Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БАНКТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржылық талдау мәні және оның коммерциялық банкті басқарудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банктің қаржылық жағдайын талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Банк қызметін қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ... ... ... ... ... ... 16

2. БАНКТІҢ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ («АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 «Альянс Банк» АҚ.ын қаржылық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Банктің негізгі операцияларынан табысты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Банктің пайыздық шығындары мен банк қызметінің табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.4 Банктің өтімділік көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

3. БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Банктің жүргізілетін операциялары және ұсынылатын қызметтердің тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
3.2 Банк өтімділігін басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.»/2, 18б./, – деп айтқандай, банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі. Банктер мен қаржылық серіктестіктер шаруашылық органдарының шаруашылық қызмет процесінде уақытша бос капиталдарын, халық жинақтарын және басқа да бос ақша қаражаттарды тартады, кейін оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға ұсынады, ақшалай есеп-айырысуларды жүргізеді және экономика үшін әр түрлі қызметтер көрсетеді, осылайша банктер өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына әсер етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.»/1, 10б./, – деп айтқандай, нарықтық жағдайда біздің елімізде банктер мен басқа несиелік институттардың даму болашақтары бойынша сұрақтары ерекше болып келеді.
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
М. Р. Насырова бойынша банк жүйесі өзара байланысты алуан түрлі банктер мен банк институттарының жиынтығы, несие жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. /3, 66б./
Қаржыларды басқарумен байланысты қызметті екі негізгі бөлімге бөлуге болады: қажетті қаржылық есептеулерді жүргізуді қамтитын қаржылық талдау және қаржылық шешімдерді қабылдау. Қаржылық талдаудың мазмұны, қағидалары мен әдістерін теориялық алғышарттарға, сонымен қатар жинақталған тәжірибеге негізделген ғылыми бағыт деп санауға болады.
1 Назарбаев Н.Ә. Президентіміздің Қазақстан халықына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана 2007ж. 28 ақпан, Егемен Қазақстан 2007ж. 1 наурыз
2 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Біздің Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Халыққа жолдау// Егемен Қазақстан – 1997 – 11 ақпан
3 М.Р. Насырова, С.Р. Токсанбай. Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник. – Алматы: 2003. – 880 стр.
4 ҚР Банктер және банктік іс-әрекеті туралы заң (2004 жылдың тамыз айындағы жағдайы бойынша);
5 А.Д. Шеремет, Г.Н.Щербакова. Финансовый анализ в коммерческом банке – М.: Финанасы и статистика, 2000. – 256 с.
6 Банковское дело: учебник/ под ред. Тавасиева: М: Юнити – Бана, 2004 – 527с.
7 Ахметжанқызы Л. Ел экономикасын қаржыландыру – банктердің басты мақсаты/ Жас қазақ үні, 2005 – 8-14 шілде, 9б.
8 Бертаева К. Управление деятельностью финансовых институтов// Қаржы-Қаражат – 2007 - №1, 19-24б.
9 Зиябек Б. Банкілер өздеріне ыңғайлы жағдай жасауда// Түркістан – 2007 – 3 сәуір – 2б.
10 С.Б. Мақыш. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 229 бет.
11 Маркова О. М. Коммерческие банки и их операции. -М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1995.
12 Е.Ф. Жуков. Банковское дело. 2-ое издание. – М: 2006.
13 Коробов Ю. И. Практика банковской конкуренции. Саратов: Издат. центр Сарат. экон. академии, 1996г.
14 Лим А. Депозит - капитал, приносящий доход //Каржы Каражат. -Алматы, 2000. -N 11-12. - С. 69-70
15 Лисак Б. Межбанковские заимствования - как инструмент финансовой политики коммерческих банков // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N 5. - С. 21-24
16 Лисак Б.И. Оценка эффективности банковских услуг по инкассации (методический аспект) // Банки Казахстана. -Алматы, 2001. - № 6. - С. 18-20.
17 Полушкин В.Ю. Анализ стабильности управления активными и пассивными операциями в коммерческом банке// Бухгалтерия и банки. -2000. -N1. - С. 40-48
18 «Банк қызметі туралы» ҚР құқықтық актілер жиынтығы – Алматы: Юрист, 2005 – 177б
19 Лисак Б.И. Об оценке эффективности операций банков по предоставлению гарантий // Банки Казахстана. -Алматы, 2001. - № 7. - С.4-6
20 Жунусова Г. Некоторые особенности банковской конкуренции// АльПари. -Алматы, 2000. -N3-4. - С.100-103. -Библиогр.: 8назв.
21 Ұлттық Банк басқармасының № 219 қаулысымен бекітілген «Пруденциалдық нормативтер туралы» Ереже (27.10.97 ж. № 380, 28.08.98 ж. № 157 және 02.06.00 ж. № 265 өзгерістер мен толықтырулар ескерілген)
22 Куанова Г. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество. -Алматы, 2001. -№3. - С. 72-83. -Библиогр.: 11 назв.
23 Виноградова Т. Н. Банковские операции: Учеб.для сред. проф. образования. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. -378 с.
24 Гарантирование банковских депозитов : Мировая практика и российские проблемы/ Э. Перотти, С. Фриз, К. Эггенбергер, М. Малютина // Деньги и кредит. -2000. -N 6. - С. 47-53.
25 Давлетова М.Т. Современное состояние банковской системы и перспективы развития рынка банковских услуг в Казахстане// Финансы Казахстана Каржы Каражат. -Алматы, 2000. -№ 9-10. - С.37-50
26 В.Е. Черкасов. Финансовый анализ в коммерческом банке. Москва: Инфра-М. 1995г.
27 Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005. – 416 бет.
28 Джозлин Р.В. Банковский маркетинг. М.: Финансы и статистика, 1998г.
29 Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.: Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
30 Марченко Г. А. Банковский сектор Казахстана: состояние и перспективы развития // Банки Казахстана. -Алматы, 2001. -№ 10. - С. 2-11.
31 Марченко Г. Современное состояние и перспективы развития финансового рынка и банковской системы Казахстана // Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -N3. - С.2-5
32 Махмутова М. Эволюция банковской системы // Банки Казахстана. -Алматы, 2005. -N 5. - С. 16-20
33 Утеулин Е. Основные операции банков// Банки Казахстана. -Алматы, 2000. -№ 3. - С.60-61
34 Черкасов В.Е. Банковские операции: маркетинг,анализ,расчеты: Учеб.-практ.пособие. -М.: Метаинформ, 1995. - 208 с.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БАНКТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қаржылық талдау мәні және оның коммерциялық банкті басқарудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Банктің қаржылық жағдайын талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Банк қызметін қаржылық талдаудың ақпараттық
базасы ... ... ... ... ... ... 16

2. БАНКТІҢ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
(АЛЬЯНС БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)
1. Альянс Банк АҚ-ын қаржылық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..22
2. Банктің негізгі операцияларынан табысты
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...26
3. Банктің пайыздық шығындары мен банк қызметінің табыстылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
4. Банктің өтімділік көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..41

3. БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
1. Банктің жүргізілетін операциялары және ұсынылатын қызметтердің
тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 48
2. Банк өтімділігін басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007
жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы
Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында:
"Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер
барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің
берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі
экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты
сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз
Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да
көзімізді жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы халыққа Жолдауында: Біздің салауатты экономикалық
өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне
және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.2, 18б., –
деп айтқандай, банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының
бірі. Банктер мен қаржылық серіктестіктер шаруашылық органдарының
шаруашылық қызмет процесінде уақытша бос капиталдарын, халық жинақтарын
және басқа да бос ақша қаражаттарды тартады, кейін оларды қарыз алушыларға
уақытша пайдалануға ұсынады, ақшалай есеп-айырысуларды жүргізеді және
экономика үшін әр түрлі қызметтер көрсетеді, осылайша банктер өндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына әсер етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміз Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты халыққа Жолдауында: Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың
келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін
жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның
ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту
қажет.1, 10б., – деп айтқандай, нарықтық жағдайда біздің елімізде
банктер мен басқа несиелік институттардың даму болашақтары бойынша
сұрақтары ерекше болып келеді.
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып,
халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
М. Р. Насырова бойынша банк жүйесі өзара байланысты алуан түрлі банктер
мен банк институттарының жиынтығы, несие жүйесінің құрамдас бөлігі болып
табылады. 3, 66б.
Қаржыларды басқарумен байланысты қызметті екі негізгі бөлімге бөлуге
болады: қажетті қаржылық есептеулерді жүргізуді қамтитын қаржылық талдау
және қаржылық шешімдерді қабылдау. Қаржылық талдаудың мазмұны, қағидалары
мен әдістерін теориялық алғышарттарға, сонымен қатар жинақталған тәжірибеге
негізделген ғылыми бағыт деп санауға болады.
Коммерциялық банктердің қаржыларын басқару банктің қаражаттарын, яғни
меншікті және тартымды қаражаттарды қалыптастыруды басқарудың күрделі өзара
байланысқан процесі болып табылады.
Банктің қаржыларын басқарудың мақсаты – реттеуші органдар енгізетін
шектеулерді, сонымен қатар банктің басшылығымен бекітілуі мүмкін қосымша
ішкі шектеулерді орындауда табыс алу.
Коммерциялық банктердің активтері мен міндеттемелерін басқарудағы
қаржылық талдау банктер үшін әр қашан өзекті мәселе болып келеді, сондықтан
ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.
Қаржылық талдаудың негізін қалаушылары: Н.С.Лунский – математика ғалымы,
қаржыгер және бухгалтер, баланс жүргізушілері – А.К. Рощаховский, кейін
А.П.Рудановский, Н.А. Блатов, И.Р. Николаев, А.Д. Челекбай, Н. Хамитов және
т.б. болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің активтері мен
міндеттемелерін басқарудағы қаржылық талдауды зерттеу болып табылады.
Жұмыстың мақсатына сәйкес жұмысқа келесі міндеттер қойылады:
- коммерциялық банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздерін танып
білу;
- Альянс Банк АҚ мысалында Банк активтері мен міндеттемелерін
басқарудағы қаржылық талдау жүргізу;
- банк қызметін жетілдіру және тұрақтандыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні банк қызметінде активтер мен міндеттемелерді басқарудағы
қаржылық талдау болып табылады.
Зерттеу объектісі Қазақстандық банк жүйесінде қызмет ететін Альянс Банк
АҚ-ның қызметі.
Дипломдық зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы Альянс Банк
АҚ-ның жүргізілетін операциялары мен ұсынылатын қызметтерінің тиімділігін
арттыру үшін ұсынылған іс-шараларды қолдану мүмкіндігі.
Жұмыстың әдістемелік негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық
және нормативтік актілері, статистика бойынша Қазақстан Республикасының
Агенттілігінің статистикалық материалдары болып табылады. Жұмыс процесінде
жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер
қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі Альянс Банк АҚ-ның қаржылық құжаттары болып
табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. 67 бетте орындалған,
құрамында: 19 сурет, 20 кесте.

1 БАНКТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл бөлімде қаржылық талдау мәні және оның коммерциялық банкті
басқарудағы ролі, банкті басқаруда қаржылық талдауды жүргізудің негізгі
элементтері мен маңызды бағыттары, банкті қаржылық талдаудың әдістері мен
оның ақпараттық базасы қарастырылады.

1.1 Қаржылық талдау мәні және оның коммерциялық банкті басқарудағы ролі

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы және
қызмет етуі Қазақстан Республикасының " ҚР-ғы Банк және банктік қызмет "
туралы заңға негізделген. Банк – жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес банктік
қызметті жүзеге асыра алатын, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға.4 Банкті басқаруда қаржылық талдау маңызды орын алады.
Ресейде және Қазақстанда қаржылық талдау дамуының шамамен ғасырлық тарихы
бар. Қаржылық талдаудың негізін қалаушылары: Н.С.Лунский – математика
ғалымы, қаржыгер және бухгалтер, баланс жүргізушілері – А.К. Рощаховский,
кейін А.П.Рудановский, Н.А. Блатов, И.Р. Николаев, А.Д. Челекбай, Н.
Хамитов және т.б. болып табылады.5,8б.
Шаруашылықты басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі жағдайында балансты
талдау және қаржылық есептеулер біртіндеп шаруашылық қызметті талдауға
айналды. Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі міндеттері басқарудың барлық
деңгейлерінде жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын зерттеу және бағалаумен
байланысты болды.
Әрине, бүгін бұл талдауды нарықтық экономикасы дамыған елдерде
жүргізілетін қаржылық талдау деп атау қиын. Алайда, қолданбалы пән болып
табылатын экономикалық талдау мазмұны әлеуметтік-экономикалық және саяси
өмірдің талаптарына тікелей тәуекелді екенін ұмытпау қажет.
Қаржылық талдау түсінігі біршама кең мағынаға ие, ал отандық та, шет
елдік те экономикалық теорияда оның мағынасы туралы бірлік көзқарас жоқ.
Отандық ғылымда оның мәселелерін шешудің негізінде екі экономикалық
ғылымдарының ғалымдары жүргізеді: экономикалық талдау және қаржылық
менеджмент. Сәйкесінше оның мазмұнын анықтауда тәсілдер түрленеді.
Экономикалық талдау теориясында қаржылық талдау басқарушылық және
қаржылық есептің құрылымды бөлігі ретінде қарастырылады. Басқарушылық есеп
бухгалтерлік есеппен ғана түсіндірілмей, сонымен қатар жоспарлау,
статистика, өзіне қаржылық талдауды кіріктіретін шаруашылық қызметті
талдаумен түсіндіріледі. 6, 10б.
Ішкі қаржылық талдаудың негізгі бағыттары келесілер: бизнес-жоспардың
негізделуі мен өткізілуін талдау; маркетинг жүйесінде талдау; шаруашылық
қызмет тиімділігін кешенді экономикалық талдау; табыстың абсолютті
көрсеткіштерін талдау; рентабельділіктің салыстырмалы көрсеткіштерін
талдау; нарықтық тұрақтылық, өтімділік және төлемқабілеттілікті талдау;
меншік капиталды пайдалануды талдау; қарыздық қаражаттарды пайдалануды
талдау. Мұнда талдауды жүргізуде берілген ғылыми бағыт зерттеушілерінің
жұмысында ақпараттың біршама кең ауқымы қолданылса да, негізінен ол
бухгалтерлік болып табылады, бұл ақпарат ішкі көздерден алынады және
кәсіпорынның, компанияның мүліктік және қаржылық жағдайын сипаттайды.
Қаржылық нарыққа (валюта, қор, биржа, қарыз капиталы және т.б.), яғни кез
келген шаруашылық субъектінің қызмет ету ортасына қатысты сыртқы ақпараттық
көздердің басқа үлкен тобы талдауда көбінесе қолданылмайды.
Сыртқы қаржылық талдау өзіне ішкі талдаудың ең үлкен бөлігін
кіріктіреді, бірақ оның міндеттеріне бизнес-жоспардың негізделуі мен
өткізілуін талдау, маркетинг жүйесінде талдау, шаруашылық қызмет
тиімділігін кешенді экономикалық талдау кірмейді. Сыртқы талдау
міндеттеріне қосымша капиталды аванстау тиімділігін талдау (инвестициялық
талдау) және эмитенттерді талдау мен рейтингілік бағалау бөлімі кіреді.
Коммерциялық банктерге қолданылатын ішкі және сыртқы қаржылық талдау
мазмұнында айырмашылықтар 1 кестеде көрсетілген.6, 122б.
Ішкі қаржылық талдау шаруашылық субъектілердің қызмет ету мақсаттарының
бағыттары жағынан және оларды өткізу үшін жүргізіледі (яғни олардың
менеджерлері мен меншік иелері көзқарасынан), ал сыртқы талдау – оның
шегінен тыс, бірақ оған қызығушылық тудыратын барлық адамдардың бағытынан.
Жоғарыда көрсетілгендей, отандық экономикалық ғылымда қаржылық талдау
мазмұнында басқа да тәсіл бар. Қаржылық менеджментте қаржылық талдау
жоспарлаумен бірге дербес бөлім ретінде, сонымен қатар барлық деңгейлер мен
барлық түрлерде (активтерді, қаражаттар көздерін, капиталды, қаржылық
инвестицияларды басқаруда), арнайы қаржылық басқару бөлімдерінде
қолданылатын, қаржылық басқару құралы ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде қаржылық талдау ғылыми білім
облысы ретінде біздің жүзжылдықтың тек екінші жартысында ғана қалыптасты.
Мұнда үлкен танымалдылыққа Г. Марковиц, У. Шарп, М. Миллер жұмыстары ие
болды. Кейін қаржылық талдау сұрақтарын Дж.Моссин, С. Росс, М. Скоулз, Е.
Фама, Ф. Модельяни, Т. Коуплэнд және басқада ғалымдар зерттеді. Мұнда ол
кең бағыттарда зерттелген, бірақ талдау мағынасына бірлік көзқарас жоқ.6,
128б. Батыс елдерде қаржылық талдауды қаржы нарықтарын, қаржылық
құралдарды, биржаларды, бөлек инвестициялық институттарды, фирмалардың және
олардың жиынтығының қаржылық қызметі бағалау және зерттеумен немесе
қаржылық талдау мазмұнын қаржылық есептілікті бағалау және қаржылық
есептесу техникасымен түсіндіреді.
Қазіргі коммерциялық банктерде қаржылық талдау өзімен бірге қаржылық тек
басқару элементін ғана емес, сонымен қатар оның негізін ұсынады, өйткені
банкте қаржылық қызмет өте маңызды екені белгілі.
Талдаусыз банкті басқару мүмкін емес – несиелік операциялар, төлемдер мен
есеп айырысуларды жүргізу, ақшаны сақтау операцияларын дәстүрлі жүргізу
болса да немесе қызметтің жаңа түрлерін жүргізу болса да (сақтандыру,
лизинг, трасталық, брокерлік қызметтер және т.б.). Егер банктік істі
тәуекелдерден, бұзушы бәсекелестіктен, күрделі банкроттықтан қорғайтын
түрлі заңнамалық шектеулер банктік қызметті сыртқы реттеу факторлары болса,
онда талдау, аудит және бақылау сияқты басқарудың функциялары көмегімен
банктің ішкі реттелуі жүзеге асырылады.

Кесте 1
Коммерциялық банктерде қолданылатын ішкі және сыртқы қаржылық талдау
мазмұнында айырмашылықтар

Қаржылық талдау Ерекшеліктер сипаттамасы
параметрлері және
сипаттамалары
ішкі қаржылық талдаудың сыртқы қаржылық
талдаудың
Талдау пәні қаржы-экономикалық Қаржы-экономикалық
про-цесстер, олардың процестердің нәтижелері
фактор-лары мен нәтижелері
Талдау объектілері Қаржылық нәтижелер, Банктің қаржылық
банктің рентабельділігі нәтижелерінің,
жіне қаржылық жағдайы, рентабельділігінің және
басқарудың экономикалық қаржылық жағдайының
тиімділігі көрсеткіштері
Талдау субъектілері Банктік мамандардың Банктің аутсайдерлері,
көпшілігі, басқарудың бақылаушы органдар,
түрлі деңгейлеріндегі меншік иелері
менеджерлер, аналитиктер,
ішкі аудиторлар мен
бақылаушылар, банк
басқармасы, тартылатын
аудиторлар мен кеңес
берушілер
Регламентациялау деңгейіБанктің басқару органының Халықаралық және ұлттық
шешімдері стандарттары
Қолданылатын ақпарат Банк қызметі оны қоршаған Қызмет ететін қаржылық
көлемі орта туралы барлық ақпаратесептілік шегінде
жүйесі
Ақпаратты талдау Көбінесе ықтималдылық жәнеТалдау бақылау
нәтижесінің сапасы субъективті сипаттамаға иеорган-дарымен
бекітілген опе-рациялар
бойынша ақпа-раттарға
негізделгендік-тен,
объективті
Ақпаратты көрсету Кез келген Жалпы қабылданған есеп
әдістері принциптері және
стандарттар негізінде
Талдауды жүргізгенде Ағымдағы, ретроспективті, Ретроспективті талдау
қолданылатын перспективті талдау
ақпарат кандай мерзімге
байланысты
талдау түрі
Өлшем бірліктері Кез келген Ақшалай, шексіз
Жүргізу жиілігі Кез келген Нормативті актілермен
бекітілген
Жауапкершілік деңгейі Тәртіпті Ұйымдастырушылық

Банктік бизнесте қаржылық талдаудың мазмұны, орны және ролі көбіне
несиелік мекемелер қызметінің қаржылық қызметтерді өндірумен, экономикалық
агенттер арасындағы делдалдылықпен байланысты ерекшелікке тәуелді.
Коммерциялық банктердің қызметін басқаруда, басқарудың сенімділігі мен
сапалығын арттыруда қаржылық талдаудың ролі жауапкершілікті ғана емес,
сонымен қатар жеке коммерциялық банктердің, елдің банктік жүйесінің өмірге
қабілеттілігін анықтаушы болып келеді. Коммерциялық банкті басқаруда
қаржылық талдаудың мазмұны, оның ролі мен мәні 1 суретте көрсетілген.8, 19-
24б.
Банктерде қаржылық талдаудың маңызды ерекшелігі олардың қызметі қызмет
ететін ортада жүргізілетін процестермен тығыз байланысты. Сондықтан банкте
қаржылық талдауды жүргізу кезінде оны қоршаған қаржылық-саяси, іскерлік
және экономикалық ортаны талдау жүргізілуі тиіс. Бұл талдаудың мәні банктік
секторға инвестициялардың жоспарланатын түсімдерінің деңгейін, қайта
қаржыландыру құралдарына банктің қол жетуін, номиналды және нақты пайыздық
мөлшерлемелері деңгейі, валюталық бағам динамикасы, түрлі қаржылық
құралдардың табыстылықтарының қисықтары сияқты ақша-несие сферасы
жағдайының индекаторларын талдауға баға беру және зерттеу болып табылады.
Талдауға нарықтың бар сегментациясы; жалпы банктік бизнестің тиімділігі;
қаржылық қызмет нарығында банкке сипаттама; клиеттерді іздеу мүмкіндіктері;
банктің бәсекелестік ортасы (банк бәсекелестерінің қызметтерінің құны мен
сапасын салыстыру); нарықтық ортаның қаржылық демографиялық аспектілері;
басқа коммерциялық банктердің нарыққа және оның өзгерістеріне бейімделу
тәжірибесі жатады.
Басқарушылық шешімдердің көбінің тиімділігі қаржылық көрсеткіштер
көмегімен бағалануы мүмкін, сондықтан қаржылық талдау қабылданатын
басқарушылық шешімдерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі
шарттарының бірі, кезеңі және операциясы болып табылады.
Бүгін ғылымдық басқаруда талдаудың ролі мен орнын бағалау қарама-қарсы
болып келеді. Талдауды басқарушылық қызметтің түрі ретінде жанама айтып
кетеді, бірақ оның түрлері тізімінде келтірілмейді. Талдауды басқарудың
фцнкцияларына жатқызады, бірақ оның негізгі функцияларында көрсетпей,
бақылау функциясына кіріктіреді.
Банк қызметінің экономикалық тиімділігін зерттеп, сипаттағанда басқарудың
жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, координациялау, ынталандыру және бақылау
функцияларымен қатар қаржылық талдау функцияларының бірі болып табылады,
яғни банк қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау жүйесі банктің
қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайын талдау негізін ұсынатын талдау
басқару функциясы ретінде жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі менеджмент теориясында қаржылық қызметке негізделген
әлеуметтік-экономикалық жүйеде менеджменттің нәтижелелігі осы жүйенің соңғы
нәтижелерімен анықталады деген ой бар. Осыған байланысты коммерциялық
банктердегі қаржылық талдау банк қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен
қатар оны басқарудың экономикалық тиімділігін де бағалап, зерттейді.

М

Сурет 1 Коммерциялық банкті басқаруда қаржылық талдауды жүргізудің
негізгі элементтері мен маңызды бағыттары

Қаржылық басқару маңызды болып табылатын банктерде, ал басқарудың басқа
түрлері, мысалы шаруашылық операциларды ұйымдастырушылық-технологиялық
басқару жалпы басқару салмағында маңызды үлес алмайды, мұндай бағалау, бір
жағынан банктің қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайын жүйелік талдау
негізінде жүргізілуі мүмкін. Басқа жағынан, басқару жүйесінің тиімділігі
уақыт бойынша алынған актив портфелінің табыстылық нормасын аықтау, жалпы
көрсеткіштермен салыстыру әдісі; тәуекелділіктерді алынуына сәйкес
табыстарды түзету әдісі; қалыпты немесе эталондық портфель әдісі;
талдаудың параметрлік емес әдістері; басқарушыларды ынталандыру әдістері
және т.б. сияқты қаржылық талдаудың сандық әдістерінің көмегімен бағалануы
мүмкін.
Банк қызметінің тиімділігін бағалау ретроспективті, ағымдық немесе
оперативті болған жағдайда қаржылық талдау бухгалтерлік есептілік
мәліметтеріне, сонымен қатар басқа да экономикалық және қаржылық
ақпараттарға негізделеді. Банктің өзінің қызметің талдаудан басқа қаржылық
талдаудың құрылымдық бөлігі қарыздарды беру процесінің, оларды қайтарылуын
бақылау және өзара қызмет етуді жүргізудің маңызды элементі ретінде
клиенттердің, серіктестердің, несие алушылардың қаржылық есептерін талдау
болып табылады. Талдаудың бұл түрі банктердің активтерін басқару шегінде
жүргізіледі.
Банк қызметінің экономикалық тиімділігін жалпы бағалауды жүргізуден басқа
қаржылық талдау өзімен бірге банк қызметін болжамдау және қаржылық
модельдеу құралын, оның альтернативті бағыттарын бағалау мен зерттеу әдісін
және несиелік мекеменің құнын бағалау әдісін ұсынады.9, 2б.
Қаржылық болжамдау және қаржылық модельдеу құралы ретіндегі талдау
функциясы банктің бизнес-жоспарының негізгі бөлімдерін зерттеу мен бағалау
процестерінде жүргізіледі. Мұнда болжамды қаржылық құжаттарды құру
(кірістер мен шығыстар туралы болжамды есеп, болжамды баланс); ақшалай
қаражаттардың қозғалысын болжамдау; айлар, тоқсандар бойынша өтімділікті
жоспарлау; негізгі банктік қызмет және банктік өнімнің негізгі түрлерінің
деңгейі туралы болжам сияқты қаржылық болжамдау және жоспарлаудың негізгі
және маңызды кезеңдерін жүзеге асырудағы қаржылық талдаудың ролі
зерттелмеген болып қалады.
Қаржылық басқарудың (активтерді, пассивтерді, өтімділікті, тәуекелдерді,
капиталдарды және т.б.) жеке түрлерін жүзеге асыруда қаржылық талдау өзімен
бірге басқарудың әр көрсетілген түрлерін жүзеге асыру құралын және оларды
кейін бағалау әдісін ұсынады.
Активтерді басқару кезінде өтімділіктің қажетті деңгейін және
тәуекелділік деңгейін сақтауда олардың ең жоғары табыстылығына жету міндеті
қойылады. Бұл міндет активтердің сәйкес құрылымының жасалуы бойынша
көрсетілген бағыттарда және мақсатты бағыттық қызметтерде қаржылық
активтерді жүйелік талдау негізінде орындалады.
Пассивтерді басқару келесілермен байланысты: табыс әкелмейтін
қаражаттарды талдау; клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындау үшін және
активті операцияларды дамыту үшін қажетті несиелік ресурстарды іздеудің
негізгі бағыттарын зерттеу; қымбат емес ресурстарды тарту мүмкін
тәсілдерін талдау.
Банк капиталын басқару кезінде ең алдымен оның құрылымы мен
жеткіліктілігі (критерийлері, негізгі көрсеткіштер), банк капиталын басқару
тиімдлігін сипаттайтын сапа мен дәрежені талдау жүргізіледі.
Талдау тәуекелдерді басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Оның
көмегімен тәуекелдің пайда болу шарттары, мүмкін болатын зиян мөлшері,
тәуекелдің алдын алу тәсілдері, оны өтеу көздері зерттеледі және
бағаланады.
Банк активтері басқарудың көптеген түрлері, оның ішінде несиелерді,
инвестицияларды, жылжымайтын мүлікпен коммерциялық операцияларды басқару
түрлері банктік қызмет түрлеріне сәйкес келеді. Сондықтан оның қаржылық
көрсеткіштері активтердің берілген түрлерін басқарудың сапасының
индикаторлары болып табылады.
Сонымен, тәжирибе ретінде, басқарушылық қызмет түрі ретінде қаржылық
талдау қаржылық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдауға сәйкес келіп, оларды
қабылдау кезеңі, операциясы және шарты болып табылады, қорытынды ақпарат
негізінде шешімдер нәтижелерін жалпылайды және бағалайды.
Ғылым ретінде қаржылық талдау қаржылар және қаржылық көрсеткіштер
катергорияларында бейнеленген қаржылық қатынастарды зерттейді. Мұнда оның
коммерциялық банкті басқарудағы ролі басқарудың дербес функциясы, қаржылық
басқару құралы және оны бағалау әдісі болып табылады.
Қаржылық талдау мәні коммерциялық банкте несиелік мекеменің барлық
қаржылық қызметі мазмұнының жиынтығын бейнелейтін объектілермен анықталады.
Банкте қаржылық талдау объектілері ең алдымен банктің қаржылық нәтижелер,
нәтижелілігі мен қаржылық жағдай көрсеткшітері; қаржылық басқару жүйесінің
тиімділік көрсеткіштері; банктік қызметте, операциялар, технологиялар,
қаржылық қауіпсіздік жүйесінің және т.б. тиімділігінің көрсеткіштері болуы
мүмкін. Талдаудың күрделілігіне қарай объектілер бөлінеді.
Кез келген басқа шаруашылық жүргізуші субъекті сияқты коммерциялық
банктің негізгі мақсаттарының бірі белгілі бір шектеулерді сақтай отырып
оған жағымды қаржылық нәтижелерді алу болып табылады. Өз кезегіне қаржылық
жағдай – банктің жалпылаушы кешенді сипаттамасы – банк өз қызметінде
шектеулерді сақтау дәрежесін бейнелейді (капиталдың абсолютті және
салыстырмалы көлемінің минималды мөлшері, активтерге сәйкес тәуекелдер және
өтімділік деңгейлері, пассивтерді сатып алу құны, жалпы тәуекел деңгейлері
және т.б.).
Осыған байланысты банкті басқарудың мақсаты оның қаржылық жағдайының бір
уақытта қажетті деңгейін қолдауда оған жағымды қаржылық нәтижелерді алу
үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық талдау басқару
мақсаттарына жету деңгейін бағалауға, яғни оның тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді; мұнда банктің қаржылық жағдайы жалпы басқарудан гөрі
қаржылық басқарудың тиімділігін сипаттайды.
Банк жеткен қаржылық нәтижелер көлемі оларға әсер ететін сыртқы және ішкі
факторлардың барлық кешенінің бейнесі болып табылады. Бұл факторлардың
ішінде: банктің географиялық орналасуы, оның қызмет көрсету зонасында
жеткілікті базаның болуы, бәсекелестік пен қаржылық нарықтардың даму
деңгейі, региондағы әлеуметтік-саяси жағдай, мемлекеттік қолдаудың бар
болуы.10, 87б. Осы уақытта да меншікті капиталдың көлемі қаражаттарды
тарту және орналастыру көлемдері жалпы банктік шығыстардың, шығындардың
және зияндардың деңгейі, прогрессивті технологиялар, автоматизацияның
қазіргі кездегі құралдары мен техникаларын пайдалану масштабтары, филиалдық
жүйенің табыстылық деңгейі, ішкі бақылау және аудитті ұйымдастыру деңгейі –
банк қызметіне және оларды басқару сапасына тәуелді факторлар. Жалпы
банктің басқармасы мен персоналының жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерінің
соммасы банк қызметінің соңғы нәтижесінде – табыстылықта көрінеді.
Коммерциялық банктің қаржылық жағдайы оның қызметінің жалпылаушы, кешенді
сипаттамасы болып табылады. Бұл жағдайдың параметрлері тұрақты көлем емес,
ол үзіліссіз ауыса береді. Олардың бір бөлігі банктің қаржылық жағдайын
оның қысқа мерзімді перспективасы бағытынан (сәйкес қаржылық
коэффициенттерді талдау – қысқа мерзімді өтімділік, төлемқабілеттілік),
басқа бөлігі – банктің қаражаттарының көздерімен анықталатын орта және
ұзақ мерзімді даму бағытынан (меншікті және қарыздық капитал) бағалайды.
Жеке көрсеткіштер (мысалы, банктің қызмет ету барысында жинақталған
меншікті капитал) қаржылық жағдайды бір уақытылы ретроспективті бағытынан
да бағалайды. Нәтижесінде, банктің қаржылық жағдайы оның активтері мен
пассивтерін басқару тиімділігінің деңгейімен анықталады және оның жағдайын
сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінде бейнеленеді.

1.2 Банктің қаржылық жағдайын талдау әдістері

Банктің қаржылық жағдайын талдау әдісі – бұл ақпаратты өңдеудің
математикалық, статистикалық, есептік және басқа да тәсілдерін пайдалану
арқылы жасалатын коммерциялық банк қызметін кешенді, өзара байланысты
зерттеу.11, 153б. Қаржылық жағдайды талдау әдісінің сипатты ерекшеліктері
төмендегідей:
- банк қызметін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану;
- бұл көрсеткіштердің өзгеру факторлары мен себептерін зерттеу;
- олардың арасындағы өзара байланысты анықтау және өлшеу.
Талдауда оперативті бухгалтерлік есеп пен бақылау процесінде қалыптасатын
көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Жетіспейтін көрсеткіштер зерттеу
барысында есептелінеді. Талдау көмегімен банк қызметінің нәтижелерінің
өзгерісіне әсер ететін мәнді факторлық көрсеткіштер бекітіледі.
Талданатын көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты анықтау мен өлшеу
коммерциялық банк жұмысын кешенді, өзара байланысқан зерттеуді қамтамсыз
етеді.
Топтастыру әдісі экономикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысы мен
өзара тәуелділігін зерттеуге, жеке факторлардың зертеліп отырған
көрсеткіштерге әсерін анықтауға, банк қызметіне сәйкес заңдылықтарды
байқауға мүмкіндік береді. Топтастыру негізіне зерттелетін құбылыстар мен
процестердің сыныптамасы, сонымен қатар олардың себептері мен факторлары
жататынын ескеру қажет. Банк балансының мәліметтерін жүйелеу жолымен
талданатын құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға мүмкіндік береді.
Банктік балансты талдау кезінде ең алдымен актив және пассив бойынша
шоттарды топтастыру қолданылады.
Талдау мақсатына байланысты бірқатар белгілер бойынша актив пен пассив
баптарын топтастыру жүргізіледі. Пассив меншік нысаны бойынша
топтастырылады, мұнда келесі белгілер қолданылады: құн, талап етілу
деңгейі, контрагенттер, оперциялар мерзімдері, түрлері, пайдалану кепілі,
шығу көздерінің түрлері. Актив қалыптасуының ұйымдастырушылық-құқықтық
нысаны, меншік нысаны, экономика секторы және қызмет түрі бойынша
топтастырылады. Бұл топтардың әрқайсысын табыстылығы, өтімділігі,
контрагенттері, операциялар мерзімдері, түрлері, актив құнының бөлігін
мүмкін жоғалтулардың тәуекел деңгейі, қаражаттар салымы нысаны бойынша
қосымша бөлуге болады.
Талдауда топтастыру әдісінің мәнін жоғары бағалау қиын. Оның көмегімен
зерттеудің қиын тапсырмалары шешіледі. Мысалы, банктік қаражаттардың
көздерінің түрлері мен салым нысаны бойынша банктік баланс баптарын
функционалды топтастыруды пайдалану баланс баптарын лас брутто-
көрсеткіштерінен тазалау тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.
Банктік операцияларды құжаттау мен жүргізу құралдарынының ерекшелігіне
тәуелді баланстық баптар келесідей топтастырылуы мүмкін: депозиттік-
ссудалық, есептілік, инвестициялық, агенттік.
Активтерде, пассивтер де бойынша мәмілелер субъектілері бойынша баланс
баптарын топтастыру кезінде келесілерді бөледі: банкаралық операциялар,
банк ішіндегі операциялар, клиентурамен операциялар, басқа контрагенттермен
оперциялар.
Талдау барысында банктің меншікті және тартылған ресурстарды, ұзақ және
қысқа мерзімді несиелік салымдарды, активті-пассивті операцияларды,
табыстар мен шығыстар түрлерін бөліп көрсету бағытынан баланс шоттарын
маңызды топтастыру қолданылады. Актив баптары өтімділік деңгейі, табыстылық
деңгейі, тәуекел деңгейі бойынша топтастырылуы мүмкін.
Критерийлер, бөлшектену деңгейі, сонымен қатар актив пен пассив баптарын
топтастырудың басқа ерекшеліктері банкте жүргізілетін аналитикалық
жұмысының нақты мақсаттарымен анықталады.
Салыстырмалы әдіс банк қызметі туралы жеткілікті мәліметтер алу үшін
қажет. Баланстың жеке баптары және есепті көрсеткіштерінің өзгерістерін
әрдайым байқап, мұнда олардың мәнін салыстырып отырған жөн. Салыстыру әдісі
динамикалық өзгерістер мен ауытқулардың әсер ету себептері мен деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді, мысалы нақты өтімділіктен нормативті
өтімділіктен ауытқуы банктік операциялардың табыстылығының арту резерві
мен операциондық шығыстардың төмендеуі.
Салыстыру әдісін қолдану шарты салыстырылатын көрсеткіштердің толық
салыстырмалылығы болып табылатындығын ескерген жөн, яғни оларды есептеу
әдістемесінің бірлігінің бар болуы. Осыған байланысты салыстырмалы әдістер
қолданылады: тікелей есептеу, біріктіру, бір негізге келтіру.
Қарастырылып отырған талдау әдісі банкаралық салыстырмалы талдау деп
аталады. Жалпы коммерциялық банкті талдау кезінде салыстырулардың бірнеше
түрлері қолданылады, олар 2 суретте көрсетілген.5, 9б.

Сурет 2 Банк көрсеткіштерін талдаудағы салыстырулардың түрлері

Коэффициенттер әдісі баланс баптарының бөлімдері немесе топтары
арасындағы сандық байланысты анықтау үшін қолданылады. Онымен бірге
топтастыру және салыстыру әдістері қолданылуы мүмкін. Коэффициент әдісінің
көмегімен пассивтің (актив) жалпы көлеміндегі белгілі бір баптың үлес
салмағын есептеуге болады. Активтік (пассивтік) шоттар пассив (актив)
бойынша қарама-қарсы шоттармен де, өткен кезеңдегі баланстың ұқсас шотымен
салыстырылуы мүмкін.
Талдау нәтижелерін көрнекті бейнелеу әдістерінің бірі кестелеу әдісі
болып табылады. Берілген әдісті қолдану кезінде өткізілген зерттеу
қорытындылары бойынша құжатталатын кестелердің түрі мен санын анықтау
маңызды. Мұнда көрсетілген кестелерді құжаттау тәртібі маңызды мәнге ие.
Алынған нәтижелердің көрнекті бейнелеудің басқа әдісі графикалық әдіс
болып табылады. Ол талдаудың қорытынды мәліметтерін диаграммалар, бөлу
қисықтары түрінде салыстыруға мүмкіндік береді.
Индексті әдіс статистикада кең тараған әдіс. Банк қызметін талдауда ол
коммерциялық банктің іскерлік белсенділігін зерттеу үшін қолданылады.
Жүйелік талдау әдісі қазіргі кезеңде ақпаратты талдаудың тиімді әдісі
болып табылады. Ол мәліметтердің толықтылығын өңдеуге негізделе отырып
күрделі басқарушылық шешімдерді шешуге мүмкіндік береді. Берілген әдісті
қолдану тек электронда есептеу машинасын пайдалану жағдайында ғана мүмкін.
Элиминирование әдісі басқа факторлардың әсерін жою жолымен жалпылама
көрсеткішке жеке фактордың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Элиминирование әдістерінің бірі тізбекті қойылым әдісі болып табылады. Оны
қолданудың шарты байланыстың мультипликативті нысаны болуы тиіс. Әдістің
мәні жеке көрсеткіштің базисті көлемін нақты көлемге біртіндеп ауыстыру
және олардың әр қайсысының әсерін біртіндеп өлшеуге негізделеді.
Қорытындыда нәтижеге барлық факторлардың әсер етуінің алгебралық соммасы
бекітіледі.
Тізбекті қойылым әдісінің түрлері болып абсолютті және қатысты
айырмашылықтар әдістері ұсынылады. Олардың артықшылығы қысқаша нысан болып
табылады.
Абсолютті айырмашылық әдісі әр жеке фактордың әсер етуінің нәтижелі
көрсеткіштің өзгерісін өлшейді. Мұнда жоспарлы көрсеткіштен нақты
фаактордың ауытқу көлемі барлық фаторлардың мәндеріне көбейтіледі.
Қатысты айырмашылық әдісі кез келген фактордың әсер етуінен нәтижелі
көрсеткіштің өсімі аналитикалық формулада қарастырылатын барлық факторларды
жоспарды орындаудың индекстеріне базисті мәннің нәтижесін көбейте отырып,
анықтайды.
Қатысты айырмашылық әдісі белгілі бір фактордың әсер етуінен нәтижелі
көрсеткіштің өсімін нәтиженің базисті мәнін жоспардың барлық факторларына
көбейтіп анықтайды.
Элиминирование әдісі банктің пайыздық табыстары мен шығындарына әсер
ететін факторларды талдауда кең қолданылады. Оны несиелік салымдарды, банк
міндеттемелерін, табыстарын және т.б. талдауда қолдануға болады. Нәтижелі
көрсеткішке жеке факторлардың әсер етуін өлшеуде басқа әдістер де қолдануға
болады. Олар 3 суретте бейнеленген.

Сурет 3 Нәтижелі көрсеткішке жеке факторлардың әсер етуін өлшеу
әдістері
Қарастырылған әдістер нәтижеге маңызды әсер ететін факторларды анықтауға,
банк қызметінде жағымды және жағымсыз кездерін бекітуге, оның тиімділігін
жоғарылату резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

1.3 Банк қызметін қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты коммерциялық банктерде банк
қызметіне қатысты, шаруашылық және қаржылық құрылымдар, мемлекеттік
органдар жеке аймақтардың экономикалық және әлеуметтік өміріне,
экономикалық қызмет саласына қатысты көп көлемді түрлі іскерлік ақпараттар
бар.
Басқарушылық қызметтің негізгі түрлерінің бірі ретінде қаржылық талдау
қаржылық сұрақтар бойынша кез келген шешімдерді қабылдауға ықпал
ететіндіктен, кейін банк қызметінің нәтижелері және оны басқару тиімділігі
туралы ақпаратты жинақтап, жалпылама беретіндіктен, коммерциялық банктерді
қаржылық талдаудың ақпараттық базасы оны қаржылық басқаруда қолданылатын
барлық ақпараттық жүйе болып табылады. Қаржылық талдау банк өзінің
бағытынан, өзінің менеджерлері бағытынан жүргізілсе де, яғни ішкі болып
табылса да, оның ішкі мақсаттары үшін қаржылық талдаудың ақпараттық базасы
өте кең болуы тиіс. Ол ақпараттың сыртқы және ішкі көздері есебінен
қалыптасуы тиіс. Ақпараттың сыртқы көздері негізінде коммерциялық банктің
іскерлік және қаржылық ортасын талдау жүргізіледі. Коммерциялық банктерде
қаржылық талдау жүргізуде қолданылатын сыртқы ақпараттардың қалыптасу
көздерінің сызбасы 4 суретте бейнеленген.12, 98б.
Коммерциялық банктерді басқаруда саяси сипаттағы ақпарат экономикалық
сияқты маңызды болады. Мұнда мемлекеттік үкімет пен басқарудың жоғарғы
органдарынан алынатын ақпараттың негізгі көздері болып заңдар, қаулылар,
шешімдер және басқа нормативтік заңнамалық актілер табылады. Олар келесі
сұрақтарға қатысты болады:
- Меншік қатынасының дамуы (жекешелендіру, акционерлеу, демонополизация
және т.б.);
- Қаржы-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру;
- Кеден бойынша сұрақтарды шешу;
- Валюталық реттеу.
Қаржылық талдауды жүргізуде қолданылатын ақпараттық көздердің басқа тобы
Ұлттық банкпен жасалады және коммерциялық банктердің операциялық жұмысын
жүргізу, олардың есеп беруді жасау ережелеріне жатады, сонымен қатар
қаржылық нарықтардың жағдайы туралы мәліметтер; ақша айналысына қатысты,
жеке салымдар мен эмиссиялық процестерге қатысты ақпараттарды өзіне
кіріктіреді.
Қазіргі кезде кез келген коммерциялық банк қызметін объективті талдау
басқа банктер туралы, сонымен қатар жалпы банк жүйесі туралы (коммерциялық
банктер және олардың филиалды жүйесінің жалпы саны; қаржылық компаниялар;
Қазақстан территориясында шетелдік банктердің өкілдіктері және олардың
бөлімдері мен филиалдары; банктік ассоциациялар мен консорциумдар) ұқсас
ақпаратқа ие болмай мүмкін емес. Мұнда ашылған есеп шоттарының саны, жеке
тұлғаларға қызмет көрсету көлемдері, коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметі туралы, сонымен қатар банк клиенттері мен банк-корреспонденттерінің
қаржылық жағдайы туралы ақпарат өте маңызды.

Сурет 4 Коммерциялық банктерде қаржылық талдау жүргізуде қолданылатын
сыртқы ақпараттардың қалыптасу көздерінің сызбасы

Басқа қаржылық институттар коммерциялық банктердің қызмет ету жағдайына
тікелей әсер етеді, өйткені капитал нарығы мен валюта нарықтарының негізгі
құралдарымен операциялар банктердің табыстарының негізгі көздері ғана емес,
сонымен қатар пайыздық тәуекелдерден қорғану мақсатында олардың құрылуының
қаржылық блоктары, өтімділіктің қажетті деңгейін қолдау құралы болып
табылады. Осыған байланысты Қазақстанда және шет елдерде банктер мен
кәсіпорындардың акцияларының котировкасы, мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығының ағымдағы көрсеткіштері туралы ақпараттар маңызды мәнге ие.
Қазақстанның сыртқы экономикалық кешені мен коммерциялық банктерінің бір-
біріне әсер етуі маңызды. Мұнда банктерде үкіметтің сыртқы экономикалық
саясаты туралы; сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесінің
дамуы, оны реттеу әдістері (лицензиялау, салықтар, баж салықтары),
орталықтандырылған валюталық қорлардың құрылуы мен оларды қолдану
тәртіптері, орталықтандырылған экспорт пен импорт бойынша операциялар, ішкі
валюталық қарыз көлемі туралы ақпарат болуы тиіс.
Қазақстандық банктердің халықаралық нарықтарға шығуымен ірі банктердің
қаржылық жағдайы көбіне Қазақстанның сыртқы қарыздар көлеміне, оған батыс
елдері жағынан қаржылық көмек көрсету көлемдері мен жағдайларына тәуелді.
Бұл сұрақтарды шешуде Халықаралық Валюталық Қор, Реконструкция және
Дамудың Бірлік Банкі, халықаралық несиелердің Лондондық және Париждік
клубы, ірі шет елдік инвесторлар мен несие беруші елдер негізгі рөл
атқарады. Жалпы Қазақстандық экономикаға немесе жеке ірі банктерге қатысты
олардық қабылдайтын шешімдері туралы ақпараттар бұл банктердің менеджерлері
үшін оның қаржылық жағдайын жақсарту жолдарын іздеуде маңызды орын алады.
Несиелік мекеменің қаржылық жағдайы оның клиенттері және әсіресе оның
қарыз алушыларының қаржылық жағадайына тікелей тәуелді. Сондықтан қаржылық
есептілік пен банк клиенттерінің несие қабілеттілігіне қатысты басқа
мәліметтер қаржылық талдауды жүргізуде қолданылатын ақпараттың негізгі
көздер қатарына жатады.
Көптеген жылдар бойы түрлі кезеңдік баслымдармен шығарылатын коммерциялық
банктердің рейтинг жүйесі кең тараған. Оларды құруға қолданылған ақпарат
жеткілікті нақты және тексерілген болмаса да, белгілі бір критерийлер
бойынша банктерді топтастыру банктік жүйенің жалпы жағдайын бағалайға
мүмкіндік береді.
Банктерде қаржылық талдауды жүргізуде қолданылатын ақпарат көптеген
жүргізілген ғылыми зерттеулерді материалдарының басылым, халықаралық
конференциялардағы баяндамалар және т.б. болып табылады.
Ішкі ақпараттардың көздері қаржылық талдаудың ақпараттық базасының
негізгі құрамдас бөлігі болып келеді. Коммерциялық банктерде қаржылық
талдау жүргізу үшін ішкі ақпараттардың негізгі көздерінің қалыптасу сызбасы
5 суретте көрсетілген.12, 101б.
Коммерциялық банктердің эмиссиондық проспектілері материалдарынан олардың
акционерлерінің саны, банкті басқарудың атқарушы органы мен бақылаушы
кеңесінің сандық және персоналдық құралы, банктің филиалдары, бөлімшелері
мен өкілдіктерінің саны туралы; банктің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер
(өткен жылдар бойынша бухгалтерлік баланстар және кірістер мен шығыстар
туралы есептер, эмиссиялық құжаттарды тіркеуге беруден бұрын соңғы
кварталдың аяғының жағдайы бойынша баланс және т.б.).
Банк қызметінің сапалық параметрлерінің өзгерістері банктің бағалы
қағаздарының шығуы бойынша эмиссиялық проспектісіне міндетті түрде
қосылатын түсініктеме қағаз бейнеленеді.
Банкте қаржылық талдау жүргізуге қажетті экономикалық және қаржылық
ақпараттардың үлкен көлемі банктердің ресми есептемедеде болады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін жылдық есеп, сонымен қатар
есептілік формалары бүгін банктерде қаржылық есептілік деп аталмайды.
Керісінше, жыл ішіндегі (тоқсан ішіндегі, әр айдағы) есептілік негізінен
дамыған елдерде қойылатын талаптарды қанағаттандырып, қаржылық атауын
алады.

Сурет 5 Коммерциялық банктерде қаржылық талдау жүргізу үшін ішкі
ақпараттардың негізгі көздерінің қалыптасу сызбасы

Отандық коммерциялық банктердің жылдық есеп құрамына келесі формалар
кіреді: айналым ведомості ретінде бухгалтерлік баланс; кірістер және
шығыстар туралы есеп; табыстан қалыптасатын табыстар мен қорларды пайдалану
туралы мәліметтер; қарыздар бойынша мүмкін болатын жоғалтуларға резервтерді
есептеу; банкте ішкі бақылау жағдайы туралы есеп; түсініктеме қағаз.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде есептіліктің келесі формаларын
пайдаланады: баланстық есептеме; кірістер мен шығыстар туралы есептеме;
қаржыландыру көздерінің қозғалысы туралы есептеме; акционерлік капиталдың
өзгерісі туралы есептеме, қаржылық есептемеге түсініктеме, аудиторлық
қорытындылар, сонымен қатар капиталдың орташа көлемінің балансы.13, 28б.
Коммерциялық банктің бухгалтерлік балансы – бұл оның қаржылық жағдайын
бағалау үшін қолданылатын негізгі құжат. Батыс банктерінің балансты құру
қағидаларының бірі актив баптарын олардың өтімділігінің төмендеу деңгейі
бойынша, ал пассив баптарын оладың талап етілуінің төмендеу мөлшері бойынша
топтастыру болып табылады.
Бухгалтерлік баланс өз құрамына келесі бөлімдерді кіріктіреді: А.
Баланстық шоттар, Б. Сенімді басқару шоттары, В. Баланстан тыс шоттар, Г.
Жедел операциялар, Д. Депо шоттары.
Бөлім қиылыстарындағы шоттар банктің тартылған және орналастырылған
қаражаттарының түрлері, сонымен қатар жүргізілеттін операциялардың
жеделдігі бойынша топтастырылады.
Баланста бір қатар шоттар бойынша реттеуші контрактивті және
контрпассивті шоттар қалды, бірақ қазір контршоттар бойынша сомаларды алып
тастағаннан кейін қорытындылар шығарылады. Оның ішінде, негізгі құралдар
мен материалды емес активтер құны олардың тозу сомасын алу арқылы
анықталады, табыс мөлшері оны пайдалану көлеміне азайтылған, филиалдармен
есептесу бойынша соңғы нәтиже пассив бойынша айналымдар мен актив бойынша
айналымдардан құралады. Бірақ банк қорларының қалыптасу тәртібі өзгеріссіз
қалды, олардан құрылтайшылардың валюталық жарналарын қайта бағалау
кезіндегі шығындар алынуы тиіс еді. Бұрынғыдай өсім қағидасы әрекет етеді,
яғни өскен алынған және төленген пайыздардың есептелу шоттары жоқ.
Қазір қолданылатын бухгалтерлік баланс формасының маңызды кемшілігі оның
ерекше белгісінің жоқтығы – активтер мен пассивтер баптарын жеке топтарға
бөлу.14, 69б.
Банктерде қаржылық талдау жүргізу үшін қолданылатын ағымдағы есептіліктің
көптігімен қатар экономиканың басқа салаларындағы шарушылық жүргізуші
субъектілерімен салыстырғанда банктердегі маңызды артықшылық – банктерде әр
жұмыс күнді міндетті түрде бухгалтерлік баланс құрумен аяқтайды, оны
зерттеу мен бағалау оперативті қаржылық талдау жүргізуде маңызды рөл
атқаруы тиіс.
Банктің тек жұмысшыларының белгілі бір ортасының қолы жететін қаржылық
талдаудың ақпараттық көзіне бухгалтерлік есеп шоттарында жинақталатын
ақпарат жүйесін жатқызуға болады.
Көптеген қазақстандық коммециялық банктердің автоматизацияның қазіргі
кезеңгі құралдарымен қамтылуының жоғары деңгейі соңғы жылдары банктің
операциялық күнін, халық салымдарын қабылдау мен беру бойынша жұмыстарды,
банк қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша операцияларды орындау,
есептілік жасау, көп көлемде анықтамалық ақпарат жинауды толық
автоматизациялауға мүмкіндік береді. Бірақ бүгін бағдарламалық өнімдердің
алуан түрлерін болса да, коммерциялық банктерде кешенді талдау жүргізу
ғана емес, сонымен бірге жеке аналитикалық тапсырмаларды орындау үшін де
бағдарламалар жоқ. Мұның басты себебі коммерциялық банктерді басқаруда
қаржылық талдау рөлін дұрыс бағаламауға негізделеді және оның нәтижесі –
бұл міндеттерді орындаудың автоматтандырылған әдістік және әдістемелік
қамтамасыз етудің жоқтығы.

2. БАНКТІҢ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
(АЛЬЯНС БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)

Бұл бөлімде АльянсБанк АҚ қаржылық жағдайын талдау, банктің негізгі
операцияларынан түскен табысын, пайыздық шығындары мен банк қызметінің
табыстылығын, өтімділік көрсеткіштерін талдау, банктің пруденциалды
нормативтерін орындауын зерттеу жүргізіледі.

2.1 АльянсБанк АҚ қаржылық жағдайын талдау

Альянс Банк акционерлік қоғамы 1999 жылдың 13 шілдесінде екі жергілікті
банктердің - Иртышбизнесбанк ашық акционерлік қоғамы (Павлодар қаласы)
мен Семей Қалалық Акционерлік Банкі ашық акционерлік қоғамдарының
бірігуінен құрылды.
Иртышбизнесбанк ААҚ 1993 жылдың 7 шілдесінде құрылса, Семей Қалалық
Акционерлік Банкі ААҚ 1992 жылдың 24 сәуірінде құрылды.
Семей Қалалық Акционерлік Банкі ААҚ-ның қайта ұйымдастырылуымен
байланысты филиалға аударылып, ал Бас кеңсе ретінде Павлодар қаласындағы
Иртышбизнесбанк ААҚ кеңсесі таңдалды. Бұл бірігу 1993 жылдан жинақталған
Банктік тәжірибені біріктіруге, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының
өндірістік кәсіпорындарының жұмыстарына бағытталған регион аралық Банк
құруға мүмкіндік берді. 2001 жылдың ортасына қарай Иртышбизнесбанк ААҚ
республиканың облыстарында ірі, орта және шағын бизнестердің
кәсіпорындарына кешенді қызмет көрсетудің үлкен тәжірибесі бар тұрақты
Банктік құрылымды ұсынды.
2001 жылы Иртышбизнесбанк ААҚ негізгі акционерлері өзгеріп, 2002 жылдың
13 наурызында Банк Альянс Банк ААҚ деп атауын өзгертті. 2004 жылдың 13
наурызында Альянс Банк АҚ-ның қайта тіркелуі аяқталды.
Банк төмендегілердің қатысушылары болып табылады:
• ҚР жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық
кепілдік ету (сақтандыру) Қоры;
• Қазақстандық қор биржасы (KASE);
• Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік берудің қоры;
• S.W.I.F.T. және REUTERS банкаралық телекоммуникациялық халықаралық
жүйелері;
• VISA International;
• Бірінші несиелік бюро;
• Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясы;
• Қазақстанның сауда өнеркәсіптік Палатасы.
Банк келесі жетекші әлемдік қаржы институттарымен тікелей
корреспонденттік қатынастарға ие: Bank of New York (USA); • American
Express Bank Ltd. (New York, USA); • American Express Bank GMBH (Frankfurt
am Main, Germany); • Deutsche Bank Trust Company Americas (New York, USA);
• Deutsche Bank AG (Frankfurt am Main, Germany); • Raiffeisen Zentralbank
Oesterreich AG (Vienna, Austria); • Citibank, N.A. (New York, USA); •
Citibank, London (London, UK); • Commerzbank AG (Frankfurt am Main,
Germany); • Dresdner Bank (Frankfurt am Main); • Credit Suisse First Boston
(Switzerland); • Wachovia Bank New York International Branch Corporation
(USA); • Банк Аваль (АППБ) (Киев, Украина); • СберБанк России (Мәскеу,
Ресей); • ПромсвязьБанк (Мәскеу, Ресей); • Международный Московский Банк
(Мәскеу, Ресей); • Банк ЗЕНИТ (Мәскеу, Ресей); • ААҚ "Альфа Банк" (Ресей);
• Bayerische Hypo- und Vereinsbank AG (Германия); • Банк Петрокоммерц
(Ресей); • РусславБанк (Мәскеу, Ресей); • БелвнешэкономБанк (Минск,
Беларусь); • Standart Bank London Limited (Англия); • PAREX BANK (Латвия)
және тағы басқалар.
Қаржылық қызмет нарығында Банктің серіктестері келесілер болып табылады:
• ЖАҚ Национальный Процессинговый Центр;
• ЖАҚ Қазақстандық Қор Биржасы (KASE);
• ЖШС Альянс Лизинг;
• Альянс Полис сақтандыру компаниясы;
• АҚ Альянс Капитал.
2006 жылғы қаңтардың 1 күні жағдайына сәйкес Банктің 16 филиалы және 56
бөлімдері бар.Банктің филиалдық жүйесі республиканың ірі өнеркәсіптік
орталықтарын қамтиды.
Альянс Банк АҚ Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі жетекші
банктерінің ішінде төртінші орынға ие. Банктің қаржылық жылды сәтті аяқтауы
қызметтің сәйкес көрсеткіштерімен дәлелденеді:

Сурет 6 Активтер

Банк активтері 2004 жылдан 2006 жыл аяғына дейін 7,7 есе өсті, яғни 2004
жылы активтер 119 млрд. теңге, ал 2006 жылы 921 млрд. теңге құрады.

Сурет 7 Міндеттемелер
Банктің міндеттемелері есепті 2006 жылы 2004 жылға қарағанда 8,13 есе
өсіп, 838 млрд. теңге құрады.

Сурет 8 Меншік капитал

Банктің міндеттемелерінің өсуі меншік капиталдың өсімімен бірге
келеді. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 15 млрд. теңге болса, 2006 жылы 82 млрд
теңге болды.

Сурет 9 Несиелік портфель

Альянс Банктің негізгі қызметі несиелендіру болып қала береді. Несиелік
портфель 2004 жылмен салыстырғанда 11,6 есе өсіп, 2006 жылы ол 620,7 млрд.
теңгеге жетті.

Сурет 10 Депозиттік портфель

Альянс Банктің қызметіне өсіп келген сенім дәлелденіп отыр, ол депозиттік
базаның өсуінен көрінеді. Депозиттік портфель 2004 жылмен салыстырғанда 3,6
есе өсіп, 2006 жылы 243,2 млрд. теңгеге дейін жетті.
Банктің табыстары мен шығындар туралы есептемесіне келетін болсақ, Банк
табыстары 2005 жылы 23954,1 млн. теңге құрады. Табыстар 2004 жылғы
көрсеткіштермен салыстырғанда 151%-ға өсті.
Табыстардың негізгі бөлігін пайыздық табыстар құрайды. 2005 жыл
қорытындылары бойынша Банктің пайыздық табысы 17562,5 млн. теңге құрады,
бұл көрсеткіш 2004 жылғы көрсеткішке қарағанда 143%-ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржылық күйін талдаудың әдіснамасы
Қаржылық жағдайды талдау
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Банктік капиталы
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Банк қызметінің құрылу және тоқтатылу тәртібі
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Банктік менеджменттің сипаты
Пәндер