ҚР жерге жеке меншік құқығы



Кіріспе
І Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқықығының жалпы сипаттамасы
1.1 Жерге меншік құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама ... ... ... ... ...
ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының түрлері
2.1 Жерге мемлекеттік меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Жерге жеке меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.1 Жерге жеке меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.2 Жерге жеке меншік құқының субьектісі мен обьектісі ... ... ... .
2.2.3 Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылуы негіздері ... ... ... ...
ІІІ Тарау . Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау
3.1. Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейін қазақ жеріне меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері бірнеше дәуірлі кезеңдерден өткені мәлім.
Қазақстан Республикасындағы жерлерді дұрыс «иелену және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды пайдалану әрбір азаматтың конституциялық борышы мен алға қойған мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде меншікті пайдалану құқығын бірінші орынға қояды, себебі жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының мазмұны болып қоғам игіліне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы болып табылатындығы анық.
Меншік құқығы үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие болатындығы анық, сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылып, теңдей қорғалады.
Осы мемлекеттік және жеке меншік құқығы туралы қысқаша тоқталып кететін болсақ, жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995-жылғы Конституциясында бекітілді. Бұл жерде тек қана бір ғана меншік иесі мемлекет екенін білдіріп келгені сөзсіз.
Ал жеке меншік құқығының осы құқық субьектілерінің топырақ құнарлылығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттыратындығы анық.
Алайда, жерге жеке меншік алғашқы рет 1995 жылы Конституцияның 6-бабында бекітілді, Конституцияның бұл нормасының негізінде жер учаскісіне жеке меншік заң шығару тәртібінде белгіленіп, одан әрі дамығандығы сөзсіз. Сондықтан, мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Назарбаев Н. Ә. Өткенді саралау және қоғамды одан әрі демократиялық жолмен реформалау // Халық кеңесі, 1995, 1 – шілде.
10. Косанов Ж. Право собственности и иные вещные права на землю. Алматы, ТОО «Айдана», 2000 г.
11. Крассов О.И. Право частной собственности на землю. – М.: ЮРИСТЪ, 2000 г.
12. Стамкулов А.С., Стамкулова Г.А. Земельное право Республики Казахстан (общая часть): Учебное пособие. – Алматы, 2004.
13. Петров В.В. Земельное право России. – Стоглавь, 1995 г.
14. Жариков Ю.Г., Улюкаев В.Х. и др. Земельное право. - М.: Былина, 2000 г.
15. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, Жеті Жарғы, 2003 г.
16. Абраимов Б.Ж. Земельные споры: порядок их разрешения в РК. Алматы, Юрист 2001г.
17. Бектурганов А.Е. Земельные правоотношение в Республике Казахстан. – Алматы, Жеті Жарғы 1998.
2. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Учебное пособие, А., Юрист, 1999 год.
3. Дегтярев И.В., Осипов Л.И. Земельное право и земельный кадастр: Учебник. – М.: «ЮридЛит», 1975.
4. Ерофеев Б.В. Земельное право России. Учебник для высш.юрид.заведений. – М.: ООО «Профобразование», 2001 г.
5. Земельное право. Учебник под ред. проф. С.А.Боголюбова. Издательство Норма. М., 2000 г.
6. Земельное право России. Особенная часть: Учебник в двух частях. – М.:ЮРИСТЪ, 2001 г.
7. Иконинская И.А. Земельное право Россииской Федерации. Учебник /2-е изд., перераб. и доп. – М.:ЮРИСТЪ, 2001 г.
8. Крассов О.И. Земельное право: Учебник. – М.: ЮРИСТЪ, 2000 г.
9. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы, Данекер, 2001 г.

Пайдаланылған мерзімді басылымдардың тізімі:
1. Стамқұлов Ә., Бектұрғанов А.Е. Жерге меншік құқығының кейбір мәселелері // Әділет министлігінің хабаршысы, 1995 ж.
2. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі нормативтік актілер жинағы, Алматы, Қаржы-қаражат, 1996 ж.
3. Ардаев В.В. Казахстане введена частная собственность // Известия, 1996 г, 4-января.
4. Стамкулов А.С. Проблемы земельного законодательства в Казахстане // Юридическая газета, 1-марта 2000 г.
5. Стамкулов А.С., Урисбаева А.А. Новое земельное законодетельство // Государство и право. 2001г.

Мазмұны
(ҚР Жерге жеке меншік құқығы. Зерттеу жұмысы)
Кіріспе

І Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқықығының жалпы
сипаттамасы

1.1 Жерге меншік құқығының түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға
сипаттама ... ... ... ... ...

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының түрлері

2.1 Жерге мемлекеттік меншік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
2.2 Жерге жеке меншік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.1 Жерге жеке меншік құқығының пайда болу негіздері мен
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.2 Жерге жеке меншік құқының субьектісі мен
обьектісі ... ... ... .
2.2.3 Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылуы негіздері ... ... ... ...

ІІІ Тарау . Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау

3.1. Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кiрiспе

Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін алғанға дейін қазақ жеріне меншік құқығын жүзеге асыру
тәсілдері бірнеше дәуірлі кезеңдерден өткені мәлім.
Қазақстан Республикасындағы жерлерді дұрыс иелену және болашақ
ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды пайдалану әрбір азаматтың
конституциялық борышы мен алға қойған мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде
меншікті пайдалану құқығын бірінші орынға қояды, себебі жерге мемлекеттік
меншік пен жеке меншік құқықтарының мазмұны болып қоғам игіліне қызмет
ететін жерді пайдалану құқығы болып табылатындығы анық.
Меншік құқығы үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге
ие болатындығы анық, сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік және
жеке меншік бірдей танылып, теңдей қорғалады.
Осы мемлекеттік және жеке меншік құқығы туралы қысқаша тоқталып
кететін болсақ, жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында
алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан
Республикасының 1995-жылғы Конституциясында бекітілді. Бұл жерде тек қана
бір ғана меншік иесі мемлекет екенін білдіріп келгені сөзсіз.
Ал жеке меншік құқығының осы құқық субьектілерінің топырақ
құнарлылығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты
қамтамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттыратындығы анық.
Алайда, жерге жеке меншік алғашқы рет 1995 жылы Конституцияның 6-
бабында бекітілді, Конституцияның бұл нормасының негізінде жер учаскісіне
жеке меншік заң шығару тәртібінде белгіленіп, одан әрі дамығандығы сөзсіз.
Сондықтан, мынадай қорытындыға келуге болады:
азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер учаскелеріне
жеке меншігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігінен туындайды
және ол тек аталған тұлғалардың мүдделеріне ғана емес, нарықтық
экономиканың мүдделеріне де жауап беретіндігі сөзсіз.
Ендігі кезекті зерттеу жұмысының құрылымына беретін болсақ, жұмыс
3 тараудан және олардың тиісінше бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың 1-тарауы
“Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы” деп
аталады. Бұл тарауда біз Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының
жалпы сипаттап көрсетіп және жерге меншік құқығының түсінігін, құрамын және
жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама береміз.
Ал зерттеу жұмысының 2-тарауда Қазақстан Республикасының жерге
меншік құқығының түрлерін және жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының
түсінігін ашып көрсетеміз. Бұл тарауда жерге жеке меншік құқығының пайда
болу негіздері мен жолдарын, жерге жеке меншік құқығының субьектісімен
обьектісін ашып көрсетіп, жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздеріне
шолу жасап, тоқталып өтеміз.
3–тарау Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын қорғау деп
аталады. Осы тұста біз меншік құқығының қорғалуын, қарастырып және
жауапкершілік туындаған жағдайда жер туралы заңнаманың орындалуын
қарастырып, оларға құқықтық терең оймен шолу жасаймыз.

І Тарау. Қазақстан Республикасының меншік құқығының жалпы сипаттамасы

1.1 Жерге меншік құқығының түсінігі

Жерге меншік құқығының түсінігі Қазақстан Республикасының Жер
Кодексінің 3-бабында берілген Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік
меншіктікте болады. Жер учаскелелері Жер Кодексінде белгіленген негіздерде,
шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.
Меншік құқығы үшін Қазақстан Республикасы Конституцияның
нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге
ие.
Жер – бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол
табиғаттың басқа да обьектілерімен байланысқа түсе отырып экологиялық мәнге
де ие болады. Жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға
табиғи ортаны жасауы бекер емес. Бұл оның меншік обьектісі
ретіндегі, сонымен қатар, пайдалану және қорғау обьектісі, яғни
табиғи ресурс ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді[1].
Заңдар мен табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының
өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі
нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген. Ол үшін жерлерді экологиялық
пайдаланудың маңызы экономикалық пайдаланудан кем емес.
Жердің меншік обьектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте
белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи
жағдайлар мен қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.
Жерді пайдаланудың ерекшелігі Қазақстан Республикасының жер
қорының нысаналы мақсатын анықтауда ескеріледі (ҚР ЖК 1 – бабының 1-
тармағы ).
Алайда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы жаңа
Жер Кодексінде жоғарыда атап өткеніміздей, Жерге меншік құқығы, жер
пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтардың обьектісі
ретінде таруында ( 5-тарау) және Жер пайдалану құқығы тарауында (4-
тарау ) заттық құқық түсінігі заңды негізсіз қолданылған. 4-тараудың
28-бабында былай делінген; Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып
табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен,
жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
Бұл жерде құқықтық талдауды қажет ететін екі мәселе бар, себебі
олар жер құқығы нормаларын игеруде теориялық және тәжірибелік мәнге
ие; бірінші бұл – жер пайдалану құқығына меншік құқығы нормаларының
қолданылуы; екінші – жер пайдалану құқығына меншік құқығы
нормаларының қолданылуы Жер Кодексіне және заттық құқықтың
табиғатына қайшы келмеуі.
Затық құқықты түсіндіруде А.Е.Бектұрғанов та өз пікірін білдіріп
кетеді. Оған сәйкес Заттық құқық терминін қолдану Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6-бабына қайшы келеді. Қазақстан
Республикасы Конституциясы жерді екі мағынада қарастырады:
біріншіден, табиғи ресурс ретінде, екіншіден, меншік құқығы
ретінде. Ал, бұл бапта заттық құқық атауы жоқ[2].
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 12-бабына Жер
кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қарастырылған жер учаскісін
немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу, жер үлесі,
жер ресурстары, жер, кондоминимум, жер қатынастарының
обьектісі, меншік құқығының обьектісі, жер пайдалану құқығы,
жер учаскісіне жеке меншік құқығы, сервитут, шартты жер
үлгісі. Бұл жерде заттық құқықтың анықтамасы жоқ, яғни
аталған түсініктердің барлығының заттық құқықпен байланысы жоқ.
Жерге меншік құқығы және жер пайдалану құқығы – жерді
табиғи орта мен оның жағдайларынан ажыратылмайтын жалғыз
табиғи обьект ретінде пайдалану мен оған меншіктің ерекше
түрлері. Сол себептен жерге меншік құқығы мен жер пайдалану
құқығының обьектісі ретінде жеке және мемлекеттік меншік
құқығы мен жер пайдалану құқығы субьектілерінің, олардың
шаруашылық жүргізу нысандарына қарамастан құқықтары мен
міндеттері орнықтырылады[3].
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және
оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы
жерлерде жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің
табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан
жері, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың
есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы
мәліметтердің, өгзе де қажетті мәліметтердің жүйесі болып
табылады.
Жерге меншік нысандарында, жердің нысаналы мақсаты мен
пайдалану сиптына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық
жері жер мониторингінің обьектісі болып табылады.
Жер Кодексімен көзделген бұл шаралар да заттық құқық
туралы мәселе қозғалмаған.
Жер Кодексінің нормалары заттық құқықтық емес,
Қазақстан Республикасы жер қорының құрамына кіретін барлық
жерлердің нысаналы мақсатын көздейді.
Жер Кодексінің нормалары барлық жерлердің, соның ішінде
оның бөліктері – жер учаскелерінің нысаналы мақсатын
көздейді.
Мемлекет барлық жерлердің, соның ішінде, жеке меншікке,
жер пайдалану құқығына (жалға) берілген барлық жер
учаскелерінің нысаналы мақсатын анықтайды, ал заттық құқықтарға
нысаналы мақсат орнықтыру мүмкін емес. Жер учаскелерінің
меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскесін
пайдалану және беру кезінде оның нысаналы мақсатын өз
бетімен өзгертуге құқығы жоқ.
Мемлекет мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жер
қорын басқаруды және меншік нысанына, жер пайдалану
құқығына және шаруашылық жүргізуге қарамастан барлық жерлерді
пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады[4].
Барлық тұлғаларға жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы
заңдарының нормаларына сәйкес, ал басқа мемлекетке беру өзара шартта
көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Жердің
нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік
бақылау, мемлекеттің жер учаскелерін нормалауы, беру мен
сатуы сияқты нормаларды азаматтық заңнама заттық құқықтың
обьектілеріне қатысты қарастырылмайды.
Сол себепті, Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің (Жалпы бөлім) 1-бабында көрсетілгендей, табиғи
ресурстар мен қоршаған ортаны пайдалануға қатысты
қатынастарға, егер олар сол баптың 1-тармағында көзделген
белгілерге жауап берсе, бұл қатынастар табиғи ресурстарды
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамамен
реттелмеген жағдайда ғана азаматтық заңнама
қолданылады[5].
Мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының жер
заңдарымен белгіленген жерді пайдалану мен оның жағдайы
туралы мәліметтерді уақытылы беріп отыру жер
учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың
міндеті болып табылады.

1.2 Жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама

Адамдардың арасындағы қатынастарда ешқандай да әрекет
саналы ойсыз, қалаулы мақсатсыз жасалмайды.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу осындай
реттеудің мақсаты мен міндеттері болған жағдайда мүмкін
емес, себебі, құқықтық реттеуге қатысты белгілі бір
мақсаттар мен міндеттерге жету заң шығарушы органдар
мен халық үшін қалаулы нәтиже болып табылады[6].
Мұндай нәтиже нормативтік құқықтық актілерді
дайындау, қабылдау және орындау процесінде жүзеге асырылады
. Сондықтан да, заңнаманың мақсаттары мен міндеттері кез-
келген заңнаманың негізгі нормалары болып табылады, және олар
заңнаманың негізгі нормалары болып жекелеген институтты құрайтын
заңнаманың қағидаларымен тығыз байланыстылықта болады. Кейбір заңдар мен
заң актілерінде мақсаттар, міндеттер және қағидалар әрқашан да көрсетіле
бермейді. Алайда, бұл дегеніміз мұндай заңдар мен заң
актілерінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары жоқ
дегенді білдірмейді. Мысалы, жақында қабылданған Қазақстан
Республикасының Орман Кодексінде орман туралы заңнаманың
мақсаттары мен міндеттері туралы арнайы нормалар жоқ.
1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің
Мұнай туралы Жарлығында да бұл заң шығарушы актінің
мақсаттары, міндеттері және қағидалары көрсетілмеген.
Жердің жай-күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі,
оны қамтамасыз ету жер мониторингін жүргізу арқылы жүзеге
асырылады (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 159-бабы).
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң түсiндiрмесiнде аталғанда,
табиғи ресурстық құқық (соның iшiнде, жер, су және орман
құқықтары) және экологиялық заңнама құқықтық дербес салаларына
бөлiнiп шықты. Олардың өздерiне тән құқықтық қатынастарды
реттейтiн нормалары мен азаматтық заңнаманың арасында
қайшылықтар болған жағдайда аталған құқық салаларының нормалары
жоғарғы заң күшiне ие болатын болды. Осылай, азаматтық
заңнама табиғи ресурстық және экологиялық құқықтық нормаларына
айрықша мән бередi.
Сол себептi, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 28
- бабының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының
жерге меншiк құқығы туралы нормаларына, Жер кодексiнiң өзiне
және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 1 –
бабының нормаларына қайшы келедi. Осыған сәйкес, Қазақстан
Республикасының Жер Кодексiнiң 2 – бөлiмi мен 5 – тарауының
атауларынан “Заттық құқық” сөзiн алып тастау қажет. Ал
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 28 – бабының мәтiнiн
өзгертiп, былай көрсеткен жөн. “Жер пайдалану құқығы – бұл
тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн мерзiмсiз ( тұрақты
жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiмде (уақытша жер
пайдалану ) ақылы немесе ақысыз негiзде иелену және пайдалану
құқығы”. Бұл өзгерту Қазқстан Республикасы Жер кодексiнiң
12 – бабының 30 – тармағына сәйкес келедi. Жер кодексi 28 –
бабы мәтiнiнiң мұндай өзгерiстерi бұл Кодекстiң басқа
нормаларына ешбiр өзгерту әкелмейдi. Себебi, Қазақстан
Республикасы Жер Кодексiнiң 6 – бабының 4 – тармағына сәйкес,
егер Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында жер
қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану
және оларға билiк ету, сондай- ақ олармен мәмiле жасасу
бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдарымен реттеледi.
Жер туралы заңнама мен азаматтық заңнаманың жер учаскелерiнiң
режимiне қатысты және байланысына қатысты айырмашылықтары бар. Соларға
тоқтала кететiн болсақ:
- Нысаналы мақсатты қарастырады (ҚР ЖК 1- бабы) бойынша,
ал азаматтық заңнамада нысаналы мақсатты қарастырмайды;
- Нысаналы мақсатты мемлекет анықтайды (ҚР ЖҚ 1- бабы)
бойынша, ал азаматтық заңнамада заттардың нысаналы мақсаты мемлекетпен
анықталмайды;
- Мемлекеттiк басқару жүзеге асырылады ( ҚР ЖҚ 13-19-шы)
баптары бойынша, ал азаматтық заңнамада жеке меншiк иелерiне
тиесiлi заттар мемлекетпен басқарылмайды;
- Жер учаскелерiн ұтымды және нысаналы пайдалануға
және де қорғауға мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады ( ҚР ЖҚ 18
– тарауы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттық нысаналы және
ұтымды пайдалануына мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылмайды;
- Мемлекеттiк органдар жер учаскесiнiң мониторингiн
жүзеге асырады ( ҚР ЖҚ 159- бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада
заттардың жер мониторингiне ұқсас мониторингi жүргiзiлмейдi;
- Мемлекеттiк жер кадастры жүргiзiледi ( ҚР ЖК 152 –
бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттар табиғи обьект
ретiнде кадастрға жатпайды;
- Табысталған жер учаскелерi қатаң нормаланып отырады
(ҚРЖК 50 – бабы ) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттың,
мүлiктiң нормасын, санын, көлемiн анықтамайды;
- Жер учаскелерi меншiк құқығы мен жер пайдалану
құқығының обьектiсi бола тұра табиғи ресурс ретiнде қорғау
обьектiсi түрiндегi қасиетiн де жоғалтпайды ( ҚР ЖК 18 –тарауы)
бойынша, ал азаматтық заңнама бойынша адам жасаған заттар
табиғат обьектiсi және оны қорғау обьектiсi бола алмайды.
Оларға жер туралы және экологиялық заңдармен реттелетiн табиғи
ресурстарды қалпына келтiру мен өндiру, соның iшiнде, жер
учаскелерiнiң құнарлығын қалпына келтiру туралы нормалардың қатысы
жоқ;
- Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың
құқықтары мен мiндеттерiне иелену, пайдалану және билiк ету
ғана емес, жер учаскелерiн табиғат және қоршаған ортаның
обьектiсi ретiнде антропогендiк әсер етуден қорғауы да кiредi (
ҚРЖК 140 – бабы) бойынша, ал азаматтық заңнама меншiк иелерiнiң
заттық құқықтық обьектiлерiне мұндай құқықтары мен мiндеттерiн
көздемейдi;
- Мемлекет заңнамада көзделген жағдайларда жер
учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қоюы мүмкiн ( ҚР
ЖК 84 – бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада мұндай нормалар
жоқ;
- Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының
жер учаскесiн және сервитутты пайдаланудың нысаналы мақсаты
мен режимiн және нормативтiк құқықтық актiлерi негiздерiнде
белгiленген басқа да пайдалану талаптарын өз бетiнше өзгертуге
болмайды ( ҚР ЖК 65 – бабының 4 – тармағы) бойынша, ал азаматтық
құқықта заттың құқықтық режимi заңнамада белгiленген тәртiппен
емес, осы заттың меншiк иесiмен анықталады.
Бұл көрсетiлген айырмашылықтарда көрiнiп тұрғандай, жеке
немесе жер учаскелерiнiң құқықтық режимi тек жер туралы
заңнамамен қарастырылған, азаматтық заңнама да осыған ұқсас
нормалар жоқ. Егер жер учаскелерiнiң аталған құқықтық
режимдерiнiң түрлерiн заттық құқықтық нормалары ретiнде азаматтық
заңнамаға енгiзетiн болсақ, бұл азаматтық құқықпен реттелетiн
заттық құқықтық табиғатына қайшы келетiн едi.
Қазақстан Республикасындағы жерге меншiк Қазақстан
Республикасы жер заңдарының мiндеттерiне, нарық жағдайындағы
экономиканың даму шарттарына жауап бередi.

II Қазақстан Республикасының жерге меншiк құқығының түрлерi

2.1 Жерге мемлекеттiк меншiк құқығының мазмұны

Мемлекет - Қазақстан Республикасы меншiк құқығының
субьектiсi ретiнде белгiлi бiр әрекеттердi өз бетiмен жүзеге асыру
құқығы ие. Заң бұл әрекеттердi жерге меншiк иесiнiң құқықтары шегiнде
анықтайды. Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 21-бабына сәйкес,
меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға
және оған билiк етуге құқығы бар. Жер учаскесiнiң меншiк
иесi Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде,
шарттар мен шектерде асыра алады.
Жер иелену құқығы – жердi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асырудың
заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi деп түсіндіреді жер құқығы
теориясының өкілі А.Х. Хаджиев[7].
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттегi меншiктегi жер
учаскесiн ақылы және (немесе) ақысыз негiзде шектеусiз
мерзiмге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде
уақытша жер пайдалану иелену және пайдалану құқығы.
Жалпы билік ету құқығы - мемлекеттiң Қазақстан Республикасы
аумағындағы мүліктің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз
етiлген құқығы, сондай – ақ жердiң жеке меншiк иесiнiң өз
мүлкіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым
салынбаған мәмiлелер жасауды білдіреді[8].
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнде және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден
басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға
болмайды (ҚР ЖК 29-бабының 2-тармағы).
Демек, егер мұндай әрекеттер заңдарда көздемесе немесе
құқықтық негiзi болмаса, мемлекеттiк басқару органдары ешкiмдi
жер пайдалану құқығынан айыруға құқығы жоқ.
Мұндай ереженiң нақты мысалы ретiнде Қазақстан
Республикасы Жер кодексiнiң 26-бабының 5-тармағындағы нормаларды
атуға болады. Оған сәйкес, мемлкеттiк меншiктегi жер учаскелерi
жеке меншiкте бола алатын жағдайда, азаматтар мен мемлекеттiк емес
заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiң жердiң меншiк иесi ретiнде мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Конституциясымен; мемлекеттiк басқару
органдарының мiндеттерi Жер Кодексiмен, 2001 жылғы 23-қаңтардағы
“Қазақстан Республикасының Жергiлiктi мемелекеттiк басқару
туралы” заңымен реттеледi.
Мемлекеттiк жерге меншiк иесi ретiндегi құқықтарын Жер
Кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде
бекiтiлген құзыреттiлiктерiне сәйкес, мемлекеттiк органдар жүзеге
асырады (ҚРЖК 13-19 баптары).
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк билiктiң функциясын
келесi нысандарда жүзеге асырады:
1. ҚР ЖК-нiң 27-бабы бойынша, жер учаскесiн беру (табыстау,
сату – сатып алу);
2. ҚР ЖК-нiң 84-бабы бойынша, жер учаскесiн мемлекеттiк
қажеттiктер үшiн алып қою арқылы;
3. ҚР ЖК-нiң 92-93-баптарының мазмұнына сәйкес, мақсаты бойынша
пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза
отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер
пайдаланушыдан алып қою арқылы;
4. ҚР ЖК – нiң 94- бабы бойынша, төтенше жағдайлар кезiнде
жер учаскесiн алып қою арқылы;
5. ҚР ЖК-не сәйкес, радиоактивтiк ластануға ұшыраған жердi меншiк
иесiне құны тең басқа жер учаскесiн бере отырып алып қою арқылы:
6. ҚР ЖК – нiң бабы бойынша, тәркiлеу.
Мемлекеттiк меншiк құқығының обьектiлерi болып жеке
меншiкке берiлмеген жерлердiң барлығы табылады. Бұл мәселенi
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 26-бабында толығырақ ашып
көрсеткен. Оған сәйкес, мемлекеттiк билiк органдарына,
мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне
пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан,
сауықтыру және тарихи – мәдени мақсаттағы, орман және су
қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы
жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттерi мен
ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық
алқаптар, сондай-ақ, жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы
жайылымдар мен басқа да жерлер меншiкте болады.

2.2 Жерге жеке меншік құқығының мазмұны

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 21 – бабының 1 –
тармағы меншік құқығының мазмұнынын ашады, ол жерге мемлекеттік
мазмұнының түсінігі мен жерге жеке меншік құқығының мазмұнын
қамтитын және меншік иесіне өз учаскесіне қатысты иелену,
пайдалану және билік ету құқықтары тиесілі екендігін көздейді.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, жер
учаскесінің меншік иесі Жер Кодексінде және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде,
шарттар мен шектерде меншік құқығын жүзеге асыра алады.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке
меншік құқығындағы жер учаскесін иелену, пайдалану және оған
билік етудің түсігімен ашылады . Және де айта кететін бір
жайт, бұлар жер учаскесіне жеке меншік құқығының түсінігімен
тығыз байланысты[9].
Жерді иелену, нақтырақ айтқанда, жер учаскесін иелену
құқығы – бұл жерді (жер учаскесін) меншік иесінің жерді іс
жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген
мүмкіндігі .
Жеке меншік құқығындағы жер учаскесін жер пайдалану құқығын жер
учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану іс жүзінде пайдалану деп
түсінген жөн (ҚР ЖК 64-бабы). Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің
12-бабының 30-тармағында берілген анықтама жер учаскелеріне жеке
меншік құқығына қатысы жоқ, себебі, бұл анықтама мемлекеттік меншіктегі
жер учаскелерін көздейді .
Жеке меншіктегі жер учаскесіне билік ету – бұл жердің
жеке меншік иесінің өзінің жер учасексіне қатысты Қазақстан
Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер
жасауға құқылы.
Жер Кодексінде меншік иесінің жер учаскесіне қатысты
құқықтарының үш түрі көзделген:
1 ) жеке меншік құқығын іске асыру құқығы 25-бап, егер Жер
Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік
органдардың қандай да бір рұқсатын алмай жер учаскесін өз қалауынша
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.
Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы
мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым
салынбаған кез келген мәмілелер жасасуға құқылы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің меншік иелері
аталған құқықтарды Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің ережелерін
ескере отырып жүзеге асырады.
Жер учаскесінде меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған
кезде барлық ауыртпашылықтарымен беріледі[10].
Жер учаскесінің меншік иесі оның нысаналы мақсатын
өзгертпей, жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың
негізінде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесін
уақытша пайдалану туралы жалдау шарты (жалға алушы мен )немесе
(ақысыз пайдалану туралы шарт ақысыз пайдаланушымен ) нысанында
жасалады (ҚР ЖК 25 – бабы);
2) Жер учаскесіне құқық шектері (42-бап), егер Қазақстан
Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне
құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстінгі қабатына,
тұйық су айдындарында екпелерге қолданылады.
Жер учаскесі меншік иесінің топырақ астындағы жер қойнауын
пайдалануы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес жер
қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес жүзеге асырылады[11].
Кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге және жеке
қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалну құқығын
табыстау қойында кең тараған пайдалы қазбалар жер асты
сулары бар жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер
пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі (ҚР ЖК 42 - бабы );
3) жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары (64 – бап)
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 64-65 баптарында қарастырылған
жер учаскелері меншік иелерінің құқықтары жер учаскелері
меншік иелері мен жер пайдаланушыларыдың кешенді құқықтары
болып табылады, олар Жер учаскелері меншік иелерімен жер
пайдаланушылардың жер учаскелері пайдалану кезінде құқықтары
мен міндеттері тарауында қарастырылады.
Шаруа қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығының табысталуына
мүдделі азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер
учаскесіне жеке меншік құқығын жеке учаскесінің Қазақстан
Республикасының Жер Кодексінің 10 және 11-баптарына сәйкес
анықталған кадастрлық бағалау құқығына сәйкес сатып алуға
және оның кадастрлық бағалау құқығына қарай айқындалатын
жеңілдікті бағамен сатып алуына болады.
Бұл ретте әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жер
учаскелеріне жеңілдікті бағаның нақты мөлшерін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
Жер учаскеіне жеке меншік құқығын сатып алу ақысын
толық төлеген тұлғаның Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 24-
ші бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жер учаскесімен
Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған мәмілелердің кез
келген түрін жасауға аталған баптың 2-тармағының 2-тармақшасына
сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден 10
жыл өткенен кейін, жер учаскесімен Қазақстан Республикасының заңдарында
тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасауға құқығы бар. Бұл
шектеу жер учаскесін кепілге салуға таралмайды.
Жер учаскелерін сатып алған кезде сатып алу сомасын
төлеу жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алатын
тұлғаның жазбаша өтініші бойынша 10 – жылға дейін төлеу
мерзімі ұзарту арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған
тұлғаларға учаскесінің бағасын толық төлегенге дейін мәміле
(сату, жалға немесе ақысыз пайдалануға беру) шаруашылық
субьектілердің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде
беру жасасуға тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен төлеу
мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасауға,
оның сатып бағаға толық төленгеннен кейін он жыл өткен соң
құқық беріледі.
Аталған тұлғаларға жер учаскесін кепілге беруіне оның
сатып алу бағасының кемінде елу процентін төлеген
жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте жер учаскесін сатып
алу төленген белгілі бір ғана кепіл нысанасы бола
алады.
Жер учаскесіне қатысты меншік құқығын жүзеге
асырудың бір түрі болып Қазақстан Республикасының Жер
Кодексінің 76 – бабында көзделген жер учаскесінің кепілге беру
табылады, бұл бапқа сәйкес жер учаскесін кепілге беруге
жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ережелер қолданылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік
иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесі мемлекет
меншігіне қайтарылуға тиіс не жер учаскесіне құқық 10
жылға дейін жалдау шартымен уақытша жер пайдалану
құқығына бір жыл ішінде қайта рәсімделуге тиіс. Жер учакесі
мемлекет меншігіне қайтарған кезде, жер учаскесінің сатып
алу бағасы меншік иесіне осы учаскіні мемлекттен сатып
алған баға бойынша, жер учаскелерін сатудан түскен қаражат
есебінен төленеді[12].
Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін сатып
алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен
Қазақстакн Респуликасының азаматына сатылуы мүмкін (ҚР ЖК – 24
–бабы).
Жер учаскесіне ортақ меншік құқығы меншік құқығы
жүзеге асыру келесі тарауда қарастырылады.

2.2.1 Жерге жеке меншік құқығының пайда болу негізі мен жолдары

Жоғарыда аталып кеткендей, жерге жеке меншік құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясында және 2003 – жылғы 20 –
шы маусымдағы Жер Кодексіндегі бекітілген. Бұл құқық меншік
иесінің Қазақстан Республикасы Жер Кодексінде көзделген
құқықтарының барлығын жүзеге асырудың заңды негізі болып
табылады.
Жер учаскесіне меншік құқығы мына жолдар арқылы
туындайды:
1) меншік құқығын табыстау;
2) меншік құқығын беру;
3) меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық мұраға қалдыру,
заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу тәртібі бойынша ауысуы.
Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің
нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс[13].
Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды
:
1 ) мемлекеттік органдар актілер негізінде
2 ) азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде
3 ) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
негіздерде (ҚР ЖК 22-бабы).
Азаматтар мен заңды тұлғаларды тиісті жер учаскесіне
қатысты сәйкес құқықтардың туындауының негізі болып табылатын
құжаттар ҚР ЖК 12-бабының 33-тармағында құқық белгілейтін
деп аталған.
Құқық белгілейтін құжаттарға атқарушы органдардың жер
учаскесіне құқықты табыстау туралы құқықтық актілері, сату-
сатып алу шарттары (айырбас, сыйға тарту және жер
учаскесін беру туралы басқа да мәмілер) және сот
органдарының жер учаскесіне меншік құқықығын, жер
пайдалану шешімдері құқығын және жерге қатысты басқа
да құқықтардың тануы туралы шешімдер жатады. Құқық
белгілейтін құжаттардың негізінде жер ресурстарын басқару
жөніндегі аумақтық оргондардың (ҚР ЖҚ 14 – бабында
көзделген) жер учаскесінінің өзіндік сипатын көрсететін
құқық куәландыратын құжаттарды бекітеді. Құқық куаландыратын құжаттарға
жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты
жер пайдалану құқығы актісі және уақытша жер
пайдалану құқығы актісі жатады ( ҚР ЖК 12- бабының 33- ші
және 34- ші тармақтары).
Қазақстан Республикасы жерге меншік иесінің құқықтары жерге
меншік құқығының аталған мазмұнымен шектелмейді. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасында мемлекет жерге рента құқығын иеленіп,
мемлекеттік билік ету тәртібін бекітеді[14].
Егер де мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және
билік ету Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен қоса
Қазақстан Республикасының 2001- жылғы 12- маусымдағы Салықтар
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы заңымен (Салық кодексімен) реттеледі.
Меншік пен жер пайдаланудың және билік етудің жалпы ережелерін
мемлекет, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі және басқа да заң
шығарушы актілер, соның ішінде, жер құқығының қайнар көздері
тарауында аталған Қазақстан Республикасының заң шығарушы
актілері анықтайды.
Мемлекеттік мұндай жалпы өкілеттіктерінің мемлекеттің
жер қорын мемлекттік реттеу өкілеттіктерінің қатарынан
қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 27 – бабына
сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны
білдіреді:
Мемлекттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
1 ) жеке меншікке сатылуы немесе ақысыз берілуі;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;
3) Жер кодексіндегі , Қазақстан Республикасының өзге де
заң актілеріндегі немесе халықаралық шарттарда көзделген
жағдайлардан өзге де құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы
мүмкін . Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 -
бабының 8 - тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер
учаскелері және ол жер учаскелерін жалдау құқығы
аукционда сату объектілері болуы мүмкін. Аукционда сатуға
ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесін немесе жер
учаскелерін жалға беру тәртібін жергілікті атқарушы
оргондар анықталып, жергілікті өкілді оргондардың сәйкес
шешімдерімен бекітіледі.
Бұлардың барлығы мемлекттің билік жүргізу функциялары
болып табылады. Қазақстан Жер Кодексінің 21 – бабының 2 –
тармағына сәйкес, жердің меншік иесі ретіндегі мемлекекттік
құқықтарын ҚР ЖК 13 - 19 баптарында, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 – жылғы 23 - қарашадағы № 1776 Қазақстан
Республикасының жер ресурстарын. басқару жөніндегі агентігі
туралы ережесінде және өзге де заң актілерінде
белгілерінде өз құзіретіне сәйкес мемлекеттік оргондар
жүзеге асырады.
ҚР ЖК 22 – бабының 1 – тармағында көзделген, жер учаскесіне
меншік құқығын табыстау мемлекеттік органдар актілерінің
негізінде туындайды.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінде меншік құқығындағы
жер учаскесін табыстау тәртібі туралы арнайы бап жоқ.
Дегенмен, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 22 – бабының 1
– тармағындағы Жер учаскесіне меншік құқығының туындауы
меншік құқығы жөніндегі ережелер қарастырылмаған . Бұл бапты
Меншік құқығындағы жер учаскесін табыстау деп атаған жөн
болар еді. Сонымен қатар, Жер Кодексінде жер учаскесін жер
пайдалануға табыстаудың күрделі жүйесі орын алған. Сол
себепті, Жер Кодексінің жер учаскелерін меншікке табыстау
тәртібі туралы нормаларын талдау қажет[15].
Жер Кодексінде жер учаскелерін табыстау тәртібін
көздейтн екі бап бар. Біріншішісі, 32 – бап Жер пайдалану
құқығын табыстау, ал екінші 43 – бап Жер учаскесіне құқықты
табыстау тәртібі. 32 – баптың мазмұны 43 – баптың мазмұнына
қарағанда өзгеше. Бұл мынадан көрініс табады: ҚР ЖК 32 – бабы
негізінен жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін жергілікті
атқарушушы органдардың табыстау тәртібін қарастырса, 43 – бап
жер пайдалану және және жеке меншік құқығындағы жер
учаскелерін жергілікті атқарушы органдардың табыстау тәртібін,
соның ішінде, дайындау құқық белгілейтін және құқық
куәландыратын құжаттарды дайындау процесін де қарастырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің Жер
учаскесі – меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзгеде
заттық құқықтардың обьектісі ретінде атты бесінші тарауында
мынадай ережелер қарастырылған ;
- Жер учаскелерін обьектілер құрылысы үшін беру (44–
бап)
- Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерін беру (45 –
бап )
- Ормандарға жер учаскелерін беру (46 – бап);
- Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу
(47 – бап );
- Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды
сауда – саттықта конкурстарда, аукциондарда алу (48 – бап);
- Мемлкет меншігіндегі жер учаскелерін төлеу мерзімін
ұзартып сату кезінде оларға құқықтар алу (49 – бап ).
47, 48, 49 – баптарының атауы ҚР ЖК 5 – тарауының атына
сәйкес олардың орналасу ретіне қарай аталуы тиіс –
мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру; меншік құқығының,
жер пайдалану құқығының және басқа да құқықтардың
объектісі ретінде төлеу мерзімін ұзартып сату кезінде
мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
Сонымен, жер учаскесіне меншік құқығының пайда
болуының бірінші негізі ретінде ҚР ЖК 43 – бабының нормаларын
атауға болады.
Жер учаскесілеріне меншік құқығының
пайда болуының екінші негізі болып заңды факт ( сату –
сатып алу , жер учаскесін айырбастау, сыйға тарту және т б
)табылады . Ол ҚР ЖҚ – де Меншік құқығын беру ( ҚР ЖҚ 22 –
бабының 2 – тармағы ) және азаматтық құқықтық мәміле ( ҚР ЖҚ
22 - бабының 3 – тармақшасы ) деп аталған.
Жер учаскесін жеке меншікке беру - бұл
жер учаскесіне қатысты азаматтық - құқықтық мәміле.
Бұл жер учаскесі меншік иесінің жер
туралы заңнамада көзделген тәртіпте жүзеге асырылатын
билік жүргізу функциясы.
Меншік иесі өзінің жер учаскесіне
қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан
Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез – келген
мәмілелерді жасасуға құқылы. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерінің меншік иелері аталған құқықтарды Қазақстан
Республикасының Салық кодексінің ережелерін ескере отырып
жүзеге асырады. (РЖК25 - бабының 2 – тармағы ). Жер учаскесі
меншік иесінің бұл функциясының ҚР ЖК 21 – бабының 1 -
тармағындағы билік ету функциясындағы деп, ал 81 – баптың 1-
тармағына иеліктен шығарып беру құқығы (сату - сатып алу,
сыйға тарту, айырбас және т б ) деп аталған.
Билік ету функциясының нысандары болып
мыналар табылады:
1 ) меншік құқығынан (жер учаскесінен ) бас
тарту (ҚРЖК 82- бабы);
2 ) жеке жер учаскесін сату;
3) меншік иесінің жер учаскесін сыйға
тартуы;
4 ) жер учаскесін жеке меншік құқығы
негізінде иеленген азамат қайтыс болған жағдайда жер
учаскесін мұраға алу;
5 ) меншік иесінің немесе жер
пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер
пайдалану құқығынан өндіріп алу ( ҚР ЖК 83 – бабы).
Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында жер
учаскесін берудің салдары меншік құқығының тоқталуына және
заңнамада көзделген тәртіптің, яғни, заңды фактінің негізінде
басқа тұлғаның осы жер учаскесіне қатысты құқығының
туындауына алып келеді.
Субьектінің жоғарыда аталған билік ету
функцияларының нысандарының барлығы азаматтық заңнаманың
нормаларымен реттеледі. Жер туралы заңнама аталған құқықтарды
беру тәртібін жер туралы заңнамадан азаматтық заңнаманың
нормаларына өтетін нормалар ретінде қарастырады.
Заңнамада мұндай өтпелі ережелердің басқа
да түрлері көзделуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда жер учаскесінің меншік
иесі жер учаскесін кімге, қашан, қандай бағаға сатуды,
мұрагерлердің қайсысына жер учаскеін қалдыруды заң бойынша
мұрагерлік жағдайында немесе азаматтық заңнаманың нормаларына
сәйкес мұрагердің мұра алу құқығын болдырмау жағдайын
есептемегенде өзі шешеді.
Меншік құқығының жер пайдалану құқығының
туындауының негіздерінің бірі болып жеке және заңды
тұлғалардың жер учаскесін табыстау туралы өтініші
табылады.
Төменде жеке тұлғалардың жер учаскелерін
табыстау туралы өтініш қараудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығының субъектілері
Пәндер