Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы: ланкестікпен күрес тәжірибесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тарау 1 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы/ШЫҰ/: жаңа қауіпсіздік жүйесі ретінде
1.1 Орталық Азиядағы жаңа қауіпсіздік жүйесінің пайда болуы және Шанхай бестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы/ШЫҰ/ және аймақтық қауіпсіздік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 ШЫҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік мүдделері: ланкестік және есіртке саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тарау 2 Орталық Азиядағы жаңа қауіп . қатерлермен күрес және ШЫҰ
2.1 Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттер жаңа шақырулар ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы ланкестікпен күрес саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XXғасырдың аяғымен XXI ғасырдың басы Кеңес Одағының республикалары үшін тарихи бетбұрысты кезеңі болғаны белгілі КСРО ы ыдырағаннан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болды. Олар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ, ЕЫҚҰ т.б.), өздерінің дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Сонымен бірге жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Қазақстан үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды. мәселе
Бітіру жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Қазақстанның Орталық Азияның бес мемлекеттерінің ішінде жетекші рөлге ие болуы және біздің мемлекетімізді жетекші мемлекеттердің аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ҚР – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
Қазақстан әлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдардың 64 мүше, оны 117 мемлекет мойындаған, жүзден аса мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған, 40-қа жуық мемлекетте Қазақстанның елшіліктері мен өкілдіктері жұмыс істейді, ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 56 дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды[1].
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [2].
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір қажеттілігі – негізгі геосаяси акторлардың Қазақстандағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады.
1. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы –қоғамның идеялық бірлігінде.- Алматы: ПО «Кітап», 1993. -5 б
2. Бжезинский 3. Великая шахматная доска. - М.: международные отноше¬ния, 1998 г. - С53.
3. Вестник Московского государственного университета. Серия 12. - 1993 г, - N4- С.32
4. Чжень Ку Фу . Геополитика и геополитическое мышление: западное и китайское. Тайвань и геополитика азиатско-американской дилеммы. - Нью-Йорк, 1992г. С.8.
5. Сол жерде. С.8.
6. Доклад Генерального секретаря ООН К.Аннана к Ассамблее Тысячелетия ООН. Март 2000 г.
7. У.Т.Касенов. Безопасность Центральной Азии: глобальные, региональные и национальные проблемы. -Ал маты: Кайнар, 1998. -280 с.
8. У.Т.Касенов. Безопасность Централыюй Азии: глобальные, региональные и национальные проблемы. -Алматы: Кайнар, 1998. -280
9. Лаумулин М.Т.Китайско-центральноаиатскис отношения: геополитика и безопасность. Взгляд с Запада // Казакстан – Спектор. №2. -1998.- С .
10. Г.Киссинджер. Дипломатия. –М: Ладомир, 1997.- 848 с.
11. З.Бжезинский. Великая шахматная доска. Москва: Международные отношения, 2000. 254 с.
12. Дэн Сяопин. Основные вопросы современного Китая. М., Политиздат, 1988.-256 с.
13. М.С.Капица. КНР: три десятилетия-три политики.- М.,:Политиздат, 1979.-576 с.
14. У.Т.Касенов. Безопасность Центральной Азии: глобальные, региональные и национальные проблемы.-Алматы: Кайнар, 1998.-280 с.
7 А.Ходжаев. Китайский фактор в Центральной Азии. Ин-т. востоковедения им.Абу Райхана Беруни АН РУ.-Ташкент: Фан, 2004.- 135 с.
15. http://www.kazakhstanrevenuewatch.org/inc/show.php?id=7&page=smi_z
16. Арун Шагал. Растущее влияние России в Центральной Азии.http://www.inopressa.ru/eurasianet/2004/11/09/14:13:24/region
17. С.Лузянин. Российско-китайское взаимодействие в 21 веке. // МЭМО. №5, 2005. с.61-70.
18. Чарльз Э. Зиглер. Стратегия США в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества.//Мировая экономика и международные отношения. №4, 2005.- с.13-22.
19. Т.Шаймергенов. НАТО: военно-политическая стратегия в Центральной Азии. Позиции России.//Центральная Азия и Кавказ. №5 (41), 2005. с.64-74.
20. А.Катранис. Роль НАТО в Центральной Азии.//Центральная Азия и Кавказ. №5 (41), 2005. с.42-52.
21. Қытай сауда-өнеркәсіптік қоғамының сайты. http://www.іca.gov.cn
22. Қытай Халық Республикасы конституциясының преамбуласынан. Чжунхуа жэньминьгунхэго фадянь. - Цзилинь чубаньши, 2000.- 620 б.
23. Внешняя политика и международные отношения КНР.- М., 1974. - Т.1.- с.
24. Қытай Коммунистік Партиясының 15-ші съезінің материалдары. http://xjcztzz.51.net/zhonggong16/zg15.htm
25. Лаумулин М.Т. Китайско-центральноазиатские отношения: геополитика и безопасность (взгляд с Запада) //Казахстан-Спектр. Алматы, КИСИ,-№2(4), 1998. с.64-95.
26. Лузянин С.Г. Китай, Россия и Центральная Азия. Китай в мировой политике. Москва: РОСПЭН, 2001.-528 с.
27. Народное слово. 20 апреля 1994.
28. Китай.- Пекин, Издательство "Синьсин", 1999. –
29. Тао Шуцинь. Внешняя политика КНР в условиях глобализации.//Азия и Африка сегодня. 3. 2005. с.25-28.
30. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы: «Дәуір», 1992. -56 бет.
31. И.А.Каримов. О национальной государственности, идеологии независимости и правовой культуре. Ташкент, 1999.-553 с.
32. С.Ниязов. Внешняя политика нейтрального Туркменистана. –Ашхабад, 1999.-175 с.
33. Сюэ Цзюньду, Син Гуанчэн. Чжунго юй ЧжунъЯ.- Бэйцзин, Шихуэй кэсюэ вэньсянь чубаньши, 1999. 270 б.
34. Егемен Қазақстан. 21 қазан 1993.
35. Народное слово. 20 апреля 1994.
36. Слово Кыргызстана. 30 апреля 1994.
37. Нейтральный Туркменистан. 22 апреля 1994.
38. Дипломатия жаршысы.- 1996.- № 1.- 23-24 б.
39. Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер.- 1996.-272 б.
40. Чжао Чанцин. Орталық Азияның 5 мемлекетінің сыртқы саясаты және мемлекеттік қауіпсіздік стратегиясы //ЧжунъЯ яньцзю.- 1997. - № 1-2.
41. К.Қожахметұлы. Қазақстан жол торабында тұр, қалай жүреді?//Ақиқат.- 1993.- №3.- 3-8 б.
42. Егемен Қазақстан. 5 маусым 2002.
43. Народное слово. 11 ноября 1999.
44. А.Арыстанбекова. Казахстан в ООН: история и перспективы. Алматы, 2004. с.
45. ЧжунъЯ яньцзю. 1997. № 1-2. 6-10 б.
46. Егемен Қазақстан. шілде 1996.
47. Правда Востока. 4 июля 1996.
48. Дун Оу ЧжунъЯ вэньти.- 1997.- № 2
49. Гоцзи вэньти яньцзю.- 2001.-№ 3.- 36 б.
50. Дипломатия жаршысы.- 1999.- №3.- 17 б.
51. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация // ҚР СІМ-нің материалдары.
52. Түркістан. 28 ақпан, 2002.
53. Республика. 19 сәуір 2001.
54. Нейтральный Туркменистан. 5 января 2002.
55. http://www.cvі.kz
56. Егемен Қазақстан 14 қыркүйек 2001.
57. РИА “Новости” 9 июня 2001.
58. Лю Цзайци. Внешняя политика КНР и перспективы китайско-российских отношений //Мировая экономика и международные отношения.- 2004.- № 9. с.84-90.
59. http://tajikistan.tajnet.com
60. В.С.Кузнецов. Цинская империя на рубежах Центральной Азии. Новосибирск, 1983.- 128 с.
61. В.П.Саввин. Взаимоотношения царской России и СССР с Китаем. М-Л., 1930.-152 с.
62. Китай и соседи. М., Наука.- 1982.- 454 с.
63. Социалистік Қазақстан. 17 тамыз 1969.
64. Визит Генерального секретаря ЦК КПСС, Председателя Президиума Верховного Совета СССР М.С.Горбачева в КНР 15-18 мая 1989 года.-М., 1989.-80 с.
65. Игорь Ханин. О делимитации и демаркации государственной границы между Кыргызской Республики и Китайской Народной Республикой. http://www.sk.kg
66. Жас Алаш. 18 маусым 2002.
67. Айдаһар мен Айырқалпақ жер дауын қалай шешті.//Жас Алаш. 18 маусым 2002.
68. Газета “Риф”, 22 июня 2001.
69. Радио Свобода. 18 мая 2002.
70. Газета “Дело №”. http://delo.to.kg
71. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии // Казахстан-Спектр. Алматы, КИСИ, №1(11) с.86.
72. Синьхуа агенттігі. 4 шілде 2000.
73. Коммерсант. 20 мая 2002.
74. Независимая газета. № 98, 2002.
75. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана: между прошлым и будущим. Алматы. Жеті Жарғы. 1999. с. 43.
76. Р.Бурнашев, И.Черных. Вооруженные силы Республики Узбекистан.//Континент. - 2003. № 2 (89) 29 января-11 февраля.-с.
77. В.Лукин. Россия-Китай. //Международная жизнь.- 2001.- №2. с.
78. Н.Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы, «Атамұра».- 2003.- 241б.
79. http://www.sііs.org.cn/gjwtlt/2003/cn200031-2/pguang.htm
80. Российская информационная служба “Интегрум” 7 января 2002.
81. А.Тауасаров. ШОС приобретает реальные очертания.//Казахстан и современный мир.- 2003. - № 2(5). с.
82. Чжу Чжэнхун. Региональная безопасность Центральной Азии и Россия после событий 11 сентября.//Проблемы Дальнего Востока. 1, 2005.-с.6-12.
83. В Михеев. Российско-китайские отношения: успехи и новые вызовы.//Азия и Африка сегодня. 1. 2005.- с.2-5.
84. В.Кузнецов. Китай подключился к борьбе с терроризмом.//Азия и Африка сегодня. 12. 2004.- с.12-18.
85. Сыроежкин К.Л. Китай и Центральная Азия: политические отношения и торгово-экономическое партнерство. //Казахстан-Спектр № 1-2, 1997. с.103.
86. Лю ЦинЦай. Современная внешняя политика Китая и кит-рос. Отношения. //Проблемы Дальнего Востока. № 5, 2004.с.54-59.
87. С.Цыплаков, Е.Попов. Российско-китайское торгово-экономическое сотрудничество: проблемы и перспективы.//Пр.Д.В. 4, 2003. С.79-89.
88. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана: между прошлым и будущим. Алматы. Жеті Жарғы. 1999. с. 43.
89. Егемен Қазақстан. 26 қыркүйек 1997.
90. Г.Осорова. Центральная Азия и Китай: перспективы сотрудничества. //Материалы Международной конференции “ЦА и Китай: поиск новых геополитических ориентиров” 15 июля 2002. “Kyrgyzstan-Іnternet” и «Gazeta.Kg»
91. Ю.Песков. Проблемы и перспективы сотрудничества России и Китая.//Проблемы Дальнего Востока.-1997. - № 3. с.
92. О. Резникова. Центральная Азия и Азиатско-тихоокеанский регион.// Мировая экономика и международные отношения. № 4. 1999. с.100-108.
93. Дипломатия жаршысы. № 4. 1997. 35 бет
94. Дипломатия жаршысы. № 4. 1999. 51 бет.
95. Центральная Азия и Кавказ. № 3 (15) 2001. 39 бет.
96. В.Бабак. Астана в треугольнике Москва-Вашингтон-Пекин.//ЦА и Кавказ. №1(7) 2000. 176 бет. с.168-177.
97. И.Галаджий. Внутренний рынок Китая становится все более привлекательным для России и ряда стран СНГ.//Нефть России. №2, 2000.
98. Ю.Юданов. Центральная Азия- новый фаворит иностранных инвесторов. //Мировая экономика и международные отношения. №3, 2000. с.72-79.
99. Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы. Научное издание. – Алматы: Казахстанский Институт Стратегических Исследований при Президенте Республики Казахстан, 2005. 231 с.
100. С.Покровский. Недешево, но сердито.//Нефть и газ. с.140-144.
101. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Серия публикаций ПРООН в Казахстане. Алматы, 2004.- 132 с.
102. Дипломатия жаршысы. 1999.- № 2.- 13 б.
103. Казахстанская правда. 20 ноября 1999.
104. Темирболат Бахытжан. Между Китаем и Казахстаном может начаться конфликт из-за воды.//Саясат.- 2000. август-сентябрь. с.
105. Деловая неделя. 29 октября 1999.
106. Егемен Қазақстан. 14 қыркүйек 2001.
107. Гусева Л.Ю. Проблема использования водных ресурсов трансграничных рек в казахстанско-китайских отношениях. http://www.kіsі.kz
108. С.Абдулпаттаев. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары.//Ақиқат. - 2004.- № 8.
109. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о сотрудничестве в сфере использования и охраны трансграничных рек. ҚР СІМ-нің материалдары.
110. Ж.Курмангалиев. Состояние и перспективы торгово-экономических отношений между Республикой Казахстан и КНР.//Казахстан: экономика и жизнь. №9, 1994. с.16-19.
111. Ж.Закиева. Казахстан-Юго-Восточная Азия: итоги и перспективы сотрудничества.//Казахстан: экономика и жизнь. №12, 1995.
112. К. Султанов. Наш сосед-Китай.//Казахстан и мировое сообщество. №3 (4). 1995. 89 бет.
113. К. Токаев. Под стягом независимости. Алматы. Білім.1997.с. 225-226.
114. ЧжунъЯ синьси. 1995 №3. 1-2 беттер.
115. “Kazakhstan today” 22 сентября 2003.
116. М.Н.Намазбеков. Торгово-экономическое сотрудничество Казахстана с Китаем как фактор обеспечения безопасности в Центральноазиатском регионе.//Аналитическое обозрение. №4. 2003. 21 бет.
117. Дипломатия жаршысы. 1-2 тоқсан. 2004. 39 б.
118. http://www.transsystem.kz
119. http://www.khabar.kz Жеті күн. 23 мамыр 2004 жыл.
120. Мамбеталиев Мурат. Кыргызская Республика и КНР: реальность и перспективы.//Этнический мир. Информационно-аналитический бюллетень. № 13.//http:www.assamblea.kg/em13_engl.htm
121. Туркменистан интернет
122. Ма Дачжэн. ЧжунъЯ вуго шиган. Синьцзян жэньминь чшубаньшэ. 2000. 445 бет.
123. Контимост. №4, 2004.
124. А.Мамадазимов, В.Ким. Вопросы углубления таджикско-китайских отношений.//Проблемы Дальнего Востока. №6. 1997. с.53-58.
125. И.П.Азовский. Вторая трансконтинентальная евро-азиатская магистраль.//Железнодорожный транспорт. №9. 1995. Москва. с.24-30.
126. Народное слово. 1 октября 1999.
127. Народное слово. 10 июня 1999.
128. Амаяк Мартиросян. Великий Шелковый путь: этапы восстановления.//ЦА и Кавказ. № 6(12),2000. 201 бет.
129. И.Азовский. Шелковый путь накануне 21 века.//ЦА и Кавказ. №2(3) 1999.
130. ИА Кабар. 4 января 2001.
131. Ли Шэнчжу. Синьцзян дуй Су (Э) маойши (Шыңжаңның Кеңес Одағымен (Ресеймен) сауда тарихы 1600-1990. Шыңжаң халық баспасы. 1993. 785 бет. 643 б.
132. К.Сыроежкин. Казахстан-Китай: торгово-экономические отношения.//Казахстан и мировое сообщество. № 1(2). 1995. 63 бет.
133. ЧжунъЯ яньцзю. 1989. №3. 39 бет.
134. Абдуллаева К.Ш., Абдуллаев А.У., Бекбергенов С.Б. Синьцзян-Уйгурский автономный район на пути экономической модернизации. –Фрунзе: КиргизНИИНТИ, 1990.-112 с.
135. ЧжунъЯ синьси. 1992. №3. 27 бет.
136. Ху Хунпинь. КНР свой шанс не упустит.//Независимая газета 15 июня 2001.
137. На “Шелковом пути возвышается современный международный коммерческий город.//Контимост. №1, 2004. Панорама. 8 июля 2005.
138. Сотрудничество в сфере образования между Китаем и Узбекистаном. //Контимост. №3, 2004. с.22
139. Слово Кыргызстана. 23 июня 2003.
140. Нейтральный Туркменистан. 4 января 2002.
141. Қ.С.Сұлтанов-ҚР-ның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. “Қазіргі Қытай сыртқы саясатының кейбір ерекшеліктері”. Дипломатия жаршысы. №4, 1997. 62 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
әль – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Халықаралық қатнастар факультеті

Халықаралық қатнастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

Мусабаланова
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы: ланкестікпен күрес тәжірибесі

Диплом жұмысы

Қорғауға жіберілді:
Халықаралық қатнастар және ҚР
Сыртқы саясаты кафедрасының
меңгерушісі
Т.ғ.д. профессор Ф.Т. Кукеева

Ғылыми жетекші:
С.ғ.к.,
доцент С.Ж. Сапанов

Алматы 2009 жыл

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тарау 1 Шанхай Ынтымақтастық ҰйымыШЫҰ: жаңа қауіпсіздік жүйесі ретінде

1.1 Орталық Азиядағы жаңа қауіпсіздік жүйесінің пайда болуы және Шанхай
бестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымыШЫҰ және аймақтық қауіпсіздік
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 ШЫҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік мүдделері: ланкестік және есіртке
саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Тарау 2 Орталық Азиядағы жаңа қауіп – қатерлермен күрес және ШЫҰ

2.1 Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттер жаңа
шақырулар ... ... ... ... ... ...

2.2 Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы ланкестікпен күрес
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XXғасырдың аяғымен XXI ғасырдың басы
Кеңес Одағының республикалары үшін тарихи бетбұрысты кезеңі болғаны белгілі
КСРО ы ыдырағаннан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер халықаралық
қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы
әлеммен, шет елдермен жоғары мемлекетаралық дәрежеде қатынастар орнату
мүмкіндігіне ие болды. Олар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ,
ЕЫҚҰ т.б.), өздерінің дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Сонымен бірге жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанөздерінің
геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі
мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл
ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді
географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи
ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Қазақстан үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату
стратегиялық маңызды. мәселе
Бітіру жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Қазақстанның қазіргі геосаяси
жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Қазақстанның
Орталық Азияның бес мемлекеттерінің ішінде жетекші рөлге ие болуы және
біздің мемлекетімізді жетекші мемлекеттердің аймақтық дамудағы негізгі
факторы ретінде қарастыруында. ҚР – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі
бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық
қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
Қазақстан әлемдік және аймақтық халықаралық ұйымдардың 64 мүше, оны
117 мемлекет мойындаған, жүзден аса мемлекетпен дипломатиялық қарым-
қатынастар орнатылған, 40-қа жуық мемлекетте Қазақстанның елшіліктері мен
өкілдіктері жұмыс істейді, ал Қазақстанда шет мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдардың 56 дипломатиялық өкілдіктері қызмет жасайды[1].
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі
заманғы даму бағыты теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық
негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек
сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың
жаһандық факторы бола алады деген болатын [2].
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір
қажеттілігі – негізгі геосаяси акторлардың Қазақстандағы саяси әрі
экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады.

Қазақстан үшін сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі аймақтағы
саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Қазақстан үшін РФ, АҚШ және
Қытайдың аймақтағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие
болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ушығып отырған
аймақтық, тіпті әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін халықаралық
лаңкестік, діни экстремизм, ұлттық сепаратизм сияқты келеңсіз құбылыстармен
күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді.

Заман талабынан туындаған интеграциялық процестер нәтижесінде құрылған
аймақтық ұйымдардың қызметі оның айқын көрінісі болмақ. Шанхай
ынтымақтастық ұйымының пайда болуы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын
сақтау мақсатында құрылғанын айту керек. ҚР сыртқы саясаты өз тарапынан бұл
ұйымға белгілі деңгейде қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Орта Азия
мемлекеттері осы ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты Қытай мен Ресейдің
әлеуеті арқылы қауіпсіздікті сақтаудың және экономикалық дамуға жетудің
жолы ретінде қарастырса, Қытай осы ұйымдағы өзінің жетекші орнын пайдалана
отырып, аймақтағы негізгі ықпал етуші күшке айналуды мақсат тұтатыны
сөзсіз. Көптеген саясаттанушылар Қытай үшін ШЫҰ-ның қызметі сондай-ақ
аймақтағы АҚШ ықпалын бәсеңдету үшін қажет деп есептейді.

Баршаға белгілі, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-тағы лаңкестік
әрекеттен кейін лаңкестікке қарсы құрылған коалиция күштерінің Орталық
Азияға енуімен АҚШ-тың аймақтағы қатысуы күшейе бастады. НАТО-ның шығысқа
қарай кеңеюіне қарсы тұратын Қытай мен Ресей АҚШ-тың Орталық Азиядағы
ықпалының күшеюін қаламайтындарын көрсетті. Оған дәлел- 2005 жылдың шілде
айындағы ШЫҰ-ның Астана саммиті. Басқосу қорытындысы бойынша қабылданған
декларацияда АҚШ бастаған антитеррорлық коалиция әскери контингенттерінің
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің аумағынан әкетудің ақырғы мерзімін анықтау
қажеттігі айтылған. Әрқайсысы өзінше аймақтағы негізгі күшке айналғысы
келгенмен, Қытай мен Ресей сияқты екі алпауытқа АҚШ-тың аймақтағы ықпалын
бәсеңдету үшін өзара көмек пен қолдауға сүйенуге тура келіп отыр. Астана
саммиті АҚШ-тың әскерін Орталық Азиядан кетіруді мақсат еткенмен, бұл
мақсатқа жартылай ғана қол жеткізілді. Андижандағы оқиғадан кейін АҚШ
Өзбекстан өкіметін қатты әшкерелеуге алды. Нәтижесінде Қытай мен Ресейге
арқа сүйеген Өзбекстан АҚШ-пен байланыстарын нашарлатып алды. Ал Қырғызстан
өзінің экономикалық мүддесін алғашқы орынға қоя отырып, ШЫҰ-да белгіленген
мақсаттардан бас тартып, АҚШ-тың аймақта қала беруіне мүмкіндік туғызды.

Жалпы жұмыстың тақырыбы болып табылатын Қазақстанның көпвекторлық
сыртқы саясатын теориялық және практикалық жағынан талдау мен сыртқы
сяасттағы басымды бағыттарды айқындау және олардың өзара ықпалдастық
деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беруге
мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін
арттыра түсері сөзсіз.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 жылыдан Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігін алған уақыттан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың
алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты ҚР – ның сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай
мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылады:
1. ҚР – ның сыртқы саясатының қалыптасуының теориялық негіздерімен
ерекшеліктерін айқындау.
2. Қазақстан үшін сыртқы саясаттың алатын орны мен ролін айқындау.
3.Қазақстанның жетекші елдерімен қарым-қатынасындағы ерекшеліктерін
көрсету.
4 Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы қазақстанның
тәжірибесіне объективті қорытынды жасау.
.Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысының
пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық
дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н.Назарбаевтың
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы[3], Ғасырлар тоғысында[4], Сындарлы он жыл[5] атты
еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын
қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде Қазақ-жапон
қатнастарының ынтымақтастығы, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді
экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың
қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси
бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше
ретінде кіруі және Қазақстан – Жапон дипломатиялық қатнастарын, ҚР экс –
сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың Под
стягом независимости[6], Внешняя политика Казахстана в условиях
глобализации, Беласу [7]атты еңбектерінде қарастылады. Қ.К. Тоқаев
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты
баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары
қарастырылған.
Сонымен бірге қазақстандық дипломаттардың да және саяси
қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Олардың қатарында
Қ. Султанов, М. Тажин О.Сүлейменов атап өтуге болады.
Бұл еңбектерде ҚР сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктеріне
талдау жасай отырып, Қазақстанның экономикалық даму және экономикалық
салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Сонымен қатар жұмыстың тақырыбын ашуда Ресей және Орта Азияның
республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында
Ресей –Жапон қатнастарына байланысты Б.Н.Елциннің,В.ВПутиннің, Өзбекстан
президенті И.Каримовтың О национальной государственности, идеологии
независисмости и правовой культуре[8], Түркменстан президенті С.Ниязовтың
Внешняя политика нейтрального Туркменистана[9] атты еңбектерін атап өтуге
болады.
ҚР –ның жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық
Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей
зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде
Е.Примаков,М.С.Капица, В.А.Корсун, А.Д.Воскресенский, В.А.Лузянин,
С.Г.Свешников, Ю.Песков В.Лукин, В.Михеев , В.Кузнецов [10], Е.П.Бажанов
сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Қазақстандық зерттеушілер қазақстанның сыртқы саясатында мемлекеттік
маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері
бар.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық,
саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы
геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер
белгілі ғалым Ө.Қасеновтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау
жасалынған[11].
Сонымен бірге зерттеуші М.Лаумулиннің бірқатар басылымы Қазақстан, мен
Орта Азиядағы мен Жапонияның ролі, қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс
зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын
баяндайды. Олардың ішінде Г.Фуллер, Дж.Гинсбург, Ч.Анделенд, Н.Платт,
Кайзер, М.Олкотт және т.б. бар[12].
Орта Азиядағы геосаясатына арналған өзбек, қырғыз зерттеушілерінің
еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды.
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар
және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж.У.Ибрашевтің,
К, Қожахметовтың, Қ.Е.Байзақованың, Ф.Т.Көкееваның, және т.б. еңбектері
бар.
Зерттеудің деректік негізі. Қазақстанның дипломатиялық қатнастары оның
сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей бес топқа
бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар
ҚР –ның дипломатиялық қатнастарды дамыту барысында қол жеткізілген
келісімдер, декларациялар, коммюникелер т.с.с. Мысалы,
Деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер
министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы
сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді.
Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Қазақстанның,
Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде саясатшы, тарихшы ғалымдардың
зерттеулері мен монографиялары құрайды. Олардың ішінде

Ал деректердің төртінші тобын отандық және шетелдік мерзімді
басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай
мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, Жас
Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде және
Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная
Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный
мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің
Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері
мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные
отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ, Железнодорожный
транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен
жетекші мемлекеттердің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай
ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-
Казахстан, Қырғызстанның Кабар, Тәжікстанның Ховар, Ресейдің
Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары,
негізінен, интернет желісінен алынған.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық
зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені
сөзсіз.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды.
Диссертацияда тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға
жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен
қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына
арқау болды. Бұл әдістер Қазақстанның сыртқы саясатын жүйелі түрде
айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның
нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде
негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген.
Сыртқы саясаттың дамуына батыс зерттеушілері, әсіресе американдық
саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық,
плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси
модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен
талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Берілген зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде
жаңа құрылымдық функционализм қолданылады. Саяси құбылыстар субъектілер
арасындағы өзара әрекеттің байланысына және оның сипатына құрылым
деңгейінде баға беруді талап етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар мен
мемлекеттің сыртқы саясатын зерттеудің едәуір қажетті әдістемесі дәстүрлі
және рационалды әдістерді қамтитын жаңа геосаясат болып есептелінеді. Ол
реалистік идеализм концепциясы болып табылады да, жаңа құрылымдық
функционализмге сүйенеді. Ал ол өз кезегінде Парсонс Т., Абрахамсон М.,
Смелсер Н., Мюре У., Исенстадт С., Тавада М., Томсон К., Яо Д. сияқты
ғалымдар зерттеген құрылымдық-функционалдық талдаудың дамуы болып табылады.
Жаңа геосаясатта саяси құбылыстар экономика, саясат, идеология және
географиялық жағдайлар сияқты 4 қызметтен құралатын қоғамдық құрылым арқылы
қарастырылады. Құрылымның тұрақтылығы мен мызғымастығының бірден-бір шарты
аталмыш 4 қызметтің өзара үйлесімділігі болып табылады. Ал ішкі өзара
әрекет қызметтер арасындағы себеп-салдарлы байланысқа сүйенеді, сондықтан
жеке қызметтердің тұрақтылығының бұзылуы бүкіл құрылымның қайта
ұйымдастырылуына, кері кетуіне әкеп соқтырады.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің тағы бір әдісі
ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон
фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді
шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар
теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген
классикалық ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм
принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және
болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар
теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат
ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық
келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып
табылады.
Бітіру жұмысыныың құрылымы кіріспеден, екі тараудан тұрады.

Тарау 1 Шанхай Ынтымақтастық ҰйымыШЫҰ: жаңа қауіпсіздік жүйесі ретінде

1.1 Орталық Азиядағы жаңа қауіпсіздік жүйесінің пайда болуы және Шанхай
бестігі
Жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы әлемдік дамудағы өзгерістер, оның ішінде
КСРО-ның ыдырауы Орталық Азия үшін тарихи бетбұрысты кезең болды. Жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, олардың өзінің ішкі және сыртқы саяси
бағыттарын белгілеп, әрі қарай өздігінше дамуы оңай іс емес екендігі айдан
анық. Бірақ Орталык Азия елдері халыкаралық істерге белсене араласа
отырып, халықаралық ұйымдарға мүше больш, дүниежүзілік коғамдастықтьң тең
құқықты мүшесіне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері мен саяси,
экономикалық күштер назары осы аймаққа аударылған.
КСРО кезінде Орталық Азия мемлекеттері, яғни Қазакстан, Кыргызстан,
Өзбекстан жэне Түкменстан республикаларьшың әлеуметтік-саяси жағдайы,
экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін бұл
мемлекеттер өзіндік даму жолын таңдап, олардың әркайсысының ұстанған саяси
бағьтты әртүрлі болды.
Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты тандап,
окшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі топаралық тартыстардың
салдарынан 1992-1997 жж. азамат соғысын басынан кешірді. Өзбекстан болса
И.Г. Каримов басқарған авторитарлық жүйе кұруға кірісіп кетті. Қазақстан
болса нарықтық экономикаға негізделген ішкі саясатты және көптармакты
сыртқы саясатты ұстана отырып. әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты
дамытуға бет алды.
Сонымен бірге Ортальщ Азия мемлекеттері үшін өзара шаруашылық
байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудын
жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия
елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геоеаяси
жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер
туғызды. Бүгін Орталык Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді факторына
айналды. Аймакта АҚШ. ЕО. Қытай. Рессй. Түркия, Иран және Үндістан сияқты
мемлекеттердің мүдделері түйіскен. Егерде жиырмасыншы ғасырдың 90-шы
жылдары бұл аймақта ірі мемлекеттер негізінен экономикалық мүддені көздеген
болса, ХХ-ші ғасырдың басынан бастап экономикальщ мүдде саяси мүддеге
ауысқандай.
Ресей 19 ғ.-20 ғ. басында Орталық Азиядағы негізгі ойыншы болғаны
белгілі. Ал 21 ғ. басында Ресей дипоматиясы АҚШ, Қытай, Түркия, Иран,
Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттермен
бәсекелестікке түсуде.
Орталық Азия аймағы өзінің географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи,
мәдени және тағы басқа факторларының қызметіне сәйкес геосаяси және
геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге ие аймақ болып табылады. Ең
алдымен ол географиялық жағынан батыстағы Европа мен шығыстағы Азияның,
солтүстіктегі Ресей мен оңтүстіктегі ислам әлемінің тоғысқан жерінде
орналасқан. Сондықтан да аймақтың стратегиялық маңызы өте зор. Екіншіден,
тікелей теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа
аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан
көршілес елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты зор екендігін айтпаса
да түсінікті. Үшіншіден аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның
ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да пайдалы
қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және
тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы,
сондықтан едәуір зор экономикалық потенциалға ие. Төртіншіден, ұлттық,
діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі
және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс
мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
20-шы ғасырдың аяғы, дәлірек айтсақ, 90-шы жылдардың басы Орталық Азия
республикалары үшін ғана емес, сонымен бірге кезінде Кеңес Одағын құраған
республикалар үшін де тарихи бетбұрысты кезең болды. Социалистік тәртіп
орнатып келген дүниежүзінің ірі державасы Кеңес Одағы ыдырап, 70 жыл бойы
орталыққа бағынған республикалар тәуелсіз мемлекеттер статусына ие болды.
Әрине, алғашқы егемендік алған республикалар үшін жеке-дара мемлекет
ретінде өзінің ішкі және сыртқы саяси бағыттарын белгілеп, әрі қарай
өздігінше аяқ алып жүруі оңай іс емес екендігі айдан анық. Бірақ Орталық
Азия елдері халықаралық істерге белсене араласа отырып, халықаралық
ұйымдарға мүше болып, дүниежүзілік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесіне
айналды. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері мен саяси, экономикалық
күштер назары осы аймаққа аударылған.
КСРО алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан кеткен соң, оның орнында
қалған республикалар, оның ішінде Орталық Азия елдері де тәуелсіздіктерін
жариялап, егемен ел ретінде халықаралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі
орындарын алуға тырысты. 1991 жылдың аяғында бірінен соң бірі әлемге
өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялады. Осы жылдың желтоқсан айының
басында КСРО-ның іс жүзінде ыдырауы туралы Беловеж келісіміне қол қойылып,
айдың соңында Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болғаны
жөнінде келісім дүниеге келеді. Орталық Азия республикаларының
тәуелсіздігін алғашқылардың қатарында болып Түркия, Ресей, Қытай және АҚШ
мойындайды.
Тәуелсіздік алған бес мемлекеттің әлеуметтік-саяси жағдайы,
экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-дара мемлекет ретінде
өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары өзіндік даму жолын
таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты әртүрлі болды. Мысалы,
Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты таңдап, оқшауланып
алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі топаралық тартыстардың салдарынан 5
жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы басталып кетті. Қазақстан
көптармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты
ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан басқарылған мемлекет
құрамында болып келген 5 республика үшін өзара шаруашылық байланыстардың
үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын да
іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің шикізат
пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси жағдайы әлемдік
экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер туғызды.
Кеңес Одағының құрамында болған кезде Орталық Азия елдерінің басқа да
одақтас республикалар сияқты шет мемлекеттермен байланыстары орталықпен
басқарылып, сыртқы саяси қайраткерлігі өте шектеулі болды. Ал тәуелсіздік
алғаннан соң сыртқы саясат жүргізу ісінде дербестікке қол жеткізіліп, алыс-
жақын шет елдермен жан-жақты ынтымақтастықты орната бастады. Көптеген
қолайлы факторларға сәйкес, әлемнің ірі мемлекеттерінің осы аймаққа деген
назары ерекше ауып, Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың белсенді
қатысушысына айналды.
Қытай да АҚШ-тан кейінгі екінші ірі мұнай импорттаушысы ретінде
аймақтың мұнай игеру ісінен шет қалған жоқ. Қытайдың мұнай-газ компаниясы
Қазақстанның бірқатар мұнай кеніштерін игерумен қатар, батыс Қазақстаннан
батыс Қытайға мұнай құбыры салынып бітті. Бұған дейін Қытайға мұнай темір
жол арқылы жеткізілген болса, ендігі кезекте мұнай айдау құбыр арқылы
жүзеге асырылатын болады.
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери
қатысуы белсендірілді. Кенеттен Орталық Азия аймағы лаңкестікпен күрестің
шешуші алаңына айналды.
Лаңкестікпен күрес АҚШ-ты, Орталық Азия республикаларын, Ресей мен
Қытайды біріктірді. Ұлттық қауіпсіздік саласында бұл мемлекеттердің
әрқайсысы ислам бағытындағы лаңкестік ұйымдар тарапынан келген қауіппен
соқтығысты. Енді Ресей шешен сепаратистерінің Усама бен Ладенмен және Аль-
Каидамен байланысы туралы ешқандай кедергісіз айтса, Қытай Шыңжаңдағы
ұйғыр сепаратистерінің Аль-Каидамен және Талибан қозғалысымен
байланысын тапты. Ал Орталық Азия мемлкеттерінің басшылары үшін олардың
авторитарлық тәртібіне өте зор нұқсан келтіре алатын мұсылман
фундаменталистерімен күрестегі өз позицияларының нығаюы басымдық әкелді
[11, с.16].
Кеңес Одағының ыдырауымен Ресей өзінің бұрынғы әлеуетін жоғалтып алса
да, Орталық Азия елдерімен тарихи сабақтастығын алға тартып, олармен
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде өзара
байланыстарды дамытуда.
АҚШ-тың аймақта пайда болуы, оның Өзбекстан мен Қырғызстанда әскери
базаларды ашуы Ресейді Орталық Азиядағы ықпалын күшейтуге итермеледі. 1990
жылдардың аяғында Мәскеу Орталық Азияда өзінің қызметін белсендірді. 2003
жылдың мамыр айында Ұжымдық қауіпсіздік шартына жаңа құрылымдық өзгерістер
енгізу туралы шешім қабылданып, нәтижесінде Ресейдің Орталық Азиядағы
ықпалының күшеюіне септігін тигізген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
құрылады [12, с.69].
Ресейдің келесі стратегиялық қадамы- 2003 жылдың күзінде Қырғызстанда
әскери базасының ашылуы. Бұл Ресей мен Орталық Азияның бірқатар елдерінің
ресми Мәскеудің аймақтағы тікелей әскери қатысуын қолдайтынын көрсетті.
Содан соң 2004 жылдың шілде айында Сочидегі В.Путин мен Э.Рахмоновтың
кездесуінде Ресей мен Тәжікстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту
туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, оның ішінде Ресейдің Тәжікстандағы
әскери қатысуы да бар. Оған қоса Мәскеу мен Ташкент арасындағы байланыстар
да қолайлы жағдайда дамыды, олардың жақындасуында ортақ қауіпсіздік
қатерлер мен бірлескен әскери жаттығулар негізгі рөл атқарады[12, с.69].
Орталық Азия аймағындағы ірі державалардың қатысуын қарастырғанда, НАТО-
ның да өңірге келгені туралы айтпасқа болмайды. Солтүстік Атлантикалық
альянс- Құрама Штаттардың негізгі әскери одақтасы болып табылады.
Ауғанстандағы антилаңкестік операцияда АҚШ НАТО-ның мемлекеттеріне арқа
сүйегені белгілі. Ресей мен Қытай НАТО-ның Орталық Азияға келуін қаламайды,
өйткені ол бұл екі алпауыттың аймақтағы ықпалын әлсіретуі мүмкін. НАТО мен
Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастық 1994 жылдан басталғаны
белгілі. Сол кезде Орталық Азияның Түркменстаннан басқа төрт республикасы
НАТО-ның Бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасының мүшелеріне айналды.

Орталық Азия мемлекеттерінің Бейбітшілік үшін серіктестік
бағдарламасына кіруі олардың Альянспен байланыстарына ресми мәртебе берді,
аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың тетігін қамтамасыз етті,
бірлескен қайраткерліктің негізін қалады. Стамбул саммитінде Альянс өзінің
стратегиялық маңызды аймақтар болып табылатын Орталық Азия мен Кавказдағы
серіктестермен ынтымақтастыққа аса назар аударуы қажет деген шешім
қабылданды. НАТО-да Бас хатшының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы
өкілі лауазымы, сонымен бірге осы аймақтардың әрқайсысының байланыс
офицерлері қызметтері бекітілді. Байланыс офицерлері қарым-қатынастарды
дамытуға ықпал етіп, ынтымақтастықты реттеу мен диалог жүргізу ісіне жауап
берулері тиіс [13, с.47].
Орталық Азия елдерімен саяси және экономикалық байланыстарды Түркия,
Иран, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Еуропалық Одақ мемлекеттері де дамытуда.
Бірақ бұл аталған мемлекеттердің Орталық Азия аймағындағы қатысуында үш
алпауыт-АҚШ, Ресей, Қытайдың бәсекелестігі сияқты тайталас айтарлықтай
байқалмайды. Ынтымақтастығының басында өзінің діни дүниетанымын уағыздай
отырып, Орталық Азия елдеріне идеологиялық басым көрсеткісі келген Иран өз
мақсатын іске асыра алмады. Сөйтіп, өзара байланыстарды тек тиімділік
негізінде ғана құра бастады. Иран Орталық Азия үшін Парсы шығанағына
шығудың жолы болып табылады, бұл мақсат жүзеге асты да. 1996 жылы
Түркменстанның теміржол магистралін Ирандыкімен байланыстырған Мешхед-
Теджен-Серахс теміржол торабы салынып бітті.
Түркияның Орталық Азия республикаларымен этникалық, тілдік және мәдени
жақындығы оның алғашқылардың бірі болып аймақтың белсенді қатысушысына
айналдырды. Түркиямен бүгінгі таңда сан-саладағы ынтымақтастық дамуда. Ол
ең алдымен, сауда-экономикалық, транспорт, оқу-ағарту, туризм салаларында
көрінеді. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан соң
әлемнің ірі державаларымен қатар, әлеуеті жағынан төмендеу мемлекеттермен
де жан-жақты байланыстарды дамытуда. Бүгінгі ғаламдасу заманының талаптары
да екіжақты және көпжақты, мемлекетаралық және аймақаралық байланыстарды
дамытуды, әлем елдері мен өңірлері арасындағы интеграциялық процестерді
алға бастыруды, ортақ қауіп-қатерлермен бірлесіп күресуді қажет етеді.
Әйтсе де ғаламдасудың талаптарына сай әрекет ету, ірі мемлекеттердің
аймақтағы белсенді қатысуына жол беріп, олардың әскери, саяси ықпалын
күшейту Орталық Азия елдерінің мемлекеттік мүддесіне, олардың егемендікті
нығайтудағы талпыныстарына нұқсан келтірмесе болғаны. Өйткені экономикалық
дамудың әлі де болса төменгі деңгейіндегі, қарулы күштері де әлсіз Орталық
Азия үшін халықаралық қатынастарда тек дәйекті де тиімді саясатты ұстанғаны
абзал.
Шанхай бестігі – жаңа қауіпсіздік жүиесі. Кеңестер Одағының ыдырауы
нәтижесінде халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде пайда болған
тәуелсіз мемлекеттердің алдында өзінің ұлттық қауіпсіздігін, мемлекет
егемендігін және тұтастығын сақтап қалу міндеттері тұрды. Кез келген
мемлекетке әлеуметтік-экономикалық даму үшін тек мемлекет ішінде ғана емес,
сонымен бірге халықаралық жағдайда да бейбітшілік пен қауіпсіздіктің болуы,
оның ішінде ең алдымен мемлекетті қоршаған саяси ортада, яғни көршілес
мемлекеттер құраған аймақта тұрақтылық қажет.
Жалпы, Орталық Азия республикаларының шығыстағы ұлы көршісі Қытаймен
ресми дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқаннан кейінгі алғашқы жылдарда
экономикалық ынтымақтастық өзара байланыстардың негізі болған еді. Оған бұл
республикалардың географиялық орналасуы басты себеп болды. Уақыт өте өзара
қарым-қатынастардың дамып, тереңдей түсуіне байланысты өзара
ынтымақтастықтың да мазмұны одан әрі тереңдей түсті. Оған дәлел ретінде
аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты мақсат еткен Орталық Азия
республикалары мен Қытай арасындағы "Шанхай бестігі" шеңберіндегі
ынтымақтастықты айтуға болады. Бір жағынан Қытай Халық Республикасы, екінші
жағынан Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Тәжікстан Республикасы құраған бестіктің ынтымақтастығы 1996 жылдан бастау
алады. Әдеттегі еларалық келісімдер сол келісім қабылданған жердің атауымен
аталатыны сияқты аталмыш бестіктің "Шанхай бестігі" аталуы да келісім-
шарттың Шанхай қаласында қабылдануымен байланысты.
Бестіктің жұмысына тоқталмастан бұрын кейінірек шегінсек. Өйткені
аталмыш мемлекеттер арасындағы шекара маңындағы әскери күштерді қысқарту
бағытындағы ынтымақтастықтың тамыры әріректе жатқанын айту керек. Кеңес
Одағының ыдырауымен Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан –бес
мемлекет 60-шы жылдарда қалыптасқан әскери алауыздықты тоқтату және
тарихтан қалған кеңес-қытай шекара мәселесін шешу үшін Қытай жағы-бір
тарап, ал Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан-4 мемлекет екінші тарап
болып, 80-ші жылдарда жандана бастаған шекара мәселесін шешуге арналған
келіссөздерді жалғастырды. Қытайдың Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстанмен шекара аймағында өзара әскерді қысқарту туралы келіссөздері
1989 жылдың қараша айынан басталады, келіссөздер ол кезде Қытай мен Кеңес
Одағы, яғни екі мемлекет арасында жүргізілді.
Келіссөздер кеңес-қытай қатынастарының жақсаруы кезінде екі мемлекет
басшылары 1989 жылғы мамыр айында М.С.Горбачевтың Қытайға сапары
нәтижесінде қол жеткізілген шекара аймағындағы қарулы күштерді екі
мемлекеттің жақсы достық қатынастардың өзара сәйкес келетін ең төменгі
дәрежесіне дейін қысқарту және шекара аймағындағы тыныштықты сақтау туралы
келісімін жүзеге асыруға талпыныс білдірді. Бұл жөнінде тараптар қол қойған
Бірлескен кеңес-қытай коммюникесінде анық айтылған [118].
1990 жылдың 24-ші сәуірінде Қытай мен Кеңес Үкіметтері шекара
аймағындағы қарулы күштерді қысқарту және әскери саладағы сенімді нығайту
принциптері туралы келісімге қол қойды [119].
1992 жылдың наурыз айынан бастап, бес мемлекеттің өкілдерінен құралған
бірлескен делегация шекара маңындағы әскерді қысқарту жөніндегі
келіссөздерді әрі қарай жалғастырады. 1995 жылдың қыркүйек айының 1-10
аралығында осы мәселе жөнінде бес мемлекет өкілдерінің Мәскеуде
келіссөздердің 17-ші кездесуі өтеді де, алға басушылық байқалады. Осы
уақытта Қытайдың дипломатиялық және әскери мамандары делегациясы Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның дипломатиялық және әскери мамандарының
делегациясымен аталмыш елдер арасындағы шекара маңындағы әскери күштерді
қысқарту және әскери саладағы сенімді нығайту мәселесі бойынша келіссөздер
жүргізді. Сөйтіп, тараптар делегациялары шекара маңындағы әскери күштерді
қысқарту және әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім бойынша ортақ
мәмілеге келді. Ал 1996 жылдың қаңтар айының 8-23-і аралығында аталмыш
мәселе бойынша делегациялар арасында Пекинде келіссөздердің 18-ші кездесуі
өткізіліп, тағы да белгілі-бір ілгерілеу сезілді [32, 220б].
1996 жылдың 26 сәуірінде жоғарыда аталған ортақ шекара біріктіріп
отырған бес мемлекет басшылары Шанхайда бас қоса отырып, Қазақстан
Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара аймағындағы
әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісімге қол қойды. Келісім
бойынша Тараптар ұзақ мерзімді тату көршілік, достық байланыстарды қолдау
мен дамыту бес мемлекет пен олардың халықтарының мүдделеріне сай екендігін
мақұлдай отырып, бір жағынан Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ал
екінші жағынан Қытай шекара аймағындағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау,
қауіпсіздікті нығайту Азия Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілікті сақтауға
қосылған маңызды үлес болып табылатындығына сенімді бола отырып;
КСРО Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы кеңес-қытай шекарасы
аймағындағы әскери салада сенімді нығайту мен қарулы күштерді өзара
қысқартудың негізгі принциптері туралы 1990 жылғы 24 сәуірдегі келісімін
басшылыққа ала отырып, төмендегіше келісімге келді. Келісімнің 1-ші бабында
Тараптардың қарулы күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын шекара
аймағында орналастырылған қарулы күштері екінші тарапқа қауіп төндіретін
және шекара аймағындағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзатын қандай болмасын
әскери іс-шаралар жүргізбейді делінген.
Ал келісімнің 2-ші бабында тараптардың достық, тату көршілік қарым-
қатынастарды дамыту, шекара аймағындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтау,
шекара аймағындағы әскери салада өзара сенімді нығайту мақсатында төмендегі
шараларды іске асыратыны айтылады, олар:
• қарулы күштер мен шекара әскерлерінің келісілген компоненттері
туралы ақпарат алмасады;
• екінші тарапқа қарсы бағытталған әскери жаттығулар жүргізбейді;
• әскери жаттығулардың масштабын, географиялық шегін және санын
қысқартады;
• ірі масштабтағы төтенше жағдаймен байланысты болған әскери
қайраткерлік пен әскердің орын ауыстыруы жөнінде хабардар етеді;
• бір жағынан Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ал екінші
жағынан Қытайдың шекара сызығынан екі жаққа 100 км-ге кірігетін
географиялық зонаға әскер мен қару-жарақты уақытша енгізу туралы
хабарлайды;
• әскери жаттығуларға бақылаушыларды өзара шақырып отырады;
• Ресей-қытай шекарасының шығыс бөлігі сызығынан екі жақтағы 100 км-
лік географиялық зонаға әскери-теңіз флотыәскери-теңіз
күштерінің өзен кемелерінің уақытша кіруі туралы хабарлайды,
• қауіпті әскери қайраткерлікті болдырмау үшін шаралар қолданады;
• анық емес жағдайлар жөнінде ақпарат сұрайды;
• шекара аймағында қарулы күштер мен шекара әскерлерінің әскери
қызметкерлері арасындағы достық байланыстарды нығайтады және
басқа да Тараптар келіскен сенім шараларын жүзеге асырады [102,
269б].
Жоғарыда аталған шаралар келісімнің қалған баптарында әрқайсысы
жеке-жеке нақты айқындалған.
Осы жылдың мамыр, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында
жүргізілген тараптар арасындағы шекара маңындағы өзара қарулы күштерді
қысқарту туралы келісім және оған қатысты құжаттардың мазмұны бойынша
уағдаластыққа қол жеткізген келіссөздердің соңғы 19-22-ші кездесулері өтті.
Сонымен, бес мемлекет арасындағы шекара аймағындағы әскери саладағы
сенімді нығайту туралы келісімге қол қойылуы кезіндегі Қытай мен КСРО
арасындағы шекарада ғасырлар бойы орын алып келген тұрақсыздық пен
сенімсіздікті біржола сейілткендей болды. Сол үшін бұл түбегейлі тарихи
оқиға болып табылады.
Сөйтіп, "Шанхай бестігіне" қатысушы елдердің 1997 жылдың сәуірінде
Мәскеуде өткен екінші кездесуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай
Халық Республикасы арасындағы шекара аймағындағы қарулы күштерді қысқарту
туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 2-ші бабы бойынша Тараптардың
қарулы күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын шекара аймағында
орналастырылған қарулы күштері екінші тарапқа шабуыл жасау үшін
қолданылмайтыны, екінші тарапқа қауіп төндіретін және шекара аймағындағы
тыныштық пен қауіпсіздікті бұзатын қандай болмасын әскери іс-шараларды
жүргізбейтіндігі айтылады. Ал 3-ші бабында "Тараптар географиялық шекте
(шекара сызығынан екі жаққа кірігетін 100 км-лік қашықтық) орналасқан
құрлық әскері, әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс
авиациясының жеке құрамы мен қарудың негізгі түрлерінің санын және әскери
техниканы қысқартады және шектейді, олардың әрқайсысына шектеу деңгейі
белгіленеді" делінген. Жоғарыда аталған келісімдерде белгіленген шарттар
мүлтіксіз жүзеге асатын болса, шынында да ол еларалық сенім мен аймақтағы
тыныштықты қамтамасыз етері сөзсіз.
Жалпы, тараптар қарулы күштерді қысқартуды алға қойғанмен, осы ұйымға
кіретін мемлекеттердің әскери қаржы шығындары молаюда. Қытай қарулы
күштеріндегі реформа сандармен былайша көрінген: 2003 жылдың қыркүйек
айында әскер санын 200 мың адамға қысқарту және Қытай халық-азаттық армиясы
санының 1985 жылғы 4 млн.-нан 2,3 млн-ға дейін азайғаны туралы жарияланған.
2003 жылға арналған ресми әскери бюджет 185,3 млрд. юаньды (шамамен 22
млрд.долл.) құрап, әскери шығындардың 9,6 пайыздық өсімін қамтамасыз етіп,
оны бірнеше жылдар бойы 7-8 пайыз болған елдің экономикалық өсу қарқынына
жақындастырған. Бұл әскери қаржы әскери жаңартуға, қарулы күштер санын
қысқартуға, әскери және қызмет көрсету құрылымдардың арасалмағын
жақындастыруға, қару-жарақтарды жетілдіру мен жаңартуға, қазіргі заманғы
технологияларды пайдалану мақсатында дайындықты жақсартуға, сонымен қатар
бірлескен операцияларды жүргізуге және материалдық-техникалық
қамтамасыздандырудың жаңа жүйесін құруға арналған [120, с.331]. Ресейдің де
әскери қаржы шығындары тұрақты түрде өсіп отырған. 2000-2003 жж. әскери
шығындардың орташа жылдық өсімі 10 пайызды құраған. 2004 жылы 411,5 млрд.
рубльды (шамамен 14 млрд.долл) құраған. Шанхай ынтымақтастық ұйымына
кіретін алты мемлекеттің әскери шығындарының көлемін төмендегі кестеден
көруге болады:

Млн.долл.
Мемл. 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 Қытай
13500 13900 15300 15500 17800 20000 22000 25900 30300 32800
Ресей 15800 10000 9100 9700 7100 8300 9700 11200 11400 13000
Қазақ
стан 158 163 177 165 164 137 144 211 231 243 Қырғыз
стан 8,9 16,3 15,4 18,7 17,4 21,8 24,6 19,8 21,7 21,6 Тәжік
стан 32,4 9,4 10,1 14,4 12,8 13,8 11,9 11,9 16,2 - Түркмен
Стан 102 90,5 87,1 132 112 121 - - - - Өзбек
Стан 113 94,9 127 147 - 222 - 117 - - Дерекнама: Ежегодник
СИПРИ 2004. Вооружения, разоружения и международная безопасность. Перевод с
английского. –Москва, Наука.- 2005.-972 с.
Шекара мәселелерін шешіп болған соң, “Шанхай бестігі” өз жұмысын
тоқтатпай, керісінше, аймақтық ұйым ретінде қалыптасты. Аймақ
мемлекеттерінің басқа да ортақ мүдделері бар екені айқындалды. Олардың
ішіне, ең алдымен, терроризм мен экстремизммен бірігіп күресу, сонымен
бірге саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық жатады.
Бестіктің ынтымақтастығының тамыры 1998 жылдың 3-ші маусымында
Алматыда өткен кездесуінде тереңдей түседі. Кездесуге Қазақстан
Республикасының президенті Н.Назарбаев, Қытай Халық Республикасының
төрағасы Цзян Цзэминь, Қырғыз Республикасының президенті А.Ақаев, Тәжікстан
Республикасының президенті Э.Рахмонов және Ресей Федерациясы президентінің
арнайы өкілі, Ресей Сыртқы істер министрі Е.Примаков қатысты. Бұл басқосу
барысында Тараптар бұдан бұрынғы қабылданған құжаттардағы келісімдердің
орындалу барысын талқыға сала отырып, оның екіжақты және көпжақты
ынтымақтастықтың нығаюына оң әсер еткендігін қанағатпен атап көрсетті.
Сонымен қатар аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін есірткі, қару-жарақ
контрабандасы, терроризм және ұйымдасқан қылмысқа жол ашып отырған
Ауғанстандағы жағдаймен күресудің тиімді жолдарын қарастырды. Тараптар
қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату арқылы дамуға жол беруді мақсат еткен
Қазақстанның Азиядағы сенім шаралары мен ынтымақтастық Кеңесін шақыру
туралы ұсынысы мен Орталық Азия мемлекеттері ұсынған аймақта ядролық
қарусыз зона құру туралы инициативаларын қолдайтындарын айтты.
Шанхай бестігі мүшелерінің Алматыдағы кездесуі нәтижесінде қабылдаған
бірлескен мәлімдемесінде жоғарыда айтылған мәселе туралы былай деп
мәлімдейді: Тараптар бүкіл халықаралық қауымдастықпен бірге Оңтүстік
Азиядағы сенімсіздікті жою және ядролық қару-жарақпен жанталаса қарулануды
тоқтатуға жәрдемдесуге ұмтылады. Осы тұрғыда Тараптар Ядролық қаруды
таратпау туралы Шартқа және ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы
Шартқа әлі де қосылмаған барлық мемлекеттерді қандай да бір шарт қоймастан
осы Шарттарға қосылуға шақырады [121].
Бестіктің Алматы кездесуінің бірден бір ерекшелігі Шанхай мен Мәскеу
кездесулерінде қол қойылған келісімдер негізінен әскери мазмұндағы
құжаттар болса, мұнда қабылданған мәлімдемеде бесжақты экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты
мәлімдемеден үзінді келтірейік: Тараптар теңдік және өзара тиімділік
негізінде экономикалық ынтымақтастықты дамытуда төмендегі негізгі
принциптерді ұстану қажет деп уағдаласты, олар:
-өзара сауда айналымы көлемін ұлғайту мақсатында халықаралық тәжірибеде
қабылданған сауда шарттарын өзара ұсыну;
-аймақаралық және шекаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың түрлі
нысандарын, сондай-ақ бес мемлекеттің ірі кәсіпорындары мен компаниялары
арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу және қолдау;
- бес мемлекеттің әрқайсысында инвестициялық ахуалды жақсарту және
олардың аумағындағы экономикалық жобаларға инвестицияларды арттыру үшін
жағдайлар туғызу [122, 25 б];
Оған қоса Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамытуда көліктік
инфрақұрылымдарды, дәлірек айтсақ, көліктің темір жол, автомобиль, су және
әуе түрлері салаларын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Бес мемлекет
басшылары қабылдаған Алматы декарациясында алғаш рет қажеттілік болған
жағдайда арнайы мамандар, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі, үкімет
басшылары мен мемлекет басшылары арасындағы кездесулер өткізу туралы
механизм қалыптастырды.
Бестікке мүше мемлекет басшыларының кезекті төртінші форумы 1999 жылдың
24-25 тамызында Бішкекте болды. Мемлекет басшылары бұрын Шанхайда, Мәскеу
мен Алматыда қол қойылған келісімдерді жүзеге асырудың барысын талқылап,
аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастықтың көкейкесті
проблемалары туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет
басшылары Бішкек декларациясына қол қойды. Н.Назарбаев, А.Ақаев және Цзян
Цзэминь қол қойған Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттік
шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім қабылданды. Осы кездесуде сөз
сөйлеген Н.Назарбаев бестіктің жұмысына жоғары баға бере отырып, бес елдің
қызметін қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың шындығы, өзара
байланыстың жаңа түрі, Азия құрлығының алып бөлігінде тұрақтылықтың факторы
болғандығын атап айтты. Халықаралық қатынастардағы көптеген өзекті
мәселерді сөз ете отырып, Қазақстан басшысы сөзін былайша
қорытындылады:"Бізге екі мәселеге назар аудару керек деп санаймын.
Біріншісі-аймақтық қауіпсіздік мәселесі.Бұған ұйымдасқан қылмыс, терроризм,
есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ортақ шараларды жасау жатады.
Екіншісі-аймақтық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету. Мұнда басты бағыт
тармақталған жүк және қойма терминалдары, техникалық және басқа қызмет
көрсету, транзиттік және кедендік пункттері бар әуе, темір жол автокөлік
және мұнай құбыры жүйелерін жасау бола алар еді. Бұл Шанхай бестігін
уақыт өткен сайын ынтымақтастықтың дербес құрылымы ететін шынайы қадамдар
деп санаймын. Болашақта тұрақты жұмыс жасайтын Хатшылық туралы ойластыруға
болады" [123, 10б].
Бес мемлекет қабылдаған Бішкек декларациясында бұдан бұрын Тараптар
қабылдаған құжаттардың тату көршілік пен достықты нығайтуға
жәрдемдесетініне, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге
сындарлы үлес қосатынын қуаттайтынын және бұл келісімдерді мүлтіксіз
орындауды жалғастырып, Бірлескен бақылау тобының қызметіне қажетті барлық
жәрдемді көрсететіні туралы мәлімдейді. Тараптар аталмыш декларацияның 6-шы
тармағында Қырғыз Республикасының президенті А.Ақаевтың Жібек Жолын
аймақтағы тұрлаулы экономикалық дамудың, бейбітшілік пен тұрақтылықты
нығайтудың мүддесіндегі халықаралық ынтымақтастықтың осы заманның
деңгейінде дәуірлету туралы Жібек Жолы доктринасының идеяларына қолдау
білдіре отырып, олар Ауғанстандағы аймақтық және халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікке елеулі қатер болып табылатын жалғасып отырған соғыс
қимылдарына байланысты қатты алаңдаушылықтарын да білдірді. Декларация
соңында тараптар бес мемлекеттің өзара ықпалдастығы мен ынтымақтастығы ашық
сипатта екенін және басқа елдерге қарсы бағытталмағанын қуаттайтыны туралы
мәлімдеді. Сондай-ақ аталмыш декларацияның 10-шы тармағында аймақ
елдерінің ынтымақтастығының нығаюына жаңа серпін беретін мынадай мәлімдеме
жасалған: Тараптар қазіргі халықаралық жағдайда болған елеулі өзгерістерге
назар аударып, олардың арасындағы өзара қатынаста және халықаралық
мәселелерде алдағы кезде де мынадай өзекті принциптерді сақтайтынын
мәлімдеу қажет деп санайды:
-егемендік пен аумақтық тұтастықты, тең құқылықты өзара құрметтеуді,
бір-бірінің ішкі ісіне араласпауды, келіспеушілік пен дауларды келіссөздер
мен консультациялар жолымен реттеуді ұстану;
-көпжақты ынтымақтастықты теңдік және өзара тиімділік принциптерінің
негізінде дамыту;
-халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, осы
заманғы халықаралық және аймақтық проблемаларды бейбіт реттеудегі негізгі
механизм ретінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі рұқсат бермеген халықаралық
қатынаста әскери күшті қолдануға немесе оны қолдану қаупіне қарсы шығу;
-ядролық қаруды таратпау туралы шарттың және ядролық сынақтарға жаппай
тыйым салу туралы шарттың ережелерін қатаң сақтау. БҰҰ-ның және басқа
көпжақты форумдардың аясында барлық мемлекеттердің аталған Шарттарға дереу
және сөзсіз қосылуына ықпал етуге бағытталған күш-жігерді қолдау [124,
14б].
Аймақ қауіпсіздігі мен тыныштығына нұқсан келтірген, мысалы айтқанда,
1999-2000 жылдарда орын алған Баткен, Сурхандария оқиғалары сияқты
құбылыстарға бестіктің ынтымақтастығы шешуші шаралар қолдана алады ма
немесе қолдана алды ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Сарапшылар
жоғарыда аталған оқиғалардың 2001 жылы да қайталанатынын және уақыты
жағынан өткен жылдарға қарағанда ертерек болатынын болжаған болатын. Ол
"Шанхай бестігі" қабылдаған құжаттардың барлығында дерлік айтылатын
бірлесіп күресуді қажет ететін халықаралық терроризм, діни экстремизм,
есірткі мен қару-жарақ контрабандасын жандандыратын құбылыс екені белгілі.
Сыртқы қауіпке жалғыз қарсы тұру экономикалық және әскери-техникалық
жағынан әлсіз Орталық Азия республикалары үшін оңай іс емес-ті. Сондықтан
мұндай жағдайда тек ұжымдық дәрежеде іс-қимыл жасау керектігі түсінікті.
1999 жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасының оңтүстігінен енген
содырлармен болған қақтығыстардың барысында Қырғызстанға көршілес елдермен
қоса, ТМД-ның басқа да мемлекеттері көмек көрсеткен болатын.
Бішкектің Ұжымдық Қауіпсіздік Шартындағы одақтастары қырғыз әскеріне
әскери-техникалық көмек берді. 2000 жылғы Қырғызстандағы және Өзбекстандағы
әскери-саяси жанжалдар кезінде Қытай оларды еңсеріп шығуға мүдделілік
танытты. 29 тамыз күні ҚХР сыртқы істер министрлігі ислам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы қызметі
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Ұйымға мүше мемлекеттер
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Орталық Азия аймағында Еуропалық Одақ елдерінің ынтымақтастық тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігі
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
Пәндер