Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық негіздері



Кіріспе

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді
құрылымдаудың теориялық негіздері.

1.1. Ұлттық экономика түсінігі
1.2. Экономикалық жүйе құрылымы

2. Ұлттық экономикалық жүйелерді дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы
2.1.Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерінің экономикалық жүйлерді дамытуға бағытталған ықпалы
2.2. Жаһандану процесінде ұлттық мәдениеттерді сақтау


3. Жаһандық экономика және Қазақстан


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске айналды. Ұлттық экономика жүйелерін дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы өндіріс факторларының өзгеруі, олардың ақпараттық, интеллектуалды, инновациялық құраушыларының өсуіне де байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы - елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы [1].
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға, тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды. Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
1. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире». Астана, 16 -бет.
2. Садыков А.С. Модернизация экономики Казахстана: теория, тенденции и механизмы: учебное пособие – Шымкент: Кітап, 2007.-300 бет.
3. Сағадиев Ә. «Инновация – негізгі қозғаушы күш» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2006 ж.
4. Авдашева С., Ястребова О. Государственная поддержка в регионах: состояние и проблемы реорганизации // Вопросы экономик, 2001, №5.
5. Тургумбаев Г.А. Актуальные вопросы реструктуризации производственных предприятий // Материалы международной научно-практической конференции «Государство и бизнес в ХХ веке». Алматы, КазНУ, 2003, бет. 135-139.
6. Пригожин А.И. Методы развития организаций М., МЦФЭР, 2005, 864-бет.
7. Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
8. Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2004.
9. Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2005.
10. Статистический ежегодник Казахстана. Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
11. Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
12. Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2003. - №12.
13. Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2004. - №1.
14. Давильбекова Ж.Х. Особенности реформирования промышленности Казахстана в переходной период (теория, методика, практика). – Алматы: РГП «Институт экономических иследований», 2002. – 92-бет.
15. Шокаманов Ю.К. Жаһандану процессі // экономика. 2007. - №3. – 38-39-бет.
16. Бопиева Ж.К. Оценка структурных изменений в экономике Республики Казахстан // Сборник материалов международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы образования и науки на современном этапе», (том 1) – Кокшетау: Кокшетауский университет имени А.Мырзахметова, 2005. – 45-бет.
17. Назарбаев Н.А. К конкурентноспособному Казахстану, конкурентноспособной экономике, конкурентноспособной нации. Послание Президента народу Казахстана // Казахстанская правда, 2004, 19 марта.
18. Диверсификация российской экономики: современные проблемы и задачи (доклад Минэкономразвиия РФ) // Вопросы экономики, 2003, №12, 4-23-бет.
19. Прохоров И. Пародоксы экспорта // Казахстанская правда , 2004, 27 февраля.
20. Жумагулов Б. Наука в стратегии развития страны // Казахстанская правда, 2006, 28 февраля.
21. www.stat.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді
құрылымдаудың теориялық негіздері.

1. Ұлттық экономика түсінігі
2. Экономикалық жүйе құрылымы

2. Ұлттық экономикалық жүйелерді дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы

2.1.Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерінің экономикалық
жүйлерді дамытуға бағытталған ықпалы

2.2. Жаһандану процесінде ұлттық мәдениеттерді сақтау

3. Жаһандық экономика және Қазақстан

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында
экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске
айналды. Ұлттық экономика жүйелерін дамыту үшін жаһандандырудың ықпалы
өндіріс факторларының өзгеруі, олардың ақпараттық, интеллектуалды,
инновациялық құраушыларының өсуіне де байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен
байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық
бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің
жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі
сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған
қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып
келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе
жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның
ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы -
елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы [1].
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада
ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір
секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы
еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола
бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық
нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға,
тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі
құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді
шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік
Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта
өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен
азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды.
Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ,
экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше
одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-
техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген
салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл
кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы
жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
Өңдеуші өнеркәсіптердің де өз құрылымын оптималды дей алмаймыз, себебі
онда мұнайхимиясын дамыту, металллургиядағы жаңа өзгертулер, мұнайгаздық
машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі арқылы өндірісті келешекте
диверсификациялау үшін үлкен жүзеге аспаған мүмкіндіктер бар.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда жаһандандыру түсінігін анықтаудан
бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде
экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен
қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы.
    Жаһандану бүгiнгi таңда ең көп тараған әрi жиi қолданылатын ұғымға
айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында, "Үлкен сегiздiк" елдерi мен
Еуроодақтың саммитерiнде, ғылыми конференцияларда, БАҚ-тарда жиi айтыла
бастады. Бұл сөз бiреулерде сүйiнiш пен таңданыс тудырса, басқаларда ашу
тудыратын болды.     
Дегенмен жаһандану қазiргi таңда тоқтатуға келмейтiн уақыт талабына
айналды. Ол дүниежүзiлiк экономиканың дамуына, жетiлген компьютерлiк
технологияға, бiрiккен ақпараттық кеңiстiк құруға негiзделген. Сондықтан
бұл жерде бөлектенiп қалудың мағынасы жоқ. Жаһандану үрдiсi адам өмiрiнiң
барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-
адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Бұл
салалардың барлығы ақпаратты игеру мен ауыстырудың жылдам қарқынына тартыла
отырып, жаңа сапалық қасиетке ие болды. Бұдан бiз жаһанданудың күрделi,
көпдеңгейлi, қарама-қайшылықты үрдiс екенiн көремiз. 

1. Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық
негіздері
1.1. Ұлттық экономика түсінігі
Құрылым – экономиканың белгілі бір құрылым құрушы белгілері бойынша
негізгі бөлімдерге (құрылымдық элементтер) бөлінуі.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – өндіріс стадиясында салалық экономиканың
қосылған құнның құнын көрсететін, ал тұтыну стадиясында – соңғы тұтыну,
жинақтау немесе экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметердің құнын
көрсететін жалпылаушы көрсеткіш.
Физикалық көлем индексі – шаруашылық субъектердің барлығы бойынша
натуралды көрсеткіштерге сүйенетін бірнеше уақыт кезеңі бойынша өнім
көлемінің өзгеруін сипаттайды.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы
арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту
саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет
ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер
үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-
техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция
қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр.
Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып
отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның
басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі
өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы
қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен
байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге
сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс
әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
1. Қол еңбегіне негіздеген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты
технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде,
адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның
жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек
процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін
машина автоматтар құрайды. Адам өндіріс қатарында творчестволық,
жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы
адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің
қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми
техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
- біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды
жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап
етеді.
- екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер
ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі
кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта
индустрияландыру, ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі
интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды
жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза
технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің
техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын
жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту
және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың
соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің
экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне
тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің
экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы
көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға
бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы
құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады
[2].
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-
техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің
ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың
мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық
өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек
өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда 2,5 - 3 есе
жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық
қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз
етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші
өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың
үлесіне тиеді.
Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің
мақсаты:
Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын
азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа
құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына
ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында
құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының
арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі
кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық
өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа
бір саланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша
фирмалардың ғылыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды.
Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-
ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін
тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім
экономикасы түрлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті
жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы
алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған елдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп
жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция
анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес,
сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық
қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның
статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол
стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде
бейнеленген, онда әрбір есеп-шот табыс және шығын матрицаларда көрсетілген.
Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған
айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін
қоғамдық матрицаларда қолданады.
Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және
басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау
процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы
ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру
енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы:
жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы
және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет
жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы
балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін
құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы
жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып
табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша,
қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады.
Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша,
қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-
ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерін де өндіреді.
Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы)
қоғамдық өкіледі жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда
құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары)
жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі:
натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-
жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық
өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс, құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші
бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын
алып топтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын
болдырмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне
ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының
қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз), меншіктен табыс, корпорация
пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ)
мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД – жанама салықтар
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін
жан басына шаңқандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлттық өндіріс көлемін
өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім
құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс
факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен ажырата
білген жөн. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдегі қолданылған
ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және
т.б.) артық болады [3].
2. Экономикалық жүйе құрылымы
Сыртқы экономикалық операциялар бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей сол елде
өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын
қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-
да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі американдық өндіріс факторы
басқа елде қолданса, онда олардың құны да ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық
фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім
мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, ол өзіне
тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы
түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз,
сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек
бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың
арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы
элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы
өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің
қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының,
факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара
тәуелділікті сипаттайды.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы
көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту
саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет
ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер
үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-
техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық революция
қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр.
Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып
отыр.
Экономиканың құрылымы пропорцияларды көрсетіп, дамудың нәтижесін
көрсетіп және оның тұрақтылығын сипаттаушы болып келуімен қатар,
келешектегі экономикалық өсудің маңызды алғышарты болып келеді. Елдің
әлемдік экономикалық жүйеде өз позициясын алу, оның экономикалық
қауіпсіздігі және халықтың тұрмыс жағдайының сапасы көбімен экономика
құрылымының балансталуымен анықталады, бұл құрылымдық диспропорцияларды
анықтауда және дамудың адекватты басымдылықтарын таңдауда оның ғылымилығын
көрсетеді.
Экономиканың құрылымы ұлттық экономиканың түрлі бөліктерін (құрылымдық
элементтерін) бір бүтінге біріктіреді. Экономикалық өсудің үлкен және
тұрақты қарқынына жағдай жасау үшін шаруашылықтың нарықтық механизмдерінің
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасайтын нарықтық экономиканың
адекватты құрылымы қажет.
Динамикада экономикалық жүйенің өздігінен дамуы мен сақталуы үшін
құрылымның кейбір элементтерінің маңыздылығында өзгерістер болады.
Экономиканың құрылымы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына сай
жауап беру керек. Бұл оның салалық, аумақтық және басқа аспектілер бойынша
баланстылығына сәйкесінше шарттар қояды. Басқаша айтқанда, ұлттық
экономиканың құрылымы тек қана нарықтық механизмнің әсерінен түзелмейді, ал
мемлекеттің белгілі әсер етуін, ол дегеніміз құрылымдық саясатты айтады
[4]. Құрылымды қатып қалған, өзгертілмейтін деп түсүнуге болмады. Ол
стратегияның (саясаттың) артымен жүріп отырады, ал нақтырақ айтсақ оған
қызмет етеді. Стратегияның өзгеруі әкімшілік мәселелерді тудырады, бұл ескі
құрылымды жаңа стратегиямен сәйкес өзгертуді талап етеді [5, 135-бет]. Дәл
осы себептен саясатта қаралатын сұрақтармен қатар қайта құрылымдау
мәселелері өте жақын қаралады, соның салдарынан құрылым мен өндіріс
технологияларында, шаруашылық үрдістерді басқаруда және өнімді шығаруда
терең өзгерістер болады, ал нәтижесінде қаржылық-экономикалық көрсеткіштер
жақсарады. Қайта құрылымдаудың мәнін біздіңше анағұрлым жақсы ашатын келесі
тавтология: берілген ұйымды анағұрлым ұйымдастырылған жағдайға
ұйымдастыру[6].

2. Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерінің экономикалық жүйлерді
дамытуға бағытталған ықпалы

1. Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамуы

Қазақстанның жаһандық[1] экономикалық үрдістерге сәйкес дамыған ел
болуы үшін өз әлеуетімізді толық пайдаланумен қатар, шетелдік озық
тәжірибелердің ұтымды тұстарын экономикамызға бейімдеу жолдарын да
қарастыру қажет. Елбасының үстіміздегі жылғы (2006ж) жолдауында Әлемдегі
жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүнежүзілік шаруашылықтан
шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген әрі жаңа экономикалық
жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз деген болатын.
Сондықтан еліміздегі акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық
тиімділігін арттыру жолдарының бірі ретінде алдыңғы қатарлы озық
тәжірибелерді қарастыруға болады.

Акцонерлік қоғамдар шет елдерде де айтарлықтай басымдықты
иеленеді. Ол капиталы акциялардың белгілі-бір санына бөлінген және оның
қатысушыларымен (акционерлерімен) құрылған кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық
нысанын білдіреді. Акцонерлік қоғам белгілі бір міндеттемелері бар, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, жүзеге асыруға
құқылы дербес субъект және заңды тұлға болып табылады.

Акцонерлік қоғамдардың құрылуы мен қызметін құқықтық реттеудің
және басқарудың шетелдік тәжірибелерін қарастырайық.

Америка құрама штаттары (АҚШ). АҚШ-та қоғамдық өндірістегі
меншіктің негізгі нысаны – жеке меншік болып табылады. Ол бірнеше белгілері
бойынша жіктеледі. Бірінші кезекте құқықтық нысаны бойынша барлық фирмалар
үш негізгі категорияға бөлінеді. Олар:

1) Корпорациялар (акционерлік компаниялар). Мұндай фирмалар шамамен алғанда
барлық фирмалардың жалпы санының 20 % құрайды;
2) Әріптестік фирмалар. (барлық фирмалардың жалпы санының шамамен 7,5 %);
3) Жеке (индивидуалды) кәсіпорындар. (фирмалардың жалпы санының 72,5%).
Ал сату көлемін талдау кезінде кәсіпорындардың әртүрлі ұйымдық
нысандарының рөлі басқаша орын алады. Барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жалпы сату көлемінің 87 % корпорациялардың үлесінде болса, 8
% - әріптестік кәсіпорындар, 5 %-ға жуығы жеке кәсіпорындардың үлесінде
болған. Біздің елімізде де осыған ұқсас жағдай орын алған. Яғни,
акционерлік қоғамдар санының басқа нысандармен салыстырғанда аз болғанымен
өнім өндіру, өткізу көлемдері бойынша басым бөлігін акционерлік қоғамдар
құрайды.

АҚШ–та акционерлік капитал корпорациялармен ұсынылған. Корпорация
деп штаттың іскерлік операцияларды жүргізуге өкілеттілік берген ұйымдарын
айтамыз.

Корпорациялардың ерекшеліктерінің негізгілері ретінде келесілерді
бөліп көрсетуге болады. Корпорация сертификатында (жарғысында) мыналар
болуы керек: бірінші директорлар кеңесі мүшелерінің аттары мен мекен-
жайлары, құрылтайшылар аттары мен пошталық мекен-жайлары, шығарылатын
акциялардың жалпы соммасы мен олардың сипаттамалары, құру мақсаты,
корпорацияның тіркелген агентінің аты, мекен-жайы. Қызмет түрлерін
өзгерткен кезде оларды сертификатқа енгізу қажет. Сондықтан, әдетте,
сертификатта корпорация барлық заңды қызмет түрлерімен айналысуға құқылы
деген сөйлем көрсетіледі. Құрылтайшылар акцияларды сатып алуға міндетті
емес. Осыған байланысты, құрылтайшылардың акционерлер болуы міндетті болып
саналмайды. Тәжірибеде корпорациялардың құрылтайшылары кәсіби адвокаттар
болатын жағдайлар да кездеседі. АҚШ – та кәсіби корпорациялар деп аталатын
корпорациялар да бар. (мысалы, дәрігерлер, заңгерлер және т.с.с. мұндай
кәсіптер тізімі заңамада көрсетіледі). Кәсіби корпорациялар тек бір қызмет
түрімен ғана айналысуы керек.

Франция. Францияда акционерлік қоғам деп капиталы акцияларға
бөлінген және қатысушылары салынған салымдары шегінде ғана тәуекел ететін
серіктестікті айтады. Акционерлік қоғамды құру үшін қатысушылар саны
жетеуден кем болмауы керек. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады
және акциялары құрылтайшылар арасында бөлінген кезде жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері 250000 франк, ал ашық жазылу негізінде жүзеге асырылса
1500000 франк болып белгіленген. Сонымен бірге, акционерлік қоғамда таза
пайдадан 5 пайыздық аударымдар жасау арқылы жарғылық капиталдың 10 пайызы
мөлшерінде резервтік қор құру қарастырылған.

Акционерлік қоғамдағы акционерлік қоғамдардың құқықтары туралы
айтар болсақ, акционерлердің жалпы жиналысымен байланысты ақпаратқа уақытша
құқық және кез-келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін ақпаратқа тұрақты
құқық болып бөлінеді. Тұрақты құқық акционердің соңғы үш жыл ішіндегі жалпы
жиналыстың хаттамасымен танысу құқығын білдіреді.

Франция құрылтайшыларға басқару органдарының екі звенолы (жолпы
жиналыс және басқарма) және үш звенолы (жалпы жиналыс, бақылау кеңесі және
басқарма) жүйелерінің бірін таңдауға құқық берілген заңдары бар елдердің
қатарына жатқызылады. Үш звенолы жүйе кезінде бақылау кеңесімен
тағайындалған атқарушы орган әкімшілік кеңес деп аталады және мүшелерінің
саны үшеуден кем болмауы керек. Алайда, егер қоғамда органдардың үш звенолы
жүйесі қабылданса, онда әкімшілік кеңестің функцияларын бір адам атқара
алады. Бірақ, мұндай қоғамның капиталы 250000 франктан аспайтын жағдай
сақталуы тиіс. Жалпы жиналысқа қатысу құқығын иелену үшін жарғы бойынша
талап етілген атаулы акциялар санын иеленуші акционер ғана атқарушы
органның мүшесі (админстратор) бола алады. Админстраторлардың өкілеттілік
мерзімі 6 жылдан аспайды, бірақ олардан жалпы жиналыстың шешімімен кез-
келген уақытта қайтарылып алынуы мүмкін. Админстраторларды келтірілген зиян
үшін жауапкершілікке тарту кредиторлар қоғамды басқару бойынша әрекеттің
дұрыс еместігін дәлелдеген кезде ғана жүзеге асырылады.

Бақылау кеңесі қоғамды құру кезінде, сондай-ақ оны қайта
ұйымдастыруда құрылуы мүмкін. Бақылау кеңесінің мүшесі тек акционер ғана
бола алады. Бақылау кеңесінің функцияларына атқарушы органның қызметін
бақылау ғана емес, сонда-ақ, әкімшілік кеңеске кейбір мәмілелер жасауға
келісім беру де кіреді.

Жалпы ереже бойынша акционерлердің жалпы жиналысы атқарушы органның
бастамасымен шақырылады. Сонымен қатар, жарғылық капиталдың кемінде 10
пайызын иеленетін акционерлердің талап етуі бойынша да шақырылуы мүмкін.
Жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізілген сұрақтар бойынша шешім қабылдауға
құқығы жоқ. Дауыс беруші акциялардың 25 пайызы ұсынылғанда ғана жыл сайынғы
жиналыс өткізіледі деп есептеледі. Жиналыстың екінші шақырылымында қатысушы
акционерлердің санына қарамастан шешім қабылдауға құқылы. Дауыс беруші
акциялардың 5 пайызы болған жағдайда төтенше шақырылған жиналыс өткізілді
деп саналады. Ереже бойынша бір акция бір дауысты білдіреді. Алайда,
жарғыда жиналысқа қатысу құқығын беретін акцияларды иеленудің ең аз санын
анықтау мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Қоғамның жылдық есептерін тексеруді жүзеге асыратын тұлға комиссар
деп аталады. Комиссарлар акционерлік қоғамның оганы болып табылады. Олар
қоғамның алдында ғана емес, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында да
орындауға тиісті міндеттері үшін жауапкершілікте болады. Сондықтан арнайы
құрылған комиссияның шешімімен анықталған тізімге кіргізілген тұлғалар
(соның ішінде заңды тұлғалар) ғана комиссар бола алады.

Акционердің маңызды құқықтарының бірі ақпаратқа құқық болып
табылады. Кез-келген акционердің талап етуі бойынша басқарма жалпы
жиналыста қоғамның ісі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Ақпаратқа құқық
қоғамның кітабымен танысуға таратылмайды. Кейбір жағдайларда басқарма
ақпарат беруден бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда акционер сотқа арыз
жазуы мүмкін. Бірақ сот шығындарын төлеу (соның ішінде жауап беруші де)
тәуекелі арыз берушіге түседі.

Германия. Германиядағы акционерлік қоғамда үшзвенолы органдар
жүйесі құрылады. Жарғылық қоры 3 млн. маркаға дейінгі сомманы құрайтын
қоғамның басқармасы бір адамнан ғана тұруы мүмкін. Басқа жағдайларда
басқарма кемінде екі мүшеден тұруы керек. Басқарма мүшелері жеке тұлғалар
ғана болуы мүмкін, бірақ, акционерлер ішінен таңдалуы міндетті емес.
Бақылау кеңесі басқарманы бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындайды. Жаңа
мерзімге тағайындау да рұқсат етілуі мүмкін. Басқарма қоғам басшылығын өз
жауапкершілігімен жүзеге асырады.басқарма өзіне тиесілі функцияларды жалпы
жиналыстың да, бақылау кеңесінің де шешімдеріне байланыссыз жүзеге асырады.
Басқарма мүшелері болып табылмайтын жеке тұлғалар бақылау кеңесінің мүшесі
бола алады. Бақылау кеңесінің мүшелері акционерлердің жалпы жиналысымен
сайланады. Бірақ, кеңес мүшелерінің барлық құрамы жалпы жиналыспен
жасақталуы міндетті емес. Біріншіден, жарғыда белгілі бір акционерлердің,
бақылау кеңесі құрамының 13 дейі тағайындау құқығы қарастырылуы мүмкін.
Екіншіден, кәсіпорындар статусы туралы заңға сәйкес, жұмысшылар мен
қызметкерлер саны 500 адамнан асатын кәсіпорында кеңес мүшелерінің 13
бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлер өкілдерінен тұруы керек. Акционерлердің
жалпы жиналысы заңда тікелей айтылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ондай болмаған жағдайда жалпы жиналыстың шешімі жарамсыз болып есептеледі.
Жалпы жиналыстың коврумы жөніндегі мәселені шешудің де өзіндік ерекшелігі
бар. Егер жалпы жиналысты жалғыз акционер болса да шешім қабылдануы мүмкін.
Қоғам қызметін бақылауды, ең алдымен, жылдық есептерді тексеруді жүзеге
асыратын тұлғалар ревизорлар деп аталады.

Дамыған елдер[2] экономикасында кәсiпорындардың үстемдiк етушi
нысаны акционерлiк нысан болып табылады. Орта кәсiпорындардың көпшiлiгi,
шағын кәсiпорындардың бiр бөлiгi, iрi кәсiпорындардың барлығы дерлiк
акционерлiк қоғамдар болып табылады. Жеке кәсiпорындар мен әрiптестерден
айырмашылығы акционерлердiң шектеулi жауапкершiлiкте болуы. Акционерлiк
қоғам немесе корпорация оны иеленушi нақты тұлғалардан бөлектенген.
Акционерлер емес корпорацияның өзi заңды тұлға болып табылады. Акционерлiк
қоғамды басқару кәсiби менеджерлермен жүзеге асырылады. Акцияны сатып алған
әрбір адам акционерлік қоғамның қосымша иеленушiсi бола алады, бiрақ шағын
акционерлер басқаруда нақты роль атқармайды. Директорлар кеңесi немесе
бақылау кеңесi акционерлiк қоғамның басқарушы органы болып табылады. Олар
акционерлiк қоғамның жоғарғы органы – акционерлердiң жалпы жиналысында
сайланады.

Корпорация бизнестiң басқа нысанына қарағанда айтарлықтай
артықшылыққа ие болады. Бұл акциялар мен облигациялар шығару жолымен
ақшалай капитал тартудың едәуiр тиімдi нысаны, ал кәсiпорын ақшалай
ресурстарды тартудың арқасында өндiрiс көлемiн арттыруға және қызмет
масштабын кеңейтуге қол жеткiзе алады. Корпорация заңды тұлға болғандықтан
өзiнiң иеленушiлерiнен тәуелсiз өмiр сүредi.
Корпорацияның өзiнiң кемшiлiктерi де бар. Корпорация жарғысын
тiркеу едәуiр уақыт және қаржы шығындарын қажет етедi. Батыс
әдебиеттерiнде, қоғамдық көзқарас тұрғысынан бизнестiң акционерлiк
нысанында терiс пайдалануға арналған мүмкiндiктер бар екендiгi айтылады.
Оның мысалы ретiнде қамтамасыз етiлмеген акцияларды шығару мен сатуды
айтады. Меншiк функцияларын бөлу мен бақылау орын алады, әсiресе, акция
ұстаушылардың әрекетсiздiгi мен акциялардың қозғалыссыз жатып қалуымен
байланысты.
Акционерлiк кәсiпорындардың артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесі
топтарға топтастырылуы мүмкін.
Кәсіпорынның акционерлік нысанының артықшылықтары:

- өндіріс маштабын кеңейтуге мүмкіндік беретін ақшалай қаржаттарды тиімді
тарту;
- заңды тұлға ретінде иеленушілерден тәуелсіз өмір сүру;
- акционерлердің шектеулі жауапкершілігі және салыстырмалы тұрақтылық.
Кәсіпорынның акционерлік нысанының кемшіліктері:
- тіркеу тәртібі қиын және шығындарды қажет етеді;
- меншік функцияларын бөлу және бақылау;
- басқарушылардың табысқа аз мүдделілігі;
- акция шығаруда теріс пайдаланудың бар болуы.
Сонымен шет елдерде ең кеңінен тараған ұйымдық-құқықтық нысандағы
заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Көптеген елдерде акционерлік
қоғамдар туралы заңнамалар айтарлықтай жақсы әзірленген және жіті қаралған.
Геманияда бұл облыстағы негізгі құқық көзі 1965 ж Акционерлік заң, ал
Францияда 1966 ж 12 шілдедегі заң саналады. АҚШ-та акционерлік заңнаманы
жекелеген штаттардың кәсіпкерлік корпорациялары туралы заңдары құрайды. АҚШ-
тың корпоративті құқығына сәйкес, корпорациялар (акционерлік қоғамдар) 2-ге
бөлінеді. Акционерлер саны шектелмейтін С компаниялар; акционерлер саны
35-тен аспайтын және жеке тұлға ретінде салық салатын S компаниялар.

Шет елдерде акционерлік қоғамдар қызметімен байланысты екі жақты
салық салу жағдайына да қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларды келесі
түрде топтастыруға болады.

1) Компания иелері мен акция ұстаушылар арасында бөлінетін пайданың бір
бөлігіне толық көлемде және екі жақты салық салынады, яғни, бірінші рет
фирма заңды тұлға ретінде пайдаға салынатын салықты төлейді, ал екінші
рет, акция ұстаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономика және экономикалық жүйелер
ҚР теміржолының дамуы
Кәсіпорын активтерін қайта құрылымдау
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Қазақстанның көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдай
Қарыз алушы туралы ақпарат
Пәндер