Нарық жағдайында инвестицияларды жетілдіру



КІРІСПЕ
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорындағы инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Кәсіпорындағы инвестициялық жобаларды ұйымдастыру
2 «САПСАН И К» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ
2.1 «САПСАН И К» ЖШС . ның экономикалық қызметін талдау.
2.2 «САПСАН И К» ЖШС. ның қаржылық тұрғыдан талдау жасау
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау
2.4 «САПСАН И К» ЖШС. ның бухгалтерлік есебінің жүргізілуі
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсу, реформалар, даму» атты жолдауынан «....Біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат керек...» деген сөзін негізге ала отырып, дипломдық жұмысымның өзектілігі: инвестицияны тарту және одан алатын табыс көздерін талдау арқылы еліміздің экономикасын дамыту жолдарын қарастыру.
Адамзат ежелден ойлап тапқан қаржылық қатынастардың ерекше бір үлгісі ретінде инвестициялық салым болып табылатынын білеміз. Кәсіпорындағы инвестицияны жүзеге асыру үшін есеп айырысу, қаржылық салым қабылдау, талдау. Оларды және т.б операцияларды жүзеге асырады. Кәсіпорындағы инвестицияны қаржылық айналымға сала отырып, олардан табыс көзін табады. Қазақстанда және тағы басқа елдерде кәсіпорын, өнеркәсіптердің пайда болуы инвестицияның қалыптасуымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастар жағдайында инвестиция маңызды құрылымның бірі болып табылады. Бұрынғы кезде Қазақстанда кәсіпорын, өнеркәсіп ашуға сұраныс өте төмен деңгейде болғандықтан инвестицияның дамуына кері әсерін тигізген болатын.
Алғашқыда кәсіпорын ашып оны басқару ісі қарапайым болып көрінгенімен, күрделі, биік-биік сатылармен жүріп өтуге тура келеді. Ақшамен қатынас экономикалық қатынастардың күрделісі, өйткені ол күнделікті өмірдегі адамдардың өзара қатынасымен тығыз байланысты.
Жоғарыда айтып өткендей кәсіпорын ісі даму заңдылықтары негізінде, яғни қарапайым сатыдан күрделі сатыға өту арқылы дамып келеді.
Инвестиция ел экономикасының негізгі буындарының бірі болғандықтан, инвестицияны терең зерттеу біз үшін, яғни студенттер үшін негізгі мәселелердің біріне жатады.
Қазақстанның инвестициясының жай-күйі мен өзгерістеріне байланысты кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтерге, операциялардың тәуекелдерін бағалау параметрлеріне өзгерістер енгізіліп, инвестицияның капитал жеткіліктігін есептеу жүйесі жетілдірілді. Осының бәрі менің диплом жұмысымда сипатталған.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты:
Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияларды талдау арқылы бухгалтерлік есебін тиімді жүргізу.
Жұмыс мақсатына сәйкес қойылатын міндеттер:
- Кәсіпорындағы инвестиция мәнін түсіндіріп, инвестициялық жобаларды ұйымдастыру.
- Диплом алдындағы тәжірибеден өткен мекеме инвестициясын талдап, бухгалтерлік есебін жетілдіру.
- Кәсіпорынның инвестициялық тартылымдығын арттыру арқылы пайда көзіне қол жеткізу.
1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006 жыл, 1-наурыз.
2. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: Білім, 1998.
3. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.
4. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.
5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы, Экономика, 2003ж.
6. Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері» Алматы, Экономика, 2006ж.
7. Байболтаева Н.Ә «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы 2002ж.
8. ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы (өзгерістер мен толықтырулар).
9. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық 1-бөлім, 2009
10. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық 2-бөлім, 2009
11. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 832 бет.
12. Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 384 бет.
13. Назарова В.Л. «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2004ж.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Международные стандарты финансовой отчетности. М:, 2006г.
2 ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. Астана, 2007ж.
2 Лука Пачоли «Трактаты о счетах и двойной записи» М: 1997г.
3 Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета» М. ЮНИТИ, 1999г.
4 Я.В. Соколов «Очерки по истории бухгалтерского учета» М:, “Финансы и статистика” 1991г.
5 Я.В. Соколов «История развития бухгалтерского учета» М:, «Финансы и статистика» 1985г.
6 Назарова В.Л. «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2009ж.
7 М. Р. Мэтьюс., М.Х. Б. Перера «Теория бухгалтерского учета» М: Аудит, 1999г.
8 Э.С. Хендриксен., М.Ф. Ван Бреда «Теория бухгалтерского учета» М: Финансы и статистика 1997г.
9 Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008ж.
10 Сәтмырзаев А.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы» Алматы 2008ж.
11 Баймуханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсу, реформалар, даму атты жолдауынан ... Біз индустрияландыру
бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат
керек... деген сөзін негізге ала отырып, дипломдық жұмысымның өзектілігі:
инвестицияны тарту және одан алатын табыс көздерін талдау арқылы еліміздің
экономикасын дамыту жолдарын қарастыру.
Адамзат ежелден ойлап тапқан қаржылық қатынастардың ерекше бір үлгісі
ретінде инвестициялық салым болып табылатынын білеміз. Кәсіпорындағы
инвестицияны жүзеге асыру үшін есеп айырысу, қаржылық салым қабылдау,
талдау. Оларды және т.б операцияларды жүзеге асырады. Кәсіпорындағы
инвестицияны қаржылық айналымға сала отырып, олардан табыс көзін табады.
Қазақстанда және тағы басқа елдерде кәсіпорын, өнеркәсіптердің пайда болуы
инвестицияның қалыптасуымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастар жағдайында инвестиция маңызды құрылымның бірі болып
табылады. Бұрынғы кезде Қазақстанда кәсіпорын, өнеркәсіп ашуға сұраныс өте
төмен деңгейде болғандықтан инвестицияның дамуына кері әсерін тигізген
болатын.
Алғашқыда кәсіпорын ашып оны басқару ісі қарапайым болып көрінгенімен,
күрделі, биік-биік сатылармен жүріп өтуге тура келеді. Ақшамен қатынас
экономикалық қатынастардың күрделісі, өйткені ол күнделікті өмірдегі
адамдардың өзара қатынасымен тығыз байланысты.
Жоғарыда айтып өткендей кәсіпорын ісі даму заңдылықтары негізінде, яғни
қарапайым сатыдан күрделі сатыға өту арқылы дамып келеді.
Инвестиция ел экономикасының негізгі буындарының бірі болғандықтан,
инвестицияны терең зерттеу біз үшін, яғни студенттер үшін негізгі
мәселелердің біріне жатады.
Қазақстанның инвестициясының жай-күйі мен өзгерістеріне байланысты
кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтерге, операциялардың тәуекелдерін
бағалау параметрлеріне өзгерістер енгізіліп, инвестицияның капитал
жеткіліктігін есептеу жүйесі жетілдірілді. Осының бәрі менің диплом
жұмысымда сипатталған.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты:
Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияларды талдау арқылы
бухгалтерлік есебін тиімді жүргізу.
Жұмыс мақсатына сәйкес қойылатын міндеттер:
- Кәсіпорындағы инвестиция мәнін түсіндіріп, инвестициялық жобаларды
ұйымдастыру.
- Диплом алдындағы тәжірибеден өткен мекеме инвестициясын талдап,
бухгалтерлік есебін жетілдіру.
- Кәсіпорынның инвестициялық тартылымдығын арттыру арқылы пайда көзіне
қол жеткізу.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу нысаны-Сапсан и К ЖШС-ның
инвестициялық салымына талдау жасау арқылы бухгалтерлік есеп жүргізілудің
зерттелуі.
Зерттеу пәні - Кәсіпорынның инвестициялық салымына талдау барысындағы
бухгалтерлік есептің маңызы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. - Кәсіпорынның инвестициялық салымына талдау
жасаудағы– әдістік мәселелер келесі оқымысшы – экономистердің жұмыстарында
жазылған:
Тақырыптың деректік көзі – аталған тақырыптағы диплом жұмысын жазу
барысында Қ. К. Кеулімжаев , Н. А. Құдайбергенов, Нурсеитов Э.О., Назарова
В.Л., Сейдахметова Ф.С. , Әбдіманапов Әбдіғали, Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров
Р.С. т.б экономист-бухгалтерлердің кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
жинақтарын қолдандым.
Диплом жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық
негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың кәсіпорындарындағы инвестицияны
тиімді қолдануына талдау жасалуы, бухгалтерлік жазбалар талабы бойынша
инвестициялық операцияларды көрсету әдістемелері, кәсіпорынның табысты
нәтижесі туралы еңбектері болды.
Зерттеу әдістері –талдау әдістері.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға
салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық
машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын
өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:
- өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
- өндірістің техникалық дәрежесі;
- аяқталмаған құрылыс;
- лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;
- меншікті қаржының жеткіліктілігі;
- капитал нарығының конъюктурасы;
- мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
- инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
- сақтандыру қызметі;
- салық;
- маркетингтік зерттеу;
- өнімнің сату бағасы;
- өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
- жалпы өнімнің мөлшері;
- инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының
динамикасы;
- нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
- техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.
- бухгалтерлік есеп жүргізу барысындағы инвестициялық операцияларды
құжаттар арқылы рәсімдеу;
Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынандай шараларды
қолдану керек:
- инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;
инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау болып табылады, яғни
мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш
түрде болып келеді:
- инвестициялық салыктық преференциялар;
- кеден баждарын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:
- көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
- осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс
істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.
Инвестициялық салыктық преференциялар тікелей активтерге салынатын
инветициялардын көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі.
Преференция алу үшін келісім шарт жасау керек.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде мыналар болады:
- жер учасклері;
- ғимараттар мен құрылыстар;
- есептеу техникасы;
- машиналар мен жабдықтар;
- көлік беру мүмкінділігі.
Қолданылып жүрген инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
келісiмдердiң барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың өнеркәсіптік
кәсіпорындарға маңызы үлкен.
Тiкелей инвестициялар тартудың тәжiрибесiмен алмасу, жекелеген елдердегi
инвеститциялық ахуал мен заңдардың ерекшелiктерiн, сондай-ақ шетелдiк
инвесторлардың iскерлiк белсендiлiгiнiң өзiндiк белгiлерiн зерделеу
мақсатында инвестицияларды қолдау және мамандарды өзара тағылымдамадан
өткiзу бағдарламасын жүргiзу бойынша шетелдiк агенттiктермен
ынтымақтастықты жандандыру керек.
Елеулi инвестициялық ресурстарға ие немесе әлеуеттi инвесторлардың мейлiнше
кең шеңберiне шығудың арналары болуға қабiлеттi шетелдiк және халықаралық
инвестициялық қорлармен, трасттармен, сақтандыру компанияларымен,
инвестициялық банктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қою
үлкен маңызға ие болады.
Қазақстанға тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша елшiлiктермен
және дипломатиялық миссиялармен жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру қажет.
Практикалық базасы –Сапсан и К ЖШС
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 73 бет

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорындағы инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет
түсінігі

Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа
ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық
белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер”
атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет
ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын
инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң
дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар”
категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған,
Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған
жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын
шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және
публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде
инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза
инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза
өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн,
айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып
алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал
құрылған кезде ғана орын алады деп жазған. Әйгiлi “Экономикстiң”
авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары
бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау
және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және
жинақтардың барлық жиынтығы.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар
бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа
адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан
ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес,
оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны
тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық
қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда
капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде
болады.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар”
және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен
табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы
қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды
деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық
сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса
назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы
ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды,
яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi
кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына
бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға,
қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы
қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп
түсiндiредi.
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік
бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік
салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар,
машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда
табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады,себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде
(АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар
арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады. Инвестиция термині латынның іnvestіre - жұмылдыру сөзінен
алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері
бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның
нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза
инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады. У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды:
Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер
түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты.
Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі
акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда
инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің
экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып
табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты
инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма
бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров
инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді.
Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс
немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне
трансформацияланады. Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру
экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы
бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу
деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы:
инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны
келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне
айырбастауды білдіреді. Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе
құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып,
орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция
болып табылмайды, себебі қолмақол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін
және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі
факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен
жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға;
шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және
жанама.
Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан
Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар – бұл Қазақстан
Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына
берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн
инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама
инвестициялар – бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына
жасалған салымдар, деп көрсетiлген.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн
сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың
түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi
шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық
мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең
алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк
қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың
шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың
мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар
үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар
кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет
түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе
кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет
жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына
бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық
стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң
талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.
Инвестициялардың осылай топтастырылу себебi, олармен байланысты
тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң әртүрлiлiгi болып табылады. Инвестиция түрi мен
тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы тәуелдiлiктi келесi сурет түрiнде
көрсетуге болады .
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк
логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының
нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi
деңгейiмен анықталмайды.
Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi
ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен
қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды
төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды қауiп әкелетiндiгi
түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң талаптарын
қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да тәуекелдiлiктiң төмен
деңгейiмен байланысты.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе
оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық
жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi
ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi
инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту кәсiпорынның
өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы
бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады.
“Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды
iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды
тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-
әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар)
және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-
әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар
немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және
заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар,
соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы
мүмкiн.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде
маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын,
өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің
экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау
төмендегілерге байланысты:
• кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
• жалпы даму стратегиялары;
• инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
• құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы. Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру
жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын
кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің
зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге
асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ
мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын
таңдау түсініледі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді
мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен
бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде
жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі
шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық
нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын
болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы
стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу
мерзімі бойынша үйлеседі. 1 кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай
өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген. Кәсіпорынның әр
түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар
болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа
бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты
өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған
қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Кәсіпорынның
инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың
балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір
немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа
да факторлардың ықпалында болады
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік
аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті
инвестицияландыру орташа салалық деңгейден
қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға
ие болады. Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді. Тиімді
немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын
және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын
инновациялармен байланысты. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын
қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ
мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта
айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу
мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға
және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен
оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты

Кесте 1
Сатылары
СтратегПайда Өсуі Жетілуі Ескіруі Пайда
иясы болуы болуы
Жалпы Нарыққа Нарық Іс-әрекеттіңПайда нормасын
еніп, сегментінің салалық сақтау және
бекітілу кеңеюі, диверсификаціс-әрекеттің
процесіндеіс-әрекет иясы, бағыты мен
өмір сүру диверсификаципайданың қолнысандарының
ясы мен жеткен бір уақыттық
пайданың нормасына жаңалануының
жоғары қолдау жасауқаржылық
қарқынмен тұрақтылығы,
өсуін дәстүрлі
қамтамасыз іскерліктің
ету масштабтарын
сақтау
ИнвестиБастапқы Өндірістің Өндірістің Жаңа құрылыс
циялық нақты және нақты техникалық пен өндірістің
инвестицияқаржылық қайта қайта құрылуына
ның инвестиция қамтамасызданақтылы
жеткіліктімасштабтарынындырылуы масштабты
көлемін ң кеңеюі және инвестицияланды
қамтамасыз кеңмасштабтыру
ету қаржылық
инвестицияла
ндыру

Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар
және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi
мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына
мыналар кiредi:
- күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы
өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады
потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық
және қарыздық мiндеттемелер).
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика
деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет.
Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни
тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң
сальдосы қарастырылады.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында
мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге
(мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және
экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң
тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк
инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол
несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей
қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде
мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады,
негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық
саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың iшкi
тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың
Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын
жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан
туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан
Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы
көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн
өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына
әсер етедi.
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы
экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде
бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер)
деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы
дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын
келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi –
инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-
ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi.
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық
ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк)
өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және
мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде
ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-
iншi жылдардың бiрiншi жартысында АҚШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн
қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс
Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай
экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден
экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық
жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат
құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының
өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты
жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы
моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы,
күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi
ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер
етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:
1) Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
2) Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет
қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және
акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды
халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция)
түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек
реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады.
Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа
заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген.
Шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу
қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және
инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк
несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң
аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол
қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет
несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады. Бұл жағдайда
мемлекет ролi мынамен анықталады:
- ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып,
халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
- мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге
асырылады;
- көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен
банктерге экспорттық несиелер берiледi;
- әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық
несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге
беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай
мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін.
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси
тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да
жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл
инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге
болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика
секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе
жағдайында жинақтардың иесi кiс екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ,
себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында
мобилизацияланады.

2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның
тактикасы болу керек. Біз оны стратегялық инвестициялық саясат дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске
асыру және сол іске асырудын механизмі.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді,
жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған.
Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде
рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық
бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
• материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің
құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар. 3.
Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу
объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру
объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын
және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық
қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру
объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында
бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды
портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік
салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет
көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік
қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп
жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе
басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым
инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде
қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді,сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың
мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар
болуы мүмкін: - барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын
алуы мүмкін; - жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы
есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы
немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан
жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы; • шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі-өндіріс қуаттылығын арттыру
мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі
кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа
кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• техникалық қайта қамтамасыздандыру-жекелеген цехтардың, өндірістердің,
учаскелердің өндірісінің техникалықэкономикалық деңгейлерін арттыруға
бағытталған шара кешендерін жүргізу. Инвестицияның үсынылған жіктелуі
қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну
үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
Табыс алу мақсатында көлемді кұрлымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің
жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма,
компания) жүргізетін негіз – кәіпорынның инвестициялық саясатын құрайды.
Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын
жетілдіру,даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын –
жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды
кешіру және нарыктық қатнастарға өтуде перспективаға инвестициялық
саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамассыз ету керек, жаңа шаруашылық
механизіммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру
және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік –
экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның
нәтижелігін жоғарлату болып табылады.
Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану
керек:
- экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің
жолдарын табу;
- пайданы көздеу;
- жалпы шығындарды азайту;
- мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны,
гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
- дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
- инвестициялық тәуекелділік;
- инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға
салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық
машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын,
өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар.
Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық
пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі,
оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындағы федералды
комиссия шешеді.
Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық
пайдын мерзімі аңыкталмайды. Инвестициялық пай бойынша процент және
дивидент есптелінбейді.
Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардын құқығы жүргізуші
кәспорынның келісім шарты негізінде мамандырылған депозиттарімен жүзеге
асады.Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.
Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари есебіне
берілген және жүргізүші кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде
құрылады.
Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген
мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.
Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші кәсіпорыннан
инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай қорынан
инвестициялық пайды алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари
есебінен түседі.
Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:
- ашық;
- интервалды.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын
сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп
бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндеттіне
алса, онда ол қор ашық болады.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын
сұрауы бойынша уакытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп
бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда ол интервалды қор
болады.
Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының мүлкін инвестициялауға құқылы.
Ол инвестициялық қорының мүлкіне кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз
мүлкімен жауап береді.

Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен
төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық
төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.

Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды
мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер
жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық әрекетпен байланысты.
Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен
қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы
ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.

Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш
түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту,
өндірістік көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық
жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты
ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның
басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты
біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы
шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды
ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі,
қосымша еңбекті игеру жэне т.б.
Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың $ мен 1 млн.$
тұратын инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі.
Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі
болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау
дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда күнделікті
бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып,
кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.
Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ
ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау
жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты,
осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады,
объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын
түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі
әдістерін атап көрсетеді.
Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы
ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі
аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен
байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы
айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау
керек.
Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу.
Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі
формула аңықталынады:
К=К*(1+n),

К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың
салымдарының мөлшері.

К- салынған капиталдын мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым
салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.
n-дисконттау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз
мөлшерлемесі) бірлік үлесі.
Д=К (1+n)-К,

Д- косымша табыс, теңгемен

Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты
дисконттау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі
жағдайларды басшылыққа алады.
Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден, анықталған
минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор
болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған
деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар
соммасына салуды жіберу.
Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция
көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен
құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол
аналитик инвестициясы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық
қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады.
Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады,
ал жылдық табыстар P1,P2, ... ... ... .Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына
формулалар бойынша есептелінеді:
PV= Рк (1+r )e ;
NPV= Рк (1+r )e -С-С ;
Егер: NPV 0, онда жобаны қабылдау керек
NPV0, онда жобаны қабылдамау керек
NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес.
Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде
кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын
көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға
болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және
оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.
Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша
алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула
бойынша есептелінеді.
PI=РК ( 1+r)kИсИ ;
Егер :PI1, жобаны қабылдау керек
PI1, жобаны қабылдамау керек.
PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.
Таза келтірілген эффектімен салыстырған да табыстылық индексі қатынасты
көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың
ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.
Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық
нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр.
Сонымен қатар , жобаның NPV=0:
IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0
Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні
мынада жатыр: IRR-берілген жобамен асоцоцияланатын шығындарды максималды
қатысты жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің
ссудасы арқылы қаржыландырылса, онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің
жіберілу деңгейінінің жоғарғы шекарасын көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны
зиянды жасайды.
Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі
белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза
пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше
оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны
нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта
көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта
шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер
талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар
шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда
оны бағалау шығарылып тасталу керек.
ARR= PN
½ (IC-RV)
Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған
(орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен
анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен
салыстырылыды.
Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең
оңай және кең таралған әдістердің бірі.
Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған
табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір
қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы
шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға
айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар
санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция
куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы
мынандай болады.
PP=n Pk , мұнда Pk IC
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар
талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы
мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті
табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар
бойынша бөлуді ерекшклейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін
есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай
жағдайларда:
- кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік
проблемасын шешумен айналысуда ;
- инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты,
сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелделігі
де аз болады.
Мұндай жағдай тез техникалық өзгерістер болатын іс-әрекеттің түрлеріне
немесе салаларына сәйкес келеді.

1.3 Кәсіпорындағы инвестициялық жобаларды ұйымдастыру

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнесжоспар ретінде
көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған
сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса,
онда ол ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген
жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы
түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның
іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Жобаларды әдет бойынша тактикалық
және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің
өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды,
біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының
түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу
т.с.с.) өзгерісін қарастыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Инвестиция туралы ақпарат
Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары
“Либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Пәндер