Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі



Кіріспе 3.8
І тарау
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі 9.35
ІІ тарау
Баспалардағы бәсекелестікке қабілеттілік 36.51
Қорытынды 52.59
Пайдаланған әдебиеттер 60.62
«Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез-келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып — біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе — ұдайы таразылап отыру үшін қажет»,—дейді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» /1/ атты халыққа жолдауында.
Кез-келген істі бастамас бұрын «стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудағы ең қажетті нәрсе — алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау» /2/ дейді. Алдарыңыздағы бітіру жұмысымның негізгі мақсаты — Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналу қарсаңында «қатып қалған мұз теңізді талқандап шығуға жарамды балта іспеттес— кітап», ал оны шығаратын баспалардың жағдайы қандай болды? Кітап шығару ісі, тұтастай баспа ісі тұралаған тұста өз міндетін атқара білді ме? Бұл үдеден шықса, қиын-қыстау кезеңнің шырғалаңынан қалай босады, нарыққа бейімделе алды ма? Осы мақсатты алға тарта отырып, нарық талабына Қазақстан баспалары қалай бейімделді, тығырықтан қалай шыға алды деген сауалдарға осыған дейін шыққан газет-журнал беттеріндегі мақалаларды саралап, қорытынды жасау.
Міндеті: Бітіру жұмысымның негізіне айналып отырған үш баспа: «Санат», «Атамұра» және «Қазығұрт» баспаларының қалыптасу, даму тарихын саралай отырып, «өз кезеңіне сай, заман талабынан шыға алды ма» деген сауалдарға жауап беру.
1. Асылбекова Б. «Книгоиздательство суверенного Казахстана» Алматы: «Казахский национальный аграрный университет» 2004г.
2. Сәрсенбаев А. «Кітап: тәулсіздік пен демократия тұғыры» Алматы: «Атамұра» 1998 ж.
3. Назарбаев Н «Қазақстан жолы» Астана, 2007ж.
4. «Қазақ әдебиеті» газеті №18-19, 13 мамыр, 1994жыл.
5. Назарбаев Н. «Қазақстан — 2030» Алматы: «Білім» 1998 ж.
6. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері
7. «Книжный маркетинг», руководство к действию
Москва: «Терра» 1996г.
8. Горден Грэм «Книжный бизнес» Москва: «Росконсульт» 1999г.
9. Есенькин Б., Майсурадзе Ю. «Книжный рынок Росси 1990-2000: динамика, экономика, организация» Москва: «МГУП» 2001г.
10. «Қазақ әдебиеті» газеті 1993 ж., 1994 ж., 1997 ж., 2002 ж.
11. «Алматы ақшамы» газеті
12. «Егемен Қазақстан» газеті
13. «Айқын» газеті газеті
14. «Хабаршы» журналы, журналистика сериясы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі

Мазмұны

Кіріспе
3-8
І тарау
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі 9-35
ІІ тарау
Баспалардағы бәсекелестікке қабілеттілік 36-51
Қорытынды
52-59
Пайдаланған әдебиеттер
60-62

Нарық — қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан — 2030 Халыққа Жолдауынан

Кіріспе
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін
болсаңыз, онда сізді ол жерге кез-келген жол алып баруы мүмкін деген екен.
Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа
мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз.
Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып — біз дұрыс бағытпен
жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық
па, әлде шабандап қалып келеміз бе — ұдайы таразылап отыру үшін
қажет,—дейді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 1 атты халыққа
жолдауында.
Кез-келген істі бастамас бұрын стратегиялық бағыттарды жүзеге
асырудағы ең қажетті нәрсе — алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау 2 дейді.
Алдарыңыздағы бітіру жұмысымның негізгі мақсаты — Қазақстан республикасы
тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналу қарсаңында қатып қалған мұз
теңізді талқандап шығуға жарамды балта іспеттес— кітап, ал оны шығаратын
баспалардың жағдайы қандай болды? Кітап шығару ісі, тұтастай баспа ісі
тұралаған тұста өз міндетін атқара білді ме? Бұл үдеден шықса, қиын-қыстау
кезеңнің шырғалаңынан қалай босады, нарыққа бейімделе алды ма? Осы мақсатты
алға тарта отырып, нарық талабына Қазақстан баспалары қалай бейімделді,
тығырықтан қалай шыға алды деген сауалдарға осыған дейін шыққан газет-
журнал беттеріндегі мақалаларды саралап, қорытынды жасау.
Міндеті: Бітіру жұмысымның негізіне айналып отырған үш баспа: Санат,
Атамұра және Қазығұрт баспаларының қалыптасу, даму тарихын саралай
отырып, өз кезеңіне сай, заман талабынан шыға алды ма деген сауалдарға
жауап беру.
Санат баспасы Кеңес үкіметі тұсында 1990 жылы пайда болып,
алғашында мемлекеттік меншікте, кейіннен тәуелсіздік алған соң жартылай
жекеменшікке өтті. Ал қазір тұтастай жеке меншіктегі баспа. Атамұра
баспасы 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға бет
бұрған тұста өзінің жеке капиталымен баспа ісіне кірісіп кетті. Ал
Қазығұрт баспасы экономикамыз бірыңғайланып, нарыққа бейімделген кезеңде
дүниеге келді. Менің міндетім осы Қазақстан баспа ісіндегі үш буынның
қалыптасу мен даму үрдісін сүзектен өткізе отырып салыстырмалы түрда
саралап шығу.
Өзектілігі: Осыған дейін бұл тақырыпта ғылыми-зерттеу жүргізіліп,
ғылыми еңбектер қорғалған жоқ. Қоғамдағы белгілі бір тарихи кезеңнен қалай
шығып, бүгінгі баспа ісін қалыптастырудағы өзіндік ерекшеліктерін баспагер
мамамдығы бойынша оқитын тәлімгерлерге арнайы курс ретінде оқытуға болады.
Өйткені экономикалық әдебиеттерді қарасаң, күнделікті тұтыну тауарларын
өндіретін қандай да бір жекеменшік фирмалардың қызметі жөнінде зерттеу
жұмысы қалыптасқан. Ал баспа ісі жөнінде, оның қазір руханияттан бұрын
бизнес көзі екендігін түсіне бастадық. Осы тұрғыдан келгенде бізде кітапты
— тауар, баспаны — бизнес ошағы деп қарастырып, зерттелген әдебиеттер жоқ.
Бұл бітіру жұмысымның өзектілігі ғылыми айналысқа сұранып тұрған тың
тақырып екендігінде.
Зәрулігі: Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі жайында осы
уақытқа дейін жүйеленген ақпарат болмағандықтан, ғылыми тұрғыда
зерттелмегендіктен қоғамның зәрулігі анықталып отыр. Үш баспа да Қазақстан
кітап ісі нарығын бекем қалыптастыруға тыңнан түрен түріп, жаңадан із салып
жүрген айшықты баспалар. Осы үш баспаны бағытта ұстап, баспа нарығының
қалыптасуы мен бәсекеге бейімделуін анықтап, саралап, тұщымды зерттеу
нәтижесінде зәруліктің орнын толтырсам, ғылымға аз да қосқан болса өз
үлесім болар деп сенем.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң, өз
алдына дербес егеменді мемлекет құрдық. Қазақстан Конституциясына сәйкес
біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ
өзі 3 деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан — 2030 халыққа
жолдауында айқын көрсеткендей, тәуелсіздік алысымен нарықтық экономиканың
бел ортасына кірісіп кеттік. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігін 30 мемлекет
мойындап, егемендіктің тәтті дәмі бұйыра бастады. Ескі кеңестік жүйенің
жүйенің де кедергілері болмай қоймады.
Міне, осы орайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы
44-бабының 8 тармақшасына сәйкес әрі рухани және білім беру саласын дамыту,
Қазақстан Республикасының мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын
қамтамасыз ету мақсатында 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра
мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004
жылғы 13 қаңтарында №1277 Жарлығы шықты. Аталмыш бағдарламаның негізгі
міндеттерінің ішінде мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық
мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің
жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару; әлемдік ғылыми ой-
сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде
гуиманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру
мәселелері көтерілген 3. Бұл дегеніңіз рухани, мәдени құндылықтардың
бәрін сараптап, түп нұсқасын сақтап, тасқа басқандай етіп, КІТАП шығару.
Бағдарламаны қаржыландыруға республика қазынасынан 3 жылға 1933,6 миллион
теңге бөлінді.
Кітаптар мен басылымдар осы сала еңбеккерлерінің —баспагерлер мен
полигафистердің ел кәдесіне жараған елеулі еңбектерінің арқасында осы
тақырыпты зерттеу мүмкіншілігі туып отыр. Халықты нарықтың қыспағы кезінде
рухани азығынан айырмай, сұранысына қажетті, талғамына сай, кәсібіне
қолайлы әдебиеттермен қамтамасыз етіп, ғылым мен білімнің, әдебиет пен
мәдениеттің, өнердің өзегін талдырмай өмір ауанымен деңгейлес бола білуінің
өзі іскерлік пен ілкімділіктің үлгісі десе де болады. Ал шын мәнінде қалай
еді? Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ушыққан кезеңде баспагерлер
мен полигарфистер қандай қиындықтарға тап болды? Одан шығудың жолдары қалай
іздестірілді? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрелік.
Бітіру жұмысымның І тарауында кітап шығару шаруашылығы мемлекеттік
тәуелсіздік алғанан кейін өте қиын жағдайға тап болып, сол тығырықтан қалай
шыққандығы жөнінде баяндаймын. Біріншіден, бәрін өзі қамтамасыз етіп
отырған бір орталықтандырылған жүйеден арылуы. Жүйе қирап, байланыстар бет-
бетімен үзілгеннен кейін мемлекеттің кілті өз қолымызға тиді. Атақты
философ Гейне Әр дәуірдің өз міндеттері бар дегендей тәуелсіздіктің
алғашқы жылдары шашыраған дүниені жаңа заманға сай етіп, қайта қалпына
келтіру, оны гүлдендіріп, дамыту мәселесі алдыға қойылды. Кітап шығару
ісінде қағаз қиыншылығы мен полиграфия құрал-саймандарының қиыншылығы
туындады. Ресейден келетін қағаз бен полиграфиялық техника күрт қымбаттап,
келуі де сап тыйылды. Қағаз үшін аударылған қаржылар банктен-банкке ауысуы
да ұзақ жатып, адасып, құнсызданып жатты. Ал қағаз шығарушылар мен
жөнелтушілер алдын-ала ақша түспей ештеңе де бермей бақты. Мұның әсері
бірден-ақ байқалды. Республикамызда кітап шығару мен баспа ісі тоқырай
бастады. Қағаздың бағасы күн сайын демегенмен, ай сайын қымбаттады десек те
болады. Ал кітап аталымының азаюы, тираждың құлдырауы шапшаң өсті. Мұндай
жағдайда мәжбүрлік қағаздың өзімізден шығатын кезінің болмауы, ақшанының
құнсыздануы, сұранымының азаюы, мемлекеттік демеудің болымсыздығы, өнім
құнының қымбаттауынан туындаған еді. Мұның бәрі бірімен-бірі жалғаса келе
шор түйіні шешілуі қиын үлкен проблемаға айналды.
Ауылдағы қалыптасқан жағдай кітап саудасына қатты әсерін тигізді.
Кітап дүкендері өзін-өзі ақтай алмауға дейін барды. Кітаптардың ауылға
жетуі де қиындады. Ауылдағы кітап саудасы жүйесін ұстап отырған
республикалық Казкоопкітап мекемесі тарай бастады. Олар енді кітап емес,
өтімді халық сұранымына сай қант, үнді шайын, киім-кешек т.б сатумен
айналысып кетті. Аталмыш кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
айналды. Қазкоокітап ЖШС-нің төрайымы Ерік-Раиса Есенбаева газет бетіне
берген сұхбатында ауылдық жерлерге сатуға берген кітаптарынан не ақша, не
кітап қайтпағасын Қазақ тұтыну қоғамдары одағының өз ішіндегі төрелік сотқа
жүгініп, ақшаның орнына сауда мекемесінің қоймасындағы тауарларды алуға
мәжбүр болғандығын айтады. Ол Қоймада жатқан көсеу, табақ, киім ілгіш,
костюм, басқа да көрбай-жөрбайды алып, соларды атып баспаның ақшасын
қайтардық. Ауылдық жерде кітап қалайда өтеді, Облыста отырғандар ақшасын
бермей әуре етеді. Ақша бізге түспеген соң, біз баспа алдында қарыз
боламыз. Осыдан баспаның алдағы жұмысы тоқтайды, бұдан оқырман зардап
шегеді 7,— дейді. Міне, жазушы — баспа — кітап саудасы — оқырман
төртбұрышы қалай үзіліп отыр. (Диаграммасы бар*)
Бұл қалыптасқан жағдайдан шығар жол бар ма еді, мүлде жоқ деуге
болатын. Өйткені Қазақстанда қағаз бен полиграфиялық техника шығаратын
бірде-бір комбинат пен зауыт жоқ. Барлығы Ресейде еді, тіпті Қызылордадағы
қатырма (картон) шығаратын зауыттың өнімі, яғни қатырмасы кітапқа ешбір
жарамайтын. Ал өзіміздегі шикізат көздерін қарастыра отырып, шағын қағаз
зауыттарын салу үшін талай-талай түн қатқан, айлап жортқан сапарлардың бірі
жолын тауып, енді бірінің тауы шағылып қайтып жатты.
Диплом жұмысымның ІІ тарауына Қазақстан баспаларының нарық талабына
бейімделіп, ендігі кезекте бәсекеге қабілеттілік деңгейі арқау болмақ.
Әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне
қадам басып, әлемдік рейтинг кестесінің жоғарға бөлігіне іліккен елдер
тобының ішінен орын алу үшін баспа ісі, жекелеп алғанда кітап ісінің даму
тенденциясын саралап, кемшілігі болса, жанашыры болып, олқылдық орнын
толтыру міндетіміз. Бәсекеге қабілетті 50 мемлекет қатарына еніп,
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер болсақ, біздің баспа өнімдеріміз шетелден
еркін тасымалданатын өнімге төтеп бере ала ма, ұтып шығатын тұсы бар
ма—осыны анықтау үшін ғылыми тұрғыда нарықты зерттеп, кітап бизнесін
жасақтап, бәсекеге қабілеттілік мүмкіншілігін артыруымыз керек. Осы тұрғыда
менің бітіру жұмысымның өзегі болып отырған Атамұра, Санат, Қазығұрт
баспалары нарық талабына жауап бере алатындығын дәлелдеді, ендігі кезекте
бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеу керек.
Менеджменттік басқару, маркетингтік жоспар, бизнес жоспар, қоғаммен
байланыс, ассортимент түрлері, тақырып ауқымы, полиграфиялық-техникалық
жабдықтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі жөнінде сөз болады.
Көптеген мәселені көтере отырып, қорытындыда Қазақстан баспаларының
жетіспейтін тұстарын, одан арылудың жолдарын экономикалық, әлеуметтік
жағдайларды ескере отырып, толыққанды қарастыруға тырысамын.
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан Қазақстан баспаларының іргетасы тек
қана осы заманғы техникамен жабдықталып, бәсекеге қабілетті басқарудың
тиімді тәсілдерін қолданып, алпауыт мен мұндалап тұратын баспа нарығын
қалыптастыру керек. Нарық заңдарының үдесінен шығу — жас мамандардың жаңа
ой қуатының арқасында жүзеге асады. Осы орайда жоғарғы оқу орындарында тек
баспагер емес, әмбебап рухани дүниесі бай, ұйымдастырушылық қабілеті
жоғары, еңбекке ынталы, елжанды маман даярлау керектігін жолға қою керек.

І. ТАРАУ
Қазақстан баспаларының нарық жағдайында қалыптасуы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан —2030 атты халыққа
жолдауында елімізде тұтас ақпарат жүйесін жасау міндеті қойылған.
Әлеуметтік қатынас құралы — кітап, бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Әсер
ету қуаты күшеймесе, әлсіремейтін, биікке қанат қағатын да осы ақпарат
асылы —кітап. Белгілі проффессор Ш.Елеукенов айтқандай Газет, теле-радио —
біркүндік болса, кітап — мың күндік 9 ендеше ақпарат айдынында өзіндік
тұғыры бар бай мұрамыз кітап бүгін де, ертең де ел көзінен таса болмауға
тиіс.
Қазақстан тәуелсіздігін алып, кешегі орталықтандырылған жүйеден босап,
дербес мемлекеттігін алған тұста жеке баспаханасы, өзінің қағаз бен заттар
сақтауға арналған қоймасы, өз жекеменшік үйі мен көлігі, өнімін сататын
жекеменшік немесе сатып беретін дүкені бар тәуелсіз баспа жоқ еді. Бірақ
нарықтық экономика мен жекешелендіру ісі ондай баспаның бізде болуын қажет
етті. Жақсы кітап шығарудың бәсекесі онсыз жанданбайтын еді.
Қазақстан баспа ісі саласында қандай айтулы өзгерістер болды, өткен
жылдармен салыстырғанда кітаптардың мазмұндық, сапалық сипатында қандай
өзгерістер бар, жаңа қоғамға экономикамыз бен әлеуметтік саяси өміріміздегі
өзгерістер аяқ басқан тұста нарықтық қатынастарға бейімделуіміз қалай
жүзеге асты. Міне осы сияқты сауалдар төңірегінде ой өрбітсек, өз ісміздің
қай деңгейде екендігімізді аңдау үшін міндетті түрде әлемдік кітап шығару
тәжірибесіне зер сала қарауға тиіспіз. Әлемдік баспа ісін зерттеушілердің
пікіріне сүйенер болсақ, соңғы 35-40 жыл ішінде дүние жүзі бойынша кітап
саудасы ұдайы өсу үстінде екен. Кітап саудасының өсуі дегеніміз — жақсы
кітап, толассыз оқырман. Ал олардың сұраныс деңгейін қанағаттандыратын
баспагерлер. Бізге белгілі осы үш тағанның бірі болмаса ақсаңдап, тіпті,
дөңгелексіз арба секлді тұралап қалатыны белгілі. Бірақ бұл үштіктің
арасында сан алуан дәнекерлеуші күштер бар. Олар — іскерлік қарым-қатынас,
келісімшарт, ауқымды қаржы-қаражат.
Нарық жағдайында басқа да игіліктерімізбен қатар кітап шығару
баспагерлік ісі де бүгін-ертең түзеле қоюы екіталай қиыншылықтарға тап
болды. Алайда ұлттық қадір-қасиетімізді, рухани байлықтарымызды жұтатпау
жағын ойласақ, қағаз қымбатшылығын, қаражат тапшылығын алға тартып қол
қусырып қарап қалуға тағы болмайды. Сондықтан жоғарыда аталған
қиыншылықтарға қарамастан баспаларымыздан шығып жатқан санаулы кітаптардың
өзіне де шүкіршілік еткендей жағдай болды.
Ал кешегі социализмнен кемелденген коммунизмге беттеген КСРО үшін БАҚ,
оның ішінде кітап идеологиялық құрал ретінде таптырмайтын қару болды. Сол
себепті кітап шығарудағы материалдық-техникалық базасының күшті болуын
қатты қадағалады. Қысқа мерзім ішінде, 1970-1986 жылдары құрамында 7
баспа және Кітап фабрикасы бар Баспа қалашығын жасақтады 1. (Бұрын төрт
мекеменің басын біріктірген Кітап фабрикасы нарықтық экономикаға көшу
кезінде өзгерістерге ұшырап, әр қайсысы жеке өндірістік құрылымдарға
айналды. Бұрынғы офсеттік цех орналасқан ғимаратта бағалы қағаздар цехы
ашылды. Кейіннен нарыққа әбден бейімделген тұста 2001 жылы газет-журналдар
баспасымен бірігу арқылы Республикалық Дәуір өндірістік баспа кешеніні
ЖШС құрылды.)
Республика бойынша кітап саудасы жүйесін қалыптастырып, облыстық кітап
базасын, типографиясын, сондай-ақ жаңа техникамен жабдықтады. Осындай
кешенді дүниенің ішінде кітап репертуарын қатты қадағалап, цензураның ине
көзді иелегінен өткізіп отырды. Социалистік кезеңде баспаларға идеологияға
сәйкес нұсқау, арнайы жоспар беріліп, одан соң тақырыптық жоспардан бастап,
шығаруға дайын дүниенің өзін тексере отырып шығаратын. Әр басылым
мәдениет пен өнер және баспа өнімдерін бақылайтын Лито мемлекеттік цензор
органының бақылауында болғаны белгілі. Сонымен қатар мемлекет есебінен
қаржыландырылғандықтан баспалардың тұрақтылығы мен өсуі байқалатын. Қажетті
құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілетін. Жоспарлы экономикаға
байланысты баспалар әр түрлі сұрыпты сапалы қағаз, түптеу материалдары,
полиграфиялық бояу түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етілді. Сондықтан да
баспалар таршылық көрмей, тек өсіп-өркендеді. Дайын баспа өнімін сатуды да
орталықтандырылған жүйе бойынша мемлекеттік және коопретивтік кітап саудасы
ұйымдары арқылы жүзеге асырды. Республикалық Қазкітап кітап саудасы ұйымы
тираж комиссиясы, кітап шығарушылары, сатып алушыларымен біріге отырып,
тақырыптық жоспар негізінде құрылған тапсырыстарды қарасытырып, белгілі бір
аталымның тираж санын анық біліп шығаратын. Бүкіл тапсырысты облыстық,
қалалық кітапханашылардан республикалық кітапханалар жүйесі арқылы
анықтайтын. Осылайша әрбір баспа қай өнімнің қанша тиражы сатылуға
кететінін анық білетін. Осы тәсілдің сызба нұсқасына назар аударыңыздар:

ХХ ғасырдың аяғы, ХХІ ғасырдың басында Қазақстан кітап ісі
өзгерістерге ұшырады. Көптеген баспалар негізінен өнім саясаты жағынан
өзгерді 11. Сондай-ақ сапалық жағынан елдің материалдық-техникалық
базасымен қоса полиграфиясы да кедергілерге кезікті. Жоғарыда аталған
кешенді кітап ісі жүйесі нарық жағдайына көшіп, тәуелсіз баспалар дүниеге
келген тұста шашырап кете барды. Мемлекеттің нарық қатынасы жағдайында
Қазастан кітап басу ісі, тіпті баспа ісі тұралап қалды. Осыған байланысты
1992 жылдың 15 сәуірдегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекеттік өкімет
басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кітап шығару
ісін нарақтық қатынастарға көшу кезінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы
жарлығы баспагерлер мен осы жүйенің қызметкерлерін бір серпілтіп тастады.
Елбасының жарлығын іске асыру барысында 26 маусымда
қабылданған №556 үкіметтік қаулы бойынша мемлекеттік республикалық
баспаларға 63,5 миллион сомасында дотация бөлінді. Газеттер мен
журналдарға, мемлекеттік тапсырыс бойынша шығатын әдебиетке осындай дотация
берілуі, қосылған құнға түсетін салықтан босату, сондай-ақ электр қуатына
қолданылып жүрген нарықтың 2есе кемітілуі жүйедегі қаражат-эконмика
жөніндегі қарбаластықты біржола сейілтті 12. Алайда дотация есебінен
тұтас алғанда Қазбаспажабдықтау базасына кредитке алынған полиграфия
материалдары үшін сондай-ақ, Кітап бірлестігіне полиграфиялық қызметі
үшін төленуге тиіс мерзімі әбден жеткен борышты ғана өтеу мүмкін боды.
Өйткені, дотация бөлініп-бөлініп, ағымдағы 1992 жылдың шілде, тамыз
айларынан ғана бастап берілді. Мұның өзінде шикізат пен полиграфия
материалдарының Қазақстанда өндірілмейтін 15 000 атауының үзбей үнемі
қымбаттай беруі баспагерлерді әлгіндей өнім өндірушілерге мүлдем кіріптар
етті. Осының барлығы егемен мемлекеттегі экономикалық, ақпараттық және
мәдени саясат сананың қалыптасуына салқынын тигізбей қоймады.
Баспагерлердің өз сөзінен мысал келтірер солсақ, Өнер баспасының
директоры Оразбек Сәрсенбаев: Ау, жолдастар, сіз бен біз бұрынғы
интернайионалистер емес пе едік? Қолда барыңнан көршіңе көмек көрсетсеңші
деп өтініш жасасақ, әлгілелер одан әрі шалқайып, ақша әкел дейді. Ақша
сұрағанда сенің ұлттық теңгеңе мұрнын шүйіріп қарап, конвертация жасап
әкел дейді. Ал банкілердегі конвертацияның жағдайы қазір бізге,
егеменшілерге мүлдем қолайсыз болып тұр. АҚШ долларын айтпағанның өзінде
Ресейдің кешегі сабан ақшасы ай сайын қымбаттап барады 13 жеп қынжылысын
білдіреді. Міне, осындай қиыншылықтарға кез келген баспагерлерге
мемлекеттік көмек ауадай қажет еді.
1992 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Президенті жарлығының арқасында ғана
баспа саласы мемлекеттен дотация алып, өмір сүруде. Нарықтық қатынастар
жағдайында баспа ісі саласын тығырықтан алып шығар бірнеше жол бар, соларды
жүйелі түрде өмірге негізген жағдайда ғана кітап зәрулігінен құтылуға жол
ашылады деп көрсетт А.Сәрсенбаев Кітап: тәуелсіздік пен демократия
тұғыры атты кітабында. Олар мыналар:
• Кітапқа қатысты салық мәселесін қайта анықтау;
• Кітап шығарушылар мен таратушыларға ең төменгі пайыздық үстемемен
несиеге ақша беру;
• Қосымша құн салығанан босату;
• Кітапқа бұрынғыдай тұрақты баға қою жүйесіне қайта оралу;
• Почта арқылы кітап тасымалдау кезінде қолданылып жүрген тарифтік
бағаны арзандату;
• Кітапханалар мен білім ордаларына кітап сатып алуға қаржы бөлу;
• Баспагерлер арасында кітап шығару жобаларының тендері арқылы
қаржы бөлуге көшу;
Осы аталған шаралар жүзеге асырылған жағдайда мемлекеттік баспа існің
алға басуына ғана емес, кітап шығарумен шұғылданатын жеке кәсіпорындардың
көбеюіне де жол ашылар еді. Баспаларды жекешелендіуру, мемлекеттік немесе
мемлекеттік емес баспалар арасындағы бәсекені өрістету демократиялық
үрдістің өрістенуін көрсетеді. Меншікті мемлекетсізендіріп, халыққа беру
процесі 14 жүзеге асты. Мұның өзі Қазақстанның рухани мәдени, саяси
өсуіне, өркениет билігіне қанат қағуына зор серпін береді.
Бірақ Кеңестік әміршілдік экономика дәуірінде мемлекет бастан-аяқ
бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет
буындары көп, ебедейсіз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес
мемлекеті бақылуына алуға әрекеттенген міндеттердің 80 пайызы
мемлекеттердің функциясына жатпайды 22 деп көрсетті. Демек, кейбір
нысандарды сарабдал сараптау арқылы оңтайлы шешім қабылдап, жекешелендіруді
сатылы 4 кезеңге бөліп, жүзеге асыра бастады. І кезең — ынталы
жекешелендіру 1991-1992 жылдар; ІІ кезең — жекешелендіруді инвестициялық
купондармен жекешелендіру 1993-1995 жылдар; ІІІ кезең ақшалай жекешелндіру
1996-1998 жылдар; ІҮ кезең — мемлекеттік меншікті басқару 1999 жылдан
басталады.
Жекешелендіру жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар үшін кеңістік
1991 жылы 22 маусымда Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Заң қабылданды. Жекешелендіру жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар
үшін кеңістік ашып берді. Мемлекетті түу басынан-ақ өнеркәсіпке ықпал
етушіліктің жетегінде еріп кетпейтінін және шығынға белшесінен бастқан
кәсіпорындарды қолдай алмайтынын бірден аңғартты 23. Демек, елімізде
осыған дейін қалыптасқан баспаны жекешелендіріп, немесе жаңа баспа ашудың
оңтайлы сәті әу баста-ақ басталған болатын. Оның алғашқы қарлығаштар боп
қанат қаққан: Білім, Жеті жарғы, Атамұра, Ана тілі, Ақыл кітабы,
Қаржы-қаражат баспалары еді. Алайда жекешелендіру қажет болған өнеркәсіп
орындарының көпшілігі экономикалық мешелдік күйде болды. Олардың көбі тек
инвестициялар мен жаңа технологияны ғана емес, бұрынғы кеңестік үлгідегі
басшылар қамтамасыз ете алмайтын олардан гөрі мықты —сауатты менеджментті
қажет етті 24.
Осыншалық экономикалық дағдарыс кезінде үкімет мемлекеттің өлшеулі
бюджетінен республикадаға кітап бастыру ісіне тоқсан сайын миллиондаған
теңге қаржы босатып отыр. Қазақстанда шығатын әрбір кітапқа бөлінетін
қаржының 60 пайызы —мемлекеттік дотация. 60 пайыздың қандай көмек екендігін
түсіну үшін мысал келтіре кетейін. Бұрын оқулықтар бастыратын баспалардан
басқасы республика бюджетінен бір тиын көмек сұрамайтын, керісінше,
республика бюджетіне миллиондаған сом табыс әкелетін. Олай болатын себебі
де бар. Арзан қағаз, арзан құрал жабдықтың бәрі кешегі Кеңестік үкіметтің
өзінен келетін еді. Салалық министрлік қарауында Қазполиграфресурсы
аталатын баспагерлердің кіндік мекемелері де жан-жақты еңбек етті. Қолдан
келгенше Ресейдегі баспаханалармен, кәсіпорындармен тікелей байланыс
орнатып, кейбір құнды, көлемді деген кітаптарды бастырып отырған. Шағын
кәсіпорындардың делдалдық қызметіне сүйеніп, кітап бастыруға қажетті қағаз,
мұқаба, қаптама, пленка, бояу секілді т.б. толып жатқан өнімдерді сатып алу
көздерін қарастырды. Әрине ол кезде барынша шарықтаған баға да өз әсерін
тигізбей қоймады.
Қазақстан аумағында қағаз жасайтын және техника шығаратын зауыттардың
болмауы, қағаздың, қатырманың, түптеу материалдарының, бояулардың және
бсақа да полиграфия материалдарының үнемі барынша тапшылығына әкеліп,
бағалары аспандап кетті. Қағаз 100 есе, бояу 160 есе, түптеу материалдары
60 есе қымбаттады. Жылуға, электр қуаты мен суға төленетін төлем 40 еседени
астам артты. Осының бәрінің салдарынан 1990 жылы 2 сом болған кітап 1992
жылы 160 сом болып, ал бір кездегі 10 сомдық фотоальбом 1200 сом болып шыға
келді 14.
Баспасөз беттерінде Қазақстанда кітап шығаруға қажетті дайын өнімдер
өндіретін комбинат салдыру керек деген әңгімелер көтеріле бастады. Соның
бірін мысалға келтіре кетейін. Алматыда салынатын зор комбинаттың жоба-
жоспары шетелдік валютаға шаққандағы қаржы мөлшері, оны салып беретін
шетелдік фирма анықталып жатыр-мыс дегенді де естігенбіз. Одан кейін ойбай
неғыласың, Қытай шыңжаң өкіметімен келісімге қол жеткізді, қытайлар екі-үш
жылдың ішінде Талдықорғанда қағаз шығарып беріп, қарық қылмақшы дегенді
естідік. Одан кейін-ақ күріштің отаны — Қызылордада да сабаннан кісінің
көзі көрінетіндей жылтыраған жақсы қағаз жасайтын өндіріс ашылады екен-міс
дегенді естідік. Шынында да күріш сабанынан айнадай жалтыраған сапалы қағаз
жасап шығаруға болатынын қытайға барғанда өз көзімізбен көргенбіз...
Естідік те, бөркімізді аспанға атып қуандық. Бірақ күні бүгінге шейін
Қазақстан баспаларына өзімізде өндірілетін қағаз бұйырмай-ақ келеді 15
деп өкініші мен ренішін білдіреді.
Қағаздың тапшылығы мен кітап құнының қатты өсуі оның бұрынғы салмағы
мен сапасына жаңа өзгерістер әкелді. Нарықтық қатынас—нақтылықты қалады.
Айталық, кітап өнімі екі сипатқа ие. Мемлекеттік баспалар, бір жағынан,
қоғам алдында мәдениет мекемесі ретінде танылса, екінші жағынан келгенде,
ол шаруашылық есептегі мекеме 16. Демек, кітап қоғам үшін кітап рухани
қажет дүние, сондай-ақ ол пайда көзі бола алатын құнды тауар. Коммерциялық
жағы таразының екінші басын ауырлық танытып тұрғанда, көпшіліктің
қызығушылығын тудырған жеңіл-желпі дүние көптеп сатылғанмен, руханилық жағы
ақсаңқырап қалғаны анық. Кітап оқырманға қуаныш сыйлауы тиіс деген екен
Борхес. Бірақ сол тұстағы том-том болып шығып жатқан қазақ кітаптары
оқырманға қуаныш сыйлай алды деп айта алмаймыз деген пікірлер қалыптасты,
себеп те жоқ емес. Сол кездегі зиялы қауымның басқосуларында,
жолдауларында үндеулерінде Кітап — коммерцияның тарауы болмауға тиіс,
өркениетті елдердің баршасында оған рухани азық ретінде қарайды — деген
ортақ ой ортаға тасталды. Ол үшін кітап шығындарын көтеру, аса қажетті
әдебиетті тиімді етіп шығару мәселесі өздігінен пайда болды.
Міне, 1993 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінің
талқылауы осы мәселеге арналды. Мұндай шараларсыз көп ұзамай республиканың
бұл түрімен ғылыми-техникалық әдебиеттерсіз, сөздіктер мен энциклопедиялық
басылымдарсыз, қазақ тіліндегі классикалық төл шығармаларсыз, балалар
әдебиетінсіз, бағдарламаға сай оқулықтарсыз қалатыны белгілі-тін. Осындай
күрделі жағдайларда баспагерлер жоспарланған дүниенің көбін шығарып
үлгерді. Нәтижесінде жылдық көрсеткіш бұрынғы деңгейді сақтап қалуға
жәрдемдесті, яғни бұл жылы шығарылған кітап аталымдарының саны —656 аталым
болып, 13,4 миллион данаға 16 жетті.
Десекте қиыншылық мұнымен біткен жоқ. 1993 жылдың 1 шілдесінен бастап
қосымша құн салығы енгізілді. Бұл өз кезегінде кітаптардың қымбаттауына жол
ашты. Онсыз да тығырыққа тірелген оқырманның қалтасы бұл қымбатшылық көтере
алмады. Әсіресе кітапсыз өмір сүре алмайтын топтар: интеллегенция, оқушы,
студент, педагог, зейнеткер, ауыл оқырмандары зардап шекті. Ал кітапханалар
кітап алу, кітап қорын молайту мүмкіндігінен айрылды. Кітап саудасы
мекемелері бұрын өндіріс саласына жатқызылып келсе, енді ол сауда орындары
категориясына жатқызылды. Кітап бағасының көтеріліуіне әсер еткен елеулі
фактордың бірі осы. Қосымша құн салығының енгізілуі әсерінен кітап тарату
мекемелері шетінен қысқара бастады. Бұдан жеті жыл бұрын кітап дүкендері,
ауылдық жерлерде 200 арнаулы кітап сататын дүкендер болса, 1993 жылы 43
кітап дүкені ғана қалды. Алматыдағы 37 дүкеннің 5-уі ғана жұмыс істеді.
Мұндай жағдайда көп тираж, тауар айналымның өсуі туралы сөз қозғаудың өзі
артық.
1988 жылға дейін Қазақстанда 10 миллиондай тиражбен қазақ тіліндегі
әдебиеттер шықса, қазір бұл көрсеткіш 7-8 есе азайды. Мемлекеттік жүйедегі
12 баспасы бар республикамызда өткен 1993 жылдың қорытындысы бойынша 588
атаулы кітап шығыпты, оның 90 айызы оқулықтар. Салыстырып көріңіз: 1988
жылға дейін Жалын баспасы 250 аталым, Жазушы баспасы 220 аталым шығарған
екен 17. Мұндай көрсеткішпен халықтың рухани қажеттілігін өтеп отырмыз
ба деген сауалдың өзі орынсыз көрінеді.
Көптеген мемлекеттік көмектің берілуін қарамастан 1991-2001 жылдар
аралығында мемлекеттік баспалардан шығатын әдебиеттер саны азайды. Кітап
аталымы, басылым тиражы, баспа табағы жағынан төмендегендігі байқалды.
Тіпті салалық баспаларда дайын өнімді шығарудың өзі қиындық туғызды.
Мәселен Жазушы баспасын алайық, 1991 жылы аталым санын екі есе
төмендетті. Әр жыл сайын екі есене кеміп отырды. 1995 жылы 24 аталым шықса,
1999 жылы 11 ғана аталым шығарды. Бұл орта есептен 20 есе кем дегенді
білдіреді. Мұндай күй басқа да баспалардың басына келді. Статистикалық
мәліметтер көрсеткендей сан жағынан 10 жыл ішінде кітап басу жүйесі орта
межеден аса алмады, ал сапа жағынын, кітап репертуары, полиграфиялық
өңделуі жағымды өзгерістермен ерекшеленді 18.
Алғашқы 2-3 жыл ішінде мемлекеттік баспалардың көп бөлігі мемлекет
бюджетінен қаржыландырылып, біртіндеп өзін-өзі ақтай алмайтын кәсіпорындар
қатарына ауысты. Бұл әлбетте, баспа өнімінің сапасы мен тақырып алуандығына
алып келді. Елдегі жалпы дағдарысқа қарамастан, мемлекеттік қолдаудың
арқасында ескі жүйенің ауасымен тыныстап келе жатқан баспаларды
бәсекелестік жағдайда тіршілік ете алатындай, жаңа баспалық жүйе — түрлі
жекеменшік кәсіпорындар, серіктестіктер және мемлекеттік емес баспалар
арқылы сақтап қалды.
Экономикалық байланыстардың үзілуі, өндіріс ырғағының бұзылуы, қаржыны
жұмсауда, тауарлырды сатуда бұрын-соңды болмаған тосын толқулардың көбеюі,
бағаның үздіксіз өсуі, ақшаның құнсыздануы, бұқара халық арасындағы
жұмыссыздықтың көбеюі, оның кедейлене түсуі сол кезде жалпыға ортақ көрініс
еді. Қысқасы нарыққа икемделмей игіліктің келмейтіні анық еді. Заманың
түлкі болса, тазы боп шалатын кез келді. Мұны халық та түсіне бастады.
Иә, бүгін бәрімізге қиын түсіп отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің
аталарымыз бен әкелеріміз осы жүз жылда қандай жеңіл кезді бастан кешірген
екен? Азамат соғысы, аштық пен жұт, жаппай қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы
немесе соғыстан кейінгі күйзеліс жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен
ғасыр мен оның алдындағы ғасыр жеңіл болып па? деп Елбасы өз жолдауында
халықты жігерлендіріп, қамшылап, талайғы тығырықтардан оңтайлы шешім тауып,
сүрінбей шығудың жолдарын қарастырды.
Ауыра-ауыра қожа молдадан да ұят болды, енді өлмесем болмас деген
екен баяғыда сырқаттан айықпаған бір бейбақ. Сол секілді қиын-қиын деп
айта беруден де жұрт жалыға бастады. Осы тұста халықтың рухани негізін
қалыптастырып келген баспалар қалай тіршілік етті? Деген сұраққа Жазушы
баспасының директоры Д.Исабеков Жазушы баспасы осыдан небары 4-5 жыл
бұрын жылына екі жүзден астам кітап шығарып кепті, ал 1993 жылы — 56 кітап.
Үстіміздегі жылы сол көрсеткішке жете алмай қаламыз ба деген қауіп бар.
Бәріне кінәлі — қағаз бен мұқабаның жоқтығы деп жауап қайтарады. Бұл
жауаптан баспалардың басына түскен жағдай алғашқы аяқ алыс жылдары мүшкіл
болғандығын көреміз.
Осы тұста айта кететіні қол қусырып отырмай, іске кірісу қамын ойлап,
баспагерлер тарапынан Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне
баспалардың шығарған өнімдері үшін Қазақкітап, Қазақ тұтынушылар одағы,
Союзпечать сияқты ұйымдардың баспалармен есеп айырысу жұмыстарын тұрақты
жүйеге түсіру қажеттігін айтады. Мәселен, алғашқы тоқсанда шығарған
кітаптардың тиесілі ақшасын 6-7 ай кешіктіріп алған 19. Ол кезде ақша
құнсыздануын ескерсек, 6-7 айдан соң қолға тиген ақша мардымсыз сома болып
қалары белгілі. Сондай-ақ қағаздың қымбаттауы тағы бар.
Мемлекеттік сұранысқа ие кітаптарға министрлік тарапынан дотация
беріліп тұрды. Ол ақша кітап шығынының барлығын өтей алмағанмен, оның
өзіндік құнын төмендетуге өз әсерін тигізеді. Оқушы қолына 40-50 теңге
болып баратын кітаптар, аталмыш дотацияның арқасында 10-12 теңге болып
барады. Оқушы үшін бұл да жеңілдік. Мемлекеттік дотация алдағы 3-4 жылдың
көлемінде тоқтатылады, ондай жағдайда өзге тауарлар секілді кітаптың бағасы
да босатылады.
Кітап шығару ісіндегі икемділік пен ілгерілеушілік бірден келе
қоймағандығы белгілі. Жоғарыда аталған кедергілер мен қиындықтар сала
еңбеккерлерін ширатты, үйретті, жаңа экономикалық көзқарас пен ойлау
жүйесін қалыптастырды. Нәтижесінде жылдан-жылға баспаларымыз қай жағынан
болсын ысыла түсті. Мұны 1996 жылдың көрсеткіштерінен байқауға болар еді.
Бұл жыл өткен жылдармен салыстырғанда дотациялық қаржының көбеюі мен мектеп
оқулықтарын шығарудағы ілкімділігіміздің арқасында оң өзгерістерге толы
болды. Нарықтың күшейе түскен қиыншылықтарының бел ортасында еңбек ете
отырып, мерейтойлық әдебиеттер мен мектеп оқулықтарын, әлеуметтік маңызы
бар әдебиеттерді уақытылы қаржыландырудың өсуінің арқасында мемлекеттік 13
баспаның шығарған кітап өнімдері алдыңғы жылдармен салыстырғанда арта
түсті. Аталым саны 937-ге жетіп, таралымы 20,5 миллионнан артты.
Мемлекеттік тілде шығарылған әдебиеттер аталым саны жағынан 51 пайыз,
көлемі жағынан 54,2 пайыз, таралымы жағынан 66 пайыз болды. Әрі қарай
тарата түссек, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттері—250 аталым, көркем
әдебиет—119, балалар кітабы—57, анықтамалықтар мен сөзіктер—68,
жаратылыстану ғылымы, өндірісжәне экономика тақырыбындағы әдебиеттер—77,
мәдениет жөніндегі басылымдар—27, медицна және басқа ғылымдарға арналған
әдебиеттер—39 аталымды құрады.
Мемлекеттен қаржыландырудың көп бөлігі оқулықтар шығаруға жұмсалды.
Сондықтан жылдық жоспардағы кітаптардың 87-89 пайызын оқулықтар мен оқу
құралдары құрады. Ал қалған 12 баспаның өнімдерінің тақырыптық
әралуандылығы, ассортимент жағынан байығандығы көңіл қуантарлық жағдай
болды. Баспалардың сырттан тапсырыс іздеп тауып, өз қаражатымен басылатын
түрлі әдебиеттерді шығарулары да артты.
Бұл кезде алғашқы жылдардағыдай өнімдерді қоймада шаң бастырып
ескіртіп қоймай, керісінше, уақыт өте келе кітап саудасымен тікелей
өздерінің айналысуына нарық жағдайда пайдалы да тиімді жақтарын қарастырды.
Тікелей өзі сату—кітап таратушылар арқылы, жер-жердегі кітап сататын жеке
адамдар арқылы, коммерциялық жолдармен жүзеге асты. Ал бұл өз кезегінде
баспалардағы кітап саудасының, кітап таратудың оңтайлы шешімін табуға зор
үлесін қосты. Айталық, 1996 жылы баспагерлер өз өнімдерін Кітап әлемі
акционерлік қоғамымен салыстырғанда 6 есе көп кітап сатты. Бұл
дегеніңіз—баспагерлердің нарыққа бейімделгенін, кітапты тауар ретінде сата
білуінің нәтижесі.
Мемлекеттік баспалардың қалыптасуы мен тұрақты дамуы елдегі нарықтық
жағдайдың қиыншылығына қарамастан, кітап ісін дамытуда түбегейлі
өзгерістерге әкеледі. Осы тұста пайда болған негізгі мәселе экономикалық
жағынан тиімді баспалардың құрылымдық жүйесі мен құқықтық дәрежесін анықтау
еді. Әрине, нарық жағдайында шетелдік баспагерлердің тәжірибесіне сүйене
отырып, менеджмент пен маркетинг жүйесін тыңғылықты ұйымдастыру қажет еді.
Мұндағы негізгі түйіткілді жағдай ұжым, маман мәселесі болса, екіншісі
кітап нарығындағы баспа өнімінің таралуын, яғни тұтынушылармен қарым-
қатынас жағдайын реттеу. Ал басылымды дайындау тек үшінші мәселе болды
20. Қаржылық жағынан тапшылық еткен тағы бір мәселе баспа қызметкерлер
санының нақты атқарылар іспен сәйкес келмейтіндігі. Көптеген
қызметкерлердің басы артықтығы, еңбек тиімділігінің төмендігі,
қағазбастылықпен айналысатын қызметкерлердің көптігі, экономикалық жағынан
ұтымсыздығы, көп ретте қосалқы қызметкерлердің жұмыстарында бірін-бірі
қайталаушылығы — баспа ұжымын ықшамдауды, қаржыны үнемдеуді, бір адамның
бірнеше қызмет атқаруына қол жеткізуді, сондай-ақ заманның жаңа
талаптарына сәйкес маркетинг пен менеджмент, жарнама, кітап тарату секілді
мамандықтарды ұстауды талап етті. Бас редактордың орынбасары, бөлім
меңгерушісі, кей тұстарда корректор секілді қызметтерді жойып, редактордың
ролі мен жауапкершілігі күшейді. Бұл мемлекет тәуелсіздік алғанна кейінгі
бәрін жаңадан бастаған нарықтық қатынастардың қатаң қағидаларынан,
заңдылықтарынан, баспагерлер арасындағы бәсекеден туындаған талаптар еді.
Бұл мәселелердің көбі баспа басшыларының жалпы менеджментін жүзеге
асырса, шешімін табатын дүние. Ең бастысы, әрі маңыздысы баспаны пайда
әкелетін, жалақысы жоғары, өндірістік-техикалық базасын дамытатын тұрақты
қаржыландыру көзін табу.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі рухани өрлеуімізге белсене ат салысып,
барынша тиімді қызмет еткен буындардың бірінен саналар, республикалық
баспалардың ішкі құрылымдық өзгерістер мен қатар сапалық сипатына да
жаңалықтар әкелу міндеті өзігінен туындады. Сондықтан өмірімізге қат,
оқырмандарымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап тарату ісі
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Баспа ісі
Пәндер