Біртұтас экономикалық кеңістіктің болашағы қандай?



Биылғы ақпанның 23-де Мәскеуде төрт елдің президенттері бас қосып тұтас экономикалық кеңістік құру туралы уағдаласқан. Дегенмен алғаш естіген жұрттың таң қалғаны шын. Құдая ТМД бар, кіретін елдер де түрлі бағытта дамып барады. Геосаяси қиялдары да қабыспайды дейік. Сол ТМД-ның ішінде Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық ұйымы және бар. Мұнда да интеграцияның діңгегі болар үлкен экономика жоқ делік. ЕврАзЭС-тің де мақсаты осы ортақ экономикалық кеңістік емес ,пе дейсіз ғой. Дұрыс, бұл ұйымдардың қызметтері бірін-бірі қайталайды. Бәрінде де ортақ экономикалық кеңістік құру мақсат ретінде белгіленген. Оның басты шарттары әрбірінде тағы толық айтылған. Кеденнен тауар өткізуге кедергі болмайды. Тауарға тарифтер бірыңғай белгіленіп, ешқандай бір оғаш қимыл жасалмайды. Антидемпинг дегенге тіптен тыйым болады. Заңдар сәйкестеніп қайта қабылданады. Салық алу да ортақ ережеге түседі. Және тауарларға салынатын салық шекарадан еркін өту үшін қосымша құн сол шекарасынан өткізіп отырған елдің қоржынына түседі. Ортақ көлік-тасымал жүйесі құрылып, бәр жерге бір баға қойылады.
Жалпы ТМД интеграциясының дамымауына бернеше себеп бар. Біріншіден, интеграция дегеніміз тауарлар арқылы жүретін нәрсе. Егер базарға әр ел бәсеке туатындай тауар мөлшерін көп шығарса, интеграция сауда соғысын, яғни басқа елдер осы тауарлардың өз территориясына еркін кіріп, еркін сатылуына кедергілер болдырмау үшін жасалады. Батыста былай: осы кедергісіз сауданың арқасында бұлар экономикаларын дамытып барады. Сөйтіп, бұл елдердің өзара инвестицияға мүмкіндігі сол тауарды көптеп сатудан көбейеді. Арғы жағы белгілі өзара инвестиция құйып, кәсіпкерлердің бірлескен кәсіпорын құруына барынша жағдай жасалған. Олар қазір көп айтылатын жаһандануды осы интеграциядан түскен пайдамен тауар өндірісін одан сайын жетілдіре түсу арқылы жасап отыр. Бүйткен соң қаржы біріктіріп зауыт салып, өнім көбейтсе мұны өткізетін базар бірінші өздерінен, болмаса сырттан да табылады. Сондықтан олар бірігіп салған зауыттың пайдасын көбірек көреді. Сөйтіп, бір жерде ұтылып, бір жерде ұтқанымен бұдан еуропа елдерінің жалпы пайдасы бәрібір мол шығады. Сөйтіп, өзара сауда мен ортақ өндірістен ортақ пайда көп түсетін жағдайға жеткен соң бұлар ортақ валюта енгізеді.
Бұл шарттар әзірге ТМД елдерінде туған жоқ. Біріншіден мұнда тауар өндірісі дамымаған. Зауыт салуға шығын дамыған дүниедегіден гөрі көп кетеді. Өйткені, технологияны сатып аламыз. Капиталды шеттен әкелеміз. Өндірістік-техникалық база ескірген, тіпті нейбетке жоқ деуге болады. Бұлар шикізат сатуда бірімен-бірі бәсекелес. Сондықтан бірыңғай ортақ кеңістік анау айтқандай көп пайда түсірмейді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Біртұтас экономикалық кеңістіктің болашағы қандай?

Биылғы ақпанның 23-де Мәскеуде төрт елдің президенттері бас қосып тұтас
экономикалық кеңістік құру туралы уағдаласқан. Дегенмен алғаш естіген
жұрттың таң қалғаны шын. Құдая ТМД бар, кіретін елдер де түрлі бағытта
дамып барады. Геосаяси қиялдары да қабыспайды дейік. Сол ТМД-ның ішінде
Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық ұйымы және бар. Мұнда да интеграцияның
діңгегі болар үлкен экономика жоқ делік. ЕврАзЭС-тің де мақсаты осы ортақ
экономикалық кеңістік емес ,пе дейсіз ғой. Дұрыс, бұл ұйымдардың қызметтері
бірін-бірі қайталайды. Бәрінде де ортақ экономикалық кеңістік құру мақсат
ретінде белгіленген. Оның басты шарттары әрбірінде тағы толық айтылған.
Кеденнен тауар өткізуге кедергі болмайды. Тауарға тарифтер бірыңғай
белгіленіп, ешқандай бір оғаш қимыл жасалмайды. Антидемпинг дегенге тіптен
тыйым болады. Заңдар сәйкестеніп қайта қабылданады. Салық алу да ортақ
ережеге түседі. Және тауарларға салынатын салық шекарадан еркін өту үшін
қосымша құн сол шекарасынан өткізіп отырған елдің қоржынына түседі. Ортақ
көлік-тасымал жүйесі құрылып, бәр жерге бір баға қойылады.

Жалпы ТМД интеграциясының дамымауына бернеше себеп бар. Біріншіден,
интеграция дегеніміз тауарлар арқылы жүретін нәрсе. Егер базарға әр ел
бәсеке туатындай тауар мөлшерін көп шығарса, интеграция сауда соғысын, яғни
басқа елдер осы тауарлардың өз территориясына еркін кіріп, еркін сатылуына
кедергілер болдырмау үшін жасалады. Батыста былай: осы кедергісіз сауданың
арқасында бұлар экономикаларын дамытып барады. Сөйтіп, бұл елдердің өзара
инвестицияға мүмкіндігі сол тауарды көптеп сатудан көбейеді. Арғы жағы
белгілі өзара инвестиция құйып, кәсіпкерлердің бірлескен кәсіпорын құруына
барынша жағдай жасалған. Олар қазір көп айтылатын жаһандануды осы
интеграциядан түскен пайдамен тауар өндірісін одан сайын жетілдіре түсу
арқылы жасап отыр. Бүйткен соң қаржы біріктіріп зауыт салып, өнім көбейтсе
мұны өткізетін базар бірінші өздерінен, болмаса сырттан да табылады.
Сондықтан олар бірігіп салған зауыттың пайдасын көбірек көреді. Сөйтіп, бір
жерде ұтылып, бір жерде ұтқанымен бұдан еуропа елдерінің жалпы пайдасы
бәрібір мол шығады. Сөйтіп, өзара сауда мен ортақ өндірістен ортақ пайда
көп түсетін жағдайға жеткен соң бұлар ортақ валюта енгізеді.

Бұл шарттар әзірге ТМД елдерінде туған жоқ. Біріншіден мұнда тауар өндірісі
дамымаған. Зауыт салуға шығын дамыған дүниедегіден гөрі көп кетеді.
Өйткені, технологияны сатып аламыз. Капиталды шеттен әкелеміз. Өндірістік-
техникалық база ескірген, тіпті нейбетке жоқ деуге болады. Бұлар шикізат
сатуда бірімен-бірі бәсекелес. Сондықтан бірыңғай ортақ кеңістік анау
айтқандай көп пайда түсірмейді. Мұндағы базарда Қытайдың, Еуропаның,
Түркияның, Кәрістің тауары. Қазір тауар өндірісі жағынан біршама алда деген
Ресейдің өзі ТМД ішінде айналып жатқан тауардың 10-ақ пайызын береді. Ал,
бұл тек ТМД елдері өндіретін тауардың 80 пайызы. Қалғаны Украинаның үлесіне
тиеді. Қазақстан болса әлі тауар шығаруды жолға қойған жоқ. Белоруссиядам
түзеуге келетін экономиканың өзі қалған жоқ. Мұндағы алыпсатарлық біздегі
90 жылдардың басындағы сияқты. Егер тауар өндірісі дамымаса инвестициялық
мүмкіндік көбеймейді. Ал, интеграцияның мәйегі осы тауар арқылы қаржы
көбейтіп, өндірісті кеңейте түсу. Ал, мұны дамыту үшін әзірге отандық
кәсіпкерді қорғау керек. Енді жалпы дүниежүзілік инвестиция айналымын алып
қарайық. Оның 99 пайызы дамыған елдерден шығатыны айтпаса да түсінікті. Ал
осының 70 пайызы АҚШ, Еуропа, Жапонияға, яғни өздеріне қайта салынады.
Қалған 10 пайызы Шығыс Еуропаның бұрынғы коммунистік елдеріне, қалғаны
Үндістан, Қытайға, Африкаға. Сонда Ресейді қосып алғанда, бүкіл ТМД-ға бар-
жоғы 6-ақ пайыз инвестиция құйылады екен. Енді өзара сауданы алып қарайық.
ЕврАзЭС-те өзара тауар айналымы - 0,8 пайызға, экспорт – 0,2 пайызға,
импорт – 1,4 пайызға өскен. Ал, шетелмен сауданы қараңыз. Тауар айналымы -
9 пайызға жуық, экспорт – 8 пайызға жуық, импорт – 12 пайызға тақау
көбейген. Яғни, ЕврАзЭС-тің өз арасындағыдан гөрі сыртпен байланысы 10
есеге артқан. Ұйымның ядросы болып келген Ресейдің ЕврАзЭС елдерімен тауар
айналымы 0,7 пайызға ғана өскен. Біздің бүйткен жаһандану дәуірінде бұл
көрсеткішке жатпайды. Қайта кері кеткен іс болып саналады. Ал, Қазақстанның
саудасы бұл жерде керісінше 12 пайызға кеміген. Мұнда тек өзі ештеңе
өндірмейтін Қырғызстан ЕврАзЭС елдерімен саудасын кеңейткен, яғни 31 пайыз.
Бірақ мұның өндірісі Ресеймен салыстырғанда жел шайқаған түйенің қасындағы
қалықтап көкке кеткен ешкіге ұқсайды. Сондықтан, ЕврАзЭС-тің ішінде өзара
инвестицияға да, тауар сатуға да мүмкіндік жоқ. Шикізаттың түбі баянсыз
екенін бәрі біледі. Сөйтіп, өз өндірісітерін дамыту үшін бір біріне
антидемпинг қолданып келеді. Мысал үшін, Ресей Қазақстанның мырышына
кедендік салықты былтыр 36 пайызға көтеріп жіберген. Сөйтіп отырғанда тағы
бір интеграциялық төрттік – Ресей, Украина, Қазақстан, Белоруссия
арасындағы ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі келісім пайда болды.
Бәрібір ТМД ішіндегі интеграцияға жоғарыда айтылған жәйттер тән. ЕврАзЭС-те
мұндай болса бұл интеграциядан қандай пайда болмақ деген сұрақ әрине
туындайды. Оның үстіне Ресей мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Қазақстандағы жастар саясаты
Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасуы және маңызы
Экономикалық және әлеуметтік дамудың аймақтық бағдарламалары
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Саясат пен экономиканың байланысы неде. Ұлы көршілер
Пәндер