Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
1.1 Инвестицияның мәні, классификациясы және әсер ететін факторлар ... ... ...7
1.2 Кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу кезеңдері ... ... .14

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына баға беру («Үштөбе тәжірибе.механикалық заводы» АҚ.ның мысалында) ... ...18
2.2 «Үштөбе тәжірибе.механикалық заводы» АҚ.ның инвестициялық жобасына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемаларды өте маңызды орын алады. Республика экономикасын жетілдірудің негізгі мәселелері тек мемлекет иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық-инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдары алдында ұзақ мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Макроэкономикалық реттеудің монитаристік тәсілдерге сүйенген жолдары көрнекті эффект бермеді, қатаң қаржылық шектеулер, бағаның жоғарлауы ғана емес, өндірістің құлдырауына, өзара төлем қабілетсіздігі жүйесінен туындайтын коммерциялық несие берудің ұлғайюына әкеліп соқтырды. Мемлекеттік кәсіпорындар тарапына бөлінген қаржыны өндіріс қуатын күшейтуге емес, ең әуелі тұтынуға жұмсау орын алды. Өндірісті құлдырау қарқынына қатысты жұмыссыздықтың біртіндеп өсуі бой көрсетті, ал бұл өз кезегінде инфляцияны көбейтті.
Монитаристік тәсілдердің тиімділік аясының тарлығына байланысты, оған альтернатива ретінде инфляциялық көздерге иек артатын құрылымдық өзгерістерге бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет болды.
Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелу жағдайына байланысты, оны жүзеге асыруда ұлттық приоритеттерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды. Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритетті буындарға дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз ететін механизім қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі орталықтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритеттерді мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік пайыздармен несиелер береді. Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқының төмендету инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асуға орасан зор нұсқан келтіреді. Құрылымдық- инвестициялық өзгеріс- орасан зор күш пен ауқымды қаржы ресурстарын қажет ететін аса күрделі де маңызды міндет, сондықтан оның шешілуі де елеулі уақыт мөлшерін қамтиды.
Тәуелсіздік алған алғашқы он күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Қазақстан бүгінде экономиканың берік іргетасын қамтамасыз етіп, қағидаттық жаңа кезеңге қадам басуда. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басуда. Қазақстан экономикасы рыноктық қатынастарға көшуде мемлекеттік инвестициялық саясат алдында реттеу жүйелерін құру тұрғысында арнайы міндеттер қойды.
1. Үмбеталиев А., Керімбек Ғ., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы «Бастау» 2004 жыл.
2. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика» 2005 жыл.
3. Сейтказиев А.М. «Инвестиционная активность предприятия РК», Алматы «Экономика» 2001 жыл.
4. Нурланова Н.К. «Формирование и использование инвестиций в экономике Казахстана», Стратегия и механизм, Алматы «Ғылым» 2000 год.
5. Сейтказиева А.М., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И., «Инвестиционная деятельность предприятия», Учебное пособие, Алматы «Экономика» 2000 год
6. Мамырова М.К., «Эффективность инвестиции в промышленном производстве», Монография, Алматы «Экономика» 2003 год.
7. «Реалии Социально-экономического развития Казахстана», Алматы «Экономика» 2001 год.
8. «Қазақстан жаңа үлгідегі даму жолында: үрдістер, әлует және өсу императиві» 6-бөлім, Алматы «Экономика» 2003 жыл.
9. «Қазақстан жаңа үлгідегі даму жолында, үрдістер, әлует және өсу императиві», 8-бөлім, Алматы «Экономика» 2003 жыл.
10. «Қазақстанның ашық нарықтық экономикасының дамуы» 1-бөлім, Алматы «Экономика» 2001 жыл.
11. Фабоцци Ф.Дж. Управле-ние инвестициями.- М.: ИНФРА-М, 2002.- 932 с.
12. Руководство по кредитному ме-неджменту. / под ред. Б.Эдвардса.- М.: ИНФРА-М, 1996.- 464 с.
13. Бочаров В.В. Финансово-кредитные методы регулирования инвестиций.- М., 1993.- 144 с.
14. Сейтказиева А.М. и др. Инвести-ционная деятельность предприя-тия.- Алматы: Экономика, 2000.- 172 с.
15. Инвестиционно-финансовый порт-фель: Книга инвестиционого менед-жера. Книга финансового менеджера. Книга финансового посредника.- М.: СОМИНТЭК, 1993.- 752 с.
16. Виханский О.С. Стратеги-ческое управление.- М.: МГУ, 1995.- 251 с.
17. Ансофф И. Новая корпоративная стратегия.- СПб.: Питер Ком, 2001.- 416 с.
18. Круглов М.И. Стратегичес-кое управление компанией: Учебник.- М.: Русская деловая литература, 2000.- 766 с.
19. Боумен К. Основы стратегического менеджмента.- М.: Банки и биржи, 1997.- 175 с.
20. Бор М.З., Пятенко В.В. Стратегическое управление банковской деятельностью.- М.: ПРИОР, 1995.- 160 с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
1.1 Инвестицияның мәні, классификациясы және әсер ететін
факторлар ... ... ...7
1.2 Кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу
кезеңдері ... ... .14

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына баға
беру (Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-ның мысалында) ... ...18
2.2 Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-ның инвестициялық жобасына
талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..33

3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...40

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі
қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет
бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін,
сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемаларды өте маңызды орын алады.
Республика экономикасын жетілдірудің негізгі мәселелері тек мемлекет
иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық-инвестициялық
өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі
мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдары алдында ұзақ
мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Макроэкономикалық реттеудің монитаристік тәсілдерге сүйенген жолдары
көрнекті эффект бермеді, қатаң қаржылық шектеулер, бағаның жоғарлауы ғана
емес, өндірістің құлдырауына, өзара төлем қабілетсіздігі жүйесінен
туындайтын коммерциялық несие берудің ұлғайюына әкеліп соқтырды.
Мемлекеттік кәсіпорындар тарапына бөлінген қаржыны өндіріс қуатын күшейтуге
емес, ең әуелі тұтынуға жұмсау орын алды. Өндірісті құлдырау қарқынына
қатысты жұмыссыздықтың біртіндеп өсуі бой көрсетті, ал бұл өз кезегінде
инфляцияны көбейтті.
Монитаристік тәсілдердің тиімділік аясының тарлығына байланысты, оған
альтернатива ретінде инфляциялық көздерге иек артатын құрылымдық
өзгерістерге бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет болды.
Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелу жағдайына байланысты, оны
жүзеге асыруда ұлттық приоритеттерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды.
Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритетті буындарға
дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз
ететін механизім қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
орталықтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритеттерді
мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік пайыздармен несиелер
береді. Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті
орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқының төмендету
инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асуға орасан зор нұсқан келтіреді.
Құрылымдық- инвестициялық өзгеріс- орасан зор күш пен ауқымды қаржы
ресурстарын қажет ететін аса күрделі де маңызды міндет, сондықтан оның
шешілуі де елеулі уақыт мөлшерін қамтиды.
Тәуелсіздік алған алғашқы он күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің
дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын
зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен
ілгерілеп келеді. Қазақстан бүгінде экономиканың берік іргетасын қамтамасыз
етіп, қағидаттық жаңа кезеңге қадам басуда. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі
дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметік,
саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа
кезеңіне нық сеніммен қадам басуда. Қазақстан экономикасы рыноктық
қатынастарға көшуде мемлекеттік инвестициялық саясат алдында реттеу
жүйелерін құру тұрғысында арнайы міндеттер қойды.
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту келесідей міндеттер
арқылы жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы шетелдік инвестицияларды тартуда өз
мүмкіндіктерін айқындау;
- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық климатты зерттеу;
- Шетел инвестицияларын тарту үшін экономикадағы ұйымдық-экономикалық
және құқықтық жағдайларды қарастыру;
- Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларын ынталандыру мен
реттеуде мемлекеттік жүйені қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты
басымдық ретінде ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын айқындайтын
даму бағдарламаларын қабылдаумен айналысты. Осы мақсатта 1997 жылы
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы қабылданған болатын, онда
қоғамның келешек мүмкіндіктері мен мемлекеттің ұлы мұратына деген көзқарас
таныстырылды. Қазақстан -2030 жыл Стратегиясын орындауда Қазақстан
жеделдете жан- жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдады. Экономиканың
инвестициялау мәселелерін зерттеу әрдайым экономикалық ғылымның көз-
қарасында болатын. Бұл инвестициялардың ел экономикасының өсу процесін
анықтай отыра, шаруашылық қызметтің ең терең негіздерін қарастыруымен
байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның инвестициялық саясатына
талдау жасау.
Осы сақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілерін ашу;
- инвестицияның мәні, классификациясы және әсер ететін факторларн
қарастыру;
- кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу кезеңдерін
қарастыру;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына
баға беру (Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-ның мысалында);
- Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-ның инвестициялқ жобасына
талдау жасау;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатының жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жұмыстың объектісіне Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-
ның инвестициялық саясаты мен инвестициялық жобасына талдау жасау жатады.

Курстық жұмыстың құрамы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі
бөлімдерден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инвестицияның мәні, классификациясы және әсер ететін факторлар

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі
процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін
анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты
жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың
құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші
субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі
болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен
байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине,
инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы”
мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де
бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан
жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-
теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін [1].
Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген
ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция
арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген
құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді [2].
Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте
ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық
салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.
Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс
құралдарына кететін өзара байланысты шығын.
Сонымен “инвестиция” – бұл өндірістік теорияда және бүкіл
макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал,
енді соңғысы, қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”,
болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді
сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі
анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы [3].
Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-
техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға,
жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық құбылыс
болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдерінің” пайда
болуына, кең ауқымды жаңа ғылыми салаларының дамуы мен соған өтуі
инвестиция көлемінің осы елдерге көптеп тартылуына байланысты.
Инвестиция – бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып
табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі
де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ.
Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында “жалпы капиталдық салынымдар” деген
ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу
жұмыстарына кеткен шығындар кіреді [4].
Ең алдымен нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өнеркәсіптік
өндірістің және инвестицияны пайдаланудың тиімділігін қарастырмас бұрын,
біздің көзқарасымыз бойынша алдымен “инвестицияның” әлеуметті-экономикалық
мағынасын нақтылап түсініп алайық.
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер
қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе
капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар,
өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз” [5,
6].
Аса танымал “Экономикс” шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын
кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция – “өндірістік
шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың
көбеюі”, яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады.
Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек
адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады.
Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі,
бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа
пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық
ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол
жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі [7].
Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады.
Оның анықтамасы бойынша инвестиция – бұл белгілі бір кезеңде капитал
мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға
пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты
инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция
түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей
меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы
қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі
байқалады.
Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық
бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен – оны
инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның мазмұнына
ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру керек. Осы
көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалатын
маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен шығындарды
құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының кеңеюі мен
капитал құрумен байланысты.
Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер
енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер,
қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп
түсінеді.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп,
бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі
немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол
Хейн берді: “жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі
болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің
өзгеруіне байланысты. Инвестиция – яғни болашақта одан күтілген табыстарды
алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты
станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді”.
Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып,
құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция
бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар,
шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы:
Журавлева Г.П. мен Малышева И.Ю. екеуінің есептеуінше: “инвестициялар бұл
– еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар
негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар”,
яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық
жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды.
Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни
инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын
мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды
негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп
түсіндіріледі.
Біздің ойымызша, кішкене анықтама былай болады: “Ағымдағы өндірістің
бір бөлігі негізгі капиталдың өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда
инвестиция орын алады. Инвестиция – бұл ақшалай құралдардың капиталды
қайта өндіруге жұмсалуы”.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып
табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша
көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу
үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты
жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу
мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ.
Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен
молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың
өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы
шарт.
Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” – “қаржы жұмсау” деген мағына
береді. Инвестиция дегеніміз – бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол
негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның
материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.
Инвестиция негізінен екі формада болады:
1) тікелей;
2) портфелді.
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т.б. шаруашылық салаларына
жұмсалатын күрделі қаржы.
Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы қағаздарға жұмсалатын қаржы
[8].
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың
құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен
байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың
тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан,
күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның
классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану
кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау
процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық
емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi
кесте 1 түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы
экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымын санатында құнды қағаздары және
басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ,
сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы
мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық
жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-
мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк
салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық
құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн
тигiздi.
Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық
салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес
құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық
ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық
ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған
орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған
инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың
қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы
болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан
қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен
сараланып бөлiнедi:
- жалпы және бүтiндей инвестициялар;
– - негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза
инвестиция;
- iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.
Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн
факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.
Кесте 1
Инвестициялау процесiнiң сызбасы

Инвестиция Материалды Қаржылық Материалды емес
түрлерi активтерге активтерге активтерге
жұмсалған жұмсалған жұмсалған инвестициялар
инвестициялар инвестиция
Инвестициялау Негiзгi Акциялар, Патенттер, Бiлiм
объектiлерi өндiрiстiк және мемлекеттiк лицензиялар, беру,
өндiрiстiк емес және сауда денсаулық
қорлар корпоративтiк белгiлерi, сақтау,
облигациялар, ғылыми-техникамәдениет
т.б. бағалы лық шаралары
қағаздар өнiмдер т.б. және т. 6.
Инвестицияны Экономиканың Қаржылық- Инновациялық Әлеумттiк
қолдану аясы нақты секторы банктiк орта орта орта
Инвестицияны Жаңа Іске МатерБос ақша Материалдық Бiлiм беру
қолданудағы матераспайиалдықаражат тарын активтердiң
мақсат иалдықалғақ инвестицияға ғылыми- деңгейiн,
қ н активайналдыру техникалық денсаулық
активматертерді деңгейiн, сақтаудың
тердіиалдың сапасын және сапасын
ұлғайқ тиімд бәсекелестiк арттырып,
ту активілігі қабiлетiн қоршаған
тердін арттыру ортаны
ң артты қорғау
орнынру т.б.
толты
ру
Инвестиция- Материалдық байлық пен материалдық емес сипаттағы қоғамдық
лаудың құндылықтардың көлемiн ұлғайту
түпкiлiктi
мақсаты

Ескерту: Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және
кәсіпкерлік, Алматы Бастау 2004 жыл.

Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi
(эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы
өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi
факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің
саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық
тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге
бөлiп қарайды:
1) Өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi
бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын
инвестициялар заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады.
2) Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды
және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни,
үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы
ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.
3) Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл қандай да
бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне,
сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға
жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы бойынша
келесiдей жiктелiнедi:
- өндіріс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни,
өндiрiстегi құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.6. ауыстыру нәтижесiнде
өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
- өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
- таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа
тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған
кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
- жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа
тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған
кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды [9].
Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа
кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың
экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде
бiзге танымалы мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар - инвестицияның ссудалық
қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей
және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей
инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк
инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға
тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын
бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар - бұл инвестициялық процеске
қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе
мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын
сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар
жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың
нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк
инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды.
Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен
байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей
түрде бөлiп қарайды:
Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет
есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала
болып табылады [10].
Жеке меншiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған
қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк
нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
Жалпы инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi сурет 1 бойынша
жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.

Сурет 1. Инвестициялардың жіктемесі
Ескерту: Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және
кәсіпкерлік, Алматы Бастау 2004 жыл.
Инвестицияларды анықтауда инвестициялардың тек мазмұндық сипатына ғана
көңіл бөліп ғана қоймай, сонымен бірге оның мақсатты бағыттылығын да ескеру
керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге кеткен
бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа
еңбектің құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен
жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады, яғни ақша капиталдарынан
айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен және капитал құрумен
байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік
формасының ауысу процесінде және олардың осы мерзімдегі инвестициялық
қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада
инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі түрленулер тізбегін
көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

1.2 Кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу кезеңдері

Егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше
инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып
көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы
тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде
қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
Кесте 2 белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесілімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді
мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда
көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және
т.б. [11].
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік
ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл
бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономиклық,
құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік
аппараттардың моралбдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кесте 2
Инвестициялық байланыстылық пен үйлесімділік
Сатылары
Стратегиясы Пайда болуы Өсуі Жетілуі Ескіруі
пайда болуы
Жалпы Нарыққа еніп, Нарық Іс-әрекеттің Пайда
бекітілу сегментінің салалық нормасын
процесінде өмір кеңеюі, диверсификацияссақтау және
сүру пайданың ы, пайданың қоліс-әрекеттің
жоғарғы жеткен бағыты мен
қарқынмен нормасына нысандарының
өсуін қолдау жасау бір уақыттық
қамтамасыз ету жаңалануының
қаржылық
тұрақтылығы
ИнвестициялыБастапқы нақты Өндірістің Өндірістің Жаңа құрылыс
қ инвестицияның және нақты техникалық пен
жеткілікті қаржылық қайта өндірістің
көлемін инвестиция қамтамасыздандықайта
қамтамасыз ету масштабтарыныңрылуы және кең құрылуына
кеңеюі масштабты нақтылы
қарылық масштабты
инвестицияландыинвестицияла
ру ндыру

Ескерту: А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы
Экономика 2005 жыл.

Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті
инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және
неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен
іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелдхілік дәрежесімен
айрықшаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да,
потенциалдық стратегиялық инвестордың да ортақ мудделерінің қиылысуы
кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды
білдіреді, сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі
серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және
инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның
инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға
келтіруге мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер
жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты
өседі. Сондықтан кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылығын
алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін қосымша мүмкіндіктерді
қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені
коздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы мақсатқа жету жолдарын, бағыттарын
анықтайды, Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын
ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына ықпал ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты, Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын
анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкен жөн:
1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу керек?
Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негізгі үш әрекеті бар:
– өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз
болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда
төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады.
Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және
жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің
өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
– өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты
- өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса
да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған
кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл
үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
– кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл
бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты
зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік
құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын
жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа емес, тек оның бір бөлігіне
нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін
стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:
Бірінші топтағы стратегиялар:
– өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
– жаңа өнім өндіруді бастау;
– рынокта өзінің артықшылығын көрсету.
Екінші топқа – стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа
құрылымдарды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын
қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу,
өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу [12].
Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер
кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол
құодырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда
кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
а) Жою стратегиясы – егер де кәсіпорын әрі қарай өндірісін жүргізе
алмайтын болса, онда ол қызметін түпкілікті тоқтатады;
ә) Ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа
мерзімде, барынша пайда алуды мақсат етеді;
б) Қықарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе
сатады. Егерде бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын
болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асру үшін өзінің іс-
әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды,
яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық
мақсатқа жету жолдары анықталады (кесте 3).
Кесте 3
Кәсіпорынның нарықтық стратегиясы

Нарықтық стратегияның
элементтері
Кәсіпорынның Тауар Аймақтар Нарықтық Сатып алушылардың
әлуеті орта проблемалары
1.Базалық 1.Қолма-қол 1.А 1.Жаңалар 1.Анықталғандар
қолма-қол 2.Сәндендірілген 2.Б 2.Ұқсастар 2.Әлуеттілер
2.Сәндендірілген 3.Жаңа 3.В 3.Белгілер
3.Жаңа 4.С
5.Д

Ескерту: А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы
Экономика 2005 жыл.

Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар
орындалуы тиіс:
– кәсіпорынның мақсаты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық
қызметкерлеріне түсінікті болу керек;
– стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет.
Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары
мен міндеттерін нақты орындап отырғанжөн;
- басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған
стратегияны орындау үшін кәсіпорынның әсер ететін факторлар тиімді ме жоқ
па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына баға
беру (Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы АҚ-ның мысалында)

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін
оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат
дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін
іске асыру және сол іске асырудың механизмі.
Пайда алу мақсатында көлемді құрылымды белгілейтін шаруашылық
шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында жүргізетін
негіз – кәсіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында
көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, өндірістің әсер ететін факторларн
жетілдіру, даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын –
жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісіе кең қолдану жағдайында кредиттік
жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға
инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамасыз ету керек, жаңа
шаруашылық механизммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін
байланыстыру және салымдардың рационалды пайдасын қамтамасыз ету, елдің
әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның
нәтижелігін жоғарлату болып табылады.
Кәсіпорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынадай шараларды
қолдану керек:
- экономикалық, ғылыми, техникалық жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
- пайданы көздеу;
- жалпы шығындарды азайту;
- мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан
келген қаржыны дұрыс пайдалану;
- дүниежүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
- инвестициялық тәуекелділік;
- инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кезде инвестициялық саясаттың ерекшелігі техникалық
қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу,
инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауылшаруашылық саласына жіберу,
ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру
керек:
- өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
- өндірістің техникалық дәрежесі;
- бітпеген құрылыс;
- лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу мүмкіншілігі;
- меншікті қаржының жеткіліктілігі;
- капитал нарығының конъюктурасы;
- мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
- инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
- сақтандыру қызметі;
- салық;
- маркетингтік зерттеу;
- өнімнің сату бағасы;
- өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
- жалпы өнімнің мөлшері;
- инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының
динамикасы;
- нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
- техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншілігі.
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар
сызулар, түсіндірмелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және
жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар. Оның ажырамас бөлігі
болып инвестициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар белгілі бір құжаттардың алдын-ала
тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны нарықтық
көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстың басталуы мен
аяқталуын нақты білу керек. Зерттеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның
туындауы болса, бизнесмендер үшін – алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге
асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны
өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер
үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жлбалар үшін жұмыстың аяқталуы –
қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық
қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде
негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы
инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әрқайсысының өз
мақсаттары мен міндеттері бар:
- инвестицияға дейінгі – бастапқы зерттулерден инвестициялық жобаны
қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін;
- инвестиция кезеңі келісім-шарт кезеңі;
- өгдірістік кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар
инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші
дисциплиналар облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады.
Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан
объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық, экономикалық
бағалуын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе
мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.
Дамыған елдерде инвестицияға дейінгі кезеңді орындау шығындары
жобаның сомасынан 1,5-5,5% құрайды, соның ішінде: инвестициялық
мүмкіншіліктің құрылуы 1,2-1% инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын жобалар
үшін техника-экономиклық зерттеулер үшін 1,0-3,0%, ірі жобаларға 0,2-1,2%.
Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін
ең экономиклық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес-
жоспарын құру. Бірақ, уақытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек,
яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезеңде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрылыстық жұмыстың алдын-ала жоспары;
- детальдық жоспарлау және спецификация;
- құрылыстық орындардың сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және судбмердігер тағайындалады. Мердігерлер
мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқы мерзімді зайымдар анықталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны,
оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде
қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, әсер ететін факторларн
құрылыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен
қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.
Жобалау прцессін 2 кезеңге бөлуге болады:
- жоба алдындағы;
- нақты жобалау.
Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді: бастапқы және соңғы жоба. Әр
кезеңде болашақ объектінің сметасы анықталады.
Проектілеу процессінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі.
Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогрессті пайдалану талаптары; қысқа
мерзім ішіндегі аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты
пайдалануда.
Отандық тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өңдеу кезінде мынадай
бөлімдерді өзіне енгізеді:
- түсіндірмелі хат;
- техника-экономикалық бөлім;
- бас жоспар;
- еңбек күші;
- құрылыстық бөлім;
- өндірісті басқару жүйесі;
- сметалық құжаттар.
Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезеңінде оның құндық бағасы
анықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және
олардың нақты деңгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық
мүмкіншілікті зерттеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның
мөлшері 25-40% аралығында болу керек.
Инвестициялық процестің әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі,
табыстылығы анықталады. Басқа хсөзбен айтқанда шығындарды алынатын
табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.
Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынадай шараларды
қолдану керек:
- инвестиция қызметінің қажеттілігін табу;
- инвестициялық пайданың программасын жасау;
- осы прграмманың тиімділігін тексеру;
- инвестициялық жұмыстарды жақсарту;
- инвестицияны қаржылай қамтамасыз ету;
- әрбір объект үшін жоба жасау;
- мониторинг жасау;
- инвестициялық нәтиже жасау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар
маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын – инвестицияны
мемлекеттік қолдау.
Мемлекеттік қолдау дегеніміз – инвестициялық преференциялау болып
табылады, яғни мемлекет тарапынан корсетілетін, берілетін жеңілдіктер.
Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:
- инвестициялық салықтық преференциялар;
- кеден баждарын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:
- көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
- осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс
істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.
Инвестициялық салықтық преференциялар тікелей активтерге салынатын
инвестициялардың көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі.
Преференция алу үшін келісім-шарт жасау керек.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде мыналар болады:
- жер учаскелері;
- ғимараттар мен құрылыстар;
- есептеу техникасы;
- машиналар мен жабдықтар;
- көлік беру мүмкінділігі.
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде
көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған
сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса,
онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген
жобасы, зқалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы
түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның
іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының
түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтырылған өндіріске көшу)
өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте,
шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өім сапасын жоғарылатумен және
қондырғыларды жаңартумен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта
оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономиклық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни онығ иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау
тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы
реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге
ие:
1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта идентификациялау термині
қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай
дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы
түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге
бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді
аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше
идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы
және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен
неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық
жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен
кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін
оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде доба жоспарының барлық
бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және
т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде
жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу
немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы
жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдей алуға
және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы –
жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба
негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда
инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру
прцесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді
бір консалтингтікфирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы
мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша
құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі
жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске
қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің
орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен
шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең
жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты –
бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының
жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін
қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау
процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға
салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы
нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың
нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
Қаржылық жоспарлау және болжау
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Қаржылық жоспарлау әдістері
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Дивидендтік саясат шешу жолдары
Есеп саясатын аудиттеу
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
Маркетингтік қызметті басқару негіздері
Пәндер