Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау. Ырысты АЭРВЗ АҚ мысалында



Кіріспе

1. Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы
1.2 Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
1.3 Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

2.Ырысты.АЭВРЗ.АҚ.ның қызметін талдау.
2.1 Ырысты.АЭВРЗ.АҚ.ны өндірістік.шаруашылық қызметін талдау
2.2 Ырысты.АЭВРЗ.АҚ.ның жаңа өнім шығаруға үрдісін талдау

3.Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық тиімділігін арттыру
3.1
3.2 Өндіріс тиімділігін арттыруда жаңа техниканы қолдану бойынша
ұсыныстар

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі
Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан “Егемен Қазақстан 2004 ж 19 наурыз”: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар».
Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау, халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.”
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау Ырысты АЭРВЗ
АҚ мысалында диплом жұмысы

Мазмұны
Кіріспе

1. Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық
негіздері
1. Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы
2. Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау
әдістері
3. Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

2.Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның қызметін талдау.
2.1 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ны өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
2.2 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның жаңа өнім шығаруға үрдісін талдау

3.Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық тиімділігін арттыру
3.1
3.2 Өндіріс тиімділігін арттыруда жаңа техниканы қолдану бойынша
ұсыныстар

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Еліміз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне көшті. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан “Егемен Қазақстан
2004 ж 19 наурыз”: Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз
қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті
заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс
істеп тұрған нарық экономикасы бар.

Сонымен қатар Отандық нарықта импорттық тауарларын қорғау,
халықаралық тұтыну нарығында үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер шығару
мәселелері күн тәртібінде тұр. Міне, осының барлығы да еліміздегі
өндірістік кәсіпорынға ішкі және сыртқы нарықтарды игеруге бағытталған
тауарлық стратегиясын қалыптастыруды жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді қажет
етеді. Бұл мәселелер өнімнің сапасын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті
өнімді қалыптастыру арқылы және де өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы
шешімін табуы тиіс. Аталған мәселе, мемлекеттің негізгі стратегияларымен
бағдарламаларында айтылып жүр. Мәселен, Президенттің Қазақстан халқына
жолдаған сөзінде төмендегі жағдайларға назар аудару керектігін ескертті:
“Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің
барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала
береді.”

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы
елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан –
инфрақұрылымда жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды
тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін.
Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономикаға өту жағдайларында
ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеге қабілетті
тауарлар жасауды және көптеп өндіруді талап етеді. Осыған байланысты
бәсекеге қабілетті тауарларды және оларды өндіруге жұмсалатын шығындардың
экономикалық жағынан тиімді деңгейлерін іздестіру мәселесі (проблемасы)
туындайды. Бұл міндеттің одағай шешілуі көп жағдайда кез-келген кәсіпорынды
тұтас алғанда, Республикалық экономикалық және әлеуметтік өміріне
байланысты. Дипломдық жұмысымның тақырыбы көкейкесті болатыны сондықтан.
Алайда, кейбір кәсіпорындардың дүние жүзілік нарыққа шығуға
мүмкіндігі жоқ, сондықтан кәсіпорынның негізгі мақсаты ішкі нарыққа жаңа
технологияларды енгізу жолымен бәсекеге қабілетті өнім шығару болып
табылады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, міне, осы!
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның мақсаты - өнімді жаңартуды
ынталандыру жолдарын ұсыну, оның тиімділігінің ерекшеліктерін ашу.
Алға қойылған мақсаттарға сай мынадай міндеттерді шешу қажет:
- өнім жаңартудың экономикалық тиімділігін көрсету;
- кәсіпорындағы өнім жаңартуды ынталандыру және тәсілдерді қарастыру;
- Ырысты -АЭРВЗ ЖШС – нің технико – экономикалық және өндірістік
көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
- кәсіпорында өнім жаңғыртудың тиімділігіне талдау жасау;
- кәсіпорында өнім шығарудың тәсілдерін және тиімділігін арттыру
жөнінде ұсыныстар жасау;
Дипломдық жұмысымның әдістемелік негізі мыналар: заңдар, нормативті
нұсқау материалдары, монографиялар, жарияланымдар, мерзімді баспа сөзде
жарияланған мақалалар, “Ырысты-АЭРВЗ ” ЖШС – нің есептік деректері,
Қазақстан Республикасы статистика жөнінде Ұлттық Агенттіктің статистикалық
материалдары. Дипломдық жұмысым үш тараудан, кіріспеден қорытындыдан ,
қосымшалардан ,қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық
негіздері

1.1 Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы
Вагон өнімдерін өндіру Республикамыздың экономикасының жетекші
салаларының бірі болып табылады.Өнім өндіру еңбекті көп керек ететін сала,
сондықтан бұл іспен айналысқысы келетін кәсіпкерлік құрылымдар ең алдымен
бұл өнімге деген нарықтағы сұранысты зерделеп барып, сатылатын өнімді үнемі
арттырып отыруға тиіс.Тәжірибе көрсеткендей, тамақ өнімдерін шығарумен
айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар өнімдері үнемі жаңартылып және
жетілдіріліп отырады.Нарық талабы осындай.
2030 Үкімет бағдарламасының негіздерінде өнеркәсіптік саясаттың
негізгі бағыттары белгіленген.
“Импорттық алмасулар бағдарламасы негізінде ішкі және сыртқы рыноктың
қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін өнеркәсіптік өндірістің өсуі үшін,
кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасалады.Өнеркәсіптің өсуінің негізі
онымен аралас өндірістердегі дамыту болуы тиіс”.
“Үкіметтің өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары Отандық тауар
өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, халықаралық
деңгейдегі стандарттау жүйесін құру, сыртқы тауарлар шығаратын кәсіпорындар
бағаларының дүние жүзілік нарық бағаларымен теңесуі шараларын іске асыру,
өндірісті қалпына келтіру, тұрақтандыру жолында компания басқарушыларының
жауапкершілігін арттыру керек”.
Бұл бағдарламаны орындап, бизнес жүйесін қалыптастыру үшін тауар
өндірушілерге еркіндік беріліп, олардың экономикалық дербестігі қамтамассыз
етілуі қажет.
Нарық, бұл күрделі әрі көп жақты құбылыс. Нарық қатынастары даму
дәрежелері бойынша, модификациялау ерекшеліктеріне, кемелдену деңгейіне,
тарихи, әлеуметтік және өзге белгілері бойынша ерекшеленеді. Сонымен
Кембридж ғылыми мектебінің негізін салушы, нарықты теңестіру
тұжырымдамасының авторы, ағылшын экономисі А.Маршалл былай деп жазған
болатын: “Тіпті тотықұстан білімді саяси эконом жасауымыз мүмкін, бар –
жоғы ол екі сөзді:сұраныс және ұсынысты білуге тиіс”.
Өндіру және өткізу, елеулі ассортимент болып қосылатын жаңа қасиеттері
бар – тауар әдетте жаңа өнім, деп аталады. Бұрынан бар бұйымдарды қарапайым
түрде жетілдіру жаңа өнімге жатқызылмайды. Өнімнің өзін өзгертпестен жаңа
қондырғылар, механизмдер комбинациясы немесе жаңа өнім принципті түрінде
жаңа бұйымдар болуы мүмкін. Инновациялау процесінің мақсатына мыналар
жатады:
- Жаңа техникалық міндетті шешу – жаңалық табу;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкциялық талдамалар
жасау.
Жаңа қасиеттері бар ассортиментке өндірісі мен өткізілуін қосқанда
тауарды әдетте жаңа өнім деп атайды. Нақты бұйымның қарапайым жетілдірулері
бұл жерге кірмейді. Жаңа бұйым не тек жаңа өнім, не өнімнің өзін өзгертпей
жаңа бейімделулер, механизмдер жиынтығынан тұру керек. Инновация үрдісінің
мақсатын келесідей түйіндеуге болады:
- Жаңа техниканың ойлап табылуы – жаңа заттың пайда болуы;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе - конструкторлық талдамалар

жүргізу;
- Өткізудің дайындығы мен ұйымдастырудың қатар жүруі;
- Нарыққа жаңа өнім енгізу;
-Технологияны жетілдіру, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру

жолымен нарыққа жаңа өнімді бекіту.
Инновациялау үш сатыға бөлінеді:
1. Келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу;
2. Түскен ұсыныстарды іріктеу және жаңа өнімді өндіру;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау

Инновациялық процестің үш сатысын қарастырамыз.
Бірінші сатыда, өнімнің техникалық – экономикалық сипаттамасы, оның
сапасын және тұтыну қасиеттерін бағалау анықталады.
Екінші сатыда, әлеуетті (потенциалды) нарық сұранысын және сатылатын
тауар көлемін бағалау.
Үшінші сатыда, жаңа өнімді жасауға және игеруге жұмсалған шығынды
(инвестицияларды), жаңа өнімнің өзін - өзі ақтау мерзімдерін анықтау.
Төртінші сатыда, жаңа өнімді технологиялық машиналарды, жабдықтарды
шығару үшін қажетті ресурстардың болуы.
Бесінші сатыда, жаңа өнімді игеру және оны дүние жүзілік нарыққа
шығару мерзімдері.
Алтыншы сатыда, жаңа өнімді өндіру рентабельділігін (пайдалылығын)
бағалау, талдау, өнім бойынша маркетинг жүргізу.
Алға қойылған міндетті – жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау үшін
осы өнімді бағалауды іске асыру қажет. Жаңа өнімнің тиімділігін бағалаудың
негізгі тәсілдері мыналар:
1. Сараптамалық пікір;
2. Күтілетін пайда нормасын анықтау;
3. Ықтималдық тәсіл;
4. Күтілетін пайда қозғалысын бағалау немесе бірқатар
факторларды ескере отырып, бағалауды пайдалану.
Бағалаудың көп өлшемді әдістері: саланың тарамдылығы, оған
бәсекелестердің еніп кету мүмкіндігі, жаңа өнімнің тұтас алғанда,
компанияның бәсекеге қабілеттігіне ықпал жасау, өндірілген тауарларды
жетілдіру үшін үлгілерді пайдалану мүмкіндігі, жаңа тауарды өндіру
өткізудің фирманың қаржы жағдайына әсері.
Кәсіпорынның түрлі бөлімшелерінің жаңа өнімді жасауға қатысу дәрежесі
елеулі мөлшерде кәсіпорын қызмет саласымен, шығарылатын өнімнің сипатымен
анықталады.
Тұтас алғанда, тұтыну тауарларын шығаратын компанияларда, компанияның
жаңа тауарлар жөніндегі саясатында анықтау кезінде жетекші рөлі – маркетинг
жөніндегі мамандарға берілетінін айтуымыз мүмкін.Өндіріс мақсатындағы
өнімдер шығаруға мамандандырылған ҒЗТКЖ бөлімшелеріне зор маңыз беріледі.
Маркетинг қызметін басқарушылардан алынған жаңа өнімді жасау жобасы
әлбетте маркетингтік зерттеу нәтижесі болып табылады, мұнда нарықтың
қажеттілігі туралы, осыған ұқсас заттардың нарықта бар жоқтығы туралы
ақпарат болады. Осыларды ескере отырып, кәсіпорын жаңа өнімді шығаруға
шешім қабылдайды. Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының
бөлімшелерінен жаңа өнімдер жасау туралы идеялар келіп түскен кезде, бұлар
жаңа идеяларды жинау, қорытынды зерттеулер жүргізу, қандай да бір нақты
идея немесе болашағы зор бұйым туралы келіп түскен ақпаратты зерттеу
жөніндегі мақсатты нысаналы зерттеу қызметінің нәтижесін білдіреді.
Кәсіпорын өздерінің тасқынды жұмыс істеуіне септігін тигізетін, қолайлы
ахуал туғызатын, инновациялық қызметті ынталандыра алатын, жаңа идеялардың
қайнар көздерін кеңейтіп отыруға ұмтылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің нарықтық бағдарының күшейе түсуі
ғылымды көп қажет ететін өнімді тұтынушылардың инновациялық процестердің
түрлі сатыларында оны өңдеуге және игеруге қатысты тәжірибесінің таралуынан
байқалады. Бұл бір тараптан өндірушілердің өткізу нарығының тұрақтылығын
қамтамассыз етуге ұмтылысымен байланысты, басқа тараптан, тұтынушы
жұмыстағы жаңалыққа өз ұсыныстарын енгізіп ғана қоймастан өндіріс жұмысының
күллі барысын, жаңалықты игеруді бақылай алады. Бір қатар жағдайларда
тапсырыс беруші идеялардың немесе техникалық міндеттердің бастаушысы
ретінде көрініп, атап айтқанда жаңа өнімнің сипаттамасын анықтау бойынша,
оның прототипін жасау бойынша, мәселені шешуге қатысып отыр. Бұл
өндірушімен тапсырыс беруші арасында тұрақты байланыстар орнатуға алып
келеді, бұл кезде өндіруші белгілі бір өнімді жөнелтуші ғана емес, ақырғы
тұтынушының сұраныстарын бағдарға алатын маркетинг қызметінің қатысушысына
да айналады. Инновациялық процестің соңғы мақсаты, жаңа өнімді коммерциялық
игеру және оның рентабельді көп таралатын өнімнің болуы. Басынан бастап
зерттеу, жобалау жұмыстары өндірісті бағытқа ұстаған, қажетті құрал –
жабдыққа күрделі қаржыны ұлғайтудың нақты мүмкіндігі пайда болған
жағдайларда ғана қол жеткізіледі. Бұл жағдайда жаңа өнімнің нарықтық
сұранымына, алушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін, келмейтіні күні
бұрын анықталады. Мұндай күрделі жағдайларға байланысты жаңа өнімді жасау
жобасының бір бөлегі ғана өндіріске енгізіледі. Зерттеулер көрсеткендей,
жасалған талдамалар жобасының тек 40 пайызы ғана өмірде іске асырылады.
Сарапшылардың бағалаулары бойынша, нарықта танылған жаңалықтың табыс
кіргізу ықтималдылығы кейін кеміп табыс әкелмейтін болған. Жаңа өнімді және
технологияны өндіріске енгізудің көптеген сәтсіздіктерін, мамандар –
жаңалықтар тұтынушылардың сұранымдарынан емес, жаңа білім базасында пайда
болғанымен түсіндіреді. Жаңа өнімнің жобасын жасау, оны өндіріске енгізу
компания үшін маңызды, ол кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттырады.
Қазіргі нарыққа керегі де осы.

1.2 Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау
әдістері
Жаңалықты нарыққа шығарған кәсіпорын басшылары оның өмірінің ұзақ
және ұтымды болуын қалайды.Тауар ұзақ уақыт сатылады деп ешкім
санамағанымен, кәсіпорын және тауар шығаруға байланысты барлық
әрекеттерінің, зиян – қауіптерінің, қайтарылымына тұратындай табыс
келтіруді қамтамасыз етуге тырысады. Басшылардың ойы өткізілуі әрі жоғары,
әрі ұзақ уақытқа созылады деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән
өмір циклі бар екенін біледі, бірақ осы циклдің қанша уақытқа созылатынын
болжау оңай емес. Бұл циклде төрт кезең анық түрде бекітілген.
1. Нарыққа шығару кезеңі – тауарды өткізудің шабан өсу
кезеңі. Тауарды нарыққа шығарарда көп болатындықтан, бұл кезеңде табыс
болмайды.
2. Өсу кезеңі – тауарды нарықта қабылдау және табыстың
тез өсу кезеңі.
3. Кемелдену кезеңі – тауарда потенциалды сатып
алушылардың
қабылдауына әлдеқашан қол жетіп, соған байланысты өткізу қарқыны
бәсеңси бастаған кезеңі.
4. Құлдырау кезеңі - өткізу өте тез құлдырау және
табыстың төмендеген кезеңі. Келтірілген тауар өмірі циклінің ирегі тіпті
болмағанымен, ол бұл түрде ылғи болмайды. Жиірек кездесетін варианттардың
біріне “қайталау циклі”ирегі жатады. Өткізудің екінші өркеші тауардың
құлдырау кезеңінде жүргізілген өткізуді ынталандыру шаралары нәтижесінде
іске асырылған.Тағы бір айырмашылығы түрінде тауардың жаңа
сипаттамаларының ашылуының, оны пайдаланудың және әдістерінің, жаңа
тұтынушылардың, пайда болуының нәтижесінде туындалған бірте – бірте
жалғасқан цикл қатарларынан құрылатын “кекілді” ирек жатады.
Тауардың өмірлік циклі түсінігін толық тауар кластарын тауар
айырмашылығын не нақтылы марканы суреттеу үшін де пайдалануға болады.Осы
жағдайлардың әрқайсысында өмір циклі түсінігі әртүрлі мінездеме береді.
Көптеген тауар кластарын өткізу, кемелеттену кезеңі шегінде ұзақ уақыт
кідіріске кездеседі. Және керісінше, тауарлардың бір түрінің өмір циклінің
иректері әдетте бір типті болады.
Тауарды нарыққа шығару кезінде, нарыққа шығару кезеңі тауардың
таратылу сәтінен және оның сатылу түсуінен басталады. Тауарды нарыққа
шығару процедурасы уақыт талап етіп, бұл кезеңдегі өткізу әдетте, жай
өседі.

Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды ұйымдастыруға
және, оны өткізуді ынталандыруға көп қаражат керектігі нәтижесінде фирма
не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру шығындары өзінің
ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. “Жаңалықты итермелеу әрекеттерін
шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды: 1) потенциалді
тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру, 2) оларды
тауарды байқауға қызықтыру және 3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары
арқылы таратылуды қамтамасыз ету”.

Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі варианттарын
шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға әлі дайын емес.
Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол тұтынушыларға,
демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне шоғырланады. Бұл кезеңде
баға әдетте жоғары.

Өсу кезеңі, егер жаңалық нарық қажетін қанағаттыратын болса, өткізу
елеулі түрде өсе бастайды. Алғашқы жол ұстаушылар тауарды сатып алуды
жалғастыруда. Олардың үлгісіне жәй тұтынушылар еліктей бастайды, әсіресе
олар нарықта тауар туралы ұнамды пікірлер естіген болса. Нарықта ашылған
мүмкіншіліктерге қызыққан жаңа бәсекелестер пайда болады. Олар жаңа
қасиетті тауарлар ұсынып, нарықты кеңейте түседі. Бәсекелестердің санының
өсуі, тауар тарату арналарын қанықтыру үшін зауыттардан сату көлемінің тез
өсуіне әкеліп соқтырады.

Баға баяғы қалпында қалады не сұранымды өсіру мақсатында шамалы
төмендетіледі. Фирманың ынталандыру шығыны бұрынғы деңгейінде қалады не
бәсекелестерге қарсыласу және көпшілікті хабардар етуді жалғастыру
мақсатында шамалы өседі.

Бұл кезеңде табыс өсуде, өткізуді ынталандыру шығыны, сатудың өскен
көлеміне бөлінеді, онымен бірге өндіріс шығыны да қысқарады. Нарықтың тез
өсу кезеңін максимальді созғылау үшін фирма бірқатар стратегиялық әдістерді
пайдалануы мүмкін:
1. Жаңалықтың сапасын жоғарылату, оған қосымша қасиеттер беру, жаңа
модельдер шығару.
2. Нарықтың жаңа сегменттеріне ену.
3. Жаңа тарату арналарын пайдалану.
4. Жарнаманың хабардар ету бірқатар бөлігін тұтынушылардың тауарды
алуына ынталандыруға қайта бейімдеу.
5. Қосымша тұтынушыларды тарту үшін бағаны уақытында төмендету.
Осы айтылған нарықты кеңейтудің стратегиялық әдістерін пайдаланған
фирма міндетті түрде өзінің бәсекелестік жағдайын нығайтады.
Кәмелеттену кезеңінде, кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі
бәсеңдейді- кәмелеттену кезеңі басталады. Уақыт ұзақтығы бойынша бұл кезең
өткен кезеңдермен салыстырғанда, әдетте, ұзағырақ және маркетингті басқару
сапасы алдына мәселелер қояды. Нарықтағы бар тауарлардың көпшілігі
кәмелеттену кезеңінде, маркетингті басқару, негізінде”кәмелеттенген”
тауармен байланысты.
Өткізудің өсу қарқынының бәсеңдеуі, өндірушілердің көпшілігінде
сатылмаған тауар қорларының жинала бастағанын көрсетеді. Бұл
бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бәсекелестер төмендетілген
бағамен және прейскуранттық бағадан да төмен бағамен сатуға жиі кірісе
бастайды. Жарнама шығыны өсуде, сауда өрісі және тұтынушылармен
жетілдірілген келісімдер саны өсуде. Тауардың жақсартылған варианттарын
шығару мақсатында ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға
ассигнования өсуде. Мұның бәрі табыстың төмендегенінің белгісі. Бірқатар
нашар бәсекелестер қатардан шыға бастайды. Ең ақырында бұл салада тамырын
мықты бойлатқан бәсекелестер ғана қалады.
Тауар басқарушысы өз бұйымдарын қорғаумен шектелмеуі керек. Ең жақсы
қорғаныс-бұл шабуыл. Сондықтан басқарушы нарықты, тауарды және маркетинг
кешенін модификациялаудың тұрақты жолдарын іздестіруге міндетті.
Нарықты модификациялау кезеңінде, басқарушы барлық тауарлардың
тұтынылуын өсіруге тырысады. Ол жаңа пайдаланушыларды, нарықтың жаңа
сегменттерін іздеуде. Сонымен қатар, ол бар клиенттердің тауарды
интенсивтірек тұтынуын ынталандыру жолдарын іздестіруде. Басқарушы тауарды
нарықтың басқа бір ірі не тез өсіп келе жатқан сегментіне ұнамдылығын өсіру
үшін, оны қайтадан позициялауды ойластыруы мүмкін.
Тауарды модификациялау кезеңінде, тауарды басқарушы өз бұйымдарының
сапа деңгейі, қасиеті сырт безендіру сияқты сипаттамаларын модификациялау
арқылы жаңа тұтынушыларды тартып, тұтынуды интенсивтендіруі мүмкін.
Сапасын жақсарту стратегиясы тауардың ұзақ өмірлілігі, сенімділігі,
жылдамдығы, дәмі сияқты функционалдық сипаттамаларын жетілдіруді мақсат
етеді. Мұндай әдіс мынадай жағдайларда тиімді болады: 1) Сапаны жақсарту
мүмкіншілігі бар. 2) Сатып алушылардың сапаның жақсарды дегеніне сенімі бар
және 3) сатып алушылардың көпшілігі тауар сапасының жақсарғанын қалайды.
Қасиетін жақсарту стратегиясы тауарға жаңа қасиеттер беру арқылы
тауардың универсальдығын, қауіпсізділігін, ыңғайлылығын жоғарылату мақсатын
көздейді. Қасиетті жақсарту стратегиясын жапон сағат, калькулятор, көшіру
аппараттарын т.б. жасаушылар пайдалануда.
Сырт безендіруін жақсарту стратегиясы тауардың тартымдылығын
жоғарылатуды мақсат етеді. Мысалға, түрін жаңалатқанды жақсы көретін сатып
алушыларды тарту мақсатында сүт өндіру фирмалары өз өнімдерінің сырт
безендіруін өзгертуде.
Маркетинг кешенін модификациялау кезеңінде, тауар басқарушысы басқа
шаралармен қатар маркетинг кешенінің бір немесе бірнеше элементтерін
модификациялау арқылы өткізуді ынталандыруға тырысуы керек. Жаңа сатып
алушыларды тарту және бәсекелестердің клиентурасын арбау үшін бағаны
төмендетуге болады. Әсерлілігі жоғарырақ жарнамалық компанияны дайындап
көруге болады. Сатушылармен жеңілдетілген келісімдер жасау, бағаны шамалы
төмендетуге құқ беретін купондар шығару, сувенирлер тарату, конкурстар
өткізу сияқты өткізуді активті түрде ынталандыру әдістерінде пайдалануға
болады. Кәсіпорын сиымдылығы молырақ нарық арналарын, атап айтқанда активті
өткізу дүкендерінің қызметтерін де пайдалануы мүмкін. Әсіресе осы нарық
арналары өсу кезінде болса. Кәсіпорын тұтынушыларға жаңа жетілдірілген
қызметтер ұсынуына болады.
Құлдырау кезеңі уақытысында, түбінде тауардың кейбір түрін не
маркасын өткізу төмен қарай құлдырайды. Өткізу нөл белгісіне дейін не
төменгі деңгейдегі дәрежеге дейін құлдырап, сол деңгейде көптеген жылдар
қалуы да мүмкін.
Өткізудің құлдырауын бірқатар себептермен түсіндіруге болады, оның
ішінде технологияның жетілуі, тұтынушылар ұнатымының өзгеруі және отандас,
шетелдік бақталастармен бәсекелестіктің шиеленісуін айтуға болады.
Өткізудің құлдырауына және табыстың төмендеуіне байланысты бірқатар
кәсіпорындар нарықтан кете бастайды.
Құлдырау кезеңінде ұшыраған тауарды кәсіпорынның өз номенклатурасында
сақтауға тырысуы оны көп шығынға ұшыратады. Тауар басқарушылардың оған
көбірек уақыт бөлуін талап етуі мүмкін. Оның үстіне, оның бағасын жиі
өзгертуді тауар – материал қорларын қайта бағалауды талап етеді. Оны өндіру
бағасы жоғары, оған қарағанда табыстырақ жаңа тауарларды шығаруды
ұйымдастыруға қаржыны жұмсағаны жөн болуы мүмкін. Оның табыстылығының
құлдырауы тұтынушылар алдында өндіруші – кәсіпорынның жалпы беделін
төмендетуі мүмкін. Ал ең жағымсыз жағдайларға кәсіпорын келешекте душар
болуы мүмкін. Өндірілуі уақытында тоқтатылмаған ескі тауарлар оны
алмастыруды іздей бастауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты кәсіпорын
“кешегі асыраушыға” көбірек және “ертеңгі” асыраушыға азырақ көңіл бөлетін
біржақты маркетинг кешенімін қанағаттануына тура келеді. Мұндай тауарлар
Кәсіпорынның бүгінгі рентабельділік әрекеттерін төмендетеді және келешегін
әлсіретеді.
Осы аталғандардың бәрін ескере отырып, кәсіпорын өзінің көнере
бастаған бұйымдарына көбірек көңіл бөлуі керек. Ең алдымен өткізу
көрсеткіштерін, нарық бөліктерін шығын және рентабельдік деңгейлерін жүйелі
түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау
кезеңіне ұшырай бастаған тауарларды анықтау керек. Басқарушылар олардың
әрқайсысы туралы, не оны шығаруды жалғастыру, не “жемісін ору”, не
номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы керек. Марканы одан әрі қарай
шығару туралы шешім қабылдау бәсекелестер нақтылы бәсекелестік өріс
әрекетінен кетеді деп үміттенген жағдайда ғана болуы мүмкін.
Бұл нәтижелі болған жағдайда, жемісті ору стратегиясы фирма табысының
қысқа мерзімді өсуіне жеткізеді. Басшылар тауарды басқа фирмаға сату не
өндіруді тоқтатып, оны номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы
мүмкін.
1-кесте. Тауар өмірінің циклі: негізгі сипаттамалар және өндірушілердің

үлгілі жауапты реакциялары.
Нарыққа шығару Өсу кезеңі Кемелдену Құлдырау кезеңі
кезеңі кезеңі
Сипаттамалар
Өткізу Нашар Тез өсу Баяу өсу Құлдырау
Табыс Болмашы Максималды Құлдырауда Төмен не нөл
Тұтынушылар Жаңалықтарды Жалпылама Жалпылама Кейін қалушылар
ұнатушылар нарық нарық
Бәсекелестер Үлкен емес Тұрақты өсуде Үлкен Төмендеуде
Өндірушілердің
жауапты
реакциясы
Негізгі Нарықты кеңейтуНарықты Нарықтағы өз Өндірістің
стратегиялық тереңдете түсуүлесін қорғаурентабельділігінің
әрекеттер өсуі
Маркетинг Жоғары Жоғары бірақ Қысқартуда Төмен
шығындары пайыз жағынан
төмен
Негізгі Тауар туралы Маркаға Марка жолы Селективті
маркетингтік хабар беру ұнатушылық қудыру әрекет
әрекет тудыру ету
Тауарды тарату Бір қалыпты Интенсивті Интенсивті Селективті
емес

1.3 Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

Шарттың қаталдық бәсекелесінде стратегиялық жоспардың және ғылыми
зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың рөлі жоғарылайды. Соңғы 10
жыл ішінде дүние жүзінің алдыңғы қатардағы фирмалары стратегиялық маркетинг
пен ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың шығындарын 2 есе
көбейтті.
Маркетингтік жоспарлаудың принциптері:
1. стратегиялық және ағымды жоспарды мұраға қалдыру;
2. жоспарлаудың әлеуметтік арақашықтығын сатыландыру;
3. обьектінің жоспарының қажеттілігін сатыландыру;
4. жоспардың көрсеткішін салыстыру;
5. жоспарды салыстыру;
6. нұсқалылық;
7. теңдестіру;
8. экономикалық дәлел;
9. жоспарлаудың автоматтық жүйесі;
10. байланысу жүйесінің жоспарлық қайтарылуын қамтамассыз ету.
Кез – келген бизнес жоспарда “Шығарылған өнімнің жаңаруы”
деген бөлім болады, яғни ол ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық
жұмыстардың жүргізілуімен тығыз байланысты. Ондағы негізгі қадамдар:
-бәсекелестің көрсеткіштері, нарықтағы өнімнің негізі сапа мен ресурстың
көлемі;
-бәсекелестердің осы негізгі көрсеткііштері;
-ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыс жоспарының негізгі ұсынымы
басты зерттеулер мен жұмыстың жасалуы, жоспарланған көрсеткіштердің жаңа
өнімін қамтамасыз етуі керек;
-жоспарлы ресурстың, ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың
методикамен және жаңалықтармен қамтамассыз етілуі керек;
-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы;
-ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы жаңа өнімнің өндірілуі;
-техника – экономикалық инвестицияның жобасын дәлелденуі.
Болашаққа арналған жоспар ішкі фирманың мінездемесі бойынша бөлінеді:
қорғанушы және орын алушы. Қорғанушы жоспар дегеніміз, нарықта өз мүддесін
сақтап қалу қажеттілігі және көлемді табысын бәсекелестер арқылы ұстап
қалу. Негізінен осындай жоспарларды көбінесе орта және кіші фирмалар
қолданады. Орын алушы кәсіпорындар күшті бәсекелестерге құрылған бағыт. Бұл
жоспарлаудың түрі кәсіпорынның стратегиялық инновациялық бастауының
көрсеткіші, өндіріс өнімінің жаңа түрі бойынша. Соңғы мақсат – құрылған
жаңа нарықтарды жаулап алу. Негізінен осындай жоспарларды үлкен концерндер
қайта қарайды.
Өндірістің техникалық саясатында, өндіріс тоқтаусыз жаңа өнім
шығаруға дайындағанда көптеген мынадай сұрақтарға сай болады:
-инновациялық тиімділіктің сараптау факторлары;
-техникалық саясаттың негізгі жинағы;
-ғылыми зерттеу конструкторлық жұмыстарының саясаты;
-өндірістің ұйымдық – техникалық қалпын сараптау.
Фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден кейін, жоғарыда айтылған
Федералды заң бойынша белгіленетін яғни, ғылыми зерттеулер жүргізу
нәтижесінде немесе тәжірибелік тәжірибе негізінде қалыптасқан және адам
өмірін және денсаулығын сақтауға, жаңа материалдар, өнімдер, үрдістер,
құрылғылар, жүйенің қызмет көрсетулері мен оларды одан әрі жетілдіру
әдістеріне бағытталған білімге міндеттеледі.
Тәжірибелік зерттеулерді жоспарлау тематикалық қағида бойынша
жүргізіліп, оның көлемінің және номенклатурасын қатаң реттемелеу арқылы
жүргізіледі. Міндетті түрді қажет персонал тізімі мен біліктілігі
жоспарланады. Тәжірибелік зерттемелердің нәтижелерін кешенді бағалау
экономикалық көрсеткіштер жүйесіне негізделеді. Тәжірибелік зерттемелерді
теңестіру мақсатында тәжірибелік – статистикалық және есепті – аналитикалық
әдістерді қолдануға болады. Еңбек үрдісін жүргізу кезінде, фундаменталды
және қолданбалы ғылыми зерттеулердегідей емес сипатта, одан да қарқынды,
техника мен құрылғылар, жұмысшылардың жұмыс істеу тәртібі реттелмеген
сипатта жүзеге асады.
Жаңа өнімнің өнеркәсіп өндірісін игеру кезеңінде, оны сынау,
өндірісті техникалық және технологиялық дайындық жұмыстары жүреді.
Еңбекті жоспарлау жұмыстар кезеңі белгіленген, олардың істелу мерзімі
мен көлемдері, орындаушылары белгіленген жаңа техниканы дайындау жоспарымен
сәйкес өнімдер бойынша анықталады. Еңбек нәтижелерін кешенді бағалау, игеру
кезеңінде экономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Еңбек
үрдісі көпшілігінде қарқынды сипатта болады. Персоналдың жұмыс істеу
тәртібін реттемелеу техника мен құрылғыларды тиімді пайдалануымен сәйкес
жүргізілуі керек.
Игеруден кейін, өнеркәсіп өндіріс кезеңі басталады, оның нәтижесі
болып берілген сапа мен берілген сандағы өнім табылады. Өнеркәсіп
өндірісіндегі алға қойылған нәтижелерге жету мүмкіндігі бірге тең болады.
Өндіріс түріне байланысты сәйкес стандарттар мен қайталанатын операциялар
қолданылады.Өндірістік үрдісті жоспарлау кезінде өнім көлемі мен
номенклатурасы, персонал тізімі мен біліктілігі қатаң анықталады. Қызмет
нәтижелері – кешенді бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады. Осы кезеңдегі еңбекті мөлшерлеу – міндетті және қажет. Еңбек
үрдісі – ауысымдық және енгізу көрсеткіштерін есептеу негізінде техника мен
құрылғыларды интенсивті пайдалану кезінде қарқынды өтеді. Персонал
қызметінің тәртібі қолданылушы техника мен технология ерекшеліктеріне
сәйкес қатаң реттемеленуі қажет.
Дәл осылай, инновациялық үрдістің негізі болып, жаңа, оригиналды
білімдер мен ақпараттарды алу және өңдеуге бағытталған зерттеушілік қызмет
табылады. Фундаменталды зерттеулерден қолданбалыға өту көлемі бойынша жаңа
мемлекеттер саны азаяды, яғни, шешімдердің жаңашылдығы мен оригиналдығы
деңгейінің азаюы пайда болады, ал зерттеу жұмыстары бірте – бірте белгілі
бір мөлшерде, тәжірибемен, дағдымен және стандартты әдістермен
ауыстырылады.
Жаңа техниканы құру және жаңа технологияларды зерттемелеу кезінде,
еңбекті ұйымдастырудың негізгі міндетіне:
- инновациялық үрдісте қатысушы персоналды дұрыс таңдау, реттеу,
пайдалану және біліктілігін жоғарылатуды қамтамассыз ету;
- тиімді бөлу мен еңбекті қауымдастыру;
- әртүрлі жұмыс түрлерін орындаудың прогрессивті технологияларын
жобалау және енгізу;
- тәжірибелік өндіріске қатысушы ғылыми және инженерлі – техникалық
жұмысшылардың, персонолдың, персоналдың жұмыс уақытын пайдалануды
оңтайландыру;
- персонал еңбегін ұйымдастыруды реттемелеу;
- еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- қызметті бағалаудың және персоналды ынталандырудың прогрессивті
жүйелерін пайдалану;
- еңбекті мөлшерлеудің ғылыми негізделуі.
Инновациялық үрдіс өтетін нақты шарттардың жеке сипаттамалары еңбекті
ұйымдастыруға әсер етеді. Жаңа өнімнің нарықтағы табыстылығы 60 пайыздан
асқандығы оның пайда болу кезеңінде белгіленеді. Өнімнің ғылыми
сиымдылығының өсуімен қатар, өмірлік циклдағы осы кезеңнің мағналылығы арта
түседі. Тәжірибеде жоғары технологиялық өнімнің көпшілігі үнемі пысықталады
және жаңашаланады, нәтижесінде оның тұтынушылық қасиеттерінің өзгерісі
туындайды. Алғашқы модельді жетілдіру үрдісінде бірін – бірі бірте – бірте
алмастырушы өнімдердің бірталай гаммасы бар.
Нарықта тауарлар бәсекеге түседі, ал негізінде бәсеке зерттеушілер мен
әзірлеушілер арасында жүреді. Өнеркәсіп кәсіпорыны өнімнің жаңа түрлерін
шығару бойынша ғылыми зерттеу бөлімшелері мен құрастырушы бюроларының
мүмкіндіктерін нақты бағалауы қажет. Кәсіпорынның инновациялық деңгейін
бағалау оның негізгі бәсекелестарінің инновациялық мүмкіндіктері мен сәйкес
талдау негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорын қызыметінің жеке
мәнді көрсеткіштерінің динамикасын жүйелі белгілеу және салыстыру қажет.
Талдау нәтижесінде кәсіпорынның отандық және шетелдік әлеуетті сатып
алушылар қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын, белгілі бір мерзім ішінде
тауарлар түрлерін өндіру мүмкіндігі бейнеленеді. Сонымен бірге, өнімдерді
өндіруге кеткен шығындар экономикалық қайтармалы шекті болуы керек және
оларды сату кезінде өзін - өзі өтеуі керек.
Кәсіпорын өнеркәсібінің инновациялық мүмкіндіктері келесідей
ірілендірілген топтардың көрсеткіштері бойынша анықталады: персонал, құрал
– жабдықтар, материалдар, технология, ҒЗТКЖ, өнім. Бағалауға ұйымның
инновациялық әлеуетін сипаттайтын көрсеткіштер жатады:
- зерттеушілер, әзірлеушілер, тәжірибелік өндіріс персоналының тізімі
мен біліктілігі;
- ғылыми – техникалық қызметтің материалды – техникалық базасы;
- ҒЗТКЖ – ң қаржылық – экономикалық қамтамасыз етілуі;
- ғылыми – техникалық ақпараттың сенімділігі мен толықтылығы;
- ғылыми – техникалық дайындаманың бар болуы;
- өндіріс икемділігі, нарық талаптары мен бәсекелестерінің жағдайын
ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде жаңа өнім өндіруді игеру, жаңашыл
технологияны пайдалану арқылы жоғары сапалы және ғылыми сиымды өнім
шығару;
- кәсіпорын басқаруын және ҒЗТКЖ – ң орталықтандырылуы және
орталықсыздандыру деңгейі;
- инновациялық қызметтің ұйымдастыру технологиясының оңтайлылығы;
- ҒЗТКЖ бөлімшелерінің, өндіріс және маркетинг бөлімшелерінің ішкі
ұйымдық өзара байланыстар шегіндегі ынтымақтыстық деңгейі.
Ұйымдардағы өнімдер мен үрдістердің өмірлік циклын қысқарту тенденциясы
нәтижесінде, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтау, оларды
қанағаттандыру және бәсекелестерден гөрі тезірек пайда алу қажеттілігі
туындайды. Осы шарттарда бүкіл инновациялық үрдіс тиімді ұйымдастырылуы
және келесі қадамға негізделуі тиіс.
Негізгі көрсеткіштерге өнімді жеткізу уақыты, оның құны мен сапасы
жатады, сонымен бірге, зерттеулер кезеңі өзіндік мүмкіндіктерге және
бәсекелестер сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Басшылық жағынан ҒЗТКЖ үшін бақылау мынандай жолмен жүзеге асырылуы
мүмкін:
- венчурлы бөлімшелердің пайда болуымен;
- уақытша мақсатты ұйымдастырудың пайда болуымен;
- жобаны басқару немесе басқарудың матрицалық қағидасына негізделген
жұмыстарды ұйымдастыру;
- жаңа өнімдер шығару бойынша бөлек бөлімшелерді құру;
- жаңа өнімдерді шығарумен айналысатын үнемі қызмет жасайтын
комитеттерді қалыптастыру;
- жаңа өнімдерді шығарумен айналысатын үнемі қызмет жасайтын
комитеттерді қалыптастыру;
- жаңа өнімді шығару қызметін ҒЗТКЖ –ң басшысы немесе маркетинг жалпы
кәсіпорын басшысы атқаратын жұмысшыларды ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған қағидалар бойынша, инновациялық үрдіс әртүрлі бағытты
персонал бірігуі орын алатын, көп қызметті жобалық топтарды құру негізінде
жүзеге асады және өз кезегінде ғылыми және инженерлік пәндер мен
экономикалық қызмет орталары арасындағы тосқауылдардан өтуге мүмкіндік
береді. Мұндай топтарға жаңа өнімді шығарудың барлық облыстары енуі қажет:
ҒЗТКЖ, маркетинг, өндіріс. Топтың негізгі мүшелері тұрақты негізде жұмыс
істейді, мысалы, сапа және өндіріс бойынша зерттеушілер, құрастырушылар,
инженерлер, материалдар мен шикізат жабдықтаушылары. Көмекші аумақтар қажет
болған жағдайда, бөлек қызметтерді, орындау үшін тартылады:жоспарлау,
талдау, сараптау, сызу. Сонымен қатар, топ мақсаттарын, оның мүшелерінің
жауапкершілігі мен қызмет шектерін, топтық және жеке сыйақы беру нысаны мен
көлемін анықтап, кәсіпорын қызметін жүргізу үшін басшылықтың міндеттерін
белгілеу керек.
Мұндай тәсілдеме техникалық, экономикалық және интелектуалды
аспектілерде де ғылыми әлеуетті басқаруғы мүмкіндік береді. Ғылыми және
ғылыми – техникалық персоналдың әлеуетінің интелектуалды құраушысының
міндеттеріне шығармашылық үрдістерді үлгілеу, шығармашылық дағдыларды
байқау және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар тудыру мәселесі жатады.
Еңбекті мөлшерлеу үрдісіне жаңа өнімді шығару кезінде, келесідей
талаптар қойылады:
- ҒЗТКЖ – на енетін барлық жұмыстар реттемеленуі қажет;
- нормативтік обьектілердің жетілуі мен мөлшерлеудің топтық
әдістемелеріне сүйене жасалынады;
- мамандығы жұмыс уақытын шығындау көлемі шешілуші міндеттердің
күрделілігі мен жаңашылдығына байланысты;
- алғашқы ақпарат пен есептеу мәліметтерін ендірітен, нормативтерді
зерттемелеу негізі – болып статистикалық база табылады, олардың
құрамы мен көлемі еңбек сиымдылығы мөлшерлерінің ірілендірілген және
сараланған есепті көлемдері.
Жаңа өнімді шығару кезінде еңбекті мөлшерлеу үшін үш негізгі әдіс
қолданылады: сарапта, сомалық (тәжірибелік – статистикалық), есепті –
аналитикалық. Сарапты әдісте еңбек сиымдылығының нормативтері сарапталған
бағалар жүйесінің мәліметтері бойынша анықталады, ал сомалық әдісте - өткен
уақыттағы ұқсас жүйелер мен түзетулік коэффициенттің арнайы түрлерін
пайдалану арқылы еңбек шығындарының есеп беру – статистикалық мәліметтері
негізінде, ал есепті - аналитикалық әдісте – дайындалушы өнімнің негізгі
техникалық көрсеткіштердің қызметі ретіндегі еңбек сиымдылығын анықтау
кезіндегі математикалық статистика мен ықтималдық теориясының элементтерін
пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

2.Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның қызметін талдау.
2.1 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ны өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
Вагон жөндеу зауыты, қазіргі ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ АҚ-мы 1943 жылы құрылды. Ең
алғашқы қайта жөндеу жұмыстары 1959 жылдары жүргізіліп, сол жылдардан
бастап, зауыт біртұтас темір вагондарын жөндеудің жаңа сатысына көшті.
Екінші қайта құру жұмыстары 1977-1980 жылдар аралығында жүргізілді. Сол
жылдары тартымды электродвигательдерді жөндеу жөніндегі электромашиналы цех
құрылды.
16.03.1994 жылы № 3640 Алматы қаласының Мүлік және Жекешелендіру аудындық
комитетінің № 61 қаулысы бойынша Электровагон жөндеу зауыты ЫРЫСТЫ –
АЭВРЗ АҚ-на айналды. Кейін 14.06.1999 жылы № 9258-1910-АҚ ЖАҚ-на ауысты.
Қазіргі кезде ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ АҚ-мы болып табылады, 19.05.2004 № 9258-1910-
АҚ.
ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ АҚ-ның жарғылық капиталы 99089 мың теңгені құрайды. Оның
акциясының 50%-ы ҚР-сының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік пен
жекешелендіру комитетінің иелігінде, қалған 40,57%-ды Локомотивремсервис
ЖШС иелігінде және 9,43%-ы жұмысшылар ұжымының привилегиялық акциялары
болып табылады.
2002 жылы АҚ-ға ИСО 9001:2001 стандартына сай сертификат берілді.
ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ АҚ-мы теміржол көлігін жөндеу жөніндегі зауыт болып
табылады.
№ 36040 16.03.1994 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Корпорация табыстарының жіктелуі
Өнімді жаңартудағы тиімділік және оны ынталандыру
Муниципалдық менеджмент
Өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері.
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Пәндер