Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау



Жоспар

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1. Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2. Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
- кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы

2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

3. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001

4. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2

5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003

6. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003

7. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002

8. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003

9. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Орындаған: Исағұл Г

Қабылдаған:______________

Жоспар

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
1.1.Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау
1.2.Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері
1.3.Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

2. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері
2.1.Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары
2.2.Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы
өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер
мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару
стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін,
шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді
қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және
өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып
табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік
барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған
қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің
шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды
қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның
мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын
кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық
мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам
өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және
қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль
атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі
инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында,
жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда
маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың
қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады
және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар
беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға
септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға
жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын
табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда
негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың
кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып
табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей
сұрақтарға жауап беруді көздейді:
кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық
тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық,
қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы
ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ
табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың
әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады.
Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың
негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және
олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың
еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде
жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

1. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау

1.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық
қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық
назарды осы көрсеткішке аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді,
жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің
нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және
баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден
түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және басқа да факторлармен анықталады.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
2.1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспанының негізделуін
тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

1.1-кесте

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының
негізделуін бағалау

мың теңге
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы
1 Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы 8 360
2 Тауарлы өнім шығару 29 000
3 Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы 15 940
4 Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 + 2 – 3) 21 420
5 Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс 20 850
6 Ауытқуы (4 – 5) 570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың
теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден
түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың
теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас
еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, есеп айырысу
құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын
өнімнің қалдықтарының мөлшерден тыс өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметі көңіл
аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты
өткізілмей қалуы немесе, басқа себептерге байланысты сұарнысқа ие болмауы
мүмкін. Бұндай жағдай заттық нысандағы өнім өндіруші кәсіпорындарды орын
алады. Қызмет көрсетуші және жұмыстар атқарушы кәсіпорындарда қоймадағы
өнім қалдықтары бола алмайды.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол
себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық
жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі
жолы – материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл,
әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып
келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорын табысының артуы тек өнімнің өзіндің құнына ғана емес, сондай-
ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты
болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін
құруға болады.

1.2-кесте

Кәсіпорынның жалпы табысы

мың теңге
№ Көрсеткіштер Жоспа Нақты сатылымға Нақты
бойынша жоспар бойынша
1 2 3 4 5
1 Өнімді өткізуден түскентабыс20 850 19 745 23 179
2 Өнімнің өндірістік өзіндік 16 435 15 741 16 996
құны
3 Жалпы табыс (1 – 2) 4 415 4 004 6 183

1.2-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған
көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған
факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.
Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің
нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік
құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

(1.1)

мұнда – өткізілген өнімнің нақты көлемі; – өнім бірлігінің
нақты өзіндік құны; – өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер,
энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл
фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес
фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда
төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың
теңгеге (16966 – 15741) төмендетті.
Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға
өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:

(1.2)

мұнда және – өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы
бағалары.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден
түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге
(23179 – 19745) өскен.
Өткізу көлемінің өзгерістерінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін
алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек. Табыс
көлемі осы факторларға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы
табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған
табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен
кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ТН = ТЖ – ШК, (1.3)

мұнда ДН – негізгі қызметтен алынған табыс; ДЖ – жалпы табыс; РК –
кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік
құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты
аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады.
Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды
жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек.

1.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және
оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын
қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады.
Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы
жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар
кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштер.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың
табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның
инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін
білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі
кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып
табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен
назарына ие болады.
Барлық өндіріске салынған активтердің тиімділік деңгейі (Да) мына
формула бойынша есептеледі:

(1.4)

Кәсіпорынның жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал
түрінде талдау 1.3-кестеде берілген.

1.3-кесте

Жалпы активтердің (өндіріске салынған
капиталдың) табыстылық деңгейі

мың теңге
№ Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті жыл Ауытқуы
(+,–)
1 2 3 4 5
1 Таза табыс 5 040 6 538 +1 498
2 Жалпы активтер (салынған 30 512 37 254 +6 742
капитал)
3 Жалпы активтердің табыстылығы, 16,52 17,55 +1,03
%

Кестеден байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің
табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және
17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның
қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық
деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау,
әлдеқайда маңызды болып келеді.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші
факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі.
Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі
көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және
соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал
сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға
(+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы
активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін
есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды.
Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы
активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып
отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза
табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке
(17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен
салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын
беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).
Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне
әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:
1) өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде беріледі:
жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы ×
активтер айналымдылығы. Шынында да:
(1.5)

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір
теңгесінен алынған таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын
активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Өндірістік активтерге салынған капиталдың табыстылық деңгейінің
өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін
келесідей кесте құрамыз.

1.4-кесте

Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар

№ Көрсеткіштер Өткен Есепті Ауытқу соның ішінде
жыл жыл (+,–) коэффи-циенттердің
өзгеруінен
Сату Активтердің
табыс-тылайналымды-л
ығы ығы
1 2 3 4 5 6 7
1 Таза табыс, мың теңге 5 040 6 538 +1 498 – –
2 Өткізуден түскен табыс,24 392 23 179 –1 213 – –
мың теңге
3 Жалпы активтердің 30 512 37 254 +6 742 – –
орташа жылдық құны, мың
теңге
4 Активтеррдің табыстылық16,52 17,55 +1,03 +4,74 –3,71
деңгейі (1 3)·100, %
5 Өткізілген өнімнің 20,66 28,21 +7,55 – –
табыстылығы (1 2), %
6 Активтердің 0,80 0,62 –0,18 – –
айналымды-лық
коэффициенті (2 3)

Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі.
Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату
табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің
табыстылық деңгейін аламыз:

Та = 20,66 · 0,62 = 12,81%.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылдағы
активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін пайдалана отырып, бірінші
қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол
келесі мәліметтермен сипатталады:
1) өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі: 17,55 – 1281
= +4,74;
2) жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі: 12,81 –
16,52 = – 3,71.
Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына
өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр,
ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп
соқтырды.
Кәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – өндірістік
қорлардың (негізгі құралдардың) табыстылығы болып келеді. Өнімнің
табыстылығы неғұрлым жоғары болса, өндірістік құралдардың табыстылық
деңгейі де жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың
табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру
әдісі бойынша анықталады (1.5-кесте).
1.5-кесте

Өндірістік құралдардың табыстылық деңгейінің
өгеруінеәсер етуші көрсеткіштер

№ Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті жыл Ауытқуы,
(+,-)
1 2 3 4 5
1 Таза табыс, мың теңге 5 040 6 538 +1 498
2 Өткізуден алған табыс, мың теңге 24 392 23 179 – 1 213
3 Негізгі құралдардың орташа жылдық49 826 55 789 +5 963
құны, мың теңге
4 Айналым активтерінің орташа 15 244 14 385 –859
жылдық құны, мың теңге
5 Өндірістік активтердің орташа 65 070 70 174 +5 104
жылдық құны, мың теңге (3 + 4)
6 Өнімнің қор сыйымдылық 2,0427 2,4069 +0,3642
коэффициенті (3 2)
7 Айналым активтерін бекіту 0,6251 0,6206 –0,0045
коэффициенті (4 2)
8 Өткізілген өнімнің табыстылық 0,2066 0,2821 +0,0755
коэффициенті (1 2)
9 Өндірістік активтердің 7,75 9,32 –1,57
табыстылығы (1 3)·100%

1.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі
есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі
1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші
факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен
анықталады:
өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы
көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне алып келеді (10,57 – 7,75), мұндағы 10,57
= 0,2821:(2,0427 – 0,6251) ·100;
қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор
қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке (9,30 –
10,57) төмендеуіне алып келеді, мұндағы 9,30 = 0,2821:(2,4069 +0,6251)
·100;
материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың
айналымының жылдамдауы, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02
пунктке (9,32 – 9,30) өсуіне алып келді. Осылайша, факторлар бойынша
өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды
(+2,82 – 1,27 + 0,02), ол өткен жылдың мәліметтерімен (9,32 – 7,75)
салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.
Осылайша, негізгі құралдардың, жалпы активтердің табыстылық деңгейі
немесе қызметтің барлық түрлерінің барлық табыстылық көрсеткіштері
кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін
көрсетеді.

1.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқ салық
салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші
барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың
нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.
Жоспарлау объектісі ретінде, бірінші кезекте, өнімді өткізуден алынатын
табыс қарастырылады. Табысты есептеудің негізі – сатылатын өнімнің болжамды
көлемі болып табылады. Сатылым көлемі анықталғаннан кейін контрагенттермен
жасалған келісім-шарттар негізінде өндірісік бағдарлама әзірленеді.
Өндірістік бағдарлама өткізілетін өнімнің жоспарлы көлеміне және жоспарлау
кезеңінің басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнім қалдықтарының
көлеміне байланысты анықталады.
Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме
шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына
және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты
шығындар жеке қарастырылады.
Жүргізілген есептеулердің нәтижесінде дайын өнімнің жоспарлау кезеңінің
басындағы және соңындағы дайын өнімнің қалдығын ескере отырып, өткізілетін
өнімнің өндірістік өзіндік құны қалыптасады.
Келесі кезеңде әкімшілік және коммерциялық шығындар сметасы
құрастырылады. Бұл шығындар өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен,
сондай-ақ өнімді нарыққа жеткізумен және өткізумен байланысты.
Осы есептеулердің негізінде өнімді өткізуден алынатын табыстың жоспары
қалыптасады. Табысты жоспарлау үшін алдағы негізгі қызметтен, сондай-ақ
негізгі емес қызметтен келетін ақша кірістері мен шығыстары туралы
мәліметтер қолданылады.
Жоспарлаудың жоғарыда келтірілген әдістемесі тікелей есептеу әдісі деп
аталады. Оның негізінде өнімді өндіруден және өткізуден түсетін табысты
ассортименттік есептеу жатады. Жоспарлаудың тағы бір қарапайым нұсқасы
жоспар баптары бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
«Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: мәселелері және қамтамасыз ету жолдары»
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін талдау
АТАЕКЕН-АГРО-ШУКЫРКОЛЬ. КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер