Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи климат жағдайы ... ... ..
2. Жүгеріні өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Жүгерінің негізгі зиянкестері мен ауруларына сипаттама ... ... ... ... ... .
4. Жүгері егісіндегі негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуына болжау беру түрлері және есептеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шараларының мерзімін хабарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде – 10-160С, оңтүстікте – 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде - 250С, оңтүстігінде - 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын - шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын - шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым.
1. Сагитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. «Ауыл шаруашылық фитопотологиясы», Алматы, 2000.
2. Сагитов А.О., Ашықбаев Н.Ж., Слямова Н.Ж., Төлеубаев Қ.М., Дүйсембеков Б.А. «Өсімдікті биологиялық қорғау», Алматы, 2012.
3. Сагитов А.О. және т.б. «Оңтүстік Қазақстанда мақта дақылдарын зиянкес көбелектерден биологиялық қорғау жөніндегі ұсыныстар», Алматы, 2011.
4. Сагитов А.О., исмұхамбетов Ж.Д., Дүйсембеков Б.Ә., Қашкенов Н.Қ. «Оңтүстік Қазақстанда мақтаны зиянкестерден қорғау жөніндегі ұсыныстар», Алматы,2009.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы, Панфилов ауданы жағдайында көлемі 40 га жүгері егісінде негізгі зиянкестер мен аурулардың таралуына болжау жасап, күрес шараларының мерзімін хабарлау.

Орындаған: Умірзақова А
ЗР - 408
Тексерген: Қанатова М

Алматы 2015
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи климат жағдайы ... ... ..
2. Жүгеріні өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Жүгерінің негізгі зиянкестері мен ауруларына сипаттама ... ... ... ... ... .
4. Жүгері егісіндегі негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуына болжау беру түрлері және есептеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шараларының мерзімін хабарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-160С, оңтүстікте - 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде - 250С, оңтүстігінде - 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын - шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын - шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым.
Панфилов ауданы - Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 - 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. Жер аумағы 10,6 мың км2. Панфилов ауданы - Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Жер аумағы 10,6 мың км2. Халқы 115,6 мың адам. 45 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жаркент қаласы
Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа температура 8-10С, шілдеде 20-24С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм-ден 500 - 700 мм-ге дейін барады. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты, тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, Панфилов ауданындағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.



2. Жүгеріні өсіру технологиясы
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері. Жүгері (Zea mays) қоңыр бас тұқымдастығына жататын бір жылдық өсімдік ұялас, бөлек жынысты, айқас тозаңданатын өсімдік.Тамыр жүйесі шашақты, көп сатылы, тармақталып кең тараған, жыртылу қабатының асты қопсыған топырақта 3 м тереңдікке дейін кіретін мүмкіндігі бар. Жүгерінің дәні бір ұрық тамыршасымен өсіп шығады. Тамыр буына сабақтың жерасты буында пайда болады. Өсімдікте 3-4 жапырақтары пайда болған кезде, шашақтану фазасында топырақ бетіне жақын жатқан жерінен сабақтың буындығынан ауа сабақтары пайда болады. Олар өсімдіктерді жатып қалудан сақтайды. Тамыр жүйесінің максималды дамуы қамырланып піскен фазасында жетеді. Сабағы жүгерінің жуандығы 2 ден-7 см дейін жапырақты тік тұрған, жұмыр, тегіс. Өсімдіктің биіктігі 60 см ден 6 м дейін ауытқиды. Сабағының биіктігімен және тез пісуінің арасында теріс корреляция бар. Сабағы ортасы толтырылған, буынаралықтардан, жуантықтанып бөлінген сабақ буындарынан тұрады:3-5 қысқа буындық аралықтары топырақта болады. Әрбір буындық жапырақ қуысында болады. Буындықтардың саны 8-12 ерте пісетін формаларда және 24-40 буынтық кеш пісетін формаларда болады. Орналасқан сабағының екі жағынан қарама қарсы, жапырақтары сабағын құшақтап тығыз орналасқан. Жүгерінің жапырақтарында қөректік заттар көп болады, сабағына қарағанда, сүрлемге және жасыл жемге пайдаланғанда жапырақтардың көптігі өсімдіктің жақсы белгісі.
Гүл шоғыры-жүгерінің әрбір өсімдігінде гүл шоғының екі түрі болады.
Аталық-шашақ және аналық-собық. Шашағының орталық өсі және жанама өстері болады. Шашақтың масақтары қос гүлді, гүлінде үш тозаңдағышы болады.
Собығы, (түрі өзгерген жанама өскіндері), жапырақтарының қуысында орналасқан жанама өскіндердің жоғарғы ұшында қысқарған буын аралықтарымен және түрі өзгерген жапырақтарымен, қабығы болатын. Толық өсіп жетілген собықтардың саны түрлі болуы мүмкін бір өсімдіктегі жемісі-дән жаланаш, ірі 1000 дәнін массасы майда болса 100-150г, ірілерінде 300-400г болады. Дәні ақ сары, қызыл және т.б. болады. Дәнінің қабығы эндоспермасы және ұрығы болады.
Температураға талаптары. Жүгері жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 8-90С өсе бастайды. Өскіндері 17-250 күндері өсіп шығады. Орташа температура тәулігіне 12-140С көтерілгенде, өскіндері 8-9 күнде өсіп шығады. Жүгерінің өскіндері минус 2-30С үсік шыдайды. Үсіктен зақымдалған жапырақтары сарғайып түсіп қалады. Күн жылығанда тез арада жапырақтар шығады. Вегетацияның аяғында температура 20С түскенде өсімдік өліп қалады. Температураның жоғарылауы оптималды деңгейге дейін (25-300С) өсімдіктің дамып өсуін жеделдетеді, әсіресе вегетацияның бастапқы кезінде және өнімнің өсуіне әсерін тигізеді ұрықтануына және түйнегінің өсуіне. Жылу жетіспегенде өсімдіктің өсуі және дамуы күшті тежеледі, өнімділігі күрт төмендейді.
Ылғалға талабы. Су режиміне қойған талаптары бойынша жүгері мезофиттерге жатады. 1 ц құрғақ зат түзеу үшін ол 170-406 л су жұмсайды былайша айтқанда сұлы мен арпадан аз жұмсайды.
Бірақта өнімі жоғары болғанда, бұл өсімдік судың көп мөлшерін пайдаланады. Жүгері жаздың екінші жартысында жақсы пайдаланады және біршама күзгі жауынды да пайдаланады. Өсімдік үлкен органикалық массаны қуаңшыл аудандарда жинақтайды, бұған жақсы дамыған тамырлары әсерін тигізеді. Жүгері егісі бастапқыда 30-40 м3га болады, шашақтығынан дәнінің сүтті жағдайына дейін 80-100 м3га.
Жүгері біршама қуаңшылыққа да төзімді, түтікшесі шығу фазасына дейін, ылғалдылық жетіспеуі шашақ шыққанша 10 күн және 20 күн шашақ ашқаннан өнім күрт төмендейді. Жүгері өсімдігі топырақтағы уақытша судың жетіспеуін және ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмендеуіне шыдайды. Бірақта оның ұзақ уақыт созылуы жапырақтарын өсу процесстерін және репродуктивті мүшелерінің пайда болуы бұзылады. Оптимальды ылғалдық топырақтың тамыр тараған қабатында 75-80% төмен болмауын суару арқылы ұстап сақталады. Суарудың әсерінен тамыр жүйесінің активтілігі жоғарлайды, тамырларымен суды, қоректік заттарды, фотосинтезбен жүреді. Жүгері топырақтың артық ылғалдылығын көтермейді, дәннің өнімі күрт төмендейді.
Жарыққа талаптары. Жүгері жарық сүйгіш қысқа күн өсімдігі. Күннің ұзақтығы 8-9 сағат болса тезірек гүлдейді. Күннің ұзақтығы 12-14 сағатта ұзақ болса вегетациясы ұзарады. Жүгері жас кезінде күн сәулесінің интенсивті болғанын талап етеді. Егістің тым шамадан артық жиі болуы,олардың ішінде арамшөптердің болуы собығының өнімін төмендетеді.
Жүгеріні арамшөптерден таза, құнарлы топырақты танаптарға сепкенде, агротехникалық шараларды толығынан, талаптарға сай өткізген жағдайда қант қызылшасынан басқа барлық алғы дақылдардан кейін жоғары өнім береді.
Заманауи агротехниканы қолданғанда жүгеріні бір танапқа көптеген жыл қайталап себуге болады. Жүгерінің жақсы алғы дақылдары -сүрі танабы, күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да өсіріледі. Жауын-шашыны аз аймақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды. Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға себілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді.
Топыраққа және қөректік жағдайларға талаптары. Жүгері үшін ең жақсы топырақтар-азотқа бай қара топырақ, қоңыр-сұр, қоңыр-қара топырақ. Механикалық құрылымы бойынша орташа және жеңіл саздық және құмдық топырақта болады. Жоғары өнімді алуға болады, топырақ ауасындағы оттегінің мөлшері 18-20% кем болмаған жағдайда. Оттегінің мөлшері 10% жақын болғанда тамырларының өсуі тежеледі, ал 5% болғанда тоқтайды. Бұл жағдайда топырақтан су және қөректік элементтерді, тамырында және өсімдіктің жер астындағы бөлімінде зат алмасуы бұзылады.
Т о п ы р а қ ө ң д е у. Жүгері тамыры топырақтың борпас болуын және терең жыртылуын қалайды. Сондықтан оны себуге арналған жер, күз айларында алғы дақылдар орып алынғаннан кейін ЛДГ-10, ЛДТ-15 сыдыра жыртқыштарымен немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен 7-8 см-ге қопсытылады, сонан кейін 25-27 см-ге, ал механикалық құрамы ауыр сазды, батпақты жерлер 27-30 см тереңдікке жыртылады.
Жүгеріні жаңа ресурс үнемдегіш әдістермен, гербицидтерді тиімді қолданып өсіргенде, барлық аймақтарда да қатараралықты өңдеудің қысқартылуына байланысты, арамшөптерді тегіс құрту, топырақ ылғалын мол сақтау, негізгі жыртудың сапасымен тығыз байланысты.
Оңтүстік аудандарда суармалы жоңышқадан кейін сепкенде, өсімдік қалдықтарының минералдану бәсеңдету мақсатында жер өңдеу оларды жерге терең сіңіруге бағытталуы тиіс. Ол үшін қыркүйек айының басында жоңышқа пішенге орылып алынғаннан кейін оның тамырының мойнын қырқып кептіру үшін жер ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен немесе КПГ-350 сыдыра қопсытқышпен өңделеді. Осы өңдеуден 10-15 күннен кейін, тамыр мойындары кепкен кезеңде танапқа жыртылады су беріледі де топырақ түренді соқалармен 30-35 см-ге жыртылады. Келесі жылдары өңдеу тереңдігі 25-27 см-ге, ал механикалық құрамы жеңіл топырақтарда 20-25 см-ге дейін азайтылады. Отамалы дақылдардан кейінгі және арамшөптерден таза танаптарды алдын ала сыдыра өңдеусіз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 жазық тілгішті қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты жартылай сүрі жер типінде өңдейді.Топырақты көктемгі өңдеу ылғал сақтауға, ұсақ түйіртпекті борпас топырақ қабатын қалыптастыруға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге қосымша тырмалаудан тұрады. Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арамшөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікке, ал тұқым себу алдындағы қопсыту тұқым себу тереңдігіне жүргізіледі. Гербицид енгізілген егістікте, көктем ылғалды болғанда тегістеу жүргізілмес бұрын, БП-8 тырмасымен немесе УСМК-5, КПС-4, КПГ-4 қопсытқыштарымен қопсытылады.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Жүгері егістігіне тыңайтқыштарды сол аймақтың ауа райын топырақ ерекшеліктерін ескеріп, оларды танапқа енгізу тәсілдерін, қолайлы мерзімін сақтап қолданған дұрыс. Жүгері жоғары агротехникада мол астық өнімін қалыптастыратындықтан осы өнімді түзеу үшін бірінші топ астықтарына қарағанда көп қоректік заттар шығындайды. Өсімдік қажетті қоректік заттардың көп бөлігін вегетацияның екінші жартысында пайдаланады. Сондықтан, жаздық үстеп қоректендірудің жүгері үшін маңызы зор, ал кең қатарлы және пунктирлі себу тәсілдері вегетацияның барлық кезеңдерінде тыңайтқыштар қолдануға қолайлы жағдай жасайды. Жүгерінің тыңайтқыштар қолдану жүйесі - негізгі, тұқым себу кезіндегі және үстеп қоректендірулерден тұрады.
Көптеген зерттеушілер жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді.
Топырақ өңдеу жүйесі: Жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау.
Себу тәсілі мен мөлшері: Жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі.
Егістікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН СУҒАРУ
Алма ағаштары және зиянкестері
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Туристік кластердің дамуын қолдау
Жүгері дақылының өнімділігі
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Пәндер