Азаматтық іс жүргізу жайлы



КІРІСПЕ
1. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
1.1 Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс жүргізудің мәні және мағынасы
1.2 Азаматтық істі сотта қозғаудың мәні және мағынасы
2 СОТ МӘЖІЛІСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ 2.1 Істі сотта қарауға әзірлеу
2.2 Істі мәні бойынша қарау
2.3 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және іс жүргізуді қысқарту
2.4 Шешім шығармай сот мәжілісін аяқтау
2.5 Сот отырысының хаттамасы
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛАТЫН СОТ АКТІЛЕРІ
3.1 Азаматтық іс бойынша сот шешімі . сот төрелігінің негізгі актісі
3.2 Сот шешімінің заңды күшіне енуі және оны қайта қараудың құқықтық салдары
3.3 Азаматтық іс бойынша шығарылатын басқа да сот актілер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диплом жұмысы Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс бойынша сотта істі бірінші сатыда қарап шешу түсінігін, тәртібін, ерекшелігін және де сот отырысының бөлімдеріне талдау жасау. Бірінші сатыда істі қарап шешу барысында шығарылатын сот актілерінің түсініге, түрлеріне тоқталып жеке-жеке қарастыру болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Азматтық істер бойынша сот төрелігінің басты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады. Бұл – қоғамдық маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшін маңызды міндеттердің бірі.
Азматтық құқықтарды қорғау және сақтау құқықтық мемлекет қызметінің құрамдас бөлігі және азаматтық қоғам қызметінің негізгі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында белгіленгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар [1]. Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдануын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау және ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді. ҚР Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазастан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Азаматтық құқықтардың қорғалуы сотпен және аралық соттармен жүзеге асырылады. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан болып табылады.
1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы делінген [2, 390 б.]. Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет азаматтарының өз сот органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты құрайтын негізгі бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы / 30-тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған (7-қазан 1998 жылғы №284-І, 21-мамыр 2007 жылғы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге) // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. – 1996. -№4. – 217-қ; 1998. -№20. – 245қ.; 2007. - №10. – 68-қ
2. Сборник документов по международному праву / Под общ.ред. К.К.Токаева. – Алматы: САК, 1998. – Т.1.
3. Қазақстан Республикасының 28 қараша 2005 жылғы № 91-ІІІ Заңымен бекітілген Азматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (Нью-Йорк, 1966 жыл 16-желтоқсан) // http://online.prg.kz
4. Қазақстан Республикасының 25-желтоқсан 2000 жылғы № 132-ІІ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы 2000. - №23. – 410-қ.
5. Козлов А.Ф. Суд первой инстанции как субъект гражданского процессуального права: Афтореферат. д-ра юрид. наук. – Свердловск, 1970 г.
6. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Репспублике Казахстан: Учебное пособие / Под ред. Р.Т.Тусупбекова. – Алматы: КазГЮУ, 1999. – Часть 1.
7. Семенов В.М. Суд и правосудие в СССР. – 2-е изд. – Москва: Юридическая литература, 1984 г.
8. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное законодательство Республики Казахстан: противоречия и проблемы // Актуальные вопросы гражданского процессуального законодательства и трудового права Республики Казахстан: Материалы научно-практической конференции. – Алматы: КазГЮУ, 2002. – С.5-33.
9. Юделсон К.С. Предварительная погатовка дела в советском гражданском процессе. – Москва., 1948 г.
10. Гражданский процесс. – Москва. Бек, 1999 г.
11. Треушников М. К. Гражданский процесс. – Москва. 2008 г. изд. Дом «Городец».
12. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции. – Алматы: Жеты Жаргы, 2001г.
13. Осипов Ю.К. Элементы с стадии применения норм советского гражданского процессуального права // Проблемы применения норм гражданского процессуального права. – Свердловск, 1976 г.
14. Циховский А.В. Цель и приделы действия стадии подгатовки дела к судебному разбирательству. – Томск, 1987 г.
15. Гражданское процессуальное право РК, Баймолдина З.Х., Особенная часть. Учебник.-Алматы: КазГЮА, 2001г.
16. Абдуллина З. К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции: Учебное пособие. – Алматы: Данекер, 2003 г.
17. ҚР азаматтық іс жүргізу кұқығы: заң факультетінің студентеріне арналған оқу құралы/ Е.О. Егембердиев.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003 ж.
18. «Азаматтық істерді соттың қарауына əзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қаулысы.
19. Сироткина М. Подгатовка гражданских дел к судебному разбирательству // Советская юстиция, 1978, № 1.
20. Гурвич М.А. Учение об иске. – Москва: ВЮЗИ, 1981 г.
21. Трубников П.Я. Судебное разбирательство гражданских дел. – Москва. – 1962 г.
22. Гуреев П.П. Судебного разбирательства гражданских дел Москва, 1958г.
23. Трубников П.Я Судебное разбирательство гражданских дел Москва, 1962г.
24. Агашин В.М. Процессуальные особености расмотрения отдельных категории гражданских дел в суде. Казань, 1989г.
25. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999-жыл 13-шілде № 441 – І Юрист баспасы.
26. Нұрмышев Ү., Нұрмышева Ф. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы -2009 жыл.
27. Гражданский процесс. Москва. – Спарк, 1999 г.
28. Зейдер Н.Б. Судебное заседание и судебное решение в советском гражданском процессе. – Саратов, 1959 г.
29. Пушкар Е.Г. Исковое производство в советском гражданском процессе. Львов, 1978 г.
30. Чечина Н.А. Норма права и судебное решение. – Л.; ЛГУ, 1961 г.
31. Гражданское процессуальное право России: учебник под ред. М.С. Шакарян. – Москва. Юрист – 2002 г.
32. Гражданское процессуальное право России / Отв. ред. М.С. Шакарян. Москва. Былина, 1999 г.
33. Гурвич М.А. Судебное решение. Теоретические проблемы. Москва. 1976 г.
34. Зейдер Н.Б. Судебное решение по грожданскому делу. Москва. 1966 г.
35. Авдюков М.Г. Судебное решение. Москва. – 1959 г.
36. Добровольский А.А., Иванова С.А. Судебное решение как акт защиты нарушенного или оспоренного правам // Советское государство и право. 1977г. №5.
37. Граждансое процессуальное законодательство. Коментарий. Москва. 1991г.
38. Илиясова Г.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Қарағанды. – 2007 жыл. «Санат-полиграфия».
39. Гражданский процесс: Учебник/ Под ред. М.К.Треушникова. - М.: ООО «Городец-издат», 2001.
40. Гражданский процесс: Учебник/ Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. -М.: ТОО «Фирма ГАРДАРИКА», 1996.
41. Воронков Г.В. Понятие и классификация определений суда первой инстанции. Саратов: 1962.
42. Чуйков Ю.Н. Частное определение в гражданском судопроизводстве. - М.: Юридическая литература, 1974.
43. Чечина Н.А. Судебная деятельность и предмет судебного решения, «Вестник ЛГУ» № 5, серия «Право», 1959.
44. Явич Л.С. Проблемы правового регулирования советских общественных отношений, 1961.
45. Решетняк В.И., Черных И.И. Заочное производство и судебный приказ в гражданском процессе: Пособие. - М.: Городец, 1997.
Гражданский процесс: Учебник/ Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. - М.: ТОО «Фирма ГАРДАРИКА», 1996.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диплом жұмысы Қазақстан Республикасындағы
азаматтық іс бойынша сотта істі бірінші сатыда қарап шешу түсінігін,
тәртібін, ерекшелігін және де сот отырысының бөлімдеріне талдау жасау.
Бірінші сатыда істі қарап шешу барысында шығарылатын сот актілерінің
түсініге, түрлеріне тоқталып жеке-жеке қарастыру болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Азматтық істер бойынша сот төрелігінің
басты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады. Бұл – қоғамдық
маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет
құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшін маңызды міндеттердің
бірі.
Азматтық құқықтарды қорғау және сақтау құқықтық мемлекет қызметінің
құрамдас бөлігі және азаматтық қоғам қызметінің негізгі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында
белгіленгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы
қорғалуына құқығы бар [1]. Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып
жолдануын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау және ол бойынша
заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді. ҚР Конституциясының 75-
бабына сәйкес, Қазастан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге
асырады. Сот билігі іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың
Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің,
халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Азаматтық құқықтардың қорғалуы сотпен және аралық соттармен жүзеге
асырылады. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы
қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын,
мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді
субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты
қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан
болып табылады.
1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен
немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті
ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы
делінген [2, 390 б.]. Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет
азаматтарының өз сот органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты
құрайтын негізгі бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады. Сонымен
қатар, 1966 жылы 19-желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар
жөніндегі халықаралық пактінің 14-бабының 1-бөлігінде Әрбір адам өзіне
тағылған кез келген қылмыстық айыптауды карау кезінде немесе қайсыбір
азаматтық процессте оның құқықтары мен міндеттерін анықтау кезінде заң
негізінде құрылған құзіретті, тәуелсіз және әділ сот арқылы ісі әділетті
және ашық қаралуын талап етуге құқылы [3] деп жариялап осы халықаралық
пактіні бекіткен әрбір мемлекет азаматтарының өз ісінің құзіретті сотта
қаралуы құқығына кепілдік береді.
Құқық қорғау жүйесіндегі соттардың ерекше рөлін білдіретін негізгі
көрініс оның жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау мен жүзеге асырудағы
шешуші маңызы болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда азаматтық істер
жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістерге сәйкес
енді үш буынды сот жүйесі қалыптасты. Енді бірінші сатыдағы соттағы істерді
аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданарлаық сот)
қарайды. Осыған орай ендігі барлық ауыртпалық осы бірінші сатыда істі қарап
шешуге жүктелетіні анық. Істің сапалы шешілуі – заңды әрі негізді шешімнің
шығарылуын қажет етеді.
Дипломдық зерттеудің объектісі – Қазақстан Республикасының сот жүйесін
кұрайтын соттардың азаматтық істерді бірінші сатыда қарап шешу кезінде
қалыптасатын азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатнастар.
Дипломдық зерттеудің пәні – азаматтық істердің бірінші сатыда қаралуы
мен шешілуінің теориялық және практикалық аспектілері.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері – бірінші сатыда істі мәні
бойынша қарап шешуде сотпен жүзеге асырылатын әрекеттерді талдау. Аталған
мақсат келесі міндеттерді айқындайды:
1. Әділ соттылықты жүзеге асыру барысындағы құқықтық реттеудің
кемшіліктерін айқындау, оларды жоюға бағытталған ұсыныстар жасау;
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының бір бөлімі ретінде бірінші сатыда іс
жүргізудің түсінігін анықтау;
3. Бірінші сатыда істі мәні бойынша қарау барысындағы бөлімдерді жеке
талдау;
4. Бірінші инстанция сот актілеріне тоқталып, олардың мәнін ашу болып
табылады.
Диплом жұмысын жазу барысында қолданыстағы заңнамаға талдау жасалып,
Қазақстандық және ТМД елдерінің көрнекті процессуалист-заңгер ғалымдарының
еңбектері қарастырылды, атап айтсақ: Абдуллина З.К., Баймолдина З.Х.,
Егембердиев Е.О., Треушников М.К., Чечина Д.М., Козлов А.Ф., Осипов Ю.К.,
Гурвич М.А., Зейдер Н.Б. және т.б.
Сондай-ақ зерттеу-зерделеу жұмысымыздың нормативтік құқықтық базасын
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы ҚР Заңы, Азаматтық іс жүргізу кодексі және өзге де
нормативтік құқықтық актілер.

1. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
1.1 Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс жүргізудің мәні және мағынасы

ҚР Конституциясының 75-бабының 4-тармағына сәйкес республиканың сот
жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді
[1]. ҚР Конституциясы 75-бабының 3-тармағы Заңмен құрылған Республиканың
Жоғарғы соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың
соттары болып табылады [1] деп жариялайды. Сот жүйесінің құрамына басқа
да соттар ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 21
мамыр 2007 жылғы №254-ІІІ ҚР Заңымен қосылды. Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ҚР Конституциялық Заңының 3-
бабына 17-қараша 2008 жылғы №80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен енгізілген
өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес жергілікті соттарға облыстық оларға
теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық
маңызы бар қалалардың қалалық соттары); аудандық және оларға теңестірілген
соттар (қалалық сот, ауданаралық сот), ал басқа да соттардың қатарына
мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар жатқызылады[4].
Даулы мәселені қарап шешуде азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі және
шешуші субьектісі басты іс жүргізушілік қызметті, яғни істі мәні бойынша
шешуді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот болып табылады. Осы жерде
бірінші саты соты ұғымының мәнін ашып қарайтын болсақ, А.Ф Козловтың
берген анықтамасы бойынша, сот істерін қарауға (жасалған құқық бұзушылықтың
мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу жолымен) және оларды
мәні бойынша шешуге (азаматтық істер бойынша тиісті шешімдерді және
қылмыстық істер бойынша үкімдерді шығару жолымен) өкілетті соттар бірінші
саты соттары болып табылады. Ал азаматтық істерді мәні бойынша шешу
мәлімделген азаматтық талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан
бастарту жөнінде шешім шығаруды білдіреді [5, 17 б.]. Г.Ж Сулейменованың
анықтауы бойынша, бірінші саты соттары жасалған құқық бұзушылықтың мән-
жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу жолымен сот істерін
қарауға және қылмыстық істер бойынша қаулы, үкім және де азаматтық істер
бойынша тиісті шешім, ұйғарым шығару жолымен оларды мәні бойынша шешуге
өкілетті соттар болып табылады [6, 44 б.]. В.М. Семеновтың пікірінше
бірінші саты соттарымен жүзеге асырылатын сот төрелігі азаматтық іс бойынша
талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау және қылмыстық істер бойынша
сотталушыны айыптау немесе ақтау мақсатында істі мәні бойынша талқылау [7,
78]. Біздің ойымызша жоғарыда айтылған пікірлер дұрыс себебі, сот төрелігі
алдымен бірінші сатыда жүзеге асырылады, өйткені азамат немесе ұйым өзінің
бұзылған құқықтары мен даулы мүдделерін қорғап алдымен осы сотқа жолданады.

ҚР Конституциясының 75-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасында
сот төрелігің тек қана сот жүзеге асырады деп жарияланған[1 б.]. Осы
нормаға сәйкес соттан басқа ешбір құқық қорғау органы сот билігін, сот
төрелігін жүзеге асыра алмайды. З.Х. Баймолдинаның пікірінше, ешбір
нормативтік құқықтық актіде құқық жөніндегі дауларды соттың құзіретінен
алып тастайтын норма болмауы тиіс. Сот қоғамдағы барлық құқықтық сұрақтарды
түпкілікті шешетін жалғыз орган болып табылады және болуы тиіс [8, 13-15
бб.].
Құқық қорғау жүйесіндегі соттардың ерекше рөлін білдіретін негізгі
көрініс оның жеке және заңды тұлғалардың құқын қорғау мен жүзеге асырудағы
шешуші маңызы болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда қылмыстық және
азаматтық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. 2008
жылы конституциялық реформалар аясында сот жүйесіне жаңа үрдістер енді. Сот
өндірісін жеңілдету мен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында үш буынды
жүйенің негізі қаланды. Осы реформаға дейін азаматтардың даулы мәселелер
бойынша ісі бірінші сатыда аудандық, облыстық, Жоғарғы соттарда қаралса,
оған процессуалдық мерзімде шағым беруге облыстық соттың апелляциялық саты,
мұнан кейін қадағалау сатысы, Жоғарғы Соттың қадағалау инстанциясы секілді
бірнеше сатылардан өтіп, іс бойынша нақты шешімнің шығуы көп уақытты алады.
Халықтың бірнеше инстанцияларда табан тоздырып, уақытын кетірместен сот
әділдігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін үш сатылы сот қалыптастырылды.
Енді барлық санаттағы істерді бірінші саты тұрғысында аудандық және оған
теңестірілген соттар қарайды. Еліміздің облыстық және оған теңестірілген
соттары апелляциялық және кассациялық сатыда істерді қараса, Жоғарғы Сот
тек қадағалау сатысында істерді қарайтын болады. Бұған дейін облыстық сотта
азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа және
қадағалау алқасы қызмет атқарып келсе, жаңа өзгерістер енгізілгеннен кейін
тек апелляциялық, кассациялық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша
алқалар құрылады. Аталған сот алқаларына осы Конституциялық заң талаптарына
сай төрағалар басшылық жасайды.
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №227-ІV Заңына
сәйкес енді барлық істер аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген
соттардың соттауына жатады. Жоғарыда аталған заңға сәйкес Азматтық іс
жүргізу кодексінің 27 – бабында былай деп көрсетілген:
Қазақстан Республикасының сайлау туралы Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-
тармағында, сондай-ақ Республикалық референдум туралы Қазақстан
Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген
істерді қоспағанда азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға
теңестірілген соттарда қаралып шешіледі. Яғни облыстық және Жоғарғы соттың
бірінші саты ретінде іс қарауы қысқартылды. Біздің ойымызша бұл өте орынды
себебі, азаматтық істердің көп бөлігінің аудандық (қалалық) және оған
теңестірілген соттарда қаралуына жатқызылуы олардың қаралуы үшін неғұрлым
қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Аудандық соттар тараптармен тікелей
байланысу үшін көп мүмкіндіктерге ие, оларға сот мәжілісіне куәгерлердің
келуін қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды талап ету және де толып жатқан
басқа да процессуалдық әрекеттерді орындау ыңғайлы болып табылады. Мұның
барлығы олардың істі неғұрлым кең, жан-жақты қаруына жағдай жасайды, бұл өз
кезегінде істі уақытында және дұрыс шешудің кепілі болып табылады. Сонымен
қатар аудандық соттарда істерді қарау уақытты үнемдеуге және қаражатты аз
жұмсауға мүмкіндік береді.
Аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың құзіретіне
заңмен жатқызылған істердің шеңбері өте кең. Ол істерді мынандай үш негізгі
санатқа бөлуге болады:
- Азаматтық, отбасы, еңбек, жер т.б. құқықтық қатнастардан туындайтын
даулармен байланысты талап қою істері;
- Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
- Ерекше іс жүргізу істері;
Демек, аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттар осындай
дауларды шешу заңмен әкімшілік немесе өзге органдардың қарауына жатқызылған
жағдайларды қоспағанда, егер тараптардың біреуі азамат, ұйым немесе олардың
бірлестіктері болып табылатын азаматтық, отбасы, еңбек және өзге құқықтық
қатнастарынан туындайтын істерді әкімшілік құқықтық қатнастардан туындайтын
істерді, сондай-ақ заңмен олардың құзіретіне жатқызылған өзге де істерді
қарайды. Байқағанымыздай, бірінші саты ретінде аудандық (қалалық) және
оларға теңестірілген соттардың құзіретіне құқық жөніндегі даумен байланысты
емес, белгілі бір фактілілерді анықтауды талап ететін сұрақтарды да қарау
жатады. Азаматтық істердің бірінші саты ретінде мамандандырылған соттарда
қаралуы АІЖК-нің 30-бабында көрініс тапқан, яғни экономикалы, қаржылық,
әскери, мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік
соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттар өздерінің құзіретіне сәйкес келетін істерді мәні бойынша
бірінші саты соты ретінде қарап шешеді. Демек, соттар жүйесінде бірінші
саты соттары азаматтық істі мәні бойынша қарап шешуде негізгі звено болып
табылады. Осы соттарға деген жауапкершіліктің да жоғары екендігі, мойнына
артқан жүгі ауыр екендігі белгілі. Соңғы енгізілген өзгерістерге сай енді
бірінші саты соттарына істі мәні бойынша қарап шешуде жауапкершіліктің
артары сөзсіз.
Жоғарғы Соттың 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында апелляциялық
тәртіпте қаралған істер жөніндегі сот практикасын қортуында бірінші
сатыдағы соттардың шешімдері мен қаулыларының қүшін жою және өзгертудің
себептері негізінен мыналар болған:
- Материалдық құқық нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау;
- Істер үшін маңызы бар мән-жайлардың шегін дұрыс түсінбеу және дұрыс
анықтамау;
- Шешімдерде баяндалған істердің көрсетілген мән-жайларымен сәйкес
келмеуі;
- Даудың мәніне қатысы жоқ тұжырымдар мен пайымдаулардың шешімнің
дәлелдеме бөлігінде жіберілуі;
Көріп тұрғамыздай бірінші сатыдағы соттардың судьялары істі қарап
шешуде біраз қателіктер жіберуде. Осы қателіктер неліктен кетуде соның
жолдарын ұсынсақ:
Біріншіден, бұл – судьялық корпусқа кездейсоқ жандардың еніп кетуі. Бір
қарағанда судьяларды іріктеудің қолданыстағы жүйесі сенімді секілді
көрінеді, бірақ судьялық қауымдастық кездейсоқ адамдардан өзін қорғай алар
емес.
Екіншіден, бұл – судьялардың адамгершілік-әдеп келбетінің және кәсіптік
деңгейінің жеткіліксіздігі.
Үшіншіден, сот төрелігін атқарудың сапасына көңіл толмаушылық. Әңгіме
сот төрелігін атқару кезінде судьялардың сөзбұйдаға салынуы, қателіктер
жіберуі, тіпті, заң бұзушылықтың орын алатындығы болып отыр.
Төртіншіден, бұл – өткізілген процеске байланысты сот өндірісінің
жеткіліксіздігі, яғни оның шешіміне орай еліміздің соттары әділ бола ма,
жоқ па деген мәселе айқындалады.
Бесіншіден, бұл – сот шешімдерінің сапалы деңгейде орындалу барысы.
Оның нақты шешіміне байланысты сот жүйесінің беделі мен қызметі
айқындалады.
Алтыншыдан, заңдылықтың жағдайы. Дауларды тудыратын негізгі себептердің
бірі қолданыстағы құқықтың кемшіліктері мен олқылықтары. Демек, бүгінгі
таңда сот жүйесінде толғандырар мәселе аз емес. Осы мәселелерді шешу жолы
ретінде біз мынаны ұсынар едік:
Бірінші, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру үшін
мүмкіндігінше барлық шараларды қарастырып, ол үшін, ең алдымен, судьялар
корпусының кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру керек. Бұл орайда
қызмет етіп жатқан судьяларға, үміткерлерге талапты қатайтқан жөн. Осы
орайда, судьялар мен судьялыққа үміткерлерге арнап кәсіптік талап пен
адамгершілік-әдеп нормалары бар жоғары критерилер мен стандарттар белгілеп,
енгізу қажет. Ал тиісті лауазымды тұлғалар судьялыққа ұсынған үміткерлер
үшін жауап беруге тиіс. Сол сияқты сот төрағаларын сол соттағы судьялар
арасынан жиі алмастырып тұрған жөн шығар. Бұған қоса судьялық лауазымдарға
кандидаттарды анықтау барысында құпия дауыс беру қағидаттарын енгізген де
артық болмас еді.
Екінші, судьялардың өздері жіберетін қателіктер мен заң бұзушылықтарды
және сөзбұйдалықты жоятын жағдай жасау мен сот өндірісін жетілдіру
жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Ол үшін жауапкершілік мәселесін
жоғарлату қажет. Сот тәртібімен қаралатын даулар санын азайту өте маңызды
болмақ. Оларды шешудің балама түрлерін, соның ішінде бітімгершілік
процедураларын енгізген дұрыс. Сот өндірісін жетілдірудің бір бағыты
инновациялық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.
Қағазбастылықтан арылып, “электронды үкімет” технологиясы сот жүйесінің
ашықтығы мен қолжетімділігі үшін қолданылуы тиіс. Ал сот өндірісінің жемісі
– сот шешімдерінің орындалуы. Сондықтан сот актілерінің мүдіріссіз сапалы
орындалуына қол жеткізу қажет.
Үшінші, сот төрелігін сапалы атқару және азаматтардың заңды құқын
қорғау үшін соттар мен судьяларды мамандандыруды қолға алудың маңызы зор.
Мәселен, әкімшілік, салық және т.б. мамандандырылған соттардың жүйесін
біртіндеп енгізу керек. Мамандандырылған соттарды барынша көбейту яғни,
тек облыс орталықтарында ғана емес сонымен қатар аудандарда орналастыру
қажет. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес уақыт талабы.
Төртінші, соттар мен судьялар өзіне тән емес қызмет түрлерінен арылуы
қажет. Соттың ең басты және бір ғана міндеті – сот төрелігін жүзеге асыру.
Бесінші, сот жүйесін жетілдіру үрдісі заңдарды жаңартумен теңбе-тең
жүргізілуі тиіс. Бір жағынан сот практикасының нәтижелері заңдылық
ұсыныстардың көзі болып табылса, екінші жағынан заңмен бекітілген ережелер
мен үдерістер іс пен соттық дауларды әділ және тез шешуді қамтамасыз етуге
тиіс.
Жоғарыда біз жасаған ұсыныстардың Қазақстан Республикасының заң
актілерінде тиісті дәрежеде бекітілуі ҚР Жоғарғы сотынан бастап әсіресе,
жергілікті соттарға бірінші саты ретінде істі мәні бойынша қарап шешуде,
яғни сот төрелігін жүзеге асыру қызметінде кездесетін кейбір мәселелерді
шешуге өз септігін тигізеді деген түйінге келуге болады.

1.2 Азаматтық істі сотта қозғаудың мәні және мағынасы

Азаматтық істі қозғау – бұл жалпы іс жүргізудің бірінші және өте
маңызды сатысы. ҚР АІЖК-нің 8 – бабы бойынша жеке және заңды тұлғалар,
прокурор, мемлекеттік органдар талап арыз беру арқылы сотта іс қозай алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық
субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен
бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін
барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
К.С. Юдельсонның пікірі бойынша азматтық істі сотта жүргізу - деп істі
дұрыс қарап шешу кезінде орын алатын бір бағытта жылжитын және өзара мәндес
бірін-бірі алмастыратын іс әрекеттер айтылады. Азаматтық істі сотта
талқылау және қарап шешу белгілі тәртіп бойынша кезек-кезегімен өтетін
әрекеттерден және бөлімдерден тұрады [9, 56 б.]. Азаматтық істі сотта
қозғау – өзінше жеке бөлім, яғни істің алға жылжуын қамтамасыз ететін
бірінші кезекте жүзеге асатын маңызды процессуалдық ірекеттердің
жиынтығынан тұрады [10, 225 б.]. Ал М.С. Шакарянның пікірі бойынша
азаматтық істі қозғау бұл істі сотта қарап шешу кезіндегі оның құрамдас
бөлімі ғана. М.К.Треушникованың пікірі бойынша - азматтық істі қозғау бұл
– азматтық процесстің жеке бір сатысы [11, 324 б.]. Азаматтық істі сотта
қарап шешу кезінде орын алатын әр бөлімнің алдында тұрған белгілі бір
міндеттері оларды бір-бірінен ажыратып ерекшелендіреді. Жоғарғыда айтылған
пікірлердің негізінде азаматтық істі қозғау бұл бірінші сатыда істі қарап
шешудің бір бөлімі деуге болады. Осындай пікірді де З.Х. Баймолдина
келтіреді, яғни іс жүргізуде орын алатын бөлімдер олардың аяқталғандығымен
ерекшеленеді [12, 7 б.]. Азаматтық істі қозғау аяқталғандығымен
ерекшеленеді. Осы бөлімнен кейін азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
бөлімі орын алады. Бұл бөлімнің басты мақсаты істі ең бастысы дұрыс және
уақытылы шешілуін қамтамасыз ету болып табылады. Үшінші бөлім бірінші
сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау болып табылады. Негізінен бірінші
сатыдағы сот істі шешім шығарумен аяқтайды.
Ал Ю.К. Осиповтің пікірі бойынша іс жүргізуді бөлім ретінде емес,
құқық қолданушылық кезең ретінде бөліп көрсетеді. Олар: Бірінші стадығы іс
жүргізу; апелляциялық тәртіпте іс жүргізу; қадағалау тәртібінде іс жүргізу;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта істі қарау; атқарушылық өндіріс.
Әр кезеңді үш бөлімге бөліп көрсетеді: қозғау; дайындау; істі мәні бойынша
шешу[13, 42-44 бб.]. Біздің ойымызша бұлай бөлу жалпы тәртіпке сәйкес
келмей бөлімдердің аражігін ажыратуды қиындатады.
Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот
төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықан Республиканың
Конститутциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала
тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды. Сот азаматар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол
бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып
табылады [14, 40 б.]. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы
берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі
тарапты ( талапкерді немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, олардың
міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп
шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіруге не мүліктерін
өндіртуге мәжбүрлейді.
Азаматтық іс қозғау - азаматтық іс жүргізуде алатын орны туралы
ғалымдардың екі түрлі көзқарастары бар:
1. Кейбір ғалым-процессуалистердің ойынша, азаматтық істі қозғау-
азаматтық іс жүргізудің жеке дербес сатысы .
2. Азаматтық істі қозғау – бірінші сатыдағы соттағы азаматтық іс
жүргізудің қосымша сатысы болып табылады.( М.А.Гурвич,
Ю.К.Осипов,М.С.Шакарян)
Жоғарыда айтылып кеткендей азаматтық іс сотқа белгілі бір мүдделі
тұлғалардың жүгінуі арқылы қозалуы мүмкін. Ондай мүдделі тұлғалар немесе
субъектілер АІЖК –нің 8-бабының 1 және 2-ші тармақтарында көрсетілген:
1. Әрбір адам (талапкер) өзінің құқығы мен бостандығын, заңды мүддесін
қорғау үшін;
2. Мемлекеттік огандар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда
көзделген жағдайларда өзге адамдарың немесе адамдардың белгісіз бір
тобының құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Прокурор
өзіне жүктелген міндттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың,
заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау
үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Талап қою арқылы іс жүргізу талап арыз негізіне қозғалады. Талап арыз
дегеніміз- мүдделі тұлғаның құқық туралы дауды шешу үшін сотқа жүгіну
нысаны болып табылады (И.М.Пятилетов). Талап арыз сотқа жазбаша нысанда
беріледі. Талап арыздың нысаны мен мазмұны АІЖК-нің 150-бабында
көрсетілген. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері,
тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап
қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен
банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің
атауы мен мекен-жайы;
3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның
тұрғылықты жері немесе тұрған жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болып
табылса, онда оның атауы, орналасқан жері, сондай;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін
және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-
жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың арызда толық көрсетілуі істің
соттылығын тиісті жауапкер, тиісті талапкер, істі әділ шешу үшін қандай
дәлелдемелер жіберілуін анықтау үшін өте маңызды болып табылады. Арызда
дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ
талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.
Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінішінде
мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың
бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық
актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш
жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін
еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз
адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа
талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс (АІЖК-
нің 150-б. 4-т.).
Арыз талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге
өкілтті болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Сонымен қатар, АІЖК-нің
151-бабына сәйкес мүдделі тұлға сотта азаматтық істі қозғау үшін талап
арызға қоса құжаттар табыс етуі керек:
Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың
көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар,
егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл
құжаттардың көшірмелері;
6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын
төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды
қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар
талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Талап арызбен қоса құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етілуі істі
сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді, сондықтан құжаттың
көшірмелері жауапкерге табыс етілуі міндеттелуі мүмкін. ҚР АІЖК-нің 101-
бабына сәйкес мемлекеттік баж төленуге тиіс.
Талап қою дегеніміз - сотқа бағытталған процессуалдық мағынадағы
біржақты ерік білдіруі. Оның салдары процессуалдық құқықтық қатынастың
туындауы болып табылады. И.М. Пятилетовтың пікірінше, басқаша айтқанда
талап қою дегеніміз - нақты субъективтік материалдық құқықты немесе заңды
мүддені заңда көрсетілген процессуалдық нысанда қорғау талабымен сотқа
жүгіну болып табылады. Алайда, талап қою - талап арыз бойынша міндетті
түрде қозғау дегенді білдірмейді. Судья АІЖ нормаларына сәйкес қойылған
талапты сот өндірісіне қабылдау туралы мәселені талап арыз түскеннен кейін
бес күндік мерзімде шешуге құқылы. АІЖК-нің 152-б талап арызды қабылдау.
Талап арызды қарау кезінде судьяның талапты сот өндірісіне қабылдау
мәселесі бойынша жасайтын іс-әрекеттері:
1. Талап арызды қайтарады.
2. Талап арызды қабылдаудан бас тартады.
3. Талап арызды қозғалыссыз қалдырады.
4. Талап арызды қабылдайды.
5. Талап арызды қараусыз қалдырады.
Судья, ең алдымен, мүдделі түлғаның талап қоюға қүқығын бар не жоғын
анықтайды. Судья АІЖК-нің 8-бабының 1 және 2 тармақтарын, 45-бабын, 48-
бабының 1-4 тармақтарын, 55-бабының 3-тармағын, 56-бабын, 153-бабының 1-
тармағын ескереді, яғни субъектінің құқық және әрекет қабілеттілігін,
құқығын, талап қою субъектісіне жатуын және т.б. тексереді. Талап арызды
қабылдаудан бас тартудың негізі АІЖК-нің 153-бабының 1-тармағының 1 және 2
тармақшаларында көрсетілген:
1. Арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және
шешуге жатпаса;
2. Сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол
негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе
талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот
ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік
келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса бас тартады.
Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады,
онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге
жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.
Бірақ некені бұзу туралы талап арызды қабылдаған кезде судья ҚР Жоғарғы
Сотының 28-сәуір 2000ж № 5 қаулысының 4-бөлігінде берген түсіндірмесін
ескеру керек. Яғни Некені бұзу істерін қарау кезінде соттардың заңнаманы
қолдануы туралы қаулысының 15-бабының 2-тармағына сәйкес, әйелінің жүкті
кезінде немесе бір жасқа толмаған баласы бар әйелімен некені бұзу туралы
күйеуінің талабын қанағаттандыру әйелінің келісімінсіз рұқсат етілмейді,
бірақ көрсетілген шектеулер баласының өлі тууы немесе бір жасқа жетпей
қайтыс болған реттерге таралмайды. Сонымен қатар, екі жағдайда судья талап
арызды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес [15, 11 б.]. Арызды қабылдаудан
бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде
шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге
табыс етуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш
берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен
сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту
туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Азаматтық іс жүргізуді судьяның тоқтатуының негізі АІЖК-нің 247-бабының
1 және 2 тармақтарында көрсетілген:
1. Іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.
2. Сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол
негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе
талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың
бітімгершілік келісімін, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу
туралы келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
туралы соттың ұйғарымы болса іс жүргізу тоқтатылады.
Судья талап қою құқығының бар екенін анықтағаннан кейін, оның сол
құқығын дұрыс жүзеге асырылуын тексереді, яғни талап қою құқығының жүзеге
асу шарттарының сақталуын тексереді. АІЖК-нің 154-бабының 1-тармағының 1-5
тармақшаларын қолданады:
1. Талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала
шешу заңдарымен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіп қолдану
мүмкіндігі жойылмаса.
2. Іс осы соттың соттауына жатпаса.
3. Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе.
4. Арызға оған қол қоюға өкілеттілігі жоқ адам қол қойса.
5. Осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар
арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар
болса талап арыз қайтарылады.
Ал АІЖК-нің 154-бабының 6 және 7 тармақтары талап қоюға құқықтың шарты
болып табылмайды, себебі 6-тармаққа сәйкес: коммуналдық мүлікті басқаруға
құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге
асыратын органның осы затты қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін
жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе
делінген, ол дегеніміз ерекше іс жүргізудің бір категориясын қозғаудың
шарты болып табылады; 7-тармағына сәйкес: талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып
жібереді делінген, бірақ ол талап қоюға құқықтың шарты болып табылмайды,
себебі ол жағдай талап арыз қабылданып, іс қозғалынып кеткеннен кейін пайда
болады [15, 18 б.]. Талап қою құқығын жүзеге асыру шарттарын бұзу, оның
нақты бұзудың түрлеріне байланысты әртүрлі құқықтық салдарларға әкеледі.
Сот талап қоюға құқықтың белгілі бір шарттарын сақтамаған жағдайда іс
қараусыз қалдырылуы мүмкін. Яғни, АІЖК-нің 249 - бабында көзделген шарттар
сақталмаған жағдайда іс қараусыз қалдырылуы мүмкін:
1. Талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын
ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2. Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3. Арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
4. Осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар
болса;
5. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында бұл
дауды заңға сәйкес аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төреліктің
шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша
қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
6. Өздерінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген тараптар екінші
шақыру бойынша сотқа келмесе;
7. Өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
8. Өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген
талапты қолдамаса;
9. Талап-арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі
мәні бойынша қарауды талап етпесе;
10. Көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі
бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі
өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша
сотқа тағы да арыз беруге құқылы. Арызды қараусыз қалдыру туралы сот
ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе
прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Сонымен қатар, АІЖК-нің 154 -бабының 1-тармағының 3-тармақшасына
қатысты, яғни азаматтық істі әрекет қабілеттілігі жоқ адамның қозғауы
жөнінде ғылыми әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар айтылған болатын. Айталық,
М.А. Гурвич пен И.М. Пятилетовтың ойынша: азаматтық істі әрекет
қабілеттілігі жоқ адамдардың қозғауына сот белсендік таныту қажет. Яғни
әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың заңды өкілі не ол жоқ болса, тағайындау
арқылы заң нормаларын өзгерте отырып, судьяларды ондай арызды қабылдауды
міндеттеу. Сонда азаматтық іс әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың талап
арызымен қозғалуы тиіс, бірақ ол сотпен тартылған заңды өкілімен расталуы
қажет, әйтпесе, ол іс қараусыз қалдырылады. Сонымен қатар, сот заңды
өкілдің қорғайтын әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаға қатысты іс-әрекетін
тексеруі керек. Тек осындай заңнамалық шешім ғана әрекет қабілеттілігі жоқ
адамдардың құқығын қорғау жөніндегі сұрақты шешеді [15, 14 б.]. Бұл
мәселеге қатысты ҚР Конституциялық Кеңесінің 1-қараша 2000ж АІЖК-нің 154-
бабының 1-тармағының 3-тармақшасының ҚР Конституцияға сәйкестігі жөніндегі
№ 192 қаулысы бар. Бұл қаулы ҚР Жоғарғы Сотының АІЖК-нің 154-бабының 1-
тармағының 3-тармақшасының ҚР Конституциясының 13-бабының 2 - тармағына
сәйкестігін тексеру жөнінде ұсынысы бойынша жасалған болатын. ҚР
Конституциясының 13-бабының 2- тармағына сәйкес: әрбір адам өзінің
құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы делінген, яғни
талап қоюшының жасы мен психикалық жай-күйіне байланыстылық көрсетілмеген.
Әдетте, республиканың процессуалдық заңнамасының нормалары әр адмның сот
арқылы қорғау құқығын қамтамасыз еткен кезде, кәмелетке толмаған тұлғаларға
және әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған тұлғаларға ерекше тәртіпті
белгілейді. Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары
тұлғаны әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану кезінде оған қамқоршы тағайындау
арқылы оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Әрекет
қабілеттілігі жоқ азаматтарға қатысты мемлекетпен бекітілген оның құқықтары
мен бостандықтарын, заңды мүддесін жүзеге асыру механизмі бекітілген, яғни
ол заңды өкілдері, прокурор, мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-
өзі басқару оргаңдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар арқылы жүзеге
асырылады немесе қорғалады. ҚР Конституциясының 39-бабының 3-тармағының
нормасына сәйкес, ешқандай жағдайда құқық пен бостандықты шектеуге жол
берілмейді, яғни АІЖК-нің 154-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы сот арқылы
қорғау құқығын шектемейді, керісінше, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған
адамдардың бұл конституциялық құқығын жүзеге асырылуының кепілін күшейтуге
бағытталған. Сондықтан АІЖК-нің 154-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы
Коституцияға қайшы емес.
АІЖК-нің 154-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, белгілі бір
адамның құқығын қорғауды жүзеге асыратын адамның талап арызға қол қою
өкілеттілігі немесе істі жүргізуге және іске қатысуға өкілеттілігі болу
керек. Яғни талапкердің құқығын қорғау үшін сотқа өкілеттілігі бар адам
ғана жүгінуге және арызға қол қоюға құқылы. Өкіл бола алатын және бола
алмайтын адамдар тізілімі АІЖК-нің 58-60-баптарында көрсетілген: Азаматтар
өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың
іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Ал
ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен
немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің іс-әрекет жасайтын
олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері
жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызмет жағдайын немесе
өкілеттігін куәландыратын құжаттар береді. Сонымен қатар тапсырма арқылы
сот ісін жүргізуді: адвокаттар, заңды тұлғалардың қызметкерлері (осы заңды
тұлғалардың істері бойынша), кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары (осы
кәсіптік одақтың жұмысшыларының, қызметкерлерінің, басқа да адамдардың
істері бойынша), басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең
қатысушылардың біреуі, іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа
да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады. Және сотта өкіл бола
алмайтын тұлғаларға: судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді
органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік
берілген адамдары; адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза
отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар; адам, егер
мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін болса,
істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, және
бұрын осы іске судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе
айғақшы ретінде қатысқан адамдар жатады.
Талап арызды қозғалыссыз қалдыру, яғни талап арызды беру талаптары
сақталмаған жағдайда орын алады. Судья талап арыз АІЖК-нің 150-бабының
талаптарына және 151-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда
қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген
тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Егер
талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгіленген мерзімде
ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы
тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз
берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады. (АІЖК-нің 155-бабының 2
және 3 тармақтары). Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса,
арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол
негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтірмейді.
Судья заңнамаға сәйкес талап арызды жеке бес күндік мерзімде оң және
теріс шешімін шығарады. Оң сипатта талап арызды қабылдайды және азаматтық
істі қозғайды, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот өндірісінің тілін бекіту сол
ұйғарыммен жүзеге асырылады. Әдетте, талап арыз қай тілде берілсе, сот
өндірісі сол тілмен жүзеге асырылады.
Азаматтық істі қозғау екі түрлі құқықтық салдарларды туғызады:
1. Материалдық-құқықтық, мысалы: АК-тің 183-бабына сәйкес заңмен
бекітілген тәртіпте талап қою талап қою мерзіміне үзіліс жасайды, үзілістен
кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, ал үзіліске дейін өткен
уақыт жаңа мерзімге есептелмейді және т.б.
2. Процессуалдық-құқықтық, мысалы: талап арызды қабылдап, сотта
азаматтық істі қозғағаннан кейін процессуалдық құқықтық қатынастар
пайда болады; іс қозғалғаннан кейін процессуалдық мерзімдердің жүруі
басталады [15, 38 б.].
Сот талап арызды қабылдап, ұйғарым шығарғаннан кейін келесі бөлім істі
сот талқылауна дайындалу бөліміне көшеді. Бұл бөлімде істі әділ, дұрыс ең
бастысы уақытылы шешу қажеттігін анықтайтын процессуалдық әрекеттер орын
алады. З.К. Абдуллинаның пікірінше, азаматтық істер бойынша сот төрелігі
мыналарды мақсат етеді:
1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, өзге нормативтік
құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының
орындалуын қамтамасыз ету;
2. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтың
алдын алуға ықпал ету;
3. Істердің дұрыс және дер кезінде қаралуын қамтасасыз ету, заңды және
негізді қаулыларды, шешімдерді шығару, оларды нақты
орындау [16, 7 б.].
Біздің ойымызша жоғарыда айтылған пікір орынды, себебі ондай
мақсатқа жетудің бірден-бір жолы ол азматтық істі сот талқылауына дайындау
арқылы жүзеге асады.

2 СОТ МӘЖІЛІСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ
2.1 Істі сотта қарауға әзірлеу

Талап арызды қабылдау арқылы азаматтық іс қозғалғаннан кейін сот
азаматтық процестің келесі бөлімі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
сатысына өтеді. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік
жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға
мүмкіндік бар. Кез-келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу
жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің
жеке сатысы [17, 11 б.].
Ғалымдар мен судья-практиктердің көбісі істі сотта қарауға әзірлеу
азаматтық іс жүргізудің жеке сатысы деп қарастырады. Енді біреулері істі
сотта қарауға әзірлеу азаматтық іс жүргізудің сатысысының жеке бөлігі болып
табылады дейді [15, 24 б.]. Азаматтық іс жүргізудің 166-бабының 1-тармағына
сәйкес істі сотта қарауға әзірлеудің мақсаты — істі дер кезінде және дұрыс
шешуді қамтамасыз ету.
Г.А. Жилиннің пікір бойынша: Сотта істі қарауға қатысты істі сотта
қарауға әзірлеу қосымша, қызметтік мағынаға ие болады. Себебі ол тек істі
дұрыс және уақытылы шешілудің қажетті негізін қалауға немесе жасауға
бағытталған. Сондықтан істі сотта қарауға әзірлеудің істі сотта қарауға
және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысты жалпы мақсаты жеке және
сатыаралық болып табылады.
Істі сотта қарауға әзірлеу әрбір азаматтық іске қатысты міндетті болып
табылады АІЖК-нің 166-ші бабының 2-тармағы сәйкес, Істі сотта қарауға
әзірлеудің жоқтығы немесе нашарлығы бірінші сот отырысында дауды шеше
алмайды, сондықтан істі қарау кейінге қалдырылып, оны қараудың
мерзімдерінің бұзылуына, тіпті, заңсыз және негізсіз шешімдердің
шығарылуына әкеледі[18, 59 б.].
Істі әзірлеуді судья талап арызды қабылдаған сәттен сот отырысына дейін
жеке дара жүргізеді, сонымен қатар әзірлеу жұмыстары іс кейінге қалдырылған
сәттерде де сот отырыстары арсында жүргізіледі. Істі сотта қарауға
әзірлеудің міндетті міндеттері мыналар:
1.Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау.
2.Тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға
тиісті заңды анықтау.
3.Іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары
туралы мәселені шешу.
4.Әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс
дәлелдемелерді анықтау.
Істі сотта қарауға әзірлеудің міндеттерін талдай келе Г.А. Жилин
мынаған көңіл аударды:
1. Іс жағдайын анықтау, ол өз кезегінде істің дұрыс және уақытылы
шешуде маңызға ие болады. Яғни сол жағдайларды анықтау және нақтылау -
әзірлеудің жеке міндеттері болып табылады.
2. Сол жағдайлар тек қана анықталып және нақтыланып қоймай, сот
отырыстарында ұсынылып, қаралу керек. Бұл АІЖК-нің 166-бабының 2-тармағының
4-тармақшасында Әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін
ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау деп көрсетіледі.
3. Заңнамада тура көрсетілген тәртіпте міндеттер жүзеге аспайды. Олар
бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан бір уақытта да жүзеге асуы
мүмкін.
Қорыта келгенде істі сотта қарауға әзірлеу - істің дұрыс және уақытылы
шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы
[15, 25 б.].
Заң істі сотта қарауға әзірлеуге мерзімдер бекітеді. Сөйтіп, АІЖК-нің
167-бабына сәйкес: азаматтық істерді сотта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою туралы ілім
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi
Талаптылық іс – жүргізудің түсінігі, мәні және элементтері
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қылмыстық процестiң қағидалары
Еңбек дауларының келісім комиссияларында қарау тәртібі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Пәндер