Қазақ қоғамындағы билердің ролі



КІРІСПЕ
І.Негізгі бөлім Қазақ қоғамындағы билердің ролі
1.1 Қазақ биінің пайда болуына қатысты деректі негіздер
1.2 ХХ ғасырда сахна төріндегі қазақ биі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бұл жұмыс қазақтың ұлттық би өнерінің қалай пайда болғанынан басталады. Тарихтың қойнауынан қайнап шығып жатқан қазақ биінің қалай қалыптасқандығы және әр аймақтық ортада ғұмыр кешкен қазақстандағы және қытайдағы қазақ биінің алғаш рет қалай сахнаға шығып, осы кезге дейін қалай дамығаны салыстыра айтылады. Салыстыра отырып, қорытындылау негізінде екі жақтағы қазақ биінің ерекшеліктеріне байланысты өзгешеліктері жазылған. Міне осындай мәселелер қазақтың төл ұлттық биінің қорын көбейтіп, ұлттық сипатын бекемдеуде ерекше маңыз алатындығы баршаға аян.
Би – адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің бірі. Ол адамның көңіл күй өзгерісін ишаралайтын жалаң қимылдардан біртіндеп дамып, белгілі бір қоғамдық ойды, уақиғаны ұлттық психологиялық жүйені би тілімен суреттеп беретін дара өнер түріне айналды. Ол үшін ұзақ тарихи кезеңді бастан кешірді.
Би адамзат тапқырлығының ең алғашқы көркемөнер формасының бірі. Би өнері адамзатпен бірге жасап келеді. Адамдар ертедегі тас оймалар, жартас суреттері және мәдени мұраларға негізделіп, бидің із таптарының бастапқы мезгілде пайда болғанын байқай алады. Көркемөнер зерттеушілеріндегі көркемдік көзқарастың бір-біріне сәйкес келмейтіндігі және зерттеу әдісі мен қолдарындағы иелеген материалдарға негізделе отырып, дүниенің түкпір-түкпірінде сан алуан түсініктемелермен әдістемелік байымдаулар жасап келді.
Англияның көрнекті көркемөнер зерттеушісі Х.Елістій былай деп қарайды: “би-құштарлық пен діни сезімнің ең алғашқы бейнелену әдісі. Мұндай діни сезімдерді бейнелеуді адамдар ертеден - ақ билей бастаған, ал осы құштарлық немесе іңкәрлық сезімнің өзі, адамзат жаратылудың алдында пайда болған ”,- деп көрсетті . Ол тағы да: “...құс түрлерінің ұясындағы есінен адаса ойнақ салуының өзі олардың би әрекеттерінің кездейсоқ нәтижесі”,- дей келе, бидің пайда болуын, діндік түс алдырып, оны хайуанаттардың қимылына еліктеуден пайда болған деп тұжырым жасайды. Американың би зерттеуші ғалымы А.Соллер: “...би адамзат тарихында ертеде пайда болған, байырғы адамдардың әр түрлі хайуанаттардың азық тауып жеуі, өзін қорғауы, бірін-бірі қуалауы, өзара қарайласуы қатарлы әрекет қимылдарына байланысты еліктеу барысында, аң-құстардың қимылын қабылдаудан пайда болған”,- дейді
Қазақ ән, би, күй өнері жағынан ұзақ тарихы бар ежелгі ұлттар қатарына жатады. Қытай ғалымдары “қиыр шығыстағы алғашқы күй әуендері Яңчау әуендері, Яңчау мәдениеті(б.з.б. 5000 – 3000 ж.ж) дәуірлерінде қалыптасқан” деп қарайды. Ал, ішінара ғалымдар ән, би, күйлердің төркіні – адамдардың ең бұрынғы діни салттары деп біледі.
1. Абдакимов А. История Казахстана.-Алматы:РИКД994.- 235 с.
2. АбировД., Исмаилов А. Казахские народные танцы. /издание
втарое/.-Алма-Ата: Өнер, 1984.- 112с.
3. Әбіров Д. Қазақ биінің тарихы.-Алматы: Санат, 1997.-160 б.
4. Әуезов М.Шығармалар жинағы. Т.-П.-Алматы:Жазушы,
1969.-480б.
5. Байділдаев Ө. Қанатты өнер.-Алматы: Санат, 1997.-160б.
6. Жиенкулова Ш. Тайна танца.-Алма-Ата: Өнер, 1980.- 280 с.
7. Жұбанов А. Өскен өнер.-Алматы: Ғылым, 1985.-248 б.
8. Зейнолла Сәнік, Қазақтың тұрмыс-салт білімдері.-Үрімжі: Шыңжаң ғылым-техника, денсаулық сақтау баспасы, 1999.-368 б.
9. Қазақ бақсы-балгерлері /құрастырғандар: Дәуренбеков,Ж., Тұрсынов Е./.-Алматы: Ана тілі, 1993.- 224 б.
10. Сарынова Л. Қазақстан балеті.-Алматы: Білім, 1983.-15б.
11. Қазақ театрының тарихы. Т.-І.-Алматы: Ғылым, 1975.- 398 б.
12. Қадыров А.Қазақ биінің алғашқы конкурсы.//Қазақ әдебиеті, 1992,24 сәуір.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І.Негізгі бөлім Қазақ қоғамындағы билердің ролі
1.1 Қазақ биінің пайда болуына қатысты деректі негіздер
1.2 ХХ ғасырда сахна төріндегі қазақ биі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бұл жұмыс қазақтың ұлттық би өнерінің қалай пайда болғанынан басталады. Тарихтың қойнауынан қайнап шығып жатқан қазақ биінің қалай қалыптасқандығы және әр аймақтық ортада ғұмыр кешкен қазақстандағы және қытайдағы қазақ биінің алғаш рет қалай сахнаға шығып, осы кезге дейін қалай дамығаны салыстыра айтылады. Салыстыра отырып, қорытындылау негізінде екі жақтағы қазақ биінің ерекшеліктеріне байланысты өзгешеліктері жазылған. Міне осындай мәселелер қазақтың төл ұлттық биінің қорын көбейтіп, ұлттық сипатын бекемдеуде ерекше маңыз алатындығы баршаға аян.
Би - адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің бірі. Ол адамның көңіл күй өзгерісін ишаралайтын жалаң қимылдардан біртіндеп дамып, белгілі бір қоғамдық ойды, уақиғаны ұлттық психологиялық жүйені би тілімен суреттеп беретін дара өнер түріне айналды. Ол үшін ұзақ тарихи кезеңді бастан кешірді.
Би адамзат тапқырлығының ең алғашқы көркемөнер формасының бірі. Би өнері адамзатпен бірге жасап келеді. Адамдар ертедегі тас оймалар, жартас суреттері және мәдени мұраларға негізделіп, бидің із таптарының бастапқы мезгілде пайда болғанын байқай алады. Көркемөнер зерттеушілеріндегі көркемдік көзқарастың бір-біріне сәйкес келмейтіндігі және зерттеу әдісі мен қолдарындағы иелеген материалдарға негізделе отырып, дүниенің түкпір-түкпірінде сан алуан түсініктемелермен әдістемелік байымдаулар жасап келді.
Англияның көрнекті көркемөнер зерттеушісі Х.Елістій былай деп қарайды: "би-құштарлық пен діни сезімнің ең алғашқы бейнелену әдісі. Мұндай діни сезімдерді бейнелеуді адамдар ертеден - ақ билей бастаған, ал осы құштарлық немесе іңкәрлық сезімнің өзі, адамзат жаратылудың алдында пайда болған ",- деп көрсетті . Ол тағы да: "...құс түрлерінің ұясындағы есінен адаса ойнақ салуының өзі олардың би әрекеттерінің кездейсоқ нәтижесі",- дей келе, бидің пайда болуын, діндік түс алдырып, оны хайуанаттардың қимылына еліктеуден пайда болған деп тұжырым жасайды. Американың би зерттеуші ғалымы А.Соллер: "...би адамзат тарихында ертеде пайда болған, байырғы адамдардың әр түрлі хайуанаттардың азық тауып жеуі, өзін қорғауы, бірін-бірі қуалауы, өзара қарайласуы қатарлы әрекет қимылдарына байланысты еліктеу барысында, аң-құстардың қимылын қабылдаудан пайда болған",- дейді
Қазақ ән, би, күй өнері жағынан ұзақ тарихы бар ежелгі ұлттар қатарына жатады. Қытай ғалымдары "қиыр шығыстағы алғашқы күй әуендері Яңчау әуендері, Яңчау мәдениеті(б.з.б. 5000 - 3000 ж.ж) дәуірлерінде қалыптасқан" деп қарайды. Ал, ішінара ғалымдар ән, би, күйлердің төркіні - адамдардың ең бұрынғы діни салттары деп біледі.

1.1 Қазақ биінің пайда болуына қатысты деректі негіздер

Би - адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің бірі. Ол адамның көңіл күй өзгерісін ишаралайтын жалаң қимылдардан біртіндеп дамып, белгілі бір қоғамдық ойды, уақиғаны ұлттық психиканы жүйелі би тілімен суреттеп беретін дара өнер түріне айналуы, ұзақ тарихи барысты бастан кешірді.
Адам өзі өмір сүріп отырған ортасының жұмбағын, табиғатын, қоғам өміріндегі тіршілігінің мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, әртүрлі ғылыми әдіспен зерттеп білсе, енді бірде халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық рухани мұрамыздың бастауы жыр-дастан, аңыздар арқылы танып біледі.
Көшпенді халық өзін қоршаған табиғи ортаға байланысты өзіне тән өмір-салтын, мәдениетін қалыптастырды. Этникалық құрылымға қажетті көптеген факторлар бұлардың өз ішінде туындап, белгілі бір тәртіпті жүйеге айналды.
Қазақ тарихының көшпенділер деп аталатын кезеңінде ешқандай өнер түрі еш жерде дараланып көзге түспейді, себебі оларға тән нәрсе тұтастық. Яғни, қазақтардың әлеуметтік-мәдени өмірінде ешнәрсені бір-бірінен бөле-жара қарауға болмайды. Өйткені, көшпенділердің, барлық болмысы табиғи ортамен сәйкестік қарым-қатынаста пайда болған тұтас дүние.
Әр ұлттың өз ана тілі болса, ал дүние жүзі халықтарына ортақ бір тіл бар; ол іс-әрекет, қозғалыс тілі. Осы тілге жататын би өнері адамзаттың дүние танымындағы ең алғашқысы. Алғашқы қауымдастықтағы адамдардың кәсіптеріне би-қимыл өнері негізделген. Олар өздерінің тіршілігіне қажетті әрекеітерін үндескен қимыл қозғалыстың бірлігі арқылы атқарған. Қандай да болмасын еңбек түрлерінде ырғақ бары белгілі. Сондықтан, ырғақпен үндестік тапқан әртүрлі дене қозғалыстарынан би туындады.
Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Мадениеті өскен халықтардың тұрмыс-тіршілігі мен еңбек процесінің жетік дамуына байланысты, олардың ұлттық ойындары мен билері де сан түрлі сипат алып, мазмұндық, көркемдік жағынан кең қанат жайып, үнемі ілгерілеп отырады. Әр халықтың белгілі бір ережелерге бағындырылған, әсем де сүйкімді, нәзік қимылдарынан келіп би туындайды. Сөйтіп келіп, осылардан жинақтала, уақыт таразысынан өте бүкіл жер жүзі халықтарында көркем би өнерінің белгілі бір қағидалар мен ережелерге сүйенген заңы қалыптасты. Әрбір ғасыр мен дәуір ұсынған талаптар мен тенденцияларға байланысты түрлі ұлт ойындары жаңарып, жаңғырып би ырғағы да талай толығулар мен өзгерістерге ұшырауы заңды құбылыс. Бірақ біз оның қай-қайсысынан болмасын әрбір халықтың өзіне ғана тән ұлттық сипатын анық байқаймыз. Сондықтан да, біз халық билеріне зор көңіл бөлеміз. Себебі, ол әр халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, салтын, тұрмыс-тіршілігін айнытпай таныта алатындықтан, біз оны бір-бірінен оңай ажырата аламыз. Мысалы, аңшылықпен айналысатын халықтардың көптеген билерінің негізгі кейпкерлері құс пен аңдар болып келеді. Атап айтар болсақ, солтүстікте тұратын халықтарда осы күнге дейін "Қарға", "Марал" деген билер сақталған. Памир, Гималай, Кавказ секілді тау халықтарында да бүркіттің аспанда қалықтап ұшуын, әлсіз жәндіктердің жәбірленуін көрсететін билер көп. Өмірлері соғыспен өткен халықтардың жауынгерлік, күрескерлік рухы да сол халықтың билерінен анық көрініс тапқан. Ертедегі Греция халқының Пиррические пляски деген билерінде соғыс, сайыс, күрестің түрлі әдіс-қимылдарын өте шеберлікпен көрсетеді. Мұндай көріністер осы күнге дейін биленетін пляски, белуджий, қылыш ұстап билейтін Памир халықтарының Шамширобазы, Грузияның Парикоба сияқты көптеген билерінде сақталған.
Жаратылыстан тысқары құдіретті күшпен байланыс жасаушы ерекше адамдар (бақсылар, сәуегейлер, білгірлер т.б.) үстеріне әлем - жәлем киімдерді киіп, қолдарына күй аспаптарын алып, би билеп, ән айтып құдіретті күшпен байланыс жасайды, иесін шақырады, жын шайтандарды қуалайды. Тілек тілеп болашақты болжайды т.б.
Біздің ата-бабаларымыз жасаған Еуразия даласы осындай таным - сенімдердің ең әуелгі пайда болған жері болуы мүмкін. Азияның шығыс солтүстігінде өркен жайып шартарапқа таралған байырғы шаман діні дәл осындай мәдениеттің негізгі төркіндерінің бірі тәрізді. Азиядағы шаманизм мен Америка құрлығындағы үндістердің шаманизміндегі ұқсастықтарға қарағанда, Азиядағы шаманизмнің пайда болғандығы он мың жылдан кем емес екендігі белгілі. Бұдан біз әдебиетіміздің арғы сарабынан да тым арыда жатқандығын аңғарамыз.
Ал бидің шығу тарихына келсек, қытай жазбаларында мынадай деректер кезігеді. "Қытайдың Таң дәуіріндегі "Шыңжаң билері" деген кітаптың 2-том, 310-бетінде: "Таң хандығы дәуірінде "Жылқы биі, тост күйі" атты музыка болған. Хан, Таң патшалығы кезінде Орта Қытайға батыс өңірден көптеген жылқы кіргізіледі. Осыған байланысты Таң дәуірінде Шынжаңда "Жылқы биі" көп таралды,- деп жазылған". Сол кітапта тағыда: "Таң патшалығының жаңа тарихы" деген кітаптың шығыс тармағынан мысал келтіре келіп: "ол кездегі музыка аспаптарынан сыбызғы, барабан, көп түрлі сыбызғы, табақты қоңырау болса, билерден "Жылан", "Арыстан", "Жылқы", "Арқан" билері бар еді. Осыдан барып қырғыздар арасында "Жылқы биі" кеңінен ойналып жүр. Мәселен Іле, Алтайды мекендеген қазақтар мен Тас қорғанды мекендеген тәжік, Атұшты мекендеген қырғыздар арасында "Жылқы биі" таралған. Қазақ халқына жаппай таныс "Қара жорға биі" басқа ұлттарда болғанымен олардың билері қазақ биінен өзгеше екен.
Қазақ биін зерттеуші қытай би танушысы Уаң Жиячың "қазақ би өнерінің келу қайнары және басты ерекшелігі" атты мақаласында "Қара жорға биі" туралы ойларын былай жеткізеді. Көшпенді шаруашылықпен шұғылданған қазақ ұлты үшін ат олардың қанаты. Мейлі мал баққанда, көшкенде, соғыста жүргенде аттан айырыла алмайды. Олар жылқы киесі "Қамбар ата" деп, бір мезет жылқыны ерекше қадірлеген. Қазір Алтай аймағының Қаба ауданында Шшұбар айғыр" деген ру бар. Қазақтың халық биі "Қара жорға биі" Еуропа, Азиядағы қазақтар шоғырлы қоныстанған аумақтарға кеңінен таралған. Қазақ халқының биінде көшпенділер тұрмысының әртүрлі ерекшеліктері сіңіріліп, ой-сезімі, қуанышы мен қайғысы бейнеленген,- деп жазған .
Қазақ биін зерттеуші Уаң Жиячың өзі куә болған билер туралы мынадай сыр шертеді: "...қазақ халық билерінің материалдарын жинағанымда, мен Шыңжаң Алтай аймағы Көктоғай ауданының қиырдағы елді мекенінен "бақсының ойынын" көрдім. Құшнаштың сайтан қууына ұқсайды екен. Басына қауырсын тағып, денесіне аң терісін киіп, сол қолына аса таяқ ұстап, оң қолына барабан алып, лаулап жағылған отқа балтаны қыздырып, жалаң аяғына балтаны басады. Бірде оттағы балтаны алып шығып тілімен жалап арбаң - құрбаң етіп, енді бірде күбірлеп дұға оқып, албастыны аластап, пәле - қазадан аулақ болу үшін тілек тілейді екен. Бұл екі түрлі халық биі жартас суреттерінде әсерлі бейнеленген. Мәселен, Алтай аймағы Көктоғай ауданының Таңбалы тас деген жерде қызыл тастан ойылып сызылған топтық би сызбасы бар. Бірінші топ суретте: бес адам қатарымен тізілген. Сол жақтағы бірінші адам басына үш тал қауырсын, үшінші адам екі тал қауырсын, соңғы біреуі басына қысқа үш тал қауырсын таққан. Бес адамның иықтары бір сызықтың бойында болып аяқтары екі жаққа ашылған. Екінші топ суретте: бес адам дөңгеленіп орналасқан болып, ішіндегі бірінші тұрғаны басына екі қауырсын тағып, аяғын айқастырып, білегін 45 градус түсірген. Бұл суретте ертедегі шаман дініне сенгендердің топтасып билеп мінәжат еткенін көруге болады.
Сол кездегі аң аулау, табиғатқа табынуды бейнелейтін халық билерінен "Аю биі", "Аңшы мен аю", "Қаз биі", "Бүркіт биі", "Ортеке биі" бар. 1985 жылы Қаба ауданының Шыбар ауылының елді мекенінен материал топтағанымда 52 жастағы ағай бізге "Аю биі" мен "Қаз биін" билеп берді. 1986 жылы Алтай қаласының Әбитән ауылдығында халық биін жинағанымда сексен жасқа келген Қапаш ақсақал бізге "Бүркіт биін" билеп берді. Билеуші ішік пен тымағын теріс аударып киіп, аюдың жүрісіне салып, айналасына қарап, азыққа атылған әрекеттерін келтіреді. Би әрекеттері аюдан аумаған, өте қызықты. "Қаз биін" билеуші де ішігін теріс аударып киіп, жеңінің бір ұшынан жиырма сантиметр ұзындықтағы ағашты шығарып мұны қаздың бас бейнесіне келтіріп, басын ішіктің ішіне кіргізіп, жүрелеп отырып, домбыраның сүйемелдеуінде, қаздың жүрісіне салып, кейде айналасына таңырқай қарап, кейде суға ұмтылған қаздың бейнесін өзіндей етіп, күлдіргі бейнелеген. "Қазақ совет энциклопедиясында" : "Аю биі"- халықтың күлдіргі биі, музыка өлшемі төрт те төрт, аңшылыққа байланысты туған. Орман - таулы жерді мекендеген қазақтар арасында кең тараған. Онда айлакер аңшының орманда кезіккен аңқау аюды тапқырлықпен шапшаң әрі епті қимыл жүрісімен алдауы, ең соңында көңілі шат аңшының бірнеше рет домалап құлаудан әбден қалжыраған аюға мініп кете баруы би тілімен өрнектеледі. Бүкіл одақтық халық шаруашылығы үйінің балетмейстері Я.В.Романовский Монғол Халық Республикасында тұратын қазақтардан "Аю биінің" бір түрін 1949 жылы қағаз бетіне түсіріп алған ( 1-том, 635-бет)",- делінеді. Келтірілген дәйектемелер аталған билердің Шыңжаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Билер институты
Қазақ қоғамындағы билер
Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
Ақсақалдар соты
Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметi, бұл институттың қалыптасу кезеңдерi және құқықтық қатынастардағы орны, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасау, оның құқықтық табиғатын айқындау және мән-мазмұнын ашып көрсету
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ философиясында билердің маңызы
Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы билер билігі
Пәндер