Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Көрнекілік әдісі туралы түсінік.
1.1 Қазақ тілі сабағында көрнекіікті пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... .5

2 Техникалық құралдарды пайдалану әдісі туралы түсінік
2.1 Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдары11
2.2 Жаңа технологиялар негізінде қолданылатын техникалы құралдар ... ...17

3. Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық,педагогикалық негізі ... ... ... . 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – ұстаз екендігі баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Білім туралы» заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті «…ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген.Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мүғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде пәндерді интеграциялау, ынтымақтастық педагогикасы, мектеп өмірін демократияландыру сияқты жаңа формалар өмірге келді.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ тілін үйретуге байланысты көрнекі құралдарды кешенді қолданудың әдістемесі өз деңгейінде пайдаланылмай отыр. Атап айтсақ, мұғалімдеріміз бейнелік, аудиовизуалды, иллюстрациялы көрнекіліктерді іске асырмайды. Өйткені оны пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, оқу көрнекі құралдары, әр сынып материалына негізделген көрнекіліктер түрлі түсті бояулармен жасалынбай отыр. Осының нәтижесінде мұғалімдеріміздің сабақ көрнекіліктерін өздері қолдан жасап пайдалану "жөнінде бірсыпыра тиімді деген тәжірибелері мектептеріміздегі сабақ үрдісін жандандыруда, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда. Осы қажет тілектерді өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды.

Зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабағында көрнекіліктер мен техникалық құралдар.
Зерттеу пәні: Оқу үрдісінде қарастыру.
Зерттеу мақсаты: Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдаланудың негізін ашып көрсету.
Техникалық құралдардың пайдалану әдісінің маңызын ашу.
Зерттеу міндеті:
1. Көрнекілік әдісі ұғымын қарастыру.
2. Қазақ тілі сабағында көрнекіікті пайдалану жолдарын қарастыру.
3. Техникалық құралдарды пайдалану әдісі туралы түсінікті қарастыру.
4. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу.
5. Жаңа технологиялар негізінде қолданылатын техникалық құралдарды зерттеу.
6. Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық, педагогикалық негізін қарастыру.
Зерттеу болжамы: Оқу үрдісінде қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану сабақтың тиімді өтуіне және оқушылардың қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттырып, мұғалімге де оқушыға да септігін тигізетін айқын.
Әдебиет тізімі:
1.Құлмағамбетова Б.,Исанова А,Көккөзова М. Қазақ тілі әдістемесі.Алматы-2000ж
2.Рахметова С. Алматы-1975.
3.Оразбаева Ф.Ш,Рахметова Р.С. Қазақ тілі оқыту әдістемесі.Алматы-2005
4.Сағынқызы с.Қазақ тілі әдістемесінде мамандыққа байланысты қазақ тілін үйрету мәселесінің зерттелуі //Қазақ тілі мен әдебиет №12 ,2006
5.Әбілмажанов Д,Маманов Ы. Қазақ тілі оқыту методикасы .Алматы. 1965
6.Әбілқаев А . Қазақ тілі оқыту әдістемесі.Алматы .1995
7.Батамбаев З. Орыс мектептерінде қазақ тілі оқыту әдістемесі.Алматы.1993.
8.Жиенбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы.1941
9.Кәтенбаева Б.Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау. Алматы.1980
10. Оралбаева Н,Жақсылықова Қ Орыс тіліндегі мектептерінде қазақ тілі оқыту әдістемесі.
11. Ушинский К. Д. Таңдамалы педагогикалық -шығармалары. V том., 32 бет).
12.Каменский Я. А. Великая дидактика. Избр. пед. соч. М., 1955, с. 277)
13.Мустафина Т. Көрнекі құралдардың пайдаланудың тиімділігі.//Бастауыш мектеп. 2000 №2 б22-24
14.Дүйсенова С. Сабақта техникалық құралдарды пайдалану тиімділігі.//Қазақ тілі әдебиет.1997
15.Нұрбатырова Т.Техникалық құралдардың пайдаланудың тиімділігі.//Бастауыш мектеп. Алматы.2004
16.Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану. Алматы .1973
17.Сарыбаев Ш «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» Алматы.1976

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЬІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚҰРАЛДАР

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Көрнекілік әдісі туралы түсінік.
1. Қазақ тілі сабағында көрнекіікті пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Техникалық құралдарды пайдалану әдісі туралы түсінік
1. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдары11
2.2 Жаңа технологиялар негізінде қолданылатын техникалы
құралдар ... ...17
3. Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық,педагогикалық
негізі ... ... ... . 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9
Кіріспе
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде
тұрған келесі мәселе – сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайда білім
ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – ұстаз екендігі баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Білім туралы заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті ...ұлттық
және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген.Қазіргі кезде шығармашылықпен
жұмыс істейтін мүғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде пәндерді
интеграциялау, ынтымақтастық педагогикасы, мектеп өмірін
демократияландыру сияқты жаңа формалар өмірге келді.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ тілін үйретуге байланысты көрнекі құралдарды кешенді қолданудың
әдістемесі өз деңгейінде пайдаланылмай отыр. Атап айтсақ, мұғалімдеріміз
бейнелік, аудиовизуалды, иллюстрациялы көрнекіліктерді іске асырмайды.
Өйткені оны пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, оқу көрнекі
құралдары, әр сынып материалына негізделген көрнекіліктер түрлі түсті
бояулармен жасалынбай отыр. Осының нәтижесінде мұғалімдеріміздің сабақ
көрнекіліктерін өздері қолдан жасап пайдалану "жөнінде бірсыпыра тиімді
деген тәжірибелері мектептеріміздегі сабақ үрдісін жандандыруда, оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттыруда. Осы қажет тілектерді өтеуден
тақырыптың өзектілігі туындайды.

Зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабағында көрнекіліктер мен техникалық
құралдар.
Зерттеу пәні: Оқу үрдісінде қарастыру.
Зерттеу мақсаты: Қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдаланудың
негізін ашып көрсету.
Техникалық құралдардың пайдалану әдісінің маңызын ашу.

Зерттеу міндеті:
1. Көрнекілік әдісі ұғымын қарастыру.
2. Қазақ тілі сабағында көрнекіікті пайдалану жолдарын қарастыру.
3. Техникалық құралдарды пайдалану әдісі туралы түсінікті қарастыру.
4. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын
зерттеу.
5. Жаңа технологиялар негізінде қолданылатын техникалық құралдарды
зерттеу.
6. Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық, педагогикалық негізін
қарастыру.
Зерттеу болжамы: Оқу үрдісінде қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктер мен
техникалық құралдарды пайдалану сабақтың тиімді өтуіне және оқушылардың
қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттырып, мұғалімге де оқушыға да
септігін тигізетін айқын.

1.Көрнекілік әдісі туралы түсінік.
1.1Сабақта көрнекілікті пайдалану жолдары.

Көрнекілік әдісі –оқушылардың тілін дамыту,өткен материалды бекіту үшін
ұтымды әдістердің бірі.Оқушылардың материалды саналы түрде түсініп,есінде
берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зорекендігін айта
келіп,К.Д.Ушинский Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам
санасына тез қонады және берік те сақталады,-дейді. Көрнекілік оқушылардың
материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге,оқушылардың
ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.Сабақта қолданылатын көрнекіліктер
мынадай түрге бөлінеді: кестелер, перфокарта, карточкалар,натуралды
заттар,папье-маше макеттер,суреттер.Кесте көрнекілігі арқылы тілдік
категориялардың ұқсастығын,айырмашылығын,өзіндік ерекшелігін салыстырып
көрсетуге болады. Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктердің тағы
бір түрі –дидактикалық карточкалар неғұрлым әдемі,эстетикалық тұрғыдан әсем
жасалған болса,соғұрлым оқушыларды қызықтырып,белсенділігін
арттырады.Дидактикалық карточкаларды сабақты бекіту,қайталату мақсатында да
қолдануға болады. Мұндай карточкаларды пайдалану арқылы жеке оқушылармен
жұмыс істеуге өте ыңғайлы.Тіл сабағындағы көрнекіліктің басқа түрі суретті
пайдалану — барлық кластар үшін керек те, ұтымды әдіс. Бұл әсіресе, төменгі
кластарда жиі қолдаңылады. Өйткені жас балалардың дүние тануы, ой-өрісі,әлі
тә-жірибелік сипатта болады. Егер көрнекілкке сюжетті сурет алатын болса,
жаңа материалды, оқушылардың көру, есте, сөйлеу сияқты сезім мүшелерін
қатыстырып түсіндіргенде, оқушылар сол оқиғаға өзі тікелей қатыс-қандай
сезінеді.
Көрнекілік грамматикалық формаларды қайталап, бекіту үшін де қолайлы.
Мысалы, етістіктің нақ осы шағы мекендік мағына білдіретін сөз тіркестерін
(ауылдың маңында, қаланың ішінде т. б.), септік формаларын (мамамның
орамалы, дүкеннен келді) т. б. түсіндіріп жаттықтыру үшін қажет, өте
пайдалы. Жеке заттардың суреттерін пайдаланғанда, оларды катыстырьш сөйлем
құратыра жаттықтыру дұрыс.
Мұндай суреттер ауыспалы келер шақ формасын қайталау үшін де тиімді.
Қазіргі уақытта тәжірибелі педагогтар мен әдістемешілер қазақ тілін оқыту
барысында техникалық құралдарды, атап айтқанда, проекциялық дыбысты жазып
тын аппараттарды, диафильм, видеофилым, теледидарды пайдалану сабақты
жандандыратынын, оқушылардьң ол пәнге қызығушылығын арттыратындығын,
өздігінен ізденуі мен шығармашылық бағытта ізденістер жасауына
мүмкіншіліктер жасайтындығын дәлелдеп отыр. Техникалық құралдарды
пайдаланьш өткізілген сабақта оқушылар жалықпайды, жаңа оқу материалына
қабылдауда олардың әртүрлі сезім мүшелері (көру, есту т. б.) қатысады,
оқуға қызығушылығы артьш, түсіндірілген матеряалдарды тез қабылдауына
мүмкіндік туады. Әрине, техникалық қүралдар мүғалімнің рөлін еш уақытта да
атқара алмайды. Ол. мүғалімге тек көмекшілік қызметін ғана атқара алады,
оны бірсыпыра жұмыстардан босатады.
Көрнекі оқу құралдары кез келген әдіс (лекция, әңгіме т.б.) сабақ өткізуге
қолайлы болуға тиіс;
Әрбір стенд, планшет материалы тақырыптағы материалға көрнекі және анық
жауап беретін дәрежеде болсын;
Көрнекіліктіді тағы да бір маңызды міндеті — оқушылардың,эстетикалық
көзқарасы мен талғамын қалыптастыру.
Сабақта жаңа материалды көрнекілікпен ғана ұғындырып қоймай,сонымен
қатар оның тартымды өтуіне, қазіргі талаптар мен мүмкіндіктерге сай болуға
назар аударған дұрыс.Оқыту жүйесінде көрнекілікті пайдалану негізгі
дидактикалық принциптердің бірінен саналады.
Ян Амос Коменский көрнекілік принципінің ғылыми негізін салған адам.
Великая дидактика деген еңбегінде құр сөзбен кітап арқылы оқытуға
қарсылық біддіре отырып, былай деген еді: Нужно учить так, чтобы люди,
насколько это возможно, приобретали знания не из книг, но из неба и земли,
из дубов и буков, т.е, знали и изучали самые вещи, а не чужие только
наблюдения и свидетельства о вещах. Демек, Я.А. Коменский оқыту баланын,
сезімін оятып, айнала қоршаған дүниені бақылай алатындай болуын талап етті.
Балаларға ана тілін үйретуде көрнекіліктің алатын орны жөнінде К. Д.
Ушинский Көрнекшікке үйретуді ана тіліне үйретуден бөлу мүлде қате, егер
де балаға сөз үйретуге қиналатын болсаңыз, сыныпқа кірерде мазмұны жағынан
балаларды сөйлеуге ынталандыратындай бірнеше сурет ала кіріңіз. Олар сіздің
суретіңізді көрісімен, өздері де сөйлеп қоя береді. Сонда сіздің,
үйрететін сөздеріңіздін, олардың қалай қиыншылықсыз үйренгенін де білмей
қаласыз — дей келіп, көрнекілік бақылампаздықты, ойлауды дамытады және
балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық
қорытындылар шығаруға дағдыландырады—деген еді.
Біздің мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен адамгершілікке тәрбиелеу
міндеттерін шешу, сабақтағы мүғалім сөзін өмірмен, кернекілікпен ұштастыру
тек жақсы жабдықталған оқу кабинеттеріне байланысты екені іс жүзінде
дәлелденіп, кабинет жүйесімен оқыту оқу-тәрбие ісінің қажетті арнасына
айналды. Біз өзіміздің ұстаздық іс-тәжірибемізде кабинеттік жүйемен оқытуды
жетілдіру, көрнекіліктерді тиімді пайдалану әдістерін жақсарту
мәселелерімен шүғылданудамыз.
Қазақ тілі сабақтарында өтілетін материалдарға қажетті көрнекіліктерді
күні бұрын дайындап, олардың эстетикалық, білімдік, танымдық мән-мазмұнына
айырықша көңіл бөлінеді.Көрнекіліктерді сабақ құрылысы мен сабақ түріне
сәйкес үнемі түрлендіріп қолданады .
Қазақ тілін оқытумен байланысты мынадай көрнекіліктер пайдаланылады: затты
табиғи түрінде көрсету; графикалық (схема,таблица),көрнекілік,бейнелеу
көрнекілік (иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттер, диафильмдер,
проблеманы сұрақтар, кеспе қағаздар, т.б.).-
Осындай көрнекіліктермен қатар техникалық құралдарды пайдалану (магнит
таспасы, кодоскоп, эпидоскоп, кинофильмдердің фрагменттерін) арқылы
оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытута үнемі көңіл бөліп отырамын.
Мұғалімнің сөзіне есту және көру көрнекіліктерін қоса пайдалану аса
тиімді деп айтуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік грамматикалық ұғымдарды немесе
ережелерді ұғынуға, түсінуге жеңілдік келтіріп қана қоймайды, сөйлеу
ситуацияларын туғызуға да мүмкіншіліктер жасайды. Сабақта көрнекілік
мұғалімнің қойған мақсатына қарай қолданылады: өтілген материалдарды
қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру және бекіту, қайталау сабақтарында
пайдаланылады.
Көрнекілікті пайдалану үшін сабақтың алдына мақсаттар қойылады:
мүғалімнің жаңа сөздерді жазып керсетуі, сөздің мағынасын, оның жасалу
жолдарын, шығу төркінін естеріне мықтап сақтауға дағды беру көзделеді. Яти,
сөз сол затты естіп әрі көріп қабылдауға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.
Біз осы мақаламызда сабақта қолданылатын түрлі кернекіліктерге қысқаша
тоқталып өтуді жөн көрдік.
Қазақ тілі сабақтарында жиі қолданылатын көрнекілік — таблицалар. Таблица
белгісіз грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлемнін, құрылысын
(конструкциясын) меңгеруге өте қолайлы. Қазақ тіліндегі таблицалар өзінің
мазмұнына қарай: лексикалық, орфоэпиялық, морфология-лық, орфографиялық,
синтаксистік, пунктуациялық болып, ал қолданылуы жағынан: салыстьшмалы
түрі, формасы жағынан: статикалық, жылжымалы болып бөледі.
Осындай лексикалық таблицалар оқушылардың сөздік қорын кеңейтумен бірге,
грамматикадан, тіл дамытудан, орфографиядан түрлі жұмыстар жүргізуге
мүмкіндік жасайды.
Ал, грамматикалық таблицалар меңгеруі, жазылуы қиын сөздерді түсіндіруде
өте пайдалы. Таблица схема да қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланылады.
Әсіресе, жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты
өздігінен байқауға, салыстыруға белгілі тілдік материалдың көлемімен
таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Таблица арқылы оқушылардың есінде түбір сөздерге қандай қосымша, жалғау,
жұрнақтардын, жалғанатындығы, түбір сөздегі өзгерістерді естерінде берік
сақтауға мүмкіншіліктер болады.
Екіншіден, әрбір түбір сезден өрбитін жаңа сөздерді танып біледі.
Грамматикалық таблицаны пайдалану барысында үйретілетін ережені оқушы
саналы да берік, тиянақты меңгеруіне ыңғайлы деп айтуға болады.
Графикалық кернекілікті пайдаланудың да үлкен әсері бар. Бұл көрнекілік
арқылы белгілі орфограммаларды дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы.

Оқушыларға таныс тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап
отыру да тиімді. Схема арқылы сөз немесе сөз тіркестерін құрастыру арқылы
оқушылардың қатесін жөндеуге де болады. Кейбір грамматикалық тақырыптарды
оқытумен орай динамикалық көріністі пайдалану артық болмайды. Динамикалық
кернекілікке кинофильмдердің немесе оқу диафильмдерінің кейбір
фрагменттерін көрсету, транспаранттар, жылжымалы таблицалар — кодоскоп
арқылы көрсетіледі. Мөлдір, жылтыр пленкаға жазылған сөздерді кодоскоп
арқылы жылжытып керсету өте тиімді деп айтуға болады.

Үлестірме карточка да қазіргі заман көрнекілігіне жатады. Бұл қазіргі
бағдарлама талаптарын орындаумен қатар, оқушылардың өздігінен жұмыс
істеуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе, суретпен берілген карточкалар
Лексика,Сөз құрамын оқытумен орай пайдалану тиімді деп айтуға болады.
Суретпен берілген карточкалар сөздің мағынасын түсіндіруге ыңғайлы. Атап
айтқанда, сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық
мағыналарын түсіндіруде таптырмайтын көрнекілік деп айтуымызға болады.
Иллюстрациялық карточкалардың да маңызы зор. Бұл тыныс белгілерін
үйретумен бірге, сауатты жазуға дағды береді. Мысалы, бастауыш пен
баяндауыш арасындағы сызықша, т.б. берілген синтаксистік конструкциялар
бойынша заттың белгісін, қимылын суреттеуде өте пайдалы деп айтуға болады.
Мысалы, оқушыларға бірнеше иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,
заттың түрін, белгісін, санын, келемін білдіретін сөздерді айтқызуға
болады. Үлестірмелі материалда суреттер әртүрлі мазмұнда келуі қажет.
Мысалы, шындықты бейнелейтін, нақты материалдарды қамтитын суреттер
болуымен қатар, олар оқушыларды қызықтырып, ойландыратындай,
іздендіретіндей болуға тиіс. Яғни, оқушы бірінші нақты суретті көру арқылы
сөздің мағынасын айтса, екіншісінде керекті, қажетті сөзді іздеуге бағыт
алатындай болуы қажет. Сондықтан, әр тақырыпты оқытумен орай тақырыптық
суреттерді тандап алған дұрыс.
Иллюстрациялық материалды көп вариантга беру жаттығу материалдарын
түрлендіре отырып, оқушылардың бір алуан сөздердің мағынасын түсініп
білуіне жол ашады. Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы
қажет.

2.Техникалық құралдарды пайдалану әдісі туралы түсінік.
2.1.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдары.
Техникалық құралдар дыбыстық, проекциялық болып бөлінеді. Соңғы кезде
мектеп тәжірибесінде компьютерлік сынып, видео аппараттарын да қолданып
жүр. Дыбыстық апараттарға магнитофон, күйтабақ, лингафондық класс жатады.
Дыбыстық аппараттарды қазақ тілі сабағында пайдаланудың ерекше маңызы
бар.Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында дыбыстық
аппараттарды оқушыларға ерекше дыбыстардың айтылуын меңгерту, сөйлемдегі
сөзге дұрыс екпін қоюды үйрету үшін т. б. қолдануда тиімді.
Сабақта мұғалімге өзінің немесе маман дикторлардың,өнер қайраткерлерінің
орындауындағы текстерді, әңгімелерді, ертегілерді айтудағы ерекшеліктерді
оқушыларға тыңдату, кейбір грамматикалық ережелерді, өлең-
тақырыптарды, мақал-мәтелдерді де тыңдатып жаттықтыру жүмыстарын кеңінен
жүргізуге болады.. Әр мұғалім дыбысхана кабинеттеріндегі грамжазбаларды,
фоножазуларды ұқыптылықпен сақтап, пайдалануы қажет. Олардың мазмұны туралы
аннотация жазылады, рет саны, ұзақ немесе қысқа ойналатыны, тақырыбы,
авторы, орындаушылардьң аты-жөні т. б. мәліметтер, картотекалар болуы
қажет.
Магнитофонды сабақта пайдалану. Магнитофон —оқу процесін жетілдіре түсетін,
оқу тәрбие жұмысының сапасын арттыратын көмекші құралдардың бірі болып
есептеледі.
Магнитофонды сабақтың әр кезеңінде дұрыс пайдалану мұғалімнен аса
шеберлікті талап етеді. Мүғалім магнитофонның құрылысын жақсы білу қажет.
Оны жұмысқа қосу, жазу, жазылған сөздерді өшіру, тембрін дұрыс қалыпқа
келтіру, дауысты орта қалыпқа түсіріп, анық естірту сияқты жұмыс ережелерін
мүлтійсіз біліп, меңгеруі тиіс.
Сабақта магнитофонды мынадай мақсатта пайдалану керек: ерекше дыбыстар мен
сөздерді дүрыс айтуға үйрету, дұрыс ойлау дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу
тіліне жаттықтыру классикалық, қазіргі кездегі музыканың граммофондық
немесе магнитофондық жазуларды тыңдату.
Магнитофон қазақша ән үйретуде үлкен қызмет ат-қарады. Қазақша тақпақ
айтуға үйретуде оның магнитофонға жазылған үлгісін қолдану ұтымды.
Диафильм, диапозитивтердің мазмұнын магнитофон таспасына жазып, тыңдату да
пайдалы.
Магнитофон арқылы диктант жұмысын жүргізу. Қазак, тілі сабағында диктант
жұмысын магнитофон арқылы жүргізу мүғалімге біраз жеңілдіктер жасайды.
Магнитофон арқылы жүргізілген диктант жүмысында оқушылардың зейіні тек
магнит лентасындағы сөзге ғана аударылады да, мүғалімге қосымша сұрақ
қсйып, жазу жұмысына бөгет жасамайды. Диктант жұмысы ең алдымен терме
диктанттан басталады да, бірте-бірте бақылау диктанттарына бағытталады.
Магнитофон арқылы жүргізілген диктант жұмысы баланың қазақ сөздерін есту
қабілетін дамытумен қатар, орфографиялық қате жіберуден сақтандырады.
Себебі окушылар әр сөзді мұқият тыңдауға тырысады. Диктант тексті әр
кластын, білім деңгейіне сай алынады. Класс жоғарылаған сайын текст көлемі
де күрделене түееді. Магнитофон арқылы жүргізілген диктант жүмысы мынадай
шарт бойынша орындалады. Текст магнитофоннан тұтас бір рет мәнерлеп
оқылады. Қиын сөздер тақтада жазылып қойылады, ал балалар ілесіп мұқият
жазып отырады. Диктант жазылып болғаннан кейін, текст түгелімен тағы
қайталанып тыңдалады.
Магнитофонды тіл ұстарту жұмысында пайдалану. Тіл ұстарту жұмысында
магнитофонды қолдану үшін, алдын ала тексті магнитофон жазбасына жазып
қояды. Сосын ол текст оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы
текстің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс, немесе, осы текстің мазмұны
бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар кұруға дағдыландыруға болады.
Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету. Қазақ тілі сабағында
жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстарында мүғалім оқушыларды тексті дұрыс,
мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын үғындыру,
оны меңгерту, тыныс белгілерін қай ретпен, қалай койылғанын аңғарту, қазақ,
тілінің көркем сөз формаларын дұрыс үғынып, оны дұрыс түсіне білумен бірге,
іс жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Мәнерлеп оқуға үйретілетін
текстерді, өлең тақпақ-тарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай
пайдалану керектігін белгілеп қояды. Оқушыларды қазақша мәнерлеп оқуға
үйрету үшін, өлең, тақпақ, текстер магнитофоннан ең кем дегенде екі рет
тындатылуы керек.
Алғашында оқушылар алдарындағы текске көз жүгіртіп, онымен салыстыра тыңдап
отырады. Екінші рет текст аралық тасталып оқылады. Бұл кезде оқушылардың
тасталған аралық бойынша әрбір тармақ, әр сөздің айтылуын, оқылуын өздері
қайталап отыруына жағдай туады. Түсініксіз сөздерді балалар дәптерлеріне
жазып отырады. Бұдан соң оқушылардың өздеріне тексті оқытып, оны таспаға
жаздырып, қайта тыңдатуға болады. Әрбір оқушы өзінің қате оқыған жерлерін,
тыныс белілеріне дұрыс тоқталып оқымағандық-тарын байқай отырып, қатесін
түзете алатын болады.
Магнитофон арқылы қысқа өлен. тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлен,
жатталмас бұрын, мұғалім ондағы қиын сөздерге түсінік береді, идеясына
тоқталады. Өлеңнің мазмүнын оқушылар меңгергеннен кейін, маг-нитофоннан
тындалады. Өлең магнитофоннан аралық (интервал) тасталып оқылады. Аралық
тасталып оқылған кезде оқушылар тыңдалған өлең шумағын хормен бәрі қайталап
отырады. Осылай бірнеше рет хормен, одан кейін оқулықпен салыстыра отыра
іштей қайталайды.
Сабақта проекциялық аппараттарды пайдалану. Қазақ тілі сабақтарында
диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп,диапроектор, кодосоп сияқты құралдар арқылы
диафильм, оқу фильмдерін, диагозитивтерді, фотосуреттерді, чертеж, схема,
сурет, тілдік модельдер, кёстелерді керсетуге болады. Мектепте экрандық
суреттеу екі түрлі жолмен іске асырылып жүр бірі — динамикалық, екіншісі —
статикалық проекция. Статикалық проекция 2 түрге бөлінеді: диаскопиялық
және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафильм және диапозитивтер
көрсетіледі, ал эписгопиялық прокциялау арқылы сурет, сызбаларды түрлі
суреттер керсетіледі. Экрандық құрлдардың мына сияқты түрлері бар: Свет,
Этюд т. б.
Диаскопты сабақта пайдалану. Қазақ тілі сабақтарында диаскоп арқылы кез
келген грамматикалық тақырыпқа байланысты схема кестелерді көрсетуге
болады. Қазақ тілінін, ерекше дыбыстарынын, айтылуы мен жазылуын оқушыларға
қатар үйрету үшін диаскоп пен магнитофоды бірге қолдануға болады. Мысалы,
магнитофоннан Ә дыбысы туралы мәлімет беріледі — гласный звук, мягкий звук
встречается в первых слогах слова. Эпидиаскштан мына схема керсетіледі: ӘН,
ӘЛ, СӘН, СӘТ т. б.
Сабақа диафильдерді пайдалану. Оқу-тәрбие ісінде диафильмдерді
пайдаланудын, орасан зор тәрбиелік, танымдық маңызы бар; Диафильм сабақ
процесін ерекше жандандырьш, оқушлардын. ой-өрісін дамытып, әртүрлі сюжетті
әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге мүмкіндіктер береді. Көпшілік
жағдайда мүғалімдер диапозититер мен диафильмдерді демонстрациялау ісің тік
біле бермейді. Әсіресе, диафильмдердін. кейбір кадрларын қайталап
көрсетуге, экрандағы бейнелерді тұтстандырып, олардын. өздерін қалыптастыра
отырып түсіндіруге немесе әңгімелесуге қиналады.
Оқу-тәрбие ісінде диафильмдерді бірнешері қолданыладыОлар: ертегі, әңгіме,
очерк мазмұындағы диафильмдер. Бастауыш кластарда ертегі мазмұында қүрылған
диафильмдер жиі пайдаланылады. Ал 5—7 кластарда әңгіме, очерк мазмұында
құрылған диафильмдерді бағдарламалық материалдардың арқылы-тардың ыңғайына
қарай пайдаланылады.
Диафильмдерді 4—6 кластарда иайдалану тиімді. Оқушылар диафильімдерді керу
арқылы жаңа заттардың аттарымен танысады, сөздік қорлары молаяды. Олардың
ойын дамытып, тілін ұстартады, ойлана, сөйлей білуге жаттықтырады.
Диафильмді сабақта қалай болса, солай қолдана беруге болмайды. Оның да
өзінше әдістері, жолдары бар. Біріншіден, диафильм әр кластың программалық
материалына сай қолданылады. Алдымен, мұғалім диафильмді өзі жақсы білуі
тиіс. Диафильмнің мазмұны, оның ішінде қиын сөздер болса, оны белгілеп алуы
қажет. Диафильмнің жалпы мазмұнын ашатын екі-үш сұрақ дайындап алған жөн.
Сондай-ақ мұғалім диа-фильм мазмұнына өтілетін сабақ материалын қалай
байланыстыру керектігін, кейбір қиын кадрларды қалай түсіндіру керектігін
алдын ала жоспарлап дайындайды. Мұғалім диафильмді көрсету алдында
оқушылардың зейінін ол тақырыпқа аудару мақсатында бірнеше сұрақтар қойып,
әңгіме өткізуіне де болады. Диафильм көрсетіліп болған соң, мұғалім
дайындаған сұрақтарға жауап алынады. Бүл — диафильмнің маэмұнын жүйелеп
айтып беруге оқушыларды дайындау болып та саналады."
Сабақта пайдаланылатын диафильмнің тексі оқушыларға түсінікті, тілі жатық
болуы қажет. Бір сабақтың үстінде бірден екі диафильмді пайдалануға
болмайды.
Диафильм көрсетілмес бұрын, мүғалім 5 минуттай түсінік береді. Бір нәрсеге
көңіл бөлу керектігін айтады. Оқушыларға қай кадрды түсінбейтіндіктерін
белгілеп отыруды ескертеді. Сондай-ақ диафильмдегі оқиғаны дұрыс байқап,
онан өз қорытындыларын шығара білуге үйрету мақсаты қойылуы қажет.
Диафильмнін тексі мәнерлеп, нақышына келтіре оқылады. Егер мүғалім өзі оқып
бермесе, диафильмнің тексін магнитофонға жазып тыңдауына да болады.
Оқу-тәрбие ісінде диафильм сабақтың басында, ортасында, аяғында
пайдаланылады. Негізінде, диафильмді сабақтың бас кезінде пайдалану тиімді.
Мұндағы мақсат — сабақтың кейінгі кезеңдеріне оқушылардың назарын аудару.
Жаңа материалды түсіндіруде диафильмді сабақтың ортасында пайдалануға
болады. Ал түсіндірілген- тақырыпты бекіту мақсатында диафильмді сабақтың
соңғы кезінде қолданған жөн. Белгілі тақырыпты түсіндіруге байланысты
диафильм көрсетілген соң, мүғалім оқушылармен әңгіме өшізеді. Диафильмді
қалай түсінгенін тексеру үшін, оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап алынады.
Бірнеше оқушыға диафильмнің мазмұнын тұтас айтқызуға болады.
Тіл дамыту мен тіл ұстарту жүмыстарында диафильмді пайдалану аса тиімді.
Мұғалім тіл дамыту жүмыстарында пайдаланатын диафильмдердің мазмұнын, ең
керекті деген кадрларын, толық қамтитындай сұрақ-жауап үлгісін езі күні
бұрын дайындайды.
Диафильм класта бір рет керсетілген соң, әр кадрына ат койылады, жоспар
жасалынады. Ойлануға, жоспар жасауға 10 минуттай уақыт беріледі. Екі-үш
оқушы құрған жоспарларын оқиды. Әр оқушының құрған жоспарын талқылап, ең
дұрыс деген нұсқасын тақтаға жаздырады.
Диафилімнің әр кадры бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Оқушылар бірінін, әқгімесін бірі жалғастырып, диафильмдегі оқиға кім, не
туралы екендігін әңгімелеп береді.Диафильм мазмұнын ауызша жүйелі түрде
айтқызу оқушыны сейлей білуге дағдыландырумен қатар, дұрыс тыңдай білуге де
үйретеді.
Оқу тәрбиесінде қолданылатын диафильмдерді әр сынып оқушыларының жас
ерекшелігіне қарай пайдалану тиімді. Мысалы, 4-—6 класс оқушылары табиғат
көріністері, жыл мезгілдеріне байланысты, өсімдік, жан-жануарлар, үй
хайуанаттарының тіршілігіне байланысты диафильмдерді аса қызығып
тыңдайтындығын, ұнататындығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Математиканы оқытуда жазба көрнекіліктерді пайдалану
Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Көрнекі құралдар
ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ КӨРНЕКІЛІКТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Көрнекіліктің түрлерін әдебиет сабағында қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту
Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Пәндер