Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары



РЕФЕРАТ
ГЛОССАРИЙ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру жүйесі экономика ғылымының зерттеу нысаны ретінде
қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.
1.2 Білім берудің қоғамдық игілік ретіндегі әлеуметтік.экономикалық белгілері.
1.3 Әлемдік білім беру жүйелерін салыстырмалы экономикалық талдау.
ІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты:
басымдықтары, негізгі бағыттары
ІІІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОТАНДЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы.
3.2 Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру динамикасы
3.3 Отандық білім беру жүйесін жаңашаландыру бағыттары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық ерекшеліктерімен кірігуі өзекті мәселе болып келеді. Осы жерден тақырыптың бүгінгі күнде айрықша өзекті болып отырғанын байқауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- білім экономикасының теориялық мәселелері мен оны мемлекеттік реттеу шараларын ғылыми тұрғыда зерттеу;
- дамыған шетелдік тәжірибені талдау барысында, оларды отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға ұсыныстар жасау;
- ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін көрсету.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі. Жұмыстың объектісі ретінде әлемдік білім беру жүйелері және республиканың білім беру саласы алынады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында білім беру саласының ұлттық ерекшеліктерін айқындау шаралары және сол саладағы экономикалық қатынастар диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Түйін сөздер: білім; білім беру жүйесі; ұлттық білім беру жүйесі; білім беру қызметі; білім қоры; білім сапасы; адам капиталы; қоғамдық игілік; мектеп алды даярлық тобы; бастауыш білім; жалпы орта білім; негізгі білім; кәсіптік білім; жоғарғы білім; білім беру жүйесін қаржыландыру; білім беру жүйесін мемлекеттік реттеу.
Қысқарған сөздер:
БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы
ДБ – Дүниежүжілік банк
БСҰ – Бүкіләлемдік сауда ұйымы
ЕЫҚҰ – Еуропа ынтымақтастық ұйымы
ЖОО – жоғары оқу орындары
ҒТР – ғылыми техникалық төңкерісі
БХСЖ – білімнің Халықаралық стандарттық жіктелімі
ОӘК – оқу әдістемелік кешен
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Диплом жұмысының иллюстациясы - екі график, үш кесте және бір сызбадан тұрады.
1. Мамыров Н.К. Қазақстандағы адам дамуы. – Алматы: Экономика, 2003. – 436 б.
2. Есқалиев М.Д., Шеденов Ө.Қ., Базиков А.А. Жастарға экономикалық тәрбие беру. – Алматы: Мектеп, 1989. – 176 б.
3. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.Қ., Бимендиева Л.Ә. Білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 56 б.
4. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.Қ., Бейсенбаев Ж.Т. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 88 б.
5. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру саласының экономикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 30 б.
6. Тайжанова Исследование влияния образования на человеческое развитие в РК. // Диссертация. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 186 б.б
7. Тейхейра П. Рынки в сфере высшего образования: можем ли мы по-прежнему учиться у классиков? // Экономика образования. – 2008.- № 2. 75-87 б.б
8. Гневашева В.А. Социально-экономическая значимость образования как общественного блага // Экономика образования. – 2008.-№ 6. 33-43 б.б
9. Хауптман А. М. Четыре модели развития третичного образования // Экономика образования. – 2007.- № 3. 95-103 б.б
10. Гладких Б.А. Может ли Болонский процесс стимулировать повышение качества и эффективности образования в российском вузе? // Экономика образования. – 2007.-№ 6. 5-15 б.б
11. Семеко Г.В. Школьная реформа в США: программы выбора школы // Экономика образования. – 2007.-№ 6. 49-71 б.б
12. Тихомиров А.В. Путы реформы организации образования // экономика образования. – 2008.- № 3. 4-10 б.б
13. Нарибаев К. Научные и нормативно-правовые основы реформирования высшего образования // Білім. – 2008.-№ 1. 8-21 б.б
14. Төлебаев Д.Ж., Тұңғышбаев А. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұны // Білім. – 2006.-№ 4. 32-39 б.б
15. Йылмаз Сатылмыш. Түркиядағы 12 жылдық оқыту жүйесі және бағдарлап оқыту // Білім. – 2008.-№ 6. 42-48 б.б
16. Сабитов Д. Из количества в качество? // Континент от 11-24 февраля 2009 года. – 40-43 б.б
17. Финансы за неделю // Делоой Казакстан. – № 12 от 27 марта 2009 года
18. Хамзин М. Білім де бәсекеге түседі // Егемен Қазақстан. – 29 наурыз 2006 жыл
19. Нарибаев К.Н. Проблемы реформирования высшего образования в Казакстане в условиях глобализации / Под. Ред. О. Сабдена. – Алматы: Институт экономики МОН РК, 2007. – 30 б
20. Статистические данные в сфере образования РК. http://www.google.kz.

21. Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. – 10 желтоқсан 1948 жыл. // Қазақстандағы адам дамуы: Мамыров Н.К. – Алматы: Экономика, 2003. – 426-432 б.б
22. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билль.- Алматы: ЮРИСТ, 2002.- 17-18 б.б
23. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы: ЮРИСТ, 2008.
24. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан – 2030” халыққа Жолдауы.// Егемен Қазақстан. – 11 қазан 1997 жыл
25. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты халыққа Жолдауы.// Егемен Қазақстан. – 24 наурыз 2006 жыл.
26. Қазақстан Республикасы Президентінің “Дағдарыстан - дамуға” атты халыққа Жолдауы.// Жетісу. – 7 наурыз 2009 жыл.
27. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 309 б.
28. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 27 шілде 2007 жыл.// Егемен Қазақстан 15 тамыз 2007 жыл
29. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // Жетісу. – 30 желтоқсан 2003 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі:
ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары.

Орындаған __________________ Әбсадықова Әзиза
Әбіләшімқызы
4 курс студенті

Ғылыми жетекші ___________________ Дәулиева Ғалия Рахметқызы
э.ғ.к, доцент ( қолы, күні )

Норма бақылаушы ___________________ Әбділова Әлия Шығарайқызы
( қолы, күні )

Қорғауға жіберілді,
Кафедра меңгерушісі _________________ Төлегенова Мәдина Сәкенқызы
э.ғ.д, профессор ( қолы, күні )

Алматы, 2009
РЕФЕРАТ

Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім
беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла
үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда
экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім
беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық ерекшеліктерімен
кірігуі өзекті мәселе болып келеді. Осы жерден тақырыптың бүгінгі күнде
айрықша өзекті болып отырғанын байқауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты –
білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну.
Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- білім экономикасының теориялық мәселелері мен оны мемлекеттік реттеу
шараларын ғылыми тұрғыда зерттеу;
- дамыған шетелдік тәжірибені талдау барысында, оларды отандық білім
берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға ұсыныстар жасау;
- ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін көрсету.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі. Жұмыстың объектісі ретінде әлемдік
білім беру жүйелері және республиканың білім беру саласы алынады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену
жағдайында білім беру саласының ұлттық ерекшеліктерін айқындау шаралары
және сол саладағы экономикалық қатынастар диплом жұмысының зерттеу пәні
болып табылады.
Түйін сөздер: білім; білім беру жүйесі; ұлттық білім беру жүйесі; білім
беру қызметі; білім қоры; білім сапасы; адам капиталы; қоғамдық игілік;
мектеп алды даярлық тобы; бастауыш білім; жалпы орта білім; негізгі білім;
кәсіптік білім; жоғарғы білім; білім беру жүйесін қаржыландыру; білім беру
жүйесін мемлекеттік реттеу.
Қысқарған сөздер:
БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы
ДБ – Дүниежүжілік банк
БСҰ – Бүкіләлемдік сауда ұйымы
ЕЫҚҰ – Еуропа ынтымақтастық ұйымы
ЖОО – жоғары оқу орындары
ҒТР – ғылыми техникалық төңкерісі
БХСЖ – білімнің Халықаралық стандарттық жіктелімі
ОӘК – оқу әдістемелік кешен
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Диплом жұмысының иллюстациясы - екі график, үш кесте және бір
сызбадан тұрады.
Диплом жұмысының көлемі – 52 бет.

ГЛОССАРИЙ

Білім - белгілі бір әлеуметтік тұлғалар және қоғаммен анықталған білім
ретінде танылған және әлеуметтік мәні бар қандай да бір критериийларға
(нормаларға) сәйкес рәсімделген белгілі әдіспен алынған, селективті
ақпарат.
Білім қоры – құндық формада бейнеленген жұмыс күшінің білім әлеуетінің
жинақталуы.
Ашық білім – білім алушының тұрғылықты жеріне тәуелсіз білімнің жалпыға
бірдейлігі, оқудағы қолайлылық, оқытушы мен оқу мекемесін таңдау еркіндігі.
Қоғам элитасы – қоғам өмірінің түрлі аясында стратегиялық шешімдерді
өзі қабылдайтын адамдар.
Білімнің фундаментализациясы - әмбебеп білімге бағыттылық, жалпы
мәдениеттің қалыптасуы мен ойлай білуді дамыту, оқу курстарын құрылымдық
және мазмұндық қайта өңдеу, оларды біріңғай білім алаңын жасау үшін келісу.
Интерактивті әдістер (ағыл. Interaction – динамикалық әсер ету) –
педагог пен оқушының өзара әсер ету әдістері.
Оқыту әдістері – іс жүзінде мақсаттарды, міндеттерді, мазмұндарды,
оқыту қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ой-пікірлерді іске
асыратын тетіктер.
Тәжірибе – азаматтың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы,
дәлірек айтсақ, адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау
тәсілдері, құқықтық және т.б. нормалар.
Оқыту нысанасы (лат. forma – түр, оқыту ) – оқу-тәрбиелік үрдістің
сыртқы түрі, қолданылу тәсілі және мазмұнының көрінісі.
Қашықтан оқыту - бұл қазіргі заманғы телебайланыс, электрондық пошта,
теледидар және интернет көмегімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену
қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге
қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін
ашады.
Оқытудың кредиттік технологиясы - өз білімін көтеру мақсатымен білім
беру технологиясы және жеке негізде шығармашылық білім алу, оқу үрдісін
белгілеу шеңберіндегі білім берудің жолын таңдау және кредит түріндегі
білім алудың есебі.
Ғылыми техникалық төңкеріс – технологиялық өндіріс тәсілінің ауысуына
әкелетін өндіріс техникасының салыстырмалы жылдам революциялық өзгеруі.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру жүйесі – экономика ғылымының зерттеу нысаны
ретінде ... ... ... .5

1.2 Білім берудің қоғамдық игілік ретіндегі әлеуметтік-экономикалық
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.3 Әлемдік білім беру жүйелерін салыстырмалы экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2.1 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты:
басымдықтары, негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...24

ІІІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОТАНДЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

3.2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қаржыландыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

3.3 Отандық білім беру жүйесін жаңашаландыру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде Қазақстан әлемдік білім беру
кеңістігіне ене отырып, өз алдына БСҰ-ға мүшелікке ену, әлемнің барынша
дамыған 50 елінің қатарына қосылу, 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ету секілді
маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл мақсаттардың жүзеге асуы ең алдымен
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап тетеді. Тұтас
экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім беру
жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің жаһандану
жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен маңызға ие
болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана
емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі факторы болып
табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және
елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары
әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде,
қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түсуде.
Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып
жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе
экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті
мамандар даярлауды қажет етеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру реформасы
– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық
жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, -
деп айқын атап көрсетті.[1]
Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі
заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау
ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің
мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің
сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін
кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.
Әлемдік білім кеңістігінің көш басында жүрген академиялық институттар
мен ғылыми орталықтарды елімізге тарту үшін жасалған алғы шарттар ҚР-ғы
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасымен үндес, бұл Елбасы саясатынын білім беру жүйесін
ілгерілетудегі бірізділікті аңғартады.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы
тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу
ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын
нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі
жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық
экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын
көрініп отыр.
Білім беру жүйесіндегі мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:
– Жүйеде білім берудің барлық денгейлерінде келеңсіз сәттерді
тудыратын білім берудің сапасын субъективті түпкілікті бағалаудың
басым болуы;
– Білім беру жүйесінің жаңа енгізілімдерді қабылдауға қауқарсыздығы
және оқыту сапасының жүйесін енгізуге дәлелдемелердің болмауы;
– Материалдық-техникалық базаның, оқу лабораториялық жабдықтың, оқу
және әдістемелік әдебиеттің қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі.
Осы мәселелерді шешу жолдары диплом жұмысын зерттеудегі мақсаттар мен
міндеттерді айқындап береді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Адам капиталы теориясының бөлігі
ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер,
П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау
бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-
ғалымдар Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Я.Ә. Әубәкіровтың, Ө.Қ.
Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмабаевтің, Ғ.Р.
Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп
келеді.
Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі.
Білім беру экономикасы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық
монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік
және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-
практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының
Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары,
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары,
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер,
ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ
материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым
мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік
негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-
экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.
Диплом жұмысының жариялылығы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының сынақталуы. Осы тақырыпта дайындалған жұмыс
факультетте 2008 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында өткен “Жаһандану
жағдайындағы ұлттық экономиканың инновациялық дамуы” атты жас ғалымдар мен
студенттердің IX-ші ғылыми-теориялық конференциясында І орынды иеленген.

I БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Білім беру жүйесі экономика ғылымының зерттеу нысаны ретінде

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі
өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып,
үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп
теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым
және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық
жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап
бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту
заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам
дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты.[2]
Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері
білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның
әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.
Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде
алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, саналуан мамандықтарды өмірге
әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі деп
санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу,
үйрену негізінде қорланған білім мен әдет – ұлттық байлық құрамына енеді.
Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке
секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын
білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар,
жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына
деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін
қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім
өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз
кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс әсерлердің
нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу
үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен
қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш
мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін
шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз
етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді
ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал
етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар
еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А.Смит шығындарды
бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны
ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы
көздерін (қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш
білім идеясын көтермесе де, қосалқы бастауыш біліммен жаппай қарулану
қажеттігін айтады. Өз ісін бастамашыларға, болмаса ұйымдарға жұмыс іздеп
келушілердің дағдылары мен білімін тексеру жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.
Джон Стюарт Милль білімді ұлттық, жекелік, әлеуметтік, моралдік, саяси
және экономикалық дамудың маңызды факторы деп қарастырады. Білім алудан
келетін пайда экономикалық терминдерде қолданылатын болғандықтан, білім
үшін шығын капитал салумен теңестіріледі. Сол кездің өзінде білімнен
келетін пайданың өндіруден артық, сол өндірудің көзі болатындығын
түсіндіреді. “Жұмыскерлер меңгерген білім, бұл табиғи монополия” деп
көрсетеді. Негізінде неғұрлым оқыған, білімді барынша меңгерген
жұмыскерлердің жоғары жалақылы жұмыс орындарына жол табатыны жатыр. Осымен
байланысты қоғамның барлық топтарына білім алуға тиімді жол ашу қажеттігін
маңызды деп көрсетеді. Көрсетілген мәселенің шешімін білімнің
қанағаттанарлық сапасы мен көлемінен іздеді. Іс-әрекетінің сапасы
мемлекеттің қатысуымен бақылауда болатын көп емес ірі оқу орындарын құруды
ұсынған Милль А.Смит секілді мемлекеттік оқу орындарының іс-әрекетіне қарсы
болды. Дегенмен, мемлекеттік және жеке оқу орындарына мемлекеттік
бақылаудың болуын талап етті. Бұл бақылау жеке тұлғаның еркіндігіне нұқсан
келтіретін іргелі қағидаға қарсы келгенімен, білім жүйесі рыноктық
механизмдер арқылы реттеле алмайтынын, яғни тұтынушы білім беру
қызметтеріне төлем қабілетсіздігін, сондай-ақ ол қызметті бағалауға
жеткілікті мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіреді. Сондай-ақ ол “білімсіз
адам білім беру үрдісін бағалай алмайтындығын” атап көрсетті. Осымен
байланысты Дж.С. Милль мемлекеттің білім жүйесіне әсерін нақтылап береді.
Бірақ Дж.С. Милль білім беру қызметін тек мемлекеттің көрсетуіне қарсы
болып, сол қызметтің тек бастапқы сатылары ғана емес, неғұрлым тереңдеген
сайын тегін көрсетілуі тиіс, ал тегін бастауыш білім қызметін мемлекет тек
аз қамтылған азаматтарға көрсетуі тиіс деген пікір айтады.
Жалпы автор білім беру жүйесін мемлекеттің қолдауы туралы политэкономия
классиктерінің пікірін, білім беру жүйесін толықтай мемлекеттендіру туралы
ұсыныс секілді түсінуге жатпайтынын айтады.
1832 жылдан бастап бастауыш мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттен
бөлінетін жыл сайынғы субсидияны енгізу экономисттер арасында тегін білім
беру жүйесін құру секілді ойлар туғызды. Сол уақытта Дж.С. Миллдің білім
беру жүйесіне жеке секторларды енгізу және сол салада бәсекелестікті дамыту
туралы ашық пікір білдірді. Оқытушылардың еңбегін бағалау, олардың іс-
әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болуын және бұл сонымен қатар
мемлекеттік оқу орындарында қызмет еттіндерден тыс қалмауы тиіс екенін
айтты.
Альфред Маршалл – ХІХғ аяғы - ХХ ғ.І жарты жылдығындағы танымал
экономисттердің бірі- білім экономикасына байланысты коптеген пікірлердің
иесі. Білімнің жеке тұлға үшін маңызын қарастыра отырып, қоғамда жалпы
білім беру ісін дамытуға атсалысты.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында техникалық білімге көп көңіл
бөлінгеніне қарамастан, А.Маршалл білім беруді шектен тыс мамандандыруға
қарсы болды. Себеп жұмыс берушілердің уақыт ағымына байланысты өзгерістерге
бейімделу мүмкіндіктерінің төмендігінде еді. Ал қоғамдық білімнің маңызы
жеке тұлғаның интелектуалдық мүмкіндіктерін шыңдап қана қоймай, жұмыс
күшінің әлеуметтенуіне, жағымды мінез-құлқының қалыптасуына көмектесетінін
айтты.
“Сауда және өндіріс” атты еңбегінде белгілі өндіріс ошақтарының
экономикалық үрдісіндегі білімнің орны туралы айтады. Индустрияланудың жаңа
талаптары жалпы моралдік, интелектуалдық біліктіліктерді, күрделі өндіргіш
іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған, ал тек элиталы қоғамда өмір сүру
маңызын жойғанын айтады.
Жұмыс күшін даярлауға, оларға арнайы білім беруді қоса алғанда, кететін
шығынды тікелей өндірістік инвестициялаумен байланыстырмаса да, білім беру
үрдісін қаржыландыруды сол салаға салынған ұзақ мерзімді инвестиция деп
санады. А.Маршалл білімге деген қызығушылық түрлі құштар түрткілерден
бастау алады, ол жерде ешқандай экономикалық мақсат алғашында
көрінбейтіндігін айтады.
Классикалық политэкономияның интелектуалдық дәстүрін жаңартып, рыноктық
тақырыпта білім экономикасын талқылаған америкалық экономист Милтон Фридман
болды. Ол білім беру жүйесіне мемлекеттің қатысуын шектеу қажеттігін
дәлелдеуге ұмтылды. Ол ХІХғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы білім
беру жүйесіндегі мемлекет рөлінің басыңқылығы білімді нақты ұлттандыруға
әкелетінін айтты. АҚШ-та, өзінің “Капитализм және еркіндік” атты еңбегінде
білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлі жалпы құндылықтарды жандандыратын
құрал және жалпыға міндетті білімді дамыту үшін азаматтық құқықты іске
асырушы ретінде көрінуі тиіс деп жазды. Сөз жеке тұлғаның өнімділігін
жоғарлатуға байланысты арнайы білім беру жайында болса, онда мемлекет
рөлінің қажетсіздігі байқалады. Егер жеке тұлға осындай арнайы білім
негізінде әл-әуқатын жақсартса, ол осы жолда негізгі шығынды көтеруі
тиіс.[3]
АҚШ-тағы мемлекет рөлінің мектеп деңгейіндегі әсерінен жоғары білімдегі
ықпалы төмен болғандықтан, Фридман студенттерге ваучерлік көмекпен қаржылық
қолдау көрсетуді ұсынады. Ваучерлік жүйе оқу орындарының арасында
бәсекелестікті арттырады, мемлекеттен бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді
пайдалануға әкеледі делінген. Бұл негіздер соңғы екі онжылдықта рыноктық
бәсекеге және жоғары білімнің заңдастырылуына үлес қосып жүрген
саясаткерлер мен оқымыстылардың зерттеу нысаны болып келеді.
Осындай салыстырмалы ой пікірлер нәтижесінде экономикалық
қатынастардағы білім ролін экономикалық теорияның екі маңызды бағыты А.
Смит (классикалық экономикалық теория) пен К. Маркс (өндіріс шығындарының
теориясы) арқылы нақтыланды.
Карл Маркс берілген салада экономикалық қатынастарды бағалаудың
тиімділігін жұмысшылардың біліміне шығынды өндірістік сипаттан бөлек
қарастыра отырып, жұмысшылардың екі ірі тобын бөліп көрсетті: оқыған
(күрделі квалификациялық еңбекке жарамды) және оқымаған (қарапайым,
квалификацияланбаған).
Соңында өндіріс шығындарының маркстік теориясы білімдегі экономикалық
қатынасқа байланысты екі теориялық бағыттың негізі болды: білімді
капитализмнің эволюциялық даму этапындағы мәселелермен теңестіре бағалаған
кейнсиандық және жоспарлы топтық-ұйымдық теория концепциясын дамыту
мақсатындағы кеңес экономикалық теориясы.
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғы шарттары классикалық саяси
экономиядан, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында
қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда
ғана рәсімделді. Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында
алғаш рет “чикаголық мектептің” өкілдері, америкардық екі ғалым Т. Шульц
пен Г. Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды.
Т. Шульц 1960-1961жж. “Білім капиталын жасау” және “Адам
капиталына инвестициялар” мақалаларын жасады, мақалаларда жаңа теорияның
негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Т.Щульцтің айтуынша, “егер білім
өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал
формасы”, ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп
айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады, оның
капитал болып табылатын себебі, ол –болашақ табыстар немесе болашақ
қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі.
Келесі американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г.
Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше “адам капиталы
адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық
сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы ақпарат
іздестіру арқылы қалыптасады”. Г. Беккер 1964 жылы “Адам капиталы:
теориялық және эмпирикалық талдау” іргелі еңбегін шығарды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы
теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік
ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді.
Оның “Білім революциясы” мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс
туғызды. Автор осы мақаласында былай жазды: “Білім - бүгінгі таңдағы жеке
дара нақты капитал. Халық білімін дамыту – капитал жасаудың ең маңызды
құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы
білімдерді пайдалану – байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды
көрсеткіші”.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білім экономикалық тұрғыда
тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде
ғана қарастырылып келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы
экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен
экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің
бірқатар әдістемелерін әзірледі.
Адам капиталы теориясының құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада
мойындады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік
экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйеге өту
кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал
одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады.
Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік
(баланссыздық) кеңес қоғамында да орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының
жоқтығымен, көбіне “қоймаға” жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек
емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын
идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.[4]
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалын өлшеу және
математикалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін
формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында
американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды
сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғары оқу орындарында шын оқу емес, ал “дипломға
кезекке тұру” және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының
кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар
болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді
тәсілдері осы уақыттқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторларының мәні: осы
теория даму логикасы мен постиндустриалық өркениеттің іргелі әлеуметтік
мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық
мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам
және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы
контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжытымдамасының контексіндегі
білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.
Эдвин Дж.Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-
тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал ” ретінде
түсінеді.
Білім беру мәселесі, оның тиімділдігі сияқты бірқатар мәселелер
кеңестік экономика ғылымында да терең зерделеніп, салмақты теориялық –
методологиялық база қалыптасты. Ол зерттеулерді шартты түрде екі бағытқа
біріктіреміз: бірінші бағыттағы еңбектер негізінен білім берудің
экономикалық тиімділігін оның ұлттық табыс және еңбек өнімділігінің
өсуіндегі үлесін анықтау арқылы есептеуге бағытталса, екінші бағыттағы
еңбектерде осы саланың халық шаруашылығы құрылымындағы инвестициялық салаға
айналуы, материалды емес қорланудың концептуалды мәселелері, “білім
қорының” біліктілікке әсер ету сипаты, еңбектің күрделену мәселелері саяси
экономиялық аспектіде негізделеді.
Р. Солоудың, Э. Дениссонның үлгілерінен бастау алатын экономикалық
өсудің қазіргі заманғы үлгілерінде ( Барро, Мэнкью-Ромер-Уэйл, Левин-
Ренелт, т.с.с. ) білім беру макро-экономикалық өсудің аса маңызды факторы
ретінде танылып, жинақ, инвестиция, халықтың өсуі сияқты елеулі факторларды
кейінге ығыстырып отыр. Білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық
өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам
капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономиканың жаңа
идеяларды өндіру қабілетін, оның ғылым сіңіргіш өндірістердегі салыстырмалы
артықшылықтарын арттырады. Бұл жағдайды, біз, қазіргі экономикалық даму
алгоритмі ретінде бағалаймыз.
Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының
бірі М. Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “ адам капиталының негізінде
экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интелектуалды іс-әрекетінің
жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, – деп есептейді.
Отандық экономистерден академик Я.Ә. Әубәкіровтің, Ө.Қ. Шеденовтың,
М.Д. Есқалиевтің, К.Н. Нәрібаевтің, С.К. Жұмамбаевтың, Т.С. Сарбасованың,
ғылыми жетекшім Ғ.Р. Дәулиеваның көзқарастарына тоқталған жөн.
Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әр түрлі ғылымдардың барлық
жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірибиені және олардың
әлеуметтік-экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты
ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым
салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруге мақсатты
бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик
Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз
ететін шешуші күш ретінде қарастырады.
Ал профессор Ө.Қ. Шеденов пен М.Д. Есқалиевтар “Жастарға экономикалық
тәрбие беру” атты еңбектерінде “экономикалық жағынан білімді болу –
еліміздің материалдық, еңбек және табиғи ресурстарын ұқыпты жұмсау, жұмыс
уақытын тиімді де жемісті пайдалану, өнімді арттырып, оның сапасын барған
сайын жақсарту, өнім өндіруге кететін шығынды азайту. Қоғамдық өндірістің
тиімділігі олардың экономикалық жағынан қаншалық сауатты болуына тікелей
тәуелді” екенін атап көрсетті.[5 (7 б)]
Келесі авторлар адам капиталын “индивиттердің өзінің оқуына, білім
алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты
инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды.
Профессор С.К. Жұмабаевтің пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және
жинақталған тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы
кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”.
Профессор Т.С. Сарбасованың пікірінше, “білім әлеуеті – бұл жұмыс күші
мен жинақталған білім, дағды және тәжірибе. Адамдардың дағдысы және
қабілеттілігі қор, яғни жинақ бола алатынын білуіміз қажет” деп көрсетті.[6
(17 б)]
Ғ.Р.Дәулиева “адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және
жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі – білім беру саласы
” екендігін өз еңбектерінде атап көрсетті.[7(14б)]

1.2 Білім берудің қоғамдық игілік ретіндегі әлеуметтік-экономикалық
белгілері.

Жалпыға бірдей коммерциялизациялау және бәсекелестік күрес пен рынок
логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында
“қоғамдық игілік” ретінде қарастырылатын. Экономикалық теорияда жеке
тұлғаға қолжетімді болатын тауар немесе қызмет көрсету қоғамдық игілік
ретінде саналады.
Қоғамдық игілікті сипаттайтын белгілер:
– қоғамдық игілікті тұтынуда бәсекенің болмауы тиіс.
– оны тұтыну екінші тұлғаның тұтынуына нұқсан келтірмеуі керек.
– тұтынудан шығармау-егер қоғамдық игілік өндірілсе, өндіруші оны
кімнің болмасын, қанша рет тұтынуына тыйым сала алмайды.
Егер тұтынуда бәсеке болмаса, тауар немесе қызмет құнын анықтау Парето
қағидасына сәйкес тиімсіз болады. Ресурстар мен дайын өнімді бөлуде, оларды
қайта бөлудің алдыңғысымен салыстырғанда өзгелердің жағдайын сәйкес
төмендетпейтіндей нұсқа болса, онда Парето оптимумы орындалады. Бұл жердегі
бәсеке теңдігін Парето тиімділігі деп атайды.
Тұтынуға қосымша бірліктер қосу арқылы тұтынушы өзіне шығынсыз пайда
әкеледі, егер баға тағайындалса, ол тұтынуды қысқартып, жалпы қажеттіліктер
мен пайдалы ресурстарды тұтынуға шек қойылады. Бұдан шығатыны, қоғамдық
игілікті рынок арқылы ұсынғанда жақсы. Оптималды жетістіктер болмайды.
Қоғамдық игілікке сұраныс ұжымдық таңдаудың пәні болып табылады. Әдетте
қоғамдық игілікті мемлекет өндіріп, міндетті салық төлемдері есебінен
жүргізіледі деп айтады. Қоғамдық игілікке сұраныс қызметі шекті пайда
көруші индивид пен тұтынылатын игілік көлеміне тәуелді болады. Берілген
жағдайда шекті пайда – қоғамдық игіліктің қосымша бірліктерін тұтынудан
келген пайданың ақша бірліктерінде көрінуі. Шекті пайда берілген қосымша
бірліктерге индевидтің төлем қабілеттілігін білдіреді.
Қосымша игіліктің жеке игіліктен айырмашылығы бәсекеге қабілеттілігіне
байланысты индивид оның бөлігін ғана емес тұтастай тұтынады, жалпы
сұраныстың құны баға көлеміндегі әрбір индивидтің сұраныс сомасына тең
келеді.
Жиынтық сұраныс қисығы берілген көлемдегі әрбір тұтынудың бағаларының
қосындысынан тұрғызылады, сондықтан өндіріс рыногындағы қоғамдық игіліктің
тепе-теңдігі – тұтынушылар үшін шекті пайда сомасын (төлеуге дайындығы)
және бағасын (шекті шығын) қамтиды, яғни өндірушінің (мемлекеттің) ұсына
алатын ұсынысын білдіреді. Тепе-теңдік тұрғысында тағы қоғам қажеттілігіне
өндірістің оптималды көлемінің сай келуін айтамыз.
Тәжірибеде қоғамдық игілікті таза түрде ұсыну мүмкіндігі болмайды,
сондықтан игілік күнделікті өмірде өзіне қайсыбір қасиеттерді
иеленгендіктен қоғамдық деп аталады. Анықтамаға сәйкес қоғамдық игілік қол
жетімді болғанымен ол ешқандай пайда алып келе алмайды.
Тұтынушы сұранысы болмаған жағдайда рынок қажетті қызметін атқара
алмайды. Ал қоғамдық игілік әдетте мемлекет арқылы ұсынылады. Осымен
байланысты мемлекет өндіруші болып қатысқа түсетін білімді немесе халыққа
ұсынылатын білім қызметтерінің кешенін қоғамдық игіліктер ретінде
қабылдаймыз. Жоғары білім өзіне негізгі үш әлеуметтік қасиеттерді иеленген:
– жоғары дәрежелі мамандар даярлау (оқыту қызметі);
– жаңа білімді өндіру (зерттеушілік қызметі);
– қоғамдық қызметтер көрсету.
Экономикалық теорияда жоғары білім беру қызметі рыногын жоғары білімге
деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын интелектуалды негізделген жүйе
ретінде қарастырады. Білім берудің ақылы түрінің пайда болуы рыногтық
қатынастар мен берілген қызмет түріне баға анықтауда өзгерістер туғызады.
Жоғары білім рыногындағы өзгерістердің шаруашылық жүргізудің басқа да
салаларындағы әсері білімді коммерциялық өнімге немесе жеке игілікке
айналдыру мақсатында көрінеді. Бірақ қарастырылып отырған өнімнің білім
дәрежесі нарықтағы таза өнімнің әлеуметтіек мәнімен салыстыруға келмейді.
Білімді нарықтық өнім ретінде қарастырғанда білім беру жүйесінің қызметтері
еңбек нарығынан тұтынушыға дейінгі қатынастардың ажырамас бөлігі екенін
көреміз. Сол өнім өзінің даму үрдісінде білім беру механизімдері арқылы
түрленіп соңында еңбек нарығында әлеуетті жұмыс беруші рөлін атқарады.
Сұраныстың жұмыс күшіне айналуы жұмысшының әлеуетін бағалауға толық
мүмкіндік бермейді. Ал сәйкесінше болашақ өндіріске қажетті жұмысшы сапасы
инвестициялық көлемімен анықталады.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының ( 1948ж ) 26 бабының 1-
тармағында “жоғары білім әркімнің мүмкіндігіне сай бірдей болуы тиіс” – деп
айтылған. Жоғары білімді адам құқығы ретінде тану оны қоғамдық игілік
ретінде тануға бір саты жақындатады.
Жоғары білімге сұраныс оның деңгейлері мен тұлғаның төлемқабілетіне
(жалақысына) байланысты болады. Білім алу оған материалдық және материалдық
емес капитал салумен байланысты. Білімнен түсетін пайда білім алушылар
саны мен қызметтерді рынокта ұсынушылар, сондай-ақ тұтынушылардан белгілі
болады.
Білімнен келетін пайданы талдау ретінде еңбек рыногы мен ондағы
мамандардың санына байланыста 1-суретте көрсетілген еңбек рыногының моделін
қарастырамыз.
Еңбек сұранысының қисығы S жоғары бағытталған, жалақысы жоғарылаған
сайын жоғары білімділердің оған талап-тілегі өсе түседі, нәтижесінде
рынокта мамандар санының өсіміне әкеледі. Сұраныс қисығы D төмен
бағытталған, жалақының төмендеуімен байланысты мамандарға деген сұраныс өсе
түседі. Мысалы, 1991-1995 ж.ж коммерциялық банктердің рынок сұранысына
сәйкес көбейюіне байланысты қаржыгерлер мен банкирлер саны өсті, осымен
байланысты D2 қисығы жоғарылады, дегенмен қазір еңбек рыногында оларға
сұраныс пен олардың жалақыларының мөлшері төмендеді.

1-сурет. Сұраныстың өзгеруіне байланысты жоғару оқу орындарын
бітірушілер рыногы.
Білім берудің (ол өзінің табиғи ұзақ, күрделі үрдіс екендігімен
байланысты) еңбек рыногына дер кезінде жауап қайтара алмау қабілетінен
мамандар санының өрлеуі мен құлдырауы жиі болып тұрады. Мысалы, банк
қызметкерлерінің алғашында жетіспеушілігі, олардың жалақылары мен қаржыгер
мамандығына сұраныстың өсіміне әкеледі. 5-6 жылдан соң еңбек рыногының жас
мамандармен толығуы, сәйкес қызметте жалақының төмендеуіне әкеліп,
мамандыққа, қаржылық білімге деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Бірақ,
“қаржы және банк ісі” мамандығындағы студенттердің көп бөлігі оқуларын
жалғастыра береді, сондықтан еңбек рыногында оларға деген сұраныстың
төмендігі сақталады. Дегенмен уақыт өте келе бұл мамандықтағы студенттер
санының төмендеуімен рынокта оларға сұраныс қайта жандана түседі.Еңбек
рыногында өз қызметін ұсынушы қаржыгерлер саны мен олардың жалақыларының
өзгерісін сипаттайтын циклдік үрдісті 2-суреттен көруге болады. Берілген
график еңбек рыногының сұраныс қисығына бейімделуін көрсетіп, өрмек тәрізді
модель деп аталады. Тепе-теңдікті сақтау үшін, ұсыныс қисығы D сұраны
қисығына S байланысты барынша иілгіш келеді. Бұдан еңбек рыногындағы
белгілі жұмыс орындарына бітіруші жұмысшылар санының артуы олардың
жалақысына, яғни еңбек пен білімге төлемнің бәсеке жағдайында төмендеуіне
әкелетінін көруге болады.

2-сурет. Қаржыгерлердің еңбек рыногы: өрмек тәрізді модель.

Дүниежүзілік Банк пен БҰҰ-ның дамыту Бағдарламалары мәліметтері
бойынша, қазіргі уақытта әлемде жинақталған материалды игілік және
физикалық капитал жалпы байлықтың тек 16%-н ғана құрайды, табиғи байлық –
20%, адам капиталы, яғни адамға жинақталған салым – 64%. Адам капиталы
білім және оқып-үйрену арқылы қалыптасады және дамиды, соның арқасында
адамның экономикалық өнімділігі көтеріледі.
Бұл тұрғыда басқару теориясында жаңалық пайда болды – білім аталатын
ресурстың ерекше түрін басқару.
Жалпы, білім дегеніміз - кез келген ұйымның құндылығымен біріккен
–ақпарат; бұл – “жанды ақпарат”.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте білімді келесідей анықтайды.Білім - өмір
сүру формасы және таным қызметінің нәтижелерін жүйелеу.
Білімнің мәні барынша толық Жаңа философия сөздігінде ашылған: білім
белгілі бір әлеуметтік тұлғалар және қоғаммен анықталған білім ретінде
танылған және әлеуметтік мәні бар қандай да бір критериийларға (нормаларға)
сәйкес рәсімделген белгілі әдіспен алынған, селективті ақпарат. Айтылған
критерийлер негізінде білім қызмет ету деңгейіне қарай екі типке бөлінген:
біріншіден, күнделікті өмірдегі қарапайым білім, екіншіден маманданған
білім (ғылыми, діни, философиялық, экономикалық, және т.б). Түрлі
әлеуметтік қауымдастық пен топтардың кәсіби және практикалық білімі де
болады.
Білім – бұл жалпылама мүмкіндік, және ол жағдайына, орнына, уақытына
тәуелсіз әркімге берілуі қажет. Ол өзі жеткізілген тілге байланысты емес.
Білімнің жалпыламалығының маңызды сәттерінің бірі (орны мен уақыты
бойынша жалпылығынан басқа) – білімге әркімнің қол жеткізе алуын білдіретін
индивидуалды жалпыламалық.
Білім потенциалды, барлығына жатады, өйткені ол әркімге тек жеке
берілуі мүмкін: білімнің шығу көзіне тәуелсіз бір нәрсені білуге тек жеке
өз алдына болады.
Білімнің сипаттамасына сонымен бірге тарихи мәдени және тіл бөгеттерді
жеңе отырып, жетістікпен таратылатындығы. Мұндай білімді экспанциалаудың
кері жағы білімді қабылдай алмайтын, бірақ өздерінің өзгеше мәдени және
саяси мүдделері бір маргиналды топтардың пайда болуына әкеледі.
Білім басқа мәдени феномендерден экспансияға өзінің жоғары қабілетімен,
басқа мәдениеттерге таралуымен ( бұл жерде соңғысының өзгешелігі
бұзылмайды) ерекшеленеді.
Білім мен ақпараттың арақатынасы туралы. Интелектуалды жүйе теориясында
білім ақпаратты құраушы мәліметтер мен фактілерге қарағанда барынша жоғары
деңгейде орналасады. Білім мәні бойынша – қоршаған ортаның микро моделін
қалыптастырушы қоғамдық сынақталған және жинақталған ақпарат.
Ресурс және өндіріс факторы ретіндегі білімнің басқалардан
айырмашылығы. Басқа адамға берілген ақпарат өз ақпаратының құндылығын
түсірмейді. Білімге байланысты бірқатар басқа жағдайлар, микродеңгейде:
✓ бірқатар білімнің бір индивидтен екіншісіне берілуі бәсекелі
ортада трансакциялық екі қатысушының ұстанымын айтарлықтай
өзгертуге қабілетті, өйткені бастапқы иесінің “білім күші”
монополизациясын жояды;
✓ білімнің берілуі бірқатар трансакциялық шығындармен жалғасады,
өйткені білім жоғары маманданған ресурс болып табылады және оған
тұтынушысын табу оңай емес;
✓ білімді беру және оны ары қарай игеру белгілі бір шығындармен
байланысты;
✓ ақпаратты сақтау заңы жұмыс істейді: оны өңдеудің кез келген
жүйеден шығуында алынған ақпарат, сол жүйенің өзіндегі және соған
кіретін ақпараттар жиынтығына қарағанда барынша мазмұнды бола
алмайды. Сондықтан кәсіпорында білімнің жинақталуы басқару
жүйесінің олармен күрделенуімен жалғасып отыруы қажет.
Білімнің әлеуетті артықшылығы – бар сияқты, қағидалық кемшіліктері де
бар. Бірінші жағдайға білімнің кең коммуникациялық мүмкіндігі, және осы
негізде ғаламдық масштабта елдердің біріккен әрекеті жатады,
кемшіліктеріне: қандай да бір мәдениет пен тілдің басымдылығына мәжбүр
негізделген стандарттылық; ауқымды ұқсас болуға, ойлаудың тарихи және
мәдени ерекшеліктерін бейнелеуге қабілетсіздік. Оны ұлттық білім беру
жүйесіне жоқ ақпараттық технологиялар мен ғаламданудың айтарлықтай әсерін
ескеріп отыру қажет.

1.3 Әлемдік білім беру жүйелерін салыстырмалы экономикалық талдау.

Кез келген жүйелердің топтастырылуы секілді білім беру жүйесі де
көптеген көзқарастарға байланысты топтарға бөлініп, әр топтың бөліну
негізіне сәйкес қасиеттерге ие болып келеді.Топқа бөліп қарастырған
ғалымдардың, зерттеушілердің әрбірінің маңызды бөліп көрсететін негіздері
бар. Бірі жоғары білімді моделдесе, бірі әрбір топтың ұлттық ерекшеліктерін
айқындап береді.
Әлем елдерінің қазіргі білім беру жүйелері олардың ұлттық
ерекшеліктеріне немесе құрылымына қарамастан екі үлкен топқа біріктіріледі,
бұл біріктіру жоғарыда айтылған екі модель секілді, тек әр әдебиетте әр
түрлі көрсетілген.
Біріңғай әлемдік білім кеңістігінің қалыптасуымен байланысты барлық
басқа моделдер бағдар алатын екі негізгі немесе базалық жүйелерді бөледі.
Бұл моделдердің айырмашылық критерийлері келесідей:
✓ мемлекеттің ролі;
✓ білімді басқару мен қаржыландырудағы ұлттық және аймақтық
әкімшіліктер арасындағы арақатынас;
✓ білімнің тегін және ақылығының пропорциясы;
✓ элитарлық пен бұқаралықтың арақатынасы;
✓ жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнындағы фундаментальдық пен
практикалық бағдарлық пропорциясы.
Осы белгілер, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және Нидерланды
мемлекеттерінің білім беру жүйелеріне талдау жасау барысында, олардағы
озгешеліктер мен ұқсастықтар екі моделді ажыратуға мүмкіндік береді -
американдық (оған жапондық жүйе ұласады) және еуропалық (экономика мен
идеологияны толық мемлекеттендіруді ескергенде оның бір түрі кеңестік білім
беру жүйесі болды) жүйелер.
Американдық жүйе - АҚШ, Ұлыбритания сондай-ақ Британ доминионы елдеріне
тән. Білімді қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі ролімен өзгешеленеді,
бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Білімді
қаржыландыруда ұлттық көздерден бірден жергілікті қаражат көздерінің
басымдылығы байқалады. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне
ақылы. Бірақ, білім беру қызметтерінің төлемінде студенттерге көмек жүйесі
жақсы ұйымдастырылған. Жалпы және ішінара экономикалық теория бойынша
университеттік білімді дамытуда, қазір жалпы танымал лидер болып АҚШ (оның
өкілдерінің көбісінее экономика бойынша Нобель сыйлығы берілген) табылады.
АҚШ университеттері өз елінен тыс жерлерде экономикалық білім стандарттарын
жасақтауға негізгі рол атқарады.
Еуропалық жүйе – Германия, Франция, жалпы Батыс Еуропа елдеріне тән.
Мемлекеттік және тегін білім алу басым. Тарихи тамырлары бар
университеттер жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы
орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы
міндеттер көбіне қамқоршылар көмегіне жүктеледі. Американдық жүйеге
қарағанда фундаментальды терең білім деңгейі анағұрлым жоғары.
Бұл екі моделдің ажыратылуындағы қағида болып, мемлекеттің білім беру
жүйесін басқару үрдісі табылады.
Мемлекеттің білім беру жүйесіне ықпалы негізінде бастапқы орында,
аталған жүйесі қатаң орталықтанған Франция тұрады. Білім беру орындарының
құрылымы мен қызметтері, оқу жоспарлары және бағдарламалары білім
министрліктері арқылы анықталады. Жалпы білімнің барлық деңгейі тегін және
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Сондықтан, білім
беру жүйесіндегі экономикалық қатынастарда мемлекет маңызды субьект болып
табылады.
Сондай-ақ Германияның білім беру жүйесіндегі мемлекет ролі де елеулі,
мұнда да мектептегі білім беру жүйесі толығымен мемлекет бақылауында және
білім беру орындарының басым көпшілігі мемлекеттік болып келеді. Дегенмен
Германияның білім беру жүйесінің ұйымдастырылуында Францияға қарағанда
өзгешелігі бар. Ол өзгешелік оның мемлекеттік құрылымы федеративтілігіне
байланысты, яғни білім беруді федерация және жер үкіметтері арқылы
басқарылады. Федеральды үкімет - жоғары білімді басқарса, жер басқармасы -
жалпы және кәсіптік білімге, сондай-ақ бала бақшаларға жауапты.
Екі мемлекеттің де білім беру жүйелері америкалық моделдегі
елдердікінен өзгешелігі жүйені басқарудың орталықтануында.
Ал АҚШ-тағы білім беру жүйесінің маңызды сипаттамасы ретінде басты
әкімшілік және тәртіптік қызметтерін штаттар мен жергілікті органдар
атқарады. Басқаруға қатысуда мемлекет ролі төмен; әсіресе бұл экономикалық
қатынастардан көрінеді. Сонда да АҚШ-тағы бастауыш және орта білім
негіздерінің 90%-ын мемлекет қаржыландыратын мемлекеттік мектептер құрайды.
Ал басқа жағдайдағы білім буындарының 6-7%-ын мемлекет қаржыландырады.
Өзінің сипаты мен мазмұнына қарай америкалық жүйеден экономикалық
қатынастарына байланысты Англияның білім беру жүйесі ерекшеленеді, онда
мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер желісі жүйе құрайды. Англияда
жалпы ұлттық ұсыныстар мен стандарттарды және мектептерді субсидиялайтын
бағдарламаларды жасақтайтын білім және ғылым министрлігі қызмет етеді. Осы
қағидаға сәйкес елдегі басқа да жеке меншік мектептер субсидияланады.
Қазіргі кезде Англияда білім және ғылым министрлігі арқылы жалпы білім
беретін мемлекеттік мектептердің жартысынан астамы субсидияланады.
Ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қазір әлем елдері білім берудің
қай моделіне жатпасын модернизациялану үстінде.
Енді АҚШ-тың білім беру жүйесіне жеке тоқталсақ. АҚШ-тың
Конститутциясына енгізілген оныншы өзгертулер мен толықтыруларға
байланысты, білім беру жүйесін құрылымдау әрбір жеке штаттың еркінде,
біріңғай мемлекеттік жүйе жоқ. Осымен байланыста білім беру
америкалықтардың әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсететін,
экономикалық күшінің бір тармағы екенін көреміз. АҚШ-та шамамен 120000
мектеп бар, оның 27000 жеке меншікте. Оқушылардың барлық көлемінің 15%-ы
жеке мектептерде білім алса, шамамен 30% мектеп бітірушілер
университеттерге түседі. АҚШ-та 4000 аса “колледж”, “институт”,
“университеттер” атауындағы оқу орындары бар, оларға да арналған бірегей
стандарт жоқ.
АҚШ-та білім беру жүйесін қаржыландырудың үлесі 20052006 оқу жылы 90%-
ы штаттар мен жергілікті органдар еншісіне келсе, тек 10%-ы федератив
органдарынан бөлінген, бөлінген жалпы қаржы ЖІӨ-нің 7,4 % құрайды.
АҚШ-тағы білім беру жүйесі:
І. Мектепке дейінгі білім - мектепке дейінгі оқыту орындары (3-5
жаста). 5-6 жаста мектепке дейінгі оқу орындары мен бала бақшаларда мектеп
алды даярлық топтарынан өту міндетті үрдіске айналған.
ІІ. Орта білім. 170-186 күнді құрайтын оқу жылы семестрлерге бөлінеді.
1.Бастауыш мектеп 1-8 сыныптар (6-13 жаста).
2.Орта мектеп 9-12 сыныптар (14-17 жаста).
ІІІ. Кәсіптік және жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларына талдау жасау
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың маңызды құралы
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Білім беру процесін басқару сапасы
Аймақтық саясат құрылымы
Пәндер