Әлемдегі ерекше отельдер



КІРІСПЕ
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдер
2.2 Қазақстан территориясындағы бар ерекше отельдер
2.3 Қазақстан территориясындағы ерекше отельдерді салу мүмкіндіктері
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК КЕШЕНДЕРДІҢ ЖОБАСЫ
3.1 “Жаңа Іле” туристік кешені
3.2 “Ақтау Сити” туристік кешені
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстанға туристерді келтіру үшін біркатар жұмыстар аткарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын колға алу керек. Еліміз дамудын нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр.
Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс – салт мәселелерінен бастау алады. Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары негізінен қызметті әр түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр түрлі деңгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы – қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.
Орналастыру – саяхаттау кезінде туристерге қызметтің кешенді түрін ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі. Орналастыру құралдары туристік салада істейтін қызметкерлердің 65%, туристерден түскен үлестің 68% құрайды.
Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға болмайды. Себебі біздің мемлекеттің туристік нарық жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен шетелге шығушы туристер саны 45,8 % пайыз, ал келетін туристер саны 37,9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады. Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі бола алады.
Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты. Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй туристерді мынандай шарттармен қамтамасыз ету керек:
- жоғары дәрежелі қызмет;
- туристердің барлық контингентіне шарттарға байланысты жағдай жасау;
- қызмет түрінің жүйелілігі;
- қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спорттық қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;
- құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.
1. Александрова А.Ю. Международные туризм: Учебник. – М.: Аспеки-Пресс, 2002. – 470 б.
2. Алтынбаев Б.А. Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. Пособие. – Алматы: КазГАУ, 1999. – 94 б.
3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. Пособие . – М.: Финансы и стаститика, 2001. – 176 б.
4. Биржаков М.Б. Введения в туризм: - СПб.: Герда, 1999.- 192 б.
5. Биржаков М.Б. Введения в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп. – СПб.: Герда, 2005. – 448 б.
6. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. С англ. – М.: Аспект-Пресс, 1995. – 382 б.
7. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристский бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 352 б.
8. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме: Учеб. Пособие. – М.: Нолидж, 1998. – 272 б.
9. Волков Ю.Ф. Технология гост. Обслуж. – Ростов-на-Дану. Феникс, 2003. – 48 б.
10. Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской деятельности: Учеб. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 120 б.
11. Гвозденко А.А. Логистика в туризме: Учеб. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004. – 68 б.
12. Гостиничный и туристский бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского. – М.: ЭКМОС, 2000 – 78 б.
13. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности: Учеб. Пособие/ Московкая Академия экономики и права. – М.: Нолидж, 2002. – 98 б.
14. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустр. Гостеприимства. Уч. Пос. – М.: Академия, 2005 – 101 б.
15. Рахимбекова Ж.С. Международный в гостиничный бизнес: Учебное пособие. – Алматы, Қазақ Университеті, 2004. – 69 б.
16. Влоков Ю.Ф. Введение гостиничный и туристический бизнес. Ростов-на-Дону. «Феникс» , 2004. – 96 б.
17. Гуляев. В.Г. Организация туристской деятельности. М.: Нолидж. 1996. – 89 б.
18. Семенов. В.С., Коминский И.С., Попова Н.А. Гостиничное хозяйство. «Стоиздат», М.: 1985. – 111 б.
19. Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: Оқулық/ Ағыл. Ауд. М.: Юнити, 1999. – 131 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстанға туристерді келтіру үшін біркатар жұмыстар аткарып, оның
ішінде қонақ үй инфрақұрылымын колға алу керек. Еліміз дамудын нарықтық
жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап,
әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-
қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама
тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр.
Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ
үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе
жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету
салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс – салт мәселелерінен бастау алады.
Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары негізінен қызметті әр түрлі
уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр түрлі деңгейдегі
(бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр түрлі типтегі үйлер. Қазіргі
таңда қонақ күту индустриясы – қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе
туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік
орталық ретінде қызмет жасайды.
Орналастыру – саяхаттау кезінде туристерге қызметтің кешенді түрін
ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі. Орналастыру құралдары туристік
салада істейтін қызметкерлердің 65%, туристерден түскен үлестің 68%
құрайды.
Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек
қарастыруға болмайды. Себебі біздің мемлекеттің туристік нарық
жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен
шетелге шығушы туристер саны 45,8 % пайыз, ал келетін
туристер саны 37,9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы
мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл
индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады.
Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі бола
алады.
Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше
факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық
шарттарға тікелей байланысты. Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй
туристерді мынандай шарттармен қамтамасыз ету керек:
- жоғары дәрежелі қызмет;
- туристердің барлық контингентіне шарттарға байланысты жағдай
жасау;
- қызмет түрінің жүйелілігі;
- қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спорттық қызмет көрсетуге кеткен
минималды шығындар;
- құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.
Кез келген қонақ үйдің функционалды сұраныстарын айқындау кезінде
бірнеше басты жіктемелік факторларға байланысты: қызмет көрсетілетін
контингенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты, әлеуметтік құрылымына,
бос уақыттарына байланысты ерекшеленеді. Көбінесе қонақ үйлер туристерге
көрсететін қызметті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді.
Ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй қызметі туризмдегі қызмет
көрсететін әлемдік бизнесі жүйесімен бәсекелес, Қазақстандағы туризм
дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Қонақ үй қызметін
көрсету аясындағы туризмнің қызметі әлеуметтік мәдени қызметке жатады. Ол
қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан
оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол.
Жұмыстың мақсаты: Дүниежүзіндегі таңғажайып отельдерге талдау жасау.
Жұмыстың міндеті келесі өзекті мәселелерді қарастыру:
- әлемдік қонақ үй шаруашылығы;
- Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы;
- әлемдік таңғажайып отельдер;
- Қазақстан аумағында бар ерекше отельдер;
- Қазақстандағы болашақ туристік кешендердің жобасы.
Бұл еңбектің басты мақсаты әлемдегі таңғажайып отельдердің
Қазақстанда пайда болу ықтималдылығын көрсету, олардың жобасын ұсыну болып
табылады. Атаулы мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
- әлемдегі таңғажайып отельдердің сипаттарын қарастыру;
- еліміздегі салуға мүмкіншілік беретін жерлерді қарастыру;
- салуға болатын таңғажайып отель түрлерін анықтау;
- оның географиялық тұрғыдан тиімділігін көрсету: жер бедері,
климаты, экологиялық жағдайы
- оның экономикалық жағынан тиімділігін көрсету.
Бұл жұмыста басты назар ішкі туристер ағымын арттырумен қатар, шетел
туристерінің елге деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның
аттрактивтілігінің беделді имиджін қалыптастыруға аударылған. Бұл жаңа
туристік өнімді әлемдік туристік нарықта таныту үшін бұқаралық ақпарат
құралдарымен тығыз қарым-қатынасын орнату, жарнаманың рөлін арттыру.
Бүгінгі таңда туристердің таңғажайып отельдерге деген сұранысы жыл
санап артып келеді. Ал, таңғажайып отельдердің сол туристерді
орналастырудан түскен табысы күн санап артып келеді.
Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм
саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, статистикалық
мәліметтер, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар,
интернет сайттары және басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Алғашқы қонақ үйлер (керуен-сарай) ежелгі шығыс өркениетінде біздің
заманымызға дейін екі мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Греция мен Римде
саудагерлер, әртістер, қажылар және саяхаттаушыларға арнап таверналар мен
хоспитеумдар кең тарала бастады. Негізінде олар ат аялдайтын орындар мен
екі қабатты ғимараттан тұрған, оның бірінші қабатында таверна, екінші
қабатында жатын бөлмелер орналасты. Уақыт өте келе бұл негізгі қызметтер
кешеніне саяхаттаушылар үшін театр қойылымдары өтетін ашық және жабық
галереялар қосылды. Ерте ортағасырларда саяхаттар қауіпті бола бастайды.
Бұл кезеңде саяхаттар діни ағым сипатына бағытталды: әлемнің түкпір-
түкпірінен адамдар әулиелі жерлерге қажылық сапарға аттанып отырды.
Орналастыру және тамақтандыру (әдетте тегін) қызметтері монастырьларда
көрсетілді.
Екі жүз жылға созылған крест жорықтары кезеңінде Иерусалимға
саяхаттаушылардың саны күн санап арта түсті. Бұл жағдай алдымен Италияда,
көп ұзамай басқа елдерде де кәсіби қонақ үй бизнесінің пайда болуына
әкелді. Қонақ үй шаруашылығындағы келесі байқалатын кезең поштамен және
транспорттық торлармен тікелей байланысты. Пошта трассалары бойында қазіргі
мотельдерге ұқсас орналастыру орындары бой тізді. Қазіргі мотельдерден
олардың айырмашылығы – олар жергілікті халық үшін ойын-сауықтыру орталығы
қызметін атқарды, әсіресе, азарт ойындарының рөлі зор болды (дартс, домино,
бильярд, тауықтар күресі).
Отель сөзі ежелгі римдік хоспитеумнің латын түбірінен 18 ғасырда
пайда болды. Қонақ үйді техникалық қамтамасыздандыру отаны АҚШ болып
табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін сансыз көп иммигранттар ағымы
елде қонақ бизнесінің қарқында дамуына әкелді. АҚШ-тағы отель бизнесінің
қарқынды дамуына әсер еткен екінші себеп – басқа еуропалық елдерге
қарағанда онда әр түрлі балдар, би кештері, тағы басқа қоғамдық іс-
шараларды өткізуге болатын аристократтық сарайлар болған жоқ. Ал, қонақ
үйлер дәл осындай сипаттағы іс-шараларды өткізетін орын болып саналды. Ол
үшін арнайы залдар салынды. Қонақ үй залдарында билеу дәстүрі АҚШ
қалаларында 20 ғасырдың 50 жылдарына дейін жалғасып келді. Қонақ үй бизнесі
АҚШ-та ұзақ уақыт бойы әйгілі болып келді. Оның айқын көрінісі ретінде АҚШ
президенттері Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнның таверна иелері
болғанын атап өтсе де жеткілікті.
Қазіргі таңдағы есікте қүлпы бар бір және екі орынды номерлер,
номердегі ванна ванна мен алғашқы лифттер АҚШ-та 1829 жылы пайда болған. 19
ғасырдың ортасында алғашқы орталық жылуы бар алғашқы отель қызмет атқара
бастады. Бұл салада Статлер аянбай еңбек еткен болатын. Сондай-ақ, ол қонақ
үй қызметкерлеріне униформа енгізді. Ал, Еуропадағы қонақ үй бизнесінің
дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың қатарына швейцарлық Цезарь Ритцті
жатқызамыз. Қазіргі уақытта оның есімімен ең танымал әрі ең қымбат
еуропалық қонақ үй торларының бірі аталып келеді. Алайда, Ритц өмір бойында
ешқандай отельді иеленбеген болатын, тек жай ғана жалданбалы басқарушы
болып келді. (Лондондағы “Savoy” отелінде) Ритц мейрамханада оркестрдің
пайда болуына бірқатар септігін тигізген болатын. Ритцтің кезінде оркестр
Штраустың әуендерін орындайтын. 19 ғасырдың аяғы-20 ғасырдың басында Еуропа
мен Америкада қалталы адамдарға арналған бес жұлдызды қонақ үйлер пайда
болды.
Қазіргі таңда әлем бойынша мотельдерді қосқанда 300 мыңнан астам
қонақ үйлер бар. Осы орайда олардың бір-бірінен қатты ерекшеленетінін де
атап өткен жөн: бір қабатты отельдер мен 88 қабатты оельдер, жүзбе отельдер
мен су асты отельдері, шағын (бірнеше номерлерге арналған) және ауқымды
(бірнеше мың номерлер) отельдер, арзан (күніне 20-30 доллар) және қымбат
(күніне бірнеше мыңдаған доллар), шулы отель-казинолар мен тынығу үшін
арналған тыныш отельдер.
Соғыстан кейінгі жылдары халықаралық қонақ үй торлары кең тарала
бастады. әлемдегі тұңғыш қонақ үй торы – Hilton болып табылады. Бұл
мәртебеге жетуге оған американдық “Пан Американ” әуекөлік компаниясы өз
септігін тигізді. Латын Америкасының елдеріне сапар шегу барысында онда
американдық бизнесмендер үйреніп қалған жоғары деңгейдегі қонақ үйлердің
жоқтығын байқайды. Осыдан кейін оларда жаңа бір идея туындайды: аталмыш
елдерде қызмет көрсету деңгейі тура АҚШ-тағыдай отельдер салу. Мәселен,
Аргентинадағы “Hilton” отелінің сервис жағынан Нью-Йорктағы “Hilton”
отелінен ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс болды. Қазіргі таңда әлемде
көптеген халықаралық қонақ үй торлары қызмет атқарады: Holiday Inn, Choice,
Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt, Carlson (Radison SAS),
Accor, Club Mediterrean, Intercontinental Hotels, Horte, Robinzon Club.

Қонақ үй кәсіпорындарының келесі түрлері анықталған:
Отель - қонақ үй кәсіпорнының дәстүрлі түрі, ірі қалаларда
орналасады, қызмет көрсетуші персонал штаты үлкен, көптеген қосымша
қызметтер мен жоғары ыңғайлылықты ұсынады.
Отель-люкс – сыйымдылығы жағынан шағын және орта, әдетте қала
орталығында орналасады.бағасы жоғары. Негізгі клиенттері: конференцияға
қатысушылар, іскер адамдар, бизнесмендер, жоғары ақы алатын мамандар.
Номерде бірнеше бөлме болады, қонақ күту бөлмесі мен жатын бөлме міндетті
түрде.
Орташа класқа арналған қонақ үй – сыйымдылығы жағынан отель-люкстен
көп (400-2000), қала орталығында орналасады.негізгі клиенттері:
бизнесмендер, жеке туристер, конгрестер мен конференцияларға қатысушылар.
Қонақ үй-апартамент – сыйымдылығы жағынан шағын немесе орташа (400
орынға дейін) – тұратын халқы жоқ ірі қалаларда орналасады, негізінен пәтер
типтес бөлмелер ұсынады, өздік қызмет көрсету, бағасы тұрақтау мерзіміне
байланысты. Негізгі клиенттері: ұзақ мерзімге аялдайтын отбасылы туристер
мен бизнесмендер, саудагерлер.
Эконом кластағы қонақ үй – (150 орын және одан жоғары) –
автомагистральдарға жақын орналасады, қарапайым және жылдам қызмет көрсету,
шектеулі қызмет түрі, бағасы да сәйкесінше төменірек. Негізгі клиенттері:
толық пансионды қажет етпейтін бизнесмендер мен жеке туристер.
Отель-курорт – курорттық жерде орналасады, толық қызмет түрі.
Мотель – автотуристерді орналастыру құралдары, автомагистралтдарға
жақын жердегі қала шетінде орналасады, ғимарат бір немесе екі қабаттан
тұрады. Сыйымдылығы жағанан шағын және орташа (400 орынға дейін), төмен
баға бойынша шектеулі қызмет түрі көрсетіледі. Негізгі клиенттері: әр түрлі
категориядағы туристер, әсіресе, танымдық автотуризмге аса назар
аударылады.
Отель-гарни – клиенттерге шектеулі қызмет түрін көрсететін кәсіпорын
(орналастыру және континенталды ас).
Апарт-отель – бірнеше пәтерден тұратын қонақүй кәсіпорны, бағасы
қанша адам тұратынына байланысты болмайды, өздік қызмет көрсету, клиенттер
тамақты өздері істейді.
Пансион – 10-20 адамға арналған (кейде 50), бір отбасының меншігінде
болады, бағасы төмен.
Бунгало – туристерді орналастыру үшін жеңіл материалдардан жасалған
шағын құрылыс.
Кемпинг - авто-, мото-, вело- туристерге арналған лагерь, туристер
палаталарда немесе жазғы үйлерде қонады, өздік қызмет көрсету, қала
сыртында орналасады.
Ротель – вагон түріндегі жылжымалы қонақ үй, бір және екі орынды
номерлерден тұрады.
Флотель – суда орналасқан ірі жүзбелі қонақ үй, арнайы жабдықталған
кеме.
Флайтель – ғарыштағы отель, бағасы өте қымбат.
Акватель – стационарлық кеме, көлік көзі болып есептелмейді, отель
ретінде қолданылады.
Қонақ үй – уақытша тұруға арналған кәсіпорын. Қонақ үй сөзінен отель
сөзінің айырмашылығы:
Отель – қолайлылық жағдайы өте жоғары, кең номенклатуралы, жоғары
қызмет сапасын көрсететін қонақ үй кәсіпорны. Қонақ үйге тән сипаттар:
Белгілі бір минимумнан асатын номерлер санының болуы және ортақ
басшылыққа бағынады.
Міндетті қызметтерді ұсыну (санитарлық торларды жинастыпу, күнделікті
номерлерді жинау).
Қосымша қызметтерді ұсыну (кір жуу, киім тазалау, шаштараз.
Автокөлікті жалға алу).
Көрсетілген қызметтерге байланысты кластар мен категорияларды
стандарт талаптарына сәйкес топтастыру.
Қонақ үй қызметінің әлемдік тәжірибеде жекелеген қонақ үй типтері
ұсынылады. Бұл типтер жекелеген қонақ үйлердің географиялық жағдайына,
қалыптасқан сұраныс ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Типологияда
қонақ үйдің сипаттамасы, комфорт деңгейі, сыйымдылығы, функционалдық
тағайындалуы, орналасқан орны, жұмыстың ұзақтығы, тамақпен қамтамасыз
етілуі, клиенттің келу ұзақтығы, басқару формасы сияқты факторларды
біріктіреді.
Қазіргі таңда әлем бойынша 30 астам қонақ үй жіктемесі бар және әрбір
елдің өзіндік стандарты тағайындалған. Кеңінен таралған жіктеме жүйелері
келесідей:
Жұлдыз жүйесі – француз ұлттық жіктеме жүйесіне негізделген еуропалық
жіктеме жүйесі, 1-5* аралығында. Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай,
Ресей, Бразилия тағы басқа елдерге тән.
Әріп жүйесі – Грецияда қолданылады, қонақ үйлер 4 категориядан тұрады
және олар әріппен белгіленеді: A, B, C, D. Қонақ үй сапасының ең жоғары
категориясы de luxe деп белгіленеді. Егер бұл жүйені әріптік жүйеге
аударсақ келесідей болады: 5* - de luxe, 4* - A, 3* - B, 2* - C, 1* - D.
Тәж немесе кілт жүйесі – Ұлыбританияда тараған. Оны әдеттегі жұлдыз
жүйесіне ауыстыратын кезде жалпы тәжден біреуін алып тастаймыз, яғни,
жұлдызбен салыстырғанда тәж бір бірлікке жоғары болып келеді.
Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздык категорияға
сай бес категория белгілері енгізілген.
"Т"- туристік класс- Ол екі жұлдыздык қонақ үй болып есептелінеді.
"Ғ"- бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептейміз.
"ҒS"- супер класс. Суперкласс - төрт жұлдызды конақ үйге сай келеді.
"L" - люкс, "DL"- өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес
жұлдызбен тең.
Мальдив аралдары қонақ үйлері ете жайлы, жоғарғы сапалы қызмет
көрсете алады. Ең жоғарғысы "Стандарт" ауқатты демалушыларға арналған. "
DL" қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, "Балалар кешені" жанұялык
топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймак
болғандықтан лауазымды адамдарға арналған "Президенттік кешен" деп аталатын
қонақ үйлерді де кездестіреміз.
Америка Құрама Штаттарының қонақ үй және мотелдер ассоциациясының
ақпараттары бойынша, АҚШ-та 46 000 қонақ үй және мотель, жалпы бөлме
сандары 3,3 млн . Жылдық табыс көлемі 65 млрд. долл. АҚШ- та басқа
мемлекеттерде сияқты нақты өкімет органдары тарабынан бекітілген қонақ
үйлердің классификациясы жоқ. Бірақ тәжірибе жүзінде қонақ үйлер түрлері
көп. Америка автомобильдер ұйымы қонақ үйлерді “бриллиант” бірлігімен
сипаттайды. Ал Mobile Travel Guide ұйымы болса қонақ үйлерді “жұлдыз”
жүйелігімен сипаттауда. АҚШ Автомобильдер Қоғамына кіретін 24000 қонақ үй
мынадай қызмет түрлерімен және категориялармен сипатталады:
Категориясы бір бриллиант қонақ үй - негізгі жол торабы жағынан жай
ғана көрініске ие және де мұнда туристер үшін ең керекті шарттар
қарастырылған.
Категориясы екі бриллиант қонақ үй - сапасы орта дәрежедегі қызмет
және жиһаз түрімен әбзелденген. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі аса көрнекті.
Категориясы үш бриллиант қонақ үй - сапасы жағынан жоғарыда айтылған
екі категорияға қарағанда, айтарлықтай көптеген мүмкіншіліктерге ие.
Категориясы төрт бриллиант қонақ үй- келген қонақтардың сұранысынан
бұрын оларға арнайы қызмет түрлері көрсетіледі. Негізгі жол торабынан
күрделі көрініске ие.
Категориясы бес бриллиант қонақ үй- келген қонақтарға максималды
түрде қызмет көрсетіледі және бөлме ішіндегі жиһаздар, қонақ үй сыртының
көрінісі архитектуралық сапасы жағынан керемет.
Қонақ үй кәсіпорындарының сыйымдылығы бойынша жіктемесіне тоқталар
болсақ, ол номерлер немесе орындар санымен анықталады. Номерлік қордың
сыйымдылығы бойынша қонақ үй кәсіпорындары 4 категорияға бөлінеді:
- шағын (100-150 дейін);
- орташа (100-400 дейін);
- үлкен (300-1000 дейін);
- алып (1000 дейін)
Функционалдық тағайындалуы бойынша қонақ үйлердің жіктелуі:
Мақсатты қонақ үй – оның өзі іскерлік негізіндегі және демалыс үшін
қонақ үй деп бөлінеді:
Іскерлік негізіндегі қонақ үй – конференция, форум, съезге келген
адамдар үшін арналады. Іскер адамдарға қызмет көрсету үшін келесідей
талаптар жағдайын жасау керек: номерде демалыс зонасымен қатар міндетті
түрде жұмыс зонасы ұсынылуы керек, іскерлік шаралар жүргізу үшін арнайы
орындардың бөлінуі, арнайы техникалық құрал-жабдықтардың болуы.
Демалыс үшін қонақ үй – демалу және емделу мақсатында келген
туристерге арналады. Оған курорттық қонақ үй, пансионаттар мен демалым
үйлері, туристік-экскурсиялық қонақ үйлер мен казино-отельдері жатады.
2)Транзиттік қонақ үй – қысқа мерзім уақытындағы қызмет көрсететін
қонақ үй. Негізінен олар үлкен қозғалысты магистраль маңында орналасады,
шектеулі қолайлылық деңгейімен ерекшеленеді. Транзиттік қонақ үйлер тобында
кең тарағаны – мотельдер. Алғашқа мотельдер АҚШ-та пайда болды.
3) тұрғылықты тұруға арналған қонақ үй.
Орналасқан орнына қарай :
- қала орталығында орналасқан
- теңіз жағалауында орналасқан (50, 100, 150, 200, 250, 300)
- тауда орналасқан
Жұмыс істеу мерзіміне байланысты:
- жыл бойы
- екі маусымды
- бір маусымдық
Тамақпен қамтамасыз ету бойынша:
- толық пансион – орналастыру және үш реттік тамақтандыру:
- орналастыру және тек таңғы ас
Туристердің келу ұзақтығына байланысты:
- ұзақ мерзімді
- қысқа мерзімді
Бағасы бойынша:
- бюджеттік
- экономдық
- орташа
- бірінші санаттағы
- апартаменттер
- фешенебельді

1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы

Қазақстан конақжайлығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр.
Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда
қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұксас ғимараттардын
ашылуын біздің заманымыздың алғашкы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы
Жібек Жолы бойындағы аймақтардың зерттелу нәтижесінде көне көпестер мен
саяхатшылар үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтын болған. Олар
керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді-мекендерден шатыр құрып
түнейтін болған. Бірақ кейде олар ерте қонақ үй келені болып табылатын —
керуен-сарайларда аялдаған. Керуен-сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату
ауласы болған. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Европаға
карағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен-сарайлар ақша
табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында
салынған болатын.
Бірақ 13 ғасырдың басы болашақ Алматы мен жалпы Жетісу аймағына қай
салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқыншылығы елдің
экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы
Жібек Жолы маңындағы калалардың күйреуі сауда және керуен жолдарының
әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан
керуен-сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда сауда
мен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билеу кезеңінде
басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер жаңа
жолдар салып, жаңа калалардың ашылуы халықаралык қатынасты дамыта түсті.
Мұны өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттеді.
Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін
тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан
арғы тарихы Қазақстанның Ресейге косылу кезеңі болып табылады. 19 ғасырдың
алғашкы жартысының соңына карай Қазақстан толығымен Ресей империясының кол
астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен калалардың салынуы
қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы
қонақ үйлердің мысалы ретінде пикеттерді, қонақ үй палаткалары мен
шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй
шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашкы Европа қонақ үйінің
салынуына әкеп соқты.
Алматының Евразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен катар
қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар,
көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін
бірнеше отырыстар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар,
ол көктем-күз айларына келеді. Қысқы, әсіресе, жазғы кезде бизнес-
туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, Қазакстанға
іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар
бар. Бірақ іскер адамдар мен бизнес-туристердің қонақ үй мен отельдерге
деген нақты талаптары бар — ол сервистің тиісті деңгейін камтамасыз ететін
қазіргі заманга сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек.
Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі
мамандарының айтуынша, бір орынды нөмірге тәулігіне 450-600 $ төлейтін
туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік кұрылымдағы Тһе Regent Ankara және
Hyatt Regency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашкы
бекітілген баға көп жағдайда қалыпты баға болып саналмайды да, нөмірлер
тұрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы:
корпоративті клиенттерге немесе отельмен біріге жұмыс жасайтын туристік
операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да
ықтимал: кейбір туристік фирмалар Алматының 5 жұлдызды қонақ үйінің, бір
орынды нөмірін прай-листта көрсетілген бағадан 30 % түсіреді. Бірақ Тһе Тһе
Regent Ankara немесе Hyatt Regency деңгейлес қонақ үйлерінің
мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнесс-орталықтарының,
конференц-залдарының болуы салдарынан. Аталмыш орындар жергілікті
компаниялардың презентация, семинар немесе пресс-конференцияларды
ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек
қонак үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай косалкы қызметтері олардың
нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді.
Бірақ баска да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы,
Отырар қонақ үй кешенінің директорының баяндауы бойынша қонақ үйдің
негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино,
түнгі клуб, мейрамхана, әуеакасса және т.б. болуын тек туристердің
ұсынысынан туындағанын айтып түсіндірді. Бірақ Отырардың тек 4 жұлдызды
қонақ үй екендігін ескерсек, оның жұмыс спецификасының да біраз өзгеше
өтетіндігін түсінеміз. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің
кірісі, ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика
көрсетіп отыр. Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі биік сұраныска ие.
Айта кететін бір жайт: 5 жұлдызды қонақ үйде тұру кезінде жоғарыдағы
қосымша қызметтер бағасы номер бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу,
фитнесс-орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т.б.).
Бірақ елімізге келушілердің барлығы фирмадағы жұмыс орнына байланысты
5 жұлдызды қонақ үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша Қазақстан шетелдік
қонақтарға тағы не ұсына алады деген орынды сұрак туындайды. Қазақстан
қалаларының қонақ үй шаруашылығы жаман емес. Оған мысал Алматы қаласының
орталық бөлігінде бір біріне қатар орналасқан қонақ үй ғимараттарын атауға
болады.Рахат Паласс, Анкара, Астана, Айсер көп жұлдызды элиталы қонақжай
болып саналады. 2000 жылдардан бері бұрынгы мемлекеттік ғимараттардың
жекешелендірілуі Алматы қаласының қонақ үйлерінің дәл есебін алуға
мүмкіндік бермейді.
Алматы қаласы Евразиялық орталық ретінде статусы көтерілуде.
Қаламызда көптеген саммиттер, халық аралық конференциялар,
семинарлар, жоғары дәрежелі көрмелер өтіп тұрады. Осындай
ғылыми прогрестер арқылы біз өзімізге шетелдік компаниялардан
әріптестер тауып отырмыз. Олардың сұранысы бойынша қонақ үйлердің
барлық жабдықтары қазіргі заман талабына сай болуы қажет.
Өкінішке орай біздің қалада ондай қонақ үйлер аз.
Біздің мемлекетке келетін туристердің көбісі іскерлік
мақсатта келеді, олар әр-түрлі қоғам қабаттарынан құралған
қауым. Келетін туристердің басым бөлігі The Regent Ankara
және Rahat Palace қонақ үйлеріне келіп жайғасады. Қаламызға
келген туристер бұл қонақ үйлерде бір орынды бөлмеге 450-600
доллар төлеуге даяр, бұл бізді қуандыратын жай. Қаламыздағы
қонақ үйлердің жанында әлемдік қонақ үйлер талабына сай
ойынхана, мейрамхана, авиакасса, түнгі клубтар, фитнес-орталықтар,
конференц-залдар бар. Арнайы емес мәліметтер бойынша біздің қонақ
үйлердің осындай қосалқы бөлімдері қонақ үйлердің негізгі
пайда көзіне айналып отыр. Демек жергілікті туристердің ,
шетелдік туристерге қарағанда белсенді екендігіне көз
жеткіздік.
Қазақстандағы қонақ үй саласы бүгінгі таңда біртіндеп даму үстінде.
Оған куә халықаралық қонақ үй торларының Қазақстан нарығына енуі. Ал, бұл
қонақ үй торларының Қазақстанға енуі аталмыш нарықтың ірі халықаралық қонақ
үй торлары үшін тиімді әрі болашағынан үміт күттіретіндігінің айқын
көрінісі іспеттес. Біздің қазақстандық кәсіпкерлер туристік инфрақұрылымға
қомақты түрде ақша аударады, шағын қонақ үйлер мен кемпингтер салуға өз
үлесін қосуда. Ал ірі қонақ үй шаруашылығы кейінгі салынғандары Европалық
стильде, қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары
болуына әкеліп соғатынын көрсетуде. Осы орайда міндетті түрде сапа туралы
айта кеткен жөн. Бұл қазіргі таңда ең басты әрі өзекті мәселе болып
табылады. Қазақстандағы бес жұлдызды қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы
қаншалықты жоғары болса да, оны шет елдің бес жұлдызды қонақ үйлерінің
қызмет көрсету бағасымен ешқандай салыстыруға келмейді. Әрине,
бәсекелестіктің жоғары екендігі анық, алайда, Алматы қаласындағы қонақ
үйлер өз жағдайлары үшін қам жеп отырған жоқ. Өйткені, қалай болғанда да ол
қонақ үйлер, яғни, қонақ үй номерлері жоғарғы маусым кезінде 100 пайызға
толатынын біледі. Сондықтан да бұл нарық сапаны да, қызметті де, оптималды
баға саясатын да реттеуге аса қатты тырыса қоймайды.
Қонақ үй бизнесін ұйымдастырудағы іс-әрекеттің ішінде ең маңызды
көрсеткіш – көрсететін қызметтердің сапасы. Маркетологтардың айтуы бойынша
сапаны басқару – бұл белгілі стандарт сапасына сәйкес бағытталған бақылаушы
ұйымдастыру жұмысы. Кейбір зерттеушілердің айтуынша сапа дегеніміз – екі
жұлдызды қонақ үйдің төрт жұлдызды отельге өтуі. Сапа – бұл тұтынушыны
қанағаттандыратын қызмет қасиеттерінің жинағы. Бәсекелестік болған соң,
сапаны салыстыруға тура келеді, осыдан салыстырмалы сапаны сипаттауға
қажеттілік туындайды. Салыстырмалы сапа, біріншіден, бәсекелестердің
қызметтерімен салыстыру мүмкіндігін береді. Екіншіден, тұтынушының
көзқарастарын салыстырады. Үшіншіден, мекеменің баға құрылымына тәуелсіз
болады. Төртіншіден, материалды емес қызметтерді қамту мүмкіндігін береді.
Сапаны басқару үшін қонақ үй мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді
бағалап тұратын басқарушы жүйе болуы керек. Басқарушы жүйе шағын жүйелерге
бөлінеді;
- қызметтерді іріктеп алу және оларды оқыту мақсатында құрылады,
қонақ үй әкімшілігі өз қызметкерлеріне білімін көтеру үшін жағдай
жасайды;
- қызмет сапасына зиян келтірмей, көрсететін қызметтер көлемін
көбейту;
- қызметтерді өндірудегі техникалық жабдықтарды жақсарту;
- ұсыныстар мен арыздарға талдау жасау.
Орталық Азияда тұңғыш Hilton торының ең алғаш отелі жақын арада
Астана қаласында салынбақ. Қазақстанның астанасындағы бұл жобаны "Экспо-
Орталық Астана" атты қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен
Hilton Group бірігіп жүзеге асыруды көздеп отыр. Бес жұлдызды Hilton Astana
құрылысы 2010 жылы тамамдалады деп жоспарланып отыр. Жалпы ауданы 31 мың
шаршы метрді құрайтын, 237 номерден тұратын қонақ үй "Экспо-Орталық
Астана" әкімшілік-көрме тұрғын үй кешенінің территориясында бой көтермек.
Бұл жобаға 68 миллион доллар көлемінде инвестиция салынды. Қазіргі кезде
Hilton Group үлесіне әлемнің 70 еліндегі 2900 қонақ үй тиеді. Осы жуық
арадағы 10 жылда дүниежүзі бойынша тағы мыңдаған қонақ үйлер салуды көздеп
отыр. Hilton Astana қонақ үйі құрылысы 2006 жылы басталған "Экспо-Орталық
Астана" кешенінің құрамына кіреді. Кешеннің жалпы ауданы 200 мың шаршы
метр. Онда қонақ үйден басқа екі бизнес-орталық, конгресс-зал, көрме
павильондары, екі апарт-отель, сауда және көңіл көтеру орталықтары бар.
Кешен пайдалануға 2009 жылдың соңына таман беріледі. Кешеннің жалпы құны
360 миллион доллар. Жоба өз-өзін 5 жылда ақтайды деп күтілуде.
Қазақстанға, соның ішінде Алматы қаласына келесі жылы Golden Tulip
өзінің Royal Tulip атты жаңа брэндін ұсынбақ. Ол компанияның басқа екі
брэндіне қосылды – төрт жұлдызды Golden Tulip Hotels and Resorts пен 3
жұлдызды Tulip Inn. Қазіргі таңда Royal Tulip құрамына 7 қонақ үй кіреді.
Ол қалалардың қатарына Амстердам, Дубай, Шанхай да кіреді. Royal Tulip
Almaty 2009 жылы қыркүйекте ашылады. Қонақ үй қаланың солтүстік бөлігінде
орналасады. Қонақтарға 166 номер, конференц және банкет залдары,
мейрамхана, бар, спа және фитнес-орталықтар ұсынылады. Golden Tulip жүйесі
бар елдер: Австрия, Аргентина, Армения, Аруба, Бахрейн, Бельгия, Болгария,
Бразилия; Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Греция, Дания, Египет,
Израиль, Үндістан, Иордан, Италия, Кипр, Қытай, Ливан, Люксембург, Мальта,
Марокко, Мексика, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Румыния,
Португалия, Америка Құрама Штаты, Сауд Арабиясы, Тунис, Танзания, Чехия,
Франция, Швейцария, Чили.

2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР

2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдер

Әлемдегі таңғажайып отельдердің түрлері көп. Олардың арасында ең
танымалдары су отельдері, ағаш отельдері, айнамалы отельдер, дизайнерлік
отельер, әр түрлі материалдардан жасалған отельдер және басқа да отельдер
[қосымша А].
Теңіз тереңдігінде ұзақ мерзімге адамдарды қоныстандыру бойынша
алғашқы сынақтар XX ғасырдың ортасында басталған болатын. 1966 жылы Қара
теңізде “Ихтиандр-66” сынағы жүргізілді. 11 метр тереңдікте ауаның жоғары
қысымында өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі бар су асты лабораториясы
жіберілді. Сынақ адам ағзасының осындай жағдайларда өмір сүру мүмкіндігіне
бейімділігін анықтайтын медициналық-физиологиялық мәліметтермен хабардар
етті. Бұндай сынақтар өзге шет елдерде де жүргізілген болатын. Сондай
лабораториялардың бірі соңында әлемдегі 1-ші су асты отеліне айналдырылды.
Ол Америка Құрама Штатындағы Флорида жағалауында орналасқан. Отель атақты
жазушы Жюль Верннің құрметіне арнап “Жюль” деп аталды. 90 жылдардың аяғында
құрлық шельфі бойынша жүргізіліп келген станция саудагерлерге сатылады.
Саудагерлер оны қонақ үйге айналдырады. Ол 8 метр тереңдікте орналасты және
онда тек аквалангтың көмегімен ғана баруға болатын. Сондықтан да алғашқы
кездері аталмыш қонақ үй қызметін тек тәжірибелі дайверлер ғана
пайдаланатын, ал оларға жолды әрдайым гидтер нұсқап отыратын. Бортқа
станцияның төменгі бөлігінде орналасқан ашық люк арқылы шығатын. Су
отелінің жалпы ауданы – 183 метр кв-ты құрайды. Отель 10-12 адамға
арналған. Үлкен дөңгелек иллюминатордан теңіздегі керемет балықтар мен
өсімдіктер түріне таңғажайып көріністі тамашалауға болады. Бір тәулік тұру
құны - 400 $.
Посейдон отелі. Отель Багам архипелагында орналасқан. Жобасын
Poseidon Undersea Resorts фирмасы жасаған. Жоба жетекшісі: Флоридадан
шыққан американдық кәсіпкер Брюс Джонс. Ол 17 жыл бойы тропикалық рифтерге
туристік саяхат жасайтын су асты қайықтарын өайта жабдықтау және сатумен
айналысып келген.
Отель 20 номерге арналған. Су астындағы отельдің үстінде қатты металл
сваяда орнатылған шағын платформа бар. Су астындағы бөлік пен платформа 2
лифт арқылы қатынасады. Лифттің біреуі туристерге арналса, екіншісі қызмет
көрсетуші персоналға арналған. Бейне шағылыстыратын қабырғадан салынған
номерлер 15 м тереңдікте орналасқан. Қонақтар балықтарды арнайы
автоматтандырылған құрылғлардың көмегімен тамақ бере алады. Сондай-ақ, бұл
жерде дайвинг сабақтары өтеді, ал антуражға арналған кешеннің қасында
дельфиндер жүзіп жүреді.
Отельдегі әрбір бөлме туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Авария бола қалған жағдайда оларды арнайы су өткізбейтін арнайы құрылғымен
жауып қоюға болады. Ал, үстінде сыртқа шығаратын авариялық шығу жолы бар. 1
тәулік тұру бағасы - 1500 $. Отель құрылысқа кеткен қаражатты 10 жыл ішінде
ақтайды деп болжам жасалуда.
Дубайдағы Hydropolis отелі - 2003 жылы Crescent Hydropolis Resorts
Plc компаниясы отельдің алғаш жобасын ұсынған болатын. Инвесторы: шейх
Мұхаммед бен Рашид әл Махтум. Аквасарай жан-жаққа бағытталған ұзын
қармалауыштары бар мөлдір медуза түрінде салынған. Отель 2 бөліктен тұрады:
оның бірінші бөлігі жағалауда, ал екінші бөлігі су астында 20 м тереңдікте
орналасқан [Сурет 1].
Сурет 1 – Дубайдағы Hydropolis отелі [21]

Кешен 220 номерге арналған. Олардың ең керемет бөлігі су астында
орналасқан. Апартаменттердің төбесі мен қабырғалары теңіз тұрғындарының
өмірін бақылау үшін мөлдір болып жасалған. Жасанды түрде салынған
тропикалық рифтерге алуан түрлі экзотикалық тіршілік иелерін әлемнің әр
аймағынан әкеліп қоныстандырған. Отельдің су үстіндегі бөлігінде концерт
залы, конференц-зал мен әкімшілік ғимарат, катерлер мен яхталарға арналған
тұрақ орны, теңіз тереңдігін зерттеу лабораториясы, пластикалық хирургия
клиникаксы орналасқан. Отельдің 2 бөлігі бір-бірімен лифт пен фуникулер
арқылы жалғасады, 500 метрлік тоннельмен зуылдап өтетін поезд “Гидрополис”
тұрғындарын 20 м тереңдікке жылдам жеткізеді. 1 тәулік тұру бағасы – 5,5
мың $.
The Poseidon Undersea Resort су асты отелін 2008 жылдың ортасында
Фиджи аралында ашу көзделіп отыр, ол 13 метр тереңдікте орналаспақ. Отель
салынып жатқан аралда инфрақұрылымы мен ұшатын жолы бар курорт кшені
орналасқан. Қонақ үйді лифтке апаратын 2 пирс жалғастырады. Турпакет 6
күнді құрайды: 2 күн кешеннің су асты бөлігінде және 4 күн жағалаудағы
бунгалода. All inclusive жүйесі қосылған, соның ішінде қонақтарды Фиджи
халықтық әуежайынан жеке ұшағымен отельге жеткізу. Турпакет құны - 1500 $.
Қалталы клиенттер үшін пентхауздегі номерлердің бір тәулік құны 20 мың $
құрайды. 2006 жылдың қараша айынан бастап сатып алынып қойды.
Utter Inn – Швецияда орналасқан су асты отелі, қонақтарды отельге
қайықпен әкеледі. Бір тәулік құны 350 $. Crescent Hydropolis Resorts Plc
компаниясы осындай жаңа отельдерді салуда белсенділік танытуда. Компания
Дубайдан басқа Бразилия, Қытай, Оман, Монако, Танзания, Багам аралдарында
осындай жобадағы отельдерді салу үстінде.
Қытайдағы отельдің құрылысы 2008 жылы Пекинде өтетін Олимпиада
ойындарына дейін аяқталуы тиіс. Қытайдағы Hydropolis Qingdao атты су асты
курорты Уиндио қаласына жақын жерде 33 мың метр кв территорияны алмақ.
Waterworld отелі Қытайда салынбақ. Atkin's Architecture Group бюросы
Шанхайда өткен архитектуралық жобалардың халықаралық байқауында премияға ие
болды. Ғимарат 2 бөліктен тұрады: жерде және су астында. Бір тәулік құны -
500-1500 $.
Huvafen Fush Male Atoll аралының солтүстік бөлігінде орналасқан.
Мальдив сізге эсклюзивті қызмет түрін ұсынады. Отельге гидроұшақпен немесе
кемемен жетуге болады. Отель негізінде spa-қызметтерін көрсетеді.
Процедураға арналған зал су астында ораласқан.
Burj al Arab отелі Дубайда орналасқан. Отельдің корпусы Персид
шығанағынан 32 метр биіктікте орналасқан, фундаменті 40 метрге дейін теңіз
тереңдігінде жатыр, жасанды аралдың өзі жағалаудан 280 метр қашықтықта
орналасқан, құрылысқа 350 млн $ жұмсалды. Ақ ғимарат желкен формасында
салынған, ал оның фасады түнгі уақыттың өзінде аранйы жамылғының арқасында
жарқырап тұрады. Отельді безендіруде ең көрікті материалдар пайдаланылды:
мәрмәр, ағаштың құнды тегі, таза тас, былғары және асыл металдар – 8000 м
кв астам отельдің ауданына жоғары пробалы таза алтын кетті. Бұл 28 қабатты
отель 22 номерден тұрады, құны 28000$ дейін жетеді. Отельде барлар мен
лоунж зоналарын есепке алғанда 8 мейрамхана, конференц-зал мен сауықтыру
орталығы бар. Отельге тек қайықпен немесе тікұшақпен ғана жетуге болады.
Ғимаратта, сонымен қатар, су асты мейрамханасы және тропикалық жануарлар
мен өсімдіктер түрі кездесетін соңғы екі қабатта орналасқан жасанды джунгли
бар.
Енді ағаш отельдеріне тоқталайық. Оларды Tree Houses деп те атайды.

Tree Houses отельдер тобы қазіргі таңда әлемде кең таралған.
Ерекшелігі – тропикалық ормандағы орасан алып ағаштарда орналасуы. Жыл
сайын мұнда жабайы құстар мен жыртқыш аңдарды тамашалауға сан мыңдаған
туристер келеді. Мысал ретінде Амазониядағы Ariau Jungle Tower элиталық
қонақ үй кешенін келтіруге болады. Кішігірім үйшіктерден тұратын қонақ үй
жерден 50 м биіктікте орналасқан. Қолайсыз маусым кезінде су тасқыны
көтеріледі, ал жерде көптеген қауіпті жыртқыш аңдар жүреді. Алайда, бұл
жағдай отельге қоныстануға келетін азаматтардың мүлдем қорқынышын
тудырмайды, қайта керісінше қызықтыра түседі. Дәл осы отельге әр түрлі
елдердің бетке ұстар тұлғалары жиі келіп тұрады. Олардың арасында Билл
Клинтон да болған.
Ямайкадағы Негриле курорттық қалашығындағы Tree House Cottages,
Қытайдағы tree house отелі – Нан-Шань тауының баурайында буддалық экопарк
территориясында орналасқан. Тек өзіне ғана тән мұнараларымен және
пагодаларымен ерекшеленеді.
Карел тропикалық орманындағы Green Magic үнді отелі биік қостармен
(шалаш) ерекшеленеді. Олар тек таза табиғи материалдардан жасалған. Бір-
бірімен арқан көпір арқылы жалғасқан. Тіпті, электр қуаты да тікелей күннен
келеді. Ол “а-ля натурель” әдісі деп аталады.
Түркиядағы ежелгі Олимпос қаласындағы Kadir’s tree houses отелінің
сыйымдылығы 300 адам. Ол 85 жүзім лашықтарынан, арқан басқыштар мен қыл
арқаннан, фасадқа бекітілген ағаш дөңгелегі мен өзге де экологиялық
стильдегі бұйымдар бар. Мұндағы әрбір бунгало архитектуралық үлгі,
материал, түсі жағынан өзгеше келген.
Ең алғаш ағаштағы отельдерді салу идеясының авторы Майл Гарнье. Ең
алғаш отель 1990 жылы АҚШ, Канадада салынған. Қазіргі таңда бұл салада
Такилма Университетінде инженерлік факультетте Tree Core Specialtree
мамандығы бойынша арнайы мамандар даярлайды.
Ariau Amazon Towers Lodge Бразилиялық ағаш отелі 10 м биіктікте
орналасқан. Отель ағаш көпірі мен ағаш баспалдақтардан, сонымен қатар
мұнаралардан тұрады, ең биігі "Тарзан мұнарасы". Мұнда елдің бетке ұстар
азаматтары келіп, демалып тұрады. Анығырақ айтсақ, ел басшылары, шоу-бизнес
адамдары, олигархтар, кәсіпкерлер. Персонал көптеген еуропалық тілдерде
сөйлейді. Қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Осындай жерде
интернет-кафелер, түрлі әдемі бассейндер бар.
Ngong House ағаш отелі Найроби, Кенияда орналасқан, биіктігі 4,5 м.
Отель территориясында көптеген бутиктер бар. Woodpecker Hotel – Швецияда
орналасқан. Бұл отель Vasaparken паркінде 13 метр биіктікте 130 жылдық
еменде орналасқан. Жоба жетекшісі: шведтік суретші Микаэль Генберг [Сурет
2].
Сурет 2. – Найробидағы Ngong House ағаш отелі [25]
Ағаш пен су отельдерінен басқа да отельдер түрлері бар. Отель –
капсула Токиода орналасқан бұл отельдің сыйымдылығы бір номерге бір адам.
Қонақтар жеке заттарын ресепшн бөлмесіндегі арнайы жәшіктерге қалдырады.
Минимализм стилінде салынған бұл отель қазіргі таңда әлемнің 27 елінде
шоғырланған. Алғаш рет 1981 жылы Лондон қаласында Blakes, 1988 жылы
Kempel ашылды. Мұндағы холдардың ауданы әдетте олимпилік жүзу бассейнімен
бірдей.
Мұндай отельдер әсіресе, Жапонияда ерекше сұранысқа ие. Номерлердің
ауданы: ені 1,2 м, ұзындығы 2,2 м. Бір тәулік құны 40 доллар, ескере
кететін жайт бұл қала бойынша таксимен дүру бағасынан едәуір төмен. Бұндай
отельдерге әйелдерге кіру тыйым салынады.
Отель - мұражай. Benesse House Жапониядағы және әлемдегі ең тыныш
отель. Номер терезесінен тауға әсем көрініс ашылады. Отель мүсін
композицияларымен қоршалған, минимализм жанрында безендірілген. Наошима
аралының оңтүстігінде орналасқан. Архитекторы Таода Андо.
Алтыннан жасалған отель. Мидас – шексіз байлығымен даңқы шыққан
фрийгилік хан (Фригия – Кіші Азия түбегінің батысыда орналасқан тарихи
облыс). Аңыздар бойынша Мидасқа бала кезінде құмырсқалар нанның үзімін
әкеліп тұратын. Мидас Фригияның ханы болып сайланған соң Дионисқа Силенді
қайтарып береді. Сыйға Дионис Мидастың барлық тілегін орындайтынын айтты.
Сонда Мидас: “менің қолымның ұшы тиген барлық зат алтынға айналсын” деп
тілек білдіреді. Тіпті, жеуге әзірленген тамақ та алтынға айналып кетеді.
Күндердің күнінде жағдайының қиындап бара жатқанын түсінген соң ол
Дионистан дұғаны алып тастауын өтінеді. Дионис оған Пактол бұлағына барып
шомылып қайтсаң айығасың деп айтады. Расында да Мидас қайтадан бұрынғы
қалпына келеді, асты кәдімгідей ішетін болады.
Егер Мидас қазіргі заманда өмір сүрген болса, ол құдайлардан қолының
ұшы тиген заттың бәрін алтынға айналдыру қабілетіме дарытуды сұрамаған
болар еді. Ол бірден Гонконгтағы Swisshorn Gold Palace отеліне өше салар
еді. Гонконгтік дизайнерлер Лам Сайвин есімді жергілікті олигархтың
басшылығымен Гонконгта Коулун аралында бөлмелері алтыннан жасалған әлемдегі
ең керемет қонақ үйді салады. Отельдің жергілікті аты Сянган. Жергілікті
прессаға берген интервьюларында ол сүйікті жарына арнап таза алтыннан сарай
салдырамын деп уәде берген Хань династиясынан шыққан императорға қызыққанын
айтады.
Әлемдегі ең қымбат сарайды салуға 2,5 тонна кетті. Ол 650 шаршы м
жабуға кетті. Отель құрылысы 5 жылға созылды және оған 82 млн $ кетті.
Алайда, бастапқы кезде оның құрылысына тек 38 млн $ жұмсау жоспарланған
болатын. Отель 2006 жылы ашылса да, онда қоныстанушылар өте аз. Есесіне,
мұнда ұжымдық кештер, үйлену тойы, туған күн мерейтойлары өткізіліп тұрады.
Отельге негізгі табыс көзінн туристер әкеледі. Әр туристен отельді аралау
үшін 3 $ алынады. Сурет пен бейнекамераға түсіру үшін қосымша ақша
төленеді. Бір күндік түнеу 26 мың $ құрайды.
Мұз отельдерін, қар мен мұздан үй салу өнерін солтүстік халқы жақсы
меңгерген. Олардың тәжірибесін қазіргі заман архитекторлары қолдануда.
Әлемдегі мұз отелінің ең керемет үлгісі – Ice Hotel болып саналады. Мұндағы
85 номер, мейрамхана, бар, дүкен, көрме залдары, шіреу – бәрі де толық
мұзда жасалған. Қонақтарға комбинезон мен киік терісінен жасалған жатын
қапшығы беріледі. Суық отельден шаршаға қонақтар жақын маңда орналасқан
ағаш үйлерге барып қоныстанса болады. Отель 15 жыл бойы қызмет атқарып
келеді. Сәуір айында ериді, қазан айыда құрылыс басталады, желтоқсанда
пайдалануға беріледі.
Канада провинциясы Квебекте орналасқан ICE Hotel – жұмыс істеу
мерзімі: 5 қаңтар – 1 сәуір. Мұнда мұз капелласы, мұз бары, мұз бейнелері
бар көркемөнер галереясы орналасқан. Қонақтар шаңғы тебуге, қарда жүргішті
айдау, садақпен ату мүмкіндігі бар. 18 стандартты номер мен 14 люкс номер
бар. Бір тәулік құны 475 $. Отель температурасы -5оС болса, даладағы
температура -30оС. Мұз отельдер құрылысына 15 мың т. қар және 500 мың т.
мұз кетеді. Құрылыс бір айға созылады, жұмысқа жиырма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туристік кешендер
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің жалпы сипаттамасы
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Египет мемлекеті және туризм
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
«Достық» қонақ үйі
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Пәндер