Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Кәсіпкерлік: түсінігі, даму тарихы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Кәсіпкерліктің қызметтері ерекшеліктері және формалары ... ... ... ... ...6
1.3. Кәсіпкерліктің қоғамдағы ролінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдері ... ... ... 14
2.2. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен формалары ... ... .17
2.3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кәсіпкерлік — бұл әлеуметтік институт. Ол біріншіден, тұтынушының қанағаттануына бағытталған, экономиканы басқару жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, мәдениеттің өзгеріп, адамдардың жаңа үлгідегі әлеуметтік - экономикалық мінез-қүлқының қалыптасуына ықпал етеді. Демек, бүгінгі таңда қоғамда елеулі бір құбылысқа айналған кәсіпкерліктің дамуын зерттеудің маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта елімізде орта таптың бір жігі ретінде қалыптасып келе жаткан кәсіпкерлер тобы қоғамның дамуы мен әлеуметтік - саяси тұрақтылықка, әлеуметтік стратификацияға, әлеуметтік және экономикалық мобильділікке де өз әсерін тигізеді. Сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік-экономикалық реформаны жүргізуде басты роль атқара отырып, адамдардың жаңа экономикалық мінез-құлқын қалыптастыруға септігін тигізіп, Қазақстанда демократияны одан әрі тереңдетуге үлес қосуда. Азаматтық қоғам, жаңа өркениетті қоғам құру үшін әлеуметтік мемлекет құру, экологиялық таза қоғам, халықтың игілігі мен тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы басты назарда болуы қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін ең бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті зерттеуге жете көңіл бөлініп, оның әлеуметтік ролін арттыруымыз керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекет кұруға кірісті. Елде нарықтық қатынастарға көшу жағдайында әлеуметтік-экономикалық реформалар жургізілуде. Соның нәтижесінде елімізде жаңа экономикалық құрылым қалыптасып, саяси жүйе мен қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұрыңғы одақтық республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі, өндірістің кұлдырауы, экономиканың шикізаттық бағыттылығы халықтың әл-ауқатының, материалдық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев: "Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын кұру, байлар мен жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеп соқты. Бұл ретте мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз", — деп атап Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен болатын. Осындай дағдарысты жағдайлардан шығу жолдарын іздестіру - осы курстық жұмысымның негізгі тақырыбы болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,10 бап. 1-тарау
2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстандағы кәсіпкерлік үрдістерінің дамуы: Кәсіпкерлерге жолдау//Егемен Қазақстан.2005. 16 маусым.-Б 2.
3. «Шағын бизнестi мемлекеттiк қолдану туралы» Заң, 1997,19маусым,3-б
4. Шағын бизнестің дамуы//Қазақстан және оның өңірлері .2007.№3.-Б 27-33.
5. Н.Ә.Назарбаев. Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға //Егемен Қазақстан. 2009.7 наурыз.-Б 1.
6. Қазақстан Республикасы статистика агенттігініғ мәлеметтері – www.stat.kz
7.Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы/ Ержан Жатқан-баев редакциясымен.-Алматы,2006.- Б 139-148.
8. Широков Б.М. Малый бизнес. Финансовая среда прелпринимательства: Учебно – методическое пособие.-М:Финансы и статистика,2006.- Б. 255-230
9.Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан – 2030//Егемен Қазақстан. 1997. 11 қазан
10.Н.К.Мамыров. Основы предприниматетельства.-Алматы,2002.-С.151.
11. И.Н.Герчикова. Регулирование предпринимательской деятельности. –М, 2002.-С.164
12.М.Д. Искалиев. Қазақстан нарық кеңістігінде.-Алматы,1997.-Б.92
13. З.А. Ноғайбаева . Предприниматели –как социальная группа.-Алматы, 1999.-С.-89.
14.Экономическая социология. Курс лекций. под редакцией проф. Л.Я.Гу-ревича, Алматы; 2002, с.207.
15. Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы заңы". -Егемен Қазақстан. Ақпан. 2006ж.
16. Назарбаев Н.Ә. Жаңа элемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президентінің Қазақ-станның халқына жолдауы. Алматы: 2007, 896.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
1.1. Кәсіпкерлік: түсінігі, даму тарихы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Кәсіпкерліктің қызметтері ерекшеліктері және формалары ... ... ... ... ...6
1.3. Кәсіпкерліктің қоғамдағы ролінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу
кезеңдері ... ... ... 14
2.2. Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері мен
формалары ... ... .17
2.3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік — бұл әлеуметтік институт. Ол біріншіден, тұтынушының
қанағаттануына бағытталған, экономиканы басқару жүйесінің қызмет етуін
қамтамасыз етеді. Екіншіден, мәдениеттің өзгеріп, адамдардың жаңа үлгідегі
әлеуметтік - экономикалық мінез-қүлқының қалыптасуына ықпал етеді. Демек,
бүгінгі таңда қоғамда елеулі бір құбылысқа айналған кәсіпкерліктің дамуын
зерттеудің маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта елімізде орта таптың бір жігі ретінде қалыптасып
келе жаткан кәсіпкерлер тобы қоғамның дамуы мен әлеуметтік - саяси
тұрақтылықка, әлеуметтік стратификацияға, әлеуметтік және экономикалық
мобильділікке де өз әсерін тигізеді. Сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің
ерекше түрі ретінде әлеуметтік-экономикалық реформаны жүргізуде басты роль
атқара отырып, адамдардың жаңа экономикалық мінез-құлқын қалыптастыруға
септігін тигізіп, Қазақстанда демократияны одан әрі тереңдетуге үлес
қосуда. Азаматтық қоғам, жаңа өркениетті қоғам құру үшін әлеуметтік
мемлекет құру, экологиялық таза қоғам, халықтың игілігі мен тұрмыс-
тіршілігінің жақсаруы басты назарда болуы қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін
ең бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті зерттеуге жете көңіл бөлініп,
оның әлеуметтік ролін арттыруымыз керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің
тәуелсіздігін алып, демократиялық мемлекет кұруға кірісті. Елде нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында әлеуметтік-экономикалық реформалар
жургізілуде. Соның нәтижесінде елімізде жаңа экономикалық құрылым
қалыптасып, саяси жүйе мен қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгерістерге
ұшырады. Бұрыңғы одақтық республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі,
өндірістің кұлдырауы, экономиканың шикізаттық бағыттылығы халықтың әл-
ауқатының, материалдық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жөнінде
Президент Н.Ә.Назарбаев: "Біздің экономикалық құлдырауымыздың салдарынан
азаматтарымыздың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.
Теңгермешілікті жою және жұмыс істейтін еңбек рыногын кұру, байлар мен
жарлылар арасында елеулі айырмашылықтың туындауына әкеп соқты. Бұл ретте
мемлекеттің жетекші тірегі және қоғамның негізгі тұрақтандырушы факторы -
орташа таптың шоғыры аз", — деп атап Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен
болатын. Осындай дағдарысты жағдайлардан шығу жолдарын іздестіру - осы
курстық жұмысымның негізгі тақырыбы болып отыр.

I.КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН
БАҒЫТТАРЫ

1. Кәсіпкерлік: түсінігі, даму тарихы мен мәні
Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты
қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз
экономисі Р.Контильион (ХХ ғ.) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті
сипаттайтын функионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни
кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі.
Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның
кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория
деңгейіне дейін көтерілген.[1]
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп
тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер,
гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұның дәлелі тұтынушылар
мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Ал
физиократтардың ірі өкілі Франсуа Кенэ өзінің экономикалық
кестесінде басты орынды жерді жалға алып, ауыл шаруашылығында
жоғары өңдірісті дамытатын кәсіпкер – жер иеленушілерге берген.
Адам Смит өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себебі туралы
зерттеулер еңбегінде кәсіпкердің сипаттарына көп назар аударды. Ол
кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу
мақсатында тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер
өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді.
Кәсіпкерлік ұғымының одан әрі дамуын А.Тюрго анықтады. Оның
сызбасында қоғамының өндіруші сатысы қарапайым жұмысшыларға
жалақы беретін кәсіпкерлер мен капитплистерге бөлінді.[2]
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына өз үлесін қосқан тағы
бір әйгілі экономист Ж. Б. Сей өзінің Саяси экономика
трактатында кәсіпкерге деген анықтама берген. Осымен ол
кәсіпкерліктің бір факторы ретінде тәуекелді қарастыра отырып,
оны жүзеге асыру талаптары ретінде адамның білімін, табиғатты,
еңбек және капиталды атып көрсеткен.
Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі
Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша
кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор
Шулепеттер болып табылады. И. Шумпетер кәсіпкерлікті каптиализмнің
адами факторы ретінде , ғылыми – техникалық және қоғамдық
прогресстің қозғаушысы деп таныды. Капитализмнің орталық фигурасы
ретінде ол кәсіпкерлікті көрді. Ол кәсіпкерлікті технологияның
жаңаруымен, экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерді ол негізгі
өндіріс факторларын қолдана отырып, жаңа комбинацияларды жүзеге
асыратын шаруашылық субъект деп атады. Теорияның мәні келесіде,
кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда
болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл
бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды
қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай
категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас
элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық
шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде
байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей
айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай
салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім
көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта
және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас
ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады.
Ірі кәсіпорындар – эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен
және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек.
Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын
жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды
жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде
кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік
пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып,
отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер -
өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін
қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты
пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке
тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек
заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан
қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық
тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика
бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс
жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық
қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы
жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін
қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі
адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір
формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім):
кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан,
тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға
бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады.
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері
бірін – бірі алмастыруда. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкер-лік және
шағын бизнес бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес
кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі
қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын.
Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді.
Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей
себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік,
экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету
керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске
халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу,
азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

1.2. Кәсіпкерліктің қызметтері, ерекшеліктері және формалары
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік қызметке
мынадай анықтама берілген. Кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан,
азаматтар мен заңды тұлғалардыңтауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты
қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке
меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару қүқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.[3]
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарьшың, жеке
кәсіпкерлердің жиынтығы ретін-де келесідей қызметтерді атқарады: жалпы
экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік,
ұйымдастырушылық.[4]
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып
табылады, бүл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субьектісі
ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету,
жүмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге
бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен
ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет - кэсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі.
Кэсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап
етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп,
біліктілігі жоғары жүмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары
табысқа қол жеткізеді.
Сонымен қатар кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады.
Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған
мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет атқарады.
Бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының - дербес шаруашылық-экономикалық
қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете
алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.
Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі
деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс және әлеуметтік қорларға түсетін
қаражаттары да соғүрлым көп болады. Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы
жүмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді,
жалдамалы жұмысшылардьщ әлеуметтік жағдайын жақсартады.
Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі - ұйымдастырушылық қызмет,
бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы,
кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы
және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық кызмет шағын және орта кәсіпкерліктің
тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады.
Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып, оның
негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:
1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты
түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік
дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады.
Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық
атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым
басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да
айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық
дербестік — кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау
мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің
түрін, ұйымдық – құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау –
мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2. Тәуекел. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол
шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге
мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік -
жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде
ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
3.Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4.Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер
табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден
алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада,
кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы
ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске
асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік
ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде
алады, басқа дамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына
құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.[5]
Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса,
онда оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген
түрімен айналыса алады. Олар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
сақтандыру, делдалдық.[6]
Өндірістік кәсіпкерліктің негізін кез келген бағыттағы материалдық,
интеллектуалдық, шығармашылық өндіріс қүрайды. Мүнда кэсіпкер фактор
ретінде өзінің жеке немесе сатып алған қүралдары мен еңбек заттарын, жүмыс
күшін қолдана отырып, тұтынушыларға немесе сауда ұйымдарына сату үшін өнім,
қызмет, ақпарат, рухани құндылықтар өндіруді үйымдастырады.
Коммерциялық кәсіпкерлікте басты рөлді тауар-ақша, сауда-айырбас
қатынастары атқарады. Мүнда бизнесмен баска түлғалардан сатып алған дайын
тауарларды қайта сата отырьш, саудагер немесе коммерсант рөлін атқарады.
Коммерциялық кәсіпкерлік сауда меке-мелері мен тауар биржаларында эрекет
етеді.
Кәсіпкерліктің ерекше бір түрі - қаржылық кәсіпкерлік. Қаржылық
кәсіпкерлік коммерциялық кәсіпкерліктің ерекше бір түрі ретінде несиеге
ақша беру, шетел валюталарын, бағалы қағаздарды сату-сатып алу
операцияларымен айналысады.
Сақтандыру кәсіпкерлігінің мәні кәсіпкер сақтанушыны кездейсоқ
жағдайлардың нәтижесінде мүлікке, құндылықтарға, өмірге зиян келген
жағдайда белгілі бір мөлшерде төлем төлеуге кепілдік береді. Қызметтің бұл
түрін қаржы кәсіпкерлігінің бір түрі ретінде қарастыруға болады. Мұнда
кәсіпкер сақтандыру жарнасын алады және оны тек сақтандыру жағдайы болған
кезде ғана қайтарады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі бір түрі - делдалдық кәсіпкерлік.
Кәсіпкер-делдал өндірушілерден сатып алушыларға қажетті тауарларды өткізу
шарттары туралы ақпарат алады және ол мәліметті сатып алушыға береді. Егер
де өндіруші мен сатып алушы мәміле жасаса, делдал кәсіпкерге сыйақы
берулері тиіс.
Олай болса, кәсіпкерліктің бүл түрінің мәні делдал екі тараптан
алынған ақпаратты қайта сатады. Бүл ақпараттық қызмет болып табылады.
Делдал-кәсіпкер қажетті адамдарды іздеп және кездестіргені үшін пайда
алады.
Мемлекет меншігінің шексіз билігіне негізделген экономикалық жүйе
шығармашылық және көптеген инициативалар жағдай жасай алмайтыны белгілі,
бұл жағдайлар болмаса жаңа құрылымдардың да болуы мүмкін емес. Осыған орай,
кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншіктің болуы негізгі шарт деп
қорытындылауға болады. Кәсіпкерлік дамуы үшін басқа да жағдайлар керек.
Оған: мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының тұрақты болуы,
салық жүйесіндегі жеңілдіктер, кәспкерлікті қолдаудағы дамыған
инфрақұрылымдар жатады. Кәсіпкерлердің сырты нарық жүйесіне еркін шыға
алатын мүмкіндігі болуы керек және кәсіпкерлер үшін тиімді ниесілік жүйе
құрылуы керек және өндіріс үшін керекті құралдарды, шикізаттарды алу үшін
жағдай жасалу тиіс.
Кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік әрекеті дегеніміз – азаматтардың және
олардың топтарының пайда, түсім алуға бағытталған өзіндік инициативті
әрекеті болып табылады.[7]
Кәсіпкерліктің басты белгісі – шаруашылық субъектілерінің өз бетінше
және тәуелсіз түрде болуы. Олардың жүріс-тұрысының негізінде ішкі
қызығулары жатыр. Әр адам кәсіпкер бола отырып, өз ұйымының мәселелерін
жеке түрде, экономикалық пайдаға негізделе отырып шешеді. Жеке табысқа жету
кәсіпкерлік әрекеттің қозғаушы факторы болып табылады, бірақ шаруашылық
субъектісі өзінің жеке қызығуларына ұмтыла отырып, қоғамдастық мүддесі үшін
жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік көбіне шағын экономикалық объектіге жатады, бірнеше
адамнан екі жүзге дейін жұмысшылары бар кішігірім үжымдармен жүргізіледі.
Осымен қатар шағын бизнес деген ұғым да қалыптасқан.
Кәсіпкерлікке әдетте тактикалық әрекет ету тәсілі, салыстырмалы қысқа
мерзімдегі бизнес операциялары мен мәлімелер тән. Кәсіпкер өте ұзақ
мерзімді емес, керісінше бірін-бірі жылдам алмастырарлық операцияларды
жүргізүге икемделеді. Бірақ осының бәрі кәсіпкерді ірі ұзақ мерзімді
экономикалық жоспарлардан тыс қалдырмайды.

1.3. Кәсіпкерліктің қоғамдағы ролінің мәні
Кәсіпкерлік барлық адамдардың қолы жететін қызмет түрі.
Дегенмен, кәсіпкер болуға құқылы адамдардың барлығы бірдей кәсіпкер бола
алмайды. Табысты бизнесмен болу үшін қабілет, білім, игерүшілік қасиет,
энергия қажет.
Кәсіпкерлер — коммерциялық мүмкіндіктерді қалт жібермей көре білетін,
қажетті капиталға қол жеткізе алатын, мақсатқа сәйкес операцияны қалай
жүргізуді жақсы білетін, тәуекелге баруға даяр іскер адамдар.
Кәсіпкер тұтынушылардың белгілі бір шеңберінің сұранымдарын соңғы өнім
түрінде қанағаттандырып, оларға тауар сатып, ол үшін түсім алады.
Тұтынушыларға тауарлар түрінде ұсынылатын кәсіпкерлік қызметтің соңғы
өнімі әр алуан болуы мүмкін. Олар тұтынушының қажет ететіндері мен
кәсіпкердің оларға сата алатындары: ғимараттар, үйлер, тұрғын үйлер, тұтыну
тауарлары, ақпарат, интелектуалды өнімдер, ақша, бағалы қағаздар, қызметтің
барлық түрлері т.б.[8]
Тауарды ұсыну үшін алдымен ол кәсіпкерде болуы керек. Сондықтан,
кәсіпкер тауарларды алдымен тауып иеленеді, алады немесе өзі жасайды және
оны тұтынушыға, сатып алушыға сату үшін қозғалысқа түсуін жүзеге асырады.
Тұтынушыға қажетті өнімді кәсіпкердің алу процесі бірнеше кәсіпкерлік
қызмет факторларын пайдаланып, жүзеге асыруды талап етеді. Бұлар
кәсіпкердің өз қызметінде қолданатындарының барлығы, яғни өндіріс,
тасымалдау және тауарларды сату үшін пайдаланылатын материалдық,
ақпараттық, қаржылық ресурстар. Кәсіпкерде мұндай мұндай факторлардың бәрі
болуы мүмкін, егер болмаса оны басқа бірулерден сатып алады немесе жасайды,
сосын тауарды тұтынушыға сатады.
Кәсіпкердің барлық әрекеттері белгілі бір уақытта жүзеге асуы үшін
кәсіпкерлікке жоғары дәрежеде ұйымдасуы қажет. Операциялардың ұзақтығы оның
тиімділігіне, табыстылығына елеулі әсер етеді. Әдетте, мәліменің аяқталу
мерзімі қысқа болса, ол кәсіпкер үшін тиімді болады, ақша айналысы
жылдамдайды. Сондықтан да, уақытты кәсіпкерліктің факторы ретінде
қарастыруға болады.
Кәсіпкерлік қызмет жүйелі немесе параллельді, бір мезгілде
жүргізілетін операциялар жүйесін көрсетеді. Әрбір бизнес-операция - бұл
кәсіпкерліктің бір кезеңі. Мұндай операцияларға қатысты бизнес-мәмле
терминін қолдануға болады. Өзара пайда табу мүддесінде, екі немесе бірнеше
шарушылық жүргізуші субъектілердің жазбаша шартына немесе ауызша келісіміне
негізделген әрекеттері бизнесте мәмле болып табылады.
Қызметтердің кез келген басқа түрлері секілді, кәсіпкерліктің де
негізгі факторы жұмыс күші болып табылады. Кәсіпкерліктің көпшілік түрінде
кәсіпкерлік қарым-қатынастарды орындау үшін шикізат, материалдар, энергия,
дайын тауарлар түріндегі материалдық ресурстар қажет. Кәсіпкерлік үшін
керекті үшінші фактор - ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар,
аппаратуралар, техникалар түріндегі негізгі капиталдар.
Кәсіпкерлік қарым-қатынастардың көпшілігін жүргізу үшін мәліметтер,
хабарлар, сызбалар, технологиялар, жобалар қажет. Қазіргі уақытта ақпарат
та ақшамен алынады.
Жоғарыда аталған факторлармен бірге кәсіпкерге оның күшімен атқара
алмайтын жұмыстар мен қызметтер кездеседі (құрылыс жүмыстары, тасымалдау,
күзет, байланыс қызметі, консультациялар жэне т.б.). Мұндай көрсетілген
қызметтер үшін ол ақша төлеуі керек.
Кәсіпкерге өз жүмысын бастау үшін алғашқы бастауыш капитал керек.
Егер мұндай капитал болмаса, оны қарызға алуга тура келеді.
Кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметтің материалдық құралдарын, ғимараттарды,
кұрал-жабдықтарды белгілі бір уақытқа және оны төлеу шартымен беру жалга
беру деп аталады. Қазіргі кезде қарызға берудің бүл формасы лизинг деп
аталады.
Кәсіпкердің тұлғасы көбіне оның іскерлік-кәсіби сапаларымен,
кәсіпкерлік қызметке оны итермелеген себептермен және қоғамдағы алатын
орнымен сипатталады. Көптеген зерттеушілер кәсіпкерлікке тән тұлғалық
қасиеттердің ішінде оның тәуекелділігі мен қатерге бас тігуіне аса назар
аударады.
Кәсіпкерлік - коммерциялық жетістіктерге қол жеткізу үшін іскер
адамның бойын кернейтін қуат, ынта-жігер. Оның мәні сол - кәсіпкер өзі
бастаған ісінің тәуекелін соңына дейін көтеруі тиіс.
Кәсіпкерліктің мәні ең алдымен кәсіпкерлік кірісті қамтамасыз ететін
шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инновациялық
компоненттермен анықталады.
Кәсіпкерлік - жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын дербес
шаруашылық қызметтің (коммерциялық немесе өндірістік) негізгі түрі. Ол
капиталистік дамудың өнімі болып табылады. Оның пайда болуы мен
қалыптасуының бірнеше маңызды алғышарттары мен факторлары бар[9]. Олар:
а) азаматтық қоғам мен қүқықтық мемлекеттің пайда болуы;
ә) мемлекет пен қоғамның мүдделерімен келіспеушілікке келуі мүмкін
жеке адамның туғаннан оған берілген оның ажырамайтын құқықтары мен
бостандықтары идеясының қалыптасуы;
б) жеке меншікке деген адамның ажырамайтын құқықтары және соған
байланысты экономикалық еркіндік, экономикалық таңдау еркіндігін қазіргі
мағынасында түсіну идеясының нығаюы;
в) меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық
биліктің саяси биліктен бөлінуі;
г) өмірдің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларға бөлінуі;
д) нарықтық экономиканың пайда болуы.
Ал, кәсіпкерлікке тән негізгі белгілер мыналар:
1. пайда табу
2. экономикалық еркіндік
3. кәсіпкерліктің жаңашылдық сипаты
Кәсіпкер және бизнесмен ұғымдары синонимдес ұғымдар. Бұлар, шынында да,
туыстас категориялар болып табылады.
Бизнес - бұл табиғи игіліктерге қол жеткізуге немесе тауар алу және
сатуға, сондай-ақ мүдделі жақтардың өзара пайдасына қарай тауарға, басқа да
қызмет түріне немесе ақшаға айырбастау негізінде қызмет көрсету жүзеге
асырылатын жеке адамдар, кәсіпорындар, сонымен бірге, белгілі бір ұйымдар
атқаратын экономикалық қызмет.
Кәсіпкерліктің өмір сүру, әрекет ету ортасы рынок болып табылады.
Рынок және нарықтық экономика өзара тығыз байланысты ұғымдар.
Рынок пен кәсіпкерлік бір-бірінен ажыратуға болмайтын категориялар. Ал
нарықтық экономиканың ең қысқа да нұсқа анықтамасы еркін кәсіпкерлік
экономикасы.
Рынок - бұл тауар өндірісінің өз заңдары, өз категориялары бар
міндетті компоненті. Оған өндіріс және айырбас саласындағы тауар мен қызмет
түрлерін тарататын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы немесе
сатушылар мен сатып алушылардың қатынасқа түсіп, бизнес жасауына тікелей
қызмет етуші тетік деген анықтама беруге болады. Айырбас - бөлістен түскен
өз тиесілі үлесін айырбастауға ынталы адамға өзі қалаған белгілі бір өнімді
жеткізу болып табылады. Өндіріс пен айырбас кез келген қоғамдық құрылыстың
негізін құрайды. Айырбас - рыноктың негізгі өзегі. Өндіріс -табиғи
материалды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты түрде
қайта өңдеп, қайта қүру үрдісі.
Нарьқ - өндірушілер-сатушылар және тұтынушылар сатып алушылардың
сату, сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауар және қызмет түрі айырбасы
үрдісіндегі өзара қатынастарының жиынтығы.
Шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық ілгерілеудің ең
маңызды факторы болып табылатын бәсекенің артуына әкеледі. Бәсекені
кәсіпкерліктегі маңызды мәселе ретінде қарауға болады. Бәсеке - өндіріс пен
өнімді таратуда ең жоғары дәрежелі экономикалық тиімді жағдайлар үшін тауар
өндірушілер арасындағы өзара жарыс.
Кәсіпкерлерді бірқатар критерийлер бойынша жіктеуге болады:
- қызметі мен табысының көлеміне қарай;
- қалаптасудың әлеуметтік негізі мен бизнеске келудің себептеріне,
кәсіпкерлікке негіз болған бастапқы қорларына қарай;
- экономикалық жүйеде атқаратын қызметіне қарай;
- экономикалық және саяси мақсаты мен мүддесіне қарай;
Бірінші өлшем бойынша кәсіпкерлерлік - ірі, орта және шағын деп
жіктеледі. Кейде шағын мен ортаны біріктіріп те қарастырады.
Кәсіпкерлердің бір тобы кәсіптерін өз күштерімен, яғни жалдамалы
еңбекті пайдаланбай жүзеге асыруда. Кәсіпкерліктің бұл түрі жеке яғни
отбасы мүшелерінің күшіне сүйенеді. Олар өндірістік, нарықтық және есеп-
қаржылық қызметтерді өздері жүзеге асырады.
Ал дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің тарихына көз жүгіртсек, шағын
бизнес нарықтық экономикаға демократиялық және адамгершілік мазмұн
беретінін көреміз.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға
болады.[10] Сонымен кәсіпкерліктің қалыптасуының бірінші кезеңі (1986-
1990жж.)
1987 жылдың 1-мамырында Қазақстанда 1986 жылдың 19-қарашасында
Жеке еңбек қызметі туралы КСРО заңы күшіне енгізілгенде жеке
кәсіпкерлікке іс жүзінде рұқсат етілді. Жеке дара еңбек қызметі
туралы Заң жеке кәсіпкерлікті ішінара заңдастырып, осы бағытта алғашқы
қадамдар да жасала бастаған-ды. Аталмыш заң кәсіпкерлікке қатысты түңғыш
заң актісі болды. Оның қабылдануына байланысты Қазақстанда кішігірім
өндірістер мен қызмет көрсету салаларында едәуір көлемде шағын бизнестер
пайда болды.
Алайда, жеке меншік туралы түсініктің қолданылуына рұқсат
етілмейді. Бірақ, соған қарамастан, бүл кезең нарықтық құрылымдар дамуының
бастауы болып табылады.
Екінші кезең 1990 жылдан басталады (1990-1992жж.).
1990 жылдың 11-желтоқсанында Қазақ КСР-дағы шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы заң қабылданды,
бұл шын мәнінде кәсіпкерліктің дамуының негізіне айналды. 1990 жылы
мамырдың 21-інде Қазақ КСР-індегі шаруа қожалығы туралы Заң қабылданды.
Шаруа қожалығы деп ауыл шаруашылығын бірлесе жүргізетін адамдардың
отбасылық еңбек бірлестігі аталды. Шаруа қожалығы ауыл шаруашылығының тең
құқылы өндірістік бірлігі ретінде танылды.
1991жылы сәуір айында КСРО Жоғары Кеңесінің КСРО-дағы азаматтар
кәсіпкерлігінің жалпы негіздері туралы Заңы қабылданды. Осы заң кіріс
алуға немесе жеке пайда табуға бағытталған заңды түлғаның немесе
кәсіпорынның өз атына және өз жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын
азаматтардың бастамашыл, дербес қызметіне қолдау жасады.
1991жылдың 21 маусымында қабылданған Қазақ КСР-інің Шаруашылық
серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы Заңында шаруашылық
серіктестіктерінің мынадай түрлері қарастырылды:
- толық серіктестіктер;
- коммандитті серіктестіктер;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
- қосымша жауапкершілікті серіктестіктер;
- акционерлік қоғамдар.
1991 жылдың ортасынан бастап жеке меншік заңдастырылғаннан кейін
Қазақстан бизнесі қарқынды дами бастады. 1991жылдың 1-шілдесінде КСРО
Жоғарғы Кеңесінің мақұлдауымен Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу және
жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы Заң қабылданды.
1991 жылдың аяқ кезіне орай жеке кәсіпкерлікті ресмилендіру
бағытында шешуші Қадамдар жасалды, бұл түбегейлі реформалар жэне
мемлекеттік кэсіпорындарды жаппай жекешелендіру үрдісін жүзеге асыру
ұмтылыстарымен қатар жүрді.
1991 жылдың аяғына келетін осы кезең республиканың тәуелсіз
мемлекет болып қалыптасуымен тұспа-тұс келді. Бүл жағдай нарықтық
экономиканың іргетасын қалаудың бірден-бір негізі ретіндегі мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру үрдісін жандандыру мәселесін алға тартты.
Үшінші кезең 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты
қамтыды. Үшінші кезеңде жаппай жекешелендіру үрдісі жүріп, жеке меншіктің
мәнді құқыққа ие болғанын көруге болады. Біздің қазақстандық жаңа
кәсіпкерлік аяғынан тік түрып, іс жүзіндегі нақты экономикалық және
әлеуметтік күшке айналып, өзінің әлеуметтік міндеттерін орындай бастады.
1992 жылдың 4-шілдесінде Қазақстан Республикасының Жекеше
кәсіпкерлікті қорғау туралы өте маңызды заңы қабылданды.
1992 жылдың бас кезіндегі бағаның босатылуы және экономикалық
реформаның нақты жүзеге аса бастауы кәсіпкерлердің жақын болашақта
қоғамның элеуметтік-экономикалық өмірінің белсенді әрі толық құқылы
субъектілері болуға айқын танытқан кезең болды.
1992 жылы шілде айында қабылданған Жеке кәсіпкерлікті қорғау және
қолдау туралы Заңда жеке кәсіпкерлік үғымына терең түсініктеме беріледі:
жеке кәсіпкерлік ұғымы жеке азаматтардың жеке кәсіпкерлігін де, мемлекеттік
емес заңды түлғалардың жеке кәсіпкерлігін де қамтиды.
1992 жылдың ортасында басталған инфляция, салықтың жоғарылығы,
саяси жэне экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы маңызды отандық өндіріс
бизнесінің мүмкіншіліктерін күрт төмендетіп жіберді.1992-1994 жылдардағы
кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі бірінші екі
мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан экономикасы үшін күрделі
кезеңде іске асырылғанын, соған қарамастан, республикада жеке
кәсіпкерліктің құрылу мен қалыптасу негізінің қалануына мүмкіндік
берді. Олардың нәтижелері бойынша мемлекеттік мүлікті мерзімінен
ұзарта сату, жеке және заңды тұлғаларға несиелік көмек көрсету,
мемлекеттік меншіктің еңбек ұжымдары мүшелерінің меншігіне акциялар түрінде
өтуі үшін, соның ішінде жеңілдік бағалармен сату жолымен жеңілдік
талаптарын жасау енгізілді. Сол кезеңде тауарлық биржалар, бағалы
қағаздардың биржалары,валюталық биржалар, коммерциялық банктер, тұтас-
делдалдық кәсіпорындар, маклерлік институттар, коммерциялық ақпараттық
орталықтар, жарнамалық агенттіктер және басқалары құрыла бастады.
1992-1993 жж. көлемінде жалпы қоғамдық өнім өндірісі - 22%-ға,
ұлттық табыс - 27%-ға, өнеркәсіп өнімдері өндірісі - 28%-ға, халық тұтыну
тауарларын өндіру - 33%-ға төмендеп кеткен.
1994 жылы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
үрдістерін белгілі бір ережелерге бағындырып, мерзімін белгілеген тұтас бір
құжаттар пакеті қабылданды. Кәсіпкерлік негізін қалауда шешуші
фактор - осы жекешелендіру болды.
1995 жылы желтоқсанның 23-інде Жекешелендіру туралы Заң күші бар
Президент Жарлығы шықты.
1996 жылы маусым айының 19-ында Қазақстан
республикасының Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заңы
қабылданды. Осы заңды мынадай үғымдар пайдаланылды: инновациялық
қызмет, шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымы, ойын бизнесі, шоу бизнес,
венчур фирмалары, шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық сараптау
комиссиялары және т.б. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қарқынын арттыру үшін
1997 жылдың ммаусымында-ақ: "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қабылданды; қолданыстағы
заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің, оларды жабудың,
лицензиялау мен патенттеудің тәртібі оңайлатылды; оңайлатылған есептілік
құрылымы жасалды, оның өсуін көтермелеу мақсатында қолданылмайтын
мемлекеттік мүліктің бөлігі шағын кәсіпкерлікке берілді, мемлекеттік
қолдау, соның ішінде қаражаттық қолдау жүйесі ұйымдастырылды.
1997 жылдың 19-маусымындағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы
туралы" заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлер,
өндірістік кооперативтер, шаруашылық серiктестiктері (акционерлік
қоғамдардан басқалары) - қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан
аспайтын және активтерінің орташа жылдық жалпы құны алпыс мың есептік
көрсеткіштерден аспайтын кәсіпорындар жатады.
1998 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы Заңы
қабылданды. Еркін кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы жолындағы
кедергілерді жою мақсатында осы жылға сәуірдің 27-інде Қазақстан
Республикасының Президенті Жеке азаматтар мен заңды түлғалардың
кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қүқықтарын қорғау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2007-2009 жылдарға
арналған кезекті бағдарламасының тиімді түрде іске асырылып жатқанын атап
кету керек. Оның негізгі міндеті - жоғары технологиялық өндірістерді
құруға бағдар алған шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта тапты
қалыптастыруға бағытталған институттық жағдайларды жетілдіру.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік алаңдарды, офистік
жайларды мерзімін ұзартуа сату көзделді;, орнында болғанмен елдің алыс
аудандарында жатқан кәсіпорындарға жеңілдіктер айқындалды және т. б. Бұжан
басқа мәселенің өзектілігіне орай орай 1999 жылдың қазанынан бастап барлық
бақылайтын органдардың тексерулері ҚР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Пайда және оның эволюциясы
Қаржылық институттарға берілетін несиелер
Нарықтық экономикадағы меншік
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны
Меншік қатынастары және оның түрлері
Пәндер