Дипломатиялық қызмет



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. (3)
2. Негізгі бөлім:
2.1. Дипломатиялық қызметтің тарихи тамырлары ... (4.7)
2.2. Дипломатиялық қызмет және АҚШ.тың заманауи сыртқы саяси жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... . (7.9)
2.3. Дипломатиялық кадрлар: таңдау, оқыту, қызмет бабы бойынша жоғарылату, рангын анықтау ... ... ... ... ...(9.10)
2.4. АҚШ.тың әлемнің басқа елдерімен ажырамас байланысы . (11.12)
2.5. Жариялық дипломатия ... ... ... ... ... .. (13.14)
2.6. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... . (14.17)
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (17)


4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... (18)
“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады.
Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі – оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды. АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып отырды.
Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық мағынасына ие болған және солай болмақ та.
1) Дипломатия иностранных государств: учебное пособие под редакцией Т.В. Зоновой-2004г. С. 5-19
2) Попов В.И. “Современная дипломатия: теория и практика. Дипломатия – наука и искусство” -2004г. С. 36
3) Т.В.Зонова. “Современная модель дипломатии: истоки становления и перспективы развития”-2003г.
4) К.Токаев “Дипломатические очерки”- Алматы,2003г. С. 245
5) Интернет ресурсы: “Google.ru, yandex.ru, rambler.ru- Публичная дипломатия США, Неразрывная связь США со странами мира и др.”
6) К.Тоқаев “Беласу: Дипломатиялық очерктер”-2003ж. Б. 256-257.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

1. Кіріспе ___________________________________ _______ (3)
2. Негізгі бөлім:
1. Дипломатиялық қызметтің тарихи тамырлары ____ (4-7)
2. Дипломатиялық қызмет және АҚШ-тың заманауи сыртқы саяси жүйесі
_________________________________ (7-9)
3. Дипломатиялық кадрлар: таңдау, оқыту, қызмет бабы бойынша
жоғарылату, рангын анықтау ___________________(9-10)
4. АҚШ-тың әлемнің басқа елдерімен ажырамас байланысы _ (11-12)
5. Жариялық дипломатия ______________________ (13-14)
2.6. Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық
байланыстар _________________________________ (14-17)
3. Қорытынды ___________________________________ _____(17)

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ________________________ (18)

❖ Кіріспе

“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз
жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді
немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-
тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені
дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл
әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық
саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады.
Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел
мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің
биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде
басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл
өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен
дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына
нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа
мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез
арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі
– оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды.
АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы
болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы
сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап
алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып
отырды.
Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда
жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық
мағынасына ие болған және солай болмақ та.
Бірақ, қазіргі кезде, АҚШ-тың сыртқы саясаты барлық
мемлекеттерге дипломатиялық жағынан бірдей бағытталып отырған жоқ.
Оның себептері, ол, әлі күнге дейін, басқа мемлекеттерді “Елеусіз
қол” арқылы билеуге ұмтылып отыр. Бірақ, бұл қолды қағып тастауға
біршама мемлекеттер, бүгінгі таңда, дайын болып отыр. Дегенмен, бұл
мемлекеттердің АҚШ-ң келешектегі сыртқы саясатын танып білуі
екіталай...


❖ Дипломатиялық қызметтің тарихи тамырлары
Америка Құрама Штаттарындағы бірінші дипломатиялық институттар
тікелей өкілетті органдармен құрылды. (бұл олардың құрылу моделін Англия
және басқа да Батыс Европа елдердің моделінен радикалды түрде өзгешелейді).
Сонымен қатар, бірнеше жылдар аралығында олар атқарушы емес, керісінше
тікелей заң шығарушы құрылымдарға бағынды. 1781 жылы қаңтар айында Конгресс
(Англиядан өз тәуелсіздігін жариялаған барлық колония өкілдерінің заң
шығарушы жиналысы) сыртқы істер департаментін орнатты. Дәл осы мерзім АҚШ-
та орталық дипломатиялық ведомстваның туған күні ретінде атап өтіледі.
Кейінгі сегіз жыл аралығында, заң шығарушылардың өзінен құралған
департамент , жас мемлекеттің сыртқы қатынастарын басқарды.
1789 жылы, 1787 жылғы қабылданған АҚШ конституциясына сай,
департамент Мемлекеттік департамент болып өзгертіліп, мемлекет
президентінің басқаруына берілді. Конституция сыртқы қатынастардың жалпы
құқықтық негізін құра отырып, оның ұйымдастырылуы туралы тұманды, анық емес
түрде айтып өтеді: заң шығарушы және атқарушы биліктің компетенциясының
шекарасы, сыртқы саяси ведомства жүйесіндегі мемлекеттік департамент ролі
анықталмайды. Мемлекеттік хатшыға департамент жұмысын анда-мұнда
президенттің берілген тапсырысымен байланысты атқару бұйырылады.
Конституцияда жазылған президенттің ерекше мүмкіндіктері кейіннен
кеңейтілген жоспармен түсіндіріледі. Атап айтқанда, мәтінде тіркелген
президенттің өкілдерді, уәкілдерді, консулдарды сайлау құқығы (Сенатпен
кеңесу және оның келісімімен), сыртқы саяси мекемелерде кез-келген сайлауды
жүргізу, жаңа орындар мен құрылымдарды құру, сонымен қатар, аппарат
қызметін қадағалау құқығына өзгертілді (трансформацияланды). Конституцияда
мамандандырылған дипломатиялық қызмет жайында ешнәрсе айтылмайды. Кейіннен,
осы заң, XX ғасырда дипломатиялық қызмет құрылғанда, американдық
дипломатиялық мекемелерге өзінің кері әсерін тигізеді.
Жаңа мемлекеттің құрылу барысында (1775 жылдан бастап XIX ғ. 30-шы
жылдарына дейін) Б.Франклин,Т.Джефферсон, Дж.Адамс және көптеген басқа
талантты саясаткерлердің күшімен, Америкаға, оның сол кездегі аса ауыр
жағдайы- арнайы оқытылған дипломатиялық мамандардың жетіспеуі кезінде,
алдында тұрған халықаралық мәселелерді шешу мүмкіндігі туды. Содан кейін
сол таланттардың орнына орталандырылғандары келді, бірақ американ
саясаткерлері жеке карьералық дипломатиялық қызметті құруды жөн көрмеді.
Өздерінің позицияларын, олар, Ескі Кезеңдегі қалыптасқан монархиялық
дипломатиялық институттар мен салттардың республикалық Біріккен Штаттарға
мүлде қажет емес екендігінен көрсетті. Мамандандыруға қарсы қалыптасқан
тағы бір аргумент- 30-жылдардағы президент Э.Джексонның мынадай талқылауы
болды: “Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттерінің қарапайымдылығы
соншалықты-оны кез-келген саналы адам орындай алады”.1
Қызметке тағайындау жүйесінің “сыйлық-ұтушыға” деген принципінің
енгізілуімен байланысты ой өз көрінісін тапты. Сайлауда жеңіске жеткен
президент аса мықты орындарға өзінің туыстарын, достарын, оларға
президентті қолдағаны үшін “сыйлық” беріп, отырғыза бастады. Осы негізде
олардың мамандандырылған дайындықтары маңызды орын алмады, мұндай сайлау
жүйесі кейде орынсыз жағдайларға дейін апарды: 1869 жылы президент У.Грант
өзінің досы Э.Уошбернді (оның аз мерзім болса да дипломатиялық ведомстваның
тағында отырып, рахат алуына мүмкіндік беру негізінде) 12 күндік мерзімге
мемлекеттік хатшы ретінде сайлауы болды. Нәтижесінде, мемлекеттік
аппаратта, сонымен қоса, оның дипломатиялық шенінде, коррупция мәселесі
дамып, жұмыстың эффективтілігі жойылып, АҚШ-тың әлемдегі престижін
төмендетуге дейін барды.
АҚШ-тың мықты индустриалды державаға айналуы, мемлекеттің қаржылық-
монополистік және саяси орталықтардың XIX-XXғ.ғ.халықаралық мәселелерді
шешуге белсенді араласуы, барлық мүмкіншілікпен дипломатияға байланысты
және оның басты құралы-дипломатиялық қызметке байланысты қатынасты
өзгертуді талап етті және бұл талап орындалды. Саяси көшбасшылардың
құралдарымен өмір сүрген іскерлік ортадан, университеттерден белсенді
қолдау тапқан мемлекеттің саяси көшбасшылары аса дайындықпен “демократиялық
риториканы” тастап, Батыс Европаның дипломатиялық тәжірибесіне қарауға
белсенді ынта білдірді.
1905-1916 ж.ж. президенттер Т.Рузвельт жәнеУ.Тафтың атқарушы бұйрықтарымен,
сонымен қатар, Конгрестің заңдарымен дипломатиялық және консулдық қызметке
қабылдау критерийлері, сонымен қатар, қабылданушы адамның біліміне,
интеллектіне, квалификациясына байланысты оның карьералық жетістіктерін
анықтап беру туралы принциптер жарияланды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен күн тәртібінің бірінші
мәселесі болып- кадрлық дипломатиялық қызметтің құрылуы табылды.
__________

1Матвеев В.М: Дипломатическая служба США. М.: Международные
отношения, 1987. С.18.

Ол Роджерс заңының негізінде “АҚШ-тың шет ел қызметі” атымен құрылды.
Заң дипломатиялық және консулдық қызметтің мамандарының бір жүйеге
бірігуін, төменгі рангтарға арнайы емтихан арқылы алынуын және т.б.
бекітті.
Алайда, Мемлекеттік департамент пен Шет ел қызметінің (біріншілері-
Азаматтық қызметтің құрамына кірді) мамандарының бірігуі, бір орталыққа
интеграциялануы кейінге қалтырылды және ол 1950 жылдары ғана өз орнын
тапты.
АҚШ-тың сыртқы саяси ведомствасы- Мемлекеттік департамент өзінің іс жүргізу
барысында мықты ұлттық қарсыластарымен соқтығысып жатады. Ең бастысы, Ақ үй
администрациясы, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі және
Конгресс жайында сөз болып отыр. Олардың барлығы сыртқы саяси курсты
реттеудегі өте белсенді ойнаушылар болып табылады.
Халықаралық дәрежеде танымал американ дипломаты Дж. Кеннан айтуы
бойынша, теория жүзінде, бір немесе бірнеше ішкі акторлардың қызығушылығын
танытатын сыртқы үкімет акциялары, біріншіден, Мемлекеттік Департаментте
қарастырылуы керек. Бірақ барлық үкіметтік департамент пен агенттіктердің
ішінде Мемлекеттік Департамент мемлекеттің саяси орталықтарының аз ықпалына
түсуде. Бұл оның қалған ресми құрылымдармен болатын жүйелі қарым-
қатынасында әлсіз позицияда болып қалатындығын көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша құрылған қорғаныс Министрлігі, ОБО
(ЦРУ), ұлттық қауіпсіздік Кеңесі сыртқы саясатты орнату мәселесінде
дәстүрлі дипломатиялық мекемелердің негізгі бақталастары болып келді.
Дипломатиялық қызметке Конгресс аса белсенділікпен араласа бастады.
өкілеттілікте әскери ведомстваның басшылары және барлаушылар кадрлық
дипломаттарды артқы жоспарға ығыстырды. Жоғарыдағы айтылғандарға қоса айта
кететін жайт, 50-жылдардың ортасынан бастап, ультра-риакцияшыл сенатор Дж.
Маккартидің басшылығымен, көп жылдарға дейін өзінің салдарын қалдырған
дипломатиялық кадрларды түгелдей уландыру процесі басталып, мемлекеттік
аппараттың онсыз да әлсіздігін одан әрі өршітті.
Ал президент Дж.Кеннеди кезінде Мемлекеттік департамент және
американдық дипломатиялық қызметкерлердің шет елдегі рөлі көтерілді. 1961
жылы мамыр айында Дж. Кеннеди АҚШ-тың шет елдегі өкілдеріне барлық шет
елдегі мекемелердің қызмет барысын қадағалауға құқық берді(әскери
міндеттерден басқа). Оның тікелей бұйрығымен байланысты мемлекеттік хатшы
Д.Раск оперативті дипломатиялық қызмет барысындағыларды өздерінің
белсенділігін арттыру және “шешім қабылдаудан қорқпауға” шақырды.
1980 жылы АҚШ-тың Шет елдегі қызметі туралы Конгреспен мақұлданған
Заңға байланысты кадрлық дипломатия өзінің ерекше статусына ие болды. Сөйте
тұра, әлі де болса, кадрлық дипломатиялық қызметтің аппараттағы өз орнын
сақтап қалу мәселесі айқын шешілмеді.
Заң президентке дипломатиялық шенге кадрлық дәрежесінің
мүмкіндіктеріне байланысты тағайындауды бұйырды. Бірақ бір жыл өткен соң,
бұл ұсынысты Рейган қабылдамау негізінде жаңадан босатылған орындардың
жартысына (44%) өзінің жеке таныстарын отырғызады. Осымен бірге, бірнеше
тәжірибелі дипломатиялық мамандар президенттің бұйрығы бойынша өз шендерін
тастап кетуге мәжбүр болды. Осы кезде Дипломатиялық қызметкерлердің ойын
жақтаушы Шет ел қызметінің Ассоциациясы Рейганға “оның қызметтік бабы
бойынша емес, саяси бағыты негізінде АҚШ-қа деген әлемдегі сыйластық
төмендеп барады”, деген хат жолдады... Әрине, АҚШ-тың барлық президенттері
бірдей болған жоқ...
❖ Дипломатиялық қызмет және АҚШ-тың заманауи сыртқы саяси
жүйесі.

Америка Құрама Штаттарында, жоғарыда айтылып кеткендей, Мемлекеттік
департамент өзінің сыртқы саяси қызметін басқа да мекемелермен бөлісіп
атқарады- корғаныс Министрлігімен,Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесімен, Орталық
барлау басқаруымен, Конгреспен, Ақ үй аппаратымен, көптеген салалы
министрліктермен. Бұл билік және басқару органдарының барлығы президенттің
сыртқы саясаты барысында қабылдайтын шешімдеріне эффективті түрде әсер етіп
қана қоймай, сонымен қатар, Мемлекеттік департаменттегі кадрлардың
орналасуын, әсіресе, шет ел өкілдіктеріндегі мамандарды қадағалап, жұмысын
оңтайлы реттеп отырады.
АҚШ-тың Шет ел қызметіндегі карьералық дипломаттардың ролі европалық
мемлекеттердегі, мысалы, Ұлыбританиядағылардан салыстырмалы түрде төмен
болып келеді. Мемлекеттік департаментте британдық кадрлық дипломат №1-
министрдің тұрақты орын басушысы, СІМ-ң саяси басқарушылары мен
мамандандырылған кадрлардың арасындағы байланыс орнатушы қызметін
атқаратынға аналогты дипломатиялық кадр кездеспейді.
Мемлекеттік департаменттің басқару шені кең ауқымды болып келеді. Ол
өз құрамына мемлекеттік хатшыны, оның жалпы министрлік қызметтегі бірінші
орын басушысын (мемлекеттік хатшының жоқ кезіндегі жалпы Мемлекеттік
департаментті басқаруды және административті-кадрлы қызметтерді бақылауды
өз қолына алатын қызметкер), 5 бірінші орынбасарларын (глобальді мәселелрді
қадағалаушы), 16 орынбасарларын (жеке аудандар мен аймақтардың жұмыстарын
қадағалайтын қызметкер), және оннан аса директорлық орындарды кіргізеді.
Оперативті жұмыс басқаруларда жүргізіледі, олардың әрқайсысы директормен
немесе оның орынбасарымен тағайындалады. Дәл осы қызметке мамандандырылған
кадрлар орналастырылады, бірақ кейде, мұнда да шеттен адамдар кіргізіліп
қалуы мүмкін.
Мемлекеттік департаменттің штаттық кестесі -14000 қызметкерден
құралады, олардың ішіндегі карьерлік дипломаттар саны осылардың үш бөлігін
құрайды. Шет мемлекеттер өкілдігінде олардың саны одан да аз (15%-20%). АҚШ-
тың 160 мемлекетте өзіндік персоналмен таныстырылған АҚШ-тың 28 мекемесі
және оған қоса, Мемлекеттік департаменті бар 260 дипломатиялық және
консулдық мекемелері орналасқан.
Өз кезегінде американдық президент Томас Джефферсон сыртқы саясатты
бес клерк, екі елші және сағатына төленетін аудармашымен бірге жүргізді.
XX ғасырдың 40-жылдары АҚШ Мемлекеттік Департаментінде 700 адам жұмыс
атқарды. Ал 1990 жылы оның штат саны 10500-ге жетті. Орта көлемді
американдық елшілік саны 1970 жылдары 1000 адамға жетіп отырдв.
“Britannica” жинағының мәлімдемесі бойынша, оның тек 15 %-ы ғана
Мемелкеттік Департаментке тиді. Саны бойынша ең көп құрамдас АҚШ елшілігі
Сауд-Аравиясында (1000 адам) болды.
Ғасырлар тоғысындағы атқарушы билік және президенттің жоғарғы елшілік
орындарына сайлау кезіндегі саяси протекционизмі алсқа кете қойған жоқ.
Кейбір елші- мамандар (мысалы, РФ-ғы өкіл Томас Пикеринг 1996 жылы.)
президентті саяси протекционизмнің, шет елдерде “Америка
имиджін”таныстыруға деген талпынушылықтар басқа елдерде АҚШ туралы жақсы
ойлар тудырмайтындығына көндіру негізінде бұқараның ойына шағымданады.
Пикеринг, мүмкін, Клинтонды екінші мерзімге қайта сайлана отырып, оның
сөзін тыңдайтын шығар, деп ойлап қалған болар. Бірақ, олай болған жоқ.
Клинтон жаңа өкілдердің тең жартысын протекция бойынша сайлай отырып, жай
квотаны 30-35%-ке көтерді.
Америка имиджін сақтап қалу үшін құрылған қызметкерлердің ақталмаған
саны, кадрлық инфляция, басқару мен кординация қиыншылықтары, кадрлардың
болашағы үшін сенімсіздіктері (олардың карьералық өрлеулері саяси
сайланушылармен басылып отырылды), елшіліктегі әр түрлі ведомствалардың
арасындағы қиын жағдайлар, таусылмайтын соңғы он жылдықтардың қайта
құрылулары (мысалы, АҚШ-тың Ақпараттық агенттігі Мемлекеттік департаменттің
құрылымынан бірде шығарылып, бірде қайта интеграцияланып отырды), және
соңғы, АҚШ елшілігіне және оның қызметкерлеріне қарсы бағытталған
халықаралық терроризмнің өршуі- осы факторлардың барлығы елшіліктің
эффективті жұмыс атқаруына кері әсерін тигізіп отырды.
Конгресс пен президент арасындағы бітпес қайшылықтардың арқасында,
біріншілері дипломатиялық мекемелердің қызметіне бөлінетін қаржының көлемін
қысқартып отырды. Ал, дипломатиялық мекемелердің саны мен қызметінің ауқымы
өсіп келеді (1986 ж. 40 жаңа елшілік пен консулдық мекеме ашылды). Соған
қарамастан, сыртқы ведомства жұмысына бөлінетін қаржы көлемі, мемлекеттік
хатшы У.Кристофердың мәлімдемесі бойынша (ал, ол 1997ж. басында отставкаға
кеткен болатын), 50%-ға төмендеді. Және бұл мемлекеттік хатшының, “Конгресс
қаржыландыруда негізгі мәселені талқыламай-ақ, оның көлемін қысқартып
отырған”, деген мәлімдемелері де адамды таң қалдырады.
❖ Дипломатиялық кадрлар: таңдау,оқыту, қызмет бабы бойынша
жоғарылату, рангын анықтау
АҚШ-та мамандандырылған дипломатиялық қызметтің кадрларын таңдау (АҚШ-
тың шет ел қызметінің) бастапқы емтихан тапсыру негізінде болатын ашық
конкурс арқылы жүргізіледі.1
1980 жылғы АҚШ-тың Шет ел қызметінің Заңына сәйкес, қызметке қабылдау
бірдей мүмкіндіктер, “саяси бағытына, еліне, дініне, терісінің түсіне,
ұлттық шығу-тегіне, отбасы жағдайына байланыссыз” принципінің негізінде
жүргізіледі.
Американдық Заң шығарушы органның талабы бойынша, қызмет бабында
мемлекет халқының барлық негізгі қоғамдық таптары мен этникалық топтары
және оның барлық географиялық аудандары қамтылуы керек. Осы мақсатта,
талаптанушылардың бірнеше категориясына, қызметке орналасу бабына
байланысты, ерекше мүмкіншіліктер беріледі (мысалы, АҚШ-тың азиат және
латын америкалық типтес азаматтары, үнділер мен эскимостар жазбаша
емтиханнан босатылған, оның орнына ЖОО-н бітіргенде алған бағаларын
ұсынады). Қара американдықтарға дипломатиялық мекемелерде ерекше квота
қарастырылған. Бұл соңғы 15-20 жылдар аралығында федеральді жоспардың
жұмысқа орналастырудағы барлығына бірдей мүмкіншіліктер беруі кадрлық
дипломаттардың наразылығын тудырды. Соңғылардың және сонымен қатар,
Т.Пикерингтің де ойлары бойынша, қызметтің әлеуметтік және этникалық
құрамын кеңейту-оның мамандық деңгейінің критикалық мәнде әлсіреп,
дипломатиялық ведомстваларды психологиялық тығыздыққа әкеледі.
Сөйтіп, 1980 жылдардың бас кезінде бұл мәселені шешу қатаң қолға
алынды. Шет ел қызметінің үш жоғарғы рангісі (карьерлі елші, карьерлі
уәкіл, карьерлі кеңес беруші) ерекше категорияға белгіленді- қызметтің
басқару құрамының шені (Senior Foreign Service ). Дипломаттардың бұл
белгіленген категорияға өтуі жаңа талаптармен реттелді.
__________

1Матвеев В.М. Дипломатическая служба США. М.: Международные
отношения,1987. С. 163-165.

Негізінен, оның алдыңғы жұмыс бабында 2-3 аумақтық және 1-2 функционалдық
бөлімдерін игеру керек болды.
Орта және төменгі деңгейдегі карьераның да өтуі де қиындай түсті- VIII –I
ранг аралығында.
(АҚШ-та бұл сандарға стажерлар мен атташелер деңгейінен 1-ші
секретарьға дейінгі аралық тән).
1980жылғы Заң бойынша кластағы жоғарылаусыз жұмыс атқаруға тура
келетін ең жоғарғы мерзім белгіленді. Егер ол қызмет бабы бойынша
жоғарылатуға сай болмаса, орнынан тез арада алынып тасталынуы керек болды.
Қорытындылай келе, айта кетейік, көптеген мамандардың ойы бойынша,
АҚШ-тың кадрлық дипломатиялық қызметі –көп емес (3,5мың адам), бірақ,
сонымен қатар, олар АҚШ-тың сыртқы саяси механизмінің аса маңызды және
эффективті құрамдас бөлігі болып табылады. Дегенмен,1924 жылдан бері
құрылған дипломатиялық қызмет көптеген іс-жүзілік айыптауларға тап болып
отырды, ал кейде, популистік санадағы саясаткерлердің тура қудалауларына,
“маккартистік кезеңдегі” президенттік-администрациялық, ультра-реакциондық
жала тағуларға тап болып отырды (50-жылдардың 1-ші жартысы).
1980 жылғы қабылданған Заң бұл қайшылықтарды аз болса да шешіп бере
алған сияқты. Заңда тура айтылған:”Конгресс, карьерлі Шет ел қызметін аса
ірі мамандандырылған деңгейдегі, мемлекеттің мүддесін қорғаушы орган және
ол тікелей президент пен Мемлекеттік хатшының сыртқы саясатын реттеудегі,
маңызды мәселелерді шешудегі негізгі кілт, деп санайды”.
Американдық дипломатияның қазіргі қызметкерлері ішінде-АҚШ президенті
және оның администрациясы, АҚШ Конгресі, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі, ОББ,
әскери және азаматтық федеральді ведомствалар, жартылай үкіметтік және
үкіметтік емес ұйымдар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, жеке
бизнес қызметкерлері бар. Көптеген мамандардың айтуы бойынша, дипломатиялық
қызметтің субъектілері болып, қатардағы азаматтар да бола алады. Шынымен
де, қоғамдық топтардың және жеке азаматтардың АҚШ-тың сыртқы саяси
бағытындағы алатын орны, басқа мемлекеттермен салыстырғанда, әлдеқайда
жоғары болып отыр.
Сонымен бірге, АҚШ дипломатиясының аурулары саясаткерлермен де, осы
мемлекетті зерттеушілермен де толығымен мойындалып отыр. Барлық мәселенің
мәні – ауру функционалды мінезде емес, органикалық мінезде болып отыр,
сондықтан да бұл ауруды жазылту қиынға соғуда.
Бұл жағдайдың түбегейлі өзгеруі үшін, американдықтардың ойы бойынша,
Конституцияның сыртқы саясатқа байланысты бөлігіндегі негізгі міндеттер мен
бағыттардың жолын анықтау қажет, керек болса, өзгертулер де енгізу керек.
Сонымен қатар, олар жағдайды қиындатпауға шақырады: осыған дейін сырқы
саяси жүйедегі қақтығыстар”әлі ешқашан бүкіләлемдік соғысқа айналған емес”.

АҚШ-тың әлемнің басқа елдерімен ажырамас байланысы
Бұрынғы мемлекеттік хатшы Генри Киссинджер былай деп жазды:
“Американдық сыртқы саясатты екі шекпен анықтауға болады, ол-идеализм мен
изоляционизм”.
Ал, идеализм дегеніміз- философиядағы бір нәрсенің бәрінің негізі
материя деп саналмай, идея, жан деп саналатындығын біз бұрыннан білеміз.
Сонымен қатар, изоляционизм дегеніміз- тек қана саяси изоляционизм ұғымында
түсіндіріледі. Ол XIXғ. АҚШ-ты Европалық жанжалға қатыспауға үндеген, соңғы
кезде американ монополистік капитализмінің агрессиялық саясатын бүркеудің
бір түріне айналған саяси ағым.
АҚШ-тың басқа мемлекеттермен байланысының негізінде, оның
демократияны таратудың қозғаушы күші ретінде елге қызмет етуі жатыр.
Американдық саясаткерлердің АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы
көзқарастары әртүрлі болып келеді, бірақ олардың көбісі, американдық
саясаттың табысы – сыртқы процестерге тікелей тәуелді деп санайды. Бұл
көзқарастың дамуын, ымыраға келе алмайтын екі бақталас президенттер Вудро
Вильсон (1913-1927) және Теодор Рузвельт (1901-1909) те анықтап берді.
Вудро Вильсон әрқашан былай деген түсінікті ұғындыруға ұмтылған: “Біз әлем
өмірінде, оған қатысушы орынды, ырықсыз, аламыз. Адамзатқа қатыстының
барлығы- біздің жұмысымыз болып табылады”. Рузвельттің де әлемдегі
Американың ауқымды ролі туралыойы “алысқа бағытталған” болып келеді. Ол
өнегелілікті халықаралық өнегелілікпен байланыстырып, оны өз позициясына
алады, яғни, ол халықаралық тәртіпті орнатуға күш салады, әділдікті
қалайды. Ал мұның өзі американдық сыртқы саясатта идеализмнің бар екендігін
көрсетеді. Американың сыртқы саясаты мықты стратегиялық мінезде болу керек
деп, көптеген саясаткерлер санады.
Сонымен, XXғ. Американдық дипломатия – бұл, көбінесе, американдық
саясаткерлердің идеал мен қызығушылықтар арасындағы дұрыс баланстың
орнатылуына талпыныстарын сипаттайтын тарих. Осы байланысты мінездей
отырып, американдық Мемлекеттік хатшы Кондализа Райс былай деді:
“Американдық сыртқы саясатқа әрқашан идеализм тән болған. Керекті шешім
тауып қана қоймай, сонымен қатар, оны құндылықтар мен принциптер
контекстінде орындау туралы сөз болып отыр”.


Президент Вудро Президент Теодор
Вильсон Рузвельт
(1913-1921) (1901-1909)

Ал, Вудро Вильсонның атының өзі американдық идеализм синонимі болып
қалыптасты. Бірақ, Вильсон идеализмі қатаң реализммен жанасып отырды.
Мысалы, түріктердің армяндарға қарсы ауыр қатынастарын ести отыра, ол
түріктерге соғыс жариялауға қарсылық білдірді. Себебі, ол американдық
миссионерлердің Таяу Шығысқа жылжуынан шошыды.

II дүниежүзілік соғыс кезіндегі американдық тәжірибе, оның
американдық құндылықтар мен геосаясаты арасындағы қақтығыстарды анық түрде
көрсетеді. Жапондықтардың Перл-Харборға жасаған бомбалауынан бір жыл бұрын,
президент Франклин Делано Рузвельт (1933-1945) маңызды “төрт бостандық”
атты жолдауымен сөз сөйледі, онда ол былай деді: “әлемнің бар
түкпіріндегілер” сөз, дін, қажеттілік және қорқыныш бостандығына ие деді.
Бұл - екінші дүниежүзілік соғысқа кірудегі барлық американдықтарды бір
орталыққа жинақтау және әрбір қатардағы американдыққа соғысу үшін
идеологикалық негіз беру болып табылды.

Президент Франклин
Делано Рузвельт (оң
жақта) өзінің
вице-президенті Гарри С.
Трумэнмен Ақ үйде 1944
жылы кездесуі.

1945 жылы Рузвельт қайтыс болғаннан кейін, аяқ асты Гарри Трумен
президент болып сайланды. Бұрынғы дайын көйлек магазинінің басқарушысына
мемлекетті басқаруда көптеген қиыншылықтар кездесті. Ол да өз кезегінде
американ идеалы мен қызығушылығын қоса алып жүрді. Трумен кезінде
жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына бомба тастылды, сонымен қатар,
соғыстан кейінгі ауыр жағдай кезін кешкен Европаға “Маршалл жоспары”
негізінде болған көмек көрсету әрекеті өз орнын тапты. Жалпы, Трумен
кезіндегі американ мемлекетінің сыртқы саясаты жоспарлы түрде жүргізілді.

❖ Жариялық дипломатия

Жариялық дипломатия, бүгінгі таңда, сыртқы саясатты жүргізудің
негізгі құралы болып табылады, әсіресе, АҚШ үшін.
Американдықтардың өздерінің тануы бойынша, жариялық дипломатиямен
олар 1940 жылдан бастап айналысады. АҚШ бұрынғыдан қалыптасқан сыртқы
саясатында басқа елдерге ақпаратттық әсер етуді әлі күнге дейін сақтап
отыр. АҚШ жариялық дипломатия мен ақпараттындыру саласында қарқынды жұмыс
жүргізіп отыр. ал оған бөлінетін қаржы көлемін 20%-ға көбейтетіндігі туралы
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс сенат комитетінде айтқан
болатын.
Жариялық дипломатияда негізгі орынды ЮСИА алады. ЮСИА тарихы өз
бастамасын бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қоғамдық Ақпараттық
Комитеттен алады. Бұл АҚШ-ң шет елдердегі бірінші көлемді ұйымы еді.
1938 жылы Департаментаралық ғылыми бірлестік комитеті ашылды. 1942
жылы “Америка даусы” ақпаратты тасымалдауды бастады. Ал 1953 жылы тамыз
айында АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің ынтасы бойынша АҚШ-тың ақпараттық
агенттігі (ЮСИА) құрылды. 1953ж. 1 тамызда қабылданған “Қайта құру №8
жоспары” Заңы ЮСИА-ның құрылуын заңдастырды. Бұл бұрынғы Мемлекеттік
деапртаментке жүктелген істі ЮСИА-ға аударды. Оны ңқайнар көзі
–психологиялық соғыс қызметінде еді. Американың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі
Дипломатиялық құқық
Дипломатиялық хаттамалар
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Англия дипломатиясы
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Дипломатиялық иммунитет және артықшылықтар
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Пәндер