Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Алабұта өсімдігі. Түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.2. Ақ алабұта өсімдігі. Химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3. Алабұта өсімдігінің қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
ІІ. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Зерттеу нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Материалдар мен анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Сандық анықтаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.1.Күлділікті анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.2. Ылғалдылықты анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.3. Экстрактивтілікті анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
27
27
28
28
31
31
2.4.Ақ алабұта тамырының химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.4.1.Белок мөлшерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
2.4.2. Амин қышқылдарын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.4.3.Май және клечатка мөлшерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.4.4. Алкалоидтарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4.5. Флаваноидтарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.6. Көмірсуларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.7.Терпеноидтарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.8.Илегіш заттарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.9. Органикалық қышқылдарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.10. С витаминін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4.11. Эфир майын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
39
40
41
42
43
44
45
2.5. Ақ алабұта тамырының құрамын газды хроматография әдісімен талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
47
56
59
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде өсімдік шикізатынан алынатын фитопрепараттар, әр түрлі тұрмыста қолданылатыны ұмытылған, бірақ бұрынырақта жиі қолданылатын табиғи бояулар, жуғыш заттар ғалымдардың назарын қайта аудара бастады.
Өсімдіктер әр түрлі органикалық қосылыстардың негізгі көзі, соның ішінде табиғатта көп таралған қосылыстар: флаваноидтар, илегіш заттар, алкалоидтар, терпеноидтар, фенол қышқылдары, амин қышқылдары, көмірсулар, микроэлементтер, витаминдер. Табиғи қосылыстар медицинада кеңінен қолданылады. Медицинадан тыс табиғи қосылыстар өндіріс пен ауыл шаруашылығында да кең қолданыс тапты.
Қазіргі кезде өсімдік шикізатынан алынатын фитопрепараттар, олардың әр түрлі тұрмыста қолданылатыны ұмытылған, бірақ бұрынырақта жиі қолданылатын табиғи бояулар, жуғыш заттар ғалымдардың назарын қайта аудара бастады. Себебі фитопрепараттардың адам организміне зияны өте аз болса, олардан алынатын түрлі жуғыш заттар мен бояулардың сапасы жоғары болған.
Осыған байланысты өсімдік шикізаттарын зерттеу, жаңа экологиялық таза, зияны аз, эффективтілігі жоғары отандық фитопрепараттар өндіру маңызды талап болып саналады.
Қазақстан республикасының жері қаншалықты кең байтақ болса, табиғаты да өсімдік шикізатына бай болып келеді. Осындай өсімдіктердің бірі алабұта өсімдігі. Алабұта өсімдігі жабайы арам шөп ретінде өсетін, тек оның күлін өртеп ертеректе сабын алу үшін пайдаланып келген [1,2].
Қазіргі уақытта осындай жабайы өсетін өсімдіктердің құрылысын зерттеп жаңа биологиялық активті заттарды іздестіру ғалымдар назарын аударуда.
Сондықтан алабұта өсімдігінің жуғыштық қасиетінен басқа да пайдалы қасиеттерін іздестіру мақсатындағы іздестіру жұмыстары өзекті мәселелердің бірі деп айту артық болмайды.
Зерттеу мақсаты:
1. Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамын зерттеу.
Зерттеу міндеттері: Ақ алабұта өсімдігі тамырының құрамындағы ББЗ заттарды анықтау;
Алынған нәтижелерді әдеби деректермен салыстырып, қорытындылау.
Жұмыстың жаңалығы мен теориялық құндылығы: Алғаш рет Қазақстанда өсетін ақ алабұта өсімдігінің тамырының химиялық құрамы анықталып, нәтижелері әдеби деректермен салыстырылып, құрамындағы ББЗ бойынша қорытынды жасалынды:
- ҚХ және ЖҚХ әдістерін пайдаланылып ақ алабұта өсімдігі тамырының ББЗ сапалық анықталды;
- Анализ нәтижесінде алабұта құрамындағы ББЗ жаңа кластары анықталды;
1. Бажыкова К.Б., Нұрғаш Г. Алабұта өсімдігінің микро- және макроэлементтік құрамы. //Қазақстанның химия журналы, 2009, №2, 86-89 б.
2. K.B. Bazhikova, G. Nurgash. Micro and macroelements compositions chenepodium fragrant. // Nauka I studia. 2010у. р.84-86.
3.Қожабеков М.Ж. Дәрілік өсімдіктер. Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1995. 43 б.
4. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері − Алматы: Қазақстан.− 1982. 27-бет.
5. Флора СССР под редакцией В.Л. Комарова. Москва, 1936, т.6. 107 с.
6. Котт С. А., Сорные растения и борьба с ними, 3 изд., М., 1961;
7. Атлас лекарственных растений СССР, М., 1962. с.250.
8. Сорные растения СССР, т. 1—4, Л. 1950 , с.1934—35.
9. Рейви, Питер и др. Современная ботаника. Москва: Изд. «Мир», 1990. с.52
10. Қазақ Совет Энциклопедиясы (9,10 том) Қазақ Энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы. ­1976ж.601б.
11. Флора Казахстана. Алматы. 1963г. т.3, 213с.
12. Kong, X.W., Zhu G.L. Jian Z.P. Chenopodiaceous plants in China. //J.Acta Phytotaxonomica Sin. 2002, Vol.2., p.18-27.
13. Zolototnitskaya S.Y. Medicinal resources in the flora of Armenia. //Biol. I. SelKhoz nauki. Chem. Abstr. 1965. №2, p.372.
14. Кербабаев Б.Б., Мещеряков А.А., Лекарственные растения Туркмении.− Ашхаба: Ылым.− 1975. с.102 − 105.
15. Рустенбекова Г.Б. Фитохимическое исследование Chenopodium botrys L. Автореферат к.х.н. 02.00.10. Алматы. 1974. 15с.
16. He, Z.Y.., Zhang, Y.H7 Studies on the chemical consistituens of the volatile oil chenopodium ambrosioides L. grown in Guizhou Province of China. // J. Guizhou Sci. 2002. V.20, 2., p.76-79.
17. Иан Ли. Табиғи қосылыстар химиясы. Пекин. Қытай, 2004. 448-455 бет.
18.Suleyman, K., Fikret, U., Abuzer, S. Antibacterial activity of Some Essential oils against Plant pathogens. //Asian J. of plant Science. 2005. V.4., 3. p.225-228.
19. Daferera, D, J., B. N., Polissiou M.G. The effectiveness of plant essential oils on the grouth of Botrytis cinerea, Fusarium sp. And Clavibacter michiganessis subsp. // Crop Prot. 2003. v.22. p.39-44.
20. Ruzicka L. The Isoprene Rule and the Biogenesis of Terpenic Compounds, Experientia // Helv.Chim.Acta. 1953. - Vol. 10. - р.357-364.
21. Manitto P. Biosynthesis of Natural Products. – Chichester: Ellis Howard Limited, 1981. - р.267-283.
22. Goodwin T.W., Natural Substances Formed Biologically from Mevalonic Acid. - Biochemical Society Symposia. – London: Academic Press, 1970. - №. 29. р. 153-158.
23. Yamamoto S., Bloch K. Enzymatic Studies on the Oxidation Cyclization of Squalene //Tetrahedron. №. 29. р.125-134.
24. Goodwin T.W. The Biogenesis of Terpenes and Sterols in Rodd’s Chemistry of Carbon Compounds. – Supplement: Elsevier, 1994. - Р. 320.
25. Замятина Н. Г. «Лекарственные растения». Москва: Изд. «АВҒ». − 1998. 250с.
27. С.А.Арыстанғалиев; Е.Р. Рамзанов «Қазақстан – өсімдіктері» немесе «Растения Казахстана», Алматы «Ғылым» баспасы 1977. 77 – 79 б.
28. Лагерь А.А. Фитотерапия. Красноярск: Изд. Красноярского ун – та, 1988. 150 с.
29. Алабұта өсімдігі. //Химия мектепте» журналы. №4, 2003. 15-бет.
30. Д.А. Майсаров, Г.Н. Нехаенко. Лекарственные растения Южного Казахстана в народной медицине. (заготовка, переработка, применение). Алматы « Ғасыр – Ш », 2004. 250с.
31. Лекарственные растения Казахстана и их использование.под ред. Кукенова М.К. – Алматы. – 1996. – с.45.
32. Обухов А.Н. //Лекарственные растения, сырье и препараты. 1985. 320с.
33. Алабұта өсімдігінің емдік қасиеті. //Денсаулық журналы. 2003, №12, 25-бет.
34. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А Качественный и количественный анализ основных групп БАВ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2004. с.45-47.
35. Государственный стандарт Союза СССР. Сырье лекарственное растительное. Методы определения влажности, золы, экстративных и дубильных веществ. ГОСТ 24027.2-80- Москва: Изд. Стандартов, 1980. с. 170-174.
36. О.Д.Кушманова, Г.М.Ивченко. Руководство по практическим занятиям по биологической химии. Москва Медицина 1974г. с. 34-38.
37. Зайделъ AM., Прокофьев В.К, Райский СМ., Славный В.А., Шредер ЕЯ. Таблицы спектральных линий. М. 1997. 36-39 с.
38. А.А. Землянухин «Малый практикум по биохимии» стр. 1988. с107-108.
39. Лобачева Г.Н., Успенская Н.Р., Бабиченко Л.В., Ерофеев И.П. Технологическйи контроль в предприятиях общественного питания. М. 962. 165с.
40. Ермаков А.И. Методы биохимического исследования растений Ленинград: Изд. « Колос », 1972г.стр 276-277
41. Гринкевич Н.И. Сафронович Л.И. Химический анализ лекарственных растений. М.-: Высш. Школа, 1983. 176с.
42. Т.Л. Алейникова, Г.В Рубцова. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. Москва 1988г.стр 90-91.
43. Болотников С. М., Шрайбер М.С. Методы определения дубильных веществ в растительных материалах и галогеновых препаратах. // Аптечное дело.-1964. стр.25-34
44. М.А. Аязбекова, К.Б. Ержанов Лабораторный практикум и элементы научно исследовательской работы по дисциплине «Химия пищевых продуктов» для студентов пищевого факультета.Министерство образования и науки РК. Алматинский Технологический Университет. Кафедра «Биотехнология» Алматы 1999г стр 16-17.
45. Количественное содержание аскорбиновой кислоты в некоторых растениях, произрастающих на территории ботанического сада АН УзССР. //Тр. Ташкентского фарм. Института. – 1960. – т.2, с.73 – 81.
46. Goryaeva M.I., Evdikova N.A. The directory on gazchromatography 1977, Almaty, - р.550.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Каипова Бақтыгүл Хайруллақызы

АҚ АЛАБҰТА ӨСІМДІГІ ТАМЫРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

050606 – Химия мамандығы

(күндізгі бөлім)

Алматы, 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілсін

Химия кафедрасының

меңгерушісі, х.ғ.д., профессор м.а.

____________М.М.Матаев

___ _________2012 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: АҚ АЛАБҰТА ӨСІМДІГІ ТАМЫРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

050606- Химия мамандығы

(күндізгі бөлім)

Орындаған
Каипова Б. Х.

Ғылыми жетекшісі

х.ғ.к., доцент
Бажықова Г.Б.

Алматы, 2012

РЕФЕРАТ

Бұл дипломдық жұмыс 60 беттен, кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста 6 кесте, 5 сурет, 3
диаграмма бар. Қолданылған әдебиеттер саны 46.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауы: әдеби шолу, екінші тарауы
тәжірибелік бөлімге арналған.
Зерттеу нысаны: Ақ алабұта өсімдігінің тамыр бөлігі.
Жұмыстың мақсаты: Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамын
зерттеу.
Зерттеу жаңалығы: Алғаш рет Қазақстанда өсетін ақ алабұта өсімдігінің
тамырының химиялық құрамы анықталып, нәтижелері әдеби деректермен
салыстырылып, құрамындағы ББЗ бойынша қорытынды жасалынды.
Зерттеу жұмысының нәтижелері және қорытындылары: Ақ алабұта өсімдігі
тамырындағы жаңа биологиялық белсенді заттардың жаңа кластары анықталды.
Алынған нәтижелер ақ алабұта өсімдігінің қолданылуы саласын кеңейтуге
мүмкіндік береді.
Әдеби шолуда алабұта өсімдігі, түрлері, химиялық құрамы және қолданылуы
жайлы айтылып, сипаттама берілген.
Тәжірибелік бөлімде жұмысқа қолданылған әдістер мен материалдарға
қысқаша сипаттама берілген. Зерттеу сызба нұсқалары көрсетіліп, сандық
анықтау әдістері, жұмыс барысы мен алынған нәтижелер көрсетілген.
Тәжірибелік бөлімдегі жұмыс нәтижелері бойынша нақты қорытынды
жасалған.

Түйін сөздер: ақ алабұта, амин қышқылдары, май қышқылдары, эфир
майлары, хроматография, газды хроматография, экстрактивтілік, флаваноид,
терпеноид, алкалоид, масс-спектрометрия, сапалық анализ, сандық анализ.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа написана на 60 страницах. Состоит из введении, двух
разделов, заключении, использованных литературных источнтков. Содержит 6
таблиц, 3 диаграммы, 5 рисунков. Список использованных источников состоит
из 46 наименований.
Дипломная работа состоит из литературного обзора и экспериментальной
части.
Задача исследования: Исследование химического состава подземной части
марь белой.
Новизна исследование: Впервые исследован химический состав подземной
подземной части марь белой. Получены новые данные о БАВ подземной части
марь белой.
Результаты исследование и выводы: Определены новые классы БАВ подземной
подземной части марь белой. Полученные данные дает возможность предсказать
о фармакологических свойств подземной части марь белой.
Результаты исследований коротко отражены в выводах.
В введении кратко изложена цель и задача исследования.
В литературном обзоре дается описания растениям семейства маревых, их
видам. А также приводится данные о химическом составе лебеды и применений.
В экспериментальной части приведены материалы и методы исследования, а
также ход работы и результаты эксперимента.

Ключевые слова: марь, лебеда, хроматограмма, спектрофотометрия,
проявитель, газовая хроматография, флаваноиды, терпеноиды, алкалоиды,
органические кислоты, аминокислоты, жирные кислоты, экстрактивность,
качественный анализ, количественный анализ, эфирные масла.

ABSTRACT

  Diploma thesis written on 60 pages. It consists of the introduction,
two chapters, conclusion, used literature sourced. Contains 6 tables, 3
charts, 5 figures. List of sources used consists of 46 items. Diploma
thesis consists of a literature review and experimental parts.
Objective: To study the chemical composition of the underground part of
the Chenopodiacea album L.
The novelty of the study: For the first time studied the chemical
composition of the underground part of underground white goosefoot. New
data on the underground part of the biological activated compounds
Chenopodiacea album L.
The results of the study and conclusions identified new classes of
biologically active substances underground underground part of the
Chenopodiacea album L. The data obtained makes it possible to predict the
pharmacological properties of the underground part of the Chenopodiacea
album L.
The research results are reflected in the conclusions briefly.The
introduction summarized the purpose and objective of the study.In the
literature review is given describing the plants of the family
Chenopodiaceae, their species. Also provides data on the chemical
composition of quinoa and applications.In the experimental part are given
the materials and methods, as well as the progress and results of the
experiment.
Key words: pigweed, Chenopodiacea album L., chromatogram,
spectrophotometry, developer, gas chromatography, flavonoids, terpenoids,
alkaloids, organic acids, amino acids, fatty acids, extract, qualitative
analysis, quantitative analysis of essential oils.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Әдеби шолу 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
1.1. Алабұта өсімдігі. 9
Түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
1.2. Ақ алабұта өсімдігі. Химиялық 16
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Алабұта өсімдігінің 29
қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Тәжірибелік 27
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27
... ... ... . 27
2.1. Зерттеу 28
нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
... ... ... ... . 31
2.2. Материалдар мен анықтау 31
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.3. Сандық
анықтаулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.3.1.Күлділікті
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
2.3.2. Ылғалдылықты
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2.3.3. Экстрактивтілікті
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.Ақ алабұта тамырының химиялық 35
құрамы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2.4.1.Белок мөлшерін 35
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.4.2. Амин қышқылдарын 36
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.3.Май және клечатка мөлшерін анықтау 37
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.4.4. Алкалоидтарды 38
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
... 40
2.4.5. Флаваноидтарды 41
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.4.6. Көмірсуларды 43
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
... 45
2.4.7.Терпеноидтарды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.8.Илегіш заттарды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.4.9. Органикалық қышқылдарды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4.10. С витаминін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
2.4.11. Эфир майын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
2.5. Ақ алабұта тамырының құрамын газды хроматография әдісімен
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .. 56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 59


Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...











Қысқартылған сөздер

ББЗ – биологиялық белсенді заттар
ГХ – газды хроматография
ГСХ- газ-сұйықты хроматография
ДНС – динитросалицил қышқылы
ИҚ – инфрақызыл спектрі
ЖҚХ – жұқа қабатты хроматография
КХ - колонкалы хроматография
ҚХ – қағазды хроматография
МС-масс-спектр
ПМР- протонды магнитті резонанс
УК- ультракүлгін
СФ-спектрофотометр
ЯМР – ядролы магнитті резонанс

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде өсімдік шикізатынан алынатын
фитопрепараттар, әр түрлі тұрмыста қолданылатыны ұмытылған, бірақ
бұрынырақта жиі қолданылатын табиғи бояулар, жуғыш заттар ғалымдардың
назарын қайта аудара бастады.
Өсімдіктер әр түрлі органикалық қосылыстардың негізгі көзі, соның ішінде
табиғатта көп таралған қосылыстар: флаваноидтар, илегіш заттар,
алкалоидтар, терпеноидтар, фенол қышқылдары, амин қышқылдары, көмірсулар,
микроэлементтер, витаминдер. Табиғи қосылыстар медицинада кеңінен
қолданылады. Медицинадан тыс табиғи қосылыстар өндіріс пен ауыл
шаруашылығында да кең қолданыс тапты.
Қазіргі кезде өсімдік шикізатынан алынатын фитопрепараттар, олардың әр
түрлі тұрмыста қолданылатыны ұмытылған, бірақ бұрынырақта жиі қолданылатын
табиғи бояулар, жуғыш заттар ғалымдардың назарын қайта аудара бастады.
Себебі фитопрепараттардың адам организміне зияны өте аз болса, олардан
алынатын түрлі жуғыш заттар мен бояулардың сапасы жоғары болған.
Осыған байланысты өсімдік шикізаттарын зерттеу, жаңа экологиялық таза,
зияны аз, эффективтілігі жоғары отандық фитопрепараттар өндіру маңызды
талап болып саналады.
Қазақстан республикасының жері қаншалықты кең байтақ болса, табиғаты да
өсімдік шикізатына бай болып келеді. Осындай өсімдіктердің бірі алабұта
өсімдігі. Алабұта өсімдігі жабайы арам шөп ретінде өсетін, тек оның күлін
өртеп ертеректе сабын алу үшін пайдаланып келген [1,2].
Қазіргі уақытта осындай жабайы өсетін өсімдіктердің құрылысын зерттеп
жаңа биологиялық активті заттарды іздестіру ғалымдар назарын аударуда.
Сондықтан алабұта өсімдігінің жуғыштық қасиетінен басқа да пайдалы
қасиеттерін іздестіру мақсатындағы іздестіру жұмыстары өзекті мәселелердің
бірі деп айту артық болмайды.

Зерттеу мақсаты:

1. Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамын зерттеу.
Зерттеу міндеттері: Ақ алабұта өсімдігі тамырының құрамындағы ББЗ
заттарды анықтау;
Алынған нәтижелерді әдеби деректермен салыстырып, қорытындылау.
Жұмыстың жаңалығы мен теориялық құндылығы: Алғаш рет Қазақстанда өсетін
ақ алабұта өсімдігінің тамырының химиялық құрамы анықталып, нәтижелері
әдеби деректермен салыстырылып, құрамындағы ББЗ бойынша қорытынды
жасалынды:
- ҚХ және ЖҚХ әдістерін пайдаланылып ақ алабұта өсімдігі тамырының ББЗ
сапалық анықталды;
- Анализ нәтижесінде алабұта құрамындағы ББЗ жаңа кластары анықталды;
– Гравиметрия, титриметрия, спектрофотометрия ақ алабұта өсімдігі
тамырының құрамындағы амин қышқылдары, белок, май қышқылдары, илегіш
заттар, көмірсулар және т.б. анықталды;
– ББЗ іздестіру мақсатында сулы және хлороформды экстрактылардың химиялық
құрамы газды хроматография әдісімен анықталды;
– Алынған нәтижелер әдеби деректермен салыстырылып, ақ алабұта
өсімдігінің қолданылуы саласы жайлы жорамалдар жасалынды.
Жұмыстың практикалық құндылығы: Ақ алабұта өсімдігі тамырындағы жаңа
биологиялық белсенді заттардың жаңа кластары анықталды. Алынған нәтижелер
ақ алабұта өсімдігінің қолданылуы саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі автордың үлесі: Өсімдік шикізатын жинау
және дайындау, әдебиеттермен жұмыс жасау, анализ жасау, алынған нәтижелерді
талдау, қорытындылау автордың жеке үлесінде.
Жұмыстың қорғауға ұсынылатын негізі: Алматы қаласы маңында өсетін ақ
алабұта өсімдігі жер асты бөлігінің химиялық құрамы.
Алабұта өсімдігінің амин қышқылды, алкалоидты, терпеноидты, май
қышқылды, сондай-ақ хлороформдфы және сулы экстракцияларының толық химиялық
құрамы;
Анализ нәтижелерін талдау, қортындылау.
Жарияланымы. Диплом жұмысының материалдары бойынша 2 баяндама тезисі
(университет студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясы (2011ж.),
академик М.Қозыбаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық
конференция) жарияланды.
Зерттеу нысаны- Алматы қаласы маңында өсетін ақ алабұта өсімдігінің
тамыр бөлігі.

I. ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1 Алабұта өсімдігі

Қазақстанда жабайы өсетін өсімдік шикізатының ресурстары өте көп.
Жабайы өсетін өсімдіктер арнайы күтімсіз ортаның жағдайына байланысты өсіп
көбейеді. Осыған байланысты көп жағдайда оларды арам шөптерге жатқызады.
Алабұта өсімдігі де сондай арам шөптер қатарына жатқызылған.
Алабұта өсімдігі марева — chenopodiaceae тұқымдасына жатады.
Алабұта тұқымдасы бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп
жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдік. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш
(сексеуіл- Haloxylon); бұта (боялыш); жартылай бұта (изен, итсигек);
шөптесін (алабұта) болып бөлінеді.
Халықтық атаулары: американдық ішек құртына қарсы пайдаланылатын шөп,
иезуит шайы, картезиан шайы, хош иісті алабұта. Дәріханалық атаулары:
Алабұта майы Chenopodii, oleum Chenopodii.
Алабұтаны орыстар маро, лебеда деп атай береді. Ботаникалық латынша
атауы қазтабан деген ұғым береді. Себебі жапырағының үш тілігі аздап
қаздың табанына ұқсайды.
Алабұта тұқымдасының 100 тегі және 1500 түрі бар.
Алабұта тұқымдасы жер шарының барлық полярлы зонадан тропикті аймаққа
таралған.
Бұл тектің— алабұта, лебеда, кохия, солерос, артрокнемум қатары —
Евразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Австралия
континенттерінде кездеседі. Бұл алабұта тұқымдасының бұрынырақ
континенттер арасында бор дәуіріне дейін байланыс болған кезде
қалыптасқандығын білдіреді. Бірақта алабұта тұқымдасы жайлы нақты деректер
тек үшінші периодтан бері белгілі.
Жабайы түрде Жерорта теңізінде, Африкада, Австралияда өседі. Ресей мен
ТМД елдерінде бір жылдық өгей шөп ретінде, Кавказ бен Оңтүстік аудандарда
кездеседі. Орталық Еуропада, Ресейде, Батыс Үндістанда, Солтүстік Африкада,
Мексика, Бразилия, Чилиде өседі. Хош иісті алабұта Ресейдің Еуропалық
бөлігінде, Кавказда, Батыс Сібір мен Орта Азияда таралған. Құмдауыт, тасты
жерлерде жол жағалауларында қоқыс төгілген жерлерде, теңіз деңгейінен 2000
– 2400 м жоғары тауда өседі.
Алабұта тұқымдасы 200–ден аса түрінің 30 түрі ССРО территориясында
кездеседі. Оның көпшілігі арам шөптер қатарына жатады (3].
Алабұта– бұл кәдімгі арамшөп, жол жиегінде, егістіктіктерде кездеседі.
Алабұта – бір үйлі даражынысты гүлді өсімдік. Бір жылдық шөптесінді бойы
15 – 60см болатын өсімдік.
Сабағы тік тұратын жан – жаққа таралған, жапырақтары кезектесіп
орналасқан, ашық-жасыл түсті немесе сарғыш – жасыл түсті. Өте өзгергіш
шөптесін өсімдік. Сабағы биіктігі 30 – 60 см дейін жетеді. Жапырақтары
кезектесіп келетін ұзындығы 10 см-ге дейін болады. Көпшілік алабұтаға
сабағы мен бұтағының мүшеленуі тән, мысалы, солерос (Salicornia) және
сексеуілде байқалады.
Бұл кезде жапырақтарының сиреуінен, тек жапыраққа ұқсас түйірлер мен
тікенектер пайда болады.
Кейбір алабұта тұқымдасына бұтақтарының тікенекті болып бітуі тән.
Оны, мысалы ноэа — Noaea текті, рагодиядан, шөптесін акроглохин
Acroglochin, телоксис — Teloxis, немесе жапырақ ұшы тікенекті солянка,
бояғын шөптер сияқты бұталардан анық байқауға болады.
Жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде
қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі біз тәрізді және
сызық- цилиндірлі, сүйір, тісті кейде қалақшалы болады.
Кейде гүлдері екі жақты, кейде түйіншектеліп аналыққа жиналған масақ
немесе шашақгүл тәрізді болады.
Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Шілдеден қазан айларына дейін
гүлдейді. Гүлдері сабақтарының ұшына орналасқан, пирамида тәріздес болып
жинақталады.
Көріксіз майда гүлдері шоқ – шоқ болып, топтанып, масақ тәрізді
гүлшоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы – үлпекті. Аталығы
– 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты, бозғылт қара түсті, жылтыр болып
келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Жемісі чечевица
тәріздес. Гүлі 2-5 мүшелі. Дәні бір тұқымды (4(.
Тамыры өзекті, тармақталған, бірақ кейбір түрлерінде қор мүшесіне
тармақталуы, жуандауы байқалады. Бұл тенденция әсіресе мәдени сортына
айналған қызылшада байқалады.
Тамыры мен жапырақтары жүн мен жібекті сары түске бояу үшін
пайдаланылады. Жапырақтарынан эфир майын алады. Ол медицинада,
парфюмерияда, сабын қайнатуда қолданылады. Құрғақ күйінде жапырақтары
инсектицид ретінде қолданылады (5(.
Өсімдіктің жер бетіндегі бөліктері дәрілік шикізат болып табылады. Оны
гүлдеу кезінде дайындайды. Көлеңкеде немесе жақсы желденетін жерде жіңішке
қабат қылып жайып кептіреді. Егер сабағы сындырған кезде майыспай сынса,
шикізат дайын деген сөз. Жабық ағаш немесе әйнек ыдыста бір жыл сақталады.
Алабұта тұқымдастары ашық кеңістіктік өсімдік түріне жататындықтан
желмен тозаңданады. Ол қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Желмен тозаңданатын арнайы органы- гүлмен көмкерілген көбік тәрізді
тозаңдары. Бұған қоса алабұта тұқымдастарының (алабұта, қызылша, ежовник)
гүлдерінде нектарлы аналық ортасы бар және насекоммен де тозаңданады.
Насекомдар алабұта гүлдеріне тозаңдарымен тозаңды массасы үшін жиналады.
Жемісі ашылмайтын пленкалы қабаты бар көбінесе тостағаншамен қоршалған
гүлсерік. Гүлсерігі сирек шырынды, еттілі және жемісі, австралия рагодиясы
сияқты жиде тәрізді немесе керісінше қызылша мен габлиция сияқты қатты.
Солянка, сексеуіл, ежовник және т.б. осыларға жақын түрлерінде, гүлсерігі
жемісі пісіп жетілгенде бір-бірімен тұтасып кететін қанат тәрізді түссіз,
сары –жасыл, лимонды-сары, бүлдірген-қызыл, қызылсары түсті аналыққа
айналады. Және осы кезеңде өсімдік өте әдемі болып көрінеді.
Осылайша көптеген алабұтаның көрінбейтін гүлдері жемісінің әдемі
түстілігімен толығады. Кейбір түрлерінде гүлсерігі ұзын шатасқан ақ
жіпшелермен көмкерілген және жемісі жүн тәрізді түйір болып көрінеді.
Мысалы, (Atripleх, лебеда мүйіз шөп, шпинатта жеміс түзуде гүлсерігі
тұтас немесе жартылай өседі Кейде гүл мен сүлсерігінің бірігіп өсуінен
қызылшадағыдай тұтас жеміс пайда болады.
Көптеген арамшөпті және рудералды алабұталарға (лебеда, аксирис—
Axyris) гетерофлория мен гетерокарпия, және соларға байланысты
гетероспермия (әр түрлі ұрықтану) тән. Мысалы, бау алабұтасы (лебеда
садовая) (Atriplex hortensis) аналық гүлдері екі түрлі формада: бесмүшелі
гүлсерікті және гүлсеріксіз.
Алабұта тұқымдасы өсімдіктерінің тұқым шашуы әр түрлі болады. Бұл
жерде, алдыменен, ірі бір жылдық өсімдіктердің бұтақтарының ішке оралып шар
сияқты түрге еніп тамырынан үзіліп желмен ұшып, жол-жөнекей тұқымын
шашатын қаңбақты еске түсірген жөн.
Желмен таралу барлық жеңіл түсетін жемістерінде қанат тәрізді аналығы
бар түрлеріне (солянка, сексеуіл, ежовник, галогетон және т.б.), сондай-ақ
кохияға тән.
Терескен, лондезии, кириловия жемістерінің ұшуын жемісті қоршаған
түйірлер мен ұзын жіпшелер түйіншегі қамтамасыз етеді.
Көптеген алабұта тұқымдасының жеміс ұрығы жануарлармен таралуға
бейімделген. Бұл екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: олар жеуге жарамды
немесе жабысқақ болады. Жеуге жарамды жемістерінің гүлсерігі шырынды,
еттілі, ашық түсті, дәндерінің қабығы қатты және ол жануарларішегінде
қорытылмайды. Мұндай жемістер құстармен таралады. Бұған ашық-қызыл түсті
жминда жемісі мысал бола алады.
Алабұтаның жабысқақ жемістерінің қатаятын гүлсерігінде, мысалы (Bassia
hyssopifolia) малдың жүніне оңай қадалатын жіңішке тінекентері болады.
Алабұта тұқымдастары үлкен екі топқа бөлінеді: дәні сақина тәрізді
иілген және эндоспермді дамыған алабұта (Chenopodioideae) мен дәні
шиыршықталып оралған эндоспермі дамымаған (Salsoloideae).
Алабұта тұқымдасының (250 түр) көп түрі лебеда (220), солянка (200
аса) және сведа (100 дейін); 42 тұқымдасы монотипті.
Алабұта өсімдігі аридті және күшті сортаң жерлерде өседі [6].
Арамшөптерімен рудералды түрінен басқасы ксерофиттер және басқа
өсімдіктер өспейтін құрғақ, сортаңда жиілеп немесе аралас өсетін
классикалық галофиттерге жатады.
Шөл далада алабұта тұқымдастары тек өздері ғана өседі. Бұған Орталық
Азия мен Қазақстандағы Орталық Азиядағы сексеуіл ормандарын мысалға айтуға
болады.
Алабұта тұқымдастары дымқыл және сор теңіз жағалаулары мен тұзды
көлдердің жағасында өседі.
Үнемі шөл даладағы және сортаң жерлердегі топырақтың және атмосфераның
құрғақ жағдайында және тұзды көл мен теңіз жағалауында өсуге бейімделетін
алабұтаның ерекшеліктері бар.
Ол ең алдымен, клеткалар мен тканьдеріндегі жоғары осмостық қысым.
Көпшілік алабұтаның клетка шырынында еріген тұздардың мөлшері көп
болғандықтан олардың көпшілігінің күлі жергілікті халық үшін, сондай-ақ
өндірісте қолдану үшін де сода мен поташтың шикізат көзі болып саналады.
Мұндайда алабұталарға суккулент, поташник, солерос, сведа, галогетон
(Halogeton), кейбір солянка, ежовниктер және т.б. жатады [7].
Ал кейбір алабұталар тұқымдасының жапырақтары толық редуцирленген және
ассимиляция қызметін жасыл бұтақтар орындайды. Бұл әсіресе, сексеуілде анық
байқалады. Осының нәтижесінде булану қабатының азаюы күшейеді. Жапырақтары
мен жас бұтақтарындағы әр түрлі формадағы түкшелері буланудың азаюы мен
күнге күюден қорғаушы ролін атқарады.
Осындай қорғаныс функциясы барлық шөл далада өсетін алабұта
тұқымдастарында болады.
Қазақстанда өсетін алабұтаның екі тобы бар: Бір жылдық- chenopodiaceae
(марь) және көп жылдық- Atriplex (лебеда.
Atripleх- латынша атауы, орысша Лебеда, ал қазақша Алабұта деп
аталады.
Atripleх - алабұта тұқымдасының бұта немесе ағаш түрлері. Жалпы жер
шарындағы Марева тұқымдас өсімдіктер 100 тегінің 89 түрін Atriplex
өсімдігі құрайды (8(.
Қазақстанда бұлардың 25 түрі, ал жалпы 225 түрі бар.
1. Atriplex hortensis (Лебеда садовая)
2. Atriplex amblyostegia (Лебеда тупоприцветничковая)
3. Atriplex nitens (Лебеда лоснящаяся)
4. Atriplex verrucifera (Лебеда Бородавчатая)
5. Atriplex cana (Лебеда Седая)
6. Atriplex pedunculata (Лебеда Плодножковая)
7. Atriplex micrantha(Лебеда мелкоцветковая)
8. Atriplex crassifolia (Лебеда толстолистая)
9. Atriplex ilginii (Лебеда Ильина)
10. Atriplex patens(Лебеда отклоненная)
11. Atriplex hastate(Лебеда копьевидная)
12. Atriplex dimorphostegia(Лебеда Песчаная)
13. Atriplex oblongifolia (Лебеда продолговатолистая)
14. Atriplex patula (Лебеда раскидистая)
15. Atriplex litoralis (Лебеда прибрежная)
16. Atriplex laevis (Лебеда гладкая)
17. Atriplex megalotheca (Лебеда крупноприцветничковая)
18. Atriplex sphaeromorpha (Лебеда шарообразная)
19. Atriplex ornate (Лебеда укращенная)
20. Atriplex pungens (Лебеда ключая)
21. Atriplex tatarica (Лебеда татарская)
22. Atriplex multicolora (Лебеда многоцветная)
23. Atriplex flabellum (Лебеда веероплодная)
24. Atriplex sibrica (Лебеда сибирская)
25. Atriplex centralasiatica (Лебеда центральноазиатская)
Бұлардың көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді, жапырақтары
кезектесіп қарама – қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына
жиналып, масақ құрайды (9,10(.
Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.
Адам өмірінде алабұта тұқымдасына жататын өсімдіктердің маңызы зор.
Алабұта тұқымдасына жататын көпшілікке белгілі мәдени түрде өсетін екі
өсімдікті атай кеткен жөн. Оған бір ғана мысал ретінде қызылшаны айтуға
болады.
1. Қызылша (Beta vulgaris). Ол орталық белдеудегі елдер үшін қант
алудың негізгі шикізат көзі. Қызылшаның мәдени түрге жоғары түсімді жаңа
гибридті, тамырында 25% дейін қант болатын три- және тетраплоидты сорттары
енгізілген.
Біздің күнделікті тұрмысымызда ол жеміс түрінде пайдаланылады. Көп
жерлерде тамыры мен пәлегі (ботва) мал үшін азық болатын мал азықтық
қызылша ретінде өсіріледі. Батыс және оңтүстік Европа, Жапония, Индияда
жеміс ретінде А,В С витаминдерімен минералды заттарға бай жапырақты қызылша
(шпинатты), немесе мангольд кең таралған.
Мәдени қызылшаның шығу тарихы күрделі әрі түсініксіз, бірақ мәдени
қызылшаның алғашқы түрі теңіз жағалаулы қызылшасы (теңіз қызылшасы –
В. vulgaris subsp. maritima) және Оңтүстік және Европа (солтүстікте Батыс
Щвецияға дейін). Алдыменен өсімдік жапырақты қызылша (шпинатты) немесе
мангольд пайда болған. Ол Вавилонда мәдени өсімдік ретінде өсірілгендігі
жайлы біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғ. жазуларда көрсетілген.
Кейінірек оны басқа жабайы қызылша түрімен гибридтендіру арқылы
асханалық тамыржемісті қызылша алған.
Мал азықтық қызылша тек XVI ғ. Германияда және XVIII ғ. қант қызылшасы
алынған. Бірақта одан қант алу мен қант өндірісі Европада 1800 жылы
басталған [11].
2. Бақша шпинаты (Spinacia oleracea). Көпшлікке мәлім витаминдік жеміс
бақша шпинаты— бізге алдыңғы Азиядан ертеректе келген мәдени өсімдік.
Шпинат құрамында А, В және С, темір мен и фосфор, белок (34%) көп,
сондықтан ол тек маңызды тағамдық жеміс және диеталық өнім емес, организм
шаршағанда, қан аздықта қолданылады.Мәдени шпинаттың бір-бірінен формасы
және жапырағының шырындылығымен, сабағының жапырақтануымен, гүлдеу
мерзімімен ажырылатылатын 20-дан астам мәдени сорттары бар.
Жергілікті халық шпинат ретінде көптеген жабайы өсетін алабұталар- ақ
алабұта, жасыл алабұта (Chenopodium viride), қалалық алабұта (С. urbicum),
бау алабұтасы, найза тәрізді алабұта (Atriplex hastata), галогетон, сведа
түрлері, солянка, солероса жапырақтарын пайдаланады [12].
Көпшілік алабұта түрлері дәрілік өсімдіктер болып саналады, оларды халық
медицинасында және дәстүрлі медицинада пайдаланады.
Олардың ішінен ең алдымен оңтүстік Америкалық хош иісті
алабұтаны—амброзиевидті (Chenopodium ambrosioides) және қарсы жапырақты
алабұтаны (С. апthelininticum) атауға болады.Олардың дәнінен эфир майларын
алады, ішек құртына қарсы дәрі ретінде (аскаридол), сондай-ақ парфюмерияда
қолданады.
Мұндай алабұталар жер шарының барлығында өсіріледі. Құрамында сапониндер
болатын алабұтаның зәр айдайтын, қақырық шығаратын, жүрек жұмысын
жақсартатын, тері ауруыларын емдейтін әсері бар.
Алабұтаның көпшілігі мата, былғары бояуда (ақ алабұта- былғары үшін
қызыл бояу, Chenopodium vulvaria —сары бояу, бау алабұтасы — көк, индиго
бояуын алмастырушы), тағамдық бояулар (шарап, май т.б.), илегіш— Bassia
eriophora), сода мен поташ алудың шикізат көзі.
Алабұта өсімдіктері адамдардың санасында зиянды арамшөп деп
қалыптасқан. Бұл рас та, алабұтаның (Chenopodium) және лебеда (Atriplex) —
түрлері арамшөп-космополиттер. Бірақта адамзат бұл тұқымдасқа
тамыржемісті қызылша мен қант қызылшасы, күнделікті асханалық қызылша үшін
парыздар.
Сырт көрінісі жағынан алабұта өсімдіктері сүйкімсіз көрінеді, бірақта
үлкен кеңістікте жайылып өссе әдемі түсті жамылғы береді [13].

Алабұта өсімдігінің бірнеше түрлері бар. Әдебиеттерде ботаникалық
сипаттамасы берілгендерге мына түрлері жатады:

1. Амброзивті алабұта (марь амброзиевидная) C.Аmbrosioides L. Бір
жылдық немесе көп жылдық биіктігі 100 см дейін жететін улы өсімдік.
Халықтық атаулары: американдық ішек құртына қарсы шөп, иезуит шайы,
картезиан шайы иісті алабұта. Дәріханалық атаулары: амброзиевидтік май-
Chenopodii (ambrosioidis) oleum, (Oleum Chenopodii ambrosioidis).

2. Хош иісті алабұта, марь душистая (Chenopodium botrys). Біржылдық
жасыл-сары өсімдік, биіктігі 20—40 (65) см, жағымды исі бар. Сабағы тік
негізгі сабағынан бұтақталады. Жапырақтары төменгі және ұзын жапырақ
сағағында 3—4 жұптан төртбұрышты ойық ара тісті қалақшада кезектесіп
орналасқан. Гүл шоқтары масақ тәрізді гүл серігінде ұзын жіңішке
бұтақтармен жоғары қарай орналасқан. Гүл шоғыры өзінен бірнеше есе үлкен
гүлсерігімен бірге түйіршіктелген. Гүлдері екі жынысты, көбінесе 5 мүшелі,
1-2 аталығы болады. Тұқымы диаметрі 0,5-0,7 мм, қара-қоңыр, жылтыр, тегіс
жұқа ашық сары жеміс түпшесімен көмкерілген.
3. Дәрілік алабұта, Марь противоглистная— Ch.anthelminticum L.
Азербайжан тіліндегі атауы — тере, Армян тіліндегі атауы — телук, Грузин
тілінде — нацаркатама деп аталады.

4. Қызыл алабұта (марь красная), Chenopodium rubrum L. алабұта
тұқымдасына жатады.

5. Сасық алабұта (марь вонючая немесе лебеда вонючая), Chenopodium
vulvaria L. алабұта тұқымдасына жатады.

Біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15-30 см болады. Өзіне тән
жағымсыз исі мен ащы дәмі бар. Жапырақтары ұсақ, ұзын, жұмыртқа, ромба
тәрізді ұштары өткір тікенекті.
6. Қалпақшалы алабұта, марь головчатая, (Chenopodium capitatum І). Бұл
өсімдік алабұталар тұқымдасына жатады, қызылша, шпинат, лебеданың ұқсас бір
түрі
7. Дәрілік алабұта— біржылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 150 (180) см
тамыры топыраққа терең кетеді. Сабағы биіктігі 30—60 см жасыл, сирек
түкшелері бар, кейде жалаңаш бұтақталған. Жапырағы сүйірленген доғал, ұшы
ойық өткір тісті, төменгі жағы сары түбірге жинақталған.
8. Жминда (Chenopodium foliosum L). Немістер жминданы "erdbeerspinat",
ағылшындар— "strawberry spinach" деп атайды, орысша аударғанда "құлпынайлы
шпинат деген мағына береді.
9. Калифорния алабұтасы, марь калифорнийская (Chenopodium
californicum). Көп жылдық, биіктігі 20-90 см жуан, еттілеу, каудексті.
Сабағы тік.
10. Көп тұқымды алабұта, марь многосемянная (Сhenopodium polyspermum).
Біржылдық жалаңаш өсімдік. Сабағы тік, қырлы, бұтақталған, бұтақтарының
төменгі жағы шығыңқы болады.
11. Сосновтық алабұта, марь Сосновского (Chenopodium sosnowskyi).
Біржылдық ұн тәрізді тапы бар, жасыл немесе сұр түсті. Сабағы тік, кең
бұтақты, биіктігі 25-50 см. Жапырағы жапырақ-сағақты, табақшалы.
Жапырағының жоғарғы жағы жасыл түсті, төменгі жағы ұн тапты, ромбы немесе
шеті тұтас, кейде үш қалақшалы, үшкір, ланцетті.
12. Біржылдық жалаңаш өсімдік. Сабағы тік, қырлы, бұтақталған.
Жапырақтары жапырақ-сағақты, екі жағы да жасыл түсті, ұшбұрышты-найза
тәрізді үшкір, жоғарғы жағы кішірек, ланцетті.
13. Жуан жапырақты алабұта, марь толстолистная (Chenopodium
chenopodioides).
Бір жылдық жалаңаш шөпсабақты өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 20-50 см,
түбі бұтақты болып келеді.
14. Рихтер шеркезі, солянка Рихтера (Salsola richteri) Chenopodiaceae
Vent.
Биіктігі 2,5 м жететін ақ сұр қабықты биік бұта немесе аласа ағаш.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, тік ұшы жіңішке.

1.2. Ақ алабұта өсімдігі. Химиялық құрамы.

Ақ алабұта (Chenopodiacea album L.). Сhenopodiaceae тұқымдасына
жататын алабұта түрінен көп тарағаны Ақ алабұта (1-сурет).
Ақ алабұта- алабұталар тұқымдасына жататын, биіктігі 10-30 см, бір
жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағы жұмыртқа тәрізді
ромбалы, тегіс емес тісті, ұн тәрізді ақ тапы бар. Гүлдері жасыл түсті
ұсақ кішкентай түйірлерге жоғары қарай жинақталған.
Қазақстанның таулы аудандарынан басқа аймақтарда кездеседі. Егістікте,
бақтарда, тыңайған жерде, жол бойында, өзен және көл жағаларында өседі. Өте
қоректі арам шөп. Қоры зерттелмеген. Бірақта табиғи шикізат қоры жеткілікті
және мәдени түрде өсіріледі. Әр гектарынан 80-100 центнер көкмайса шөп
өндіреді. Франция мен Вьетнамда көкөніс және дәнді дақылдар ретінде
қолданылады [14].

1-сурет. Ақ алабұта

Химиялық құрамы. Жер беті бөлігінде- эфир майы, алкалоидтар, В, В2, С,
Е витаминдері, флаваноидтар, бояғыш заттар, жапырағында органикалық
қышқылдар- 30% қымыздық қышқылы 180 мг% аскорбин қышқылы, стероидтар,
сапониндер, липидтер, 23% протеин, 3,3% май, 6,3 мг,% каротина,
парахолестерин, бетаин, хеноподин, лейцин, холин, бетацианин, тригонеллин,
сапониндеер, 4,2-19% эфир майлары, гүлінде- тритерпенді сапониндер, С
витамині, фенолкарбонды- ванилин, ферул қышқылдары, олеанолқышқылы, b-
ситостерин тұқымында- тритерпенді сапониндер, алкалоидтар, шыны майлар (4,2-
9,1(), 16,9% белок,, 6,9% май, крахмал, кальций, фосфор, магний, темір,
күкірт, кремний, хлор, калий бар [14].

Эфир майлары
Эфир майлары өсімдіктерде кеңінен таралған. Құрамындағы эфир майлары
бар препараттар өте көп. Эфир майлары көп түрдегі қосылыстардың жиынтығы,
химиялық құрамы күрделі. Эфир майларының құрамында 10-100-ге дейінгі
қосылыстар болады. Құрамында алифатты, ароматты қосылыстар және көбінесе
терпенді қосылыстың туындылары түрінде кездеседі. Қазақстандық Марева
тұқымдас өсімдіктердің құрамы зерттелінген. Мысалы, А.Д. Дембицский, Г.Б.
Рустенбекова Chenopodium bortus L. (Марь душистая) өсімдігінің эфир
майларын терең зерттеген. Осы өсімдіктен алынған эфир майлары кестеде
көрсетілген. [15].

1-кесте. Chenopodium bortus l. (Марь душистая) өсімдігінің эфир
майлары.
Эфир майлары Сандық Эфир майлары Сандық Эфир майлары Сандық
құрамы (%)(%) құрамы (%) құрамы
(%) (%)
терпендер (-терпинен 0,7 калакорен 0,5
(-фенхен 0,4 п-цимен 0,5 Құрамындағы оттегі бар
(-пинен 0,4 терпинолен 0.1 туйон аз
(-фенхен 0,8 сесквитерпендер лиалоол 0,4
камфен 0,3 Иланген 0,7 ментон 0,8
(-пинен Аз (-сантален 1,5 камфара 0,8
сабинен Аз аромадендрен 2,5 Териненол-4 аз
(-мирцен 20,5 (-мууролен 3,0 ментол 0,3
(-фелландрен 0,2 (-мурролен 4,0 пулегон 2,0
(-терпинен 0,4 (-кадинен 13,5 нерол 0,8
лимонен 3,6 аг-куркумен 7,5 Гераниол 0,4
(-фелланлрен 0,3 (-кадинен 1,5 (-эйдесмол 3,5
цинеол 0,2 каламен 0,8

Қытайда Марева тұқымдас Chenopodium ambrosioides L өсімдігінің эфир
майлары құрамы зерттелген. Негізгі құрамы моно жіне сесквитерпендер
медицина және парфюмерия өндірісінің маңызды шикізаты болып есептеледі
[16].

Эфир майларының химиялық құрамы

1. Алифатты қосылыстарына: алкандар, спирттер, альдегидтер және
кетондар және т.б. қатарлары жатады, өсімдіктерде кеңінен таралған
көбінесе жемістерде кездеседі. Мысалы: этилацетат, пропил спирті,
октальдегид, құмырсқа қышқылы [ 17].
2. Терпенді қосылыстар: эфир майларындағы терпендер негізін
моносесквитерпендер құрайды. Эфир майларындағы терпендердің құрамында
оттегі болады, ал кейбіреулерінде оттегі болмайды. Көптеген эфир майлары
үшін құрамында оттегі бар алкандар мөлшері жоғары болғанымен олардың көбісі
иісіз болып, маңызды құрамы деп саналмайды. Мысалы, (-пинен (1) (-пинен
(2) камфен (3), мирцен (4). Құрамында оттегісі бар туындылары спирт,
альдегид, қышқыл, эфир, фенол қатарлары шамасы аз болғанымен олардың күшті
ароматты иісі болып, эфир майларының маңызды құрамдары деп саналалады.
Мысалы линолен, ментол, эвкалиптол, родинал, нерал.

1 2 3
4

3. Ароматты қосылыстар. Эфир майларының ароматты қосылыстарының ароматты
құрамында оттегісі бар туындылары (бензил, оксибензой қышқылы т.б.),
терпенді туындылары (р цимен, тимол т.б.) және көбінесе фенил пропион
туындылары жатады, олар әдетте пропил радикалды фенолдар және олардың
эфирлері. Мысалы, анезол (5), эвгенол (6), (-асароне (7), (-асароне (8).

5. 6

7
8

Cесквитерпендер туралы жалпы түсінік, олардың таралуы

Терпендер табиғи органикалық қосылыстардың маңызды бір
бөлігі.Сесквитерпендер 3 изопренді құрылымнан
тұрады.Өсімдіктерде,организмдерде,т еңіз организмдер де және жәндіктерде
кеңінен таралған олардың көбісінде биологиялық және физиологиялық
белсенділік болады.Әсіресе сесквитерпеннің ацилдері бактерияға,қатерлі
ісікке,вирусқа қарсы қабілеті бар. Химиялық тұрғыдан қарағанда
сесквитерпендер қаңқасында 15 көміртек атомы ғана болғанымен,алайда
организмдер денесіндегі қызықты метаболизм процессінен кейін сан алуан
түрлі қаңқадағы қосылыстарды пайда етеді,сонымен бірге күрделі стеро
құрылымы болады. Олардың химиялық және аспекторлық зерттеулері хх ғасырдың
60 –шы, 70-ші жылдары зерттеу шыңына шыққан,сондықтан да, олар өсімдік
құрамының маңызды бір түріне айналған [18,19].

Сесквитерпендердің биологиялық белсенділігі

1. Өсімдіктердің өсуін шектейді
Abscisic өсімдігінен алынған abscisiс қышқылы (abscisic acid ABA
149)225 кг өсімдіктен 9 мг бөлініп алынған,алайда оның физиологиялық
белсенділігі өте жоғары,аbscisic қышқылы өсімдіктердің жапырағының түсуі
және оның өсуі мен көктеуі тектес физиологиялық құбылыстарын бақылайды.
Мақтаның тамырынан алынған 150 стригол (Strigol) сесквитерпені stri da
lutea өсімдігі дәнінің көктеуіне әсер ететін қозғаушы зат.Acorus calam
өсімдігінен алынған acorane сесквитерпені (9-12) тектес қосылыстар кейбір
өсімдіктер дәнінің көктеуін шектейді. Drechslera auenea және Pecnoportus
cocineus өсімдіктерінен алынған КМ-01 (13) сесквитерпен түрлеріне
брассинолоид (brassinolide)өсу гормонына қарсы қабілеті болып өсімдіктің
өсуін шектейді [20].
Sorokinianin (14) бір түрлі өсімдік фитотоксин,ол бидай дәнінің көктеуін
шектейді.

9 R=H
11 R= H
10- Ac
12 R- Ac

2. Жәндіктердің жастығын сақтайтын гармондар
Ағаш желімінен алынған жувабион (juvabione) (15) және жувенил (juvenile)
гормоны (JH-I, JH-II, JH-III 16-18) сесквитерпендері кейбір жәндіктерге өте
күшті, жастығын сақтау қабілеті бар.

3.Жәндіктердің жыныстық аттрактант гармоны

Кейбір сесквитерпендер жәндіктердің жыныстық аттрактант гормоны
болады. Мысалы, жәндіктердің жыныстық аттрактант гормоны.
Кейбір сесквитерпендер жәндіктердің жыныстық аттрактант гармоны
болады. Мысалы, 3-метил-а-химакалане (19) гомосесквитерпен түріне жатады.
Lutzomyia longipalpis жәндігі жынысының сыртқы гормоны.

4. Бактерияға қарсы белсенділік

Clitocybe illudens жәндігінен бөлінген қосылыстардың көбісінің
бактерияға және қатерлі ісікке қарсы белсенділігі болады.Бұлардың ішінде
иллудин S (lampterol, 20) және иллудин M (21) сесквитерпендерінде жоғары
қатерлі ісікке қарсы белсенділігі жоғары. Осы тектес
hydroxymethylacylfulvene (гидроксиметилацилфулвен) (22) сесквитерпені
қазіргі кезде қатерлі ісікке қарсы белсенділігі бойынша клиникада сынақтан
өтіп жатыр [21].

5. Пестицидтік белсенділік
Костюнодид (23) және ереманцин (24) сесквитерпендерінде пестицидтік
қабілеті болады. Nardostachys chinensis тамырынан алынған сесквитерпендер.
Пестицид болып саналады [22].

6. Нерв жүйесіне белсенділігі
Өсімдіктерден алынған пикротоксин (25), тутин (26) және анисатин (27)
сесквитерпендері нерв жуйесін қоздыратын қабілеті бар. Pinicillum jensenli
бактериясынан алынған FR 65814(28) сесквитерпені [60] қазіргі кезде
иммунитеттік ауруларды емдеуде қолданылады. Zinggiber aromaticum және Z.
jerumbet өсімдігінен алынған зерубон (zerumbone) (29) сесквитерпенінде
СПИД вирусына қарсылық қабілеті бар [23].
Сонымен қатар сесквитерпендер қабынуға қарсы белсенділік және қатерлі
ісікке белсенділік көрсетеді.
Медицинада жемісін пайдаланады.
Таралуы. Қазақстанда, Үстіртте, Қызылқұмда кездеседі.
Экологиясы. Псаммофитті өсімдік, құмды жерлерде өсуге бейімделген. Сол
себепті олардың тамырлары 3 м астам тереңдікке жетеді, көбінесе жал
құмдардың ортасында, жер асты сулары жақын жерлерде өседі.
Қорын анықтау жұмыстары Қазақстанда арнайы жүргізілмеген.
Химиялық құрамы. Алкалоидтар (0,7-3,1(), сальсольин, сальсолодин,
флаваноидтар (0,01-1,01(), жер үсті бөлігінде кумариндер, флаваноидтар
(0,62-1,4(), гүлі мен жемісінде алкалоидтар (2,84-1,62(), тұқымында
алкалоидтар бар.
Шеркездің жемісін қыркүйек-қазанда (үсік жүргенге дейін) сабағын,
бұтақтарын сындырмай қолмен жинайды. Ашық аспан астында, төсеніштің үстіне
жайып, жылдам кептіреді [24].

Эфир майларын алу жолдары

1. Дистилдеу әдісі
Эфир майлары мен су бір- бірінде ерімейді,қыздырғаннан кейін екеуінің бу
қысымының қосындысы және атмосфера қысымы теңеседі,ерітінді қайнайды,эфир
майлары су буымен бірге дистилденіп шығады.
Дистилдеу әдісі өсімдіктерден эфир майларын алуда үнемі қолданылады.
Шикізат ұнтақталғаннан кейін суға салынып шыланады,сосын тікелей немесе су
буы арқылы эфир майлары дистилденеді. Бұл әдіс қарапайым құрылғыда жүреді,
алайда процесстің температурасы жоғары болғандықтан,кейбір эфир майлары
ыдырауы немесе су буымен бірге ұшып кетуі мүмкін [25].

2. Экстрактілеу әдісі

Бұл әдіспен эфир майларын алуда петролей эфирі немесе диметил эфирі
тектес төмен қайнау температурасындағы органикалық еріткіштермен бөлме
тепмпературасында экстрактіленеді,тұндырысы алынады, еріткіш айдалғаннан
кейін эфир майлары қалады. Бұл әдістің артықшылығы өнімі жоғары,эфир
майларының ыдырауы немесе зиянға ұшырауы болмайды.
Соңғы жылдардан бері СО2 ерітіндісін экстракті еріткіші ретінде қолдану
адамдардың қызығушылығын арттыруда. Бұндай эфир майларын алу процессі
Жоғары критикалық СО2 экстрактілеу әдісі (Super-critical carbon dioxide
extraction) деп аталады. Бұл әдісітің тиімділігі алу өнімі
жоғары,процесстің температурасы төмен болғандықтан, ыдырау болмайды,сонымен
бірге СО2 эфир майларын оңай қалдықсыз бөлінеді.Бұл процесстің кемшілігі
жалпы процесс критикалық қысымда жүретіндігі себепті жабдыққа қойылатын
талап жоғары сонымен экстракты құны қымбатқа түседі.

3. Қысымды сығу әдісі
Бұл әдіс процессі эфир майларының мөлшері жоғары өсімдіктерді
физикалық сығу арқылы орындалады. Тиімділігі процесс бөлме температурасында
жүреді, эфир майлары құрамында өзгеріс болмайды.Кемшілігі өнімі
төмен,араласпа мөлшері жоғары.
Өндірісте эфир майларын алудың басқада көптеген жолдары бар.

Эфир майларының құрамындағы сандық сараптау әдісі

Өсімдіктердегі эфир майларының құрамын сандық сараптаудан бұрын
алдымен өсімдіктердегі эфир майлары құрамының пайыздық мөлшері анықталады.
Өсімдіктердегі эфир майлары су буымен бірге шығады өлшемді ыдыста жиналған
шамасы бойынша пайыздық мөлшері анықталады.
Эфир майларының құрамын сандық сараптауда Газ хроматография-масса
техникасы. Олардың сандық құрамы хроматографиялық нормалдау әдісімен
анықталады.Жоғары талдағыштық капиллярлы ГХ (GC) сақталу көрсеткіші және
компьютерлік сандық мәліметке сай келетін массспектроскопиясы графигінің
бірлікте қолданылуы эфир майлары химиясы және басқада органикалық сараптау
аймағындағы анықтау стандартына айналды [26].

Эфир майларының фармакологиялық активтілігі, қолданылуы

Бактерияға қарсы белсенділігі бар кейбір эфир майлары өсімдік патогенін
(Plant Pathogens),катиондар(Coriandrum sativum), кәдімгі анис (Pimpinella
anisum)шашақты мята (Mentha spikata),иссоп(Hyssopus offcinalis)және фенел
(Foneicum vulgare)өсімдіктерінің эфир майлары Clavibcter michiganense subsp
michiganense, Pseduomonas syringae pv.Tomato және Makrophomina Phaseoli
сиссо-ның эфир майлары xanthomonas campestris pv. Malvace arem
бактерияларына қарсы белсенділік көрсетеді [27].
Қара тимин (Carum Roxburghianum)өсімдігінің жапырағы мен жемісінен
алынған жоғары қоюлықтағы эфир майлары бактерияға қарсы белсенділік
көрсетіп медицинада қолданылады.
Эфир майлары сабын,парфюмерия,касметикада,тағам және тазартқыш өнімдерді
алуда кеңінен қолданылады.Олар тарихи дәуірлерден бастап халық
медицинасында әр түрлі мақсаттар үшін қолданылған [40],өсімдіктегі эфир
майларында микробқа қарсы қасиеттері болып микроб ауруларын емдеуде
жұмсалған[41].Эфир майлары тектес табиғи қосылыстар тұтынушы мен қоршаған
ортаның қорғаушысы,егістік ауруларын бақылауда және олардың эффективті
қолданысы әр түрлі өсімдіктерге қолданылатын пестицидке қарсы шыдамдылығы
болып табылады.
Ароматерапия альтернативті медицинаның бір түрі,емдеу қасиеті эфир
майлары мен өсімдік экстрактілеріндегі ароматты қосылыстарына негізделген.
Көптеген эфир майлары антисептикалық белсенділік көрсетеді т.б. миды
сергітеді.
Экстрагенді және антиандрогенді белсенділік шайт ағашының майларынан да
табылған [28].

1.3. Алабұта өсімдігінің қолданылуы

Алабұта өсімдігінің пайдалы жақтары өте көп. Оның химиялық құрамының
ерекшелігіне байланысты жемісі, жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі
қолданылады. Бұрынғы заманда ерте көктемдегі жас өркендерін қатты етті
жұмсартуға пайдаланып, салатқа да қосқан көрінеді. Ескі жазбаларда
алабұтаны көкөніс ретінде арнайы өсіргендігі жөнінде деректер бар.

Ақ алабұта.
Қайнатпасы мен тұндырмасы- Тибет, Қытай, Үндістан, бұрынғы Кеңес
Одағының ресми медицинасында: қабыну ауруларына, ас қорыту ағзаларының
түйілуіне, асқазан және қарынның түрлі ауруларына, әр түрлі жараларға қарсы
пайдаланады. Сондай-ақ іш өткізетін, ішек құрттарын түсіретін дәрі ретінде
және жүйке жүйесінің әлсіздігіне, ұстамалы жүйке, сақина, сал, тырысу
ауруларына қарсы тыныштандырғыш қасиеті бар болғандықтан оны кеңінен
қолданылады. Бұл шөптен жасалған препараттар ішек құрттарына қарсы, зәр
айдағыш, микробтарға қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Жер беті бөлігінде
эфир майы 0,3 – 0,7 %, ұрығында 1,5 – 3 %. Майдың негізгі құрам бөлігі –
аспаридол (80 %). Эфир майы ішек құртына қарсы Сонымен бірге өкпе құрты,
жөтел, тыныс жолдары ауруларына қарсы қолданылады. Талақ және бауыр
науқастарына қарсы пайдаланады. Сарып, белдегі жұлын түбінің қабынуы, бел
шаншу (люмбаго). Мүйізгек немесе құс (мазоль) сырқаттарын онымен қыздыру
және булау арқылы емдейді. Баспа (ангина) кеселінде алқымды шаяды. Түрлі
жаралы жерлерді жуады. Тері ауруларын булайды. Шырыны- ыстық өткенді,
ұнтағы- бала сеппесіне, бұтағының күлін сүйелді, мең немесе қалды емдеуде
қолданылады. Жасөркенінен түрлі салат, пюре, щи, соус дайындайды. Бұл
өсімдіктен эфир майын алады, тұқымынан жарма жасайды. Бал беретін өте
құнарлы малазықтық және әсемдік өсімдік [29].
Шөптен жасалған тұнба асқазан- ішек ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Ол жүрек қан тамырларының қанмен жабдықталуын жақсартып, бас айналғанын
басып, нерв жүйесі функциясы мен ұйқы өз деңгейне келтіреді. Тері
ауруларында да қолданылады.
Тұнба дайындау үшін 1 шай қасық шикізатты 1 стакан ыстық қайнаған
сумен араластырып, жылы жерде 2 – 3 сағат тұндырып, сүзеді. Астан кейін
күніне 3 уақыт 3 ас қасық қолданылады.
Сырттан қолданғанда 2 шай қасық шикізат 1 стакан ыстық қайнаған сумен
араластырылып, жабық эмаль ыдыста су моншасында 5 минут қайнатылып,
суытылып, 2 – 3 қабат дәке арқылы сүзіліп, көлемі бастапқы қалпына
келтіріледі. Тампондар түрінде күніне 3 – 4 рет қолданылады. Бас ауырғанда,
қысым жоғарылағанда, астмада алабұта тұнбасын ішкізеді.
Халықтық медицинада бұл шөп майы ішек құрттарына қарсы, тәбетті ашу
үшін, гемопатияда, бауыр ауырғанда, инсультта қолданылады.
Жер беті бөлігімен эфир майының өзіндік жағымды иісі бар. Оны тамақ,
парфюмерия – косметикада, аспаздықта қолданылады.
Ақ алабұтаны тамақта қолданады. Дағыстан, Өзбекстанда одан пирог
дайындайды. Арменияда салатқа қосып, қысқа кептіріп алады. Ресейде де
тамаққа қосып, салат дайындайды.
Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында алабұтаның арамшөп
ретіндегі зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, шипалы, азықтық қасиеті басым
екені анықталды. Бүгінгі таңда халықтың әл – ауқатының төмендеуіне
байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде
алабұтаны пайдалануға болады.
1 литр суға 40 – 60 грамм ұнтақталған алабұтаны 10 – 15 минут бұқтырып
бөлме температурасында суытып, сүзіп алып қотырды жуады. Алабұтаны асқазан
– ішек өт жолдары қызметінің бұзылуына, үлкен дәретті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Алабұталар тұқымдасы
Қант қызылша дақылына зиян келтірітін зиянкестердің түр құрамы
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
Chenopodiaceae Vent тұқымдасының Climacoptera B. туысы C.lanata өсімдігінің түрінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері
Пәндер