Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақ.түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
б) Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығы
1) Несие сызығы.
2) Көлік және коммуникация
3) Пошта, телефон, телеграф
4) Ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
5) Мұнай, газ және өнеркәсіп.
Пайдаланылған әдебиеттер
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазіргі Түркияның бірқатар аумағын батыс державалары жаулап алды. Шетелдік басқыншылар тіпті Стамбул, Измир секілді ірі қалалардың өзінде үстемдік етті. 1919 жылы Кемал Ататүріктің басшылығымен Түркия халқы азаттық күресіне шықты, нәтижесінде үш жылдан кейін елдің үлкен бөлігі басқыншылардан азат етілді. Бұл жеңіс Лозанн келісімімен бекітілді. Мұнан соң халықаралық қауымдастық тарапынан ел шекаралары ресми түрде танылып, 1923 жылы 29 қазанда Ұлттық Ассамблея Түрік Республикасы құрылғанын жариялады. Қайтадан құрылған мемлекет ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, дамудың батыстық үлгісін таңдады. Іргелі, басты мақсаттардың бірі зайырлы қоғам құра отырып, еуропалық саяси құндылықтарды бойына сіңірген жаңа ұлтты қалыптастыру болды. Түркияның бірінші Президенті Кемал Ататүрік тұсында негізі қаланған бұл принциптер республика үшін бүгінгі күні де аса маңызды принциптердің бірі болып табылады.
Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы кең көлемдегі мәселелер бойынша екі тарап ұстанымының жақындығы мен сәйкестігіне негізделеді. Экономикалық байланыстарды дамытуға екі мемлекеттің де мүдделілігі 1990 жылы негізі қаланып, мемлекеттік деңгейдегі бірқатар құжаттармен бекітілген жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікке серпін береді.
1991 жылы наурыз айында Түркия Президенті Тұрғыт Өзал Қазақ КСР-іне ресми сапармен келді. 14 наурызда Алматыда Н.Ә. Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Т.Өзалдың арасында келіссөз жүргізілді.
Т.Өзал Қазақстанның табиғи және экономикалық әлуеті мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген біріккен іс-қимылдардың жаңа ашылып келе жатқан мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Өз кезегінде Н.Ә. Назарбаев екі жақты ынтымақтастықтың неғұрлым табысты дамуына ықпал ететін бірқатар басым бағыттарды атап көрсетті.
Осы ресми сапар кезінде келешек қарым-қатынастардың негізін қалаушы басты құжат Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Тараптар, екі мемлекет халықтарының мәдениеті, тілі және дәстүріндегі ортақ тарихи сабақтастықтарды ескере отырып, көп жақты ынтымақтастықты дамытуға және қалыптасқан достық қатынастарды БҰҰ принциптері мен мақсаттарына сәйкес түрде бекітудің және халықаралық қатынастардағы жаңа конструктивті әдіс-тәсілдерді негізге ала отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете және кеңейте түсудің қажеттігі туралы қорытындыға келді; Қазақстан мен Түркия кәсіпорындары, фирмалары арасындағы коммерциялық істердің, тікелей қарым-қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, қоршаған орта бойынша ынтымақтастық және т.б. қарастырылды.
Осы келісімдегі ережелер 1994 жылы қазан айында қол қойылған Достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартта одан әрі дамытылды.
1. Б.Б. Хан., Л.С. Суворова., Г.Б. Рахманова. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. А.2003 ж.
2. Дипломатия жаршысы.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
б) Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығы
1) Несие сызығы.
2) Көлік және коммуникация
3) Пошта, телефон, телеграф
4) Ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
5) Мұнай, газ және өнеркәсіп.
Пайдаланылған әдебиеттер

К І Р І С П Е

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазіргі Түркияның бірқатар аумағын
батыс державалары жаулап алды. Шетелдік басқыншылар тіпті Стамбул, Измир
секілді ірі қалалардың өзінде үстемдік етті. 1919 жылы Кемал Ататүріктің
басшылығымен Түркия халқы азаттық күресіне шықты, нәтижесінде үш жылдан
кейін елдің үлкен бөлігі басқыншылардан азат етілді. Бұл жеңіс Лозанн
келісімімен бекітілді. Мұнан соң халықаралық қауымдастық тарапынан ел
шекаралары ресми түрде танылып, 1923 жылы 29 қазанда Ұлттық Ассамблея Түрік
Республикасы құрылғанын жариялады. Қайтадан құрылған мемлекет ұлттық мәдени
дәстүрлерді сақтай отырып, дамудың батыстық үлгісін таңдады. Іргелі, басты
мақсаттардың бірі зайырлы қоғам құра отырып, еуропалық саяси құндылықтарды
бойына сіңірген жаңа ұлтты қалыптастыру болды. Түркияның бірінші Президенті
Кемал Ататүрік тұсында негізі қаланған бұл принциптер республика үшін
бүгінгі күні де аса маңызды принциптердің бірі болып табылады.

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

а) Қазақ-түрік экономикалық қатынастарының қалыптасуы
мен дамуы
Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы кең көлемдегі мәселелер бойынша екі
тарап ұстанымының жақындығы мен сәйкестігіне негізделеді. Экономикалық
байланыстарды дамытуға екі мемлекеттің де мүдделілігі 1990 жылы негізі
қаланып, мемлекеттік деңгейдегі бірқатар құжаттармен бекітілген жан-жақты
ынтымақтастық пен әріптестікке серпін береді.
1991 жылы наурыз айында Түркия Президенті Тұрғыт Өзал Қазақ КСР-іне
ресми сапармен келді. 14 наурызда Алматыда Н.Ә. Назарбаев пен Түркия
Республикасының Президенті Т.Өзалдың арасында келіссөз жүргізілді.
Т.Өзал Қазақстанның табиғи және экономикалық әлуеті мен еңбек
ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген біріккен іс-қимылдардың жаңа
ашылып келе жатқан мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Өз кезегінде Н.Ә.
Назарбаев екі жақты ынтымақтастықтың неғұрлым табысты дамуына ықпал ететін
бірқатар басым бағыттарды атап көрсетті.
Осы ресми сапар кезінде келешек қарым-қатынастардың негізін қалаушы
басты құжат Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасы
арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Тараптар, екі
мемлекет халықтарының мәдениеті, тілі және дәстүріндегі ортақ тарихи
сабақтастықтарды ескере отырып, көп жақты ынтымақтастықты дамытуға және
қалыптасқан достық қатынастарды БҰҰ принциптері мен мақсаттарына сәйкес
түрде бекітудің және халықаралық қатынастардағы жаңа конструктивті әдіс-
тәсілдерді негізге ала отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете және
кеңейте түсудің қажеттігі туралы қорытындыға келді; Қазақстан мен Түркия
кәсіпорындары, фирмалары арасындағы коммерциялық істердің, тікелей қарым-
қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; ғылыми-техникалық
ынтымақтастықты дамыту, қоршаған орта бойынша ынтымақтастық және т.б.
қарастырылды.
Осы келісімдегі ережелер 1994 жылы қазан айында қол қойылған Достық пен
ынтымақтастық туралы келісім-шартта одан әрі дамытылды.
1991 жылы қыркүйекте екі ел басшылары тарапынан Қазақстан мен Түркия
арасындағы өзара қарым-қатынастар принциптері мен мақсаттары туралы
Декларация қабылданды.Бұл құжатта достық қатынастардың Хельсинки Қорытынды
Актісі, жаңа Еуропа туралы Париж Хартиясы, БҰҰ Жарғысы және принциптері мен
мақсаттары шеңберінде, құқық басымдылығы, егемендікті құрметтеу,
ынтымақтастық пен татулық рухындағы ОБСЕ-нің өзге де құжаттары негізінде
дамытылғандығы атап көрсетілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
Тап сол күні Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып Түркия Республикасы
таныды.
1992 жылы наурыз айында Н. Назарбаев Сыртқы істер министрі
Х.Четиннің басшылығымен Алматыға келген Түрік Республикасының үкімет
делегациясын қабылдады. Екі жакты келіссөздер өзара
тиімді кең көлемдегі саяси жөне экономикалык мәселелерді қамтыды.
Н.Назарбаев Қазақстан үшін өзге елдерге карағанда Түркия
ерекше маңызды екендігі айтты. Бұл тек тіл мен мәдениеттің, дәс-
түрдің жақындығында ғана емес, ең әуелі Түркия саясатына
байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының Сыртқы істер
министрлері Т.Сүлейменов пен Х.Четин елшіліктер деңгейінде дипломатиялық
қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойды, осы кездесу барысында екі
мемлекет арасында визасыз жүріп-тұру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
1992 жылы 21 сәуірде Президент Н.Назарбаевқа алғашқы сенім грамотасы
тапсырылды. Дипломатиялык. практика үшін міндетті ресімді Төтенше жәнс
Өкілетті елші Арук Езнай ашты.
Осыдан кейін, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында
дипломатиялық қатынастың орнауына байланысты 1992 жылы 17 мамырда Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен Анкара қаласында Қазақстан
Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігі ашылды. Қазақстан
Республикасы Президентінің тағы бір Жарлығы бойынша Қ.Б. Саудабаев
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті
елшісі болып тағайындалды.
1992 жылы 29 сәуірде Түркия Республикасының премьер-министрі С.
Демирель Алматыға ресми сапармен келді. Онын келуі екі ел арасында дамып
келе жаткан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарға
жаңа серпін берді. Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін аса маңызды
қадамдар болды. Қазақстан кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мен шетелдік
инвестицияларды тартуға негізделіп қайта құрылған түрік экономикасының
тәжірибесі өзі үшін аса құнды болып табылады деп есептеді.
С.Демирель Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы көптүрлі
байланыстардың дамуына және оларды келешекте нақтылы бағдарлама негізінде
жетілдіре түсуге деген ұмтылысқа канағаттанғандығын білдірді. Сонымен бірге
ол, Қазақстан аумағындағы мұнай кеніштерін барлау жұмыстарына, газбен жұмыс
істейтін электрстанциялар салу құрылысына, Түркияға қарай салынатын мұнай
құбыры құрылысына қатысуға, осы реттерде өз үкіметінің 200 млн. долларға
дейін несие беруге дайын екендігін және өзге де мүдделі мемлекттерді тарта
отырып, Каспийде қазіргі заманғы кеме қатынасын ұйымдастыруға ықыласты
екендігін атап өтті. Сол күні Алматы қаласында Түркия елшілігі салтанатты
жағдайда ашылды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы 1993 жылдың басты оқиғасы сәуір айында
Түркия Республикасы Президенті Т. Өзалдың Қазақстанға жасаған ресми сапары
болды. Ол Қазақстан Республикасы Президентімен және Жоғарғы Кеңес
Төрағасымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екі жақты
ынтымақтастықтың дамуындағы алға басушылықтар мен оған кедергі келтіріп
отырған кейбір жайттарды сөз етті.
Халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылау барысында Түркия
Президенті Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық
пен сенім шаралары бойынша Кеңес шақыру туралы бастамасын қолдайтындығын
айтып, Түркияның бұл процеске белсенді түрде қатысатындығын мәлімдеді.
Қазақстан парламентшілері алдында сөз сөйлеген кезінде Т.Өзал түрік
халқы Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан реформаларға түсіністікпен
қарайтындығын айтты.
Т. Өзал Оңтүстік-Қазақстан облысында болып, Қ.А. Иассауи атындағы
халықаралык қазақ-түрік университетінің ашылу рәсіміне катысты.
Түркия Президентінің Қазақстанға сапары екі мемлекеттің саяси,
экономикалық, мәдени және т.б. салалардағы қатынастарын кеңейту мен дамыта
түсуге деген ұмтылысын одан әрі бекітті.
1994 жылы 16-18 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Прсзиденті
Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға жасаған тұңғыш ресми сапары, өзінің қысқа уақыты
мен жалпы сипаттағы декларацияның болмағандығына қарамастан, бұл сапарды
бақылаушылардың барлығы бірауыздан ерекше маңызды саяси оқиға ретінде
бағалады. Өзінің ресми сапарының шеңберінде 17 қазан күні Н.Назарбасв
Президент С.Демирельмен келіссөз жүргізді, (Т. Өзал 1993 жылы 19 сәуірде
қайтыс болды), Ұлы ұлттық жиылыс төрағасы Х.Джин-друкпен кездесіп, үкімет
төрағасы Т.Чиллерді және негізгі оппозициялық партияның лидері М.Йылмазды
қабылдады. Сонымен қатар, Н.Назарбаев түрік іскер топтары өкілдерімен де
кездесу өткізді.
Келіссездер мен кездесулер барысында негізгі назар ынтымақтастықты
кеңейту мәселелеріне, бұрын қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру
мәселесіне аударылды. Екі жақты қатынастарды жоғары деңгейге көтере түсу
үшін осы сапар кезінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түркия
арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Келісімнің рөлі зор болды. Осы
Келісімгс қол қойылғаннан кейін болған баспасөз конференциясында С.
Демирель "бұл құжат біздің қарым-қатынасымызды дамытудағы жаңа және аса
маңызды саты іспетті болды" деген баға берді.
Екі жақ та әр түрлі деңгейде тұрақты саяси кеңестер өткізіп тұруға,
халықаралық ұйым шеңберінде іс-қимылдар өзара үйлестіруге дайын
екендіктерін білдірді. Осы сапар барысында екі жақтың сыртқы саяси
ведомстволарының кеңесі туралы хаттамаға қол қойылуы бұл бағытта жасалған
алғашқы қадам болды.
Сауда-экономикалық қатынастардағы өсіп келе жатқан байланыстарды
ескере отырып, тараптар өздерінің екі жакты қатынастардағы негізгі желі
болып табылатындығы туралы бірыңғай тұжырым жасады, сондай-ақ сыртқы сауда
саласы мен инвестициялық ынтымақтастықтағы байланыстарды дамытудың әлі де
елеулі мүмкіндері бар екендігіне тоқталды. Бұл ретте түрік фирмаларының
Қазақстан экономикасына тікелей капитал салуының басымдылықтары мен
мүмкіндіктері атап өтілді.
1995 жылы маусым айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың шақыруы бойынша
Түркия Президенті С.Демирель Қазақстанға ресми сапармен келді. Ұзақ
келіссөзден кейін 13 маусым күні Президент Н.Назарбаев өзінің түркиялық
әріптесімен бірге Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы
ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен дамыту туралы Декларацияға қол
қойды. Қабылданған құжат достық пен ынтымақтастық туралы бұрын қабылданып,
негізі қаланған құжаттың жалғасы сипатында бола отырып, екі мемлекет
арасында қалыптасқан өзара тиімді тығыз экономикалық серіктестікті ары
қарай дамыта түсу қажеттілігін көрсетті. Сонымен қатар, екі жақ Ақтөбе
облысында қуаты 954 МВт болатын электрстанциясын салу бойынша ынтымақтастық
туралы келісім-шартқа қол қойды.
1995 жылы тамызда Қазақстанға Түркия Республикасының Президенті С.
Демирель мен Премьер-министр Т. Чиллер рссми сапармен келді. Келіссөздер
барысында табыс салығына қатысты екі жақты салық салудан бас тарту туралы,
қылмыстык. іс бойынша құкықтық көмек беру жәнс қылмыс жасағандарды беру,
Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі мен Түркия Республикасының Орталық
Банкі арасындағы банкі істері бойынша кслісім секілді бірқатар үкіметаралық
келісімдерге қол қойылды.
Тараптар екі мемлекеттің арасындағы кеңейіп келе жатқан ынтымақтастық
пен мемлекет басшылары арасындағы тұрақты байланыстардың, қалыптасқандығын
атап өтті.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 1996 жылы одан әрі дами
түсті.
1996 жылы 16 желтоқсанда Н.Назарбаев өз резиденциясында
Түркия Президенті С. Демирельмен кездесті. Кездесу басталар алдында
журналистерге берген сүхбатында С. Демирель өзінің Қазақстанға Н.Назарбаев
пен барлық қазақстандыктарды айтулы дата тәуелсіздіктің 5 жылдығымен
қүттықтағалы келгендігін айтты. Реті келгенде, С. Демирель Түркия мен
Қазақстан арасындағы достықтың мәңгілік болатындығына сендірді.
1997 жылы 3 наурызда премьер-министр Ә.Қажыгелдиннін,
басшылығымен қазақстандық үкімет делегациясының Түркия
Республикасына ресми сапары басталды. Делегация басшысының Түркия
президенті мен премьер-минис-трімен кездесуінде Қазакстанда 500-ден астам
түрік компания-ларының жүмыс істсйтіндігі, дипломатиялық қатынас орнағалы
бері Қазақстан экономикасына қүйылған түрік инвестициясының жалпы көлемі 2
млрд. доллардан асқандығы әңгіме өзсгіне айналды.
1997 жылғы наурыз айы Қазакстанға жасалған Түркияның Ұлы ұлттық
жиылысының Төрағасы М. Калемлидің келуімсн есте қалды. Сонау Қазақстан мсн
Түркия арасындағы саяси қатынастардың өтпелі деңгейде екендігімен бағалады.
Кездесу қорытындысында М.Калемли мырза екі парламентшілер арасындағы
ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.
1997 жылы қыркүйекте оңтүстік астанада Түркия Республикасының премьер-
министрі М.Йылмаз ресми сапармен болды. Оны Президент Н.Ә. Назарбаев
қабылдады. Келіссөз барысында қаралған мәселелер негізінен экономика
саласына байланысты өрбіді.
1998 жылы маусымда Түркия Республикасы Президентінің
резиденциясында Президенттер Н.Назарбаев пен С. Демирельдің
басшылығындағы ресми делегацияның келіссөзі болып өтті. Түркия
лидері Қазақстанмен арадағы екі жақты қатынастардың тиімділігін
жоғары бағалай келіп, соңғы қалыптасқан жоғары деңгейдегі
кездесулер графигі алдағы уақытта да осы күйінде қала беруі тиіс
деген пікір айтты.
Екі президент те екі жақты іскерлік қатынастар шеңберін анықтау
жолында жұмыс істеуге тиісті Үкіметаралық комиссияның әлі де
қанағаттанарлық деңгейге жетпегендігін өкінішпен айтып өтті.
1998 жылы 29 қазанда Түркия Республикасының құрылғанына 75 жыл толды.
Осы мерекеге арналған салтанатқа Әзербайжан, Грузия, Қазақстан мен
Өзбекстан Республикаларының Президенттері келді. Стамбулда осы мемлекеттер
арасында Декларацияға және Әзербайжан, Грузия және Түркия арасында Баку-
Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры туралы, сондай-ақ Түрікменстан мен Түркия,
Әзербайжан мен Грузия арасында Транскаспий газ құбыры бойынша төрт құжатқа
қол қойылды.
Атап өтерлік жайт, Стамбул декларациясының мәтіні теңгермелі сипатқа
ие. Онда келешек Баку-Жейхан мұнай құбыры бойынша Қазақстанның нақтылы
қанша көлемде мұнай экспорттауга міндеттілігі жөнінде айтылмаған. Сонымен
бірге, онда транзиттік елдердің Қазақстан мұнайын тасымалдауды кедергісіз
камтамасыз етуге міндеттілігі мен Түркияның Қазақстан газын қабылдауға
дайын екендігі көрсетілген. Тұтастай алғанда Стамбул декларациясы
Қазақстанның өзіне қолайлы сәтте және экспорттық бағыттарының көп
нұсқалылығы саясатына сай келген жағдайда Баку-Жейхан мұнай құбырының
жобасына қатысу мүмкіндігін заңи түрде бекітеді.
2000 жылы 27 қыркүйекте Президент Н.Назарбаев Түркияда болған қысқа
мерзімді демалысында түрік елінің президенті А.Сезермен кездесті. Екі ел
басшыларының арасындағы кездесу дәстүрге айналған өзара сенім жағдайында
өтті.
Қайта сайланған Түркияның оныншы президенті А.Н. Сезер туысқан екі ел
арасындағы достықты одан әрі нығайта түсу үшін бар күш-жігерін салатындығын
мәлімдеді. Қазақстанға жасалған ресми сапарынын, соңында түрік лидері
Түркия мен Орта Азия мемлекеттері арасындагы өзара қарым-қатынаста
Қазақстанға ерекше назар аударылатындығын баса айтты. Президент Н.Назарбаев
Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және мәдени-гуманитарлық саладағы
қарым-қатынастар мен экономикалық ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанарлық
деген баға берді.
Н.Назарбаев пен А.Сезер Орта Азия аймағындағы жағдайлардың дамуы,
лаңкестік пен экстремистік әрекеттер қаупінің және есірткі дәлізінің пайда
болуының алдын алу мәселелерін қарастырды.
2000 жылы 19 қазанда Астана қаласында Қазақстан мен Түркия
Президенттері лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық туралы Декларацияға қол
қойды. Екі президент әңгімесінде Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі
турасында айтыла келіп, А.Сезер принципінде өзінің "Талибан" режиміне
соншалық ашық қарсылас еместігін, Түркияның Ауғанстандағы қарама-қарсы
күштерді біріктіре алатын осы ресми билікті танитындығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, әскери-техникалық сала бойынша да ынтымақтастықтың
күшейе түскендігін айтуға болады. Мәселен, Түркияның әскери оқу орындарын
Қазақстанның 62 курсанты бітірсе, 56 курсанты оқуын жалғастырып келеді.
IDEY-99 деп аталатын әскери техника мен қару-жарақ түрлерінің дәстүрлі
жәрмеңкесіне Оралдағы "Металлист" заводында шығарылған атыс қаруларының
үлгілері қойылған болатын. Осыдан соң Қазақстан мен Түркия осы заводта
Түркия мен өзге де НАТО елдерінің кару-жарақ рыногына шығару мақсатында ірі
калибрлі пулеметті сериялы түрде шығару мүмкіндіктерін талқылады.
Екі елдің халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жемісті
ынтымақтастығының тағы бір белгісі, Қазақстанның СВМДА шақыру туралы
бастамасы болды. Анкара Қазақстанның еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік пен
өзара сенімді қамтамасыз ететін құрылым құруға ұмтылысына толық
түсіністікпен қарайды. Түркия өзі де белсенді қатысушы болып отырған
процестің карқынын қанағаттандырарлық деп бағалайды.
Аймақтық проблемаларды шешу тәсілдеріне тоқтала келіп, Қазақстан мен
Түркия кең көлемде тұрақтылык. пен қауіпсіздікті сақтаудағы Ресейдің рөлін
атап көрсете отырып, ішкі іске араласпау, аумақтық бүтіндігі мен
егемендігін құрметтеу принциптері негізінде, өздерінің Мәскеумен қарым-
қатынасты дамыта түсуге дайын екендіктерін білдірді.
Түркия Қазақстанның ортақ экономикалық кеңістік құру туралы бастамасы
бойынша негізі қаланып отырған Орта Азия республикаларымен қатынасының даму
деңгейін жоғары бағалайды. Сондай-ақ. Анкара Қазақстанның Ауғанстандағы
оқиғалардың дамуына алаңдаушылык білдіріп отырғандығын түсіністікпен
қабылдайды.
ОЭС шсңбсрінде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы табысты түрде дамып
келеді.

ә) Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығы

Қазақстан түрік компанияларының іс-қимылдары үшін барынша кең
мүмкіндіктер ашты. Мәселен, 1992 жылы ірі компания басшыларынын бірі
Я.Демирельдің жетекшілігімен Алматыға бір топ түрік бизнесмендері келді.
Олар Қазақстанда табиғи шикізаттар мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін
жаңа технологияларды бірігіп игеруге және құрылыс материалдарын өндіретін
кәсіпорындар салуға мүдделілік танытты.
1992 жылы "Омега" деп аталатын оралдық аспаптык, құрылыс заводында
"Комтел" атты біріккен қазақ-түрік кәсіпорыны құрылды. Кәсіпорын
құрылтайшылары "ТЕЛЕТАШ" түрік компаниясы мен Қазақстан Республикасы
Байланыс министрлігі және "Омега" заводының еңбек ұжымы. Жаңадан құрылған
қазақ-түрік іскерлік кеңесінің құрамына 73 қазақстандық, 183 түркиялық
кәсіпорын кірді.
Экономикалық және мәдени қатынастардың қарқынды дамуы үшін аса қажетті
шарттардың бірі тікелей және тұрақты көлік байланыстарын орнату еді. 1992
жылы наурызда Қазақ азаматтық авиация басқармасы Алматы мен Стамбул арасын
жалғайтын әуе көпірін ашты.
1991 жылы қаңтарда Қазақстан Социалистік Республикасының Жоғарғы
Кеңесі Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара іс-қимыл мен инвестицияны
қорғау туралы Келісімді бекітті. 1995 жылы 10 тамызда Сыртқы істер
министрлігінде аталған Келісімнің заңды күшіне енгендігі туралы бектіліген
грамоталар алмасылды.
Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуында біріккен
банкілердің рөлі аз емес. Мысалы, 1993 жылы маусым айында Алматыда жаңа
қазақ-түрік біріккен КСИ банкінің тұсау-кесер рәсімі болып өтті. Банк
құрылтайшылары Казкоммерцбанк, "Казахстан коммерция" Ассосациясы, Қазақ
сақтандыру компаниясы және аса ірі "Зираатбанк" коммерциялық банкі.277
"Казкоммерцбанк-Зирааттың" негізгі жұмысы Қазақстандағы түрік фирмаларына
қызмет керсетуге бағытталған.
1994 жылдын, өзінде-ақ Қазақстанда 200 түрік компаниясы
жұмыс істеді. Теміртаудағы темір мен құрыш өндіретін заводты
жаңарту; Ақтөбедегі жылу электр станциясы мен Атырау аэропорты-
нын, құрылысы; "Қазақ-Түрікмұнай" компаниясының мұнай
өндірісіне қатысуы, т.б. бірнеше бірлескен қазақ-түрік жобалары
жүзеге асыру алдында тұрды.
1995 жылы маусым айында Президент С. Демирельдің Қазақстанға жасаған
сапары түсында Ақтөбедегі бу-газ электр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Пәндер