Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I бөлім. Каспий қайраңын игеру; проблемалар және олардың шешілу жолдары

1.1 Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдерге физико . географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Каспий аймағының әлемдік отын . энергетика кешеніндегі орны және теңіз энергоресурстарының ғаламдық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

1.3 Каспий аймағының көмірсутекті ресурстар қоры және аймақтың геосаяси жағдайына мұнайгаз факторының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

1.4 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және акваторийін бөлу проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

1.5 Каспий аймағындағы мұнай . газ қорларын игеру
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35



ІІ бөлім. Каспий мұнайын әлемдік нарыққа тасымалдау жобаларын экономикалық тұрғыдан бағалау және теңіздің геоэкологиялық жағдайы

2.2 Каспий аймағының мұнай . газ өнімдерін тасымалдау мәселелері және транспорттық инфрақұрылымының даму мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... .49

2.3 Көмірсутекті ресурстарды тасымалдаудағы негізгі бағыттар ... ... ... ...54

3.1 Каспий аймағының геоэкологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... . 62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80
Зерттеудің көкейкестілігі: Мұнай өндіру және тасымалдау проблемасында қазіргі заманның бірнеше ғаламдық проблемалары көрініс береді. Геосаяси, энергетикалық және экологиялық проблемалар күн өткен сайын әрбір халықтың өміріне және бүкіл халықаралық қатынастардың даму жүйесіне өзіндік ықпалын тигізуде. Осы аталған жағдайлар маңызды мұнайлы аймақтарда географиялық тұрғыдан зерттеулер жүргізуді қажет етіп отыр.
Мұнай өнеркәсібі саласының жалпы шаруашылық жүйесіндегі орнын сипаттау үшін оның әлеуметтік сфераға ықпалын ескерген жөн. Халықтың тұрмыстық және мәдени өмірінің сапалық көрсеткіштерінің көбі мұнайгаз өнеркәсібінің өнімдерін қолдану деңгейіне тығыз байланысты. Сонымен қатар мұнайдың газбен басқа да ресурстардың орасан қоры арқасында оған ие болып отырған ел де дамиды. Дегенмен де шикізат шикізат саласы есебінен ғана көтерілген экономика түбінде тығырыққа тірелетіндігін әлемдік тәжірбие дәлелдеп отыр.
Мұнайгаз өнеркәсібінің жоғары деңгейдегі маңызы және бұл салаға инвестиция құйылу мүмкіндігіне нық сеніммен қарауға және оның болашақта дами түсетініне болжау жасау бірнеше факторлармен айқындалады. Атап айтқанда, экономиканың перспективалы салалары мен секторларының қарқынды және тиімді дамуының шикізаттық негізін жасау, адамзаттың еңбек ету және мәдени тұрмыстық жағдайларын жақсарта беру, дүниежүзілік мұнай бағасы, оның тұрақсыздығы мен алдын – ала айтуға келмеуі, шетел компанияларының нашар дамыған инфрақұрылымды аудандарға қызығушылық танытуы. Тағы бір жайт, баламалы мұнай өндіруші аймақтардағы ресурстарды игеру.
Қазіргі кезде де, болашақта да мұнай мен газ адамзаттың энергияға қажеттілігінің негізгі бөлігінің басты көздері болып табылады. Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуі, сәйкесінше олардың тасымалдануы, өңдеудің, барлау мен эксплутациялық бұрғылау көлемінің өсімі, технологияда жаңа физико – химиялық тәсілдерді кеңінен қолдану температура, қысым, жылдамдықтың жоғарылығы, мұнайгаз өндірісінің экологиялық қаупін, олардың ауа, су, жер. өсімдік, жануарлар әлемі мен адамға мүмкін болар нақты әсерін жоғарылатады.
Дәстүрлі дүниежүзілік мұнай өндіруші салалардың біртіндеп тозуы мен өнім өндірудің іс жүзіндегі көбеюімен бірге қорларының сарқылу үрдісі қосарласып жүруде. Осы жағдайда Азия мен Еуропа қиылысындағы жаңа орталық – Каспий аймағының маңызы артты.
Каспий мұнайгаз өндіруші аймағы көмірсутекті шикізат қоры жөнінен Солтүстік теңізбен бара – бар әлемдік нарыққа мұнай мен газ жеткізетін жаңа аймақ. Мұнай мен газ өндіру күннен – күнге қарқынды өсуіне байланысты бүгінгі таңда бұл аталған аймақ әлемнің назарын аударып отыр.
Каспий теңізі аймағында орналасқан елдердің табиғи ресурстары мен қазба байлықтарының алуан түрлілігіне қарамастан, мұнай – газ өнеркәсібі бұл мемлекеттердің экономикасының тұрақты дамуында маңызды орын алады. Басқа индустрия салаларының даму ағымына қарамастан, Каспий аймағы елдерінде мұнай – газ секторы инвестиция тарту жөнінен де басым бағытқа ие болып отыр.
Осындай жайттарды ескерсек, Каспий аймағы мұнай – газ өндірісінің даму барысында туындап отырған проблемаларды экономикалық – географиялық тұрғыдан зерттеудің өзектілігі айқын көрінеді
1. Айтмуханбетова Г. – Каспийский регион в мировой политико – экономической системе. Саясат – Policy, №2, 2006 с.57
2. Акимов А. – Транскаспийский проект. http // www.caspinfo. ru 2000
3. Алаев Э. – Социальная – экономическая география. Понятийно – терминологический словарь. Москва, «Мысль» - 1983
4. Александров В. – Нефть из Тенгиза. Проект ХХІ века. Международная жизнь. 2001. №7. С. 92
5. Алекперли Э. – Экономико – географические особенности развития нефтяной промышленности Исламской Республики Иран. Афтореф. Баку – 2006
6. Алисов Н. – О соотношений производственных и непроизводительных вопросов в экономико – географических исследованиях производительных сил. // История и методология естественных наук. Москва, издательство МГУ, 1987
7.Алисов Н. – Об основной проблематике экономико – географических исследований в промышленности; - Проблемы географии промышленности. Москва, 1975
8. Анализ нефтегазовых проектов РК. – Саясат. № 12. 2005.
9. Анучин В. – Теоретические основы географии. Москва, «Мысль», 1972
10. Ахметова Г. и др. – Проблемы обеспечения экономической безопасности стран Центральной Азий и Каспийского региона. Analytic. №3. 2006.
11. Ашимбаев М. – Безопасность Казахстана на современном этапе. Алматы, КИСИ, 2002
12. Бейсенова Ә., Самақова А., Шілдебаев Ж. – Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, «Ғылым», 2004
13. Баймұратов О. – Прикаспийские проблемы освоения. Казахстанская правда. 20 марта, 1998
14. Вашанов М., Михайлов М. – ТЭК Россий и стран Центральной Азий www. Caspianenviron. org.ment / index 14. 02. 2005
15. Газета СНГ. Ru 31. 02. 2003
16. Диаров М. – Мұнайлы аймақ мұнартып тұр. Атамекен газеті. 6. 09. 2000
17. Егемен Қазақстан. 30 сәуір, 1996
18. Егемен Қазақстан. 13 ақпан, 2003
19. Жулинский М. – Каспийский регион: нефтегазовые проблемы. География в школе. 04. 2006 с.18
20. Жұмабаева Ж., Егізбаев Б. – Каспий аймағындағы геосаяси мүдделердің тоғысуы және оның Қазақстанның болашағы үшін әсері.
21. Жумагулов Р. – Экономические предпосылки увеличения потоков нефти по транспортным системам. Вестник Национальной инженерной академии РК. №4 (22). 2006
22. Зачем приезжал И. Алиев? – Континент. 17 – 30 марта, 2004
23. Иконников А. – Китайский маршрут и не только 8 – 21 октябрь, 2003
24. Илина Л. – География и ресурсоведение // методологические вопросы региональной географии. Иркутск, 1977
25. Исингарин Н. – Тенденций и перспективы развития интеграционных процессов на террриторий СНГ. Транзитная экономика. №2. 1998
26. Казахстанская правда. 18 мая, 2004
27. Казахстанско – Китайское энергетическое сотрудничество. – Analytic. №4. 2006.
28.Карагианнис Э., Сулейменов У. – Споры по правовому положению Каспия: Позиция Казахстана. Казахстан и современный мир. 2 (9) 2004
29. Карибджанов Е. – Мировой нефтяной бизнес в условиях глобализаций. Дисс. Алматы, 2005
30. Карсаков И. – Западные оценки нефтегазовой стратегий Прикаспийских государств. Analytic. №2. 2006.
31. Касенов У. – Каспийское море; правовой статус, нефть и международная безопасность. Алматы, КИСИ, 1998
32. Курганбаева Г. и др. – Нефть в Каспийском регионе; Проблемы, мировые тенденций и перспективы. Analytic. №1. 2002
33. Колосавский Н. – Теория экономического районирование. Москва, 1969
34. ҚҰЭ ( І, ІІІ, ІҮ томдар)
35. Мамедов Р. – Нефтяная дипломатия Баку. Междунароодная жизнь. №5. 2002.
36. Мансұров Т. – Қазақстан – Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде. 1991 – 2001. Алматы, «Қазақстан» 2006
37. Международная конференция «Каспий – правовые проблемы». Международная жизнь. №6. 2002.
38. Мирзоев С. – Братская помощь Азербайжана в развитие нефтеной промышленности Туркменстана (1946 – 1965). Баку, 1981
39. Мырзагелді К. – Каспийдің экологиялық жүйесін сақтау проблемалары. Дүние. №6. 2005
40. Надиров Н. – Нефть и газ Казахстана в 2 – х частях. Алматы, «Ғылым», 1995
41. Назарбаев Н. – Сындарлы он жыл. Алматы, 2003
42. Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений (под. ред. М. С. Ашимбаева) Алматы, КИСИ, 2002
43. Нефть и Капитал №6, 2004
44. Нефть и Капитал 10. 2004
45. Ноғаев Ы. – Каспий теңізінің экологиясы – біздің баға жетпес байлығымыз. Атамекен газеті. 24 мамыр, 2006
46. Пірназар С. – Каспий теңізі: қазақстандық сектордың өндірітік әлеуеті. Егеменді Қазақстан, 1 мамыр, 2002
47. Радионов С. – Современные изменения климата Каспийского моря. Москва, 1989
48. Россия считает нефтепровод Баку – Тибилиси – Джейхан политическим проектом. http // www. centrAsia. Ru / news 14. 04. 2002
49. Сейдін Н. – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің анықталу барысы және ондағы мемлекеттік шекара мәселесі. Қоғам және Дәуір. №3. 2006
50. Сейфуллина Т. – Экономико – географические проблемы развития нефтегазового комплекса Казахстана в условиях вхождения республики в мировую экономику. Дисс. Алматы, 1999
51. Смирнов С. – Топливо – энергетический комплекс Казахстана; Состояние, проблемы, решения. Казахстан Спектр. №4. 2001.
52. Сыроежкин К. – Роль Казахстана в Каспийском регионе. Саясат. №6. 2001.
53. Тоқаев Қ. – Қазақстан республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002
54. Төлепберген М. - Әлем картасныдағы Қарашығанақ. Егемен Қазақстан. 23 қазан, 2004
55. Федоров Е. – Экологический кризис и социальный прогресс. Ленинград, 1977
56. Формирование энергетического рынка стран Центральной Азии; проблемы и перспективы. Казахстан Спектр. №2. 2004.
57. www. Caspianenviron. Org.
58. www.centrAsia. Ru
59. www. CPC. Ru
60. www. Caspinfo. Ru.
61. www. KISI. kz
62. www. Stat. kz
63. www. Transcaspian. ru

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

магистратура

6N 0609 - География

География ғылым магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін даярланған

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары

Орындаушы: ____________ ІІ курс магистранты Өмірова Н.

Ғылыми жетекшісі: ____________ п. ғ. к., доцент Қасенов С. Қ.

Нормалық тексеруші: ____________ Ниетжанова Г. Е.

Магистрлік диссертация кафедра
мәжілісінде талқыланып,
қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: п. ғ. к., доцент Қасенов С. Қ.
География кафедрасы, ____________, күні ___ __________2008ж

Алматы, 2008
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------3

I бөлім. Каспий қайраңын игеру; проблемалар және олардың шешілу жолдары

1.1 Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдерге физико – географиялық
сипаттама-------------------------- ----------------------------------- ------
-----------------6

1.2 Каспий аймағының әлемдік отын – энергетика кешеніндегі орны және теңіз
энергоресурстарының ғаламдық маңызы----------------------------- --------13

1.3 Каспий аймағының көмірсутекті ресурстар қоры және аймақтың геосаяси
жағдайына мұнайгаз факторының әсері------------------------------ -----------
-----19

1.4 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және акваторийін бөлу проблемалары--
----------------------------------- ----------------------------------- ------
26

1.5 Каспий аймағындағы мұнай – газ қорларын игеру
проблемалары----------------------- ----------------------------------- -----
--------------35

ІІ бөлім. Каспий мұнайын әлемдік нарыққа тасымалдау жобаларын экономикалық
тұрғыдан бағалау және теңіздің геоэкологиялық жағдайы

2.2 Каспий аймағының мұнай – газ өнімдерін тасымалдау мәселелері және
транспорттық инфрақұрылымының даму мүмкіндіктері---------------------- ---49

2.3 Көмірсутекті ресурстарды тасымалдаудағы негізгі бағыттар---------------
54

3.1 Каспий аймағының геоэкологиялық жағдайы---------------------------- -----
62

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
------------ 71

Әдебиеттер------------------------- ----------------------------------- ------
----------------77

Қосымшалар------------------------- ----------------------------------- ------
--------------80

Зерттеудің көкейкестілігі: Мұнай өндіру және тасымалдау проблемасында
қазіргі заманның бірнеше ғаламдық проблемалары көрініс береді. Геосаяси,
энергетикалық және экологиялық проблемалар күн өткен сайын әрбір халықтың
өміріне және бүкіл халықаралық қатынастардың даму жүйесіне өзіндік ықпалын
тигізуде. Осы аталған жағдайлар маңызды мұнайлы аймақтарда географиялық
тұрғыдан зерттеулер жүргізуді қажет етіп отыр.
Мұнай өнеркәсібі саласының жалпы шаруашылық жүйесіндегі орнын
сипаттау үшін оның әлеуметтік сфераға ықпалын ескерген жөн. Халықтың
тұрмыстық және мәдени өмірінің сапалық көрсеткіштерінің көбі мұнайгаз
өнеркәсібінің өнімдерін қолдану деңгейіне тығыз байланысты. Сонымен қатар
мұнайдың газбен басқа да ресурстардың орасан қоры арқасында оған ие болып
отырған ел де дамиды. Дегенмен де шикізат шикізат саласы есебінен ғана
көтерілген экономика түбінде тығырыққа тірелетіндігін әлемдік тәжірбие
дәлелдеп отыр.
Мұнайгаз өнеркәсібінің жоғары деңгейдегі маңызы және бұл салаға
инвестиция құйылу мүмкіндігіне нық сеніммен қарауға және оның болашақта
дами түсетініне болжау жасау бірнеше факторлармен айқындалады. Атап
айтқанда, экономиканың перспективалы салалары мен секторларының қарқынды
және тиімді дамуының шикізаттық негізін жасау, адамзаттың еңбек ету және
мәдени тұрмыстық жағдайларын жақсарта беру, дүниежүзілік мұнай бағасы, оның
тұрақсыздығы мен алдын – ала айтуға келмеуі, шетел компанияларының нашар
дамыған инфрақұрылымды аудандарға қызығушылық танытуы. Тағы бір жайт,
баламалы мұнай өндіруші аймақтардағы ресурстарды игеру.
Қазіргі кезде де, болашақта да мұнай мен газ адамзаттың энергияға
қажеттілігінің негізгі бөлігінің басты көздері болып табылады. Мұнай мен
газ өндіру көлемінің өсуі, сәйкесінше олардың тасымалдануы, өңдеудің,
барлау мен эксплутациялық бұрғылау көлемінің өсімі, технологияда жаңа
физико – химиялық тәсілдерді кеңінен қолдану температура, қысым,
жылдамдықтың жоғарылығы, мұнайгаз өндірісінің экологиялық қаупін, олардың
ауа, су, жер. өсімдік, жануарлар әлемі мен адамға мүмкін болар нақты әсерін
жоғарылатады.
Дәстүрлі дүниежүзілік мұнай өндіруші салалардың біртіндеп тозуы мен
өнім өндірудің іс жүзіндегі көбеюімен бірге қорларының сарқылу үрдісі
қосарласып жүруде. Осы жағдайда Азия мен Еуропа қиылысындағы жаңа орталық –
Каспий аймағының маңызы артты.
Каспий мұнайгаз өндіруші аймағы көмірсутекті шикізат қоры жөнінен
Солтүстік теңізбен бара – бар әлемдік нарыққа мұнай мен газ жеткізетін жаңа
аймақ. Мұнай мен газ өндіру күннен – күнге қарқынды өсуіне байланысты
бүгінгі таңда бұл аталған аймақ әлемнің назарын аударып отыр.
Каспий теңізі аймағында орналасқан елдердің табиғи ресурстары мен
қазба байлықтарының алуан түрлілігіне қарамастан, мұнай – газ өнеркәсібі
бұл мемлекеттердің экономикасының тұрақты дамуында маңызды орын алады.
Басқа индустрия салаларының даму ағымына қарамастан, Каспий аймағы
елдерінде мұнай – газ секторы инвестиция тарту жөнінен де басым бағытқа ие
болып отыр.
Осындай жайттарды ескерсек, Каспий аймағы мұнай – газ өндірісінің
даму барысында туындап отырған проблемаларды экономикалық – географиялық
тұрғыдан зерттеудің өзектілігі айқын көрінеді

Зерттеудің мақсаты: Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттерге
сипаттама беріп, аймақтағы мұнай – газ проблемаларына экономикалық –
географиялық тұрғыдан кешенді зерттеу жүргізу.

Зерттеудің міндеттері: Каспий аймағы мұнай – газ өндірісінің
аумақтық және салалық құрылымының ерекшеліктерін зерттеу бағытынан қоса,
төмендегідей нақты міндеттер қойылып отыр;

_ Каспий мұнай мен газ қорының дүниежүзілік нарықта бағалануы мен теңіз
энергоресурстарының ғаламдық маңызын айқындау;

_ Аймақтың жалпы мұнай – газ қорын анықтау;

_ Аймақтың жекелеген мемлекеттерінің ірі кен орындарына сипаттама беру;

_ Көмірсутекті шикізат қорларының игерілу проблемаларын сипаттау;

_ Каспий аймағының саяси – экономикалық жағдайына мұнай – газ факторының
әсері;

_ Каспий аймағының мұнай – газ өнеркәсібінің транспорттық инфрақұрылымының
даму мүмкіндіктерін анықтау;

Зерттеу объектісі: Каспий теңізі және онымен шектесетін мемлекеттер.

Магистрлік диссертацияның теориялық және методологиялық негізі:
Жұмыстың жазылу барысында танымал географ, экономист ғалымдардың
еңбектерінде баяндалған мұнайгаз саласын дамыту мәселелері жөніндегі
пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенді.
Атап айтқанда, өнеркәсіп географиясының жалпы проблемаларына арналған Н.В.
Алисовтың, А.Т. Хрущевтың, Э.Б. Алаевтың, А.Т. Надировтың, Л.Н. Илинаның
т.б., мұнай өнеркәсібі проблемалары бойынша Н.К. Надировтың, С.Г. Агаевтың,
т.б. ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысына сонымен қатар,
аталған саланы дамыту мен оны басқару мәселелеріне қатысты анықтамалық
мәліметтер тартылды.
Каспий қайраңындағы мұнай өндіру мен тасымалдау мәселелері қазіргі
таңда жиі қарастырылып және талқыланып жүрген келелі проблемалардың бірі
болғандықтан зерттеу жұмысында мерзімді баспасөз құралдарының (Саясат –
Policy, Analityc, Казахстан Спектр, Егемен Қазақстан, т.б.) материалдары
және интернет желісіндегі ақпараттар кеңінен қолданылды.
Жұмыста сандық сандық көрсеткіштер көзі ретінде Қазақстан
Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің мұнайгаз саласын басқару
органдарының мәліметтері және т. б. есептік ақпараттар пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Каспий теңізі
аймағы мемлекеттеріне экономикалық тұрғыдан сипаттама беріліп, ірі мұнай –
газ кешендерінің қорына баға берілді. Статистикалық мәліметтер негізінде
болашақта аймақтан мұнай – газ өндіру көлеміне болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін Каспий
теңізі аймағы елдерінің әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешуге, мұнай
– газ өнімдерін тасымалдаудың тиімді мүмкіндіктерін қарастыруға қолдануға
болады.

Зерттеу жұмысының жалпы бағыттарына сәйкес, салыстырмалы –
географиялық, тарихи, картографиялық, статистикалық зерттеу әдістері
қолданылады.

Магистрлік диссертация - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыста 4
сурет, 17 кесте келтірілген. Жұмыстың жалпы көлемі 82 бетті құрайды.
Әдебиеттер тізімі 63 .

1.1 Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдерге физико – географиялық
сипаттама

Ресей
Жалпы мағлұматтар
Ресми атауы – Ресей Федерациясы. Шығыс Еуропа мен Азияның
солтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 17,075 млн. км2 . Халқы 147
млн. (2001). Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Ресми тілі – орыс тілі.
Негізінен кең тараған діндер – христиан дінінің православие тармағы және
ислам. Астанасы – Мәскеу (Москва, 10,2 млн.) Ірі қалалары: Санкт –
Петербург (4,7 млн.), Новосибирск (1,4 млн.), Нижний Новгород (1,3 млн.),
Екатеринбург (1,2 млн.), Самара (1,15 млн.), Омбы (1,13 млн.), Қазан (1,1
млн.), Дондағы Ростов (1,07 млн.), Уфа (1,02 млн.), Пермь (1 млн.) т.б.
Мемлекет басшысы – президент. Президент Қарулы күштердің Бас
қолбасшысы болып табылады. 1993 ж. қабылданған Конституция бойынша заң
шығарушы органы – Федерация кеңесі мен Мемлекеттік думадан тұратын қос
палаталы Федералдық жиналыс. Федерация кеңесіне федерацияның әрбір
субъектісінен 2 өкілден кіреді. Мемлекеттік дума 450 депутаттан тұрады.
Оның жартысы мажоритарлы сайлау жүйе негізінде бір мандатты округтардан, ал
екінші жартысы пропорцианалды өкілдік жүйесі негізінде партиялық тізім
бойынша 4 жылға сайланады. Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады. Үкімет
төрағасын Мемлекеттік думаның келісімімен президент тағайындайды.
Федерациялық құрылымдағы Ресейде 89 субъекті 21 республика, 6 өлке, 49
облыс, федералды мәртебеге ие 2 қала, 1 автономиялық облыс, 10 автономиялық
округ бар. Ақша бірлігі – рубль.

Географиясы.
Ресей аумағы солтүстіктен оңтүстікке 2,5 – 4 мың шақырымға, батыстан
шығысқа қарай 9 мың шақырымға созылған. Шекара ұзындығы 60 932 шақырым,оның
ішінде судағы – 38 807 шақырым, құрлықта – 22 125 шақырымды құрайды.
Теңіздік шекаралар Арктиканың ресейлік секторын белгілеп (солт. полюстен
Колыма түбегіне және Дежнев мүйісіне дейін), Ресейді АҚШ (Беринг бұғазы
арқылы) және Жапониядан (Лаперуз және Кушинар бұғаздары арқылы Сахалин,
Куриль аралдары және Хоккайдо аралынан) бөліп тұрады. Азиялық бөлігінде
Ресей Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Монғолиямен, Қазақстанмен,
Әзербайжанмен және Грузиямен шектеседі. Еуропалық бөлігінде – Украинамен,
Белоруссиямен, Латвиямен, Эстониямен, Финляндиямен шекараласады. Ресейдің
бір бөлігі – Калининград облысы – Литвамен және Польшамен шекара
түйістіреді. Ең ұзақ шекара – Қазақстанмен (7599 км.), ең қысқасы – Солт.
Кореямен (39 км.) Аумағының
70% - ға жуығы жазық. Батысында аласа (биіктігі 250 – 400 м ) қыратты
(Валдай, Орта Орыс, Еділ бойы) және ойпатты (Ока – Дон, Каспий маңы, т.б.)
Шығыс Еуропа жазығы орта бөлігінде Орал таулары (ең биік жері 1895 м), оның
шығысында Батыс Сібір жазықтары бар. Енисей мен Лена өзендерінің
аралығындағы Орта Сібір үстірті өзінің шығыс жағында Орталық Якут жазығымен
жалғасады. Ресейдің таулық өңірі шығыс және оңтүстік бөлігіндегі жоталардан
құралады. Бұларға Ресейдің еуразиялық бөлігіндегі Үлкен Кавказдың солтүстік
беткей жоталары (ең биік жері – Эльбурс т. 5642 м.), Сібірдің
оңтүстігіндегі Алтай (4506 м), Кузнецк Алатауы, Батыс Саян, Шығыс Саян,
Тува таулары, Байкал маңы, Байкал сырты, Станавой жоталары, Солтүстік –
Шығыс Сібірдегі Жоғарғы Яна, Черский жоталары, Колыма таулы қыраты және
Қиыр Шығыстағы Чукот, Коряк таулы қыраттары, Джугджур, Бурейн, Сихотэ –
Алинь жоталары Камчатка және Куриль таулары жатады. Геологиялық құрылымы
жөнінде Ресей жері Шығыс Еуропа платформасының көпшілік бөлігін, Сібір
платформасын түгел, Орал, Батыс Сібір жазығы, Оңтүстік Сібір, Жоғарғы Яна –
Чукот аймағы, Коряк таулы қыраты, Камчатка, Куриль аралдары, Приморье және
Сахалин қатпарлы аймақтарын қамтиды.
Ресей аумағы негізінен қоңыржай белдеуде; Солтүстік Мұзды мұхит
аралдары мен материктің қиыр солтүстік аудандары арктикалық және
субарктикалық, Кавказдың Қара теңіз жағалауының біраз жері субтропиктік
белдеулерге жатады. Климаты континенттік; әсіресе Шығыс Сібірде қаңтардың
орташа температурасы 0 – 50 С (Еуропа бөлігінің батыс жағында, Кавказ
алдында) және 40, - 500С (Саха Республикасының шығысында). Шілдеде 10С
(Сібірдің солтүстік жағалауы) және 250С (Каспий маңы ойпаты). Атмосфера
жауын – шашын жағдайы батыстан енетін Атлант мұхиттық және шығыстан енетін
Тынық мұхиттық ауа массаларына тығыз байланысты. Жылдық жауын – шашын
мөлшерінің ең көп жері Кавказ және Алтай таулары (1500 – 2000 мм), ең аз
жері Каспий маңы ойпаты (120 – 150 мм.). Қар жамылғысы оңтүстік жағында 60
– 80, қиыр солтүстігінде 260 – 280 күндей сақталады. Ең қалың қар жамылғысы
(70 – 10 м) Батыс Сібір мен Камчаткада байқалады.
Ресейде ұзындығы 10 шақырымнан асатын 120 мың өзен бар. Жер беті ағын
сулары Солтүстік мұзды мұхит (Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Лена,
Индигирка, Колыма, т.б.), Тынық мұхиты (Амур, Анадырь, Пенжина, т.б.),
Атлант мұхиты (Дон, Кубань, Нева) алаптарына жатады. Ішкі тұйық алап айдыны
– Каспий теңізіне Еділ өзені құяды. Ірі көлдері – Каспий, Байкал, Ладога,
Онега, Таймыр көлдері. Топырақ және өсімдік жамылғысы солтүстіктен
оңтүстікке қарай ауысып отыратын табиғи зоналар бойынша тараған. Солтүстік
Мұзды мұхиттың аралдарында және материктік жағалауында арктикалық шөл
зонасы (топырағы күлгін, өсімдіктерден мүк, қына, т.б. өседі), бұдан
оңтүстікте тундра (топырағы күлгін, мүк, қына аралас бұта өсімдіктер) және
орманды тундра (қайың, шырша аралас тоғай) зоналары қалыптасқан. Ресей
аумағының жартысынан астамы орманды зона шегінде орналасқан. Мұндағы
күлгін, шым күлгін топырақ қабатында шалғындық шөптің көптеген түрі, шырша,
май қарағай, самырсын, қарағай, бал қарағай, қайың, көк терек, емен
ағаштары аралас орман өседі. Бұл зона өзінің оңтүстігінде орманды дала
өңіріне жалғасады. Сұр, қара, топырақты орманды далада негізінен шөптесін
өсімдіктер өседі; емен, қайың, көк терек шоқ ормандары да кездеседі. Дала
зонасы құнарлы қара және қара қоңыр топырақты. Оңтүстік жағында Ресей жері
шөлейт зонаны қамтиды. Таулы аймақтарының топырақ және өсімдік жамылғысы
алуан түрлі. Биіктік белдеулер әсіресе Кавказ жоталарында жақсы байқалады.
Мұндағы 600 – 800 м – ге дейінгі қара топырақты еменді және одан жоғары
қылқан жапырақты орманға ұласады. 2000 – 2200 м биіктіктен жоғары жатқан
таулық – шалғынды топырақты беткейлерді субальпілік және альпілік шалғын
басқан. Сібір мен Қиыр Шығыстың тайгалық бөлігі, Еуропа жазығының
солтүстігі орманды болып келеді.

Қазақстан
Жалпы мағлұматтар
Ресми атауы – Қазақстан Республикасы. Еуразия құрлығының орталығында
орналасқан. Жер көлемі – 2724,9 мың км2, халық саны – 14 млн. 863 мың
адам.(2002). 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі – қазақ
тілі. Астанасы – Астана қаласы.негізінен кең тараған дін – Исламның суннит
тармағы және православие.
Мемлекет басшысы – президент. Президент Қарулы Күштердің Бас
қолбасшысы болып табылады. 1995 ж. қабылданған Конституцияға сәйкес, заң
шығарушы органы – Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы парламент.
Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады. Үкімет төрағасын Парламент
келісімімен президент тағайындайды. Унитарлық құрылымдағы Қазақстан
Республикасында 14 облыс бар. Ақша бірлігі – теңге.

Географиясы
Қазақстан Республикасы 55026 және 40056 солтүстік ендік пен 45026
және 87018 батыс бойлық аралығында орналасқан. Елдің аумағы батыста Еділдің
төменгі ағысынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырымды қамтып,
солтүстігінен Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь – Шань тауларына
дейін 1700 шақырымды алып жатыр. Батысы және солтүстігінде Ресеймен (6467
км), оңтүстігінде Түрікменстанмен (380 км), Өзбекстанмен (2300 км.), Қырғыз
Республикасымен (980 км.), шығысында Қытай Халық Республикасымен (1480 км).
Шекараның жалпы ұзындығы 12 187 км (Каспий теңізін қоса алғанда).
Қазақстан аумағын елдің ландшафттық құрылымын сипаттайтын 4 климаттық
зонаға бөлінген. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Орманды дала
зонасына ылғалға бай елдің солтүстігіндегі жазықтық аудандар кіреді. Дала
зонасы солтүстіктің ауқымды аумағын қамтып жатыр. Орталық Қазақстанды
шөлейт зона алса одан оңтүстікке қарай шөл зонасы созылып жатыр. Республика
аумағының 10% - ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат,
жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік – батыс солтүстік және орталық
аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық
жер бедері тән. Оңтүстік – шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір
болып келген. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі,
Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар
баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол
республиканың оңтүстік – шығыс бөлігін қамтитын Тянь –Шань тау жүйесінде.
Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз
деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан.
Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана
Қазақстан жерінде) созылған. Жүйенің орташа биіктігі 2500 – 3500 м, биік
жері Мұзтау – 4506 м. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының
Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында.
Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңтүстік – шығыс
бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі – Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады.
Ұзындығы 450 км, ені 100 – 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт.
және Оңт. Жетісу жоталары) бөледі. Солт. Жетісу жотасының орталық бөлігінде
бүкіл тау жүйесінің ең биік жері – Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Қазақстанның
оңт – шығыс бөлігіне сонымен қатар теріскей Алатау жотасының шығыс
сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солтүстік беткейі және Кетпен
жотасы кіреді. Солтүстік Тянь – Шаньның ірі әрі биік тау жотасы – Іле
Алатауы; ұзындығы 350 км., ең биік жері – Талғар шыңы 4951 м.
Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологиялық облыс. Ең биік
жері – Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565м). Сарыарқаның оңтүстік –
батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала
үстірті орналасқан. Балқаш – Алакөл ойысы құмды шөл болып келеді.
Кең байтақ қазақстан жерінде оның географиялық орнына және жер
бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа
кез – келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық
және циркуляциялық факторлар кешені әсер етеді.
Казақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер
шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның
ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің тұрақты кепілі.
Минералды шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді: 1.
Негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық – саяси мәні бар
стратегиялық кен байлықтары. Олар: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен
орындары. 2.Қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі елдің индустриялық бет –
бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары: темір, марганец,
мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, алтын кен орындары. 3. Ішкі және сыртқы
рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары
кіреді. Кен байлықтарының барланған қоры негізінде ондаған мұнай – газ және
кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар 70 – тен аса әр түрлі
минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Әзербайжан
Жалпы мағлұматтар
Ресми атауы - Әзербайжан Республикасы. Кавказдың оңтүстік – шығысында
орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 86,6 мың км2. Халқы 7,5 млн. адам.
Астанасы – Баку қаласы. (1,1 млн. адам). Халқының 83% - ы әзербайжандар.
Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам (шиит және суннит
ағымдары) дінін ұстанады. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған
Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – тұрақты
парламент (Милли меджлис, 125 депутаттан тұрады.) Атқарушы өкіметтің
жоғарғы органы – Министрлер кабинеті, оны премьер – министр басқарады.

Географиясы
Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік – батысында Грузиямен,
оңтүстік – батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен,
шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі.
Әзербайжанның жер бедерінің 23 бөлігін Үлкен және Кіші Кавказ
таулары, Қарабах жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр.
Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Үлкен және Кіші Кавказ таулары
аралығында Кура – Аракс аллювийлі ойпаты орналасқан. Талыш тауының етегін
бойлай Ленкоран ойпаты жатыр. Үлкен Кавказ таулары, негізінен, мезозой
тақтатасынан, саздан, құмтас пен әктастардан, Кіші кавказ таулары мен Талыш
таулары кайназой эрасының жанартау тектес шөгінді жыныстарынан түзілген.
Климаты қоңыржай белдеу (Кура – Аракс ойпатында) мен субтропикалық белдеуді
(Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты
аудандарда 00С – тан 30С – қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27
0С. Жауын – шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау
беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм – ге жетеді. Ең үлкен
өзендері Кура және Аракс. Ірі көлдері – Гаджикабул және Беюкшор. Теңіз
деңгейінен 200 м – ге дейінгі топырағы сұрғылт, одан жоғары таулы – орманды
және таулы шалғынды. Ленкоран ойпатында сары топырақ тән. Ойпатта шөл,
шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты
орман басым. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, сондай – ақ алунит,
полиметалл түрлері, мыс кентасы, алтын, молибден; құрылыс материалдарынан:
мәрмәр, каолин, туф, доломит, т.б. өндіріледі.

Иран
Жалпы мағлұматтар
Ресми атауы – Иран Ислам Республикасы (Джомхурийе эсламийе Иран) (1935
жылға дейін Парсы мемлекеті) Оңтүстік – Батыс Азияда орналасқан. Аумағы
1648 мың км2. Халқының саны 66,6 млн. адам.(2002) Мемлекеттік тілі – фарсы
(парсы). Астанасы – Тегеран қаласы. (8 млн. адам.2002) Халқы негізінен
ислам (шиит және суннит) дінін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Ақша
бірлігі – Иран риалы.

Географиясы
4402 және 63020 шығыс бойлық пен 25047 солтүстік ендік арасында
орналасқан. Солтүстігін Каспий теңізі шайып жатыр (жағалау сызығының
ұзындығы 657 км.). Оңтүстігінде Парсы шығанағы орналасқан. Парсы
шығанағындағы ірі аралдар – Харг (мұнай экспорттайтын негізгі терминал),
Лаван, Сири, Кешм және Киш (еркін экономикалық аймақтар). Абу – Мұса, Үлкен
Томб және Кіші Томб БАӘ - мен даулы аймақта орналасқандықтан, бірігіп
басқарылуға берілген. Иранның шекаралары құрлықтан да судан да өтеді.
Құрлықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 6031 км, оның ішінде Ауғанстанмен 945
км. (Нахичеван автономиялық республикасымен 179 км), Иракпен 1609 км.,
Пәкістанмен 978 км., Түркиямен 486 км., Түрікменстанмен 1206 км. құрайды.
Каспий теңізі арқылы Әзербайжанмен және Түрікменстанмен қатар, Ресеймен
және Қазақстанмен, Парсы және Оман шығанақтары арқылы Ирактан өзге Кувейт,
Сауд Аравиясы, Бахрейн, Катар, БАӘ, және Оманмен шекара түйістіреді. Иран
аумағы жер бедерінің әртүрлілігімен көзге түседі. Аумақтың 90% - ға жуығы
Иран үстіртінде орналасқан. Таулар шөлдер және шөлейттермен, далалық
жерлермен алмаса орналасқан. Деште Кефир мен Деште Лут шөлдерінің көлемі
360 мың км.2.
Иранды үш жағынан да тау жүйелері қоршап жатыр. Ең биік тау жүйесі –
Эльбурс (елдің солтүстігінде), оның ұзындығы батыстан шығысқа қарай 900
шақырымға созылып жатыр, ені 30 – 129 шақырым. Биік нүктесі – Демавенд
(5604 м). Шығыста Түрікмен – Хорасан таулары (Копетдаг, Аладаг және Нишапур
таулары) және Кайен мен Пеленган аласа таулары алып жатыр. Ал оңтүстікте
Мехран және Загрос таулары орналасқан. Елде өзен торы жиі емес. Ірі
өзендері: Сефидруд, Карке, Атрек, Аракс. Өзендердің көпшілігі ағынсыз,
тұзды, суы аз болып келеді. Ең ірі көл – Урмийе, аумағы – 53 мың км3.
Намак, Хамун, Бактеган, Хорсұлтан, Паришан тұщы сулы көлдері балық өсірудің
негізгі орталықтары болып саналады. Каспий теңізінің жағалауын бойлай
Каспий маңы ойпаты созылып жатыр.
Климаты аумақтың көп бөлігінде құрғақ континентальды, Парсы және Оман
шығанақтары жағалауында тропиктік ауа қалыптасқан.
Иранның негізгі табиғат байлығы – мұнай (8 млрд.тонна, әлемдік қордың
10% - ы) және газ (23 трлн. м3 , әлемде 3 - орында). Бұлардан өзге темір
(солтүстік - батысында), марганец, мыс, хром, қорғасын – мырыш кен
орындарымен құрылыс материалдарына да біршама бай.

Түрікменстан
Жалпы мағлұматтар
Ресми атауы – Түрікменстан Республикасы. Орта Азияда орналасқан. Жер
көлемі – 491,2 мың км2, халық саны 5,3 млн адам (2001). Астанасы – Ашхабат
қаласы (0,6 млн.адам, 2002). Ақша бірлігі – манат. Халқы негізінен Ислам
дінінің суннит бағытын ұстанады. Мемлекет басшысы – президент.

Географиясы
Түрікменстан солтүстігінде Қазақстанмен, солтүстік – шығысында
Өзбекстанмен, оңтүстігінде Иранмен және Ауғанстанмен шекара түйістіреді.
Батысында Каспий теңізі орналасқан (1768 км.). Ел аумағында Қара – Боғаз -
Гол, Красноводский шығанақтары, Красноводский, Дарджа, Челекен түбектері
орналасқан.
Түрікменстан аумағының көпшілік бөлігі Тұран ойпатында орналасқан.
Жер бедерінде жазық және барханды құмды шөлдер құрайды. Елдің 80% - ын алып
жатқан Қарақұм шөлі батыстан шығысқа қарай 880 шақырымға, солтүстіктен
оңтүстікке 450 шақырым созылып жатыр. Батыста Кіші Балхан (777 м) және
Үлкен Балхан (биік нүктесі – Арлан, 1881 м), шығыста Гиссар жотасы,
оңтүстігінде Копетдаг (биік нүктесі – Ризе, 2942 м) және оңтүстік –
шығысында Парапамиз (Бадхыз, 1267 м және Карабиль, 984 м). Қиыр
оңтүстігінде Кугитанг тауы көтеріліп жатыр. Таудың биік нүктесі – Айрыбаба
(3139 м). Копетдагтан солтүстікке қарай батыста Каспий маңы ойпатымен
жалғасатын таулы жазық созылып жатыр. Капий теңізі жағасына жақын
Красноводское үстірті көзге түседі. Ал солтүстік - батыста Түрікменстан
аумағына Үстірттің оңтүстік шеті (400 – 600 м) кіреді.
Түрікменстанның түгел дерлік аумағы сумен жеткіліксіз қамтылған. Памир
тауының мұз – қарымен қоректенетін Әмудария өзенінен батысқа қарай 1000
шақырымды құрайтын Қарақұм каналы салынған (қазіргі аты - Түрікменбашы).
Оңтүстігінде Парапамиз және Копетдаг тауларынан қар – жаңбыр суларымен
аралас қоректенетін маңызы бар үш өзен – Мургаб, Тенжен, Атрек ағып өтеді.
Көлдерінің көпшілігі тұзды, олар Каспий жағалауында кездеседі. Ең ірісі –
Куули. Тұщы көлдерден Өзбой даласындағы Ясхан және Топиатан көлдерін атауға
болады. Тауларда Коу - Ата (Бахерден үңгірінде) және Хорджунли
(Кугитангтауда) секілді карст типті көлдерді кездестіруге болады.
Климаты құрғақ, континенттік, ылғал аз түскенмен де, буланушылық
жоғары. Жазы құрғақ әрі ыстық. Қысы жұмсақ, қар жұқа түседі. Жылдық орташа
жауын – шашын мөлшері Әмударияның орта ағысында 80 мм, Қарақұмда 150 мм, ал
тауалды және тауаралық жазықтарда 200 – 300 мм, таулардың өзінде 400 мм –
ден жоғары. Жазықтарға ыстық желдер мен шаңды дауылдар тән.
Түрікменстан қойнауында (Каспий қайраңын қоса алғанда) табиғи газдың
әлемдік қорының 13 бөлігі жатыр (21 -24 трлн. м3). Гаурдак аймағында калий
тұзының айтарлықтай қоры орналасқан. Ал Қара – Богаз – Гол шығанағында
табиғи тұздың мол қоры бар. Бұлардан өзге елде мұнай (жалпы қоры шамамен
6,8 – 12 млрд. тонна), мирабилит сияқты маңызды химиялық қосындылар
өндіріледі, күміс, алтын, қорғасын, мыс, мырыш кен орындары барлану
үстінде.

1.2 Каспий теңізі аймағының әлемдік отын - энергетика кешеніндегі
орны және теңіз энергоресурстарының ғаламдық маңызы

Мұнай мен оған тән қасиеттер адам баласына ерте кезден аян. Аталған
көмірсутек, миллиондаған жылдардан кейін қалдықтары мұнай мен газға
айналған ежелгі планктон мен өсімдіктерден пайда болған.
Битум – созылмалы тұтқыр зат, б.з.б. 30 ғасырларда Месопатамия
жартастарынан табылып, аталған затты әйгілі Вавилон мұнарасын қалау кезінде
құрылысқа қолданған. Ежелгі Грекияда соғыс қимылдары кезінде грек оты
құрамында мұнайдың болғандығы туралы Гомердің Илиадасынан оқуға болады.
Тарихта тұңғыш рет Пенсильваниядағы мұнай скважинасына бұрғы
салынғаннан бері (1859 ж), мұнай өнеркәсібі үлкен даму жолынан өтіп,
әлемдегі көптеген елдердің өнеркәсіптік саясатының ядросына айналды.
Әлемдік экономиканың ең тез зерттеліп,
ұшқыр игерілген салаларының бірі саналатын мұнай өнеркәсібі ХІХ ғасырдың
екінші жартысында қолға алынды. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1859
жылы бүкіл жер шары бойынша күніне 100 баррельдей қара алтын өндірілсе,
2001 жылы тәулігіне 75 млн. баррель мұнай бұрқақша атқылады. Мұнай өндірісі
көлемінің мұншалықты шамадан тыс шарықтап өсуін адамзат қоғамының
энергетикалық қорларын тұтыну қажеттілігінің күрт артуына байланысты болса,
көмірсутегі технологиялық жағынан оңай өндірілетін өнім ретінде
ерекшеленді.
Қазіргі заманда да мұнай мен газды толық алмастыратын отын түрі әзірге
табылған жоқ. Әлемде әртүрлі мақсаттарда жылына үш жарым миллиард тонна
мұнай жұмсалады екен.
Мұнай мен газ өнімдерінің көптеп тұтынылуы Сібір мен Парсы шығанағы,
т.б. дәстүрлі мұнай өндіруші елдермен қатар, басқа да жаңа мұнайлы
аймақтарға назар аударуды қажет ете бастады. Осындай әлемдегі тағы бір
мұнайлы аудан – Каспий теңізі мен оған қарайлас аймақтар.
Бүгінгі күндері мұнай өнімдеріне сұраныс мөлшерінің көп бөлігі
өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тиеді. Бірақ әлемнің қазіргі даму
тенденцияларына сүйенсек, дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы мұнай
мен газ өнімдерін тұтыну көрсеткіштерінің арасы бірте-бірте қысқарып
келеді. Бұл процес алдағы уақыттарда да жалғаса беретіні анық. Бірқатар
сарапшылардың болжауларына сүйенсек, 2020-жылдарға таяу дамушы елдердің
мұнай өнімдерін тұтыну көрсеткіштері дамыған елдермен теңеседі [1,57].Ал
бұл процес өз кезегінде мұнай мен газ өнімдеріне сұраныстың күн артқан
сайын өсуін тудырып, ғаламдық отын-энергетика жүйесін тығырыққа әкелуі
мүмкін. Геологтардың бағамдаулары бойынша, 2010 - 2037жж. жаhандық мұнай
өндірісінде дағдарыс тууы мүмкін, яғни барланған мұнай қорының жартысынан
астамы жұмсалып бітеді, ал мұнай тапшылығы бағаның серпінді өсуіне әкеледі
[30,32].
Бұл туралы Chevron компаниясының жарнамалық ролигі де ескертеді:
- бірінші триллион баррель мұнайды жұмсау үшін, бізге 125 жыл қажет болды.
Ал келесі триллионды жұмсау үшін 30 – ақ жыл керек. Сондықтанда болашаққа
тек бір жылға ғана емес, 50 жыл бұрын қарау керек!. Осылай АҚШ - тың ірі
мұнай – газ концерні энергоресурстарды үнемдеп пайдалануға үндейді.
Мұнайлы Калифорния орналасқан АҚШ қазірдің өзінде қажетті мұнай
өнімдерінің 52% - ын сырттан тасымалдайды. Ал 2020 – жылдары елдегі ішкі
сұраныстың шамамен 64% - ы басқа елдерден әкелінеді деп болжануда [1,58].
Жақын уақыттарда Солтүстік теңізден мұнай қорының азаюына байланысты,
өндіруді шектеу көзделіп отырғанын ескерсек, болашақта АҚШ – пен қатар,
ЕуроОдақ елдеріне де мұнай тасымалдайтын жаңа аймақ қажет болары айқын. Бұл
жағдайда Каспий мұнайы әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болады.

1-кесте
Әлемдегі барланған мұнай қоры (2001 – 2002 жж)

Елдер Жалпы қоры Әлемдік қордағы Кен орындарының
(млрд.баррель) үлесі ( %-бен) пайдалану мерзімі
(жылдармен)
Ресей 48,6 5 % 19
Каспий аймағы 17,0 2 % 32
Қытай 24,0 2 % 20
Парсы
шығанағы.(ОПЕК –
ке кіретін елдер )673,5 64 % 91
ОПЕК 818,8 78 % 77
Әлемдік қор 1050,0 100 % 39

Стратегические ресурсы Internationale Politik - 2003 -
№ 3 - деректері бойынша
Analytic №2. 2006 журналынан алынды

Басты мұнайлы елдердің басын қосқан ОПЕК - негізінен Солтүстік
Америка мен Азия - Тынық мұхиты аймағында жетекші роль атқарады. Аталған
ұйымнан тәуелсіз мұнай экспорттаушы елдер өзара ынтымақтасқан саясат
жүргізсе, Еуропа нарығындағы ОПЕК - тің аз үлесі одан да азая түсер еді.
Бұл ұйымның үлесі азайған жерде Каспий аймағынан келетін мұнайдың маңызы
артып қана қоймай, Еуропа елдерінің энергетикалық балансын қажетті деңгейде
қамтамасыз ете алады [42,21]. Мысалы, Еуропаға – ТМД елдерінен күніне 3,67
млн. баррель мұнай жеткізілсе, Парсы шығанағынан 3,55 млн. баррель, ал
Африка елдерінен күніне 1,96 млн. баррель мұнай Еуропа нарығына
жөнелтіледі.
Атап өтетін бір жайт, мұнай өнімдерін тұтынудың жоғарғы
көрсеткіші Каспийге салыстырмалы түрде жақын жатқан Азия-Тынық мұхиты
аймағы елдерінде көрініс беруде. Бұл ретте ең алдымен энергоресурстары
қажетті деңгейде жеткіліксіз, бірақ экономикасы қарқынды даму үстіндегі
Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония сияқты елдерді атауға болады.

2 - кесте
Елдер топтарына байланысты мұнайды тұтыну болжамының дамуы

Елдер 1995 2010 2020 1995 – 2020
жж. Орта
жылдық даму
қарқыны %
Барлығы 3324 4468 5264 1,9
Соның ішінде
өндірісі
дамыған елдер 1832 2159 2261 0,9
Олардың ішінде
АҚШ пен Канада
Еуропа елдері
Тынық мұхит 873 1025 1050 0,7
елдері 650 779 850 1,1

309 354 361 0,6
Дамушы және
өтпелі
экономикадағы
елдер
Олардың ішінде
Өтпелі
экономикадағы
елдер 1363 2135 2794 2,9
Африка елдері
ҚХР 97 145 180 2,5
Шығыс Азия 164 355 506 4,6
елдері
Оңтүстік Азия 264 471 639 3,6
елдері
Латын Америкасы99 191 277 4,2
елдері
Таяу Шығыс
елдері 981 424 520 2,5

183 218 181 1,7

[29]

Мысалы, Қытай республикасы 2010 жылға дейін мұнай мен газдан
өндірілетін электро-энергия көлемін 50% - ға дейін арттыру туралы өз
алдына статегиялық мақсат қойып отыр. Бұл елде электростанциялардың 75% -
ы көмірмен жұмыс істейтіндіктен, экологияға кері әсерін тигізуде. Қазіргі
кездегі Таяу Шығыс пен Парсы шығанағындағы орын алып отырған саяси
тұрақсыздықты ескерсек, аталған елдер үшін Каспий, Сібірмен қатар маңызды
мұнай экспорттау аймағына айналуға мүмкіндігі мол.Бұған Қазақстан мен Қытай
елдері арасындағы келіссөздер дәлел. Қазіргі кезде жылына 50 млн. тонна
мұнай жіберілетін Атырау – Кеңқияқ – Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры
салынды.
Қазіргі таңда Каспий аймағы мен оның көмірсутекті ресурстары -
әлемдік саясат пен экономикаға айтарлықтай ықпал ете алатын маңызды
геостратегиялық және геоэкономикалық факторларға айналып отыр. ХХ ғ. 90 жж.
бастап аймақтың маңызды ғаламдық мұнай өндіруші ретіндегі ролі арта
бастады.
Каспий теңізі Кеңес дәуірі кезінде – ақ (мұнай шектеулі мөлшерде
өндірілсе де) геологиялық тұрғыдан біршама жақсы зерттелген болатын.
Теңіз қойнауын игеруге технологиялық жетістіктердің жоқтығынан, кеңес
өкіметіне Каспий мұнайын өндіруден Батыс Сібір мұнайын игеру оңайға түсті.
Сол себептен де 1960 – 1980 жылдардағы КСРО экономикасының жоспарлап дамуы
кезінде Сібір мұнайы басты отын – энергетика базасы болды.
Алты блоктан тұратын теңіз қайраңында 36 кен орны, 374 геологиялық
құрылым барланған. Каспий елдерінің көмірсутекті ресурстарының жалпы қоры
167,2 - 194,1 млрд. баррель деп бағалануда. Аймақтағы мұнай қорының көп
бөлігі Қазақстан (92 млрд. баррель) мен Түрікменстанға (38 млрд. баррель)
тиесілі. Ресейдің үлесінде 7 млрд., Иранда шамамен 15,1 млрд.,
Әзербайжанның бөлігінде 32 млрд. баррель мұнай бар деп есептелінеді
[43,18].
Бірақ та аймақтың барланған энергетикалық қоры туралы бағалау мен
болжау сандары бір – бірінен үлкен айырма жасайды. Бұл айырмашылықтар ең
алдымен теңіз қайраңының толық зерттелмеуінен туып отырған болуы керек.
Мысалы, 2003 жылдың аяғына қарай, Каспий мұнайының қоры 17,2 – ден 44,1
млрд. баррелге дейін ауытқыды. Қазіргі кезде мүмкін болар мұнайдың тұтастай
қоры 186 млрд. баррель деп болжануда. Бұл көрсеткіштерден Каспийдің кен
орындарының өндірістік потенциалының жоғары екендігі көрінеді. Ал
американдықтардың ойынша, Орта Азия және Каспий көмірсутекті шикізаттарының
жалпы құны 4 трлн. доллар қаржыны құрайды. Батыс сарапшыларының пікірлері
бойынша 2010 – 2015 жж. Каспийде мұнай өндіру көрсеткіші 90 – жылдардағы
Солтүстік теңізден өндірілген мұнай мөлшерімен деңгейлес болады [1,60],
яғни болашақта Каспий аймағы әлемдік масштабтағы көмірсутекті шикізат
өндіретін аймаққа айналады деп айтуға толық негіз бар.
Каспий аймағының энергетикалық қорының 13 бөлігін табиғи газ алып
жатыр. Қазіргі кездің өзінде Қазақстан мен Түрікменстан табиғи газ қоры
жөнінен алдыңғы жиырма елдің қатарына енеді. Аймақтағы газдың қоры шамамен
236 – 237 трлн. фут3 құрайды. Бұл көрсеткіш Батыс Еуропа елдерінің газ
қорынан асып түсіп (168 – 242 трлн. фут3), бүкіл Солтүстік Америка
құрлығындағы газ қорымен салыстыруға келеді (300трлн. фут3) [32,35].
Қазіргі кезде Каспий аймағында күніне 1,9 млн. баррель мұнай
өндіріледі. 1992 жылдары күніне 927,3 мың баррель мұнай өндірілгенін
ескерсек, аталған көрсеткіш 2003 жылға дейін екі есеге өскені байқалады. Ал
2010 жж. Каспийде мұнай өндіру күніне 3,8 млн. баррелге жетеді деп
болжануда [10,36].
Әрине, Каспий аймағы жақын болашақта мұнай – газ өндіретін басты
зоналарға бәсеке құра алмайды. Әлемдік рынокта ұзақ уақытқа басты мұнай
экспорттаушы елдердің қатарында әлемдегі барланған мұнай қорының 70% - ы
орналасқан Таяу Шығыс елдері қала бермек.

3 – кесте
Әлемдегі мұнай өндіру көрсеткіштері
(күніне млн. баррелмен есептегенде)

2000ж 2020ж 2030ж
2010ж
Ресей 6,5 8,6 9,0 9,5
Каспий аймағы 1,6 4,1 4,9 5,4
Қытай 3,2 2,8 2,5 2,1
Парсы шығанағы
елдері (ОПЕК – ке
кіретін) 21,0 26,5 37,8 51,4
Жалпы әлемдік
өндіріс 75 88,8 104,0 120,0
ОПЕК – тің үлесі
(%) 38 40 48 54
Парсы
шығанағындағы
ОПЕК- елдерінің
үлесі. ( %) 28 30 36 43

халықаралық энергетикалық агенттігінің деректері бойынша
Word Energy Qutlook, 2002 - Paris, 2002 Analytiс №2. 2006
журналынан алынды.

Нақтылай айтқанда, Каспийдің энергоресурстарын негізінен теңіз
жағалауындағы елдер экономикалық проблемаларының шешілуі мен дамуының
стратегиялық мүмкіндігі ретінде қарастырады. Ал басты мұнай импорттаушы
елдер Каспий мұнайын ең алдымен алыс болашақта, әлемде көмірсутекті шикізат
тапшылығы байқалған кезде толыққанды игеруге болатын мұнайлы аудан деп
қарастырады. Бұл көзқарастың да өзіндік себептері бар. Біріншіден, қазіргі
кезде Каспий елдерінің мұнай және газ ресурстарының әлемдік нарықтағы орны
аса маңызды емес. Аймақтағы барланған мұнайдың жалпы қоры дүние жүзіндегі
мұнай қорының шамамен 3,3% - ын құрайды [19,17].
Екіншіден, тасымалдаудағы қиындықтар. Негізгі мұнай импорттайтын
орталықтардан қашықта болуы, тасымалдаудың күрделілігі әрі қымбатқа
түсуі, құбырлар жүргізу кезіндегі үшінші бір елдерге тәуелділік, Каспий
мұнайының әлемдік нарықтағы маңыздылығын арттыруға кедергілер
келтіруде.
Аталған факторларға қарамастан, алдағы уақыттарда Каспий аймағын-
дағы мұнай мен газ ресурстары өндіріс көлемінің артуына және тасымалдау
инфрақұрылымының дамуына сәйкес , әлемдегі мұнай
бағаларының конъюктурасына өзіндік ықпалын тигізіп, бірқатар мұнай өндіруші
елдермен бәсекеге түсуге толық мүмкіндігі бар. Қалай айтқанда да соңғы
уақыттардағы аймаққа деген әртүрлі көзқарастардың тууы мен әлем елдерінің
қызығушылығының күннен - күнге артуы, Каспий – аймақтық ғана емес,
ғаламдық мұнай мүдделерінің зонасы екендігін көрсетеді.

1.3 Каспий аймағының көмірсутекті ресурстар қоры және аймақтың геосаяси
жағдайына мұнай – газ факторының әсері

Мұнай жер бетіне біркелкі таралмаған. Әлемдегі нақты барланған мұнай
қоры 147,7 млрд. тонна болса, оның 23 бөлігі Орта және Таяу Шығыс елдеріне
тиесілі. Олар: Сауд Аравиясы, Ирак, Кувейт, БАӘ және Иран мемлекеттері.
Екінші орында Америка дүние бөлігі (Венесуэла, Мексика, АҚШ, Канада,
Бразилия). Бұл құрлық елдерінің үлесі 15,2% - ды құрайды. Үшінші орындағы
Африка құрлығында - 6,8%. Әлемдік қордың 5,6% - ы орналасқан бұрынғы КСРО
елдері төртінші орында (оның ішінде Ресейдің үлесі – 4,7%). Халықаралық
статистикалық агенттіктердің мәліметінше Таяу Шығыс елдерінің мұнай қоры
685,6 млрд. баррель болса, Оңтүстік және Орталық Америка елдері – 96 млрд.
баррель, Африкада – 76,7 млрд, Азияда 43,8 млрд., Еуропа елдерінде – 18,7
млрд. баррельге бағаланып отыр. Ал газдың дәлелденген қоры негізінен басты
екі аймақта, ТМД және Таяу Шығыс елдерінде шоғырланған.

4- кесте
Әлемдегі мұнай өндіретін ірі трансұлттық
компаниялар

Компания аттары Мұнай өндіру
млн.жыл.(2005)
1. Saudi Arabian Oil (Aramco) (Сауд Арабиясы) 420.57
2. National Iranian Oil Co.(NOIC) (Иран) 186,25
3. Petroleos Mexicanos (Мексика) 169,57
4. China National Petroleum Co (ҚХР) 166,86
5. Petroleum de Venezuela SA (Венесуэла) 150,71
6. Exxon Mobil (АҚШ) 133,12
7. Royal DutchShell (Нидерланды - Ұлыбритания) 115,75
8. Britsh PetroleumAmoco (Ұлыбритания) 113,53
9. Nigerian National Petroleum Corp. (Нигерия) 105,23
10. Shevron Texaco (АҚШ) 102,14
11. Kuvvait Oil Corp. (Кувейт) 92,14
12. PetroBras (Бразилия) 67,07
13. Totalfinaelf (Франция) 74,72
12. National Oil Corp. (Ливия) 71,42
14. Pertamina (Индонезия) 70,10
15. ADCO (БАӘ) 51,45
16. Мұнай және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Мемлекет басшыларының Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ келісімге келуі негізінен тез арада Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы
Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Каспийдің құқықтық статусын айқындау
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Каспий өңірінің экологиялық мәселелері
Каспий экологиясы
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Пәндер