-теңдiк баға Р1 бағаға төменеп,
ұсыныс көлемi азаяды, ал бағаның төмендеуiне байланысты тұтынушылар
бұрынғысынан өздерiнiң сұранысын көбейтедi.

Hарықтықтепе–
теңдікдегенімізбұлберілгенбағабойын шаигіліктергедегенсұраныскөлеміоның солигі
ліктіңұсыныскөлемінетеңболғанкезінд егіорыналатыннарықтыңқалыптасқанжағ дайы.Ә
рине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты
параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік
баға және тепе – теңдік көлем табылады. Тепе – теңдік баға – бұл сатып
алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен
ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе – теңдік көлем – бұл сатып
алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен
ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-
теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған
сәйкес, екі ұғым пайда болады.
1) Тұтынушыныңұтымы (артықшылығы) –
бұлнарықтықайырбасүрдісіндетұтынушы ныңигіліктісатыпалуғатөлегеннақтыте пе-
теңдікбағасыменоныңсолигіліктісатып алуғадайынмаксималдысұранысбағасыар асында
ғыайырмашылықтаналатынқосымшапайдал ылығы.
Төмендегіграфиктетұтынушыныңұтымын PmaxEPE ауданыарқылысипаттауғаболады
(сурет 2.8). Өзкезегінде, бұлтепе-теңдікбағаның (PE)
тұтынушыныңтөлейалатынмаксималдыбағ асынан (Pmax) төменекендігінкөрсетіптұр.
2) Өндірушініңұтымы (артықшылығы) –
бұлнарықтықайырбасүдісіндеөндірушін іңигіліктісатуғадайынминималдыұсыны сбағас
ыменсолигіліктінақтысатудыңтепе-
теңдікбағасыарасындағыайырмашылықта нкөретінқосымшапайдасы. Графикте,
өндірушініңұтымын PminEPE ауданыарқылысипаттауғаболады. Сәйкесінше, 0PEEQE
ауданыөндірушініңжалпытүсімінкөрсет се, ал 0PminEQE
тіктөртбұрыштықауданыөндірушініңжал пышығындарынкөрсетеді. Яғни,
жалпытүсімдерменжалпышығындарарасын дағыайырманыөндірушініңұтымыдептеси паттау
ғаболады.
Вальрас бойынша тепе – теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу
шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы
арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-
теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары
қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері
тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде
түсіндіріледі.Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады.Егер P1 бағасы
кезінде Q2 – Q1 аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып
алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанша дейін баға РЕ
бағасына қарай көтеріле береді.Ал егер P2 бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы
орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде
артықшылықтың жойылуына алып келеді. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс
көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай
көрсетіледі:
QD (P) = QS (P)
Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу
шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан
орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің
анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады.
Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс
бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып
кетуін жою арқылы қарастырылады.Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын
алады.Егер Q1 көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi
Нарық тепе-теңдiгiне әсер ететін факторлар
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Микроэкономика пәнін зерделеу
Нарық тепе-теңдiк
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы
Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс
Сұраныс және ұсыныс заңдары
Сұраным қисығының қисығы
Пәндер