Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары



Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. Кәсіпкеріктің дамуының алғы шарты құқықтық
қамтасыз етілуі
1.2.Кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдық.құқықтық нысандары және оларды мемлекеттiк қолдау
1.3. Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық . құқықтық формалары

Қорытынды.
Кiрiспе
Соңғы он жылдық iшiнде өткiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық реформалар: еркiн экономиканы қалыптастыру, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, орталықтан жоспарлау және көптеген экономикалық тұрақтылық мемлекеттiк басқарудың жойылып нарық қатынастарының енгiзiлуi. Халықтың әлеуметтiк құндылықтарының өзгеруiне, оның экономикалық белсендiлiгiнiң артуына, еңбек нарығының, кәсiпкерлiк қызметтiң пайда болып, қалыптасуына септiгiн тигiзсе, жоғары қарқынды өсiм, өндiрiс өнiмiнiң төмендеуi, қоғамның әлеуметтiк жағынан даралануы, халықтың негiзгi бөлiгiнiң кедейленуiне, экономикамыздың барлық салаларының әсiресе жеңiл өнеркәсiп, қорғаныс, ауыл шаруашылығының терең экономикалық дағдарысқа, жұмыссыздықтың өсуiне, әлеуметтiк қайшылықтарға әкелдi.
Нарықтық экономика жүйесiнiң негiзгi бағыты, мемлекеттiң меншiгiндегi экономикалық жұйенiң кәсiпкерлiк типiне негiзделгендiктен экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсiпкерлiктi қолдап, кiшi және орта бизнестi дамыту мәселесi өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Жалпы өркениеттi елдердiң қай-қайсысын алсақ та өздерiнiң экономикалық - әлеуметтiк мәселелерiн шешуде кiшi кәсiпкерлiк нысандарына арқа сұйейдi. Себебi кәсiпкерлiк нысандар тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етiп, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтiк статусын жоғарылатумен қатар нарықтағы қажеттiлiктiң қанағаттануына, нарықтық бәсекелестiк қатынастардың дамуына, iрiктелген товар көбейiп толығуы жергiлiктi шикiзат қорын пайдалануына өз ықпалын тигiзедi. Кәсiпкерлiк қызметтiң динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Сондықтан да кәсiпкерлiк төңiрегiнде көптеген мәселелердiң көтерiлуi оның экономикадағы ролiнiң өте маңыздылығын дәлелдейдi.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. Кәсіпкеріктің дамуының алғы шарты құқықтық
қамтасыз етілуі
1.2.Кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдық-құқықтық нысандары және оларды
мемлекеттiк қолдау
1.3. Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
Қорытынды.

Кiрiспе

Соңғы он жылдық iшiнде өткiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық
реформалар: еркiн экономиканы қалыптастыру, мемлекеттiк меншiктi
жекешелендiру, орталықтан жоспарлау және көптеген экономикалық тұрақтылық
мемлекеттiк басқарудың жойылып нарық қатынастарының енгiзiлуi. Халықтың
әлеуметтiк құндылықтарының өзгеруiне, оның экономикалық белсендiлiгiнiң
артуына, еңбек нарығының, кәсiпкерлiк қызметтiң пайда болып, қалыптасуына
септiгiн тигiзсе, жоғары қарқынды өсiм, өндiрiс өнiмiнiң төмендеуi,
қоғамның әлеуметтiк жағынан даралануы, халықтың негiзгi бөлiгiнiң
кедейленуiне, экономикамыздың барлық салаларының әсiресе жеңiл өнеркәсiп,
қорғаныс, ауыл шаруашылығының терең экономикалық дағдарысқа, жұмыссыздықтың
өсуiне, әлеуметтiк қайшылықтарға әкелдi.
Нарықтық экономика жүйесiнiң негiзгi бағыты, мемлекеттiң меншiгiндегi
экономикалық жұйенiң кәсiпкерлiк типiне негiзделгендiктен экономикасы
нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсiпкерлiктi қолдап, кiшi және
орта бизнестi дамыту мәселесi өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.
Жалпы өркениеттi елдердiң қай-қайсысын алсақ та өздерiнiң экономикалық -
әлеуметтiк мәселелерiн шешуде кiшi кәсiпкерлiк нысандарына арқа сұйейдi.
Себебi кәсiпкерлiк нысандар тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етiп,
халықтың әл-ауқатын, әлеуметтiк статусын жоғарылатумен қатар нарықтағы
қажеттiлiктiң қанағаттануына, нарықтық бәсекелестiк қатынастардың дамуына,
iрiктелген товар көбейiп толығуы жергiлiктi шикiзат қорын пайдалануына өз
ықпалын тигiзедi. Кәсiпкерлiк қызметтiң динамикасын зерттеу, оны болжау
қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Сондықтан да кәсiпкерлiк төңiрегiнде көптеген мәселелердiң көтерiлуi
оның экономикадағы ролiнiң өте маңыздылығын дәлелдейдi.

1.1.Кәсіпкеріктің дамуының алғы шарты құқықтық қамтасыз етілуі
Заң шығарушылық қызметі Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділікпен
тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілік негізінде өз жұмыстарын
ұйымдастыруға бағытталған. Мысалы: өндірістік, сауда-саттық, коммерциялық,
делдалдық қызмет, қызмет көрсету және т.б.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет жалпылама сипатқа ие. Бұл бір адамның
ғана жанұясы ушін емес, қоғамдық мақсатта басқа да адамдар үшін
жүргізіледі. Демек, оған белгіленген занмен және ұйымдармен басқару
құрылымдардың шаруашылық құқық формасының ережелеріне сай болуы керек.
Себебі адам қоғамға, шаруашылық субъектісіне, заңда қарастырылған ресми
құқылы статусына қайшы келмейтін қоғамдағы нақты жұмысымен айқындалатын
танымал кәсіпкер.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі, өмірде бірқатар
ұйымдастырудың заңға сәйкес формаларын тудырды, бұлар жобалау-директивті
экономикаға жат. Нарық экономикасы дамыған елдерде және біздің
Республикамыздағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруы құқылы формаларын саралауда,
біздің бизнестік ұйымдастыру формаларының шетелдіктерге жакындауын байқауға
болады. Сонымен қатар елеулі айырмашылықтар да бар, ол біздің еліміздің
нарықтық қатынасқа өту кезеңінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Біздің елімізде кәсіпкерлікті ұйымдастырушылық құқықтық формалары
жекеменшіктің пайда болудағы түрлі формаларының әсерімен қоса басқа да
факторлар масштабтық, қызметтің көрінісі, басқару сипаттамасы,
жауапкершілік дәрежесі арқылы да қойылады. Бұрынғы кеңес экономикасы
жағдайында кез-келген кәсіпорын мүлікті оңашаланған шаруашылық бірлік
ретінде қарастырылып келген және мұндай бірліктер арасындағы қарым-
қатынастар бірлескен орталықтандырылған мемлекеттік регламентпен анықталды
және олардың қарым-қатынастарының құқықтық тәртібін белгілеудің қажеттілігі
болмаған. Нарықтық экономиканың аралас типіне өтуде бірнші қатарға
кәсіпкерлік құқық проблемасы, кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі және сыртқы
реттелуінің жағдайы, олардың әрекеті мен ұйымдастыру тәртібі қойылды.
Сондықтан кәсіпкерлік бойынша Қазақстандық заң шығарушылық бірқатар
кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық құқықтық формаларының барын
көрсетеді. Сипаты бойынша шетелдердің бизнес дамуының ұйымдастырушылық
формасына қарағанда, жекелегенде, АҚШ-да бизнестің негізгі төрт түрі: жеке
кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация бар.
Республикадағы жекеменшік және кәсіпкерлік қызмет туралы заңды қабылдау
кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық ұғымға, әрқайсысының атына бірдей
мазмұнын анықтай отырып, нақтылық пен айқындық енгізді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық
шамаларының мына түрлері бар: дербес серіктестік, біріккен кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік (толық, компаниялы, шектеулі серіктестік),
корпорация кең етек алуда. Арнайы әдебиетте кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық
құқыктық формасының әрқайсысының дюмы толығымен көрсетілгендіктен, біз тек
ел экономикасындағы серпінді үрдістерге байланысты өзгерістерге тоқталамыз.
Кәсіпкерліктің әрбір аталған ұйымдастырушылық құқықтық формалары
экономикадағы жаңа интегративті құрылымның пайда болуына базис құрайтын
шаруашылық жүйе болып табылады.
Даму барысында келісім-шарт негізінде өз еркімен іскерлікті кеңейтіп,
нығайту үшін, сыртқы және ішкі нарықта сәтті әрекет жасау үшін кәсіпкерлік
құрылымдар өз еркінен бірігеді. Тәжірибе көрсеткендей, іскерлікті
ұйымдастыру формасының ешқайсысы өзішн күшті және әлсіз жақтарына қарай
әмбебап болып табылмайды. Олардың әрқайсысының күнделік деңгейінен
алғанда қаржыны өсіру қабілеттілігі, жауапкершілігі, бақылау
қызметінің ұзақтығы, салық салу артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Мысалы: жеке кәсіпкерлік карапайымдылық пен бизнесті бақылау артықшылығы
болып табылады. Ал серіктестікте бұл артықшылық былай бөлінеді: ол
әрекетінің және корпорацияның шектеусіз өмірінің нәтижесіне шектеулі
жауапкершілік ұсынады. Кемшіліктерге тоқталатын болсақ жеке кәсіпкерліктің
негізгі кемшілігі капиталды өсірудің төмен қабілеті болып табылады
Серіктестіктің негізгі кемшілігі ретінде барлық серіктес кәсіпорынның
міндеттері мен карыздарының біріккен жауапкершілігі және серіктестіктің
әрбір қатысушысының салық салу кірісінің құрамына кіріс пен шығыс енеді.
Корпорация негізгі кемшілік ретінде "екілік салық салу" болып табылады.
Оның мәні мынада: корпорация алғашқы да түскен пайдадан салық төлейді.
Дегенмен екінші ретте пайданың жартысы дивиденд төлеуге кеткенде салық
салуға ұшырайды. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық формаларын іс
жүзінде қолдануда және өзіне тән кемшіліктерді жоюда, біздің елімізде
бизнесті ұйымдастырушы нарық экономикасы дамыған елдерде бүгінде сәтті
қызмет ететін алып ұйымдастырушылық таруашылық құрылымдардың пайда болуына
жол ашатын аралас формалар құрылады.
Қазақстан Республикасында бүгінде кәсіпкерліктің дамуында екі негізгі
бағыт анықталған. Бірінші бағыт - ел экономикасын тұрақтылық пен
басқарушылыққа ие болуға мүмкіндік беретін ірі ұйымдастырушылық-шаруашылық
құрылымдардың пайда болуын және ғылыми-техникалық жаңалықтарды іске асыру
бойынша ірі масштабты мақсаттарды шешумен байланысты. Екінші бағыт кіші
бизнестің дамуымен байланысты бәсеке ортасына және өнеркәсіпке өзіндік
икемділік береді.
Бірінші бағыт шеңберінде барынша күшті ұйымдастырушылық-
шаруашылық құрылымдар пайда болады, мемлекеттік, аралас және жекеменшік
корпорациялар және қаржылық өнеркәсіптік топтар. Ең алғаш рет ірі
кәсіпкерлік құрылымдар мемлекеттік жекеменшікті акционерлеу негізінде
объекттілерді жекешелендірудің үшінші кезеңі пайда бола бастады.
Мұндай жекешелендіру барысында он мыңдаған өнеркәсіп акционерлік
қоғамдарға айналған. Қазақстанда корпорация шаруашылығы ұйымдастырушылық
құқықтық форма түрінде де акционерлік өнеркәсіп үшін де өте ыңғайлы.
Сондықтан ол салықтық жеңілдіктер алуға және акция иелерінің жауапкершілігі
деңгейін шектеуге мүмкіндік берді. Мысалы: АҚШ екі есе салық салу
проблемасын шешу үшін айрықша үстемділікке ие шағын фирмалар құрады,
бұларды корпорация деп атайды. Корпорация бұл елде 1958 жылы кіші бизнеске
қатысты реформасын жүзеге асырған, заңдастырылған. Корпорация кіші бизнесті
белсенді ету үшін салық талабын төмендегі ретінде пайдаланылады, кейіннен
бұлардан корпорация типті ірі өнеркәсіптер пайда болды.
Корпорацияның өсуінің негізгі жолдары – бұл бөлінбеген пайданың
өндірістік түріне бір фирманың екінші фирма акцияларының бақылау
пакетіне ие болу арқылы бірігуінің ішкі жолы. Корпорацияның кең таралуы
концерні, холдилнигтік компаниия консорциумдар және басқа да нарықтық
экономика типті ұйымдастырушылық шаруашылық бірлестіктердің пайда болуына
ықпалдасады. Ірі және өте ірі компаниялардың қуатты және тармақталған
қаржылық мекемелермен, мысалы, коммерциялық банктер, сақтандыру
компаниялары, инвестициялық қорлар және көлік, сауда, ақпаратты
құрылымдарының араласуы, қаржылы-өндірістік топтардың пайда болуына
әкеледі. Мұндай қаржы өндірістік топтардың өте үлкен өндірістік және
қаржылық мүмкіндіктері бар, бұлардың ішінде де, одан тыс та сәтті іске
асыруға болады. Мұндай топтар ірі масштабты ғылыми зерттеулерді, күрделі
техникалық және технологиялық кешендерді пайдалану, енеркәсіптік
кооперациялардың әсерінен пайда болып анықталады. Мұны шетелдік
бәсекелестік пен ел , ішіндегі іскерлік конъюнктураның күрт тербелуіне
тиімді қарсы тұру үшін қолданады. Мемлекет өзінің заң шығару және
шаруашылық қызметін іске асырумен белгіленген түрін, сипатталуын, жағдайын,
істегі заң шығарушылықты жетілдіре түсіп және қалыптасу тәсілдерін басқаруы
тиіс. Қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен олардың қызмет ету, ел
экономикасының прогресі және сонымен қатар оның ары қарай дамуының
бірқалыпты даму жағдайы болып табылады. Сондай-ақ, кіші бизнес дамуына
көңіл бөліну азаймауға тиіс. Бәрімізге белгілі, күшті қаржылық-өнеркәсіптік
топтарға қарағанда кіші кәсіпкерліктің нарықтың конъюнктура өзгерісіне
жылдам бейімделуі нарықтық экономиканы қажетті икемділікке ие қылады.
Сонымен, кіші іскерлік нарыққа икемделумен қоса халық шаруашылығында өзіне
нарық ортасын белсенді түрде қалыптастырады. Міне, осы икемділігінің
техника мен технологияның жылдам өзгеріп тұру жағдайында, нарықтың
тербелуінде, өнеркәсіпті жаңарту мен жылдам өзгеріп тұратын нарықтық
конъюнктураға бейімделуге артық мүмкіншіліктер береді. Нарықты тауар мен
қызметтерді жылдам толықтырып тұру қажеттілігі кіші бизнесті айрықша
маңызды етеді. Кіші бизнестің міне, осы қасиеттері бүгінгі жағдайда
тұтынушы сұранысын, ғылыми-техникалық прогрестің, шығарылып жатқан тауар
мен қызметтің ассортиментін өсіруде өзінің жедел жекеленуімен айрықша
маңызға ие.
Ол, ең алдымен, электроника, кибернетика, информатика салаларында және
де бірқатар ғылыми-техникалық прогрестің біршама маңызды бағыттары бойынша
іске асыруда едәуір маңызы зор. Жаңа техниканы мамандандыру мен пайдалануда
кіші кәсіпкерлік ірі коорпорациялардың монопольді ұстанымдарына кедергі
келтіретін мықты бәсекелес ретінде алады. Ол жаңа жұмыс орнын құрай
отырып, халықты қамту проблемасын шешуге көмектеседі.
Кіші бизнестің әлеуметтік қыспақпен орта класты қалыптасуының негізі
болып табылатын нарықтық қатынасты демократизациялаудағы орнының
маңыздылығын айта кету керек. Барлық осы үстемдіктер мемлекетте кіші
бизнеске жан-жақты қолдау көрсету керек екендігін және бүгінгі күн талабына
сай еліміздің экономикасындағы өзгерістерді ескере отырып, заңды нормативті
акт пен оларды үнемі жетілдіріп тұруын көздейді.
Бұл заңдарда кәсіпкерлікті ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-құқықтық
формалары, соғымен қатар мемлекеттік, жекеменшік, ұжымдық, кооперативті
және т.б. өнеркәсіптер ретінде белгіленген. Бұл мекеме құқықтық формасы
бойынша егер кәсіпорын - басшыларының саны төмен немесе шаруашылық айналымы
шағын болса, соның ішінде - өнеркәсіп "кіші" мекеме деп аталады, кіші
кәсіпорындар жекеменшік кәсіпорын және өндірістік ретінде ғана емес,
акционерлік қоғам ретінде құрылуға тиіс. Сондай-ақ, кіші өнеркәсіптің
ұйымдастырушылық-құқықтық формасын барынша тиімді таңдау осы кіші бизнес
ұйымдастырушыларымен іске асырылуы тиіс. Бұл шаруашылықтың жекеменшік
заңдарында бекітілген шеңберінде жаңа субъектілер қалыптастыру үшін
нақтыланған құкықтық формалардың шектеулерін жояды және солардың негізінде
ірі корпорациялардың пайда болуына тиімді мүмкіндіктер ашады. Қазақстан
Республикасында кіші кәсіпорындар ретінде жүмысшылар санының едәуір өсуі
салалары барлар есептеледі. Қазақстан Республикасының №499 1997
жылдың 8 сәуірдегі Қаулысына сәйкес кіші кәсіпкерлікке жұмысшылар саны
төмендегідей болғандар жатады:
өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
сауда және тұрмыстық қызметте - 30 адамға дейін;
көлік пен байланыста - 25 адамға дейін;
ғылым мен инновациялық қызметте - 20 адамға дейін.

Схема 2. Коммерциялық кәсiпорынның жiктелуi

Облысымыздағы қарқынды дамып жатқан кәсiпкерлiктiң қазiргi түрлерi.
Қазiр облысымызда мынадай ұжымдық – құқықтық формалы
кәсiпкерлiктер дамуда.
1. Шаруашылық серiктестiктер – толық серiктестiктер. Олардың мүшелерi
өзара кәсiпорын құру жөнiндегi келiсiмге қол қояды. Құруға керектi
серiктес мүшелердiң қаражаттарын бiрiктiру. Серiктестiктiң пайдасы,
зияны пайға қарай бөлiнедi. Әрбiр мүше өзiнiң табысына пайданы қосып
сонан салық төлейдi.
2. Коммандиттi серiктестiк. Барлық серiктестiк мүшелерi серiктестiк
атанған iс жүргiзушiлер iшiнен бiреу немесе бiрнеше мүшелерi зиянын
тәуекелiн өздерiнiң қосқан үлестерi мөлшерiнде жауапкершiлiкке
алады.
3. Шектелген жауапкершiлiктi қоғамдар. Оның мүшелерi қоғамның
мiндеттерiне жауап бермейдi, ал зиян тәуекелiне өздерiнiң
үлестерiмен жауап бередi.
4. Қосымша жауапкершiлiгi бар қоғам, қоғам мiндеттемелерiне өздерiнiң
заттарымен жауап бередi.
5. Ашық және жабық акционерлiк қоғам.
6. Өндiрiстiк кооперативтер – ерiктi түрде бiрiккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсiпорын – коммерциялық мекеме, меншiктiк құқығы жоқ.
Унитарлық кәсiпорын мүлiктерi бөлiнбейдi. Унитарлық кәсiпорын тек
мемлекеттiк немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсiпорын
федералдық қазына кәсiпорны болып есептеледi.
Төмендегi кестеге баса көңiл аударып көрсеңiз және кәсiпкерлiкпен
айналысуға ойңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.

1.2.Кәсiпкерлiк қызметтiң ұйымдық-құқықтық нысандары және оларды
мемлекеттiк қолдау
Кәсiпкерлiк қызметтiң орны ең алдымен – кәсiпорын.
Экономикалық катигория ретiнде ол өндргiш күштер мен өндiрiстiк
қатынастарды ұйымдастырудың негiзгi буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды
құқықтары бар дара шаруашылық субъектiсi өзiне бекiтiлiп берiлген
мүлiктердi пайдалана отырып өнiм өндiредi, түрлi жұмыстар атқарады, әр
түрлi қызмет көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi және қолданылып
жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсiпорындардың мынадай ұйымдық
құқықтық нысандары бар:
( мемлекеттiк кәсiпорын;
(серiктестiк (толық жауапкершiлiктi, аралас және жауапкершiлiгi
шектеулi жауапкершiлiктi)
(акционерлiк қоғам, бiрлестiктер.
Кәсiпкерлiк қызметке қатысушылар мен олардың әрiптестерiнiң бiрiгуi
“серiктестiк” деп аталады. Серктестiк шаруашылықтарға әрiптастердiң қатысуы
жазбаша келiсiмдермен шарттар түрiнде бекiтiледi. Серiктестiктердi олардың
құрылтайшылары құрайды.
Серiктестiк шаруашылықтардың мүшелерi:
(басқару iсне қатысуға;
(серiктестiк қызметi жөнiнде мағлұматтар алуға;
(оның құжаттарымен танысуына;
(несие берушiлермен айырысқаннан кейiн қалған пайданы бөлiсуге;
(тиiстi мүлiк құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серiктестк шаруашылық иелiгiндегi мүлiктердiң құрамына жататындар:
( негiзгi өндiрiстiк құрал жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-
жабдықтар);
( айналым құралдары (шикiзат, материалдар, дайын өнiм, аяқталмаған
өндiрiс, басқада тауарлы - материалдық құндылықтар);
( ақша қаражаты;
( басқа да құндылықтар кiредi.
Серiктестiктiң мүшелерi:
( құрылтайшылар атынан талап етiлген құжаттарды дайындап беруге;
( алдын-ала белгiленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында
төлеулерiне;
( коммерциялық құпияларды сақтауға;
( құпия ақпараттарды жария етпеуге мiндеттi.

1.3. Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
Бiздiң елiмiздегi, нарықтық экономикасы дамыған елдердiң
кәсiпкерлiктiң ұйымдық формаларының дамуын талдай отырып бiздегi бизнестi
ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық формалары шетелдiк бизнестi ұйымдастыруға
ұқсас қалыптасып жатқанын байқаймыз. Экономикамыздың өтпелi жағдайына
сәйкес бiр қатар ерекшелiктер бар. Осыған орай Таксокованың АҚШ пен
Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық формаларына салыстырмалы талдау жасау
арқылы шетелдiк тәжiрибенiң оң үрдiстерiн анықтап, оларды отандық
тәжiрибеде пайдалану мүмкiндiктерi қарастырылған.
Шетелдiк тәжiрибеде бизнестi негiздеудiң 4 формасы бар: жеке
кәсiпкерлiк, серiктестiк, корпорация мен S корпорациясы.
Жеке кәсiпкерлiк-тiркеу және негiздеу жағынан әлдеқайда жеңiл
болып табылатын бизнестi ұйымдастыру формасы. Тiркеу процедуралары
кәсiпкердiң сертификатты толтыру мен тiркеу номерiн алумен байланысты
болады. Бұл талаптар орындалғаннан кейiн кәсiпкер заңды түрде қызмет ету
құқығына ие болады. Жеке кәсiпкердiң артықшылығына бизнестi толығымен
бақылай алу мұмкiндiгiнiң бар болуы жатады. Мұндай кәсiпорын кез-келген
уақытта сатылуы мүмкiн. Кәсiпорынды бағалау құнына негiзгi активтер мен
бiрге активтер емес те кiредi.
Серiктестiк бұл екi немесе одан да көп қатысушылар пайда алу
мақсатында кәсiпорынды ұйымдастырады

Кесте N13
АҚШ-тағы бизнестiң ұйымдық -құқықтық формалары.

Көрсеткiштер Жеке кәсiпкерлiкЖауапкершiлЖауапкершiл iгi S-корпорация
iгi шектелмеген
шектеулi серiктестiк
серiктестiк
1 2 3 4 5
Тiркеу Алғашқы шығындарЗаңды түрдеКелiсiм шартты Тiркеу талаптары
процедураларыминимальды келiсiм жасаумен штаттардың
мен алғашқы болады, тiркеу жасалып, байланысты заңымен
шығындар. төлемiне ақшаныңресми шығындар. анықталады.
қажетi жоқ тiркеу Тiркеу талабы Мұндай арнайы заң
төлемi арнайы актымен қызметкерлерi
болмайды анықталады құрылтайшы
құжаттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы туралы
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласы
ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі
Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Пәндер