«Казкоммерцбанк» АҚ



Негізгі бөлімі.
I бөлім .«Казкоммерцбанк»АҚ
1.1. «Казкоммерцбанк»АҚ мінездеме
1.2. Банктің даму тарихы
1.3. Банк өнімдері, көрсететін қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мақсаты Банк ісі туралы теориялық білімді қолданып үйрену, есептеу дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге бейімделу және диплом жұмысына керекті материалдарды жинап, тақырыпты зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
• Банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете зерттеу;
• Банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен, негізгі операциялар түрлерімен толық танысу;
• Банк ісінде кездесетін негізгі тәуекелдерді талдап, зерттеу;
• Банктік тәуекелдерді басқару тәсілдерін анықтау;
Банктік тәуекелдерді басқару – бұл қиын мәселе, тәуекелдерді бағалау және бақылаудың, теңестірулердің көп сатылы процесі. Сондай ақ банк тәуекелдерін басқара отырып, тәуекел ықпалын төмендету тәсілдерін анықтау. Сондықтанда менің ойымша бұл тақырып өте өзекті және терең зерттеуді қажет ететін қызықты тақырып.
Негізгі кезеңдер:
- Қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік жұмыстарды орындау;
- Нұсқаулық материалмен, банк бөлімдерімен танысу;
1.Банк Уставы
2.Руководство потребительского кредитования«Казкоммерцбанк»АО
3. Мақыш С.Б.,Илияс А.Ә. «Банк ісі» оқу құралы. Қазақ университеті.
Алматы 2004 ж.
4. Тюрина А.В. О кредитных рисках и возможностях кредитования.// Финансы и кредит. 1999. № 12.
5. ККБ интернет жүйесіндегі сайты WWW.KKB.KZ
6. Севрук В.Т. Банковские риски .- М., 1995.
7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: оқу құралы.-
Алматы 2002 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Негізгі бөлімі.
I бөлім .КазкоммерцбанкАҚ
1.1. КазкоммерцбанкАҚ мінездеме
1.2. Банктің даму тарихы
1.3. Банк өнімдері, көрсететін қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Мақсаты Банк ісі туралы теориялық білімді қолданып үйрену, есептеу
дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге бейімделу және диплом
жұмысына керекті материалдарды жинап, тақырыпты зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
• Банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете зерттеу;
• Банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен, негізгі
операциялар түрлерімен толық танысу;
• Банк ісінде кездесетін негізгі тәуекелдерді талдап, зерттеу;
• Банктік тәуекелдерді басқару тәсілдерін анықтау;
Банктік тәуекелдерді басқару – бұл қиын мәселе, тәуекелдерді бағалау
және бақылаудың, теңестірулердің көп сатылы процесі. Сондай ақ банк
тәуекелдерін басқара отырып, тәуекел ықпалын төмендету тәсілдерін
анықтау. Сондықтанда менің ойымша бұл тақырып өте өзекті және терең
зерттеуді қажет ететін қызықты тақырып.
Негізгі кезеңдер:
- Қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік
жұмыстарды орындау;
- Нұсқаулық материалмен, банк бөлімдерімен танысу;

I бөлім .КазкоммерцбанкАҚ
1.1. .КазкоммерцбанкАҚ мінездеме

1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк қазіргі уақытта активі, несие қоржыны
және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
Мысалы, 2005 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық
стандарттары бойынша есептелген банк активтері 1,195 триллион теңгеге
(8,9 млрд.$) теңесті. Ал осы көлемнің 60%-н (5,4 млрд. $) қарыз қоржыны
алады. 2005 жылы банк 20,563 миллиард теге мөлшерінде (154,7 млн. $)
пайда тапты. Бұл бір акцияға есептегенде 51,17 теңгені құрайды. Ал
банктің меншік капиталы 2005 жылы 87,4 миллиард теңгеге дейін (652,1 млн.
$) артты.
Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел
валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге
клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты
төлемдерін, сондай-ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына
қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2006 ж. 1
шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22
әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы
бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда (Казкоммерцбанк Қырғызстан) және
Ресейде (Москоммерцбанк) еншілес банктері бар.
Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып табылады. Олар
жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2005 жылдың
қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі бір жарым есеге
өсіп, 303,4 миллиард теңгеге (2,3 млрд. $) жетті. Тұрғындардың шұғыл
депозиттерінің көлемі 652 млн. $-дан асып түсті. Депозиттік шоттар саны
2005 жылдың өзінде ғана 65,6 мыңнан 73 мыңға дейін артты.
2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-кү йі бойынша банкте ипотеканы қосқанда,
67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет көрсетілді. Тұтынушылық несиенің
жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады (2004 жылы 395,6 млн. $).
Банк VISA және EuropayMasterCard (CirrusMaestro карточкаларын қосқанда)
халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады. 2005
жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк шығарған 409 960 карточка
айналыста болды. Сондай-ақ, Банк American Express және Diners Club
карточкаларын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы
қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып Қазкоммерцбанк магниттік
лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да
бірініші болып GoCard несиелік бонустық карталарын шығарды.
Сонымен қатар, Банктің тармақталған банкоматтар торабы бар. 2006 жылдың 1
наурызында банкоматтар саны - 399, саудақызмет көрсету кәсіпорындарында
орнатылған POS-терминалдар саны – 2364-і құрады, ал қолма-қол ақша беруге
арналған POS-терминалдар саны – 162. Банк, сондай-ақ, Қазақстанда өз
клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер
көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар
үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге
асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады;
сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді
басқару, сондай-ақ, қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік
қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін
қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі
орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты
ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі
клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады
және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін
қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді.
Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі қатысушысы бола
отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша
нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда,
компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады.
Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын және
күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы бар.
2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша
қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік арқылы
табыстылықты арттыра отырып, көшбасшы банк және қаржылық қызметтер
жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.

1.2. Банктің даму тарихы

Банк Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы заңнамасына сәйкес, 1990
жылдың 12 шілдесінде   Медеу Банкі АҚ (Медеу банкі)  деген атаумен ашық
акционерлік қоғам ретінде  құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда
түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
кейін, Медеу банкі  басқаша атаумен – Қазкоммерцбанк АҚ  болып қайта
тіркеуден өтті және  банктік операциялар жүргізуге  ҰБК-ден 1991 жылы 21
қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген  №4466-1910-
АҚ  тіркеу туралы  куәлігі бар.
1994 жылдың сәуірінде Банк, Қазақстанда тіркелген,  Астана Холдинг
(Астана Холдинг)  банкімен–коммерциялық банкімен бірікті. 1994 жылдан
бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12
дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық торабы арқылы негізгі
іскерлік және елді орталықтарға қатысады.
1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігі, сонымен бірге ЕБРР,
Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму банкі,  Kreditanstalt
Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралық  қаржы институттары
дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға
қатысты.
1995 жылдан Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми консультанты ретінде
экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта
құрылымдау және жекешелендіру  процесіне белсене қатысты.
1996 жылы Банк  өзінің негізгі мақсатына  - банктік қызметтің халықаралық
стандарттарға сай болуына – қол жеткізуде үлкен қадам жасады.
Қазкоммерцбанк Deloitte & Touche фирмасынан толық халықаралық
аудиторлық  тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір
маңызды оқиға - Thomson BankWatch-BREE рейтинг агенттігінен халықаралық
рейтингінің берілуі. Қазкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған
Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің
біреуі  болып табылады.
1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕБРР  қаржыландыратын және  сол кезеңде CCF
Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық
банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды
көздеген твиннинг бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк
болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды
жетістік - 1997 ж.  осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана
мойындаған, Неміс Мемлекеттік Hermes Экспорттық Сақтандыру
компаниясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің
бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк  тұтастай  14 
халықаралық синдикатталған несиле ала және төлей отырып, Синдикатталған
несиелер нарығында  белсенді болып келеді.
1998 жылдың мамыр айында Банк үш жылдық еурооблигациялар шығару арқылы
100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті
эмитент еурооблигациясының бірінші шығарылымы болды. Кейінгі жылдары Банк
барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және халықаралық
еурооблигациялар шығарды.
1997-2004 жылдар аралығында Қазкоммерцбанкке қатарынан Euromoney,
Global Finance және The Banker сияқты әлемнің жетекші қаржылық
басылымдары  Қазақстандағы үздік банк атағын берді.
2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы
институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.
2002 жылы Қазкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан
кейін ол Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.  Сондай-ақ
Қазкоммерцбанк Москвадағы Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен
(Москоммерцбанк КБ), оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық
ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.
2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол
қойды және  одан әрі Банк шығарған 15%  жай акцияны сатып алды.

1.3. Банк өнімдері, көрсететін қызметтері

Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел
валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге
дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерді, сондай-
ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына қызмет көрсету
бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Жеке тұлғалар үшін:
Депозитттер
Қазкоммерцбанк мынадай салым  типтерін ұсынады:
• Шұғыл салымдар -  белгілі бір мерзімге орналастырылған салымдар ("Үздік",
"Еркіндік", "Классикалық", "Зейнетақы").
• Шартты салымдар – салым салушы иелік ету шартын жәненемесе салымды төлеу
шартын құрастыратын салым ("Сенімгерлік", "Балалар").
 Қазкоммерцбанк АҚ салымдары туралы ақпарат және сыйақы мөлшерінің
жылдық пайыздары 1 қосымшада берілген.

Банктің несиелендіру түрлері
Экспресс-несиелеу
Бірнеше мыңдаған  адам ұзақ мерзімді  қолданыстағы тауарларды сатып алу
немесе  кезек күттірмейтін мұқтаждарды  төлеу үшін, Қазкоммерцбанктің
несиесін пайдалана алды. Экспресс-несиелеу несиені ресімдеу шарасын
айрықша жылдам және ыңғайлы етеді.
Қызметтің экспресс-несие деген атауының өзі айтып тұрғандай, кепілзат
болмауының және несие ресімдеудің жеңілдетілген процедурасының арқасында 
қысқа мерзімде – 1 күн ішінде ақша алу оның негізгі сипаттамасы болып
табылады.
Экспресс-несиенің жақсы жағы мынада, оның көмегімен тұтынушы ағымдағы
және кездейсоқ шығыстарын  төлей алады.
Қазіргі уақытта экспресс-несиелеу қызметіне Қазкоммерцбанктің карточка
жобаларының (Жалақы және Жеке) барлық клиенттері, яғни біздің
банктегі шот арқылы жалақысын алатындар қол жеткізе алады. Сонымен бірге
экспресс-несиелерге ҰларҮміт ЖЗҚ мен басқа зейнетақы қорларының
салымшылары да қол жеткізе алады.
Экспресс-несиелеу шарттары:
• Валюта: теңге
• Несие мөлшері: 5 000 АҚШ долларының баламасы
• Несие мерзімі: 6 айдан 18 айға дейін
• Несие үшін төлем: теңгеде – жылдығы 23%-дан бастап 26%-ға дейін
• Несиені ұйымдастырыру үшін біржолғы комиссия:несие сомасынан  4-5%
Экспресс-несие алу үшін міндетті құжаттар:
• Жеке куәлік (көшірмесін түсіру  үшін);
• СТН (көшірмесін түсіру үшін);
• Қарызгердің толтырылған сауалдама-өтініші;
• Несие тарихы субъектісінің – жеке тұлғаның ол туралы несие бюросына
ақпараттарды ұсынуға (Банк формасы бойынша)  келісімі;
• Несие тарихы субъектісінің – жеке тұлғаның несие есебін (Банк формасы
бойынша) беруге келісімі;
• Банктің төлем карточкасын төлеу жөніндегі құжат көшірмесі (карточка
болмаған жағдайда); · ЖӘК
Жеке куәлік (көшірмесін түсіру  үшін);
Жалақыларын Қазкоммерцбанк арқылы алатын компаниялардың қызметкерлері
үшін ҚОСЫМША:
• Ағымдағыкарточкалық шот  бойынша 12 айдың үзінді-көшірмесі (бөлшек сауда
бизнесі менеджері шығарып береді және растайды).
ҰларҮміт ЖЗҚ мен басқа зейнетақы қорларының салымшылары үшін ҚОСЫМША:
• Зейнетақы қорынан 12 айдың үзінді-көшірмесі.
• Соңғы 12 айдың жалақысы туралы анықтама.
Зейнетақы қорынан 12 айдың үзінді-көшірмесі.

Кезек күттірмейтін мұқтаждарға несиесі
Өмірде  емделуге, пәтерге немесе автокөлікке күрделі  жөндеу жасауға,
дүрілдетіп керемет той, мерейтой немесе басқа салтанаттарды өткізуге
қысқа мерзім ішінде ақша табу қажеттігі  жиі туындайды...
Ал өз үйінде жиһаз және компьютерлік техника, асүй пеші мен кондиционер,
тоңазытқыш пен ыдыс жуатын машина, аудио-, видео-, теле- және
радиоаппаратура, басқа да күрделі тұрмыстық техниканың ең жақсысы
болғанын кім қаламайды дейсіз...
Шұғыл ақша жұмсауды талап ететін себептер әлі талай туындар дейсіз бе?
Қазкоммерцбанктің тұтынушылық несиелеу бағдарламасы бізге Ақшаны қайдан
алуға болады? деп ойланбай-ақ, не керегін шешуге көмектеседі.
Кезек күттірмейтін мұқтаждарға несие берудің мәні мынада, бізден  банк
алдында несиенің мақсатқа арналуын растау талап етілмейді!
Несиелеу шарттары:
• Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары
• Несие мөлшері: теңгеде – 6 500 000-ға дейін; АҚШ долларында – 50 000-ға
дейін (міндетті түрде несиені толық кепілзатпен қамтамасыз еткенде!)
• Несиенің ең төменгі мерзімі: – 6 ай
• Несиенің ең жоғарғы мерзімі: теңгеде – 3 жылға дейін; АҚШ долларында – 5
жылға дейін
• Несиені қамтамасыз ету:  жылжымайтын мүлік
• Несиені өтеу: ай сайын тең жарналармен (ануитетті төлемдермен) кез келген
тәсілмен: а)банктік шоттан есептен шығару жолымен; ә) жалақыдан ұстап
қалу жолымен; б)банк кассасына қолма-қол ақша төлеу жолымен
• Шотты жүргізгені үшін комиссия:  несие сомасынан 0,5%, минимум 10 АҚШ
долларының баламасы

Авто неселендіру
Қазкоммерцбанктің тұтынушылық бағдарламасы бойынша қысқа мерзім ішінде
авосалоннан немесе жеке сатушыдан кез келген автокөлікті – жаңа немесе
бұрын қолданыста болған – сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазкоммерцбанк АҚ жаңа автомобиль ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің тарихы «Казкоммерцбанк» АҚ туралы
Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі
Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу
Банктік несие
Қазкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасын талдау
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ІС - ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Казкоммерцбанк
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Банк туралы
Пәндер