Тұтыну несиелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5

1.тарау.Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік.экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.19

1.1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні ... ... ... ... ... ..6.9
1.2. Тұтыну несиесінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.19

2.тарау.Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.58

2.1.Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.38
2.2.Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39.46
2.3.Тұтыну несиесін беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47.58
3.тарау. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ..59.75

3.1.Жеке тұлғаларды несиелеудің шет елдік тәжірбиесі ... ... ... 59.64
3.2.Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65.75


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76.78


Пайдаланылған ғылыми әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79.80
Қазіргі кездегі банктер банктік операцияларды ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде қызметтердің кең спекторын кљрсетеді. Мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, тағы да басқа кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың тұтыну және инвестициялық мақсаттарына несие беру - банктердің негізгі экономикалық функциясы болып табылады. Банктердің несиелік функцияларын дұрыс орындауы клиенттердің қаржылық, экономикалық жағдайларына әсерін тигізеді, себебі, банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың құрылуын, жаңа жұмыс орындардың пайда болуын және олардың экономикалық љмірін қамтамасыз етеді.
Нарықты экономика дамыған сайын несие түрлері де кљбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бљлшек саудамен тығыз байланысты; біріншіден, тауар айналымы љскен сайын, несие кљлемі де кљбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, тұтыну несиесі тљлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды, мысалы: автокљліктерді, жићаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс кљбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан кљбі автокљлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды кљбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. соңғы кезде, Қазақстанда ақшалай берілетін тұтыну несиесі љріс алуда. Олар кљбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға,сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
1. «Правила ведения документации по кредитованию банками вотрого уровня» Пастоновление правления НацБанка РК от 16 августа 1999 года. № 276.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
3. «Казкоммерцбанк»АҚ-ның жылдық қаржылық есебі (2003 жыл).
4. «Статистическое обозрение Казахстана», №1, 2003.
5. «Социально-экономическое развитие Казахстана», 4/2003 (январь-апрель).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің статистикалық бюллетені - 2004 жыл.
7. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане», А., 2001.
8. Джозеф Ф. Синки. «Управление финансами в коммерческих банках», М., 1994.
9. Калиева Г.Т. «Кредитное дело». А., 1998.
10. Кудрявцева В.А., Кудрявцева Е.В. «Основы организации ипотечного кердитования». Высшая школа. М., 1998.
11. Лаврушин О.И. «Банковское дело». М., 2001.
12. Ольшаный А.И. «Банковское кредитование», М., 1998.
13. Панова Г.С. «Кредитная политика коммерческого банка». м., 1997.
14. Питер С. Роуз «Банковский менеджмент», М., 1997.
15. Сейткасымов Г.С. «ДКБ». А., 1999.
16. «Банки Казахстана». Досымов Б.С. «Современные проблемы ипотеки», 8/2001.
17. «Континент», Татишева Е., «Рынок становится чище», №25, 2001 (29).
18. Р. Қалығұлова, Н.Ғұмар. «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру». Алматы, 2000.
19. Сейткасымов Г.С. «Бухгалтерский учет в коммерческих банках».

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

1-тарау.Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 -19

1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні ... ... ... ... ... ..6-9
2. Тұтыну несиесінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-19

2-тарау.Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20-58

2.1.Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау
әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-38
2.2.Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 9-46
2.3.Тұтыну несиесін беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47-58
3-тарау. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ..59-75

3.1.Жеке тұлғаларды несиелеудің шет елдік тәжірбиесі ... ... ... 59-64
3.2.Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65-75

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76-78

Пайдаланылған ғылыми әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79-80

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі банктер банктік операцияларды ең жаңа технологияларды
пайдалана отырып, жоғары деңгейде қызметтердің кең спекторын кљрсетеді.
Мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, тағы да басқа кәсіпкерлікпен
айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың тұтыну және инвестициялық
мақсаттарына несие беру - банктердің негізгі экономикалық функциясы болып
табылады. Банктердің несиелік функцияларын дұрыс орындауы клиенттердің
қаржылық, экономикалық жағдайларына әсерін тигізеді, себебі, банктік
несиелер жаңа кәсіпорындардың құрылуын, жаңа жұмыс орындардың пайда болуын
және олардың экономикалық љмірін қамтамасыз етеді.
Нарықты экономика дамыған сайын несие түрлері де кљбеюде. Соның ішінде
тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты - халыққа тұтыну
тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну
несиесі бљлшек саудамен тығыз байланысты; біріншіден, тауар айналымы љскен
сайын, несие кљлемі де кљбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген
сұранысты тудырады. Екіншіден, тұтыну несиесі тљлем қабілеттілігі бар
халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну
тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек.
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды,
мысалы: автокљліктерді, жићаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы
жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс кљбейеді. Дамыған
елдерде несиенің жартысынан кљбі автокљлік сатып алуға беріледі. Қалған
тауарларды кљбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. соңғы
кезде, Қазақстанда ақшалай берілетін тұтыну несиесі љріс алуда. Олар
кљбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер
салуға,сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.
Жалпы тұтыну несиесінің кљлемі халықтың тұрмыс жағдайын кљрсетеді және
кәсіпкерлердің тауарларын љткізуге үлкен ықпал жасайды. Міне осы жоғарыда
айтылған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының љзектігін дәлелдейді.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген
сұранысты, оларды љндіруді кљбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну
несиесін кљбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады.
Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып
алған қымбатырақ болғанымен, тљленетін соманы біртіндеп љтеуге мүмкіндік
алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып
табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында. Бұл менің зерттеу
пәнім ретінде қарастырылады.
Диплом жұмысындағы зерттеулердің объектісі - Казкоммерцбанк АҚ-ң жеке
тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында
берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды
ұйымдастыру тәжірбиесіне талдау жүргізу. Ал диплом жұмысының зерттеу
мәселелері тұтыну несиесін беру, қайтару және банктер тарапынан бақылауды
ұйымдастыру.
Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну
несиелерін қандай мақсаттарға алатынын анықтау және тұтыну несиесінің
берілу тәртібімен танысу - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты
орындау үшін мынадай міндеттемелер алға тартылады:
➢ Статистикалық мәліметтерді қарастыру;
➢ Оларға талдау жасау;
➢ Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
➢ Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама
беру;
➢ Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
➢ Шет елдік тәжірбиелерді қарастыру.
Диплом жұмысын жазудың теориялық және методологиялық негізі ретінде
батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының
ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды, атап айтқанда Джозеф Ф. Синки,
Питер С. Роуз, Колесников В.И., Лаврушин И.О., Панова Г.С. Сонымен бірге,
тұтыну несиесін пайдаланудың құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан
Республикасының заңдары мен заң актілеріне сүйендім.
Ал, диплом жұмысында зерттеулерді жүргізу әдісі ретінде диалектикалық,
салыстырмалық, индукциялық және дедукциялық әдістерін қолдандым.
Диплом жұмысының практикалық базасы ретінде Казкоммерцбанк АҚ-ң қаржы
есебінен алынған мәліметтер қарастырылады.

1-тарау. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні

Тұтыну несиесі - бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу,
тұрмыстық қажеттіліктерін љтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, тљлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер.
Коммерциялық банктер тљмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
• Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер,
автомобиль, жиһаз, телевизор, тоңазытқыш және басқа да техникалар
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер
тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын тљлейді. Ал несиеге
берілген тауар-кепіл ролін атқарады. Берілетін несие сомосы қарыз
алушымен несие келісім шартында кљрсетілген график бойынша љтелуі
тиіс.
• Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды жалға
алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
• Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
• Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың тљлем мерзімін
ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы
пайдалану келісім шартында қарастырылса;
• Қозғалмайтын мүлік, автокљлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды
сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз, яғни оқу үшін,
емделгені үшін тљлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір түрі,
оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты,
яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну товарларын сатуды
ынталандыру. Бұл несие түрі бљлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден,
тауар айналымы љскен сайын, несие кљлемі де кљбейеді, себебі тауарға деген
сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, тљлем қабілеттігі бар
халықтың сұранысын тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын кљрінеді
(нарықтың тауарлармен қаныққан уақытында).
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар
љнімдерін сатып алу мақсатына беріледі. Мысалы: автокљліктерді, үй-
жай,тұрмыс жићаздарын сатып алуға. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын,
несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне
сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз.
Дамыған елдердегі несиенің жартысынан кљбі автокљлік сатып алу мақсатына
беріледі, қалған тауарларды кљбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алынады.
Тұтыну несиесі кљптеген елдер экономикасында үлкен роль
атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.
Бұл реттеулерді екіге бљлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және
товарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі
реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды
кљздейді. Яғни, банктердің, қаржы мекемелерінің қызметтеріне несиелік
шектеулер қолданылады.
Экономиканың құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты
- елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген
жеңілдіктер, мысалы: қолма-қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын
тљмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.
Ал, экономикада ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған
саясатқа қарама-қарсы саясат жүргізіледі, яғни мелекет несие мерзімдерін
азайтып, проценттік ставкаларды жоғарлатады.
Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады, тауарларға деген
сұранысты, олардың љндірісін кљбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну
несиесін кљбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады. Жеке
тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған
қымбатырақ болғанымен, тљленетін соманы біртіндеп љтеуге мүмкіндік алады.
Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның
даму деңгейі әр елде әртүрлі сатыда екенін кљре аламыз.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, кљбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін
несиелердің ішіндегі ең табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең
бір танымал - Ситикорп оф Нью-Йорк љзінің мыңдаған бљлімшелері бойынша,
үнемі љсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе, несие
карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін
несиелерге, тұтынушыларға электрондық қызмет кљрсетулерге) бағыттап
отырады, бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және
тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық
жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға
байланысты күрт љзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды
жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.
Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады. Бұл
несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен (несиелеу объектісі)
анықталады.
Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез-келген несиелерді, соның
ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілген несиелер,
ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді
жатқызады.
Ал батыстағы банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы Ресейден
ерекшелінеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін және
сәйкес қызметтерге ақы тљлеу үшін берілген несиелер.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік құнының
70-75% мљлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт љткеннен кейін
және бірдей бљліктермен љтеледі; ал егер, несие уақытында љтелмесе, банк љз
талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы бар.
Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы банкке
несиелік арыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің соммасын,
несиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін кљрсетеді. Ал, банк љз
тарапынан несие алушының несиелік қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс
деңгейі мен олардың кљздерін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының
жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс кљздері туралы мәліметтерді
талап етеді. Егер, банк осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының
несиені љтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе
кепілдемені талап етеді.

1.2. Тұтыну несиесінің түрлері

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың
саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелінуінің мынадай нышандары бар: қарыз
алушының типі, љтеу мерзімі, љтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты
бағытталуы, несиелеу объектілері, кљлеміне байланысты және тағы басқа.
Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну несиесі -
кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді
жљндеуге және олардың газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына берілетін
несиелер деп бљлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға
жеке қосалқы шаруашылығындағы жұмытарды жүргізу үшін,шағын механизация
құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын
салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау-бақша љсірушілік
кооперативтеріне және серіктестіктеріне кіретін мүшелердің әртүрлі
мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокљліктер және басқа да ұзақ
мерзім қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашылықта қажет үй жануарларын
сатып алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.
Тұтыну несиелері тљмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы
сипаты бойынша):
• Банктік тұтыну несиелері;
• Сауда ұйымдарымен халыққа берілетін қарыздар;
• Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну несиелері
(ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс
қоғамдары, зейнетақы қорлары және тағы басқалар);
• Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
• Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей
алынған тұтыну несиелері.
Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне
қарай бљлінуі:
• Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
• Ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдік деп те атайды. Мұндай
несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден љтеуі тиіс, ал банк талап
етпеген жағдайда љзіне қолайлы уақыттта љтей алады.
Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің ауқымды даму тенденциялары
туралы 1-кестеде келтірілген мәліметтер нақты деректер бере алады. Кестеде
кљрсетілгендей 2001 жылы берілген несиелердің барлық сомасы 20 822 млн.
теңге құрады, соның ішінде, халыққа берілген тұтыну несиелерінің 56%-ті
ұзақ мерзімге және 44%-ті қысқа мерзімге берілген. Ал 2003 жылы бұл
көрсеткіштер сәйкесінше 100 635 млн. тенге,82,4% және 17,6% болды.

Кесте №1
Қазақстан банктері берген тұтыну несиелерінің қөлемі
Мерзім бойынша2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл
несиелер
түрлері
Млн. тенге Млн. тенге Млн. тенге
I. Барлығы 20 822 42 249 100 635
(KZT)
Соның ішінде:
Қысқа 9 209 14 058 17 731
мерзімді
Ұзақ мерзімді 11 613 28 191 82 904

Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз
(овердрафт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге) деп бљлінеді.
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген
(сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген) және қамтамасыз
етілмеген (бланктік) болып бљлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз
етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені
уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу
тәукелімен байланысты. Несиелік шарттың негізіне несиенің мақсаты жатуы
тиіс. Тәжірбиеде несиені банк несиелейтін объектілермен қамтамасыз етеді:
тауар-материалды және басқа да құндылықтар.
Банктік несиені:
1. меншікті кепілге алу арқылы;
2. кепілдеме, кепілдік (гарантия, поручительство) арқылы;
3. үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын,
келісім шарттарын банк пайдасына қарай беру(переуступка) арқылы;
4. клиенттің несие бойынша жауапкершілігін сақтандыру келісім шарты
арқылы;
5. бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз
етуге;
6. вексельдермен қамтамасыз етуге;
7. љмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.
Љтеу әдісіне байланысты:
1. бљліп қайтарылатын;
2. мерзім соңында толық қайтарылатын болып бљлінеді;
Мерзім соңында толық қайтарылатын несиенің ерекшелігі, негізгі қарыз
және ол бойынша пайыз бірге, бір уақытта тљленеді. Оған мысал ретінде ескі
және жаңа үй құнының айырмасы сомасына жеке тұлғаларға жаңа үй сатып алу
үшін берілетін несие.
Бљліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойнша љтеу (әр
ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа); қарызды тұрақсыз периодтар
бойынша љтеу (қарызды љтеу барысындағы бљліктер белгілі бір факторларға
байланысты љзгеріп отырады (азаяды немесе кљбейеді)). Бљліп қайтарылатын
несиелер мәміленің жүзеге асу мерзімінде бљліктеп қарыздың соммасын есептен
шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен қайтару клиент үшін
мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады. Банк үшін де бұл
жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы және несиелік
ресурстарды босату арқылы банктің љтімділігін жоғарлатады.
Пайыздарды тљлеу әдістеріне байланысты несиелер:
1. Пайыздар несиені беру уақытында тљленетін несиелер;
2. Пайыздары несиені љтеу уақытында тљленетін несиелер;
3. Несиені пайдалану мерзімі бойынша пайыздар бірдей бљліктер арқылы
(әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген
график бойынша) тљленетін несиелер;
Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:
1. Біржолғы несиелер;
2. Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бљлінеді. Револьверді
несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт формасындағы
активтік-пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. Әлемдік
тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі шоттары бойынша несиелік
желілер аз тараған, бірақ олар несиелік карталар бойынша берілген несиелер
сияқты қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдықтан кљп қаражаттарға чек
жазып бере алады (чектік несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін
пайыздар тљлеуі тиіс.
Оған мысал ретінде АҚШ-тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ банк
жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:
1. Бљліп қайтарылатын несиелер;
2. Револьверлі несиелер;
3. Бљліп қайтарылмайтын несиелер деп бљледі.
Бљліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды белгілі бір
мерзім сайын тљлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып алу үшін
немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бљліктер арқылы
љтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша берілген
несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі бұлар бойынша
да белгілі бір мерзім сайын љтеледі. Бірақ, олардың љз ерекшеліктері бар.
АҚШ-та бљліп қайтарылатын несиелерді љтеу мерзімі 2-5 жыл аралығында
болады. Ал несиеге берілетін сомалар мљлшері үлкен диапозонда ауытқиды.
Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне
автокљліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан кљп тұратын
заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.
Револьверді несиелерге қарағанда, бљліп қайтарылатын несиелердің
қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.
Бљліп қайтарылатын несиелер банктік несиенің тікелей және жанама
формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен қарыз алушы
арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы
жүргізіледі, кљбінесе делдал ролін бљлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар
атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды тұлға арасында
жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады. Жанама несиелеудің кең
тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокљлік сатып алуға берілетін
несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.
Біздің елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты несиелеу дамуда. Сатып
алушылар қымбат тауарларды (автокљліктерді, тоңазытқыштарды, кір жуғыш
машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзім қолданатын
тауарларды), кљбінесе, бљліп қайтарылатын несие арқылы алуда.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несиенің түрі болып табылады. Қамтамасыз етілген
несиелер, банктік несиелермен салыстырғанда банктер үшін қауіпсіз, яғни
несиенің қайтарылмай қалған жағдайында банк кепілге алған мүліктерін сата
отырып, љз қаражаттарын қайтарып алады.
Классикалық түсінікте, ипотека - бұл тек несие беру ғана емес, сондай-
ақ салынған мүлік тауарлы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар
шығарумен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді.
Ипотекалық несиелеу процессі екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) тұрғын үй құрылысын несиелеу;
2) халықтың тұрғын үй сатып алуына ұзақ мерзімді несие беру.
АҚШ-та 20 ғасыр басында жылжымайтын мүлік нарығын дамыту арқылы елді
қаржылық дағдарыстан шығаруға болатынын түсініп, экономиканың бұл сферасына
ірі қаржы ресурстарын тарту мақсатында, құрылымдық љзгерістер жүзеге
асырылған болатын. Ең алғашқы тұрғын үй иелерінің корпорациясы құрылып, 20
мың доллардан аспайтын тұрғын үйлермен ипотекалық несиелерді сатып алу үшін
18 жылдық кезеңге екі млрд. доллар салынған, осының есебінен банктер
меншікті тұрғын үй сатып алуды қажет ететіндерге несие мерзімін созуға
мүмкіндік алды. Содан кейін ипотекалық несиелерді сақтандыратын Федералды
тұрғын үй әкімшілігі құрылды, сонымен - ипотекалық несиенің Федералды
ұлттық ассоциациясы - Фэнни Мей (Federal National Mortage Association)
құрылды.
Ал, ФРГ-де тұрғын үйлерді салуды кешенді қаржыландыру үшін банктердегі
халықтардың жинақтарын қамтамасыз ететін ипотекалық жүйе 100 жылдан астам
жұмыс істеуде.
Ресей Федерациясында ипотекалық жүйені дамыту үшін заңды негіз және
механизмдер жасалуда.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға љтуі ипотеканың дамуына
әсерін тигізіп, біздің елімізге лайықты модельдің қалыптастыру процессі
басталды.
Қазіргі уақытта, орташа қазақстандық отбасының жылдық шығындарының
нақты экономикалық мљлшері табыстарының мљлшерінен аз болып отыр. Ал, бұл
ақша қаражаттарын қорландыруға мүмкіндік береді. Кљбінесе, бұл қаражаттар
банктердегі салымдар ретінде немесе жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы
сақталады.
Ипотека - дамыған елдердегі қаржылық операциялардың кең тараған түрі.
Бұл операцияларда халықтың кљп бљлігі қатысады, тұрғын үй салуды ипотекалық
несиелеу банктің љтімді активтерінің бірі болып табылады.

Сызба-1
Дамыған елдердегі ипотекалық несиелердің жіктелуі

Дамыған елдерде ипотекалық несиелеудің схемалары әртүрлі болады, бірақ
негізінен америка және неміс елдерінің схемалары қолданылады.
Ипотекалық несиелеудің американдық схемасы банктік несие негізінде
құрылып, белгілі бір құрылысқа байланыссыз болады. Мысал келтіретін болсақ,
клиент банкке тұрғылықты үй сатып алу мақсатында несие алу љтінішімен
келеді. Љз алдына, банк несие алушының несиелік тарихын зерттейді, және
негізінен бұрыңғы несиелер бойынша љз мойнына алған міндеттемелердің
орындалуын қарастырады. Егер, несие алушы банктің қойған талаптарына сәйкес
келетін болса, онда клиент тұрғын үй алу мақсатына, љзі қайтара алатын
несие сомасын алады. Несие сомасын анықтау барысында клиенттің жасы,
білімі, жұмысы, ағымдағы табысы және оның љзгеру мүмкіндігі үлкен роль
атқарады.
Несие алушының келесі қадамы несие сомасы шегіне сәйкес келетін тұрғын
үй іздеу. Тұрғын үйді љзі немесе делдал фирмалар іздеу
мүмкін.Телекоммуникацияның дамуына байланысты, қазіргі кезде, дамыған
елдердің кез-келген бљлігіндегі тұрғын үй нарығын зерттеп білу кљп қиындық
туғызбайды. Сондықтан болар, АҚШ-та миграция деңгейі љте жоғары дәрежеде
болып отыр. Ипотеканың американдық схемасы бойынша қозғалмайтын мүлікті
сатып алуға берілген несие сомасы толық љтелмесе де, оны сатуға мүмкіндік
беріледі. бұл жағдайда қозғалмайтын мүлікке заклад актісі сатылады.
Ал, ипотеканың неміс схемасы американдықпен салыстырғанда икемсіз
болып саналады. Бұл схема банктік капиталды тартуға емес, ал ипотека
қатысушыларының ақша-қаражаттарын коллективті салу қоғамдарынан құрылған.
Классикалық неміс схемасы бойынша пәтерді сатып алу үшін бірнеше жыл
қатарынан қоғамдық салымдарды уақытында тљлеп отыру қажет. Бұл пәтер сатып
алушының дәлеттелігіне және мақсаттылығына деген емтихан ретінде
қарастырылады. Болашақта сатып алынатын пәтер бағасының жартысын жинағаннан
соң ғана, қоғам мүшесі таңдаған пәтеріне кљшуге құқық беріледі де, ол
қалған соманы, әдетте он жыл ішінде љтеуі қажет. Пәтердің құнын љтегеннен
кейін қоғам мүшесі пәтердің иесі болады.Пәтерді таңдау бірқатар ережелермен
шектеледі, біріншіден, тек осы салған пәтерлерден таңдауға болады. Іс
жүзінде, бұл қоғам љз қатысушыларының ақша-қаражаттарын қолдана отырып,
тұрғын үйдің заказ берушісі болып табылады. Бұл жағдай құрылыс
компанияларына љте тиімді, себебі олар қоғамның халықтан жинаған ақшаларын
пайдаланып, құрылыс кљлемін кљбейтеді. Қазіргі кезде кљптеген Қазақстандық
коммерциялық банктер ипотекалық несиелеудің әдістерін енгізуде.

2-тарау. Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі

2.1. Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау әдісі

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер клиентінің несиелік қабілеті -
деп қарыз алушының қарыз міндеттемелері бойынша (негізгі қарыз және
пайыздар) толық және уақытылы есеп айырысу қабілетін айтады.
Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау талап етілетін сомамен
қарыз алушының жекелеген табысының қатынасы, жеке меншігі мен қаржылық
жағдайын жалпы бағалауға, отбасы мүшелерінің санына, клиенттің несиелік
тарихын зерттеумен байланысты.
Коммерциялық банк несие алушының љткен жылдардағы қаржылық жағдайына
және банкпен берілген несиенің несиелік мерзімі кезіндегі
перспективаларына, болашақтағы қаржылық жағдайына талдау жасайды. Банк
нарықты зерттей отырып, несие алушының қаржылық жағдайын және елдің жалпы
экономикалық жағдайын ескеруі қажет.
Бұл жерде банкпен жүргізілетін: тљлем қабілеттілікті бағалауға, несие
қабілеттілікке және қаржылық тұрақтылыққа сараптама жасау жұмысы үлкен роль
атқарады.
Несие қабілеттілікке сараптама жүргізу әрбір банкте кеңінен қолдануда,
бірақ бұл жүргізілетін сараптамалар тек корпоративтік клиенттерге
бағытталған.
Љкінішке орай, екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғалармен қарым-
қатынаста, яғни жеке несие алушыларға дәл осындай сараптама жүргізуге қажет
кљңіл бљлмеуде. Ең кљп дегенде, бұл сараптамалар несие берудің алғашқы
кезеңінде жүргізіліп, кері мәнге ие болған жағдайда несие бермеу шешімін
қабылдаумен аяқталады.
Жеке несие алушының несие қабілеттіне сараптама жүргізу мақсаты - жеке
тұлғаны несиелеу кезіндегі мүмкін тәуекелді анықтау. Банк барлық
тәуекелдерді еске алып, љзін сақтандыруға тырысқанымен барлық тәуекелдерді
нљлге теңеу мүмкін емес.
Сондықтан банк несие бере отырып, тәуекелге әкелетін барлық факторларды
терең зерттеу қажеттілігімен кездеседі. Әрбір жеке жағдайда банк тәуекел
деңгейін, және белгілі тәуекелдерге байланысты ұсына алатын соманы анықтауы
қажет.
Жеке тұлғаның несиелік қарызды қайтаруын қарастырғанда, тек оның љткен
жылдардағы және болашақтағы қаржылық жағдайын тексеріп қана қоймайды.
Менеджер несие алушының барлық мүмкіндіктерді қарастыруы қажет. Себебі
материалды жағдайы жақсы клиенттер кей жағдаиларда несие шарттарын
бұлжытпай орындауға дайындылығын кљрсете отырып, кейін бұл шарттарды бұзуы
мүмкін. Сондықтан, несие алушының репутациясын да, жеке басының
ерекшеліктерін де қарастыру қажеттілігі туады. Ал ол болса, кљлемі үлкен
қаражаттарды, мәліметі кљп құжаттарды қажет етеді.
Қазақстан банктері Батыс елдер тәжірбиесінде кеңінен қолданылатын
несиелік Скоринг жүйесін кљп қолданбайды. Бұл жүйе жеке тұлғаның
репутациясын анықтау процесін жеңілдетеді. Және де несиелік Скоринг
жүйесі әрбір банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие алушылар
сипатына байланысты жасалуы қажет.
Несиелік Скоринг әдісін 1940 жылы американдық Д.Дюран экономисті
ұсынған болатын.
Оның кљзқарасы бойынша, тљмендегі факторлар тобы тұтыну несиесін беру
кезінде барлық дерлік тәуекелдердің деңгейін анықтау мүмкіндігін береді:
1. Жасы: 20 жастан асқан әрбір жылға - 0,1 балл беріледі;
2. Жынысы: әйелдерге -0,40 балл, ерлерге - 0 балл;
3. Тұрығылықты жерде љмір сүру мерзімі: берілген жерде тұрған әрбір
жыл үшін 0,042 балл;
4. Мамандығы: тәуекелі тљмен мамандық үшін -0,55балл, тәуекелі
жоғары мамандық үшін -0 балл, және басқа мамандықтар үшін - 0,16
балл;
5. Салаға байланысты: егер мемлекеттік мекеме, банк және брокерлік
фирмаларға болса - 0,21 балл;
6. Жұмыс бастылығына байланысты (занятось): берілген кәсіпорындарда
жұмыс істеген әр жыл үшін -0,059 балл (максимум 0,59 балл
беріледі);
7.-9. Қаржылық кљрсеткіштер: банктік шоты болса - 0,45 балл,
жылжымайтын мүлкі болса - 0,35 балл, љмірін сақтандыру полюсі бар несие
алушыларға -0,19 балл беріледі.
Осы коэффициенттерді қолдана отырып, Д.Дюран жақсы және жаман
клиенттер араларындағы шекараны анықтауға тырысқан. Несие алушы қабілетті
деп саналу үшін жинаған баллдардың сомасы- 1,25 баллдан жоғары болуы қажет.
Ал, 1,25 баллдан тљмен жинағандар несиеқабілетті, бірақ банк үшін тиімсіз
деп есептеледі.
Германия, Франция, АҚШ елдердегі коммерциялық банктердің қолданатын
Скоринг жүйелерін салыстырайық, айта кететін жәйт, бір елдегі коммерциялық
банктер жеке несие алушының несиеқабілеттілігін анықтау барысында әртүрлі
әдістерді қолдануы мүмкін. Себебі, әрбір банк несиеқабілеттілікті анықтау
жүйесін дайындау барысында мәмілелердің ерекше шарттарына, банк
приоритетімен, мамандануына, банктің нарықтағы орнына, бәсеке деңгейіне
және тағы басқа жағдайларға сүйенеді.

А. Неміс банктерінің Скоринг-формуляры

1. Клиенттің қаржылық мүмкіншіліктері:
• Басқа банктерден жағымсыз ақпараттардың түспеуі-20 балл;
• Қарызды қайтару мүмкіншілігіне байланысты: егер, 60%-ға дейін-0 балл,
80%-ға дейін - 10 балл, 100%-ға дейін- 20 балл;
• Қамтамасыз етуге байланысты: қарыздың 25%-ын жабатын болса - 1 балл, 50%-
ға дейін- 4 балл, 75%-ға дейін - 7 балл, 100%-ға дейін - 20 балл;
• Банктердегі салымдар сияқты меншіктері бар болған жағдайда - 10 балл
беріледі;
• Љткен уақытта алған несиелеріне байланысты: несиені қолданбаған жағдайда
- 5 балл, несие келісім шартын бұзса, қайтару мерзімінен кешіктірген
болса -0 балл, несиені уақытылы қайтарса- 15 балл.
2. Біліктілікке (квалификация) байланысты: егер, несие алушының біліктілігі
болмаса -7 балл, қызметкер -9 балл, зейнеткер -13 балл.
Материалдық қамтамасыз ету жағынан банктің қарастыратын әлеуметтік
топтарына келетін болсақ: маман ретінде Германдық банктер - материалдық
љндіріс саласындағы қызметкерді, кљмекші персонал ретінде - қызмет кљрсету
саласындағы қызметкерлерді қарастырады. Қоғамды осындай схема бойынша бљлу
Германияның кљптеген банктерімен қолдануда. Ал, АҚШ банктері болса, қоғамды
тереңірек, яғни несие алушының кәсібіне байланысты бљлуді қолдануда. Ал,
зейнеткерлерге жоғары балл берілу себебі, Батыс елдердегі әлеуметтік
қамтамасыз ету жүйесінің жоғары дәрежесімен түсіндіріледі. Әдетте,
зейнеткерлердің қаражаттары жеткілікті болғандықтан, оларды қамтамасыз
етілген несие алушылар қатарына қосады.
3. Соңғы жұмыс берушідегі еңбек ету мерзіміне байланысты: 1 жылға
дейін -0 балл, 2 жылға дейін -3 балл, 3 жылға дейін -5 балл, 5 жылға
дейін -8 балл, 5 жылдан жоғары -12 балл, зейнеткерлер -0 балл.
4. Қызмет ету саласына байланысты: мемлекеттік қызметкер болса - 10 балл,
басқа сала қызметкері болған жағдайда -6 балл, зейнеткерлерге -0 балл
беріледі.
Қызмет ету саласы бойынша бағалау біліктілік бойынша бағалауға
қарағанда еңбекпен қамтамсыз етілу жағынан ерекшеленеді. Бұл жағынан
Германиядағы мемлекеттік қызметкерлердің рейтингісі жоғары, себебі, олардың
әлеуметтік қорғалуы, яғни жұмыс орнынан босатылған жағдайда тљлемқабілетіне
байланысты тәуекелдер тљмен болады.
5. Жасына байланысты: 20 жасқа дейін - 0 балл, 25 жасқа дейін -2 балл, 30
жас - 4 балл, 35 жас - 8 балл, 50 жас - 9 балл, 60 жас -11 балл, 60
жастан жоғары - 16 балл.
6. Жанұя жағдайына байланысты: басы бос болса -8 балл, үйленген болса -14
балл, ажырасқан болса -8 балл, түл ер болса (вдовец) -8 балл.
7. Тұрғылықты жеріне байланысты: љз баспанасы болса -10 балл, не пәтерді,
не үйді жалдап тұратын болса -5 балл, љз баспанасы мүлдем болмаса -0
балл беріледі.
8. Асырауындағы адамдар санына байланысты: егер, ондайлар жоқ болса -10
балл, біреу болса -7 балл, екеу болса -5 балл, үшеу болса -2 балл,
үшеуден жоғары болса -0 балл.
Банктің шешімі былай анықталады: егер, несие алушы 80 балл жинайтын
болса, несие беру туралы шешім несиелік қызметкердің љзі қабылдай алады.
Ал, егер несие алушы 61-80 балл жинаса, несие беру туралы шешімді қабылдау
үшін жоғары лауазымды тұлғаның келісімі қажет. Ал, егер несие алушы 61
баллдан тљмен жинайтын болса, несие бермеу туралы шешім қабылданады.
Б. Францияда қолданылатын Скоринг жүйесі
Францияда жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау- скоринг жүйесі -
үш бљлімнен тұрады: несие туралы; клиент туралы, клиенттің қаржылық жағдайы
туралы мәліметтер.
Бірінші бљлімге несие беруші қызметкер туралы мәліметтер, клиенттің
досьесінің нљмері, агенттіктің атауы, несиенің түрі мен соммасы, оны љтеу
мерзімділігі, сақтандыру тљлемдерінсіз проценттік ставкалары, қарызды беру
күні, оны қайтару үшін клиенттің таңдаған күні мен айы, сақтандырудың
қажеттілігі жайлы туатын сұрақтарға жауаптар, сақтандыру тљлемімен немесе
сақтандыру тљлемінсіз ай сайынғы қарызды љтеудің абсолютті љлшемі, банкке
тљленетін сақтандыру тљлемдері мен пайыздардың жалпы сомасы туралы
мәліметтер енгізіледі.
Екінші бљлімге клиенттің мамандығы, оның белгілі бір әлеуметтік топқа
жатуы, клиентке жұмыс беруші туралы, таза жылдық табысы, жылдық шығындар,
еңбек стажы туралы мәліметтер жазылады.
Үшінші бљлім табыс пен шығыстардың қатынасынан, жинақ және ағымдағы
шоттардағы қалдықтар туралы мәліметтерден тұрады.
Осы аталған мәліметтерді енгізу негізінде банк қызметкері несие беруге
болатыны туралы қорытынды алады. Ал, керісінше жауап болған жағдайда, қарыз
беру мүмкіншілігі қосымша қарастыру үшін, банк агенттігі клиентті љз
дирекциясына жібереді.
Креди Агриколь банкісінің несие алушысы рейтингісі.
Бұл банкте жеке тұлғаларға тљмендегідей мазмұнды анкетаны толтыру
ұсынылады:
• Несиенің мақсаты: несие ақшалай түрде берілсе 0 баллдан басталып,
автокљлік алғанда 100 баллға дейін беріледі;
• Несие алушының мәмілені қаржыландыруға қатысуы: қолма-қол ақша
түрінде 10%-дан тљмен - 0 балл, 10%-дан 45%-ға дейін - 30 балл, 45%-
дан жоғары тљленген жағдайда -50 балл беріледі;
• Жанұя жағдайы: ажырасқандарға 0 баллдан бастап, жанұясы мен үш
баласы барларға -60 балға дейін беріледі;
• Жасы: 25 жасқа дейінгілерге 0 баллдан бастап, 60 жастан асқандарға
100 баллға дейін береді;
• Мамандығы: студенттерге 0 баллдан бастап, мемлекеттік қызметкерлерге
100 баллға дейін береді;
• Жұмыс бастылық: стажы бір жылға дейінгілерге 0 баллдан бастап, стажы
тљрт жылдан асқандарға 100 баллға дейін берілуі мүмкін;
• Таза жылдық табысы: 60 мың франкке дейін -0 балл және 160 мың
франктен жоғары табыстыларға 100 баллға дейін береді;
• Жылжымайтын мүлікті иеленуіне байланысты: пәтерді жалдайтын болса 0
балл, ал љз меншігіндегі үйі болса 80 балл;
• Несиенің мерзімі бойынша: бір жылға дейін мерзімдегі несиелер- 140
балл, екі жылдан жоғары мерзімдегі несиелер - 0 балл;
• банктік шоттағы қалдық сомасы бойынша: егер, қалдық бес мың франктен
тљмен болса- 0 балл, елу мың франктен жоғары қалдық үшін - 150 балл
беріледі.
Егер, несие алушы 510 баллдан жоғары жинайтын болса, несие беру шешімі
қабылданады. 380-510 балл жинаған несие алушылардың несие келісім шарттары
қайта қаралады (сомасы, несие мерзімі, гарантиясы љзгертілуі мүмкін). Егер,
несие алушы рейтингісі 380 баллдан тљмен болса, банк несие беруден бас
тартады.

В. Американдық банкте несие алушының несие қабілеттілігін анықтау

1. Кәсіп түрі:
• Бизнесмен, дәрігер, мұғалім - 7 балл;
• Ғалым, фермер, мекеме жұмысшысы - 5 балл;
• Медбике, білікті қызметкер, журналист - 5 балл;
• Әскери қызметкер - 4 балл;
• Шаштраз, сыпрынды жинаушы - 3 балл;
• Жүк тиеуші, гараж қызметкері - 2 балл;
• Суретші, музыкант - 1 балл;
• Коммивояжер, таксист - 0 балл.
2. Жұмыс істеу стажы:
• Несие алу уақытындағы жұмыста екі жылдан астам жұмыс істесе - 2
балл;
• Осы уақыттан орнында жеті жылдан астам уақыт жұмыс істесе - 5 балл;
• Љткен жұмыс орнында он жылдан аз уақыт жұмыс істесе -5 балл;
3. Пәтер үй жағдайлары:
• Љз үйі болса - 5 балл;
• Пәтерді немесе тұрғын үйді жалға алатын болса - 3 балл;
• Ата-анасымен бірге тұрса -3 балл;
• Бір немесе бірнеше бљлмені, трейлерді жалға алатын болса -0 балл.
4. Берілген жерде тұруына байланысты:
• Бес жылдан артық уақыт тұрған болса - 3 балл;
• Екі жылдан бес жылға дейін - 2 балл;
• Екі жылға дейін -1 балл.
5. Жанұя жағдайына байланысты:
• Үйленген; түл ер болса -5 балл;
• Жалғыз әйел - 5 балл;
• Жалғыз ер адам болса - 3 балл;
• Ажырасқан әйел - 2 балл;
• Ажырасқан ер адам - 0 балл.
6.Апталық ақысына байланысты:
• 200 АҚШ долларынан жоғары болса - 5 балл;
• 101 АҚШ долларынан 200 АҚШ долларына дейін - 4 балл;
• 91 АҚШ долларынан 100 АҚШ долларына дейін - 3 балл;
• 76 АҚШ долларынан 90 АҚШ долларына дейін - 2 балл;
• 61 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін - 1 балл;
• 61 АҚШ долларынан тљмен - 0 балл.
7.Банктік шоттың болуына байланысты:
• Ағымдағы және жинақтаушы шоттар - 6 балл;
• Жинақтаушы шоттар - 3 балл;
• Ағымдағы шотттар - 2 балл.
7. Несиелік сипаттамасына байланысты:
• Бензинге берілген екі несиелік карточкалары - 4 балл;
• Дүкендердің екі несиелік карточкалары - 2 балл;
• Бір қаржылық фирманың сипаттамасы - 2 балл;
• Бір зергерлік дүкеннің сипаттамасы -2 балл;
• Екі қаржылық фирманың сипаттамасы - 4 балл;
• Екі зергерлік дүкеннің сипаттамасы - 4 балл.
Осындай әдіспен несие алушының несиеқабілеттілігін анықтау барысында 30
балл жиналатын болса, АҚШ банкирлері несие беру љте үлкен тәуекел деп
есептейді. Ал, егер баллдар сомасы 13-тен аз болса, несие бермеу шешімі
автоматты түрде қабылданады.
АҚШ-та жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау дүкендерден несиеге
алған тауарларымен байланысты клиенттің несиелік тарихын зерттеуге
негізделеді. Қарыз беру љтінішіндегі бар мәліметтер де банкпен есепке
алынады. Оларға: аты-жљні, мекен-жайы және әлеуметтік қамсыздандыру номері
жатады. Осы аталған негізгі үш мәлімет бойынша несие карточкаларын шығарушы
банктерден, ұйымдардан және үй иелерінен клиенттің тљлемсіздік болған
жағдайлар туралы мағлұмат жиналады. Банк тљлемсіздік болған қарыз мљлшерін
және қарыз санын, оны љтеу мерзімін және љтеу әдісін қарастырып, клиенттің
несиелік тарихын қалыптастырады.
Американдық банктермен жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалауға
тек клиенттің несиелік тарихын зерттеумен шектелмейді, сонымен қатар,
мынадай кљрсеткіштер де қарастырылады: қарыз бен табыстың қатынасы,
табыстың тұрақтылығы және бір жұмыс орнында қызмет ету ұзақтығы, капитал
мљлшері.
Клиенттің несиелік қабілеттілігін талдаудың негізгі мақсаты оның љткен
кездегі, қазіргі, болашақтағы қаржылық жағдайын нақты бағалау үшін қажетті
мәліметтерді алу үшін керек. Љткен кездегі және қазіргі кездегі қызметін
бағалау болашақты болжау үшін қажет. Бірақ, клиенттің неселік келісім шарт
бойынша қарызды қайтаруға дайындығы және қабілеттілігі туралы банктің сенім
дәрежесі әртүрлі факторларға байланысты болады.
Несиелеу процесі келісілген мерзімде қарызды қайтармаумен байланысты
кљптеген және кљпжақты факторларға тәуелді. Экономикалық циклдің ауытқулары
клиенттің табысына, тұтынушылардың және іскерлік әлем кљңіл-күйіне әсер
етеді. Кейбір тәуекелдер түсіндіруге келе бермейтін субъективті
жағдайлардан туындайды.
Банк несие бере отырып, қарызды љтемеуге әкелетін факторларды зерттеуі
қажет. Бұдан клиенттің несиелік шарт бойынша қарызды қайтаруға дайындығы
және қабілеттілігіне деген банктің сенім дәрежесі тәуелді.
Жалпы клиенттің қаржылық жағдайын талдаудың кљптеген әдістері бар. АҚШ-
тың банктік жүйесіндегі алты СИ ережесі қолданылады. Бұл ереже
кљрсеткіштеріне:
1) Character - қарыз алушы сипаттамасы;
2) Capacity-қабілеттілік;
3) Cash - ақша қаражаттары;
4) Collateral- қамтамасыз ету;
5) Conditions- жағдай;
6) Control- бақылау.

1. Қарыз алушының сипаттамасы. Несиелік инспектордың несие алушының
несиені мақсатты жұмсайтыны және қайтаратындығы туралы күмәні болмауы
керек. Егер, инспектордың сұралып отырған несиенің жұмсалу мақсатын
түсінбеу орын алса, бұл мәселе нақтыланып, қарастырылуы қажет. Бұл жағдайда
да несиелік инспектор клиенттің алған несиесіне жауапты қарайтынын,
қойылған сұрақтарға шынайы жауап беретін және несие бойынша міндеттемелерін
қайтаруға бар күш-қуатын салуға дайын екенін анықтауы қажет. Клиенттің
жауапкершілігін, шынайылығын, барлық міндеттемелерін жабу ниетін несиелік
инспекторлар қарыз алушының сипаты деп атайды.
Егер, несиелік инспектордың клиенттің барлық құжаттарын қарастырғаннан
кейін, сұхбаттан кейін күмәні қалатын болса, несие алушыға несие берілмеуі
қажет, себебі, кейін банк љтелуі күмәнді мәселелі несиемен кездесуі
ықтимал.
2.Қаржыларды қарызға алу қабілеті. Несиелік инспекторлар несие
алушының несиелік арыз беруге және несиелік келісім шартқа қол қоюға құқы
бар екеніне кљз жеткізуі керек. Осыны қаржыларды қарызға алу қабілеті деп
атайды. Мысалы, АҚШ-тың кљптеген штаттарында, Ресейдің аймақтарында
кәмелеттік жасқа толмағандар (18 және 21 жасқа толмағандар) несиелік
шарттар бойынша жауап бере алмайды. Сондықтан, банк несие соммасын љндіріп
алу кезінде қиындықтарға кездеседі.
Несие инспекторы несие алуға келген басшылардың немесе компаниялардың
љкілетті тұлғаларының компания атынан несиелік келісім шартқа қол қоюға
және несие алу туралы келіссљз жүргізуге құрылтайшылар құжаттарымен,
директорлар кеңесімен берілген құзыры бар екеніне кљзі жетуі қажет.
Несиелік инспектор несиелік келісім шартқа қол қоюға құзыры бар тұлғаларды
анықтау үшін, фирманың құрылтайшылар шарттарымен және жарғымен танысуы
керек.
3. Ақша қаражаттары. Несиелік љтінішті қарастырғанда қарыз алушының
несиені љтеу қабілеті анықталады. Жалпы қарыз алушы үшін несиені љтеудің үш
кљзі бар:
а) қолма-қол ақша ағыны;
б) активтерді сату және жою (ликвидация);
в) қаржыларды тарту.
Аталған қайнар кљздердің кез-келгені несиені љтеуге қажетті қаржылардың
қалдық соммаларын қамтамасыз ете алады. Бірақ, банктер үшін ең тиімдісі
қолма-қол ақша ағыны болып табылады. Себебі, активтерді сату барысында
қарыз алушының балансы бұзылып, ал қаржыларды тарту банктің кредитор
позициясын нашарлатуы мүмкін. Қолма-қол ақша ағынының жетіспеушілігі
фирманың қаржылық жағдайының және кредиторлармен қатынасының нашарлауының
бірден-бір кљрсеткіші. Бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарасақ:
Қолма-қол ақша ағыны = Таза пайда+Амортизация+Кредиторлық
қарыздардың кљбеюі -
Дебиторлық қарыз
дардың және тауарлы-
материалдық
қорлардың кљбеюі.
Бұл формуланың артықшылықтарының бірі оларды банктің несиелік
инспекторы клиенттің менеджерлер біліктілігі мен дәрежесін, клиент қызмет
ететін нарықтың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
4. Қамтамасыз ету. Несиелік инспектор несие алушының берілген несиені
қамтамасыз ететін жеткілікті капиталы немесе сапалы активтері туралы
мәліметтердің шынайы екенін анықтауы қажет. Ол мынадай сипаттамаларға:
қарыз алушының активтерінің жағдайы мен құрамына, жұмыс істеу мерзіміне кљп
кљңіл бљлуі керек. Егер, клиенттің активтері - ескірген құрал-жабдықтар мен
технологиялар болса, несиені қамтамасыз етудегі құндылығы шамалы. Себебі,
егер қарыз алушының міндеттемелері бойынша жауап беруге табысы жетпей
қалса, бұндай активтерді қолма-қол қаржыларға айналдыру қиынға түседі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесін алу
Банктік несие мәні және экономикалық ролі
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi жайында
Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар
Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi туралы
Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы
Тұтыну несиесі және қасиеті
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен теориялық негізіне жан-жақты зерттеулер жүргізіп, несиелеудің бұл түрінің “Еуразиялық банк” ақ-ның қызметіндегі жүзеге асырылу ерекшеліктерін қарастыру
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Банктік тұтыну несиелері
Пәндер