Қорқытып алу қылмыстарын тергеу



КІРІСПЕ
3
1 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
1. 1 Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
6
1. 2 Тергеуші мен жедел.іздестіруші органдарының өзара іс.әрекеті
20
2 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ 24
2. 1 Тергеуді жоспарлау мен алғашқы кезеңдегі типтік тергеу ситуациялары 24
2. 2 Жәбірленуші мен куәлардан жауап алу 32
2. 3 Сезіктіні ұстау мен жауап алу 37
2.4 Тергеу қарауын жүргізудің ерекшеліктері 41
3 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ
46
3.1 Тінту тергеу әрекеті 46
3.2 Танытуға ұсынуды жүргізудің ерекшеліктері 51
3.3 Сараптамаларды тағайындау 54
ҚОРЫТЫНДЫ
57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
59
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өтпелі кезеңнің кедергілерін жеңіп, жаңа экономикалық-әлеуметтік өзгерістерге бет бұра бастаған шақта, елімізде қылмыстың жекелеген түрлері белең алуда. Соның ішінде қорқытып алу қылмысын ерекше атап өтуге болады. Бұл қылмыс түрі тек жеке азаматтардың меншігіне, олардың өмірі мен бостандығына қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар жаңадан дамып келе жатқан нарықтық экономика институттарына нұқсан келтіруде.
Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясында, қылмыстық саясат ізгілік бағытында дамуы тиіс деп көрсетілген. Бірақ, аталған концепцияда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, қылмыстық қудалаудан жасырынып қалған тұлғаларға және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты қылмыстық жауаптылықты ауырлату қарастырылған.
Қорқытып алу қылмысы қолданыстағы қылмыстық заңға сәйкес, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың қатарына жатады.
Қорқытып алушылықтың кең таралуы және әлеуметтік қауіптілігі, ешбір күмән тудырмайды, сондықтан осы қылмыс түрімен белсенді күресу, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы жұмысты орындау барысында, қорқытып алу қылмысын зерттеумен айналысатын Қазақстан және шетел ғалым-заңгерлерінің еңбектері, құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік мақалалары және өзге де қылмыстық-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды. Зерттеулер нәтижесінде, қорқытып алу қылмысы үшін тән келесі белгілер анықталды: 1) қорқытып алу латентті қылмыстар қатарына жатады, себебі жәбірленушілер қылмыскерлер тарабынан кек алушылықтың болуынан қорқып, өздеріне қатысты жасалған қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды; 2) қорқытып алушылықпен ұйымдасқан қылмыстық топтар (қылмыстық қауымдастықтар) айналысады, олардың заңсыз әрекеттері тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар, түрлі құқықтық-ұйымдастырушылық нысандағы заңды тұлғаларға қарсы бағытталады. Мұндай топтардың қылмыстық әрекеттері алдын-ала мұқият жоспарланады, жәбірленушілердің жеке бастары алдын-ала тексеріледі, оларға бақылау жүргізіледі, жемқорлық байланыстар пайдаланылады; 3) ашылған қорқытып алу қылмыстары бойынша, алдын-ала тергеу барысында куәлар жауап беруден жалтарады.
Бостандықта жүрген қылмыскерлер тарабынан куәлар мен жәбірленушілерге қатысты әр түрлі әсер ету әрекеттері жасалатындықтан, олар өздеріне белгілі мән-жайлар туралы мәлімет беруден, қылмыскерлерді танудан жалтарады. Сондай-ақ жәбірленушілер өздеріне қатысты жолданған қорқытушылықтар туралы хабарламайды. Аталған факторлардың барлығы, тұтас алғанда, қорқытып алу қылмыстарымен күрес жүргізумен айналысатын құқық қорғау органдарының қызметіне қиындықтар туғызады.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, , 16 шілде 1997 жыл181 бап.
2. Латентті қылмыс – жасалған қылмыстар бойынша істерді қарайтын немесе тергейтін органдардан жасырылған, осы органдармен анықталмаған және қылмыстық есепке алынбаған, яғни тіркелмеген қылмыстар, Большой юридический словарь, под ред. А.Я.Сухарева, В.Е.Крутских, Москва 2000 г.
3. Суық қару - адамның бұлшық етінің күшімен басқа адамға немесе жануарға зақым келтіруге арналып жасалған құрал. Шәкенов А.О., Суық қарудың криминалистік зерттеуі, Астана. 2001. – 152 с.
4. Криминалистика: Учебник для вузов / Отв.ред. проф. Н.П. Яблоков. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 708 с.
5. Криминалистика: Учебник для вузов / А.Ф. Волынский, Т.В. Аверьянова, И.Л. Александрова и др; под ред. проф. А.Ф. Волынского. – М.: Закон и право, ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 615 с.
6. Иванов С.Н. Организация и тактические проблемы расследования вымогательства, совершённого преступными группами. – Ижевск, 1998. – 230с.
7. «Преодоление противодействия при расследовании вымогательства, совершенного преступными группами». Колесникова Т.В. Российский следователь. №1, 2001. С. 56-61.
8. Мозговых Г.А. Криминалистическая характеристика преступления. - Алматы: «Данекер», 2002. - 147 с.
9. Гурский В.П. Особенности расследования вымогательства. – М. 2004. – 262 с.
10 Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 2006. – 520 б.
11 Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 1998.- 368 б.
12 Порубов Н.И. Допрос в советском уголовном судопроизводстве. – Минск: Вышэйшая школа, 1973. – 368 с.
13 Доспулов Г.Г. Психология допроса на предварительном следствии. – М.,1976. – 204с.
14 Расследование вымогательств (методические и тактические аспекты)/ Авт.-сост. О.Н. Коршунова, Е.Б. Серова. – СПб., 1995. – 184 с.
15 Бажанов С.В., Лацигин М.В., Ледащев С.В. Расследование вымогательства. – Владимир, 1997. – 268 с.
16 КлейменовМ.П. Деятельность органов внутренних дел по борьбе с вымогательством. Омск, 1995г. – 230 с.
17 Полищук Д.А. Методика расследования вымогательства. Прокурорская и следственная практика. №1-2. 2003. – 188 с.
18 Попов В.И. Осмотр места происшествия // В кн.: Тактические основы следственных действий. – Алма-Ата: 1974. – Вып. 1. С. 5-80.
19 Вандер М.Б. Работа с микрочастицами при производстве следственных действий. Ленинград, 1980. – 210 с.
20 Гинзбург А.Я., Поврезнюк Г.И., Калинин А.В. Справочник следователя. – Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1998. – 400 с.
21 Криминалистика: Расследование преступлений в сфере экономики» Грабовский В.Д., Н.-Новгород, 1995. ВШМВД Рос.Федерации. – 562 с.
22 Криминалистическая тактика: Учебник  Под ред. А.Я. Гинзбург, Р.С. Белкин. - Алматы: Изд. Аян Әдет, 1998. - 478 с.
23 Справочник следователя / Под ред. Селиванова Н.А. и А.И.Дворкина, М. 1999. – 566 с.
24 Попов А.В. Выемка. Обыск // В кн.: Тактические основы следственных действий. – Алма-Ата: 1977. – Выпуск 3. – С. 41-110.
25 Леви А.А., Михайлов А.И. Обыск. Справочник следователя. М., 1983. – 430с.; Справочник следователя (практическая криминалистика) / Под ред. Н.А. Селиванова. М. 1981. – 362 с.
26 Еркенов С.Е., Сұлтанов С.И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. – Алматы: Дәнекер. 2002. – 227 б.
27 Шакиров К.Н. Судебная экспертиза: проблемы теории и практики. – Алматы: Аркаим, 2002. – 316 с.
28 Бычкова С.Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы: Учебное пособие. – Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. – 272 с.
29 Поврезнюк Г.И. Судебная экспертиза (подготовка и назначение в уголовном и гражданском процессах). – Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1999. – 208с.
30 Россинская Е.Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском и арбитражном процессе. - М., 1996. – 224 с.
31 Балашов А.Н. Взаимодействие следователей и органов дознания при расследовании преступлений. – М.: Юрид.лит., 1979. – 111 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қорқытып алу қылмыстарын тергеу

Орындаған 4 курс студенті___________________________ А.Б. Мирзакулова
(қолы, күні)

Ғылыми жетекші
м.ғ.к., доцент ______________________________ А.Ш. Айдаркулов
(қолы, күні)

Норма бақылаушы
з.ғ.к., аға оқытушы ________________________________ Н.С. Темірболат
(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з.ғ.д., профессор __________________________________ А.А.
Исаев
(қолы, күні)

Алматы, 2011

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 3
1 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 6
1. 1 Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
6
1. 2 Тергеуші мен жедел-іздестіруші органдарының өзара іс-әрекеті
20

2 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ 24
2. 1 Тергеуді жоспарлау мен алғашқы кезеңдегі типтік тергеу 24
ситуациялары
2. 2 Жәбірленуші мен куәлардан жауап алу 32
2. 3 Сезіктіні ұстау мен жауап алу 37
2.4 Тергеу қарауын жүргізудің ерекшеліктері 41

3 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ
46
3.1 Тінту тергеу әрекеті 46
3.2 Танытуға ұсынуды жүргізудің ерекшеліктері 51
3.3 Сараптамаларды тағайындау 54


ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өтпелі кезеңнің кедергілерін жеңіп,
жаңа экономикалық-әлеуметтік өзгерістерге бет бұра бастаған шақта, елімізде
қылмыстың жекелеген түрлері белең алуда. Соның ішінде қорқытып алу қылмысын
ерекше атап өтуге болады. Бұл қылмыс түрі тек жеке азаматтардың меншігіне,
олардың өмірі мен бостандығына қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар
жаңадан дамып келе жатқан нарықтық экономика институттарына нұқсан
келтіруде.
Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының концепциясында, қылмыстық
саясат ізгілік бағытында дамуы тиіс деп көрсетілген. Бірақ, аталған
концепцияда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, қылмыстық қудалаудан
жасырынып қалған тұлғаларға және қайталап қылмыс жасағандарға қатысты
қылмыстық жауаптылықты ауырлату қарастырылған.
Қорқытып алу қылмысы қолданыстағы қылмыстық заңға сәйкес, ауыр және
аса ауыр санаттағы қылмыстардың қатарына жатады.
Қорқытып алушылықтың кең таралуы және әлеуметтік қауіптілігі, ешбір
күмән тудырмайды, сондықтан осы қылмыс түрімен белсенді күресу, Қазақстан
Республикасы құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады.
Осы жұмысты орындау барысында, қорқытып алу қылмысын зерттеумен
айналысатын Қазақстан және шетел ғалым-заңгерлерінің еңбектері, құқыққорғау
органдарының қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік мақалалары және өзге де
қылмыстық-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды. Зерттеулер нәтижесінде,
қорқытып алу қылмысы үшін тән келесі белгілер анықталды: 1) қорқытып алу
латентті қылмыстар қатарына жатады, себебі жәбірленушілер қылмыскерлер
тарабынан кек алушылықтың болуынан қорқып, өздеріне қатысты жасалған қылмыс
туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды; 2) қорқытып алушылықпен
ұйымдасқан қылмыстық топтар (қылмыстық қауымдастықтар) айналысады, олардың
заңсыз әрекеттері тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар, түрлі
құқықтық-ұйымдастырушылық нысандағы заңды тұлғаларға қарсы бағытталады.
Мұндай топтардың қылмыстық әрекеттері алдын-ала мұқият жоспарланады,
жәбірленушілердің жеке бастары алдын-ала тексеріледі, оларға бақылау
жүргізіледі, жемқорлық байланыстар пайдаланылады; 3) ашылған қорқытып алу
қылмыстары бойынша, алдын-ала тергеу барысында куәлар жауап беруден
жалтарады.
Бостандықта жүрген қылмыскерлер тарабынан куәлар мен жәбірленушілерге
қатысты әр түрлі әсер ету әрекеттері жасалатындықтан, олар өздеріне белгілі
мән-жайлар туралы мәлімет беруден, қылмыскерлерді танудан жалтарады. Сондай-
ақ жәбірленушілер өздеріне қатысты жолданған қорқытушылықтар туралы
хабарламайды. Аталған факторлардың барлығы, тұтас алғанда, қорқытып алу
қылмыстарымен күрес жүргізумен айналысатын құқық қорғау органдарының
қызметіне қиындықтар туғызады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу
әдістемесі ТМД және Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған.
Атап айтқанда, Р.С. Белкин, А.Н. Васильев, А.В. Дулов, В.П. Колмаков, А.Р.
Ратинов, Н.В. Терзиев және т.б. Осы мәселеге елеулі үлесті қазақстан
ғалымдары да қосты: Г.Г. Доспулов, В.И. Попов, А.Ф. Аубакиров, Л.В.
Виницкий, Е.Г. Жәкішев, А.А. Исаев және т.б.
Аталған зерттеулердің көбі (( ғасырдың ортасында, яғни, кеңестік дәуірде
жүргізілген. Заман талаптарының өзгеруі, қылмыстың жасалу тәсілдерінің
өзгеруі, ғылым мен техника жетістіктерін қылмыскерлердің қарқынды
қолдаулары қорқытып алу қылмыстарының тергеу әдістемесін қайта қарауды
талап етіп отыр.
Сол сияқты, қоғамның жалпы дамуына байланысты криминалистика ғылымы да
бір орында тұрған жоқ. Олай дейтініміз, қазіргі кезде криминалистика
ғылымының зерттеуді қажет ететін проблемалары баршылық. Олардың ішінде,
мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты және адамдардың осыған
қатысты психологиясының өзгеруі құқықтық сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған байланысты, қылмысты жасау кезінде оны жасаудың әдісі, механизімі
өзгеше және қылмыс жасаған тұлғалардың білім деңгейінің жоғарлауы, ғылым
мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалану мүмкіндіктерінің болуы,
қылмысты ашуды және қылмыс жасаған тұлғаны жауапкершілікке тартуды
қиындатты.
Сол себептен, ондай құбылыстармен күресу үшін тәжірибелік-теориялық
деңгейдегі зерттеулерді жетілдіру қажет.
Жұмыстың объектісі мен пәні. Зерттеу жұмысының объектісі - қорқытып
алу қылмысын тергеу ерекшеліктері мен мәселелерін ретеу саласында
туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Зерттеу жұмысының пәні
ретінде қорқытып алу қылмысын тергеуге байланысты туындайтын қоғамдық
құбылыстар танылады.
Жұмыстың мақсаты. Қорқытып алу қылмыстарын тергеу тақырыбына арналған
бұл жұмысты жазудың басты мақсаты – аса қауіпті қылмыстардың қатарына
жататын қылмыс – қорқытып алушылықпен күресудің тәсілдерін, мүмкіндіктерін
теория жүзінде жан-жақты зерттеу және құқық қорғау органдарына әдістемелік
көмек көрсету болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін автор
өзінің алдына мына міндеттерді қояды:
1. Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасын
айқындау;
2. Осы санаттағы қылмыстарды тергеу барысында қалыптасатын тергеу
ситуацияларын жүйелеу;
3. Қорқытып алу қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңі мен кейінгі
кезеңінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктерін
анықтау.
4. Тергеу әдістемесіне байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдістемелік негіздері. Жұмыстың әдіснамалық негізін
философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, қүқық тарихы және
теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушы, азаматтық
қүқық салаларыңда, криминологияда қалыптасқан ғылыми үстанымдар мен таным
категориялары қүрады.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Диплом кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды мен пайдалынған әдебиттер тізімінен тұрады.

1 ҚОРҚЫТЫП АЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қорқытып алу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Қорқытып алу қылмыстары бойынша істерді алдын-ала тергеу және соттарда
қарау тәжірибесін зерттеу, аталған қылмысты саралауда бірқатар қиындықтар
туындайтынын көрсетеді. Мұндай қиындықтар басқа да ұқсас қылмыстардан
(тонау, қарақшылық) айырмашылықтарын анықтаумен, қылмыстарды жиынтығы
бойынша саралаумен, қорқытып алушылықтардың бірнеше мәрте жасалуымен,
жәбірленушіге ірі мөлшерде зиян келтірумен байланысты болып келеді. Аталған
қиындықтар, қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалардың әрекеттерін қате
саралауға әкеп соқтырады.
Сондай-ақ қорқытып алу тәсілдерінің көптігі (қылмыстың объективтік
жағы), мұндай мәселелердің көңілден тыс қалдыруға болмайтындығын талап
етеді.
Зерттеліп отырған қылмыстың объективтік жағы - бөтен мүлікті немесе
мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе
бүлдірумен, сол сияқты жәбірленуші немесе оның туыстарын масқаралайтын
мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының
мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялаумен
қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді жасауды талап ету
[1].
Заңшығарушы қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағына – өзара
байланысты талап ету және қорқыту деген екі ұғымды енгізіп отыр. Бұл
элементтерді жеке-жеке қарастыру қажет.
Талап ету. Егер, бұрын қорқытып алушылар негізінен ақша және
материалдық құндылықтарды талап етумен шектеліп отырған болса, қазіргі
кезде талап етудің сипаты біршама өзгеріске ұшыраған. Қылмыскерлер тек
ақшаны қолма-қол беруді талап етіумен шектелмейді, сонымен қатар белгілі
бір есеп шотқа аударуды немесе іс жүзінде жоқ тауар үшін ақы төлеуді, іс
жүзінде жоқ қарызды қайтаруды, жеткізілген тауар үшін жоғары мөлшерде ақы
төлеуді, сатып алған тауар үшін неғұрлым арзан ақы алуды не тегін беруді
талап етуі мүмкін.
Қорқыту. Қорқыту нақты және шын болуға тиіс. Жәбірленуші қылмыскер
қорқыту кезінде айтқан ойын жүзеге асырады деп сенуі тиіс.
Күш қолданып қорқытудың ерекшелігі – оны келешекте жүзеге
асыратындығында, яғни айыпты өзінің мүлікті беру туралы талабы орындалмаса,
бірнеше уақыттан кейін күш қолданатынын айтады. Сонымен қатар, бұл қылмыста
табан астылық сипат та болады, яғни өз талабы орындалмаса, айыпты сол жерде
күш қолданатынын білдіреді.
Адамның жеке басына қорқытып алу кезінде күш қолданамын деп қорқыту,
қарақшылық кезіндегі психикалық қысыммен пара-пар.
Қорқытып алушылықтың қарақшылықтан айырмашылығы сол, қорқытып алу
кезінде айыпты күшті келешекте қолданамын деп қорқытады, яғни қорқыту мен
оны іске асыру арасында қандай да бір уақыт болады. Қорқытып алу кезінде
айыпты иелігінде немесе күзетінде мүлік бар адамға ғана қатысты емес, оның
жақындарына да қатысты күш қолданамын деп қорқытады, мұндай қарақшылық
кезінде болмайды. Сонымен қатар, қорқытып алу кезінде мүліктің келешекте
берілуі, ал қарақшылықта оның табанасты берілуі талап етіледі.
Қорқытып алушылықтың тонаудан да айырмашылығы мүліктің берілу
уақытында. Тонауда кінәлі тұлға жәбірленушіден мүлікті дереу беруді талап
етеді.
Тонау мен қарақшылықта қылмыстың заты әрқашан мүлік (ақша, материалдық
құндылықтар) болады, ал қорқытып алушылықтың заты – мүлік, мүлікке құқық,
мүліктік сипаттағы әрекет.
Тонау мен қарақшылықтың қорқытып алу құрамынан айырмашылығын қол сұғу
заты мүлік болған жағдайда ғана анықтау қажет. Себебі, қорқытып алушылықтың
кезіндегі зорлық – күш көрсетемін деп қорқытумен, мүлікті жоямын немесе
бүлдіремін деп қорқытумен, масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп
қорқытумен, сондай-ақ күш қолданумен сипатталады. Тонау және қарақшылық
кезіндегі зорлық – күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту түріндегі
формада болады.
Зорлықтың екі түрі бір-біріне ұқсас, сондықтан бөлектеудің мына
критерийін пайдаланған жөн. Қорқытып алу кезіндегі мүлікті беру талабы
болашаққа бағытталған, ал қарақшылық пен тонауда мүлік сол шақта алынады.
Мүлікті беру талабын сол шартта орындайтын жағдайда ғана бөлектеу қажет
болады. Мұндай реттерде бөлектеуді зорлық нышаны бойынша жасау керек. Егер,
айыпты сол шақта күш қолданып мүліктің бір бөлігін келешекте беруді талап
етсе, ал бір бөлігін сол жерде алса, онда қорқытып алу пен тонау қылмыстар
жиынтығын құрайды.
Егер, қорқытып алу барысында жәбірленушінің қандай да болсын бір мүлкі
кепіл ретінде алынса, және талап етілген ақшаны толық бергенде қайтарылып
беретіндігі көзделсе, айыптының әрекеті тонау ретінде саралана алмайды.
Себебі, оның ниеті кепіл ретінде алынған мүлікті тартып алуға
бағытталмаған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы қорқытып алу туралы істер бойынша сот практикасы туралы
қаулысында мынадай түсініктеме берілген: Жәбірленушінің өмірі немесе
денсаулығы үшін қауіпті емес күш қолданып, не сондай зорлық жасаймын деп
қорқытып алу жасаған адамның әрекеті қорқытып алушылықтың жай түрі ретінде
қарастырлады. Бұл жерде өмір және денсаулық үшін қауіпті емес күш қолдануға
денсаулығының аз уақытта бұзылуына немесе еңбекке қабілетінің ептеп тұрақты
жоғалуына әкеп соғатын соққыларды, денсаулыққа келген жеңіл зиянды, сондай-
ақ жәбірленушінің жанына бататын немесе оның бостандығын шектейтін, егер ол
өмірге және денсаулыққа қауіп төндірмесе, өзге де зорлық әрекеттерді
жатқызуға болады.
Мүлікті жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту дегеніміз, ол жүзеге
асырылған жағдайда мүлік не мүлік болудан қалады, не келген зақымнан кейін
оны қайта қалпына келтіру (жөндеу) қажет болады.
Жәбірленуші немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді, не
жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне жариалануы елеулі зиян
келтіретін өзге мәліметтерді таратамын деп қорқыту жолымен жасалған
қорқытып алу бопсалау деп аталады. Бөтен мүлікті иеленуші немесе сол
мүлікті күзетіндегі адамды масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту
дегеніміз – сол мәліметтерді оларды білмейтін адамдарға хабарлаймын деп
қорқыту. Бұлай қорқытқанда хабарланатын адамдар санының қанша екендігін
көрсету міндетті емес. Аяқталған қылмыстың құрамы үшін, егер ондай
хабарлаудың таралуын жәбірленуші қаламаса, ондай мәліметтерді тым болмаса
бір адамға хабарлаймын деп қорқыту жеткілікті.
Қорқытып алушы жариялаймын деп қорқытатын мәліметтер бөтен мүлік
иеленгендігі немесе оның жақындары үшін масқаралайтын болуға тиіс.
Жариялаймын деп қорқыту мүлікті (немесе мүлікке құқықты) заңсыз беруге сол
адамды мәжбүр ететіндіктен қандай мәліметтерді масқаралайтын деп санау
керек екендігі және жариялануы, жәбірленушіге елеулі зиян келтіруі мүмкін
өзге мәліметтер дегенді қалай түсіну керек екендігі туралы мәселе, сол
бөтен мүлік иелігіндегі немесе күзетіндегі адамның пікіріне сай шешіледі.
Қорқытып алушылықтың сараланған түріне мынадай жолмен жасалған
әрекеттер жатады:
- күш қолдану;
- адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
- бірнеше рет жасалған қорқытып алу.
Өмір және денсаулық үшін қауіпті күш қолдана отырып, бөтен мүлікті
немесе мүлікке құқықты беру талабы қорқытып алушылықтың сараланған түрі
болып табылады. Мұндағы қолданылатын күш адамның өмірі мен денсаулығына
қауіпті емес болуы тиіс. Яғни оларға, бостандығын шектеу немесе айыру, ұрып-
соғу, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы немесе жеңіл зиян келтіру
жатады. Денсаулыққа қасақана келтірілген орташа ауырлықтағы зиян деп –
адамның өміріне қауіпті емес және ауыр зардаптарға әкеп соқпаған, бірақ
денсаулықты ұзақ уақыт бұзылуға немесе жалпы еңбек қабілетінің кемінде
үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан зиянды айтамыз.
Денсаулыққа келтірілген қасақана жеңіл зиян деп – денсаулықтың қысқа
уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты
жоғалтуға әкеп соққан зиянды айтамыз. Жасалған қорқытып алу қасақана
денсаулыққа ауыр зиян келтірумен немесе қасақана адам өлтірумен ұштасқан
айыпты адамның әрекеті осы қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса,
ол адамдар тобы жасаған қылмыс алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп
танылады.
Қорқытып алушылықтың ерекше сараланған түрлеріне мынадай жолмен
жасалған әрекеттер жатады:
- ұйымдасқан топтың;
- жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру арқылы;
- ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында;
- ұрлық немесе қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған қорқытып алу.

Соңғы жылдары қорқытып алу қылмыстарының саны күрт артып, кең таралды.

Қорқытып алушылықтың жаңа түрлері пайда болып, оның құрылысы, жасау
тәсілдері күрделенуде.
Қорқытып алу көп жағдайда латентті [2] (жасарын) сипатта болады.
Оның себептері жалпыға мәлім: қорқытып алушылардың кек алуынан қорқу;
аталған қылмыспен күресуге байланысты құқық қорғау органдарының
мүмкіндіктеріне сенбеу; кәсіпкерлер кейде өздерінің құқыққа қайшы
әрекеттері әшкереленбеу үшін бұл қылмыс туралы хабарламайды; қылмыстық
топтардың жоғары деңгейде ұйымдасқандығы, бұл жағдай оларға қылмыстарды
жасыруға мүмкіндік береді; қылмыскерлердің құқық қорғау органдары мен
мемлекеттік басқару және билік органдарының жемқор лауазымды тұлғаларымен
тығыз қарым қатынаста болуы.
Қорқытып алу қылмысын зерттеумен айналысатын Қазақстан және шетел ғалым-
заңгерлерінің еңбектерін, құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің ғылыми-
тәжірибелік мақалалары және өзге де қылмыстық-құқықтық әдебиеттерді және
тәжірибені зерттеу бұл қылмыстарды жеке (жалғыз) адамдардың, алдын ала сөз
байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан қылмыстық топтардың және қылмыстық
сыбайластықтардың жасайтыны анықталды. Қорқытып алушылықтың криминалистік
сипаттамасын осы аталған түрлеріне байланысты қарастырған тиімді болады,
себебі осыған байланысты аталған сипаттамның жекелеген элементтерінің
мазмұндары өзгереді.
Жеке (жалғыз) адам жасайтын қорқытып алушылық. Жалғыз адамның бұл
қылмыс түрін жасауын зерттеу нәтижесінде, олардың үлесі 24 пайызды
құрайтыны анықталды. Қорқытып алушылықтың бұл түрін жасаған кезде келесі
ерекшеліктерді байқауға болады: қылмысты жасаудан бұрын дайындықтың
жоқтығы; жәбірленушіден талап етілетін ақша сомасының мөлшерінің аз болуы;
құқық қорғау органдарының мұндай қылмыс жасаушыларды тез анықтауы, себебі
қылмыскерлер өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шараларды
ескермейді.
Бұл қорқытып алу түрін жасаушылар жәбірленушілерді таңдағанда,
қарсылығын жеңе алатын, дене күші бойынша өзінен әлсіз адамдарды
іздестіреді, сондай көп жағдайда суық қаруды [3, 38 б.] қолданып жасайды.
Жәбірленушілер арасында ұсақ саудамен айналысатындар, шағын дүкендердің
иелері, базарлардағы сатушылар, автокөлік саудасымен айналысатындар жиі
кездеседі. Бұл жағдайларда қылмыскерлер жәбірленушілермен таныс болмаған
(80%).
Ал қалған жағдайлардың барлығында қылмыскерлер жәбірленушілермен таныс
болған және қорқытып алу нәтижесінде жәбірленушілердің қарсылық
көрсетпейтіндігіне сенімді болған. Мұндай жәбірленушілердің қатарында орта
және арнайы орта оқу орындарының оқушылары, жоғарғы оқу орындарының
студенттері, әскери қызметшілер, коммерциялық кәсіпорындардың
қызметкерлері, сауда-саттық саласында қызметтес болған адамдар жиі
кездеседі.
Жоғарыда аталғанға келесі оқиғалар мысал бола алады:
... Тәрбиелеу колониясынан жазасын өтеп келген кәсіптік-техникалық
мектептің бұрынғы оқушысы Т. деген азамат, өзі оқыған мектептің
оқушыларынан күш қолданамын деп қорқыту арқылы бірнеше рет ақша талап
еткен. Жәбірленуші оқушылардың ата-аналары құқық қорғау органдарына бұл
қылмыс туралы хабарлағаннан кейін Т. ақша алу үстінде ұсталады.
Әскери бөлімдердің бірінде бұрыннан қызмет етіп жүрген сержант атағы
бар П. есімді әскери қызметші, жаңадан әскер қатарына шақырылған қатардағы
жауынгерлерден ұрып-соғу арқылы қорқытып ақша талап еткен. Мұндай жағдай
бірнеше рет қайталанған. Солдаттардың денесінде ұрып-соғу белгілері бар
екендігін анықтаған бөлім командирі, оның себебін анықтап, П.-ны ұстайды
және әскери тергеу басқармасына береді.
Жоғарыда аталған мәліметтерден басқа жәбірленушілерге қатысты келесі
сипаттамаларды беруге болады: жәбірленушілердің жынысы – ер адамдар (100%);
жас мөлшері – 18 жас (10%), 18-25 жас (70%), 26-30 жас (18%), 31-35 жас
(1%), 36-40 жас (1%).
Қорқытып алушылықтың тәсілі көп жағдайда қарапайым болып келеді, яғни
қорқытып алушылар дене күшін қолданамын деп немесе суық қару көрсетіп,
мүлікті жоямын деп қорқыту арқылы талап етеді.
Базарларды сатушыларға қатысты ақша талап ету себебін қылмыскерлер
орын үшін ақы төлеу деп түсіндіреді, және мұндай талап нәтижесінде -
тыныш сауда-саттықпен айналысуға кедергі жасамауға уәде беріледі.
Бұл жағдайлардың барлығында қорқытып алушылар өздерінің қылмыстарын
жасыруға байланысты шараларды және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген.
Сондықтан, қылмыскерлер жәбірленушілерге ашықтан-ашық бірнеше рет келіп,
қорқытуларын іске асырылған. Нәтижесінде жәбірленушілер полиция органдарына
хабарлап, қылмыскерлер оңай қолға түсіп отырған.
Жоғарыда аталған қорқытып алушылықты жасаудың тәсілдерінен жеке
кәсікерлікпен айналысатын кәсіпорын басшыларына қатысты жасалған қорқытып
алушылықтың тәсілдері біршама өзгеше болып келеді. Мұндай қорқытып
алушылықтарды қылмыскерлер жәбірленушілердің мүліктік жағдайы, жасалған
мәмілелердің табысты екендігі туралы мәліметтерді алғаннан кейін жасайды.
Сондай-ақ, бұл жағдай қылмыскер мен жәбірленуші бір салада қызмет ететін
немесе олардың қызметтері бір-бірімен тығыз болған кезде жиі орын алады.
Мұндағы қорқытулар да дене зақымын келтіремін деп, қару қолданып өлтіремін
немесе мүлікті жоямын деп қорқыту түрінде болады. Кейде қорқытулар ұрып-
соғу арқылы, жәбірленушінің пәтерін өртеу арқылы іске асырылып отырған.
Ақшаны беруді талап ету қорқытып алушылардың есеп шоттарына аударуды ұсыну
түрінде де болуы мүмкін.
Қылмыс жасау орны. Жалғыз адам жасайтын қорқытып алушылықтар көп
жағдайларда әр-түрлі сатып алу алаңдарында, базарларда, автокөлік ішінде
жасалады. Ақша аталған орындарда талап етіледі және сол жерлерде алынады.
Қалған жағдайларда қорқытып алушылықтар көшеде, орта, жоғарғы оқу
орындарының ішінде, ауласында, әскери бөлімдердің аумағында, кәсіпкердің
офисінде және жәбірленушлердің пәтерлерінде жасалған.
Қылмыс жасау уақыты. Бұл уақытқа ақшаны немесе өзге де мүлікті беруді
талап ету уақыты және оларды алу уақыты кіреді. Аталған элементті жан жақты
білу қорқытып алушылықты қарақшылық пен тонаудан ажырату үшін қажет.
Қылмыс жасау уақытын сипаттауда қорқытып алушылықтың бір рет жасалуы
және жүйелі түрде болуын білу қажет. Өйткені, бұл мән-жай қылмыстың
ауырлататын белгісі болып табылатын қорқытып алушылықтың бірнеше рет
жасалуы сияқты белгіні анықтауда маңызды.
Қорқытып алушылықты жасайтын тұлғалар. Жалғыз адам жасайтын қорқытып
алушылықтарды зерттеуде оларды жүз пайыз ер адамдар жасайтыны анықталды.
Оларды тек жас ерекшеліктері бойынша бөліп көрсетуге болады: 18-25 жас
(58%), 26-30 жас (25%), 36-40 жас (8,3%), 41-50 (8,3%). Қылмыскерлердің
басым көпшілігі еш жерде жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар, қалғандары
жұмысшылар, оқушылар, бұрын сотталғандар (негізінен пайдакүнемдік және
зорлық-пайдакүнемдік қылмыстар үшін: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып
алушылық, сондай-ақ қаруды алып жүргені үшін, бұзақылық үшін сотталғандар).

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасайтын қорқытып алушылықтар. Бұл
қылмыстардың 85 пайызға жуығы адамдар тобымен жасалады.
Нақтырақ айтқанда топ болып жасалатын қорқытып алушылықтардың 40
пайызын алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, 60 пайызын ұйымдасқан топтар
және қылмыстық қауымдастықтар жасаған.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы (ары қарай - жай қылмыстық топ)
жасаған қорқытып алушылықтарды ұйымдасушылық және тұрақтылық белгілері жоқ.
Ұйымдасушылық белгісі болғанмен, оның деңгейі ұйымдасқан қылмыстық топтар
мен қылмыстық сыбайластықтардағыдай жоғары емес. Мұндағы ұйымдасушылық
алдын ала келісіп, сөз байласудан көрінеді, ол ыңғайына қарай табан астында
да орын алуы мүмкін. Жай қылмыстық топтар жасайтын қорқытып алушылықтарда
қатысушылардың рольдері нақты бөлінбейді, көп жағдайларда қатысушылардың
барлығы орындаушылар болып табылады, тапқан табысты өзара тең бөліседі,
жәбірленушіні алдын ала ұзақ барламайды және қылмыс жасап болғаннан кейін
іздерін жасырмайды. Әдетте олар бір ғана қорқытып алу жасаумен шектеледі,
оларға тұрақтылық тән емес, сондықтан мұндай топтар ұзақ өмір сүрмейді және
әлсіз ұйымдастырылатындықтан, әрі осы қылмыс түрін жасауда тәжірибесінің
болмауына қатысты тез әшкереленді. Зерттеулер нәтижесінде мұндай топтардың
жартысынан астамы 2-3 адамнан, 20 пайызы 4-5 адамнан, 8 пайызы 6-7 адамнан
және 4 пайызы 8 адамнан тұратыны анықталды.
Сонымен қатар, сотта ұйымдаспаған деп танылған топтар ішінде барлық
қатысушылар толық анықтала бермейді және ұсталған қылмыскерлер қалған
қатысушылар туралы жасырып жауап бермейді.
Қылмыстың ұйымдастырушылары да құқық қорғау органдарының назарынан тыс
қалып қоюы мүмкін. Осылайша жоғарыда аталған қорқытып алушылықты жасаған
жай қылмыстық топтар іс жүзінде ұйымдасқан топтар болуы мүмкін. Бұл мән-
жайды тергеушілер тергеудің бастапқы сатысында ескеріп, мұндай болжамды
шығарып, оны жан жақты тексеруі тиіс.
Жай қылмыстық топтар жасайтын қорқытып алушылықтардың объектісі ретінде
қоғамдық тамақтандыру саласындағы (кафе, мейманхана, сырахана және т.б.),
сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлікпен айналысушылар және
жекелеген тұлғалар (стаушылар, адам, жүк тасымалдаумен айналысушылар).
Қоғамдық тамақтандыру, сауда-саттық және қызмет көрсету саласындағы
кәсіпорындарында қорқытып алушылықтар көп жағдайда қатардағы жұмыскерлерге
– сатушылар, даяшыларға, такси жүргізушілеріне, ал коммерциялық
құрылымдарда – олардың басшыларына қатысты жасалады.
Жалғыз адам жасайтын қорқытып алушылықтардың жәбірленушілері жүз пайыз
ер адамдар болса, жай қылмыстық топтар жасайтын қорқытып алушылықтардың
жәбірленушілері ретінде әйелдер де кездеседі (3%).
Бұған дейін айтылып кеткендей жай қылмыстық топтар жасайтын қорқытып
алушылықтар жәбірленушілерді алдын-ала мұқият тексере бермейді. Көп
жағдайларда қылмыскерлер жәбірленушілерді таңдағанда, олардың атқаратын
жұмыс түрлеріне қарай, материалды жақсы қамтамасыз етілген болуы мүмкін
деген болжамды ғана басшылыққа алады. Сондай-ақ қылмыскерлер жәбірленушілер
туралы ақпаратты жәбірленушілердің таныстары арқылы, кейде тергеу анықтай
алмаған тұлғалар арқылы алуы мүмкін.
Қорқытып алушылықты жасау тәсілі. Қылмыскерлер жәбірленушілерден
негізінен ақша талап етеді. Сатумен айналысатын тұлғалардан күнде немесе ай
сайын белгілі бір соманы төлеп тұру талап етіледі. Кейде қылмыскерлер жеке
кәсіпкерлерден табыстың тең жартысын алып отырған. Сондай-ақ қылмыскерлер
кәсіпкерлерді басқа қорқытып алушылардан қорғауға байланысты өз қызметтерін
ұсынады. Жай қылмыстық топтар жасайтын қорқытып алушылықтарда қылмыскерлер
жәбірленушілерді ұрып-соғамын немесе өлтіремін деп қорқыту арқылы ақша алып
отырған. Жәбірленушілер қылмыскерлердің талаптарына көнбеген жағдайда,
қылмыскерлер оларға әр түрлі дәрежеде дене жарақаттарын келтіріп отырған.
Сонымен қатар кейде қылмыскерлер қару (тапанша, пышақ) көрсетіп қорқытумен
шектелуі мүмкін [4, 501 б.].
Қылмыс жасау орны. Басым көпшілік жағдайда жәбірленушінің жұмыс орны
болып табылады. Бірқатар жағдайларда қорқытып алушылар жәбірленушілердің
үйлеріне барып талап етуді жүргізуі мүмкін. Такси жүргізушілерінен ақша
тікелей олардың автокөлігі ішінде талап етіледі.
Қылмыс жасау уақыты. Әдетте ақша талап ету мен оны алудың арасында ұзақ
уақыт өтпейді (бір аптадан аспайды). Сондай-ақ қорқытып алушылар өздеріне
нақты белгіленген бір соманы беруді талап етеді. Кейде мұндай талаптар бір
тұлғаға қатысты бірнеше рет қойылуы мүмкін (тікелей кездесу арқылы немесе
телефон арқылы). Жай қылмыстық топтардың қорқытып алу қылмысын жасауын
зерттеу барысында, олардың бұл қылмысты 95 пайыз жағдайда бір рет жасаумен
шектелген, ал қалған 5 пайыз жағдайда бірнеше рет жасағаны анықталды.
Қорқытып алу жасаушы тұлғалар. Қорқытып алушылықтың бұл түрін
жасаушылардың басым көпшілігі ер адамдар. Олардың жартысынан астамы бұрын
зорлық-пайдакүнемдік қылмыстары үшін соттылығы бар адамдар.
Қорқытып алушылардың көпшілігінің тұрақты жұмыстары бар адамдар, ал
қалғандары еш жерде жұмыс істемейтіндер, орта және жоғары оқу орындарының
оқушылары мен студенттері, сондай-ақ олардың қатарында әр түрлі спорттық
жекпе-жекпен айналысатын спортшылар да кездеседі.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтар (ұйымдар)
жасайтын қорқытып алушылықтар.
Мұндай топтардың жасайтын қорқытып алушылықтарын көп авторлар
ұйымдасқан қылмыстылықтың қатарына жатқызады.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтар қорқытып алу
құрамының сараланған және ерекше сараланған (ауыр түрлерін) түрлерін
жасайды. Олар ірі мөлшерде ақша немесе қымбат заттарды талап етеді, кейде
жәбірленушілерді ұрлап, олардың туыстарын кепілге алуы мүмкін. Сонымен
қатар, мұндай топтардың мемлекеттік басқару және билік органдардың
жекелеген қызметкерлерімен жемқорлық байланыста болуы жоққа шығарылмайды.
Қылмыстық топтардың коммерциялық құрылымдармен бірігіп, заңсыз алынған
ақшаларды заңдастыруы, заңсыз банктік операцияларды және мәмілелерді жасауы
да кездеседі. Қылмыскерлер тұтас бір аудандарға немесе қызмет саласына
бақылау орнатып, өздерінің табыстарын жүйелі түрде алынып тұратын табыс
көздеріне айналдыруы мүмкін.
Қорқытып алушылықты қылмыстық сыбайластықтар (ұйымдар) жасаса, жеке
қызмет ететін қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары бірігіп, ортақ
әрекеттердің жоспарын жасауы мүмкін. Кейде мұндай жоспарға кедергі жасайтын
тұлғалардың өлтірілуі де кездеседі.
Қарастырылып отырған қылмыстық топтарға келесі белгілер тән: бұл
құрылымдарда басқарушылар мен оларға бағыныштылар бар, қылмыстық топтың
әрбір мүшесінің атқаратын қызметі, өзінің ролі бар; жасалатын қылмыстары
міндетті түрде мұқият жоспарланады, қылмыстың іздерін жасыру жолдары да
қарастырылады; топтың тұрақтылығын сақтауға бағытталған, жазылмаған
өздерінің мінез-құлық ережелері бар; топтың әрбір мүшесі қылмыстары
әшкереленген жағдайда, тергеу кезінде және сотта өздерін қалай ұстау
керектігін біледі; техникалық жағынан қамтамасыз етілген (автокөлік, қару-
жарақ, байланыс құралдары және т.б.) [5, 533 б.].
Аталғандардан басқа қылмыстық сыбайластыққа тағы бір тән қасиет – түрлі
қылмыстық топтардың кездесулерге жиналып, жиын өткізуі.
Ұйымдасушылықтың жоғарыда аталған элементтерін жеке-жеке қарастыруға
болады: 1) Топтың құрылымы: қорқытып алушылырдың ұйымдасқан тобының
құрылымдық ерекшелігі – олардың дербес шағын топтардан тұруы. Оларды
қылмыстық топтың ұйымдастырушы-жетекшісі және оған жақындар (қылмыстық
топтың белсенді мүшелері) басқарады. Бұл тұлғалар қылмыстық әрекеттердің
жоспарын жасайды, қылмыстық табысты бөледі, топтың мүшелері үшін міндетті
жүріс-тұрыс ережелерін орнатып, олардың орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ
олар қылмыстық әрекеттерге тікелей араласпайды, қатардағы қорқытып алушылар
(топтың қатардағы мүшелері) құқық қорғау органдарына ұсталып қалған
жағдайда, өздерінің жетекшілері туралы жауап бермейді. Осылайша топтың
жетекшілері тиісті жазаларын алмай, өздерінің қылмыстық әрекеттерін
жалғастыра береді.
Жасақтардың арасында да белгілі иерархиялық бағынушылық және рольдерді
бөлісу болады, олар негізінен қылмысқа қатысты болады: атап айтқанда
топтың бригадирі жәбірленушімен кездесуге кімнің баратындығы туралы, қандай
қорқыту тәсілдерін қолдану және жәбірленуші талапты орындамаған жағдайда
қорқытуды іске асырудың жолдарын анықтайды.
Жалпы алғанда ол қылмыстық топтың жетекшісі жасаған жоспарды іске
асырады және қорқытып алушылықты жасау барысында үйлестірушінің қызметін
атқарады, әрі орындаушы бола отырып, талап етуді, қорқытуды жүзеге асырады,
және олардың орындалуына қатысады.
Топтың қатысушыларының қызметтік рөлдері төмендегідей болып бөлінеді:
ұйымдастырушы, ақпарат беруші, барлаушы, орындаушылар, жасақтар, топты
қылмыс орнына дейін жеткізуді және оларды кейін алып қайтуды қамтамасыз
ететін тұлғалар, қылмысты тікелей орындау барысында бақылау мен
қылмыскерлерді қорғауды қамтамасыз етушілер.
Ұйымдасқан топпен салыстырғанда қылмыстық сыбайластықта әрбір қылмыстық
ұйымның жетекшісі оны толық басқарады, және басқа ұйымдасқан қылмыстық
топтармен біріге отырып, олардың жетекшілерімен тең жағдайда болады, әрі
бұл топтарды басқаруға араласпайды.
Мұндай қылмыстық топтардың бірігуі қылмыстық қызметтің тиімділігін
арттырады.
2) Қылмысқа дайындалуды, жасауды және қылмысты жасыруды жоспарлау,
ұйымдасқан қылмыстық топтың техникалық қамтамасыз етілуі. Жай топтарға
қарағанда қорқытып алушылардың ұйымдасқан топтары мен қылмыстық
сыбайластықтар қол сұғу объектісін таңдамайды, тек оларды міндетті түрде
алдын ал зерттейді.
Қорқытып алушылықтардың жәбірленушілері көп жағдайда түрлі жеке
коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері (басқарушылар жиірек кездеседі),
шағын кәсіпорын иелері, сондай ақ өзге де саудамен айналысатындар, жеке жүк
және адам тасумен айналысушылар.
Қылмыскерлер қорқытып алу объектілері туралы ақпаратты алудың тәсілдері
әралуан болып табылады. Көп жағдайда қорқытып алушылар кәсіпкерлердің
табысты қызметі немесе жасаған мәмілелері туралы тікелей осы салада жүріп
немесе ортақ таныстары арқылы біліп отырған. Кейде қылмыскерлер қажетті
ақпараттарды алуда кәсіпкерлерге лицензия беретін, оларды тіркейтін, салық
қызметі және құқық қорғау органдары сияқты мемлекеттік билік органдарында
қызмет істейтін өздерінің таныстары арқылы алып отырған. Бірқатар
жағдайларда қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары өз топтарының мүшелерін
қорқытып алу объектілерінің қызметі туралы жан жақты ақпарат алып отыру
үшін тікелей сол коммерциялық құрылымдарға енгізіп отырған. Сондай ақ олар
өздеріне қажетті ақпаратты қорқытып алу объектісінің бәсекелестері арқылы
да алуы мүмкін.
Қорқытып алушыларға ақпарат беруші тұлғаларды анықтау қиын болып
келеді, себебі олар қорқытып алушылыққа тікелей араласпайды, ал қатардағы
орындаушылар мұндай тұлғалар туралы мүлдем білмейді, сондықтан тергеу
кезінде олар туралы ешқандай мәлімет бере алмайды.
Барлаушылар жәбірленуші туралы тек қаржылық сипаттағы ақпарат қана
емес, сонымен қатар олардың заңсыз әрекеттері туралы да ақпараттарды
жинайды: атап айтқанда, заңсыз мәмілелер, салықтан жалтару, табысын жасыру
туралы мәліметтерді жинап, кейін жариялаймын деп қорқыту немесе бопсалау
үшін [6, 29 б.].
Қорқытып алушылықты жасаудан бұрын қылмыскерлер қылмысты жасау үшін
қажетті мәліметтерді жинайды, дәлірек айтқанда: жәбірленушінің тұрмыс-
тіршілігі (кіммен бірге тұрады, жақын туыстары кімдер, қандай жолмен
жұмысқа баратыны, күн тәртібі) туралы; қандай әлсіздіктері бар екендігі
туралы (мысалы, есірткі пайдалану, ішімдікке салыну, жұбайын алдау және
т.б.).
Қорқытып алушылыққа дайындалу әрекеттеріне қару сатып алу, автокөлікпен
қамтамасыз етілу, жасырын тыңдау және өзге де байланыс құралдарын табу
жатады.
Қорқытып алушылықтың объектісінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың
сипатына және жәбірленушінің қойылатын талаптарға мүмкін көқарасына қарай,
дайындық әрекеттері де әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің
материалдық жағдайын бағалап болғаннан кейін сыбайластық топтың
ұйымдастырушысы қандай сомада ақша талап ету керектігін белгілейді.
Жәбірленушінің қарсылығық көрсету мүмкіндігін қылмысқа қатысушыларды таңдау
түріндегі дайындық әрекеттері анықтайды. Яғни, дене күші көп, мінезі
қатыгез, қаруды қолдана білетін тұлғалар тікелей орындаушылар ретінде
таңдап алынады. Сонымен қатар, ұрланған немесе кепілдікке алынған
жәбірленушіні ұстайтын орын, оны күзету және қинау құралдары да алдын ала
дайындалады.
Қорқытып алушылықтың тікелей актісін жоспарлау нақты жағдайға
байланысты болады, бұл жағдайды қылмыскерлер әрқашан ескереді. Бұл ретте
жәбірленушімен тіл табысу, рольдерді бөлу қарастырылады, яғни кімнің
жәбірленушімен әңгімелесетіндігі, кімнің қорқытатындығы, не талап
ететіндігі, ақшаны төлеу тәртібі мен мерзімдерін белгілеуді кімнің
атқаратындығы анықталады.
Жасалған қорқытып алушылықты жасыруды жоспарлау - сыртқы бейнені
жасыруды, қылмыс үстінде ұсталып қалмау үшін ақша алу орнын дұрыс таңдауды,
сондай-ақ сырттай бақылауды, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды, ұрланған
немесе кепілге алынған жәбірленушіні ұстау орнын жасыруды
(жәбірленушілердің көзін байлау арқылы тасымалдау) қамтамасыз етуді, жалған
алиби жасау, сондай-ақ тағылған айыпты жоққа шығару мүмкін болмаған
жағдайда, жәбірленушіге қойылған талаптың себептерін түсіндіретін сылтауды
ойластыруды көздейді. Әдетте қорқытып алушылар құқық қорғау органдарына
жәбірленушіден ақша талап етудің себебін өздері берген қарызды қайтару
әрекеті деп түсіндіреді.
Жасалған қылмыстарды жасыруға бағытталған шараларға қылмыскерлердің
құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жемқор байланыстарын орнату да
жатады. Дәлірек айтқанда, аталған органдардың қызметкерлерінен жедел-
іздестіру шаралары туралы хабар алып отырады. Сонымен қатар, қылмыскерлер
жасалған қылмысты жасыру мақсатында жәбірленушілер мен куәларды қорқытуды
немесе жалған жауап беруге мәжбүрлеуді қолданады, мысалы жәбірленушілер
қорқыту әрекетінің болмағаны туралы, шындығында қылмыскерлерге өздері ақша
қарыз екендігі туралы жауап береді.
3) Топта, сыбайластықта жазылмаған мінез-құлық ережелерін орнату.
Аталған мінез-құлық ережелері біріккен, тұрақты топты құруға және оның
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай ережелерді топтың,
сыбайластықтың жетекшілері орнатады және қылмыстық әлемнің ғұрыптарына
негізделеді. Атап айтқанда топтың қатардағы мүшелеріне жетекшілерге сөзсіз
бағыну, ережелерді жарияламау, алдын ала тергеу және сот кезінде белгілі
мінез-құлық ережелерді сақтау міндеттеледі. Бұл ережелерді бұзған жағдайда,
үлестен айырудан бастап, оларды өлтіруге дейінгі шаралар қолданылуы мүмкін.
Белгілі бір аудандарды ықпал ету аясына байланысты бөлісіп алған
ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері, өзара шекараны бұзбау туралы
келісім жасайды. Бұл жағдайда, топтардың қатардағы мүшелері шекараны
бұзбай, тек өздеріне қарасты аудандарда қорқытып алушылықпен айналысуы
тиіс. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері тергеу және сот барысында
өздерінің бостандықта жүрген қылмысты бірге жасаған қатысушылары туралы
ақпарат бермейді және өздерінің қылмыстық әрекеттерін қорқытып алу құрамын
болдырмайтын әрекеттер ретінде түсіндіреді (Мысалы, қарызын қайтару, іс
жүзінде болмаған делдалдық қызметі үшін ақысын алу және т.б.). Қатардағы
қатысушылардың мұндай ережелерді сақтауы – қылмыстық әлемнің әдет-
ғұрыптарына бағынумен ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтардың
жетекшілерінен қорқумен де түсіндіріледі.
Ары қарай ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтар
жасайтын қорқытып алушылықтардың криминалистік сипаттамасының басқа да
элементтері туралы сөз болады.
Қылмысты жасау тәсілі. Қорқытып алушылықтың тәсілі туралы жоғарыда
қылмысты саралау бөлімінде атап кеткен болатынбыз. Осыған байланысты
қорқытып алушылықты жасау тәсілінің ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз. Атап
айтқанда қорқытып алу қылмысының объективтік жағының талап ету және қорқыту
сияқты құрамдас бөліктерін жеке қарастыру қажет:
1) Мүлікті, мүлікке құқықты беруді, қорқытып алушылықтың пайдасы үшін
мүліктік сипаттағы әрекеттер жасауды талап ету. Қорқытып алушылықтың ең
қарапайым тәсілі жәбірленушіден ақша және әр түрлі құндылықтарды талап ету
болып табылады. Бұл қорқытып алушылықтың ең жиі кездесетін тәсілі. Әдетте
қылмыскерлер ақшаны бір мезгілде және түгел беруді талап етеді. Мұндай
жағдай жәбірленуші ірі мөлшерде табыс алғандығы туралы қылмыскерлер білген
уақытта орын алады.
Қорқытып алушылар қолма-қол ақшаны жүйелі түрде – күнде, апта сайын
немесе ай сайын беріп тұру түріндегі талаптарды да қоюы мүмкін. Бұл
талаптың түрі әр түрлі тауар сатумен айналысатын адамдарға жиірек қойылады.
Сондай ақ, жәбірленушілерден қылмыскерлердің банктік есеп шоттарына
ақша аудару түріндегі талаптар қоюы да кең таралған тәсіл болып табылады.
Аталған қылмыстық бірлестіктердің қатысушылары қорқытып алушылықты
кәсіп түріне айналдыратындықтан, қорқытып алу объектісінің экономикалық
қызметі туралы, талап етілетін қаржыларды жасыру мүмкіндіктері туралы
біледі. Сондықтан қылмыскерлер қорқытып алушылықтардың қулықпен ұштасқан
түрлерін қолдануы мүмкін. Мысалы, іс жүзінде жоқ тауар үшін ақыны банктік
шотқа аудару туралы талап етеді. Кейде қорқытып алушылар белгілі бір
тауарларды жоғары бағамен қабылдауды немесе керісінше қымбат тауарды
арзанға сатуды не тегін беруді де талап етуі мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың және қылмыстық сыбайластықтардың
қатысушылары коммерциялық құрылымдармен байланыс орнататындықтан,
жәбірленушілерден өздеріне бағынысты немесе қол астына алған
кәсіпорындарға қаржы салуды немесе жәбірленуші үшін тиімді емес мәмілелер
жасауды талап ету жағдайлары да кездеседі. Көп жағдайларда қылмыскерлер
жәбірленушілерден тұрақты түрде табысының бір бөлігін беріп тұруды талап
етеді. Кейбір деректер бойынша жәбірленушілер қорқытып алушыларға табысының
20-25 пайызын, кейде 50 пайызына дейін беріп тұрған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық сыбайластықтардың
қатысушылары жәбірленушіден мүлікке құқық беру немесе қылмыскерлердің
пайдасы үшін мүліктік сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау туралы талаптарды
да қояды. Мұндай талап ету жәбірленушінің мүлкіне билік ету құқығын жүзеге
асыру түрінде болады, мысалы: қорқытып алушылар жәбірленушіден автокөлікті
сату құқығымен басқаруға сенімхат беруді талап етеді (бұл жағдай аталған
мүлікті меншікке берумен бірдей болып табылады); қандай да болсын үшінші
тұлғалармен немесе ұйымдармен тиімді мәміле жасау құқығын беруді талап ету
(қорқытып алушылар қол астына алған ұйымдардың пайдасы үшін шарт жасаудан
бас тарту); жәбірленушіге өзіне тиесілі мүліктен пайда алуына кедергі жасау
(қорқытып алушылар қол астына алған ұйымдар өндіретін бұйымдарға ұқсас
бұйымдар шығарудан бас тарту туралы талап ету).
Ұйымдасқан қылмыстық топтар жәбірленушілерге қойылған ақша төлеу туралы
талаптарын, жәбірленушілер мәмілелерді бұзғаны немесе іскерлік міндеттерін
орындамағаны немесе көрсеткен қызметке ақы төлемеген үшін келтірілген
шығынды өтеу деп түсіндіреді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қорқытып алушылықтар үшін жоғарыда
аталған талаптардан басқа, жәбірленушілер келісім берген жағдайда
қылмыскерлердің түрлі уәде беруі де тән болады. Мұндай уәделердің мазмұны
келесі түрлерде болуы мүмкін: басқа қорқытып алушылардан қорғау;
бәсекелестердің қызметіне кедергі жасау; дайын өнімді сатуға, үй-жайды
жалға беруге көмектесу; құқық қорғау органдары, салық қызметі, билік
өкілдері тарабынан жәбірленушінің қызметіне араласпауын кепілдеу. Барлық
жағдайларда қорқытып алушылар өз талаптарына көнген жәбірленушілерге
істерімен кедергісіз айналысуына уәде береді. Сондай-ақ қорқытып
алушылардың талаптарына көнген жәбірленушілерге қылмыскерлер берген
уәделерін шын мәнінде орындайтынын атап өту қажет. Қорқытып алу қылмыстарын
тергеу барысында аталғанды ескеру қажет, себебі бұ мән-жайлар ұйымдасқан
қылмыстық топтардың мемлекеттік билік органдарымен жемқорлық байланысы бар
екендігі туралы жанама дәлелдеме болып табылады [7, 57 б.].
2) Қорқытулар. Қорқытып алушылар талап ету кезінде қолданатын
қорқытулар әр түрлі сипатта болады, негізінен күш қолданумен байланысты:
жәбірленушіні ұрып-соғамын деп қорқытудан бастап, оның өзін немесе
туыстарын өлтіруге, зорлауға, ұрлауға және кепілге алуға дейінгі қорқыту
түрінде болуы мүмкін.
Көп жағдайларда қорқытып алулар қару және қинауға арналған құралдарды
көрсетумен ұштасады. Кейде мұндай қорқытулар жасырын сипатта болады, бірақ
жәбірленушілер оларды шынайы қорқыту ретінде қабылдайды, себебі
жәбірленушілер қылмыскерлердің әрекет ету тәсілдері туралы хабары болады:
мысалы, талаптарына бағынбаған адамдарға қорқытып алушылардың қалай күш
қолданғанын тікелей көрген немесе естіген болады. Мұндай жағдайлар тұрақты
саудамен базарларда, қоғамдық орындарда сатумен айналысатындардан қорқытып
алушылққа тән болып келеді.
Жасырын қорқытудың келесі түрі (яғни, қылмыскерлер тікелей күш
қолданумен қорқытпайды) қорқытып алушылардың белгілі бір қылмыстық топқа
жататындығымен қорқыту арқылы жәбірленушіні өздерінің талаптарына көндіру
болып табылады.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топтар жәбірленушілердің мүлкін
жоямын деп қорқыту арқылы да өз ойларын іске асырып отыруы мүмкін. Мысалы,
жәбірленушінің автокөлігін, пәтерін, саяжайын өртеймін деп қорқыту арқылы.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларының жәбірленушіні немесе
оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы ақша
талап ету жағдайлары да кездеседі. Негізінен мұндай мәліметтер іскерлік
қызметке байланысты болады. Дәлірек айтқанда, қорқытып алушылар
жәбірленушілердің жеке басын зерттеу барысында, олардың заңсыз қызметтері
туралы алдын-ала біліп алады (жасалған заңсыз мәмілелер, салық төлеуден
жалтару). Осыған байланысты жәбірленушілер қорқытып алушылардың
айтқандарына көніп, қорқыту іске асырылғанға дейін олардың талаптарын
орындайды. Кейде жәбірленушілер бас тартады, бірақ қорқыту іске
асырылғаннан кейін келіседі. Ескеретін жағдай, жәбірленушілер ерте болсын
кеш болсын қорқытып алу фактілері туралы құқық қорғау органдарына
хабарлайды және бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін
қылмыскерлер ұсталады.
Күш қолданумен ұштасқан қорқытуларды іске асыру әдетте қатыгездікпен
ұштасқан болады, атап айтқанда қылмыскерлер жәбірленушілерді ұрып-соғады,
қозғалыстағы автокөліктерге қолдарын байлап қояды, бастарын полиэтилен
қаптарын кигізіп дем алдырмай қинайды, басын төмен қаратып аяқтарынан
байлап іліп қояды, күйдіргіш құралдарды қолдану арқылы тән азабын
келтіретін өзге де әрекеттер істеуі мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар қорқытып алушылықты жасағанда қару көрсетіп
қорқытуды жиі қолданады. Қарулардың ішінде атыс қарулары және суық қару
қолданылады. Қорқытып алушылар аталған қаруларды тек көрсетіп қана
коймайды, кейде қолдануы да мүмкін. Мысалы, жәбірленушіге бағыттап, бірақ
тигізбей ату. Сондай-ақ ұйымдасқан топтар жәбірленушілерді алдын-ала
дайындалған орындарға, кейде жалға алған үй-жайларда қамап ұстайды. Ақша
және өзге де құндылықтар жәбірленушілердің тікелей өздеріне ғана емес,
сонымен қатар олардың жақын туыстарына да қатысты қолданылуы мүмкін.
Қорқытып алушылар ақша алу үстінде ұсталып қалмау үшін,
жәбірленушілерден ақшаны алуға алдын-ала мұқият дайындалады. Атап айтқанда,
жәбірленушілерге жасырын түрде сырттай бақылау орнатады. Қылмыскерлер
ақшаны алуға іске мүлдем қатысы жоқ адамдарды да жіберуі мүмкін. Кейде олар
жәбірленушілерге ақшаны арнайы құпия орныдарға салып кетуді де міндеттеуі
мүмкін, ал өздері сырттай бақылап тұрады.
Қылмыс жасау орны. Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанада қорқытып
алушылықтың орны ретінде қылмыскерлердің жәбірленушіге талап қойған жер
танылады. Себебі бұл қылмыс талап қойылған сәттен бастап аяқталған қылмыс
деп танылады. Бірақ криминалистік тұрғыдан алғанда қылмыс жасауға басқа
орындарды да жатқызу қажет: қорқыту қолданылған орын (кейде қылмыскерлер
жәбірленушілерді қала сыртына немесе өзге де адамдар жоқ жерлерге алып
барып, сол жерде қорқыту әрекеттерін іске асырады); жәбірленушілерді
ұрлаған және оларды қамауда ұстаған орын; ақша алу орны; жәбірленушілердің
мүлкін жойған жер; қылмыстық топтың ұсталған жері. Тергеу барысында аталған
орындардың барлығын зерттеу маңызды, себебі ол жерлерде іс үшін маңызды
қылмыстың іздері табылуы мүмкін [8, 63 б.].
Қылмыс жасау орны. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметінің ерекшелігі
болып, олардың ұзақ уақыт бойы қылмыстар жасау үшін құрылуы табылады.
Мұндай қасиет қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқытып алу қылмыстары
Криминалистика пәнінен дәрістер
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Қорқытып алушылық қылмысының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Парақорлық қылмыстар
Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы
Тонау қылмыстарын тергеу
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Пәндер