Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ҒЫЛЫМИ.ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ғылыми.техникалық прогресстің экономика дамуындағы орны
мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қаржы және оның экономиканың өндіріс саласын дамыту мен қолдаудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ ҒЫЛЫМИ.ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.1 Ғылыми.техникалыө прогресті қаржыландырудың маңызы мен қажеттігі 14
2.2 Ғылыми.техникалық прогресті дамытудағы мемлекеттiң рөлi және шетелдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Қазақстан Республикасы өндірісіндегі ғылыми.техникалық прогресс және оны дамыту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Нарықтық қатынастар негізінде қызмет етіп отырған экономикада ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң немесе ғылыми-техникалық прогрестің алатын орны мен маңызы ерекше болып табылады. Осы аталған ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру бюджеттен бөлiнген қаражаттардан, шетелдік инвестициялар мен отандық қаржылардың арналымдарынан, өнеркәсіпті қолдаудағы мемлекеттік субсидиялар мен қаржы қорлары есебінен, несие мен лизингтен құралады және Даму институттары арқылы iске асырылмақ.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Осыған орай қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын «Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы» деп алдым. Тақырыпты жазудың өзектілігі экономиканың өндіріс саласының маңызды құрылымы болып табылатын өнеркәсіптің өңдеу саласын дамытудың, ондағы ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновацияларды іске асыру үшін ең алдымен қаржылық қамтамасыз етудің қажеттігі туындайды. Сондықтан өнеркәсіп пен қаржы бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Қаржы мен ғылыми-техникалық прогресс тақырыбын таңдап, жазудағы негізгі мақсат пен міндеттерге келесілерді жатқызуға болады: экономикалық дамудың тиімді жолы ғылыми-техникалық прогрес пен инновациялы өндірістің маңыздылығын, оларды қаржыландырудың көздері мен оны қолдау мен реттеудегі шетелдік тәжірибелерді талдау, сонымен қатар бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасының дамуындағы ғылыми-техникалық прогрестің маңыздылығы мен жетілдіру шаралары, стратегияларына тоқталып кету болып табылады.
1. Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
3. Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
4. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
5. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
6. Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
7. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
8. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
9. Н. А. Назарбаев. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
10. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
11. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
12. Бердашкевич А.П Оподдержке инновационной деятельности в Японии // Инновации №7, 2002
13. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001
14. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
15. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.
16. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
17. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
18. Статистика Казахстана. Алматы, - 2007г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Ғылыми-техникалық прогресстің экономика дамуындағы орны

мен маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..4

1.2 Қаржы және оның экономиканың өндіріс саласын дамыту мен қолдаудағы
рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14

2.1 Ғылыми-техникалыө прогресті қаржыландырудың маңызы мен қажеттігі 14
2.2 Ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы мемлекеттiң рөлi және шетелдік
тәжірибе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қазақстан Республикасы өндірісіндегі ғылыми-техникалық прогресс және
оны дамыту шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28

Кіріспе

Нарықтық қатынастар негізінде қызмет етіп отырған экономикада ұлттық
өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық
прогрестiң немесе ғылыми-техникалық прогрестің алатын орны мен маңызы
ерекше болып табылады. Осы аталған ғылыми-техникалық прогресті
қаржыландыру бюджеттен бөлiнген қаражаттардан, шетелдік инвестициялар мен
отандық қаржылардың арналымдарынан, өнеркәсіпті қолдаудағы мемлекеттік
субсидиялар мен қаржы қорлары есебінен, несие мен лизингтен құралады және
Даму институттары арқылы iске асырылмақ.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Осыған орай қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын Ғылыми-техникалық
прогресс және қаржы деп алдым. Тақырыпты жазудың өзектілігі экономиканың
өндіріс саласының маңызды құрылымы болып табылатын өнеркәсіптің өңдеу
саласын дамытудың, ондағы ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновацияларды
іске асыру үшін ең алдымен қаржылық қамтамасыз етудің қажеттігі туындайды.
Сондықтан өнеркәсіп пен қаржы бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.

Қаржы мен ғылыми-техникалық прогресс тақырыбын таңдап, жазудағы
негізгі мақсат пен міндеттерге келесілерді жатқызуға болады: экономикалық
дамудың тиімді жолы ғылыми-техникалық прогрес пен инновациялы өндірістің
маңыздылығын, оларды қаржыландырудың көздері мен оны қолдау мен реттеудегі
шетелдік тәжірибелерді талдау, сонымен қатар бүгінгі таңдағы Қазақстан
экономикасының дамуындағы ғылыми-техникалық прогрестің маңыздылығы мен
жетілдіру шаралары, стратегияларына тоқталып кету болып табылады.

І ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ЖӘНЕ ҚАРЖЫ

1.1 Ғылыми-техникалық прогресстің экономика дамуындағы орны мен
маңыздылығы

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ғылыми-техникалық прогресс екендiгiн айтқан. Мұны Саймон
Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның
тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн
айтты.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай
ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып,
өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл
түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер
экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары
өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл
анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып
табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
Инновациялық дамуда негiзгi ұғым бұл инновациялық процес болып
табылады. Осы инновациялық процестiң негiзгi iске асу кезеңерiн келесiдей
топтауға болады:
1. Алынған ойларды жүйелеу:
• Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан
алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
• Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн
анықтау;
• Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
• Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
• Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
• Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
3. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және
маркетингтiк бағдарлама құру:
• Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
• Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және
тұтынушылық қасиетiне баға беру;
• Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
• Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын
өтеу мерзiмiн белгiлеу;
• Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу.
Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар,
кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
• Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
• Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
4. Жаңа өнiмдi дайындау:
• Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
• Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк
қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
• Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын
жасау;
5. Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
• Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
• Сатылудың оптималды шараларын талдау;
• Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
• Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
6. Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
• Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң
пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi
каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен
байланыстың тұрақтылығы;
• Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы
және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
• Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
• Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы.
Сонымен, ғылыми-техникалық және иновациялық қызмет саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары келесiдей:

• мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiқ қорлар құру және венчурлiк
капиталды ғылыми-техникалық және иновациялық салаға тарту;
• инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаунысандары мен
әдiстерiн әзiрлеу;
• инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салалық, салааралық және өңiрлiк
сипаттағы маманданған субъектiлерiн құруға енетiн инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру;
• инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;
• өнеркәсiптiң базалық саларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру;
• технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық
құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық
халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн
ынталандыру;
• отандық кәсiплорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандартына
өтуiн ынталандыру;
• халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-несие және шаруашылыұ
құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт
алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып,
қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың
шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге,
машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни
инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi
қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының
мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты
нысанасы болып табылады.

Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк немесе интенсивтiк
типтерi таза түрде болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП)
енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру,
қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар
салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi,
олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты
экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн
басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi.

Өндiрiсте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн
макроэкономикалық көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП
бiрнеше түрге бөлiнедi.

Егер ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр
белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр
ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.

Егер еңбектiң капиталмен жабдықталуы белгiленген жағдайда шектi еңбек
өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез өсiп отырса, экономикаға
еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда –
шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң
арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады.

Егер ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне
еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi
Солоу бойынша бейтарап деп аталады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның
пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз
етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын
негiзгi 4-ке бөледi :

1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын
қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3
факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi
экономикалық емес фактор болып табылады.

1.2 Қаржы және оның экономиканың өндіріс саласын дамыту мен қолдаудағы рөлі

Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта
құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты – нарықтық қатынастарды
дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы
ресурстардың пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Нарықтық экономикада өндірістік құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануда
кәсіпорындардың ынталылығын арттыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың,
олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттілігі болмай қалады.
Нарықтық бәсеке кәсіпорындарды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың
сапасын арттыру, қаржы ресурстарын пайдалануда ішкішаруашылық қаржылық
бақылауды тереңдету, соның негізінде жалпы өндірістің тиімділігін үздіксіз
арттырып отыруға итермелейді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмінің міндеттері
өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық
реттеуді қоллданумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық
ынталылықтың өсуімен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды,
қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі
өндірістің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.
Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның
экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге
болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер
тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы
қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi
тұжырымдамасы қалыптасып отыр.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Өндірістік тиімділікті арттырудағы қаржының маңызы өндірістік
капиталдарды қалыптастырумен байланысты болып табылады. Кәсіпорындардың
өндірістік қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым
капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірісте негізгі өндірістік
капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы
қатысады және өзінің құнын біртіндеп, амортизация негізінде қайтарады. Бұл
аударымдар амортизациялық аударымдар деп аталады.
Негізгі капиталдар мен материалдық емес активтердің жәй және ұдайы
жаңғыртылу процесі ұзақ мерзімді инвестициялардың көмегімен жүзеге
асырылады. Яғни өндірістің тиімділігін арттыру үшін инвестициялық қызметті
тиімді ұйымдастыру қажет. Ұзақ мерзімді инвестициялардың мүмкін болатын
көздеріне мыналарды жатқызуға болады:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
• Республикалық және жергілікті бюджетердің қаражаттары;
• Шетелдік инвесторлардың қаражаттары;
• Банктердің беретін несиелері;
• Лизингтік қаржыландыру.
Кәсiпкерлiк бизнестi ұйымдастырудың бастапқы кезеңiнде капиталдың
алғашқы салымын жасау керек. Бастапқы капитал деп өндiрiстiң бастапқы
кезенiнде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы капитал
кәсiпорын тiркеуге, банкте есеп-шот ашуға немесе жалға алу қызметтерiнде,
ғимараттарды жөндеуге, оны қайта құруға, машиналар, құрал-жабдықтар,
патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

ІІ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

2.1 Ғылыми-техникалыө прогресті қаржыландырудың маңызы мен қажеттігі

Өндірістің тиімділігін арттыруда қаржының рөлі сондай-ақ ғылыми
техникалық прогресті жетілдіруге, оны қолдауға арналған қаржылық
жұмсалымдармен де тығыз байланысты болып келеді.
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
кезеңдерге, тиісінше ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның
ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық
зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және
басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру
көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.
Ғылым жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет
сферасына жатады: мәселен ғылым түгелдей коммерцтялық критерийлерге түсіп
кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны
революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді
қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-
техникалық, инвестициялық, экологиялық және өзге де бағдарламалар мен
жобаларды қаржыландырудың орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі
мүмкін.
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпы
мемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргерлі зерттеулерге, салааралық
проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-
техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп
қорларынан және банк несиелері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар
өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті
нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен
тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.
ҒТП-ні жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-нің басым
бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен
жеңілдікті несиелер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде
арнайы құрылатын көтеріңкі шығындардың инвестициялық қорлары есебінен
өтемақы төлеу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдетілген амортизациясын
қолдануболып табылуы мүмкін.
Экономиканы тиімді дамытуда негізгі шығындардың бірі болып табылатын
ҒТП-ні қаржымен қастамасыз етудің көзі қаржылық қолдау көрсетуге арналған
инновациялық қорлардың ресурстары бола алады; бұл қорлар салаларда немесе
аймақсатрда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың,
банктердің басқа мүдделі кәсіпоырндар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің
жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін.
Соңғы уақытта алдын ала ескерілген шарттарда нақтылы ғылыми
зерттеулер жүргізуге азаматтар мен заңды ұйымдардың, соның ішінде шетелдік,
халықаралық ұйымдардың да өтеусіз және қайтарусыз беретін гранттары –
арнаулы ақша және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың
демеушілік сияқты көзі айқын дамып келеді. Негізінен бұл нысан мақсатты
қолданбалы зерттеулер мен енгізбелік жұмыстарды қолдау үшін қолданылады.
Кейін жекеше бизнестің дамуына қарай, бұл көз іргерлі зерттеулерді
қаржыландыруда көрнекті рөл атқарады.
Шаруашылықтың басқару органдары ғылыми-зерттеу, тәжірибе-
конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсінетін өнімдердің жаңа
түрлерін игерудің арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын
құра алады.
Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда
күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржы ресурстарын орталықтандыруды
қажет етеді. Ірі ресурстар не шаруашылық субъектілердің, аймақтардың,
егеменді мемлекеттердің аударымы жолымен шоғырландырылуы, немесе жеткілікті
ірі бюджеттен мақсатты арналым түрінде бөлінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржыландыру
Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның мәнi мен экономикадағы ролi
Жапониядағы ғылыми-техникалық прогресстің жалпы дамуы
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКТТІҢ РӨЛІ
Ағылшын және қазақ тіліндегі терминдер
Пәндер