Сақтандыру рыногының теориялық негіздері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім
I бөлім.

1.тарау. Сақтандыру рыногының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Сақтандыру рыногы, түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Сақтандыру рыногының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ...8

2.тарау. Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жағдайы ... ..15
2.1.Қ.Р.дағы сақтандыру рыногының жағдайын талдау ... ... ... ... .15
2.2.Қ.Р.ның сақтандыру рыногының проблемалары мен даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

3.тарау. Шетелдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.1.Қытай Халық Республикасының сақтандыру рыногы ... ... ... ...23
3.2.А.Қ.Ш.ның сақтандыру рыногы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз қүруға бағытталған рыногтік қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан -"шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейіне тән ашық рыногтік экономикаға негізделген экономикалық өсу".1
Осындай рыногтік қоғамда пайда болатын тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Рыногта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, рыногтік шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сактық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру рыногының жағдайын кешенді бағалау қажет.
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялык фактордың әрекетін темендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады.
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сактандыру рыногінің жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз курстық жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым.
Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан сақтандыру рыногының жағда-йына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау.
1. Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы
2. Статистикалық жылдық басылым - 2003
3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. "Қаржы", Алматы 2005
4. Маянлаева Г.И. "Организация страхового дела в Республике Казахстан", Алматы 2002
5. Жуйриков К.К. "Страхование: теория, практика, зарубежный опыт", Алматы 2000
6. Л.Н.Гостенко "Страхование", Алматы 2003
7. "Қаржы-Қаражат" журналы, 2003 ж. №6
8. "Қаржы-Қаражат" журналы, 2003 ж. №4
9. "Банки Казахстана" журналы, 2004 ж. №5
10. "Банки Казахстана" журналы, 2004 ж. №12
11. "Страховое дело" журналы, 2005 ж. №2
12. "РЦБК" аналитикалық журналы, 2004 №6
13. "РЦБК" аналитикалық журналы, 2005 № 1

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім
I бөлім.

1-тарау. Сақтандыру рыногының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..4
1.1.Сақтандыру рыногы, түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Сақтандыру рыногының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ...8

2-тарау. Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жағдайы ... ..15
2.1.Қ.Р-дағы сақтандыру рыногының жағдайын
талдау ... ... ... ... .15
2.2.Қ.Р-ның сақтандыру рыногының проблемалары мен даму

перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19

3-тарау. Шетелдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23
3.1.Қытай Халық Республикасының сақтандыру
рыногы ... ... ... ...23
3.2.А.Қ.Ш-ның сақтандыру
рыногы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
Кіріспе.
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін
тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз қүруға бағытталған рыногтік
қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының
ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан -"шетелдік
инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейіне тән ашық рыногтік
экономикаға негізделген экономикалық өсу".1
Осындай рыногтік қоғамда пайда болатын тұрақсыздық, экономикадағы үнемі
болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте
жиі болады. Рыногта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық
толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа
шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып,
басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге
болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, рыногтік шаруашылықтың дамуымен қоғам
мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сактық қорғау ерекше мәнге
ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру рыногының жағдайын кешенді
бағалау қажет.
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып,
сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік
күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің
болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялык фактордың әрекетін
темендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара
қатынасын оңтайландырады.
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сактандыру рыногінің
жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше мәнге ие,
өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты факторлардың бірі
болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз курстық жұмысымның негізгі
талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым.
Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстан сақтандыру рыногының жағда-йына
кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау.
1 Маянлаева Г.И. "Организация страхового дела в Республике Казахстан, 5-
бет
1-тарау. Сақтандыру рыногының теориялық негіздері.
1.1Сақтандыру рыногы түсінігі, мәні.
Сақтандыру рыногы түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде жақында
ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық
жағдайында сақтандыру рыногының болуы туралы сөз де қозғалмаған.
Сақтандыру қызметтері рыногының мәні сақтандыру табиғатынан көрініс
табады. Менің ойымша, бул түсінікті жетекші ғалым-экономисттер көзқарасы
тұрғысынан қарастыру керек.
Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді: Сақтандыру
рыногы - сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
процесінде айрықша тауарды сату-сатып алу бойынша пайда болатын
экономикалық қатынастар жүйесі.
В.В.Шахов мынадай анықтама берген: ... Сақтандыру рыногы - сату-сатып
алу объектісі сақтық қорғау болып табылатын, оғап деген сұраныс пен ұсыныс
қалыптасатын ерекше әлеуметтік-экономикалық құрылым, ақша қатынастарының
белгілі бір сферасы".2
Кең мағынада сақтандыру рыногы сақтандыру өнімін сату-сатып алумен
байланысты барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Рынок
сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз
етеді. Тар мағынада сақтандыру рыногы - сақтандыру қоғамдарының жиынтығы.
В.М.Родионова өзінін Финансы оқулығында мынадай анықтама ұсынған:
Сақтандыру рыногы — бұл сату-сатып алу объектісі болып арнайы қызмет
-сақтық қорғау табылатын, оған деген ұсыныс пеы сұраныс калыптасатын ақша
қатынастарының ерекше сферасы".3
Ю.Бугаев өзінің мақалаларының бірінде былай деп жазған: Мемлекеттің
реттеушілік әсерінің негізінде сақтандырылушылардың белгілі бір қажетті-
лігін қанағаттандыратын сақтандырушы өзінің ерекше тауарын (сақтандыру)

2 В.В.Шахов "Страхование" 6-бет
3В.М.Родионова "Финансы" 151-бет.
өткізе алатын ерекше сақтандыру рыногы пайда болады. Сақтандыру нарығы
сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы экономикалық қатынастар-ды
ортақтастандырады.
Осы түсініктердің (анықтамалардың) талдауы негізінде
авторлардың барлығы келесідей көзқарасқа ие болған деген қорытынды жасай
аламыз: Сақтандыру рыногы - бұл сақтандыру қызметі деген айрықша тауарды
сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Осылайша, сақтандыру рыногы қарамағында бір жағынан, уақытша бос
сақтандыру қорларының қаражаттары болады, ал екінші жағынан, сақтандыру
рыногының оларды жоғары табыс әкелетін және салынған қаражаттардың тез
қайтарылуын қамтамасыз ететін қызмет сфераларына салуға мүмкіндігі болады.
Сәйкесінше сақтандыру рыногы түсінігі оның мәні есебінен ашылады.
Бәріміз білетіндей, мән философиялық категория ретінде белгілі бір
құбылыстың ішкі мазмұны деген мағынаны береді.
Сақтандыру рыногының мәні сақтандыру қызметі және сақтандыру тәуекелі
категорияларын қарастыру кезінде анықталады. Осы жерде ...рыног пен
сақтандыру тәуекелі өзара байланысты. Бір жағынан, рыног сақтандыру
тәуекеліне әсер етеді, екінші жағынан - қалыптасқан жағдайға байланысты
сақтандырудың тәсілі мен шарттары дайындалады.
Сактандыру рыногында келтірілген нұқсандар территориялық қана емес,
сондай-ақ уақыт аспектісінде карастырылады. Осымен бірге сақтандыры-лушылар
арасында сақтандыру қорын қайта бөлу тиімді болу үшін, айтарлықтай үлкен
территория және де сақтандырылған адамдардың саны айтарлықтай аз болу
керек. Осы шарттар сақталған кезде ғана үлкен территорияларды қамтыған
апаттар нұқсандарын үлестіру мүмкін болады.
Кездейсоқ жағдайлардан туындаған нұқсанды уақыт бойынша үлестіру бір
шаруашылық жыл шегінен асып кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар бірнеше жыл
болмауы мүмкін және олардың нақты болатып күні белгісіз болады. Бұл
жағдай қолайлы жылдары түскен сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін
қолайсыз жылдары болатын төтенше жағдайларды өтеудің қайнар көзі ретінде
қолдану үшін резервтеу қажеттілігін тудырады.
Сақтандыру рыногының ерекше белгісі болып сақтандыру қорына жиналған
сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру төлемдері
мүмкін болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және сақтандыруды
жүргізуші сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан тұратын
сақтандыру тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің барлық
сомасы белгіленген уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында қайтарылады.
Қаражаттарды қайтару белгісі сақтандыруды несие категориясына, ал
сақтандыру рыногын қаржы-несие нарығына жақындатады.
Сақтандыру қоры қаражаттарының шоғырлануы - сақтандыру рыногын
ұйымдастырудың негізгі кағидаты. Бұл қағидат кез-келген сақтандыру ұйымы
үшін анықтаушы болып табылады.
Сақтандыру рыногының болуының міндетті шарты болып сақтандыру
қызметтеріне деген қоғамдық қажеттіліктердің болуы және сол қажеттіліктерді
қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы табылады. Отандық
экономиканың нарыққа өтуі экономикалық катынастар жүйесіндегі
сақтандырушының рөлі мен орнын өзгертеді. Сақтандыру компаниялары
шаруашылық өмірдің толық қүқылы субъектілеріне айналуда.
Сондай-ақ, сақтандыру рыногының қалыптасуы үшін кәсіпорындар мен
ұйымдардың, халықтың мүлкін сақтық қорғау үшін сәйкес сақтандыру қорларының
болуы шарт. Бірнеше миллиондаған теңге сақтандыру сомасы және де өзінің ірі
капиталы бар ондаған сақтандыру компаниялары болуы керек.
Сақтандыру рыногының кызмет етуінің негізгі заңдары болып кұн заңы мен
сұраныс және ұсыныс заңы саналады.
Сақтандыру рыногы тауарлы шаруашылықтың даму процесінде қалыптасады және
де соңғысының ажырамас элементі болып табылады. Айтылған екеуінің де пайда
болуының шарты болып қоғамдық еңбек бөлінісі
және әртүрлі меншік иелерінің болуы табылады. Сақтандыру рыногы нарықтық
қатынастардағы субъектілердің дербестігін, олардың сақтандыру
қызметін сату-сатып алу бойынша тең құқылы серіктестігін, көлденең және
тік байланыстардың дамыған жүйесін, бәсекелестікті болжайды.
Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың рыноктік қатынастар
инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл
жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен
мемлекеттегі сақтандыру рыногының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі
параллель процесс жайлы сөз болуда.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру рыногының мәні -адамдардың,
шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың,
өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға
деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Сақтандыру рыногының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да
нүқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта
бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.
Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің рыногы - бұл сақтандыру өнімін
сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші
жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше рыноктік
қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті
серіктестік.
Сәйкесінше, рынок сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген
сақтандыру ұйымдарының қүрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар
жасайды. Осылайша, сақтандыру рыногы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде
Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде
айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген
көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері рыногында мүдделердің жаңа топтары
қалыптасуда. Сақтандыру нарықтық қатынастар құралдарының ішінде нық орын
алуда.

1.2 Сақтандыру рыногының құрамы мен құрылымы.
Сақтандыру рыногының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы кеңірек ашады.
Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.5
Салалық нышаны бойынша 1.өмірді сақтандыру рыногын (сонымен бірге
сақтандырудың барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты,
аннуитет және т.б. жатады) 2.мүлікті сақтандыру рыногын, 3.жауапкершілікті
сақтандыру және де 4.жазатайым уақиғалардан сақтандыру рыногын бөледі.
Қазақстан Республикасында сақтандырудың "өмірді сақтандыру" және жалпы
сақтандыру сияқты екі саласы белгіленген.
Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру
нарықтарын бөледі.
1.Ұлттық сақтандыру рыногы - жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының
қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру рыногы
сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру
брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру рыногындағы барлық
қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын
бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі үлттық
сақтандыру рыноктары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да
бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру рыногында Үкіметте,
бұқаралык ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру
ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары
қызмет етеді.6
2.Аймақтық сақтандыру рыногы өзара интеграциялық байланыстармен
байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттык рыноктарын
біріктіреді. Ең ірі аймақтық рынок болып Солтүстік американ сақтандыру
рыногы (АҚШ, Канада саналады.) Еуропалық экономикалық одақтастықтың
сақтандыру рыногында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл Еуропалық
экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру рыногын құру
туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық

5 Л.Н.Гостенко "Страхование", 44-бет
6Қазақстан сақтандыру нарығының қатысушылары туралы келесі беттсрде
3.Халықаралық сақтандыру рыногы - бұл ұлттық және аймақтық
сақтандыру рыноктары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтан-дыру
рыногы ретінде халықаралык сақтандыру операцияларының едәуір үлес
салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру рыноктары қарастырылады (Нью-
Йорк, Лондон, Цюрих).
Қайта сақтандыру арналары бойынша және брокерлер арқылы ірі тәуекелдер
көптеген халықаралық және аймақтық сақтандыру рыноктары арасында бөлінеді.
Мүдделерді сәйкестендіру және сақтандыру ұйымдарының жалпы проблемаларын
шешу мақсатында халықаралық сақтандыру одақтары (техникалық тәуекелдерді
сақтандырушылардың халықаралық одағы, теңіздік сақтандырушылардың
мемлекеттік одағы және тағы басқалар) қызмет етеді.
Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі үйымдық-құқықтық нысандары
1.Мемлекеттік сақтандыру 2. Акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру және
3. Өзара сақтандыру болып табылады.7
1. Мемлекеттік сақтандыру - бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой
көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық
түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында,
сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағда-йында немесе
қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда
жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы
вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кей-бір түрлерін
жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы
мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана
басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, "Казагрополис" республикалық
мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт ауыл
шарушылыгының өндірісін міндетті сақтандыру болып табылады.
Ал "Казахинстрах" мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестиция-ларды
сақтандыру басым бағыт болып табылады
7 Л.Н.Гостенко "Страхование", 46-бе
2.Акционерлік сақтандыру - сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын
акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін
сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды
құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту
арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі
акционерлік қоғамдарды және де жауапкер-шілігі шектеулі серіктестіктерді
бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.
3.Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың
бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы
- қазақстандық рыноктың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру
қоғамының қызметі "Сақтандыру қызметі туралы" Заңмен және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің "Өзара сақтандыру" атты 845 бабымен
реттеледі.
Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да
мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес
ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету
тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға
сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру
рыногындағы бұл жеткілікті жақсы бой көрсетпеген. Осылайша, "Қазақстан
Республикасындағы сактандыру рыногы 1996-98 жылдардагы негізгі бағыттары
жөніндегі" Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара
сақтандыру қоғамдарын кұру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған.
Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара
сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге
дейін заң жобасы ұсынылмаған.

Сақтандыру пұлы - белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру
үшін сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті,
Ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда қүрылады. Пұлдың қызметі бірлесіп
сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пұлға сақтандырылған
тәуекелдерді береді, пұл жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және
де сол үлесте нүқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пұлдар шетелде
авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкер-шілікті және т.б.
сақтандыруда кеңінен дамыған.
Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны сақтандырушы-лардың
одақтары мен ассоциацияларын құру болып табылады. Қазақстан Республикасында
құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты –сақтанды-рушыларға методикалық
және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтанды-ру бойынша заң және
нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру
қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар
үйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша
ұсыныстар дайындау және т.б. Енді сақтандыру рыногының қатысушылары жайлы
қысқаша айта кететін болсақ, Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының қатысушылары: 8
1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2. сақтандыру брокері;
3. сақтандыру агенті;
4. сактанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5. актуарий;
6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
7. өзара сақтандыру қоғамы;
8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын
өзге де жеке және заңды тұлғалар.

8Қазақстан Республикасының "Сақтандыру кызметі туралы" Заңы, 3-тарау,10-бап

Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және
орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде
жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің
негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:9
1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық
актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы
шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);
3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін
пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі
және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе онын қарамағына сақтандыру шарттарын
жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды
немесе жалға беруді;
6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік
қызмет көрсетуді;
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың
біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды үйымдастыру мен жүргізуді;
8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті
мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын
сақтандыру (қайта сақктандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және
уәкілетті аудитор.

9Қазақстан ресаубликасының "Сакландыру қызметі туралы" Заңы, 3-тарау,11-бап
Сақтандыру брокері - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша
консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушынын тапсыруымен сақтандыру
шарттарын немесе өз атынан және цеденттің
тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны
уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі
қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі
мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен
жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру агенті - берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының
атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдал-дық
қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды түлға; Сақтандыру агенті-нің
сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақ-
тандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің
өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол
берілмейді.
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем
қабілеттігі мен қаржылық түрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында
сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің
экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті
атқаратын жеке адам.
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша
-бастамашылық актуарийлік есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда -
міндетті актуариилік есептеулер жүргізіледі.10
Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) - уәкілетті мемлекеттік
органның тиісті лицензиясы негізінде сактандыру (қайта сақтандыру) ұйымы-
ның аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).
10Қазақстан Республикасының "Сақтандыру кызметі туралы Заңы, 5-тарау,19-бап
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіле-
неді.
Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін,
уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша беруге міндетті.
Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының
заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға
міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі
(аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. Ішкі аудит
жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында
белгіленеді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының жағдайын талдау.
Экономиканың рынок жағдайындағы дамуы кезеңіндегі ақша-несие жүйесі-нің
түбірлі өзгерістері процесінде сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және
осы қарым-қатынастар жүріп жатқан рынокты зерттеу - өте маңызды, өйткені
бұл мәселе халық, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін
қозғайды.
Сақтандырудың әлемдік рыногының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның
көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Жекелеп айтсақ, сақтандыру сый-
ақыларының елдің ЖІӨ-не қатынасы 1997-2004 жылдар аралығында 0,19%-дан 0,8%-
ға дейін өскен. 2004 жылы республикадағы сақтандыру сыйақыла-рының бір
жанға шаққандағы көрсеткіші 2 629,6 теңгені құрады (1-кесте).
1-кесте. Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы"
Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
ЖІӨ. млн теңге 2599900,03250600,3 747200,04449800,4863631,4
0 0
Халық саны, млн адам 14,8 14,4 14,8 14,9 15,2
Сақтандыру 0,32 0,43 0,61 0,65 0,8
сыйақылары-ның ЖІӨге
қатынасы. %
Жеке капиталының ЖІӨге0,18 0,16 0,16 0,20 0,5
қатынасы, %
Активтердің ЖІӨге 0,32 0,49 0,34 0.47 0,9
қатынасы, %
1 жанға шақкандағы 530,35 963,43 1535,09 1937,60 2629,6
сақ-тандыру
сыйақыла-ры-ң
қатынасы, теңге

Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 1997 жылдан 2004 жылға дейін
32 компанияға қысқарған. 2005 жылдың 1 қаңтарында 36 сақтандыру (қайта
сақтандыру) компаниялары тіркелген, оның ішінде 2-уі шетел
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдері: "Ингосстрах" және
"Қазақстан-Росно" ААҚ "Росно ресейлік сақтандыру халық қоғамы". Сонымен
қатар резидент емес тұлғалардың қатысуымен құрылған
Қазақстан Республикасыпыц Үлттық Банкінің статистиколық бюллетені, 12004,
157-бс, сақтандыру компаниялары 1-уіне қысқарды, өмірді сақтандыру бойынша
небәрі 2 компания бар.
2004 жылы Қазақстан Республикасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі" "жалпы сақтандыру" саласы бойынша
сақтандыру қызметін жүргізу үшін келесідей қайта құрылған сақтандыру
ұйымдарына лицензия берді:
"Экспортық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы" АҚ (жарғылық капитал 100% мемлекеттің қатысуымен
құрылған);
"Номад Иншуранс СК" АҚ;
"Астық сактандыру компаниясы" АҚ.
Соңғы 3 жылы сақтандыру брокерлерінің саны 3 компанияға, актуарийлер-дің
саны 1 компанияға және аудит компанияларының саны 6 компанияға көбейді (2-
кесте).
2-кесте. Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы.12
Көрсеткіштер 20002001 2002 2003 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі және оның механизмдері
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүліктік сақтандыру түрлері
Қазақстан сақтандыру компаниялары: инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Сақтандыру оқиғасынан зиян келтіру ықтималдығы
Пәндер