Мемлекеттік тапсырыспен және тапсырыстан тыс шыққан кітаптар



КIРIСПЕ 4

І ТАРАУ. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан
кітаптардың спецификалық ерекшеліктері 9

ІІ ТАРАУ. Мемлекеттік тапсырыстан тыс
шыққан кітаптарға тақырыптық талдау 32

ҚОРЫТЫНДЫ 47

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 50
«Білім» баспасы өткен ғасырдың соңғы он жылдығында, яғни Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған жылдармен тұспа-тұс шаңырақ көтерген баспалардың бірі.
Сол кездегі үкімет басшысы С.Терещенко қол қойған қаулыда бұл баспаның «...Жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындары мен кәсіптік –техникалық білім беретін учищелердің оқушылары мен студенттерге қазіргі оқулықтар мен оқу құралдарын шығаратыны» көрсетілген болатын.
Баспа содан бері өткен уақыт ішінде алуан тақырыпта мыңдаған кітаптар шығарды. Уақыт талабына сай әдепкі бағыт-бағдарына елеулі өзгерістер енгізді. Сөйтіп, соңғы жылдары балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары үшін аса зәру оқу құралдары мен оқулықтар, көркем әдебиет нұсқаларын көп таралыммен басып келеді.
1999 жылдан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналып, мал-мүлкін, отырған орнын жекешелендіріп, өзін-өзі қаржыландырып келеді.
Баспа еліміздің Қорғаныс министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырыстарын орындап жүр.
Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жыл сайын өткізіп жүрген тендер нәтижесінде еліміздің әйгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдары, ақын-жазушылары мен саңлақ спортшылары, өнер адамдары жөніндегі жылма-жыл басылып жүрген сериялы естелік кітаптары қалың оқырманның іздеп оқитын таңсық басылымдарына айналды.
Осы сериямен шыққан «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер», «Ғабит Мүсірепов туралы естеліктер», «Жұмабай Тәшенов туралы естеліктер», «Құрманбек Жандарбек туралы естеліктер», «Әлкей Марғұлан туралы естеліктер», «Өтебай Тұрманжанов туралы естеліктер», «Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер», «Ғабиден Мұстафин туралы естеліктер», «Күләш Бәйсейітова туралы естеліктер», «Қанабек Бәйсейітов туралы естеліктер», «Қалибек Бекхожин туралы естеліктер», күш атасы «Қажымұқан Мұңайтпасов туралы естеліктер», қазақ балалар әдебиетінің классигі «Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер» атты кітаптарды бөлекше атауымызға болады.
Сондай-ақ, «Қазақстанның әскери энциклопедиясы» атты тұңғыш рет екі тілде шыққан төрт томдық пен төл әдебиетіміздің білгірі, академик Серік Қирабаевтың жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» оқулығы, жоғары оқу орындары мен орта мектептердің «Қазақ тілі» оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі, әйгілі тіл маманы Мәулен Балақаев пен Талғат Сайрамбаевтың қайта-қайта басылып жүрген «Қазақ тілі» оқулығы, белгілі жазушы Өтебай Тұрманжановтың өзі жинап, алғы сөзін жазып, оқырманға қалдырған «Қазақтың мақал-мәтелдері» кітабы, Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант, профессор Керейхан Аманжолов шығарған «Қазақстанның әскери тарихы» оқулығы, ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі Нұртас Оңдасыновтың «Қазақша-парсыша түсіндірме сөздігі», жоғары оқу орындары үшін қазақ тілінде тұңғыш жарияланған «Акушерия», «Ветеринариялық гигиена», «Ветеринариялық вирусология», Әділ Тұрғынбаевтың «Социология», «Философия», «Логика», «Қазіргі жаратылыстану концепциясы» оқулықтары, Ж.Нығметтің «Қазақ тілі хрестоматиясы», «Медицина техникасы», А.Ыбыраевтың «Инженерлік графика», «Жануарлар физиологиясы», Е.Керімбековтың «Тәнтану» оқулықтары мен бүлдіршіндерге арналып, әсем безендірілген «Балдәурен», «Төрт түлік» жинақтары көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдар болды.
1. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1998 жыл.,26 маусым; 2003 ж., 18 сәуір. 2003ж., 28 маусым
2. «Ғарифолла Құрманғалиев туралы естеліктер» «Білім» 2009ж
3. Сейілбек Шаухаманов. «Алтын алма, ақыл ал»., «Білім» 2009 ж.
4. Омар Һайам. «Наурызнама» кітабы. Құр. Исраил Сапарбай. «Білім» 2009 ж.
5. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла «Қазақ журналистикасының тарихы»., «Білім». 2009 ж.
6. «Қалибек Хакім туралы естеліктер» Алматы. «Білім» 2009 ж.
7. «Дінтану негіздері». Ғарифолла Есім. «Білім».
8. Меруерт Курмангалиева «Великий венец эпохи». «Білім» 2005 г.
9. «Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін» аударып, құрастырған: Нұрқасым Қазыбекұлы. Алматы. «Білім»
10. «Әнім сен едің» кітабы. Құрастырушысы: Қ.Байдәулетова. «Білім» 2009 ж.
11. Сейілбек Шаухаманов. «Алтын алма, ақыл ал»., «Білім» 2009 ж.
12. Жұмажанова Төкен «Әдебиетті оқыту әдістемесі»., «Білім» 2009
13. Бөрібай Кәртен «Ғарифолла сал», «М-Талант», Алматы, 1998 ж
14. Байнбридже Маргарет. «Дүниежүзілік түркілер»., Стамбул.–1995 ж.
15. Янушкеевич Адольф. Күнделіктер мен хаттар. – А-А.– 1979.
16. Дрейер Джунна Теуфиль. Қытайдағы қытай емес қырық миллион:ҚХР-дағы аз ұлттар және ұлтаралық интеграция. – Кембридж. – Кембридж университетінің баспасөзі. – 1976 ж.

17. Хостлер Ч.У. Туркизм және кеңестер. – Лондон. – 1957 ж.
18. Қанат Өмір «Идентификациялану және ұлттану: Қытайдың Кіндік Азиядағы мәселелеріне түсініктеме». –1986
19. Матущак П.Ф. Вся жизнь – борьба. –Алматы: Білім.2009 г.
20. «Қызыл жыршы». Құрастырып, алғысөзін жазған Абдулла Жұмашев. Алматы: Білім. 2009 г.
21. «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» – Алматы: «Білім» баспасы, 2009.
22. «Қазақстан тарихы сабақтарында қолданылатын кестелер мен графикалық сызбалар». Құрастырған: Ешмағамбетов Б. Алматы: Білім.2009 ж
23. «Қазақтың арғы атасы: номадтар, сақтар, ғұндар, түркілер, және қазақтар» (Қазақстан тарихына бейресми көзқарас). Авторы: Жалбағаев Елторы Жұмакелдіұлы. Алматы: Білім.2009 ж
24. «Даңқ тұғырында: Деректі хикаяттар» Авторы: Найманбаев Қ. Алматы: Білім.2009 ж

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
титул

ГЛОССАРИЙ

Кітап – белгілі бір әдіспен мәтін немесе сурет, бейне түсірілген
қағаз, пергамен немеме басқа да беттік материал, бір жағынан бекітілген
және мұқабамен қапталған.

Қалыптау (версткалау) – баспа ісінде немесе полиграфияда – мәтіндік
және графикалық элементтерді біріктіру арқылы беттердің пішіндеу процесі.

Корректура – авторлық тұпнұсқамен қатар терілген оттискілердегі
қателерді түзеті процесінің жиынтығы.

Баспа ісі –баспа өнімдерінің сан түрін дайындау, жасау, бұқаралық
түрде тарату жұмысын атқаратын адамзат іс-әрекетінің бір түрі, экономиканың
саласы.

Редакция – бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесіндегі ұйымдардың
әкімшілік бірлігі.

Баспагер – баспа өнімдерін немесе бұқаралық ақпарат құралдарының
өнімдерін шығару өндірісін қаржылық-техникалық қамтамасыз ететін құқықтық
немесе физикалық тұлға. Баспагер деп баспахана иесін де атайды.

Редактор – басылымның дайындалуын қадағалайтын, оның мазмұны мен
бағытын сомдайтын маман.

Дизайнер – көркемдеу, бейнелеу жұмысының бір саласында көркем-
техникалық қызмет атқаратын адам.

Оқырман – кітап, газет-журнал және басқа да баспа өнімін оқитын адам.

Сұраныс – экономикада берілген бағамен сатып алушылардың қалаған тауар
саны.

Мазмұны

Кiрiспе
4

І ТАРАУ. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан

кітаптардың спецификалық ерекшеліктері
9

ІІ ТАРАУ. Мемлекеттік тапсырыстан тыс

шыққан кітаптарға тақырыптық талдау
32

Қорытынды
47

Сілтемелер тізімі
49

Пайдаланылған әдебиеттер 50

Кіріспе

Білім баспасы өткен ғасырдың соңғы он жылдығында, яғни Қазақстан
өзінің тәуелсіздігін жариялаған жылдармен тұспа-тұс шаңырақ көтерген
баспалардың бірі.

Сол кездегі үкімет басшысы С.Терещенко қол қойған қаулыда бұл баспаның
...Жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындары мен кәсіптік –техникалық
білім беретін учищелердің оқушылары мен студенттерге қазіргі оқулықтар мен
оқу құралдарын шығаратыны көрсетілген болатын.

Баспа содан бері өткен уақыт ішінде алуан тақырыпта мыңдаған кітаптар
шығарды. Уақыт талабына сай әдепкі бағыт-бағдарына елеулі өзгерістер
енгізді. Сөйтіп, соңғы жылдары балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары
үшін аса зәру оқу құралдары мен оқулықтар, көркем әдебиет нұсқаларын көп
таралыммен басып келеді.

1999 жылдан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналып, мал-
мүлкін, отырған орнын жекешелендіріп, өзін-өзі қаржыландырып келеді.

Баспа еліміздің Қорғаныс министрлігінің, Білім және ғылым
министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінің мемлекеттік тапсырыстарын орындап жүр.

Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жыл сайын өткізіп жүрген
тендер нәтижесінде еліміздің әйгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдары, ақын-
жазушылары мен саңлақ спортшылары, өнер адамдары жөніндегі жылма-жыл
басылып жүрген сериялы естелік кітаптары қалың оқырманның іздеп оқитын
таңсық басылымдарына айналды.

Осы сериямен шыққан Мұхтар Әуезов туралы естеліктер, Ғабит
Мүсірепов туралы естеліктер, Жұмабай Тәшенов туралы естеліктер,
Құрманбек Жандарбек туралы естеліктер, Әлкей Марғұлан туралы
естеліктер, Өтебай Тұрманжанов туралы естеліктер, Нұртас Оңдасынов
туралы естеліктер, Ғабиден Мұстафин туралы естеліктер, Күләш
Бәйсейітова туралы естеліктер, Қанабек Бәйсейітов туралы естеліктер,
Қалибек Бекхожин туралы естеліктер, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов
туралы естеліктер, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
туралы естеліктер атты кітаптарды бөлекше атауымызға болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның әскери энциклопедиясы атты тұңғыш рет екі
тілде шыққан төрт томдық пен төл әдебиетіміздің білгірі, академик Серік
Қирабаевтың жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Кеңес
дәуіріндегі қазақ әдебиеті оқулығы, жоғары оқу орындары мен орта
мектептердің Қазақ тілі оқулықтарының тұңғыш авторларының бірі, әйгілі
тіл маманы Мәулен Балақаев пен Талғат Сайрамбаевтың қайта-қайта басылып
жүрген Қазақ тілі оқулығы, белгілі жазушы Өтебай Тұрманжановтың өзі
жинап, алғы сөзін жазып, оқырманға қалдырған Қазақтың мақал-мәтелдері
кітабы, Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант, профессор
Керейхан Аманжолов шығарған Қазақстанның әскери тарихы оқулығы,
ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі Нұртас Оңдасыновтың Қазақша-парсыша
түсіндірме сөздігі, жоғары оқу орындары үшін қазақ тілінде тұңғыш
жарияланған Акушерия, Ветеринариялық гигиена, Ветеринариялық
вирусология, Әділ Тұрғынбаевтың Социология, Философия, Логика,
Қазіргі жаратылыстану концепциясы оқулықтары, Ж.Нығметтің Қазақ тілі
хрестоматиясы, Медицина техникасы, А.Ыбыраевтың Инженерлік графика,
Жануарлар физиологиясы, Е.Керімбековтың Тәнтану оқулықтары мен
бүлдіршіндерге арналып, әсем безендірілген Балдәурен, Төрт түлік
жинақтары көпшіліктің көңілінен шыққан басылымдар болды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әсіресе соңғы жылдары
жауынгерлер мен офицерлерге, әскери оқу орындарында білім алып жатқан жас
азаматтарға арналған кітаптар мен оқулықтарды оқу құралдарын қазақ тілінде
Білім баспасында шығаруды жиі әдетке айналдырған.

Саптық әмірлер, рапорттар, әскерилердің қарым-қатынас сөздері деп
аталатын кітап та тұңғыш осы баспадан жарық көрді. Жүз жылға жуық уақыт
бойы тек орыс тілінде тыныстап, тіршілік еткен егемен еліміздің әскери
азаматтарының тілін сындырып, бұдан былай тек ұлтымыздың өз тілінде
сөйлесіп, қызмет істеп, борышын атқаратын әскерилердің тіл ұстартып,
мемлекеттік тілді тез, әрі дұрыс игеруіне мұрындық болатын кітап әлденеше
рет қайта басылды.

Баспа жоғары оқу орындарының студенттерін зәру оқулықтармен, оқу
құралдарымен және болашақ мамандардың жан-жақты білімді, тәрбиелі, ұлттық
діңгегі берік азамат болып қалыптасуына септігін тигізетін алуан
тақырыптағы кітаптарды көп таралыммен жариялап, жастардың сұранысын
қанағаттандырып жүр.

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған
Портрет человека и политика атты кітап (авторы Ольга Видова),
Түрікменстанның президенті Сапармұрат Ниязовтың Рухнама деген кітабы,
Дейл Карнегидің Жақсылыққа апарар жол қайда? дегене атпен қазақ тілінде
шыққан кітабы жастарға мол тағылым беретін құнды кітаптар. Сондай-ақ, ел
президенті Н.Ә.Назарбаевтың үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар
басылған Қазақстан 2030 атты әр азаматтың қойын кітапшасына айналған
кітаптарын баспа орынды мақтан етеді. Баспа балалар мен жастарға арналған
әдебиет үлгілерін де жиі жариялайды. Олардың қатарында Ғафу Қайырбековтың
екі томдық өлеңдер жинағын, Дүкенбай Досжановтың он үш томдық шығармалар
жинағын, Образцы казахской народной литературы атты оқу құралын, Мұхтар
Шахановтың Жаңа қазақтарын, Фариза Оңғарсынованың Мен саған ғашық емес
ем өлеңдер жинағын, профессор Айтжан Тоқтағанның жинап, құрастыруымен
басылған әйгілі Құрманғазының 75 күй жинағын, нотаға жазып, еліміздің жас
домбырашыларының орындалуында түгел дискіге жазылған аса құнды Тәттімбет
және Арқа күйлері атты танымдық мәні зор кітаптарды атауға болады. Сондай-
ақ, баспа жыл сайын студенттердің өз туындыларын да жеке кітап етіп
шығаруды дәстүрге айналдырған. Мәселен, Талаптың мініп тұлпарын, Дүниеге
келер әлі талай Қасым, Сен де бір кірпіш дүниеге, Өлеңге әркімнің-ақ
бар таласы, Жетелейді бір арман, Үркер, т.б. атпен шығып жатқан
студент жастар шығармаларының жинақтары осы сөзіміздің дәлелі.

Балауса буынға тіл үйрету, әсіресе ана тіліміздің тұнығымен семіріп,
тұңғиығына бойлай алатын алғыр ұрпақ болса, деген үмітпен әр жылдары
ұсынып келген Сариеваның Қазақ тілі, В.Фрелихтың Ең сенімді серігің
және Полиглоттар тәрізді алуан тілдер тереңіне жетелейтін тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиетін кітаптар да оқырманның көп жылдан бергі серігіне
айналып отыр.

Айтпай өтуге болмайтын тағы бір жайт – баспаны соңғы төрт-бес жылдан
бері мектеп оқулықтарын шығаруға белсене ат салысуы. Мысалы,
республикамыздың қазақ мектептері үшін негізгі оқулық болып саналатын
елімізге аттары жақсы таныс белгілі ғалым-педагогтар Социалистік Еңбек ері
Рафиқа Бекенқызы Нұртазина, ғылым докторлары Клара Хамитқызы Жаданова,
Эленора Дүйсенқызы Сүлейменова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
әдіскер-ұстаз Зүбаржат Боранбаева сынды т.б. әйгілі мамандар жазған
Литературное чтение, Литература сияқты оқулықтар мен 5-9 сынып
оқушыларына арналған оқу құралдарын, оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде
жүретін мектептерге арналған Қазақ әдебиеті оқулықтары мен олардың
Хрестоматиялары, Дінтану, Религиоведение сияқты оқулықтар да осы
баспадан шығып жүр.

Латын, араб, қазақ, орыс әліпбиін өз бетінше үйренемін деушілерге
арналып, төрт алфавитпен қатар басылған Әмбебап Әліппе кітабының Білім
баспасында жарық көргені де қуантарлық жағдай. Баспа шаңырақ көтерген он
бес жылдай уақыт аралығында баспада еңбек етіп, білімі мен мол
тәжірибесінің арқасында айрықша көзге түскен мына редакторлар мен басқа да
мамандардың есімдерін ерекше атап өту орынды. Олар: Е.Сыздықов,
Ы.Кененбаев, Қ.Байділдәұлы, Э.Дельцова, С.Асылбеков, Ж.Қайранбаев,
Т.Веровочкина, А.Ващенко, Ғ.Жандыбаев, А.Естен, Ж.Оспанова, М.Түменбаев,
Д.Жабаева, М.Шведов, Б.Оразалинова, Р.Әкімбекова, Р.Жарипова, А.Арсламова
сияқты мамандар.

Баспа елімізде, шет елдерде өткізіліп жүрген көптеген көрме-
жәрмеңкелерге ұдайы қатысып, медальдармен марапатталып жүр.

1999 жылы жекешелендіріліп, жауапкершілігі шектеулі серіктесттікке
айналғалы бері баспаны оның байырғы директоры, ардагер баспагер Жарылқасын
Нұсқабайұлы үздіксіз басқарып келеді. Баспа әлеуметтік маңызы зор әдебиет
түрлерін және жыл сайын сапалы, әрі оқырман талабына сай, әсем безендіріп
жүргені жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан
Республикасы Министрлер кабинетінің, Мәдениет ақпарат және спорт
министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Баспа
директоры Жарылқасын Нұсқабайұлына Қазақстан баспа және полиграфия ісінің
қайраткері, Оқу ісінің үздігі, Отырар ауданының құрметті азаматы
құрметті атақтары берілді.

Бітіру жұмысымның негізгі нысанасы. 2009 жылы Білім баспасынан
шыққан кітаптарды талдау, оларға редакторлық қорытулар жасау жұмыстың
негізгі арқауы. Сол жылы Білім баспасынан шыққан кітаптардың
ерекшеліктері мен мән-маңызы былай жіктелді:

• мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптардың тақырыптық ерекшелігі
мен қоғамдағы мән-мағынасын саралап көрсету;
• редакторлық процесс кезіндегі негізгі қағидалар мен әдістерді
саралап көрсету;
• бүгінде көрініс тауып жатқан жаңа әдістер мен тәсілдерге талдау
жасау;
• мемлекеттік тапсырыстан тыс шыққан кітаптардың спецификалық
ерекшеліктері;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: 2009 жылы Білім баспасынан жарық
көрген кітаптарға редакторлық қорытулар жасауды мақсат еттім. Себебі, 2009
жылдың маусым айынан бастап мен осы баспада редактор қызметін атқардым. Сол
уақыттан бастап осы баспадан шыққан кітаптарға деген қызығушылығым арта
түсті. Осы мақсатта:

• Өзім редактор болған тұстағы мен кездескен редакторлық түйіндер мен
керағар пікірлерді көрсету;
• Жеке кәсіптік сипатқа айналған баспалардың бүгінгі бейнесі мен негізгі
жұмысын анықтау;
• Баспадан шығарылатын өнімнің тарылымы мен қалың оқырманға жеткізілуін
қадағалау ісін талдау;
• Өзге де мүмкін тың тәсілдерді анықтау көзделді;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Білім баспасынан соңғы 4-5 жылда, әсіресе 2009 жылы шыққан
кітаптарға тақырыптық талдау жасауға тырыстым. 2009 жылы жарық көрген
кітаптарды жіктеп, олардың қандай оқырманға арналғандығын анықтауды
көздедім. Соңғы кездері орын алып бара жатқан кітапты тауар ретінде
қарастырып келе жатқан кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшін тұстарына
тоқталдым. Сондай-ақ кітап тарату ісінің жалпы әдістері мен технологиясы
турасында басы бүтін ғылыми зерттеу жұмысының жоқтығына көз жеткізе отырып,
осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, ізденістер жүргізіп, ғылыми
айналымға енгізуге тырыстым.

Зерттеудің тәсілдік негіздері. Бітіру жұмысында теориялық талдау,
салыстырмалы – сараптамалық баға беру мен ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәледеу
әдістері қолданылады. Кітап сату ісіндегі жаңа әдістерінің бұрынғы
зертеулер мен ақпаратты беру тәсілдерінің ертеден белгілі теориялық-
танымдық тұжырымдамаларға сәйкестігі салыстырмалы түрде анықталды.

Зерттеудің негізгі нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР ҰҒА-ның
кітапханасы мен бүкіл әлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме
жасадық. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар жайында жазылған баспасөздер мен
ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі 2
тараудан, қорытынды, сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І ТАРАУ. Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптардың спецификалық
ерекшеліктері

Білім баспасы бүгінгі күні нарық талабына сай өзге баспалар сияқты
мемлекеттік тапсырыстан тыс кітаптар шығарып отырған баспалар қатарында.
Баспа алғаш ашылған кезден бастап-ақ, жоғары және арнаулы білім беретін
оқу орындары мен кәсіптік–техникалық білім беретін колледждердің оқушылары
мен студенттерін оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз ететені баспа
болып негізделген. Баспа содан бері өткен уақыт ішінде алуан тақырыпта
мыңдаған кітаптар шығарды. Уақыт талабына сай әдепкі бағыт-бағдарына елеулі
өзгерістер енгізді. Сөйтіп, соңғы жылдары балабақша бүлдіршіндері мен
мектеп оқушылары үшін аса зәру оқу құралдары мен оқулықтар, көркем әдебиет
нұсқаларын көп таралыммен басып келеді. Білім баспасы әр түрлі
сериялармен кітаптар шығару үстінде. Мәселен, Сіз күткен кітап, Елеулі
адамдар өмірінен, Әдеби мемуарлар серияларымен көптеген кітаптар
баспадан шығарылып, оқырман назарына ұсынылды. Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігі жыл сайын өткізіп жүрген тендер нәтижесінде еліміздің
әйгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдары, ақын-жазушылары мен саңлақ
спортшылары, өнер адамдары жөніндегі жылма-жыл басылып жүрген сериялы
естелік кітаптары қалың оқырманның іздеп оқитын таңсық басылымдарына
айналды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша басылған кітаптар туралы. Елімізде кітап
шығарумен көп жылдардан бері шұғылданып, қалың оқырман қауымға танымал
болған байырғы баспалардың қатарында Қазақстан, Жазушы, Өнер,
Білім, Жалын, Қайнар, Балауса, Ана тілі, Санат баспалары мен
оқулықтар шығарумен ғана айналысатын Атамұра, Мектеп баспаларын бөлекше
айтуға болады. Аталған баспалардан бөлек еліміз егемендік алғаннан бергі
кезеңде ашылып, жұмыс істеп жүрген баспалар да аз емес. Солардың ішінен бұл
күнде бұғанасы бекіп, жалы күдірейе бастағандары көп. Мысалға, Алматы
кітап, Қазығұрт, Арыс, Олжас, Кітап, Экономик С, Раритет
сияқты ондаған жаңа баспаларды айтуымызға болады.

Бұл баспаларды түгелдеп, тізіп отырған себебіміз — жыл сайын өтетін
үлкен дода — Әлеуметтік маңызы зор кітап бөлісіне түсетін тендерге білек
сыбанып қатысып, баспалардың несібесіне ортақтасып қана қоймай, соңғы
жылдары тіпті, ақсақал баспаларды мемлекеттің қаржысы бөліске түсетін
ортадан ығыстыра бастағандары да байқалып жүр. Әңгімеміз мемлекеттік
тапсырыс бойынша басылатын кітаптар туралы болғандықтан еліміздегі
баспалардың арқасында белең ала бастаған әлгіндей келеңсіздіктерді айтпай,
елемегендей болып өте бергіміз келмеді. Себебі, мемлекет қаржысымен шығатын
кітаптар үшін тайталас кезінде тендер шарттары бұзылып, тендердің заңға
сәйкес өткізілмегені үшін олардың кейбірін қайта өткізуге тура келгенін
естіп те, көріп те жүрміз.

Мәселен биыл сәуір айының 6-сы күні өтеді деп жарияланған тендер өтпей
қалып, сәуірдің 16-күні бұрын алдын ала жарияланбаған мүлдем жаңа тізім
тендерге аяқ астынан түсе қалғаны және бұл тендер кезінде заңсыздыққа жол
берілгені анықталды.

Енді Әлеуметтік маңызы зор әдебиеттер іріктеуге арналған тендер
шілде айында өтетіні жарияланды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болар еді?
Енді соған тоқталайық. Біз сөз етіп отырған 2009 жылдың мемлекеттік
тапсырыспен шығатын кітаптарын айқындайтын былтырғы тендер де өлдім-талдым
дегенде жаз кезінде өткізілгені мәлім. Яғни, баспалардың өзіне сеніп
тапсырылған маңызды басылымдарды сапалы, әрі белгіленген мерзімде шығарып,
жер-жерге жеткізуіне берілетін бір жылдың тең жартысы тендерді күтумен зая
кетіп жүр.

Асыққан үйрек артымен сүңгиді дегендей баспалар алас-қапаста сапасы
төмен кітаптар шығарып жататынының бір себебі міне, осында. Мемлекеттік
тапсырыс бойынша шығаратын кітаптар туралы айтып отырғандықтан мектеп
оқулықтарының жайын да айтпай кетуге болмас, мысалы, еліміздің мектептері
қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылында қандай оқулықтар бойынша оқып, білім
алатынын белгілеп беретін биылғы бұйрықтың қосымшасы (қосымша деген аты
болмаса, министр қол қойған негізгі тізімнен бірде кем емес) үстіміздегі
айдың алғашқы аптасында ғана белгілі болды. Демек, аталған оқулықтарды
баспаханаға тез арада әзірлеп тапсырып, кеңбайтақ еліміздің түкпір-
түкпіріндегі мектептерге жеткізіп беруге не бары 2,5 ай ғана қалып отыр.
Әне, қате қайдан шығады? Сосын Бала неге сауатсыз? деген сұраққа жауап
іздеп, әркімнің жағасына бір жармасып әлек боламыз...

Екіншіден, менің ойымша, ерекше айта кететін тағы бір мәселе бар. Ол
— мемлекет қаржысымен шығатын кітаптардың дені баспалардың ұсынысы емес,
министрлік арқылы қосылатын қойыртпақ кітаптар. Біз дипломдық жұмысымыздың
тақырыбы етіп алған Білім баспасының 2009 жылғы тендер арқылы алған
кітаптарының қатарында С.Шаухаманов туралы естеліктер деген атпен түскен
де қолжазба болды. Бақсам — бақа екен демекші, мен өзім редактор болған
соң айтып отырмын, кітаптың авторы тірі С.Шаухаманов деген кісі болып
шықты. Өз замандастары туралы жазған екен, ал тендерден қате кеткен. Сондай-
ақ Марат Оспанов туралы естеліктер деп бекіп келген кітаптың орнына
М.Оспановтың өзі көзі тірісінде жазған қолжазбасы келді. Баспа
қызметкерлері бармақтарын тістеп, бастарын шайқап отырып, басуға бел
байлады. Өйткені, бұл кемшіліктің себеп-салдарын іздеп жатуға уақыт
қалмаған еді... Енді Білім баспасынан 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен
шыққан өзге де кітаптарды шығару барысында кездескен қиындықтар мен
кемшіліктер жайын сөз етейік.

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат
және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша 2009 жылы Білім баспасынан
мемлекеттік тапсырыс бойынша Қалибек Хакім туралы естеліктер (Азаттық
аңсап, Гималай асқан көш) жарық көрді. Редакторы өзім, яғни Шамсуидин
Айжан болдым. Алғашқы рет Қалибек Хакім сияқты ұлы тұлғаның кітабына
редактор болғандықтан, мен өз жұмысыма асқан сауаттылықпен қарап, бар
зейінімді салдым. Алдымен Қалибек Хакім жайында бірер ауыз таныстырып,
содан кейін жұмыс барысында кездескен қиыншылықтар мен қарама-қайшы
тұстарға тоқталармын.

Қалибек Райымбекұлы 1908 жылы Қытай Халық Республикасы, Шыңжаңның
Тарбағатай аймағы, Майлы Жайыр өңірінде дүниеге келген. 1933 жылы Шығыс
Түркістан құпия ұйымын құруға қатысқан. 1940-1946 жылдары Манас-Сауан аудан
халқының ұлт-азаттық көтерілісіне басшылық етті. Арнайы жасақ құрып, Сауан
ауданын азат етті. 1946 жылы аудан әкімі болып тағайындалды. Сол жылы Шығыс
Түркістан үкіметі Халық қаһарманы атағын берді. Бір жылдан кейін Шығыс
Түркістан үкіметі коммунистердің қуыршағы екендігіне көзі жеткен Қалибек
оған бағынудан бас тартты. 1947 жылы Сауан халқын бастап, Қаратау-Көклікке
қарай көшті. Осы жылы қазан айында 600 адамдық 8-ші қазақ атты әскер полкін
құрды. Бірақ Кеңес Одағының көмегіне иек артқан Шығыс Түркістан үкімет
әскеріне төтеп бере алмай, Қаратауға қарай шегінді, осы жерде ұйғырлар мен
дүнгендер генералдарымен, Үрімжідегі АҚШ консулы Пакістонмен және Алтайдағы
Оспан батырмен байланыс орнатты. 1951 жылы бірінші ақпанда Қытай
коммунистерінің тұтқиыл шабуылынан шегінген ол елін бастап, Такламакан
шөлін кесіп өтіп, Тибет пен Гималай арқылы 1952 жылдың аяғында Үндістанның
Кашмир аймағына келеді. Осындағы АҚШ елшілігі арқылы БҰҰ-мен байланыс
орнатып, Түркияға баруға рұқсат алған соң, 200 түтіннен қалған 124 адамды
1954 жылы 29 шілдеде Стамбул қаласына бастап барады. Түрік мемлекетінде де
Қазақ ұлтының мүддесіне қатысты көптеген мәселелерге араласты. 1985 жылы 16-
қарашада Түркияның Салихлы қаласында дүниеден өтті [1].

Қалибек Хакім Райымбекұлы – қазақ елінің соңғы үш жүз жылдық тарихында
ұлтының азаттығы үшін үздіксіз жүрген күресті жалғастырушылардың бірі.

Қалибек Хакім Райымбекұлының туғанына 100 жылдығының Қазақстан
Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ресми
аталып өтілуі – кешегі Ресей империясымен отыз жыл аттан түспей күрескен
қазақтың соңғы ханы Кенесарыға, Шығыс Түркістанда коммунизммен күресіп,
шейіт болған, Оспан батырға, біртұтас қазақ елінің басын біріктіреміз деп
аласұрған Алаш көсемдеріне деген тағзымның жалғасы. Қалибек Хакімнің елі
мен жерін отаршылдардан қорғау үшін сан рет соғыса отырып, соңынан ерген
жұртын бастап Такламакан шөлінен өтіп, Гималай шыңынан асудағы басты
мақсаты – бодандық ноқтасына басын кигізбеу үшін күресі еді. Сол ауыр жолда
азап көрген, ыс тиіп арманда кеткен боздақтарды еске алып отыру – бүгінгі
қазақ елінің борышы деп білем.

Қалибек Хакім туралы естеліктер деп аталатын бұл жинаққа тарихшы
ғалымдар мен ұлы Хасан Оралтайдың естеліктері еніп отыр. Кітап көпшілік
оқырман қауымға арналған.

Қалибек Хакімнің алашшыл күресін жалғастырушы ұлы Хасан Оралтай бұл
күнде исі қазаққа белгілі тұлға, қоғам қайраткері, Халықаралық Журналистер
Одағының мүшесі, қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, Азаттық радиосының
қазақ бөлімінің директоры болды. Алаш көсемдерінің ісін жалғастыра білді.
Хасан Оралтай Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері (1995 жыл),
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университетінің құрметті профессоры (2008 жыл)[2].

Хасан Оралтай шет елде жүрсе де, күні бүгінге дейін қазақ баспасөзін
жіті қадағалап, Алаш жұртының намысы үшін өз пікірін мақалалары арқылы
білдіріп тұрады. Ұлт-азаттық күрестің қайраткері Қалибек Хакім
Райымбекұлының 100 жылдық мерейтойына Германиядан, Түркиядан Қытай және
Монғолия мен Өзбекстан елдерінен көптеген қонақтар қатысты. Осы ғылыми-
теориялық конференцияға аранайы өкілін жіберген ҚР Мәдениет және ақпарат
министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаның құттықтау хаты оқылды. Қазақстан
тарихшылары қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелді, халық
жазушысы Қабдеш Жұмаділ, тарихшы-ғалымдар Зардықан Қиянатұлы, Нәбижан
Мұхаметханұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының орынбасары Сұлтанәлі Балғабай, Жалын
журналының бас редакторы, белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, академик
Тұрсынбек Кәкішов, академик Рымғали Нұрғали, Отырар кітапханасының
директоры Тұрсын Жұртбай баяндамалар жасады. Қалибек Хакімнің 100 жылдығын
атап өту туралы пікірді жан-тәнімен қолдаған Қазақстан Парламентінің
депутаты Бекболат Тілеухан бастаған азаматтар қазақ ұлтының бүгінгі жоқшысы
екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза да депутаттық сауалды қолдай
отырып, Қалибек Хакім Райымбекұлының 100 жылдық мерейтойын республика
деңгейінде атап өтуге, халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуге
қол ұшын берді.

Мен редакторлық еткен бұл кітапқа халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияда жасалған қазақ, түрік, орыс тілдеріндегі баяндамалар, Қалибек
Хакімнің өмірі мен қызметі жайлы естеліктер, талдау мақалалар, атақты
батыр туралы жазылған жыр-дастандар, өмір тарихына байланысты деректер
енгізілді. Кітап құрастырушысы Әбілбашар Ілиясұлы Түркия мемлекетінен
келген қандас бауырымыз болғандықтан кириллица қарпі ол кісіге ауыр тиді.
Сол себепті бұл кітапты мен редакциялау барысында біраз қолайсыз жайттарға
тап болдым. Атап өтетін болсам,

● Кітап құрастырушысы қолжазбаны латын әліпбиінде алып келді, ал
менің міндетім сол мәтінді біздің қаріпке теріп, осы кезеңнен кейін ғана
мен редакциялау мен корректура мәселесіне тоқталатынмын.

• Құрастырушы Әбілбашар Ілиясұлы 2005 жылы Білім баспасынан Елім-
айлап өткен өмір атты Хасан Оралтайдың кітабын шығарған болатын.
Сол кезде автор мен баспа директорының және баспа редакторының
арасындағы келісім-шарт заңдылықтары мен талаптары қажетті деңгейде
орындалмағандықтан, кітапты жіті қадағалау менің мойнымда болды.

• Сол себепті, мен құрастырушы Әбілбашар Ілиясұлының қолжазбасын
кириллица қарпіне теріп бергеннен кейін, әр бөлімді 1 аптаға беріп,
нәтижесін редактор журналына жұмыс барысын тізіп жазып отырдым.

• Жұмыс нәтижесінде, мәнді де, мазмұнды кітап шығып, даулы мәселелер
туындамады.

Қытай қазақтарының құқылық теңсіздігі, өз туған жерінен қуылуы, оларға
деген кемсіту, нәсілшілдік саясат т.б. қазақтарды көтеріліске, саяси
күреске мәжбүр еткен ұлтаралық араздық, этникалық қақтығыстар жөнінде сөз
болады. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін қанға бөктіруден кейінгі
олардың шет елдерге босуы қазақ халқына қасақана істелген геноцид деп
бағаланған. Автордың жазуынша, 1962 жылы ҚХР-нан КСРО-ға босып келген
қазақтың саны 100 мың адамнан асқан. Алайда, басқа деректер бұдан артық
мөлшермен 400 мың адам деседі, ал ҚХР ресми мәліметі бойынша сол жылы КСРО-
ға оралған қазақ 60 мың адам. Бұл цифрлар анықтауды қажет етеді. Автор
Шығыс Түркістаннан Түркияға жеткен босқындардың бірі. Шығыс Түркістандағы
ұлт-азаттық көтерілісінің аяусыз жаншылуы және одан туындаған қазақ
босқындығы.

2) Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін аударып, құрастырған:
Нұрқасым Қазыбекұлы. Редакторы: Шамсуидин Айжан.

Кітапта Алтын Орда дәуіріндегі хандар мен елеулі тарихи тұлғалардың
халықтар мен мемлекетер өміріндегі түбегейлі бетбұрыс кезеңінде атқарған
қызметтерін баяндаған мақалалар топтастырылған. Алтын Орда, Ресей, Қырым,
Ноғай және Қасым хандар мен сұлтандар арасындағы саяси-әлеуметтік қарым-
қатынас пен жаугершілік соғыстардың шығу себептерінің түп төркіні ашылған
бұл еңбектерде өткен ғасырдағы тарихшылар шығармаларына сілтемелер жасалып,
мемлекетаралық ресми қатынас қағаздарынан үзінділер берілген. Кітап
Қазақстан тарихы бойынша қосымша құрал ретінде оқушылар мен студенттерге
және көпшілік қауымға арналған.

Әлемдегі аса көрнекті қолбасшылардың бірі Шыңғыс хан жайында бұл кітап
талай сыр ашқан. Автор тарих беттерінде ізін қалдырған керағар мәліметтерді
оқырман назарына ұсына отырып, ой таразысына салуды ұсынады. Мәселен,

Ислам тарихшылары Шыңғыс хан хақында нақты мағлұмат береді. Оны
қасіретті өктемдігінен болашаққа сабақ болар деректер келтіреді. Ол
толарсақтан қан кешіп, жазықсыз жандарды, қарапайым халықты, бала-шағаны,
қыз-келіншектерді, кемпір-шалдарды қырғынға ұшыратты. Екіқабат әйелдердің
ішін жарып, нәрестесін алды. Әскерлерді де адам өлтіруге мәжбүр етті. Ислам
тарихшыларының Шыңғыс ханды масқаралау ниеті жоқ. Қайта ол түркі қауымын
біріктіріп, даңқын шығаруға теңдесі жоқ көп күш жұмсаған ең ұлы адам
ретінде есептеледі. Бұл жөнінен Шыңғыс ханмен мақтанамыз. Ал ислам
халықтарының ойран-топанын шығарғаны көңілге кірбің түсіреді. Дегенмен,
оқиғалардың өткен уақытын, болған себептерін, өтірігі мен шынын анықтап
алмай тұрып, тарихты әділ бағалау қиын[3]. Шыңғыс хан үстемдігі кезінде
ислам үкіметі басшыларының арасында кемеңгерлік, жалпыға бірдей
адамгершілік байланыс болмады. Әкімдер мен мансапқорлардың арасын өсек-аяң
кеуледі. Әр қаланы бір патша биледі. Олар біріне-бірі өлердей жау болды.
Адам өмірін шыбын құрлы көрмеді. Әркім өз мүдделерінен өзге ештеңені
ойлаған жоқ. Бәрін жау шауып жатса да, екіншісі оған көмек жасамады.
Арамдықпен жіберген қателіктерін, өзара дау-жанжалдарын жасырмақ болған
ендігі айтыс-тартыстарында мән жоқ. Ислам тарихында залым және қанішер деп
аты шыққан Шыңғыс хан заңында әр түрлі дін мен халықтар осылай құрмет
тұтылған. Шыңғыс хан және оның әулеттері туралы әр ғасырда әр түрлі
деректер жазылған. Тарих әл– Шыңғыс, Жиһан Кшай т.б.

3) Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы Әдебиетті оқыту
әдістемесі.Редакторы: Шамсуидин Айжан. Мектеп ұстаздары мен болашақ
оқушыларға арналған. 2006 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
мемлекеттік грантының иегері, әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Жұмажанова Төкен Қонысбайқызының бұл оқу құралында
әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылып,
нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Оқушыларды шығармашылыққа, өздігінен
ізденіске жетелейтін сұрақтар, әдеби-тапсырма жаттығулар сараланып
ұсынылған. Педагогикалық технология талаптарына сай бағдарламаға сәйкес
сабақ үлгілері, шығармашылық жұмыстар, сын-зерттеу, әдістемелік еңбектер
берілген. Оқу құралы жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары мен жоғары
оқу орындарының болашық әдебиетші студенттеріне арналған.

Қазақстан Республикасы 21- ғасырда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие
жүйесінің жаңа парадигмасын қалыптастырудың ең негізгі міндеті етіп қойып
отыр. Демек, әлемдік білім кеңістігінен орын алуда ұлттық білім беру
жүйесінің даму бағыттарын айқындап, білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін
жүргізу, жаңа инновациялық технологияларды енгізу, жан-жақты дамыған,
рухани бай өз елін, халқын ерекше сүйетін тұлға қалыптастыру міндеттері ең
өзекті мәселелердіің бірі.

Оқушыда көркем мәтінді оқуға қызығушылық туғызу мұғалім шеберлігіне,
білімділігіне байланысты. Мәтінді ой көзімен тереңдей оқығанда ғана
шығарма бар саз-әуенімен тіл қатып, оқушы сезімін оятады, оның көркем
шығармаға деген ынтасын арттырады. Сондықтан, ең алдымен, оқушыны көркем
мәтінді оқуға үйрету керек. Демек, сабақта шығарманы сөйлету үшін мұғалім
тиімді әдіс-тәсілдерді ретіне қарай пайдаланады. Әрине, мұғалім сабаққа
қойылар дидактикалық, әдістемелік талаптар биігінде болып, соны
шығармашылықпен қолдана білуге тиісті. Әрбір өнер адамы сияқты, мұғалімнің
өз қолтаңбасы, әдісі болуы ләзім. Бүгінгі сабаққа қойылар талаптар зор.
Қазіргі дидактика дамыта оқытуды басты нысана етіп отырғаны белгілі.
Мұғалім, әр сабақта дамыта оқу мақсаттарын көздеуі тиіс. Оқушы өздігінен
ізденбесе, ілгері баса алмайды. Ол үшін әдетте мұғалім сабақты негізгі
проблема төңірегінде құрайды. Қазақстан Республикасының Білім туралы
заңына педагог мәртебесі туралы бөлім енгізіледі. Мемлекет бұдан былайғы
уақытта педагогтарға ерекше мәртебе беріп, олардың кәсіптік қызметін жүзеге
асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сондай-ақ, жаңа заңда инновациялық
университеттер, зерттеу университеттері т.б. сияқты ұғымдар көрсетілді.
Халықаралық талаптарға сай университеттердің инновациялық инфроқұрылымы
қалыптасуда. Педагогикалық еңбектің ерекшелігі, құрылымы, ұстаздық
шеберлік, әдеп, ізгілік т.б. жөнінде көптеген ғылыми зерттеу еңбектері
баршылық. Мұғалім қоғам мен мемлекет алдында айрықша жауапкершілік
жүктелетін әрекет иесі. Кезінде А.Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі –
білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім, – десе,
М.Әуезов: Жан дүниесі бай, талап-тілегі өскелең, ой өрісі кең маман иесі
ғана белгілі мамандықтың шеңберінен адамдық қасиеттің биік деңгейіне шыға
алады, – деп жазуы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне
үлкен міндеттер жүктері анық. Демек, жүйелі түрде берік тиянақты білім
беру жастарды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып білуге, өзін-өзі
дамытуға даярлау үшін психологиялық көмек көрсетуге саяды. Білім алу –
адамның өмір сүруінің ең басты қажеттілігі, адамзат өркенитетінің барлық
тарихи-эволюциялық даму кезеңдерінде білім беру тұлғаны, оның шығармашылық
қасиеттерін, эстетикалық дүниетанымын дамытуға, адамдық рухани келбетін
қалыптастыруға бағытталады. Қоғамдық ақпараттандыру үрдісінің даму
жағдайында білім берудің рөлі де күшейе түседі. Дүниедегі ең бағалы байлық
адам болғандықтан, оны қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тани отырып,
рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының қалыптауына,
шығармашылық еркіндігі мен белсендігінің дамуына, кәсіби іскерлігінің
шыңдалуына үнемі жағдай жасап, мүмкіндіктер туғызу қажеттілігі туындайды.
Білім берудің әлеуметтік және экономикалық қызметтері қоғамның әлеуметтік
және кәсіби құрылымын қалыптастырудан тұрады, қоғамдағы әлеуметтік жағдай
мен экономикалық сәттілік жан-жақты терең, тиянақты білім беруді іске
асырудың жетістіктеріне байланысты. Ақпараттық қоғамға тән экономикалық
дамудың жаңа типі қоғамдағы адамдар үшін өмір бойында мамандықтарын
жетілдіру, біліктіліктерін үнемі көтеріп, дамытып отыру қажеттігін
тудырады. Ақпараттық қоғамдағы білім беру қызметі қоғамның экономикалық
дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Білім беру ұғымы кеңейді. Білім
берудің әлемдік озық тәжірибелерін саралай отырып, бүгінгі оқытуда
жасөспірімдерден күтілетін нәтиже негізгі құзіреттіліктертің қалыптасуымен
айқындалады. Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен
көрінетін білім нәтижесі. Мәселен, проблеманың шешімін табу құзіреттілігі:

– Түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз
шешімінің нәтижесін бағалауға;

– Өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды
анықтауға;

– Өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға;

– Түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;

– Қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік
туғызады, т.б.

Шетелдік және Отандық тәжірибелер компьютердің оқыту үрдісінде
тиімді құрал бола алатындығын көрсетіп отыр, алайда гуманитарлық пәндер
үшін компьютерлердің оқыту үрдісін оңтайлы етудегі барлық мүмкіндіктер
толық зерттеліп, жүйеленген дей алмаймыз. Мәселен, әдеби білім беру үшін
білім алушының танымдық қызметін дұрыс басқара білу, түрткі туғызып, көркем
туындыға деген қызуғышылықтарын қалыптастырып, белсенділікке жетелеу,
жағымды эмоцианальды әсерді қамтамасыз ету, білім алушының оқу материалын
меңгеру қарқыны мен жеке-даралық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сондай-
ақ оқу материалдарын көрнекі түрде ұсыну, түрлі ақпараттарды алу және
талдау; мәтіндерді меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыру; өз
бетінше білім алу; түрлі мақсаттарға сәйкес жүргізілетін әр түрлі әдеби
тапсырма-жаттығулар құрастыру, білімді өздігінен меңгеруге, өзіне деген
сенімділігін арттыруға, әр түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс жол тауып, шешім
қабылдайтындай қажетті іскерліктерін қалыптастыруға бағыттау керек. Әдеби
шығармаларды оқытуда білім мазмұнын саралауға қатысты жаңа тұжырымдамалар
дайындалып, әдістемелік кешендер, құжаттармен толықтырылуда. Бүгінге
дейінгі озық тәжірибелерді негізге ала отырып, әлемдік білім жүйесіндегі
жаңашылдық идеяларды тиімді пайдаланудың жолдары қарастырылуда. Әдеби білім
берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес анықталады. Әдеби
білім беру жастарды адам баласының ғасырлар бойы жасаған мұрасы ұлттық
құндылықтырымызды бағалай, терең түсініп, ұғына саралап, талдай білуге
бағыттайды. Болашақта әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдеріміз әдебиет пәні
оқушы жүрегіне жол тауып, оның зердесіне замана келбетін, өмірдің тылсым,
тіршілігін тынысын жеткізетін, халқымыздың көркем тарихы тәжірибесін
реттейтін өмір оқулығы екенін жете түсінгендері жөн. Әсіресе, өнер
туындысының ерекше қуатын бағалай біліп, танымдық, тәрбиелік мәніне ой
жүгіртіп зерделей алу қажет. Әдебиеттің осындай білімдік – тәрбиелік мәнін
терең түсінуде мұғалімдер көп ізденіп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, заман талабына сай оқытуы қажет. Жоғары мектепте қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесі – қазақ әдебиетінің барлық салаларын терең меңгертудің
мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы педагогика ғылымының арнайы бір саласы.
Оның негізгі компоненттеріне: оқытудың мақсат-міндеті, мазмұны, әдіс-
тәсілі, т.б. жатады. Сондай-ақ, әдістеме әдебиетті қалай оқыту мәселесін
қарастырып зерттейді. Әдебиетті оқыту әдістемесі жас ұрпақтың рухани
дүниесінің жан-жақты дамуына, білім мен тәрбие берудің кешенді міндеттерін
іске асыруға қызмет жасайды. Әдеби білім берудің басты мақсаты – тұлғаны
қалыптастыру болса, тұлғаның жан-жақты дамуы оның іс-әрекеті кезіндегі
жинақталған тәжірибесіне және біліміне байланысты болмақ.

4) Байқадамова Күнімжан. Байқадамовтар әулеті: деректі хикаят.
Редакторы: Шамсуидин Айжан

Кешегі кеңес заманының содырлы саясаты тұсында қазақ зиялыларының
нақақтан нақақ зардап шегіп, қуғын-сүргінге ұшырамағандары кемде-кем.
Алаштың елім деп еңіреген, жерім деп тебіренген ардағының бірі – Байқадам
Қаралдин. Бұл кітапта автор әкесі туралы тәуелсіздік тұсында жазылған
дүниелердің басын құрап, жадында қалған естеліктерді жаңғыртып, арманда
кеткен аяулы әкенің өмір жолы мен апасы Данабике, ағасы Бақытжан, сіңлісі
Айсұлу туралы баяндайды. Осы әулетпен жақын араласқан қазақтың өнері мен
мәденитетіне, әдебиетіне зор үлес қосқан алыптар тобы туралы естеліктер
нақты деректер негізінде қызықты баяндалады. Байқадамовтар әулеті туралы
білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған кітап тәрбиелік, танымдық
мұрағат деректеріне бай. Күнімжан апа кітаптың алғысөзін былай бастаған:
1991 жылы Данабике апамның ағам Бақытжан Байқадамов туралы Алма ағаштар
гүлдегенде атты кітабы шықты. Сегіз жыл баспада жатқан қолжазбасының үштен
бірі ғана шыққанын көргенде қамыға отырып: – Гуля, Кеңес заманы болған соң,
30-жылдардағы ашаршылық пен аты шулы 1937-нің ойраны туралы жаза алмадым.
Арманда кеткен әкем мен құдай қосқан қосағымның жазықсыздан-жазықсыз
жаламен кеткені өзегімді өртеді емес пе?! Бірақ, өзің білесің мұның бірін
де мен айта алмадым. Әкем атылып кеткенде, мамамды, Әмірбек пен Бақытжанды,
Райымбек пен Арыстанды, Мұрат пен Рысбикені, Жамал мен өзіңді, Айсұлуды
маған аманат етіп тастап кетіп еді. Өзімнен басқа он жанның тауқыметі маған
оңай тиген жоқ. Өзіңді қайда барсам да қасымнан тастамай жүріп тәрбиеледім.
Менен кейін Бақытжанның тәрбиесін көрдің. Сол мен айта алмаған, жаза
алмағандарымды сен айтарсың, сен жазарсың. Тіпті, Айсұлу туралы да ештеңе
айтқан жоқпын ғой. Себебі, ол кітап тек қана Бақытжан туралы болды емес пе?
Мен Бақытжан туралы да тек өзім көргендерді ғана айттым. Ал, ол туралы
елдің жазып жатқан үлкенді-кішілі мақалаларын, еңбектерін жинастыра
алмадым. Сондықтан, әулет туралы жазылған дүниелердің басын жинақтап,
құрастырасың, – деген болатын [4].

Міне, сондықтан әке міндетін атқарып, ер азаматтың жүгін көтерген
Данабике апаның айтқан осы аманатын Күнімжан Байқадамова орындауға ден
қояды. Күнімжан апай әкесі Байқадам мен оның анасы Шегетай әже туралы
Данабике апаның жазғандарын пайдаланады. Қаралдин Байқадамның өмірі мен
саяси-қоғамдық қызметтері жөніндегі мұрағаттық деректер әр түрлі
авторлардың ізденуінің арқасында соңғы жылдары жарық көріп жатыр.
Тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Қаралдин Байқадамның өмірін бір жүйеге
келтіру мақсатында еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жазылып жатқан үлкенді-
кішілі еңбектерді негізге Күнімжан Байқадамова алған. Соңғы жылдары
Қаралдин Байқадамның өмірі мен атқарған қызметтерін тарихшылар зерттеп
жатса, Бақамның мол мұрасын педгогика және музыка ғалымдарының мамандары
жан-жақты қарастыру үстінде. Осы игі істердің нәтижесінде соңғы жылдары
біршама іс-шаралар атқарылды. 1992 жылы Жанболат Аупбаев пен Әділбек
Жақыпұлының Әулет атты кітабы шықты. Авторлар мұрағат деректеріне сүйене
отырып, Байқадамның өмірі мен қызметін толығымен сөз еткен. 1998 жылы
Қаралдин Байқадамның 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық
конференция болды. А.Аманбаевтың ұйымдастыруымен өткен осы конференцияда
Қазақ мемлекетін қалыптастыру жолында қыруар шаруа атқарған Қаралдин
Байқадамның өмірі мен қызметі туралы тұңғыш рет жан-жақты әңгімелер
қозғалды. Конференцияда С.Әсіпов аталы сөз сөйлеп, Байқадамның рухын
биіктетті. 2006 жылы 10-мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің жалпы тарих кафедрасының докторы Г.Х.Хайдулиннің
жетекшілігімен Майсара Бекмағамбетова Байқадам Қаралдиннің өмірі мен
қоғамдық-саяси қызметі туралы – Отан тарихы мамандығы бойынша тарих
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация
қорғады. Торғайдың Амангелді ауданындағы бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы
атындағы шаруашылық ұжымшары деп аталады. Сол елді-мекенде мектеп пен бір
көшеге Байқадам Қаралдиннің есімі берілді. Кітап авторы Күнімжан
Байқадамова апайдың Данабике апасы Бақамның 50, 60, 70, 75 жылдық
мерейтойларын көріп, өзі бел ортасында жүрді. Алайда, одан бері де талай
шаралар атқарылды. Арқалық қаласындағы Педагогикалық институтта Бақытжан
Байқадамов атындағы шәкіртақы тағайындалды, 11 жылдық музыка мектебі мен
бір көшеге есімі берілді. Алматы қаласында Төлебаев көшесіндегі 177-үйге
тақта қойылып, Балдырғанның ұйымдастыруымен қытай композиторы Си Синхай
мен Бақытжан Байқадамовқа арналған мұражай ашылды. Қазақстан
Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет
комитеті Бақытжан Байқадамовтың 80 жылдық мерейтойына арнап үлкен ас берді.
Бақамның музыкалық шығармалары туралы 200 жылы С.Ұзақбаева мен
Б.Махметованың Ұлт өнерін өрнектеген атты оқу құралы жарық көрді. 2007
жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы қаласы
әкімдігі оның 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Екінші бөлімде Байқадамовтар
әулетімен жақын араласып ағалық қамқорлық жасаған А.Байтұрсынұлы,
Ә.Жангелдин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, І.Есенберлин, Ш. Айманов,
М.Төлебаев, Қанабек пен Күләш Байсейітовтар, Шара Жандарбекова мен
Қазақстан Республикасын ұзақ жылдар басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев,
тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды
тарихи тұлғалар туралы оқиғалар жинақталған.

Кітаптың үшінші бөлімінде осы әулеттің жариялаған еңбектері мен олар
туралы жазылған дүниелердің бірсыпырасы іріктеліп қосылды. Сонымен бірге,
Байқадаовтар әулеті туралы мағлұмат іздегендерге көмек болар деген ниетпен
олар туралы дерек көздерінің тізімі қоса беріліп отыр. Күнімжан апай
Байқадамовтар әулеті жайындағы естеліктерін былай бастаған: қазіргі
уақытта Байқадамовтар әулетінің жасы үлкені мен болып отырғандықтан
өзіміздің шыққан тегіміз туралы кейінгі ұрпағымыз біліп жүрсін деген
ниетпен жеті атамызды тарата айтқым келеді. Қазақта Жеті атасын білмеген
жетесіз деген аталы сөз бар. Сондықтан, Байқадамовтар ұрпағы шыққан тегін
ұмытпасын. Біздің тегіміз орта жүз баласының бірі Қыпшақ руынан – Алтыс,
одан – Бекбаулы, Бекбаулыдан – Шли, – одан Жарылғап, Жарылғаптан –
Қаралды, одан Байқадам болып таралады. Атамыз Жарылғап би – алты алашқа аты
жайылған Ыбырай Алтынсариннің нағашы атасы Балғожа бимен замандас, сырлас,
дос болған адам. Ыбырай атамыздың өзі осы жақта бір жиеніміз бар еді деп,
өз атам Қаралды Байқадамның білім алып, оқу-тоқуына тікелей ат салысқан
деген әңгімені үлкендерден естігенім бар. Бұл әңгіме осы қалпында бала
күнімнен естігендіктен жадымда жатталып қалыпты. Байқадамовтар әулетінің
өнерге бір табан жақын болғанын Шегетай әжемізді көргендер сол кісіден
дарыған өнер деп жатады. Байқадамның бес бақсысы атанған біздердің,
біріміз – биші, біріміз – әнші, біріміз – композитор болуымыздың сыры
әкеміздің анысы Шегетай әжемізде батса керек [5].

5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, ақпарат
және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша Білім баспасынан желтоқсан
айында Қылқобызға арналған хрестоматия шығарылды. Құрастырған:
Ә.Жұмабекұлы. Бұл оқу құралы – музыка мектептері үшін әзірленген үш
жинақтан тұратын Қылқобызға арналған хрестоматиялардың екінші кітабы.
Кітап авторы бұл жинаққа төл туындыларымызбен бірге қылқобыз табиғатына
етене жақын келетін өзге де халықтардың әр түрлі жанрдағы музыкалық
шығармаларын талғампаздықпен сұрыптап енгізген. Кітап біршама күрделі
шығармалардан құралғандықтан, бұл жинақты музыкалық колледждер мен жоғары
музыкалық оқу орындарының студенттері де пайдалана алады. Ықылым замандар
тереңінен сыр шертетін қасиетті қара қобыз – қазақ халқының мыңдаған жылдар
бойы рухани азығы болған қастерлі мұрасы. Қазақ аңыздарында айтылатын
қобыз атасы Қорқыт тапқан киелі аспапты одан кейін негізінен аса талантты
бақсылар жалғастырып отырған. Қазақ халқының арғы тарихын зерттеген,
халқымыздың біртуар әйгілі ғалымы Әлкей Марғұлан қазақтың қобыз тартқан
даңқты бақсылары мен күйшілерін түгелдей дерлік жарқыратып жазып кетті.
Қазан төңкерісінен кейін бақсы-балгерлерді қудалаумен бірге қобыз да,
ескіліктің қалдығы деген нәубетке ұшырап, қазақтың рухани өмірінен
шеттетіліп, бірте-бірте ұмыт болуға айналған. Алайда, қазақтың ұлтжанды
зиялылары қобызды қайта жаңғыртып, 1968 жылы Алматы консерваториясының
ректоры Е.Рахмадиевтің бастамасымен тұңғыш рет қылқобыз класы ашылды. Оған
алғаш Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі, белгілі қылқобызшы Жаппас
Қаламбаев ұстаздық ете бастаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін, ұлттық
құндылықтарымызға көбірек бет бұра бастадық. Қылқобыздың табиғатын
түсінетін, оны бағалап, құрметтейтін үлкенді-кішілі біраз композиторларымыз
оған қызығушылық танытып, әр түрлі жанрда күйлер, шығармалар жазып,
аспаптың репертуарын молайтуға өз үлестерін қосып жүр. Менің байқағаным,
кітаптың мазмұны бай, онда оқушының жан-жақты пайдалануына қажетті
шығармалар молынан қамтылған. Санына сапасы да орайластырып жасалыпты.
Көбісі қазақ халқының өз туындылары, яғни халық композиторларының әндері
мен күйлері, қазақстандық композиторлардың шығармалары және де оқу
құралының мүмкіндік өрісін кеңейте түсу мақсатында шетел композиторлары
шығармаларының қылқобызға лайықтылары орынды сұрыпталып алынған.
Ә.Жұмабекұлы ұстаздарынан үйреніп қалған көне қобыз дәстүрін әрі қарай
жалғастырушылардың бірі ғана емес, оны жаңа заманға лайық жетілдіріп,
дамытушылардың бірі болды. Олай дейтініміз, Жұмабекұлы республикада тұңғыш
рет қылқобызды мектеп қабырғасынан бастап оқытуды 1977 жылы Ахмет Жұбанов
атындағы Республикалық арнаулы музыка мектебінде Пернебек Момынұлының
жетекшілігімен қолға алған болатын. Қандай істі де жаңа бастағанда оның сан
салалы қиындықтары етектен тартып бірге жүретіні белгілі.

Ахмет Жұбанов атындағы мектептің үлгісін көрген басқа музыкалық оқу
орындары да кейін біртіндеп, қылқобыз класын аша бастады. Бүгінгі таңда
еліміздегі музыкалық оқу орындарының көбінде қылқобыз класы бар,
өзгелерінде әлі де ашылу үстінде. Пернебек Момынұлының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
Білімді қаржыландыру
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
ҚАЗАҚ КІТАП БАСУ ІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Пәндер