Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І.ТАРАУ. Кәсіпкерлік.ерекше экономикалық құбылыс.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні.
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық.құқықтық түрлері.

II.ТАРАУ. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік.экономикалық шарттары және заңдылықтары.
2.1. Мемлекетсіздендіру жүйесі және жекешелендіру бағыттары.
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиет
КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң – құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар.
Қолданылған әдебиет

1. Е.Б Жатқанбаев, С.А. Досқалиев, А.Б. Көшербаева “Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс”. оқулық. Алматы, 1994 ж.
2. Қадыржанов Е.К.
Ұжымдық нысандағы кәсіпкерлік қызметті бірлесе басқару: Ғылыми публицистика. Алматы экономика 2001 ж. 38 бет.
3. Дүкенбаев Е. “Ақиқат” газеті 2000ж №12. 12-28 бет.
4. Тұржанов.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталар іс саяси ауқымды. “Алматы ақшамы” газеті 2003 3 маусым 21 бет.
5. Шайынғазы С. Әліпбай С.
Кәсіпкерлік кемел келешек кепілдігі. “Егемен Қазақстан” газеті 2005ж 26 наурыз.
6. Ілдебаев Т.
Экономиканы дамыту- кәсіпкерлер қолында. “Алматы ақшамы” газеті 2003ж 1 қараша.
7. Статистикалық баспасөз Бюллетень. №4 Алматы,2004 ж.
8. “Жас алаш” газеті 20 желтоқсан 2004 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні.
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.

II-ТАРАУ. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық шарттары және
заңдылықтары.
2.1. Мемлекетсіздендіру жүйесі және жекешелендіру бағыттары.
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары,
оны шешу жолдары.

Қорытынды
Қолданылған әдебиет

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың
қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін
айтамыз.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан
талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі
екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды
қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және
даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда
пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А.
Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен
экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті
өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен
кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген
коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды.
Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал
оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан
бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан
XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз
экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады.
Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс
факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді.
К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан
жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген
қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң – құқылық, психологиялық,
тарихи жақтары бар.

І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс
1.1. Кәсіпкерліктің мәні.

Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде?
Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген
ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып,
кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің
дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы
өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп
тұратынын атап өту қажет. әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері
айтарлықтай.
Қәсіпкерлік қызметке талдау жасау-оның жалпы экономикалық ой-пікір
сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда
“кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер” —
француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды — түрлі
мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық
теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан
басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, Л. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А.
Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминінің атасы
белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVII ғас. басы). Ол “кәсіпкер”
деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік-экономикалық кұбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды караудың алғашқы нүктесі-
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер,
алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара
өндірісті (жан-ұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің
жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға
негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.
Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды
байланыстырушы — міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай
кәсіпкерліктің түрі - ұжымдық, коллективтік деп аталады. ¦жымдық
кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар,
кооперативтер және т.б. Жеке - дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік
бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. өйткені мемлекет
кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды.
Бірақ, егер қайта кұрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық
арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті
органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша
мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып
кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет
түрінің иерархиясы шығады:! мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше
нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың
субъектілерін номинальды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға
кәсіпкерлік қызметпен айиалысу кұқы жатады. Нарықты экономика елдерінде
әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің
бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі —
бұған деген алғы- шарттары бар, ең бастысы— капитал иемдену құқысы барлар.
Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын кұрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде?
Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі — өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет.
Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана
жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының
пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің
табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің
бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас
үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл
кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік— жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен
шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен
тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын
өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің
түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта кұру,
байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау
және т. б.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі
факторларын комбинациялау.
Кәсіпкерлік әркезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше
жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі.Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының
иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі
істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер
әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты-барлық
мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы,
өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі.
Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады.
Қәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана
оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткеніміздей олар өздеріне
тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің
мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін,
экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа
дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет-әдеттегі-ден
ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау
іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел
бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа
идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды
өне бойы экономикалық жағынан есептеуте мүмкін емес.
Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын
шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар
бағасы жұмсалған шығьндарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді
ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен коньюнктура жайсыз болғаны.
өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы
қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа
мүшелерінде тарайды. Сонымен, накты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне
шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау,
өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету,
жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-
катынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті
емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын
көбейтеді. Тәуелсіздік (еркіндік) және ұйымдастырудағы новаторлық-
кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын
аныктайды.
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге
асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа
жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің кызметінен
айыра білу шарт. өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет
атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарын меншік
объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі,
тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу
қажет. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық
объектісі ретінде иемденуі жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім
қабылдау процесі капитал иесіне түгелдей тәуелді. Алайда әдетте шешім
қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл-өндіріс
кұрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке
адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде
кәсіпкерге айналады өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық
жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл тенденция,
бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты күшейтеді. Жеке
кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер. Бірақ қазіргі кәсіпкерлік
кооперативтік болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен оның
толық қанды өкілі-менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер
өндіріс құрал-жабдығын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі ретінде
оларды иемдене алады. Қәсіпкер қызмет істейтін меншіктің иесі ретінде
шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын өз
бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс
кұрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай қатты байланыс жоқ.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні—өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі
ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді
пайдалану.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің өркениетті дамуы үшін белгілі
жағдайлар қажет. Қәсіпкерлікті өркендетудің шарттары: меншік қатынастарын
персонификациялау (адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі,
жауапкершілігімен, шешім қабылдау мүмкіндігінің болуы, өнімдер мен табыстар
жөнінде де осындай мүмкіндіктердің берілуі, қабілеттер мен жинақтарды
пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың
экономикалық еркіндігі, нарықтардың ашықтығы және теңсалмақтылығы)
қызметтер мен тауарлардың, капиталдың, информация мен жұмыс күшінің
қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен сатып алу
мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының, мұның ішінде заң
шығаратың, орындаушы—сот өкіметінің құрылуы және меншікті иесі мен
кәсіпкерлер құқығын қорғау.

1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.

Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде жаңа іске адамның жеке
энергиясы мен капиталын жұмсаудан көрінеді. Сондықтан ол оның мақсаты мен
нәтижелігі жағынан жеке оның құралы-шығындарды азайту, үнемділігі
тұрғысынан да тиімділігін, тәртібін барынша ойластыруды талап етеді.
Мұндағы кәсіпкерлік әрекеттің ең бастысы, тиімдісі-таңдаудың дұрыстығы
немесе таңдаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі.
Осыған байланысты бизнесті ұйымдастырудың үш негізгі түрін атап көрсету
абзал:
1.Жеке-дара кәсіпкерлік
2.Серіктестік
3.Акционерлік қоғам
Осы тұрғыдан әрқайсысына тоқталайық.
1.Жеке-дара кәсіпкерлік- бұл бір өзі ғана иемдену өз мүддесі тұрғысынан
істі өз бетімен жүргізу. Жеке меншіктегі кәсіпорын иесі оны басқарып,
пайданы түгелдей өзі иемденеді, бірақ барлық міндеттемелерге өзі жауап
береді. Мұндай жағдайда істі тиімді жүргізуге күшті құштарлық пайда болады,
өйткені алатын табыстың көлемі кәсіпорын жұмысының жетімділігіне тікелей
байланысты. Бұл бизнес кәсіпкердің барлық тілектерін: авторлық,
шығармашылық және т.б. толық қанағаттандырылды.
Алайда, істі, мұндай жүргізуде белгілі кемшіліктер бар. Айталық, бірден-
бір иемденуші шексіз жауапкершіліктің субъектісі болады. Бұл жеке
кәсіподақтар тек қана кәсіпорын активін тәуекелге жіберіп қана қоймай,
өзінің жеке активін де қауіп-қатерде ұстайды. Кәсіпорынның барлық
жауапкершілігі-қарыздары, несиелері, соттағы істері, контрактыны бұзғандығы
шығындары- бәрі иемденушіні мойнында.
2.Серіктестік—істе ортақ иемнуші ретінде екі, не одан да көп адамдардың
бірігуі.Бизнесті ұйымдастырудың мұндай түрінің пайда болуы жеке-дара
бизнестің негізгі кемшіліктерін жою бағытында жасалған талпыныс. Әдетте
әріптестер өзара кәсіпорынды иемдену және оны басқару жөнінде келіседі.
Олар өздерінің капиталдарын және істі жүргізу қабілеттерін біріктіреді.
Партнерлер қатысу үлестеріне қарай кәсіпорын пайдасы мен шығындарын бөледі,
тәуекелдерге бірге бас тігеді.
Серіктестіктердің бірнеше түрі бар:
а)Толық серіктестік-партнерлердің толық жауапкершілігі тек істегі
салымдарынан ғана емес, сонымен өзінің жеке жағдайларымен шексіз болады.
б)Шектелген жауапкершілікті серіктестік-кәсіпорын жұмысына ғана жауап
беретін бірнеше партнерлерді біріктіреді. Бірақ бизнестің бұл түрі тағы
бірнеше жауапкершілігі шектелген партнерлерді қамтиды. Олар іске өз
үлестерін қосады, пайда бөлісуге катысады, бірақ олардың серіктестіктің
міндеттемесі жөніндегі жауапкершілігі шектелген, ол іске қосқандағыдан
артық емес.
в)Коммандаттық серіктестік. Мұнда нақты, физикалық адамдардан басқа, заңды
адамдар қатыса алады, олардың мүліктегі үлесі жазба түрінде белгіленеді.
Коммандаттық серіктестікке кіру, одан шығу тек оның барлық мүшелерінің
келісімімен болады.
3.Акционерлік қоғам
Акционерлік қоғам белгілі бір мағынада, үлестік негіздегі
капиталистік бірлестіктер дамуының шарықтау шегі. Бұған жету барысында
бірлестік мүшелерінің жауапкершілігі барынша тежеледі, серіктестікке кіру
мен шығу тәсілдері жеңілдетіледі.
Акционерлік қоғам— акцияларды сату арқылы ақша қаржыларын орталықтандыру
негіздегі өндірісті ұйымдастыру түрі. Нарық экономикасы дамыған елдерде
корпорация қанат жайды. Акционерлік қоғамдардьң жабық және ашық түрлері
белгілі. Жабық акционерлік қоғамдар-акциялары құрылтайшылар арасында
тарайтын қоғам, ал ашық-түрдегісінде акциялар еркін сатылады және сатып
алынады.
Акционерлік қоғамның негізгі принципі-акционерлер әкімішілік тұтқаларына
қолдары жетіп, бақылай алады: экономикалық жағынан (капитал нарығы) және
заң, жағынан да (“даусы бар” акциялар арқылы директорлар кеңесін сайлау).
Бірақ кез келген акционер қоғамның мүлкін бөлу мен басқару ісіне нақты
араласа алмайды. Ол үшін акцияның бақылау пакетін иемдену керек (теориялық
жағынан ол акциялар сомасының 50% артығын қамтиды) .
Акционерлік қоғам-заңды ұйым. Бұл қоғамның ең жоғарғы органы—
акционерлердің жалпы жиналысы, ол жылына бір рет шақырылады. Акционерлер
жиналысы арасындағы кезеңде оны басқарма немесе директорлер кеңесі
басқарады. Акционерлік қоғамның ең басты артықшылығы — сол қоғамның
міндеттемелері жөнінде жауапкерлігінің болмауы, яғни жауапкершілігі
шектелген.
Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың
ең тиімді және кең жайылған түрі-акционерлік қоғам. Қазақстан республикасы
жағдайында акционерлеу экономиканың бүгінгі ахуалымен сипатталады:
экономикалық байланыстардың бұзылуы, инфляциялық про-цестер және т. б.
Мұндай жағдайларда акционерлік қоғамдарды кұру-акцияларды жабдықтаушылар
мен тұтынушылар арасында орналастырып, үзілген байланыстарды қайтадан
қалпына келтіру. Дефицитті (тапшы) өнімдер өндіретін компаниялардың
акцияларын сатып алу арқылы оларға қол жеткізуге болады. (акционерлік
қоғамдар жарғысында ком- паниялардың шығарған акцияларын сатып алғандар
өнімдерді жеңілдікпен алу жағдайы қарастырылған). Ең ақтығында, дивиденд
(пайда) және акцияның нарықтық бағасының өсуі-ақша қаржыларының бір бөлегін
инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің көбеюінің басты себебі-
қазіргі экономикалық жағдайлардың сипатынан емес, ол түрлердің ішкі
мүмкіндіктерінде әсіресе акционерлік қоғам түрлеріне жатыр.
Акционерлік қоғамдардың тағы бір ерекшелігі—мында: қоғамдық
кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың аз да болса компания акциясының
пакетін иемденуі оның бойында “қожайындық” сезім ұялатады, әрине қоғам ісін
басқаруға аз қатыстырды. Нәтижесінде әкімшілдікпен жұмыскерлер арасындағы
қайшылық жұмсарып, еңбек өнімділігі артады. Соңғы онжылдықта акционерлік
түрді кеңінен пайдалану акционерлік қоғам қызметкерлерін, әсіресе төменгі
және орта буындағы меншік иелеріне айналдыру үшін қолданылды. Еңбек пен
меншікті жақындатудың мұндай мүмкіндігі біз үшін үлкен маңызы бар, өйткені
ол нарық жағдайында тиімді қызмет атқаратын шаруашылық түрінде көшіреді
және әлеуметтік жікке бөліну тенденциясы болмайды (болсада аз дәрежеде).
Акционерлік түрдің мына белгісінің үлкен мәні бар: күрделі қаржы
ресурстарын тез шоғырландыруға әсіресе, басымырақ дамуды талап ететін
салаларда жинақтауға мүмкіндік береді. Біздің экономика үшін мұның маңызы
бөлек: халық шаруашылығы құрылымындағы қазіргі қай-шылықтар-нарықтық
механизмнің қызметінің тиімділігіне кедергі жасайтын басты факторлар.
Басқаша айтқанда, акционерлік қоғамдарды шаруашылықтың басымырақ дамитын
салаларында кұру мемлекет мойнынан біраз инвестициялық жүкті, салмақты
алады, ал бұл бүгінгі бюджеттің қиын жағдайын жеңілдетеді. Нарыққа көшу
барысында ғылымды көп керек ететін салаларды мемлекет бюджетінен
қаржыландыру мүмкін болмағанда олар керекті капиталды акционерлік түрде
колданады.
Қазіргі акционерлеу тәжірибесі көрсеткеніндей, оның көптеген
проблемалары бұл қоғамдарды дамытуға, олардың экономикалық процестерге оңды
әсер етуіне кедергі жасайды. Оларға алдымен жабық қоғамдардың көптігін,
акция номиналдарының жоғары болуын атау керек. Нәтижесінде акционерлік
қоғамдарға қалың бұқараны қатыстыру теже- леді. Бағалы қағаздар нарығының
әлсіздігі, ақпарат нарығының жоқтығы да қиындық келтіруде. Көрсетілген
күрделі проблемаларды шешудің мынадай жолдары бар:
- ашық қоғамдарды басымырақ дамыту, әсіресе материалдық өндіріс саласында;
- акция номиналының көлемін тежеу;
- инвестициялық компанияларды құруды ынталандыру
Біздің республикада инвестициялық компанияларды кұру тиімді. Бір
жағынан, жоғарыда көрсеткеніміздей жоғары акция номиналын шығаратын
акционерлік қоғамдар пайда болды, өйткені олар капиталдың ұсақ акциялар
ұстайтындар арасында тарауынан қорқады. Бұдан басқа акционерлік қоғамдар
бізде әлі аз. Екінші жағынан, халықтың бытыраңқы, көлемі үлкен қаржылары
бар (солардың ішінде купондарда жүр). Халықтың акционерлік қоғамның қызметі
туралы хабары мен түсінігі тым тайыз. Болашақта акционерлік коғамдардың
күрт көбеюі, олардың ішінде “көбік” сияқты алдамшыларының да болатыны,
банкротқа ұшырап, оны құруға көп қаржы қосқан адамдардың зиян шегетініне
ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан инвестициялық қорлар-капиталды
шоғырландырудың үлкен көзі, көптеген адамдардың жинақтарын акцияның
диверсификация пакетіне айналдырады. Мұның ерекшелігі мынада: жеке
инвестордың қорда ерекше активі болмайды, инвестициялық қордың белгілі
акция санын сатып алып, қордың акция пакетінен процент иемденеді.
Сонымен, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін көтеру үшін
бизнесті ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту керек, бар
тәжірибені бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік шешім
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшелігі
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Кәсіпкерлік істі салықтық реттеу
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары
Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Пәндер