Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1.1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім.нанымдарының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Исландылық ислам құндылығының көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2. ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ДӘСТҮРІНЕ ЫҚПАЛЫ
2.1 Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Ислам және қазақ әдет.ғұрып заңдарының ұқсастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 Дін және мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Жұмыстың жалпы сипаты. Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді»— деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады.[1,241 б.].
Диплом тақырыбының өзектілігі. Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі – егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі – ұлттың идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында жа¬сал¬ған рухани тарих. Біздің азаматтық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар ау¬дарылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едікдеп жазады Ш.Уалиханов Қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты дін құрайды Осы екі діннің, қазақ нанымына мидай араласуына ертеден келе жатқан шамандық дін негіз болды демекпіз» дейді. [2, 52 б.].
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың болмысын қалыпттастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қазақ жеріне сонау 8 ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті.Осы жұмысты жазу барысында көбінде Қ.Жолдыбайұлыны кітабтарынан және С.Кенжеахметов,Орынбеков,Ғ.Есім және Ш.Уәлиханов,Қ.Шүлембаев,Н.Өсеров және С.Ұзақпаева"Өміршең өнер жастары"тағыда еліміздің тарихын зертеуде үлкен еңбек сіңірген ғалымдардың әдебиетінен пайдаландым.
1. Д.Өмірзаққызы.Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед Пайғамбардың өмірі.Мадина кезеңі.-Алматы:Атамұра,2003-335б.
2. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1985, 170б.
3. Шүлембаева Қ. Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні. –Алматы:Рауан, 1970- 562б.
4. Ғ.Есім.Хакім Абай-Алматы:Дәуір,1996 -450б.
5. Орынбеков.М.С.Қазақ сенімдерінің басталуы.-Алматы:Ата-мұра, 2002-460б.
6. Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии.Соч.-М: Родина,1963-1976-Т.10
7. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1985,-170б.
8. М.С.Орынбеков.Қазақтардың сенімдерінің басталуы.-Алматы:Ата-мұра,2002 -460б.
9. Ғафуров Б.Г. Таджики. Древнейшая,древняя и средневековая история.-М:Родина,1972-664б.
10. Қ.Жолдыбайұлы.Дін мен Діл.-Алматы: Дәуір,2012-283б.
11. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1985,-170б.
12. А.Диваев.Из области киргизских верований.-Алматы:Атамұра,1993-355б.
13. Х.Арғынбаев.Қазақ халқындағы жанұя және неке.-Алматы: Рауан,1992-352б.
14. Ә.Т.Төлеубаев.Реликты до исламских верований в семейности казахов.- Алматы: Рауан,1992-452б
15. С.Кенжеахметов.Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі.-Алматы:
Рауан,1991 -625б
16. Ә.Қоңыратбаев.Көне мәдени жазбалар.-Алматы:Қазақ университеті ,1991-400б.
17. К.Акрам.Ислам діні және Құран кәрім.-Алматы:Шалқар газеті 1996-25б.
18. Юнус Хожа.Қараханнәме.-Ташкент:1992-452б.
19. .Құрманбаев.Исламдағы адам Құқығы.-Алматы:Дәуір,2012-204б.
20. Ә.Т.Төлеубаев. Реликты до исламских верований в семейности казахов.- Алматы: Рауан,1992-452б.
21. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы,1985,- 170б.
22. М.М.Молдабаева.Имандылық ислам құндылығының көрсеткіші\\Алаш айнасы 27.05.2012
23. М.М.Молдабаева.Имандылық ислам құндылығының көрсеткіші\\Алаш айнасы 27.05.2012
24. Қ.Жолдыбайұлы.Дін мен Діл.-Алматы: Дәуір,2012-283б.
25. Ә.Қоңыратбаев.Көне мәдени жазбалар.-Алматы:Қазақ университеті ,1991-400б.
26. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. -Алматы :Руханият,1992 -149б.
27. Мавлюгов Р.Р.Ислам.-М:Родина 1969-160б.
28. Нұралы Өсерұлы. Ислам және Қазақстан. -Алматы. Руханият, 2003 - 750б.
29. Нұрғазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам.-Алматы:Рауан, 2002 -315б.
30. А.Искакова Ислам дінінің жақсылық жамандық және өмірлік мақсат туралы ұғымдарына сын. -Алматы:Жалын, 1976 -256б.
31. Ұзақбаева С. Өміршең өмір өрісі –Алматы:Ата-мұра, 1991 -236б.
32. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті:кеше,бүгін,ертең.-Алматы:Рауан,1999-264б.
33. Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы.-Алматы Ата-мұра,1992 -149б.
34. Бернштам А.Н. Уйгурская эпиграфика Семиречья.-Алматы:Жалын,1989 - 265б
35. Өсеров Н, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары.- Алматы :Ата-мұра,1992 -149б.
36. С.Кенжеахметов.Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі.-Алматы:
Рауан,1991 -625б
37. Д.Өмірзаққызы.Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед Пайғамбардың өмірі.Мадина кезеңі.-Алматы:Атамұра,2003-335б.
38. Х.Арғынбаев.Қазақ халқындағы жанұя және неке.-Алматы: Рауан,1992-352б
39. С.Қ.Қалиев Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан.- Алматы :Дәуір,1992 -545б.
40. Б.Уахатов.Қазақтың тұрмыс- салт жырларының типологиясы.-Алматы:Жалын, 1983 -789б.
41. Ұзақбаева С. Өміршең өмір өрісі –Алматы:Ата-мұра, 1991 -236б.
42. Шүлембаева Қ. Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні. –Алматы:Рауан, 1970 - 562б.
43. Орынбеков.М.С.Қазақ сенімдерінің басталуы.-Алматы:Ата-мұра, 2002 -460б.
44. Нұрғазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам.-Алматы:Рауан, 2002 ж.-315б.
45. Қ.Жолдыбайұлы.Дін мен Діл.-Алматы: Дәуір,2012-283б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
1.1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім–нанымдарының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
... ... ... ... ... ... .11
1.3 Исландылық ислам құндылығының
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2. ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ДӘСТҮРІНЕ ЫҚПАЛЫ
2.1 Қазақстандағы ислам мәдениетінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Ислам және қазақ әдет-ғұрып заңдарының
ұқсастығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 45

2.3 Дін және мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың
басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады.
Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ.
Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам
дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра
түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы
алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін,
мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани
жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін
бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің
бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып,
ислам діні қағидаларына мән бермеді. ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм
билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен
соғысуына тура келді— деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ
тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін
қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI
ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы
ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб
миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-
баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба
аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар
әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін
олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты
ұмытпады.[1,241 б.].
Диплом тақырыбының өзектілігі. Ұлт тарихы ажырамас екі негізден
құралады. Бірі – егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық
тарих, ал екіншісі – ұлттың идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында
жасалған рухани тарих. Біздің азаматтық тарихымыз көптеген іргелі
зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар аударылмай келе жатқан
үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едікдеп жазады Ш.Уалиханов
Қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ –
мұсылман атты дін құрайды Осы екі діннің, қазақ нанымына мидай араласуына
ертеден келе жатқан шамандық дін негіз болды демекпіз дейді. [2, 52 б.].
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне
көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың
болмысын қалыпттастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай
ілімдердің бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз,
басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ
тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз
кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық
қазақ жеріне сонау 8 ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда
қазақ халқының соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті.Осы
жұмысты жазу барысында көбінде Қ.Жолдыбайұлыны кітабтарынан және
С.Кенжеахметов,Орынбеков,Ғ.Есім және Ш.Уәлиханов,Қ.Шүлембаев,Н.Өсеров және
С.Ұзақпаева"Өміршең өнер жастары"тағыда еліміздің тарихын зертеуде үлкен
еңбек сіңірген ғалымдардың әдебиетінен пайдаландым.
Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар
өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы
болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің
көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары
бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ
тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени
жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін
исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырыстым.
Қ.Шүлембаева "Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні" атты еңбегінде
жас ұрпақ ислам дінінің негізінде қалыптасқан тәрбиенің құнды қасиеттерін
бойына сіңіріп, бүгінгі өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді.Ислам
дінінің түпкі сырының өзі адамгершілікті, шыншылдықты, қамқорлықты,
аяушылықты, жанашарлықты, біліктілікті, еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды
қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан арылудың жолын уағыздаумен келді.
Адамзаттың құндылығын сақтайтын қасиеттерді іздестірген ислам діні [3,145
б.].
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыруда діннің атқарар қызметі үлкен.Жас
ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка тек
өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен тығыз байланыста екенін
көреміз.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеті.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты - ислам дінінің торік халқына сонын
ішінде қазақ жеруне келуі,таралуы мен ұлтымыздың ертеден келе жатқан салт-
дәстүріне тигізген әсерін көрсету. Наным-сенімге,эстетикаға,дала
философиясы мен Қазақстандагы ғылым мен мәдениетті дамуына тигізген ықпалын
ашып көрсету Алланы мадақтап, әділетсіздік пен зұлымдықты құр бос уақыт
өткізумен, жалқаулықты қатты сынға алып адамды шынайы, рухани өсіруге,
адамдың жүрегінде имандылық отын тұтату, өз еңбектерімен мұсылман
ғалымдарының қосқан үлестерін баса ашып көрсету.
Осы мақсатқа жету жолында диплом жұмысымның алдына мынадай міндеттер
қойылды:
- ырымға исламның көзқарасы қандай?
- ислам өркениеті, әдет – ғұрпы және бүгінгі ислам;
- исламның діни – мәдени салт – дәстүрлері;
- қазақтарда ислам дінінің алатын орнын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмыстың құрылымы зерттеліп
отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
.

1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

1.1 Қазақтың исламға дейінгі діни сенім-нанымдарының зерттелу
тарихы
Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың санасында туған халқына деген
құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сонымен қатар
қазақ тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай,
ардақтай білуге тәрбиелеу - басты мақсатымыз. Мұндай тәрбиелік мәні бар
шаралар сөзсіз отбасында жүзеге асады. Ал, отбасы мәселесі тарихымыздың қай
кезеңі болмасын өзекті тақырып.
Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына,
рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін –
руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты
мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең
тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын,
оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни
жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін
оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның
маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің
барлық салаларын қамтып жатты.
Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден
шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің
жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды.
Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар
өркениетке ортақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-
сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында,
дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол
себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер
ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-
сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл
қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.
Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген
игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда
қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін
құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз
мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес.
Қазақтардың діни жүйелерін қарастырғанда олардың бір-бірімен қатар
дамығанын, оларды бөліп қарастыру тек ғылыми абстрактілеу арқылы,
қолайлылық мақсатында қолданылғанын естен шығармаған жөн. Нақтылы тарихи
даму барысында олар бір-бірімен қабаттасып, тұтасып кеткен.
Қазақтардың мифологиялық және архетиптік тарихи даму кезендерінде
генотиптік діни жүйелер басым болды. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар
заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді
жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол
арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек
сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап
ас беру осы дәстүр көрінісі..
Көне түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да
генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы болған ашин
тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз деп санаған.
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар
руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын
мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы
аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн
сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші
хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында
қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның
руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды
құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен
сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен
байланыстырады.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен
шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында
еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді
сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс
тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім "Хакім
Абай” кітабында: тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол Адам мен
табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған.
"Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-
қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір – деген табиғат, ол өмір сүру
үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Оны табиғаттың
синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан,
натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект
ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, –дейді [4,125 б.].
Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге
қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен
рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді
тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым
тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни
түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды.
Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан
өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп
қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі,
көпжақты болып келеді.
Орынбеков "Ол (тәңір) – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа,
оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің
біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі
дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын
натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты
құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды”, –деп жазады[5.59, б.].

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-
сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші
рөл атқарады. В.В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір)
және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер
барлықты жаратушы "объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су –
тіршіліктің тірегі [6,82 б.].
Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай
ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі
болған. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады.
Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: "Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-
су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”, – делінеді.
Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды.
Алтайлық аңызда: "Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық
теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда үрленген судан Ақ ана
шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да
матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-
рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы
орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай
ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың
күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады.
Тәңір сөзінің этимологиясын "таң” және "ер” сөздерінің бірігуінен шығуы
мүмкін деп қарастырады. Бірінші буын "таң”, автордың пікірінше, күннің
шығуымен байланысты болса, "ер” – түрік тілдерінде ер адамды білдіреді. Осы
тұрғыда Тәңір "Күн адам”, "Аспан адам”, яғни құдай дегенді білдіреді.
Тәңірлік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп
отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса түркілер тәңір қолдады, дейді,
қателік жасап, адасса, "Тәңірім, кешіре гөр”, –дейді.
Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип – шаманизм
болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы
айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. "Шаманизм” термині әр түрлі мағынада
қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай
туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды.
Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар.
Шамандық қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған
зерттеушілер, оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса,
ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп
бағалайды.
Шаманизмді зерттеген еуропалық ғалымдар көп құнды пікірлер
айтқанмен, ғылымдағы еуроцентристік көзқарас шеңберінде қалып қойды.
Шаманизм олар үшін бөтен мәдениет туындысы болғандықтан, еуропалықтар оған
экзотикалық құбылыс, архаикалық дүниетаным рудименті ретінде қарады, ал бұл
шаманизмге әділ ғылыми баға беруді қиындатты.
Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен
бірлікте, тұтастықта зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды.
"Шамандық дегеніміз, – дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген
шексіз махаббат және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау.
Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы
басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі
қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса
білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және
емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”.[7,251-б.]
Шамандықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның
виртуалдық, тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды.
М.С. Орынбековтің пікірінше, бақсы адам мен әлем арасындағы ажыраған
байланысты қалпына келтіреді. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы
арқылы адам мен әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. "Шаман
дүние түйсінуінің негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі,
кең ауқымдылығы болып табылады. Ол сырқат адам мен дүние арасындағы
үйлесімділіктің бұзылуының салдары”[8,103-б].
Шамандық қасиет адамға рухтың қалауымен қонады, бақсы зікір салардың
алдында рухтарын көмекке шақырады. Көңіл аударатын тағы бір нәрсе шамандық
тұқым қуалаушылық, тегіне тартушылық арқылы мұраланады. болғандығын айтады.
Осыны ескере отырып, біз шамандықты генотиптік сипаттағы діни жүйе деп
санаймыз және оның төмендегідей ерекшелігін атап өтейік: шаманизмде өлі
табиғат ұғымы жоқ, табиғат жанданған, барлық құбылыстың, жер мен судың
киелі иесі бар. Адам мен әлем тұтас. Оларды бөліп тұрған құз-жартас жоқ.
"Адам – табиғат патшасы”, –дейтін еуропалық ұран шамандыққа жат. Адам қанша
құдіретті болса да табиғаттан жоғары емес, ол тіршіліктің ерекше бітімі.
Дүниедегінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс шаман-
медиум арқылы іске асады. Ғарышты мекендейтін рухтар адамның күнделікті
тұрмысына жақын араласып отырады, қолдайды немесе жазалайды. Рух ниетін,
әмірін адамдарға жеткізуші тұлға – шаман, бақсы. Шамандық қасиет тұқым
қуалау, тегіне тарту, рухтың қонуы арқылы дариды. Шаманизм рулық қоғамның
діни идеологиясы ретінде қалыптасады, шаман бір әулеттің немесе рудың абызы
қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың
болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін
айқындайды.
Шаманның рухтар тандаулысы болуы және сәуегейлік, яғни болашақты
болжау қасиеті әлемдік діндердегі пайғамбар идеясының қалыптасуында маңызды
рөл атқарған деп топшылауға болады, сол сияқты жаратушыны таза рух ретінде
түсінуде де шамандық әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы жаратушы-құдай
идеясының түп-тамыры табиғатқа табыну, оны құдіреттендіру мен аруаққа,
рухқа табыну десек, артық айтпаған болар едік.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең
таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни
халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні
таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл
атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті
құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны
арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты
бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Орталық Азия мен
Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным- сенім ретінде
шеттетіле бастайды. Енді олар жын-шайтандармен байланысқа түсе алатын
адамдар ретінде қабылданады. Қоғамда шамандарға қатысты екі ұшты ұстаным
қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады, өйткені олар адамға кесір
келтіруі мүмкін. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады.
Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыз оларға бара бермейді. Екінші жағынан, сыры
беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан
бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде
шамандар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-
балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.
Ежелгі түркі жерінде көне түркілердің дәстүрлі наным-сенімдерімен
қатар басқа да діндер таралды. Солардың ішінде ең байырғысы зороастризм
діні болды "Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы болып
буддизм келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы дінді қабылдады, ал оның
мұрагері Тобо қаған "Нирвана-сутрадан” бастап будда әдебиетін түркі тіліне
аударуға жарлық берді. ...Буддизм Шығыс Түркістандағы соңғы ғұн
мемлекеттеріндегі түркілер арасында тарала бастады, ал ашин тайпасы олармен
тектік тарихи байланыста болған еді”. Бұл деректер М.С. Орынбековтің "Қазақ
сенімдерінің бастаулары” кітабынан алынды. Орталық Азиядан шыққан
көшпенділер Үндістанға дейін барып, осы жерлерде Құшан, Ұлы Моғолдар
мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Буддизмнің бұл жерлерде таралуы
империяны бір дін аясында біріктіру мүддесіне байланысты болса керек.
Алайда түркілер бұл дінді жаппай қабылдады десек, тарихқа қайшы келер едік.
Әрине, будда дінінің моральдық қағидалары олардың руханилығына жақын
болғанмен, оның жарық дүниені тәркілеу, "әрекет етпеу” қағидаты көне
түркілердің дүниетанымы мен өмірлік ұстанымдарына үйлесе бермеді.
Түркілерге таныс болған мани дінінің де тағдыры буддизмге ұқсас болды. Мани
ілімі баяндалған "Болжаулар кітабы” түркі тіліне аударылғанымен, бұл дін де
түркілер арасында терең тамыр жаймады. Буддизмен қатар Ұлы Жібек жолы
арқылы христиандық та таралды. Ол басында несториандық, кейіннен яковиттік
түрінде V ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан жеріне ене бастады және Шығыс
Рим империясынан шыққан әулие Несторий сектасының өкілдерімен байланысты
болды[9, 45 б.].
Византиядағы діни алауыздық пен қақтығыстар христиан дінінің әр
түрлі бағыттағы өкілдерінің Шығысқа қарай ойысуына ықпал етті. Орталық Азия
мен Қазақстан жерін паналаған христиандар бұл жерлерде өздерінің ғибадат
ететін орындарын салды. Олардың басым көпшілігі саудагерлер болатын және
қағанат қазынасына алым-салықтар төлеп тұратын. Бұл жағдайда басқа дін
өкілдеріне төзімділік танытып, олардың жат жерде өз діндерін ұстап, әдет-
ғұрыптарына сай құдайларына табынуына мүмкіндік берілді.
Еліміз егемендігін алып, ұлттық тарихымызды шынайы түрде жазу
қолымызға тиген тұста өткенімізге зерделей көңіл бөле бастадық. Егер біз
тарихты халқымыздың болмысы деп түсінсек, онда тарих кез-келген халықтың
өткені мен келешегінің айнасы. Халык тарихқа қарап бой түзейді. Олай болса,
мәдениетті, дәлірек айтқанда қазақ халқынын рухани мәдениетіндегі түрлі
әдет-ғұрып, салт-санамен қатар, отбасын құру немесе үйлену мәселесін
зерделеу кажеттілігі туындап отыр.Қ.Жолдыбайұлының "Дін және Діл"кітабында
Хакім Абай кейбір ырымдар шаманизмнің сарқыншағы дейді.[10,231-б.]
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден
өткенге дейінгі өмірі, сан ғасырлық наным-сенімі, таным-түсінігі, қоғамдық
даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады.
Біздің халқымызда көптеген басқа халықтар сияқты ғасырлар бойы
жинақтаған ой-тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт-
дәстүрде көрсете білген. Оларды тұтас құрылым жүйесінде анықтайтын болсақ,
халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары халық өмірінің, мәдениетінің бейнесі
деп сипаттауға болады. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну,
тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр
адамда, әр ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Осы
жағынан қарағанда ислам діні енгенге дейінгі қазақ халқының наным-сенімі
мен дәстүрін қазіргі жаһандану заманы кезеңінде қарастыру қажеттігі
туындайтыны сөзсіз.
Жалпы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті көптеген ғылымдарды
қызықтырады және зерттеліп келе жатқан мәселелердің бірі екендігі белгілі.
Қазақстан жеріне келген ең алғашқы елшілер, саудагерлер немесе отарлау
әкімшілігінің шенеуніктері болсын қазақ мәдениетіне қатысты сипаттамаларын
қалдырып отырды. Жалпы қазақ елінің мәдениеті, оның ішінде қазақтың, наным-
сенімдерге қатысты зерттеулерді бірнеше кезеңдерге бөле отырып көрсеітіп
өтуімізге болады. Ендеше осы зерттеулерді зерделеп, исламға деінгі наным-
сенімдердің қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарда табуын өзмізше саралап
көрейік.
Оның алғашқы кезеңі ретінде ХVІІІ- XIX ғасырлардағы саяхатшылар мен
ғалымдар еңбектерін атап өтуімізге болады. Мәселен, ХVІІІ ғасырдың
саяхатшылары өздерінің жазбаларында түркі халықтарының арасындағы отбасылық
қарым-қатынастар мен діни көзқарастар турасында біраз мағлұматтар
кездеседі. Аталған саяхатшылар өздерінің жұмыстарын қысқа мерзім ішінде
жүргізген экспедициялық сапар кезіндегі азды-көпті бақылаулардың және
өздеріне дейінгі жарық көрген аз мағлұматтар негізінде жазды. Алайда, бұл
еңбектерде қазақ өмірі туралы аз да болса мәліметтер кездеседі.
Ал қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеуге үлес
қосушылардың бірі Броневский болды. Ол Орта жүз қазақтарының өмірі мен
шығармашылығы, мәдениеті туралы еңбегінде отбасы және оған қатысты ырымдар
мен тиымдар туралы сөз етеді.
Сол сияқты XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының
этнографиясымен шұғылданған орыс ғалымы А.Левшин болды. Оның еңбегінде
әсіресе қазақ әдет-ғұрыптарының баланың дүниеге келуі мен дүниеге келген
балаға қойылатын есімдері жайлы және сүндетке отырғызуы, бала тәрбиесі,
соның ішінде кейбір мәселелерге байланысты отбасы мен үйлену, жерлеу және
ас беру туралы аз да болса мәліметтер кездестіруімізге болады .
Қазақтың біртуар азаматы, этнограф, ғалым Ш. Уәлихановтың
еңбектерінде қазақтардың діни наным-сеніміне үлкен мән беріп, олардың басым
көпшілігін дінмен байланыстырады. Автор Қазақтар туралы барлық
зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да қазақтар -
мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді де ұстайды. Олар мұсылман дініне
табынумен қоса, шамандық нанымдарға да иланады. Бұл пікірлер шындыққа
келеді, - дей отырып, қазақ халқының үйлену дәстүріндегі кейбір салт-
дәстүрдің түп-төркіні тым әріде жатқандығын айтып кеткен болатын.
Ал екінші кезеңдегі қазақ халқының революцияға дейінгі мәдениетіне
байланысты мәліметтерді жинақтау неғұрлым жүйелі түрде қолға алына
бастағаны байқалады [11,78 б.].
Сондай-ақ қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеп, төңкеріске дейін
ғана 130-ға тарта үлкенді-кішілі еңбектер жариялаған А. Диваев болды. Ол өз
еңбектерінде қазақ өмірінің сан алуан жақтары жайында қызықты мәліметтер
беріп, әсіресе қазақ халқының үйлену тойы мен жөн-жоралғылар туралы жазады.
Сол себепті қазақтың рухани мәдениетін зертеушілер тобы автор еңбегіне
соқпай өте алмайды.[12, 125 б.].
Жалпы қазақ халқының ислам дініне дейінгі наным-сенімдерді зерттеу
кенжелеп қалды деуімізге болады. Себебі, кеңес билігінің нығаюымен көненің
сарқыншағы - наным-сенімдер жүйесі жат әдет ретінде жастар санасынан
ығыстырылуына алып келді. Тек жекеленген аймақтарда, яғни қазақы аудандарда
ғана түрлі отбасына қатысты дәстүрлер қолданыста.
Келесі бір атап өтуге тұрарлық еңбек 1973 жылы жарық көрген
Халел Арғынбаевтың Қазақ халқындағы жанұя мен неке атты монографиясы.
Бұл еңбекте отбасы мен некенің туыстық қарым-қатынастар, отбасының
ішкі мәселелері, адам өмірінде кездесетін түрлі жоралғылар, үйлену,
дәстүрлі некенің өткені мен болашағы сияқты мэселелер қамтылған. Еңбек
XVIII ғасыр мен XX ғасырдың басына дейінгі уақыт аралығындағы қазақ
халқының екі ғасыр шамасындағы өмірін қамтыған. Мұндағы мәліметтерді автор
Қазакстанның барлық облыстарын түгелге жуық аралап, ел арасынан
информаторлармен сөйлесіп автордың өзі жинаған [13,158-б.].
Ал қазақ елі егемендігін алып, етек-жеңін жинаған тұста
қазақ елінің жаңа тарихы сараланып, қайта жазылуына мүмкіндіктер алғаны
белгілі. Осындай жаңаша зерттеу мүмкіндігі туған уақытта жазылған құнды
еңбектердің бірі профессор Ә.Т.Төлеубаевтың Реликты доисламских верований
в семейной обрядности казахов атты еңбегі. Жас ұрпақтың қызығушылығын
тудыратын бұл көлемді еңбегінде автор қазақ халқының исламға дейінгі
дәстүрлі үйлену ғұрпын, баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіне байланысты
наным-сенімдерін, атап айтқанда бедеулік, шамандық емдеу, ғұрыптық
орындарға түнеу, балалардың түрлі аурулары және оларды магиялық емдеу,
сондай-ақ жерлеу дәстүріне байланысты ритуалдар мен нанымдаржөнінде құнды
мәліметтер береді[14,56 б.].
Сондай ақ - этнограф Сейіт Кенжеахметов Ұлттық әдет-ғұрыптың
беймәлім 220 түрі атты еңбегінде қарастырып отырған мәселемізге қатысты
біршама тоқталып өтеді. Онда ол қазақ халқының сондай ақ бүгінде тұрмысынан
қалып бара жатқан кейбір отбасылық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріндегі сенім-
нанымның мән мағынасын көрсетуге тырысқан..
1.
Қалай тіесек те қазақтың рухани мәдениеті, оның ішінде ислам дініне дейінгі
әдет-ғұрыптар мен наным-сенімедер жүйесі толыққанды болмаса да біршама
зерттелген, алайда жаңаша тәсілдер қолдана отырып қазақтың этнографиялық
құндылықтары ретінде сақталғандығына көз жеткізуімізге болады[15,123 б.].

1.2 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 715ж.
VІІ ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден
басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп
отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне
үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант
пен Бұхараның жергілікті тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп
отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу
Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс берді. Басында
арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж.деп келеді
Ә.Қоныратбаев деректерінде. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен
Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас
барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті
арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб
билігін қалпына келтіре бастады[16, 146 б.].
714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына
айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда
орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты
алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің
жолын қиып тастауға талпынды деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге
миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына
жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың
болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның
таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері
жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға
душар болды.
Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың
нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші ролін атқарды. Оның да себебі
бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты
басқалардан томаға – тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік
идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем
тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені
туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда ру намысы күштірек
еді. Бұл төменгі таптың өз туыстастары үстем тапқа қарсылығын тежеп
отырды.
Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан (685-705) тұсында ғана
жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі
қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып
алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты
басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары
арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар
астанасы Самарқан қолға түсті.
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхараны бірнеше қайтара
алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз
ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Төртінші рет Кутейба әзер дегенде
қаланы алып, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі
арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп,
бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған.
Кімде-кім мешітке келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді деп жар
шақыртады. Соның өзінде де жергілікті халықтан қорыққан арабтар мешітке
қару-жарағымен келуге мәжбүр болған. Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу,
т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.
Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан
терреториясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін
миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу
жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған
дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман
дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды
һаза хақ – һазақ (бұл арабша сөздің мағынасы—бұлар дұрыс, жолы дұрыс)
деп атады. Содан барып, қазақ деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.
Қазақтың дінді қабылдауы ұзақ процесс. Алғашқы келген Хашим елші 734
жылы түрік қағанына жолығып, Исламға кіру жайын сөз еткенде, әлгі қаған
бүкіл түрік сарбаздарын салт атпен көз алдынан өткізіп, мына жауынгерлерге
мен қалай шаштараз бол, қолөнерші, не майда саудагер бол деп айтпақпын? деп
әскерінің асқақ кейпін мақтаныш еткендей сыңай білдіргені бартын. Міне, осы
такаппар аттылылар пірәдар пенде болып сәждеге бас игенше екі арада қанша
уақыт өтті! Тәкаппардың төубесі қабыл болмайтынын түсінгенше қаншалық ішкі
күйзеліс кешпеді! Ал, үйреншікті тұрмыс салты ше? Арабтан келген уағызшылар
қазақ даласына бір ғана келіп қойған жоқ. Олар әр ұрпақ тұсында әлденше
дүркін келіп, ел аралап уағыз айтқан. Олардың бұл жүрісіне сонда дала
тұрғындары айтарлықтай қарсы болмаған. Қайта сөздерін тыңдап, қадірлеп
қарсы алып, құрметпен шығарып салып отырған. Ел аузында сақталып, кейін
хатқа түскен сондай бір оқиға туралы Кәрім Акрами деген азаматтың Ислам,
дін, және Құран кәрім деген мақаласы жарияланды. Онда исламның қазақ
даласына, одан әрі Қытайға таралуы жайындағы алғашқы деректерден аздап
мәлімет береді. Қазақ халқы емлесі қиын, графикасы күрделі, талабы қатал
ислам дінін бірден қабылдай алмады деп жазады
[17,12-б.].
XII ғасырда Смағұл қожа бастаған 7 араб қазақ арасына жіберілгенін
айтады, одан әрі қарай әлгі мақаласында олар Түркістанға келіп малшы,
бағбандарды аралайды. Ел басылары оларға билердің заң-ережелерін, жол-
жосындарды, ғұрып-әдетін түсіндіреді. Сендердің құранды оқығандағы
әуездерің құлаққа жағымды екен. Жанды қозғайды. Қазақ билерінің заң-
ережелерін қабылдап, халықтың ежелден қоректеніп келе жатқан жылқы етін,
қымызын шектемеңдер, өздерің әндетіп оқып жүрген құранның мазмұнын қазақша
өлеңге түсіріп айтындар. Ол қазақ арасында сонда кең таралады, бәрі тез
жаттап алулары мүмкін дейді. Қазақтар сол қожалардың басына үй тігіп,
бауырына тартып, ас-суын беріп, қамқорлық жасайды. Бұған риза болған Қазұлы
Әбиғали деген қожа еліне қайтып барған соң Қауым әннәс деген кітап жазып
таратады. Кітапта: Әннәстар қауымы жаннәтты (бейіл жомарттар),
пайғамбардың ақ батасын алғандар. Олар үйіне қонғандарды ыстық ықыласпен
қарсы алып, мал сойып, күтіп аттандырады. Қайда барсаң да аста төк
дастарханмен күтеді. Қонақтан пәтер ақы алмайды. Үйіне айлап жатсаң да
қонақты қуаламайды. Олардың жерінде ұры-қары, адам алдайтындар, жалақорлар
болмайды. Біреудің ақысын біреу жемейді. Олар шеттерінен ақкөңіл жандар.
Олардың көсемдерінің шығарған заңдары Құранның мазмұнымен бірдей. Егер жер
бетіндегі халықтардың барлығы әннәс қауымындай ақпейіл, жомарт болса,
адамдардың барлығы пейішке барып, дозақ бос қалар еді Құран Кәрімді алғаш
рет қазақ (көне түрік-қыпшақ) тіліне аударып өлеңмен жазған Қожа Ахмет
Иассауи — дейді. Әрине бұл мақаладағы Түркістанға алғаш келген Смағүл деген
адам бастаған қожалар шын мәнінде ең алғашқы келгендер емес екені белгілі.
Бұл айтып отырған кезден үш жарым, төрт ғасырға жуық уақыт бұрын Ысқақ Бап
бастаған пайғамбар ұрпақтары исламның жасыл туын көтеріп келгені жоғарыда
сөз болды. Баптардың басшысы Арыстан бап деп айтылғанымен, олардың арғы түп
атасы Ысқақ бап екенін ислам тарихы да, азаматтық қазақ тарихы да үнемі
есте ұстауы керек.
Дала түріктерінің исламды қабылдауы туралы бір дерек Юнус-Хожаның
Қараханнамэ атты кітапшасында кездеседі. Мұнда хижра жыл санауының 152
жылға дейін исламды қабылдаған біраз түрік тайпаларының аты аталады. Мүнда
Қарлұқ, Барлас, Бақанас, Балталы, Қаракесек, Басмал (Арғынның бұрынғы
атауы), Тоқа, Тауари, Ташқара, Қаңлы, Үйғыр, Дулу, Салор, Шу, Қайсақ,
Ширбак, Алан, Албан, Алшын, Әлім, Құмық, Құман тайпалары мен руларын атап
көрсетеді. Бірақ бұл зерттеуде де аталған тайпалардың пайда болуы мен
атаулары жөнінде, олардың тарих сахнасына келу кезеңдері қазақ
тарихшыларының пайымдауларына сөйкес келе бермейтін тұстары да бар. Асылы
өзбек бауырлар кейде қазақ руларын жер аттары, мекендері арқылы
түсіндіргісі келетін әдеттері бар. Мәселен, бір мысал: Ташкеннің
іргесіндегі Сіргелі ауылын қазақ руының атауы деп білмей, Сыр келді деп
түсіндіреді.
Исламды Шыңғыс ұрпақтарынан бірінші қабылдаған Берке хан, бұл Алтын
Орда тұсында болса, Мауреннахрда Шыңғыс ұрпағынан мұсылмандықты мемлекет
діні еткен Өзбек хан екені белгілі.[18,145-б.].
Қазақ хандары да өздерінің барлық жарғылары мен жасындарында дін жолын
қадір тұту туралы арнайы баптар ендіріп отырған. Айтулы Жеті жарғыда да
ислам дінін ел діні деп біліп, дін адамдарын өзге адамдардан гөрі жоғары
бағалауды талап еткен. Оларға тіл тигізуге болмайды. Оларға зиян
келтіргендерге құн төлер кезде өзге адамдардан гөрі ақсүйек қожалар, дін
иелерін анағүрлым артық бағалап отырған. Сол сияқты мұсылмандардың басты
кітабы Құранға да тіл тигізіп, ғайбаттауға қатты тиым салынған.
Құран Кәрімді түсініп оқу үшін оны жергілікті тілдерге аударуға да
ден қоя бастайды. Бұл жөнінде әр автор әркелкі деректер келтіреді. Құранды
алғаш парсы тіліне аударушының бірі Ал-Табари еді, ол оны парсы-тәжік
тіліне 961—976 жылдары Бұхарада тәржімалады деген бір пікір болса, екінші
бір тәржіма Қытайда тұратын ғалымдардың айтуынша — 1368 жылы қытай
иерогливімен дүнген тілінде Хи-тыч деген атпен кітап болып шығыпты.
Оның мәнісі — қазақша ұғымда Ұйып тыңдау дегенге келеді екен. Тағы бір
деректер бойынша Құран Кәрім, ең алғаш X ғасырда Ануар әл-Танзил деген кісі
парсы тіліне тәржімалаған деген болжам бар. Бұл аударма Бағдатта кітап
болып шығып, құранның ең алғаш рет көпшілікке кең таратылуы еді. Екінші
аударма түрік тіліне хижраның 712 жылы аударылып, Стамбұлда басылған деген
де дерек бар. Ал үшінші рет — хижраның 1190 жылы урду тілінде, Үндістанда
да жасалған сияқты. Бүл пікірді кезінде Дж.Неру де қуаттаған болатын. Осы
үш аударма Құранның басқа тілдерге (ағылшын, неміс, латын) аудармасының
бәріне негіз болған дейді. Ал еуропа тілдерінен ең алғашқыларының бірі
болып. Испанияда латын тіліне аударылып, Мадридте басылған көрінеді.
Жалпы 1980 жылға дейін Құран 60 тілде, 2668 рет аударылып басылған.
Ал, қазақшаға Құранды ең алғаш Ақыт қажы Үлімжіұлы аударған. Ол кісі 1868
жылы туылып, 1940 жылы дүние салған. Онан соң 1988 жылы толық аударып, Сауд
Арабиясында және Түркияда бастырған Халифа Алтай қажы. Одан кейін қазақ
баспаларынан Рәтбек қажы Нысанбайұлы мен У.Қыдырханов, екінші бір нұсқасын
Н.Өсерұлы мен Қ.Мақашұлы Ізтай деген азаматтар аударған. Мұның бәрі қазіргі
атқарылып жатқан істер. Ал, дала түріктеріне Құранның түп мағынасы сонау
ерте заманда халық ақын-жырауларының аударуымен өлең түрінде таралуының
мәні зор болды. Ондай үлгілер сонау орта ғасырда, ноғайлы тұсында, одан
арғы Қорқыт баба тұсында туған деседі. Қорқыт кітабында, халық ауыз
әдебиетінің көптеген үлгісі мен батырлық, эпостық жырлардың бәрінде дерлік
ислам негіздері қадір тұтылып, қастерленіп, ел, жұрт, тіл, мал-жан, қара
орман, қара шаңырақ деген ардақты үғымдармен қатар айтылып, дін мұсылманның
әрдайым аман болуын тілеген.
Қазір көптеген елдегі ғалымдардың болжам-пайымдары бойынша келер XXI
ғасыр партиялардың идеялары тозып, бірыңғай діндер ғасыры, сол діндердің
адам жанына ықпал ету үшін күрес ғасыры болуы мүмкін делінуде.
Сол шақтарда бұрынғы дала түріктерінің тікелей ұрпағы қазақтар да исламға
баяғыша ескіліктің, кертартпалықтың жолы еді деп шошына қарамай, ғылым-
білім негіздерін терең меңгере отырып, соның бәрін мүмкін еткен тәңірінің
құдірет күшіне баяғы бабалар сияқты таза пейілмен көңіл бөлетін шығар деген
үміт зор.
Сөйтіп жинақтай келгенде:
1. Дала түріктеріне исламның келуі туралы біржақты пікірден арылатын кез
жетті. Өйткені, ислам түрік үшін жат емес. Оның рухы астасып, ішкі үндестік
тауып, тез ұғысып кеткен ортақ сенім болғаны ақиқат.
2. Тәңірі, Көк тәңірі, Тәңір құтына сенетін түрік жұрты бір ғана Алла бар
дегенді түсіністікпен қабылдады. Ал, қалған діндер адам арқылы (Будда,
Мазда, Иса) әсер ететін дін де, ал ислам тікелей Алла сөзі — Құран арқылы
жеткізетін жанға,рухқа жақын екендігін сезінді.
3. Исламды дала түріктеріне жеткізерде пайғамбарымыздың ұрпағы Абдірахман,
Әбдірахым, Әбдіжалал мен Ысқақ бап сияқты көреген, пайымды, мәмілегер
адамдардың дала халқының жан дүниесін, табиғи рухын түсініп, оның өз
табиғатына лайық жол таңдай білуінің үлкен маңызы болды.
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-
ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-
баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға
қарсы ғазауат соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік
сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген,
күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-
келгендерінің бастарында да бар.
Исламның табиғатында рухани және зайырлық бірігу, саяси әкімшілік пен
діни биліктің бірігуі мен өзгешелік бар. Халифатта да немесе басқа да
ислами мемлекетте мемлекет ісіне қарсы тұратын шіркеу сияқты қауым жоқ. Бұл
мұсылман орындарының басшыларында, шейх, имамдарда мемлекет әкімшілігінің
іс - әрекетіне немқұрайлы қарау бар немесе келісім бар, келіспеушілік
болмайды деуге болмайды. Ондай жағдай қазіргі кезде де кездеседі. Бірақ
православие, католиктер шіркеуі сияқты шіркеудің және діни қызметкерлердің
пайдасы үшін мемлекетпен айтысу және бір - бірімен бөліну деген мұсылман
әлемінде кездеспейді. Христиан дінінен ислам дінінің айырмашылығы онда дін
мен саясат бірлескен түрде, оның басшылары әрі діни көсемдер, әрі
саясатшылар - пайғамбар, халифтер, әмірлер және жергілікті көмекшілер.
Бұл зайырлық және діни бірігу бір жағынан діннің абыройын көтерсе,
екінші жағынан әкімшілік - бюрократиялық иерархияның маңызы төмендей
түседі.Қандай да болмасын әкімшілік шенеунігі өз әрекетін шариатпен
салыстырып отыруы, Құранға негіздеуі қажет. Олар муджтахидтермен және
мутакаллимдермен ақылдасып, молдалардың, шейхтардың, сопылардың жөне басқа
діни қызметкерлердің кеңесін басшылыққа алып отырады. Шариат жолын, Құран
аяттарын, хадистерді әкімшілік қызметкерлері өздері де жетік біледі. Ол -
мемлекет бөлек, дін бөлек дегеннен аулақ деген сөз. Әкімшілік
қызметкерлерді қадағалауға алып, олардың өзінше шариат жолын, адам құқығын
бұзуға жол бермейді, оларды бір түп - түзу арнаға салады деген сөз. Әр
деңгейде әр қилы қалыптасқан тәртіп болады. Дегенмен ешкім ешқашан түрік
сұлтанына, Иран шахына өзінің қол астындағы қандай да деңгейде болмасын,
оның істеген қылмысына жаза берсе, оны ешкім тоқтатуға, ара түсуге қақысы
жоқ. Ал, қаншалықты әкімшілік деңгейі төмендеген сайьш олар діни орындармен
көбірек байланыста болып, олармен кеңесіп отырады. Міне, бұл әкімшілік
орындардағы шенеуніктерді заңсыздыққа жібермейді.
Бұл екеуінің, яғни діннің және зайырдың бірігуі діннің өктемдік
танытып, діни мәдениеттің нығаюына себепкер болды. Дін шынайы орнын алды.
Алла Тағала адамға жанмен қоса дін салады екен. Алдымен дін, кейін барып
қызмет пен тұрмыс. Осы екеуін ауыстырмай орын - орнына қалыптастырған
жағдайға ғана адам шынайы болмыстық тұрмыс етеді. Мұны түсіне алмаған әкім
қол астындағыларға, жай пенделерге қиянат жасап, оларға өз өктемдігін
діннен жоғары қойып, өз қызмет әрекетін Құран мен Сунна қағидаларымен,
шариатпен келіспей істесе, әлемдік байланысқа қарсы болғандық болып
есептеліп, Алла алдында жауап беретіні белгілі еді. Сондықтан шенеуніктер
бірінші жауапкершілік Алла алдында деп білді. Міне, бұл Ислам дінінің таза
дін екендігін білдірді, оның халықтар арасына тез тарауына мүмкіндік
туғызды.
Келесі, діннің тез тарауына себепкер болған Исламның қасиеті, оның
халықтарды сабырлылыққа шақырып, барлық іс, яғни жақсылық та, жамандық та
Алладан дегенге сендіре білуінде еді. Адам бұл жағдайда өзінің неше түрлі
қызығушылық (зинақорлық, әуесқойлық, құмарпаздық) және нәпсісін қадағалай
біледі, оның тұрмыс қасиетінде рухани күш алдыңғы кезекке шығады да, шынайы
тұрмысқа алып келеді. Бұл, әсіресе, суфизм, сунниттер оқуында үлкен
нәтижеге жетті. Крестшілермен соғыста болсын, өз мемлекетінде дінге қарсы
бас көтергендерге, өз идеясын қатты ұстаған, өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат тарихындағы исламның орны
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Ислам дінінің таралуы
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Исламның ұлттар дәстүрлерімен қатынасы
Пәндер