Қазақстан Республикасында инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру жолдарын дамыту бойынша, сонымен қатар еліміздегі инвестициялық аудиттің қазіргі жағдайын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау



Кіріспе
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен оның түрлері
1.3 Қаржылық инвестициялар есебі
2. Инвестициялар есебінің аудиті
2.1 Инвестиция аудитінің түсінігі
2.2 Инвестиция аудитінің міндеттері және ақпараттық қоры
2.3 Инвестицияланатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан қазіргі таңда инвестицияға қолайлы мемлекет болып табылады. Инвестицияның өсуіне жағдай жасаушы факторлар арасында, Қазақстанның Азиялық региондағы геосаясатты жағдайын, соның ішінде бай пайдалы қазба орындарын, ауыл шаруашылық потенциалын, сонымен қатар жұмысшы кадрларды тағайындаудағы жоғары білім деңгейін айтуымызға болады. Инвестициялық қызмет үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға әсер ететін фактор бәрінен бұрын экономикалық және саяси тұрақтылығы, инфрақұрылымның дамуы және банктік жүйені, сонымен қатар дәлдік пен заң орындарының шетелдік инвеcторларына қатысты нақтылығы болып табылады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы инстиуттармен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-не қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі: шетел инвестицияларын кеңінен тартуға мүмкіндіктер туғызу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру жолдарын дамыту бойынша, сонымен қатар еліміздегі инвестициялық аудиттің қазіргі жағдайын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталады:
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды пайдаланудың негізгі бағыттары мен реттеу мәселелерін қарастыру;
- Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобаларды бағалаудың ерекшеліктері;
- Инвестицияның есептеу әдістері мен атқаратын қызметтеріне талдау жасау;
- Әрбір кәсіпкер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін инвестициялық аудиттің міндеттерін анықтау;
1. Н. Әжімбаева, А. Құдайбергенов, Ә. Жантаева “Қаржылық есеп” Алматы 2001ж. 61-81б.
2. Шпрыгин В. “Без инвестиций нет обновления” // Экономика и жизнь 1998. Март № 11, с.29
3. Н. Ш. Әлжанова “Инвестициялық жобалау” оқу құралы. Алматы 2006ж, 5-10б.
4. Н. Әпсәләмов, Қ. Исабеков, Ө. Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы 1999ж. 479-492б.
5. М.В. Ивощин “Инвестиция. Организация управления и финонсирования” Москва 1999г.
6. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г.
7. № 40 Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты, “Жылжымайтын мүлікке инвестициялар”
8. № 2 Ұлттық Қаржылық Есептілік Стандарты, “ 15-бөлім Жылжымайтын мүлікке инвестициялар”
9. Реформирование экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004ж. 343с.
10. Д. О. Абленов “Аудит негіздері” Алматы 2005ж.
11. З. Н. Әжібаева, Н. Ә. Байбалтаева, Ж. Ғ. Жұмағалиева “Аудит” Алматы 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан қазіргі таңда инвестицияға қолайлы мемлекет болып табылады.
Инвестицияның өсуіне жағдай жасаушы факторлар арасында, Қазақстанның
Азиялық региондағы геосаясатты жағдайын, соның ішінде бай пайдалы қазба
орындарын, ауыл шаруашылық потенциалын, сонымен қатар жұмысшы кадрларды
тағайындаудағы жоғары білім деңгейін айтуымызға болады. Инвестициялық
қызмет үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға әсер ететін фактор бәрінен бұрын
экономикалық және саяси тұрақтылығы, инфрақұрылымның дамуы және банктік
жүйені, сонымен қатар дәлдік пен заң орындарының шетелдік инвеcторларына
қатысты нақтылығы болып табылады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы инстиуттармен,
басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс әрекетті үйлестірудің үлкен
мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55
халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-не қаржылық
міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы
кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды,
борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге
асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларына бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі: шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
мүмкіндіктер туғызу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында инвестициялық
процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру жолдарын
дамыту бойынша, сонымен қатар еліміздегі инвестициялық аудиттің қазіргі
жағдайын зерттеу және кешенді ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталады:
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды пайдаланудың негізгі
бағыттары мен реттеу мәселелерін қарастыру;
- Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобаларды бағалаудың
ерекшеліктері;
- Инвестицияның есептеу әдістері мен атқаратын қызметтеріне талдау
жасау;
- Әрбір кәсіпкер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін
инвестициялық аудиттің міндеттерін анықтау;

1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны

1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру, нарықтық тетікті
бір қалыпқа келтіру Қазақстанның экономикасының дамуының басты
проблемаларының бірі болып табылады. Осыған байланысты тиімді инвестициялық
тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Болашақ
мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына,
кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған
шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрылымның, қызмет ету мөлшері
және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады. [2; 29б.]
“Инвестиция” сөзі латын тілінен аударғанда “инвест” салу деген мағынаны
білдіреді. Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар
ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір
өндірісті дамыту арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл процеспен екі
фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі –
тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және
тұрақты қарқынын қалыптатырудың, ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып табылады. [1;
61б.]
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі жаңадан жасалынған құн немесе кәсіпкерлер
инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе
ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша
инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екіге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады. [3; 5-7б.]
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып саналады.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда
қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады:
жабдықтарды сатып алу және орнатуға, техникаға, шикізатқа, ғимарат
құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорынның материалдық бөлігі негізгі және
айналым қаржыларын енгізеді.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор – бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер – бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.
Саудагер – бұл белгілі, алдын ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам.
Ойыншы – қандай да болмасын тәуекелділікке баруға дайын тұлға.
Инвестициялау мақсаты – табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны
бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі
жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорынның әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық
– саудагерлік іс әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі – шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс.
Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған,
олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді
қамтамасыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып
табылады. [4; 479-492 б.]
Жаңа қоғам өзінің соңғы өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде
Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура
шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға
келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақсан экономикасы алып
отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы
20 елдің қатарына қосты. Халықаралық “Moody`s Investors Service” рейтинг
агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары
рейтингін берді. Бұл Қаржы министрлігіне төмен пайызбен, біріншіден,
кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық
банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның
нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі
біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен
реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны
тұлғаланып шығады.
Қазіргі Қазақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге
келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне
жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды. Бүгінде бұл
инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден,
тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару.
Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды
қалыптастыру. [9]

1.2 Инвестицияның қызметі мен оның түрлері

Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік –экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып
саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік
саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған
орай, инветициялық іс-әрекетті талдауда, оның тиімділігіне экономикалық
шараларымен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы
зор.
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік,
аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір
бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын
акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа
технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әр түрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық
жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және
осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу
үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әр түрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әр түрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады
да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға
пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қиыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі
бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі
мүмкін.[5;184б.]
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке
салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны
банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы
басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып
тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу
қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп
есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз
пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция
болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болганда,
инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың
теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады
делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына
жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден
асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз
сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция
қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін
жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан
кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер.
Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылган пайданың ең соңғы инвестициялық
шығынга қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай
нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты
болады.
1.3 Қаржылық инвестициялар есебі

Қаржылық  инвестициялар иелену  мерзіміне   қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
                   а)  қысқа мерзімді – иелену  мерзімі бір жылға дейін;
                   ә)  ұзақ  мерзімді – иелену  мерзімі бір жылдан  артық;
1100 – “Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар” шоты; Бұл кіші бөлім қысқа
мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім
мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 – “Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар”, онда ұйымдардың мерзімі
бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 – “Саудаға арналған қысқа мерзімді активтер”, онда бағалардың
қысқа мерзімді ауытқуларына пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа
мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа
мерзімді перспиктивада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын
портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай
саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің
тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған
ретінде қаралады;
1130 – “Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар”, онда
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі
немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді
қаржы активтері есепке алынады.
1140 – “Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”, онда
мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке
алынады:
• Ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
• Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
• Саудаға арналған қаржы активтері;
1150 – “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”, онда алдыңғы
топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке
алынады.
 1100-1150 шоттар активті, күрделі әрі негізгі болып табылады. Осы
шоттардың Дебетіне - қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; Кредит бойынша - қаржылық
инвестициялардың  кему операциялары жазылады. Демек, инвестицияның тиісті
бөлімше шоттарының дебетіне, ал сатылып алынған кезіндегі сатылып алу
құнымен тиісті қаржылар есептелінген шоттардың кредитінде көрсетіледі, яғни
бұл жағдайда мынадай операция жүргізіледі:
Дт 1150, 2040
Кт 1010, 1310, 2410

Ал инвестордың үлесін қайта бағалаудан өзгеруіне байланысты
инвестицияның өсуі:
Дт 1150, 2040
Кт 5420
Инвестордың алған немесе алуға тиісті дивидентінің сомасына (инвестиция
үлестік қатысу әдісі бойынша есептелінген жағдайда)
Дт 1010, 1030
Кт 2200-2210
Инвестицияны сатқаннан түскен табыс:
Дт 1010, 1030
Кт 6140
    Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар
салынған объектілер бойынша жүреді.   Қаржылық инвестициялар сатып алу
кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға
алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің
көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық
төлемдері кіреді.
    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не
ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі
бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы
(нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін
ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы, инвестицияның
котировкасы сияқты.
    Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады,
ал керіснше өзгерсе, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:
• жалпы қоржындық(порфелдік) жиынтығымен;
• инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
• жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша ;
бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық)бағадан жоғары болса,
онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда -
табыс ретінде танылады.
     Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ,
онда олар сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша немесе
ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген
болса) бағаланады.
     Енді біз бұл қалай есептелетіндегі туралы, бір мысал қарастырып
көрейік:
• акцияның инвестициясы;
• облигацияның инвестициясы ;
• басқа да қаржылық инвестициясы.

2000 – Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, үлестік қатысу әдісімен
есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті
қоспағанда активтерді қаржылық инвестициялар есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2010 – Ұзақ мерзімді берілген қарыздар, онда ұйым бір жылдан асатын
мерзімге берген қарыздар есепке алынады.
2020 – Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар, онда ұйым
берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі
жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе
анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері
есепке алынады.
2030 – Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, онда
мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады: ұйым берген
қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
2040 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер, онда алдыңғы топтарда
көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік
құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар,
үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын
ұйымдарға берілетін инвестициялар.
 Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей
жолмен анықталады:
• сатып алу құнымен;
• қайта бағалау құны ескерілген құнмен:;
• сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен
бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
    Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялады қайта бағалау үшін: қайта
бағалаудың мерзімін анықтау үшін қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді
инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік 
капиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төменлеген жағдайда
азайту сол инвестициясының үстеме  бағасының сомасы есебінен жүргізіледі.
Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның құнының төмендеуі
зиянға есептелінеді . Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны
төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік
капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
   Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл
инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап
осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталады және есептелінеді.
Бұл кезде инвестицмяланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және
тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен
шығарылғанда, оны оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың арасындағы
айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің
қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрын қайта
бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта
бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген
табысқа жатқызылады.

Кесте 1. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге
салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар корреспонденциясы
                 теңге
1. Еншілес, тәуелді және бірлесіп   
бақыланатын серіктестіктердің  мына      
игіліктерді салу арқылы      
инвестициялары жасалынды:      
-тауарлар, негізгі құралдар,
материалдық емес активтер: 200000 2200-2310
- ақша қаражаттары: 300000 2200-2310 1330,2410
- есеп беретін адамдарға берілген 50000 2200-2310 1000-1050 
соманың есебінен: 1250
- еншілес, тәуелді және бірлесіп 600000 2200-2310 
бақыланатын серіктестіктерден: 450000 2200-2310 3320-3330
-заңды және жеке тұлғалардан: 3310,4170
Жиыны 1600000    
2. Заңды және жеке тұлғалардан тегін      
түскен инвестициялар: 100000 2200-2310 6160,6220,
6260
3. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер     
активтерін қайта бағалаудың      
нәтижесінде үлестік қатысу сомасы      
инвестицияның құнын төмендеткен:      
-бұрындары жасалған қайта бағалау      
сомасының шегінде:      
-бұрындары жасалған қайта бағалаудың  300000   5420   2200-2310 
артық жасалған сомасына:      
150000 7450,7460 2200-2310
4. Тәуелді немесе еншілес      
серкітестіктердің таза табысында       
инвестордың үлесі өсуімен байланысты
инвестицияның құны өскен 540000 2200-2310 6410
5. Инвестицияны үлестік қатысу әдісі      
бойынша есепке алған кезде      
инвестордың алатын дивидендтер    
сомасына инвестицияның құны азаяды. 140000 2120-2130 2200-2310
6. Тәуелді немесе еншілес      
серкітестіктердің шеккен  зияны      
инвестордың үлесін кемітуімен
байланысты инвестициның құны азаяды 2000000 7610 2200-2310
7. Егер де инвестицияның балагстық      
құнынан зиян асып түссе, онда ол    
баланстан тыс шоттарда есепке
алынады. 50000 011 
8. Тәуелді немесе еншілес      
серкітестіктердің таза табысында       
инвестордың үлесі өсуімен байланысты      
инвестицияның құны өскен кезде      
бұрындары инвестиция құнын төмендету      
үшін есептен шығарылған құн қалпына      
келтіріледі, бұл кезде баланстан тыс      
шоттар жабылады.  300000  2200-2310 7610
9. Еншілес, тәуелді және бірлесіп     
бақыланатын серіктестіктердің      
инвестициясы сатылды:      
-инвестицияның баланстық құнына:      
-инвестицияның сатылған бағасы  300000  7410,1210, 2200-2310
бойынша:
700000 2120-2130 6210

Яғни, ескі шоттарда жоғарыда аталған серіктестіктерге жеке шоттар
ашылып көрсетілген болса, қазіргі жаңа шоттарда олар жоқ. Бірақ біз оларды
басқа шоттармен алмастырып көрсете аламыз.
2000 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары шотында кәсіпорынның, басқа
кәсіпорындардың , банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған
сомалары есептелінеді. Акция -  акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір
соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде
табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.
     Акцияларды алған кезде 2040 Өзге ұзақ мерзімді қаржы
инвестициялары шотының дебеті бойынша және төмендегі шоттардың кредиті
бойынша корреспонденциясы жасалынады: сатып алу құнына – 3310
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысулар, 3390-Өзге де қысқа
мерзімді кредиторлық берешек, 4120-Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ
мерзімді  кредиторлық берешек, 4130 – Қауымдастырылған және бірлескен
ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, 4140-Филиалдар мен
құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек.
    Акция алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп, ақша қаражаттарының
шоттарын пайдалануы мүмкін: 2040-шоттың дебеті, 1050-Ағымдағы банктік 
шоттардағы валютамен ақша қаражаты,шоттарының кредиті – шет мемлекеттердің
банкілер мен компанияларының акцияларын алғанда; 1040-Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары, 1010-Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары - Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы акцияларды
алғанда.
  Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағжайларда олар есептен
шығарылса, онда акцияның баланстық құнына 7410-Активтердің шығуынан болған
шығыстар деген шоты дебеттеледі де, және 2000-Ұзақ мерзімді қаржы
инвестициялары кредиттеледі, сосын ол шотының дебеті бойынша және 6210
шоттың кредиті бойынша көрсітіледі.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты
бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік
(жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік
төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу
мақсатымен, бірақ:
(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде
пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе
(б) әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша
иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар
өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға
пайдалануға арналған.[6]
Операциялық жалдау шарты бойынша жалгер иеленіп отырған жылжымайтын
мүліктің үлесі есепте мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайда
жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келген және жалгер
осы объектіні және жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде сыныпталатын
барлық өзге жылжымайтын мүлік объектілерін есептеу үшін әділ құнмен есептеу
моделін пайдаланған жағдайда ғана жылжымайтын мүлікке инвестициялар
ретінде сыныпталуға және көрсетілуге тиіс. [7]
Сонымен қатар, инвестицияның есебі 2200 – “Үлестік қатысу әдісімен
есепке алынатын инвестициялар “ бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның
құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 2200 – 2210 “Үлестік қатысу
әдісімен есепке алынатын инвестициялар” ;  2200-2300 “Үлестік қатысу
әдісімен есепке алынатын инвестициялар” және “Жылжымайтын мүлікке
инвестициялар” шоттары активті және күрделі болып келеді. Талдамалы
(аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері
бойынша жүргізіледі.
“Жылжымайтын мүлікке инвестициялар” – 2300, 2310 шотында көрсетіледі.
2320 – “Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы”. 2330 –
“Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын”.

2. Инвестициялар есебінің аудиті
2.1 Инвестиция аудитінің түсінігі

Инвестиция – бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың
өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер.
Инвестиция аудитінің мақсаты: шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын
Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылып жүрген құқықтық-
нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу
мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады. Ол қаржылық есеп
берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру
үшін керек. [10; 186б.]
Инвестицияларға мыналар жатады: пайда алу мақсатында және жағымды
әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу кәсіпкерлік объектілер мен қызметтің
басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары,
пайлар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-
жабдық, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілері, несиелер, кез келген
басқа мүлік пен мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар.
Қаржылық инвестициялар иелік ету мерзіміне сай төмендегі
категорияларға жіктеледі:
• қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылға
дейін;
• ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – иелік ету мерзімі бір жылдан
жоғары. Жылжымайтын мүліктегі инвестицияларға иелік ететін ұйымдар
осы инвестицияларды ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар ретінде ескереді. [ 11; 444б.]
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – мемлекеттік бағалы қағаздарға,
басқа ұйымдардың бағалы қағаздары мен жарғылық капиталына салынған, сонымен
қатар басқа кәсіпорындарға берілген қарыздар.
Ұзақ мерзімді инвестициялар мыналармен байланысты:
• Жаңа құрылыс нысанындағы күрделі құрылысты іске асырумен, сонымен
қатар өндірістік емес сфералардың әрекет етуші кәсіпорындары мен
объектілерін қайта құру, оларды техникалық қайта жабдықтауды
кеңейтумен;
• Ғимараттар, бөлмелер, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар мен басқа
негізгі құралдардың жекелеген объектілерін сатып алумен;
• Жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілерін сатып алумен;
• Материалдық емес сипаттағы активтерді сатып алу және құрумен
(лицензиялар, жер учаскелерін, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы).
Қысқа мерзімді инвестициялар – өз табиғаты бойынша оңай сатылатын, олар
бір жылдан артық емес мерзімге сақталады деп болжанылатын
инвестициялар.[11; 445б.]
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың функционалдық аудит
бағдарламасына келесі жағдайлармен басқару қызметтердің дұрыс орындалуын
тексерулерді кіргізілу керек:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретінде
Қазақстанның инвестициалық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау және талдау ерекшелігі
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
Қазіргі кездегі инвестициялық стратегияның даму жолдары
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
Мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемін анықтау
Пәндер