ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қаржы қатынастарының экономикадағы маңызы мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қаржы жүйесі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗВЕНОЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Қаржы жүйесінің объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары, олардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Қаржы жүйесінің негізгі звенолары салық және бюджет ... ... ... ... 20
2.3 АҚШ. тың қаржы жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Ал осы аталған қаржы қатынастарының орталықтандыратын және жалпы механизмін жүргізетін қаржы жүйесі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің және қаржы-несие мекемелерінің негізі болып табылатын қаржы жүйесін жан-жақты талдау болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. – Алматы, 2002ж.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
5. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
6. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
7. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
8. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
9. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2000. – 154 бет.
10. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
11. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
12. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2006.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г. №3.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

I ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .4

1. Қаржы қатынастарының экономикадағы маңызы мен қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...4

2. Қаржы жүйесі және оның құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗВЕНОЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12

2.1 Қаржы жүйесінің объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары,
олардың қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.2 Қаржы жүйесінің негізгі звенолары салық және бюджет
... ... ... ... 20
2.3 АҚШ- тың қаржы жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1

Кіріспе

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Ал өз кезегінде қаржы – ақша
қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде
қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша
қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның
рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын
алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Қаржының экономикадағы
басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан
және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы
– табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн
қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Ал
осы аталған қаржы қатынастарының орталықтандыратын және жалпы механизмін
жүргізетін қаржы жүйесі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын ҚР-ның қаржы жүйесі және
дүниежүзілік практика деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы
мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының
үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар
қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің және қаржы-несие
мекемелерінің негізі болып табылатын қаржы жүйесін жан-жақты талдау болып
табылады.

I ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ

1.1 Қаржы, оның экономикадағы маңызы мен қызметтері

“Қаржы” бұл қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр
сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк
қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады
және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк
ролiмен айшықталады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.
Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның
экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге
болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер
тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы
қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi
тұжырымдамасы қалыптасып отыр.
Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi
стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда
болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн
көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет
орындайды: бөлу және бақылау.
Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның
аса маңызды бөлiгi – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн
бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада
сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және
оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының
бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы
қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша
ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен
бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға,
өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының
экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр
бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша
қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдынғы орынды
алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның
рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент болып
бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып
саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім –
қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалатындықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық
өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің
барлық нысандарынының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және
өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан
қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
ақша қаражататрын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді
алумен байланысты, басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық
төлейді. өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа
мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.

1.2 Қаржы жүйесі және оның құрылымы

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Өз кезегінде “қаржы” (қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта
ғасырдағы латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда
нақты өмiр сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар
өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық
категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi
орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi
өзгешелiк ролiмен айшықталады.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын термин:
1) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен
буындарының жиынтығы;
2) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық
службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро-микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен мен несиелендіруге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің
ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы
ретінде қолданылады.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармау керек.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі әдетте тек бір ғана буынмен
– мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында
батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін
екі негізге буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар
ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен
мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Жүйе термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері
бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді. Осыған
байланысты қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
• Қаржы қатынастырының жиынтығы;
• Ақша қорларының жиынтығы;
• Басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан,
өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар
жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық
өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып
табылады.
Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға
болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының, қаржылық
бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері. Осы
байланысты келесі сызбадан көре аламыз.

Сурет- 1 – Қаржы жүйесінің функционалдық белгісі бойынша құрылымы

Қаржы жүйесін сыныптаудың функционалдық критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін
сфералар мен буындар бойынша шектеуге мүмкіндік береді. Оны келесі сызбадан
көре аламыз. (сурет 1.

II ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗВЕНОЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қаржы жүйесінің объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары,
олардың қалыптасуы

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырлыған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің,
зейнетақы қорының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары жатады.
Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық аударымдардың
қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаруашылық органдардың басқа
да қорлары қалыптасады. Әрі таза табыстың бір бөлігі есебінен жасалатын
орталықтандырылмаған қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің екінші
элементінің – жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісінің көзі болып
табылады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары
қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан
ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге,
ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын
жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы
ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және
меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Корпорация қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және
айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды,
материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы
ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана
қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы
сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен жәнеэкономикалық заңдардың
iс-әрекетiмен байланысты.
Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары
өсуінің басты шарты болып табылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза
табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері,
жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
(қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық
органының немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау
мүмкіндіктерін түсіндіреді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы,
ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы байланылған қаражаттар,
сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы қорлар бойынша қалыптаспаған
ақша қаражаттары.
Мысалы ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды
– бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан
келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа
шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдарды, өсімдерді, тұрақсыздық
төлемдері.
Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық практикасында қаржы ресурстары ұғымы деп мемлекеттің,
кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша
қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын,
кредит ресурстарын, ақша қаражататрының резервтерін айтады. Бұл шаруашылық
жүргізудің шаруашылқ есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық
тәсілдеме. Расында, банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақша
қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып
келетіндігіне қарамастан оның барлық нақты қаржы ресурстарын құрайды.
Өз кезегінде мемлекеттің қаржылық ресурстарының негізгі көзін
мемлекеттік бюджет құрайды. Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті капиталының маңыздылығы зор.
Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның
нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші
корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті
капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы
меншік капиталының негізі болып корпорация құлыла сала пайда болатын
жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы
кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары
немесе затттай салымдары арқылы іске асады.
Бірақ нарықта бізге белгілі шаруашылық қызмет етуші субъектілердің
меншік қаражаттары мен активтері кәсіпорын айналым активтерінің күнделікті
сұранысын қамтамасыз ете алмауы мәсеесі туындайды. Бұл кезде олар қызмет
процесіне байланысты әр түрлі қарыз қаражаттарын тартуға ынталы болады және
мұндағы негізгі несиелерге банктердің қысқа мерзімді несиелері жатады.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,
несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айвымашыылқ бар. Несие - бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасының білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар
олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып
табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары
болып табылады.
2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық
құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін
шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекет пен
кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын
құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін
білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның
ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-
әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы
ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері
негізінде объективті түрде алдын-ала анықталады және қор емес нысанымен
салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар.
Қаржы мен қаржы ресрустары бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары
өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұнымен қоғамдық арналымын
ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану
негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары
дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекеттің
қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық
табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар
түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы
ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді
қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің
ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары
неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол экономика дамуы үшін тиімдірек болады.
Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу
және экономикалық өсудің қарқынын тездету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық реттеу және валюта бағытын анықтау әдістері
Валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасының ұлттық валюталық қалыптасуы мен дамуы
Жәрдемақылардың әмбебап жүйелері
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Қазақстанда қосылған құн салығының пайда болуының алғы шарттары
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу
ҚР-да валюта-қаржы механизмі
Халыққаралық валюталық табыстар
Пәндер