Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы



КІРІСПЕ 3

1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКА.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ 5
1.1 Тараз қаласының даму тарихы 5
1.2 Тараз қаласында туризмді дамытудан қысқаша тарихи мәлімет 10
1.3 Тараз қаласының табиғи ресурстары және физика . географиялық орналасуы 13

2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЭКСКУРСИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 15
2.1 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары мен тарихи экскурсиялар 15
2.1.1 Әулие жерлерге тарихи экскурсия 21
2.1.2 Тарихи.өлкетану мұражайына экскурсия 24
2.1.3 Көне объектілеріне экскурсия 27
2.1.4 Тараз қаласындағы табиғи ескерткіштер туралы экскурсия 29
2.2 Ұлы Жібек жолындағы Тараз қаласына танымдық экскурсия 33
2.3 Тараз қаласындағы туристік фирмаларға талдау 42

3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ 50
3.1 Тараз қаласының туризмдегі экскурсияның алатын рөлі 50
3.2 Тараз қаласында экскурсияларды дамытудың қазіргі жағдайы мен
мәселелері 54
3.3 Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясына байланысты халыққа Жолдауында туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи-мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс орындарын дайындау үшін қосымша мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің бірі ретінде санайтындығын атап өткен болатын [1].
Туризм - әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бір саласы. Әлемнің көптеген елдерінде туризм мемлекет қазынасына қаржы кұюшы сала болып та табылады. Туризмнің дамуы - ел экономикасының дамуы. Себебі, туризм елге шетел валютасын тартушы құрал болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары туризмді дамытуды алға қойып, басты назарда ұстады. Қазір ел үкіметі шетел туристерін тартуға күш салып жатыр, бірақ елдегі ескірген материалдық - техникалық база, көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі, шығынның мөлшерден артықтығы шетел туристерінің сұранысын төмендетуде. Туризмнің, әсіресе халықаралық туризмнің дамуы Қазақстан үшін көптеген жақсы жақтары бар. Атап айтар болсақ, шетел валютасының елге кіруі, мемлекет қазынасына қаржының құйылуы, жұмыссыздықтың қысқаруы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы және ең бастысы - Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен гүлденуі [31].
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Тараз қаласының бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр.
Қаламызда туризмді дамытудағы әкімшілік тарапынан туризм саласында қызмет көрсетіп отырған қоғамдық бірлестіктер мен атқарушы органдары өзара қарым-қатынасын реттеуде және үйлестіруде мемлекет ролінің артуына байланысты облысымызда туризм өнімін ішкі және сыртқы нарықта жылжытудың, бәсекелестікке қабілетті туристік инфрақұрылымды жетілдірудің бүгінгі күнгі стратегиясы қалыптасуда.
Туристік саланы дамыту және туризм саласында қызмет атқарып отырған жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында әзірленген «Жамбыл облысында туризмді дамытудың 2010-2012 жылдарға арналған іс-шара жоспары» Жамбыл облысы әкімиятының 2009 жылғы 18 қарашасында №375 қаулысымен мақұлданып, Жамбыл облысы маслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №19-5 шешімімен бекітілді.
Аталған жоспардың басты мақсаты - қазіргі заман талабына сай тиімділігі жоғары, бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру және оны жоғары кірісті экономика секторына айналдыру болып табылады. Аумақтың туристік мүмкіндігіне маркетингтік - сараптамалық зерттеу өткізу, зерттеудің қорытындысы негізінде Жамбыл облысындағы кластерлік негіздегі туризмнің даму Стратегиясын өңдеу. Туризмнің даму Стратегиясы аумақтағы туризмнің материалдық базасын модернизациялауға және туризм инфрақұрылымының дамуына әсерін тигізетін кешенді іс-шаралардың өңделуіне, туристік өнімдерді республикалық және әлемдік туристік қызмет рыногына алып шығуға, аймақтық туризм саласына инвестиция тартуға, сала субъектілерін несиелеуге қолайлы жағдай тудырады [10].
1 Назарбаев Н.Ә. «Казақстан – 2030 даму стратегиясы» ( ІІ Бөлім). 28 ақпан 2007 ж.
2 Тараз. Жамбыл облысының энциклопедиясы «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. – Алматы, 2003.
3 Қазақстан Республикасы статистика агенттігі. 2006 – 2009 жылдардағы Жамбыл облысындағы туризм. Тараз 2010ж.
4 "О Государственной программе Республики Казахстан "Возрождение исторических центров Шелкового пути, сохранение и преемственное развитие культурного наследия тюрко-язычных государств, создание инфраструктуры туризма" от 27 февраля 1998 года N 3859.
5 Байпаков К, Байбосынов К. Ұлы Жібек жолы және Тараз. – Тараз 2005.
6 О Государственной программе развития туризма в Республике Казахстан на 2007-2011 годы. Казахстанская правда от 1 января 2007 года
7 Нугманов Ж.Н., Сариев Б.А., Нысанова Г.Э. Состояние и развитие туризма в Жамбылской области // Аналитический обзор. Тараз: Жамбылский ЦНТИ, 2002. - С.1.
8 Показатели социально-экономического развития Жамбылской области в 2009 г. // Тараз: Знамя труда от 2 февраля 2010 года
9 Закон РК «О туристской деятельности в Республике Казахстан»: Сб.законодательных актов. Алматы: Юрист,2002
10 Информация о развитии туризма в Жамбылской области. Управление туризма и спорта. Тараз, 2010.
11 Сариев Б.А., Нысанова Г.Э. Состояние лесных ресурсов Жамбылской области // Аналитический обзор. Тараз: Жамбылский ЦНТИ, 2005. - С. 13.
12 Развитие туризма и гостиничного хозяйства области в 2005-2007 гг. Развитие деятельности предприятий туризма в 2006-2008 гг. Департамент статистики по Жамбылской области. - Тараз. 2008, 2009
13 Байпаков К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы 2005– 254 б.
14 Байбосынов К. Жамбыл өңіріндегі тас мүсіндер. – Алматы, 1996 – Б.43-49
15 Дәдібаев Ж. Атыңнан айналайын Тараз. – Алматы, 2002.
16 Әбіл А., Мамыт А. Жамбыл өңірінде жүзеге асырылып жатқан оң істер көп // Ақ жол. – 2005-9 сәуір.
17 Әбілдаұлы Б. Талас-Тараз. - Алматы, Санат, 1998, 200 б.
18 Скрипник Г. Фольклорный фестиваль «Великий шелеовый путь». Дружба без границ // Тараз: Знамя труда от 22 мая 2008 года
19 Қазақстан Республикасының Тарихи және мәдение ескерткіштер жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы, 2002 – Б.13-23.
20 Мусабеков Н. Музей как зеркало развития оющества // Тараз: Знамя труда от 3 сентября 2009 года
21 Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. –М.: Алматы, 1986,12 б.
22 Бернштам А.Н. Археологические работы в Казахстане и Киргизии в 1938-1939 гг.,№3.
23 Айзахметов А. Тайна камней Акыр-Таса // Тараз: Знамя труда от 7 января 2006 года
24 Пак А.И Загатка Акыр-Таса // Знамя труда, 14.10.2009.
25 Қазақстан тарихы 4 томдық, 2 том, Алматы, 1998, 38 б.
26 Әлімбай С. Жадігерлер жинақталған киелі орын: облыстың тарихи өлкетану мұражайы туралы // Ақ жол. – 2006-18 мамыр.
27 Әмзаұлы Ә. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгіні мен ертеңі //Ақ жол. – 2005-8 сәуір.
28 Әуелбеков З., Әлімбаев Б., Бар байлықты пайдалан білейік: Жамбыл облысының өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері //Ақ жол. – 2005-13 желтоқсан.
29 Бөкейханқызы Р. Туризм – мемлекеттің жарнамасы: елімізде туризм саласын дамыту жайында // Қала мен дала. – 2006-16 маусым.
30 Ахметова Қ. Туризм – мемлкеттік имиджі: Жамбыл облысындағы туризмнің дамуы // Евразия. – 2006 ж. 21 сәуір
31 Сарыбай Б. Туризм – табыс көзі (Тараз қаласы туралы) // Дала мен қала. - 2005-1 шілде
32 Мауленов Б. Тарихын таспен жазған халықпыз: Тараз төңірегіндегі тас мүсіндер, Ақыртас деген қала туралы // Дала мен қала. – 2006-28 шілде.
33 Алимханов В. Возрождение Тараза – Аулие-Аты // Тараз: Знамя труда от 14 сентября 2002 года
34 Байбосынов К. Открывая тайну древнего Тараза // Тараз: Знамя труда от 5 октября 2006 года
35 Койшинов Г.К. Экономическая эффективность от туристской деятельности // Саясат-Policy, 2010. № 2. С. 17.
36 О туризме в Республике Казахстан в 2008 году Статистический справоч-ник. Агентство по статистике. Алматы, 2001 - 74 с.
37 Тажиева С. К. Туризм – как экономическая отрасль // Саясат-Policy. – 2009- № 11. – С. 23.
38 Дублицкий Н., Степанова В. Путешествие по Казахстану. - Москва, 1978 -65 с.
39 Мухтарова К.С., Тажиева С.К. Современный уровень развития туристской индустрии в Республике Казакхстан // Саясат-Policy. -2009- № 12.- С. 16.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ 5
1.1 Тараз қаласының даму тарихы
5
1.2 Тараз қаласында туризмді дамытудан қысқаша тарихи мәлімет
10
1.3 Тараз қаласының табиғи ресурстары және физика – географиялық орналасуы

13

2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЭКСКУРСИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
15
2.1 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары мен тарихи экскурсиялар

15
2.1.1 Әулие жерлерге тарихи экскурсия
21
2.1.2 Тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия
24
2.1.3 Көне объектілеріне экскурсия
27
2.1.4 Тараз қаласындағы табиғи ескерткіштер туралы экскурсия
29

2.2 Ұлы Жібек жолындағы Тараз қаласына танымдық экскурсия
33

2.3 Тараз қаласындағы туристік фирмаларға талдау
42

3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯНЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

50
3.1 Тараз қаласының туризмдегі экскурсияның алатын рөлі
50
3.2 Тараз қаласында экскурсияларды дамытудың қазіргі жағдайы мен
мәселелері
54
3.3 Туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттары
56

ҚОРЫТЫНДЫ
59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
61

КІРІСПЕ

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиясына
байланысты халыққа Жолдауында туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді
шешуде табиғи және тарихи-мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол
қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс
орындарын дайындау үшін қосымша мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің
бірі ретінде санайтындығын атап өткен болатын [1].
Туризм - әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бір саласы.
Әлемнің көптеген елдерінде туризм мемлекет қазынасына қаржы кұюшы сала
болып та табылады. Туризмнің дамуы - ел экономикасының дамуы. Себебі,
туризм елге шетел валютасын тартушы құрал болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары туризмді дамытуды алға қойып, басты
назарда ұстады. Қазір ел үкіметі шетел туристерін тартуға күш салып жатыр,
бірақ елдегі ескірген материалдық - техникалық база, көрсетілетін қызмет
сапасының төмендігі, шығынның мөлшерден артықтығы шетел туристерінің
сұранысын төмендетуде. Туризмнің, әсіресе халықаралық туризмнің дамуы
Қазақстан үшін көптеген жақсы жақтары бар. Атап айтар болсақ, шетел
валютасының елге кіруі, мемлекет қазынасына қаржының құйылуы,
жұмыссыздықтың қысқаруы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, халықтың өмір сүру
деңгейінің жоғарлауы және ең бастысы - Қазақстан Республикасының тұрақты
дамуы мен гүлденуі [31].
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Тараз
қаласының бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі
сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік
потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр.
Қаламызда туризмді дамытудағы әкімшілік тарапынан туризм саласында
қызмет көрсетіп отырған қоғамдық бірлестіктер мен атқарушы органдары өзара
қарым-қатынасын реттеуде және үйлестіруде мемлекет ролінің артуына
байланысты облысымызда туризм өнімін ішкі және сыртқы нарықта жылжытудың,
бәсекелестікке қабілетті туристік инфрақұрылымды жетілдірудің бүгінгі күнгі
стратегиясы қалыптасуда.
Туристік саланы дамыту және туризм саласында қызмет атқарып отырған
жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында әзірленген Жамбыл облысында
туризмді дамытудың 2010-2012 жылдарға арналған іс-шара жоспары Жамбыл
облысы әкімиятының 2009 жылғы 18 қарашасында №375 қаулысымен мақұлданып,
Жамбыл облысы маслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №19-5 шешімімен
бекітілді.
Аталған жоспардың басты мақсаты - қазіргі заман талабына сай
тиімділігі жоғары, бәсекелестікке қабілетті туристік кешен құру және оны
жоғары кірісті экономика секторына айналдыру болып табылады. Аумақтың
туристік мүмкіндігіне маркетингтік - сараптамалық зерттеу өткізу,
зерттеудің қорытындысы негізінде Жамбыл облысындағы кластерлік негіздегі
туризмнің даму Стратегиясын өңдеу. Туризмнің даму Стратегиясы аумақтағы
туризмнің материалдық базасын модернизациялауға және туризм
инфрақұрылымының дамуына әсерін тигізетін кешенді іс-шаралардың өңделуіне,
туристік өнімдерді республикалық және әлемдік туристік қызмет рыногына алып
шығуға, аймақтық туризм саласына инвестиция тартуға, сала субъектілерін
несиелеуге қолайлы жағдай тудырады [10].
Қазақстан қазіргі таңда әлемдік нарықта жаңа туристік нарық болып
табылады. Сол себепті де Қазақстан үшін осы нарықта көш басында тұру мүмкін
емес немесе қиын. Бірақ, көптеген маркетингтік зерттеулердің нәтижесі
бойынша соңғы кездері туристік нарықта белгілі туристік аймаққа келушілер
санының рекреациялық сыйымдылықтан асып түсуі, туристердің қызығушылығының
аз танымал елдерге қарай бұрылуы Қазақстанға және оның аймақтарына әлемдік
туризм нарығына батыл түрде енуге болады.
Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар секілді шетелдік туристерге де Тараз
қаласының туристік фирмалары жасаған табиғи - танымдық турлардың
бағдарламаларын таңдау ұсынылады. Мұндай табиғи-танымдық турларды құру
кезінде Тараз қаласының барлық табиғи ескерткіштері мен көрнекті жерлері
қамтылады.
Бірақ, өкінішке орай көптеген турлар қазақстандық туристік қызмет
көрсету нарығында өте қымбат және қолайсыз болып отыр.
Біз Тараз қаласының келешекте туризмді дамытудағы алға қойған
мақсаттары мен мәселелерін қарастырмақпыз.
Жұмыстың мақсаты: Тараз қаласының экскурсиялық объектілері мен олардың
туризмдегі алатын орны мен ролін анықтап, көрсету.
Жұмыстың міндеттері:
- Тараз қаласының табиғи ресурстарын және оларды табиғи-танымдық
экскурсияларын ұйымдастыру барысында қолдану;
- Табиғи-танымдық экскурсияларды құру кезінде айырықша қорғауға алынған
табиғи аймақтарды пайдаланудың үлгілері мен әдіс-тәсілдерін анықтау;
- Табиғи - танымдық турлар құру;
- Тараз қаласының келешекте туризмді дамытудағы алға қойған мақсаттары
мен мәселелерін анықтау.
Жұмыстың өзектілігі - экскурсияның түрлерін, табиғи-танымдық туризмнің
қазіргі хал-жағдайын сараптау және тек шетел туристерінің ғана сұранысына
ғана емес Қазақстанның да басқа облыстарында тұратын тұрғындардың, ТМД
елдерінің де сұранысына ие болатын рентабельді табиғи- танымдық
экскурсиялар құру.
Зерттеу әдістері: тарихи зерттеу, анализ, статистикалық, ақпараттарды
сараптау және талдау, сонымен қатар бақылау, салыстыру, картографиялық
тәсіл, туристік объектілердің жұмыстарымен танысу.
Диплом жұмыстың негізінде отандастық, Ресей авторлардың ғылыми
жұмыстары алынды: К. Байбосыновтың, К. Байпаковтың, А. Әбілдің,
Н. Мусабековтың, Н. Дублицкийдің, В. Степанованың және тағы басқалардың.
Сондай-ақ интернет сайттары (www.stat.kzdigitalturizmPagesd efault)
алынды.
1. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ

1.1 Тараз қаласының даму тарихы

Ежелгі Тараз қаласы. Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі Тараз
болып саналады, оның қалдығы қазіргі қала астында қалған. Тараз – ежелгі
және VII-VIII ғ. Жібек жолындағы ең үлкен сауда орталығы болып табылады.
Қала туралы мәліметтер қағаз бетінде б. З. 568 жылы пайда болған. Ұлы Жібек
жолының бойында орналасқан Ежелгі Тараздың "саудагерлер қаласы " болып
аталуы бекер болмаса керек. Тарихымыздың темірқазығына айналған ежелгі
Тараз қаласы ортағасырлар кезеңінен ақ ірі сауда мен мәдениет орталығына
айналған. Бұл өңір – тарихымыздың әртүрлі кезеңдерінен сақталған тарихи –
мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер өңірдің шығысы мен оңтүстік –
шығысында Желтау, Айтау тау жоталарынан бастап оңтүстік – батысында
Қаратауға дейін, солтүстігінде Сарыарқадан оңтүстікке қарай Талас Алатауына
дейінгі аралықта кездеседі. Жамбыл облысында 2009 жыл мемлекеттік есепке
алынған ескерткіштердің жалпы саны 1176 құрайды. Оның ішінде республикалық
дәрежелдегісі 28, жергілікті дәрежедегі ескерткіштердің саны 713 және алдын
ала есепке алынғандары 435 құрайды. Бұлардың 1039 археологиялық және 137
қалақұрылыс және сәулет ескерткіштері болып саналады [3].
Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас
болып ерекшеленеді. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен
қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл.
Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді
қысқаша шолып өтейік.
Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында
пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б.э.
I ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, В.В. Бартольд
шығыстанушы Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың
аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық
қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы
кіммен соғылғанын білуге болады.
Б.э.д. I ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы
көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның
ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген Үйсіндермен
жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін Қаңлылар
Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл
оқиға жайында Л.Н. Гумилевтің Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс дерегінде
көрсеткен. Жазба деректерінде б.э.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті солтүстік және
оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-
Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол
Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік ғұндардың басшысы
арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің Қытаймен де ара-
қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге Қаңлылардың
басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген
Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады.
Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас
өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының
қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі
қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір
деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның
бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің
күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала
бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған:
Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол Үйсіндерді басып алып, Қаңлыларға
шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс көрген,
жылдам әрі батыл қимылдайтын болған. Қытаймен соғысқанда Чжи-Чжи өзі
сауытын киіп, қолына қару алып, соғысқа шығады. Әйелдер де қолдарына садақ
алып, қаланы қорғады. Осы кезде Чжи-Чжидің мұрнына садақ тиеді. Әскердің
көбісі, оның ішінде әйелдер де Қытай әскерінің қолынан қаза табады. Түннің
бір уақытысында Қытайлықтар қалаға басып кіреді. Чжи-Чжидің батыл
қорғанысына қарамастан, Қытайлар сыртқы ағаш дуалды өртеп, ішкі лай дуалды
бұзып, қалаға басып кіреді. Олар Чжи-Чжиді көптеген әйелдерімен,
балаларымен, қызметшілерімен, барлығын есептегенде 1518 адаммен тұтқындап,
бастарын алады. Бірақ қала түгелдей талқандалмай, одан әрі өмір сүре
береді.
Осы деректерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының академигі Алкей
Марғұлан - Б.э.д. I ғасырда Ұлы Чжи-Чжи Талас қаласы өзінің мемлекетінің
астанасы қылу үшін соққан дейді. Қазақтың ғалымы Самат Утениязов - Қытайдың
бір мұражайында осы күнге дейін Таластың сол кездегі бейнесі бейнеленген
жібек картасы барын айтады [13].
Таластың кейінгі тағдыры оның Жібек жолының бойында орналасқанына
байланысты болады. Археологиялық қазбалардан табылған римнің, (кушанның)
тиындары Таластың сол кезде-ақ Орта Азиямен, Орталық шығыстың елдерімен
байланыста болғанын дәлелдейді. VI-VIII ғасырдағы жазбаларда Талас қаласын
Көпестер қаласы деп атағандығын айтады.
Көп жылдар бойы қаланың құрылу уақытын 568 жылы осы өлкеге Византия
императоры Юстиниан 2-ші түріктерді өз жағына өткізу үшін келгендігімен
байланыстырған. Ол кезде Талас 552 жылы құрылған Түрік қағанатының құрамына
кіретін. 603 жылы Түрік қағанатынан бөлініп шыққан Батыс Түрік қағанаты
бөлініп шыққан. Олар Шығыс Түркістаннан Амударияға дейінгі жерді мекендеді.
629 жылы Қытайдың саяхатшысы Сюань-Цзян: Цянь-цюаньнан батысқа қарай 140-
150 шаршы жүргеннен кейін біз Даласы (Талас) деген қалаға келдік. Қаланың
шекарасы 8-9 шаршы шақырым. Ол қалада әр елдің саудагерлері өмір сүреді
екен. Олардың тілдері, салт-дәстүрлері мен заңдары Қытайдікіндей, дейді.
VIII ғасырдың басында (704 ж.) Батыс Түрік қағанатынан Түркештер
бөлініп шығады, олар Іле өзенінен келіп, Шаш (Ташкент) қаласынан Турфан,
Бесбалыққа дейінгі жерді мекендеді. Бас қаласы Суяб қаласы, екінші бас
қалалары Кунгут болды. Түркештер қара және сары болып екіге бөлінді. Қара
Түркештер Талас өзенінің бойын қоныстанды. VIII ғасырдың ортасында Таразды
астана етіп жариялады. Мемлекеттің сыртқы саясаты қиын болды. Соғдылармен
қосылып Түркештер арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстіктен Тан мемлекеті қауіп
төндірді.
751 жылы Талас өзенінің маңында құрамында қара түркештері бар қытайлар
арабтармен соғысты. Бұл шайқас тарихта Атлах шайқасы атымен қалды. Бұл
соғыс туралы деректерде: екі жақтың әскерлері 751 жылдың шілде айында
Таластың бойында жиналды. Ұрысқа бірден түсуге батылдары бармай, 5 күннен
кейін қарлұқтар қытайларға шабуыл жасады, сол кезде екінші жағынан арабтар
соққы берді. Қытайлар шегінуге мәжбүр болды. Мұсылмандар мен қарлұқтар
үлкен олжаға кенелді, ал тұтқындар Самарқанд пен Иракқа қағаз және жібек
өндіру үшін жіберілді. Талас шайқасынан кейін қытайлықтар Орта Азияның
тірлігіне араласуын қойды, ал арабтар жеңісіне қарамастан өз жерлеріне
қайтты [25].
Арабтар мен үнемі соғысудың нәтижесінде түркеш қағандары әлсіреп,
ақырында қарлұқтардан жеңіліп қалады, сөйтіп қарлықтар 744 жылы өз
мемлекеттерін құрады. Аса ірі көшпенді және жартылай көшпенді Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанның халықтары: тухси, шығылы, азкештер, түркештер,
халаджы, шарұқтар, барысхандар.
766 жылдан бастап Талас - Тараз деп атала бастады. 893 жылы Исмаил Ибн
Асад Таразды шауып алып, ислам дінін қабылдатады. Осы соғыстан кейін Тараз
- Бағдат, Каир, Дамаск қалаларымен тікелей байланыста болды.
940 жылы Қарлұқ мемлекеті құлайды, оның орнына Қараханид мемлекеті
келеді. XI-XII ғасырларда Қараханид мемлекетінің шекарасы Мауеренахрдан
батыста Жетісу, шығыста Қашғарияға дейін созылып жатты. IX-XII ғасырларда
Тараз гүлдене түсті. VIII ғасырда Тараз өз ақшасын шығара бастады, алғаш
түркештің теңгелерін, кейін қараханидтің дирхемдерін.
XIII ғасырда Жетісу мен Орталық Азияның басына қара бұлт үйіріледі.
Орта Азияны бағындыру үшін қарақытайлар, наймандар, хорезмшах Мухаммед
өзара қырқысты. Тараз қолдан қолға өтті. 1212 жылы хорезмшах Мухаммед
Таразды талқандайды. XIII ғасырдың ортасында Манғолдар басып алған кезде
қала қайта құрылады, бұл туралы Гильом Рубрук жазбаларында айтады. Осы
жылдары Тараздың дамығаны сонша ешкімнің қолдауынсыз Самарқандты өздері
басып алады. Қаланың ішіне тастан жолдар, жер асты құбырын, көптеген
мавзолейлер, оның ішінде Айша-бибі, Бабаджа-Хатун, Қарахан т.б. соғады.
Тараздың аты тек қана сауда орталығымен емес, түрлі-түсті металлургиясымен
де шыға бастады. Бұл кезде Тараздың айналысында Жықыл, Төменгі Барысхан,
Құлан, Меркі, бас-аяғы 26 қалалар мен ауылдар болды.
XII ғасырдың 1-ші жартысында Қарақытайлар Жетісуды басып алды. 1211
жылы Күшлік хан қарақытайларды басып алады. 1220 жылы Манғол шапқыншылығы
Тараз қаласын талқандады. Олар Тараздың атын Яны (жаңа) деп өзгертті. Қала
қайта құрылды. Қытай ғалымы Чянь-Чунь 1221 жылы Янының қасынан өтіп бара
жатып көрген көрінісін жазған: Шу мен Таластың тұрғындары жібек өңдеумен,
шарап жасаумен айланысады. Жолдар жөнделіп, көпірлер соғылған. Бұл жылдары
Тараз Шағатай ханның ұлысы Кайдудың астанасы болатын.
XIV ғасырда Шағатайдың ұрпағының арасында билікке талас туындайды.
Сөйтіп Тараз тағы да шапқыншылыққа ұшырайды. 1513 жылы Тараз туралы ең
соңғы деректе Қасым ханның осы қалаға жорығы жазылған. XVI ғасырда Тараз
бен оның айналасындағы қалалар, соның ішінде Шу, Қозыбас, Қордай Қазақ
хандығының құрамына кірді.
XVIII ғасырдың екінші он жылдығында Қазақ хандығының жеріне
Жоңғарлардың көзі түсе бастайды. Кең жайылымдардан басқа, Қазақстанды
Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстырып тұрған сауда жолдары оларды
қызықтырады.
1723 жылы Талас пен Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жоңғарлар шауып
алып, 1755 жылға дейін билігін жүргізеді. Тарихта бұл шапқыншылық Ақтабан
шұбырынды деген атпен қалған. Бұл шапқыншылықтан қазақтар мал-мүліктерін,
жерлерін тастап, Ташкент, Ходжент, Ферғана, Самарқандқа қашады. Сол кездегі
жағдай Елімай өлеңінде толығымен көрсетілген.
1731 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан батырларымен жоңғарларға соғыс
ашып, көптеген жерді қайтарып алады. 1734-35 жылдары монғолдар қазақтарға
соғыс ашып, Қазақ хандығы өз билігін тек XVIII ғасырдың 50 жылдарының
ортасында ғана жүргізе бастайды.
1771 жылы Манғолияға көшіп бара жатқан Қалмықтар жол-жөнекей қазақ
ауылдарын тонап, қиратады. Осы мүмкіншілікті пайдаланып Қырғыздар Шу, Іле,
Талас жерлерін басып алады. Абылай ханның бастауымен қырғыздар қуылып, 1774
жылы Таластың бойына Абылай хан қоныстанады. Тараздың орнына Яны қаласын
соғып, Абылайханның баласы Әділ басшы болып сайланды. Осы тұста қаланың аты
Аулие-Ата болып өзгерді. Себебі Қарахан мавзолейінде Аулие-Ата, яғни
Қараханидтердің басшысы Шах-Махмуд жерленген еді.
XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басындағы деректерде - Тараздың
шекарасы көрсетілген. Қаланың солтүстік дуалы 370 м, батыс 160 м, оңтүстігі
200 м-ге дейін жалғасқан. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде
Тараздың шығыс жағынан, жылу жүйесі бар 7 бөлмелі XI ғасырдың моншасы
табылған. 1-де қызыл, сары плиталармен жабылған едені бар, 2-де кірпіштен
жасалған хауыздар, 2-ші бөлмеден моншаның үшінші бөлмесіне өтетін есік бар,
моншаның 6-шы бөлмесінде орындықтар орналасқан. Моншаға су арнайы соғылған
бөлмеден келетін. Жылу жүйесі еденнің астында орналасқан.
Тараздың моншасы шығыстағы Каср-ал Хайр ал-Гарби сарайындағы моншаға
өте ұқсас, қабырғаларының ою-өрнектері, әсемделген дуалдары. Орталық Азияда
моншалар VIII ғасырда пайда бола бастаған [10].
IX - XII ғасырда үлкен қалаларда моншалар 10-нан кем болмайтын. Мысалы,
Самарқанд пен Бұхарада 100 шақты монша болған. Ал-Макдиси қолжазбаларында:
Орта Азияның моншаларының қабырғаларында жиі кездесетін суреттердің бірі –
ал-Анка атты құстың бейнесін көруге болады. Бұл құстың беті адамдікі,
тұмсығы бүркіттікі, екі жағынан төрт қанаты бар, ұзын тырнақты екі қолы
бар. IX - X ғасырдың дәрігері Закария ал-Рази ағзаның демалып, жаңаруы үшін
моншалардың қабырғаларына жануарлар, құстардың бейнесін салуға кеңес берген
[25].
Тараз қаласының Ұлы Жібек Жолының бойында орналасуы бұл қалаға кең
танымалдық, жылдам экономикалық даму, саяси салмақ берді.
Ұлы Жібек жолының бойында тоғыз жолдың торабына орналасқан ортағасырлық
қалалардың ішіндегі ең ежелгі - Тараз қаласы. Ол - Республикамыз бойынша
көне дәуірдегі көшпенділер тарихынан көп деректер беретін бірден-бір қала.
Алғашқы осы өңірді мекендеген қола дәуірінің тұрғындары Тараз қаласының
шығыс жағындағы Ақбұлым елді мекенінің тау етегіндегі Қарасай шатқалына аң
аулауға барғандағы салған сурет галереясы кімді болса да, қызықтырмай
қоймады. Онда жайылып жүрген тау ешкілер, бұқалар, маң-маң басқан түйелер
және жабайы аңдарды көген салып үйретіп жатқан көріністер сәтті шыққан.
Әсіресе үйірлері үшін айқасып жатқан сәйгүлік айғырлардың суреттері - қола
дәуірінің тамаша өнер туындылары.
Сондай-ақ, мұнда көне қаламыздың орнындағы мекен-жайда алғашқы қоныс
тепкен қола дәуірінің адамдарының діни наным жоралғылары да жақсы көрініс
тапқан.
Қола дәуірінен кейін осы өңірде біздің эрамызға дейін VIII-IV
ғасырларда өмір сүрген сақтардың бірнеше алып қорған-обалары бар. Осы
обалардың екеуін қазғанымызда жер астынан үңгір қазу арқылы кезінде барлық
байлықты тонап кеткендігі байқалды. Оның үстіне қаладағы кірпіш заводының
маңынан сақтардың діни рәсімдерін өткізетін бірнеше қола қазандар кездейсоқ
табылды. Демек, жоғарыдағы тарихи деректер бұл өңір көшпенділердің ғасырлар
бойы мекен еткен құтты қонысы болғандығын растайды.
Өмірдің негізгі күре тамырының қайнар көзіне айналған Жібек жолы көп
халықтардың өзара пікір алысуы мен мәдени байланыстыруы жергілікті өңірде
өзіне тән қолтаңбасы бар адам баласының рхани байлығының дамуына ықпал
етті. Әлемге өзінің тарихымен әйгілі болған Тараз қаласы тек сауда мен
саяси орталығы ғана емес, сонымен қоса ғылым ордасы болғандығын жазба
деректер дәлелдеп отыр. Соңғы кездерде шығыстанушы - арабист, филология
ғылымының докторы, профессор, бүгінде Қазақстан мұсылмандар басқармасының
муфтиі Әбсаттар Дербісалиев халқымыздың ежелгі әдебиетіне зейін қойып,
қазақ топырағында, оның ішінде туған қаламыз Таразда бірталай ғұлама
ғалымдар өмір сүргендігін айтты. Арабтың белгілі тарихшысы, саяхатшысы
Иақұт Әл-Хамауи ар-руми (1179-1229) Тараз қаласы ғалымдар мекені болғанын
айта келіп, Одан бір топ ғұламалар шыққан, онда Махмуд бин Әбу бин Әбу ат-
Тарази деген ғалымның атайды дейді ғалым Әбсаттар. Одан әрі Махмуд бин
Әбу бин Әбу ат-Тарази - білгір факиһ, салиқалы, аңғарымпаз, құранды
(мәнерлеп) оқудың үздігі болғандығын тілге тиек етеді және Әбу Садық Ахмед
ибн Хасан аз-Занди әл-Бухари жайлы хадис жазған еді-дейді. Тараз қаласы
Иақұт жазбаларында Х-ХІІ ғасырларда саяси экономика, ғылым мен мәдениеттің
орталығы болуымен бірге ірі қоғамдық ғимараттары, сәулет өнерінің үлгілері
бар қала деп көрсетіледі. Одан әрі автор өзіндік айшықты өрнегімен ерекше
көзге түскен Махмуд оқыған, ұстаздық еткен медресе болғанын айтады. Ол
білімді Таразда алған, ежелден мекендеп келе жатқан Дулат тайпасынан
шыққан - дейді [18].
Қала 1856 жылы Әулиеата деп аталды. 1936 жылы Мирзоян аты беріліп, 1938
жылы жыр алыбы Жамбыл есімін иеленді. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығымен ежелгі аты қайтарылып, Тараз аталды
[2].

1.2 Тараз қаласында туризмді дамытудан қысқаша тарихи мәлімет

Туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи-
мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын
сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс орындарын дайындау үшін қосымша
мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің бірі.
Қазіргі кезде Жамбыл облысында 28 туристік ұйымдар тіркелгенімен оның
15-і ғана жұмыс істеп тұр. Қалған 13-і осы жылы өз жұмыстарын қайта
жаңғыртуға жоспарларын құрып, материалдық-техникалық базаларын күшейтуде.
Осыған орай қазіргі таңда облыста 15 туристік фирма туроператорлық және
турагенттік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алған. Бұл
фирмалардың барлығы Тараз қаласында орналасқан, кеңселері бар, штаттары
толық. Туристік компаниялар көлемді спекторлык қызмет көрсетеді. Алыс және
жақын шет елдерден туристерді қабылдап және оларды орналастырады. Қазақстан
пансионаттарында демалдырады және емдейді. Қазақстандағы тарихи орындарға
саяхат жасайды. Туристік ұйымдармен Жамбыл облысының аумағы бойынша бірнеше
тамаша бағыттар өңделді. Бұлар Ежелгі Тараздан жаңа заманға, Қарлы
шыңдардан, құмды төбешіктерге, Көксай шатқалдары деп аталады [10].
Облыс орталығы - Тараз қаласы. Жамбыл облысының оңтүстік батысында
Талас - Аса өзенінің ортасында, Талас өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Қала тұрғындарының саны 336 мыңды құрайды. Алып жатқан аумағы 110 шаршы
шақырым; ұзындығы 23,5 шақырым; ені 12,5 шақырым. Тараз қаласынан Астана
қаласына дейінгі ара қашықтық 1 255 шақырым.
Тараз қаласы оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, кіріс туризімін
дамытуға өте қолайлы, табиғи ресурстарға бай өлке. Бұлар: бос алқаптар,
алқаптағы көлдер, Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, биіктігі орташа
Қырғыз тауының, жоғарғы биіктіктегі Талас, Алатау беткейлері [2].
1. Өлкетанушылық туризм. Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты –
сыртқы, ішкі туристерге және жергілікті халыққа Тараз қаласы мен
Жамбыл облысының бай тарихы мен табиғатын жан-жақты таныстыру. Тараз
қаласы көлемінде өлкетанушылық туризмді келесі бағыттар бойынша
ұйымдастыруға болады:
- Тараз жәдігерлері;
- Тараздың алтын сақинасы (Мұражайы);
- Телікөл керуен жолымен;
- Талас керуен жолымен;
- Шу керуен жолымен;
- Ұлы Жібек жолымен;
- Керей мен Жәнібек хандардың жолымен.
2. Экотуризм. Туризмнің бұл саласының басты мақсаты - туристер мен
өлкетанушыларға Жамбыл облысының бай табиғаты мен жануарлар дүниесін
таныстыру. Облыс табиғаты мен жануарлар дүниесін ескере отырып, келесі
туристік бағыттарды ұйымдастыруға болады:
- Ақсу-Жабағылы бағыты;
- Қаратау шатқалдары бағыты;
- Алатау шатқалдары бағыты;
- Хантауына саяхат;
- Жамбыл тауына саяхат;
- Балқаш көліне саяхат;
- Меркі баурайына саяхат.
3. Этнотуризм. Туризмнің бұл саласын дамытуға бай салт-дәстүрі бар Жамбыл
облысында үлкен мүмкіндіктер бар. Облыстың жер жағдайын ескере отырып,
үш шеберлер ауылын (ұсташылық, зергерлік, тоқымашылық, аңшылық және
т.б.) ашуға болады:
- Т.Рысқұлов ауданындағы Тереңөзек ауылында;
- Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұм ауылында;
- Тараз қаласы Төрткүл керуен сарай аумағында.
4. Альпинистік туризм. Туризмнің бұл түрін келесі бағыттар бойынша
ұйымдастыруға болады:
- Қаратау бағыты;
- Ақсу-Жабағлы бағыты;
- Алатау бағыты экспидициясының тобы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Облысымызда 4 профилакториялық-санаторий және 10 қонақ үй бар. Тараз
қаласында шетелдік қонақтарды қабылдайтын 3 қонақ- үй бар. Олар - "Тараз",
"Жамбыл" және "Газовик" қонақ үйлері [7].
Біздің Тараз қаламызда туристерді қызықтыратын сарқырап аққан өзен,
шалқар көл, асқар тау, құзар шың, шексіз дала және басқа да әсем ірі
көрікті жерлеріміз көп. Осының бәрі өңірімізде туризмді дамытуға сұранып
тұрғандай десе де болады. Туристердің де осындай ынтымақты елге баруды
қалайтыны белгілі. Туризм - әлемдік экономиканың кірісті және қарқынды
дамыған салаларының бірі. Үкімет тарапынан туризмді дамыту үшін қолда бар
мүмкіндіктің бәрін жасап келеді. Туристерді біздің Тараз қаламызға көбірек
тарту үшін ең алдымен облыстың туристік имиджін қалыптастыруға,
Қазақстанның саяси тұрақтылығын насихаттауға көп көңіл бөлінді.  Біздің
облыстың мамандары Қазақстанның ресми делегациясының құрамында Германияда,
Испанияда, Голландияда, Ұлыбританияда, Қытайда, Жапонияда, Оңтүстік
Кореяда, Ресейде, Алматы мен Астанада болған ірі халықаралық туристік
биржаларға, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысып, еліміздің туристік имиджін
қалыптастыру мақсатында насихат жұмыстарын жүргізді. Тараз қаласы туралы
танымдық дүниелерді апарып, ақпараттық-жарнамалық материалдар жиынтығын,
фотоальбомдарды, туристік карта сызбаларын, жарнамалық сый-кәделерді
көпшіліктің назарына ұсынды.
Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген:
түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникациялық және қосалқы.
Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады. Көп
нәрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішінде ең
бастысының бірі - түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері,
пансионаттар, жергілікті тұрғындардын үйлері, турбазалар мотельдер,
кемпингтер, сүйреме үйлер, палаткалар және т.б.
Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да
үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы
мейрамханаларла кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде
ұйымдастырылады.
Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық,
ашық және аралас түрлерін айырған жөн. Тамақтандырудың жабық түрі
ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар тамақты белгілі
бір жерде нақты бір уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген
туристерге, жергілікті халыққа арналған сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да
ақшаға сатып алып тамақтана алады.
Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларға
арнайы орындарда белгілі бір уақыттарда тамақтану көрсетіледі, ал басқа
уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді.
Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушыдардың талон арқылы
қоғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.
Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.
Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып
жіктеледі.
Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен,
қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан әр түрлі
сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.
Бірінші топқа жататындар - ғимарат құрылыстар, туристерге сол жердің
байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізеді, өйткені көбінесе
туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу.
Қосалқы қызметтің екінші тобына жататыны - туристердің спортпен
айналысуына мүмкіндік туғызу.
Үшінші топты құрайтын - туристердің көңілін көтеруді ұйымдастыру.
Төртінші топқа жататындар: туристерге толық тұрмыстық қызмет-
көрсететін тұрмыстық қызмет мекемелері.
Бесінші топқа кіретіндер: туристерге керек-жарақ пен сувенирлер
шығаратын мекемелер.
Алтыншы топ - бұл ақпараттар желісі немесе туристік саяхат жарнамасы,
туристерге толыққанды, жан-жақты түсінік беріп тұратын гидтердің қызметі.
Жетінші топты құрайтындар: туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар.
Аймақтағы шаруашылық іс-әрекеттерді белсенді жүргізу үшін. көрсетілетін
қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор.
Облыста туризмді дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2011 жылы
шетелдерден 51,5 мың адам келетіні жоспарлануда. Сонымен қатар, үш мың адам
туризм саласында жұмыспен қамтамасыз етіледі [7]. 
Облыста экологиялық, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы, сауықтыру,
аңшылық және басқа да туризмді дамытуға ықпал ететін жақсы мүмкіндіктер
бар. Қазіргі кезде негізгі танымал туристік, рекрециялық аймақтарға жататын
Мұзтау, Марқакөл, Алакөл көлдері, Бұқтырма жағалауы, Өскемен, Семей, Риддер
қалалары мен мәдени-тарихи ескерткіштер, мәдени-тарихи мұражай-қорықтар
шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруда. 
Туризмнің дамуы көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты.
Бұның басты факторы тасымалдау көлемінің ұлғаюы және ішкі туризм саласының
дамуы. Ұлттық тасымалдаушы ретінде Қазақстан темір жолы қолдау көрсету
арқылы 2000 жылдан бастап, алғашқы қадамын жасап, арнайы пойыз Жібек жолы
бағытын ұйымдастырды. Олар: Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқ анд-Үргеніш-
Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыттары [6].

1.3 Тараз қаласының табиғи ресурстары және физика-географиялық
орналасуы

Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың
тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен
өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің
болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол
ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің
саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей
критериилерді бөліп қарастыруға болады:
- демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
- аймақтың рельфі;
- климаттық жағдайлары;
- сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
- су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
- сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы.
Тараз қаласында бұл табиғи ресурстардың жиынтығы басым.
Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылығы жағынан Қазақстан
аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Жамбыл облысының аймағы
болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей
сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ
сақталуы, жер беті суларының болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз
жоқ мұндай сұлулықты дархан табиғат ана Тараз қаласының маңайына асқан
жомарттықпен тарту еткен.
Табиғи ортаның бір маңызды элементі климат болып табылады. Оның жалпы
сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық мақсаттарда
жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық ерекшеліктері
анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары, ауа
температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның
сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.
Тараз қаласының климаты. Жамбыл облысындағы Тараз қаласында барынша
суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар
айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан градустан 14,1градусқа дейін
ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.
Тараз қаласында демалыс үйлері мен санаторийлер, курорттар салуға аса
ыңғайлы болып келеді. Осылайша, жазғы түрлерін де дамытуға жайлы жағдай
туғызатын климаттық ресурстарға ие. Ал, жаз кезінде шомылуға, күн көзіне
қыздырынуға, қаланы аралап қыдыруға керемет жағдай туады.
Тартымды климаты, таза ауа, аса бай табиғи ландшафты және биологиялық
сан түрлі бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдіктер, хайуанаттар әлемі,
ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумақ.
Тараз қаласында ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдіктер
әлемінен ерекшеленеді. Мұнда қызыл кітапқа енгізілген ерекше бағалы 50
өсімдік түрімен қатар барлығы 3 мыңнан астам аса өсімдік түрі бар. Облыста
158-ден аса тағы жануарлар өмір сүреді. Әнші көкқұсты алғанда қоса
есептегенде 260-дан аса құс түрі мекендейді. Балық шаруашылық қоры 28 мың
гектарды құрайды.
Тараз қаласында батпақпен және минералды сулармен емдейтін тамаша емдік
қасиеттері бар 3 санаторийлік-курорттық сауықтыру орны жұмыс істейді,
ыңғайлы қонақ үйлік, мәдени-көңіл көтеру мекемелері жұмыс істейді [2].

2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЭКСКУРСИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары мен тарихи
экскурсиялар

Объект болып бір оқиғамен байланысты естелік орындар, ғимараттар, түрлі
құрылыстар, археология ескерткіштері, өнер туындылары т.б. саналады
Объектті көрсету, алдында айтылып кеткендей, экскурсияда басты орынды
алады. Дұрыс таңдалған объекттер, олардың саны, көрсету кезектілігі
экскурсияның сапасына әсер етеді. Объекттерді келесі топтарға бөлуге
болады:
- біздің халқымыздың өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен
мемлекеттің дамуымен байланысты естелік орындар;
- ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі
адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар. Архитектуралық
ансамбльдер, қоғамдық, инженерлік құрылыстар (көпір, бекініс,
мұнара), мазарлар, мәдени саласындағы ғимараттар т.б. көптеген
құрылыстар;
- табиғи объектілер - ормандар, сабақтар, өзендер, көлдер, қорықтар
мен қорықшалар және жеке ағаштар мен реликт өсімдіктері (мысалы
Алтын-Емельде 500 жыл жасаған тал, Шарында-шетен орманы) ;
- мемлекеттік және халық мұражайларының, сурет галлереяларының
экспозициялары, тұрақты және уақыша көрмелер;
- археология ескерткіштері - ежелгі тұрақтар, жер дуалдары,
қоныстар, қорғандар, киелі орындар;
- өнер ескерткіштері - бейнелеу өнерінің туындылары, қолданбалы
өнердің, мүсін, бау-бақша өнері т.б. өнер.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:
- мазмұны бойынша - бір планды (бейнелеу өнерінің туындылары,
өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп планды (архитектуралық
ансамбль, орман, дала, көше, қала алаңы):
- функционалды белгісі бойынша - негізгі, жеке тарауларды ашып
көрсетуге қызмет етеді және қосымша, қозғалыс кезінде, негізгі
объекттер арасында, әңгімелеудің қисынды ауысулары кезінде
көрсетілетіндер;
- сақталу дәрежесі бойынша - толық сақталған, біздің уақытымызға
дейін біраз өзгірістермен жеткендер, жарым-жартылай сақталған
және жоғалтылған.
Экскурсия жұмысшыларының алдында экскурсия жасаған кезде келесі
міндеттер қойылады - көптеген объекттердін ішінен сыртқы бейнесі,
ақпараттылығы бойынша ең қызықтыларын таңдау. Дұрыс таңдалған объекттер
экскурсиялық материалды, тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл
жұмысты, объекттер бір экскурсиядан бір экскурсияға көшіп отырмауын үшін
дұрыс ұйымдастыру керек. Мүмкіндігі бойынша әр экскурсияның өзінің
объектілері болуы қажет. Ондай мүмкіндік болмаса, ондай жағдайда
қайталанған объектілер ерекше ашылу керек.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді
пайдалану ұсынылады:
Танымдылық құндылығы - объекттің бір нақты оқиғамен, айқын дәстүрмен,
белгілі ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен творчествосы мен
байланыстылығы. Ескерткіштің көркемдік құндылығы оның эстетикалық тәрбие
беру мүмкіндігі қарастырылады.
Объекттің әйгілілігі - оның халық арасында белгілілігі. Мысалы Қызыл
алаң, Эйфелевая мұнарасы, Вознесен соборы т.б.
Объекттің әдеттегіден тыс болуы (экзотикалық). Объекттің қайталанбас
ерекшелігі, бір аңызбен, немесе тарихи оқиғасымен байланыстылығы.
Экзотикалығы табиғи жағдай мен де байланыс болуы (мысалы Шарын каньоны)
Объекттің айқын көрінуі - сыртқы айқындығы, қоршаған ортамен -
ғимараттармен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
Объект таңдауы соларға карточка (паспорт) жасалуымен аяқталады. Объект
карточкаларына келесі мәліметтер кіреді:
- объекттің аты
- осы объектпен байланысты тарихи оқиға
- объекттің орналасу жері, оның мекен жайы
- сипаттамасы
- ескерткіш туралы мәліметтер көздері
- сақталуы, реставраци жасалған уақтысы
- қорғалуы кімге жүктелген
- қандай экскурсияларда пайдаланады
- карточка жасалған уақтысы, экскурсоводттың аты - жөні
- карточкаға объекттің суреті тіркеледі.
- экскурсиялық маршрутты құру
- маршрутты аралап шығу
Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі
болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі
міндеттер койылады:
1. трассанның планировкасымен, көшелерімен, алаңдармен танысу;
2. объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың, топтың
тоқтайтын жерін анықтау;
3. автобуспен келіп тоқтайтын жерді игеру;
4. объектті көрсетуге қанша уақыт кететін хронометраждау, жалпы
экскурсияның ұзақтығын анықтау.
5. Белгіленген объектілердің лайықтылығын анықтау;
6. Объектті тиімді көрсететін нүктелерін табу, экскурсиялық топты
орналастыратын орындарды анықтау;
7. Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;
8. Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап туристердің қауіпсіздігіне шара
қолдану [26].
Одан әрі қала тарихына және Талас аңғарында Көне заманнан бізге жеткен
бабаларымыздың бай мұраларын зерттеуге қомақты үлес қосқан, 1880-1898
жылдары Әулиеата уезінің бастығы болған, өлкетанушы В.В. Каллаур еді.
Өзінің қызметінің көптігіне қарамастан Әулиеата туралы ел арасынан ауызекі
қызықты деректер жинап, 1864 жылы Көне Тараз қаласының жоспарын қағазға
түсіріп тарихымызға үлкен үлес қосты. Өлкемізге алғаш қызметке келгенде
дала төсіндегі ежелгі заманнан жеткен тарихи ескерткіштерге қамқорлық
жасап, уақытын бөліп, олар жергілікті халықтын мұрасы екендігін
ыждақаттықпен түсіндірді. Көп ғасырлар бойы тарих қойнауынан бізге жеткен
мұраларды зерттеуге едәуір үлес қосқан О.Л. Иванов, П.Н. Лерх,
Н.Н. Пантусовтардың есімдерін де мақтанышпен еске алуға болды.
Ғасырлар тереңінен бізге жеткен көне Тараз қаласына академик В.В.
Бартольдтың ұсынысы бойынша 1927 жылы археолог М. Массон археологиялық
қазба жұмысын жүргізіп, тарихи деректердегі қала туралы мәліметтер толық
дәлелденді. Көне қаламыздың тарихын және Талас өңіріндегі ескерткіштерді
зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы
тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалы және Талас
өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым
академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды
институтының Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен 1936-1939 жылдары
археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл аса жауапты істі белгілі
ғалым Н.А. Бернштам басқарды. Бұған әр түрлі саладағы маман иелері мен
ғалымдар, бір топ тарихшылар қатысты. Осында жаппай жүргізілген қазба
жұмыстың нәтижесі көне қала негізінен бес мәдени қабаттардан тұратынын және
бірнеше рет қиратылып қайта салынғанын растады. Әсіресе, бұл қабаттарда
қала тұрғындарының тұрмыстарында кең пайдаланған ыдыс-аяқтар мен су
құбырларының, Түркеш кезеңінің тиын ақшаларының табылуы сөз жоқ, қала
мәдениетінің едәуір дамығандығын растайды. Осы қазба барысында ғасырлар
тереңінен бізге жеткен сәулет өнерінің бірі - Тараз моншасы еді. Қазба
жұмысын археолог А.Н. Бернштам басқарды. Монша қазіргі көк базардағы
Шахристан бөлігінің Шығыс жағынан жер астынан табылды. Ол бірнеше бөлмеден
тұрады, қабырғалары көп бұрышты геометриялық ою-өрнекпен көмкерілген.
Бірінші бөлмеде еденге сары және қызыл түсті шаршы тас тақта төселсе,
екінші бөлмеде ішкі қабырғалар қызыл түсті жұлдыздар тәрізді өрнектермен
безендірілген. Бөлмелерден кірпіш астау мен кірлендер табылған,
қабырғалардағы әлі түсі кетпеген қызыл бояумен өрнектелген тақтайшалар, осы
уақытқа дейін көздің майын алатын өнер туындысы іспетті еді. Бұл құрылыс
Қараханид дәуіріндегі Жетісу өнерінің тамаша үлгілері пайдаланылған
ғимарат. Осы монша туралы ғалым К.М. Байпаков "Бұл моншаның құрлыс
техникасының ерекшеліктері жылыту жүйесі, өрнектеу мәнері мен көркем
суреттері бейнелеу өнері оның ХІ-XII ғғ. қаланың экономикалық өркендеу
кезеңіне куә", - деп жоғары баға берді. Ежелгі Тараз қаласының орнына 60
жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясының археология институтының бір топ
ғалымдары Т.Н. Сенигова, Е.И. Агиеева, Г.Н. Пацевич сияқты археологтар
ғылыми жұмыстар жүргізіп, қомақты үлес  қосты, Олар қаланың бес мәдени
қабаттарынан тоғызыншы мәдени қабатқа жетіп, тарихымыздың төркіні ілгеріден
бастау алғаны жан-жақты дәлелденді. Соғыстың алдыңғы кезеңіндегі
жүргізілген қазба жұмысы негізінде қаланың мәдени қабаттары тек VI ғасырға
тән деп келсек, ал 60-шы жылдарда жүргізілген ғылыми жұмыстар барысында
қаланың біздің эрамыздың I ғасырында өмір сүргендігін растайтын құнды
деректер табылды. Осы жүргізілген кешенді ғылыми жұмыс барысында тұңғыш рет
Шахристан бөлігінің ең төменгі қабатында X-XV ғғ. Құшан патшалығының
шығарған тиын ақшасы мен 73 жылы соғылған Рим императоры Веспиасонның күміс
динарының табылуы, сөз жоқ, алыстағы ірі де іргелі империялармен сауда
жасалғанын дәлелдейді. Одан әрі ғалым Т.Н. Сенигова Тараз қаласы біздің
эрамыздың I ғасырында мекен жай орындары қорғаныс дуалдармен қоршалған
бекіністі қала екенін археологиялық қазба барысында дәлелдеді. Осы зерттеу
барысында төменгі қабаттан Талас өңірін сонау Неолит дәуіріндегі адам
баласының мекендегенін дәлелдейтін бірнеше шақпақ тастан жасалған тас
қарулардың табылуы да көп жайды ұқтырса керек.Соңғы жылдары Тараз қаласының
орналасқан өңірі көп адам баласының ертеден егіншілікпен, қолөнер
мәдениетімен айналысқанын, Қола мен Сақ дәуіріндегі тайпалардың құтты
қонысы болғанын дәлелдейтін көптеген жәдігерлер табылды. Бұған осыдан
бірнеше жыл бұрын көне қаланың терістік жағынан табылған біздің эрамызға
дейінгі IX-VII ғғ. жататын Қола дәуірінің өлікпен бірге қойылған қыш ыдысы,
қаладағы кірпіш зауытының маңынан табылған сақ жауынгерінің мүсіні, қола
қазаны мен егіншілікпен айналысқанын растайтын дән жарғышы дәлел [21].
Көне заманнан бізге жеткен сурет галлереясында қолдарын көтеріп билеп
жүрген адамдардың суреттерін де кездестірдік. Тас бетіне түсірілген өнер
туындылары қола дәуіріне жататынын ескерсек, бұларды Тараз өңірінде  ол
қала болғанға дейін мекен етіп, тіршілік кешкен көшпенді аңшылардың
қалдырған мұралары демекпіз."Көне қаланың әр жерінді жүргізілген қазбалар
Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері мен
ғимараттарын берді" - дейді көрнекті ғалым К. Байпаков. Шын мәнінде қазба
барысында ірі қоғамдық ғимараттар мен сыртқы және ішкі қабырғаларын
безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың
табылуы қалада сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимарттардың болғанын
растайды. Оған сәнді сарайларда қойылатын ою-өрнегі бар бірнеше қоладан
жасалған май шырағдан дәлел болады. Міне Тараздың осындай салтанатты
сарайында 568 жылы Византияның елшісі Земархты Түркі қағаны Дизабул
(Естими) салтанатты түрде қабылдап өзара келісім шартқа қол қойылғандығы
тарихтан белгілі. Қаланың негізінен гүлденіп дамыған кезеңі Х-ХІІ
ғасырлардағы Қараханидтер дәуірі. Бұл кезде сауда мен қолөнердің, ғылым мен
мәдениеттің дамуымен бірге қалада еңсесі биік сәулетті ғимараттар, халыққа
қызмет ететін қоғамдық жайлар бой көтере бастады. Оған Қараханидтер
дәуірінде ел басқарған қала датқаларының атына арналып соғылған облыстык
моншаның шығыс жағындағы тас орындықтың арасынан Тараздың бір сұлуының
жоғалтып алған сақинасы табылды. Ол қазір Мұражай экспозициясына қойылды.
Өмірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ауа температурасының аномалияларының уақыттық жүрісі
Оңтүстік Қазақстанда көктемгі ауа температурасының статистикалық құрылымы
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Орта ғасырдағы географиялық мәлімет
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
2005 жылғы жауын - шашынның ластануы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Пәндер