Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану



Кіріспе

Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану.

1.1.Жергілікті желі және желілердің түрлері

1.2.Интернеттегі электрондық пошталар және оларды
ұйымдастырылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қоғамды ақпараттандыру жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушылар санының арта түсуін талап етеді. Ақпараттандыруда білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда, ол жаңа ақпараттық технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып, оларға ықпал етеді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керектігін және он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамыту қажет екендігін атап айтты.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамды ақпараттандыруға байланысты жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің жүзеге асыруын талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды, әсіресе, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану ерекше орын алады.

Соңғы жылдары әрбір тәуелсіз мемлекетті білім беру жүйесін ақпараттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай елімізде информатиканың оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша негізгі жетістіктер Е.Ы.Бидайбков, Е.Ө,Медеуов, Ж.А.Қараев, С.К.Қариев, Т.О.Балықбаев, Қ.С.Әбдиев, С.Т.Мұханбетжанова, Г.З.Халықова, Т.Х.Хакимова және т.б көптеген ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты. Бұл ғалымардың жұмыстары негізінде мектептегі информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйеісі жасалды. Сонымен қатар, компьютерді мектепке енгізуге байланысты туындайтын мәселелерді кешенді шешудің жолдары іздестірілді. Жалпы жоғарыда келтірілген еңбектер елімізде информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша біршама жұмыстардың атқаралып отырғандығын көрсетеді.
1. Зимина О.В., Кирилов А.И. Рекомендации по созданию электронного учебника.
2.Нурмухамедов Г.М. О подходах к созданию электронного учебника// Информатика и образование. 2006. №5.
3.Винницкий Ю.А., Нурмухамедов Г.М. Принципы разработки электронных мультимедийных учебников для средней школы//Информатика и образование. 2006. №10.
4.Государственные общеобязательные стандарты среднего общего образования Республики Казахстан. Среднее общее образование. Алматы 2002.
5.О.В.Зимина, А.И.Кирилов «Рекомендации по созданию электронного учебника».
6.Е.Ы.Бидайбеков С.Г.Григорьев, В.В.Гриншкун «Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения»
7.Халықова Г.З. Есептеу желілері. Алматы. 2008ж.
8.Мансұрова М. Компьютерлік орта.Алматы 2004ж.
9.Камардинов О. Информатика. Алматы 2004ж.
10.Халықова Г.З. Информатиканы оқытудың әдістемесі. 2000ж.
11.Интернетке кіріспе. Бүкіл дүниежүзілік өрмек, Алматы 2004ж.
12. Информатика 9 сынып. Оқу құралы.
13. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер. Алматы. Білім, 1995 ж.
14. Левин А. Самоучитиель работы на компьютере.
Москва.Нолидж,1998 г.4-е издание
15. Әбдиев Қ.С, Ошанова Н.Т Телекоммуникация сабақтары. Әдістемелік құрал. Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы , 2005 ж .

Жоспары:

Кіріспе

Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану.

1.1.Жергілікті желі және желілердің түрлері

1.2.Интернеттегі электрондық пошталар және оларды
ұйымдастырылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамды ақпараттандыру жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушылар санының арта түсуін талап етеді. Ақпараттандыруда білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда, ол жаңа ақпараттық технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып, оларға ықпал етеді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керектігін және он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамыту қажет екендігін атап айтты.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамды ақпараттандыруға байланысты жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің жүзеге асыруын талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды, әсіресе, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану ерекше орын алады.

Соңғы жылдары әрбір тәуелсіз мемлекетті білім беру жүйесін ақпараттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай елімізде информатиканың оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша негізгі жетістіктер Е.Ы.Бидайбков, Е.Ө,Медеуов, Ж.А.Қараев, С.К.Қариев, Т.О.Балықбаев, Қ.С.Әбдиев, С.Т.Мұханбетжанова, Г.З.Халықова, Т.Х.Хакимова және т.б көптеген ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты. Бұл ғалымардың жұмыстары негізінде мектептегі информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйеісі жасалды. Сонымен қатар, компьютерді мектепке енгізуге байланысты туындайтын мәселелерді кешенді шешудің жолдары іздестірілді. Жалпы жоғарыда келтірілген еңбектер елімізде информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша біршама жұмыстардың атқаралып отырғандығын көрсетеді.


Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану.
Жергілікті желі және желілердің түрлері

Компьютердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды.Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату.Ресурстар дегеніміз-берілгендер, қосымшалар, дискіжетек,принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.
Компьютерлік желі - саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерлерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат- желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі ( кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі ( декодтау процесі).
Компьютерлер, компьютердік желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок - желілік адаптер арқылы қосылады.
Желілік адаптер - компьтердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Token Ring және Arc Nett типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді. Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Кабельдік тікелей жалғау. Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection (DCC) - тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бүл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір - біріне параллель немесе порттары арқылы қосылады.
Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі - жетекші, екіншісі жетекте болады. Тікелей кабельдік жалғаудың кемшілігі дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы.Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданғанмен, тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.
Екіден көп бірнеше компьютерді бір - бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге желілік тақша орнатылуы қажет, оларды бір - бірімен кабель арқылы байланыстырып, компьютердердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы программаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір - бірінен өте алшақ
орналаспаса, олар бір программалық қамтамасыз ету кестесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергелікті желі деп атаймыз.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент -сервер түріне жатады. Клиент - сервер желісіндегі серверден басқа компьтерлер жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б қосылады.
Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент - сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығымен қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте сервер жұмыс өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискілер (накопители), принтерлер, модем, CD - ROM (компак -диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі - онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.
Деңгейлері бірдей Компьютердік желілерде әрбір жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара алады.
Windows 2000 операциялық жүйесі ортақ пайдалануға арналған
деректерді кез келген компьютердің пайдалануына толық мүмкіндік береді.
Мұндай басқаруды - жүйелік саясат немесе жүйелі ереже деп те атайды.
Компьютердік желідегі жүмыстарды басқаруға жауапты және жүйелік
саясатты реттейтін маманды - жүйе басқарушысы немесе жүйелік әкім
(администратор)деп атайды. Компьютердік желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:
:: ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;
:: бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
:: электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланылатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
:: желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;
:: интернетке қосылу мүмкіндігі;
:: ақпараттың резервтік көшірмесін алу және
орталықтандырылған қорғау.
Бір рангілі желіге қосылған әрбір компьютер ресурсты пайдаланушы(клиент), сонымен қатар желінің басқа тораптарына өзінің жергілікті ресурстарына бар барлық немесе оның кейбір бөлігін ғана
(файлдар, принтерлер, программалар) қатынас құру құқықтары (сервер) ретінде ұсына алады. Бір рангілі желіде Windows 98 жэне Windows 2000 Professional операциялық жүйелері орнатылған компьютерлер болса, Windows 98 орнатылған компьютерге оны баспа сервері ретінде қолданып,
принтерді қосуға, ал Windows 2000 Professional орнатылған компьютерді файлдардың ерекшеленбеген сервері ретінде ақпараттады сақтау үшін пайдалануға болады.
Бір рангілі желі құру үшін жоғарыда айтылған операциялық жүйелері бар стандартты программалық және желілік жабдықтар ( кабельдар, желілік адаптерлер) қажет. Тек MS-DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейін желіге қосуға болады. Бір біріне жақын орналасқан бір рангілі желіге қосылған бірнеше компьютер жұмыс топтарына біріктіріледі. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескерту қажет, мысалы бухгалтерия бөлімі компьютерлерін Бухгалтерия тобына т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы қызмеін атқара алады. Жұмыс тобының мүшелері өз компьютерлеріне қосылған ресурстарды өздігімен ортақтаса пайдалануға береді. Жұмыс тобына арналған тіркеу жұмыстары жүргізілмейді, себебі мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерді орталықтандыратын басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйе Professional операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін әрбір компьютер өзінің қорғану саясатын және тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.
Желідегі компьютерлер санының артуына қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі кұрып, компьютерге ресустар мен тұтынушыларды ортальқтан басқару мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тізбекті жене параллель қосылатын болып екіге белінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бүл компьютерлердің арасында алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану максатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырған теміржол және әуе қатнасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар
санын білу мүмкін емес ғаламдық акпараттық Интернет желісі. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады.
Компьютер желіге желілік тақташа, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес модем қажет.
Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер - ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абонеттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттык, ақпараттьқ, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады.
Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар.
Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейде желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникацияльқ желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.
Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі - желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиынтығы. Онда білім базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.
Интернет желісі әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жаластырылған жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет, болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелік байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі.. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштатағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі.
Ақымды желі немесе Интернет - адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет - (ағылшынша Internet - желіаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды камтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Мысалы: жергілікті желі арқылы жіберілген хабар, басқа континентте пайдаланушыға жетпес бұрын бірнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.
Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қрғау меселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Интернет - компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көрсететін 2 млн-нан. астам тораптық, компьютерлерді қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсіп отырады .
Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және Arc Nett типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі.
Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.
Желілік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Бір-біріне жақын орналасқан бір рангілі желіге қосылған бірнеше компьютер жұмыс топтарына біріктіріледі. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің кұрылымын ескеру қажет, Мысалы, бухгалтерия бөлімі компьютерлерін Бухгалтерия тобына т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент)қызметін атқара алады. Жұмыс тобының мүшелері өз компьютерлеріне қосылған ресурстарды өздігімен ортақтаса пайдалануға береді. Жұмыс тобына арналған тіркеу жұмыстары жүргізілмейді, себебі мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлерді орталықандырлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін әрбір компьютер өзінің қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.
Желідегі компьютерлер санының артуына (10 артық) қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі құрып, компьютерге ресурстар мен тұтышушыларды орталықтан басқару
мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал.
Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырлған тәсілі бар компьютерлер тобының домен атауы болады.
Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушысы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервтік домен бақылаушы болғаны дұрыс.
Windows 2000 Professional операциялық жүйесі әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін-бірі табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі орнатылған компьютерлер кейінірек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмді ІР-адрестеу (Automatic IP-addressing) деп атайды.
Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердің бір-біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар біртілмен - ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.

Компьтерлік желілер түрлері.
Жергілікті және территорияға бөлшектенген желілер.

Жергілікті желі(LAN) бір ғимарат ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплекісінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше жергілікті желіні біріктіреді.
Жергілікті желілер (ЖЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайым дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын
компьютермен қосады.Жергілікті желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдануы және ортақ құрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін.Жергілікті желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.
Жергілікті желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жергілікті желінің кейбір қызметтері;
:: Құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
:: Құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарыд көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
:: Сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
:: Сервердегі қосымшалырға жеңіл кіру;
:: Принтерлер,CD-ROM, дискіжетектері,қатты дискілер және қосымшалар (мысалы,мәтіндік редакторларды, мәлімет қорының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.
Жергілікті желі - компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерлерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат - желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі (кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі (декодтау процесі).
Компьютерлер, жергілікті желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок - желілік адаптер арқылы қосылады.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер жене бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дережелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінтен файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түріне жатады. Клиент-сервер желісіндегі серверден басқа компьютерлер - жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді.
Мұндай желіде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискілер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет.

1.2 Интернеттегі электродық пошталар және оларды ұйымдастырылуы

Электрондық пошта (ЭП) - компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты VPN технологиясы арқылы қорғау
Мәліметтер базасы серверінің моделі
Компьютерлік желінің анықтамасы
Телекоммуникациялық компьютер компоненттері
«Қабылдау комиссиясы жұмысын автоматтандыру»
Intranet –қосымшалары
Каналды деңгейдің HDLC хаттамасы
Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Пәндер