Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері
1.1. Қазақ халқының музыка өнеріне бет бұруы. Қазақтың күйшілік өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2. Фольклорлық және кәсіби әндер. Дәстүрлі ән мектептері белді өкілдерінің шығармашылықтары: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Майра, Мұхит, Кенен т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
II. Қазақ сахнасындағы ән.аспаптық ансамбльдердің қалыптасуы
2.1. Қазақ даласында XX ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған күйсандық, сырнай сүйемелімен ән орындау өнері: Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.2. Ән.аспапты ансамбльдердің дамуы: алғашқы ансамбльдер, ансамбль түрлері, эстрададағы алғашқы жеке орындаушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
III. Қазіргі қазақ эстрадасындағы ансамбльдер
3.1. Эстрададағы ән.аспаптық ансамбльдер және жеке орындаушылардың өнері: «ДосМұқасан», «АБК», «Айгүл», «Гүлдер», Р.Рымбаева, М.Жүнісова, С.Жұмағалиев т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
3.2. Қазіргі қазақ эстрадасының хал.ахуалы: жаңа топтар, жас әншілер, сазгерлер, ақындар, жетістіктер мен шешілмеген мәселелер ... ... ... ... ... ... ..80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .95
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100
Жаратушы ие адам баласын әр түрлі құндылықтармен дарытқан. Оның бірі және бірегейі – өнер. Өнер арқылы адам өз атын, елін, жерін әлемге таныта алады. Бойына өнер дарыған адам, ол қасиетті міндетті түрде сыртқа шығаруға тырысады. Олай істемеске амалы жоқ, себебі ол жаратушының сол адамға берген аманаты. Өнер туралы әр заманда, қөптеген ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Солардың бірі, Шығыстың ірі ғалымы Әбунасыр Әл-Фараби (870-950) былай деген: «Өнер – адамзат баласына берілген құндылықтардың бірі, өмір серігі. Бұл ғасырлар бойы өмір тәжрибесінен туып, дамып, біздің заманымызға жеткен теңдесі жоқ құбылыс» [1]. Өнер адамның шығармашылық келбетін көрсетеді. Ол арқылы біз адам баласының ішкі жан-дүниесін, толғанысын, қуаныш-қайғысын біле аламыз. Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, сурет, мүсін, би, ән, сәулет т.б түрлері. Осы өнерлердің ішінде қазақ халқының бай мәдени мұраларының бірі – ән өнері.
Ән адам баласының туғаннан бастап бақилық болғанша қатар жүретін өнер. Тал бесіктен жер бесікке дейін әнмен, жырмен көмкерілген адам ғұмырының бір күні де музыкасыз өтпейді, және музыканың адам баласына қатысы туралы данышпан Абай: „Туғанда дүние есігін ашады өлең, - Өлеңмен жер қойнына кірер денең” - деп толғайды [2]. Қазақ қайғыда да, қуанышта да ән тудырған, сондықтан, әрбір салт-дәстүрі әнмен әрленген қазақ халқының өмірін әнсіз елестету мүмкін емес шығар. Қазақтың ән өнері үнемі даму үстінде. Байтақ сахара, бай өлке, ұшы қиярсыз кең алқап, бірін-бірі біліп болмас дала айдынында қазақ елі әдемі әннің талай тамаша түрлерін дүниеге әкелген.
Бар өмірін қазақ музыкасын зерттеуге арнаған белгілі академик Ахмет Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» атты монографиясында қазақ халқының музыкалық қабілетінің өте жоғары екендігін шығыстанушы-ғалым Шоқан Уалихановтың сөзімен жеткізеді: „Қазақтар өздерін музыкантпыз деп есептейді. Ол қабілеттің тууы жөнінде олардың аңыздары да бар: „Ән аспаннан қалықтап ұшып, жер бетіне жақын келеді. Оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық, әнді ұстап қалған, ал жоғарғы қалықтаған жердің адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті төмен ұшқан да, қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған. Қазақтардың басқа халықтардан әнді жақсы айтатын себебі сол» [3].
1. Әбунасыр Әл-Фараби. «Музыканың үлкен кітабы»
2. Абай.Энциклопедия. – Алматы.:Атамұра,1995ж. – 720б.
3. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы, 1975 ж. – 464б.
4. Асафьев Б.В. Три статьи о казахской музыке. Музыкальная культура Казахстана. Алматы, 1957ж.
5. Кайырбеков Б. «Кюй – состояние души». Құрманғазы және ғасырлар тоғысындағы дәстүрлі музыка. А., 1998ж.
6. Сейдімбеков А. Қазақтың күйшілік өнері. А,. 2000ж.
7. Қазақтың 1000 күйі. Антология., А. 2010ж.
8. Жұбанов А.Қ. Домбыра – Қазақ халқының музыка аспабы. Ән-күй сапары.,Алматы. – «Ғылым», 1976ж, 110б.
9. Әбуғазы М. Шығыстың шыңырау күйлері. Алматы, 2011ж.
10. Мүптекеев Б. Жетісудың оңтүстік шығысындағы күйшілік дәстүр. Диссертация авторефераты., Алматы, 2009ж.
11. Гамарник М.Я. «По следам одной легенды», Құрманғазы және ғасырлар тоғысындағы дәстүрлі музыка. А., 1998ж.
12. Бекенов У. Қаратау шертпелері. Алматы, 1975ж.
13. Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері. Алматы, 2000ж.
14. Жұбанов А. Құрманғазы. Алматы, «Жалын» - 1978ж.
15. Тоқтаған А. Күй – тәңірдің күбірі. Алматы,1998ж.
16. Жүсіпов Б. Бақсылық өнер. Уикипедия – ашық энциклопедиясы. 2013ж.
17. Мұқышев Т. Қазақтың сыбызғы аспабы. Канд.дисс. автореф. А.,2010ж.
18. Темирбекова А.З. Казахские народные песни. Алматы. 1975
19. Бәбіжан Б. Қазақтың жүз қара өлеңі. – Алматы.:Атамұра, 2002ж.
20. Уалиханов Ш. Таңдамалы. Бес томдық. – Алматы, 1961 ж. 1 том
21. Елеманова С. Казахское традиционное песенное искусство. – Алматы, Дайк-Пресс, 2000 .- 187б.
22. П.Момынұлы «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы», II -том, Шымкент.,Ғасыр-Ш. 2007ж.
23. .
24. Қазақстанның музыка мәдениеті. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ баспасы, 1957ж. - 180б.
25. Народная музыка в Казахстане. Сборник статей. – Алма-ата. Казахстан. – 1967, 270б.
26. Бәбіжан Б. Жетісу ән дәстүрін зерттеу мәселелері. Мақала. ҚРҰҒА Хабарлары, 2006ж, №5, 66б.
27. Нұғман Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі. – Алматы.:Арыс, 2009. – 240б.
28. Жетісу әуендері. Медеубекұлы С., Мүптекеев Б. Алматы: Өнер,1998. – 238б.
29. Халық композиторлары және халық әндері антологиясы. Құр. Ж.Кәрменов. Алматы.: Өнер, 1992ж.
30. Жолдасбеков М. Тоқсан толау. Алматы.: Өнер,1990ж.- 232б.
31. Жетісу энциклопедиясы. Алматы. :Қазақ энциклопедиясы,2000ж.
32. Кенен Әзірбаев. Аңыздар сыры. Алматы.:Өнер, 1969ж.
33. Елеманова С.А. «О генезисе, эволюции и стиле казахской традиционной песенной культуры», Мақалалар жинағы, Астана, 2010ж.
34. Елеманова С.А. Казахская музыкальная литература. Алматы.: Өнер, 1993ж. – 205б.
35. 3атаевич А. 1000 песен киргизского народа (напевы и мелодии). – Оренбург, Киргизское Государственное Издательство, 1925 г. - 404 с.
36. Сейдімбеков А. Мың бір маржан. – Алматы, «Өнер», 1989 г. - 256 б.
37. Оразақын А. Қара өлең. – Алматы, «Жалын», 1997 ж.
38. Уахатов Б. Қазақтың халық әндері. – Алматы, «Ғылым», 1974 ж.
39. Бәбіжан Б. Қазақтың жүз қара өлеңі. – Алматы.:Атамұра, 2002ж.
40. Қазақтың мың әні. Үнтаспалық антология. Алматы. 2010ж.
41. Ахметова М. Эстетические взгляды казахского народа на искусство исполнения песен / Известия АН Каз. ССР, серия филологическая. – 1978 г. - №2. - 50-53 с.
42. Ерзакович Б. Песенная культура казахского народа. – Алматы, «Наука», 1966 г. - 402 с.
43. Кетегенова А.С.
44. Амирова Д. К проблеме инструментальных предпосылок казахского народно-профессионального песенного мелоса // Казахская музыка: традиции и современность. – Алматы, 1992 г. - 50-54 с.
45. Елеманова С. Некоторые композиционные принципы казахской народно-профессиональной песни // Казахская музыка: традиции и современность. – Алматы, 1992 г. - 55-76 с.
46. Үлкен энциклопедиялық сөздік
47. Википедия, ВИА – происхождение
48. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
49. П.Момынұлы «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы», Шымкент.,Ғасыр-Ш 2007ж., 154б.
50. Айқын. «Айгүл» ансамблі қайда?» А.Балтанова, 03.06.2013.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Майғазиев Сәкен Қордабайұлы

6М040800 - Эстрада өнері

Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті

Академиялық магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыс

Жетікшісі - профессор П.Момынұлы

Алматы, 2014
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
(Ескі жоспар)
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері
1.1. Қазақ халқының музыка өнеріне бет бұруы. Қазақтың күйшілік өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2. Фольклорлық және кәсіби әндер. Дәстүрлі ән мектептері белді өкілдерінің шығармашылықтары: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Майра, Мұхит, Кенен т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
II. Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық ансамбльдердің қалыптасуы
2.1. Қазақ даласында XX ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған күйсандық, сырнай сүйемелімен ән орындау өнері: Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.2. Ән-аспапты ансамбльдердің дамуы: алғашқы ансамбльдер, ансамбль түрлері, эстрададағы алғашқы жеке орындаушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
III. Қазіргі қазақ эстрадасындағы ансамбльдер
3.1. Эстрададағы ән-аспаптық ансамбльдер және жеке орындаушылардың өнері: ДосМұқасан, АБК, Айгүл, Гүлдер, Р.Рымбаева, М.Жүнісова, С.Жұмағалиев т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
3.2. Қазіргі қазақ эстрадасының хал-ахуалы: жаңа топтар, жас әншілер, сазгерлер, ақындар, жетістіктер мен шешілмеген мәселелер ... ... ... ... ... ... .. 80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .95
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100

Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
(Жаңа жоспар)
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері
1.1. Қазақ халқының музыка өнеріне бет бұруы. Қазақтың күйшілік өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2. Фольклорлық және кәсіби әндер. Дәстүрлі ән мектептері белді өкілдерінің шығармашылықтары: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Естай, Майра, Мұхит, Кенен т.б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
II. Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық эстрадалық ансамбльдердің қалыптасуы
2.1. Қазақ сахнасындағы алғашқы ән-аспаптық ансамбльдердің шығармашылығы: ДосМұқасан, Айгүл, Гүлдер, Арай, Арқас ... 42
2.2. Ән-аспапты эстрадалық ансамбльдердің репертуары және жеке орындаушылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.3 Қазіргі қазақ эстрадасының хал-ахуалы: жаңа топтар, жас әншілер, сазгерлер, ақындар, жетістіктер мен шешілмеген мәселелер ... ... ... ... ... ... .. 80

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .95
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..100

Кіріспе
Жаратушы ие адам баласын әр түрлі құндылықтармен дарытқан. Оның бірі және бірегейі - өнер. Өнер арқылы адам өз атын, елін, жерін әлемге таныта алады. Бойына өнер дарыған адам, ол қасиетті міндетті түрде сыртқа шығаруға тырысады. Олай істемеске амалы жоқ, себебі ол жаратушының сол адамға берген аманаты. Өнер туралы әр заманда, қөптеген ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Солардың бірі, Шығыстың ірі ғалымы Әбунасыр Әл-Фараби (870-950) былай деген: Өнер - адамзат баласына берілген құндылықтардың бірі, өмір серігі. Бұл ғасырлар бойы өмір тәжрибесінен туып, дамып, біздің заманымызға жеткен теңдесі жоқ құбылыс [1]. Өнер адамның шығармашылық келбетін көрсетеді. Ол арқылы біз адам баласының ішкі жан-дүниесін, толғанысын, қуаныш-қайғысын біле аламыз. Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, сурет, мүсін, би, ән, сәулет т.б түрлері. Осы өнерлердің ішінде қазақ халқының бай мәдени мұраларының бірі - ән өнері.
Ән адам баласының туғаннан бастап бақилық болғанша қатар жүретін өнер. Тал бесіктен жер бесікке дейін әнмен, жырмен көмкерілген адам ғұмырының бір күні де музыкасыз өтпейді, және музыканың адам баласына қатысы туралы данышпан Абай: „Туғанда дүние есігін ашады өлең, - Өлеңмен жер қойнына кірер денең" - деп толғайды [2]. Қазақ қайғыда да, қуанышта да ән тудырған, сондықтан, әрбір салт-дәстүрі әнмен әрленген қазақ халқының өмірін әнсіз елестету мүмкін емес шығар. Қазақтың ән өнері үнемі даму үстінде. Байтақ сахара, бай өлке, ұшы қиярсыз кең алқап, бірін-бірі біліп болмас дала айдынында қазақ елі әдемі әннің талай тамаша түрлерін дүниеге әкелген.
Бар өмірін қазақ музыкасын зерттеуге арнаған белгілі академик Ахмет Жұбанов өзінің Замана бұлбұлдары атты монографиясында қазақ халқының музыкалық қабілетінің өте жоғары екендігін шығыстанушы-ғалым Шоқан Уалихановтың сөзімен жеткізеді: „Қазақтар өздерін музыкантпыз деп есептейді. Ол қабілеттің тууы жөнінде олардың аңыздары да бар: „Ән аспаннан қалықтап ұшып, жер бетіне жақын келеді. Оның жерге ең жақындаған кезін байқаған халық, әнді ұстап қалған, ал жоғарғы қалықтаған жердің адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті төмен ұшқан да, қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған. Қазақтардың басқа халықтардан әнді жақсы айтатын себебі сол [3].
Қазақ әні - қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлеңдерден тартып, адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын - сан-алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп, биік кәсіби өреге жеткен ән өнері - ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, ықылымнан бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқылмас қайнар іспетті.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының ән өнері бүгінгі таңда ұрпақ алдында өз жемісін беруде. Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мүхит, Кенендер ту қылып көтерген ән мәдениеті тарих сахнасында межелі өз орнын алып, қазіргі кездегі қазақтың музыкатану, фольклортану, филология ғылымдары саласында айтарлықтай зерттеліп жатыр. Аға буын зерттеушілеріміз - дәстүрлі әншілік, күйшілік өнер, ән-күй жанрларының шығу тегі, қызметі, түрлерге бөлінуі, әншілік өнер, эстрадалық өнер және олардың қалыптасуы сияқты тағы да басқа көптеген мәселелерді қарастырып, қазақ музыкатану ғылымы айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.
Шамамен XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ сахнасында ансамбльмен, оркестрмен ән айту өнері пайда болды. Оған куә - қазақ радиосы мен Мемлекеттік мұрағатта сақталған үнтаспалар. Академик А.Жұбанов құрған 11 адамнан тұратын алғашқы домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен Ғ.Құрманғалиев, М.Ержанов, Қ.Лекеров, Р.Бағланова сынды асқақ әншілер ән орындады. Содан бері қарай, осы заманға дейін ансамбль құрамы түрлі аспаптармен толығып, ансамбльдер көбейіп, оларға Батыс, Ресейден түрлі электр қуатымен жұмыс істейтін жаңа заман, инновациялық аспаптар қосылып, ансамбль атауы түрлене түсті. Қазіргі заманда олардың аспаптық құрылымынан бөлек, дауыстық, яғни әншілік құрылымы дамыды. Соңғы уақытта қазақ сахнасында бірнеше дауста ән айту бағыты біршама көбейіп жүр. Фольклорлық, эстрадалық, ән-аспаптық ансамбльдердің көбейуі - Қазақ эстрада өнерінің дамығандығын көрсетеді. Бірақ осы ансамбль өнері, оның ішінде ән-аспаптық ансамбль, Қазақ музыкатану саласында зерттеу нысанасынан тыс қалып жүр. Сол себепті біз ғылыми жұмысымызды Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті деп алдық. Осы мақсатта көптеген музыкалық, педагогикалық, әдістемелік оқу құралдары, ғылыми еңбектер қаралды.
Тақырыптың теориялық зерттелу деңгейі: Кәсіби әншілік өнер, әнші-сазгерлердің шығармашылықтары, әншілік мектептердің ерекшеліктері тұралы, әр кезеңде көптеген музыка зерттеушілер, өнертанушылар ғылыми диссертациялар, ғылыми еңбектер, мақалалар жазды. Осы тұрғыда мәселен, А.Затаевичтың, Б.Ерзаковичтың, А.Жұбановтың, А.Сейдімбековтың, А.Байгаскинаның, А.Темірбекованың, М.Ахметованың, З.Қоспақовтың, С.Күзембаеваның, А.Мұхамбетованың, Ә.Нұғманованың, С.Елеманованың, кейінгі зерттеушілер Д.Амированың, Г.Абдрахманның, А.Бердібайдың, А.Сабырованың, А.Байбектің, А.Бұлтбаеваның, Г.Мұсағұлованың, Г.Кузбакованың, Э.Жаңабергенованың, Б.Тұрмағамбетованың тағы басқа зерттеушілердің еңбектерін атауға болады. Осы еңбектердің ішінде эстрадалық бағыт, немесе ансамбльдер туралы жазылған түбегейлі зерттеу жоқ. Тек, осы салада жазылған педагогика ғылымдарының докторы М.Х.Балтабаевтың Фольклор және вокалды-аспапты ансамбльдер атты еңбегін атауға болады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық эстрадалық ансамбльдердің қалыптасу тарихын, дамуын, бүгінгі күндегі ансамбльдердің жетістіктері мен шешілмеген мәселелерін анықтау.
Зерттеудің обьектісі: Қазақ сахнасында XX-шы ғасырдың ортасынан бастап қалыптасқан ән-аспаптық эстрадалық ансамбльдер. Қазіргі замандағы қазақ эстрадасындағы ансамбльдер және топтар.
Зерттеудің пәні: Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық ансамбльдердің қалыптасу, даму тарихы. Жаңа заман эстрадалық ансамбльдер және топтар мәселесі.
Зертеудің ғылыми болжамы: тарихын, даму жолын, осы күндегі эстрадалық ансамбльдердің хал-ахуалын зерттеп, болашақта бұл зерттеу жұмысын әдістемелік нұсқау ретінде, жоғарғы және орта оқу орындарындағы Эстрадалық өнер бөлімі, факультеті оқытушылары мен студенттеріне ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық эстрадалық ансамбльдердің тарихын зерттеу;
2. Ән-аспаптық эстрадалық ансамбльдердің дамуын көрсету;
3. Қазіргі заман эстрадасында қалыптасқан ансамбльдердің және топтардың қалыптасуын көрсету;
4. Қазіргі кездегі ән-аспаптық эстраладық ансамбльдердің жетістіктері мен қиыншылықтарын айқындау.
Зерттеу көздері:
oo Қазақ эстрадасы, өнері туралы жазылған ғылыми мақалалар, кітаптар;
oo Қазіргі заман эстрадасында қалыптасқан ансамбльдер және топтар туралы сын, зерттеу еңбектері.
Зерттеудің базасы: Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық ансамбльдер, қазіргі замандағы эстрада өнеріндегі ансамбль дер және топтар
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
oo Қазақ эстрадасындағы ән-аспапты ансамбльдерге алғаш рет сараптама жасалып отыр;
oo Қазақтың дәстүрлі өнерімен эстрадалық өнердің өзара байланысы айқындалып отыр;
oo Қазақ сахнасындағы ансамбльдерге алғашқы рет тарихи шолу жасалуда;
oo Ән-аспаптық ансамбльдердің қазақ сахнасында дамуы, қазіргі замандағы топ, ансамбльдердің жұмысының талдануы - ғылыми ортаға алғаш рет сарапқа салынып отыр.
Зерттеудің практикалық мәні:
- диссертанттың Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті атты ғылыми жұмысы
oo Диссертация мазмұны бойынша дайындалған мақалалар, талдаулар, тұжырымдар музыкалық колледж, жоғарғы оку орындарындағы Эстрада өнері мамандығы бойынша пәндерде пайдалануы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Қазақтың ән-аспаптық ансамбльдерінің қалыптасу тарихы айқындалады;
2. Ән-аспаптық ансамбльдердің ерекшеліктері анықталады;
3. Қазақ сахнасындағы ән-аспаптық ансамбльдердің дәстүрлі музыкамен байланысы сарапталады;
4. Ән-асапаптық ансамбльдердің басқа ансамбльдармен айырмашылығы мен ұқсастығы анықталады;
5. Қазақ эстрадасындағы ән-аспатық ансамбльдердің даму, қазіргі кездегі жағдайы көрсетіледі.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: Музыкалық-теориялық жұмысымыздың бағыты Отандық музыка зерттеуші ғалымдар мен өнер, мәдениет, педагогика саласындағы еңбектерге негізделген. Олардың қатарында М.Жұмабаевтың, Ы.Алтынсаринның, А.Затаевичтың, Б.Ерзаковичтың, А.Жұбановтың, Б.Ғизатовтың, Ө.Байділдаевтың, А.Сейдімбековтың, А.Байгаскинаның, А.Темірбекованың, М.Ахметованың, М.Х.Балтабаевтың, З.Қоспақовтың, С.Күзембаеваның, А.Мұхамбетованың, Б.Қарақұловтың, А.Құнанбаеваның, Ә.Нұғманованың, С.Елеманованың, П.Момыновтың, т.б. зерттеушілердің еңбектері, сондай-ақ, Ресейдің музыкатану, педагогика салаларында жазылған Б.Асафьевтың, Д. Кабалевскийдың, З.Кодаидың, В. Шадскаяның, Л.Арчажникованың, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркменстан ғалымдары - Қ.Дюшалиев, Р.Аманова, Ф.Караматов, Д.Курбанова, Т.Мамедов т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, ноталық қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, негізгі қағидалары, дәйектілігі мен негізділігі беріледі. Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары түйінделеді, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

I. Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері
1.1. Қазақ халқының музыка өнеріне бет бұруы, күйшілік өнер
Қазақ халқының музыка өнеріне ежелден-ақ ерекше жақын болғандығын, халық ауыз әдебиеті, тарихи басылымдардан басқа, VII-VIII ғасырларда өмір сүрген Қорқыт бабамыздың қүйлерінен де білеміз. Оның Қорқыт, Башпай, Желмая, Аққу т.б. күйлері неше ғасыр бойы жүректен жүрекке, қолдан қолға құйылып, сыры кетпей осы заманға жетіп отыр. Одан беріде жыраулық мектепті қалыптастырған Доспанбет, Қазтуған, Марғасқа, Махамбет т.б. жыраулардың өнері, көне күйлерді 9 пернелі домбырада күмбірлеткен Кетбұға, Баламайсан, Ұзақ, Байжұма т.б. күйшілердің күйлері, шағармалары осы күнге жетпей, тек әдеби, тарихи естеліктерде ғана қалған Тайжан ақын, әнші Ноғайбай, Даурен сал есімдері осы сөзіміздің дәлелі.
Қазақ халқының күйшілік тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі - Кетбұға күйші. Қаһарлы Шыңғыс хан заманында өмір сүрген Кетбұғаның ержүрек батыр, ақылгөй би, дәулескер күйші ретінде есімі белгілі. Осы заманымызға дейін Кетбұғаның күйі деген күй әлі ел әшәнде орындалып келеді. Бұл да болса халқымыздың өнерсүйгіш қабілетін көрсетеді.
Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазбалардың, тарихи зерттеулердің нәтижесіне қарасақ біздің даламызда сан ғасыр бұрын өмір сүрген көшпенді бабаларымыз тек қана малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге тамаша сәулетші, мүсінші, ұста, зергер, әнші, жыршы, домбырашы, қобызшы, жетігенші, шаңқобызшы т.б. музыка аспаптарда ән-күй мәдениетін жоғары дәрежеде дамытқандығын байқауға болады. Алуан түрлі асқақтаған әндерімізді адам жүрегінің дүрсілімен, күмбірлеген күйін домбыра, қобыз, сырнай, жетігеннің күміс дыбыстары арқылы ата-бабамыз өз халқының рухани жан-дүниесінің мұң-шерін, асқақ арманын, дәстүрін, сән-салтанатын, әдет-ғұрпын келер ұрпақтың зердесіне жеткізген.
Түркі тектес байырғы көшпенділер жасаған өзгеше бітімді өркениеттің тікелей мұрагері, өткен ғасырдың басына дейін, негізінен, көшпенділік өмір салтын ұстанған, кейін тіршілік ыңғайы өзгерсе де, рухани қалыбын сақтап қалған қазақ халқының ең сұлу, сырлы мұрасы - сан-салалы, көп жанрлы дәстүрлі музыкасы. Дәстүрлі музыка деп айтып жүрген өнеріміз негізгі екі арнаға бөлінетін - әншілік және күйшілік өнер.
Күй - халқымыздың сол ұланғайыр музыкалық қазынасының ең бір мол саласы, құрылымы, мазмұны, басқа да көп сипаттары жөнінен кемел дамып, биік өреге жеткен жанрларының бірі.
Күй сөзі түркі халықтарының біразында этномузыкалық термин ретінде пайдаланылады. Түпкі, төркін мағынасы хал, жағдай, көңіл ауаны сияқты эмоциялық ұғымды білдіреді. Осы атаудың өзінен-ақ күйдің табиғатына жан толқынысының әуендік баламасы іспетті айқын психологизм тән екендігін аңғарамыз. Әлбетте, бұл күй жанрының өзге сипатын: баяндаушылық, суреттеушілік, кейіптеушілік қасиетін жоққа шығармаса керек. Жинақтай айтқанда, күй - құрылымы жағынан шағын болғанмен, мазмұны терең, ойлы, сырлы, әуендік бітімі күрделі, музыкалық формасы кемел, жанрлық заңдылық, белгілері әбден тәптіштелген аспаптық пьеса. Қазақтың күйшілік өнерін ерекше тамаша құбылыс екенін аңғарған академик Б.А.Асафьев күйге: ...бұл өнер терең фәлсәфалық синтездың, халық психологиясының адамгершілік биік қасиеттерін жинақтай қорытып, шабыттың жан толғанысын ғажайып қайырымдылықпен қосылуы - аса дарынды қазақ халқының тарихи тағдырындағы ауыр жағдайларға мойын ұсынбай жасампаз өмір сүруінде [4] - деп баға береді. Шынында да, қазақ күйінің ғасырдан-ғасырға сыры бұзылмай, сыны бұзылмай келе жатқаны, басқа халықтардың қызығушылығын тудыратын дүние екені сөзсіз.
Күйдің қай заманнан бері тартылып келе жатқандығының нақты дерегі жоқ. Бірқатар зерттеушілер күй бағзының бағзысында, әзелгі ғұн, түркі дәуірінде пайда болған деп пайымдайды. Ал орта ғасырларда Қарақорым мен Еділ дария арасын жайлаған жалпақ жұртқа жаппай түсінікті, етене музыка тіліне айналған сияқты деген де пікір бар. Біраз күйлердің тақырыбы, лексикасынан, пішін-құрылымынан, күймен егіздете баяндалатын аңызынан архаикалық сипат, ислам дініне дейінгі наным-сенімнің табы байқалуы осы тұжырымға дәйек бола алса керек.
Осы салада қалам тартып жүрген ғалымдардың пайымдауынша, күй адамның белгілі бір сезім сәті, демек күйші сол сезімді музыка тіліне түсіруші, және сол сезімді өзгенің жүрегіне жеткізуші. Күйдің тілі домбыраның ішегі арқылы шықса, мәні, мазмұны күйшінің шебер орындаушылығы арқылы білінеді. Себебі күй тек қана әсем саз емес ол халықтың жаны, жүріп өткен жолы, өмірлік пайымы, ұстанған бағыты. Мұндай тамыры терең әуезді жүрегіне қондырып, басқа жүректерге жеткізу екінің біріне бұйырмаған бақыт. Күй - бір сөзбен айтып түсіндіре алмайтын, тым үлкен құбылыс [5]- дейді ақын Б.Қайырбеков. Оны сүреттеу - музыканы түлмен жеткізу аса үлкен шешендік шеберлікті қажет етеді.
Күйшілік өнердің нығайған кезінде қазақ сахарасындағы аймақтардың тарихи, мәдени және жағрафиялық айырмашылығына байланысты дәстүрлі мектептер қалыптаса бастады. Ұстанған дәстүрлерінің ұқсастығына байланысты және жағрафиялық орналасулары бойынша, олар бірнеше мәдени ошақтарға бөлінді. Қалыптасқан ұғым орайымен, бұл орындаушылық мектептер - Батыс, Арқа, Жетісу деген жалпылама жер атауларымен аталып кеткен. Мұндай жіктелу домбырадағы күйшілік өнердің екі үлкен негізгі дәстүрге бөлінуінен бастау алады. Орындаушылық тәсілге байланысты, олар төкпе және шертпе деп аталады. Төкпе дәстүрінде, көбінесе, Батыс (Батыс Қазақстан облыстары) өңірінің екпінді де жігерлі күйлері орындалады. „Төкпе" сөзі - „төгу" деген ұғымнан шығады, яғни „төгіп тарту" деген мағынаны білдіреді. Шертпе дәстүрі, негізінде, Арқа (Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары), Алтай-Тарбағатай, Жетісу, Оңтүстік және Қаратау өңірі мектептеріне тән. Бұл дәстүрдің күйлері ой мен сырға толы, екпіні жағынан байсалды болып келеді [6] .
Төкпе мен шертпе - бұл тек қана домбырада ойнау тәсілдерінің айырмашылығы ғана емес, бұл - қазақ даласындағы тұтастай екі бөлек дәстүрдің күйшілік өнер арқылы бейнеленген көрінісі. Әр түрлі жанрлар мен жекелеген орындаушылардың көптігіне қарамастан, төкпе дәстүрінде эпикалық және философиялық тақырыптың басымдылығы байқалады. Ал шертпе дәстүрінде лирикалық ойдың, сонымен қатар әншілік, тіпті би өнерінің бастаулары да сезіледі. Домбыра аспабының өзі де Қазақстанның әр түрлі аймақтарында түрлі пішінде болған. Оның мойнының ұзындығы, шанағы, перне сандары үнемі өзгеріп отырған. Еліміздің Батыс аймағында - домбыраның мойны жіңішке, ұзын, шанағы сопақтау болған, ал Орталық Қазақстан, Жетісу өңірлерінде домбыраның мойнын қысқа, жуан, шанағын әр түрлі етіп жасаған.
Халықтық аспаптық дәстүрлер Қазақстанның әр өңірлерінде тарихи-шығармашылық мектеп ретінде орнықты және олардың қалыптасуы белгілі бір тұлғалармен байланысты болды. Кез-келген асқан талант, беделді тұлға бір мектептің, немесе бір бағыттың бастаушысы бола алады десек, шындықтан алыс кетпейміз. Күйшілік өнердегі белгілі дәстүрлердің қалыптасуына себепші болған атақты Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Байжігіт, Қожеке, Сүгір тұлғалары осы сөзімізге дәлел.
Күй өнері - ұлттық өнеріміздің үлкен бір арнасы. Қазақ халқының дәстүрлі өнері небір қилы кезеңдерден аман өтіп, XIX ғасырда өзінің бедерлі шыңына жеткен болатын. Ғылымда бұл кезең „Алтын ғасыр" деп аталып кеткен. Осы ғасыр қазақ даласына сан-алуан дәулескер күйшілерді, күміс көмей әншілерді сыйлаған. [7]
Сондайлық дарынды өнер тарландарын тәрбиелеп шығарған халық, күйшілік дәстүрін үлкен өнер деп таныған. Оның сазын, орындалу тәсілін ұдайы жетілдіріп бүгінгі күнге дейін күйшілік өнердің бірнеше жанрын қалыптастырған. Мәселен, төкпе күй дәстүрінде Терісқақпай, Бұлбұл, Балбырауын, Байжұма, Науайы, Ақжелең, шертпе күй дәстүрінде Қосбасар, Кертолғау, Аққу, Бозінген, Тоғыз тарау, т.б. сияқты жанрларды ауызға алсақ жетіп жатыр.
Күйлер, негізінен, үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы - домбыра күйлері.
Домбыра - тым ертеде пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған, екі ішекті, шертпелі хордофон типіндегі аспап. Осы үлгідегі және атауы да, көп ретте, осы домбыра сөзіне ұқсас аспаптар татар, башқұрт, өзбек, алтай, қырғыз, түрікпен, мұңғыл, қалмақ, тәжік, халықтарында да сақталған (думбыра, думбара, думбрак, домбр, даңғыра) [8]. Типологиялық және лексикалық ұқсастық аталмыш музыка аспабының әлмисақтан мәшһүр екендігінің және Орталық Азия халықтарына түгелдей дерлік табиғы болғандығының дәлелі ретінде де айтылады. Ал қазақ домбырасы - жұмсақ, қоңыр үнімен ерекшеленетін, дыбыстық диапазоны 1,5 октавадан 2 октаваға дейін жететін, мүмкіндігі мол, сонымен қатар ел-жер, орындаушылық дәстүр ыңғайына қарай сыртқы пішіні де сан түрлі болып келетін, заманында әр қазақтың дерлік үйінің төрінде тұрған аспап.
Осыншама кең таралғандығы себепті, қазақтың дәстүрлі әндері түгелге жуық домбыраның сүйемелімен айтылады. Алайда, домбыра аспабының тембрлік, диапазондық мүмкіндіктерін шегіне жеткізе ашқан жанр - көне ықылымдарда қалыптасып, ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген күй жанры еді.
Ғалым, күйші-зерттеушілердің соңғы уақыттағы пайымдаулары бойынша сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына байланысты, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнері жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептерге бөлінеді.[6]
Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады.
Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Өйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, сонымен қатар, Монғолияның Баян-Өлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл өңірдегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта) тартылатын Шыңырау, Ақсақ марал, Бұлғын-сусар сияқты күйлер - аңыз-әңгімелерімен астасып жатқан көне жәдігерлер. Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға - Байжігіт күйші, одан кейін Бейсенбі Дөненбайұлын, Қайрақбай Шәлекенұлын, Әшім Дүңшіұлын атауға болады.[9]
Жетісу дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен өзектес. Жер жағдайы ұқсас, Алтай мен Алатау аралығында үзілмей, іркес-тіркес жалғасқан тау сауырын қоныстанған елдің мәдени кеңістігі ортақ болғандығы байқалады. Еліміздің Жетісу өлкесінде ертедегі аңыз күйлермен қатар авторлары ұмыт болып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан кездеседі. Мысалы: Аққу, Жетім қыз, Тепеңкөк, Шұбар киік тағы сол сияқты көне күйлер ерте дәуірлерден сыр шертеді. Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік өнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. Бұл мектептер дәулескер күйші-композиторлар Байсерке Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты. Қожабек, Сатқынбай, Қатшыбай, Темірбек Ахметов арқылы бүгінге жалғасып келген Байсерке күйшінің көп мұрасынан, өкінішке қарай, кезінде жинақталып, жазылып алынбаған. Байсеркенің Ұран күй, Толқытатын күй деген куйлері көпке белгілі. деп аталатын туындылары ғана енді. Қожеке күйші Жетісудың төрі Қарқара жайлауында дүниеге келіп, тағдыр тауқыметімен Қытай асып кетеді. Ол жақта да қиын өмірді бастан кешіп, ақырында озбыр заманның саяси құрбаны болған күйші мұрасы бүгінге өзінің ұрпақтары ұлы Рақыш, немерелері Шаңия мен Тұрсынғазы, Ясын, жиені Орынбек арқылы жетті.[10]
Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы - Тәттімбет Қазанғапұлы. Шертпе күй саласында екі ішекті алма-кезек даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту әдістерін көбірек қолданып, бұл тарапта жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалыптастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады. Небәрі 45 жас қана ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз, соны өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой-толғамдарға құрылған Қосбасар, Сарыжайлау, Көкейкесті, Бес төре, Сылқылдақ, Азамат қожа т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған - өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған [11]. Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова, Әпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Уәли Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ өнерпаздар да кеңінен насихаттады. Ұлттық музыка өнеріндегі Тәттімбет бастаған жаңа дәстүрді оған ілесе шыққан Тоқа, Әбди, Сембек, Қыздарбек сынды күйшілердің өзінше жалғастыруы да - заңды құбылыс .Олардың мұрасын бүгінге жеткізушілер - Әпике Әбенова, Дәулетбек Сәдуақасұлы, Манарбек Сағымбеков, Орал Исатаев сынды күйші-домбырашылар.
Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға - Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй шебері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет, Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз сазын домбыра күйімен қабыстыра білуі үлкен жаңашылдық болды, қобыздағы мұңды әуеннің Сүгір күйлерінде домбырамен астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең берді. Ол өмір сүрген өңір - қарт Қаратау, көне Отырар, қасиетті Түркістан аймағы - тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Сондықтан қазақ музыкасындағы озық жетістіктерді бойына жинаған Сүгір шығармаларында Арқа, Жетісу, Алтай-Тарбағатай, Батыс әуен-саздарының кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Оның Шалқыма, Ілме, Бес жорға, Қаратау шертпесі т.б. туындыларының қай-қайсысын алсақ та, кемеліне келген көркемдік, мүлтіксіз жаңашылдығымен, соны сипатымен оқшау тұрады. Сүгір күйлерін асқан шеберлікпен орындап жеткізушілер қатарында күйші, домбырашы Төлеген Момбековтың есімін айрықша атауға болады. Қаратау күйшілік мектебі бұл күнде Сүгір, Бапыш, Төлеген, Жаппас, Боранқұл, Айкен сынды күйшілердің туындыларымен белгілі.[12]
Сыр бойы күйлері көпке дейін қазақ музыкасы саласында аз зерттеліп, насихатталуы кемшіндеу болып келгенімен, соңғы кездері кеңінен қолға алына бастады. Белгілі жыршы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Жүсіповтың Жиделі Байсын күйлері (А., 2000) деген еңбегінде осы орындаушылық мектептің күйлері алғаш жинақталып жарық көруі де - сең қозғалуының бір көрінісі [13]. Сырдың бойында ертеректе өткен Құрманай Төремұрат, Асан Көнек, Бекпенбет сынды күйшілердің мұралары көнеден көшкен керуендей жалғасын тауып келеді. Одан беріректе Сыр өңірінде өмір сүрген күйші-композиторлардың ішінде үш дәулескер күйшінің есімін атауға болады. Олар: Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан Құрақұлы. Мырзаның Бұғының күйі, Баулы ешкі, Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі, Ташауыз сияқты бітімі, құрылымы бөлек күйлерін, сонымен қатар, Сыр бойында сақталған халық күйлерін, Құрманай Төремұрат, Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау шығармай, ерекше нақышпен орындап, насихаттаушы - қазалылық дүлдүл домбырашы Нәби Жәлімбетов.
Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі - Батыс Қазақстан аймағы. Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, Түркеш, Қазанғап туындыларын қазақ өнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі музыкасының жетістігі деп айтуға болады. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы - әлемдік өредегі алып композитор. Академик А.Жұбанов өзінің композитор туралы жазған зерттеу еңбегінде оның күйлеріне былай деп баға береді: Құрманғазы күйлерінің күй өткірліктері, біздің заманның тыңдаушыларының жүрегінен орын ала кететіні - күйшінің өмір сүрген ғасырын сезінуінен...Құрманғазының күйлері композитордың өмір суретін түгелдей беріп тұрғандықтан кейбіреулер оларды өмірбаяндық күйлер дейді [14,13]. Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық бояуларының қанықтығымен, алапат тегеурін, ырғақтық иірімдерінің алуандығымен ерекшеленеді. Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан дүниесін толық танытатын, қуатты оттай бұрқыраған Сарыарқа, Төремұрат, Кішкентай, Серпер, Терісқақпай, Балбырауын сияқты күйлерінің әрқайсысы - қайталанбас, кесек туындылар.
Құрманғазы қалыптастырған күйшілік мектептің аса дарынды өкілі Дина Нұрпейісова - ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр дәстүрін біріктірген, сондай-ақ, Құрманғазы мектебінің жігерлі екпінін, Дәулеткерей дәстүрінің фәлсәфасын, ақсүйектік нәзіктігін терең меңгерген күйші. Динаның күйшілігі және басқа да қасиеттері жөнінде А.Жұбанов былай дейді: Дина Құрманғазының бұрын бізге жетпеген Төремұрат, Амандасар, Жігер тағы басқа күйлерін алып келді. Әсіресе, Динаның ұстазы жөніндегі берген деректері баға жеткісіз. Осыған дейінгі есіттім деген деректер үстіне көрдім деген сөздер қосылғасын әңгіме басқа ізге көшті. Оның үстіне Дина тек орындаушы, композитор емес, айта қалғандай әңгімеші, есінде талайды сақтап қалған тірі тірих болатын [14,32]
Осы дәстүрді алға апарушылар қатарында дүлдүл күйшілер Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Рүстембек Омаров, Төлеген Аршанов, Ғылман Қайрошев, Ғылман Әлжанов, Рысбай Ғабдиев, Әзидолла Есқалиев сияқты күйші-орындаушылардың есімдерін атауға болады.
Батыс күйшілік дәстүріндегі тағы да бір айтулы тұлға Дәулеткерей Шығайұлы - қазақ халқының күйшілік өнеріндегі айрықша тұлғалардың бірі. Дәулеткерейдің Қыз Ақжелең, Құдаша, Бұлбұл, Топан, Жігер күйлері терең ойға, философиялық толғанысқа құрылған. Дәулеткерей күйлерінің Құрманғазы күйлеріне қарағанда өзгеше екендігін академик А.Жұбанов өзінің Ән-күй сапары атты еңбегінде былай келтіреді: Дәулеткерейде Құрманғазыға қарағанда лирикалық жақ басымдау келеді. Оның лирикасы күнгей, өміршіл, аса жылы. Бірақ кейбір күйлерінде драмалық кезең де көрінеді. Салық өлген, Топан күйлері бұл жағынан үлкен үлгі бола алады [8,76]. Орда төңірегінде Баламайсаң, Мүсірәлі, Байжұма, Арынғазы сияқты дарынды күйші-домбырашылар болды. Ал Дәулеткерейдің ізін баса шыққан Әлікей, Түркеш, Салауаткерей, Сейтек сынды дәулескер күйшілер Дәулеткерей алтын діңгегі болған осы бір күйшілік мектептің орнығуына өз үлестерін қосты. Дәулеткерей күйлерінің жеткізушілері - Науша, Махамбет Бөкейхановтар және Қали Жантілеуов.
Маңғыстау өлкесінде аңыз-әңгімелерімен баяндалатын көне күй үлгілері, айтыс-тартыс, тармақты, тізбекті, тарихи күйлер мол сақталған. Әріден келе жатқан ескі күйлермен қатар, Қазақ пен ноғайдың айырылысуы, Ноғай сазы, Бала ноғай сазы, Алпыс тараулы Науаи сияқты халықтық мұраға айналған домбыра саздары да аз емес. Абыл, Қартбай, Есбай, Есір, Құлшар, Қоңыр, Өскенбай, Шамғұл, Әлқуат, Мұрат сияқты Маңғыстау күйшілерінің есімдері қазақтың аспаптық музыка әлеміне әйгілі. Маңғыстау күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі - Абыл Тарақұлы. Абылдың бізге жеткен Абыл, Нарату күйлері - қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік, эпикалық сарыны басым кемел туындылар. Маңғыстау күйшілік өнерінің тағы бір айтулы тұлғасы Есбай Балұстаұлы шығармашылығының айшықты бөлігі - Үш ананың тартысы деп аталатын циклды күйлерден тұрады. Маңғыстау түбегінде өмір сүрген саңлақ күйші Есір Айшуақұлының Қос айырған, Тоғыз түйеші, Ақжарма атты тармақты күйлері ұлы даланың симфониясындай сол дәуірдегі ел басынан өткен тарихи оқиғаларды сипаттайды. Айтыс, тартыс күйлерімен аты белгілі Құлшардың Қыз қамаған, Кербез керік, Ат жортақ, Сық-сақ, Кебіс қалған деп аталатын циклды күйлері қызғылықты әңгімесімен шағын театрлық қойылымға ұқсайды. Адайдың жеті қайқысы атанған өнерпаздар қатарында Маңғыстау күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдерінің бірі Өскенбай Қалмамбетұлының есімі ерекше аталады [15]. Өскенбай күйшінің мұрасы, негізінен, бел баласы Мұрат Өскенбаев арқылы жетіп отыр. Ол Абыл, Есір, Құлшар, Өскенбай, Қартбай сынды күйшілердің туындыларын, ертедегі аңыз күйлерді, өз күйлерін қосқанда, ұзын саны, үш жүздей күй тартқан
XX-шы ғасырдың ортасында қазақ музыкасының арнайы кәсіпқойлық жүйеде қалыптасуына, дамуына атсалысқан А.Жұбановтан бастап, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, Р.Омаров, Н.Тілендиев, К.Күмісбеков сияқты күйші-композиторлардың жолын М.Әубәкіров, А.Мырзабеков, М.Қалауов, Ә.Есқалиев, С.Балмағамбетов, Ш.Әбілтаев, Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, Қ.Тасбергенов, С.Тұрысбеков, С.Құсайынов, Ә.Желдібаев, М.Сыдықов сынды күйшілер жалғастырып қазақ күйшілік өнерінің дамуына айтарлықтай салмақты үлес қосты.
Күй жанрының мейлінше профессионалдық сипат алуы, домбыра аспабына қатысты және бұл - әсіресе, XVIII-XIXғғ. байқалған құбылыс, Алайда, ең көне күйлер қобыз бен сыбызғыда орындалғаны - даусыз ақиқат.
Қобыз - қазақ халқы алабөтен қасиет тұтатын аспап. Этномузыка саласының білгірі В.Бахманның пікірінше, қобыз - жер бетіндегі ең ежелгі шекті, ыспалы аспап болса керек. ХХғ. соңғы ширегінде европалық зерттеушілер В.Бахман мен С.Дончев қобыздың, Орталық Азия көшпенділерінің соған ұқсас аспаптарымен қатар, бүгінде Европа ғана емес, күллі әлемге таралған скрипка, виолончель сияқты сұлу, сиқырлы аспаптардың түп атасы, төркіні екенін бұлтартпас дәйектерге жүгіне отырып, дәлелдеп шықты.
Зерттеушілердің көпшілігі қобыз - көшпенді дүниетанымының, оның Ғалам жайындағы түсінігінің бейнесі деген пікірге ден қояды. Қобызды Қорқыт Атаның жасауы, содан соң толассыз ағып жатқан дария үстінде отырып, күні-түні күй қайырып, күйдің тылсым күшімен ажалды бөгеуі, ақырында бір сәт қалғып кеткенде, ажалдың қарақұрт кейпінде келіп, шағып өлтіруі турасындағы ғажайып миф - осының айғағы деседі. Бір таңқаларлық жайт - қазақтың ежелгі бақсылары да, күйшілері де бірдей Қорқыт Атаға сиынып, бақсы - Қорқыт сарынын шалса, күйші - Қорқыт Атанікі деп күй тартқан. Қазіргі уақытқа жеткен қобыз күйлерінің қомақты бір парасы - Қорқыт атына телінетін күйлер. Қазаққа Қорқыт күйлері аталатын құпиялы, сырлы циклды мирастаған Соқыр Нышан - Нышан бақсының өнері қобызбен күй тарту саласындағы соны дәстүр болды. [16]
Қазір қобызды нарқобыз және қылқобыз деп екі түрге бөліп жүрміз. Қылқобыз - бүгінде жұртшылыққа әбден көзтаныс болған, күй тартуға арналған тұрқы шағын аспап. Ал нарқобыздың шанағы үлкен, сол үлкен шанақтың ішіне айна қондырылған, басына жезден не темірден соғылған шылдырмақтар ілінген, үні күркіреген зор, жуан болып келеді. Деректерге сүйенсек, нарқобызды, негізінен, бақсылар шалған сияқты. Бақсы сарыны аталатын тұтас бір жанр ғасырлар бойы осы нарқобызда орындалып келген.
Қобыз күйі шынымен түрленген уақыт, алтын ғасыр - ХІХ ғ. еді. Бұл кезеңде Ханқожа, Ерден, Дүкен сынды үлкен қобызшылар өткендігі айтылады. Дегенмен, арқалы, ұлы күйші Ықылас қана қобыз күйін мүлде жаңа тарапқа бағыттап, өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен еді. Ықылас әулетін қазақ арасында жеті атасынан қобызшылар ұрпағы деп атайды. Қорқыт әуенін, ежелгі бақсылар сарынын жеріне жеткізе меңгерген Ықыластың қобызы жаңаша тыныс ашты, күңіренген даусы кеудесінен керемет сырлы күйге айналып ақтарылды. Ықыластың әйгілі шәкірттері дегенде, жадымызға бел баласы Түсіпбек, сондай-ақ Әбікей, Сүгір күйшілер оралады. Осы күйшілерден тікелей дәріс алған Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев - Ықылас өнернамасын небір ауыр өткелектен аман алып өтіп, келер ұрпаққа табыстаған абзал жан, ірі қобызшылар.
Айналып өтуге, айтпасқа болмайтын тағы бір сөз - қобыздың, қобыз күйлерінің тағдыры хақында. Қобыз әуелі әсіре діндарлар тарапынан, кейін, Октябрь төңкерісінен соң қызыл өкімет тарапынан жын шақыратын бақсы құралы ретінде айыпталып, көп қудаланды. Жойылып кете жаздап барып, шерлі көшпендінің тірі рухы іспеттеніп қайта оралды. Бірақ көп қазына - санын ешкім санап болмас - мәңгіге жоғалды. Қазіргі кезде қобызда тартылып жүрген күйлер - бір заманғы ұлан-ғайырдың бір ғана жұрнағы, теңіздің тамшысы десек керек-ті. Соның өзі - дәтке қуат, көңілге медеу.
Қазақтың қобыз күйлерін жаңа биікке көтерген - Ықылас Дүкенұлы. Ықыластың ең алғашқы күйлерінің бірі - Ерден. Ақмола уезінің аға сұлтаны болған Ерден Сандыбайұлының жалғыз баласы Айменденің қазасына жұбату ретінде шыққан бұл күй қобыз күйлерінің тамаша бір үлгісінен саналады. Ықыластың Кертолғау, Ықылас, Шыңырау, Жез киік атты күйлері жігерлі, жалынды келіп, жан-дүниедегі буырқаныстарды бейнелесе, Қазан, Қамбар батыр, Мұңлық-Зарлық, Айрауықтың ащы күйі - эпикалық жырлардың әсерінен туындаған күйлер. Дәулет Мықтыбаев көптеген күйлерді Ықыластың баласы Түсіпбектен үйренсе, Жаппас Қаламбаев Ықыластың шәкірті, Қаратау күйшілік мектебінің көрнекті өкілі Сүгір Әлиұлынан тәлім алған. Ықылас күйлерінің біздің заманға жетіп, нотаға түсуіне себепші болған жандар - Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев.
Қазақ дәстүрлі музыкасын ғасырлар бәйгесінен оздырған тағы бір сырлы аспап - сыбызғы. Тамылжып, сызылып, уілдеп, қыр көшпенділерінің сансыз буын, ұрпағының жанын тербеген қазақ сыбызғысы адам баласы ойлап тапқан үрлемелі аспаптардың ішіндегі ежелгілердің және ерекше әуезділердің қатарынан орын алса керек. Сыбызғының дәстүрлі үлгісі қурай өсімдігінен жасалады, аспапты жасауға қара қурай, өгіз қурай, қырлы қурай түрлері пайдаланылған. Сыбызғышылар сыбызғыны қурайдан өздері жасап алып тартқан және оны жасау әдіс-тәсілдерінде әрбір өнерпаздың өзіндік өлшемі, өз құпиясы болған. Бабымен жасалған сыбызғының сыртынан жаңа сойылған мал өңешінің ақ шелімен немесе жас төлдің аш ішегімен қаптайды. Мұндай сыбызғының үні таза, ыстық-суықтан айнымайды және ұзақ уақытқа дейін шыдайтын болады. Қурай сыбызғыны тартқанда орындаушылар қурайдың өзегін сумен бүркіп отырады екен. Себебі, қурайдың іші кеуіп, қаңсып кетуіне байланысты дыбыстың біркелкі шығуына, бояуына кедергі жасайды. Қурайдан жасалған сыбызғының дыбысы әуезді, жұмсақ, табиғи шығады. Сондай-ақ сыбызғының қурайдан басқа да ағаштан және жезден жасалған түрлері болады. Сыбызғы туралы өнер зерттеушісі, сыбызғышы Талғат Мұқышев өзінің осы аспаптық өнерге арналған кандидаттық диссертациясында: Сыбызғы тектес аспапты, адамзатқа табиғат дайын күйінде сыйлаған деуге де болады. Бұл жайында халық ертегілерінде де айтылып жүр. Бұрындары қазақ сыбызғышы-күйшілері сыбызғыны қурайдан жасайтын болған - деп сыбызғының шығу тарихына тоқталып кетеді [17].
Сыбызғы, бір қарағанда, қарапайым аспап болып көрінгенмен, үрлемелі аспаптардың ішінде дыбыс шығаруы жағынан күрделілігімен ерекшеленеді. Сыбызғыда мүштік болмайды, ол - тіске қойылып тартылатын аспап. Сондай-ақ дәстүрлі сыбызғышылар күй тарту барысында үш түрлі дыбысты үндестіріп отырады екен. Бұл дыбыстарды кәнігі тыңдаушылар сыбызғының үн-дыбысы, ауыз жаңғырығы, сыбызғышы көмейінің дауысы деп ажыратады. Үрлемелі аспаптарға көмей дауысын қосып орындаушылық Сібір халықтарының қос дауысты ән-жыр салу дәстүріне жақын болып келеді. Бұл үрдіс қазақтың сыбызғышылық дәстүрінде маңызды орын алған. Осы тәсілді сыбызғыда пайдаланғанда көмей дауысы күйдің негізгі тонын созып ұстап тұрады, ал сыбызғының үні болса, күйдің әуенін жүргізіп отырады.
Сыбызғышылық дәстүр республикамыздағы Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан өңірлерінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай кең таралған.
Батыс Қазақстан сыбызғышылық дәстүрінің көрнекті өкілдерінің бірі - Сармалай. Сармалай күйлерін бізге жеткізген сыбызғышы Ысқақ Уәлиев еді. Оның орындауындағы Сармалайдың бірнеше күйлерін ғалым Ахмет Жұбанов нотаға түсіріп, жарыққа шығарды. Бұл өңірдің тағы бір өкілі Мәкәр Сұлтаналиевтің күйлері өнертанушы Болат Сарыбаевтың орындауында жетті. Батыс Қазақстан өңірінің сыбызғы күйлерінің әуені баяу болып келеді, диапозонның кеңдігі, регистрлық мүмкіндіктерді мейілінше пайдаланғаны және дыбыс қатары минорлы лад сыбызғысында орындалуымен ерекшеленеді.
Шығыс Қазақстан сыбызғышылық дәстүрі дегенде, жер бетіндегі әлденеше көне өркениетке алтын бесік болған, алып Алтай тауларының бауырында қанат жайған сыбызғы шалу өнерін айтамыз. Ілкіде тұтастай Алтайды жайлаған елдің кейін заман ығымен бір кездегі атақоныс, қазіргі Қытай, Мұңғылия жеріне екі бөлініп, қоныс аударуы себепті, аталмыш сыбызғышылық дәстүр қазір Қазақстанмен қатар сол елдерде де сақталып отыр. Алтай өңіріндегі сыбызғышылар арасында сыбызғы тартысып, күй жарыстыру, өнер сынасу салты ХVII ғасырда белгілі болғандығы жайлы деректер бар. Және осы бір оқшау үрдіс бертінге, ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін жалғасып келгендігі, оған Тілеке мен Жантелі, Шерубай мен Мұса, Оспанғали мен Шанақтың сайыстары айғақ болатындығы анық.
Шығыста кең тараған сыбызғылар көбінесе үш-төрт ойықты болып жасалады, дыбыстық обертондарға бай, дыбыс қатары мажорлы лад болып келеді. Күйлерінің сазы ән тектес, бірнеше әуеннің қайталануынан қалыптасқан. Бұл өңір күйлерінің ірі орындаушы, жеткізушілері - Кәлек Құмақайұлы, Шанақ Ауғанбаев, Бейілхан Қалиақпарұлы, Құсман Мақмырза, Талғат Мұқыш сынды сыбызғышылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстрадалық өнер жанрлары
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Жеке тұлға қалыптастыруының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Пәндер